Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4-шілдедегі
«Ұжымдық шарттар туралы» заңының 10-бабы
Тараптарды
білдіретін
адамдардың
келіссөздерге
қатысудан, ұжымдық шартты əзірлеуден, жасасудан, өзгерістер
мен толықтырулардан жалтаруы, олардың келіссөздер жүргізу
мерзімдерін бұзуы немесе тиісті комиссиялардың жұмысын
қамтамасыз етпеуі бір мың сомға дейінгі мөлшерде айыппұлға
əкеп соқтырады. Осы Заңмен көзделген айыппұлды салу Қазақ
КСР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен
белгіленген тəртіпте жүргізіледі.
Байқап отырғанымыздай, бұл бап ұжымдық шартқа қатысты келіс-
сөздерге, оны дайындауға, жасасуға, өзгертуге жəне толықтыруға
қатысудан жалтарғаны, олардың келіссөздерді жүргізу мерзімін
өткізіп алғаны жəне тиісті комиссиялардың жұмысын қамтамасыз
етпегені үшін ұжымдық шарт тараптарының жауапкершілігін
көздейді.
Мұндай құқық бұзушылықтар үшін мөлшері он айлық есеп
көрсеткіштен жиырма айлық есеп көрсеткішке дейін айыппұл
белгіленеді.
Ұжымдық шартты немесе келісімді жасасудан негізсіз бас тарту
ұжымдық шартты немесе келісімді жасасуға уəкілетті тұлғалар
үшін оннан жиырма айлық есеп көрсеткішке дейінгі айыппұл
түріндегі жауапкершілікті туындатады.
Ұжымдық шарт немесе келісім бойынша міндеттемелерді
орындамау немесе бұзу ұжымдық шарт немесе келісім бойынша
міндеттемелерді орындамаған тұлғалар үшін оннан жиырма бес
айлық есеп көрсеткішке дейінгі айыппұл түріндегі жауапкершілікті
туындатады.
Ұжымдық шартты немесе келісімді жасасуға қатысты
келіссөздер жүргізу жəне ұжымдық шартты, келісімді орындауға
бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды бермеу осыған
кінəлі тұлғалар үшін бестен жиырма айлық есеп көрсеткішке
дейінгі айыппұл түріндегі жауапкершілікті туындатады.
Келісімдердің түсінігі жəне түрлері. Ұжымдық келісімдер –
бұл тараптардың белгілі бір аумақтағы, саладағы жəне
мамандықтағы қызметкерлер үшін əлеуметтік кепілдіктерді, еңбек,
жұмысқа
орналастыру
жағдайларын
белгілеуге
қатысты
міндеттемелерінен тұратын нормативтік құқықтық актілер. Олар
ұжымдық шарттардан қолдану саласына жəне ерекшеліктеріне
қарай ерекшеленеді. Егер ұжымдық шарттар кəсіпорын ішінде
дайындалып, жасалатын болса, келісімдер – аумақтық, салалық
жəне кəсіби деңгейде жүзеге асырылады. Бұл анықтамадан көрініп
тұрғандай, ұжымдық келісімдер ұжымдық шарт сияқты əлеуметтік-
еңбек қатынастарын реттейтін əлеуметтік əріптестіктің ұжымдық
актісі болып табылады. Алайда, ұжымдық шартқа қарағанда
ұжымдық келісімнің ерекшеліктері мынада. Ұжымдық келісім: 1)
ұйымнан жоғары деңгейде жасалады; 2) орталықтандырылған
сипаттағы акт болып табылады (ал ұжымдық шарт локальдық
сипатқа ие – белгілі бір өндірісте не кəсіпорында жасалады); 3)
оның қатысушылары болып ұжымдық шарттағыдай екі емес, үш
əріптес табылады, себебі, көп жағдайда олар үшжақты болып
табылады. Алайда, кейбір кездері екіжақты да болуы мүмкін,
мысалы шахтерлар кəсіподағының Үкіметпен жасасқан келісімі,
себебі бюджеттік қызметкерлер ретіндегі олар үшін Үкімет
биліктің атқарушысы органы да, бірыңғай жұмыс беруші де болып
табылады.
Ұжымдық келісімнің жағдайлары ұжымдық шарттың
жағдайлары сияқты өздері таралатын жұмыс берушілер үшін
міндетті болып табылады. Ұжымдық шарт сияқты келісім де еңбек
заңдарына қарағанда бағыныстылық рөлге ие болады, сондықтан
келісімнің жағдайлары еңбек заңдарына қайшы болмауы жəне
олармен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлатпауы
тиіс, бұлай болмағанда келісімнің жағдайлары жарамсыз болып
табылады.
Қызметкерлермен жасалатын еңбек шарттарына (келісімдеріне)
заңдармен,
ұжымдық
шарттармен
жəне
келісімдермен
салыстырғанда
қызметкерлердің
жағдайын
нашарлататын
жағдайларды енгізуге тыйым салынады.
Қызметкерге əр түрлі келісімдердің (мысалы, салалық жəне
облыстық) күші таралатын жағдайда осы келісімдердің қызметкер
үшін анағұрлым қолайлылары бас күшке ие болады.
Келісім – бұл бағаның өсуіне қарай еңбекке ақы төлеуді
жоғарылатуға, еңбекті қорғауды жəне əлеуметтік-тұрмыстық
қызмет көрсету мен еңбек жағдайларын жақсартуға, еңбек
дауларының алдын алуға жəне шешуге, сонымен қатар
қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында биліктің атқарушы
органының араласуымен əлеуметтік бітімгершілікті сақтауға
бағытталған акт. Міне, осылардан келісімнің мəнін түсінуге
болады.
Əлеуметтік-əріптестік келісімдер əрекет ету саласы бойынша
келесі түрлерге бөлінеді:
· басты келісім, бұл акт əлеуметтік-еңбек қатынастарын ең
жоғары деңгейде реттеудің жалпы қағидаларын белгілейді. ҚР
Президентінің 1994 жылғы 19 желтоқсандағы «Əлеуметтік-
экономикалық жəне еңбек қатынастары саласындағы əлеуметтік
əріптестік туралы» қаулысымен республикалық деңгейде Қазақстан
Республикасының Үкіметі, кəсіподақтардың республикалық
бірлестігі
мен
жұмыс
берушілердің
республикалық
бірлесітігінің арасындағы еңбек жəне өзге де əлеуметтік-
экономикалық мəселелер бойынша басты келісімді жыл сайын
жасасу тəжірибесі енгізілген. Бұл келісімде тараптардың халықты
жұмыспен қамту, еңбекке ақы төлеу жəне азаматтарға тиесілі өзге де
кепілдіктер, əлеуметтік жағдайы нашар тұлғаларды əлеуметтік
қорғау, қоғамда ұлттық келісім мен бітімгершілікті қамтамасыз ету
саласындағы міндеттемелері басым сипатқа иеленген. Сонымен
қатар, мемлекеттік басқару органдарының, кəсіподақтар мен жұмыс
берушілер бірлестіктерінің арасында осыған ұқсас облыстық жəне
салалық келісімдерді жасасу, облыстық жəне салалық деңгейде
тұрақты қызмет ететін үшжақты комиссияларды құру дұрыс деп
танылған;
· облыстық (Астана жəне Алматы қалаларының) келісімдері
облыстық атқарушы органдардың, кəсіподақтар мен жұмыс
берушілер бірлестіктерінің облыста келісілген əрекеттерді жүзеге
асыруды көздейтін жазбаша шарттары;
· салалық (тарифтік) келісімдер – мемлекеттік салалық
басқару органдарының, кəсіподақтар мен жұмыс берушілер
бірлестіктерінің салада келісілген əрекеттерді жүзеге асыруды
көздейтін жазбаша шарттары.
Басты, облыстық (Астана жəне Алматы қалаларының) жəне
салалық (тарифтік) келісімдерді жасасудың мақсаты – тараптардың
белгілі бір аумақтағы, саладағы жəне мамандықтағы қызметкерлер үшін
əлеуметтік
кепілдіктерді,
еңбек,
жұмысқа
орналастыру
жағдайларын белгілеуге қатысты міндеттемелерін белгілеу.
Басты, облыстық (Алматы жəне Астана қалаларының) жəне
салалық
(тарифтік)
келісімдерге
тараптардың
(үшжақты
комиссияның) өкілдері қол қояды. Келісімдер тараптар қол қойған
күннен немесе осы келісімдердің өзінде көрсетілген күннен бастап
күшіне енеді. Келісімдерде белгіленген нормалар кəсіподақтағы
мүшелігіне жəне əр түрлі кəсіподақтарға мүшелігіне қарамастан
тиісті деңгейдегі барлық қызметкерлерге таралады.
Келісімге қол қойған соң тараптардың əрқайсысына өздеріне
қабылдаған міндеттемелердің орындалуы үшін жауапкершілік
жəне міндеттемелерді орындау мерзімдерін бұзбау міндеті
жүктеледі. Келісімдердің орындалу барысы əрбір тоқсан сайын
жəне
жыл
қорытындысы
бойынша
бұқаралық
ақпарат
құралдарында жарияланады. Мерзімі аяқталған келісімдер
тараптардың келісуі бойынша келіссөздер жүргізу кезінде одан əрі
бір тоқсаннан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Ұжымдық шарттың түсінігі жəне оның мəні.
2. Ұжымдық шарттың тараптары.
3. Ұжымдық шарттар қандай мақсатта бекітіледі?
4. Ұжымдық шарттың мазмұны қандай болады жəне кім оны
анықтайды?
5. Ұжымдық шартты бекітудің тəртібі жəне əрекет ету мерзімі.
6. Ұжымдқ шарттың ережелерін орындамағаны үшін қандай
жауапкершілік туындайды?
7. Ұжымдық келісімге анықтама жəне жалпы сипаттама беріңіз.
8. Ұжымдық келісімнің ұжымдық шарттан айырмашылығы
неде?
9. Ұжымдық келісімдердің тараптары болып кім табылады?
10. Ұжымдық келісімдердің түрлері.
6 Т А Р А У
КƏСІПТІК ОДАҚТАР
Кəсіптік одақтардың түсінігі. Алғаш рет кəсіптік одақтар Англияда
ХVІІІ ғасырдың соңына қарай пайда болды. Олар өз мүшелерінің
кəсіби мүдделерін қорғау мақсатында құрылды. Кəсіптік
одақтардың пайда болуы мемлекет пен кəсіпкерлердің күшті
қарсылығын тудырды. Тіпті, кəсіподақтарды басу үшін қылмыстық
жауапкершілік көзделді, ал кəсіподақтарға бірігу қылмыстық топ
ретінде
қарастырылды.
Алайда,
кейінірек
жұмысшылар
қозғалыстарының қысымының нəтижесінде кəсіподақтар заңды
тұрғыда танылды. Кəсіподақтарды қылмыстық қудалау Англияда
1824-1825 жылдары, Францияда – 1864 жылы, Италияда – 1896
жылы тоқтатылды.
1871 жылы Англияда, содан кейін өзге де мемлекеттерде кəсіподақтар
туралы заңдар қабылданды. Бұл заң кəсіподақтарға анықтама берді,
оларды тіркелген (заңды) жəне тіркелмеген (заңсыз) деп бөлді.
Аталған заң ағылшындық тіркелген кəсіподақтарға бірқатар
құқықтар берді, ол əлі күнге дейін күшіне ие.
Кеңестік Одақта 1918 жылғы Еңбек туралы заңдар
кодексі кəсіподақтарға еңбекшілердің мүдделерін қорғауға
қатысты бірқатар құқықтарды тиесілі етті, 1922 жылғы Еңбек
заңдары туралы кодекс бұл құқықтарды біршама кеңейтті.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сəуірдегі «Кəсіптік
одақтар туралы» заңы кəсіподақтар мен олардың органдарының
құқықтары мен өкілеттіктерінің негізін бекітті.
Қазіргі кезде əлемнің көптеген елдері Халықаралық еңбек
ұйымының 1948 жылғы № 87 «Ассоциациялар еркіндігі жəне
ұйымдасуға қатысты құқықтарды қорғау туралы» конвенциясын
сақтауға тырысып, кəсіподақтардың құқықтарын заңды тұрғыдан
таниды. Конвенцияға сəйкес жұмысшылар өз қалауы бойынша
ұйымдар құру жəне өздерінің мүдделерін білдіру жəне қорғау үшін
осы ұйымдарға кіру құқығына ие. Дəл осындай құқық
кəсіпкерлерге де тиесілі. Əрбір қызметкер, əрбір азамат кəсіподаққа
еркін кіруге жəне одан шығуға құқылы. Бұл құқық, яғни,
кəсіподаққа еркін кіру жəне одан шығу құқығы, əрбір адамның
кəсіподақтарға бірігу құқығы, оларды ортақ мүдделерді қорғау
үшін
құру
ҚР
Конституциясында
тікелей
көзделген.
Республиканың негізгі заңында, жоғарғы заң күшіне ие актіде
кəсіподақтарды арнайы атап өту олардың қоғам өміріндегі ерекше
рөлі мен мəнін көрсетеді.
Кəсіподақтар қоғамдық құбылыс ретінде ішкі жəне сыртқы
сипаттағы қатынастар мен байланыстардың көпжақты жəне күрделі
жүйесін білдіреді. Социалистік қоғамда олар ең кең таралған
қоғамдық ұйым болған.
Кəсіподақтар қоғамның саяси жүйесіне кіреді, мүшелікке
негізделген, бірлескен қызметтің негізінде ортақ мүдделерді қорғау
жəне
жарғылық
мақсаттарға
жету
үшін
құрылады.
Кəсіподақтардың негізгі міндеттері олардың басты функциясы –
еңбек жəне еңбекпен байланысты қатынастар саласында
қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге
асырумен байланысты.
Сонымен, кəсіподақтар – бұл өз мүшелерінің құқықтары мен
мүдделерін қорғау жəне білдіру мақсаттарында қызметкерлерді
ортақ өндірістік, кəсіби мүдделердің негізінде біріктіретін,
тіркелген жеке мүшелігі бар дербес қоғамдық бірлестіктер.
ҚР
«Кəсіптік
одақтар
туралы»
заңының 1-бабында
кəсіподақтарға келесідей анықтама берілген:
Қазақстан Республикасындағы кəсіптік одақтар (кəсіподақтар) –
дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар коғамдық бірлестіктер, оларды
азаматтар өздерінің кəсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз
мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басқа да əлеуметтік-
экономикалық құқықтары мен мудделерін білдіріп, қорғау,
еңбек жағдайларын корғау мен жақсарту үшін ерікті түрде
кұрады.
Кəсіподақтар салалық (мысалы, темір жол қызметкерлерінің
кəсіподағы), аумақтық (мысалы, Алматы қалалық жəне Алматы
облыстық ұстаздардың кəсіподағы) немесе кəсіби ерекшелікті
ескеретін өзге де белгісі бойынша құрылуы мүмкін. Бастапқы
кəсіподақтық ұйым бір өндіріс кəсіподағының мүшелерін
біріктіреді. Бір немесе бірнеше мамандық бойынша құрылатын
кəсіподақтардың санына шек қойылмайды. Барлық кəсіподақтарға
теңдей құқықтар беріледі.
Кəсіподақтардың сайланбалы, тұрақты əрекет ететін органы –
кəсіподақтық комитет. Кəсіподақ өкілі – бұл кəсіподақтың
ұйымдастырушысы, басшысы немесе еңбек ұжымының мүдделерін
білдіруге уəкілетті өзге де тұлға.
Кəсіподақтар өз қызметінде атқарушы билік органдарынан,
жергілікті
өзін-өзі
басқару
органдарынан,
жұмыс
берушілерден,
саяси
партиялардан
жəне
өзге
де
бірлестіктерден тəуелсіз болады, оларға есеп бермейді жəне
олардың
бақылауына
жатпайды.
Билік
органдарының
кəсіподақтардың
қызметіне
араласуына
жол
берілмейді.
Кəсіподақтарды құруға қарсылық білдіру жəне оладың қызметіне
қарсы əрекеттер жасау заңдармен қудаланады.
Сонымен қатар, заңдарда азаматтарды кəсіподақтарға тиістілігі
бойынша кемсітуге тыйымдар көзделген. Қандай да бір кəсіподаққа
мүшелік қандай да бір құқықтардың немесе бостандықтардың
шектелуіне əкелмейді. Қызметкерлердің жұмысқа қабылдануын,
жұмыста жоғарылауын, сондай-ақ жұмыстан босатылуын олардың
белгілі бір кəсіподақта болу, оған кіру немесе одан шығу себебімен
байланыстыруға тыйым салынады (ҚР «Кəсіподақтар туралы»
заңның 7-бабы).
Кəсіподақтар өздерінің жəне өз бірлестіктерінің жарғыларын
жəне бастапқы кəсіподақты ұйым туралы ережені жасап, бекітеді.
Бұл актілер кəсіподақ мүшелері мен кəсіподақтық органдар
арасындағы қатынастарды реттейді. Олар қоғамдық дəрежедегі
актілер
болғандықтан
құқықтың
қайнар
көздері
болып
табылмайды.
Кəсіподақтар
туралы
заңдардың
ережелері
Қазақстан
Республикасында тұрып, жұмыс істейтін шетел азаматтары мен
азаматтығы жоқ адамдарға колданылады, сондай-ақ республикадан
тыс жерде қызметтік іссапар тəртібімен жұмыс істейтін Қазақстан
Республикасының азаматтарына да қолданылуы мүмкін (ҚР
«Кəсіптік одақтар туралы» заңның 3-бабы).
Алайда, кəсіподақтарды құруға тыйым салынатын кездер де
болады. ҚР Конституциясына (5-бабы) сəйкес, республикада басқа
мемлекеттердің кəсіптік одақтарының қызметіне, сондай-ақ
кəсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың,
шет
мемлекеттер
мен
халықаралық
ұйымдардың
қаржыландыруына жол берілмейді.
Қарулы Күштерде, ішкі, шекара, темір жол əскерлерінде, басқа
да əскери кұрамаларда, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарында
кəсіптік одақтар туралы заңдардың қолданылу ерекшеліктері осы
құрамалар туралы заңдармен белгіленеді.
Кəсіподақтардың функциялары. Кəсіподақтар жұмыс істейтін
тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін құрылды, сондықтан олардың
негізгі функциясы – бұл қорғау функциясы. Кəсіподақтар меншік
иесінің, мемлекеттік жəне шаруашылық органдарының алдында
қызметкерлердің еңбекті қорғауға қатысты құқығын қорғайды,
еңбекті қорғауға қатысты бағдарламаларды, заң шығарушылық
жəне заңға сəйкес нормативтік құқықтық актілерді жасауға
қатысады.
Еңбек заңдары кəсіподақтардың жұмыс берушілермен жəне
олардың басшылығы арасындағы əлеуметтік-еңбек мəселелері
бойынша өндірістен бастап республикалық деңгейге дейінгі
қатынастарын реттейді. Бұл деңгейлердің барлығында кəсіподақтар
өздерінің қорғау функциясын, сонымен қатар, маңызды функциясы
– қызметкерлердің мүдделерін білдіруді жүзеге асырады.
Кəсіподақтар осындай аса маңызды екі функцияны орындай алуы
үшін оларға мемлекет тарапынан норма шығару, құқық қолдану
жəне еңбек заңдарын сақтауға бақылау, сонымен қатар, еңбек
дауларын шешу салаларында бірқатар құқықтар мен кепілдіктер
берілген. Қызметкерлердің əлеуметтік-еңбек құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау, олардың құқықтары мен мүдделерін құқық
бұзушылықтардан қорғау, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру
жəне қызметкерлердің еңбек жəне тұрмысының мейлінше жақсы
жəне қолайлы жағдайын орнықтыруға қатысты мақсатты
құқықтық қызмет.
Кəсіподақтардың өкілдері өндірістердегі қайғылы
оқиғаларды тергеуге қатысады, еңбекті қорғау жағдайына,
оларды жақсаратуға қатысты шараларды орындауға тексеру
жүргізеді. Қызметкерлердің өміріне не денсаулығына қауіп төнген
жағдайда кəсіподақтар қауіпті жойғанға дейін жұмыстарды тоқтата тұру
туралы ұсыныстар жасайды.
Кəсіподақтар қызметкерлерге еңбек міндеттерін орындаумен
байланысты келтірілген зақым немесе денсаулығына келген өзге де
зиянды өтету үшін жəне қызметкерлердің құқықтары бұзылған
басқа да жағдайларда сотқа талап-арызбен жолдана алады.
Кəсіподақтардың екінші маңызды функциясы – қызметкерлер
мен еңбек ұжымдарының мүдделерін білдіру (өкілдік ету).
Қызметкерлердің мүдделерін білдіру функциясы кəсіподақтардың
жалақы жəне өзге де əлеуметтік-экономикалық мəселелер бойынша
өз мүшелеренің мүдделерін білдіруін көздейді.
Осы екі функцияға қоса, кəсіподақтар өзге де функцияларды
жүзеге асырады: өздерінің мүшелерінде патриоттық сезімді
оятуға байланысты, еңбек тəртібін нығайтуға байланысты
шараларды жүзеге асырады, мемлекеттік билік органдары жəне
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайлауына қатысуға
қатысты саяси тəрбиені жүзеге асырады.
Кəсіптік одақтардың құқықтары (ҚР «Кəсіптік одақтар туралы»
заңының 10-бабы)
Кəсіптік одақтардың мынадай негізгі құқықтары бар:
- мемлекеттік жəне шаруашылық органдармен, қоғамдық
ұйымдармен, кəсіпкерлермен жəне олардың бірлестіктерімен
(одақтарымен, ассоциацияларымен) өзара қатынастарда өз
мүдделерін, құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, өз
мүшелерінің, құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатымен
сотқа талап кою, сотта, төрелік сотта, басқа органдарда
олардың мүдделерін қорғау, оларға өзге де құқықтық көмек
көрсету, заң консультациялары жəне құқылық көмек көрсететін басқа
да қызметтер құру, жеке еңбек дауларын қарау жəне заңдарға сəйкес
ұжымдык еңбек дауларын (жанжалдарын) шешуге қатысу, келісімдер мен ұжымдық
шарттар жасасу;
- ақша қорларын қалыптастыру;
-
мемлекеттік
басқару
органдарының,
кəсіподақ
мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан
келтіретін актілері жөнінде сотқа шағым жасау;
- мемлекеттік өкімет пен басқару органдарына олар
қабылдаған, кəсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды
мүдделеріне нұқсан келтіретін құқылық актілердің толық
немесе ішінара көшін жою не оларды өзгерту туралы өтініш
жасау;
- кəсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне
нұқсан келтіретін, прокурорлық қадағалау саласындағы
құқылық актілерге наразылық білдіру туралы, кəсіподақтар,
еңбек қорғау жəне қауіпсіздік техникасы жөніндегі заңдарды
бұзушы адамдарға қарсы іс қозғау туралы прокуратураға
өтініш жасау;
- заңда берілген құқықтар шегінде өз мүшелеріне қатысты
жөнінде еңбек, тұрғын үй жəне зейнетақы заңдарының, еңбек
қорғау жəне кəсіподақтар туралы зандардың орындалуына
қоғамдық бақылауды жүзеге асыру жəне анықталған құқық
бұзушылықтарды жоюды талап ету;
Достарыңызбен бөлісу: |