8
бап.
Əлеуметтік
əріптестікті
салалық
деңгейде
ұйымдастыру
1. Əлеуметтік əріптестікті салалық деңгейде əлеуметтік жəне
еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар ( бұдан
əрі – салалық комиссия) қамтамасыз етеді.
2. Салалық комиссия əлеуметтік əріптестер мүдделерін
үйлестіруді тиісті шешімдермен ресімделетін консультатциялар мен
келіссөздер жүргізу жолымен қамтамасыз ету жөнінде тұрақты
жұмыс істейтін орган болып табылады.
3. Тиісті атқарушы органдардың өкілетті өкілдері, жұмыс
берушілер мен қызметкерлердің өкілдері салалық комиссиялардың
қатысушылары болып табылады.
9 бап. Əлеуметтік əріптестікті аймақтық деңгейде
ұйымдастыру
1. Əлеуметтік əріптестікті аймақтық деңгейде əлеуметтік жəне
еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар ( бұдан
əрі – салалық комиссия) қамтамасыз етеді.
2. Аймақтық комиссия əлеуметтік əріптестер мүдделерін үйлестіруді
тиісті
келісімдермен
жəне
шешімдермен
ресімделетін
консультациялар жəне келіссөздер жүргізу жолымен қамтамасыз
ету жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
3. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті өкілетті өкілдер,
жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері аймақтық
комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
10 бап. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық,
аймақтық комиссияларды құрудың принциптері мен тəртібі
1. Комиссиялар мынадай принциптер:
1) атқарушы билік оргадары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен
қызметкерлер өкілдерінің комиссиялар қызметіне қатысуының
міндеттілігі;
тараптардың өкілеттілігі;
өкілдіктің теңбе-теңдігі;
тең құқықтығы;
тараптардың өзара жауапкершілігі негізінде құрылады.
2. Комиссияларға қатысушылардың дербес құрамын əлеуметтік
əріптестіктің əр талабы өз бетінше жасақтайды. Əлеуметтік əріптестікке
қатысушы тараптардың бəріне тең өкілеттілік беріледі.
11 бап. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық,
аймақтық комиссиялардың негізгі мақсаттары мен міндеттері
1. Комиссиялардың негізгі мақсаттары əлеуметтік жəне еңбек
қатынастарын реттеу мен тараптардың мүдделерін үйлестіру болып
табылады.
2. Комиссиялардың негізгі міндеттері:
1) əлеуметтік жəне экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
бойынша тараптардың көзқарастарын үйлестіру;
2) келісімдерді жүзеге асыру жөніндегі шаралар əзірлеу; келісу
жəне бекіту;
3) келісімдерді əзірлеу мен жасасу;
4) республикалық комиссия шеңберінде халықаралық еңбек
нормаларын бекіту мен қолдануға байланысты мəселелер бойынша
консультациялар өткізу жəне ұсынстар əзірлеу болып табылады.
3. Комиссиялар өздері бекіткен ережелер мен жоспарларына
сəйкес жұмыс істейді. Комиссиялардың отырыстары жылына
кемінде екі рет өткізіледі.
12 бап. Республикалық комиссияның негізгі құқықтары
Республикалық комиссия:
1) өз отырыстарында əлеуметтік жəне еңбек қатынастары
саласындағы келісілген саясатты жүргізу проблемаларын қарауға;
2) келісім жобасын əзірлеу, атлған келісімді жүзеге асыру,
комиссияның шешімдерін орындау кезінде атқарушы органдардың,
жұмыс берушілер мен қызметкерлер бірлестіктеріне мүдделерін
үйлестіруге;
3) атқарушы органдардан, жұмыс берушілерден жəне (немесе)
қызметкерлер өкілдерінен əлеуметтік жəне еңбек қатынастарын
реттеу үшін жасалатын жəне жасалған келісімдер туралы ақпарат
сұратып алуға;
4) өз шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал
жауапты адамдар оларды орындамаған жағдайда анықталған
жолсыздықтарды жою жəне келісім шарттарының орындалмауына
кінəлі адамдарды жауапқа ақпарат жіберуге;
5) атқарушы органдар ұжымдық келіссөздер жүргізуге жəне
келісім жобасын əзірлеуге, аталған келісімнің орындалуын
бақылауды ұйымдастыруға қажет Қазақстан Республикасындағы
əлеуметтік жағдай туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерін сұратуға жəне алуға;
6) нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу жөнінде ұсыныс
енгізуге немесе Қазақстан Республикасының əлеуметтік жəне
еңбек қатынастары саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік
құқық актілерінің бастамшылық жобаларын уəкілетті органдардың
қарауына беруге;
7) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып жұмыс тобын
құруға;
8) республикалық комиссияның отырысында орталық атқарушы
органдардың қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлерін, сондай-ақ
тəуелсіз сарапшыларды шақыруға;
9) атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің
бірлестіктері комиссия белгілеген мерзімде қаруға жəне орындауға
міндетті болатын бірлескен келісімдер мен шешімдер қабылдауға;
10) əлеуметтік жəне еңбек қатынастары мен əлеуметтік
əріптестік мəселелері бойынша халықаралық, республикалық,
аймақ аралық кеңестер, конференциялар, конгрестер, семинарлар өткізуге
осы аталған шараларды ұйымдастырушылар мен келісілген тəртіпте
қатысуға құқылы.
13 бап Салалық жəне аймақтық комиссиялардың негізгі
құқықтары
Салалық жəне аймақтық комиссиялар:
1) өз отырыстарында əлеуметтік жəне еңбек қатынастары
саласында келісілген саясатты жүргізу проблемаларын қарауға;
2) келісім жобасын əзірлеу аталған келісімді жүзеге асыру,
комиссияның шешімдерін орындау кезінде атқарушы билік
органдарының,
жұмыс
берушілер
мен
қызметкерлер
бірлестіктерінің мүдделерін келістіруге;
3) атқарушы билік органдарынан, жұмыс берушілерден жəне
(немесе) қызметкерлер өкілдерінен əлеуметтік жəне еңбек
қатынастарын реттеу үшін жасалатын келісімдер туралы ақпарат
сұратып алуға;
4) өз шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал
жауапты адамдар оларды орындамаған жағдайда анықталған
жолсыздықтарды жою жəне келісім шарттарының орындалмауына
кінəлі адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар жасап,
əріптестіктің тиісті тарабын ақпарат жіберуге;
5) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып жұмыс тобын
құруға;
6) салалық жəне аймақтық комиссиялардың отырыстарына
тиісінше орталық жəне жергілікті атқарушы билік органдарының,
қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлерін, сондай-ақ тəуелсіз
сарапшылар шақыруға;
7) атқарушы билік органдары жұмыс берушілер мен
қызметкерлер
өкілдері
салалық
жəне
аймақтық
комиссиялар белгілеген мерзімде қарауға жəне орындауға
міндетті болатын бірлескен келісімдер мен шешімдер қабылдауға;
8) əлеуметтік жəне еңбек қатынастары мен əлеуметтік əріптестік
мəселелері бойынша халықаралық, республикалық, аймақтық
кеңестер, конференциялар, конгрестер, семинарлар өткізуге осы
аталған шараларды ұйымдастырушылармен келісілген тəртіпте
қатысуға құқылы.
4 Т А Р А У
ƏЛЕУМЕТТІК ƏРІПТЕСТІК ТАРАПТАРЫ АРАСЫНДА
КЕЛІСІМДЕР ЖАСАСУ ТƏРТІБІ
14
бап.
Республикалық,
салалық,
аймақтық
комиссиялардың шешімдер қабылдау тəртібі
1.
Комиссиялардың
шешімдері
барлық
тараптардың
келіссөздерде келісімге қол жеткізуі негізінде ғана қабылданады
жəне тиісті келісімдермен ресімделеді.
2. Келіссөздер жүргізу барысында, егер тараптары келісімге
келе алмаса, хаттама жасалып, оған тараптардың келіспеушіліктері
жою жөніндегі жəне келіссөздерді қайта жүргізу мерзімдері туралы
түпкілікті тұжырымдалған ұсыныстары енгізіледі.
3. Шешімдер қабылдау мен жұмысты ұйымдастырудың тəртібін
комиссияллар əзірлейді жəне бекітеді.
15 бап. Келісімдердің тараптары, түрлері жəне қолданылуы
1. Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының
Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері жəне
қызметкерлердің республикалық бірлестіктері арасында Бас келісім
жасалады.
Бас келісім – Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс
берушілердің республикалық бірлестіктері жəне қызметкелердің
республикалық бірлестіктері өздерінің құзіреті шегінде жасасатын,
аймақтық жəне салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасу
кезінде
ескерілетін,
республикадағы
əлеуметтік-еңбек
қатынастарын жəне солармен байланысты экономикалық
қатынастарды реттеудің жалпы принциптерін белгілейтін
құқықтық акт.
2. Салалық деңгейде тиісті атқарушы органдар жəне жұмыс
берушілер
мен
қызметкерлердің
уəкілетті
өкілдері
арасында салалық келісімдер жасалады.
Салалық келісім – ақы төлеу нормалары мен еңбекке
байланысты басқа да мəселелерді, өзара міндетттемелерді, сондай-
ақ нақты сала қызметкерлері үшін əлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді
айқындайтын, барлық тараптар (əріптестер) үшін міндетті болатын
жəне аймақтық келісімдер мен ұжымдық шарттарды жасасу кезінде
ескерілетін, əріптестік тараптары жасап, жазбаша шарт түрінде
ресімдейтін құқықтық акт.
3. Аймақтық деңгейде жергілікті атқарушы органдар, жұмыс
берушілер, қызметкерлер бірлестіктер арасында аймақтық (
облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасалады.
Аймақтық келісім – аумақтық ерекшеліктерге байланысты еңбек
жағдайларын,
əлеуметтік
кепілдіктер
мен
жеңілдіктерді
белгілейтін, келісім тараптары əкімшілік-аумақтық бөліністер
деңгейде жасайтын, барлық тараптар (əріптестер) үшін міндетті
болатын жəне ұжымдық шарттарды жасасу кезінде ескерілетін,
жазбаша шарт түрінде ресімделетін құқықтық акт.
4. Келісімдердің күші келіссөздерде өздерінің атынан осы
келісімді əзірлеуге жəне жасасуға тараптардың тиісті өкілдеріне
уəкілдік берген тиісті органдарға, жұмыс берушілер мен
қызметкерлерге, сондай-ақ келісім жасалғаннан кейін оған
қосылған атқарушы органдарға, жұмыс берушілер мен
қызметкерлерге қолданылады.
16 бап. Келісімдерді əзірлеу жөнінде келіссөздер жүргізу
құқығы
1. Тараптардың кез келген келісімнің əзірленуі, мазмұны,
жасалуы, өзгертілуі, толықтырылуы жөніндегі келіссөздердің
бастамашысы болуға құқылы.
2.
Республикалық,
салалық,
аймақтық
деңгейлерде
қызметкерлер мен жұмыс берушілер уəкілдік берген бірнеше
өкілдер бар болған жағдайда олардың əрқайсысына өздері өкіл
болып отырған қызметкерлер мен жұмыс берушілер атынан
келіссөздер жүргізуге құқық беріледі.
17 бап. Келісімдердің мазмұны
1. Келісімдерде:
қолданылу мерзімі туралы;
орындалуына бақылау жасау тəртібі туралы;
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тəртібі туралы;
тараптардың өздеріне алған міндеттемелерді орындамаған
жағдайдағы жауапкершіліктері туралы ережелер қамтылуға тиіс.
2. Бас келісімнің мазмұнын əлеуметтік əріптестік пен əлеуметтік
жəне еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін
республикалық үш жақты комиссия əлеуметтік əріптестіктің
барлық тараптары немесе олардың біреуі ұсынған Бас келісімнің
жобаларын негізге ала отырып айқындайды.
3. Салалық жəне аймақтық келісімнің мазмұнын əлеуметтік
əріптестік пен əлеуметтік жəне еңбек қатынастарын реттеу
жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін салалық жəне аймақтық
комиссиялар əлеуметтік əріптестіктің барлық тараптары немесе
олардың біреуі ұсынған келісімдердің жобалары негізінде
айқындайды.
4. Келісімдерде:
1) еңбекке ақы төлеу жағдайлары жəне еңбекті қорғау, еңбек
жəне демалыс режимі туралы;
2) келісіммен айқындалған, баға мен инфляцияның деңгейін,
күнкөрістің ең төменгі деңгейі мен көрсеткіштердің орындалуын
негізге ала отырып, еңбекке ақы төлеуді реттеу тетігі туралы;
3) өтем сипатындағы қосымша ақылар туралы;
4) қызметкерлерді жұмыспен қамтуға, кəсіби əзірлеуге жəне
қайта əзірлеуге жəрдемдесу туралы;
5) жұмыс істеу жəне демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасау
жолымен өндірістегі қызметкерлердің денсаулығын қорғауды
ұйымдастыру жəне тиісті қоршаған ортаны қамтамасыз ету туралы;
6) салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі шаралар туралы;
7) қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін əлеуметтік
қорғау жөніндегі арнаулы шаралар туралы;
8) өндіріс уақытша тоқтап қалған жағдайда қызметкерлерді
қорғау шаралары туралы;
9) жанжалдар мен еруілдерді болғызбау, еңбек тəртібін нығайту
туралы;
10) əлеуметтік-еңбек мəселелері жөнінде заңдарға қайшы
келмейтін басқа да ережелер;
11) əлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жəрдемдесу туралы
ережелер көзделуі мүмкін.
18 бап. Келіссөздер жүргізу, келісімдерді əзірлеу мен жасасу
тəртібі
1. Келіссөздердің басталуы туралы екінші тараптан жазбаша
ұсыныс алған тараптар күнтізбелік он күн ішінде оларды қарауға
жəне келіссөздерге кірісуге міндетті.
2. Келіссөздер жүргізу тəртібін, келісімдерді əзірлеу мен жасасу
мерзімдерін, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар
енгізуді, оларға қосылуды комиссиялар бекітеді.
3. Келісімдер оларға тараптар қол қойған сəттен не келісімдерде
белгіленген күннен бастап күшіне енеді. Келісімге жасалған
барлық қосымшалар оның ажырағысыз бөлігі болып табылады
жəне олармен бірдей заңдық күші болады.
4. Келісімнің қолданылу мерзімі тараптардың келісімі бойынша
не жаңа келісім қабылданғанға дейін белгіленеді, бірақ ол үш
жылдан аспауға тиіс.
5. Қызметкерлерге бір мезгілде бірнеше келісімнің күші
қолданылытын жағдайда қызметкерлер үшін келісімнің ең қолайлы
шарттары қолданылады.
6. Бас, салалық, аймақтық келісімдер əлеуметтік əріптестік
тараптары өкілдерінің қол қоюымен бекітіледі.
7. Тараптар қол қойған салалық, аймақтық келісімдер
қосымшаларымен бірге жеті күн мерзімде хабарламалық тіркеу
үшін республикалық комиссияға жіберіледі.
19 бап. Келісімдердің орындалуына бақылау жасау
Келісімдердің орындалуына бақылау жасауды əлеуметтік
əріптестік пен əлеуметтік жəне еңбек қатынастарын реттеу
жөніндегі тиісті комиссиялар жүзеге асырады.
20 бап. Комиссиялардың үйлестірушілері
Республикалық, салалық жəне аймақтық комиссиялардың
үйлестірушілері тараптардың бірлескен шешіммен тағайындалады.
Комиссия үйлестірушісі:
тараптардың қызметіне араласпайды;
комиссияның жұмысына қатысу үшін комиссия мүшесі болып
табылмайтын, жұмыс берушілер мен қызметкерлер бірлестіктерінің
өкілдерін, атқарушы билік органдары өкілдерін, сондай-ақ
ғалымдар мен мамандарды, басқа ұйымдардың өкілдерін
шақырады;
комиссия мен жұмыс топтарының жұмысын, хаттамалардың
жүргізілуін, шешімдердің жобасын əзірлеуді жəне қабылданған
шешімдердің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
12.
Еңбек
міндеттерін
орындауға
байланысты
жарақаттардан, кəсіби аурулардан не денсаулықты басқадай
зақымдаудан келген зиянның орнын толтыруға құқықты
өзара мойындау туралы. КЕЛІСІМ. (ТМД елдерінің үкіметтері
1994 жылғы 9 қыркүйекте қол қойған)
Өздерінің Үкіметтері арқылы Келісімге қатысушы мемлекеттері
ары қарай Тараптар деп аталып, өздерінің еңбек міндеттерін орындаумен
байланысты жарақат алған, кəсіби ауруға шалдыққан не
денсаулығына басқадай зақым алған адамдар əлеуметтік
қорғаудың ерекше маңыздылығын ұғынып, өз мемлекеттерінің
азаматтарын əлеуметтік қорғау саласындағы мəселелерді реттеудің
қажеттілігін ескеріп, мынаған келісті:
1 бап.
Бұл Келісім Тараптардың ( оның ішінде бұрынғы КСР
Одағының да) кəсіпорындарына мекемелеріне жəне ұйымдарына (
ары қарай – кəсіпорындар), олардың меншік формаларына
қарамастан, тарайды. Өздерінің еңбек міндеттерін орындаумен
байланысты жарақаттан, кəсіби аурудан не денсаулықтың басқадай
зақымдауынан қызметкерлерге келген зиянын орнын толтыру
жөніндегі төлемдер сол Тараптардың біреуінің азаматы болып
табылатын, солардың біреуінің аумағында тұрақты мекен-жайы
бар, бұрын кəсіпорындарда жұмыс істеген қызметкерлерге, ал олар
қайтыс болған жағдайда – зиянды төлетіп алуға құқығы бар адамға
төленеді.
Чернобль АЭС-тағы апат жəне басқа радиациялық апаттар
салдарынан қызметкерлерге келген зиянды төлеу қабылданған
ұлттық заңнамалар мен арнайы келісімдерге сəйкес жүзеге
асырылады.
2 бап.
Қызметкерге еңбек жарақаты, денсаулығының басқадай
зақымдануы (оған қызметкер өз еңбек міндетін орындау кезінде
өндірісте болған жазатайым оқиға нəтижесінде алған жарақаттан,
ол басқа тараптардың аумағына көшкеннен кейін еңбек қабілетін
жоғалтуы да жатады), қайтыс болу салдарынан келген зиянды
заңнамасы қызметкер жарақат, денсаулығына басқадай зақым
алған, өлген кезде оған таралатын тараптың жұмыс берушісі
төлейді.
Зияны келгені үшін жаупты жұмыс беруші өзінің ұлттық
заңнамасына сəйкес зиянының орнын толтырады.
3 бап.
Кəсіби ауруға шалдықтырған еңбек қызметі кезінде заңнамасы
қызметкерге таралатын Тараптың жұмыс берушісі, ол ауру басқа
Тараптың аумағында алғаш анықталған жағдай да, зиянды төлейді.
Егер кəсіби ауруға шалдыққан қызметкер сондай ауру шақыруы
мүмкін жағдайда немесе қызмет саласында бірнеше Тараптың
аумағында жұмыс істесе, ондай жұмысты соңғы рет қай Тараптың
аумағында жасаса, соның жұмыс берушісі зиянның орнын
толтырады.
4 бап.
Еңбек жарақаты мен кəсіби аурудың ауырлық дəрежесін қайта
қарау қызметкер аумағында тұратын Тараптың Заңнамасына
сəйкес жүзеге асырылады.
5 бап.
Осы Келісімді Тараптардың біреуінің аумағында жүзеге асыру
мақсатында, белгіленген формада берілген құжаттарды немесе
олардың куəлендірілген көшірмелерін басқа Тараптар ресімделусіз
қабылдайды.
Кəсіби еңбек жоғалту пайызы жəне көмектің қосымша
түрлерінің қажеттігі туралы кезкелген Тараптың медициналық
сараптама комиссиясының тиісті шешімі денсаулығына зақым
келген қызметкердің қай жерде тұратындығына қарамастан осы
Келісімге қол қойған Тараптардың аумағында заңдық күш алады.
6 бап.
Тараптар өз аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын
қызметкерлерге зиянды өтеуге байланысты ақша қаражатының
қызметкерлерге (ол өлген жағдайда – зиянды төлетіп алуға құқығы
бар адамдарға) өз банкілері жəне (немесе) почта байланыс
мекемесі арқылы басымдылық тəртіпте еркін аударылуын жəне
төленуін қамтамасыз етеді.
Зиянды төлеу жөніндегі ақша қаражатын аудару саудалық емес
əлеуметтік маңызы бар төлемдер бойынша азаматтарға ақша
қаражатын аудару туралы үкіметаралық Келісіммен белгіленген
тəртіпте жұмыс беруші есебінен жүзеге асырылады.
7 бап.
Қызметкерлер алған зиян үшін жауапты кəсіпорын таратылған
жəне оның құқық мұрагері болмаған жағдайда, аумағында
кəсіпорын таратылған Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сəйкес сол
қызметкерлерге зиянның орнын толтыруға кепілдік береді.
8 бап.
Осы Келісімде көзделген істер бойынша аумағында зиянды
төлеу туралы талап қоюға негіз болатындай əрекет орын алған
Тараптың соты, немесе аумағында зиянды өндіруге құқығы бар
адам тұратын Тараптың соты құзырлы, олардың біреуін
жəбірлеушінің өзі қалайды.
9 бап.
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге қажетті
толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі мүмкін, олар тиісті
хаттамалармен ресімделеді жəне осы Келісімнің ажырамас бөлігі
болып табылады.
10 бап.
Осы Келісімге түсініктеме беруге немесе оны қолдануға
қатысты даулар мүдделі Тараптардың келіссөздері жəне басқа да
жалпы қабылданған құралдар, тіптен Тараптардың біреуінің өтініші
бойынша құрылған татуластырушы комиссия арқылы шешіледі.
11 бап.
Осы Келісіммен реттелген, сондай-ақ оның қолданылумен
байланысты емес мəселелерді Тараптардың уəкілетті органдары
қарайды.
12 бап.
Осы
Келісімді
жүзеге
асыру
мақсатында
Тараптар:
ынтымақтастық жолымен ұлттық заңнаманың жақындау саясатын
жүргізеді;
өз мемлекеттеріне қолданыстағы əлеуметтік заңнамалар жəне
олардағы өзгерістер туралы біріне-бірі, тіптен Еңбек, көші-қон
жəне халықты əлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік Кеңес
арқылы хабардар етеді.
13 бап.
Осы Келісім оның күшіне ену үшін қажетті мемлекет ішіндегі
процедураларды
қатысушы
мемлекеттердің
орындағанын
растайтын хабарлама хаттың үш Тараптан депозитарийге
тапсырылған күннен бастап күшіне енеді.
14 бап.
Осы Келісім, оның мақсаты мен принциптерін бөлісетін
мемлекеттердің оған қосылу туралы құжаттарын депозитарийге
тапсыру жолымен олардың бірігуіне ашық.
15 бап.
Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады жəне əр жолы ол
өздігінен бір жылға ұзарады. Тараптардың кезкелгені тиісті
кезеңнің өтуіне кем дегенде алты ай қалғанша депозиттер ді
жазбаша хабардар етіп өзінің осы Келісімнен шығу ниетін хабарлай
алады.
16 бап.
Тараптардың осы Келісімге қатысқан кезеңде адамдарға зиянды
өтеу туралы тағайындаған төлемдері Тараптар одан шыққаннан
кейін де күшін сақтайды.
1994 жылы 9 қыркүйекте Москва қаласында бір түпнұсқалық
данада орыс тілінде жасалады. Түпнұсқалық дана Беларусь
Республикасы
Үкіметінің
Мұражайында
сақтаулы,
оның
куəлендірілген көшірмесі осы Келісімге қол қойған əр мемлекетке
жіберіледі.
13. Еңбек көші-қоны жəне еңбекші- мигранттарды
əлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ ( 1994 жылы 15 сəуірде Москва қаласында қол
қойылды)
Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің Үкіметтері, ары
қарай Тараптар деп аталып, экономикалық одақ құру туралы
шарттың ережелерін негізге алып, БҰҰ-ның адам құқықтары
саласындағы негізге алынатын құжаттарына жəне Халықаралық
Еңбек Ұйымы шеңберінде жасалған принциптерге бой
ұсынатындығын білдіріп, Тараптар мемлекеттері арасында еңбек
көші-қонының маңызын жəне масштабын ұғынып, осы Келісімге
қатысушы мемлекеттер арасында Тараптар мемлекеттерінің
аумағында еңбек қызметі мен еңбекші- мигранттарды қорғау
саласында ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ұмтылып,
мынаған келісті:
1 бап.
Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің біреуінің аумағында
тұрақты жəне өз еңбек қызметін басқа Тараптар мемлекеттерінің
аумағында меншіктің барлық формасындағы кəсіпорындарда,
мекемелерде, ұйымдарда ( ары қарай – жұмыс беруші немесе
жолдаушы) еңбекке орналасқан Тараптың заңнамасына сəйкес
жүзеге асыратын адамдардың (ары қарай – қызметкерлер) жəне
олардың отбасы мүшелерінің еңбек қызметі жəне əлеуметтік
қорғалуы саласында Тараптардың ынтымақтастығының негігі
бағыттарын реттейді.
Бұл келісім:
– босқындарға жəне лажсыз қоныс аударғандарға;
– қысқа мерзімге шыққан еркін кəсіптердің иелеріне жəне
артистерге;
– білім алу мақсатында арнайы келген адамдарға
қолданылмайды.
2 бап.
Осы Келісімде қолданылатын терминдерде мынадай мағына
бар:
„еңбекші-мигрант ( немесе қызметкер)” – өзі шыққан Тараптың
аумағында тұрақты тұратын, еңбекке орналасқан Тарапта ақылы
қызметпен заңды негізде айналысатын адам;
„отбасы мүшелері” – еңбекші-мигрантпен некеде тұратын адам,
сондай-ақ оның асырауындағы балалар жəне еңбекке орналасқан
Тараптың қолданылып жүрген заңнамасына сəйкес отбасы
мүшелері деп танылатын басқа да адамдар;
„жұмыс беруші (жалдаушы)” – жұмысқа орналасатын Тараптың
жұмыс беретін кəсіпорыны, мекемесі, ұйымы, оның қандай меншік
формасында жəне қай ведмствоға бағынатынына қарамастан;
„шыққан Тарабы”– жұмыс алу үшін басқа мемлекетке қоныс
аударғанда еңбекші мигранттың аумағында тұрақты мекен-жайы
бар мемлекет;
„еңбекке орналасу Тарабы” – басқа мемлекеттен келген
еңбекші-мигранттың аумағында өз еңбек шартының (контрактың)
жағдайлары бойынша жүзеге асыратын мемлекет;
„өкілетті органдар” – Тараптардың құзіретіне осы Келісімді
жүзеге асыру мəселелерін шешу міндеті кіретін орган.
„еңбек жағдайлары” – еңбек процесінде адамның денсаулығына
жəне еңбек қабілетіне əсер тигізетін өндірістік ортадағы факторлар
жиынтығы, сондай-ақ жұмыс уақыты мен демалыс уақытының
белгіленген ұзақтығы, еңбекке орналасқан Тараптың еңбек туралы
заңнамасына сəйкес демалыстар беру еңбекақы төлеу.
3 бап.
Қызметкерлердің жұмысқа тарту тəртібін, олардың біліктілігіне
жəне жасына қойылатын жəне басқа да талаптарды, егер екіжақты
келісімдерде басқадай көзделмеген болса, еңбекке орналастырушы
Тарап өз аумағында қолданылатын заңнамаға сүйеніп белгілейді.
Жұмысқа қабылданатын адамдар саны екіжақты келісімдер
негізінде анықталады.
4 бап.
Тараптардың
əрқайсысы
дипломдарды,
білімі
туралы
куəліктерді, атақ, разряд, біліктілік берілгендігі туралы тиісті
құжаттарды жəне еңбек қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жəне
шыққан Тараптың аумағында белгіленген тəртіпте еңбекке
орналасатын Тараптың мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне
аударылған басқа да құжаттарды мойындайды (ресімдеусіз).
Еңбек өтіліп, оның ішінде жеңілдік негіздегі жəне мамандығы
бойынша стаждарды Тараптар өзара мойындайды. Еңбекші-
мигрант жұмысқа орналасқан Тараптан біржола кеткенде жұмыс
беруші (жалдаушы) оған қанша уақыт жұмыс істегендігі жəне айсайындығы
еңбекақысы туралы деректер келтірілген анықтама немесе басқа
құжат береді.
5 бап.
Қызметкерлердің еңбекке орналасатын Тараптың аумағында
кіру, онда болуы жəне одан кетуі сол аумақтағы күшіндегі
заңнамаға жəне Тараптар, егер еңбекші-мигрант жұмысқа
орналасқан Тараптың заңдарын жəне шетел азаматтарының онда
болу ережелерін бұзса, еңбек қатынастарын мерзімінен бұрын
тоқтатып, оның шыққан Тарапқа қайтару туралы талап қоя алады.
6 бап.
Қызметкердің еңбек қызметі еңбекке орналасқан Тараптың
еңбек заңнамасына сəйкес, еңбекке орналасатын Тараптың
мелекеттік тілінде жəне орыс тілінде жұмыс берушімен жасалған
еңбек шартымен (контрактпен) ресімделеді, қызметкерге ол
жұмысқа жүрер алдында тапсырылады.
Еңбек шартында (контрактпен) жұмыс беруші мен қызметкердің
негізгі реквизиттері, қызметкерге қойылатын кəсіби талаптар,
жұмыстың сипаты, еңбектің жағдайлары мен оған ақы төлеу,
жұмыс күні мен демалыстың ұзақтығы, тұру жағдайлары, сондай-
ақ еңбек шартының күшінде болу мерзімі, оны бұзудың
жағдайлары, көлік шығындарын жабу тəртібі туралы деректер
болуы тиіс.
Қызметкер еңбекке орналасатын Тараптың еңбек заңнамасында
белгіленген
құқықтарды
пайдаланады
жəне
міндеттерді
орындайды.
Егер еңбек шарты (контракт) кəсіпорынның (мекеменің,
ұйымның) таратылуына немесе қайта ұйымдастырылуына,
қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына
байланысты бұзылса, еңбекке орналасқан Тараптың заңнамасына
сəйкес осы көрсетілген негіздерде босаған қызметкерлер үшін
белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылар еңбекші-мигрантқа да
таралады. Бұл жағдайда еңбекші-мигрант жұмыс берушінің
(жалдаушының) қаражаты есебінен өзінің шыққан Тарапына
қайтарылуға жатады.
Еңбек шарты (контракт) бір жұмыс берушіден (жалдаушыдан)
екіншісіне берілуге тиіс емес.
7 бап.
Қызметкерлердің еңбек табысына салық салуды еңбекке
орналастырған Тарап өз заңнамасында белгіленген тəртіпте жəне
мөлшерде жүзеге асырады. Қызметкерлер таққан қаражат Тараптар
екі қайтара салық салынуына жол бермейді.
8 бап.
Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері Тараптардың
күшіндегі Заңнамасын немесе екіжақты келісімдерге сəйкес жеке
мүліктерін алып келуге жəне алып шығуға құқылы.
9 бап.
Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін зейнетақымен
қамтамасыз ету мəселесі 1992 жылғы 13 наурыздағы Тəуелсіз
Мемлекеттер
Достастығына
қатысушы
мемлекеттер
азаматтарының зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы
құқықтарына кепілдіктер туралы Келісіммен немесе екіжақты
келісімдермен реттеледі.
10 бап.
Еңбекші-мигранттар,
егер
арнайы
келісімде
басқаша
көзделмеген болса, еңбекке орналасқан Тараптың аумағында күші
бар заңнамаға сəйкес əлеуметтік сақтандырумен жəне əлеуметтік
қамсыздандырумен (зейнетақыдан басқа) пайдаланады. Оларға
дəрігерлік қызмет көрсету еңбекке орналасқан Тараптың жұмыс
берушісінің (жалдаушысының) есебінен, солардың азаматтармен
бірдей деңгейде жүзеге асырылады.
11 бап.
Өзінің еңбек міндеттерін орындаумен байланысты жарақаттан,
кəсіби аурудан не денсаулықтың басқадай зақымдауынан
қызметкерге келген зиянды төлеу тəртібі еңбекке орналасқан
Тараптың заңнамасымен реттеледі, егер жеке келісімде басқадай
көзделмеген болса.
12 бап.
Қызметкер қайтыс болған жағдайда жұмыс беруші (жалдаушы)
ол шыққан Тараптың аумағында оның денесін жəне жеке мүлкін
жеткізуді ұйымдастырады, соған байланысты шығындарды
көтереді, қайтыс болу фактісі бойынша материалдары бере отырып,
сол Тараптың дипломатиялық жəне консульдық өкілдерін хабардар
етеді.
13 бап.
Тараптар біріне бірі мыналарды хабарлайды:
– ұлттық заңнама жəне еңбек, жұмыспен қамту, эмиграция жəне
имиграция саласындағы, оның ішінде еңбекші-мигранттардың өмір
жағдайлары жайындағы басқа нормативтік актілер туралы;
Тараптардың еңбек рыноктарындағы ахуалы туралы. Мұндай
қызметті
жүзеге
асыруға
шығатын
Тараптың
құзіретті
органдарының тиісті рұқсаттар жоқ делдалдардың еңбекші-
мигранттарды еңбекке орналастыруын тойтару мақсатында
Тараптар қажетті шаралар қабылдайды.
Жасырын немесе заңсыз имиграцияға көмек көрсеткен кез
келген адам еңбекке орналасатын Тараптың күшіндегі
заңнамасына сəйкес жауаптылық көтереді.
14 бап.
Қызметкер еңбекке орналасқан Тараптың заңнамасына сəйкес
жəне екіжақты келісімдерді ескере отырып тапқан қаражатын
шыққан Тараптың аумағына аудара алады.
15 бап.
Тараптар осы Келісімге қол қойылған күннен бастап бір ай
мерзімде тиісті өкілетті органдарды анықтайды.
16 бап.
Осы Келісімді орындаумен байланысты барлық мəселелер
Тараптардың өкілетті органдардың өзара ақылдасып кеңесуі немесе
Тəуелсіз Мемлекеттер Достығына қатысушы мемлекеттердің еңбек,
көші-қон
жəне
халықты
əлеуметтік
қорғау
жөніндегі
Консультативтік Кеңесі арқылы, ал қажет болған жағдайда –
олардың үкіметтері арасында шешіледі.
17 бап .
Тараптар, өзара келісе отырып, бұл Келісімге қажетті
толықтырулар мен өзгертулер енгізе алады, олар тиісті
хаттамалармен ресімделеді жəне осы Келісімнің ажырамас бөлігі
болып саналады.
18 бап.
Осы Келісімнің күші жойылған жағдайда оның қызметкерлер
мен жұмыс беруші (жалдаушы) арасында жасалған еңбек
шарттарына (контрактыларға) қатысты ережелері, шарттар мерзімі
өткенге дейін күшін сақтайды.
19 бап .
Осы Келісім оның күшіне ену қажетті мемлекет ішіндегі
процедуралар қатысушы мемлекеттердің орындағанын растайтын
хабарлама хаттың үш Тараптан депозиттерге тапсырылған күннен
бастап күшіне енеді.
20 бап.
Осы Келісім, оның мақсаты мен принциптерін бөлісетін
мемлекеттердің оған қосылу туралы құжаттарын депозиттерге
тапсыру жолымен олардың бірігуіне ашық жол береді.
21 бап
Осы Келісімге бес жыл мерзімге жасалады жəне əр жолы ол
өздігінен бір жылға ұзарады. Тараптардың кез-келген тиісті
кезеңнің өтуіне кем дегенде алты ай қалғанша депозиттерді
жазбаша хабардар етіп өзінің осы Келісімнен шығу ниетін хабарлай
алады.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК ҰЙЫМЫНЫҢ (ХЕҰ) ЕҢБЕК
АЯСЫНДАҒЫ НЕГІЗГЕ АЛЫНАТЫН ҚАҒИДАТТАР МЕН
ҚҰҚЫҚТАР ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
(кадрлар қызметі 1999. №2-817б)
Əлеуметтік əділеттің жалпыға бірдей жəне тұрақты бейбітшілік
орнатудағы маңызын ескеріп;
Экономикалық дамудың маңызды екенін, бірақ теңдікті,
əлеуметтік дамуды қамтамасыз ету жəне кедейлікті жою үшін
жеткіліксіз екендігін, оны ХЕҰ-ның күшті əлеуметтік саясаты,
əділеттікті
жəне
демократиялық
институттарды
қолдауға
бағытталған əрекетінің қажет екендігін ескеріп;
ХЕҰ-ның өзінің норма шығармашылық қызметі, техникалық
ынтымақтастық саласындағы барлық зерттеушілік əулетін, атап
айтқанда, жұмыспен қамту, кəсіби даярлау жəне еңбек жағдайы
бойынша,
толықтай
пайдаланып,
əлеуметтік-экономикалық
дамудың ғаламдық стратегиясы шеңберінде экономикалық саясат
пен əлеуметтік саясаттың бірін бірі қолдап кең ауқымды, тиянақты
дамуға жағдай жасауына қол жеткізуі керек екендігін ескеріп;
ХЕҰ-ның аса əлеуметтік мұқтаждықтағы адамдар, əсіресе
жұмыссыздар мен еңбекші-мигранттар алдында тұрған мəселелерге
ерекше назар аударуы, жəне халықаралық, аймақтық жəне ұлттық
деңгейде олардың мəселелерін шешуге бағытталған күш-əрекетті
жұмылдыруы жəне қолдауы, жəне жұмыс орындарын құруға
бағытталған саясат жүргізуге ықпал жасауы керек екендігін
ескеріп;
əлеуметтік прогресс пен экономикалық даму арасындағы
байланыстарды күшейту үшін еңбек аясында негізгі қағидалар мен
құқықтарды сақтаудың ерекше маңызын, себебі ол мүдделі
адамдардың өз мүмкіндіктерін толық пайдалану нəтижесінде қол
жеткізген байлықтағы өз үлесін еркін жəне тең жағдайда талап
етуіне мүмкіндік беретіндігін ескеріп;
ХЕҰ-ның өз Жарғысы бойынша мандат берілген жəне
халықаралық еңбек нормаларын қабылдау жəне қолдану
саласындағы құзіретті орган болып табылатын, жəне оның еңбек
аясында негізге алынатын, жарғылық қағидаларын білдіретін
əрекетіне жалпылай қолдау көрсетіліп отырған халықаралық ұйым
екендігін ескеріп;
Өсіп келе жатқан экономикалық өзара байланыс жағдайында
Ұйым Жарғысында жарияланған негізге алынатын қағидалар мен
құқықтардың өзгермейтіндігін растаудың, жəне олардың жаппай
сақталуына ықпал жасаудың қалай да қажет екендігін ескеріп;
Халықаралық еңбек конференциясы:
1. Еске салады:
а) ХЕҰ-ға еркін кірген барлық мемлекеттер-мүшелер Жарғыда
жəне Филадельфия декларациясында бекітілген қағидалар мен
құқықтарды мойындады, жəне өздеріне бар құралдарды жəне
өздеріне тəн ереккшеліктерді пайдалана отырып Ұйымның барлық
мақсаттарына қол жеткізуді міндетіне алды;
б) бұл қағидалар мен құқықтар Ұйымның өзінде де, одан
тысқары жерде де негізге алынатын болып танылып,
Конвенцияларда нақты құқықтар мен міндеттемелер формасында
көрініс тауып дамыды.
2. Барлық мемлекттер-мүшелер, бұл Конвенцияларды
бекітпеген күннің өзінде, Ұйымға мүше болғандықтан осы
Конвенциялардың пəні болып табылатын құқықтарға қатысты
қағидаларды сақтауға, оларды қолдануға жəне жүзеге асыруға
міндеттеме алғандығын хабарлайды, атап айтқанда:
а) бірігу бостандығы жəне ұжымдық келіссөздер жүргізуге
құқығын іс жүзінде тану;
б) мəжбүрлі жəне міндетті еңбектің барлық түрін жою;
в) бала еңбегінде қатаң тыйым салу;
г) еңбек жəне еңбекпен айналысу саласындағы кемістуге жол
бермеу.
3. Өзінің жарғылық, практикалық жəне бюджеттік ресурстарын
толық пайдаланып, оның ішінде сырттан ресурстар тартып, сондай-
ақ ХЕҰ Жарғысының 12 бабына сəйкес қатынастар орнатқан басқа
халықаралық ұйымдарды қолдай отырып, Ұйымының өз
мемлекеттерінің-мүшелерінің
анықталған
жəне
білдірген
мұқтаждарын қанағаттандырудағы міндетін таныйды, ол
міндеттеме:
а) Конвенциялардың негізге алынатын қағидаларды бекітуге
жəне қолдануға жағдай тудыратын техникалық ынтымақтастық пен
ақыл кеңестік сипаттағы қызмет көрсету арқылы ;
б) бұл Конвенциялардың барлығын немесе кейбіреулерін бекіте
алмайтын, осы Конвенциялардың пəні болып табылатын, негізге
алынатын құқықтарға қатысты принциптерді сақтауда, қолдануда
жəне жүзеге асыруда тікелей көмек көрсету арқылы;
в) мемлекеттерге-мүшелерге экономикалық жəне əлеуметтік
дамудың қолайлы жағдайын жасау əрекетін іске асыруға
көмектесу арқылы орындалады.
4. Осы Декларацияның толық орындалуын қамтамасыз ету
үшін оның ажырамас бөлігі болып табылатын төменгі тіркемеде
келтірілген, Декларацияны жүзеге асыруға ықпал тигізетін, сенімді
де тиімді механизм іске қосылады деп қаулы етеді.
5. Еңбек нормаларының сауда-протекционистік мақсатта
пайдаланылмайтындығы жəне осы Декларацияда жəне оны жүзеге
асыру механизімінде мұндай мақсатта ешнəрсе пайдаланылуға тиіс
емес екендігін; жəне де осы Декларация мен оны жүзеге асыру
механизмі өзінің салыстырмалы артықшылығы мен қандай да бір
елге залал келтіру үшін пайдаланылуға тиіс емес екендігін атап
өтеді.
ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМІ
1. Жалпы мақсаты:
1. Төменде келтірген іске асыру механизімінің мақсаты – ХЕҰ
Жарғысында жəне Филадельфия декларациясында жарияланған
жəне осы Декларацияда құптау тапқан, негізге аларлық қағидалар
мен құқықтарды сақтаудағы Ұйымға мүше мемлекеттер іс-əрекетін
қолдау.
2. Тек мадақтау сипатындағы бұл мақсатқа сəйкес осы механизм
техникалық ынтымақтастық жөніндегі шаралар арқылы Ұйым
көрсететін
көмектің
оның
мүшелері
үшін
қай
салада
қолданылатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол қазіргі
бақылау механизмдерін алмастырмайды жəне олардың жұмысына
кедергі жасалмайды; тиісінше, бұл бақылау механизмдерінің
əрекеттік жүйесіне кіретін нақты жағдайлар іске асырудың бұл
механизмі шегінде қаралмайды немесе қайта қаралмайды.
3. Осы механизмнің төменде келтірілген екі аспектісінде
мынадай рəсімдер бар: негізге алатын, бірақ бекітілмеген
Конвенцияларды жүзеге асыру жөніндегі жыл сайынғы шаралар
Жарғының 19 бабының 5 е) тармағын қолданудың қазіргі тəртібін
біршама бейімдеуге əкеп соғады; ғаламдық баяндама Жарғыға
сəйкес жүргізілетін рəсімдерден неғұрлым тиімді нəтижелер алуға
мүмкіндік береді.
ІІ. Негізге алынатын, бірақ бекітілмеген конвенцияларға
қатысты жыл сайынғы шаралар
А. Қолдану мақсаты жəне өрісі.
1. Əкімшілік кеңесі 1995 жылы енгізген төрт жылдық циклдың
орнын барлық негізге алынатын Конвенцияларды əлі бекітпеген
мүше- мемлекеттердің Декларацияға сай қабылдаған шараларын
жеңілдетілген процедуралар көмегімен жыл сайын өткізуге
мүмкіндік тудыру.
2. Бұл рəсім осы Декларацияға көрсетілген негізге алынатын
қағидалар мен құқықтардың барлық төрт саласын жыл сайын
қамтиды.
В. Жұмыс тəртібі жəне əдіс
1. Бұл рəсім мүше-мемлекеттерден Жарғының 19 бабының 5е)
тармағына сəйкес сұратып алынған баяндамаларға негізделеді.
Баяндамалардың формулалары негізге алынатын Конвенциялардың біреуін немесе
бірнешеуін бекітпеген үкіметтерден олардың заңдарында жəне
практикасында орын алу мүмкін барлық өзгерістерге қатысты
ақпараттарды, Жарғының 23 бабын жəне қалыптасқан практиканы
ескере отырып алуға болатындай етіп жасалынады.
2. Бұл баяндамалар ХЕБ-де өңдеу болатындай түрде əкімшілік
кеңесте қаралады.
3. Тереңірек талқылауды қажет ететін кез келген аспектілерге
назар аудару мақсатында осы өңделген баяндамаларға кіріспе
дайындау үшін ХЕБ əкімшілік кеңес осы мақсатта тағайындаған
сарапшылар тобына жүгіне алады.
4. Əкімшілік кеңеске кірмеген мүше-мемлекеттер əкімшілік
кеңесте талқылау барысында қажетті немесе пайдалы болатындай
түсініктеме, өздерінің баяндамаларындағы ақпаратқа қосымша
бере алатындай етіп əкімшілік кеңестің қазіргі рəсіміне өзгертулер
енгізу мəселесін қарау қажет.
ІІІ. Ғаламдық баяндама
А. Қолданудың мақсаты жəне өрісі
1. Бұл баяндаманың мақсаты негізге алынатын қағидалар мен
құқықтардың əрбір санаты үшін алдағы төрт жылдық кезеңдегі
оның динамикасына жалпы түсінік беру жəне Ұйым көрсеткен
көмектің
тиімділігін
бағалау
үшін
жəне
техникалық
ынтымақтастық жөніндегі шаралар жоспарларын орындаудағыны
атап айтқанда олардың орындалуы үшін қажетті ішкі жəне сыртқы
ресурстар тартудағы басым бағытты анықтау үшін негіз құру.
2. Баяндама жыл сайын негізге алынатын қағидалар мен
құқықтардың төрт санатының біреуін реттілігіне қарай қамтып
отырады.
В. Дайындау жəне талқылау тəртібі
1. Жауапкершілігі Бас директорға жүктелген бұл баяндама
ресми ақпарат немесе белгіленген рəсімге сəйкес жиналып
бағаланған ақпарат негізінде дайындалады. Негізге алынатын
Конвенцияларды бекітпеген мемлекеттерге қатысты бұл баяндама
жоғары көрсетілген жыл сайынғы шараларды жүзеге асыру
барысында алынған нəтижелерге тіреледі. Тиісті Конвенцияларды
бекіткен мемлекеттерге қатысты баяндама Жарғының 22 бабына
сəйкес қаралған баяндамаларға негізделеді.
2. Бұл баяндама Бас директордың баяндамасы ретінде үш жақты
талқылауға Конференцияға ұсынылады. Конференция бұл
баяндаманы өз Регламентінің 12 бабына сəйкес ұсынылған
баяндамалардан басқа тəртіпте талқылай алады. Сонан соң
əкімшілік кеңесі өзінің жақын арадағы сессиясында осы
талқылаудың негізінде техникалық ынтымақтастық жөніндегі
шаралардың жоспарына қатысты қорытынды дайындайды, ал
жоспарлар алдағы төрт жыл бойы іске асырылуға тиіс.
ІҮ. Былай түсіну қажет:
1. Əкімшілік кеңес пен Конференцияның Регламентіне алдағы
ережелердің орындалуы үшін қажетті түзетулер енгізу туралы
ұсыныстар дайындалатын болды.
2. Конференция жинақталған тəжірбие негізінде іске асырудың
бұл тетігінің жұмысын уақытылы қарайды жəне 1 Бөлімде баяндалған жалпы
мақсаттың орындалған-орындалмағанына баға береді.
Жоғарыда келтірілген мəтін ХЕҰ-ның еңбек аясындағы негізге
алынатын қағидалар мен құқықтары туралы Декларациясының
мəтіні болып табылады. Ол халықаралық еңбек ұйымының Бас
конференциясының Женева қаласында болған жəне 1998 жылғы
18 маусымда аяқталған 86 сессиясында қабылданған.
Оны растап 1998 жылы 19 маусымда қол қоюшылар:
Конференция Төрағасы
ЖАН-ЖАК ЭКСЛЕН
ХЕҰ-ның Бас директоры
Мишель ХАНСЕНН.
М А З М Ұ Н Ы
Алғы сөз
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-тарау. Еңбек құқығының пəні
2-тарау. Еңбек құқығының қағидалары
3-тарау. Еңбек құқығының қайнар көздері
4-тарау. Еңбек құқығының субъектілері
5-тарау. Ұжымдық шарттар жəне келісімдер
6-тарау. Кəсіптік одақтар
7-тарау. Жұмыспен қамтуды жəне жұмысқа орналастыруды қам-
тамасыз ету
8-тарау. Жеке еңбек шарты
9-тарау. Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
10-тарау. Демалыс уақыты
11-тарау. Жалақы
12-тарау. Қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу
13-тарау. Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауап-
кершілігі
14-тарау. Еңбек тəртібі
15-тарау. Еңбекті қорғау
16-тарау. Еңбекті даулары
Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер
Ахметов А., Ахметова Г.
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ
Оқулық
ЖШС «Заң əдебиеті» бас директоры
Жансеитов Н. Н.
Басылымға жауапты қызметкерлер: Омарқожаева Г.К., Төребаева Г.А.
Сарашысы: Оспанова Д. К.
Беттеуші: Төребаева Г. А.
Дизайн: Савельев А. О.
Оператор: Жансеитов А. Н.
Басуға 28.03.2005 қол қойылды. Офсеттiк басылыс.
Пiшiмi 60х90
1
/
16
. Қағазы офсеттiк. Қарiп түрi «Таймс».
Шартты баспа табағы 28.
Таралымы 1 000. Тапсырыс № 123.
«
Заң əдебиетi» баспасы
050057 Алматы қ.,
М. Озтүрiк к-сi, 12 үй.
Тел/факс: (3272) 747-833, 742-650.
Е-mail: law_literature@nursat.kz
ЖШС “Заң əдебиетi” баспаханасында басылған
Document Outline - Алғы сөз
- 1. Еңбек құқығының пәні
- 2. Еңбек құқығының қағидалары
- 3. Еңбек құқығының қайнар көздері
- 4. Еңбек құқығының субъектілері
- 5. Ұжымдық шарттар ж/е келісімдер
- 6. Кәсіптік одақтар
- 7. Жұмыспен қамтуды ж/е жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету
- 8. Жеке еңбек шарты
- 9. Жұмыс уақыты ж/е демалыс уақыты
- 10. Демалыс уақыты
- 11. Жалақы
- 12. Қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу
- 13. Жеке еңбек шарты таптарының материалдық жауапкершілігі
- 14. Еңбек тәртібі
- 15. Еңбекті қорғау
- 16. Еңбек даулары
- Тіркеме: Еңбек туралы нормативтік актілер
- Арнаулы әдебиеттер
- Мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |