Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата22.12.2016
өлшемі6,37 Mb.
#49
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Көңіл  айту  өлеңі.  Көңіл  айту  кейде  естіртумен  бірге 

келеді. Ауыр хабар алғашқы рет естілетін жерде, құр ғана 

қайғының өзін айтып, жараның аузын ашып қоймай, қазақтағы 

бауырмалдық, туысқандық, жан күйерлік жолымен, соның емі 

сияқты, жұбату да айтылады. Бүгінгі күні қайғы болса оның 

орнын басатын, көңілге де медеу болатын екінші жұбаныш, 

екінші  бір  сүйініш  барлығы  да  айтылады.  Бұның  көбіне 

өзге  адамның  өмірінен,  өзге  қайғыға  түскен  зарлылардың 

тәжірибесінен  мысал  келтіріп,  сонымен  жұбантады.  Егер 

қайғы жаңа естіртілген болса, көңіл айту сонымен бірге айты-

лады. Бір-ақ рет айтылатын болса, көңіл айту қайғылы хабар 

естілген соң, уайым-шерге түскен жанкүйер жақынға жаны 

ашыған жанның бәрі айтатын жұбату сөздер.

Көңіл  айтудың  үстінде  бұрынғы  ақын,  бұрынғы  би 

сияқты қариялар, көбінесе дүниенің баянсыздығы туралы, 

тіршілікте  адам  басына  неше  түрлі  өзгеріс,  жаңалықтар 

келетіні туралы өзінше терең пікір, толғаулы сын айтады. 

Дүниеде  бір  халден  өзгермей  тұратын  тұрақтылық  жоқ, 

бүтіндігін  мәңгі  сақтап  тұратын  түгел  біткен  нәрсе  жоқ. 

“Тозбасты  ұста  соқпайды,  өлместі  құдай  жаратпайды” 

дейді. Дүниедегі жанды-жансыздың өмірін мысалға алып, 

бар адам баласының қауым тіршілігін алып, соның бәрінен 

еріксіз тоқтау қылып, ой түсірерлік мысалдар айтады. Терең 

ойлы, ақылды сөз қайғылының барлығын еріксіз көндіріп, 

*    Мен  айтушыдан  “Сексен”  Тезек  шығарған  ән  деп  естідім.  Қате 

деушілер болса, таласпаймын. Бұның өзіне арнаулы өлеңі бар еді, ол қолыма 

түспеді.


3–1248

34

дәлелімен жеңіп, қайғысынан айықтырғандай болады. Көңіл 

айтқан тоқтау түрде: “Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін 

тұлпар жоқ; жапырағы бүтін ағаш жоқ, бауыры бүтін алаш 

жоқ” деген сияқты жұбатулар бүкіл дүние толған қаза, бүкіл 

адам баласының барлығы қазалы екенін білдіреді. Сондықтан 

жұбанып, тоқтау қылу есі дұрыс адамға міндет сияқты бо-

лады.


Көңіл айту өлеңі де, бұрынғы қарастырған салт өлеңдері 

сияқты, сансыз көп өлең. Бұның да өте ескісі де, берірек заман-

да шыққан жаңа түрі де бар. Бізге көңіл айту өлеңінің түрімен 

танысу керек болғандықтан, солардың мысалына төмендегі 

Сүйіндік Едіге бидің Жәңгір ханға айтқан сөзін аламыз 

42

:



Ақ сұңқар ұшты ұядан, 

Іш мына асыңды!

Қол жетпейтін қиядан. 

Босатпа беліңді!

Қанаты бүтін сұңқар жоқ, 

Мұңайтпа еліңді!

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ. 

Тозбасты ұста соқпайды,

Көтер, хан, басыңды! 

Өлместі құдай жаратпайды.

Хан  басын  көтеріп  алып:  “Уа,  шырағым!  Қай  ұлсың? 

Арғында Едіге атты бір ұл бар еді, сол емеспісің”, — дейді.

— Сол болармыз, — деп жауап қайтарады.

Хан мұңын айтып, қайғым қайтсе жеңіледі деп сұрапты. 

Сонда Едігенің айтқаны:

Қайғың жиылған жұрттың тобында қалады 

Атылған мылтықтың оғында қалады,

Жүйрік аттың тұяғында қалады,

Аққан судың бойында қалады,

Сұлу қатынның қойнында қалады,

Қызық, мереке ойында қалады,

Істемесең, мойныңда қалады.



Дінмен  байланысты  өлеңдер

Салтпен байланысқан өлеңдердің бір алуаны дін салты, 

дін нанымымен байланысқан өлеңдер. Қазақта бұл өлең екі 

жікке бөлінеді:

1) Ескі діннің сарқыты болған өлең.

2) Ісләм дініне байланысқан өлеңдер.



35

Алғашқы  жікке  кіретін  наурыз  жайындағы  сөздер  мен 

бақсылардың сарыны.

Наурыз. Наурыз күн шығыс халқының көбінің мейрамы 

болған.  Солардың  ішінде,  әсіресе  көшпелі  түріктер  ара-

сында ең қадірлі, ең ұлы мейрам болып саналған. Наурыз 

бақташылық кәсібіне салынған елдің кәсіп мейрамы. Бүгінгі 

мал баққан қазақ сияқты, бұрынғы бақташы елдің барлығында 

амандық  тоқтығы,  бар  тіршілігі  табиғаттың  жалаңаш 

құшағында болған. Ауа райы барлық тілек пен тіршіліктің 

қожасы.  Сондықтан  жақсылық,  жаманшылық  жіберетін 

қорқынышы да, үміті де бір аспанға байланғандықтан, аспан-

ды “Тәңірі” деп, соны ұлы құдай көру ең ескі діндердің бәріне 

бірдей жайылған наным болатын.

Қыс кетіп, күн шырайы түзелген кезде, тәңірдей құдай 

ел  тіршілігіне  кеңшілік  әкелді  деп  есептеледі.  Сондықтан 

жазғытұрым, наурыздың кірген күні — жаңалық күні. Ескі 

ауыртпалықтың барлығы қыспен бірге кетіп, енді жаңа үміт, 

жаңа тіршілік есігі ашылған күн. Кәсіпке келген кеңшілік, 

шаруа соңындағы елдің де арқасын кеңітіп, бел асыратын, 

көңілін көтеретін. Сонда алты ай қыс қабағын түйіп, әлденеге 

соғары белгісіз болып келген тәңірідей иесінің иген күнінде 

ел де ағытқан қойдай жамырасып, көрден шыққандай жылап 

көрісіп, қуанышты келешекке үміт артып, бас қосатын.

Бұл мейрам, бері келген кезде, өнер тапқан елдер үшін 

бұрынғы  жанды  қызуынан  айырылса  да,  қазаққа,  соңғы 

заманға шейін мағынасын жоғалтқан жоқ. Сондықтан қазақ 

елі ұлы істің ұлы күнін көтерілген қуанышпен қарсы алатын. 

Өзге мейрамдардың ішінде жалпақ елдің нық байланысы бар 

мейрам осы болатын.

Бірақ берірек келгенде, ол мейрам ескі дін нанымының 

белгісін  жоғалтпай,  ылғи  ескілікке  елдің  наным,  ұғымын 

жабыс тыра берген соң, ісләм дінінің үгітшілері жоғалтуға 

тырысқан.  Сонымен  өте  ескі  замандағы  бағасы  бері  кел-

ген сайын кеми бастап, соңғы кезде мейрамдық бағасы да 

әлсірей  берді.  Бізге  қазақ  ескілігіндегі  әдебиет  жұрнағын 

ісләм дінінен арғы жерден жинау тіпті қиын. Осы күнде ол 

ескіліктердің ізі қалмай жоғалып кетті. Сондықтан наурыздың 

да дәл өз кезіндегі салтқа кірген дұғалық сияқты көп өлеңдері 



36

ұмытылған. Бүгінде ісләмнің қалың сүзгісінен өтіп келген 

болымсыз жұрнақтарына қарап қана арғы заманға болжау 

жасауға болады.

Қазіргі наурыз жайындағы сөздер сол күндегі ырымды, 

сондағы амандасу, көрісу сияқты ұсақ салтты, сол күндегі 

тілекті ғана білдіреді. Бірақ нағыз мейрамның өзіне арналған 

өлең әзір қолға түскен жоқ. Түсуі қиын да сияқтанады. Бүгінгі 

наурыз жайындағы өлеңдер мыналар:

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алсаң 

Сонда олжалы жол болар, —

деген ескі мақалды өлеңдер.

Және:

Ұлы істің ұлы күнінде,



Бай шығады балбырап.

Қасында жас жеткіншек,

Тұлымшағы салбырап.

Бәйбіше шығар былпиып,

Күндіктері қайқиып 

Келіншек шығар керіліп,

Сәукелесі саудырап.

Қыз шығады қылмыйып 

Екі көзі жаудырап,

Ақ бөкендей сырқырап,

Құл құтылар құрықтан

*

.



Күң құтылар сырықтан.

Кетік ыдыс шөміштің 

Түтіні кетер бұрқырап.

Сол күні құшақтасып көрісу туралы:

Амансыз ба, ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!

Кейбірі:


*  “Құл құтылар құрықтан” дегенді Керей Нысан деген кісі: “Құл, күңді 

азат  қылып,  босататын  байлар  болған”  деуші  еді.  Едіге  деген  ақсақал:  “сол 

күні қызметтен босанады” деуші еді”. Бұл Шәкәрімнің естуінше.


37

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Және:


Ұлыс күні кәрі, жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.

Шалдар бата беріскен.

“Сақтай көр” деп терістен.

“Кел, таза бақ, кел!” десіп,

“Ием, тілек бер!” десіп...

“Көш, қайрақан

*

, көш!” десіп!



“Көз көрместей өш!” десіп...

Және:


Есік алды қара су бойлағаным,

Жалғанның қызығына тоймағаным.

Көмілсе де кетер ме көкейімнен 

Қалқаммен ұлыс күні ойнағаным,

Наурызды қосқан ескінің бір өлеңі.

Кіші  жүз  Шақшақ  Жәнібек  кенже  қызын  бір  досының 

баласына  берген

43

.  Жәнібек  өлгенде,  сол  қыз  келіп  әкесін 



жоқтапты. Соның ішінде наурыз турасында мынадай өлең 

келеді:


Айналайын, әкекем!

Неге бердің кедейге?

Қанша ақылды десең де,

Кедейді кедей демей ме?

Байға берсең, әкекем!

Қазысы қарыс айғырды,

Сүбесі сүйем қошқарды,

Ұлыс күні соймас па ем?

Тамам сорлы тоймас па ең?

Жұп шырақ жағып қоймас па ем

**

.

Мұнда,  баяғы  заманда,  ұлыстың  ұлы  күні  қалың  елдің 



жаңа тілек тілейтіні көрінеді. Жұп шырақ жағу, кетік аяқ, 

*    Қайрақан  —  ескі  діндерде  әр  істің  бір  құдайы  бар  деген  наным  бар: 

жамандықтың иесі — “қайрақан” деген болса керек.

**  Жұп шырақ — тілек, намыз есепті құлшылығы.



38

кетік шөміш сындыру, көріскенде: “таза бақ, кел” деп, “Көш 

қайрақан, көш” деп аластау барлығы да сол заманның тілегі. 

Ескіліктің ізін сақтаған, ескі күнде аман болып, бүтін болып 

қалмай, сынып, жарылып қазаға ұшыраған нәрселер болса, 

оның  бәрінде  ескі  күннің  сарқыты  қалуға  мүмкін.  Онда 

иесіне  арнаған  жаманшылық  сөз  сақталып  қалуға  лайық. 

Сондықтан кетік ыдыстар сындырылады. Жұп шырақ жағам 

дегені аспаннан соңғы сөнгені от. Оттай иеге арналған тілек. 

Бұлардан басқа төрт көз итті өлтіру, моғал ошақ қазу болған. 

Барлығы да сол замандағы дін мейрамының шартынан туған, 

көпке бірдей салт. Сол күні не істелсе, барлығы да арнаулы 

өлеңмен,  арнаулы  тілек  сөздермен  істелу  керек.  Бірақ  сол 

сөздің бірде-бірі қолда болмағандықтан, сол турадағы сөзді 

шала қалдырамыз.

Бақсылардың сарыны. Ескі дін, ескі нанымның сарқыты 

болған өлеңдердің бірі — бақсылардың сарыны. Мысалы, 

Жаман бақсының сарыны

44

.



Уай, терегім, терегім!

Бір күніме керегім.

Бейбақтың оты жанбайды,

Бейшараның үйіне,

Шақырса қонақ қонбайды.

Арам ойлы жігіттің 

Жүрсе жолы болмайды.

Арық атқа қамшы ойнар,

Жыртық үйге тамшы ойнар,

Көбік қарда түлкі ойнар,

Қаулан көлде жылқы ойнар,

Аталы ұлдың қолы ойнар 

Шешесі өлген жетім қыз,

Ол сорлының басында 

Сірке менен бит ойнар.

“Мен, Жаманның ұлы Шақармын,

Көпті көрген мақармын!”

Ойбай да терек, уай терек!

Маған бір бәле тақалдың.

Жамансарт бақсының сарыны:

Болат бір пышақ жанға қас,

Қып-қызыл талға қинаса,



39

Ер жалғыз үй қонбайды 

Қатын бір шәйпау болмаса. 

Оңалтпақ дүние жоқ екен,

Ту жығылып құласа,

Айғыр айтып, ат айтып, 

Ағайыны аңыраса.

Сонда да тәңірім қоймайды-ау, 

Алуына ұнаса.

Әсіре бір таудан жол салған, 

Қойқаптан

*

 барып жол алған, 



Көкте екенін көрмеген,

Жерде екенін білмеген,

Атаса бойлы жатаған, 

Ажырыққа түйе матаған.

Әкесі өліп ас беріп,

Алпыс бір ала қоңыз атаған. 

Жарғыш, жында сен арсыз, 

Бейбақ, адамзатта мен арсыз”.

Берікбай бақсының сарыны:

Ал періңмін-періңмін,

Періленген серіңмін.

Қалың бір әйтек ішіңде,

Аз ауыл Бәкең болса да 

Таңдап бір қонған жеріңмін.

Өзім бір деген кісіге 

Өзегімді берермін.

Егескен жауым кез болса,

Ауызы бір қанды бөріңмін.

Кекіліктей жорғалап,

Қара бір қаным сорғалап,

Алладан әмір келгенде,

Өстіп бір жүріп өлермін.

Бақсы сарыны арнаулы күймен қобызға қосылып айтыла-

ды. Күй ән, жырдан бөлек. Ертеден келе жатқан күңіренген, 

толғанған суық сарынды боздауық күйлер. Көп бақсының 

жын шақырғанда тартатыны “Қорқыт күйі”. Бақсы атаулының 

барлығы да қобызбен Қорқыт күйіндей

45

 жат сезімді күйлерді 



*  Қойқап — Кавказ тауы.

40

тартқан соң, соған дағдылы сарын сөздерін қосып сарнаған 

соң, күйіне келеді. Күй мен сарын бақсының сүйеуі; қызулы, 

толғақты халге жеткізіп, көреген сәуегей қылуға себеп бола-

тын ең үлкен шарты. Сондықтан өзгеден бөлек күй мен өзге 

өлеңдерден бөлек сарын өлеңі бар.

Бақсының  сарынында  сөз  қуаты  ерекше  күш  алғандай 

болады. Сөздерінің бірі мен бірінде байланыс аз болса да, 

әрбіреуі  кезек-кезек  болып,  түйдектеліп  түсіп  отырады. 

Сипат сөзінің барлығындағы салыстырған суретті қайдағы 

қиынынан, жат жерден, ойда жоқ белгісізден алады. “Жетпіс 

бұрқан  жалмаған,  жаман  құлақ  мәуленім-ау”,  “уай  мон-

таным  —  аю  тері  қалталым”,  “әсіре  бір  тау  жол  салған, 

қойқаптан барып жол алған... әкесі өліп, ас беріп, алпыс бір 

ала қоңыз атаған” деген сияқты. Кейде: “өзім бір деген кісіге 

өзегімді берермін, егескен жауым кез болса, ауызы бір қанды 

бөріңмін”.

Кекіліктей жорғалап,

Қара бір қаным сорғалап,

Алладан әмір келгенде,

Өстіп бір жүріп өлермін.

Міне, осы сияқты сөздердің барлығында өзге сөздерден 

бөлек,  сиқырлы  жынша  суық  құбылыстар  бар.  Шынында, 

шалқыған оттай талайды шарпып өтетін, жаланып лаулағандай 

екпін  сезіледі.  Сондықтан  бар  сөздері  көп  нәрсені  көктеп 

өткендей аттап түсіп, ырғып ортқып, ойнақы болып отырады. 

“Бейбақтың оты жанбайды, Бейшараның үйіне шақырса қонақ 

қонбайды”, “арық атқа қамшы ойнар, жыртық үйге тамшы 

ойнар, көбік қарда түлкі ойнар, қаулан көкте жылқы ойнар, 

шешесі өлген жетім қыз, ойбай сорлы, оның басында сірке ме-

нен бит ойнар...”, соның артынан кідірместен: “ойбай да терек, 

уай терек, маған пәле тақалдың” дейді. Қаншалық сөзіндегі 

суреттер біріне-бірі үйлеспейтін, жат болса да осының бәрін 

сабалап, бастырмалап, айдап келе жатқан бір күш бар. Ол 

күш бақсыны кернеп, буып, қыздырып келе жатқан жыны. 

Сондықтан біріне-бірі үйлесіп, байла ныспаса да, өз бетінде 



41

кесек болып келетін асау сөздер, бір бөлек жайын қуаттай 

болып, ортқып түсіп отырады. Сондай кесек бітімді сөздер 

ғана  “Терек”,  “Жарғыш”,  “Толыбек”  сияқты  жындарды 

бақсымен тіл қатуға алып келеді. Суық сезімді күй қобыздан 

шығып толғантқандай зарланып аңыраған кезде, бақсының 

сөзі қыздырмалап, аттатып, оңды-солды жаланып, лаулаған 

кезде ғана жын келеді.

Бақсылық  —  ескі  діннің  сарқыты.  Бұрынғы  кездегі 

бақсы көмескіні болжайтын сәуегейлігіне қарап, өз дінінің 

пайғамбар әулиесі сияқты болған. Ол кезде бақсы болжал 

айтса “Аспан” сияқты құдайлармен жасырын елшілер арқы-

лы жалғасады, тіл алады деген сеніс болған. Бері келгенде ел 

сол елшінің бәрін бекер дей алмаған. Бірақ бұрынғы наным 

бойынша ол елші қадірлі, қасиетті сипатқа ие болса, бері келіп 

мұсылманшылық жеңген соң қараңғылық, жамандық белгісін 

білдіретін жиренішті заттар болып, жын деп аталған. Барлық 

бақсылық мұсылмандық көзімен қарағанда дұрыстық жолы-

на қайшы келетін, адамшылыққа қас, табиғаттан шығатын 

сияқты  болған.  Сол  себепті  бақсының  барлығының  түп 

иесі — шайтан, пері сияқтылар деп, бұрынғы діннен қалған 

нанымның барлығын бергі мұсылманшылық заманындағы 

жаманшылық иелеріне апарып қосақтап қойған.

Бақсының барлығында, үнемі айтатын арнаулы сарыны-

мен бірге үнемі аты аталатын, сол бақсының өзіне ғана серік 

болып жүретін арнаулы жыны болады. Жоғарыда айтылған 

“Терек”,  “Жарғыш”,  “Толыбек”  тағы  сол  сияқты  толып 

жатқан жындардың әрқайсысы әртүрлі бақсының айрықша 

белгісі,  ерекше  меншіктісі.  Сондықтан  сарынның  ішінде 

“Уай, терегім, терегім” десе не болмаса “қойқаптан барып 

жол алған”, “көкте екенін білмеген, аласа бойлы жатаған, 

ажырыққа  түйе  матаған”  десе  барлығында  “Теректей”, 

“Жарғыштай” жындарын айтады.

Берірек келген заманда көп бақсылар: “жынның ішінде 

тазасы бар, мұсылман жын, кәпір жындары бар” деп, екіге 

айырып  келіп,  мұсылман  жынға  сыйынамыз  деп,  барлық 



42

пайғамбар, әулиелер аруақтарды шақырып, сарын айтатын 

болған. Бұл бақсылық негізі әлсіреп, құлауға айналған соң, 

жаңа  заман  ағымына  бойсұнып,  мұсылмандыққа  ауыл-үй 

қонып, бітім жасамақ болғаны. Мұның жақсылықтың жоғалар 

алдындағы азғындаған кезі деп есептеу керек.

Дін өлеңдерінің ендігі бір түрі — ісләм дінімен байланысқан 

өлеңдер. Қазақта мұндай өлеңдердің түрі көп емес, бірен-

саран аз ғана. Мысалы, жарамазан, бата беру өлеңдері сияқты.

ЖАРАМАЗАН

Үйің-үйің үй екен,

Үйдің көркі ши екен,

Саба көркі бие екен,

Сандық көркі түйе екен 

Сыртын сырмен сырлатқан,

Ақ сарайдай үйі бар.

Ақ бөкендей қойы бар,

Қара сақал керімсек,

Қайсы байдың үйі екен?

Мұхамбет үмбетіне жарамазан!

Адыр-адыр таулардан,

Айғыр мініп біз келдік.

Ауыздығы бой бермей

Бай үйіне кез келдік.

Бұдыр-бұдыр таулардан,

Бұқа мініп біз келдік.

Мұрындығы бой бермей 

Бай үйіне біз келдік.

Кірсін дәулет, шықсын бейнет!

Айтамын, байлар, сізге жарамазан,

Молдалар ертең ерте айтар азан.

Айтқанға жарамазан қайыр берсең,

Барғанда ақіретке болмас жазаң.

Айтармын жарамазан қожақайлап,

Жылайды қожа, молда түбін ойлап.

Тірлікте қайыр-зекет бермеген жан,

Тұрады ақіретте тайдай тулап.

Айтамын жарамазан еліңізге,

Байлаңыз жақсы орамал белімізге.

Кетеміз мақтай-мақтай елімізге.

Айтқанмен жарамазан тойған бар ма.

Әдетін бұрынғының қойған бар ма? 


43

Әдетін бұрынғының қойып кетіп, 

Барғанда ақіретке оңған бар ма? 

Айтамын, байлар, саған жарамазан. 

Айыпқа бұйырмаңыз есіткен жан 

Айтайын үмітпенен жарамазан. 

Кәнекей, мырзалығың енді маған 

Айтқанның жарамазан сауабы бар, 

Берсең де, бермесең де не қамым бар.

Астымда мінген атым қасқа шұбар 

Айтамын жарамазан жапсарыңа, 

Дарысын құт, береке бастарыңа 

Қонады кедей байғұс қастарыңа. 

Айтамын жарамазан үйіңізге,

Ұстаған үй айнала шиіңізге,

Қой берсең, қозы берсең көпсінбеймін,

Келіпсіз биылғы жыл күйіңізге.

Ақ үйің айға қарап орда болсын,

Жиылып ұлы-қызың молда болсын,

Алғанда жау жағадан, бөрі етектен, 

Пайдасы молдалықтың сонда болсын. 

Айтамын үйіңізге жарамазан.

Алып шық жылдамырақ, жеңеше жан! 

Келгенде қайыр-зекет бере алмасаң, 

Жібермес ақіретке менің назым. 

Жарамазан айтамын мықтап қана

Тұсыңа жетіп келдім зыптап қана, 

Тұсыңа келгенімде, жатқан байлар, 

Күтіп ал мейманыңды мықтап қана. 

Мінгенім астымдағы жирен дейді, 

Намазды бес уақыт үйрен дейді, 

Намазды бес уақыт үйренбесең, 

Дозаққа байлап сүйрер дейді.

Бай үйіне берекет,

Қаша берсін бәлекет.

Кірсін дәулет есіктен,

Шықсын бейнет тесіктен.

Жарамазан жарықтық,

Жақсы дейді есіткен.

Үйің-үйің үй екен,

Үйдің іші ши екен,

Саба көркі бие екен,

Сандық көркі түйе екен.


44

Сыртын сырмен сырлатқан,

Ішін бормен борлатқан,

Қарағай найза қаптаған,

Басына темір саптаған, 

Бұлбұл құсын сайратқан,

Белдеуге бедеу байлатқан,

Қайсыбір байдың үйі екен!?

Адыр-адыр таулардан 

Айғыр мініп мен келдім.

Ауыздығы бой бермей,

Сіздің үйге кез келдім.

Бұжыр-бұжыр таулардан,

Бұқа мініп мен келдім,

Мұрындығы бой бермей 

Сіздің үйге кез келдім.

Мінгені пайғамбардың қара қасқа,

Жанында мүсіре қылыш, бауы басқа,

Ашуланып шабады қара тасқа,

Қақ жарып түседі басқа-басқа.

Мінгені пайғамбардың кер деймісің 

Кекілінен аққаны тер деймісің 

Оразаң былтыр кеткен биыл келді,

Пітірін жылдамырақ бермеймісің?!

Ораза жыл — он екі бір-ақ келер,

Мұсылманның баласын жинап келер.

Жарамазан айтқанға жылқы берсе,

Қарасат майданында пырақ мінер.

Жарамазан дегенде, жарамазан,

Таудан құлап келеді жарық қазан,

Белбеу ұстап сиеді кемпір жазған,

Жылдамырақ алып шық, жеңеше жан!

Астымдағы тана-ды,

Жатайын деп барамын

Құдайдың таңы ағарып,

Атайын деп барады.

Ассалаумағалайкум, жатқан байлар!

Қоңыр қой қора толып жатқан байлар!

Ол қойды ел көшкенде кімің айдар,

Қоңыр шолақ өгізбен құлың айдар.

Бұл жарамазан барлық мұсылман жұртына жайылған: салт 

бойынша ораза күндерінде айтылады. Қазақ ішінде де кей жер-

лерде әдейі ел қыдырып жүріп, үй басына жарамазан айтып, 


45

оразаның садақасын алып жүретін жарамазаншылар болады. 

Жарамазан өлеңі мұсылмандық дінінің қадірін көтерген өлең, 

діншілік өлеңі.

Қазақ ортасына ісләм дінінің тарауына көбінесе қазақтың 

ақындықты  сүюі  себеп  болды  деген  дұрыс  пікір.  Елге  не 

жайылса  да,  әдебиет  жұрнағы  болып,  әдебиет  өлшеуінің 

біріне түскен соң ғана жайылатын болған. Өлеңсіз, әңгімесіз, 

сұлу сөзсіз келген кұрғақ үгіт болса, ондайды ел тындамаған 

да,  ұқпаған,  ықылас  қоймайтын  болған.  Сондықтан 

мұсылманшылық дін де қазақ елінің табиғатына, ыңғайына 

қарай ұйысып келген. Бұған ескі әдебиеттегі толып жатқан 

қиссалар дәлел. Жарамазан өлеңі де сондайлық дін мағынасы 

мен дін үгіті болып шығып, бәрі келген соң қыдырма жара-

мазаншылар әнге салып айтатын болды.

Бірақ қазақ жарамазандарының көбін алсақ, дін үгітімен 

шықса да, солардың ішінде әлі күнге дін тұманы аз. Күшті 

сопылық, өрескел тақуалықты айтып, өзге жұрттың дін өлеңі 

сияқты үнемі сәжде, үнемі дұға, ұдайы күнәкер болуды айтып, 

көп тәубемен жалбарына беретін сөздер жоқ деуге болады. Бұл 

жағына қарағанда, қазақтың көп жарамазаны баяғы ақы сұрап 

айтатын мақтау өлеңдеріне жақын келеді. Дін құбыжығымен 

ешкімді шошытып, үркітпей, көпе-көрінеу оразаның күнінде 

садақаңды алғалы келдім деп, ашық айтатын сөз болды. Мұнда 

да, барлық ел өлеңінде көрінетін, ашық, ақыл, сау сезімнің 

ізі бар. Не нәрсені түсінсе де, сынап, зерттеп барып түсінетін 

таза, ширақ ойдың анық ұғымы білінеді.

Мұсылманшылық  дінімен  байланысы  бар  өлең  сөздің 

тағы бір түрі — бата беру өлеңдері. Бірақ бұл өлеңдердің ту-

ысын ғана мұсылманшылық негізінен шықты деу керек. Дін 

салтындағы тілек, дұға сияқты сөздерге ұқсасады. Арабша 

айтатын дұға лардың орнына елдің өзі шығарған, тақпақтаған 

өлең, жыр болады. Дін сөздерімен негізін ұқсастыратын осы 

жері. Осыдан басқа өлеңнің қалған сөздері мен мағына жағын 

білдіретін тілектерін алсақ, оның барлығы да қазақтың өз 

заңына үйлесіп, өз тіршілігінің қалпынан шығады. Бата өлең-

тақпақта батагөй қария не адамшылық, не болмаса абұйыр-

атақты тілейді. Кейде байлықты, бас амандықты тілейді. Егер 



46

бір сапарға аттанушыға берілетін бата болса, жол оңғарылып, 

олжалы қайтуын тілейді.

Мысалы:


Байдың көңілі жай болсын,

Мың жылқылы бай болсын,

Айдағаның қой болсын,

Шайнағаның май болсын.

Азын-аулақ дәулетің

Күнде өзіңе той болсын.

Жұртта қалған жырымың

Домалап келіп қой болсын.

Жұртта қалған тулағың

Тулап келіп тай болсын

Тай болсын да туласын,

Бір тамырың сұрасын

Сұраса да бермесін.

Атың-атың, ату бол.

Ағайынмен тату бол

Жаз кигенің құлпы бол,

Қыс кигенің түлкі бол.

Бағаналы таудай бол,

Шағалалы көлдей бол.

Үстіңнен қаз қаңқылдап өтпесін,

Бұрама темір сом алтын,

Суға салсаң батпасын.

Тәңірі берген несібең

Текпілесең кетпесін.

Желіңнің бір шетіне

Оқ шырқатсаң жетпесін,

Сенен байлық өтпесін.

Есігіңнің алдынан

Елу інген боздасын.

Қораңнан  бес  жүз  саулық 

қоздасын

Қойшыңды мықтап салғайсың

Күн бұлт жауғанда,

Адырлы жер жайғанда,

Қойынан айырылып қалмасын.

Қасқырға қой бермесін.

Сүйтіп құдай оңдасын

Жылқың сенің мың болсын.

Жылқы деген жақсы мал

Бес ұлыңа бақтырып,

Бес айдыннан суғарып,

Бетегелі тауға жаба сал.

Сиырың сенің мың болсын,

Қысың қатты болғанда,

Қамысты жерге айдап сал.

Бісмілда, алда ақбар.

Бұған қарағанда, батаның түрі ғана діннен алынған, бірақ 

мағынасы мен мақсаты, барлық сөздері ел әдебиеті мен ел 

тіршілігінің өз туындысы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет