Ахметов А., Ахметова Г


  бап.  Толық  материалдық  жауапкершілік  туралы



Pdf көрінісі
бет28/36
Дата22.12.2016
өлшемі2,12 Mb.
#296
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36

92  бап.  Толық  материалдық  жауапкершілік  туралы 

жазбаша шарттар 

1.  Толық  материалдық  жауапкершілік  туралы  жазбаша 

шарттарды жұмыс беруші он сегіз жасқа толған, өндіріс процесінде 

өзіне берілген құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (босатуға), 

тасымалдауға немесе жұмысты орындаушы қызметкермен жасасуы 

мүмкін. 


2.  Мұндай  қызметтер  мен  жұмыстардың  тізбесі,  сондай-ақ 

толық  материалдық  жауапкершілік  туралы  үлгі  шарт  ұжымдық 

шарттарда бекітіледі. 

 

 



 

 

 



10  Т А Р А У 

 

 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӨТЕРМЕЛЕУ ЖƏНЕ 

ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫ

 

 

93 бап. Еңбегі үшін көтермелеу 

Жұмыс  беруші  қызметкерге  еңбектегі  табыстары  үшін  

көтермелеудің əр алуан түрлерін қолдануға құқылы. Көтермелеудің 

түрлері мен тəртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен жəне жұмыс 

берушінің актілерімен белгіленеді. 

 

94 бап. Тəртіптік жазалар 

1.  Еңбек  тəртібін  бұзғаны  үшін,  яғни  қызметкердің  кінəсінен 

оған  жүктелген  еңбек  міндеттерінің  орындалмағаны  немесе 

тиісінше орындалмағаны үшін жұмыс беруші тəртіптік жазалардың 

мынадай түрлерін қолдануға: 

1) ескерту жасауға; 

2) сөгіс беруге; 

3)  осы  Заңның 26-бабының 9) – 12) тармақшаларына  сəйкес 

жеке еңбек шартын бұзуға құқылы. 

2.  Осы  Заңда  көзделмеген  тəртіптік  жазалау  шараларын 

қолдануға жол берілмейді. 

 

95  бап.  Тəртіптік  жазалар  қолдану  жəне  оған  шағым  жасау 



тəртібі 

1.  Тəртіптік  жазаны  қолданудан  бұрын  қызметкерден  жазбаша 

түсініктеме талап етілуге тиіс. 

2. Тəртіптік жаза теріс əрекет байқалған күннен бастап бір айдан 

кешіктірілмей  қолданылады  жəне  оны  теріс  əрекет  жасалған 

күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды. 

3.  Əрбір  жолсыздық  үшін  бір  ғана  тəртіптік  жаза  қолданылуы 

мүмкін. 


4.  Тəртіптік  жаза  қолдану  туралы  бұйрық  жазаға  тартылған 

қызметкерлерге қол қойғызылып жарияланады. 

5.  Тəртіптік  жаза  қолданылған  жағдайда  жұмыс  беруші 

жасалған  теріс  əрекеттің ауырлығын, оның  жасалу  мəн-жайларын, 

қызметкердің соның алдындағы мінез-құлқын, еңбекке көзқарасын, 

сондай-ақ 

тəртіптік 

жазаның 


жасалған 

теріс 


əрекеттің 

ауырлығынан сəйкестігін ескеруге тиіс. 



6.  Тəртіптік  жазаға  еңбек  дауларын  қарау  үшін  белгіленген 

тəртіппен шағым жасалуы мүмкін. 

 

96 бап. Тəртіптік жазаның қолданылу мерзімі 

1. Тəртіптік жазаның қолданылу мерзімі оны қолданған күннен 

бастап алты айдан аспауға тиіс. Егер осы мерзім ішінде қызметкер 

жаңа  тəртіптік  жазаға  тартылмаса,  ол  тəртіптік  жазасы  жоқ  деп 

есептеледі. 

2. Қызметкерге тəртіптік жаза қолданған жұмыс беруші оны өз 

бастамасымен,  қызметкердің  немесе  оның  тікелей  басшысының 

өтініші  бойынша,  қызметкерлер  мен  олардың  өкілдерінің  өтініш 

жасауы бойынша мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы. 

 

11  Т А Р А У 



 

 

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ

 

 

97 бап. Еңбек дауларына қарау тəртібі 

Еңбек  даулары  тараптардың  келісімі  бойынша  немесе  сот 

тəртібімен қаралады. 

Еңбек 

дауларын 



соттарда 

қарау 


тəртібі 

Қазақстан 

Республикасының заңдарымен белгіленеді. 

98  бап.  Еңбек  дауларын  қарайтын  органдар  жəне  оларды 

қарау тəртібі 

Тараптардың  келісімімен  еңбек  дауларын  келісім  комиссиясы 

қарауы мүмкін. 

99  бап.  Келісім  комиссиясын  ұйымдастыру  жəне  оның 

құзыреті 

Келісім  комиссиясы  тараптардың  бірлескен  шешімі  бойынша 

жұмыс берушілер мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен тепе-

тең негізде құрылады. 

Қызметкерлердің  өкілдері  келісім  комиссиясының,  ұйымның 

жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. 

Жұмыс берушінің өкілдерін ұйым басшысы тағайындайды. 

Келісім 


комиссиясын 

ұйымдық-техникалық 

жағынан 

қамтамасыз етуді жұмыс беруші жүзеге асырады. 

Келісім  комиссиясы  өз  құрамынан  комиссияның  төрағасы  мен 

хатшысын сайлайды. 



100  бап.  Еңбек  дауын  қарау  тəртібі,  шешімнің  қабылдануы 

мен орындалуы 

Келісім комиссиясы арыз берушінің өтінішін ол берілген күннен 

бастап үш күн мерзімде қарайды. Оны қарау нəтижелері бойынша 

келісім  комиссиясының  шешімі  қабылданып,  арыз  берушіге 

беріледі.  Келісім  комиссиясының  арыз  берушінің  талабын 

қанағаттандырған  шешімін  қарсы  тарап  үш  күн  мерзімде 

орындайды. 

101  бап.  Қызметкерлерді  еңбек  істері  бойынша  сот 

шығындарын төлеуден босату 

Қызметкерлер  еңбек  құқықтық  қатынастарынан  туындайтын 

талаптар бойынша сотқа жүгінген жағдайда олар мемлекет кірісіне 

сот  шығындарын  (мемлекеттік  баж  бен  істің  қаралуына 

байланысты шығыстарды) төлеуден босатылады. 

 

 



12  Т А Р А У

 

 



ОСЫ ЗАҢНЫҢ CAҚTAЛУЫH БАҚЫЛАУ

 

 

102 бап. Еңбек туралы заңдардың сақталуын бақылау  

Осы  Заңның  жəне  еңбек  туралы  өзге  де  нормативтік  құықтық 

актілердің  сақталуын  бақылауды  Қазақстан  Республикасының 

Yкімeтi  бекіткен  Ережеге  сəйкес  еңбек  жөніндегі  уəкілетті 

мемлекеттік  органның  мемлекеттік  еңбек  инспекторлары  жүзеге 

асырады.  

 

103  бап.  Бақылауды  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  еңбек 



инспекторларының кұзыреті  

Осы  Заңға  сəйкес  еңбек  жағдайларының  сақталуын  бақылауды 

жүзеге 

асыратын 



мемлекеттік 

еңбек 


инспекторларының 

құзыретіне:  

1)  ұйымдарда  осы  Заңның  жəне  еңбек  қатынастарын  реттейтін 

өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілердің  сақталуын  шағымдарды 

тексерулер мен зерттеулер арқылы бақылауды жүзеге асыру;  

2)  еңбек  туралы  заңдардың  бұзылу  себептерін  анықтау  жəне 

талдау;  

3)  осы  Заңның 105 бабына  сəйкес  бақылаудың  нəтижелері 

бойынша ұйғарымдар беру;  


4)  еңбек  туралы  заңдардың  сақталуын  бақылаудың  нысандары 

мен əдістерін жетілдіру мəселелері жөніндегі шараларды əзірлеу;  

5)  құқық  қорғау  органдарымен  жəне  басқа  да  мемлекеттік 

органдармен өзара ic-қимыл жасау енеді. 

  

104  бап.  Бақылауды  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  еңбек 

инспекторларының құқықтары  

Ұйымдарда  еңбек  туралы  заңдардың  сақталуын  бақылауды 

жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторларының:  

1)  осы  Заңға  сəйкес  еңбек  жағдайларының  сақталуын 

бақылауды  жүзеге  асыру  мақсатында  тексеру  жүргізу  туралы 

белгіленген  тəртіппен  ресімделген  қаулыны  көрсеткен  жағдайда 

ұйымдарға баруға;  

2)  қызметкер  мен  жұмыс  берушіден  осы  Заңда  көзделген 

құжаттар мен мəліметтерді алуға;  

3)  тəртіп  бұзушылық  туралы  актілер  жасауға,  осы  Заңның 

бұзылуын  жою  туралы  ұйғарымдар  беруге,  сотқа  талап  арызын 

беруге;  

4)  анықталған  еңбек  туралы  заңдардың  бұзылуына  арналған 

құжаттарды  ресімдеу  кезінде  белгіленген  үлгідегі  фирмалық 

бланкілерді, мөртаңбаларды пайдалануға құқығы бар. 

  

105  бап.  Мемлекеттік  еңбек  инспекторлары  беретін 



ұйғарымдардың түрлері  

1. 


Еңбек 

туралы 


заңдардың 

талаптары 

бұзылуының 

aнықталуына  қарай  бақылаудың  нəтижелері  бойынша  нақты 

құқықтық  ықпал  ету  шараларын  қолдану  мақсатында  мемлекеттік 

еңбек 


инспекторлары 

осы 


Заңда 

қарастырылған 

еңбек 

жағдайларының  анықталған  бұзылуын  жою  туралы  ұйғарым 



береді.  

2.  Ұйғарымдардың  нысандары  мен  оларды  беру  тəртібін  еңбек 

жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган белгілейді.  

 

106  бап.  Мемлекеттік  еңбек  инспекторлары  берген 



ұйғарымдарды орындаудың міндеттілігі  

Еңбек  туралы  заңдар  талаптарының  сақталуын  бақылауды 

жүзеге  асыратын  мемлекеттік  еңбек  инспекторлары  берген 

ұйғарымдар меншік нысандарына қарамастан барлық ұйымдардың 

орындауы үшін міндетті.  


 

107 бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының ic-əрекетіне 

шағым жасау  

Мемлекеттік  еңбек  инспекторларының    ic-əрекетіне  заңдарда 

белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.  

Шағым  жасалу  берілген  ұйғарымдардың  орындалуын  тоқтата 

тұрмайды. 

  

108 бап. Қоғамдық бақылау  

Қызметкерлердің  өкілдері  өздері  мүдделерін  білдіретін 

қызметкерлердің  жеке  еңбек  ұжымдық  шарттары  талаптарының 

орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. 

  

109  бап.  Еңбек  туралы  заңдардың  бұзылғаны  үшін 

жауаптылық 

Еңбек  туралы  заңдардың  бұзылуына  кінəлі  адамдар  Қазақстан 

Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауап береді. 

  

XAЛbIҚTbI ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ТУРАЛЫ



 

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 

23 қаңтар №149-II 

  

Осы  Заң  халықты  жұмыспен  қамту  саласындағы  құқықтық 



экономикалық жəне ұйымдық қатынастарды реттейді. 

  

1  Т А Р А У 



 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

1 бап. Heгiзгi ұғымдар 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:  

1) жұмыссыздық — экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 

бір бөлігінің еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты 

əлеуметтік-экономикалық құбылыс;  

2)  жұмыссыздар — жұмысы,  табысы  (кірісі)  жоқ,  лайықты 

жұмыс іздеп жүрген жəне оған кipiciп кетуге əзір, еңбекке жарамды 

жастағы азаматтар;  

3) бос орын — жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (қызмет);  



4)  ұзаққа  созылған  жұмыссыздық — 12 жəне  одан  да  көп  айға 

созылған жұмыссыздық;  

5) 

жұмыспен 



қамтылу — азаматтардың 

Қазақстан 

Республикасының  Конституциясына,  заңдары  мен  өзге  де 

нормативтік  құқықтық  актілеріне  қайшы  келмейтін  жеке 

қажеттерін  қанағаттандыруға  байланысты  жəне  оларға  табыс 

немесе кіріс əкелетін қызметі;  

6) табысы аз адамдар — Қазақстан Республикасының заңдарына 

сəйкес  атаулы  əлеуметтік  көмек  алуға  құқығы  бар,  еңбекке 

жарамды жастағы адамдар;  

7) қоғамдық жұмыстар — атқарушы органдар ұйымдастыратын, 

қызметкердің  алдын  ала  кəсіби  даярлықтан  өтуін  талап  етпейтін, 

əлеуметтік  пайдалы  бағыттағы  жəне  азаматтарды  уақытша 

жұмыспен  қамтуды  қамтамасыз  ету  үшін  жұмыспен  қамту 

мəселелері  жөніндегі  уəкілетті  органдардың  жолдамасы  бойынша 

олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері;  

8)  жұмыспен  нəтижелі  қамтылу — тұрақты  экономикалық  өcy 

мен əлеуметтік нəтижені қамтамасыз ететін жұмыспен қамтылу;  

9)  рантье — негізгі  кіріс көзі  несиеге берілген  ақшадан  немесе 

сатып  алынған  бағалы  қағаздардан  алатын  проценттер  болып 

табылатын тұлға;  

10) еңбек рыногы — экономикалық тұрғыдан белсенді халыққa 

сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;  

11)  өз  бетінше  жұмыспен  айналысушылар — өздеріне  кіріс 

əкелетін жұмыспен қамтамасыз еткен еңбекке жарамды азаматтар;  

12)  еркін  таңдап  алынған  жұмыс — азаматтардың  өздерінің 

еңбекке,  жұмыс  орны  мен  кəсіпті  таңдауға  қабілетін  еркін 

пайдалану арқылы таңдап алған қызметі;  

13) жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғау — осы Заңда жəне өзге 

де  нормативтік  құқықтық  актілерде  белгіленген  тəртіппен 

мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешені;  

14)  еңбек  делдалдығы — уəкілетті  органның,  сондай-ақ  жеке 

жұмыспен қамту агенттігінің жұмысқа орналастыру ісінде халыққа 

көрсететін жəрдемі;  

15)  жұмыспен  қамту  мəселелері  жөніндегі  уəкілетті  орган - 

жергілікті  атқарушы  органдардың  аймақтық  деңгейде  халықтың 

жұмыспен    қамтылуына    жəрдемдесу    іcін  жəне  жұмыссыздықтан 

əлеуметтік  қорғауды  қамтамасыз  ететін  құрылымдық  бөлімшесі 

(бұдан əрі — уəкілетті орган);  



16)  нысаналы  топтар — жұмысқа  орналасуда  қиындық  көріп 

жүрген жəне əлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде осы 

заңмен белгіленген адамдар топтары;  

17)  орталық  атқарушы  орган — халықты  жұмыспен  қамту 

саласындағы  мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асыруды  үйлестіріп 

отыратын мемлекеттік орган;  

18) 

жеке 


жұмыспен 

қамту 


агенттігі — Қазақстан 

Республикасының  заңдарында  белгіленген  тəртіппен  тіркелген, 

жұмысқа  орналастыруда  жəрдем  көрсететін  кез  келген  жеке  жəне 

заңды тұлға;  

19)  экономикалық  тұрғыдан  белсенді  халық  (жұмыс  күші)— 

еңбекке  жарамды  жастағы  адамдар  (экономикада  жұмыспен 

қамтылғандар жəне жұмыссыздар);  

20)  экономикалық  тұрғыдан  енжар  халық — экономикалық 

тұрғыдан  белсенді  халықты  есепке  алу  үшін  белгіленген  жасқа 

толмаған  адамдарды  да  қоса  алғанда,  жұмыс  күші  құрамына 

кірмейтін  халық,  жұмыс  істемейтін  жəне  жұмыс  іздемейтін 

азаматтар, оның ішінде: үй шаруасындағы əйелдер, жұмыс істейтін 

мүгедектер,  жұмыс  істемейтін  зейнеткерлер,  оқушылар  мен 

студенттер, 

күндіз 

оқыту 


нысанындағы 

бөлімдердің 

тыңдаушылары мен курсанттары (магистратура мен аспирантураны 

қоса 


алғанда), 

рантье, 


сондай-ақ 

жылжымалы 

немесе 

жылжымайтын  мүлікті  жалға  беруден  кіріс  алатын  өзге  де 



тұлғалар. 

  

2 бап. Жұмыспен қамтылған халық  

Жұмыспен қамтылған халыққа:  

1) жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық не 

толық  емес  жұмыс  уақыты  жағдайларында  сыйақы  үшін  жұмыс 

орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (қызмет), кipici 

бар;  

2) кəсіпкерлік қызметпен шұғылданатын;  



3) өз бетінше жұмыспен айналысатын;  

4)  қосалқы  кəсіпшілікпен  айналысатын  жəне  өнімді  шарттар 

бойынша өткізетін;  

5)  жұмысты  азаматтық-құқықтық  сипаттағы  шарттар  бойынша 

орындайтын  азаматтар,  сондай-ақ  өндірістік  кооперативтердің 

(артельдердің) мүшелері;  



6)  ақы  төленетін  қызметке  сайланғандар,  тағайындалғандар 

немесе бекітілгендер;  

7)  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерінде,  ұлттық 

қауіпсіздік  органдарында,  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер 

министрлігінің  ішкі  əскерлерінде,  Республикалық  ұланда, 

Қазақстан  Республикасының  Төтенше  жағдайлар  жөніндегі 

агенттігінің  бөлімдерінде  жəне  өзге  де  əскери  құралымдарда 

қызмет өткеріп жүрген азаматтар жатады. 

  

3 бап. Халықты жұмыспен қамту туралы заңдар  

1.  Қазақстан  Республикасының  жұмыспен  қамту  туралы 

заңдары 

Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясына 

негізделеді,  осы  заңнан  жəне  өзге  де  нормативтік  құқықтық 

актілерден тұрады.  

2. Жұмыспен қамту туралы заңдар Қазақстан Республикасының 

азаматтарына,  шетелдіктерге  жəне  азаматтығы  жоқ  адамдарға 

қолданылады.  

3.  Қазақстан  Республикасы  бекіткен  халықаралық  шарттар  осы 

Заңнан  басым  болады  жəне  халықаралық  шарттар,  оны  қолдану 

үшін  заң  шығару  талап  етілетін  реттерді  қоспағанда,  тікелей 

қолданылады. 

  

4 бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік 



саясаттың негізгі принциптері жəне бағыттары  

1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нəтижелі əрі epкін таңдау 

арқылы қамтылуына жəрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамасыз 

етеді.  


2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат:  

1)  Қазақстан  Республикасының  азаматтарына,  Қазақстан 

Республикасында  тұрақты  тұратын  шетелдіктер  мен  азаматтығы 

жоқ  адамдарға  қызмет  пен  кəсіп  түрлерін  еркін  таңдауға  бірдей 

мүмкіндіктерді, 

əділ 


де 

қолайлы 


еңбек 

жағдайларын, 

жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге;  

2) 


нəтижелі 

жұмыспен 

қамтуды 

қамтамасыз 

етуге, 

жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;  



3)  білім  беру  жүйесін  еңбек  рыногының  қажеттеріне  жəне 

инвестициялык 

саясатты 

ескере 


отырып, 

оның 


даму 

перспективасына сай кадрлар даярлау iciнe бағдарлауға;  



4)  азаматтардың  заңдарға  сəйкес  жүзеге  асыратын  еңбек  жəне 

кəсіпкерлік  бастамаларын  қолдауға,  олардың  өнімді  жəне 

шығармашылық еңбекке қабілетін дамытуға жəрдемдесуге;  

5)  бар  жұмыс  орындарын  сақтаған  жəне  жаңа  жұмыс 

орындарын,  оның  ішінде  нысаналы  топтарға  арналған  жұмыс 

орындарын ашатын жұмыс берушілерді ынталандыруға;  

6) уəкілетті орган жəне жеке жұмыспен қамту агенттігі арқылы 

еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;  

7)  шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасынан  шетелге  жұмыс  күшін  шығаруға  байланысты 

қызметті лицензиялауға;  

8) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жолымен ішкі 

еңбек рыногын қорғауға;  

9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық 

ic-шараларды 

жергілікті 

атқарушы 

органдар 

қолданатын 

шаралармен ұштастыруға;  

10)  халықты  жұмыспен  қамту  саласындағы  қызметті 

экономикалық  жəне  əлеуметтік  саясаттың  басқа  да  бағыттарымен 

үйлестіруге; 

11) 


еңбек 

рыногының 

бірыңғай 

ақпараттық 

базасын 

қалыптастыруға;  

12)  мемлекеттік  органдардың  халықты  жұмыспен  қамтуды 

қамтамасыз  ететін  шараларды  əзірлеу  мен  іске  асыру  жөніндегі 

қызметін  үйлестіріп,  реттеп  отыруға  жəне  олардың  орындалуын 

бақылауды жүзеге асыруға;  

13)  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  шетелдегі  жəне 

шетелдіктердің  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  еңбек 

қызметіне байланысты мəселелерді шешуді қоса алғанда, халықты 

жұмыспен 

қамту 

проблемаларын 



шешуде 

халықаралық 

ынтымақтастықты ұйымдастыруға;  

14)  жұмыс  берушілер,  қызметкерлер  жəне  қоғамдық  ұйымдар 

өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын əзірлеу мен іске 

асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;  

15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс 

орындарын ашу iciн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық жəне 

инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған. 

  

5 бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік 



кепілдіктер  

1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:  

1)  кемсітушіліктің  кез  келген  нысанынан  қорғауға  жəне  кəсіп 

пен жұмысқа ие болуда бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге;  

2) жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғауға;  

3)  уəкілетті  органдардың  делдалдығы  арқылы  жұмыс  таңдау 

мен жұмысқа орналасуда жəрдемдесуге кепілдік береді.  

2.  Мемлекет  халықтың  нысаналы  топтарын  жұмыспен  қамтуға 

жəрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.  

Нысаналы топтарға:  

табысы аз адамдар:  

21 жасқа дейінгі жастар;  

балалар  үйлерінің  тəрбиеленушілері,  жетім  балалар  мен  ата-

ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;  

кəмелетке толмаған балаларды тəрбиелеп отырған жалғызілікті, 

көп балалы ата-аналар;  

Казақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  тəртіппен 

асырауында  тұрақты  күтімді,  көмекті  немесе  қадағалауды  қажет 

етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;  

зейнеткерлік  жас  алдындағы  адамдар  (жасына  байланысты 

зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);  

мүгедектер;  

Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштері  қатарынан 

босаған адамдар;  

бас  бостандығынан  айыру  жəне  (немесе)  мəжбүрлеп  емдеу 

орындарынан босатылған адамдар;  

оралмандар жатады.  

Жергілікті  атқарушы  органдар  еңбек  рыногындағы  жағдай  мен 

жергілікті  бюджеттің  қаражатына  қарай  нысаналы  топтарға 

жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін, сондай-ақ əлеуметтік 

қорғау жөніндегі қocымшa шаралар белгілей алады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



2  Т А Р А У

 

 

МЕМЛЕКЕТТ1К ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 

САЯСАТЫН ICKE АСЫРУ

 

 

6 бап. Орталық атқарушы орган  

1. Орталық атқарушы орган қызметінің тəртібін, оның құқықтық 

мəртебесін  жəне  құзыретін  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 

белгілейді.  

2. Орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде:  

1) уəкілетті органдарға əдістемелік жəне ұйымдық басшылықты 

жүзеге асыруға;  

2)  еңбек  рыногының  бірыңғай  ақпараттық  базасын  құру 

негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға 

жəне  халық  пен  Қазақстан  Республикасының  Үкіметіне  еңбек 

рыногының жай-күйі туралы хабарлап отыруға;  

3) халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын 

əзірлеуге;  

4)  ішкі  еңбек  рыногы  қорғау  мақсатында  инвестициялық 

келісім- шарттар жобаларын қарауға қатысуға;  

5)  шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасынан  шетелге  жұмыс  күшін  шығаруға  байланысты 

қызметке  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген 

тəртіппен лицензия беруге, оны тоқтата тұруға жəне кері қайтарып 

aлyғa;  

6)  Қазақстан  Республикасының  аумағында  еңбек  қызметін 

жүзеге 

асыру 


үшін 

жұмыс 


берушілерге 

Қазақстан 

Республикасының  Үкіметі  белгілеген  квота  шегінде  шетелдік 

жұмыс күшін тapтyғa рұқсат беруге;  

7)  мүдделі  органдармен  бірлесе  отырып,  кадрлар  əзірлеу  мен 

оларды жұмысқа орналастыруға қажеттілікті анықтауға;  

8) 

еңбек 


рыногының 

бірыңғай 

ақпараттық 

базасын 


қалыптастыруға міндетті.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет