Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ,2012
2.«Мектептегі шет тілі» республикалық-әдістемелік журналы,№6,2011ж
3.10-сыныпқа арналған ағылшын тілі оқулығы,авторы Т.Аяпова
------------------------------------------------------------------------------------
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы
Қаракөл ауылы Қаракөл орта мектеп-бақшасы КММ
Жоба тақырыбы: «Борсық майының емдік қасиеті»
Мақсаты: Борсық майының емдік қасиеті туралы мағлұмат беру
Жоба қорғаушы: Рахымбай Әділет Еділұлы
Жоба жетекшісі: Искакова Сауле Оразкановна
Жоспары:
•
Борсық туралы мәлімет
•
Борсықтың дәрілік қасиеті
•
Борсық майын алу жолдары
•
Борсық майын, (терісі, қаны, өті, еті) қолдану жолдары
•
Ел аузынан
•
Қорытынды
Кіріспе. Елімізде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы нәтижесінде медицина саласы өзінің
басқа елдерден артықшылығын әлемге әйгілі етті. Әсіресе медициналық көмектің тегіндігі және
аурудан алдын ала сақтану жолдарына ерекше көңіл аударғандығы. Халық тұрмысының жақсару
нәтижесінде ғасырлар бойы балалар мен ересектерге қырғидай тиіп келген сүзек, шешек, безгек
сияқты аурулар мүлде жойылып, балалар арасынадғы аурулар азайып келеді.
Табиғаттың адамға берген бір қасиеті – адамның табиғаттың сырларын аша білуінде.
Борсық майының емдік қасиеті
Борсық сусар тұқымдастарына жататын жыртқыш айуан. Қазақстанда борсықтың 4 түрі бар.
Олар: Ферғана борсығы,Тянь-Шань борсығы,құм борсығы,Сібір борсығы.Терісі мен майы үшін
кәсіптік тұрғыда және әуесқой жолмен ауланады. Дене тұрқы 60-90см-дей, салмағы 8-16кг дейін
жетеді.Борсық сондай-ақ иісшіл, сақ аң. Қазақстанның барлық территориясында кездеседі.Олардың
түсі ақшыл сұрдан, қара қоңырға дейін өзгеріп отырады, жүні қылшықты,салалы,сирек.Тұмсығынан
желкесіне дейін созылған қара жолағы бар.Бауыры,төбесі,табандары қара,аяқтарында сәл иілген ұзын
тырнақтары болады.Борсық бүкіл жыл бойы інде тұратын жыртқыш. Іңір түсімен қорек іздеуге
143
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
шығады.Борсық қорек талғамайды.Ол көбінесе шөп тамыры мен тұқымын, майда жәндіктер, құстар
мен оның жұмыртқалары, жылан, кесіртке, көлбақа, жемістер мен бақша дақылдарымен қоректенеді.
Күзге қарай бойына май жинайды да қысқы ұйқыға кетеді. Қысқы ұйқы кезінде салмағының 50-60
пайызын жоғалтады.Жылына бір рет 2-6 күшік табады. Жас борсықтар 3 айдан кейін өз беттерінше
күн көруге көшеді.Қарақол ауылында құм борсығы тіршілік етеді.
Борсықтың дәрілік рөлі .Майының емдік қасиеті.
Борсық терісі мен майы үшін ауланады.Қазір өңірде жылына ең кемінде 5-6 мыңдай борсық
дайындап, майын жинауға толық мүмкіндік бар, Борсықтың майы, қаны, еті, ішегі, қарны, өті, терісі
түгелдей қымбат бағалы дәрілік материал. Борсықтың майы витаминдерге өте бай .Сондықтан қазір
медицинада және халық медицинасында буын, өкпе, көкжөтел, іріңді жараларды емдеуге қолданады.
Қазақ халқы ерте заманнан қолданып келе жатқан майлардың бірі .
Борсықтың майын алу жолдары.
Борсықтың шыжғырылған майын 1 литр суға құйып, жарты сағат қайнатып, екі сағат
тұндырады. Әбден суыған соң су бетіндегі майды қалқып алып, қайтара сол әдіспен қайнатады. Осы
әдіспен 3 рет қайталайды. Әр жолы судың астына майдың керексіз бөліктері түсіп, май тазарып
отырады. Үш рет қайнатылған соң мөлдір түс алады. Борсық майы; он екі елі ішек қабыну,іш қату,
балалардың іші кебу, асқа тәбеті тартпау, жел, өкпе, асқазан, көк жөтел, өт қабыну сияқты ауруларға
емдік қасиеті жоғары.
Қолдану жолдары.
Асқазан тамақтанған сайын кеуіп ас сіңбей ішкенді түгел құсып ауырған кезде аш қарынға
таңертең 300-400 мл мөлшерінде түгел ішеді. Мұндай сұйық май әдетте асқазанда көп тұрмайды.
Көбінесе оны адамдар құсып тастайды. Құсу кезінде байланған, ас қорытуға кедергі келтіріп тұрған
заттар қопарылып түседі. Содан науқастың жағдайы жеңілдеп, тамақ, сорпа ішіп сырқаттың ізі
білінбей сауығып кеткенін көрдік.
Терісі-буын жансыздануына емдік рөлі жоғары.Жаңа сойылған борсық терісін жансызданған
қолдың буынына ыстықтай орап қойса тез жазылып кетеді. Қара желден болатын іштің кебуіне
борсықтың терісін отқа қыздырып, май жағып ауырған жерге таңады.
Борсықтың қаны- қан аздық, асқазан жарасы, өңештің рак ауруларына өте шипалы.
Борсықтың ішегі- іш кірнесі жанға батып шұғыл ұстағанда ішегін суға қайнатып сорпасын ішсе
ауырғанды басады. Борсықтың өті- көк жөтелге борсық өтінен кішкене мөлшерде алып қант сеуіп
жегізсе, пайдасы зор.
Борсық еті- әлсіз, ревматизм, тамақ іше алмайтын адамдарға борсықтың етін жеп, сорпасын
ішкізсе, адамдарды қуаттандыру күші недәуір жоғары болады.
Борсықтың жүні-қылқалам үшін қолданылады.
Сылау, емдеу әдістері
Сондай –ақ ауылымыздағы бала дәрігері Мұратбеков Серік Тәжібайұлымен әңгімелескен едік.
Қазір медицинаның қарыштап дамуына байланысты борсық майының көптеген қыр сырлары
ашылып медицинада қолданып жүр. Оның бір дәлелі «Борсық майы және Сылауға арналған
қыздырғыш борсық майы»
Бұл маймен баланың өкпесіне суық тигенде сылайды. Өйткені ол теріні, бұлшық етті қыздырады.
Қан айналымын жақсартады.
Сондай –ақ бұлшық етке, нерв ауруларына суық тигенде сол жерді сыласа нерв жүйелерін,
буындарды қайтарады.
Борсық майы адамға әл, күш, қуат береді.Өкпе ауруларына 1 үлкен қасықпен тамақтан соң 3
уақыт ішеді. Майдың күштілігі соншалық өкпе ауруларының таяқшаларымен күреседі, жазылуына
көмектеседі.
Сондай –ақ полиневрит, остехандроз, радикулит ауруына көмектеседі
Борсық майында микроб болмайды,өйткені онда қан тамыры жоқ.
Майдың құрамында маймен араласқанда сіңетін А,Е витаминдері бар. Бұл витаминдер көз
ауруларына,тері ауруларына өте қажет және иммунитетті көтереді.
Халық емшісі, тибет медицинасының бәйтерегі, «Чжуд-Ши» кітабының тарауларын қазақ
144
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
тіліне тұңғыш аударушы–Сейітқамза Қалиевпен кездесу.
«Асқазанды емдеу кезінде таңғы аш қарында борсықтың тазартылған майын әр жолы 200 грамнан
ішеді. Әдетте мұндай сұйық май асқазанда көп тұрмайды. Адам оны сәлден соң құсып тастайды.
Құсу кезінде асқазанға байланған, асқорытуға кедергі келтірген заттар түбінен қопарылып түседі.
Оның орны майланып, аурудың салмағы жөнді сезілмейді. Май таусылғанша жалғастырып, ас
қабылдау режимін сақтаған жөн.» - дейді тәжірибелі емші ата С. Қалиев
Қорытынды
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға
арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, мынадай
деректерге тоқталып өтейін:
•
Елімізде жылына 2 млн адам туберкулезден көз жұмады.
•
Әр бір 10 секундта 1 адам көз жұмады.
•
Қазақстанда жыл сайын туберкулез дерті жаңадан анықталған 22 – 23 мың науқас тіркеледі.
Осындай аурулардың алдын алып, көмек қолын соза білсек үлкен жетістікке жетер едік.
Менің анам Қарақол ауылында мейірбике болып жұмыс істейді. Біраз жыл дәріханада еңбек етті.
Сол кезде анаммен бірге жұмысына барып, дәрілердің құрамымен, қолдану тәсілімен танысатынмын.
Соның ішінде борсық майының емдік қасиетіне, ерекшелігіне қызықтым. Келешекте мен де анамның
жолын қуып фармацевтика саласында өз қолтаңбамды қалдырсам деймін.
Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп адам баласына орасаң зор пайда
тигізетін қарапайым аулымызда тіршілік ететін жануардың майын, етін, өтін, терісін, ішегін, қанын
неге пайдаланбасқа. Емдік қасиеті бар майлар мен тұнбалардың химиялық жолмен жасалған дәрі –
дәрмектерден анағұрлым тиімді болады. Сол себептен жұмысымыздың құндылығы осында деп
есептеймін.
Қазір халық арасында борсықтың еті, қаны және басқа мүшелерімен асқазан, өңеш, өкпе рагын
емдеу сынағы жүргізілуде және мамандарымыз зерттеп, жалғастырып, сынақтан өткізуде.
Қазір елімізде және шетелдерде зерттеу үстінде. Ашылмаған сыры әлі қаншама.
Пайдаланылған әдебиеттер
•
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы №2 381 – бет
•
«Денсаулық құпиясы» журналы №6 (9) 2012 5 – 6 бет
•
«Денсаулық құпиясы» журналы №5 (8) 2013 12 – 13 бет
•
«Қазақстан өсімдіктері мен жануарлары» кітабы 90 бет
•
«Тіршіліктің пайда болу географиясы» анықтамалық құрал 2008.30 бет
•
«Егемен Қазақстан» 2008
•
«Емші» газеті 2012
•
Ауылымыздағы емші Көшкінбаева Рымбек апамен әңгіме
•
Ауылымыздағы бала дәрігері Мұратбеков Серік ағамен әңгіме
•
С.Қалиев. Емдік рецептер энциклопедиясы.-
•
2010.-37-38 бет
---------------------------------------------------------------------------------
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№ 25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы
тарих пәнінің мұғалімі Рустемова Ақбота Алтыбайқызы
Сабақтың тақырыбы : §7 Египеттегі ғылыми білім негіздері.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Оқушыларға Египеттегі жазудың пайда болуы , дамуы,
ғылыми білімдердің түрлері ,Ежелгі Египет мектептеріндегі тәртіп туралы мағлұмат беру .
Дамытушылық : Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру , өзіндік пікір білдіруге , өз
бетінше қорытынды жасауға , ізденіске дағдыландыру .
Тәрбиелілігі : Тарихи деректерді оқыту арқылы Отансүйгіштікке , ұлтжандылыққа ,әділдікке
тәрбиелеу .
145
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Сабақтың көрнекілігі : карта , кеспелер , бейне –таспа, оқулық .
Сабақтың түрі : аралас сабақ.
Сабақтың типі : жаңа материалды түсіндіру
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі .
Сабақтың жоспары:
1 .Египеттік жазудың шығуы мен дамуы
2.Математикалық білімдер
3.Аспан әлемі
4. Египеттегі медицина
Мұғалім сөзі : Балалар, бүгін біз ежелгі Египет тақырыбы бойынша алған
білімдерімізді көрсететін «Жұлдызды сәт» сайысын өткізбекшіміз.Ол үшін сыныпты екі топқа
бөлеміз . І –топты « Папирус» , ІІ-топты « Иероглиф » деп атайық .
І-тапсырма «Кім жылдам?» ойыны .( үй тапсырмасын қайталау )
1.Египетті неліктен «Қара жер » деп атаған?
2.Әлемдегі ең үлкен ,әрі ұзын өзен?
3.Египеттің негізгі табиғи байлығы?
4.Египетте шағын мемлекеттердің пайда болған мерзімі?
5.Бір орталыққа біріккен мемлекеттің пайда болу кезеңі ?
6.Египет патшалары қалай аталды?
7. Египетті ең алғаш біріктіруші патша?
8.Египетте тұтқындарды қалай атады?
9.Шонжарлар тобына кімдер жатады?
10.Жазғыштардың қызметі ?
11.Египет әскерінің негізгі бөлігін кімдер құрады?
12. Египетке алым төлеп отырған патшалықтар ?
ІІ-тапсырма Әр топ өз аттарын қорғау.( мәтінмен жұмыс)
Б.з.б ІV мыңжылдықтың өзінде египеттіктерде білімнің әртүрлі салалары болған .Осыған
байланысты жазудың қажеттілігі туған .Алғашқы египеттіктер айтайын деген ойын суреттер
арқылы білдірген .Осы суреттерді таңба суреттер деп атаған .Ал таңба суреттерді- иероглифтер
деген .Олардың саны 750-дей болған .Египетте 24 дыбысты таңбалайтын алфавиттік жүйе болды .
Папирус-Ежелгі Египетте жазу үшін пайдаланылған .Олар әсіресе Нілдің таяз жерлерінде көп
өсетін болған . Папирусқа бір жағы ұшталған қамыспен жазған . Папирустарды шиыршықтап ,орап
сақтаған .Кейбіреулерінің ұзындығы 45 метрге дейін жеткен .Египетте кітаптар осылай жасалған
.Олар
кітапты қатты құрметтеген .
ІІІ-тапсырма Тарихи сынақхат
Египетте математиканың шығуына күнделікті тұрмыстағы тіршіліктер әсер еткен .Олар
сандарды ................... жазған .Ондағы математиканың ірі
табыстарының бірі...................бойынша жазған .Олар сол кезде-ақ .......................сандарын
таңбалай білген .Египеттіктер .......................санын
көрсету үшін ,екі қолын жоғары көтеріп таңғалған екен .Егінші астығын ың қаншасын тұқымға
қалдырып ,..............................күнделікті тамаққа пайдалану керек екенін есептеген .Қолөнерші
қоланы құйғанда .............пен .............қанша бөлігін жұмсау керек екенін дәл өлшеп алуы қажет
болған .Египетте ең жоғары дамыған ғылымдардың
бірі ....................болды.
Египеттіктер ......................... де бет көлемін есептей білген .
ІV- тапсырма : «Ұшқыр қиял »
Папирус тобына : (Өзіңді Египет астрономымын деп елестет те, аспан
әлемі туралы біліміңмен бөліс .
Иероглиф тобына : (Ежелгі Египеттегі дәрігермін деп есептеп медицина саласы туралы ой
бөліс
146
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ІV-тапсырма : «Таразы» . (Ежелгі Египеттегі мектеп пен қазіргі мектепті салыстыру )
Сабақты қорытындылау .
1.Маған қызық болды?
2.Мені сабақ таңғалдырды?
3.Маған қиынға соқты.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма : §7 Египеттегі ғылыми білім негіздері тақырыбын оқу .
-----------------------------------------------------------------------------------------
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы
Алтаева Гүлжазира Бейсенбаевна
Сабақтың тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН дүние жүзі картасында
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылау,
материалды меңгеру дәрежесін тексеру
Дамытушылық: Оқушыларды тарихи фактілерді, оқиғаларды оқып үйренуге шапшаңдыққа баулу.
Қорытынды жасауға үйрету арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, болашақ Қазақстанды
өркендететін өздері екендігін сезіндіру арқылы Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Қайталау сабағы, интерактивті тақта
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан және дүние жүзі саяси картасы, кеспелер, сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылардың сәлемдесуі
-
Оқушыларды түгелдеу
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу құралдарын тексеру
-
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
-
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
-
1)“Білімді мыңды жығады” ойыны
-
(әр топ бір-біріне сұрақ қояды)
-
2) “ Ретін тап” ойыны
-
3) “Сандар сөйлейді” ойыны
-
4) Кестемен жұмыс
-
5) Картамен жұмыс
-
6) Суретке қарап сипаттау
-
7) Балама тест
-
8) Сөз жұмбақ
-
9) Үйге тапсырма
“РЕТІН ТАП ОЙЫНЫ”
1. Орынбор
1924-1928ж.ж.
2.Қызылорда
1928-1997ж.ж.
3.Алматы
1997ж.
4.Астана
1920-1924ж.ж.
5.Елтаңбаның авторлары
Ш. Ниязбеков
6.Тудың авторы
Ж.Нәжмединов, Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов
147
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
7.Әнұранның авторлары
Ш.Уалиханов,
Ж.Мәлібеков
«сандар сөйлейді» ойыны
Жас өркен тобы
Балауса тобы
Бәйтерек тобы
28.
2млн 700 мың
шақырым
(Қазақстанның жер көлемі)
2) 1991 жылы 1 желтоқсан
(Президент сайлауы өтіп,
Н.Назарбаев президент болып
сайланды)
3) 1996 жылы 6 шілде
(Астананы Алматыдан
Ақмолаға көшіруге шешім
қабылдады.)
11)
15 млн 74 мың 231
(Қазақстанның халық саны)
2) 1991 жылы 10 желтоқсан
(Ел президенті халық алдында
өзінің президенттік антын
қабылдады.)
3) 1997 жылы 10 желтоқсан
(Ақмола Қазақстанның астанасы
болып жарияланды)
28.
1998 жылы маусым
(Жаңа астаналық
тұсаукесер болып өтті)
2) 1991 жылы 16
желтоқсан
(Қазақстан өзінің
тәуелсіздігін жариялады)
3) 8 млн 725 мың 32
(Қазақстандағы
қазақтардың саны)
КЕСТЕМЕН ЖҰМЫС
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАЙЛЫҒЫ
КЕЗДЕСЕТІН ӨҢІРІ
ҚАЗБА БАЙЛЫҚТАРЫ
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
•
КАРТАМЕН ЖҰМЫС
•
ҚАЗАҚСТАНМЕН ШЕКАРАЛАС МЕМЛЕКЕТТЕРДІ КӨРСЕТ?
•
БОЗАҚ ҚАЛАСЫ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРДІ КӨРСЕТ?
•
МҰХИТТАРДЫ КАРТАДАН КӨРСЕТ?
•
АСТАНА БОЛҒАН ҚАЛАЛАРДЫ КАРТАДАН КӨРСЕТ?
•
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК КАРТАДАН АЛАТЫН ОРНЫН КӨРСЕТ?
•
МАТЕРИКТЕРДІ ҮЛКЕНДІГІНЕ ҚАРАЙ РЕТІМЕН КӨРСЕТ?
•
СУРЕТКЕ ҚАРАП СИПАТТА
Балама тест
•
Елтаңбаны зерттейтін ғылымды Геральдика деп атай ма?
148
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
•
Тәуелсіз Қазақстанның әнұраны 1994 жылы қабылданды ма?
•
Әр мемлекеттің бірінен бірін ажырататын өзіндік бет-бейнесін айқындайтын нышан
белгілерін рәміздер деп атай ма?
•
Бозақ қалашығы Есіл өзенінің бойында орналасқан ба?
•
Туды қазақтар жалау немесе байрақ деп атаған ба?
•
Ұаранға әр ру өз хандарының атын алған ба?
•
Рәміздердің қатарына елтаңба, ту, әнұран жатады ма?
•
Бозоқ қалашығын сақтар тұрғызылған деген жорамалдар бар ма?
•
Қазақстанды бүгінде әлемнің 120 мемлекеті тани ма?
•
Кеңес дәуірінде Қазақстанның рәміз белгілері 3 рет ауысқан ба?
•
Туды зерттейтін ғылымды Виксикология деп атай ма?
•
Қ.Сәтбаев 1946 жылы ашылған Қазақ ғылым академиясының тұңғыш президенті болып
сайланды ма?
•
Желтоқсан оқиғасы 1988 жылы 20 желтоқсанда болды ма?
•
Қ.Сәтбаев Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан академик, инженер, гиолог болды ма?
СӨЗ ЖҰМБАҚ
1
А
2
С
3
Т
4
А
5
Н
6
А
1)1928-1997 ж Қазақстанның астанасы 4) Беріш руының ұраны
2) Туды зерттейтін ғылым 5) Бозақ қалашығы қандай?
3) Рәміздердің бірі 6) 9 млн. га. Эрозияға ұшыраған қала
ҮШ ТОПТЫҢ ЖЕҢІМПАЗ ТОПТАРЫН АНЫҚТАУ
Бағалау
Үйге тапсырма:
Өткен тақырыптарды қайталау
--------------------------------------------------------------------------------------------------
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы
Рустемова Ақбота Алтыбаевна
Сабақтың тақырыбы : §1 ..Ежелгі герман тайпалары және Рим империясы
Сабақтың мақсаты
білімділік : Герман тайпалары ,олардың Батыс Рим империясына басып кіруі ,IV-V ғ. ғұндар ,
‹‹Халықтардың ұлы қоныс аударуы ››,
Франк мемлекетінің құрылуы ,діні туралы әңгімелеу.
Дамытушылық : Оқушылардың ойлау ,есте сақтау қабілеттерін дамыту .
149
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Тәрбиелілік : Оқушыларды елін , жерін құрметтей білуге тәрбиелеу .
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың әдіс-тәсілі : әңгімелеу ,сұрақ-жауап ,кім жылдам ойыны, термин сөздермен жұмыс.
Пәнаралық байланыс : география, бейнелеу өнері .
Көрнекілігі : тірек-сызбалар .карта, суреттер .
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі .Оқушылармен сәлемдесу ,түгелдеу .
Жаңа сабақты меңгерту .
Жаңа сабақтың жоспары :
1.Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі .
2. IV-V ғасырлардағы . ғұндар .
3.Франк мемлекетінің құрылуы .
4..Мемлекетті басқару .
5.Франктердің христиан дініне енуі .
Мұғалім сөзі : IV ғасырда Рим империясы әлсірей бастады .Оның бірнеше себептері болды .Ең
басты себеп -құлдар еңбегінің тиімсіздігі .
Еңбектеріне ақы алмады ,тек тамақтары үшін ауыр жұмыс істеуге мәжбүр
болған құлдар қасақана еңбек құралдарын бүлдіріп ,жұмыстан жиі бас
тартты . Билік басындағыларды , әскерді азық-түлікпен ,киім-кешекпен ,
қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыру үшін салық жылдан –жылға өсе берді .
Сөйтіп өкіметке қарсы тек құлдардың ғана емес ,қала халқы мен шаруалардың да наразылығы
күшейді .Құлдар мен қарапайым еңбекші халық шіркеуге де сый-сияпат ,алым-салық төлеп тұрды
.Тойымсыз дінбасыларға деген наразылық күпірлер қозғалысын туғызды .395жылы
Рим империясы екіге бөлінді .(картамен жұмыс )
Қатты күйзеліске ұшыраған Батыс империяға герман тайпалары –вандалдар,
вестготтар,остготтар,ағылшын-сакстер,франктер және басқалар шабуылдарын күшейтті .Бұл
тайпалардың қоғамдық даму деңгейі біркелкі болмады .Кейбіреулері егіншілікпен шұғылданса
,екіншілері мал шаруашылығымен айналысты .Қауымдарды көсемдер басқарды .Талас тартыстарды
ру ақсақалдары шешті .
IV ғасырдың аяғында германдық тайпалар Батыс Рим империясына басып кірді .Оларды
шығыстан ғұндар ығыстырды .
Сандар сөйлейді (мәтінмен жұмыс )
378ж……………………………………………………..
410ж………………………………………………………
418ж………………………………………………………..
429ж………………………………………………………..
476ж……………………………………………………….
Құл иеленушіліктің жойылу жылы ?
Кім ? Қайда ? Қашан ?. (тұлғаны таны ойыны )
Одоакр Аттила Хлодвиг
Вестгот жауынгері
Ағылшын-сакстар Британия аралдарында өз мемлекеттерін құрды ..
вандалдар королдігі 429ж құрылды .
Б .З .Б 50жылдары Қытайдан жеңіліп ,ғұндардың бір бөлігі Орал тауының
оңтүстігіне қоныс аударған .Ал IVғ. 70жылдары ғұндардың Батысқа қарай көшуі басталды
.Олардың осы Батысқа қарай жылжуы тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы » деп аталды.
Аттила (Еділ) басқарған ғұндардың 451жылы Рим әскерін талқандағанын білеміз .
Франк мемлекетінің құрылуы .
486ж Солтүстік Галлияда құрылған Франк мемлекетін меровей руынан шыққан көсем Хлодвиг
басқарды .Галлияны жаулап алған франктер бұрынғы жер иелерін қуған жоқ ,бос жатқан жерге ғана
қоныстанды .
Франк мемлекетінің халқы латын және герман тілдерін араластырып сөйледі
150
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Осы аралас тіл кейін француз тілінің негізін құрады .Хлодвигтің тұсында латын тілінде
франктердің ең алғашқы сот саласындағы заңдары жазылды .
ОЛ « Сали ақиқаты » деп аталады.
Әскер басшыларының ішіндегі әрі батыл ,әрі тапқыр Хлодвиг король деп жарияланды .
Достарыңызбен бөлісу: |