Литература:
[1] Кабанихин С. И., Искаков К. Т. Обратные и некорректные задачи
для гиперболических уравнений. - Алматы: КазНПУ имени Абая, 2007. - 330 с.
[2] Tyulepberdinova G. A., Nurseitova А. Т. The finite difference method of
solving 1d inverse acoustic problem // Abstract of the 3d congress of the world
mathematical society of the Turkic countries / al Farabi KazNU. – Almaty, 2009.
Vol. 2, № 6. - P. 66-67.
[3] Кабанихин С И., Бектемесов М. А., Нурсеитова А. Т. Итерацион-
72
ные методы решения обратных и некорректных задач с данными на части
границы. - Алматы: Международный фонд обратных задач, 2006. - 432 c.
Түйін
Бұл мақалада акустиканың керi есебiнiң шартты түзулігі дәлелденеді.
Бұрын бізге белгілі теоремаға қарағанда, бұл жағдайда негізгі теңсіздікте
қажет тұрақтыларды есептеу кезінде q векторының бағалауы емес, әрбір
3
2
1
,
,
q
q
q
компонентінің бағалауы алынды. Сонымен қоса норма бағалауы
кезінде де q векторы, яғни компоненттерінің қосындысы емес, әрбір
3
2
1
,
,
q
q
q
компоненттерінің бағалануы пайдаланылды.
Resume
In this article the conditional correctness of a return problem of acoustics is
proved. In work in calculations the norm of everyone components was estimated
through norm of a vector q as the estimation of norm of a vector q is the sum of
estimations its component. And in given article as it is told, estimations of each of
its component were already used directly
.
,
,
3
2
1
q
q
q
Unlike the similar theorem
proved scientists, at a conclusion of a demanded constant basically inequality used
not a vector estimation q, and estimations of each of its component
.
,
,
3
2
1
q
q
q
73
ПЕДАГОГИКА МЕН ӘДІСТЕМЕ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ВОПРОСЫ ПЕДАГОГИКИ И МЕТОДИКИ
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
С.А.Жиренов –
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға
оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты
(Алматы, Қазақстан)
Кілт сөздер: білім беру жүйесі, интернет-ресурс, ақпараттандыру,
үздіксіз білім, гуманитарлық сала, т.б.
Білім беру жүйесінде интернет-ресурстарды пайдалану арқылы білім
беруді жедел ақпараттандыру жағдайында гуманитарлық сала мамандарының
біліктілігін көтеру технократтық заманның басты қағидаттыры деп санауға
болады. Сондықтан гуманитарлық сала мамандарының біліктілігін көтеруде
интернет-ресурстарды пайдалану технократтық қоғамның немесе ақпараттар
тасқыны заманының талабы деп қабылдауға болады. Аталған қажеттілікті
өтеу үшін гуманитарлық сала мамандарының біліктілігін көтеруде интернет
технологияның көмегі қажет. Білім беруді ақпараттандыру үрдісі батыс
елдерінде бұл күндері қарқынды түрде дамып кеткендігі мәлім. Ал
республикамызда сондай-ақ ТМД кеңістігінде интернет-ресурстарды
пайдалану жолдары жан-жақты өзара тең дәрежеде қатар даму үстінде
екендігіне көз жеткізуге болады. Әлемдік және отандық білім беру
мекемелерінде
интернет-ресурстарды
пайдалану
барысында
білім
алушылардың ақпараттық сауаттылығын, деркезінде қажетті дереккөздерге
қол жеткізу, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты
қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің басты мәселесіне
айналып отыр. Ал бұл мәселе әлемдік және отандық білім беру
мекемелерінде қалай жүзеге асырылып жатқандығы оқу-ағарту саласы
мамандарының қай-қайсысына болмасын ой салары анық. Әсіресе, бұл
мәселенің отандық білім беру мекемелерінде қалай жүзеге асырылып
жатқандығы осы бағыттағы мамандардың бүгінгі таңдағы күн тәртібіндегі
басты мәселеге айналғандығын байқауға болады.
Қоғамдық өмірдегі есептеу техникасы құралдарының дамып жетілуі
олардың кеңінен таралуына жол ашты. Бұл күндері әр саланы есептеу
техникасы құралдарынсыз елестету мүмкін емес жағдайға жеткендігі мәлім.
Өткен ғасырда есептеу техникасы құралдары көбіне көп жаратылыстану
ғылым салаларында көбірек қолданыста болса, жаңа ғасырдан бастап
гуманитарлық салада кеңінен өріс алғандығы белгілі. Білім беру жүйесінде
есептеу техникасы құралдарының кеңінен қолданыс табуы оқушы мен
оқытушыға да тиімді болғандығы соншалық бүтіндей оқу үдерісіне
компьютерлік технология дендеп енуде. Бүгінгі таңдағы гуманитарлық сала
74
мамандарын дайындау барысында тек бір ғана саланы меңгеріп қана қоймай,
жаңа педагогикалық технологияларды соның ішінде интернет-ресурстарды
пайдалану арқылы компьютерлік технологияны жете меңгерген маман иелері
қажет. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу жүйесінде
пайдалануға қатысты әлемдік және отандық әдістеме ғылымында көптеген
педагогикалык ізденістер м е н ғ ы л ы м и - ә д і с т е м е л і к е ң б е к т е р
т у ы н д а у д а . Интернет технологияның қазіргі қоғамдағы алатын орнын,
ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген
ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілу үстінде.
Бүгінгі таңдағы ақпараттану жағдайында гуманитарлық сала
мамандарының интеллектуалдық әлеуетін жетілдіру арқылы, болашақ
маманның өзіндік жеке тұлғасын қалыптастырып, технократты қоғам
үдерісіне ілесе білуде, оның ақпарат ағымында көкжиегін дұрыс болжай
білуіне ақпараттық-қатынасқа негізделген компьютерлік технологияларды,
соның ішінде интернет-ресурстарды пайдаланудың маңызы зор екендігі бұл
күндері дәлелденгенбасы ашық аксиома. Интернет-ресурстарды оқу
жүйесінде пайдалану оқушы мен оқытушы үшін жансыз әреттестік
болғанымен, оқушының дербес жұмыс жасуына, кейіннен көпшілік арқылы
(интернет форум) бір байламға келуі өз-өзіне деген сенімділікті оятады. Білім
беру жүйесіндегі оқушының көп жағдайда өз-өзіне деген сенімінің жоқтығын
байқауға болады. Ал бұл қасиет болашақ тұлғаның басты психологиялық
кемшіліктерінің бірі болып саналады. Мұны жоюға оқушы мен оқытушының
қашықтықта интернет-ресурстар арқылы жұмыс жасауы өзіндік ықпал етеді.
Әлемдік әдістеме ілімінде жалпы оқу үрдісін ақпараттандыру мен
компьютерлендіру мәселесіне қатысты С.А.Бешенков, Б.С.Гершунский,
А.П.Ершов,
М.П.Лапчик,
В.В.Лукин,
Е.А.Машбиц,
В.М.Монахов,
И.В.Роберт, П.Ю.Дик, Ю.В.Ээльмаа, С.Н.Конева, А.Л.Муховиков т.б.
көптеген ғалымдардың еңбектері дүниеге келсе, отандық ғылымда
Е.Ы.Бидайбеков,
С.С.Құнанбаева,
Б.Б.Баймұханов,
Г.Қ.Нұрғалиева,
Ә.Т.Чакликова, Н.Ғ.Даумов, Г.Б.Таутаева, т.б. көптеген зерттеушілер әр
тарапты ғылыми әдістемелік зертеу жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесінде оқытушы студенттерге тек білім
беріп қана қоймай, олардың бойына заман талабына сай компьютерлік
бағдарламалар мен өзге де техникалық мәліметтермен хабардар етуі тиіс. Оқу
үдерісі барысында оқытушы мен студент тұрақты педагогикалық қатынаста
болуына
интернет
желінің
тиімділі
бар.
Мұнда
ақпараттық-
коммуникациялық білім беру студенттің өзіне қолайлы және тиімді білім
алуға деген құштарлығын қанағаттандыру мүмкіндігін тудырады.
«Қоғамның күрделі тіршілік әрекеті компьютерлік ақпараттық
технологияның пайда болуына ықпал етіп, «Интернет» ұғымын өмірге
енгізді. Интернет сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді
білдіреді (INTERnational NETwork). Интернет – бұл дүниежүзіндегі
компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат
көлемін тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Бір немесе бірнеше мемлекеттің
аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет –
75
миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз
қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын
дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі» [1, 10].
Жоғары оқу орындары гуманитарлық сала мамандарының кәсіптік
біліктілігін күшейту үшін қазіргі кездегі компьютерлік технологиялар
арқылы оқыту замана талабы болып саналады. Бүгінгі таңдағы білім беру
үдерісінде интернет желілерді пайдалану арқылы, жедел академиялық
ақпараттарды интернет-ресурстардың коммуникациялық мүмкіндіктері
нәтижесінде қол жеткізуге болады. Ал бұл дегеніміз интернет-ресурстардың
басты артықшылығы болып табылады. Бүгінгі таңдағы әр алуан интернет
сайттарының жарыса желілік кеңістікке шығуы, оқушы мен оқытушы үшін
тиімді болса, желілік кеңістікте өзара қатаң бәсекелестіктің қарқынды түрде
жүріп жатқандығын байқауға болады. Интернет кеңістіктегі бәсекелестік
қажетті дереккөздердің көптігі сапалы материалдардың ұсынылуына алып
келсе, оқушы мен оқытушы үшін қажетті білімді қамтамасыз ететін нақты
алғы шарттар болып табылады. Осы мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану
арқылы студенттер білім саласындағы ескі де жаңа дереккөздермен қатар
танысу арқылы өз білімінің көкжиегін кеңіте алады. Білім беру жүйесіндегі
бұл мақсаттың жүзеге асуына ақпараттық-коммуникациялық технологияның
берері орасан зор болып табылады. Интернет-ресурстардағы дерекөздердің
толықтырылуын жүзеге асыруда көптеген оқулықтардың электронды
вариантқа жаппай аударылуы уақыт сұранысынан туған қажеттілік болып
отыр.
Әлемдік және отандық білім беру мекемелерінде интернет-ресурстарды
пайдалану арқылы студенттердің шығармашылық және танымдық қабілетін
жетілдіруге ықпал етеді. Онда негізінен интернет-ресурстарды игеруде
электронды кітапхана қоры ретінде пайдаланса, білімді жетілдіруші
қайнардың рөлін жақсы атқара алатындығы ғылымда дәлелденген. Интернет-
ресурстарды пайдалану арқылы жұмыс жасау компьютерлік технология мен
оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесті тудырады.
Білім беру мекемелерінде әсіресе жоғары оқу орындары гуманитарлық
сала мамандарын бүгінгі күн талабына сай даярлаудағы басты назарда
ұстайтын мәселелердің бірі олардың интернет технологияларды жетік
меңгеруі болып табылады. Жалпы болашақ мамандар өзінің келешек кәсібіне
қатысты интернет технологиялардың тиімділігі мен оны пайдалану
жолдарын жоғары оқу орнында оқып жүргенде негізгі базасын игеруі қажет.
Болашақ мамандардың интернет технологияларды оқу жүйесінде
пайдаланудағы тиімділігі танымдық ақпараттармен жедел танысуға, олардың
қажеттілігі туралы да форумдағы мәліметтерді қатар алуы өзіндік пікір
қалыптастыруына септігін тигізеді.
«Педагогикалық информатика облысында аса перспективті бағыт –
адамзаттың творчествалық қабілетін дамыту үшін АКТ құралдарын қолдану.
Соңғы жылдары адамзаттың өнерге деген қабілетін дамытуға бағытталған
компьютерлік графика мен когнитивті технологияларды қолдану бұл есепті
шешу үшін мұнда жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Есептеу техникасы мен
76
жаңа технологияның дамуы, олардың қолданылуы білімді түрлі формаларда
(текстік, графикалық, дыбыстық, динамикалық) көрсетудің сапалы жаңа
мүмкіндіктеріне әкеп соқты.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру қарқынының соңғы жылда үдеуі
бақылауды қажет етпейтін үдеріс электрондық оқулықтарды жасау, оқыту
бағдаламалары, тренажерлар, әртүрлі тасымалдауыштардағы білім беретін
және дамытатын бағдарламалар, соның ішінде білім алушылар арасында
үлкен сұранысқа ие желілік бағдарламаларды тудырды.
Осыған байланысты білім беру саласында қолдану үшін кеңес берілетін
сертификаттан компьютерлік оқу бағдрламаларының қорлары ерекше
маңызды дамуына ие болады. Мұндай қорлар жасалған және жеткілікті
белсенді қолданылады, негізгі міндеттері білім беру үдерісін басқару және
орта білім беру пәндерінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және
насихаттау болып табылады» [2, 7-9].
Әдемдегі және алыс-жақын шетелдердегі білім беру жүйесінде ерекше
маңызды мәселелердің бірі – оқу жүйесін ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде
комъпютерлік технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру
жүйесінде интернет-ресурстарды пайдалану ісі қарқынды түрде қолға
алынып
келеді.
Интернет-ресурстарды
пайдалану
арқылы
білім
алушылардың бойына білім, білік, дағды секілді бірліктермен қатар, аталған
көрсеткіштердің сапасын арттыруға, білім беру үрдісін интенсификациялау
мен модернизациялаудың тиімді жолдарына қол жеткізуге болады.
Білім беру жүйесінде интернет-ресурстарды пайдалану білім алушылар
үшін, қажетінше жан-жақты білім алуына жағдай жасайды. Оқу үдерісінде
компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологияларды
пайдалану арқылы, студенттер компъютерлік технологияларды меңгеріп қана
қоймайды. Сонымен қатар олар жазу-сызу секілді дағдыларды қатар
меңгеріп, өзбетінше білімімін толықтырады.
Компьютерлік технология оқытушы үшін қосымша техникалық құрал
болса, оқушы үшін әртүрлі анықтамалык мәліметтер мен акпараттар
беретін энциклопедиялық база деп тануға болады. Компьютерлік
технологияда оқытушы көп нәрсеге араласпай-ақ, оқушылар өздеріне
қажетті деректер мен ақпараттарды ала алады. Алайда компьютерлік
технология оқытушының орнын алмастыра алмайды. Оқытушы қай кезде
де негізгі тұлға болып қала беретіндігі әдістеме ғылымында дәлелденген.
Әлемдік және отандық әдістеме ғылымында интернет-ресурстарды
пайдалану арқылы оқушы өзіне қажетті акпараттарды жинақтауда
электрондык техникаларды пайдалану арқылы уақыт үнемдейді,
өзіне
қажетті
деректің
жан-жақты
акпараттық
толыктығын
жоғарылатады. Сондай-ақ ақпараттык-аныктамалық жүйе кұрамында
электрондық кұрылғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға
мүмкіндік алатындығы дәлелденген.
Интернет-ресурстарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылык-
интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін кеңейте отырып,
шынайы өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік
77
туғызады.
Жалпы
компьютерлік
технологияның
дидактикалық
мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын
анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруге оңды әсерін
тигізеді.
ХХІ ғасыр ғылым технократизмге бет бұрған ғасыр болып табылады.
Сондықтан жас ұрпаққа технократты негізде жас буынға компъютерлік
технология арқылы жаңаша білім беру барысында көптеген өзгерістердің
(қашықтықтан білім беру, электронды оқу құралдары, т.б.) жүріп жатыр.
Педагогикалық жүйеде жеке тұлға қалыптастыру, яғни, білімді,
интеллектуалды тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі басты мәселе
болып табылады. Интернет-ресурстарды пайдалану арқылы білім беру –
интеллектуалды тұлға дамуын жүзеге асырушы фактор болып табылады.
Жалпы әдістеме ғылымындағы оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістер
үздіксіз жүріп отыратындығы, сол арқылы педагогиканың озық үлгілерін
жаңашылдықпен дамыту ісі және тәжірибиеде қолдану тиімді әсерін тигізері
сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Таутаева
Г.Б.
Бастауыш
мектепте
Интернет-ресурстарды
пайдаланудың әдістемесі. Пед. ғыл. канд. автореферат.: 13.00.02. -Алматы:
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері
университеті, 2010. –33 б.
Резюме
В статье всесторонне изучается вопрос обучения с использованием
интернет-ресурсов в мировой и отечественной системе образования.
Автором отмечается, что в условиях современной информатизации
повышение квалификации специалистов гуманитарной сферы является
одним из главных принципов технократной эпохи. Проведен научный обзор
требований технокранного общества или эпохи потока информации по
использованию интернет-ресурсов в повышении квалификации специалистов
гуманитарной сферы.
Resume
In article the training question with use of Internet resources in a world and
domestic education system is comprehensively studied. The author marks out that
in the conditions of modern informatization professional development of experts of
the humanitarian sphere is one of the main principles of a tekhnokratny era. The
scientific review of requirements of tekhnokranny society or era of a flow of
information on use of Internet resources in professional development of experts of
the humanitarian sphere is carried out.
78
КӘСІБИ ФИЛОЛОГ МАМАН ДАЯРЛАУ БАРЫСЫНДАҒЫ
ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНЫҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ
Е.С.Қасенов -
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға
оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты
(Алматы, Қазақстан)
Еліміздің дербес ел ретінде танылып, егемендік алуы мәдени, рухани
құндылықтарды қайта қарап, қажеттісін елеп алуына мүмкіндік берді.
Бұрыннан қалыптасып қалған қасаң жүйелерге жаңаша қарап, реформа
жасауға түрткі болды. Соның бірі – қазақ тілінің жазу жүйесі болатын. Ел
егемендігін жариялаған күннің өзінде зиялы қауым өкілдері тіл
бодандығынан азат болу үшін қазақ әліпбиін құранды, емле ережелерінің
аралас болуы мен орфографиясының екітілділігінен құтқару, жазудың ұлттық
сипатын өзіне қайтару керек екендігін жете сезініп, баспасөз беттерінде өз
ойларын ауық-ауық ортаға салды. Ал бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы
ретінде латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшу болып табылды. 2006
жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: “Латын әліпбиін қарайтын кез
келді. Бұл мәселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын
әліпбиі бүгін де телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып
отыр. Сондықтан да, бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын
әліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты
ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде
оқытудың өзі латын әліпбиімен байланысты. Ал біз қазір барлық мектептерде
ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе
жоқ”, – деген болатын[1]. Араға алты жыл салып Елбасы осы мәселені тағы
көтерді, көтеріп қана қойған жоқ, “Қазақстан – 2050” Стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына
Жолдауында латын әліпбиіне көшу мәселесін ортаға салып, нақты уақытына
дейін белгілеп берді. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіруге
кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде
тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы
үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе
түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне,
ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», – деп атап
көрсетті[2]. Бұл – Елбасының 2025 жылға дейін қазақ жазуын латын
графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге ауыстыру туралы Жолдаудағы ел
алдына қойған мақсат-тапсырмасы. Елбасы алдымызға қойып отырған бұл
мәселені ойдағыдай шешу қазақ тілін, оның ұлттық жазуын дамытуда ерекше
маңызға ие. «Әліпби ауыстыру – қазақ жазуына реформа жасаудың алғы
79
шарты және ең төте жолы болып табылады»[3]. Жалпы әлемдік елдермен
бәсекеге түсуде елімізге керек басты қарудың бірі – латын әліпбиіне
негізделген қазақ жазуы болса керек. Әлемдегі басқа ұлттармен бәсекеге
түсуде қазақ ұлтына қажетті нәрсе жалпы зияткерлік мен әлемдік деңгейдегі
білім[4]. Сондықтан біз бұл мәселеге ерекше мән беруге тиіспіз. Себебі
латын әліпбиі бүгінде жеке елдердің шеңберінен шығып, халықаралық
деңгейге көтерілді. Осымен байланысты латын қарпіне көшу – тілдік
тұтастығымызға, оны сақтауымызға, тіліміздің өзінің жаңаша бір
жаңғыруына жол ашары даусыз. «Мақсат – қазақ әліпбиін ұлттық үлгіге
түсіру, мазмұн – қазақ сөзінің айтылым-жазылым үйлесімін орнықтыру»[3].
Сөзіміздің дәлелі ретінде латын әлипбиіне көшуге себеп болатын бірнеше
факторларды атап айтуға болады. Ең алдымен, латын қарпіне көшу –
қажеттілік. Идеологиялық қысымда қалып, қоғамдық қызметі әлсіреген
қазақ тілінің әлеуметтік беделін көтеру, қоғамдық қызметін өрістету аса
қажет болды.
Қазіргі заманғы жаңа компьютерлік технологиялар талаптар үдесінен
шығу латын графикасынсыз мүмкін болмай тұр. Ақпарат алу, белгілі бір
компьютер бағдарламаларының тілін оқу, ақпарат жіберу, т.б. тек латын тілі
арқылы жүзеге асырылуда. Компьютерлік техникалардың құрал аспаптардың
көпшілігі латын тілінде жұмыс істейді. Ғаламтор мен ұялы байланысты
пайдаланушылар, әсіресе, бүгінгі жас буын өкілдері латын әліпбиін
әлдеқашан пайдаланып та жүр. Сондықтан қазақ тілінің дыбыстық
ерекшеліктерін үндестік заңдылығын жоғалтып алмайтындай қағиданы
ұстанған жан-жақты ойластырылған әліпби жасап шығару – тіл мамандарына
қойылып отырған талап. Шетелдермен қарым-қатынасты кеңейте түсу; ел-
елдегі ғылым-білім, заманауи технологиялық ілгерілеушіліктің даму
қарқынымен байланысты жедел ақпарат алысу мөлшері бұрын-соңды
болмаған көлемде ұлғая түсіп, көптеген елде, әсіресе дамыған елдерде
ақпараттық технологияның қазіргі замандағы озық үлгісі – компьютерлік
техника, бағдарламалар арқылы жолға қойылған. Қазіргі заманда
дүниежүзінде өмірдің барлық саласында өзара ақпарат алмасу латын
графикасымен жасақталған компьютерлердің көмегімен жүзеге асып
отырғаны мәлім. Латын графикасымен жасақталған бүкіләлемдік компьютер
жүйесі (Интернет) жұмыс істеп жатыр. Осы коммуникациялық кеңістікке
біздің мемлекеттік тіліміз де өзіндік жазу сипатымен кіруге тиіс. Онсыз
қазіргі заманда ұлттық тіліміздің ұлттық жазуымыздың абыройы артып,
беделі көтерілмейді. Осындай мәдени-әлеуметтік мәртебелі іске атсалысып
қызмет еткен тілдің де мәртебесі арта береді. Міне, мұның өзі еліміздегі
информациялық технологияны, сонымен қатар әліпбиімізді, ұлттық жазу-
сызуымызды әлем мойындаған лингвистикалық үлгіге жақындата түсудің
жолын қаратуға түрткі болып отыр. Бұл – әліпби таңдауға, жазу-сызуды
реформалауға себеп болып отырған факторлардың ішіндегі ең бастысы.
Екіншіден, латын қарпіне көшу – әлемдік бәсекеге қабілеттілік. Латын
қарпіне көшу – бүгінгі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан, білім
алатын кәсіби филолог мамандарды әлемдік өркениет жетістіктеріне алып
80
баратын бірден бір төте жол. Латын әліпбиіне көшу арқылы кәсіби филолог
мамандардың түрік әлемімен байланысы одан әрі арта түседі Еліміздің
мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал етеді. Сонымен бірге шетелдерде тұратын
қандастарымыз үшін өз атамекенімен қарым-қатынас жасауларын да
жеңілдетеді. Тіпті өзге ұлттардың да қазақ тілін оқуға зерттеуге деген
сұранысын туғызуы әбден мүмкін.
Латын әліпбиіне көшу нәтижесінде кәсіби филолог мамандардың
ақпарат және телекоммуникациялық саладағы қолжетімділігі арта түседі.
Кәсіби филолог мамандардың ғылым әлеміне дендеп енуіне мүмкіндік
береді. Жаңа көркем, ғылыми және философиялық әдебиет орта
ғасырлардағы Еуропада көп уақыт аралығында латын тілінде жазылған.
Дипломатия және халықаралық құқықтың көптеген терминдері латын тілінен
алынған немесе соның негізінде қалыптасқан. Гуманитарлық және табиғи
ғылымдарда латын тілі өзінің өміршеңдігімен ерекшеленеді. Қайта өрлеу
және Жаңа заман дәуірінде көптеген грек авторларының мәтіндері латын
тіліне аударылды. Философтардың шығармалары латынша жазылды.
Латынды білу және бұл тілде нақты өз ойларын латын терминологиясы
арқылы жеткізе алу бұл дәуірдің ірі ғылымдарына түгел тән еді. Католик
шіркеуі латын тілін ресми тіл орнына пайдаланады. Латын тілінде
Ватиканның құжаттары жүргізіледі және Рим папасының хаттары жазылады.
Анатомия мен фармакологияда латын тілі жеке орын алады. Адамның
мүшелерінің әрқайсысы латын тілінде аталған. Дәрілердің атаулары да латын
тілінде. Латын тілін білмей, мәдениетті және білімді адамдармен қатынасуға
мүмкіндік болған жоқ. Сондықтан латын тілі білімнің негізі болды. Ол
халықаралық “ғылыми тіл” болып қалды.
Әлем халықтарының басым бөлігі латын әрпін қолданып отырғандығы
белгілі. Олай болса, әліпби ауыстыру бұл ұлтымыздың тарихындағы ең
маңызды бетбұрыс болып табылады. Сондықтан осындай мемлекеттік
маңызы бар іске атсалысу барысында кәсіби филолог маман даярлауға үлкен
жауапкершілікпен
қарағанымыз
жөн.
Қазақ
тілінің
дыбыстық
ерекшеліктерін, үндестік заңдылығын жоғалтып алмайтындай қағиданы
ұстанған, жан-жақты ойластырылған әліпби жасап шығару – тіл
мамандарына қойылып отырған талап. Ал жасалған латын әліпбиі негізінде
кәсіби филолог маман даярлаудың мән-маңызы орасан. Олар – осы уақытқа
дейін жазылған бүкіл әдеби, ғылыми мұраларымызды латын әрпінде тануға
үлкен мүмкіндік туғызатын маман иелері. Ұлт құндылықтарын латын әрпінде
таныған ұрпақтарымыз еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі.
Сондықтан тілдік тұтастықтың ұлғаюына, тіліміздің жаңаша бір бағытта
жаңғыруына септігін тигізетін латын графикасына көшу барысында оны
келешек ұрпаққа үйрететін, оның тиімді жолдарын үнемі қолданысқа енгізіп
отыратын кәсіби филолог маман даярлау – кезек күттірмейтін мәселе.
Әлемдік кеңістіктен қазақ тілінің лайықты орын алуы, еліміздің
дүниежүзілік өзге де өресі биік өркениетті елдерімен аралас-құралас болуы,
олардың, әсіресе техника, жаңартпа технология саласында ілгерілеушілікке
(прогреске) қол жеткізген табыстары, адамзат ақыл-ойының жемістеріне
81
еліміздің де азаматтары қол жеткізе алатындай, өз игілігіне тұтына
алатындай мүмкіндіктер жасауға латын графикасы өзіндік септігін тигізсе,
осы графика негізінде даярланған кәсіби филолог мамандар ұлт тілінің
нығаюы жолында үлес қосады.
Латын графикасы көшу барысында мынадай қиындықтар кезігетіні
анық:
1) қазақ ұлтының «сауатсыз» болып қалатындай жағдай туындайды;
2) басқа ұлттардың түсінбестігі туатыны анық;
3) орфографиялық нормалар тұтасымен өзгеретіні барлық халыққа
қиындық туғызады;
4) ұлт тарихы, мәдениеті жазылған рухани мол мұрасы болашақ
ұрпақтың жылдамырақ оқып-түсінуіне кедергі болады. Ал осы мәселелердің
оңтайлы жолмен шешілуінде кәсіби филолог мамандардың ықпалы ерекше
болмақ.
Сол себепті зияткерлік ұлтты қалыптастыру мен ұлт тілін нығайту
жолында кәсіби филолог маман даярлау аса қажет. Латын әліпбиі негізінде
даярланған кәсіби филолог мамандар қазақтың болашақ таза қазақтық ұлтын
қалыптастыруда зор үлес қосады. «Ал латын әліпбиіне көшу барысында
мынадай жақсылықтарға жетеміз:
1) қазақ тілінің басты үш дыбыстық заңы, атап айтқанда, буын үндестік
заңы, дыбыс үндестік заңы, ерін үндестік заңы бұзылудан сақталады;
2) акцент пайда болып, дұрыс интонация нығая бастайды;
3) кірме лексика, терминдер сөздер үндестік заңдарына бағынады,
мәселен: стартер – сартер.
4) бірінші кластан бастап балалардың басын ауыртып келе жатқан,
емлетануда қиындық туғызып жүрген, қазақ сөздерінде ешқашан
дыбысталмайтын және болмайтын басы артық 16 әріптен құтыламыз.
5) сөйлеу мәдениеті көтеріліп, орфоэпиялық нормалар орфографиялық
нормаларды ығыстыра бастайды, соның негізінде зияткерлік ұлт негізі
қалыптаса бастайды.
6) латын әліпбиін меңгеру ақпараттық кеңістікке шығуды жеңілдетеді,
яғни ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашады.
7) басқа елде тұратын қандастарымызға өз тілінде ақпарат алуды
жеңілдетеді»[4].
Латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түрік әлемімен байланысы
одан әрі арта түседі. Еліміздің мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал етеді.
Сонымен бірге шетелдерде тұратын қандастарымыз үшін өз атамекенімен
қарым-қатынас жасауларын да жеңілдете түседі. Жалпы түрік халықтарымен
бірге болудың бір үлкен жолы – ортақ әліпбиде жүру. Болашақта түрік
халықтарының жазудағы бірлігі сақталатын болса, негізгі мақсаттарымыздың
орындалғаны болып табылады. Жаhандану кезеңіне аяқ басқан ұлы көш-
керуенінің соңында қалып қоймай, бел ортасында жүруіміз үшін тіліміздің
өркендеуіне үлес қосу – еліміздің әрбір азаматына жүктелер жауапкершілік.
Қазақстан Президенті тарапынан ұсынылған жаңа доктрина бойынша,
Мемлекеттік тіл Қазақстан халқының қолданыс тіліне айналуы тиіс. Елбасы
82
Нұрсұлтан Назарбаевтың іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру мәселесінің
еліміздің көпшілік аймақтарында шешілмегені туралы кездейсоқ айтпағаны
анық. Мұның ең басты себебі – іс қағаздарын жазуда, жеткізуде
қолданылатын технологиялардағы қазақ тілінің шектеулілігінде. Дегенмен,
кез келген қиындықтан шығар жол болады. Ол – латын әліпбиіне көшу.
Латын әліпбиіне көшу бізге рухани да, экономикалық та пайда әкелері сөзсіз!
Бір жағынан латын әліпбиіне көшу тілімізді қайта жаңғыртуға септігін
тигізсе, екіншіден, жаңа заманға сай болуымызға жетелейді. Дәлірек айтсақ,
елімізді Еуропа елдеріне тағы бір қадам жақындастыра түсіп, заманауи
технологияны пайдалануға жеңілдік береді.
Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің өрістеуіне, қолданысының кеңеюіне
жол ашады. Біле білсек, бұл – тарихи маңызы зор қадам. Латынға көшудің
келешегіміз үшін де, тіліміздің өркендеуі үшін де, өркениетті елдердің
қатарына қосылу үшін де алар орны ерекше. Ел бірлігі ең асыл қасиет
болатын болса, елімізді біріктіретін оның тілі мен әліпбиі болуға тиіс. Осы
тұрғыдан алғанда қазақ тілінің тазалығын сақтауға ықпал ететін латынға
көшудің қажеттілігі туындап отыр. Сонымен латын графикасы негізінде
даярланған кәсіби филолог мамандар қазақ тілінің әлемдік ақпарат
кеңістігіне кіруіне көмектеседі, қазақ тілінің дәрежесін мемлекеттік тіл
ретінде күшейтуге атсалысады, Түркі халықтарының достық қатынасын
нығайтуда септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |