Қ А Р А Ғ А Н Д Ы
У Н И В Е Р С И Т Е Т I Н I Ң
ÕÀÁÀÐØÛÑÛ
ÂÅÑÒÍÈÊ
К А Р А Г А Н Д И Н С К О Г О
У Н И В Е Р С И Т Е Т А
ISSN 0142-0843
ТАРИХ. ФИЛОСОФИЯ.
ҚҰҚЫҚ сериясы
№ 4(56)/2009
Серия ИСТОРИЯ.
ФИЛОСОФИЯ. ПРАВО
Қазан–қараша–желтоқсан
1996 жылдан бастап шығады
Жылына 4 рет шығады
Октябрь–ноябрь–декабрь
Издается с 1996 года
Выходит 4 раза в год
Собственник РГКП
Карагандинский государственный университет
имени Е.А.Букетова
Бас редакторы — Главный редактор
Е.К.КУБЕЕВ,
академик МАН ВШ, д-р юрид. наук, профессор
Зам. главного редактора
М.Ж.Буркеев, д-р хим. наук
Ответственный секретарь
Г.Ю.Аманбаева, д-р филол. наук
Серияның редакция алқасы — Редакционная коллегия серии
Б.Е.Колумбаев,
редактор д-р. филос. наук;
Ж.С.Сыздыкова,
д-р ист. наук;
К.С.Алдажуманов,
д-р ист. наук;
В.В.Евдокимов,
д-р ист. наук;
Р.М.Жумашев,
д-р ист. наук;
З.Г.Сактаганова,
д-р ист. наук;
В.В.Козина,
д-р ист. наук
Б.Г.Нуржанов,
д-р филос. наук;
С.Б.Булекбаев,
д-р филос. наук;
О.Е.Кутафин,
д-р юрид. наук;
Б.М.Нургалиев,
д-р юрид. наук;
И.Ш.Борчашвили,
д-р юрид. наук;
Л.К.Шотбакова,
канд. ист. наук;
Г.З.Кожахметов,
канд. юрид. наук;
Р.Ш.Сабирова,
канд. психол. наук;
Н.С.Ахметова,
канд. юрид. наук;
Е.Ж.Есенгараев,
канд. ист. наук;
Г.М.Смагулова,
канд. ист. наук;
С.М.Нуржанова
ответственный секретарь
канд. ист. наук
Адрес редакции: 100028, г. Караганда, ул. Университетская, 28
Тел.: 77-03-69 (внутр. 1026); факс: (7212) 77-03-84.
E-mail: vestnik_ksu@ksu.kz
Редакторы Ж.Т.Нұрмұханова
Редактор И.Д.Рожнова
Техн. редактор А.М.Будник
Издательство Карагандинского
государственного университета
им. Е.А.Букетова
100012, г. Караганда,
ул. Гоголя, 38,
тел.: (3212) 51-38-20
e-mail: izd_kargu@mail.ru
Басуға 28.12.2009 ж. қол қойылды.
Пiшiмi 60
84 1/8.
Офсеттік қағазы.
Көлемi 37,75 б.т.
Таралымы 300 дана.
Бағасы келiсiм бойынша.
Тапсырыс № 309.
Подписано в печать 28.12.2009 г.
Формат 60
84 1/8.
Бумага офсетная.
Объем 37,75 п.л. Тираж 300 экз.
Цена договорная. Заказ № 309.
Отпечатано в типографии
издательства КарГУ
им. Е.А.Букетова
© Карагандинский государственный университет, 2009
Зарегистрирован Министерством культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан.
Регистрационное свидетельство № 1131–Ж от 10.03.2000 г.
2
М А З М Ұ Н Ы
С О Д Е Р Ж А Н И Е
ТАРИХ
ИСТОРИЯ
Адамбек Б.К. Азамат соғысы жəне шетел ин-
тервенциясы жылдарындағы Кеңес мемлекеті-
нің сыртқы саясаты (1918–1920 жж.)................ 5
Адамбек Б.К. Политика Советского государ-
ства в период гражданской войны и ино-
странной итервенции (1918–1920 гг.)................ 5
Мұқанова А.Н. Құрбанғали Халидтың «Тау-
арих хамса» («Бес тарих») еңбегіндегі Алтын
Орданың жəне Орталық Азия өңірінің саяси
тарихына қатысты мəліметтерге деректанулық
талдау жүргізу..................................................... 11
Муканова А.Н. Источниковедческий анализ
сведений о политической истории Золотой
Орды и Центральной Азии в труде Курбан-
гали Халида «Тауарих хамса» («Пять
историй») ............................................................. 11
Жұмабеков Ж.А. Отандық зерттеулердегі та-
рихи география мəселесінің тарихнамасы
.............................................................................. 19
Жумабеков Ж.А. Историография проблемы
исторической географии в отечественных
исследованиях...................................................... 19
Жұмабеков Ж.А. Ұлытау өңірінің Алтын Орда
дəуіріндегі тарихи географиясы
.............................................................................. 26
Жумабеков Ж.А. Историческая география
Улытауской окрестности в период Золотой
Орды ..................................................................... 26
Амрина М.С. «Қырғыздардың (қазақтардың)
жерді пайдалану материалдары...» ХІХ ғ. со-
ңы мен ХХ ғ. басындағы Павлодар оязының
рулық құрылымының дерек көзі ретінде.......... 34
Амрина М.С. Материалы по землепользо-
ванию киргизов (казахов) «... как источник
родовой структуры Павлодарского уезда
конца ХІХ – нач. ХХ вв. ..................................... 34
Айтмұхамбетов А.А. ХІХ–ХХ ғасырлардағы
қазақ қызметкерлерінің мəдени-ағартушылық
жұмысы................................................................ 41
Айтмухамбетов А.А.
Культурно-просвети-
тельская работа казахских служащих в XIX–
XX веках.............................................................. 41
Ешпанов В.С. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі
жұмысшылар мен қызметкерлердің Орынбор
темір жолында мəжбүрлі еңбек етуі ................. 45
Ешпанов В.С. Принудительный труд рабочих
и служащих на Оренбургской железной доро-
ге в период Великой Отечественной войны...... 45
Мұхамадеев Т.М. Қазақстанның əскери док-
тринасының дамуы............................................. 51
Мухамадеев Т.М. Эволюция военной доктри-
ны Казахстана ...................................................... 51
Мұсырман А.Ш. Жаһандану кезеңіндегі Қа-
зақстанның стратегиясы..................................... 56
Мусырман А.Ш. Стратегия Казахстана в эпоху
глобализации ....................................................... 56
Захаренко А.Л. Николай Ильич Потанин ка-
зактардың əлеуметтік дискриминациялаудың
құрбаны ретінде.................................................. 64
Захаренко А.Л. Николай Ильич Потанин как
жертва социальной дискриминации казачест-
ва ........................................................................... 64
Қалыбекова М.Ч. Халықтарды күштеп қоныс-
тандыру мəселесін теориялық-тарихнамалық
талдау................................................................... 71
Калыбекова М.Ч.
Теоретико-историографи-
ческий анализ проблемы насильственного
переселения народов........................................... 71
Қарсыбаева Ж.А. Ұлы Отан соғысы жылда-
рындағы Қазақ КСР халық шаруашылығының
дамуы................................................................... 78
Карсыбаева Ж.А. Развитие народного хозяй-
ства Казахской ССР в годы Великой Оте-
чественной войны................................................ 78
Цыкина Ю.Ю. Сталиндік қуғын-сүргін жəне
марий музыка өнері ............................................ 84
Цыкина Ю.Ю. Сталинские репрессии и ма-
рийское музыкальное искусство ........................ 84
Торланбаева К.У. Манихейліліктегі дуализм
жəне ай мен күнді құрметтеу............................. 91
Торланбаева К.У. Дуализм и почитание луны
и солнца в манихействе ...................................... 91
Құсайынов Ш. Ақмет Йасауи хикметтеріндегі
ирандық мұра ...................................................... 101
Кусаинов Ш. Иранское наследие в хикметах
Ахмеда Йасави ......................................
101
Шарад К.Сони. Тува-монғол байланыстары-
ның сино-ресей/кеңес қатынастары контек-
стінде зерттелуі................................................... 107
Sharad K.Soni Еxploring the history of Tuva-
Mongolia linkages in the context of Sino-
Russian/Soviet rivalry ........................................... 107
ФИЛОСОФИЯ
ФИЛОСОФИЯ
Саттарова Ф.Ф. Танымдағы диалектикалық
принциптер, көлемдік синтездер....................... 113
Саттарова Ф.Ф. Диалектические принципы,
соразмерные синтезу в познании....................... 113
Саттарова Ф.Ф. Əлемнің голографиясы жəне
Г.А.Югай шығармашылығындағы əмбебап
философия........................................................... 122
Саттарова Ф.Ф. Голография Вселенной и
новая универсальная философия в творчестве
Г.А.Югая .............................................................. 122
Əлімова С.Б. Жаһандану кезеңіндегі саяси
əмбебаптылықтың елесі ..................................... 129
Алимова С.Б. Иллюзии политического уни-
версализма в эпоху глобализации...................... 129
3
Рақымжанов Б.Қ. Шəкəрім дүниетанымының
басты философиялық мəселелері ...................... 135
Рахимжанов Б.К. Основные философские
проблемы мировоззрения Шакарима ................ 135
Арыстамбаева С.А. Құқықтық танымды зерт-
теу контекстіндегі еуропалық философия........ 142
Арыстамбаева С.А. Европейская философия в
контексте исследования правового сознания ... 142
Арыстамбаева С.А. Құқықтық танымды зерт-
теудің тарихи аспектісі ...................................... 149
Арыстамбаева С.А. Исторический аспект ис-
следования правового сознания ......................... 149
Иманқұл А.Н. Академик Ж.Əбділдиннің тео-
риялық таным процесіндегі бастама мəселесін
негіздеуінің кейбір аспекттері........................... 155
Иманкул А.Н. Некоторые аспекты проблемы
обоснования начала в процессе теорети-
ческого познания, изложенные академиком
Ж. Абдильдиным................................................. 155
Садықова Т.М. Менталділіктің қалыптасуын-
дағы экотабиғи жағдайдың əсері....................... 161
Садыкова Т.М. Влияние условий экоприроды
в формировании ментальности .......................... 161
ҚҰҚЫҚ
ПРАВО
Амандықова С.К., Рүстембекова Д.К. Қазақ-
стан халқы Ассамблеясының Қазақстан Рес-
публикасы конституциялық органдары жүйе-
сіндегі рөлі .......................................................... 169
Амандыкова С.К., Рустембекова Д.К. Роль
Ассамблеи народа Казахстана в системе
конституционных органов Республики Ка-
захстан.................................................................. 169
Амандықова С.К., Жазыбаева Г.Г. Германия,
Франция мемлекеттері мен Қазақстан Респуб-
ликасында салық заңнамасының бұзылғаны
үшін жауапкершіліктер: салыстырмалы-құ-
қықтық талдау..................................................... 176
Амандыкова С.К.,
Жазыбаева Г.Г.
Ответ-
ственность за нарушение налогового зако-
нодательства в Германии, Франции и в
Республике
Казахстан:
сопоставительно-
правовой анализ................................................... 176
Əлібаева Г.А. Қазақстан Республикасында
жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі мен жергі-
лікті мемлекеттік басқару арасындағы үздіксіз
өзара байланыс мəселесі .................................... 182
Алибаева Г.А. К вопросу о понятии местного
самоуправления и его неразрывной взаимо-
связи с местным государственным управлени-
ем в Республике Казахстан................................. 182
Жақсылықова А.Б. Шетел мемлекеттерінің
мемлекеттік-құқықтық институттар жүйесін-
дегі прокуратура органдарының конституция-
лық-құқықтық бекітілуі ..................................... 188
Жаксылыкова А.Б. Конституционно-правовое
закрепление органов прокуратуры в системе
государственно-правовых институтов в зару-
бежных странах ................................................... 188
Базарова Г.С. Мемлекеттік меншіктің консти-
туциялық-құқықтық негіздері ........................... 195
Базарова Г.С. Конституционно-правовые осно-
вы государственной собственности................... 195
Елубаев Ж.С. Қазақстан Республикасының
заңнамасы бойынша «өндіріс қалдықтары жə-
не тұтыну» түсінігінің заңдылық талдауының
құқықтық аспектісі ............................................. 206
Елюбаев Ж.С. Правовые аспекты законода-
тельной интерпретации понятия «отходы про-
изводства и потребления» по законодательст-
ву Республики Казахстан.................................... 206
Қыздарбекова А.С., Əсетова Г.Б. Бағалау қыз-
метін құқықтық реттеудегі халықаралық стан-
дарттардың кейбір мəселелері........................... 211
Киздарбекова А.С., Асетова Г.Б. Некоторые
проблемы международного стандарта правового
регулирования в оценочной деятельности........... 211
Машабаев А.Ж. Зорлау құрамындағы жеке
тұлғаның қылмыстық-құқықтық маңызы......... 222
Машабаев А.Ж. Уголовно-правовое значение
личности потерпевшего в составе изнасилова-
ния......................................................................... 222
Мұқанова М.Ж., Арутюнян Е. Жанұялық құ-
қықтағы келісімдер мен шарттар ...................... 227
Муканова М.Ж., Арутюнян Е. Договоры и
соглашения в семейном праве............................ 227
Мизанбаев А.Е. Құрамдық қылмысты нақты-
лаудағы қылмыс жасау құрамының рөлі.......... 233
Мизанбаев А.Е. Роль фактического состава
преступления в установлении правильной
конкретизации составного преступления.......... 233
Волгина А.П. Пропорциялық сайлау жүйесінің
құқықтық аспектісі: Қазақстан Республикасы
жəне шетелдік тəжірибе..................................... 238
Волгина А.П. Правовые аспекты пропорцио-
нальной избирательной системы: Республика
Казахстан и зарубежный опыт ........................... 238
Мүсенова Э.Е. Қылмыстық іс бойынша сот
тергеуінде сотталушыдан жауап алу жəне ай-
ғақтардың мəні.................................................... 244
Мусенова Э.Е.
Допрос
подсудимого
и
значение доказательств в судебном рассле-
довании по преступному делу............................ 244
Мырзағұлова Б. Мəслихат қызметінің ұйым-
дастырылу тəртібі жəне құзыреттері ................ 250
Мырзагулова Б. О компетенции маслихата и
порядке организации его деятельности............. 250
Рахимбеков К.Е. Ішкі сенім бойынша айғақ-
тарды бағалау...................................................... 255
Рахимбеков К.Е. Оценка доказательств по
внутреннему убеждению .................................... 255
4
Шуменова Р.Т. Халықаралық құқықтың Қа-
зақстан Республикасының ұлттық қылмыстық
процессуалды-құқық нормаларына имплемен-
тациялану критерийлері мен шегі..................... 261
Шуменова Р.Т. Критерии и пределы импле-
ментации норм международного права в на-
циональное уголовно-процессуальное право
Республики Казахстан......................................... 261
Умаров С.С., Бодықова М.Е. Қазақстан Рес-
публикасының экономикасының сыбайлас-
жемқорлығының дəрежесін талдау жəне оны-
мен күресу жолдарының болашағы .................. 268
Умаров С.С., Бодыкова М.Е. Анализ уровня и
пути оптимизации борьбы с коррумпи-
рованностью экономики Казахстана ................. 268
ЖАС ҒАЛЫМДАР МІНБЕСІ
ТРИБУНА МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ
Мұстафина Т.В. Қытай философиясындағы ке-
мелдену идеясының өзіндік ерекшеліктері........ 282
Мустафина Т.В. Особенности идеи совершен-
ствования в китайской философии .................... 282
БІЗДІҢ МЕРЕЙГЕРІМІЗ
НАШИ ЮБИЛЯРЫ
Ұстаз, тəлімгер, əріптес жөнінде сөз ................ 289
Об учителе, наставнике, коллеге ....................... 289
АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МƏЛІМЕТТЕР................ 291
СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ................................. 291
2009 жылғы «Қарағанды университетінің хабар-
шысында» жарияланған мақалалардың көрсеткіші.
«Тарих. Философия. Құқық» сериясы .................. 293
Указатель статей, опубликованных в «Вестнике
Карагандинского университета» в 2009 году.
Серия «История. Философия. Право» .................. 293
5
ТАРИХ
ИСТОРИЯ
ƏОЖ 94 (47) 084
Б.К.Адамбек
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
АЗАМАТ СОҒЫСЫ ЖƏНЕ ШЕТЕЛ ИНТЕРВЕНЦИЯСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ
КЕҢЕС МЕМЛЕКЕТІНІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ (1918–1920 жж.)
В статье на конкретном историческом материале рассмотрены различные направления
внешней политики Советского государства в условиях гражданской войны и иностранной
интервенции в 1918–1920 гг. Также показана дипломатическая работа большевистского
правительства по налаживанию связей с зарубежными странами. С учетом значимости
результатов раскрыты успехи и неудачи советского руководства в осуществлении
внешнеполитических задач.
In article on concrete historical materials, various directions of foreign policu of the Sowiet state in
conditions of civil war and foreign interwention in 1918–1920 are considered. In addition, diplomatic
work of the bolshevist
,
s government on adjustment of communications with foreign countries is
shown. In view of the importance of results, successes and failures of the Sowiet gowerment in reali-
zation of foreign policu tasks are opened.
Қазан төңкерісінен кейін Ресейдегі саяси жағдай шиеленісе түсті. Өйткені Уақытша үкіметті
құлату, Учредительдік Құрылтайды қуып тарату, большевиктердің экономикалық жəне саяси-
əлеуметтік шаралары, Кеңес өкіметіне қарсы дворяндардың, буржуазияның, интеллигенцияның
шіркеудің, офицерлердің ашық наразылығын туғызды. Большевиктердің «революциялық» саяси
əдістерін демократиялық интеллигенция, казактар қауымы, кулактар мен орта шаруалар қолдаудан
бас тартты. Осының өзі азамат соғысының басталу себептерінің бірі Кеңес өкіметінің ішкі саясаты
деп айтуға болады.
Декрет бойынша жерді тартып алу, өнеркəсіп ошақтарын үкіметтің қарамағына беру, азық-түлік
бөлуде мемлекеттік монополияны орнату т.б. жаңа үкіметтің шаралары помещиктер мен
буржуазияның Кеңес өкіметіне қарсы күрес бастауына əкеп соқты. Сондықтан жеке меншіктерінен
айырылған таптардың оны қайтару үшін күресі де азамат соғысының басталу себептерінің екінші
жағы болды.
Большевиктердің «пролетариат диктатурасы» деп бір партия ғана басқарған саяси жүйесінен
социалистік партиялар мен демократиялық ұйымдар бөлініп шықты. Осыған байланысты Кеңес
өкіметі «Революцияға қарсы азамат соғысының көсемдерін тұтқындау», «Кызыл террор» туралы
декреттер шығарып, демократияның саяси қайраткерлерін құғынға ұшырата бастады. Сондықтан
меньшевиктер, эсерлер, анархистер, тағы басқа саяси күштер Кеңес өкіметін қолдаудан бастартып,
оларға қарсы азамат соғысына қатысты.
СОКП-ның нұсқауымен жазылған кеңестік тарих еңбектерде азамат соғысының басталуын 1918
жылдың мамыр айынан көрсететін. Сөйтіп, ақ гвардияшыларды осы уақытқа дейін қалыптасқан
«заңды» үкіметке қарсы шыққан контрреволюциялық күштер ретінде бағалайтын. Шын мəнінде,
азамат соғысы Қазан төңкерісінің оқиғаларынан басталып кетті деуге болады. Өйткені большевиктер
Петроградта билікке келсімен, оларға қарсы Уақытша үкіметті қолдайтын əскерлердің шабуылы
басталды. Сонымен қатар көптеген қалаларда, аймақтарда қарулы көтерілістер ұйымдастырылды.
Сондықтан осы оқиғаларды азамат соғысының анық белгісі деп түсінуге болады, сөйтіп, 1917
жылдың аяғында басталған Ресейдегі азамат соғысы 1918 жылы кең жəне ауқымды түрде өзінің
6
жалғасын тапты. Осы жылдың қантар-ақпан айларында Петроград пен Мəскеуде кадеттер,
меньшевиктер жəне эсерлерден тұратын бірнеше одақтар құрылды [1].
Бұрын патша үкіметінің тірегі болған казактар кеңес билігіне қарсы шығып, қарулы күрес
бастады. Дон мен Кубанда оларды генерал П.Краснов басқарса, Орал аймағында казактар
қозғалысының басшысы атаман А.Дутов болды. Ал Оңтүстік Ресейде жəне Солтүстік Кавказда
генералдар М.Алексеев, Л.Корнилов ұйымдастырған «Ерікті армия» большевиктерге қарсы соғыс
қимылдарын бастады. Бұл армияны Л.Корнилов қаза тапқаннан кейін генерал А.Деникин басқарды [2].
Азамат соғысының бастапқы оқиғаларының бірі 1918 жылдың мамыр айында басталған
чехословактар көтерілісі болды. Бұдан бұрын патша үкіметі соғыста тұтқынға түскен славяндардан
арнайы корпус құрып, оны Германияға қарсы қолданбақ болған. Бірақ жаңа Кеңес өкіметі оны
Транссібір магистралі бойынша Қиыр Шығысқа аттандырып, сол жақтан Еуропаға жіберетін болған.
Мұнымен келіспеген чехословактар көтеріліс бастап, Еділ бойы мен Омбыда кадеттер, эсерлер жəне
меньшевиктер кірген үкіметтер құруға көмек көрсетті.
Сонымен қатар Украинадағы «Орталық Рада», Армениядағы дашнактар, Грузиядағы
меньшевиктер, Əзербайжандағы мусаватистер, Қазақстандағы алашордашылар үкіметтерінің саясаты
Кеңес өкіметін қауіптендірді, өйткені олардың жоспарлары большевиктердің біртұтас коммунистік
держава құру мақсаттарымен сəйкес келмеді.
Сондықтан осы аталған жерлердегі ұлт-азаттық қозғалысқа, бір жағынан, большевиктер үкіметі,
екінші жағынан, Кеңес өкіметіне қарсы соғыс бастаған ақ гвардияшылардың басқарушылары да
өздерінің ашық қарсылығын көрсетті. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін «Ресей халықтар түрмесі»,
сондықтан оның құрамындағы халықтар тəуелсіздік алуға болады деп келген большевиктер
көсемдері Ленин, Сталин жəне тағы басқа халықтардың Ресей құрамынан шығуға бағытталған
талпыныстарына қарсы шығып, оларға қарсы əскер жұмсауға дейін барды, оны Украинадағы жəне
Кавказ жеріндегі оқиғалар көрсетті. Бұл оқиғалар большевиктердің интернационализм ұрандарын
пайдаланып, бұрыңғы Ресей империясын енді коммунистік империяға айналдырғысы келгенін
байқатты [3; 398].
Ал большевиктерге қарсы күрес бастаған ақтар қозғалысының басшылары,
бұрыңғы ұлы Ресейдің біртұтастығын сақтап, ұлттық қозғалыстарды талқандау керек деген
позициясы ұлттық аймақтарда қолдау таппады. Сөйтіп, осы кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалыс басталып
жатқан азамат соғысының бір маңызды оқиғаларына айналды [3; 261].
Кең түрде дамып келе жатқан Ресейдегі азамат соғысы осы кезеңде шетел интервенциясымен
ұласты. Əуел басынан 1917 ж. Ресейдегі Қазан төңкерісін Германияның жоспарымен
ұйымдастырылған оқиға ретінде түсінген Антанта басшылары большевиктерге үрке қарады жəне
оларды биліктен кетіру үшін интервенция дайындай бастады. 1917 жылдың 23 желтоқсанында
Англия мен Франция Ресей территориясында өз ықпалдарын күшейту туралы келісімге келді. Ол
бойынша «орыс казактарының облыстары, Кавказ, Англияның, ал Украина, Бессарабия, Қырым
Францияның ықпалдарына көшетін болды [4]. Антанта мүшелерінің шешімін АҚШ үкіметі де қолдап
шықты.
Шетел интервенциясы «Ресейге Германиядан қауіп төніп тұр, сондықтан біз орыстарға
көмектесуіміз керек» деген сылтаудан басталды. Ең басында Германияның қысымына төтеп беру
үшін большевиктер Антанта əскерлерінің Ресейдің кейбір аймақтарына кіруіне қарсы болған жоқ.
1918 жылдың 9 наурызында шетел интервенциясы басталып, ағылшын əскерлері Мурманск қаласына
кіргізілді, бұл қадамдар немістерден Петроградты қорғау үшін ұйымдастырылды деп көрсетілді. Дəл
осы кезеңді пайдаланып, боярлық Румыния Бессарабияны өз құрамына қосып алды. 1918 ж. 16
наурызында Лондондағы Əскери кеңес Клемансоның ұсынысымен Қиыр Шығысқа жапон əскерлерін
жіберу туралы шешім қабылдады [2]. Сəуір айында Қиыр Шығысқа 70 мың жапон, кейін 8 мың
американдық əскерлер басып кірді [2]. Осы оқиғаларда Жапония өзін большевиктерге қарсы
күресетін күш емес, қайта Қиыр Шығыс пен Сібірге экспансия жасайтын мемлекет екенін анық
көрсете бастады.
1918 жылдың орта кезіңде интервенттер большевиктермен күресіп жатқан күштерге ашық көмек
көрсете бастады. Осы жылдың тамыз айында біріккен ағылшын жəне канадалық əскерлер Бакуге
кіріп осындағы жергілікті ұлттық күштермен бірге Кеңес өкіметін құлатты, бірақ біраз уақыттан
кейін олардың орнына түрік əскерлері келіп орналасты. Архангельск қаласын басып алған ағылшын-
француз əскерлері осындағы большевиктер билігін жойды, ал Одессада орныққан француз əскерлері
мен флоты Деникин армиясына əр түрлі көмек көрсетті.
Осындай жағдайдың өзінде Кеңес үкіметі бұрыңғы Ресейдің одақтастары Антанта
мемлекеттерімен қарым-қатынасты үзбей қайта оны жалғастырғысы келді, бұл Лениннің
7
капиталистермен бейбіт қатынас дамыту жəне олардың арасындағы қайшылықтарды ұтымды
пайдалану концепциясының жалғасы еді. Кеңес үкіметі Антантамен дамитын байланыстарды
«...келіссөз арқылы бір империалистік коалицияны екінші коалицияға қарсы айдап салатын маңызды
козырь» ретінде санады [2; 76]. Англия жəне АҚШ сияқты ірі державалармен болатын байланыстарда
Кеңес үкіметі сауда жəне экономикалық қатынастарға ерекше мəн берді. 1918 жылдың мамыр айында
большевиктер АҚШ басшылығына екі мемлекет арасындағы экономикалық қатынастардың даму
жоспарын ұсынды. Бірақ АҚШ үкіметі бұрыңғыша Кеңес үкіметін мойындамау жəне оған қарсы
экономикалық бойкотты жалғастыру саясатын жүргізді [5; 286–290].
Дəл осы кезеңде Кеңес үкіметі АҚШ-тан басқа да мемлекеттермен сауда-экономикалық
қатынастарды дамытуға көп талпыныс жасады. Мысалы, ағылшын дипломатиялық миссиясының
басшысы Линдлей арқылы Кеңестік Ресей мен Ұлыбритания арасында экономикалық қатынастарды
орнату туралы келіссөздер жүргізіле бастады, ал Швециямен 20-дан астам сауда шарттарына қол
қойылды [5; 718]. Сонымен қатар осы уақытта Дания, Жапония жəне Қытаймен сауда-экономикалық
келіссөздер жүргізілді.
Əрине, Кеңес үкіметі Антанта, АҚШ жəне Жапонияның интервенциясына қарсы саяси-
дипломатиялық қадамдар да жасауға мəжбүр болды, жəне бұл жұмыстың ерекшелігі, екі бағытта
жүрді. Біріншіден, большевиктер үкіметі өзінің шетел мемлекеттеріне жіберген көптеген
мəлімдемелерінде, хаттарында, ноталарында Антанта үкіметтерін интервенция үшін əшкерелесе,
екіншіден, сол елдердің халықтарына əр түрлі үндеулер жіберіліп оларды өздерінің заңды
үкіметтеріне айдап салу тактикасын қолданды, бұл шын мəнінде арандатушылық саясаттың бір түрі
болды, үшіншіден, осындай қадамдар арқылы большевиктер Кеңестік Ресейді бейбітшілікті
жақтайтын мемлекет ретінде көрсеткісі келді.
1918 жылдың 6 жəне 14 маусымында Сыртқы істер жөніндегі Халық комиссариаты өзінің
арнайы ноталарында Антанта жəне АҚШ əскери флоттарын Ресей порттарынан шұғыл əкету туралы,
ал 3 қарашадағы нотасында жалпы соғыс қимылдарын тоқтату туралы талап қойды [5; 549].
Осыған қарамастан, 1918 жылдың тамыз айында Ресей территориясына интервенттердің
қосымша əскерлері келе бастады. 3 тамызда американдықтар мен жапондықтар 8 жəне 19 тамызда
француздар мен ағылшындар арнайы декларацияларында өздерінің саяси мақсаттарын жариялады
[6].
Онда олар өздерінің Ресейдің ішкі жағдайына араласпай тек қоршауда қалған чехословак
корпусына көмек көрсету жəне жалпы орыс халқына саяси мəселелерді шешуде моралдық қолдау
жасайтындығы туралы хабарлады. Шын мəнінде осы кездегі интервенттердің саяси-əскери көмегі ақ
гвардияшыларды əлдеқайда күшейтіп, олар көптеген сəтті əскери операциялар жүргізуге мүмкіншілік
алды. 1918 жылдың орта кезінде интервенттер мен ақ гвардияшылар Ресейдің бірқатар жерлерін
бағындырып алды, осыған байланысты Кеңес өкіметі қоршауда қалды, өйткені Батыс аймақтар неміс
оккупанттарының, Солтүстік — Антанта мен ақ гвардияшылардың, Шығыс жерлер —
чехословактардың, жапондықтардың, ағылшындардың жəне ақгвардияшылардың, Оңтүстік аймақтар
ағылшындар мен герман-түрік басқыншыларының қолында қалды.
1918 жылдың күзінде халықаралық жағдай да ерекше өзгеріле бастады. Тамыз айында басталған
Антантаның жойқын шабуылы Германия мен Австро-Венгрияның жеңілуіне əкеп соқты. Антантаның
ұсынған қатал талаптарына сəйкес 3 қарашада Австро-Венгрия, ал 11 қарашада Германия өздерінің
жеңілгенін мойындап бейбіт шартқа қол қоюға мəжбүр болды [7; 127,128]. Бұлардың одақтастары
Болгария мен Түркия да өздерінің жеңілгенін мойындады. Сөйтіп, 34 мемлекеттің бір миллиардтан
астам халқы қатысқан Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталды [7; 129].
Дəл осы күндері жеңіліс тапқан Германия мен Австро-Венгрияда революциялар басталып
мұндағы монархиялар жойылды. Ал герман əскерлерінің оккупациясында болған Польша, Украина,
Эстония, Латвия жəне Литвада үкімет билігіне жергілікті ұлттық күштер келіп, Антанта мүшелерімен
кең түрдегі қатынастар орната бастады. Кайзерлік Германияның күйреуіне байланысты Кеңес үкіметі
Брест бітім шартының күшін жойғаны туралы мəлімдеді, осыдан кейін Германия өз əскерлерін Ресей
территориясынан біртіңдеп шығара бастады.
Төрттік одақты тізе бүктіргеннен кейін Антанта мемлекеттері Ресейдегі азамат соғысын
қоздырып өздерінің де интервенциясын кеңейтуге мүмкіншілік алды. 1918 жылдың 15–16
қарашасында Қара теңізге 30 астам əскери кемелерден туратын ағылшын-француз эскадрасы кірді
[8; 302]. Осыдан кейін Антанта державалары Новороссийск, Қырым, Теріскей Кавказ жəне
Украинаны өздерінің бақылауына алды. Жалпы интервенттер əскерлерінің саны: Оңтүстік Ресейде —
130 мыңға, Қиыр Шығыста — 150 мыңға, Теріскей Кавказда — 30 мыңға, Мурманск пен
Архангельскіде 25 мыңға жетті [8; 303].
8
Азамат соғысы басталысымен оңшыл социалистердің ықпалымен құрылған бірқатар үкіметтер
енді бірігіп, 1918 жылдың қыркүйек айында Уфа қаласында Уфа Директориясын құрды жəне оны
Бүкілресейлік
үкімет
деп
жариялады.
Оны
қолдағандарды
тарихта
«Демократиялық
контрреволюция» деп көрсететін болды, бірақ олардың əскерлері Қызыл Армияның 1918 жылдың
күзіндегі шабуылына төтеп бере алмады. Сондықтан 18 қарашада интервенттердің көмегімен Омбы
қаласында орналасқан Уфа Директориясы таратылып осы үкіметтің əскери министрі адмирал
А.Колчак Бүкіл Ресейдің Жоғарғы Билеушісі деп жарияланды, енді барлық контрреволюциялық
күштер оның билігін орындауға тиісті болды [9]. Интервенттердің көмегімен құрылған Колчактың
армиясы, əр түрлі деректер бойынша, 300 мыңнан 400 мыңға дейін болған [10].
1919 жылы интервенттердің көмегімен ақ гвардияшылар үш рет ірі шабуылдар ұйымдастырды:
біріншісі наурыз айында басталған Оралдан Еділге дейінгі Колчактың шабуылы, екіншісі генерал
Деникиннің көктемгі жəне жазғы Мəскеу бағытындағы жорығы, үшіншісі Солтүстіктегі генерал
Юденичтің Петроградқа бағытталған шабуылы. Бірақ Қызыл Армияның шабуылы негізінде осы үш
бағытталған ақ гвардияшылардың армиялары 1919 аяғына қарай талқандалды.
Əскери интервенциямен қатар Антанта державалары Кеңес мемлекетін экономикалық блокада
арқылы тізе бүктіргісі келді. Жеңімпаз одақтастар осы блокадаға көптеген басқа мемлекеттерді
қатыстырғысы келді, жəне осындай ұсыныстарын нота арқылы 1919 жылдың күзінде Германияға,
Швецияға, Данияға, Финляндияға, Мексикаға, Чилиге, Аргентинаға, тағы басқа елдерге ұсынды.
Аталған мемлекеттерге Ресейдің порттарын, банктерін, поштасы мен телеграфын пайдаланбау
туралы талаптар қойылды [4].
Осындай жағдайда кеңес дипломатиясы Антантаның блокадасына Германия, Прибалтика жəне
Скандинав мемлекеттерін қостырмау үшін əр түрлі қадамдар жасады. 1919 жылдың қараша айында
Кеңес үкіметі радио арқылы Германия, Скандинав мемлекеттеріне жəне Швейцарияға арнайы нота
жіберіп олардың блокадаға қосылуы Кеңестік Ресей жағынан жауап ретінде əр түрлі шаралар
қолдануға мəжбүр етеді деп көрсетті. Осы ескертуден кейін жоғарыда аталған мемлекеттер Антанта
жүргізген блокадаға қосылмайтындығы туралы мəлімдемелер жасады [5; 265]. Осы оқиғаларды Кеңес
үкіметінің сыртқы саясатындағы сəтті қадамдар деп толық айтуға болады.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін оның қортындысын жасап көптеген мəселелер бойынша
бағыт белгілеген Париж бейбіт конференциясы (1919–1920 жж.) Германияны əлсіретіп, Австро-
Венгрияның ыдырауына əкеп соқты. Осы конференцияда басты рөльді атқарған Антанта
державалары азамат соғысы жүріп жатқан Кеңестік Ресейді оқшауландырып, оның территориясында
батыстық бағыт ұстанатын көптеген жаңа мемлекеттер пайда болғанын жақтады. Жəне сол саясатты
іске асыруға тырысты. Сондықтан Ресейден бөлініп кеткен Польша, Финляндия, Эстония, Латвия,
Литва, Əзербайжан, Грузия жəне Арменияны большевиктер үкіметіне қарсы пайдалануға тырысты.
Батыс державаларының осы жоспарларына кедергі жасау үшін Кеңестік Ресей 1919 жылдың 31
тамызында Эстонияға, 11 қыркүйекте Латвия, Литва жəне Финляндияға бейбіт келіссөздер бастау
туралы ұсыныстар жасады [5; 165]. Оларда Сыртқы істер жөніндегі Халық комиссариаты Кеңестік
Ресей агрессиялық саясат жүргізуге бармайды жəне осы халықтардың егемендік алу принципін
қолдайды, сондықтан «империалистік жаулап алушылық əдістерге сын көзбен қарайды» деп көрсетті
[5]. Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін Кеңестік Ресей (1918 ж. шілде айынан РСФСР) 1920
жылдың 2 ақпанында Эстониямен, 12 шілдеде Литвамен, 11 тамызда Латвиямен бейбіт шарттарға қол
қойды [11; 458].
Олар бойынша соғыс жағдайы жойылып, дипломатиялық қатынастар орнатылып
шекара мəселелері шешілді. Литвамен қол қойған шарт бойынша Вильнюс жəне Вильнюс облысы
Литваның құрамына енді. Осы мемлекеттердің арасындағы мүлік, қаржы жəне экономикалық
мəселелер шарттардың баптары бойынша шешілетін болды. Мысалы, Кеңес үкіметі Эстонияға
Ресейдің алтын қорының бір бөлігін (15 млн. руб.), осы елдегі Ресейдің əр түрлі мүлкін қалдырып,
орыс жеріндегі кейбір ормандарды эстондықтарға концессияға беру туралы келісті. Осындай екі
жақты келісім бойынша Латвияға 4 млн. рубль, Литваға 3 млн. астам рубль алтынмен бөлінді [11].
Бүкіл елде азамат соғысы, шетел интервенциясы жүріп жатқан кезде, Польша жағынан соғыс кауіпі
төнген кезде, Прибалтика мемлекеттері мен ұтымды шартқа қол қою, жас кеңестік дипломатиясының
белгілі жетістіктері деп көрсетуге болады. Бірақ осы шарттарға қарамастан, Кеңес үкіметі осы
елдерде өзінің агентурасын қалдырып жергілікті коммунистерге əр түрлі көмек көрсетуді жалғастыра
берді, өйткені Мəскеу стратегтері осы елдерді «кеңестендіру» жоспарларынан бастартқан жоқ.
Азамат соғысы кезінде Кеңестік Ресей мен жаңа ғана тəуелсіздікке жеткен Финляндия
қатынастары шиеленіскен жағдайда болды. 1918 жылдың қантар-мамыр айларында Ленин жəне басқа
большевиктер көсемдерінің түрткілеуімен Финляндияда жұмысшылар көтерілісі болды, ал ол
9
жеңіліспен аяқталған соң жүздеген фин коммунистері мен жұмысшылары Кеңестік Ресейді паналады.
Осы жағдайға байланысты финдердің буржуазиялық үкіметі Антантамен тіл табысып Юденич
басқарған ақ гвардияшылар армиясына қолдау жасады. Жоғарыда аталған Кеңес үкіметінің
ұсынысына байланысты 1919 жылдың қыркүйегінде басталған кеңес-фин келіссөздері көпке
созылып, ең соңында 1920 жылдың 14 қазанында Тарту қаласында екі елдің арасындағы бейбіт
шартқа қол қоюмен аяқталды. Осы шарт бойынша РСФСР Финляндияның 1917 жылы алған
тəуелсіздігін қосымша мойындап, ол елге Петсамо облысын беруге келісті, ал Финляндия 1918 жылы
басып алған Карелияның екі болыстығын қайтарып, өзінің ИНО жəне Пумала əскери форттарын
жабуға келісті. Осылай, көптеген қайшылықтарға қарамай, Кеңестік Ресей мен Финляндия арасында
саяси-дипломатиялық жəне экономикалық қатынастар дами бастады [11; 459].
Эстония, Латвия жəне Литвамен бейбіт шарттарға қол қою жас кеңес дипломатиясының белгілі
жеңісі еді, өйткені осыдан кейін Антанта ұйымдастырған Кеңес мемлекетін қоршау жоспары іске
аспай қалды. Интервенцияның күйреуіне байланысты Чехословакияның буржуазиялық үкіметі 1920
жылдың 7 ақпанында РСФСР өкілдерімен келісімге қол қойып, өзінің 1918 жылдың Кеңес өкіметіне
қарсы күрес жүргізген корпусын Ресейден əкете бастады. Сонымен қатар чехословак корпусының
командованиесі өздерінің қолына түскен орыс алтын қорын қайтару туралы шешім қабылдады
[12; 111].
1920 жылдың 16 қантарында Антантаның Жоғарғы Кеңесі арнайы қаулы қабылдап, онда
Ресейге, одақтас жəне бейтарап мемлекеттерге бір-бірімен тауар алмасуға рұқсат берілді. Шын
мəнінде бұл Кеңестік Ресейге қарсы жүргізілген блокаданы тоқтату болды.
Интервенцияға қатысу оның шығыны жəне саяси салдары Батыс мемлекеттерінде экономикалық
дағдарыс, халықтың наразылығын қалыптастырды. Осыған байланысты буржуазиялық
қайраткерлердің бірқатары Ресейдің қатысуынсыз Еуропа экономикасын қалпына келтіру қиын
екенін байқады. Бұл жағдайды ескерген Кеңес үкіметі капиталистік мемлекеттермен сауда жəне
экономикалық қатынастарды дамыту жолын іздей бастады. 1919 ж. 22 ақпанында Кеңес үкіметі
Лондонда шығатын «Геральд трибюн» газеті арқылы Батыс мемлекеттерімен бейбіт қатынас орнату
жөніндегі позициясын білдірді [13].
Ол бойынша, шетел мемлекеттерінің интервенциясы тоқтатылу
керек, ал оның өзі Ресейдегі азамат соғысының аяқталуына əсер ететіндігі көрсетілген. Сонымен
қатар Батыс елдерімен экономикалық қатынастарды дамыту үшін большевиктер үкіметі өзінің кейбір
декреттерін қайта қарауға дайын екендігін жəне Антанта елдерінде үгіт-насихат жұмысын тоқтатуға
баратындығын мəлімдеді. Дəл осы уақытта В.Ленин американың «Уорлд» газетінің
корреспондентімен сұхбаттасқанда: «Мен біздің социалистік мемлекет жəне капиталистік елдер
арасында əр түрлі іскерлік қатынастардың дамуына ешқандай кедергі көріп турған жоқпын» деп
жауап беруі осының айғағы [14]. Бұған қарағанда В.Ленин өзінің капиталистік мемлекеттермен
бейбіт өмір сүру концепциясына сүйеніп, экономикалық қатынастарды дамыту қажеттігін ашық
көрсетеді.
Осыған орай АҚШ жəне Антанта басшылары өз кезегінде дипломатиялық қадамдар жасап, 1920
жылдың наурыз айында Мəскеуге Американың өкілі Булитты жіберді [13; 94]. Онымен болған
келіссөздерде Кеңес үкіметі Ресейдің кей жерлердегі ақ гвардияшылар үкіметтерін мойындауға
келісті жəне батыс елдерімен əр түрлі экономикалық қатынастарды дамыту жолдарын ұсынды.
Əрине, мұндай қадамдарға баруға большевиктерді Ресейдегі ішкі саяси жағдай мəжбүрледі, өйткені
азамат соғысы мен шетел интервенциясы əлі толық аяқталған жоқ еді. Сонымен қатар АҚШ
үкіметінің Ресейдегі жағдайды шешетін өз жоспары болды, ол бойынша Ресей территориясында
құрылған ақ гвардияшылар мен əр түрлі ұлттық үкіметтерді сақтап қалып сол арқылы большевиктер
мемлекетін əлсіретуі көзделді. Бұл позицияны Антантаның басшылары да қолдады, өйткені осындай
саясат арқылы билікте қандай үкімет отырса да, Ресейдің халықаралық аренадағы рөлін төмендету
олардың басты мақсаты болды. Осыған қарағанда Батыс державаларының сыртқы саясаты екі
бағытта жүргізілді: бір жағынан, олар Кеңес үкіметімен келіссөздер жүргізіп, екінші жағынан, ақ
гвардияшылар мен əр түрлі ұлттық үкіметтерді қолдады.
1920 жылдың көктеміндегі «Буллит миссиясы» белгілі нəтижелер бермесе де, осы уақыттан
бастап Кеңестік Ресей жəне Батыс елдерінің араларындағы мəселелерді соғыс арқылы емес, қайта
дипломатиялық қатынастар арқылы шешуге болатындығы байқалды. Осыдан бастап
большевиктердің басшылары ірі державалармен қатар олардың ықпалындағы мемлекеттермен де əр
түрлі дипломатиялық қатынастарды орнатып, сол арқылы бірқатар мəселелерді шешуге мүмкіншілік
алды.
10
1920 ж. наурыз айында Кеңес үкіметі Эстониямен сауда шартына қол қойып осы мемлекет
арқылы сыртқы сауда мəселелерін шеше бастады [12; 112]. Мысалы, 1920 жылы, ресми деректер
бойынша, Эстония арқылы Кеңестік Ресейге 4 мың вагон ауылшаруашылық тауарлары мен
техникалық құралдар жеткізілген [12; 113]. Кеңес-эстон сауда шарты жəне экономикалық
блокаданың тоқтатылуы, РСФСР мен басқа елдердің арасында сауда-экономикалық қатынастарды
дамытуға мүмкіншілік тұғызды. Кеңес-эстон шарты туралы Сыртқы істер халық комиссары
Г.Чичерин: «Біздің Эстониямен қатынастарымыз буржуазиялық мемлекеттермен бейбіт өмір сүрудің
мүмкіншілігі деп есептейміз... біз осы бағыттағы кедергілерді міндетті түрде жойып отыруымыз
керек», — деп ашық көрсетті [12]. Бұл кейбір большевиктер көсемдерінің əр түрлі саяси жəне сауда-
экономикалық қатынастарды дамытуға болады деген принциптерінің дұрыс екендігін дəлелдеді.
Зерттеп отырған кезеңді қорытындылай келсек, осы уақыттағы Кеңес мемлекетінің сыртқы
саясаты өте күрделі жағдайда жүргізілді. Азамат соғысы жəне шетел əскери интервенциясы
жылдарында жас кеңес дипломатиясы бірнеше бағыттағы жұмыс атқарды. Осы уақытта ірі
державалармен қатынастар орнай бастады, əсіресе Антанта жəне АҚШ басшыларымен жүргізген
дипломатиялық күрес саябырламай жүргізілді, соның негізінде көбінесе нəтижелі келіссөздер
жүргізіліп, олар халықаралық аренада Кеңес мемлекетінің позициясын нығайтты. Жүріп жатқан
азамат соғысында ақ гвардияшылардың негізгі күштерін талқандаған Кеңес үкіметі, көптеген көрші
жəне алыстағы шетел мемлекеттерімен қатынастар орнату жұмысын қарқынды жүргізе бастады.
Кеңестік Ресейдің сыртқы саясатында екіжүзділік байқалса да, ол ірі державалармен жəне т.б.
мемлекеттермен өзіне пайдалы жəне ұтымды қадамдар жасауға тырысты. Сонымен қатар
большевиктер үкіметі капиталистік мемлекеттер араларындағы əр түрлі қайшылықтарды жақсы
пайдаланып, өздерінің бірқатар саяси мақсаттарын іске асыра білді. Сыртқы саясаттағы белгілі
жетістіктер большевиктер үкіметіне ішкі проблемаларды шешуге жақсы мүмкіншілік тұғызды жəне
халықаралық аренадағы мақсаттарын іске асыруға жағдай жасады.
Атап отырған кезеңдегі Кеңес мемлекетінің сыртқы саясатын сараптай келсек, оның көп
бағытты жəне ауқымды болғанын байқауға болады. Соған қарамастан, Кеңес мемлекетін ресми түрде
тануды, Батыстың ірі державалары жəне олардың ықпалындағы мемлекеттер кейінге қалдырып
отырды, өйткені олар Кеңес өкіметіне уақытша билік ретінде қарады. Осыны байқаған большевиктер
үкіметі енді көрші елдермен қатынас орнатуды күн тəртібіне қойды.
Əдебиеттер тізімі
1. Адамбеков Б.К. XX ғасырдағы Ресей империясы, Кеңес мемлекеті жəне ТМД тарихы. — Қарағанды, 2005. — 95-б.
2. Верт Н. История Советского государства. — М.: Прогресс, Академия, 1995. — С. 127.
3. Карр Э. История советской России. Большевистская революция 1917–1923 гг. — Кн. 1, 2. — М.: Прогресс, 1990.
4. История внешней политики СССР (1917–1945). — Т. I. — М.: Наука, 1986. — С. 71.
5. Документы внешней политики СССР. — М.: Наука, 1957. — Т. I.
6. Антисоветская интервенция и ее крах. 1917–1922. — М.: Изд-во полит. лит-ры, 1987. — С. 38.
7. Советская Россия и капиталистический мир в 1917–1923 гг. — М.: Изд-во полит. лит-ры, 1957.
8. Новейшая Отечественная история. XX век. — Т. I. — М.: Владос, 2004.
9. Островский В.П., Уткин А.И. История России. XX век. —М.: Дрофа, 1995. — С. 158.
10. Пособие по истории СССР. — М.: Высш. шк., 1987. — 454 с.
11. Новейшая история Отечества. XX век. — Т. I. — М.: Владос, 1998. — С. 458.
12. История внешней политики СССР. — Т. I.
13. Документы внешней политики СССР. — М.: Наука, 1958. — Т. II. — 92 с.
14. Ленин В.И. Толық шығармалар жинағы. — Т. 40. — М.: Политиздат, 1969. — С. 152.
11
ƏӨЖ 930. 221 [574]
А.Н.Мұқанова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Достарыңызбен бөлісу: |