Nazarbayev Intellectual Schools Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «назарбаев зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет53/72
Дата22.12.2016
өлшемі9,34 Mb.
#31
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72

Nazarbayev

Intellectual

Schools

қарым-қатынас  жасау  іскерлігін,  оқып-үйреніліп  отырған  пән  тақырыптары  бойынша  қарым-қатынасқа 

белсенді  және  шығармашылықпен  араласу  қабілеттілігін,  әрбір  тапсырманы  шеберлікпен  орындау 

біліктілігін қамтамасыз етеді.

Кәсіби-бағдарланған  технологиялардың  маңызды  сипаттары  ретінде  мыналарды  атауға  болады: 

нәтижелілік,  әрбір  оқушының  жоғары  нәтижеге  қол  жеткізуі;  үнемділік,  уақыт  бірлігінде  оқытушы 

тарапынан да, студент тарапынан да көп күш пен шығын жұмсалмай, оқу материалының үлкен бөлігінің 

тиімді меңгерілуі; психогигиеналық (эргономикалық) оқытудың ынтымақтастық, жағымды эмоциональдық 

микроклиматта  жүзеге  асырылуы,  мұнда  шектен  тыс  күш  түсіру  мен  шаршау  болмайды;  пәнді  оқып-

үйренуге  жоғары  мотивацияны  қалыптастыру  арқылы  студенттердің  ең  жақсы  тұлғалық  сапаларын 

айқындау мен жетілдіру, шынайы мүмкіндіктерін ашу.

Олардың тиімділігі жоғары оқу орнында мынадай педагогикалық-психологиялық шарттардың іске 

асырылуына  байланысты:  студенттерді  жеке  оқыту;  оқу  және  іскерлік  ойын  барысында  студенттердің 

білім, білік, дағдысын бағалау жүйесін ендіру бақылауға бөлінетін оқу уақытын қысқарту; педагогикалық 

практиканың  кәсіптік-даму  мүмкіндіктерін  кеңейту.  Бұл  технология  тұлғалық-бағдарлық  және  басқа 

ғылыми бағыттардың принциптарін кеңінен пайдаланады: коммуникативті-танымдық міндеттерді шешуге, 

бағытталған  тең  құқылы  оқу-серіктесті  ынтымақтастық,  студенттің  оқу  іс-әрекетінің  психологиялық 

ерекшеліктерін есепке алу, оның тұлғасын қалыптатыру; әрбір студенттің тұлға ретінде дамуын қамтамасыз 

ету; сабақтарды өткізудің белсенді формаларын пайдалану, оқыту құралдары мен тәсілдерін түрлендіру; 

оқу пәнін сезіммен, көңіл-күймен, тәжірибемен, өмірмен байланыстыру; сабақтың студент үшін ғана емес, 

оқытушы үшін қызықты болуы, екі жақты қанағат алу [2]. 

Құрылымдық-логикалық  технологиялар  оқытудың  тұтас  жүйесін  жобалай  отырып,  алға  қойған 

мақсатқа  жетуді  көздейтін  педагогикалық  процесс  құруды,  нәтижені  талдап,  түсіндіріп  бере  алатындай 

жүйені  таңдау  және  құруды,  студенттермен  жұмыс  істеуде  кездесетін  қиындықтардың  алдын  алу  және 

түзету жұмыстарының жүйесін жасауды көздейді. Бұл технологияның негізін академик В.М.Монаховтың 

технологиясы құрайды. Технология жобасындағы негізгі объект - оқу тақырыптары - дидактикалық модуль. 

Әр пакеттің өзінше қамтитын нақты мәселелері болады.

Құрылымдық-логикалық технологиялар оқытушының бір оқу жылында пайдаланатын әдістемелерді 

жоспарлауына көмектесіп, мынадай кезеңдер арқылы жүзеге асады: 

бірінші кезең – нақтылы технологияға көзқарас жүйесін (тұжырымдаманы), оның мағлұмат түрлері 

мен  нақтылы  дидактикалық  модуль  шеңберіндегі  технологиялық  процестің  соңғы  қорытындысын  өз 

құрамында  сақтайтын  «оқытудың  жаңа  технологиясын  теориялық  тұрғыдан  негіздеу»  деп  аталатын 

құжаттар жинағын (пакетті) зерттеп, дайындау;

екінші  кезең  -  «берілген  дидактикалық  модуль  шеңберіндегі  технологиялық  атқару  тәртібі»  деп 

аталатын құжаттар жинағын дайындау;

үшінші  кезең  –  берілген  дидактикалық  модульге  сай  «мұғалімнің  әдістемелік  жабдықтары»  атты 

құжаттар жинағын дайындау;

төртінші кезең - берілген дидактикалық модульге сай «технологиялық жұмыс мақсатын іске асырудың 

қорытындыларын өлшеу әдістемесі мен белгілері» деген құжаттар жинағын дайындау;

бесінші кезең - «оқытудың жаңа технологиясын меңгеру мәдениеті» атты құжаттар жинағын дайындау 

[4.Б.33].

Құрылымдық-логикалық технологияларды аз уақыт ішінде меңгеру мүмкін емес, ол оқытушының 

педагогикалық шеберлігіне, әдістемелік білім деңгейі мен іс-тәжірибесін жүйелі қолдануына байланысты. 

Белгілі бір дидактикалық модуль бойынша оқытуды бірнеше рет қайталаған жағдайда ғана оқытушының 

әдістемелік  тұрғыдан  жетілуіне  мүмкіндік  туып,  пәнді  студенттерге  саналы  меңгертуді  жүзеге  асыруға 

болады.


Қазіргі кезде интеграция білім беруді жетілдіруде келешегі мол бағыт ретінде қарастырылады. Осыған 

сәйкес жоғары оқу орындарына қатысты интеграцияның бірнеше деңгейлерін бөліп көрсетуге болады:

-  жоғары оқу орындарының арасындағы (ЖОО оқу-әдістемелік бірлестіктері);


Nazarbayev

Intellectual

Schools

329


-  аймақтық (оқу-ғылыми-әдістемелік кешендер);

-  тұжырымдамалық (гуманитарлық және жаратылыс тұжырымдамаларының интеграциясы);

-  пәнаралық (пәнаралық байланыстар);

-  пәнішілік (оқытудың формалары, әдістері және құралдарының интеграциясы).

Мамандарды  кәсіптік  даярлау  интеграцияның  барлық  деңгейлерінің  өзара  бірлігінде  жүзеге 

асырылады.

Университеттегі оқу процесі ізгілендіру мен тұлғалық бағдардың қазіргі кездегі тұжырымдамаларына 

негізделеді. Жоғары кәсіби білім беру мазмұнын құрайтын әлеуметтік-ізгілендіру, жаратылыстану-ғылыми, 

педагогикалық және арнайы пәндердің интеграциясы тұжырымдамалық интеграция деңгейіне жатады.

Пәнаралық интеграцияның негізгі принципі бойынша жалпыкәсіптік және арнайы пәндерден білім 

элементтері  фундаментальдық  пәндер  білім  элементтерінен  оларды  ірілендіру  арқылы  құрастырылуы 

керек. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін осылайша ұйымдастыру пәнді оқытудың бірізділігі мен 

сабақтастығын қамтамасыз етіп, материалдың қайталануына жол бермейді.

Арнайы  пәндерді  оқытуда  интеграциялық  технологияларды  пайдалану  кәсіптік  іс-әрекетте  білімді 

көкейкестендіре отырып, теория мен практиканың байланысы принципін іске асруға мүмкіндік береді.

Оқытудың  әдістері,  формалары  және  құралдарының  пәнішілік  интеграциясы  дәріс,  практикалық 

және семинар сабақтарын жаңа деңгейде ұйымдастыруды қамтамсыз етеді, ол үшін мына мәселелер іске 

асырылуы қажет:

-  жеке  тапсырмаларды  жасау  мен  қарым-қатынас  формаларын  таңдап  алуда  тұлғалық  сапаларды 

есепке ала отырып, студенттердің танымдық іс-әрекетінің ұжымдық формаларын кеңінен пайдалану;

- студенттердің ұжымдық және жеке оқу іс-әрекетін басқаруды ұйымдастыру үшін оқытушыларда 

сәйкес дағдыларды қалыптастыру;

-  интерактивті,  проблемалық  оқытудың  әртүрлі  формалары  мен  элементтерін  қолдану,  қазіргі 

аудиовизуальды құралдарды, оқытудың техникалық, ақпараттық құралдарын қолдану;

- кәсіби даярлық мазмұнын жетілдіру.

Интеграциялық  технологияларды  пайдалану  болашақ  мамандардың  тұлғалық  және  кәсіптік 

сапаларының қалыптасуына септігін тигізеді. 

Инновациялық  педагогикалық  технологиялар  кез  келген  пәнді  оқыту  барысында  болашақ 

мамандардың  ой-өрісін  кеңейтіп,  кәсіби  даярлық  деңгейін  көтеріп,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуге, 

жаңашыл тәжірибелер мен әдістемелерді кеңінен пайдалануға және студенттерге білім беруді жаңашылдық 

тұрғысынан жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан олардың даярлығын жетілдіруде инновациялық 

педагогикалық технологиялар ерекше орын алады. Осыған сәйкес біз жоғары оқу орнының оқу процесіне 

сәйкес  келетін  инновациялық  педагогикалық  технологияларды  тиімді  таңдап  алу  мен  пайдаланудың 

мынадай негізгі принциптері анықтадық:

-  технологияның білім беру мақсатына қол жеткізу үшін атқаратын қызметін анықтау;

-  студенттерге  тән  тұлғалық  сапаларға,  нақты  пәнге,  оның  мақсаты  мен  мазмұнына  сәйкестігін 

есепке алу;

-  технологиялардың  ерекшеліктерін,  мазмұнын,  пайдалану  жолдары  мен  іске  асыру  шарттарын 

жетік меңгеру;

-  технологиялардың өзара байланысын игеру. 

Бүгінгі  таңда  әрбір  маманның  коммуникациялық  компьютерлік  ортада  жұмыс  істеуі  басқа 

коммуникациялық технологияларды пайдалану сияқты күнделікті әдетке айналуы үшін оларға электронды 

почта мен Интернеттен бастап, басқа да ақпараттық құралдармен жұмыс істеу мүмкіншілігін туғызу қажет. 

Бұл оның ақпаратты іздеу, әртүрлі құжаттарды дайындау саласындағы іс-әрекетін анағұрлым жеңілдетіп, 

кәсіби  іс-әрекетін  жетілдіреді  және  жұмыс  істей  жүріп,  кәсіби  біліктілігін  арттыруға,  өздігінен  білімін 

көтеруге  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  мамандарды  кәсіптік  даярлауға  қойылатын  талаптардан  тікелей 

туындайтын міндет бұл барлық курстарды жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануды көздей отырып, 

нақты жаңарту, оларға қосымша материалдарды кіргізу болып табылады. Осыған сәйкес арнайы пәндер 



330

Nazarbayev

Intellectual

Schools

бойынша компьютерлік оқыту бағдарламаларын, электронды оқулықтар, электронды тасымалдаушыларда 

(силлабустар,  пәннің  оқу-әдістемелік  кешендері,  т.б.)  әртүрлі  оқу  материалдар  дайындап,  оларды  оқу 

процесіне пайдаланудың мүмкіндіктері бар.

Білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  қазіргі  кәсіпік  білім  берудің  тұлғалық-бағдарлы  оқытуға 

бет  бұруы  мамандар  даярлығына  жаңа  талаптар  қояды.  Білім  беру  жүйесі  дамуының  қазіргі  кезеңі 

жаңа  парадигмаға  өтудің  жолдарын  іздестірумен,  яғни  білім  берудің  жаңа  мақсатының  жетістіктерімен 

байланысты. 

Жаңа парадигманың маңызды компоненті - тұлғаның өзіндік даму тұжырымдамасы болып табылады. 

Өзіндік даму - бұл ішкі және сыртқы әлеммен байланысу қабілетін қалпына келтіру. Тұлғаның әртүрлі 

саладағы икемділіктері мен қабілеттерін дамыту оның дербес ерекшеліктеріне, өзіндік талдау, өзіндік баға 

беру қабілеттеріне байланысты, мұның өзі әрбір студентке ерекше қатынас керек екендігін, оларға өзін 

көрсетуге, дамытуға мүмкіндік жасау қажеттігін дәлелдейді.

Әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда, студенттерді тұлғалы-бағдарлы оқытуды модельдеу білім беру 

жүйесінің үш функциясын бөліп көрсетеді:

- орнын толтыру, яғни тұлғаның базалық біліміндегі ақтаңдақтарды жою;

- бейімдеу, яғни пәндік және функциональдық жағынан неғұрлым жаңа білім, талаптар ұсыну;

-  дамыту,  яғни  тұлғаның  шығармашылық  тұрғыдан  өсуіне  ықпал  ету  және  оның  әртүрлі  рухани 

қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Қазіргі кезде тұлғаны дамыту білім беру жүйесінің басты приоритетті мақсаты болып табылады. Бұл 

мақсат педагогикалық тұрғыдан алып қарағанда, «білімділік» және «құзыреттілік» ұғымдарымен тығыз 

байланысты. Білімділік жалпыадамзаттық құндылықтар мен әлеуметтік нормаларға сүйене отырып, өзінің 

танымдық және практикалық іс-әрекетінде адамдардың материалдық және рухани еңбектерінің өнімдерін 

пайдалану қабілетін сипаттайтын тұлғаның сапасы болып табылады. Құзыреттілік жалпыма түрде кәсіби 

білімнің нәтижесі ретінде сипатталып, кәсіптік даярлықтың инновациялық-технологиялық мазмұны мен 

әрбір маман меңгеруге тиісті кәсібиліктен тыс білім жүйесіне негізделеді.

Әдебиет:

1  Раев Д.С. Әдеуметтік және ғылыми-техникалық прогрестің үйлесімділік мәселелері. – Алматы: 

Ғылым, 1994. – 157 б.

2  Дмитренко Т. Профессионально-ориентированные технологии// Высшее образование в России. – 

2003. - №3. - С.159-160.

3  Третьяков П.Н., Сенновский И.Б. Технология модульного обучения в школе. - М.: Новая школа, 

1997. - 352 с.

4  Қабдықайырұлы  Қ.,  Монахов  В.М.,  Оразбекова  Л.Н.,  Әлдібаева  Т.Ә.  Оқытудың  педагогикалық 

жаңа технологиясы. – Алматы: РБК, 1999. - 149 б.

Сардарова Ж.Ы.

педагогика ғылымының докторы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

(Қазақстан Республикасы)

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ ЖҰМЫСҚА 

ДАЙЫНДАУДАҒЫ ЖЕТЕКШІ РОЛІ

Қазіргі ақпараттық технологиялардың адам тіршілік қарекетінің барлық салаларына кеңінен енуі жеке 

тұлғаға қойылатын талаптар сипатының өзгерісін анықтады. Қоғамды ақпараттандыру көлемінде жүріп 


Nazarbayev

Intellectual

Schools

331


жатқан  әлеуметтік-экономикалық  және  рухани  үрдістердің  серпінділігі  жеке  адамның  жаңа  өркениетке 

сәйкес ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тарату әдіс-тәсілдерін, яғни жаңа ақпараттық технологияларды 

белсенді  қолдануына  байланысты.  Бұл  күрделі  әлеуметтік  үрдістің  бір  компоненті  қазіргі  қоғам  адамы 

ойлауының жаңа типін қалыптастыру. Осыған орай, қоғамның бүгінгі даму кезеңінде кәсіби іс-әрекетте 

жоғары  нәтижеге  қазіргі  ақпараттық  технологияларды  меңгерген,  әлеуметтік  және  интеллектуалдық 

салада белсенді жеке тұлға ғана жете алады. Қоғамның дамуы мен мектеп түлектерінің ғылым мен техника 

жетістіктерін қолдану дайындығы деңгейі арасында қарама-қайшылық пайда болады. Ол оқушылардың 

ақпараттық  мәдениеттерін  қалыптастыруда  жаңа  бағыттағы  зерттеу  қажеттіліктеріне  себепші  болуда. 

Өйткені қазіргі кезеңде ақпараттық мәдениет жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің негізгі көрсеткіштерінің 

бірі болып қалыптасуда және бұнда басты міндет мұғалімге жүктелуде.

Мұғалім жас ұрпақты ақпараттық мәдениетпен қамтамасыз етуде және жаңа ақпараттық технологиялар 

идеологиясын жүргізуде түйінді фигура болып табылады. Бастауыш мектепке информатиканың бастапқы 

курсын  енгізу,  мектеп  пәндерін  информатикамен  кіріктіру  және  білім  жүйелерінде  қазіргі  ақпараттық 

технологияларды  қолдану  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  маңызды  деңгейдегі  дайындықтарын  талап 

етуде.  Ол  өз  кезегінде  педагогикалық  оқу  орындарының  студенттерін  дайындау  жүйесінде  орын  табуы 

қажет.


Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерді мектептегі кәсіби педагогикалық жұмысқа дайындайды. 

Демек, оны бітіруші түлек қазіргі кезеңдегі жалпы білім беретін мектептер алдына қойылатын міндеттерді 

шешуге  дайын  болу  керек.  Аталған  талаптар  «ҚР  2010  жылға  дейінгі  Білім  тұжырымдамасында» 

және  білімді  жаңартуға  қатысты  құжаттарда  тұжырымдалған.  Бұнда  жалпы  білім  беретін  мектептерді 

жаңарту  «білімнің  оқушылардың  тек  белгілі  білім  деңгейін  меңгеруге  бағдарлануын  қарастырып  қана 

қоймайды, сонымен бірге оның жеке тұлғасының, танымдық және жасампаз қабілеттерінің дамуына да 

бағытталатындығы көрсетіледі. Жалпы білім беретін мектеп әмбебап білім, білік және дағдының тұтас 

жүйесімен  қатар  өзбетіндік  әрекет  тәжірибесі  мен  үйренушілердің  жеке  бас  жауапкершіліктерін,  яғни 

білімнің қазіргі сапасын анықтайтын түйінді құзырлылықтарын қалыптастыруы тиіс. 

Бүгінгі оқытудың көп деңгейлі жүйесіне көшу жоғары оқу орындарынан әлеуметтік-экономикалық 

проблемаларды  ескере  отырып,  қазіргі  шыни  болмыста  пайда  болатын  өзекті  ғылыми-техникалық 

міндеттерді шешу дайындығын үйлесімді бойына сіңіре алатын жоғары біліктіліктегі кадрлар дайындығын 

қамтамасыз етуді талап етеді.

Ақпараттандыру үрдісі еңбектің интеллектуальдық түрлерінің қоғамдық өндірістік өмірдің барлық 

салаларына  енуіне  орай,  дәстүрлі  ақпараттық  әрекет  жаңа  сапалық  дамуға  ие  болып,  жаңа  мазмұнмен 

толықтырылады.  Сондықтан  да  ақпараттық  құзырлылықты  меңгерген  маманды  дайындау  өте  маңызды 

мәнге ие болып отыр.

Мұғалімдерді оқыту күрделі және ұзақ үрдіс болып табылады. Оның мәні қажетті білім, білік жүйесін 

меңгерумен қатар, өзгермелі және үнемі күрделеніп отырған мектептік шыни болмыста барабар қабылдау 

мен  бағдарды  қамтамасыз  ететін  сыни  және  шығармашылық  ойлауды  қалыптастыруда  жатыр.  Кәсіби 

дайындық үрдісінде және мұғалімдерді жетілдіруде оқушылар білімдерінің сәйкесті сапалығына себепші 

болатын міндеттерді тиімді орындауға қажетті- кәсіби біліктілік пен құзырлылықтар дамиды.

Сол  себепті  де  мұғалімнің  кәсіби  құзырлылығын  қалыптастыру  және  дамыту  -  қазіргі  білім  мен 

тәрбиенің теориясы және практикасы бағытында басымды бағытты құрайды. Бұл проблема өте көкейкесті 

проблемасы болып табылады және соңғы кездері отандық ғалымдармен белсенді түрде зерттелуде. Сондай-

ақ  осы  бағытта  зерттеу  жүргізіп  жатқан  шетел  ғалымдары  да  аз  емес,  өйткені  білім  сапасын  арттыру 

проблемасы  (оның  шешілуі  бұл  салада  құзырлы  мамандардың  болуымен  анықталады)  бүкіл  әлемдік 

көлемде өзекті болып отыр.

Соңғы  он  жылдықта  қоғамды,  білімді  ақпараттандыру  міндеттері  және  қазіргі  ақпаратық 

технологияларды қолдану саласынан болашақ педагогтарды арнайы дайындау қажеттігіне қатысты өзекті 

де перспективті проблема ғылыми-зерттеу жұмыстарында кең түрде орын алуда. Бұл бағыттағы жұмыстар 

1991  жылдан  бастап  аса  қарқынды  түрде  Ю.С.Брановский,  Я.А.Ваграменко,  А.И.Галкина,  И.Б.Готская, 



332

Nazarbayev

Intellectual

Schools

В.А.Извозчиков, Э.И.Кузнецов, В.В.Лаптев, И.В.Роберт И.А.Румянцев сияқты ғалымдардың еңбектерінде 

зерттелді. 

Соңғы жылдардағы әдебиеттерде құзырлылық ұғымы жеткілікті деңгейде кең қолданылады. Мысалы, 

ақпараттық, технологиялық, әлеуметтік, кәсіби құзырлылық түрлері көрсетілген.

К.К.Колиннің  пайымдауынша,  «мұғалімнің  ақпараттық  құзырлылығы»  біліми  үрдісте  ақпаратты 

қолдану  және  меңгеру  деңгейін  көрсетеді.  Қазіргі  мұғалімнің  меңгеруге  қажетті,  аса  мәнді  ақпараттық 

құзырлылықтар қатарына келесілерді жатқызады:

- қазіргі ақпараттық массивтерде ақпаратты іздеу мен сақтаудың ұтымды әдістерін білу және қолдану;

- компьютерлік ақпараттың алуан түрлерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;

- ақпаратты Интернетте ұсына білу білігі;

-  компьютерлік  және  Интернет  технология  көмегімен  сабақтарды  және  сабақтан  тыс  шараларды 

ұйымдастыру, өткізу дағдыларын меңгеру; 

-  Интернет  технологияның  өзіндік  ерекшелігін  ескере  отырып,  нақты  пәнге  қолдану  дағдыларын 

меңгеру. 

Мұғалімнің  ақпараттық  құзырлылығы  -  кәсіби  педагогикалық  әрекетте  тиімді  шешім  қабылдауға 

мүмкіндік  беретін  және  біліми  үрдісте  ақпараттық,  (интернет)  технологияларды  қолдану  деңгейін 

көрсететін арнайы пәндік білімді ұйымдастырудың ерекше типі деп түсініледі. 

Біз өз зерттеуімізде болашақ педагог-маманның, соның ішінде болашақ бастауыш сынып мұғалімінің 

құзырлылығына қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдай келе, бүгінгі бастауыш білім мазмұнының 

жаңару,  соған  сәйкесті  ақпараттандырылу  жағдайында  бастауыш  сынып  оқушыларының  ақпараттық 

сауаттылықтарын  сапалы  деңгейде  қалыптастырудың  басты  шарты  ретінде  мұғалім  ақпараттық-

технологиялық  құзырлылығына  ие  болу  керек  деген  пікірді  ұстаймыз.  Болашақ  бастауыш  сынып 

мұғалімдерінде ақпараттық-технологиялық құзырлылығын қалыптастырудың мақсатқа сәйкестігі оны екі 

аспектіде қарастыруға мүмкіндік береді:

•  технологиялық тұрғыдан (ОҚАТ түрлері, олардың құрылымы және әрекет ету ұстанымы, олармен 

негізгі жұмыс істеу тәсілдері, техникалық қызмет көрсету ережелері және т.б.);

•  біліми тұрғыдан (олардың дидактикалық негізі мен әдістемелік қызметтері, құрылу қағидалары, 

ОҚАТ қолдану арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшелігі). 

Жоғарыда келтірілген түсіндірмелерге сүйене отырып, бастауыш сынып мұғаліміне қатысты біз келесі 

анықтаманы  тұжырымдадық:  «Ақпараттық-технологиялық  құзырлылық  -  жеке  тұлғаның  (индивидтің) 

қазіргі ақпараттық технологиялардың орасан зор мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқу, тұрмыстық, кәсіби 

міндеттерді сауатты деңгейде шешуге қабілетілігі мен дайындығы».

Соның  негізінде  білім  жоғары  дәлелденген  және  шын  мәнінде  жеке  тұлғаның  әлеуетінің  жоғары 

деңгейдегі  қажеттілігін,  оның  айналасындағылардың  мойындауы  және  өзінің  жеке  мәнділігін  сезінуін 

қамтамасыз ететін тұлғалық-бағдарлы болып келеді.

Сөйтіп,  бастауыш  мектеп  мұғалімінің  ақпараттық-технологиялық  құзырлылығы  оның  оқытудың 

қазіргі  ақпараттық  технологияларын  қолдана  білуін  және  бастауыш  білімнің  сапалы  жаңа  тұлғалық-

бағдарлы парадигмасын жүзеге асыруда өз кәсіби әрекетінде оларды тиімді пайдалана білуді болжайды.

Болашақ  бастауыш  сынып  оқушыларын  кәсіби  дайындауда  маңызды  міндеттердің  бірі  -  олардың 

ақпараттық-технологиялық  құзырлылықтарын  қалыптастыру.  Міндеттің  жүзеге  асуы  техникалық, 

программалық құралдар мен ақпарат саласындағы ізденушілік әрекетке деген жүйелі тұрғыдан қараудың 

арнайы біліктігі мен дағдыларының қалыптасуын талап етеді. Көп жағдайда адамдар мен компьютерлер 

әлемі арасындағы тосқауылды еңсере алудың сәттілігін және ақпараттық дүниетанымның қалыптасуына, 

студенттердің жүйелі ойлауының дамуы мен өз кәсіби міндеттерін шешуге қажетті программалық құралдар 

тобынан  бағдарлана  білуді  және  компьютерлердің  сырт  пішінін  таңдауды  анықтайды.  Сондықтан  да 

болашақ бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық-технологиялық құзырлылық-тарын дамытудың негізгі 

ережелері болып табылатындар:

- техникалық- программалық құралдар мен ақпарат саласынан білім, білік және дағдыға деген ынта, 


Nazarbayev

Intellectual

Schools

333


қажеттілік және қызығушылық; 

- қазіргі ақпараттық қоғам жүйесін бейнелейтін қоғамдық, жаратылыстану және техникалық білімдер 

жиытығы;

- ізденушілік-танымдылық әрекеттің информативті негізін құрайтын білімдер;

- ізденушілік-танымдылық әрекеттің операциондық негізін анықтайтын тәсілдер мен әрекеттер;

-  программалық  қамсыздандыру  мен  техникалық  ресурстар  саласындағы  ізденушілік  әрекет 

тәжірибесі;

- «адам- компьютер» қатынасы тәжірибесі.

Сонымен қатар студенттерді дайындауда дәстүрлі педагогика қағидасын қабылдамау оқу үрдісінің 

тұлғалы-бағдарлы тұрғысынан қараудың негізгі ережелеріне сәйкес келетін және педагогикалық іс-әрекетке 

дайындықты қалыптастыруға көмектесетін оқу сабақтарын өткізу әдістемесіне қойылатын бірқатар тұтас 

дидактикалық талаптарды себеп болды. Осыған сәйкес келесілер анықталды: 

- сабақта өзара түсіністікке, көтеріңкі көңіл-күйге құрылған жағымды эмоционалды климат жасау; 

- кәсіби міндеттерді шеше отырып, болашақ мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға 

бағытталған  оқу  әрекеттерінің  барлық  формаларын  (лекция,  лабораториялық  жұмыстар,  практикалық, 

семинарлық  сабақтар,  мектептегі  педагогикалық  практика  және  т.б)  асыру  жолдары)  қамти  отырып, 

күтілетін нәтижеге жетуді дәл жобалай білу; 

- әскерлік ойындарға, оқытудың жаңа инновациялық әдістеріне құрылған оқытушының студенттермен 

өзара әрекетінің белсенді формаларын кеңінен қолдану; 

-  үйренушілердің  өзара  тәжірибе  алмасу,  бірлескен  шығармашылық  жұмыстар  ұйымдастыра 

білулеріне жағдай жасау; 

- студенттің әрбір жеткен жетістігін үнемі көтермелеп, өзіне, қабілетіне деген сенімділігін арттыру; 

-  студенттерді  орындаған  жұмыстарының  практикалық  мәнділігін  жете  түсінуге,  пайда  болған 

қиындықтарды  ұғынуға  логикалық  түрде  жетелейтін  оқу,  оқу-зерттеушілік  және  ғылыми-зерттеушілік 

жұмыстар көлемін ұлғайту;

-  мерзімді  басылымдарда  жарық  көрген  ғылыми-әдістемелік  мақалалармен,  жаңа  оқу-әдістемелік 

кешендермен таныса отырып, үнемі өз білімін жетілдіріп отыруға баулу. 

Сөйтіп, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, жасайтын тұжырымымыз: 

1.  Педагогтар  құзырлылықтары  білікті,  білімді,  қабілетті  және  қатынасты  кірістіретін  анықталған 

құрылымға ие. Олар үнемі мұғалім жұмысының өзгеру шарттарына, қайталанбайтын тәрбиелік жағдаяттар 

мен қатынастарға сәйкесті өзгеріп, жаңартылады. 

2. Оқытудың қазіргі ақпараттық технологияларын тиімді қолдану нәтижесінде күрделі психикалық 

білім ретінде ақпараттық -технологиялық құзырлылық қалыптасу керек. Ол компьютермен жұмыс істеудің 

бытыраңқы  білімі  мен  білігімен  сипатталмайды,  ол  үйренушінің  тұтас  жеке  тұлғасының  кіріктірілген 

сипаттамасы  болып  табылады  және  оның  ақпараттық  (компьютерлік)  бағыттылығын,  сәйкесті  білімді, 

білікті меңгеруге ынтасын, оқытудың қазіргі ақпараттық құралдары көмегімен оқу және кәсіби әрекеттегі 

ойлау тапсырмаларын орындауға қабілетін, компьютерлік ойлау тәсілдерін қамтиды.

3.  Ақпараттық-технологиялық  құзырлылық  қазіргі  ақпараттық  технологияларды  зерттеу  кезеңінде 

де, сондай-ақ болашақ оқыту құралы ретінде оны қолдануда да қалыптасады. Бұл екі жағдайда да оған 

үйренушілердің жеке сапалары мен ынтасы сай келеді, ал тұтастай алғанда ол жеке жетілу қыры болып 

қарастырылады. 

4.  Ақпараттық-технологиялық  құзырлылық  кәсіби  құзырыттілікпен  өзара  тығыз  байланысқа  ие, 

өйткені оның қазіргі ақпараттық технологиялар негіздерін білу, оларды қолданудың білік-дағдылары кәсіби 

құзырыттілік  компоненттері  құрылымына  енеді.  Сондықтан  да  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімінің 

ақпараттық-технологиялық құзырлылығы бүгінгі таңда олардың кәсіби құзырыттіліктерінің басты негізін 

құраушы болып табылады. 

5.  Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  дайындық  жүйесін  жетілдіру  жұмыстары  бүгінгі 

бастауыш білімнің негізгі мақсаты - аса көп көлемдегі ақпаратты қабылдап, өңдей білуге, оларды қазіргі 



334


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет