10.
Отбасылық келеңсіздікті жеңіп шыққан
отбасының жағымды ӛмірлік тәжірибесі
Дағдарысқа қарсы шаралар
Қоғамдық ӛмірден тыс қалған және дағдарысты отбасыларында дағдарысты
жеңудің келесі жолдары кӛрсетілген:
«Кӛну және кҥту» позициясы – қалыптасқан жағдайды қабылдау, отбасын
сақтап қалу ҥшін шыдап бағу, бір қызығы бҧл тәсіл оң нәтиже берді. Бірақ
ол бірең-сараң жағдайларда ғана кӛрсетілген, осындай жанҧяларда әйелдер
белсенділік танытпайды, жағдайды ӛзгертуге ҧмтылмайды. Бҧл жерде
жағдайдың ӛз бетімен шешілуіне жол берілді: «бақыт болмас еді,
бақытсыздық кӛмектесті» - маскҥнемдіктің салдарынан кҥйеуінің ауруы,
мҥгедек болып қалуы.
«Біздің отбасы ыдырап кеткен жоқ. Мен ұрып-соғуға кӛндім, ажырасқым
келмеді, күйеуім түзеледі деп сендім. Менің үш балам бар, олармен қайда
бармақпын. Күйеуім ішкілікке салынды, ішіп жүріп бір күні жұмыста
жарақат алып, мүгедек болып қалды. Енді ішпейді, отбасымызда тыныштық
орнады…» (қоғамдық ӛмірден тыс қалған отбасының әңгімесінен).
Тығырықтан шығудың жолын іздеу (жҧмыс іздеу, жҧбайын емдеу,
туыстарынан, психологиялық қызметтерден, мектептерден, инспекторлардан
кӛмек сҧрау)
«Бір кезде бәрінен жалығып кеттім, балаларым мен ӛзімнің болашағымыз
үшін қорықтым. Мен және күйеуімнің ата-аналарымен біріге отырып оны
тығырықтан шығаруға тырыстық. Біз бір отбасымыз, бір-бірімізден теріс
айналуға болмайды, біреу қолдау кӛрсету керек. Осының барлығы балалар үшін
жасалады. Жұбайымды емдедік, Астанаға апардық, психологтарға
жолықтық, алқаштармен араласпауы үшін оны ӛзіміз қадағалап отырдық …»
(қоғамдық ӛмірден тыс қалған отбасының әңгімесінен)
«Ӛзін-ӛзі тексеру» позициясы, кінәні ӛзінен іздеу.
«Жұбайыммен бейресми түрде ажырасқаннан бастап, мен ӛз ӛмірімді талдап,
қателіктерді іздедім, жасырын түрде психологқа бардым. Бір айдан кейін
психотерапевтке бардым. Психотерапевт бәріне ӛзің кінәлісің деп мені қуып
жіберді. Оның сӛзі сүйегімнен ӛткені соншалықты олай емес деп дәлелдеуге
135
бел будым. Мен оған қайта барып, кінәмнің жоқ екендігін дәлелдей бастадым.
Жыладым, ол мені жұбатты, әңгімемді тыңдап, кездесу күнін белгіледі. 12
рет кездесуге бардым, әр кездесуде менің қателіктерім туралы айтты.
Ақылды әйел бәрін ретке келтіріп, түзете алады деп түсіндім. Қазір мен ең
бақытты әйелмін. Психологтарға, психотерапевтке, ата-аналарыма, ӛз
отбасыма рахмет…» (дағдарысты отбасының әңгімесінен).
Ажырасу. Зерттеуге қатысқан әрбір ҥшінші отбасы (қоғамдық ӛмірден тыс
қалған және дағдарысты отбасы) ажырасу кезінде қалыптасқан қиын
жағдайдан шығу жолын тапты. Басынан кешкен оқиғалары кӛрсеткендей,
кӛп жағдайда ажырасу – бҧл жалғыз дҧрыс шешім.
«Сыйлықтар сатып алуға кеткенмін, келсем пеш жағылмаған, үй азынап тұр,
балалар тоңып қалған. Осы жағдайды айтып едім, бетімнен шапалақпен бір
салды, содан кейін жұдырықтап, тепкіге алды, тоңазытқыш тӛңкерілді.
Ажырасуға ӛтініш бердім, бұдан әрі шыдай алмадым, махаббатым жек кӛруге
айналды. Үш баламен жалғыз қалдым, бірақ ӛзіме сенімді болдым. Жұмысқа
тұрдым. Мені біреу ұрып соғады деген қорқыныш сейіле бастады. Достар
таптым, елмен араласа бастадым. Жұмыста екінші күйеуіммен таныстым,
ӛмірім қайта жандана бастады…» (қоғамдық ӛмірден тыс қалған отбасының
әңгімесінен)
Дау-жанжалды отбасылар мынадай шараларды атады:
Психологқа бару;
Ӛзі жасаған қателіктеріне талдау жасау;
Жҧмыс іздеу, жҧмысқа тҧру;
Тҧрғылықты жерін, әлеуметтік ортаны ауыстыру.
Жалпы алғанда, дағдарысқа қарсы шаралардың талдауы отбасының берекесі
отбасының ӛз қолында екендігін кӛрсетті. Ең бастысы ахуалдың ауыртпалығын
дер кезінде тҥсініп, жағдайды тҥзетуге болатын сәтті қолдан жіберіп алмау
керек, әйтпесе отбасы толығымен тҧтастығын жоғалтып алады.
«Үш тәулік бойы мен үйде болған жоқпын, қыздарымның жанында анам
қалды. Бір күні кешке қыздарым шыдай алмай сағат 21.00 шамасында мені
іздеуге шығыпты. Автобуспен кетіпті, оларды жолда милиция ұстап алыпты.
Қыздардың құжаттары жоқ екендігін, әкесінің ішкілікке салынып, шешесінің
наркодиспансерде тіркеуде тұрғанын анықтап, қыздарды балалар үйіне
136
рәсімдейді. Күйеуіміз екеуіміз не істерімізді білмей дал болдық, қыздарды бізге
қайтып бермейді деп қатты қорықтық, балаларды қайтаруын ӛтіндік. Үйде
қыздарымыз жоқ болған кезде үйіміз қаңырап бос қалды, үрей пайда болды.
Мен анықтамалар жинай бастадым, ішімдікті тастадым, күйеуім де есін
жиды. Біз оның ата-анасының үйіне кӛшіп бардық, ӛзіміздің тұрмысымызды
жақсарттық. Бір жылдан кейін бізге қыздарымызды қайтарып берді, қазір
олар басқа мектепте оқиды, мен не күйеуім оларды күн сайын мектепке дейін
шығарып саламыз. Мен жұмыс істеймін, күйеуім жұмыс іздеп жүр.
Балаларымның құжаттары бар, дендері сау, саусақпен шұқып кӛрсетпейтін,
керісінше бірге ойнайтын достары пайда болды. Осы жағдайлар мені қатты
қуантады. Ӛмірім мені шыңдады. Ең бастысы – қолды сермеп, қарап отырмау
керек екен, жақсылап ойлансаң бір амалы табылады…» (қоғамдық ӛмірден
тыс қалған отбасының әңгімесінен)
Дағдарыстан кейінгі отбасы
Маңызды ӛзгерістер уақытты талап етеді. Ҧзақ жылдар бойы берекесі қашқан
отбасы бір кҥннің ішінде ӛзгеріп, басқаша ӛмір сҥруді бастамайды. Отбасында
позитивті алға ҧмтылу пайда болса да, олардың тҧрақтылығы туралы айту әлі
ерте, жаңа тәртіптің, амалдардың кҥнделікті дағдыға айналуын кҥту керек. Осы
жолда ҥзілістер болып, бҧрынғы әдетке қайта оралуы да мҥмкін, барлық
тырысу нәтижесіз болды деп айтуға болмайды, бҧл қандай да бір жағымсыз
жағдайдың әсеріне пайда болған уақытша нәрсе болуы мҥмкін.
Зерттеуге қатысқан әрбір отбасы отбасылық ӛмірдің біртіндеп қалыпқа
келгендігін, алайда барлығы тағы қайталануы мҥмкін деп қорқатындықтарын
айтады. Ішімдікпен кҥрескен отбасыларында ішкі қауіп жиі байқалады.
Сәтсіздік болған жағдайда отбасын қайта сақтап қалу ҥшін олар кҥресе ала ма
деген сҧраққа кҥдікпен жауап берді.
«Болжам жасауға қорқамын, аз уақыт қана ӛтті. Қазір отбасымыздың
жағдайы жақсы. Жұбайым арақ ішуін қойды, үйде отырады, ұлымызды
тәрбиелеп отыр. Ананың баламен әрі қарай ӛмір сүруге талпынысы отбасын
жігерлендіреді. Ал егер ол тағы ішкілікке салынса, онда оған қайтадан
кӛмектесе аламын деп ойламаймын. Ажырасуға тура келеді, ол оның таңдауы
болады…» (қоғамдық ӛмірден тыс қалған отбасының әңгімесінен)
Қоғамдық ӛмірден тыс қалған және дағдарысты отбасылар ӛздерін
қорқынышты, қайғыны, торығуды жеңе біліп, жеңімпаз болып шықтық деп
санайды. Марапат ретінде олар мынаған қол жеткізді:
137
жҧбайларымен қатынаста (ажыраспауға бел буған отбасылар) ӛзара
тҥсіністік пен сыйластыққа. Ажырасқан отбасылардың бірінде ӛкпе-реніш,
айтылмай қалушылық болса, басқаларында ештеңеге қызықпаушылық орын
алған, бҧл теріс бағаланбайды, себебі отбасының берекесі одан жоғары
тҧрады.
балаларымен қатынаста: ажырасқан отбасылар барлық сҥйіспеншіліктерін
балаларына арнайды, балаларым ӛмірімнің жалғасы деп біледі. Басқа
отбасылар қатынастарының тҥзеліп, балаларының жаны тынышталып,
ӛздеріне сенімді бола бастағандықтарын айтады.
Ең басты дҥние: отбасы ӛз бақыты ҥшін кҥресе алатындықтарын балалардың
кӛруі.
Отбасын сақтап қалған әйелге жҧбайының туыстары қҧрмет кӛрсету.
Ажырасқан отбасында қатынас бірден нашарлап кетті деп айтуға болмайды.
Отбасын, балаларын сақтап қалудың басқа жолдары болмағандығын
тҥсінуге туыстық қатынастар кӛмектесті.
Материалдық жағдайы – барлық отбасы материалдық жағдайларының
жақсарғанын айтты. Бір отбасында жҧбайы арақты тастап, жҧмысқа
орналасса, басқа отбасында маскҥнем кҥйеуінің отбасынан кетуі бюджетті
қалпына келтіруге мҥмкіндік берді.
Балалармен дау-жанжал болған отбасында барлығы дҧрыс емес, алайда бҧл
жерде де берекелі отбасы болуға ҥміт бар. Балаларға деген сҥйіспеншілік, ата-
аналардың ӛз қателерін тҥсінуі балалармен қарым-қатынасты қалпына
келтіруге кӛмектесті. Респонденттердің пікірі бойынша жеңістің негізгі
нәтижесі – балалармен қарым-қатынасты қалпына келтіру, отбасын сақтап қалу.
Кейінгі жоспарлар (еске тҥсіру ретімен орналасқан)
Балаларды тәрбиелеу, оқыту;
Еңбек ақысы жоғары жҧмыс табу;
Баспаналық-тҧрмыстық жағдайды жақсарту: пәтер сатып алу, ҥй
салу;
Қайтадан тҧрмысқа шығу;
Жҧбайына маскҥнемдіктен толықтай арылуына кӛмектесу;
Жаңа мамандықты игеру, қажет кәсіпке қол жеткізу.
Осы зерттеу шеңберінде жауап алынған отбасылар болашаққа оптимизммен
қарап, ӛздерінің отбасылық ӛмірі табысты, жарқын болатындарына сенімді
екендігін айта кеткен жӛн.
138
11.
Тұрмысы қолайсыз отбасылармен жұмыс істеу
кезіндегі халықаралық тәжірибе
Кӛптеген елдерде Отбасылық тәрбие мен отбасылық консультация
орталықтары кең тараған. Бҧл орталықтардағы жҧмыс психологиялық-
педагогикалық сипатта болуымен ерекшеленеді, оның негізгі мақсаты – балалар
мен ата-аналар арасындағы байланысқа сызат тҥскен отбасыларға немесе
жҧбайларға қол ҧшын беру. Жҧмыс негізінде әңгімелесу арқылы жҥргізіледі,
әңгімелесу ерікті тҥрде болу керек. Отбасына әлеуметтік-педагогикалық
тарапынан қолдау кӛрсетудің жаңа тәсілдері де қолданылады: отбасы ӛміріне
әлеуметтік жҧмыскердің тікелей араласуы, яғни клиенттің рҧқсатымен
әлеуметтік жҧмыскер отбасының кҥнделікті ӛмірін қадағалап отырады. Маман
қадағалау нәтижесін отбасының мҥшелерімен талқыға салып, қалыптасқан
жағдайдан шығу жолдарын олармен бірлесе отырып іздейді. Бҧл жҧмыс
біршама кҥрделірек, себебі отбасымен ҧзақ уақыт бірге болуды талап етеді
және отбасының барлық мҥшесі келісім берген жағдайда ғана атқарылады.
Мҧндай кӛмек консультацияның және әлеуметтік қызмет кӛрсетудің басқа
тҥрлері дҧрыс нәтиже бермеген кезде қолданылады.
11.1.
Швециядағы отбасымен жұмыс істеудің қарым-қатынастық
моделі
«Отбасымен жҧмыс істеудің қарым-қатынастық моделі» атты ҧлттық ерікті
бағдарлама 1982 жылдан бастап Швецияда жҧмыс істей бастады.
Бҧл бағдарламаның мәні - әлеуметтік қамтамасыз етудің жергілікті комитеттері
қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау кӛрсету ҥшін отбасыларды
немесе жеке тҧлғаларды таңдайды. Таңдап алынатын тҧлғалар – бҧлар кәсіби
тәжірибесі жоқ, бірақ байланысқа шығып, қолдау кӛрсетіп, басқаларға қол ҥшін
бере алатын қарапайым адамдар. Қолдау кӛрсетуден басқа отбасымен жҧмыс
істеудің қарым-қатынастық байланысы мыналарға мҥмкіндік береді: 1)
клиенттерге қызмет кӛрсету жҥйесін ҧлғайтуға; 2) ата-аналар мен балаларды
шеттетуге жол бермеу; 3) балаларға басқа ересек адамдармен байланысқа
шығуға мҥмкіндік беру; 4) ата-аналарға демалыс кҥндерін ӛзінің қалауы
бойынша ӛткізуге мҥмкіндік беру; 5) ӛз міндеттерін атқару кезінде ата-аналарға
қолдау кӛрсету.
Қарым-қатынастық модельді әртҥрлі отбасылармен, яғни толық емес,
ажырасқан, ішімдік пен есірткіні қолданатын жанҧялармен, мҥгедек баласы бар
және жас отбасылармен жҧмыс істеу кезінде қолданады.
139
Отбасымен қарым-қатынастық модель бойынша жҧмыс істеу ҥшін тек осы
функцияны атқаратын, әлеуметтік жҧмыскер болып табылатын, қарым-
қатынастың хатшыларын дайындайды. Швед мамандары осы жҧмысқа
маманданған әлеуметтік жҧмыскерлер ӛз жҧмысына қызығушылықпен қарап,
ҧзақ уақыт бойы еңбектенетіндіктерін айтады.
Қарым-қатынастық қызметтің хатшылары арнайы дайындықтан ӛтеді. Ол жеке
кеңес беруден, сонымен қатар тренинг тҥрінде топтық жҧмыстан тҧрады. Бҧл
әлеуметтік жҧмыскерге әртҥрлі дау-жанжалға ҧшыраған отбасы мҥшелерінің
рӛлін терең тҥсінуге мҥмкіндік береді. Сонымен қатар әртҥрлі аудандардағы
хатшылар тәжірибелерімен, пікірлерімен алмасу ҥшін курстар ӛткізіліп тҧрады.
Мысалы, Стокгольмдегі алты агенттіктің қарым-қатынастық қызмет
хатшылары отбасылық жҧмыспен байланысты әртҥрлі мәселелерді талқылау
ҥшін айына бір рет кездесіп тҧрады.
Қарым-қатынас орнату ҥшін отбасын немесе жеке тҧлғаны іріктеу әртҥрлі
тәсілдермен атқарылады.
1. Клиентке бағдарланған іріктеу. Бҧл жағдайда белгілі бір клиентпен
байланысқа шығу ҥшін жеке тҧлғаны немесе отбасын іздеу жҥргізіледі. Кейде
клиенттің ӛзі сенетін адамды немесе жанҧяны ҧсынады.
2. Жекеше бағдарланған іріктеу. Қарым-қатынасқа лайықты белгілі тҧлғаларды
отбасымен жҧмыс істеуге шақырып, ӛздеріне жауапкершілікті арттыру.
3. Жалпы іріктеу. Байланысқа шығатын тҧлғаны іріктеп алуға болатын бірнеше
адамдарды жҧмысқа тарту ҥшін бҧқаралық ақпараттар қҧралдарын қолдану.
Отбасымен немесе тҧлғалармен алғаш жҧмыс істеу барысында сол немесе
басқа отбасымен тілдесуді қалаған тҧлғаларда туындаған кӛптеген сҧрақтарды
талқылау керек. Бҧл сҧрақтар қатынасқа тҥсетін отбасының белсенділігіне
байланысты болады. Олар ӛздері клиентке телефон шалуы керек пе, әлде
клиенттің ӛзі телефон соғуын кҥту керек пе? Байланыс қандай болу керек? Осы
сҧрақтарды талқылай отырып, қарым-қатынас қызметінің хатшысы клиенттен
не кҥтуге болатындығын міндетті тҥрде анықтайды.
Отбасымен немесе тҧлғалармен әрі қарай жҧмысты жалғастыру кезінде топтық
тәсілдер қолданылады. Туындаған мәселені бірігіп талқылау ҥшін
отбасылармен немесе тҧлғалармен кездесу ҧйымдастырылады. Әдетте мҧндай
кездесулер айына бір рет ӛткізіліп, онда жалпы сипаттағы тақырыптар ортаға
салынады. Жеке ахуалдар қатаң тҥрде кәсіби қҧпия ретінде талқыланады.
140
Байланыс орнату ҥшін отбасылармен немесе тҧлғалармен жҧмыс істеудің
мҧндай тҥрінен басқа белгілі бір тақырып бойынша кешкі семинарлар немесе
ҥйірме тҥрінде оқыту қолданылады. Ҥйірмелер бірнеше адамдардан және
арнайы дайындалған жетекшіден қҧралады, олар аптасына бір рет кездесіп,
алдын-ала қҧрылған жоспар бойынша ӛздерін қызықтыратын тақырыптарын
ортаға салады. Мысалы, мынадай тақырыптар сӛз болуы мҥмкін: 1) балаларға
тӛнетін қауіп; 2) кҥйеуінен таяқ жейтін әйелдерге кӛмек; 3) отбасылық
қатынастар; 4) байланыс орнататын тҧлға ретінде жҧмыс істеу. Швед
мамандарының тәжірибесі білім беру бағдарламаларын жоспарлауға адамдарды
тарту маңызды екендігін кӛрсетеді.
Шешім қабылданған кезде, мысалы, жалғыз басты анамен байланыс орнату
ҥшін осы ана мен қызмет хатшысының арасында кездесуді ҧйымдастырады.
Бҧл дҧрыс таңдау жасау ҥшін жасалады. Швед мамандарының айтуы бойынша
клиенттің профилі ӛте айқын, анық болғаны маңызды. Әдетте клиентпен
алғашқы кездесу кҥнделікті шаруаларға арналады. Ата-анаға ӛзінің балалары,
отбасындағы ахуал жайында айтуына мҥмкіндік беру. Бҧл кезде клиент
маманның отбасылық жағдайға қызығушылық танытып отырғанын,
мәселелерді сәтті шешуіне ықпал етуші екендігін сезіну керек.
Қарым-қатынастық қызметтің хатшысы клиентін «дҧрыс» отбасы қалай
іріктеліп, екі жақ шешім қабылдаған кезде келісім шарт қалай
орындалатындығымен таныстырады. Қарым-қатынас орнатылатын отбасыны
қызмет хатшысы ӛзі таңдайды. Екі жақ бірін-бірі таңдамайды. Егер екеуінің
арасында қарым-қатынас орнамаса, онда хатшы дҧрыс таңдау жасай алмаған
деген сӛз. Міне, сондықтанда алғашқы кездесуде кӛптеген сҧрақтарды
талқылау
керек.
Бҧл
отбасымен
қатынас
қҧру
кезінде
ӛкініш
тудырмайды.Алғашқы кезде бабалар байланысқа шықпайды. Берік қатынасты
орнату ҥшін уақыт керек.
Клиент ҥшін «дҧрыс» қарым-қатынас орнататын отбасын табу ҥшін тҥйсік пен
ойындағысын айтатын, тез арада жауап бере алатын қасиет керек. Клиенттің
талабын тҥсініп, осы талаптарға сәйкес келетін қажет адамдарды табу қиын
мәселенің екі жағы. Бҧл жерде барлығын бҥге-шігесіне дейін ойластырған жӛн.
11.2.
АҚШ-дағы отбасындағы балаларды жәбірлеуден қорғау қызметі
70-ші жылдардан бастап әлеуметтік жҧмыстың халықаралық тәжірибесінде
бала қҧқығын қорғау деген қызмет берік орнықты. Әлеуметтік жҧмыста мҧндай
бағыттың пайда болуына ата-анасының кӛзі тірі тҧрып балаларының қараусыз
қалуы, стационарлық балалар мекемесінде және бала асырап алған отбасында
141
балаларға қатыгездікпен қарау, жетім балаларға арналған интернаттарда білім
беру және тәрбиелеу бағдарламаларының қисынсыз қысқартылуы себеп болды.
Әлеуметтік мамандармен бала қҧқығын қорғау жҧмыстары әр елде әртҥрлі
деңгейде жҥргізіледі және әр тҥрлі заң актілерімен бекітілген. АҚШ-тағы
балаларды қорғау жӛніндегі әлеуметтік жҧмыскерлердің қызметін толықтай
қарастырайық.
АҚШ-та балаларды қорғау қызметін дамыту ҥшін педиатр Генри Кемптің
жҧмысы маңызды болды, оның айтуы бойынша «соққыға жығылған балалар»
саны кҥн ӛткен сайын арта тҥскен. Оның қатысуымен арнайы симпозиум
ӛткізілді, АҚШ Балалар Бюросымен жарияланған заң жобасы әлеуметтік
жҧмыскерлер ҥшін лайықты заң шығара бастаған штаттардың басшыларына
ҥлгі болып табылады
57
.
1974 жылы АҚШ-та балаларға кҥн кӛрсетпеудің алдын алу, оның зардаптарын
жою туралы жалпы ҧлттық Заң шықты. Осыған сәйкес балаларға қатыгездікпен
қарау және қараусыз қалған балалар мәселесі жӛнінде Ҧлттық Орталық
қҧрылды. Қазіргі таңда бҧл Орталық балаларды қорғау қызметін ҥйлестіруге
жауапты,
штаттарға
кӛмек
кӛрсетеді,
кейбір
зерттеу
жобаларын
қаржыландырады.
АҚШ-та балаларды қорғау қызметінің заманауи жҥйесі қызметтің тӛрт
аспектісінен тҧрады: хабарлама, тергеу, араласу және істі аяқтау.
Хабарлама. Кейбір штаттарда баламен дҧрыс қатынаста болмаған жағдайға куә
болған азаматтардың орталыққа хабарласуы тапсырылған. Басқаларда – бҧл тек
дәрігерлерден, психиатрлардан, мҧғалімдерден талап етіледі. Алайда кез-келген
адам хабарлама жасай алады. Хабарлама бала қҧқығын қорғаудың әлеуметтік
агенттігіне немесе полицияға белгілі бір уақыт ішінде (әдетте 24 сағаттың
ішінде) жіберілуі тиіс. Штаттардың заңдарында хабарлама жасаған тҧлғаларды
қорғау қамтамасыз етілген, қҧпияны бҧзғаны ҥшін жазалау қарастырылған.
Істі тергеу. Хабарлама алынғаннан кейін оны мҧқият тергеу керек. Асығыс
жағдайларда бірден отбасымен қатынасқа тҥсу керек, ал аса қауіпті емес
жағдайда 48 сағат ішінде істі тергеуге болады. АҚШ балаларды қорғау
қызметтеріне тәулігіне 24 сағат және кҥнде жҧмыс істеу жҥктелген. Әдетте
тергеу жҧмыстары қиындық туындаған отбасына барумен басталады, бҧл кезде
әлеуметтік жҧмыскер хабарламаны ата-аналармен талқылап, баланы қадағалап,
тіршілік етіп отырған жағдайын бағалайды. Тергеу кезінде әлеуметтік
57
«Әлеуметтік жҧмыстың шетелдік тәжірибесі», Р. В. Корнюшина
142
қызметкер жапа шегушіге ҥнемі медициналық және психологиялық куәландыру
жҧмыстарын жҥргізуі тиіс. Медициналық қызметтер ата-аналарының
қарсылығына қарамастан баланы уақытша қорғау ҥшін ауруханаға жатқызуға
қҧқылы. Егер ата-ана қарсылық білдірсе, әлеуметтік жҧмыскер сотқа
шағымдана алады. Ол осы отбасымен қарым қатынасқа ие әртҥрлі
мамандармен, адамдармен байланысқа шыға алады. Бҧл кезде болып жатқан
жағдайларды талқылау кезінде мҧқият болған жӛн. Маман негізінде екі сҧраққа
ғана жауап беруі тиіс: шын айып тағылған ба және жәбірленуші ҥшін қауіптілік
деңгейі қандай? Расталған жағдайда баланы қорғау жӛнінде іс басталып, қажет
болғанша жҥргізіледі. Егер айыптау жартылай расталса, онда іс қозғалмайды,
алайда әлеуметтік жҧмыскер отбасындағы баланың жағдайын ҥнемі қадағалап
отырады. Егер балаға шыныменен қауіп тӛнсе, әлеуметтік жҧмыскер штат
заңын қолдана отырып баланы тез арада отбасынан оқшаулайды. Баланың ҥйде
болмау уақыты, оны ҧстап отыру ерекшеліктері мамандар мен билік
ӛкілдерімен сол жерде анықталады. Олар әлеуметтік жҧмыскер істі
жалғастыруы керек пе әлде оны бала орналасқан стационар мекемеге беру
керектігін шешулері тиіс.
Араласу. Ол нақты қызмет кӛрсетуден, қолдаудан және терапиядан тҧрады.
Нақты қызмет кӛрсету отбасындағы материалдық жағдайды жақсартумен
байланысқан. Кӛптеген авторлар балаларға оң кӛзбен қарамаудың себебі
отбасылық табысқа байланысты дейді. Нақты қызмет ақшалай кӛмекпен, азық-
тҥлік, киім-кешек тҥрінде, баспанаға, кӛлікке тӛлеу арқылы кӛрсетілуі мҥмкін.
Қолдау отбасылық ӛмірдің сапасы мен индивидті ӛзгертуге бағытталған. Бҧған
ҥй шаруашылығы, кҥндізгі кҥтім, медициналық қызмет кӛрсету, ата-аналарға
арналған кластар жатады. Араласудың бір тҥрі терапия қауымда әртҥрлі
агенттіктермен жҥзеге асырылады, индивидтер, отбасылық жҧптар, тҧтас
отбасы терапияны қалайды. Ғалымдардың пікірі бойынша, бҧл жағдайда
дәстҥрлі емес тәсілдер жақсы әсер етеді: қатігез ата-аналарға ӛзара кӛмек беру
топтары («Аноним ата-аналар»). Мҧндай ата-аналардың топтары елдің барлық
жерінде жҧмыс істейді.
Істі аяқтау. Іс шамамен 312 айдың ішінде аяқталуы мҥмкін. Алайда, тәжірибе
кӛрсеткендей, іс жҥзінде ол ҧзаққа созылады. Іс ҥш себепке байланысты
тоқтатылуы мҥмкін. Ең жақсы жағдайда – отбасындағы жағдай тҥзелді, балаға
ешқандай қауіп тӛнбейді, қиын жағдайда – ешқандай тҥзелу байқалмайды, бҧл
жағдайда балалар оқшаулап, қабылдау мекемелеріне орналастырады. Бҧл
жағдайда баланы қорғау жӛніндегі іс жабылады да, қабылдау мекемесінде
баланы асырау туралы жаңа іс ашылады. Соңында, аз да болса жақсылық
143
нышаны байқалса немесе байқалмаған жағдайда іс тоқтатылады, себебі агенттік
ресурс пен уақыт қорын толықтай тауысты, сонымен қатар егер отбасы бірлесіп
жҧмыс істеуден бас тартса, әлеуметтік жҧмыскерде сотқа шағымдану ҥшін
жеткілікті себептер болмаса іс жабылады.
11.3.
Достарыңызбен бөлісу: |