АҚШ-та отбасының осал топтарына әлеуметтік қолдау кӛрсету
Америка Қҧрама Штаттары – либералды демократиялық мемлекет. Яғни
азаматтың
әлеуметтік,
экономикалық,
медициналық,
психологиялық
амандығына жауапкершіліктің кілті азаматтың ӛз қолында екендігін білдіреді.
Мҧндай жағдайда мемлекет халықтың осал, нашар топтарына қол ҧшын беруге
жауапты. АҚШ әлеуметтік қорғау жҥйесі біртҧтас жҥйеге ие емес, ол елдің
кӛлемінде, жеке штаттарда, қауымдарда, муниципалды қҧралымдарда іске
асырылатын әлеуметтік кӛмектің кӛптеген бағдарламаларымен реттеліп
отырады. Бҧл орайда, отбасы әлеуметтік кӛмекті алу ҥшін арнайы шарттар
қарастырылған. Бҧл біріншіден, отбасының табысы кҥн кӛріс минимумынан
тӛмен болған жағдайда, екіншіден, ата-ананың біреуі жҧмыссыз қалса.
Мҧқтаждықты анықтайтын критерий ретінде кедейлік шегінің кӛрсеткіштері
қолданылады, ол жыл сайын халықтың әртҥрлі категориясы ҥшін АҚШ санақ
Бюросымен анықталып, жарияланады.
Жалпы алғанда, отбасыны әлеуметтік қолдау бағдарламасының барлығы ҧқсас
және қолдаудың белгілі бір тҥрлерінен тҧрады.
1. табысты қолдау бағдарламалары – мҧқтаж отбасыларға уақытша кӛмек,
салық жеңілдіктері;
2. азық-тҥлік жағынан кӛмек - азық-тҥлік талондары, мектептегі тегін және
жеңілдікті тҥскі ас пен ертеңгілік ас, 5 жасқа дейін баласы бар аналарға
арналған арнайы қосымша тамақтану, балалардың кҥндізгі балалар
орталығында тамақтануы;
3. медициналық кӛмек – мемлекеттік медициналық қызмет кӛрсету,
медициналық қызмет кӛрсету орталықтары;
4. баспаналық кӛмек – кедей отбасылар ҥшін әлеуметтік баспана қҧрылысы,
жеке баспана сатып алуға немесе салуға арналған субсидиялар, баспананы
жалдап тҧруға және жылытуға арналған субсидиялар;
5. білім беру қызметтері – білім алуға, арнайы дайындықтан ӛтуге жәрдемдесу;
144
6. әлеуметтік қызметтер – жҧмысшылар мен оқушылардың балаларына кҥтім
жасау, баланы асырап алуға және бала асырап алған ата-аналарға кӛмек беру,
ҥйден қашып кеткен, қараусыз қалған балаларға кӛмек, жасӛспірімдерге заңды
және психологиялық кӛмек, қылмыс пен отбасылық зорлықтың қҧрбандарына
кӛмек, алимент тӛлеуден жалтарған әкені іздестіру.
11.4.
Франциядағы әлеуметтік кӛмек
Қазіргі таңда Францияда мынадай жәрдемақы тҥрлері бар:
Кӛп балалы отбасыларға жәрдемақы (отбасында екі баладан асатын
болса);
Аналарға жәрдемақы (бес айлық жҥктіліктен бастап баланың ҥш жасына
дейін);
Ата-аналарға жәрдемақы (ҥш және одан да кӛп балалы отбасылар ҥшін,
егер олардың ішінде ҥш жасқа толмаған бала болса);
Бала қараушыға жәрдемақы (ҥш жасқа әлі толмаған балалары бар, жҧмыс
істейтін ата-аналар ҥшін);
Бала қараушыға тағы бір жәрдемақы (6 жасқа толмаған балалары бар,
жҧмыс істейтін ата-аналар ҥшін);
Кӛп балалы отбасыларды қолдау мақсатындағы жәрдемақы (ҥш және
одан да кӛп балалары бар кедей отбасыларына);
Жалғыз басты ата-анаға (ҥш жасқа толғанға дейінгі мерзім);
Баланы мектепке дайындауға арналған жәрдемақы (тек кедей
отбасыларына ғана) және т.б.
Кӛріп отырғанымыздай, Францияда мемлекет отбасыларға, әсіресе, ҥш баладан
кӛп отбасыларына едәуір кӛмек кӛрсетіп отыр.
Сондықтан да, қазіргі уақытта шет ел мамандарының назары жазалау
шараларынан әлеуметтік қалыпқа келтіру әрекеттеріне кӛшкендігін атап
кеткеніміз жӛн болады. Бҧның алдында ата-аналарды жазалау және олардан
баланы аластату негізінде жҥргізілген болса, бҥгінгі таңда ата-аналардың
тәртібін тҥзеуге және отбасын сақтап қалуға бағытталып отыр.
Балаларды қорғау ахуалы – тек жеке дара қызметтердің, ҧйымдардың жҧмысы
емес, сондай-ақ ол әр саланы қамтитын, тҥрлі мамандардың кҥш салуын талап
ететін де мәселе болып табылады. Тҥрлі қызметтер арасындағы
ынтымақтастықты тереңдету мақсатында қҧрылған салааралық командалар
қҧру кең етек алып келеді. Мҧндай командалар, мысалы, жергілікті аурухана
145
базасында қҧрылып, оған дәрігерлер персоналы енгізілген. Бҧл, әрине,
медициналық диагнозын анықтауда, емдеу жҥйесі мен отбасын сауықтыру
бағдарламасын қҧруда әлеуметтік қызметкердің жҧмысын жеңілдетеді, сондай-
ақ бҧл қҧрамға педагогикалық мәселелер жӛнінде кӛмек беретін білім беру
маманы, заңгер және басқа да мамандар енгізілген.
146
12.
Қ
орытынды
Зерттеу қиын ӛмірлік жағдайдағы қазақстандық отбасылардың ҥлесі ҥлкен
екендігін тағы да бір рет дәлелдеді де оның себептері мен ішкі қҧрылымын
кӛрсетті. респонденттердің жауаптарын қорытындылай келе, тҧрмыс жағдайы
қолайсыз отбасылардың мынадай проблемаларын айтып ӛтуге болады:
Материалдық кірісінің тӛмен болуы мен тҧрмыстық жағынан
қиындықтардың болуы;
Тиісті білімі мен еңбек біліктілігінің болмауы;
Тҧрақты жҧмыстың болмауы;
Отбасылық ӛмірге дайын болмауы/отбасын қҧру және оны сақтап
қалудың жақсы тәжірибесінің жетіспеуі;
Отбасындағы ӛзара тҥсінушіліктің болмауы;
Отбасылық міндеттерді орындау алдындағы жауапкершіліктің тӛмен
деңгейі;
маскҥнемдік, нашақорлық.
Тҧрмыс жағдайы қолайсыз отбасылардың кӛбі проблемалардың материалдық
сипатын кӛрсететінін және оларды қолдаудағы ең басты донор ретінде
мемлекетті кӛретінін атап ӛту қажет. Осындай отбасылар экономикалық
дағдарыстарға тҧрақсыз екендігі, олардың материалдық проблемалары
отбасындағы ішкі ахуалды шиелендіре тҥсетіндігі, ішкі қарым-қатынастағы бар
кемшіліктерді айқындай тҥсетіндігі, адамның барлық осал жақтары
білінетіндігі, маскҥнемдікке немесе одан да жаманы, нашақорлыққа салынуы
мҥмкін екендігі, ал оның ӛзі жеке тҧлғаның бейәлеуметтілігін одан да
нашарлатып, тҧлға ретіндегі адамның тӛмен қҧлдырауына әкелетіндігі баршаға
тҥсінікті.
Сонымен қатар мемлекет қазіргі уақытта кеңес уақыты кезінде қолданылатын
жасӛспірімдердің моральдық жетекшісінің функцияларын атқаратын қоғамдағы
азаматтық институттарды қайта жаңартуға кӛмектесетін шараларды іздеу
жолында. Бҥгінгі кҥні біз барлық жҥктеме отбасына тҥсіп отырғанын кӛріп
отырмыз. Ал егер ата-аналар уақытының кӛп бӛлігін жҧмыста ӛткізетін болса,
ал ол жҧмыс оларға әрдайым моральдық қанағаттану мен тиісті еңбекақы
әкелмесе, онда не болады? Еңбекақы тҧрақсыз болып тҧрған жағдайда стресс те
артады. Тапқан табыс бҥгінгі кҥнді ойлауға ғана жетеді. Тҧтынушылық қоғам
халық арасындағы мәдениеттің қалдығын да жоққа шығаруға бағытталған.
147
Балалар да ӛзімен ӛзі жҥреді. Отбасындағы ата-аналар біртіндеп
«тағамдық/шаруашылық себеттің» ролін атқара бастайды, сәйкесінше
отбасындағы тәрбиенің балаларға келтіретін жағымды әсері туралы айту да
орынсыз болып табылады.
Ата-аналардың отбасылық ӛмірге дайынсыздық жағдайы кӛрініп, жас жҧптар
арасындағы отбасылық тҧтастықты ҧғыну жоғалады. Зерттеулер нәтижелері
жағдайлары нашар отбасыларының талай бӛлігінің себебі тек қана «жоспарсыз
жҥктілік», «махаббатсыз, жай ғана» және т.б. (бҧл жайлы қолайсыз жағдайдағы
отбасылар жайлы тарауда жазылған). Жҧбайлар арасындағы тҥсінбеушілік пен
баланы тәрбиелеудегі білімнің жоқтығы сораптан шығарды.
Қолайсыз жағдайдағы отбасылардың мәселелер тізіміне айтарлықтай рӛл
атқаратын тиісті білімнің, ата-аналарының еңбек біліктілігінің жоқтығы кіреді.
Сҧрастырылған әке мен аналар арасындағы анықты бір бӛлігінде орта, орта-
маманды білімі бар, жауаптары бойынша олардың сапасы тӛмен. Білімнің
осындай тӛмен деңгейі тәрбиенің жетіспеушілігі мен профессионалды білім
алуға қаражаттың жоқтығына себеп болады. Тӛмен материалды ауқаттағы
отбасылары кӛбінде профессионалды лицейлерде оқуға мҥмкіндік алды, ал
басқа жағдайларда – орта білімді алғаннан кейін білікті емес, тӛмен ақылы
жҧмыстарда істеуге мәжбҥр болды.
Қолайсыз
жағдайдағы
отбасылар
кӛбінесе
осындай
отбасылардың
классификациясы бойынша бірнеше тҧрпаттың кел бетін қамтиды: ішкіш ата-
аналары бар отбасын кӛбінесе жанжалды, бейәлеуметтік және табысы аз
отбасыларына жатқызуға болады. Осы зерттеулер шеңберінде әрбір
сҧрастырылған дағдарысты және бейәлеуметтік отбасында бір, немесе екі ата-
ананың ішімдік ішу және есірткі қабылдау анықталды.
Сҧрастырылған ата-аналар арасында белгілі бір бӛлігі ӛз ата-аналарынан ҥлгі
алған, басқа сӛзбен айтқанда, отбасылық алкогольды тҧқым қуалаушылық.
Созылмалы маскҥнемділік салдарынан сҧхбаткерлер ӛздерінде ауыр
психикалық кҥйді анықтаған (депрессия, стресс, қорқыныш). Маскҥнемділік
отбасында кері әсер етеді: іс жҥзінде әрбір отбасында ішімдікті қабылдау
нәтижесінде ҧрыстар, қорлау, жҧбайлар арасындағы жәбірлеу, отбасы
мҥшелеріне кӛрсетілетін физикалық агрессия, және де ең қорқыныштысы –
баларға қатысты.
148
Жанжалды отбасыларда зиянды әдеттер кӛзге тҥспейді (алкоголь, есірткі). Бҧл
отбасылардағы зиянды әдеттер – баланы тым артық бақылау, оның ӛмірін
ӛңдеу. Кейде ата-аналар артық қамқор кӛрсетуді балаға кӛмектесу емес
екендігін тҥсінбейді, жиі кӛбісі ӛз қателіктерін тым кеш тҥсінеді, балалар ҥйден
қашады, ҧрсысады, оқудан бас тартады, кері әрекеттер жасайды.
Зерттеулер нәтижесі бойынша кӛрінетіндей қолайсыз жағдайдағы отбасыларға
тҥрлі мекемелер кӛмек кӛрсетеді: мектептер, дағдарыс орталықтары,
сауықтыру, есірткі орталықтары, жас балаларға арналған баспаналар және т.б.
Бірақ, сҧрастырылған ата-аналар кӛбінесе «қолайсыз жағдайдан» ӛз кҥшімізбен
және туыстар кӛмегімен шықтық деп айтты. Отбасы мҥшелерінің шын ниеті
ғана оның мәселелерін шешуге кӛмектеседі , ал мемлекеттік және мемлекеттік
емес мекемелер осындай отбасына дағдарыстан шығуға, ӛздерін сырттан
бақылап, ӛз ӛмірлері мен балаларының ӛмірлеріне суық қараудың неге әкеліп
соғатынын кӛрсетеді.
13.
Отбасы тұрмысының қолайсыздығын қалпына келтіру
және алдын алу бойынша ұсыныстар
13.1.
Министрліктер мен ведомстволар деңгейіндегі мемлекеттік
қызметтерге арналған ұсыныстар
Бҥгінгі кҥні заманауи отбасы дағдарыс кешуде деп айтады. Бізге статистиканың
жан тҥршігерлік деректерін келтіреді, бірақ, тәжірибе кӛрсетіп отырғандай,
олар жеке бір отбасы ҥшін дәлелді болып табылмайды, олар қатардағы
азаматтарға жетпейді. Адамды бір мың некеге шаққандағы ажырасулар ҥлесі,
барлық тҧрмысы қолайсыз отбасылардың проблемалары ойландырмайды, бҧл
абстрактты бірліктер, адам ҥшін оның ӛзінің некесі ғана маңызды.
Сондықтан да қарапайым азаматтар қҧлақ аспайтын статистиканың деректері
туралы ғана айту жетіспейтін де шығар. Мҥмкін нақты отбасылар туралы,
оларды республика ауқымында емес, жалғыз бір отбасы ауқымында қолдау
туралы айту керек шығар, онда отбасы оған қандай кӛмек кӛрсетілуі мҥмкін
екенін біле алады. Отбасыларды қолдаудың бҥкіл жҥйесін тҥбегейлі қайта
қарау қажет.
149
Мемлекеттік (ҧлттық) отбасылық политиканы жҥзеге асыру бойынша кейінгі
жҧмысты жҥргізу қажет . Әрбір отбасымен жеке жҧмыс істеу қажет,
мемлекеттің қамқорын сезіну ҥшін.
Бҧл қазақстандық отбасына не береді?
1)
Отбасына жаңа әлеуметтік статус, қҧқық, мемлекеттік кепіл беріледі;
2)
Отбасылық политика спонтанды жҥзеге аспайды, заңды тҥрде бекітілген
отбасы мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты орнатады;
3)
Отбасылық политика ҧғымына тек қана отбасы мәселелері ғана кіреді;
4)
Отбасылық политика жҥйелі, кешенді болады;
5)
Мемлекет отбасын жеке әлеуметтік институт ретінде қабылдайды, оның
егемендігін, қҧқығын және ынтасын сақтайды.
Жергілікті деңгейде отбасымен жҧмыс кезінде кешенді жан-жақты бағыт
сақталу қажет, былайша айтқанда, бір мезгілде бірнеше мамандардың:
әлеуметтік педагогтар, психологтар, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жӛніндегі
педагогтар
мен
инспекторлар,
учаскелік
инспекторлар,
әлеуметтік
қызметкерлер,
заңгерлер,
Пәтер
меншік
иелерінің
кооперативі
қызметкерлерінің және т.б. жҧмысқа енгізілуі тиіс.
Бірақ ҧлттық деңгейде ондай отбасымен жҧмысты ҥйлестіруді ӛз еншісіне
алатын білікті органды анықтау қажет. Барлық дамыған елдерде осындай
ҥйлестіруші рӛлді халықты әлеуметтік қорғау қызметтері атқарып жатыр.
Қазақстанда да осы міндет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
еншісіне берілсе бҧл жҧмыс аса тиімді болар ма еді. Бҧл министрлікте қазіргі
уақытта жағдайы қолайсыз отбасыларды қолдау жҥйесін модернизациялау
бойынша белсенді жҧмыс жҥргізіліп жатыр, атап айтқанда, мҧндай отбасыларға
қаражат бӛлуден кету және оларға ӛз қажеттіліктерін ӛздері жҧмыс істеп ӛтей
алатындай мҥмкіндік беру ҧстанымына кӛшу жағдайы, былайша айтқанда
отбасымен жҧмыста кешенді жолдар анықталуда. Сонымен қатар, ҚР әйелдер
ісі мен отбасылық-демографиялық саясат жӛнінде Ҧлттық комиссиясының
Қазақстандағы отбасылық саясатты енгізуді бақылау және ол жҧмысты
ҥйлестіру бойынша белсенді қатысуының маңызы зор.
Зрттеушілердің ойынша, жоғарыда кӛрсетілгеннен басқа қажетті жағдайлар:
отбасылық саясатты қалыптастыру барысында оның ғылыми-әдістемелік
негізін қҧрайтын зерттеулер жҥргізу;
мемлекеттік бағдарламаларға дәстҥрлі отбасылық қҧндылықтардың
сақталуы мен насихатталуына бағытталған отбасылық саясат ендіру;
отбасында дәстҥрлі қызметтерін атқаруға мҥмкіндігі болу ҥшін әйелдерге
жағдай туғызу;
150
отбасыларын балалардың жан-жақты дамуына септігін тигізетін және
ортаның негативті әсерінен шектейтін белсенді демалыс тҥрлеріне
бейімдеуге ынталандыру;
жағдайы қолайсыз отбасылардан шыққан әйелдер мен қыз балаларды
қолдауға
бағытталған,
оларға
материалды
кӛмекпен
қатар,
психологиялық қолдауды қамтамасыздандыратын бағдарламалар жасау;
кӛмек тҥрлері қҧрылымында акценттерді біршама ауыстыру, белсенді
қолдау нысандарына басым орын беру: қосымша білім беру, қайта
мамандандыру, жҧмысқа орналастыру, ӛздігінен еңбекпен қамту
мақсаттарына жеңілдетілген несие беру, психологиялық қолдау мен
реабилитация, осы тҧрғыдағы ең басты шарт – отбасына даралап кӛзқарас
қолдану. Егер бір отбасына жҧмысқа орналасу мҥмкіншілігі берілсе, ол
отбасы қалған мәселелерді ӛз бетімен шешуі мҥмкін, ал екінші отбасына
қаржылай немесе психологиялық кӛмек қажет болуы мҥмкін. Осылайша,
акценттерді қозғау қолайсыздықтың салдарын ғана емес, оның себебін
жоюды қамтамасыз етеді.
мемлекеттік емес секторының отбасылық саясатын әзірлеу мен ендіруге
белсенді қатысу. Аталған сектор мемлекеттік бағдарламаларды
толыққанды жҥргізетін, атап айтқанда, мемлекет қаржылай кӛмек берген
жағдайда отбасыларды қолдаудың белсенді нысандарын іске асыруды
жҥктеуге болады;
отбасылық әлеуметтік қызмет торын кеңейту, отбасылық демалыс
орталықтарын, әлеуметтік-психологиялық және қҧқықтық кеңестерін,
отбасыларға арналған кризистік орталықтарын ҧйымдастыру;
бала қҧқығын қорғау тҧрғысында заңдылықты жетілдіру және барлық
шаралардың қаржыландырылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік
органдардың
заңдылық
актілерін
сақтаудағы
жауапкершілігін арттыру;
балалар қҧқығын сақтау және олардың мҥддесін қорғаудағы ата-ана мен
жҧртшылық жауапкершілігін кҥшейту;
заңмен кепілденетін бала қҧқықтары туралы ғана емес, оларды іске қосу
механизмдері туралы балаларға, ата-аналар мен жҧртшылыққа белсенді
тҥрде ақпарат беру.
Отбасылық саясатты қаржыландыру мәселесіне жеке тоқтаған жӛн.
1)
Отбасылық
саясаттың
техникалық
және
ғылыми-әдістемелік
қамтамасыздауының ӛте әлсіздігі анықталып отыр, сондықтан осы
саясаттың іске асуына бюджеттен қаржы қарастырылуы қажет.
151
2)
Әлеуметтік қызметтегі мамандардың білімі тӛмен, әлеуметтік
қызметкердің тӛлем-ақысының және әлеуметтік статусының тӛмен болуы
себебінен жас мамандар жеткіліксіз. Осы мәселенің шешілуіне кӛңіл
аударған жӛн.
3)
Әлеуметтік қызметтер инновацияларға мҧқтаж.
4)
Мемлекеттік
әлеуметтік
қызметтердің
сыбайласушылығы
мен
бюрократтығы орын алып отыр.
5)
Қолдауды тек толық отбасылар ғана емес, сонымен қатар, толық емес,
сондай-ақ, әке-шешесі кәмелетке толмаған отбасылар да – мемлекеттік
органдар тарапынан ерекше назар аударғанын қажет етеді.
13.2.
Отбасымен жұмыс істейтін мамандарға арналған ұсыныстар
Атақты психолог Карл Юнг "Теорияны ықыласпен оқып зерттеңіздер, бірақ
нақты адаммен кездескенде оқығанның бәрін ҧмытыңыздар,себебі ол адамға
жеке-дара, ерекше теория қажет",-деген. Әр отбасына бақытқа кенелу ҥшін
ӛзінің жеке-дара басшылығы қажет, себебі барлығына және әрқайсысына
берілетін кеңестер жалпылама болады және нақты отбасына кӛмектесе
алмайды. Сондай-ақ, ӛзгелерге жарамды кеңес жеке жағдайда қажетсіз, тіпті
зиянды болуы мҥмкін. Себебі әрқайсымыздың тағдырымыз қайталанбас және
кӛп жағдайда ӛзіміздің тәжірибемізбен анықталады.
Отбасына деген кӛмек отбасынан басталуы қажет. Және де ол отбасының
қашан кӛмек сҧрайтынын кҥтпей, бірінші барған абзал, себебі ондай отбасы
қолдау сҧрап қолайсыздықтың ӛте кеш кезеңдерінде келеді, бҧл отбасының
қалпына келу ҥрдісін ӛте қиындата тҥседі.
Отбасымен жұмыс келесі алгоритм бойынша құрылуы мүмкін:
a)
дайындық: қолда бар қҧжаттық мәліметтер бойынша отбасымен алдын-
ала танысу,
b)
әр отбасымен жҧмыс істейтін команданы анықтау,
c)
отбасымен байланыс қҧру,
d)
отбасындағы мәселенің мәнісін анықтау,
e)
олардың пайда болу себептерін анықтау,
f)
қолайсыз отбасының ішкі ресурстарын табу,
g)
отбасының дағдарыстан шығу жоспарын қҧру,
h)
алға қойылған жоспарды іске асыру,
i)
отбасымен жҧмыс барысында және нәтижеге жеткеннен кейін ол
отбасына патронат жҥргізу,
152
Отбасына деген кӛмекті білім беру (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар,
сынып жетекшілері), денсаулық сақтау (балалар емханалары, дәрігер-
наркологтар) органдарының, қамқорлық органдарының, кәмелетке толмағандар
ісі жӛніндегі Комиссиялардың және басқа да отбасы мәселелерін шешудегі
компетентті мекемелері мамандарынан қҧрылған команда кӛрсетуінің маңызы
зор.
Алайда, кӛмек кӛрсетуде аса қатты белсенділік білдіртіп, отбасын қорқытып
алмаудың маңызы да орасан. Қолайсыз отбасын анықтағаннан кейін оның
қолайлылығына жауаптылар белсенділік білдіртіп, кеңестер беріп, бақылау
жасап, есеп жҥргізетін жағдайлар жиі кездеседі. Бҧл жағдайда «отбасының
жеке аймағы» (жақын достары, отбасы мҥшелері бар аймақ), ол отбасы ӛзі
сезінбей, қарсыластық кӛрсете бастайды, және аяғында кӛмек қабылдаудан бас
тартуы мҥмкін. Сондықтан да, отбасымен жҧмыс жасаған кезде әдептілік
сақтаудың маңызы зор.
1 Ереже. Кӛмек кӛрсетуде командалық албырттық кӛрсетпеу қажет.
«Отбасына кӛмек кӛрсету бағдарын» анықтау кезінде ең алдымен ол отбасымен
алғашқы байланыс жҥргізетін адамды анықтау қажет. Бҧл адам отбасына,
балаларына таныс және сенімді болуы тиіс. Себебі, отбасылар сырттан
кӛрсетілетін кӛмекке агрессивті қарайды, бҧл отбасының әдеттегі қорғаныс
реакциясы, қалыпты жауап беру әдісі. Мҧндай жауапты отбасының «бҧзылу»
кӛрсеткіші ретінде қабылдаған дҧрыс емес.
2 Ереже. Отбасына алғаш рет ерекше сенімге ие адам келуі қажет.
Отбасымен байланыс жҥргізудің ерекшеліктері. Жекеше жҥздесу кезінде
қалыптасқан жағдайды бірігіп бағалау ҧсынылады және отбасының ішкі
ресурстарын қолданумен қатар, сыртқы – басқа қызметтердің кӛмегі арқылы
мәселенің шешілу жолдары іздестіріледі. Сҧхбаттасу кезінде отбасының
айтқандарының барлығын белгілеп отыру қажет, себебі осы мәліметтер
негізінде отбасының дағдарыстан шығуының бастапқы жоспары қҧрылады
(кейінгі тҥзетулер міндетті тҥрде болуы тиіс). Жағымды қабылдау
жағдайында, қолайсыздық кӛрінісін толығырақ айқындау мақсатында басқа
мамандармен кездесуді ҧйымдастыруға болады.
3 Ереже. Кездесу кезінде алдын-ала сҧрақтар дайындап, бҥкіл сҧхбат барысын
отбасымен жҧмыс жоспарына сәйкестендіру мақсатында жҥргізу қажет.
153
Отбасының дағдарыстан шығу жоспарын қҧру (отбасы диагностикасы) – ең
жауапты жағдай. Оған бҥкіл мамандар командасы тартылады, ал қосымша
кеңес қажет етілетін жағдайда тар кӛлемді мамандар-дәрігерлер қосылуы
мҥмкін. Отбасының барлық мәселелері есепке алынуы тиіс.
4 Ереже. Отбасының дағдарыстан шығу жоспары кешенді тҥрде қҧрылады,
және оған барлық қажетті мамандар тартылып, отбасының барлық мәселелері
есепке алынады.
Жоспарға психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық бағдарламалар, ал қажет
жағдайда – емдік бағдарламалар енгізілуі қажет. Отбасының барлық мҥшелерін
белсенді қатыстырған маңызды. Жоспарға бҥкіл отбасы мҥшелерінің отбасы
аймағын кеңейту жолында қоғамдық іс-шараларға, балалардың ҥйірмелер мен
секцияларға қатысуын енгізу қажет. Отбасын кҥшейту мақсатында бірігіп іс-
әрекеттер ҧйымдастыру шараларының (саяхаттар, мейрамдар, сапарлар, т.б.)
атқаратын рӛлі зор.
5 Ереже. Жоспар кӛмек тҥрлері бойынша алуан-тҥрлі болуы тиіс, бірақ, отбасы
пассивті болып, барлық мәселелерді мамандар ғана шешетіндей жағдай
туындамас ҥшін, отбасы ӛз тарапынан белсенділік пен тәуелсіздік білдіргені
маңызды. Отбасы басына тӛнген дағдарыстан шыға алатынын жақсы тҥсінуі
қажет.
6 Ереже. Отбасы тҥзетілу жолына тҧрғаннан кейін, оған патронат жҥргізу
қажет. Айына 1 реттен кем емес отбасын мамандардың келіп, бақылап
отырғаны абзал.
7 Ереже. Жеке-дара бағдар ҧстанымын қолданып, берілген отбасының
қажеттіліктеріне сәйкес мақсаттар мен міндеттер қою керек. Отбасыларына
ҥлгі-қалып қолданудан бас тарту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |