Ахметов А., Ахметова Г


 бап. Жергілікті атқарушы органдар



Pdf көрінісі
бет29/36
Дата22.12.2016
өлшемі2,12 Mb.
#296
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36

7 бап. Жергілікті атқарушы органдар  

Жергілікті  атқарушы  органдар  халықты  жұмыспен  қамту 

саясатын іске асыруды:  

1)  мемлекеттік  жұмыспен  қамту  саясатына  сəйкес  аймактық 

бағдарламалар əзірлеу;  


2)  тиісті  əкімшілік-аумақтық  бірліктер  аумағында  тұратын 

нысаналы  топтарды  жəне  оларды  қорғау  жөніндегі  əлеуметтік 

шараларды жыл сайын анықтап отыру;  

3) жеке кəсіпкерлікті, шағын жəне орта бизнесті дамыту арқылы 

қосымшa жұмыс орындарын ашуды қолдау;  

4) жұмыссыз азаматтарды əлеуметтік қорғау;  

5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;  

6)  халықты  жұмыспен  қамтуға  жəрдемдесетін  басқа  да  іс-

шараларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді. 

  

8 бап. Жұмыспен қамту мөселелері жөніндегі yəкілеттi орган  

1. Жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі уəкілетті орган:  

1) өтініш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға — жұмыс табу 

мүмкіндігі  туралы, aл  жұмыс  берушілерге  жұмыс  күшімен 

қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы хабарлап отыруға;  

2) 

азаматтар 



мен 

жұмыссыздарға 

жұмыс 

таңдауда 



жəрдемдесуге, жұмысқа орналасу жəне оқу үшін жолдама беруге;  

3) еңбек рыногы бойынша деректер банкін түзуге;  

4)  азаматтар  өтініш  жасаған  күннен  бастап 10 күннен 

кешіктірмей тіркеуге, оларды есепке қоюға;  

5)  кəсіби  бағдарлау  ісінде  азаматтар  мен  жұмыссыздарға  тегін 

қызметтер көрсетуге;  

6)  жұмыссыздарды  олардың  келісімімен  қоғамдық  жұмыстарға 

жіберуге;  

7)  еңбек  рыногының  қажеттіліктеріне  сəйкес  жұмыссыздарды 

кəсіптік оқуға жіберуге;  

8)  жұмыссызға  оның  жұмыссыз  ретінде  тіркелгені  туралы 

анықтама беруге;  

9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігіне (жұмыс 

күшіне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға жəне халыққа, 

жергілікті  жəне  орталық  атқарушы  органдарға  еңбек  рыногының 

жай-күйі туралы хабарлауға;  

10)  халықты  жұмыспен  қамтудың  аймақтық  бағдарламаларын 

жəне  нысаналы  топтардың  жұмыспен  қамтылуына  жəрдемді 

қамтамасыз ететін арнайы ic-шараларды іске асыруға міндетті.  

2. Жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі уəкілетті органның:  

1) жұмыс берушіге жұмыс күші қажет болған жағдайда, оларға 

азаматтар мен жұмыссыздарды жіберуге;  



2)  жергілікті  атқарушы  органдарға  олардың  аумағында  орналасқан 

ұйымдарда  қоғамдық  жұмыстарды  дайындау  мен  жүргізу  жөнінде 

ұсыныс енгізуге;  

3)  білім  беру  мəселелерін  қарайтын  мемлекеттік  органдардан, 

білім  беру  ұйымдарынан,  əртүрлі  ұйымдардың  мамандар 

даярлауды,  қайта  даярлауды  жəне  олардың  біліктілігін  арттыруды 

жүзеге  асыратын  оқу  курстарынан  бітірушілерді  жұмысқа 

орналастыру  туралы  мəліметтер,  оқыту  жүргізілетін  кəсіптер 

(мамандықтар)  туралы,  нақты  кəсіптер  (мамандықтар)  бойынша 

даярланған жəне даярлануы жоспарланып oтырған мамандар саны 

туралы ақпарат сұратуға құқығы бар.  

 

9  бап.  Жұмыс  берушілердің  халықты  жұмыспен  қамтуға 



қатысуы  

1.  Жұмыс  берушілер  мемлекеттік  жұмыспен  қамту  саясатын 

іске асыруға:  

1)  еңбек  туралы  заңдарға  сəйкес  жеке  еңбек  шарттары  мен 

ұжымдық  шарттардың  талаптарын  сақтай  отырып,  жұмысқа 

орналасуға жəрдем көрсету;  

2)  қызметкерлерді  кəсіби  даярлау  жəне  өндіріс  ішінде  оқыту 

жүйесін дамыту;  

3)  құрылымдық  өзгерістер  барысында  білікті  қызметкерлердің 

кадрлық əлеуетін сақтау жəне ұтымды пайдалану;  

4)  қоғамдық  жұмыстарды  ұйымдастыруға  жəне  жүргізуге 

жəрдемдесу;  

5) өз қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;  

6)  жұмысқа  орналастыру  мəселесі  бойынша  өтініш  жасаған 

адамдарды  ұйымдарда  белгіленген  біліктілік  талаптарына 

сəйкес бос орынға жұмысқа қабылдау;  

7) 

Қазақстан 



Республикасының 

заңдарына 

сəйкес 

қызметкерлерді сақтандыру арқылы қатысады.  



2. Жұмыс беруші:  

1)  ұйымның  таратылуына,  адам  санының  немесе  штаттың 

қысқартылуына  байланысты  алдағы  уақытта  қызметкерлердің 

жұмыстан  босайтыны,  босатылатын  қызметкерлердің  қызметтері 

мен  кəсіптері,  мамандықтары,  біліктілігі  жəне  еңбекақы  мөлшері 

көрсетіле  отырып,  босатылуы  мүмкін  қызметкерлердің  саны  мен 

санаттары  туралы  жəне  олар  босатылатын  мерзімдер  туралы 


жұмыстан  босату  басталардан  кемінде  бір  ай  бұрын 

уəкілетті органға толық көлемде ақпарат беруге;  

2)  бос  жұмыс  орындары  (бос  қызметтер)  пайда  болған  күннен 

бастап  үш  жұмыс  күні  ішінде  олар  туралы  уəкілетті  органға 

мəлімет жіберуге;  

3)  уəкілетті  орган  берген  жолдамаға  тиісті  белгі  қою  арқылы 

жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін 

көрсете  отырып,  ол  туралы  дер  кезінде  (уəкілетті  орган  оған 

азаматтарды  жіберген  күннен  бастап  бес  жұмыс  күні  ішінде) 

хабарлауға міндетті.  

3.  Осы  баптың  талаптарын  бұзғаны  үшін  жұмыс  берушінің 

жауапкершілігі  заң актілеріне сəйкес туындайды. 

  

10 бап. Еңбек делдалдығы  

1.  Еңбек  делдалдығымен  уəкілетті  орган  жəне  жеке  жұмыспен 

қамту агенттіктері айналысады.  

2. Жеке жұмыспен қамту агенттігі азаматтарға шарттық негізде 

мынадай қызметтер көрсетеді:  

1)  жұмыспен  қамту  жəне  еңбек  туралы  заңдар  мəселелері 

бойынша консультациялар беру;  

2) бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы 

ақпарат беру;  

3) жұмыс орындарын іздестіруге көмектесу;  

4)  азаматтарды  кəсіптік  даярлық  пен  қайта  даярлықтан  өткізіп, 

соңынан жұмысқа орналастыру.  

3. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту  агенттіктері 

жұмысқа  орналастыру,  жұмыс  орындарын  ашу  жəне  жұмыспен  қамтудың 

республикалық  жəне  аймақтық  бағдарламаларын  іске  асыру  мəселелері 

бойынша  мемлекеттік  органдармен,  жұмыс  берушілермен  өзара ic-қимыл 

жасайды.  

4.  Азаматтардың  шетелде  жұмысқа  орналасуы  жеке  Қазақстан 

Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі делдалдық 

көмекті 


жеке 

жұмыспен 

қамту 

агенттіктері 



Қазақстан 

Республикасының  заңдарына  сəйкес  лицензия  негізінде  жүзеге 

асырады. 

11 бап. Шетелдік жұмыс күшін тарту  


1.  Ішкі  еңбек  рыногын  қорғау  мақсатында  Қазақстан 

Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының аумағында 

еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 

жыл сайын квота белгілейді.  

2.  Орталық  атқарушы  орган  жұмыс  берушілерге  Қазақстан 

Республикасының  Үкіметі  белгілеген  квота  шегінде  шетелдік 

жұмыс күшін тартуға руқсат береді.  

3. Квота белгілеу тəртібін, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс 

күшін  тартуға  рұқсат  беру  шарттары  мен  тəртібін  Қазақстан 

Республикасының Үкіметі белгілейді.  

4.  Қазақстан  Республикасының  аумағында  еңбек  қызметін 

жүзеге  асыру  үшін  тартылатын  шетелдік  жұмыс  күшінің  білім 

деңгейі  (кəсіби  даярлығы)  мен  практикалық  жұмыс  тəжірибесі 

(стажы)  жұмыстар  мен  кəсіптердің  біліктілік  анықтамалығына 

жəне  қызметшілер  лауазымдарының  біліктілік  анықтамалығына 

сəйкес жұмысшылардың кəсіптеріне жəне басшылардың, мамандар 

мен  қызметшілердің  лауазымдарына  қойылатын  біліктілік 

талаптарына сай келуі тиіс.  

5.  Шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға  жəне  Қазақстан 

Республикасынан  шетелге  жұмыс  күшін  шығаруға  байланысты 

қызметке  лицензия  берудің  шарты  мен  тəртібін  Қазақстан 

Республикасының Үкіметі белгілейді. 

  

12 бап. Халықты жұмыспен қамтудың республикалық жəне 

аймақтық бағдарламалары  

1.  Қазақстан  Республикасының  Yкiмeтi  мен  жергілікті 

атқарушы  органдар  қызметкерлер  мен  жұмыс  берушілер 

өкілдерінің 

қатысуымен 

əлеуметтік-экономикалық 

дамудың 

индикативтік жоспарлары негізінде халықты жұмыспен қамтудың:  

1)  халықты  жұмыспен  қамту  деңгейін  өcіpyre  ынталандыратын 

шараларды;  

2)  жұмыс  күшіне  сұраныс  пен  ұсынысты  теңдестіру  жөніндегі 

шараларды;  

3) халықтың əлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының 

жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды;  

4)  қосымша  жұмыс  орындарын  ашатын  шағын  жəне  орта 

кəсіпкерлікті қолдау мен дамытуды;  



5) 

еңбек 


рыногындағы 

қажеттілікті 

ескере 

отырып, 


жұмыссыздарды  кəсіби  даярлау  мен  қайта  даярлаудың  икемді 

жүйесін ұйымдастыруды;  

6) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен жетілдіруді;  

7)  жұмыспен  қамтудың  аймақтық  проблемаларын 

шешуде  жергілікті  атқарушы  органдардың  рөлін  арттыру 

жөніндегі шараларды;  

8) жұмыспен қамтуды реттеу жəне еңбек рыногы мəселелерінде 

уəкілетті  органның  қызметін  жұмыс  берушілермен,  қоғамдық 

бірлестіктермен,  еңбек  делдалдығымен  айналысатын  жеке 

жұмыспен қамту агенттіктерімен ұштастыруды;  

9)  жұмыспен  қамту  мəселелері  жөніндегі  деректердің 

ақпараттық базасын жетілдіруді;  

10)  инвестициялык  бағдарламаларды  əзірлеген  кезде  еңбек 

рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын 

ашуды көздейтін бағдарламаларын əзірлейді жəне бекітеді.  

2.  Халықты  жұмыспен  қамту  бағдарламаларын  қаржыландыру 

республикалық  жəне  жергілікті  бюджет  қаражаттары  жəне 

Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сəйкес  өзге  де  кездер 

есебінен жүзеге асырылады.  

 

3  Т А Р А У



 

 

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН MЕMЛЕKETTIK 

ƏЛЕУМЕТТ1К ҚOPFAУ

 

 

13  бап.  Азаматтардың  жұмыспен  қамту  саласындағы 

құқықтары  

1. Азаматтардың:  

1) жұмыс берушіге, уəкілетті органға не жеке жұмыспен қамту 

агенттігіне  тікелей  өтініш  жасау  арқылы  жұмыс  орнын  еркін 

таңдауға:  

2)  өз  бетінше  жұмыс  іздестіруге  жəне  шетелде  жұмысқа 

орналасуға;  

3) уəкілетті органдардан жəне халықты жұмысқа орналастыруға 

жəрдемдесетін  жеке  жұмыспен  қамту  агенттігінен  консультация 

жəне ақпарат алуға;  

4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға;  


5) мемлекеттік органдардың, жеке агенттіктердің жəне олардың 

лауазымды 

адамдарының 

шешімдеріне, 

əрекеттеріне 

(əрекетсіздіктеріне)  орталық  атқарушы  органға  немесе  сотқа 

шағымдануға құқығы бар.  

2.  Азаматтар  жұмысынан  айырылу  (жұмыссыздық)  жағдайына 

ерікті сақтандыру шартын жасасуға құқылы.  

 

14 бап. Жұмыссыздықтан мемлекеттік əлеуметтік қорғау  

Мемлекет  жұмыссыздықтан  əлеуметтік  қорғаудың  мынадай 

түрлерін көрсетеді:  

1) жұмысқа орналасуға жəрдемдесу;  

2) жұмыссыздар үшін кəсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта 

даярлау жəне қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;  

3)  қоғамдық  жұмыстарда  істейтін  жұмыссыздардың  еңбегіне 

ақы төлеу;  

4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне 

сəйкес мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек көрсету. 

  

15 бап. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу жəне есепке алу  

1.  Жұмыс  тапқысы  келетін  жұмыссыз  азаматтар  уəкілетті 

органға  жəне  жеке  жұмыспен  қамту  агенттігіне  жұмысқа 

орналасуына жəрдемдесу туралы өтініш жасай алады.  

2.  Жұмыс  іздестіруге  өтініш  жасаған  жұмыссыз  азаматтарды 

тіркеу  үшін  мынадай  құжаттар  қажет:  жеке  куəлігі  (паспорты), 

əлеуметтік  жеке  кодының  берілгені  туралы  куəлік  (ƏЖК),  еңбек 

қызметін  куəландыратын  құжаттар,  салық  төлеушіні  тіркеу  нөміpi 

(СТТН).  

3.  Шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ  адамдар,  бұларға  қоса 

шетелдіктің  ықтиярхатын  жəне  азаматтығы  жоқ  адам  тұрғылықты 

жері  бойынша  тіркелгендігі  туралы  белгі  соғылған  куəлігін  табыс 

етеді.  


4.  Осы  баптың 2, 3-тармақтарында  көрсетілген  құжаттар  табыс 

етілген күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей, уəкілетті 

орган  мен  жеке  жұмыспен  қамту  агентігі  нысанын  орталық 

атқарушы  орган  бекітетін  дербес  есеп  карточкасына  (деректердің 

компьютерлік  базасы)  мəліметтер  енгізу  арқылы  азаматтарды 

тіркейді.  

5.  Жұмыс  іздестіріп  жүрген  жұмыссыз  азаматтар  тұрғылықты 

жері бойынша уəкілетті органда тіркеледі.  



6.  Уəкілетті  органда  тіркелген  жұмыссыз  азаматтар — 

күнтізбелік  он  күн  ішінде  кемінде  бір  рет  уəкілетті  органда,  ал 

селолық елді мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемінде бір 

рет  поселке,  ауыл  (село),  ауылдық  (селолық)  округ  əкімінде 

белгіленуге тиіс.  

7.  Уəкілетті  орган  жұмыс  іздестіруге  өтініш  жасаған  азаматтар 

мен жұмыссыздардың аймақтық деректер базасын түзеді. 

  

16 бап. Жұмыссызды есептен шығару  

1. Уəкілетті орган жұмыссызды мынадай жағдайларда:  

1) лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас 

тартқанда;  

2)  уəкілетті  орган  жолдама  берген  күннен  бастап  бес  жұмыс 

күні  ішінде  дəлелсіз  себептермен  ұсынылған  жұмысқа  орналасу 

немесе оқу орнына келмегенде;  

3)  шақыру  бойынша  жұмысқа,  оқуға  жолдама  алу  үшін  екі 

жұмыс  күні  ішінде  дəлелсіз  себептермен  уəкілетті  органға 

келмегенде;  

4) жұмыссыз уəкілетті органның жолдамасы бойынша қоғамдық 

жұмысқа қатысуды немесе оқуды дəлелсіз себептермен өз бетінше 

тоқтатқанда;  

5)  жұмыссыздар  осы  Заңның 15-бабының 6-тармағында 

көзделген  уəкілетті  органға  келіп  тұру  мерзімдерін  дəлелсіз 

себептермен бұзғанда;  

6) жұмыссыз басқа жерге көшкенде;  

7)  жұмысқа  орналасқан  немесе  осы  Заңның 2-бабына  сəйкес 

жұмыссыз адам жұмыспен қамтылған деп танылғанда;  

8)  жұмыссыз  бас  бостандығынан  айыру  түріндегі  жазамен 

сотталғанда  не  сот  шешімі  бойынша  мəжбүрлеп  емделуге 

жіберілгенде;  

9)  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сəйкес  зейнетақы 

тағайындалғанда, есептен шығарады.  

2.  Осы  баптың 1-тармағының 1)-6) тармақшаларына  сəйкес 

есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап 

отыз  күнтізбелік  күн  еткен  соң  ғана  уəкілетті  органда 

қайтадан тіркеле алады. 

  

17 бап. Тіркелген жұмыссыздардың міндеттері  

1. Жұмыссыздар:  


1) осы Заңды сақтауға;  

2) уəкілетті органдарға келіп тұрудың тəртібін, шарттарын жəне 

мерзімдерін сақтауға;  

3)  уəкілетті  орган  берген  жұмысқа  жолдаманы  алған  күннен 

бастап бес жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасу мəселесі бойынша 

жұмыс берушіге өтініш жасауға;  

4) уəкілетті органға:  

тұрғылықты жерін ауыстыруды;  

тұрақты,  уақытша  маусымдық  жұмысқа,  азаматтық-құқықтық 

сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;  

кəсіпкерлік қызметпен шұғылдануды;  

ұйымдық құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, 

ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;  

мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;  

зейнетақы тағайындауды жəне өзге де табыстарды қоса алғанда, 

жұмыссызбен  алдағы  уақытта  жұмыс  істеу  тəртібіне  ыкпал  ететін 

өзгерістер туралы мəліметтерді дер кезінде (бес жұмыс күні ішінде) 

табыс етуге міндетті.  

2.  Жоғарыда  аталған  мəліметтерді  жасырған  немесе  көрінеу 

жалған  мəліметтер  немесе  жасанды  құжаттар  табыс  еткен 

жағдайда,  жұмыссыздар  тіркеуден  шығарылады  жəне  Қазақстан 

Республикасының заң актілеріне сəйкес жауапқа тартылуы мүмкін.  

  

18 бап. Лайықты жұмыс  

1.  Тіркелген  жұмыссыз  азаматтар  үшін  кəсіби  даярлығына, 

еңбек  стажына  жəне  бұрынғы  мамандығы  бойынша  жұмыс 

тəжірибесіне, соңғы жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетін 

қоғамдық  жұмыстарды  қоспағанда),  денсаулық  жағдайына,  жаңа 

жұмыс  орнына  көліктің  қолайлылығына  сəйкес  келетін  жұмыс  лайықты 

жұмыс  деп  есептеледі.  Көліктің  қолайлылығын  тиісті  атқарушы  орган 

айқындайды.  

2.  Бірінші  рет  жұмыс  іздеп  жүрген,  бірақ  кəсібі  (мамандығы) 

жоқ  сондай-ақ,  екі  жылдан  астам  уақыт  бойы  жұмысы  болмаған 

адамдар  үшін — алдын-ала  кəсіптік  даярлықты  талап  ететін 

жұмысты,  ал  ондай  жұмыс  беру  мүмкін  болмаған  жағдайда, 

азаматтардың  жас  жəне  өзге  де  ерекшеліктері  мен  еңбек  туралы 

заңдардың  талаптары  ескерілетін  басқа  ақы  төленетін  жұмысты 

(уақытша  сипаттағы  жұмысты  қоса  алғанда)  лайықты  жұмыс  деп 

есептеуге болады.  



 

19  бап.  Жұмыссыздарды  кəсіби  даярлау,  олардың 

біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау  

1.  Жұмыссыздарда  қажетті  кəсіби  біліктілігінің  болмауына 

лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаған жағдайда, уəкілетті орган 

оларды кəсіби даярлықтан өтуге, біліктілігін арттыруға жəне қайта 

даярлауға жібереді.  

2. Жұмыссыздарды кəсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру 

жəне қайта даярлау Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес 

Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  белгілеген  тəртіппен  еңбек 

рыногының  қажеттілігі  ескеріле  отырып,  республикалық  жəне 

жергілікті  бюджеттердің  қаражаты  есебінен  уəкілетті  органның 

жолдамасы  бойынша  білім  беру  ұйымдарында  не  білім  беру 

қызметіне құқығы бар кəсіпорындарда жүргізіледі.  

Кəсіби  даярлықтан,  біліктілігін  арттыру  мен  қайта  даярлаудан 

өтіп  жатқан  табысы  аз  азаматтар  қатарындағы  жұмыссыздардың 

Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес мемлекеттік атаулы 

көмек алуға құқығы бар.  

3. Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздар кəсіби даярлықтан, 

біліктілігін  арттыру  мен  қайта  даярлаудан  басым  тəртіппен  өту 

құқығына ие болады.  

4.  Оқуды  өз  бетінде  дəлелсіз  себептермен  тоқтатқан 

жұмыссыздар  уəкілетті  органда  қайтадан  тіркелген  күннен  бастап 

бip жыл өткеннен кейін ғана оқуға қайтадан жіберуі мүмкін. 



  

20 бап. Қоғамдық жұмыстар  

1.  Қоғамдық  жұмыстарды  ұйымдарда  орталық  жəне  жергілікті 

атқарушы  органдар  ұйымдастырады  жəне  олар  республикалық 

жəне  жергілікті  бюджеттердің  қаражатынан  жəне  жұмыс 

берушілердің 

өтініші 


бойынша 

солардың 

қаражатынан 

қаржыландырылады.  

2.  Азаматтардың  қоғамдық  жұмыстарға  қатысуы  тіркелген 

күніне сəйкес кезекшілік тəртібімен жүзеге асырылады. Нысаналы 

топтарға  кірген  жұмыссыздардың  қоғамдық  жұмыстарға  басым 

тəртіппен қатыcy құқығы бар.  

3.  Қоғамдық  жұмыстарға  қатысуды  дəлелсіз  себептермен  өз 

бетінше  тоқтатқан  жұмыссыздар  уəкілетті  органда  қайтадан 

тіркелген  күннен  бастап  үш  ай  өткеннен  кейін  ғана  қоғамдық 

жұмыстарға қайтадан жіберілуі мүмкін.  



4.  Қоғамдық  жұмыстар  уақытша  жұмыс  орындарын  ашу  жолымен 

ұйымдастырылады жəне олардың мынадай ерекшеліктері болады:  

1) жұмыссыздарға əдейі арналған;  

2)  жұмыс  орындарының  саны ic жүзінде  шектелмейді,  жұмыс 

уақытша сипатта болады жəне оларды ұйымдастыру үшін тұрақты 

жұмыс  орындары  мен  бос  қызмет  орындарын  пайдалануға 

болмайды;  

3)  жұмысты  толық  емес  жұмыс  күні  жағдайында  жəне  икемді 

график бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі болады;  

4)  аймақ  үшін  экономикалық  əлеуметтік  жəне  экологиялық 

пайдасы болады;  

5)  арнаулы  білімі  жоқ  адамдардың  уақытша  жұмысқа 

орналасуына мүмкіндік береді.  

5. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша:  

1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;  

2) аймақтардағы ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың 

түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне 

төленетін  ақының  мөлшері  жəне  оларды  қаржыландыру 

көздері бекітіледі.  

6.  Авариялар,  дулей  зілзалалар,  апаттар  жəне  басқа  төтенше 

жағдaйлap  зардаптарын  жедел  жою  қажеттілігіне  байланысты 

қызмет түрлері қоғамдық жұмыстарға жатпайды.  

7.  Қоғамдық  жұмыстарды  ұйымдастыру  жəне  қаржыландыру 

.тəртібін Казақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.  

8.  Ақы  төленетін  қоғамдық  жұмыстарға  қатысатын  адамдарға 

еңбек  зейнетақымен  қамсыздандыру  жəне  сақтандыру  туралы  заң 

актілері қолданылады.  

9.  Осы  Заң  қылмыстық  заңдарда  көзделген  қоғамдық 

жұмыстарға тарту жөніндегі құқықтық қатынастарды реттемейді. 

  

4   Т А Р А У 



 

 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ 

БАҚЫЛАУ МЕН ЕСЕПТІЛІК

 

 

21  бап.  Халықты  жұмыспен  қамту  туралы  мемлекеттік 



статистикалык есептілік  

1.  Халықты  жұмыспен  қамту  саласындағы  жағдайға,  сондай-aқ 

еңбек  рыногындағы  ахуалға,  оның  болжануы  мен  реттелуіне 


обьективті баға беру үшін Қазақстан Республикасының заңдарына 

сəйкес мемлекеттік статистикалық есептілік белгіленеді.  

2.  Еңбек  делдалдығымен  айналысатын  жеке  жəне  заңды 

тұлғалар 

уəкілетті) 

органға 


Қазақстан 

Республикасының 

заңдарында  белгіленген  тəртіппен  жəне  мерзімде  мемлекеттік 

статистикалық есептілік табыс етуге міндетті.  

3.  Уəкілетті  органдар  статистика,  салық  органдарымен,  көшi-

қон  қызметтеpi  органдарымен,  республикалық  жəне  аймақтық 

деңгейдегі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен əр тараптың 

өз  міндеттерін  орындауы  үшін  қажет  болатын eceптi  құжаттама 

мен мəліметтерді өтемсіз негізде алмасады.  

4.  Уəкілеттi  органдар  орталық  атқарушы  органға  Қазақстан 

Республикасының  заңдарында  белгіленген  тəртіппен  жəне 

мерзімде мемлекеттік статистикалық есептілік табыс eтeдi.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет