Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



Pdf көрінісі
бет5/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78

Жұлдыз аттары

хамал 

сүмбіле   



сəуір 

зауза 


саратан 

асад 


мизан  

ақырап 


қауыс 

жадды 


дəлу 

хұт     


 

28 

 

А.Левшиннің кітабында ай аттары қазақша былай болады деп көрсетілген: 1) көкек, 



2) мамыр, 3) мамырай, 4) арайы, 5) шілде, 6) сүмбіле, 7) саршатамыз, 8) қараша қауыс, 9) 

жұт шашқан, 10) қаңтар, 11) қыстың айы, 12) бірдің айы деген [11]. Қазақша, парсыша, 

арабша ай аттары араластырып, қатар айтылған. 

Осыдан  болу  керек,  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясы  кітапханасының  қолжазба 

қорындағы бір материалда қазақша ай аттары 17 түрлі болады, олар былай болып келеді 

деген:  1)  отамалы,  2)  сəуір,  3)  май,  4)  жыл  тоқсан,  5)  шілде,  6)  сарша,  7)  тамыз,  8) 

сүмбіле, 9) жаз тоқсан, 10) қыркүйек, 11) қазан, 12) қараша, 13) күз тоқсан, 14) қауыс, 

15) қаңтар, 16) ақпан, 17) қыс тоқсан

Мұнан басқа шығыс­солтүстік Қазақстанның кей жерлерінде қазақша ай аттары: 1) 



əз, 2) от жақпас,  3) көкек, 4) шілде, 5) сарша, 6) қыркүйек, 7) мизан, 8) қараша, 9) қазан, 

10) қаңтар, 11) ақпан, 12) бірдің айы деп аталады екен де, кей жерлерінде: 

1) көкек, 2) мамыр, 3) маусым, 4) шілде, 5) тамыз, 6) мизан, 7) қазан, 8) қараша, 9) 

жел тоқсан, 10) қаңтар, 11) ақпан, 12) бірдің айы деп аталады екен. 

Осы сияқты, оңтүстік­шығыс Қазақстанның кей жерлері казақша ай аттарын: 1) екі 



ағайынды,  2)  наурыз,  3)  көкек,  4)  мамыр,  5)  маусым,  6)  шілде,  7)  тамыз  сарша,  8) 

қыркүйек-мизан,  9)  қазан,  10)  қараша,  11)  желтоқсан,  12)  қаңтар  деп  атайды,  кей 

жерлері тоғыстап айтады: 1) тоғыз тоғыс, 2) жеті тоғыс, 3) бес тоғыс, 4) үш тоғыс, 

5)  бір  тоғыс,  6)  сарша,  7  )  тамыз,  8)  он  тоғыз  тоғыс,  9)  он  жеті  тоғыс,  10)  он  бес 

тоғыс, 11) он үш тоғыс, 12) он бір тоғыс

Сонымен,  зерттеулерде  көрсетілген  ай  аттары  деген  сөздерді  тізсек,  олар  мыналар 

болады: 1) əз, 2) наурыз, 3) көкек, 4) мамыр, 5) от жақпас, 6) отамалы, 7) жыл тоқсан, 8) 

маусым,  9)  шілде,  10)  тамыз,  11)  сарша,  12)  жаз  тоқсан,  13)  қыркүйек,  14)  қазан,  15) 

қараша, 16) қаңтар, 17) күз тоқсан, 18) ақпан, 19) бірдің айы, 20) екі ағайынды, 21) қыс 

тоқсан

Біздің байқауымызша, бұлардың ішінде: 1) əз бен наурыз екеуі бір айдың аты, жыл 

басы  болып  келетін  айдың  —  наурыз  айының  аты  болуға,  ол  əуелде  солай  наурыз  деп 

аталуға тиісті; 2) от жақпас, отамалы, мамыр, көкек деген сөздер бір айдың аты, мамыр 

айының  аты  болуға,  əуелде  солай  мамыр  деп  аталуға  тиісті:  3)  қыркүйек,  қазан  деген 

сөздер бір айдың, қазан айының аты болуға, əуелде солай қазан деп аталуға тиісті. 

Ал  жыл  тоқсан,  жаз  тоқсан,  күз  тоқсан,  қыс  тоқсан  деген  сөздер  ай  аттары  емес, 

тоқсан аттары: əрқайсысы əрбір үш ай тоқсанның аттары.  

1954  жылғы  «Орысша­қазақша  сөздікте»  профессор  Н.  Сауранбаев  декабрьді  – 

ақпан, январьды – қаңтар деген.  Қазақ күнтізбесін зерттеушілер арасынан П. А. Куфтин 

мен  Ш.  Уəлихановты  ерекше  атауға  болады.  Бұл  мəселені  Радлов  та  қарастырған. 

Олардың  еңбектерінде  ай  атауларды  да  жəне  айлардың  орналасуы  реті  де  əртүрлі  екені 

көзге түседі [12],  Куфтинде отамалы деген ай аты тіпті жоқ, ал Шоқан ол атауды мартқа 

тақса,  Радлов  май  айы  деп  көрсеткен.  Зерттеушілердің  біріндегі  ай  атының  екіншісінде 

болмауының  өзі  ұлан­ғайыр  даланы  мекен  еткен  халықтың  ай  аттарын  əртүрлі  атай 

бергендігін, күн райының амалына қарай айлардың қосымша атауларының болғандығын 

көрсетеді. Қазақ есепшілері, əрине, бұл атаулардың бəрін де білген. Біздіңше, отамалы – 

наурыздан кейінгі екінші ай. 

Сол сияқты қыркүйек айы да ғылыми зерттеулерде түрліше орын алып жүр. Куфтин 

оны  сентябрь  десе,  В.  Радлов  октябрь  айына  балайды.  Біздіңше,  Радловтың  тұжырымы 

дұрыс. Себебі өзі қыркүйегі, яғни қырда күйек алу туралы болса, онда сентябрьде күйек 

алған мал марттың басында төлдей бастайды. Мартта туған қозыны қазақ «арамза» дейді. 



29 

 

Мал  баққан  қазақ  дайын  қорасы  жоқ  заманда  мартта  малын  төлдетпеген.  Ендеше 



қыркүйек айын октябрьге балаған жөн сияқты. Қыр елі октябрь айының аяғында қошқарға 

байлаған күйекті алып тастайды. Айдың аты осы əрекетпен байланысты. 

Қазақтың  күнтізбелік  жүйесінде  барлық  əлем  халықтарының  дəстүрлі  күнтізбесі 

тəрізді  алғаш  ай  құбылыстарына  негізделген  күн  қайыру  календарын  қолданған.  Бұған 

қазақ  тілінде  кездесетін  көптеген  тілдік  бірліктердің  ескіре,  қолданыстан  көмескілене 

бастағанынан­ақ байқауға болады.  

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1  Куфтин  Б.А.  Календарь  и  первобытная  астрономия  киргиз­казацкого  народа  // 

Этнографическое обозрение. – М., 1985. №3­4. 

2  Құнанбайұлы Абай. Таңдамалы шығармалары. – Алматы, 1994. ­ 213 б. 

3  Бес ғасыр жырлайды. – Алматы, 1992. – 496 б. 

4  Тəжібаев Ə. Өлеңдер жинағы. – Алматы, 1982. – 189 б. 

5  Аманшин. Б. Шығармалары. – Алматы, 1996. – 213 б. 

6  Тұрысов Е. Əңгімелері. – Алматы, 1999. – 115 б. 

7  Мақатаев М. Аманат. – Алматы, 2004. – 432 б 

8  Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 1977.­712б. 

9  Орысша­қазақша сөздік. – Алматы, 1954. – 423 б. 

10   Құрбанғали Халиди. Тауарих хамса. – Алматы, 1992. – 304 б. 

11  Левшин А. Описание киргиз­кайсацских или киргиз­казахских степей. 3 части. – М., 

1832. 


12  Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. Том 1­5. – М., 1963­64. 

 

ƏОЖ 811.512.122:39 



Әбутәліп О.М. 

 филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Алматы менеджмент университеті, 

Алматы қ., Қазақстан, 

abutalip65@mail.ru

 

  

ҚАЗАҚ КҮНТІЗБЕ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ 

 

Аннотация.  Статья  посвящена  реконструкции  и  систематизации  традиционных 

названии месяцев на казахском языке.  



Ключевое  слово:  календарь,  месяц,  лексический  анализ,  этнографизм, 

летоисчисление 

 

Кейбір  авторлар  ресми  қолданыстағы  ай  аттары  мен  атауы  реті  жағынан  сəйкес 



келмесе  де,  өз  санасындағы  «жобасын»  ұсынуға,  соны  дəлелдеуге  тырысады.  Наурыз 

Жаңа жыл атауы, ал осы ойдың байырғы түпкілік немесе түп қазақтық атауы ұмытылған 

болуы керек деп те дұрыс пайымдайды.  

Қазір  ай  аттары  Терминкомда  бекітілсе  де,  ай  атауларының  реттік  саны  шатасып 

кеткенге  ұқсайды  деп  өз  жобасын  ұсынушылар  бар.  Мысалы:  К.Жүнісов  1.  Наурызды 

(март) айдың аты емес, "Жаңа жыл", бұл айдың көне түркілік аты ұмытылған деп түсінеді. 



30 

 

2.  Отамалы  (апрель)  –  көкті  əлі  суық  жібермей  тұрған  шақ,  қарасуықтың  кезі. 



Тырбиған көкке мал аузы   жаңа   іліге   бастаған   осы мезгілді «қараөзек» деп те атайды.  

Отамалы келді де, 

Күн менен түн теңелді. 

От шықты, жер көгерді, 

Малдар жерге қадалып, 

Аузына көк ілінді. 

3. Көкек (май) — көкек шақырған, көк молайған тұс. Бұл айды кейде «мамыр» деп те 

атаған. Жер беті бəйшешекке бөленіп, мамырлаған кез. 

Қыс қатты болып кей жылы,  

Күрек аштық мал үшін.  

Кештетіп келіп жатып ек,  

Ерте тұрып қарасақ,  

Шаншулы қалған күректің  

Көкек қонып басына,  

Дел-сал болып қар еріп,  

Жаз нышаны келіпті. 

 

Көк шығып жерге балауса  

Тояттады мал біткен.  

Жан-жануар исініп,  

Мамырлап тірлік жан біткен. 

4.  Шілде  (июнь)  —  ыстық  көтерілген  уақыт.  Шілдеде  Үркер  батыстан  таң  ата 

көрінеді. 

5.  Сарша  —  маусым  (июль),  бұл  айда  жасыл  желекті  өңір  құбақан  тарта  бастайды. 

Айдың соңына таман егін саржағал тартады. 

Маусым еді күткенім,  

Келдің, Маусым, жадырап.  

Өсімдік, жəндік — бəрі де,  

Шілде қызуымен балбырап. 

6. Тамыз (август) — далада жидек, тауда қарақат  пісіп, тамылжыған    шақ. Апшыны 

қуырған  ыстықтың  беті  қайтып,  адам  өтіп  бара  жатқан  жазды  қимай,  тыраулай  ұшқан  

тырналар көшіне елегізи қарайтын шақ. 



Тамыз,келдің баяулап, басың жалын,  

Жаймашуақ аяғың тартты салқын.  

Піскен өнім шығынсыз жиылсын деп,  

Барлық күшті аямай салды халқым. 

7.  Қазан  (сентябрь)  —  шаруаның  егінін  орып,  қыстың,  қара  қазанның  қамын 

ойлайтын шақ. Күзекке жақындай түсіп, қыстақты бағдарлап, жөндей бастаған мезгіл. 

Сарыша, сарғайттың ғой өсімдікті,  

Жетіліп сары маңыз боп пісіп қалған... 

8.  Қыркүйек  (октябрь)  —  осы  күнгі  октябрьге  келеді.  Қошқардың  күйегі  алынып, 

саулық  қойға қосылады. Кейде осы айдың  мезгілін  «бозқырау»,  «боқырау», деп  атайды. 

Бұл, сірə, алғашқы қыраудың түсуіне байланысты айтылса керек. 



Қошқар, сен құркүйектен ажырадың,  

Қошқар, саулық қосылып қожырадың.  

31 

 

Қиналмай қыстан аман шыға қалса,  



Отжақпаста саулықтар қозылайды. 

9. Қараша (ноябрь) — атының өзі айтып түрғандай, жер əлі қараша, яғни тұтас басқан 

аппақ  қар жоқ.  "Қарашадан қар қалса, жұт болады" деген.     "Қараша — қауыс, кəрі-

құртаңды тауыс" деген мақалдың мəні қысқа салар малыңды ретте, қысқа шыдамайтын 

арық­тұрақты сойып  ал  дегенге саяды.  Бұл айды "желтоқсан" деп те атайды. 



Қараша, жиын-терім аяқтадың,  

Азырақ күземшуақ, арты жауын.  

Желтоқсанның белгілі ортасында: 

Бірде жауын болады, бірде дауыл. 

10. Ақпан (декабрь) — қарашаның қара жері көрінбейді, аппақ ұлпа басқан. Қыстың 

қысқа күнін ел «ат адымындай» ғана деген. «Ақпанда ат адымындай» деген сөздің мəнісі 

осы. 


Ақпан едім ақырған,  

Аязбен боран шақырған.  

Біразы өлді, біразы қалды,  

Тоқпан, сен көр қызығын!  

Тіресер күші шамалы,  

Суық соры аяқтары шатылған. 

11.  Қаңтар  (январь)  —  бұл  қазіргі  январьға  келеді.  Қар  əбден  бекіп,  ұсақ  мал 

қаңтарылып  (өз  бетімен  жайыла  алмай),  қолға  қараған  шақ.  Қаңтарда  күн  «қарға  адым 

ұзарады» дейді, яғни ақпандағы ат адымындай күнге қарға адымындай уақыт қосылады. 



Мен, Қаңтар, келдім қалшылдап,  

Семіздің шелін сылыдым,  

Арық-тұрағын тауыстым,  

Бой жеткен қызда бұғақ қалды,  

Боз тоқтыда құйрық қалды. 

12.Үт (февраль) — оның  басқаша аты сақталмаған.  Халық  арасында үт сөзінің  түп 

мəнін осы күнгі көпшілік біле бермейді. Сондықтан біздің ай атауларын жасаушыларымыз 

жұртшылық сұрауынан қашып, көне сөз, көне ай атын еске алғысы келмейтін сияқты. Бұл 

айда терезеден түскен сəуле ерекше бір ақшыл реңге боялады да, сол тап­таза үйдің өзінде 

ұп­ұсақ зəредей тозаң жүреді. Міне, осы көріністі қазақ «үт» деп атаған. "Үт — малыңды 



күт", "Үт келді — жұт келді" деген мақал сөздердің мəні зор.  

Тоқпан келді ертеңгісін мүйіз боп,  

Түстен кейін өзі қалды киіз боп.  

Ықтасында мал жылынды шуақтап,  

Ызғар кетіп барлық жəндік жадырап [1]. 

Осы келтірілген өлең түріндегі мəтінде «отамалыда (апрель) күн мен түн теңеледі»; 



көкек (май) көкектің шақырған кезі; мамырда (адал) құстың мамырға жығылатын уақыты; 

шілде (июнь) Үркер көрінбейді; сарша (июль) шөп пісіп сарғыш тарта бастайды; тамыз 

(август)  ыстықтың  беті  қайтады;  қазан  (сентябрь)  егін­жай  жиналып,  малшылар  күзекте 

отыратын кез; қыркүйек (октябрь) қошқардың күйегі алынатын уақыт, ал осы айдағы амал 

«бозқырау» деп аталады; қараша (ноябрь) жер əлі қара, жер бетін тұтас басқан қар жоқ, 

«күземшуақ»  деген  амал  болады;  ақпан  (декабрь)  қыстың  ең  қысқа  күні,  сондықтан 

ақпанның күні «ат адым», «ақпан­тоқпан» амалы өтеді; қаңтар (январь) ұсақ мал тебінге 

шыға алмай, қорада қаңтарылады, күн қарға адым ұзарады; Үт (февраль) терезеден түскен 


32 

 

ақшыл сəуле үт деп аталады т.б. танымдық деректер ай аттарымен байланысты сақталған. 



Ай  аттарының  мазмұны  жер  бетіндегі  табиғат  құбылыстары,  шаруашылық  жүргізуге 

байланысты  топшыланған  бұл  көркем  мəтінде  ай  аттарын,  жыл  мезгілдерін  аспан 

шырақтарымен  байланыстыру  жоқ.  Күнтізбе  жүйесінде  араб­парсы  тілінен  енген  ай 

аттарына қатысты сөздер едəуір деуге болады. Зерттеулерде ай аттары мынадай тəртіппен 

тұрады:  орысша,  қазақша,  арабша.  Соңындағы  арабшасының  мағынасы  түсіндіріліп 

отырылады.           1. Март – Наурыз – Мүһаррам (ﻢﺮﺤﻤ), 2. Апрель – Көкек – Сафар (ﺮﻐﺼ), 

3. Май – Мамыр – Раби  І (ﻝوﻻا ﻊﯿﺒﺮ), 4. Июнь – Маусым – Раби ІІ (ﻰﺫﺎﻐﻟا ﻊﯿﺒﺮ), 5. Июль – 

Шілде – Жумада І (ﻝوﻻا ىدﺎﻣﺠ), 6. Август – Тамыз – Жумада ІІ (ﺓ ﺮﺧﻻا ىدﺎﻣﺠ), 7. Сентябрь – 

Қыркүйек  –  Ражаб  (ﺏﺠر),  8.  Октябрь  –  Қазақ  –  Шабан  (ﻥﺒﻌﺷ),  9.  Ноябрь  –  Қараша  – 

Рамадан (ﻥﺎﻀﻣر), 10. Декабрь – Желтоқсан – Шаввал (ﻝاوﺷ), 11. Январь – Қаңтар – Зу­л­

када (ﺓدﻌﻐﻟاوﺫ), 12. Февраль – Ақпан – Зу­л­һижжа (ﺔﺟﺣﻟاوﺬ). 

Қазақ  тіліндегі  ай  аттарын  парсы  тіліндегімен  салыстырсақ,  ай  аттары  мен  маусым 

аттары мынадай жүйеде қолданылады [1, 7 б.]. 

 

                   Ай аттары: 



қаңтар  

дей 

 

ақпан 



бəһмəн 

 

наурыз 



есфəнд 

 

сəуір 



фəрвəрдин 

 

мамыр  



ордибеһсшт 

 

маусым  



хордад 

 

шілде  



Тейр  

 

тамыз  



Мордад 

 

қыркүйек 



шəһривəр 

 

қазан 



Меһр  

 

қараша 



Абан  

 

желтоқсан 



Азəр 

 

               Маусым аттары: 



көктем 

баһар 

 

жаз 



табестан 

 

күз 



паейз 

 

қыс  



заместан 

 

  



Араб  жүйелі  ай  аттары  Хиджра  жылсанау  есебі  қалыптасқанда туған.  Хиджра  есебі 

тек Аймен ғана тікелей байланысты уақыт есебі болып табылады. Мұнда жыл басы жаңа 

туған  Аймен  басталады. Хиджра есебі  отыз жылдық  циклден  құралған.  Оның  он  тоғыз 

жылы 354 күндік – жай жыл, он бір жылы 355 күндік – кəбиса жыл, барлығы 30 жылдық 

циклде  –  10631  тəулік  бар.  Оларды  зерттеушілер  он  екі  айға  бөліп,  əр  айды  былайша 

көрсетеді:  

1. Мұхаррам (30 күн) – «тыйым салынған», «қасиетті» деген сөз. Сол замандағы діни 

дəстүр  бойынша  мүхаррам  айында  соғысқа,  əскери  жорыққа  шығуға  тыйым  салынған. 

Мұндай «тыйым салынған» айларға сонымен қатар жетінші, он бірінші, он екінші айлар 

да жатады. 



33 

 

2.  Сафар    (29  күн)  –  «сары»  деген  сөз.  Бұл  айда  арабтар  жара  қаптайтын  ауруға 



шалдығып отырған. Ауырған адамның жүзі сарғайып кеткендіктен осылай айтылған деген 

болжам бар. 

3. Рəби 1 (30 күн) жəне Рəби 2 (29 күн) – «көктем» деген сөз. Бірақ исламға дейінгі 

арабтар бұл сөзді  «күз» деген мағынада қолданған. Себебі бұл екі ай күз маусымдарына 

сəйкес келіп отырған. 

4.  5.  Жұмада  1  (30күн)  жəне  Жұмада  2  (29  күн)  –  «жамада»  деген    сөз.  Оның 

мағынасы  «қатып  қалу»  дегенді  білдіреді.  Бұл  айлар    ертеректе  қыс  маусымына  сəйкес 

келіп отырған. 

6. Раджаб (30 күн) – «ирджабу» деген сөз, мағынасы «соғысудан жəне жаулап алудан 

сақтаныңдар» дегенді білдіреді. 

7.  Шаабан  (29  күн)  –  «ташааба»  деген  сөз,  мағынасы  «тарқау»,  «көбею»  дегенді 

білдіреді. Бұл айда исламға дейінгі арабтар шапқыншылық жасап отырған. 

8. Рамадан (30күн) – «рамида» деген сөз, мағынасы «өрттей ыстық» дегенді білдіреді. 

Бұл ай ыстық жаз маусымына сəйкес келіп отырған. 

9.  Шəвваль    (29  күн)  –  «шаля»  деген  сөз,  мағынасы  «көтеру»,  «көтерілу»,  «тасу», 

«тасып апару» дегенді білдіреді. Бұл айды «шəввилу» деп, яғни «үзілген сапарды жалғау» 

деп атаған екен. 

10.  Зұл-каада  (30  күн).  «каада»  деген  сөз,  мағынасы  «отыру»,  «үйде  қалу»  дегенді 

білдіреді. 

11.  Зұл-хиджжа  (29  күн)  –  «хаджж»  деген  сөз,  мағынасы  «құдайға  құлшылық  ету» 

дегенді  білдіреді.  Исламға  дейінгі  арабтар  бұл  айда  Кааб  қаласына  барып  құдайға 

құлшылық еткен. 

12.  Наси    (қосымша  ай)  –  «айям  ан­наси»  деген  сөзден  шыққан.  Исламға  дейінгі 

арабтар  бұл  айды  24  жылдық  Ай­күн  күнтізбесінде  қолданған.  Мағынасы  «қосымша 

күндер» дегенді білдіреді. Бұл қосымша 4­6 күн жыл соңында қойылып отырған. Қазіргі 

күні бұл ай қолданылмайды  [2]. 

 Қазақ күнтізбе жүйесінде  араб тілінің əсері болғанымен, жүйе құрылымы, негізінен, 

көне түркілік атауларды құрайды. Түрікше, яғни қазақша ай аттарын Хасенғали былайша 

топтайды: аз, отжақпас, көкек, шілде, сарша, қыркүйек, мизам, қараша, қазан, қаңтар, 

ақпан,  наурыз.  Дегенмен  бұл  қатарды  отамалы  сөзі  кездеспейді.  Оны  зерттеуші  март 

айының  арабша  түрі  деп  танып,  хот  жəне  хамал  деген  сөздердің  бірігуінен  туындаған 

деген болжам айтады. Сондай­ақ апрель айы зауза емес, араб тілінен енген жауза сөзі деп 

көрсетеді.  

Түрік  тіліндегі  ай  аттарын  талдай  келіп,  автор  аз  атасын  көктем      маусымының 

басындағы мартқа сəйкестендіреді. «Аз» сөзі бастапқыда «яаз» деп айтылған. Кейін тілдік 

қолданыста өзгеріске ұшыраған. Оған дəлел ретінде мына мақалды келтіреді: Аз болмай, 

яз болмас, аяз болмай, мəз болмас.  

Отжақпас  –  апрель  айына  сəйкес.  Бұл  айда  күн  жылынып,  үйді  жылыту  үшін  от 

жағылмайды.  Зерттеушінің  деректерінде  түрік  халықтарында  көктем  маусымы  мен  жаз 

маусымы  –  алты  ай  бойы  табиғатта  болады.  Осы  екі  маусымның  ортасы  май  айында 

бітеді. Орта буын, орта уақыт ескі түрікше «чилле» деп аталады. Екі маусымның ортасы 

болғандықтан  июнь  айын  –  шілде  немесе  «яхот  шілде»  деп  атайды  екен.  Шілдеден  соң 

егін пісіп, шөптің буыны қатып, сарғая бастайды. Сол себепті бұл айды сарша деп атаған. 

Зерттеушінің ұйғарымынша, сарша июль айына сəйкес келеді. 


34 

 

 Дегенмен  жоғарыда  аталған  атаулардың  барлығы  таза  түрік  тілінен  алынған  деп 



айтуға  да  болмайды.  Себебі  кейбір  түркі  халқы  яз  (көктем),  жай  (жаз),  күз,  қыс 

мезгілдерінің көкстан, тамызстан, бостан, зымыстан деген парсы нұсқасын қолданады. 

 Н.  Уəлиұлының  деректеріне  сүйенсек,  қазақ  есепшілері  жылды  он  екі  айға  бөле 

отырып,  əр  үш  айды  бір  топтап,  үш  ай  тоқсан  немесе  тоқсан  деп  атағанын  көрсетеді. 

Сөйтіп, жылды төрт мезгілге  бөледі: жаз тоқсан (жаз айлары), жел тоқсан (күз айлары), 

қыс тоқсан (қыс айлары), жыл тоқсан (көктем айлары) [3].  

Жалпы халық арасында жыл, айға қатысты атаулар түрлі­түрлі болып аталады. Оның 

басты  себебі  –  араб  жəне  парсы,  орыс  тілдерінен  еніп,  қазақша  ай  аттарының  орнын 

басып,  тілдік  қолданысқа  аралас  жүруі.    Сондықтан  күнтізбе  жүйесіне  қатысты 

лексикалық  бірліктерге  лексикологиялық  талдау  жасай  отырып,  əдеби  тілге  қатысты 

атауларды  бір  бөлек,  диалектизмдер  мен  кəсіби  сөздерді  амал  атауларын  бір  бөлек 

анықтау қажет. 

Мəселен, отамалы деген сөз ай атауы деп танылатын пікірлер көп, бірақ қалыптасқан 

қолданыстағы он екі айдың ішіне бұл сөз кірмейді. Ондағы екі айдың арасында болатын 

кəсіби  шаруашылыққа  негізделініп,  сол    шаруа  науқаны  басталған  уақытты  атау 

мақсатында  қолданылады.  Сондықтан  отамалыны  кəсіби  сөз  деп  тану  керек  сияқты. 

Сондай­ақ   қазіргі  ай аттарын  тұрақты қолдану барысында апрельді араб­парсы тілінен 

енген сəуір атауымен аталып жүр. Халықтың табиғи құбылысқа сай алған «көкек» деген 

атауы  бар.  Осы  сөзді  тұрақтандырған  дұрыс  болар  еді.  Əрбір  ай  атының  көне  атаулары 

болады. Оларды байырғы этнографизмдер ретінде былайша көрсетуге болады (кесте 1). 

 

Кесте 1 – Қазіргі ай аттарымен мəндес атаулар 



Қазіргі қолданыстағы ай аттары 

Ай аттарымен мəндес атаулар 



Наурыз 



Жылауық ай 

Сəуір / көкек 

Көкек отамалы 

Мамыр  


Ұзын сары 

Маусым 


Отамалы, «Күн ілінді» 

Шілде  


Ұлы шілде 

Тамыз  


Сарша, Лақ сүмбіле 

Қыркүйек 

Мизам шуағы 

 

1-кестенің жалғасы 



Қазан 



Құзан, Қазан асы 

Қараша  


Қара суық, Теке бұрқылдақ 

35 

 

Желтоқсан 



Соғым айы 

Қаңтар 


 

Ақпан 


Ақ ықпа 

 

Əрбір  айдың  жанаса  жүретін  атаулары  бар.  Олардың  өзіндік  ерекшелігі  табиғат 



құбылысын  көрсете  алатындай  сипатында  деуге  болады.  Айға  жанама  ат  қоюдың  уəжі 

табиғат  құбылысымен  байланысты. Мəселен,  наурыз  айында қар еріп,  жаңбыр жиі жауа 

бастағандықтан халық арасында оны жылауық ай деп атайды. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет