Семинар материалдары №1 45minut kz Республикалық ұстаздарға



Pdf көрінісі
бет21/25
Дата22.12.2016
өлшемі2,47 Mb.
#46
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

III. Қорытынды
   Қорыта келгенде,Орталық Азия елдерінде су ресурстарын бөлістіру мәселесі аса маңызды мәселе
болып келеді. Яғни аймақта су ресурстары ең маңызды табиғи ресурстарының бірі болып 
табылады.Оңтүстік Қазақстан облысының жасанды су объектілерінің дамуы,шектелген су 
ресурстардың бөлінуіне тәуелді.
 Оңтүстік Қазақстан облысының суғармалы ауыл шаруашылығының өнімдері мемлекет ішіндегі 
және шетел тұтынушыларға өте қажет,сондықтан қазіргі таңдағы суландыру жүйелері ескеруіне 
қарамастан облыс шаруашылығына өте қажет.
  Осы көз қарастан облыстың суландыру жүйелерінің сапасын әрі қарай дамыта отырып суғармалы 
егін шаруашылығын жаңа технологияларымен қамтамасыздандырып оның өнімділігін 
көтеру.Суғармалы ауыл шаруашылық әр қашанда кепілді өнім  беруіне байланысты оның келешегі 
маңызды болып келеді.
  Облыстың ауыл шаруашылығында егілетін дақылдардың өнімділігі жоғары деңгейге жеткізу үшін 
суландыру жүйелерін сапасын көтеру қажет.
  Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылықтың құрылымы өзгермеген жағдайда облыстың
суландыру жүйелерін тиімді пайдалану үшін суландыру жүйелерін жаңарту мәселесін қарастыра 
отырып бірнеше бір-бірімен байланысты мәселелерді шешу қажет,яғни жасанды су объектілерінде 
төмендегідей іс-шараларын жүргізу  дұрыс деп түсінемін:
-республика немесе облыс деңгейінде жаңа жасанды су объектілерді құру мәселесін қарастыру;
-облыс территориясындағы суғару жүйелерін есепке алу,яғни толық инвентаризация жүргізу:
-облыста су ресурстарын пайдалануда бағасын қайта қарастыру,әрі суды пайдалануға қарай суға 
төлем ақысы жүйелі түрде әр түрлі болу қажет;
-мемлекет тарапынан облыстың суландыру жүйелерін жаңартуға қаражат бөлініп,барлық іс-
шараларды өткізу,соның ішінде ең маңызды жұмыстар түрі:облыс территориясы бойынша 
коллекторлы-дренажды жүйелерді қалпына келтіру және қажетті аудандарда жаңа жүйелерді 
құру;суғаруға арналған каналдар мен егістік жерге су жеткізетін суландыратын торын жаңартып суды 
үнемдейтін түрлеріне келтіру (табанын бетондау,латоктар құру,пластикалық құбырларды қолдану 
т.б.);суғару кезеңдегі судың булануынан суды үнемдеу әдістерін енгізу(тамшы суғару,жер асты 
құбырлар арқылы суғару т.б)
-облыстың ауыл шаруашылығында егіс айналымын,агротехниканы тағы басқа іс-шараларын 
тәртіпке келтіріп,мүмкіндігінше суды аз талап ететін дақылдарға өту, жаңа сорттарды енгізу.
 Орталық Азия елдері арасында су ресурстарын бөлістіру мәселесі толық шешілмегенін есепке ала 
отырып,Оңтүстік Қазақстан облысындағы жасанды су объектілерін жаңару бойынша іс-шараларын 
жүргізу қажет, себебі ертеңгі күні судың жетіспеушілігі жасанды болу мүмкін.Сондықтан Көксарай су
қоймасының құру өте орынды болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 
 көрегендігімен 2008 жылы іргетасы қаланып, „ғасыр құрылысы” атанған Көксарай су реттегіші 
іске қосылғалы бері бұл қиындықтардың бәрі артта қалды.Ең бастысы,Қазақстан мемлекеті көршілес 
Өзбекстан,Тәжікстан және Қырғызстан республикаларына жазда су тәуелділігінен түпкілікті 
құтылды.
  IV. Пайдаланған әдебиеттер
1.Қорңасбаев Ж.,Қасенов Ш. Шөл жайылымдарды суландыру және игеру Алматы:Қайнар,1987.106-
1136.
2.Нұрғалиев К.Ауыл шаруашылығындағы ҒТП-Алматы:Білім,1978.263-2716.
3.Тұяқбаев Н.Т.Жер асты суларын пайдалану.Алматы:Қайнар,1982.218-2246.
4.Тазабеков Т.Т.Топырақтар географиясы-Алматы:Қайнар,2000.71-82б.
5.Сариров М.С. Мал жайылымдарын суландыру-Алматы:Қайнар,1979.36-446.
6.Достай Ж.Суармалы гектарлар-Алматы:Қайнар,1987.141-146б.
7.Абдуллин А.А.Геология и минеральные ресурсы Казакстан.Алматы:Ғылым,1994.
8.Масловской А.Д:Аргометеорологические прогнозы урожайности зерновых культур в Казахстане-
Москва:Наука,1980.39-42б.
9.Страшнова А.И.,Деревянко А.И. Агрометеорологические условия и урожайность 
сельскохозяйственных культур-Ленинград:Гидрометеоиздат,1991.
181

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
10.Мумнинова Ф.А. Агрометеорологические условия формирования урожая хлопчатники и других 
культур-Москва:Наука,1967.35-41б.
11.Ахмедсафина У.А. Артезинские бассейны Южного Казакстана-Алмата:Наука,1968.
12.Харченко С.И. Водно-солевой баланс орошаемых земель Южного Казакстана-
Ленинград:Гидрометеоиздат,1977.
13. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы - 
Егеменді Қазақстан №28. 2007ж.  4 – 5 беттер.
14.
Елшібай Ғ.Көксарай – ғасыр құрылысы. Онтүстік Қазақстан № 15. 2012ж.2 бет.
15.
  Маңғыстау ауданы. «Шетпе гимназиясының» директоры
Г. Нұрмағамбетова     
Мұғалімнің кәсіби біліктілігі-білім сапасының негізі
    Елбасы «Қазақстан -2050» стратегиясында жаңа қазақстандық патриотизм біздің көп ұлтты және
көп  конфессиялы  қоғамымыз  табысының  негізі   дей  келе   тәрбиелік  пен  тәртіптілікке,   өте   жоғары
этика   мен   кәсібилікке   ерекше   тоқталады.   Расында   да   әрбір   маман   иесінің   жоғары   мәдениет   пен
кәсібилігі – ел дамуының қайнар көзі десе, артық айтқандық болмас. Соның ішінде біз қозғалғалы
отырған мұғалімнің кәсібилілігі тәуелсіз еліміздің болашағы мен қауіпсіздігіне тікелей байланысты.
Себебі, - ұлттың жоқтаушысы мұғалім, тек қана мұғалім (Ата-түрік) екені айдан анық. Сондықтан
қазіргі   жаһандану,   ақпараттық   технологиялардың   қарқынды   даму   жолында   педагогтардың   кәсіби
біліктілігі   ауадай   қажет.   Кезінде   Шоқан   Уәлиханов:   «Елдің   елдігі-оның   тәуелсіздігі   мен   білім
жүйесінің  мықтылығында,»   деген  екен.Оның   үстіне,ел   аузында:   «Егер  адамды   адастырып  ұлттық
идеологиядан   жұрдай   қылып,   адами   құндылықтардан   аздырып,   мемлекетті   әлсірету   үшін-білім
жүйесін   қиратыңыз,бітті»-деп   айтылып   жүрген   пікір   тағы   бар.   «Edtech-KZ»   халықаралық   білім
орталығының   бас   директоры   Ғ.Бектайұлының   сөзіне   сүйенсек,тәуелсіз   сарапшылардың   дерегі
бойынша,   мектеп   оқушыларының   78%-ы   «мектепте   алған   білімінің   өмірде   қажетсіз   екенін»
айтса,85%-ы «үлгі тұтып сенім артатын бірде бір ұстаз жоқ» деп жауап қайырған екен.Бұл -әрине
ойландыратын жағдай... 
  Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында Елбасы тапсырмасымен мемлекет тарапынан
біршама жұмыстар жасалуда. Соның бірі 2011 жылдан бастап «Назарбаев зияткерлік мектептері»,
Дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығы. Кембридж Университеті мен бірлесіп,
әлемдік ең үздік білім беру бағдарламалары негізінде оқытатын педагог қызметкерлердің біліктілін
арттыру   курстарының   ұйымдастырылуы.   Бұндағы   міндет-мұғалімнің   әлемдік   оқытудағы   жаңа
182

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
идеяларды меңгеріп, үнемі өзін-өзі жетілдіруге, білім беру үдерісінің көшбасшысы болуға ынтасын
арттыру болып табылады. Яғни мұғалім өзінің жан-жақты кәсіби дамуына жол ашады. Ең бастысы
әлемдегі үздік практиканы меңгерген бұл мұғалімдер орта мектеп жүйесіне жаңаша леп әкеледі. Білім
беру   қызметінің   сапасын   жаңа   деңгейге   жеткізуге   тырысады.   Өйткені,   мұғалімдер   ғана   әлемдегі
барлық адамдардың ішінен үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Өзінің іс-әрекеттері басқаларға үлгі
болатындығын   біледі,   шын   мәнісінде   балаларға   жаны   ашиды.   Және   мұғалім   болу   ақшадан,
мәртебеден,   танымалдылықтан   артық   екенін   ұғынады   (С.Бич.   2012   жыл).   Аталған   деңгейлік
бағдарлама (бірінші) әлемнің қарқынды өзгерісін негізге ала отырып мектептегі мұғалімдерге «ХХІ
ғасырда оқушыларды қалай дайындауы керек?» деген мәселені шешуге  бағытталады. Мұғалімдер
жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана
емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша даралау және баланың бойында метасананы-қалай оқу
керектігін   үйретуді   қалыптастыруға   мән   бере   отырп,   оны   тұлға   ретінде   дамытуда   икемділік
танытулары тиіс (Schleicher, 2012) деп көрсетеді. Қазіргі дәстүрлі білім берудегі жаттанды әдістің
оқушының өмірінде тиімсіз екендіігін дәлелдейді. 
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім (Strong Word, & Grant,
2011)   екендігін  айта  келе,  адамгершілік  мақсатты  көздейтін мұғалімдер  өздерінің  әріптестері  мен
айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді. Олардың көңілінде талапқа
сай   оқыту   тұрады   (Frost,   2011)   деп   мектепте   мұғалімнің   көшбасшылығын   дамытуға   бағыттайды.
Сонымен   қатар   бағдарламаның   басынан   аяғына   дейін     мұғалім-   әділ   және   шыншыл   болу   керек
екендігін үнемі қайталап отырады. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге  қол жеткізген
анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына кеңінен тоқталады.
Сындарлы   оқытудың   мақсаты-оқушының   пәнді   терең   түсіну   қабілетін   дамыту,   алған   білімдерін
сыныптан тыс жерде, кез келген жаағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді деп түсіндіреді.
Ал,   мұғалімнің   сыни   ойлануы-оқыту   мен   оқу   тәжірибесіндегі   проблемаларды   анықтауға,   оны
шешудің   тиімді   жолдарын   табуға,   тәжірибеде   болып   жатқан   өзгерістер   жайлы   орынды
дәлелдемелерді жинап, жіктеуге және сенімді қорытындылар жасауға негізделетіндігін айқындайды.
Бірінші деңгейлі бағдарламасын игерген мұғалімнің негізгі функциясы-оқыту мен оқу тәжірибесіне
жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерін дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылады.
Рас,мектептерде   мұғалімдерге   басқаруға,   шешім   қабылдауға   жеткілікті   билік   пен   өкілеттілік
берілмейді, алайда, деңгей бағдарламасында көрсетілгендей мұғалім өзінің кәсіби және моральдық
беделіне суйене отырып,оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге көп ықпал ететіндігі анық.Және
мұғалімнің кәсібилілігі тек оқыту мен оқу да ғана емес,сонымен қатар өз әріптестерінің біліктілігін
арттыруға көмегі тиеді.Бұл әрине мектептің жан-жақты дамуына,білім сапасының өсуіне алып келеді.
            ---------------------------------------------------------------------------------------------
1 сынып оқушыларын сауат ашу кезеңінде 
оқу – жазуға үйрету жолдары
Р.К. Батаманова
№82 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Қызылорда облысы, Арал ауданы
Әліппе кезеңі – сауат ашудың негізі де жауапты кезеңі. Бұл мерзімде сауат ашудың бастаы мақсаты
– оқу мен жазуды үйрету жүзеге асырылады.
Сондықтан   оны   «сауат   ашу   кезеңі»   деп   атайды.   Сөздерді   оқу   мен   жазу   үшін   тілдегі   барлық
дыбыстар   әріптер   оқытылады.   Бұл   жөніндегі   ойландыратын   мәселе   –   сауат   ашуды   қандай
дыбыстардан, қандай буындардан және қандай сөздерден бастау керек екендігі. Сауат ашу ең оңай
дыбыстардан, ең оңай буындардан, ең оңай сөздерден басталуға тиіс. Өйткені «оңайдан қиынға қарай
жүру»  жалпы  оқу  теориясының  өзекті  принципі.   Басқа  тілдердегі  сияқты қазақ  тіліндегі   ең оңай
дыбысталатын дыбыстар – дауысты дыбыстар. Олай болатын себебі – дауысты дыбыстардың кіші
жастағы оқушылардың қабылдауын жеңілдететін мынадай ерекшелітері бар:
1.
Дауысты дыбыс өздігінен дыбысталады.
2.
Дауысты дыбыс буын жасайды.
3.
Дауысты дыбыс жеке тұрып та буын бола алады, ал мұның өзі дыбысты бөліп алып, 
дыбыстық талдау – жинақтау жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді (а-та, ә-же, е-лік, о-рақ, ө-рік, ұ-лу,
183

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
-ү-кі, ы-дыс, і-ні).
4.
Дауысты дыбыс буын құрамындағы дауыссыздардың дыбысталуына негіз болады.
5.
Дауысты дыбыстың буын соңында келуі буындарды сөзге жинақтауға бірден-бір қолайлы 
жағдай тудырады. Ондай буындар тұйыққа тірелмей, сөз еркін буындалып оқылады.
6.
Сөзді буындап оқу дегеннің өзі  - дауысты дыбыстар негізінде оқу деген сөз, өйткені дауысты 
дыбыссыз буын жасалмайды.
Сауат ашудың дыбыстық талдау   - жинақтау әдісі   бойынша сөз жеке дыбыстарды бөлек – бөлек
айту   арқылы   оқытылмайды,   буынға   бөлініп   оқытылады.   Өйткені   дыбыстап   оқу   дегеніміз   –
алфавиттегі әрбір әріптің жеке дыбысталуын өзара қосып оқу деген сөз. Мұндай жағдайда ешқандай
сөз  дыбыстарын  жасай  алмаған  болар едік.   Мысалы:  тақта   дегенді  «тақта»  деп  айтар  едік.   Олай
болатын   себебі   –   қазақ   тіліндегі   дауыссыз   дыбыстар   тек   дауысты   дыбыстардың   көмегімен
дыбысталатыны белгілі. Сондықтан сөздің оқудың өлшемі-буын. Демек, сауат ашу кезеңінің өзекті
мәселесі – сөзді алдымен буындап оқуға үйрету. Буынға бөлу – жас оқушылар үшін күрделі әрі ауыр
жұмыс, себебі буын жасау сөздегі дыбыстарды ретімен бір – біріне қоса салу арқылы орындалмайды,
ана тілінің буындық жүйесіне негізделіп жүргізіледі. Қазақ тілінде буынның негізгі екі түрі бар:  бірі
дауыстыға аяқталған буын (ашық буын), екіншісі дауыссызға аяқталған буын (тұйық буын). Аталған
буын түрлерінің әрқайсысы сауат ашу барысында сөзді буындап оқуға түрлі ықпал етеді.
Дауыссызға   аяқталған   буын   дауысты   дыбыс   сияқты   еркін   созылып   айтуға   келмейді,   тұйық
айтылып, буын соңындағы дыбыс кілт тоқталады, -----------------------
Дауыстыға   аяқталған   буын   дауысты   дыбыс   сияқты   созылып   айтылады,   сөзді   буындап   айтуды
оңайлатады, созылыңқы буын өзінен кейін келесі буын бар екенін аңғартады, яғни алғашқы буын
келесі буынның қосылып айтылуын тілеп тұрады. Мұндай жағдай буындарды бір – бірімен оңай
қосып, сөзі тұтас құрастырыпоқуды жеілдетеді.
Сауат ашу кезеңінде төмендегі міндетер орындалуға тиіс:
1.
Сөзге, буынға дыбыстық талдау жасау, дыбыстар мен  әріптерді таныту мақсатымен сөзден 
жеке дыбысты бөліп алу, бөліп алынған дыбыстың орнын, ретін анықтау, жеке дыбысты анық естіп, 
дұрыс дыбыстауды меңгерту, сөздің дауысты не дауыссыз екенін айқындау, дауысты дыбыстың буын 
жасауға негіз болатынын білдіру.
2.
Дыбыстарды буынға, сөзге жинақтау, буындардан сөз құрастырып айтуды меңгерту, суреттер 
бойынша сөз құрастыру.
3.
Әліппедегі жеке сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді дұрыс оқу машығын қалыптастыру, сюжетті 
суреттер бойынша сөйлем, әңгіме құрастыру арқылы оқушыларды байланыстырып сөйлеуге 
жаттықтыру.
4.
Жеке әріптерді дыбыстық талдау – жинақтау негізінде жазуға үйрету, жазу үлгілері бойынша 
жұмыс жүргізу, жазу каллиграфиясын бұзбай жазуға жаттықтыру, сөзді буынға бөліп және тұтас сөз 
ретінде жазуға төселдіру, оқулықтағы жеке сөйлемдермен қысқа мәтіндерді көшіріп және есту 
бойынша жазу машығын қалыптастыру.
Аталған міндеттерді орындау барысында сауат ашу кезеңіне Аталған міндеттерді орындау 
барысында сауат ашу кезеңіне қойылатын төмендегі әдістемелік талаптар жүзеге асырылады:
-
Сауат ашу кезінде сөздерді ондағы жеке дыбыстар арқылы әріптеп оқуға да жазуға да 
болмайды. Дыбыс сөздің материалдық негізі, алайда ол сөзді оқудың мөлшері бола алмайды. 
Мысалы, дала деген сөзді жеке дыбыстар арқылы айтсақ ондағы дыбыстардың қосындысы белгілі бір
мағына беретін сөз болмас еді. Сөзді оқудың ең кіші бөлігі дыбыс емес, буын. Сауат ашу кезінде сөзді
буындап айту арқылы жазуға жете мән беріледі. Мұның өзі оқу мен жазудың позициялық принципіне 
толық жауап береді.
-
Сөздің дыбысталу ерекшелігі оның мағынасын айқындайды, себебі әрбір сөздің құрамындағы 
дыбыстар бірдей емес, әртүрлі болып келеді. Мәселен, ата, әке деген сөздердің бірі а, т, а 
дыбыстарынан құралса, екіншісі ә, к, е дыбыстарынан жасалған. Сөздердің бір дыбысы өзгерсе, сөз 
мағынасыда өзгереді. Мысалы,
дана               қала             ана           тас           бөрік
шана              бала             ара           жас          көрік
-
Дыбысты талдау-жинақтау барысындағы ең күрделі нәрсе – сөзден бөліп алынған дауыссызды
жеке дыбыстау мен оны дауыстымен қосып дыбыстау. Дауыссыздар жеке тұрғанда ы – і дауысты 
дыбыстары арқылы айтылады: т
ы
, ш
ы
, к
і
, г
і
... Жеке тұрған дауыссыздарды ы – і арқылы ғана 
184

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
дыбыстаймыз. Дауыссызды дауыстыға қосып оқу қиындығын болдырмаудың ең тиімді жолы – 
буынды бірден үлгі бойынша тұтас дауыстай айту: бо – та, ке – ме. Сыныпта барлық оқушының бәрі 
бірдей буындап оқуға төселе қоймайды. Жеке дыбыс пен әріптің өзін ұмытып қалатын оқушы 
болады. Оларға әріпті нұқып көрсете бергеннен гөрі ойын түрінде көрсету нәтижелі екенін білдім. 
Мысалы: «Кел, танысайық» ойыны. П әріпін ұстаған бала: -
Кел, танысайық менің атым – П.
-Менің атым – Алдияр.
-Екеуміз достасайық.  Мені неге ұмыта бересің? Мені қайталап айтшы.
-п (бірнеше қайталайды)
-Енді сен маған хат жазып тұр, ол үшін мені қалай жазасың, көрсетші?
Оқушы тақтаға П п әрпін жазады. 
-Рахмет, енді кітап бетінде кездескенде мені ұмытпа.
Мұндай ойын арқылы дыбыс пен әріпті тез меңгеріп, буындап оқуға төселетінін байқадым.
-
Сауат ашу барысында сөздерді буынға дұрыс бөліп оқыту үшін мұғалімнің өзі буындық 
жүйені жете меңгеруге тиіс. Сондықтанда сөзді буынға бөлуде әрбір буынның дауыссыздан басталып,
дауыстыға аяқталуы ескеріледі. Мысалы, ба – ла – лар, жа – ңа – лық, та – уық.
-
Сауат ашудың алғашқы күнінен бастап сөзді оқыту саналы түрде жүргізілуі тиіс. Саналы оқу 
дегеніміз – сөздің лексикалық мағынасын түсіндіру үшін жетекші сұрақтар беруге  тиімді. Мысалы, 
ара деген сөзді оқып болған оқушыға «арамен не істейді?» немесе «ара балын жеп көрдің бе?» деген 
сұрақтар беру арқылы ара сөзінің екі мағынасыда түсіндіріледі.
Ал, «Сара» деген сөзді оқып болған балаға «бәздің сыныпта кімнің аты Сара?» деген сұрақты беру
арқылы Сара сөзінің адам аты екенін білдіруге болады. Сөз мағынасын түсіндіру заттардың суретін
көрсету,   мұғалімнің   түсіндіруі,   көрнекі   құралдар   арқылы   да   іске   асыруға   болады.   Оқушыларды
түсініп оқу мен  жазуға үйрету үщін сауат ашу сабақтарында алуан түрлі көрнекіліктерді қолдануға
болады, олардың негізгілері мыналар: суретті алфавит, сауат ашуға раналған заттардың суреттері,
буынға бөлінген сөздердің кестелері т.б. Бұл көрнекі құралдар тақтаның жанында үнемі ілулі тұрғаны
дұрыс.   Өйткені   балалар   үзіліс   кезінде   ойын   түрінде   пайдалануына   болады.   Мұғалім   бұл   жерде
сыртынан бақылаушы ретінде қызмет атқаруы қажет. Себебі, әр бала өз ойларын еркін айтып, бір –
бірін түзетеді. Мысалы: қасық суретінің астындағы қызыл, көк дөңгелекшелерде дыбыс қойғанда бір
оқушы төрт дыбыс айтып бесінші дыбысты таба алмай қиналады, қалған оқушылар оның қатесін
түзеп « қ а с қ» емес, «қасық» дейді. Мұның өзі балаларды дыбыстық талдауға үйретіп, қатесіз жазуға
дайындайтынын   байқадым.   Суретті   алфавитте   заттардың   суреттері   беріліп,   астына   оның   атын
білдіретін сөздің бірінші әрпі жазылады, қалған әріптер көп нүктемен белгіленеді.
Сөз сызбалары бар заттардың суреттері сауат ашу сабақтарында жиі қолданылады. Мұндада заттың
суреті беріледі, суреттің астына дыбысқа, буынға талданған сол заттың атын білдіретін сөздің 
сызбасы салынады. Мысалы, ботаның суреті астына бота деген сөздің буынға бөлінген сызбасы. 
Дауысты дыбыс әрпі қызыл дөңгелекшемен, дауыссыз дыбыс әрпі көк түсті дөңгелекшемен 
белгіленеді. Сызбаларда сөздің баспа және жазба түрде жазылуы көрсетіледі.
Сауат ашу кезеңінің алғашқы сабағынан бастап дыбыс пен әріп бір – бірінен бөлінбейтін бүтін 
нәрсе ретінде үйретілуі тиіс. Дыбыс айтылған соң, қолма қол оның таңбасы көрсетіледі, көрсетілген 
әріп қайтадан оқылып, дыбысталады. Оқу мен жазуға үйрету сөзге дыбыстық талдау жасау 
нәтижесінде әрбір дыбыстың дыбысталуерекшелігі мен оның сөздегі орын ретін анықтаудан 
басталады. Жазу, оқудан соң жалғастырыла жүргізіледі. Әріп пен жазуды үйрету мынадай тәртіппен 
орындалады:
-
Сөзге дыбыстық талдау арқылы керекті дыбыс бөлініп алынады да, жеке және хормен 
дыбысталады, дыбыстың баспа және жазба әріптері көрсетіледі.
-
Әріптің жазылу үлгісі көрсетеледі. 
-
Әріпті мұғалім өзі тақтаға жазып көрсетеді және әріп элементтері арқылы түсіндіріп 
көрсетеді.
-
Әріпті басқа әріптермен қалай қосып жазу керектігі үйретіледі.
-
Көркем және таза жазу талабы қойылады.
-
Әрбір оқушының жазуын мұғалім бақылап, түзетіп отырады.
Алғашқы жазу кезінде оқушының көңілі көп нәрсеге алаң болады, өйткені ол көптеген ережені бір 
мезгілге орындауға міндетті: партада дұрыс отыру, кеуде, аяқ, қол, шынтақтарды дұрыс орналастыру, 
185

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қаламды дұрыс ұстау, дәптерді 65
о
 көлбеу қою, жазуды дәптер жолынан асырмау, қалам ұшы мен 
көздің арақашықтығын 25-30см ұстап жазу, саусақтарды жазуға икемдеу т.б. Бұл әрекеттерді бәрін бір
мезгілде орындау жазу техникасын толық меңгеріп жазуға бөгет жасайды. Сондықтан аталған 
қиындықтарды жеңу үшін жазудың графикалық машықтарын әріптерді қосып, буын, сөз жазу 
машықтарын жетілдіру керек.
Сауат ашу кезеңінде жазудың 3 түрі жүргізіледі: көшіріп жазу, есту арқылы жазу, ойша есте сақтап 
жазу. Бұлардың бәрінде де алғашқы кезде жазу сөзді буындап айту арқылы орындалуға тиіс. Көшіріп 
жазу негізгі жазу түрі болып табылады. 
Көшіріп жазуда бірден оқулықтан көшіру балаға қиын әрі түсініксіз. Кей бала әр сөзді асты астына 
баған түрінде көшірсе, кейбіреуі сөздердің арақашықтығын ажырата алмайды, сөйлем ішінде 
кездесетін тыныс белгілерін қоюды білмейді. Сондықтан әуелі оқушы көшіріп жазуды мұғалімнің 
өзінен үйренгені тиімді. Ол үшін сөйлемді тақтаға өзім жазып сөйлемнің бас әріпінен басталатынын  
соңында  нүкте койылатынын айтып жазамын. Тақта жолына сыйғанша жазып, сыймаған сөзді 
буынға бөліп тасмалдауға үйретемін. Бұл кезде балалар мұғалімнің жазу мәнеріне  карап дәл сондай 
етіп жазуға үйренеді. Осындай жолмен оқушылар  кітаптан көшіріп жазуды тез меңгереді.
Есту және есте сақтау бойынша жүргізілетін жазулар алғашқы кезде оңай қысқа сөздерді жазудан 
басталады.
-
Кесте әріптері арқылы құрастырылған сөздің буындарын есте сақтау арқылы.
-
Таныс қысқа сөздерді есте сақтау арқылы жазу.
-
Суреттің астындағы көп нүктеге сөз тауып жазу.
-
Әліппедегі буынға бөлінген сызбалар бойынша сөздер жазу.
Мысалы,  Оқушылардың өз бетінше жазуына сауат ашудың алғашқы кезеңінен бастап үлкен мән
беріледі, өйткені жұмыстың бұл түрі – баланың болашақта байланыстырып жазылуының негізі. Бұл
кезде оқушы бір сөзді өз бетінше жазып шықса, оның өзі шығармашылық. Осы арқылы бала өздігінен
сөйлем, мәтін жазуға үйренеді. Бірінші жарты жылдықтың соңында 1 – сынып оқушылары 20-30
сөздік диктант мәтінін, 3-4 қысқа сөйлемнен тұратын мазмұндама, шығармалар жаза алатын болады.
Бірінші әріпті жазғаннан бастап, жазу көркем болуы тиіс. Жазудың көркемдігі, эстетикалық әсері,
ұқыптылығы мен тазалығы – жазу мәдениетінің өзекті бөлігі. Сондықтан қатесіз жазу қандай керек
болса, көркем жазуда сондай болуы қажет. Әрбір сабақта оқушының көркем жазуына мұғалім көмек
беріп отыруы тиіс.
Әліппе кезеңінде оқушылардың жалпы ой – өрісін, тілін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді. Онсыз
сауат ашу жұмысын баянды етуге болмайды. Бұл кездегі тіл дамыту 3 түрлі салада жүргізіледі: сөздік
жұмысы, сөйлем құрастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Сөздік   жұмысын   жүргізуде   2   түрлі   мақсат   алға   қойылады:   бірі     -   оқылған   сөздің   мағынасын
түсіндіру, екіншісі  - жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту.
Сөйлем   құрастыруға   үйрету   оқушыларды   өз   ойын   жүйелі   айтып   немес   жазып,   баяндауға
даярлайды. Бұл кезде сөйлем құрастырудың мынадай түрлерін пайдалануға болады:
-
Үлгі бойынша сөйлем құрастыру. Мысалы, ұшақ ұшты, сынып таза.
-
Сұраққа толық жауап алу арқылы сөйлем құрастыру. Мысалы,
-Торғай қайда қонды?
- Торғай бұтаққа қонды.
- Болат не істеді?
- Болат кітап оқыды.
Байланыстырып сөйлуге үйрету жұмыстары әрбір сабақ сайын жүзеге асырылып отыруы тиіс. 
Байланыстырып сөйлеу дегеніміз – оқиға мазмұнын жүйелі түрде баяндап шығу. Яғни, әңгімеге 
қатысты сөйлемдерді рет – ретімен айтып беру.
Мен сауат ашу кезеңінде әр дыбыспен әріпті үйрету кезінде оқушыларға байланысты өлең 
құрастыруға үйреттім. Әуелгі кезде оқушылар тосырқап, сөйлемдерді қалай ұйқастыру, өлеңдегі 
сөйлемнің бір – біріне байланысын мәнін ашуды түсінбеді. Келе – келе жекелеген мәтіндер бойынша 
да өлең шығара бастады. Солардың кейбіреуіне тоқтала кетейін.
Л дыбысына байланысты «Лақ» тақырыбына Сері Зарина
                               Секеңдейсің лақ,
                               Құлап қалма біріақ.
                               Шөлдеп қалып жүрме,
186

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
                               Ұйықтап алшы біруақ.
Д дыбысына «Доп»  тақырыбына Смағұлова Шахназ
                               Домалайда доп,
                               Жарылып қалма «оһ».
                               Тоқтап қалмай жолда,
                                Ұшыш келіп соқ.
деген өлең шығарса, мәтінге байланысты да өлең шығарған оқушылар болДЫ. Мысалы «кеме» 
мәтінін оқығанда Нұрланқызы Арайлым 
Кеме суда жүзеді,
Құмырысқа оны біледі.
Кеме тоқтап жағаға,
Құмырсқа аман жүреді.
Біз бұл өлеңдерді сабақ үстінде жаттап, сергіту сәтінде пайдаландық. Нәтижесінде балалардың 
өлең шығаруға ынтасы артты. Сабақ сайын өздері өлең шығаруға ұмтылып тұратын болды.
Сауат ашу барысында әрбір оқушының өзіндік ерекшелігін есепке ала отырып, жеке дара 
жұмыстар жүргізу арқылы сыныпта « артта қалушыларды» болдырмауға, жалпы оқушылардың 
белсенділігін арттыруға жете назар аударылады.
Бұл кезеңде жұмысты түрлендіріп отыру аса қажет, өйткені жеті жасар оқушы бір түрлі жұмысты 
орындай беруден жалығады, көп отыра алмайды. Сондықтан ой жұмыс кимыл жұмысымен және 
ойын түрлерімен, әңгіме, жұмбақ айтк, сурет салу жұмыстарымен алмастырып отыруды керек етеді. 
Сондай- ақ оқуды жазумен алмастыруға болады, сергіту минуттары дер кезінде жүргізіліп тұруы 
керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әуелбаев Ш, Наурызбаева Ә. Сауат ашу әдістемесі. 2012ж.
2. Ушинский К.Д. Таңдамалы педагогикалық шығармалары.1932ж.
3. Рахматова с. Қазақ тілін оқыту методикасы.1991ж.
4. Ысқақ Б. Тіл дамытудың ғылыми негіздері. 1997ж.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ – ДАРЫНДЫ  БАЛАЛАРҒА
Жақсылықова Жаңагүл Жасанқызы
                                                                                                        Арал ауданы №82 орта мектептің
                                                                                                       Информатика  пәнінің  мұғалімі
ІІІ деңгей
Бүгінгі   күннің  мәселесі  –  заман талабына  сай  ой-өрісі   жан-жақты  дамыған,   ұлттық  сана-сезімі
оянған, рухани жан дүниесі бай ел болашағын тәрбиелеу. Демек, бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен
оқушы   арасындағы   байланысты   субъективті   деңгейде   көрсетудегі   демократиялық   бастамалардың
барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі мұғалім тек пән мұғалімі емес, қоғам айнасы.
Білім   берудің   шынайы   мақсаты-адамға   белгілі   бір   білімді   жеткізу   ғана   емес,   сондай-ақ   оның
рухани, адамгершілік тұрғыдан дамыту. Бала өзінің руханилығымен, өзнің тазалығымен және өмірді
таза күйде қабылдай алуымен талантты. Елімізде білім беруді әлемдік деңгейге жеткізуде біршама ізгі
жаңалықтар   жасалып,   оқытудың   жаңа   технологиялары   іс-тәжірибеде   білім   саласында   жетістікке
жетуді негізгі үш міндетпен байланыстырады екен. Ол:
-
Ұстаздардан әрбір балаға тең дәрежеде көңіл бөлуді талап ету;
-
Педагогикалық кадр құрамының кәсіби деңгейінің жоғары сапасын үнемі бабында ұстау;
-
Мұғалімдік қызметке барынша дарынды жандарды тартылуына көңіл бөлу.
Қоғам қайраткері Д.Конаев: «Өмірдің екі тірегі бар: үйренуден жалықпау мен үйретуден аянбау»
деген ұлағатты дана ойлардан кейін әр ұстаз өзі тірбиелеп отырған шәкірт бойынан білімді тек жай
ғана игеріп қана қоймай, оны орынды жерге қолдана білуіне басты назар аудару өмір талабы екендігі
көрніс тапқандай.
Осы мақсатта, елбасының білім беру үдерісінде алға қойған жобасы Кембридж бағдарламасын
Қазақстанның білім беру жүйесіне енгізу. Бұл  аталмыш бағдарламаның  басты мақсаты – метасана
187

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
немесе  «Қалай оқу керектігін үйретуді»  (Flavell,1976; Vygotsky, 1978) жүйеге асыру және Оқыту
мен   оқудағы  жаңа   тәсілдерді   игере   отырып   «Диалог   арқылы  оқытуды»   (Merser,   1978;  Alexsander,
2008) пайдалану, оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыра отырып, талантты-дарынды балалардың оқу
үдерісіндегі   жетістіктерін   басқа   да   оқушыларға   ашық   түрде   үлгі   ету,   тапсырмаларды   жас
ерекшеліктеріне сай бере отырып, қалай оқу керектігін үйрету, алған білімді түсініп қана қоймай өз
өміріне   пайдалана     алуды     қалыптастыру   екендігін     мен,   осы   аталмыш   бағдарламаның   үшінші
базалық деңгейін оқыған кезімде көзім жетті. 
Дарынды   және   талантты   оқушы   кім?   Дарынды   және   талантты   оқушыларды   қандай   әдіс-
тәсілдермен оқытуға болады? 
Дарынды   бала   –   бұл   нақты   немесе   басқа   да   іс-әрекетте   ашық,   көрнекті,   анық   жетістіктермен
айшықталатын   бала.   Жалпы,   психология   мен   педагогика   ғылымында   осы   мәселеге   көп   көңіл
бөлінуде. И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын нақты атап өткен:
-
Ақыл-ой деңгейінің жоғарлығы ерте кезден байқалатын балалар.
-
Мектептің жекелеген пәндеріне және әртүрлі іс-әрекетіне қабілетті балалар.
-
Қабілеті айқындалмаған потенциалы бар балалар.
Дарынды   балаларды   оқыту   мен   тәрбиелеуді   ұйымдастырудағы   басты   міндет   –   балалардың
қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу. Ол үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау
және айқындау қажет:
  Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның
одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
          Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Баланы
заманына   қарай   икемдеп,   өз   заманының   озық   өнегесін   оның   санасына   сіңіре   білу,   оларды
шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.  Көп психологтар ой-өріс
дарындылығын  диагностикалау   үшін  мынадай   негізгі   функцияларды  өлшеп,   зерттеу   қажет  екенін
айтады: ой, зейін, ерік, қабылдау, есте сақтау. Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамыған
шағында нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеуге болады.
           Дарын адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Яғни, дарынды бала, асқан талант иесі.
Дарындылық   бала   бойындағы  алғырлық,   зеректік.   Менің   ойымша,   оқушының   бойындағы   ерекше
қабілеттін көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбек етіп, баланың ерекше
қабілетін   байқауда   күнделікті   сабақта,   тәрбие   жұмысында,   үйірме   жұмысында   оқушыны   үзбей
бақылап,   рейтинг   жүйесімен   білімін   қадағалай   отырып,   бала   бойындағы   дарындылықты   немесе
жүйелі білім алуға қабілетті жеке тұлғаны анықтауға болады. Оқушының дарындылығын анықтауда
төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:
                    - баланың отбасы жағдайын зерттеу;
                    - шығармашылық қабілетін анықтау;
                    - сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;
                    - ата-анасымен әңгімелесу.
          Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше  пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі
мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. 
Яғни, талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі арқылы
шығармашылық   қабілеттерін   дамыту   үшін   5-сыныпқа   информатика   бойынша  тізбектелген   әрбір
сабағымдағы мақсаттан нәтижеге жету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді  енгізе отырып, ашық және қалың
сұрақтар  ,  кеңейтілген,   құзырлылық тапсырмалар және  оқушылардың   ойлау  деңгейлерін дамыту
үшін Блум таксономиясы, топтық, жұптық және жеке жұмыстарды жоспарладым.
Яғни,   осы   орайда   оқушылардың   талантты   және   дарындылықтарын   анықтаумен   қатар,   олардың
санын көбейту мақсатында   жеке  тапсырманы Блум таксономиясы негізінде бердім.   Алғашқыда,
оқушылардың   тапсырманы   орындауы   бәсеңдеу   болса,   кейін   бірте-бірте   олардың   саны   ұлғайып,
бағалау   бөліміне   жеткен   оқушылардың   саны   1   оқушыға   артып   отырды.   Оның   себебі:   бұрынғы
дәстүрлі   жүйеде,   оқушыларға   тапсырмаларды   сыни   ойлауға   бағытталған   негізінде   бермейтініміз.
Демек,   оқушы   бір   сарын   негізінде   оқулықтағы   мәтінмен   ғана   шектеліп,   ауызша   сабағын   айтуға
дағдыланып   келді.   Ал,   қазіргі   таңда   оқушылар   сындарлы   оқу   негізінде   өз   білім   деңгейлерінің
қашалықты дәрежеде екендігін мұғаліммен қатар өзі де, формативті түрде өлшеніп отырады. Осы
тұрғы алынған Блум таксономия негізінде берілген тапсырмалар бойынша сыныптағы оқушылардың
талантты   және   дарындылық   қасиеттерінің   тапсырманы   орындау   барысында   арта   бастаған   мені
188

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қуантты.   Яғни   осы   кезге   дейінгі   Блум   таксономиясын   орындаған   оқушылардың   саны   бойынша,
нәтижесі төмендегі кесте негізінде болды. 
Оқушы саны
Білу 
Түсіну 
Қолдану 
Талдау 
Жинақтау
Бағалау 
13
13
13
12
10
3
1
Осы тапсырманы орындауда менің   байқағаным, талдау, жинақтау, бағалау деңгейінде оқушылар
саны кеми бастады. Бағалау деңгейіне жеткен оқушылар арқылы сыныптағы дарынды және талантты
балалар анықталды. 
Сабақта     сұрақ     қою,     деңгейлік,   кеңейтілген   тапсырмалар     берудің   өзі   оқушылардың     жас
ерекшелігімен    тығыз   байланыста    жүргізілді.  Яғни,  осы тұста  5 – сынып  оқушыларының  жеке
ерекшеліктері   мен   жас   шамасын   ескере     отырып     тапсырымалар   бердім.   Мәселен,   «Компьютер.
Компьютермен жұмыс» , «Пернетақта. Пернелер тобы» және «Мәтіндік редактормен жұмыс» атты
сабақтарымда   жеке   және   жұптық   тапсырмалар   беру   барысында   оқушылардың   сабаққа   деген
қызығушылығы     мен   олардың   талантты   және   дарындылық   қасиеттерінің   арта   бастағаны   көрніс
тапты.
Мысалы:   жұптық   жұмыс   негізінде     пернелердің   атқаратын   қызметтерін   толтыру   тапсырмасын
бердім. Осы тапсырма аясында оқушылар жұптаса тапсырманы орындады. Жұптық жұмыс дайын
жауап үлгілері арқылы формативті бағаланды. Яғни, жұптық жұмыс кезінде оқушылар жұптасуда
қызығушылық қасиеттері басымдылыққа ие болды. Өз достарымен біріге орындаған тапсырмаларын
дайын   жауап   үлгісі   ретінде   бағалауда     да   көрніс   тапты.   Осы   тұста,   оқушыларға     кеңейтілген
тапсырмалар бердім.
Оқушылардың   кеңейтілген   тапсырмаларды  дайын   жауап   үлгілері   арқылы   өз   –  өздерін   жұптаса
тексерді. Менің байқағаным, А деңгейіндегі «А» есімді оқушымен жұп болған «Ә» есімді оқушы
кеңейтілген   тапсырманы   орындауда,   барлық   жауабының   дұрыстығын   көріп   қуанды.   Ал,   төмен
деңгейлі  оқушымен жұп болған «Д» және «Қ» есімді  оқушылардың жауаптары толық болмағаны
байқалды.   Осы   тұста   оқушылардың   жұмыстарын   қайта   тексеру   барысында   менің   байқағаным,
кеңейтілген тапсырмаларды орындауда төрт жұптың тапсырманы дұрыс орындағанын, қалған екі жұп
орташа   деңгейде   жауап   бергенін   анықтадым.   Яғни,   оқушылар   жұптасып   тапсырма   орындауда   да
мотивациясы төмен оқушылардың сабаққа араласуына қызығушылық пен жұптасып жұмыс жасауына
ынталанатыны   байқалды.     Оқушылардың   жұптық   жұмыстан   кейін,   жеке   жұмыс   негізінде
құзырлылық   тапсырмалар   ұсынылды.   Осы   жұмысты   қайта   тексеру   барысында,   байқағаным
оқушылар құзырлылық тапсырманы орындау барысында тұжырымдамаларын дұрыс таба білгенімен,
жауаптарға түсініктеме жаза  алмағандары көрніс тапты.
Яғни, мәтінмен танысумен қатар, берілген тұжырымдамалардың иә және жоқ жауаптарын  белгілей
отырып, ескерту бөліміне жоғарыда берілген тұжырымдамаларға, неге «иә» неге «жоқ» деп жауап
бергеніне түсініктеме жазады. 
Менің байқағаным,   құзырлылық тапсырмаларды орындауда сыныптағы 13 оқушының барлығы
толық орындаған.  Бұл  сынып оқушыларының  100 пайызын құрайды. Ескерту бөліміне түсіндірме
жазған   7 оқушы,   58 пайызды құрады. Бірақ, осы оқушылардың   ішінде нақты түсініктеме жаза
білген 3 оқушы анықталды.  Ол сынып оқушыларының 23  пайызын  ғана  құрады.
Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсене жұмыс істеп қоймай, барлық баланың дамуы
үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілетті жеткен жерге дейін  еңбек етуін  ойластырғанымда ғана , әр
оқушының оқуға  деген қызушылығы артатыны көрніс тапты.
Дарынды оқушымен жұмыс істетін мұғалімге қойылатын педагогика-психологиялық талаптарды
мынадай кезеңдерге бөлуге болады. 
Дарынды оқушылармен жұмыс жасауыма қойған талаптарым: 

оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-       қатынаста
болу;

дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығу таныту және тиімді әдіс-тәсілдерді талмай
іздеу;

дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнату;

дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылу;

қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
189

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы

 дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа
көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

 дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алу;

оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алу;

 оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білу;

дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік ету.
Демек, Кембридж бағдарламасының нәтижесінде менің байқағаным, оқушы мен ұстаз арасындағы
шынайы   қарым-қатынас   орын   алғандықтан   өз   сабағымда   жоғары   нәтижеге   жетіп,   балалардың
көтеріңкі көңіл күйінің куәсі бола алдым. Бұрыңғы дәстүрлі жүйеде, үш немесе төрт –ақ оқушыдан
сабақ сұрап, үлгерімі төмен оқушыларға онша назар сала бермейтін болсам, ал қазіргі таңда, үлгерімі
орташа оқушылар өз достарының алдында қате айтып қалам деп қысылмай, өз ойларын айта білуге
үйренуде.   Сонымен   бірге   сыныптағы   әр   оқушының   пікіріне   құрметпен   қарап,   балалар   сабақ
үлгеріміне   қарамастан,   кез   келген   тақырыпта   берілген   сұрақтарға   өздерінің   құнды   ойларын   қоса
алатындығына көз жеткізді.  
Осылайша Бағдарламаның жеті модулін қолдана отырып өткізген сабағымнан-ақ өз мамандығыма
деген сүйіспеншілігім арта түсті.  
        Қорыта айтқанда, қабілетті, дарынды оқушыларды дәл таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға
ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімдерін және пәнге деген қызығушылығын арттыра білуіміз
керек.   Ең   бастысы,   оқушының   табиғи   талантын   одан   әрі   дамытып,   ерекше   қабілеті   бар   баланы
дарындыға   айналдыра   білуіміз   қажет   деп   ойлаймын.   Сонда   ғана   өз   қабілетінің   арқасында
бәсекелестікке, көшбасшылыққа, түрлі байқаулар мен конференцияларға қатысуға ұмтылысы жоғары
дарынды балалар саны көбейері сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үшінші (негізгі)деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектебі»  
ДББҰ, 2012 ж.
2. Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов «Информатика» 5 –сынып оқулығы. «Арман-ПВ» 
баспасы. 2013жыл.
3.  Информатика негіздері» ғылыми –әдістемедік журналы . 2013 жыл. №3 75-бет.
4. «Мектеп-45 минут» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы. 2014ж. №1. 40 бет.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
СТО бағдарламасы стратегияларының оқушы
 білімін дамытудағы жаңаша әсері
Қызылорда облысы Арал ауданы № 82 орта мектеп. 
География пәні мұғалімі. Директордың оқу ісі жөніндегі  
орынбасары, Нұрлан Ерғалиұлы Көптілеуов
 Қазіргі заманның қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми зерттеу барысында
дамытуды талап етеді. Оқушыларға білім берумен қатар оларды жан-жақты дамытылған парасатты
азамат ретінде қалыптастыру, тиісті мамандыққа бағдарлау оқу-тәрбие үрдісіндегі мақсат.
Оқушыларға берілетін барлық оқу-тәрбие жұмыстары сабақ үрдісінде жүзеге асырылғандықтан,
мұғалімнің сабақ барысында алға қоятын негізгі мақсаты-оқушыларға терең де тиянақты білім беру.
Бұл мұғалімнен үнемі ізденіп, озық тәжірибені үнемі пайдалануды талап етеді. Теориялық білімді
игеру   және   оны   іс   жүзінде   лайықты   үйреткенде   ғана   оқушылардың   алған   білімі   мен   біліктілігі
шынайы да нақты қалыптасады.
«Қазақстан республикасының 2015 жылғы дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында орта
білімберудің мақсаты-алған білімнің, кәсіби дағдылардың негізіңде өмірдің өзгермелі жағдайларда
еркін   бағдарлай   алатын,білім   арқылы   өз   мүмкіндіктерін   іске   асыруға,   өзін-өзі   дамытуға   және
адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру
екендігі көрсетілген.
Қ.Р   «Білім   туралы»   Заңында   «Білім   беру   жүйесінің   басты   міндеті   ұлттық   және   азаматтық
190

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың технологияларын енгізу;
білім   беруді   ақпараттандыру,   халықаралық   ғылыми  коммуникациялық   желілерге   шығу»  деп  білім
беру   жүйесін     одан   әрі   дамыту   көзделген.   Бұл   міндетерді   шешу   үшін   мектеп   ұжымының,   әр
мұғалімнің  ізденісі  арқылы барлық  жаңалықтар  мен қайта   құру,  өзгерістерге  батыл  жол ашарлық
жаңа тәжірибе, жаңа қарым-қатынсқа өту қажеттілігі туындайды.
  Қазіргі   таңда   мектеп   қабырғасында   оқушыларға   сапалы   білім   беруде   оқытудың   жаңа
педагогикалық технологияларын қолдану әр мұғалімнің басты құралы болып отыр. Дамытылған әлем
елдерінде   әдіс-тәсілдер   мен   озық   технологиялар   бұдан   45-55   жыл   бұрын   игеріле   бастады.
Қазақстанда негізінен 1993 жылдан бастау алады.
Елбасы   Н.Ә.Назарбаевтың   «Қазақстанның   болашағы   бүгінгі   жастар   Сіздер   оларға   қалай   білім
берсеңіздер,   Қазақстан   сол   денгейде   болады»   деген   сөзі   еліміздің   ұстаз   қауымына   үлкен
жауапкершілік жүктелгендей. 
Қазіргі   қолданыста   жүрген  оқытудың  жаңа   педагогикалық  технологиясы  жаңадан  пайда   болған
дүние емес. Оның негізі бұрыннан қалыптасып, зерттеліп, талданып өмір талабына сай келетіндері
қазіргі деңгейде бізге жетіп отыр.
Әрбір   мүғалім   шығармашыл   жұмыс   жасаған   жағдайда   ғана     еліміздің   саналы,   дарынды
азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндігі бар.Шығармашыл іздену-мұғалімнің еңбегіне,  біліміне,
ой-өрісінің  толысуына   көп  көмегін   тигізеді.     Бүгінде   мұғалімдердің  басты   міндеті-педогогикалық
технологиялар арқылы оқушының интелектуалдық шығармашылық денгейін жоғарылатып, жекелігін,
тұлғалығын қалыптастыру. Сабақта технологиялар қолдану мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырып,
шығармашылық   әрекеттің   биігіне   көтеруіне   ықпал   етеді.Сын   тұрғысынан   ойлауды   дамыту
бағдарламасы барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым
бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауды сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж
Соростың ашық қоғам институты, «Сорос Қазақстан» қоры арқылы келген. Аталмыш бағдарламаның
ішкі   құрылымында   ерекшелік   бар.   Бұл   құрылым   3   денгейден   тұратын   оқыту   мен   үйретудің
моделі.Сын   тұрғысынан   ойлау   бағдарламасы   қызығушылықты   ояту,   мағынаны   тану,   ой   толғаныс
кезеңдерінен түзіледі. Бағдарлама 80-ге жуық стратегиялардан тұрады. 
Сын тұрғысынан ойлау сыни ойлау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтыратын ойлау деп білеміз.
Бұл  жобаның  ішкі   құрылымында     ерекшеліктер  бар.   Бұл   құрылым   3-денгейден  тұратын  оқу  мен
үйренудің үлгісі. Көп ақпаратты, талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
І, Қызығушылықты ояту.
А) Оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады.
Ә) Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі артады.
Бұл кезеңде оқушылардың бұрынғы білетіні мен жаңа білімін ұштастыруынан тұрады. Бұл ойды
қозғау, ояту ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету кезінде жүзеге асады. Осы кезеңнің екінші
мақсаты –үйренушінің белсенділігін ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға
жазады.   Жұбы   мен   тобы   мен   талқылайды.   Оқушы   ойын   осылайша   шыңдауға   мүмкіндік   туады.
Сабақтың екінші кезеңі.
ІІ Мағынаны тани білу. Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімі мен ұшырастыра түседі. Оқушы
жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушының
өз бетімен жұмыс жасап белсенділік танытуына жағдай жасалады.
ІІІ. Ой- толғаныс.
Оқушылар байқаған ақпараттарды өз сөзі мен өз ойымен тартымды жеткізіп, өз ара пікір алмасады.
Оқушылар осы кезеңде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді. Толғануды тиімді етуге
лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Автор орындығы», «Эссе», «Семантикалық
карта»   стратегияларының   лайықтысын   таңдаймын.   Осы   түста   әр   оқушы   өз   шығармашылығын
көрсете   алады.   Бір   сабақтың   үстінде   бірнеше   стратегияларды   қолдану   шарт   емес.   Басты   мақсат-
тақырыпты толық ашып, меңгерту. 
Осы жобамен жұмыс істей жүріп жақсы нәтижеге жету үшін мұғалімге не керек?
-Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін шығармашылық, уақыт, шыдам, сабыр, парасат керек;
-Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға, еркін ойлауға мүмкіндік беру;
-Әр түрлі идеялар мен пікірлерді тыңдай білу;
-Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау:
191

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
-Сын тұрғысынан ойлауды бағалай алу;    
Мұғалім осы мүмкіндіктерді жасай алғанда ғана оқушылар мынадай нәтижелерге жетеді:
-сенімділік пен жұмыс істейді;
-бар ынтасымен оқуға беріледі;
-пікірлерді тыңдап, құрметтейді;
-өз пікірін ашық білдіре алады;  
-сабаққа белсенділігі жоғары өздігінен жұмыс жасауына дағдыланады;
-кітаппен толық жұмыс жүргізіледі;
-бір-біріне жүйелі сұрақ қоюға тырысады;
-бір-біріне көмектесе жұмыс жүргізуге дағдыланады;
-бірінің білмегенін екіншісі толықтырып көпшіл болуға тәрбиеленеді;
-сабақтың әр бір мазмұнын тиімді пайдалану нәтижесінде үй тапсырмасын орындауға аз уақыт
жұмсалатын болады. 
-жеке дара жұмыс жасап ізденетін оқушылар көппен, яғни топпен бірге жұмыс істегенде шешуші
бір мақсатқа нәтижеге жеткендігін түсінеді. Өзара қарым-қатынастары нығая түседі.
-Бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде оқушылар шағын топтағы жұмыс өнімін көрсете алады.
-Ортақ пікірлерді ортаға салады , түйін жасайды.
-Әрбір оқушы білімін толықтырады.
-Қорытынды шығарады.
1-кесте
СТО мен дәстүрлі сабақтардың
сараптамалық таблицасы
СТО сабақтарымда
Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмысты жақсы жүргізді
Белсенділік жоғары
Оқушының жеке жауапкершілігі басым
Қызығушылығын істе байқатады
Бір-біріне көмек, сыйлау қалыптасқан
Өз ойларын еркін жеткізеді
Сабақта көп жұмыс жасайды
Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері артты
Сабақта еркін сөйлеуге тырысады
Шығармашылық қабілеттері  артқан
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы.Бұл қандай жоба?
Бұл жобаның мақсаты-барлық жастағы сынып оқушыларының кез-келген мазмұның түсінікке сыни
тұрғыдан   қарап,   екі   ұйғарым   бір   пікірдің   біреуін   таңдауға   сапалы   шешім   қабылдауға   сабақтарда
үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту технологиясын сабақ үрдісінде қолдану
барысында төмендегідей  тиімділіктерге қол жеткізуге негіз болды.
 Әрбір пән мұғалімнің мақсаты-оқушының білім сапасын арттыру. Сабақта қолданылған оқытудың
әр түрлі формалары оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге қызығуын, сонымен қатар әр
жеткіншектің іскерлігін, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.   Осы
орайда   география   пәнінен   СТО   әдісі   негізінде   өткізілген  «Аустралия   Одағы»  тақырыбындағы
сабақтың үлгісін ұсынып отырмын.Бұл әдіс бойынша оқушылар білім денгейі мен қабілетіне қарай
жіктелмей, ұжым болып тақырыпты оқып, талдайды
География 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Аустралия одағы
Сабақтың мақсаты: 
192

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
а) білімділік: Аустралия Одағының географиялық орны.халық санын, ұлттық құрамын түсіндіру.
ә)   дамытушылық:  оқушылырдың   сабаққа   белсенділігін   арттыру,   ойлау,   сөйлеу,   есте   сақтау
қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелігі: ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Типі: Жаңа білімді меңгерту.
Түрі:. Аралас сабақ.
Әдісі: СТО бағдарламасының стратегиялары. Топтастыру, ББҮ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, жарты шарлар картасы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сынып оқушыларын түгелдеу.
ә) оқушы назарын сабаққа аудару.
б) сыныпты топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет