15-тақырып
Енді соңғы жүйелік категория – ақпарат
категориясын қарастырайық.
Индивид жүйелік бөлігінде оған адамның биологиялық жынысы
сәйкес келеді.
Шынымен де, ақпаратты өңдеуде жыныстық айырмашылықтар бар.
Олардың себебі неде? Есімізге түсірейік, әйел адамның
биологиялық рөлі - бала көтеру және дүниеге нәресте әкелу,
адамзат генофондын сақтау болып табылады. Сондықтан ол
қоршаған ортаның белгілеріне жауап берген кезде, сол ортадағы
белгілерді ажыратып және оларға бір қалыпты (шаблонды) жауап
қалыптастыру арқылы өзінің күш-қуатын үнемдеуге ұмтылады.
Мысалы, қалыпты жағдайларда әйел-жүргізуші сенімді және
ұқыпты жүреді. Ал ықтималдылығы төмен, күтпеген, қалыпты
ИНДИВИД –АҚПАРАТ - ЖЫНЫС
емес, төтенше жағдайларда әйел адамның реакциялары басым
бөлігінде барабар бола қоймайды.
Ер адамның биологиялық рөлі, Геодакян болжамына сәйкес, -
адамзатты белгісіздікке ұмтылдыру, өмірдің жаңа кеңістіктері мен
жағдайларын меңгеру. Ер адам – «алғаш жол салушы», «пионер»
және бұл рөлді күш-қуатты үнемдеуге бағытталған деп айту қиын.
Ер адам барлық белгілерге бірдей, мейлінше күшті жауап береді.
Сондықтан ол төтенше жағдайларда айтарлықтай сәтті болады,
кейде дәл сондай жағдайларда оның интеллектісі артығырақ
байқалады. Оның әлемге бейімделуі күшті жүйке жүйесінің
реакциясына ұқсайды – сезімталдылығы төмендеу, шыдамдылығы
жоғарылау.
Сонымен,
біз
спортшыны
индивид
ретінде
жүйелі
қарастырдық:
- уақыт жағынан (спортқа баулу жасы және спортпен
шұғылдануды аяқтау жасы және жасөспірімдер кезеңін ескеру
қажет);
- күш-қуат жағынан (спорт түрлерінде жүйке жүйесі күшінің
рөлі);
- кеңістік жағынан (спортшыларға тән конституция типі);
- ақпарат жағынан (ақпаратты өңдеудегі жыныстық
айырмашылықтар).
Енді адамның басқа жүйе бөлігін – кеңістік жүйелі
категориясымен байланысты тұлғаны қарастырайық.
Спортшы тұлға ретінде
Бағыттталу
Қабілеттер
Қуат ақпарат
ТұЛғА
Кеңістік
Темперамент Мінез
уақыт кеңістік
16-тақырып Тұлға – кеңістік категориясына сәйкес келетін
«адам» жүйесіндегі жүйелі бөлік. Шынымен
де,
тұлғаны
әлеуметтік қатынастар кеңістігіндегі адам ретінде анықтауға
болады.
Әлеуметтік қатынастардың кеңістігі әрқашан иерархиялық
құрылымға ие, жоғары, төмен немесе көлденең тұрғыда
қарастыруға болады.
Осылайша, спортшы өзінің мансап жолын
бастаған кезде жоғары деңгейде болады – жаңа жоғары белестерге
ұмтылады, «жоғарыда болуға» үйренеді және оны төмен
«түсіретін» сәтсіздіктерді ауыр қабылдайды.
«Жоғары» орнын сақтап қалу үшін немесе қандай да бір
бағытта даму мүмкіндігі бар келешегі бар болса, спортшы-легионер
басқа қалаларға және елдерге көшеді, әлеуметтік, тілдік ортаны,
клубтарды, бапкерлерді, әріптестерді ауыстырады.
Әлемде спорттың жаңа түрлері пайда болып, ресми түрде
мойындалып жатады. Әр адамға өзін көрсетуге мүмкіндік беретін
спорттық кеңістік көбейе түсуде. Мысалы, Қазақстан үшін жаңа
және өте көрнекі, теледидар арқылы көру үшін арнайы жасалғандай
спорт түрі – керлинг. Спорттың осы түрі бойынша Қазақстан
Азияда 4-ші орында екені біздің елімізде даму келешегі бар
екендігін көрсетеді. Әріне, спорттың басқа түрлерінде, мысалы,
спорттық гимнастикада немесе теннисте осындай жоғары деңгейге
жылдам арада жету мүмкіндіктері әзірге төмен.
Басқаша айтқанда, керлинг кеңістігінде мансап сатысында
жылдам өрлеуге болады, ал кейбір басқа спорт түрлерінде бұл
қиындау және көп уақыт шығынын талап етеді.
Спорт саласында мансап жасауға ұмтылған бала (немесе оның
ата-анасы) түрлі спорттағы мансаптық мүмкіншіліктерді ескереді.
Спорттағы табыстар әрқашан әлеуметтік сипатта болады.
Спорт психологиясының классигі П.А. Рудик айтқандай, егер
жануарлар әлемінде
жүріс-тұрыс нақты жануардың немесе бір топ жануарлардың
өмірлік маңыздылығы бар қажетттілігін қанағаттандыруға
бағытталған болса, қоғамда өмір сүретін адам үшін, жалпы адамзат
қоғамының өмір сүруі үшін және даму үшін маңыздылығы бар
ТҰЛҒА – КЕҢІСТІК - МІНЕЗ
салаларындағы жүріс-тұрысы қамтылады. Адамды осындай
объективті әлеуметтік байланыстардан тыс қарастыруға болмайды
және әрқашан спорт іс-әрекетінің әлеуметтік бағытталуы туралы
сұрақтың өзектілігін естен шығаруға болмайды /4/.
17-тақырып Атап айтқанда, қоғам спорттық жаттығулар мен
жарыстардың түрлерін анықтайды. Түрлі қоғамдық формацияларда
спорт және оның мазмұны бірдей болғанына қарамастан, түрлі,
кейде қарама- қайшы әлеуметтік міндеттер шешіледі, ал спортпен
шұғылдану тұлғаға бағыты мен ықпал жасау күші бойынша түрлі
әлеуметтік-өнегелік, тәрбилеуші әсер береді.
Қоғамда қалыптасқан басым құндылықтар спортшының таза
спорттық немесе материалды мотивтерге бағытталуын анықтайтын
әлеуметтік жағдайларды туындатады.
Түрлі әлеуметтік жүйеде спортшы бірдей жеңіс үшін,
құндылығы бірдей медаль үшін өз мемлекетінің тарапынан түрлі
шамадағы сыйақы алады. Социализм кезінде көптеген әйгілі
спортшылар өздерінің денсаулығын аямай, талай жағдайда
отбасынан айрылып, рекордтар орнатты, мемлекет абыройын
жоғарылатты, ал жасы келгенде түрлі ауруға ұшырап,
«зейнеткерге» айналып, мемлекет тарапынан немқұрайдылыққа тап
болғанда, өмірде спорт романтикасы ғана жеткіліксіз екендігін кеш
түсініп жеке басының қасіретін тартқан.
Нарықтық қоғамда спорт – бұл тек қана романтика емес, бұл
прагматика, біреудің табысы, біреудің бизнесі. Сондықтан бір
үлкен спортшы туралы нақты бір сомаға «оны мынадай клуб сатып
алды, немесе жалға алды» деп айтқанда және әлемдік деңгейдегі
спортшылардың негізгі табыстары спорттағы марапаттары емес,
спорт тауарларын жарнамалау үшін, теледидарда бағдарламаларға
қатысқаны үшін алған табыстары, т.с.с. біз үшін әдеттегідей болып
қабылданады. Нарық жағдайында «голдар, ұпайлар, секундтар»
ғана емес, көрнекі сырт келбеті, менеджердің сауаттылығы,
демеушілерді және жарнама берушілерді табуға ықпал жасайтын
спортшының әлеуметтік интеллектісі де маңызды.
Спорт түрлерінің көрнекілігі түрлі деңгейде болады, соған
сәйкес жарнама берушілер үшін тартымдылығы да түрлі болып
анықталады. Мысал ретінде үлкен және үстел теннисін
салыстыруға болады. Үлкен теннистегі ойын алаңы алып гүлдің
ортасына ұқсайды, оны қоршайтын стадион гүл күлтелері сияқты.
Ойыншылардың
барлық
қимыл-қозғалыстары
(қалқанды
жарнамалар тұспалында) айқын көрінеді. Оған қарағанда, үстел
теннисіне жиналатын көрермендер саны анағұрлым аз, өйткені
шектелген кеңістіктегі ойыншылардың қимыл-қозғалыстарының
қарқындылығы соншалықты жоғары болады, ал қашықтықтан
күрестің барлық бел-белестерін көру мүмкін емес. Әрине, жарнама
үшін де мүмкіншіліктер аз.
Үлкен әлеуметтік топтың ішінде көптеген шағын топтар
болады. Бала өзінің бапкерімен, оны қоршайтын басқа адамдармен
тығыс
қарым-қатынаста
спортшы
болып
қалыптасады.
Жалғыздықта мінезден басқа бәрін қалыптастыруға болады дейді.
Мінез маңызды басқа тұлғалармен қарым-қатынас кеңістігінде
қалыптасады. Сондықтан спортшы тұлғасының қалыптасуын
қарастырған кезде, атап айтқанда, оның мінезінің қалыптасуын,
оның әлеуметтік ортада алатын орнын және басқалармен өзара
қатынастарын талдау қажет. Алғашқы әлеуметтенуді өтетін және
сәтті немесе сәтсіз қатынастардың алғашқы тәжірибесін алатын топ
ретінде болатын отбасының маңызы өте зор.
Ата-аналардың психологиялық қызметі болып (және бірінші
бапкердің)
баланың
алдын
ала
өзін
бағалау
деңгейін
қалыптастыруы табылады. Ересек адамда өзіндік бағалаудың екі
объективті негізі болады – кәсіби әрекет және қарым-қатынас.
Осылайша, ересек адам өмірінің бір кезінде жеке өзара қатынастар
саласында сәтсіздікке ұшырауы мүмкін, бірақ, мысалы, спортта
табысты болуы мүмкін. Бұл өзіндік бағалауды бір деңгейде сақтап
қалуға және өзіне сенімін жоғалтпауға көмектеседі. Керісінше, ол
спортта сәтсіздікке ұшырауы мүмкін, оның есесіне өзін сүйікті
бала, аға, күйеу ретінде сезініп, ал бұл оған уақытша сәтсіздікті
басынан кешіруге күш-қуат береді. Ал әлі ешқандай маңызды
жетістіктерге қолы жетпеген және құрдастары арасында әлі өзінің
беделін көрсете алмаған кішкентай бала толығымен ата-анасының,
ұстаздарының, бапкердің беретін бағалауларына тәуелді. Оның
өзіндік бағалауы солардың қолында.
Музыкамен немесе спортпен шұғылдану арқылы өтетін
дамудың арнайы үрдісінде ересек адамның сарапшылық рөлі
орасан зор. Бапкердің жағымсыз
әсері немесе керісінше балаға ықыласпен қарауы, оның жадында
қалдырған «ізі» бүкіл келешек өміріне сақталуы мүмкін. Әсіресе,
бұл психикасы өте нәзік, сезімтал, жүйке жүйесі әлсіз балаларға
қатысты. Ондай балалардың жауапкершілігі тым жоғары, әр
нәрсені «үздік» бағаға орындауға тырысады, барлық өзінің
сәтсіздіктеріне қатты уайымдайды, көп жағдайда перфекционист
болады. Оларға бапкердің ерекше көңілі, зейіні қажет.
Сонымен,
спортшы
мінезінің
қалыптасуында
маңызды
адамдармен өзара қатынастардың жағымды немесе жағымсыз
болуы маңызды болады. Чемпиондардың өмірлерінде де спортпен
қоштасу күні болады. Сонда оның өмірінде спорттық өмірде
қалыптасқан мінез бітімдері шешуші рөлін атқарады.
18-тақырып Тұлға құрылымында уақыт категориясына
сәйкес келетін және мейлінше биологиялық шартталған тұлғаның
жүйелік бөлігі темперамент. Жалпы білім беру мектептерінде де,
спорттық мектептерде де барлығы өте көңілді, шапшаң, жылдам
сангвиниктерді жақсы көреді. Олар тәрбиешілер үшін ешқандай
қиындықтар туғызбайды, тек жаттықтыру қызық болмаған
жағдайдан басқа кездерде. Арпыл-тарпыл, шұғыл, ұстамсыз мінезді
холериктер қиындықтар туғызуы мүмкін. Бірақ оның есесіне олар
тез арада шабуыл жасап, керек кезде «жарылып» жарысты нәтижелі
жеңіспен аяқтайды. Флегматиктерге көп кезде шұғыл күш-қуат
жетіспейді, бірақ олар әлеуметтік талаптарға табысты бейімделеді,
қорғаныстық стиль қалыптастыра алады, қимыл-қозғалыстардың
техникасын жетік меңгереді, үстел теннисінде – «үстел басында
еңбек етеді».
Бапкермен қарым-қатынаста оқытушы мен оқушының
темпераменттері сәйкес келуі керек немесе бапкер басқа типтің
ерекшеліктерін түсініп психология тұрғысынан дұрыс қарым-
қатынас орнатуы қажет.
Өйткені біз адамды қалай түсінсек, оны солай бағалаймыз.
Өйткені біз адамды қалай түсінсек, оны
солай бағалаймыз!
ТҰЛҒА –УАҚЫТ - ТЕМПЕРАМЕНТ
19-тақырып Педагогикалық институттардың студенттері
мектепте педагогикалық тәжірибе жинақтайды. Педагогикалық
тәжірибе алуға бару алдында оларға пән бойынша ұстазды мұқият
бақылап, оның барлық жақсы жақтарын меңгеруге тырысыңдар деп
айтылады.
«Ұстаз - студент» жұбы екі қағида негізінде құрылады.
Бірінші жағдайда, ұстаз бен студенттің темперамент типтері бірдей,
екіншіде – бірдей емес. Мұнда холерик-ұстаздарға флегматик
студенттер беріледі, керісінше, флегматик-ұстаздарға – студент-
холерик беріледі.
Ұстаздарды өзінің студент шәкірттерінің іс-әрекеттерін
мейлінше объективті, іс-әрекеттердің нақты көрсетілген нәтижелері
бойынша бағалауды сұраған. Бәрімізге белгілі, тәжірибе алудың
алғашқы аптасы жаңа ұжымға бейімделуге, әріптестермен және
оқушылармен
танысуға
арналады.
Студенттер
алғашында
қорқақтап, өз ұстаздарының әрекеттеріне толық еліктейді, яғни
жоғары баға алады. Бірақ, кейін мектепке үйрене бастаған кезде,
өздерін біршама еркін сезініп, олар өз темпераменттерінің күшті
жақтарына негізделе отырып, әрекет жасай бастайды. Солайша,
студент-холерик үшін сабақта дайындалмай, суырып салып сөйлеу
оңай болады, сондықтан ол сабақтың 33 бөлімнен тұратын
жоспарын құруды қояды, бәрібір олардың барлығын іс жүзінде
өткізбейді ғой. Бұл әр нәрсені үнемі жоспарлайтын флегматик –
ұстаздың наразлығын туғызады. Студенттің жұмыс жүргізу әдісін
ол жалқаулық және жауапсыздық деп бағалайды.
Керісінше, өте тәртіпті және ұқыпты флегматик-студенттің
сабақтарын мұғалім-холерик қызықсыз, оты жоқ деп қабылдап,
оларды төмен бағалайды.
Осы эксперименттің нәтижесінде, шәкірттерін бағалауда өз
темперамент ерекшеліктерін жеңіп шығу әр ұстаздың қолынан келе
бермейтіні анық болды.
Темперамент уақыт категориясына сәйкес келетіні заңды,
өйткені ол тұлғаның мазмұнына емес, тек қана адамның
шапшаңдық және күш-қуат ерекшеліктерінен көрінетін формалды-
динамикалық жақтарына қатысы бар. Мысалы, жаттықтыру
барысында жаңа қимыл үйренген кезде оқушы тым импульсивті
әрекет жасауы мүмкін. Бірақ бұл оның бапкерді мұқият
тыңдымауынан емес, ол жүйке жүйесінде тежелу үрдісіне
негізделетін дағдыларды арнайы қалыптастыру керек екендігінен
пайда болады, ол темперамент ерекшеліктеріне байланысты
қиындық туғызуы мүмкін.
Кейде бапкер, жеке дара ерекшеліктерді түсініп, оқушының
бойында іс-әрекеттің нақты бір стилін қалыптастыру туралы шешім
қабылдайды, сол арқылы оның темпераментінің күшті жақтарын
жүзеге асырады. Бұл жағдайда ол темперамент өзгертуге қиын
болатын, биологиялық шартталған тұлғаның жүйелік құрылымы
екендігін ескереді. Сонымен қатар, бапкер темперамент түрлі
психофизиологиялық жағдайларда және әр жаста жасырынуы
мүмкін екенін білуі тиіс.
20-тақырып Ақпарат жағынан тұлға «қабілеттер» түсінігі
арқылы сипатталады.
Спорттың түрлері қабілеттердің әр түрлі құрылымын талап
етеді. Қабілеттер - іс-әрекет нәтижелігіне әсер ететін адамның жеке
дара психологиялық ерекшеліктері. Бұл темперамент ерекшеліктері
де, интеллект ерекшеліктері де, соның ішінде әлеуметтік интеллект
болуы мүмкін.
Спорт іс-әрекетінде қабілеттер туралы мәселені кеңістікке
байланысты ақпаратты өңдеуді талап ететін спорттың 3 түрі
мысалында қарастырайық.
Әйелдер мен ер адамдар кеңістікке байланысты ақпаратты
әрқалай өңдейтіні белгілі, бұл доппен байланысты спортта,
автоспортта маңызды.
Карталарды оқу және қай мекенді жайда тұрғаныңызды білу
кеңістікті қабылдауға негізделген. Бұл мақсатқа жету үшін
қашықтықты, жылдамдылықты, күшті бағалау қажеттілігінен
туындайтын ер адамдарға тән қабілеттерге орай мүмкін болады.
Әйел үшін мақсат болып А нүктесінен Б нүктесіне дейін қауіпсіз
жету табылады. Ол оны қажет жеріне жеткізеді, оның қауіпсіздік
туралы қапаланбауына болады, бұл әрекет тек қана көбірек
уақытты талап етуі мүмкін. Ер адамның кеңістікте бағдарлану
қабілеттері әйел тұрғысынан қауіпті болып көрінетіндей шешімдер
қабылдауына мүмкіндік береді. Әйел мұндай жағдайда сынамай,
ТҰЛҒА – АҚПАРАТ - ҚАБІЛЕТТЕР
ыңғайлы жайғаса отырып, ер адамға жүргізуге мүмкіндік бергені
жөн болар /5/.
Кеңістікке байланысты ақпаратты өңдеуге қабілеттілік,
әсіресе, көлікті кері бағытта жүріп отырып қою қажет болған
жағдайда ерекше байқалады, себебі мұнда бұрыштар мен
қашықтықтарды бағалау үшін кеңістікте бағдарлану қабілеттері
талап етіледі. Ұлыбританияда әуесқой жүргізушілер арасындағы ер
адамдардың 71% бірінші талпыныстан-ақ көлікті сәтті қоя алады,
ал әйелдер арасында - 23%. Сингапурда ерлердің бұл көрсеткіші -
68%, ал әйелдердікі – 12%. Алайда, көлік жүргізуге үйрену
мектебінде үздік нәтижелерді, ерлерге қарағанда, әйелдер
көрсететіні
қызығушылық
тудырады,
бірақ
нақты
өмір
жағдайларында емес. Олардың үйреншікті ортаға, оқу жағдайына
тәуелділігі басым байқалады, ал жолда тап болатын әр жағдай жаңа
болып табылады. Кейде, нақты ойындық жарыс жағдайларында, тек
қыздар ғана емес, жақсы кеңістікте бағдарлану қабілеттері жақсы
қалыптастырылмаған ер балалар да дағдарысқа ұшырап қалады,
соның салдарынан оларды «үйден шықпайтын, немесе жаттығушы»
ойыншылар деп атайды. Мұндай адамдар бөлшектеп ұзақ және
мұқият жаттығуы мүмкін, бірақ тәжірибе жүзіндегі ойын
жағдайында өз дағдыларын белсендіре алмау мәселесіне тап болуы
мүмкін.
Сонымен, біз спортшыны тұлға ретінде қарастырдық:
- уақыт жағынан – спортшының темпераменттік ерекшеліктері,
- кеңістікте бағдарлану жағынан – оның мінезінің қалыптасуы,
- қабілеті жағынан – кеңістікті қабылдау қабілеті.
Тұлға құрылымындағы қуат бірлігіне адамның бағыттылығы,
оның түрлері, әсіресе, мотивтері сәйкес келеді. Бұл сұрақ келесі
бөлімде жеке қарастырылады, сонымен қатар спортшының іс-
әрекет субъектісі ретінде талдануы беріледі.
Даралық ақпарат түсінігі арқылы сипатталады. Ол адамға тән, оны
нақты сипаттайтын және табиғи ерекшеліктері мен маңызды басқа
адамдармен қарым-қатынастарын, барлық кәсіби тәжірибесін
байланыстыратын ақпаратты өңдеу стилі арқылы байқалады.
Осының барлығы спортшы басқаларға ұқсамайтын, өзінің
қайталанбас стилін көрсеткен кезде көрінетін іс-әрекеттің жеке
дара стилін қалыптастыруының негізін қалайды. Зерттеулердің
көрсетуі бойынша бұл мәселе спорттық шеберліктің белгілі бір
деңгейінде пайда болады.
21-тақырып Шәкірт спортта жеке дара болу үшін алдымен тұлға
әлеуметтік кеңістігінің сатыларынан өтіп, өсіп, басқалардың
тәжірибесін меңгеріп, өз тәжірибесін жинақтауы тиісті. Бұл нақты
уақытты талап етеді. Сондықтан жеке дара – бұл спортшы өмірінің
және еңбегінің шыңы, оның кәсіби шеберліктің жоғарғы сатысына
шығуының нәтижесі. Осыған орай жоғары табыстарға жетудің
түрлі әдістері немесе жеке дара стильдердің бар екендігі туралы
сұрақ қоюға болады. Және бұл спортқа ерекше көрікті сомдайды.
Нағыз шебердің жалпы қолданыстағы әдістемелік құралдарды
өзгертуі де, өзінің ерекше техникалық тәсілін, өзінің қайталанбас
стилін шығармашылық жолмен табуы да әбден мүмкін. Сондықтан
түрлі спорт түрлерінде көптеген техникалық тәсілдер сол тәсілдерді
бірінші рет ойлап тауып, қолданған атақты спортшылардың
аттарымен аталады. Бұл атаулар мәңгілік ескерткіштер болып
өздері таңдаған спорт түрлерінде нағыз жеке даралар болған ұлы
спортшылардың және бапкерлердің есімдерін мәңгі есте
қалдырады. Тұлға деңгейінде спортшы басқалардан ақпаратты
қабылдауы арқылы дамыса, жеке даралық деңгейінде ол жаңа
нәрселерді жасап шығару және қоғамға сыйға тарту арқылы
дамиды.
Сонымен, адамның жүйелік талдануы уақыт категориясынан
және «индивид» ішкі жүйесінен басталып, спортшы тұлға ретінде
дамитын кеңістікпен және ол спортшыны спорт іс-әрекетінің
субъектісі ретінде сипаттайтын күш-қуат түсінігі арқылы
жалғасады және адамның спортта жеке дамуының интегралы
ретінде даралықты талдаумен аяқталады. Таңдаған спортта жеке
дара болған спортшы немесе бапкер ақпаратты өңдеудің айрықша
стилі (когнитивті стиль) және іс-әрекет пен өмірдің қайталанбас
стилі арқылы сипатталады. Жеке даралық деңгейде спорт тек қана
«гол, ұпай, секундтар» жинау міндеті ғана емес, сонымен қоса бұл
өз потенциалын ашып көрсетудің, танып білудің ерекше мүмкіндігі
туралы түсінік қалыптасады.
|