Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
И.Кант. Собрание сочинений в 8 томах. - Издательство: ЧОРО, 1994 г.
2.
Әуезов М.О. Жиырма томдық шығармалар жинағы, Т.19, 412 б.
3.
Орынбеков M. C. Қазақ ой-пікіріндегі Әл-Фарабидің орны. // Әл-Фараби
және рухани мұра. Алматы: Қайнар, 1994. 23-26 б.
4.
Зубов В. П. Леонардо да Винчи. М.: Изд. АН СССР, 1962.
5.
М.С.Орынбеков.История философской и общественной мысли Казахстана.
Алматы, 1997. С. 78.
6.
«Концепции современного естествознания». Под ред. Проф. В.Н.
Лавринко, проф. В.П. Ратникова.
7.
Кішібеков Д., Тәуелсіздік философиясы / Д. Кішібеков//Ақиқат.- 2011.-
№10.-Б.5-10.
8.
Қаратаев М. Әдебиет және эстетика. – Алматы: Жазушы, 1970. – 352 б.
9.
Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте: Психол.
очерк: Кн. для учителя, 3-изд, М., 1991, 93 с.
92
10.
Рубинштейн С.Л. Основы обшей психологии: В 2 т. - М.: Педагогика,
1989, Т. 1, 488 с.; Т. 2, 328 с.
11.
Б.Г. Ананьев. Избранные психологические труды, 1 и 2 тт. Педагогика,
1980.
12.
Выготский Л.С. Психология искусства /Под ред. М.Г.Ярошевского, М.,
1987, 344 с.
13.
Қалиев С. Ұлттық педагогиканың негiзгi қағидалары //Бастауыш
мектеп, № 1, 2, 3, 1994.;
14.
Локк Дж. Сочинения в трех томах: Т. 3.- М.: Мысль, 1988.- 668 с.-
(Филос. Наследие. Т.103).- С.407-614.
15.
Қаратаев М.Әсемдiлiкке үйрететiн ұстаз, Алматы, 1965.
16.
П.Д.Корин об искусстве: Статьи. Письма. Воспоминания о художнике".
М., 1988.
17.
Ы.Алтынсарин.Таңдамалы шығармалары, Алматы, 1994, 288 б.;
18.
Уәлиханов Ш.Ш.Таңдамалы шығармалар, 568-бет. 1985, А-Ата,
19.
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас
редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Резюме
В данной статье автор рассматривает сущность и роль
национального и художественного мировозрения в воспитании учащегося
на основе изобразительного искусства.
Summary
In this article, the author examines the nature and role of the national and
artistic Outlook in the education of students on the basis of art.
БЕЙНЕЛЕУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ГРАФФИТИ
АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
А.И.Ибрагимов –
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Магистратура және PhD доктарантура институтының аға
оқытушысы,педагогика ғылымдарының кандидаты
(Алматы, Қазақстан)
М.Ж.Қазбекова –
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің
Магистратура және PhD докторантура институтының 2-курс
магистранты
(Алматы, Қазақстан)
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік
қабілетті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік
білім кеңістігіне толығымен кірігу, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге
көтеруді талап ететіні сөзсіз»-деп көрсетті. Осындай қойылған міндеттерді
жүзеге асыру үшін мұғалімнің өзі де уақыт талабына сай дайындықпен келуі
қажет деп санаймыз. Білім беру жүйесінде педагог ақпараттық
93
технологияларды меңгерген, жаңа талаптар қоя білетін, жаңашыл,
шығармашылық деңгейі жоғары болуы керектігін талап етіп отыр [1].
Жолдауда
айтылған
мәселеге
қарай,
жеке
тұлғаның
шығармашылығын қалыптастырудың ең басты факторларының бірі-тұлғаны
шығармашылық деңгейде даярлау. Шығармашылық деңгейге жету үшін ең
алдымен ұстаздың білімін, біліктілігін жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.
Сонымен қатар ұстаз өзінің шәкірттерінің шығармашылық қабілетін
жетілдіру үшін, өзін үнемі ізену, алға қарай ұмтылу, даму мақсаттарын алға
тартуы керек. Олай болса мектептегі оқушыларды, колледж, институт
қабырғасында студенттерді жаңашылыдыққа, тапқырлыққа, логикалық
жаңаша ойлауға, проблеманы қоя білуге және оны шешу жолдарын
айқындауда
теориялық
білімдерін
тәжірибемен
байланыстыруда
ізденімпаздыққа үйретілуі тиіс. Осыларды меңгерген студенттер мектепке
болашақта ұстаз болып еңбектенгенде, оқушыларға бейнелеу өнері арқылы
шығармашылық
іс-әрекетін
қалыптастыра
алады
деп
санаймыз.
Шығармашылық қабілет кез келген адамға, кез келген қалыпты балаға тән
тек оны аша білу керек. Шығармашылық үрдістің мәні барлық үшін бірдей.
Айырмашылығы шығармашылықтың нақты материалында, жетістіктерінің
өлшемінде және оның қоғамдық мәнділігінде. Шығармашылық үрдісті
үйрену үшін данышпандарды зерттеудің қажеті жоқ. Шығармашылықтың
бастауы өмірдегі барлық мәселелерді шешуде кездеседі. Тек мұнда
көрегендік таныту керек және ол өткір көзбен емес, ең бастысы ми арқылы
«көре» білу керек. Д.Б. Богоявленскаяның тұжырымдамасы бойынша
«Шығармашылық белгінің өз бастамасы бойынша берілген талаптар
шегінен шыға отырып жасалған кез –келген іс –әркеттің дамуы» деп
түсіндіріледі[2].
Шығармашылық тұрығыснан алғанда жеке тұлғаның дамуы
барысында барлық адамзаттың бәрін шығармашылыққа икемдеу мүмкін емес
екендігі анық. Тек солардың ішіндегі жүзден бірі ғана бейнелеу өнері арқылы
шығармашылықпен айналысуы мүмкін. Біздің еліміздің алға қарай дамуы
үшін шығармашыл тұлғалардың да көп болғаның еш артығы жоқ. Жеке
тұлғаның бейнелеуіне мән беру болып табылады. Бұл жастардың жас
ерекшілігімен тығыз байланысты, оның білім деңгейі, тәрбиесі, өмірлік
тәжірибесі мен мінез-құлқы, оның осы қасиеттеріне көңіл аудару керек
екендігі белгілі. Шығармашылыққа тәрбиелеуде алдымен ұстаз жеке тұлғаны
бейнелеу өнері сабағы барысында сурет салуға оны ары қарай дамытуға,
белгелі бір заттың қасиетін бейнелеп сипаттай алатындай дәрежеде
жетілдіретін болсақ, соны мақсат тұтса жастардың болашағы зор болмақ. Ал
екіншіден біртұтастық, интеллектуалды эмоциялы және танымдық –
шығармашылық шарттар жеке тұлғаның бейнелеу іс-әрекетіндегі
шығармашылық, физикалық мүмкіндіктерін дамыту мақсатында жүзеге
асырылады.
Жалпы өнердің қай түрін алып қарасақта оның өзіндік даму тарихы,
түрлері, салалары, білім беру жүйесінде өзіндік ерекшеліктері бар. Адам
қоғаммен қарым - қатынас жасау арқылы өзіндік ерекшелігі бар өнер мен
94
мәдениетін қалыптастырды. Өнегелі өнер болмаған елде мағыналы
тіршіліктің дәмі мен иісіде сезіле қоймасы анық. Қандай де бір елді, қандай
қоғамды алсақ та қаны мен жанының бейнелеу өнернің айнасына
суреттемей отыра алмайды. Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шам-шырағы
да өшіп, сөнері аян. Шынайы әдемілік адам баласының рухани толығуына,
болмыс құпияларының сырын білуге және сұлулықтың мәнін түсінуге
мүмкіндік береді.
Заман ағымының өзгеруіне қарай қай өнер саласы болсын, басқа да
салалардың өзіндік ерекшеліктеріне байлынысты жаңа туындылар шығып
жанарып отыратыны әрине ол сөзсіз. Қазақ халқымыздың барлық жүйеде
өзіндік бір ерекшеліктері бар. Әр өнердің өзіндік ерекшелігі бар екендігі
белгілі мысалыға музыка, театр, күй, би, сурет өнері бұлардың барлығының
өзіндік бір-бірінен ерекшелігі дараланып тұрады. Және соған байланысты
қоғамымыздың өзгеруіне жаңа өмір кезеңінің, жаңа техникалары шығуына
байланысты әр өнердің өзіндік жаңа жүйесі, жаңа түрі пайда бола бастайды.
Мысалыға музыка өнерінде көше әндері, реперлер, хип-хоп би өнеріндегі
қазірігі жаңа стильдегі флешмоб, ал сурет өнерінде граффити. Бұл заманауи
жаңа өнер болып табылады. Сондықтанда жаңа тансық емес нарселердің
бізге берер дүниесі қандай болмақ. Айта кетсек, қазіргі кезде бейнелеу
өнерінің түрлерінің ішіне дизайн қосылды. Әр бір жасаған заттың,
бұйымның өзіндік ерекшелігімен дараланып тұратын сыртқы келбеті, түр-
түсі, көлемі осының барлығын сол заттың дизайны бола алады. Бұлай
дейтініміз дизайн өнерінің қазіргі таңда мойындалып отырғаны баршамызға
белгілі, сол себепті граффитидің де дизайн өнерімен байланыстылығы бар.
Заманауи дәуірде кең ауқымды алған бұл құбылыстың әртүрлі
аспектілерін көрсететін граффитидің бір қатар анықтамасы болады.
«Граффити (mun.graffiti < graffito шимайланған) – тұрмыстық сипатталған
басты түрдегі көне жазулар, яғни үй, тастардың және т.б. қабырғаларына
шимайлап салған суреттер болып табылады.
«Граффити - «өз бетінше қабырғаларда, шыңдарда, тастарда, халықаралық
хабарлама орындарында шимайланған немесе ойып салынған жазбалар, олар
күнделікті және жеке өмірлер жайлы, сондай-ақ шаруашылық, саясат жайлы
ақпаратты сақтайды. Граффити – ғимарат, ыдыстар қабырғаларында және
т.б. шимайланған көне және орта ғасырлық, сиқырлы, тұрмыстық жазулар[3].
Граффитиді қазіргі кезде өте коп қолданысқа ие, сондықтанда граффитимен
айналысатын жастарға да өте көп ұсыныстар баршылық. Дегенменде біздің
елімізде граффитидің қолданысынан қарағанда шет елдегі граффити дің
орны, айырмашылығы жер мен көктей. Мысалыға келтіре кетсек, шет
елдердегі граффитидің орындалар мақсаты мен орны бар, алда келе жатқан
үлкен әлемдік футбол жарысы болатын Бразилия елінің қаласын келешекте
граффитимен безендіруді мақсат етіп отыр. Граффитимен айналысатын
жастарға беріліп отырған үлкен мүмкіндік екені әрине бұл рас. Сол себепті
біздің елімізде де жастарға мүмкіндік, жағдай жасауымыз қажет деп
санаймыз.
95
Граффити арқылы тұлға дамуының барысында шығармашыл
деңгейге жеткізуге болады. Кез келген қалыптасып келе жатқан тұлға
граффити
техникасы
арқылы
шығармашылығын
шындай
алады.
Шығармашыл адам кез келген бұйымның іс-әрекеттің барлығын дерлік
мұқият жасауға тырысып бағады. Біз жеке тұлғаны граффити арқылы
біріншіден оны шығармашылыққа, өнерге, ұқыптылыққа, өзіндік бір
көзқарасын нақтылауға тәрбиелей аламыз. Жалпы граффитидің салынған
сызықтарында, қаріптерінде, түстерінде ерекше тылсым бір тұнып тұрған
әлемдерімен ерекшеленеді десекте, граффитиді салған тұлғаның айтар ойы
яғни, философиясы, айтар сөзі, түсіндірер психикалық мағынасы барлығы
дерлік адамның биік шынға, басқа бір өзгеріске әкелуіне себебші бола
алады. Бейнелеу іс-әрекетіндегі жеке тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеу
үрдісінде граффитимен қазіргі біздің қоғамымыздағы айналысып жүрген
жастарымыздың, өз шығармашылығын жетілдіруіне, яғни ол дегеніміз
жастармыздың жұмыстарын, шығармашылықтарын бағалап, оларға тиянақты
жағдай жасалынған үйірме курстарын ашу, шығармашылыққтарына қанат
бітіру біздің алдағы қойып отырған мақсаттарымыздың бірі. Олардың біздің
елдегі, өз елінің отанының шын жан ашыр азаматтары етіп тәрбиелеу біздің
қолмызда. Тіпті олардың арнайы білім беру ордаларында оқытпасада талант,
шығармашылық, дарындылықтарының арқасында осындай көптеген
жетістіктерге жеткен жастарымыз баршылық. Олардың саны санаулы
болғандықтан жастарымыздың болашағына үлкен сеніммен қараумыз керек.
Әлбетте бұл бізге керек дүние болып табылатындығы, олардың
шығармашылықтарының тамырына балта шаппай, демеу бола алатындай жол
аша білу үлкен бір мәселе десекте артық айтпаймыз.
Тұлғаның психологиялық ойлау ерекшеліктеріне байланысты
шығармашылығын жетілдіруде граффитидің бейнелеу өнерінің саласы
ретінде алатын орны ерекше. Себебі граффитимен айналысатын жастардың
өзіндік шығармашылығы болып табылады. Психологиялық тұрғыда бұл
өнердің жастардың өзіндік ерекшеліктерін, өзіндік көзқарастарын көрсетеді.
Граффити өнерінің өсіп келе жатқан жастарға берер пайдасы мол болмақ,
егер жастарға түзу жолдарын көрсетіп белгілі бір бағыт-бағдар беріп
отырғанда ғана олар жақсы жақтарын, өзіндік шығармашылығы бар азамат
болуына септігін тигізетіндігіміз расында да белгілі құбылыс.
Жеке тұлғаның бейнелеу іс-әрекетінде шығармашылыққа тәрбиелеу
үрдісінде граффитидің кең ауқымды мағынасы белгісіз. Тұлғаның граффити
арқылы өмірге көзқарасын қалыптастыруда, шығармашылыққа тәрбиелеуді
бейнелеу іс-әрекетімен байланыстыруда, яғни ойлау, қабылдау, сезіну,
бейнелеу психологиялық қабілеттерін жетілдіреді. Айтылған қабілеттерді
жетілдіруде арнаулы орта білім беретін және жоғары оқу орындарында жеке
тұлғаларды граффити арқылы шығармашылыққа тәрбиелеу негіздері курс
ретінде оқытуды қажет етеді. Қазіргі уақыттағы жасөспірімдерді тәрбиелеу
ісінде олардың ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту,
жетілдіруге арналған бірнеше іс-шаралар жүзеге асуда. Жеке тұлғаны
шығармашылққа тәрбиелеудің негізінде тұлғаға шығармашылққа
96
тәрбиелеуде дұрыс жол қою міндеттерін жүзеге асыру басты мақсат
болатыны белгілі. Педагогикалық тәжірибелер жастардың бейнелеу іс-
әрекетіндегі шығармашылығын жетілдіру мақсатында қазіргі таңда біздің оқу
тәрбиесі үрдісінде толық шешімін таппауда. Демек, шығармашлыққа
тәрбиелеудегі басты мәселе – жастарды өнерге баулу. Жеке тұлғаның өз
бетінше білім мен тәрбие алуға үйретпеген мұғалім қазіргі түпкі нәтижеге
қол жеткізе алмайтыны белгілі. Жастар ықпал ету объектісі емес,
ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы керек. Сондықтан ұстаздарға
мынандай қызметтер қажет: жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, кең ойлай
алу, шабыттандыра алу, шығармашылық ізденіс. Жеке шығармашлыққа,
психологиялық ахуал – тұлға үшін адамдар мен қатынастық алғашқы сатысы
нақ осы өз ортасында жастарды мейрімділікке және зұлымдыққа, тәртіпке
материалдық және рухани құндылықтарға деген көз қарасын дамыту.
Қазіргі кезде заман ағымының өзгеруіне қарай, ғылыми –техникалық
мәдени, тұрмыстық жағдайлардың өзгеруіне байланысты, тұлғаны осы
жағдайға дайындау қажет екендігі белгілі. Компьютерлік қоғамда болып
жатқан заманауи өзгерістермен толықтырылуда, соған байланысты тұлғаның
компьютерлік сауаттылығын дамыту барысында бейнелеу іс-әрекетімен
жүзеге асырып толыққанды тұлға етіп даярлау. Бұл мақсатта алдыға қойған
талап, міндеттерімізді жүзеге асыру үшін біз соған лайықты етіп жоспарлар
құруымыз қажет. Заман ағымынан қалыс қалмас үшін бізге жаңа ақпарттық
технологияларды да қамтып отырыуымыз қажет. Мектеп те, колледж, ЖОО –
да болсын бейнелеу өнерінің пәнінің орыны ерекше тұлғалар бар. Сыныпта
отырған 30 оқушының бәрінің суретші болуға дайындау мүмкін емес.
Арнайы мектептерде ғана балалардың барлығында белгілі танымал суретші
шығару ол тек шығармашыл адамның ғана қолынан келетін дүние. Біздің
мақсатымыз тұлғаның жан-жақты дамуы барысында бейнелеу өнері арқылы
эстеикалық, көркемдік тәрбиесін қалыптастыру болып табылады. Жаңа білім
ғасырында білімнің өз даму деңгейінде жеке тұлғаны шығармашылыққа
бағыттап тәрбиелеудегі граффитидің маңыздылығы молшылық. Граффити
тұлғаның психологиялық тұрғыдан оның шығарашылығын, қиялын, ой –
өрісін дамытып қана қоймай шығармашыл тұлға болып қалыптасуына
септігін тигізеді.
Қазіргі граффити өнерінің көркем шығармашылығында әрі көкейкесті,
әрі даулы теориялық мәселелердің бірі – шығармашылыққа тәрбиелеу.
Бейнелеу өнеріндегі граффитимен айналысатын тұлға үшін шығармашыл
суретші, қиялы арқылы өкшеленген, сұрыпталған, әдептелген, пайымдалған,
мақсат тұрғысынан бейнеленген. Халық мұрасынан туындайтын бейнелеу
өнерінің түрлі формада дамуы арқасында көптеген үлгілер қалыптасады.
Граффити өнерінің көркем шығармашылығы барлық компоненттерді
тұтастықта алып, идеялық, эстетикалық талдауда, мазмұны мен форманы
бірлікте қарағанда ғана көркем шығармашылық табиғатын терең ұғуға
болады. Біздің мемлекетімізге болашақта үлкен маман иесі, тұлға
болатындай етіп даярлау мақсатымыздың бірі болып саналады. Сондықтан
жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту, жетілдіру мақсатында жақсы
97
маман иесі болуы, жақсы шығармашыл тұлға болып қалыптасу жолында
алға қойған мақсаттарына ұмтылу, жету, талпыну барысында ғана тұлға
белгілі бір жетістіктерге жететіні айғақ. Еліміздің президенті жолдаған
жолдаулары, стратегиялары барлығыда болашақ жастардың қолындағы
атқарылатын істерге арналған. Болашақ жастардың қолында, біз жастарды
қалай тәрбиелеп, қандай бағыт-бағдар берсек, олар сол бағыт бойынша жүріп
отыратыны сөзсіз. Оларға біздің мақсатымыз өмірдің дұрыс, түзу жолына,
өзеннің, түзу ағымына салу міне біздің болашақ мұғалім, ұстаздардың
қолында. Граффити арқылы шығармашылықпен айналысу бұл әрине керемет
дүние. Оны түсінген жанға үлкен шабыт беріп, сол істеген дүниесінен шабыт,
ләззат алатындарда баршылық. Ал шығармашылық тәрбие туралы айтатын
болсақ бұл басқа бір тылсым дүние. Жеке тұлғаға граффитидің беретін және
граффитиден алтын дүниесі зор. Жеке тұлғаның дамуы барсында
шығармашылыққа тәрбиелеуде граффитидің орыны ерекше десекте болады.
Граффити бұл – шығармашылық пен айналысатын ерекше өнер болып
табылады. Граффитидің жастар арасындағы кең тараған өнердің түрі.
Граффити қазіргі заманғы жасөспірімдердің өмірі ішінде экстримнің бір
бөлігі бола бастады. Шығармашылық пен айналысу үшін граффити
таптырмас өнердің түрі. Жеке тұлғаға шығармашылық тұрғыда тәрбие
беруде граффитиді жетілдіре білу, оның түрлері мен тарихын түсіндіріп оның
жай ғана сурет ретінде ғана көніл аудармауымыз керек. Көркем өнер ретінде
де жасауға болады. Әлемдегі көптеген елдерінде граффитидің өзіндік орны
бар. Кейбіреулер үшін бұл граффити жай ғана сызба жазулар ғана болса, ал
кейбіреулерге бұл өнер, тылсым дүние, болып қала береді. Өнерді түсіне
алатын жандар, граффитиді керемет өнер ретінде бағалайтындар да бар,
қабырғаға бүркегіш бояумен сурет сала білу – өнер деп білемін. Тіпті
талант деп есептеймін. Әр сурет жүректен шығып, жан-дүниемен
салынады, шабыттары келеді. Сондай сәтте еріксіз үй қабырғаларына
ұмтылатындарыда бар. Шын мәнінде, кейбір елдерде бұл өнердің теріс
жағы бола тұрсада өсіп, дамып келе жатқан жас өспірімдердің оның жақсы
жақтырын
үйретіп,
біздің
ұлттық
өзіндік
бір
ерекшелігімізді,
менталитетімізді айта отырып тәрбиелесек олардан болашақта жақсы
суретші, жақсы ғалым, жақсы шығармашыл тұлға болып қалыптасуы әбден
мүмкін боларына сенміміз мол болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. // Егемен Қазақстан, 2004ж., 19
наурыз.
2.
Богоявленская Д.Б. Интеллектуальная активность как проблема
творчества. — Ростов-на-Дону: Изд-во Ростовского ун-та, 1983. — 172 с.
3.
Большая Российская энциклопедия 7, Научно-редакционный совет Юр
Осипов Е. Н., Аврорин А. Ф., Андреев и др.Москва 2007г стр. 646-647
Резюме
Бұл
мақалада
бейнелеу
іс-әрекетінде
жеке
тұлғаны
шығармашылығын дамытуына граффитидің әсері мен маңыздылығын
98
көресете отырып, жасөспірімдердің граффитимен айналысуда қандай
мүмкіндіктердің бар екені жайында сөз етілген.
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Э.Уайдуллақызы –
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің
Магистратура және РһD докторантура институтының докторанты
(Алматы, Қазақстан)
Аннотация
«Әлем елдері арасындағы бәсекелестікте олардың шығарған өнімдері
мен көрсеткен қызметтері ғана сараланып қоймай, сонымен қатар
қоғамдық құндылықтар мен білім экономикада басты назар материалды
тауарлар мен қызметтерге емес, елдің интеллектуалды білім беру
жүйелерінің даму барысы да додаға салынады. Осыдан барып заманауи
және тиімді білім беру жүйесін қолдап оқыту арқылы жұмыс күшінің
интелллектуалды компонентін арттыру – бәсекеге қабілеттіліктің негізгі
шарттары болып айқындалады», - деп Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, жаңа әлемде білім берудегі
бәсекеге қабілетіліктің артуы мен адами капиталдың дамуына айрықша ден
қойыла бастады.
Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең
басты ошағы ұстаз берген біліммен бағаланады. Сондықтан дамудың ең
биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім
беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.
Бүгінгі таңдағы жалпы білім беретін мектептердегі білім берудің
басты мақсаты – мектеп оқушыларына сапалы білім, саналы тәрбие беру
және мектеп ісін басқарудың тиімді жолдарын қарастырып, бастауш
сынып мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру болып табылады.
Кілт сөздер: мұғалім, бастауыш мектеп, құзыреттілік, ақпараттық
құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік.
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру
парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың
жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын
оқытып, тәрбиелейтін педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын
арттыруды талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты –
еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға
99
дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген
[1]. Әлемдік тәжірибе мен ұлттық тәжірибеге сүйеніп жасалған бұл ресми
құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескеру арқылы білімнің
мазмұнын меңгеруге бағытталған төмендегідей үш түрлі құзыреттіліктер
жиынтығын игеруі мақсат етілген.
-
өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың
шешімін табу құзыреттілігі;
-
ақпараттық құзыреттілік;
-
білімді игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік
құзыреттілік.
Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған
«құзыреттілік», «құзырет» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты
бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады. Мұндай аса
жауапты білім деңгейіне жету үшін оқу үдерісін соған сай ұйымдастыра
білетін, мектеп оқушыларына білімді өз бетінше еңбек ете алатындай күйге
жеткізетін осы аталған құзыреттіліктерді меңгерген, кәсіби құзыреттілігі
қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр.
Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді дайындау үдерісінде
олардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі соңғы жылдары ғана
қарастырыла
бастады.
Осы
орайда,
психологиялық-педагогикалық
әдебиеттерді талдау негізінде мұғалімдерді кәсіби дайындау мәселесінің жан-
жақты зерттелуі артып келе жатқандығы байқалды.
Мұғалімнің кәсіби қабілеттілігін қалыптастыру туралы классикалық
педагогика
өкілдері
А.Дистервег,
Я.А.Коменский,
И.Г.Песталоцци,
К.Д.Ушинский,
А.С.Макаренко,
А.В.Луначарский,
П.П.Блонский,
Н.К.Крупскаяның, қазақ ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин,
Ш.Құдайбердиев, Ш.Уәлихановтың және т.б. педагогикалық мұраларында
қарастырса, ал, Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
Х.Досмұхамедұлы, М.Жұмабаев, К.Жәленұлы, С.Қожанұлы, Ә.Қасымұлы,
Е.Омарұлы, Т.Шонанұлы және т.б. қазақтың біртуар зиялы азаматтары да
мұғалімдердің білімін көтеру жағдайына, әдістемелік дайындығына
атсалысқаны белгілі.
Мұғалімнің кәсіби қалыптасуы сол кезеңдегі білім жүйесінің дамуымен
тікелей байланысты. Қазақстанның білім саласының жағдайы мен
мұғалімдерді даярлау мәселелері төмендегідей бірнеше бөлікке бөлініп
қарастырылады:
-
болашақ мұғалімдерді дидактикалық және әдістемелік тұрғыда
дайындау (А.Е.Әбілқасымова, Б.Баймұханов, Т.С.Сабыров, М.Ж.Жадрина,
С.А.Жолдасбекова, Ә.А.Молдажанова, С.С.Маусымбаев, А. Нұғысова, Д.
Рахымбек, Қ.Ж. Қарақұлов, Б.Қасқатаева және т.б.);
-
экологиялық тұрғыда дайындау (М.Н.Сарыбеков, Қ.М.Беркімбаев және
т.б.);
-
болашақ мұғалімдерді дайындаудағы біртұтас педагогикалық үдеріс
теориясы мен практикасы рөлінің, жоғары мектеп дидактикасының дамуы
100
(Н.Д.Хмель, А.А.Бейсенбаева, С.Т.Каргин, Е.Жұматаева, К.С.Успанов,
А.С.Карбаева және т.б.);
-
мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін, шығармашылық ізденісін
қалыптастыру
(Ш.Т.Таубаева,
Б.А.Тұрғынбаева,
Н.А.Шамельханова,
Е.И.Бурдина және т.б.);
-
қазақ этнопедагогикасы негізінде жеке тұлғаны дамыту, мұғалімдерді
жалпы педагогикалық даярлау (Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, Б.А.Тойлыбаев,
С.А.Ұзақбаева,
К.Ж.Қожахметова,
А.А.Қалыбекова,
А.С.Мағауова,
Р.К.Төлеубекова, Ә.Табылдиев, Қ.Бөлеев, М.Х.Балтабаев, А.Б.Абибулаева,
А.Б.Нұрлыбекова, Ш.М.Мұхтарова, А.А.Жайтапова және т.б.);
-
болашақ маманға кәсіптік білім беру тұрғысынан (М.Ә.Құдайқұлов,
К.А.Дүйсенбаев,
А.П.Сейтешев,
И.Б.Сиқымбаев,
А.А.Жолдасбеков,
А.М.Әбдіров және т.б.),
-
компьютерлік технологияны оқу үдерісіне енгізіп, болашақ
мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға
даярлау (Т.О.Балықбаев, Е.Ы. Бидайбеков, Ж.Ж.Жаңабаев, Қ.Қабдықайыров,
Ж.А. Қараев, С.М. Кеңесбаев, Б.Д. Сыдықов, Л.А. Шкутина, Г.О. Тәжіғұлова
және т.б.) тұрғысынан жан-жақты зерттелген [2].
Бастауыш
сынып мұғалімін даярлаудың өзіндік ерекшелігі –
жаратылыстану бағытында да, гуманитарлық бағытта да жетік, кіші жастағы
оқушылардың
психологиялық
және
педагогикалық
ерекшеліктерін
меңгерген, баламен тіл табысып жұмыс істеудің шебері, бастауыштағы
барлық пәннің әдістемесін меңгерген, кәсіби құзыретті болуы қажеттігінен
туындайды.
Құзыреттілік
теориясы
Г.В.Вайлер,
Ю.В.Койнов,
Я.И.Лефстед,
Н.В.Матяш, В.В. Сериков, Дж.Равен, Р.Уайт, В.Чинапах және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылса, ал, білім беруді ұйымдастыруға
құзыреттілік тұрғыдан келуді жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру
туралы мәселелер М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Давыдов және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде негізделген.
Кәсіби құзыреттіліктің түрлі бағыттары кездестіруге болады. Атап айтар
болсақ:
-
педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру негізі – А.А.Орлов,
И.Я.Фастовец, С.Т.Каргин;
-
маңызды
кәсіби
сапаларды
дамыту
–
Е.П.Белозерцов,
И.А.Колесникова,
А.Е.Кондратенков,
Н.В.Кузьмина,
И.Я.Лернер,
Н.Д.Левитов, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин;
-
педагогикалық
шығармашылық
мәні
–
В.И.Загвязинский,
Ю.Н.Кулюткин, М.М.Поташник;
-
педагогтың
кәсіби
қызметінің
психологиялық
негіздері
–
Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин
және т.б. еңбектерінде ғылыми негізде тұжырымдалған [3].
Қазақстанда кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және
практикалық
аспектілерін
Ш.Х.Құрманалина (колледж
жағдайында
бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау), Б.Т.Кенжебеков (жоғары оқу
101
орны
жүйесінде
болашақ
мамандардың
кәсіби
құзыреттілігі),
Г.Ж.Меңлібекова
(болашақ
мұғалімнің
әлеуметтік
құзыреттілігі),
Б.Қасқатаева (болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығы),
М.В.Семёнова (жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың кәсіптік
құзыреттілігін қалыптастыру), С.И.Ферхо (мұғалімдердің оқу үдерісінде
электронды оқу құралдарын пайдалана білу құзыреттілігі) және т.б. ғалымдар
зерттеген.
Дегенмен, педагогикалық білім беру теориясына сүйене келе, мектеп
тәжірибесінен және мұғалім іс-әрекетінен байқағанымыздай, бастауыш
сыныптың мұғалімі әлі де болса күннен күнге жаңарып отырған білім беру
міндеттерін шешу керектігін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, мектептегі
оқыту іс-тәжірибесіне жүргізілген талдау соңғы жылдары бастауыш
сатысында берілетін білімнің негізгі саты мен жоғары сыныптарда талап
етілетін білімге сай болмай отырғанын байқатады. Мұның бір себебі -
бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің жеткіліксіздігі, яғни
олардың пәндерді оқытуды тек бағдарламалық материалдар беру деп түсінуі,
әр пәннің мәнін ұқтырып, оны өз дәрежесінде оқытудағы мұғалімнің
теориялық және әдістемелік дайындығының төмендігі деп есептейміз.
Бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
кәсіби
құзыреттілігін
қалыптастырудың педагогикалық қағидаларына тұлғаға бағдарлы білім беру
(Е.В.Бондаревская және т.б.), біртұтас педагогикалық үдеріс (Н.Д.Хмель
және т.б.), пәнаралық байланыс (А.А.Бейсенбаева, Ә.М.Мұханбетжанова
және т.б.) теорияларымен бірге жалпы тұлғаның өзін-өзі дамытуы үшін
психологиялық жағдай жасау, бастауышта оқытудың инновациялық
түрлерін, педагогикалық және ақпараттық технологияларды меңгеру
қағидалары негізге алынады.
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру -
бірнеше кезеңнен тұратын үдеріс. Бірақ осы кезеңдердің арасында адамды
кәсіби педагог тұлғасына дейін дамытатын өзара сабақтастық болуы шарт.
Мұғалім бір жағынан өмір сүріп отырған кезеңнің қажеттіліне, әлеуметтік
жағдайына, қоғамның нақты сұранысына қарай оқытып тәрбиелесе, екінші
жағынан, мәдениетті сақтаушы, жеткізуші, тұлғаны адамзат мәдениетінің
барлық байлығы негізінде қалыптастырушы ретінде болашаққа қызмет етеді.
Әсіресе, қазіргі ақпарат ағыны толассыз құйылған, өзгермелі заманда жас
ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалімнің қызметі күрделене түскені
белгілі.
Сондықтан қазіргі қоғам сұранысының талаптарына сай бастауыш сынып
мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігі - еліміздің
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бет бұрып, соған сәйкес білім берудің
парадигмасының өзгеруі және бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық
жағдайы мен болашаққа қарай ұстанған бағыты білім беру мекемелерінің
жаңа бағдарын анықтап, мамандардың құзыреттілігін көтеруді талап етіп
отырғандығына байланысты болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |