Семинар материалдары №1 45minut kz Республикалық ұстаздарға


Қорыта   айтқанда,   күнделікті   дәстүрлі   сабаққа   қарағанда   топтық   жұмыс   жасау   сабақта



Pdf көрінісі
бет2/25
Дата22.12.2016
өлшемі2,47 Mb.
#46
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Қорыта   айтқанда,   күнделікті   дәстүрлі   сабаққа   қарағанда   топтық   жұмыс   жасау   сабақта
оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, пікірін тыңдай білуге, талдауға, ой өрісінің дамуына
септігін тигізеді деп ойлаймын.      
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Хайдарова Сауле Қуанышқызы 
 Қызылорда облысы, Қызылорда қаласындағы
 №43 Ж. Махамбетов атындағық қазақ орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі                                    
  Бастауыш сынып  оқушыларын сыни ойлау 
арқылы шығармашылық   қабілетін дамыту 
Орта   білім   беру   жүйесінде   әлемдік   жоғары   деңгейге   қол   жеткізген   анағұрлым   танымал   оқыту
әдістемелері   арасында   сындарлы   теориялық   оқытуға   негізделген   тәсіл   кең   тараған.Бұл
бағдарламаның басым бөлігі,түрлі тәсілдер қарастырылғанына  қарамастан,сындарлы оқыту теориясы
негіздерін қамтыған.Бұл теория   оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері
мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен,мұғалімнен,оқулықтан және достарынан алған
білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымы негізделеді.
  «Сын   тұрғысынан   ойлау»   дегендегі   «сыни»   термині   «теріске   шығару»   дегенді   емес,   сыни
тұрғыдан ойлау оқушыға еркін, нақты ойын жеткізуге үйретеді. Сондай-ақ оқушы сыныптасымен
жұптық   жұмыста   да,   топтық   жұмыста   да   өз   ойын   айтып   дәлелдей   алады,   өз-өзіне   баға   беріп,
сыныптастарын да бағалай алады.Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен
өткізуді қамтиды. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту             үшін маңызды
болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Ол мұғалімдердің де, оқушылардың да
сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Заманауи әлемде сыни тұрғыдан ойлау қазіргі заманғы жұмыс күшінің ойлауын алға тартатын
атрибут   ретінде   қаралады.   ХХ   ғасырда   осы   проблеманы   Франкфурт   сыни   әлеуметтік   теория
мектебі   карастырды.   Джон   Дьюи   білім   беру   саласындағы   осындай   зерттеуді   бастаған
алғашқылардың   бірі   болды,   ол   оқушылардың   ойлау   дағдыларын   қалыптастырудың   білім   беру
бағдарламасын   тек   оқушылар   үшін   ғана   емес,   демократиялық   қоғамдық   құрылыс   үшін   тимді
болуына бағыттау керек екендігін мойындатты. Ал Эдвард Глейзер (1941)   сыни тұрғыдан ойлау
қабілеттілігі үш элементтен тұратынын болжады: 
1. проблемаларды шешуге өзінің тәжірибесін қалыптастыру өрісіне кіретін ойлау үдерісін жүзеге
асыру;
2. логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу;
3. осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар.
(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық42-бет ).
Сын   тұрғысынан   ойлау   –   ойлау   үдерісінің   жоғары   деңгейі   десек   те,   Блум   таксономиясы   сын
тұрғысынан   ойлау   үшін   қажет   деп   қаралады.   Блум   таксономиясы   білімді   деңгейлеп   беруге   және
білімді қайтарып алу үшін сұрақтардың жіктеуінде қолданылады және 6 кезеңнен тұрады. 1956 жылы
АҚШ-тың   Чикаго   университетінің   психологы   Бенджамин   Блум   тарапынан   жасалған.   Жіктеудің   6
деңгейі туралы сипаттама берсем: 
1. Білу – оқушыларға берілген білімді жалпылама қайтарып алуға көмектеседі және еске түсіреді. 
2. Түсіну – осы деңгейде қойылған сұрақтар оқушылардың алған білімін еске түсірумен қатар, өз
ойымен қайталай білуге негізделеді. 
3. Қолдану – қойылған сұрақтардан алған білімін қолданып, тәжірибелік жұмыстарды және есептік
жұмыстарды орындауды көздейді. 
4. Анализ (талдау) – осы деңгейдегі сұрақтар күрделі болып, оқушының ойлау әрекетін туғызады.
Оқушы тереңнен ойлап, білетін ақпаратты пайдаланып, анализ жасап, нәтиже шығара алады. 
8

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
5.   Синтез   (жинақтау)   –   осы   деңгейдегі   сұрақтар   оқушылардың   жаңалық   ашуға   жаңа   пікір
қалыптасуына көмектеседі. 
6.   Бағалау   және   қорытындылау   –   осы   деңгейдегі   сұрақтардың   тек   бір   жауабы   болмай,
оқушылардың   ойлау   іс-әрекетін   талдау   және   жинақтау     нәтижесінде   көп   түрлі   шешімдер   табуға
мүмкіндік береді. 
   Іс-тәжірибеге   енгізілген   өзгерістерге   келетін   болсам,  оқытуды   жаңаша   ұйымдастыру,
оқушылардың   пәнге   қызығушылығын   арттыру   мақсатында   әрбір   сабағымды   түрлендіріп   өткізуге
тырыстым. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгертуде  және оқушы қабілетін дамытуда жеті
әдіс-тәсілдің орны ерекшелігі анықталды. Себебі, оқушылардың шығармашылық қабілеті артып, өз
бетімен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Олардың ойлау қабілеті
дамиды, көп ізденіс шығармашылықпен жұмыс істеуіне тақырыпты жан-жақты ашуына мүмкіндік
тудырады. Ал, сабақ жоспарын құру мұғалім шеберлігіне, ізденуіне байланысты. Сабақтың негізгі
идеясын анықтап, құрылымын жоспарлауда, «Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады? Өмірге алған
тәжірибесінің әсері қандай? Сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар? Қызығушылығын
арттыру үшін қандай іс-әрекет қолдану керек? Өзін - өзі бағалай ала ма? Оқушыдан күтілетін нәтиже
қандай?»- деген сұрақтар көкейде тұрды . Шығыс даналығы былай дейді:
«Маған айтсаң, ұмытып қаламын,
 Көрсетсең есімде қалар.
 Ал, өзім істесем, үйреніп аламын». Бұл баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы
оқыту, өз бетімен білімді игеру, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сыныптағы   оқушылардың   іс-әрекетін   зерттеу   үшін   оқушылардың   әлеуметтік   жағдайы   жөнінде
сөйлесіп,   олардың     жанұялық   құрамы   туралы     толығырақ     мағлұмат   алдым.   Сыныпта   сыни
тұрғысынан ойлата отырып,  оқушылардың білімін жақсарту үшін сабақта топтық   жұмыс жасаудың
және пайдаланудың  маңызы зор .
  Cыныптағы   оқушылармен   жұмыс   жүргізгенде,   іс-тәжірибе   алмасу   барысында,   тәжірибе
жинақтағанда заман талабына сай   оқытудың   стратегияларын   пайдаланған маңызды. Оқушының
оқу мен оқытудағы   жаңа тәсілдер туралы пікірлерін ескеру керек. Соның нәтижесінде сабақтарда
жұптық, топтық жұмыстың түрлерін жиі пайдалану  керек . 
Бұл бағдарламадағы стратегиялар  мектептегі оқушылардың  білімдерін жақсартып, білім сапасын
арттыруға   ықпалы зор. 
Топтық   жұмыстарда   оқушылардың   өзара   қарым-қатынасы,   сыйластығы   ерекше   байқалады,   ол
олардың бірлескен іс әрекеттерінен көрінеді. Бұл модульдер  бойынша оқытқан кезде оқушылардың
алған   білімдерін   жай   иеленіп   қана   қоймай,   өмірлік   қажеттіліктеріне   асыра   алады.   «Мектепте
мұғалімдер   қиын   мәселелерді   шешпейінше,   сыныптағы     хал-ахуалды   жақсарта   алмайды.   Іс-
әрекеттегі зерттеуді жүргізу  - мұғалімнің өзін  қажетті   рөлде көре  білуіне  мүмкіндік беретін
тәсіл». (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ,88 бет)
Сын тұрғысынан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған
ақпаратты ұғынуға, ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік тәсіл, бұл одан
ары әрекет жасауға негіз болады. Оның негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды
жасау, бағалау, түсіндіру, метатану жатады.            
Сын   тұрғыдан   ойлаудың   мұғалімдер   үшін   маңыздылығы   ойлаудың   негіздерін   жоғары   сынып
оқушыларымен ғана емес, бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс барысында  да дамытуға болады. 
Әдетте,  сыни  ойлауды    ересек балалармен  жұмыс  барысында,  қажетті  дағдыларды  дамыту
мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 45-
бет)    
Жаңа   білім бермес бұрын   сол тақырып не білетіндіктерін, не ойлайтындықтарын немесе жаңа
білім алғаннан кейін ой толғаныстарын жұпта, топта немесе сынып ұжымында ортаға салу арқылы
оқушыларда бір нәрсеге  түрлі адамдарда түрліше пікірлер болатындығы туралы ой қалыптасады. 
Cыни ойлау – мәселеге немесе ақпаратқа сыни көзқараспен қарағандағы туатын ойдың бір көрінісі.
Ол белсенді тұжырымдалған күрделі, өз ойын білдіретін құбылыс. Сыни ойлауды дамыту үшін оны
жетілдіретін, ынталандыратын үйрену ортасы қажет.
Оқушы   шығармашылығын   дамытуда   сыни   тұрғыда   ойлаудың   пайдасы   өте   зор.Оны   тиімді
пайдалана білген адам үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.Белгілі бір тақырыпқа шығарма жаздыру,сол
тақырыпта   ізденуге   тапсырмалар  беру  арқылы  сыныпта   дарынды  оқушылармен   жұмыс   жүргізуге
9

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
болады. 
Қазақ   тілі   сабақтарында   әр   түрлі   тапсырмалар   түрін   түрлендіре   беріп   отырудың   пайдасы   көп
мысалы  хабарлы  сөйлемді   сұраулы  сөйлемге   айналдыру  деген  сияқты   тапсырмалар  үнемі   беріліп
отырса,ой -қиялының
дамуына әсер етеді.Осындай жұмыстар оқушы белсенділігін арттырып,шығармашылық белестерге
жетелейді.
Қорыта айтқанда, бүгінгі тандағы мақсат-білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай
жасау,өзін- өзі дамытатын тұлға қалыптастыру. 
Қолайлы орта жасау үшін оқушылармен ашық әңгіме жүргіздім:
«Жер бетінде  7  миллиардтан  астам   адам   болса,  солардың бәрі  әр түрлі  және  олардың ойлары,
көзқарастары әртүрлі. Біздің сыныпта да сондай. Сендер әртүрлі ойлайсыңдар. Бір нәрсе жайлы осы
отырған   26-нда   26   түрлі   пікір   болуы   мүмкін.   Біз   талқылаулар   кезінде   өз   ойымызды   шынайы
айтуымыз керек. Басқалардың пікірін тыңдап, содан өзімізге керектісін ала білуіміз керек. Бәрі пікірін
айту керек және бәрінің пікірі тыңдалу керек. Біреудің пікіріне күлмеу керек. Егер сен өз ойыңды
айтып, оған басқалары күлсе, сен қандай жағдайда болар   едің. Сен   күлген оқушы содан   кейін
ештеңе айтпай қоюы мүмкін. Маған да өз ойларыңды еш қысылмай айтыңдар. Мен үшін сендердің
барлықтарыңның пікірлерің құнды. Мен бәріңді де қуана-қуана тыңдаймын.»
Сыныпта ынтымақтастық  атмосферасын қалыптастырып, қолайлы орта 
тудырып алу.
Сыныпты   үш   топқа   бөлдім.Топқа   түрлі-түсті   конфет   арқылы   бөлдім.Оларға     «Алғырлар»,
«Тапқырлар»,   «Білімділер»тобы     деген     атаулар     берілді   «Екі   бала»   тақырыбында   өткен   сабақта
балалардың   қызығушылығын   ояту   үшін   әр   топқа   «Достық»сөзіне   ассоциация   құруға   тапсырма
берілді.Әр топ өздерінің   тапсырмасын қорғап   шықты.Келесі тапсырма «Алғырлар»тобына   Сеня
қандай бала?
«Тапқырлар» тобына Федяға қандай ақыл-кеңес айтар едің?Хат жазу
«Білімділер»тобына   Венн   диаграмасын   құру   тапсырылды.Топтық   жұмыста   ақылдаса   отырып,өз
ойларын ортаға салады.Топтық жұмыс түрін қолдану арқылы  алға қойған мақсатыма жете алдым деп
ойлаймын.  
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына көп көңіл бөлемін.
Мақал-мәтелдің жалғасын  тап: 
1.Жақсымен жүрсең ....(пейіш)
    Жаманмен жүрсең ,...(кейіс)   
2.Жаман дос-(көлеңке)
Бұл   тапсырманы   беру   арқылы   оқушылардың   ойлауын   және   сөйлеу   қабілетін   дамытып,бірлесе
жұмыс   істеудің   барысында   өзара   достық   қарым-қатынасқа,сыйластыққа   тәрбиелей   білдім   деп
ойлаймын.Жаңа сабақты постер жасату арқылы қортындыладым. 
Менің екінші сабағымның тақырыбы «Аққу,Шортан һәм Шаян  »мысалы.
Сабақты   бастамас   бұрын   сыныптағы   оқушыларды   түрлі-түсті   суреттер   арқылы   үш   топқа
бөлдім.Топпен   жұмыс   істеу   оқушылардың   бірін-бірі   тануына   ,тыңдау   мен   мен   пікір   алысу
мәдениетінің қалыптасуына да оң әсерін тигізеді.
Алдын-ала зерттейтін үш оқушымды белгілеп алдым. А – үздік оқушы Смағұлов Арсен. Ол түрлі
байқауларға қатысқанды ұнатады, мәнерлеп оқусайысының, пән олимпиадаларының жеңімпазы.         
 Спортпен шұғылданады, қалалық, мектепшілік спорттық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды
иеленіп   жүр.   Сынып   ішінде   беделді,   ұлдар   арасында  сыйлы.   Арсен   өзіне   сенімді,   қолға   алған
жұмысын ең соңына дейін жасауға дайын. Ол берілген тапсырманы жан-жақты ойланып орындайды.
В   оқушы   –   Дауылбайқызы   Жансая.   Оқуға   деген   ынтасы   жақсы.   Белсенді,   білімге   жақын,  жаңа
тақырыпты   меңгере   алатын,     бірақ   қосымша   бақылауды   қажет   етеді.   Қоғамдық   жұмыстардың
белсенді  қатысушысы. С оқушы – Құрбанов Жанарыс. Оқуға деген ынтасы  орташа.Спортпен
айналысады.   Ол   берілген   тапсырманы   орындаған   кезде   көп   ойланып,   уақытты   босқа   кетіреді.
Жанарыс тапсырманы жеке қарап көп уақыт  кетіреді. Бірақ ол келесі сабақтарда ашыла бастағанын
байқадым,   себебі   сыныптағы   белсенді   оқушылар   оны   алға   тарта   бастады.   Сабақта   қойған   басты
мақсатым   –   оқушылардың     ойлауын     дамыту.   Оқушылардың   сын   тұрғыдан   ойлау   әрекеттерінің
дамуына қолдау көрсету еді.Өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге үйрету, еркіндікті сезіну, яғни
оқушылардың оқу материалдарын игерудегі іс-әрекетін бақылау еді.   
10

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Іс-әрекеттегі  зерттеу  барысында  жоғарыда  аталған  әртүрлі   санаттың  өкілі  болып  табылатын
үш  оқушының  сабақтағы    әрекеттері  мен  алған  білімдері  жайында  көптеген  маңызды  деректер
жинадым.   Топтық   талқылауда   барлығы   белсене   сабаққа   қатысты,   пікір   таластырды,   қасындағы
оқушыларға   да   айтып   түсіндіріп   жатты.   Берілген   тапсырманы   барлығы   тез   бітіруге   ат   салысты.
Олардың  оқуы  туралы  ақпарат  алу  үшін   мен  келесі  әдістерді  пайдаландым: бақылау,  сауалнама,
жұмыс    және  сұхбаттасу кезіндегі    бейнежазбалар,   балалардың    жеке     және    топпен   орындаған
жұмыстары, фотодеректер   мен рефлексиялық   парақтар. Бұл   деректер   бойынша   оқушылардың
топтық  жұмыс  арқылы  қалай  өзгергенін  байқап, әр  сабақтан  соң  төмендегідей  кестені  толтырып
отырдым.
Деректер  түрі
Үлгерімі
жоғары оқушы
Үлгерімі
орташа оқушы
Үлгерімі
төмен оқушы
Бақылау:
-
Топтық   жұмыс   кезінде   өзара
әрекеттестіктің саны
-
Топ   жұмысының   нәтижесіне
қосқан  үлесі
1 бақылау
2 бақылау
2 бақылау
1 бақылау
2 бақылау
2 бақылау
Сауалнама
-
Дәстүрлі үлгідегі сабақтар
-
Жаңа үлгідегі сабақтар
1 сауалнама
1сауалнама
1 сауалнама
1сауалнама
1 сауалнама
1сауалнама
Бейнежазба:
-
Топта
 
жұмыс
 
кезіндегі
бейнежазба үзінділері
-
Қорғау     кезіндегі   бейнежазба
үзінділері
Ия
Ия
Ия
Ия
Ия
Ия
Сұхбат:
-
Топта бірлесіп жұмыс істегеннен
кейін
-
Зерттеу
 
 
сабақтары
аяқталған  соң
Ия
Ия
Жоқ
Ия
Ия
Ия
Фотодеректер:
-
Топта   бірлесіп   жұмыс   істеу
барысында
-
Постерді қорғау барысында
Ия
Ия
Ия
Ия
Ия
Ия
Оқушылардың  жұмыстары:

Жасаған  постерлері

Семантикалық карталары

Шешкен  жұмбақтары
2
1
1
2
1
1
1
1
1
Бермағамбетова Аягөз Қибатқызы 
Қ.И.Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, 
бірлестік жетекшісі Пед.өтілі – 32жыл Санаты — 1  
Бастауыш сынып бірлестігінің шығармашылық есебі
Тақырыбы: «Инновациялық технологиялар бәсекеге қабілетті білім беру негізі»
Мақсаты: Мектеп мұғалімдеріне жан-жақты әдістемелік көмек көрсетіп, олардың ұстаздық іс-
тәжірбиесін терең меңгеруін қамтамасыз ету.
Міндеті: Өз бетімен шығармашылық іс-әрекет жасай алатын, сыни ойлай алатын жеке тұлғаны 
қалыптастыру.
«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Қазақстан 
Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бүкіл 
елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» делінген. 
11

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Сондықтан, қазіргі білім беру тәжірибесінде білім мазмұнын сараптай отырып, оқу материалын 
жеңілдетуді, оқушының негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағдарланған, жаңа оқу 
технологияларына негізделген жаңа білім сапасына қол жеткізуді көздейтін білім мазмұнын құру 
білім беру жүйесінің барлық саласында күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналып отыр.
Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің тиімділігінің басты көрсеткіші білім сапасы.
Мұғалімнің негізгі міндеті оқушыны білімге өзбетінше ізденіске және шығармашылық жұмысқа 
баулу болып табылады.
«Біз бүкіл елімізде Әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге 
тиіспіз» делінген.
Оқу тәрбие жұмысын жүзеге асыру мақсатында бастауыш сыныптар бойынша 2 бірлестік жұмыс 
жасайды.
Бірлестікте 30 мұғалім бар. Мұғалімдердің сапалық құрамы төмендегіше.
Білімі Санаты
Жоғары Арнаулы орта Жоғары І санат ІІ санат Санаты жоқ
28 2 4 10 9 7
Мұғалімдер сапасы – 46,6 пайыз.
Биылғы оқу жылына арналған бірлестік жұмысының тақырыбы, мақсаты өткен оқу жылының 
қорытындысы, бірлестік мүшелерінің функциональдық міндеттері бөлініп бірлестік отырысында 
таныстырылды. Биылғы оқу жылына мектепалды даярлық тобына – 134, бірінші сыныпқа – 171 
оқушы қабылданды.
Күні кеше меткеп табалдырығын аттап отырған оқушылардың алғашқы қадамдары, білімге деген 
ынтасы, мектеп ережесіне дағдылануы, жаңа ұжымға бейімделуі, танымдық қабілеттері дамыған жеке
тұлғаны қалыптастыру деңгейін негізге ала отырып 15-20 қазан аралығында «Оқушылардың базалық 
білім мазмұнына қойлатын талаптардың орындалуы» тақырыбында әдістемелік тәжірибе алмасу 
семинары болды.
Семинар мақсаты: мектепішілік бақылау қорытындысы бойынша ұсыныстардың орындалуын 
бақылау. Тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек мақсатындағы семинар апталықта 12 сынып ашық 
сабақтары мен сынып сағаттарын өткізіп қорытындыланды.
Әдістемелік кеңестің жеке пәндері бойынша Кіші жастан бастап ғылыми зерттеу жұмыстарымен 
айналысып жүрген «Мен зерттеушімін» шығармашылық топтары құрылып, төмендегіше бекітілді:
1.Садықова Әлия Құспанқызы – жоғары санатты бастауыш орыс сыныбының мұғалімі. 
Педагогикалық өтілі – 33 жыл. Шығармашылық жұмыс тақырыбы: «Развивать исследовательное 
способности учеников»
2. Сапанова Жаннат Закирқызы - бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі. Педагогикалық өтілі – 
16 жыл. Шығармашылық жұмысының тақырыбы: «Зерттеу оқыту арқылы оқушылардың 
интелектуалды қабілетін дамыту».
3. Құспанова Гүлзада Байболатқызы – екінші санатты бастауыш сынып мұғалімі. Педагоикалық 
өтілі – 21 жыл. «Жеке тұлғаны шығармашылық жұмысқа баулу тәжірибемнен» тақырыптарында 
шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген, алдыңғы қатарлы мұғалімдер тобы зерттеу жұмысымен 
айналысады.
Бұл топтағы мұғалімдер қалалық, облыстық републикалық байқауларға қатысып жүлделі 
орындарға ие болып жүр.
«Ерте жастан зерттеу» ғылыми жобалар байқауы бойынша қалалық білім бөлімі №27 орта мектепте
2012 жылдың 19 қазан күні іріктеу жұмысын ұйымдастырды. Бұл байқаудан 3 «в» сынып оқушысы 
Нұрымжанов Нұрхан өз жұмысын қорғап «Алғыс хатпен» марапатталды.
2012 жыл 20-21 қараша күндері 4 сынып оқушылары арасында мектепішілік пән олимпиадасы 
өткізілді. Пәндік олимпиадаға екі пәннен 36 оқушы қатынасты. Мектеп директорының бұйрығымен 
құрылған алқа мүшелері сайланды. Байқауға қатынасқан оқушылардың жұмыстары жан-жақты 
тексеріліп ең жоғарғы көрсеткішке ие болған екі оқушы қысқы қалалық олимпиадаға жіберілді. Олар:
4 «а» сынып оқушысы математика пәнінен Джуламанов Әлішер пән мұғалімі А.Ақтөре, сонымен 
қатар 4 «б» сынып оқушысы Сатыбаева Назым ана тілі пәнінен сынып жетекшісі Г.Амирова.
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өмірімен қызметіне 
арналған «Өнегелі өмір» атты апталық өткізілді. Оған 2-4 сынып оқушылары қатысты. «Әрқашан күн 
сөнбесін тақырыбында 1 сыныптар арасында сурет байқауы өтті. 2-3 сыныптар арасында «Мен ілімді 
12

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жырлаймын» көркем сөз оқу байқауы болды. Онда 26 оқушы қатысты. Мақсаты: Оқушылардың 
сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып, көркем сөйлей білу дағдыларын жетілдіру өз елін, жерін 
сүюге, құрметпен қарауға баулу. Осы аптада 4 сынып оқушылары тәрбие сағаттарын өткізді. 1) Ұлт 
көшбасшысы Н.Назарбаев. 2) Елбасы – ел игілігі үшін. 3) Кемеңгер Елбасы – ырысы елімнің. 4) 
Елбасы - ел бірлігі, ел сенімі. 5) Есілдің бойына ел қондырған елбасы. Қатысқан оқушыларға мектеп 
әкімшілік атынан «Алғыс хат», «Диплом» табыс етілді.
Жас мұғалімдерге әдістемелік көрсетіліп, шығармашылық семинар, байқауларға қатынастыруды 
ұйымдастыру жұмыстары да жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Жас мұғалімдер қатарына: 
Т.С.Степанова мен А.Қарасаева кіреді. Олардың педагогикалық өтілі 1-3 жыл аралығында.
Мектепішілік «Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауына Сапанова Гүлнар қатысып, қалалық 
байқауға жіберілді. Қалалық байқаудан «Алғыс хатпен» марапатталды.
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастырудың негізгі бастауыш сыныптарда екенін 
жете түсінген педагогикалық ұжым мүшелері әр сабағына жан-жақты үлкен дайындықпен, ізденіспен 
ең алдымен оқытудың тиімділігін жеке тұлғаға бағытталған дамыта оқыту, саралай оқыту, сын 
тұрғыда оқытуға басты назар аударып мұғалімдер идеялық-теориялық және әдістемелік деңгейін 
көтеруді міндет етті. 2012-2013 оқу жылында кәсіби санатын көтеру және бекітуге төрт мұғалім 
өтініш берді. Олар:
1. Қарағойшиева Сара – жоғары санатты сақтау
2. Аубекерова Гаухар – ІІ санатқа
3. Жаңабаева Айгүл – ІІ санатқа
4. Дүйсенова Анаргүл – ІІ санатқа
7 желтоқсан күні мектепішілік педагогикалық оқу болды. Оған 2 «д» сынып жетекшісі 
Қарағойшиева Сара қатысты. Шығармашылық жұмыстары тыңдалып, қалалық педагогикалық оқуға 
жіберілді.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепішілік пәндік олимпиадасы 8 желтоқсан күні өтті. 
Әділқазылар тағайындалды. Оған 12 мұғалім қатысты. Үш кезеңнен тұрды.
1-кезең: Өзін-өзі таныстыру 3 минут
«Көркем сөз» мәнерлеп жатқа айту
2-кезең: Эссе жазу 15 минут
3-кезең: Заңнамалар, психологиялық, педагогикалық сұрақтар, математика, дүниетану, ана тілі 
пәндерінен 20 тест сұрақтары берілді.
Әділқазылар алқасы әр кезеңнің жұмыстарын тексеріп, бағалап бағасын берді. Бұл байқаудан 
Сапанова Гүлнар, Құспанова Гүлзада, Жолдасова Сәуле өздерін жоғары дәрежеде көрсете білді.
«Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2013» қалалық байқауында шығармашылық ізденістері және 
жаңашыл бастамаларымен танылған бастауыш сынып мұғалімі Құспанова Гүлайым Бас жүлдемен 
марапатталды.
Қалалық педагогикалық оқуда Қарағойшиева Сара І орынға ие болды.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру нәтижеге бағдарланған білім берудің бір жолы.
Облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының, қалалық білім бөлімі 
әдістемелік кабинеттің, ақпараттық технологиялар жаңалықтарымен таныстыру, білім жетілдіру 
курстарын, семинарларын ұйымдастырудың мұғалімдер үшін пайдасы зор. Сондай-ақ білім жетілдіру
курстарынан өтіп куәліктер мен сертификаттар алып, өз тәжірибелерінде қолданып жүрген 
ұстаздарымыз да бар.
Имашева салы - Жаңа форматтағы сабақтар бойынша ана тілі сабағынан Қ.Аманжоловтың «Туған 
жер» атты өлеңіне ашық сабақ өткізді. Сабақ мазмұны жаңа форматқа құрылған. Сыныпты тренинг 
бойынша топқа бөліп өткізді. Мұғалім сабағы жоғары дәрежеде бағаланды. «Өрлеу» ғылыми 
орталығы сертификатпен марапаттады.
Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектебінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталық акционерлік 
қоғамының филиалы «Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру 
институты» Жеке тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы және Атырау қалалық білім 
бөлімімен бірлескен «Құзыреттілік тәсіліне негізделген 12 жылдық білім беру моделі: мазмұны мен 
оқыту ерекшеліктері» атты тәрбие алмасу семинары өтті. Семинар үш бөлім бойынша өткізілді.
Оқыту технологияларын оқу мазмұны оқушыларды жас және психологиялық ерекшеліктеріне 
қарай таңдап тәжірибеде қолдана білу мұғалім шеберлігінің бір көрсеткіші болып табылады. 
13

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Мұғалімдердің шеберлігі жоғарылаған сайын, соғұрлым әрекет саласы да ұлғая бастайды. Бүгінгі 
күнгі жаңа талаптарды жүзеге асыруға қабілетті болмақ. Ендеше, ертеңгі ел болашағы – бүгінгі 
мектеп оқушысын қарқынды дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді тұлға етіп тәрбиелеуде 
жаңа технологиялық маңызы зор.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет