Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



жүктеу 8.09 Mb.

бет1/78
Дата22.12.2016
өлшемі8.09 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ Ж

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

MINISTRY OF EDUCATION AND SCIENCE OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛ АТЫНДА

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ СУЛЕЙМАНА ДЕМИРЕЛЯ

SULEYMA

Қазақстан Республикасы Т

Сулейман Демирел атында

«БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДА

 атты халықаралы

Internati

"INNOVATIONS IN EDUCATION AND SCIENCE"

dedicated to the 25

th

 anniversary of Independence of the Republic of Kazakhstan



and 20

th

 anniversary of Suleyman Demirel University 



Международ

«ИННОВАЦИИ В ОБРАЗОВАНИИ И НАУКЕ»

посвященная 25

и 20­летию у

 

 

РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

MINISTRY OF EDUCATION AND SCIENCE OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

 

СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ СУЛЕЙМАНА ДЕМИРЕЛЯ 

SULEYMAN DEMIREL UNIVERSITY 

 

 

 



 

 

Республикасы Тəуелсіздігінің 25 – жылдығы мен 



Сулейман Демирел атындағы университеттің 20 – жылдығына арнал

ЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР

аралық ғылыми­практикалық конференция  

II том 

 

International scientific­practical conference 



"INNOVATIONS IN EDUCATION AND SCIENCE" 

anniversary of Independence of the Republic of Kazakhstan

anniversary of Suleyman Demirel University  

Volume II 

 

Международная научно­практическая конференция 



«ИННОВАЦИИ В ОБРАЗОВАНИИ И НАУКЕ» 

посвященная 25­летию Независимости Республики Казахстан 

летию университета имени Сулеймана Демиреля 

том 1I 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қаскелен, 2016 

Kaskelen, 2016 



ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

MINISTRY OF EDUCATION AND SCIENCE OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 

Ы УНИВЕРСИТЕТ 

 

ы мен  


ына арналған  

Ы ИННОВАЦИЯЛАР» 

anniversary of Independence of the Republic of Kazakhstan 

летию Независимости Республики Казахстан  


 

УДК 001:37.0 (063) 



ББК 72.4 

Б 94 


Б  94  Қазақстан  Республикасы  тəуелсіздігінің  25  –  жылдығы  мен  Сулейман  Демирель 

атындағы  университеттің  20  –  жылдығына  арналған  «Білім  және  ғылым  саласындағы 



инновациялар»  атты  халықаралық  ғылыми­практикалық  конференция  материалдары,  14  қазан 

2016 жыл. – Қаскелең. ­  б. – Қаз., ағыл., түр., орыс. 

Materials  of  the  International  scientific­practical  conference  "Innovations  in  education  and 

science"  dedicated  to  the  25

th

  anniversary  of  Independence  of  the  Republic  of  Kazakhstan  and  20



th

 

anniversary of Suleyman Demirel University, October 14, 2016, Kaskelen.    p. – 



Kaz., Engl., Turk., 

Russ.. 


Материалы  международной  научно­практической  конференции  «Инновации  в 

образовании и науке» посвященной 25­летию Независимости Республики Казахстан  и 20­летию 

университета имени Сулеймана Демиреля, 14 октября 2016 год, Каскелен.    стр. – Каз., англ., тур.,  

русс. 

Баспаға Сулейман Демирель атындағы университеттің Ғылыми кеңесімен ұсынылған, №2 



хаттама, 29.09.2016 ж. 

 

Редакциялық алқа: 

Editorial collegiums: 

Редакционная коллегия:  

 

Месут  Акгюл  ­  Сулейман  Демирель  атындағы  университеттің  ректоры,  а­ш.ғ.д., 

профессор,  Әмірғалиева  С.Н.  –  ф­м.ғ.д.,  профессор,  Бірінші  проректор­оқу  ісі  жөніндегі 

проректор, Сейтқұлов Н.А. ­ п.ғ.д., профессор Ғылыми істер жөніндегі проректор, Ысқақұлы Д. 

­ ф.ғ.д., профессор, Кочак А. –  Əкімшілік істері жөніндегі проректор, Йылмаз Х.С. ­ Құқық жəне 

əлеуметтік­гуманиарлық ғылымдар факультетінің деканы, пед.ғ.к., ассоц.проф. , Гуверджин С.  ­ 

Инженер жəне жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, PhD. Акбаров А.А. ­ Филология 

жəне  педагогика  ғылымдары  факультетінің  деканы,  PhD.  Нургабдешов  А.Р.  ­  Экономика  жəне 

əкімшілік басқару ғылымдары факультетінің деканы, ассист.проф., PhD. Татибеков Б.Л.  ­ э.ғ.д., 

проф,  Экономикалық,  əлеуметтік  жəне  бизнес  зерттеулер  ғылыми  институтының  директоры, 



Кульчимбаева  Б.С.  ­  п.ғ.к.,  Ғылым  департаментінің  директоры,  Айдоғду  Ш.  ­  ф.ғ.к., 

ассист.проф.,  Адилова  К.А.  –  з.ғ.к.,  ассист.проф.,  Төлен  Ж.­  PhD,  Ергебеков  М.­  ассоц.проф. 

PhD,  Эрдоған  А.  ­  ассоц.проф.,  PhD.  Дүйсебеков  Ж.  –  магистр,  Касымова  Г.М.  ­д.п.н., 

Жумалиева Р. ­ ассоц.проф. PhD. Мұхамади Қ. ­ ф.ғ.к., Нұржанова  А.Б. ­ ассист.проф., ф.ғ.к., 

Әуелбекова Ш. ­ ассист.проф. PhD, Изекеонова А.К. ­ ассист.проф., PhD, Ахмадиева З. – MA, 

Кусниева А. – MA, Техникалық редактор: MA Нұрашева А.А. 

 

ISBN  978-601-7537-46-3 



 

В  сборнике  представлены  научные  статьи  по  мониторингу  инноваций  в 

образовании 

и 

науке, 



перспективы 

 

развития 



науки 

и 

подготовки 



высокопрофессиональных кадров в Республике Казахстан. 

 

 



 

УДК 001:37.0 (063) 

ББК 72.4 

 

ISBN  978-601-7537-46-3                              ©Сулейман Демирель атындағы университет,



 2016 

 

СЕКЦИЯ 8 



SESSION 8 

 

Қазақ, орыс және түрік филологиясының ортақ мәселелері 

Common  problems of Kazakh, Russian Philology and Turkology 

Kazak, Rus ve Türk Dilbiliminin Müşterek Sorunları 

Общие проблемы казахской, русской филологии и тюркологии 

 

ƏӨЖ 81­22 



 

Адилова Г. А. 

Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті 

Түркі филологиясы кафедрасының меңгерушісі 

 

ҚАРАҚАЛПАҚСТАН ҚАЗАҚТАРЫ ТIЛIНДЕГI ТУЫНДЫ 



ЭТНОГРАФИЗМДЕР 

 

Аннотация.  В  данной  статье  рассматриваются  особенности  этнографизмов 

встречающихся в языке казахов Каракалпакстана.  

Ключевые слова: этнографизмы, диаспора, казахский язык. 

 

Қарақалпақстандағы  қазақтардың  тілі  басқа  да  диаспоралар  тəрізді  ерекше 



құрылымға  ие.  Бөтен  тілдік  ортаға  түскен  диаспора  өкілдері  өзін  қоршаған  өзге 

халықтардың  мəдениетімен  де  қарым­қатынасқа  түседі.  Мұндай  жағдай  этномəдени 

лексиканы  байытады.  Қарақалпақстандағы  қазақтардың  этнографиялық  лексикасы  қазақ 

тілінің жалпыхалықтық негізін сақтай отырып, өзбек, қарақалпақ, түрікмен тілінің əсерін 

сезінеді,  сонымен  қатар  батыс  сөйленістеріне  жақын  аймақтық  ерекшеліктер  көрінісі  де 

ұшырасады.  

Мұндағы туынды сөздер атау қажеттілігіне сай заңдылықтар арқылы жүзеге асқан. 

С.  Исаев:  «Сөзжасам    сөз  таптарын  жасау,  тудыру  емес,  тілдің  лексикалық  құрамын 

байытатын  жаңа  мағыналы  сөз  тудыру,  тек  одан  кейін  жаңа  жасалған  сөздің 

грамматикалық  сипаттары  арқылы  белгілі  бір  сөз  табына  енеді»[1:244],­  дейді.Мысалы, 

үйлену  салтына  байланысты  қуғыншы    атауы,  жерлеу  салтына  орай  жасалған  сүйекші, 

күзетші  сөздері  зат  есімдер  тобына  -шы  жұрнағының  қызметі  арқылы  енсе,  басын 

тікейту, қарын шашын алу, бесікке салу тəрізді күрделі атаулар етістіктер тобын құрайды. 

Сөйтіп,  сөзжасамда    басты  мəселе–  туынды  сөз.  Осы  туынды  сөз  терминін  айқындау 

барысында  оның  табиғатына  қатысты  мəселелер,  көзқарастар  анықталады.  А.  Ысқақов 

туынды  сөз  қатарына  жұрнақ  арқылы  жасалған  сөздерді  жатқызады  [2:89­90],  бұл 

тұжырым  бойынша  елші,  елшілік  типіндегі  сөздер  туынды,  жалаң  түбірлер  саналады  да 

біріккен, қысқарған, тіркескен, қос сөздер күрделі сөздер қатарына жатқызылады.    

Туынды түбір этнографизмдер сөзжасамның синтетикалық тəсілі арқылы жасалады.  

Қазақ  тілінің  басқа  лексикалық  қабаттары  тəрізді  əдет­ғұрып  лексикасы  атаулары  да 

сөзжасамның  тəсілдері  арқылы  жасалады.  Қарақалпақстан  қазақтарының  əдет­ғұрып 

лексикасында этнографизмдер негізінен ­шы/ші, -лық/лік,  -ма/ме, -у жұрнақтары арқылы 

жасалатыны байқалады. 


 

Жергілікті  қазақтар  тілінде  ­шы/ші  жұрнағы  арқылы  жасалған  сүйекші,  күзетші, 



қуғыншы, жаушы т.б. этнографизмдер қолданылады. Бұл жұрнақтың іс­əрекетті жасаушы, 

субъектіні  білдіретін  мағынасы  көне  жазбалардан  (бедізчі)  белгілі  [3:175].  ­Шы/ші 

жұрнағының  осы  «іс­əрекеті  жасаушы,  субъект»  мағынасы  түркі  тілдерінің  қазіргі 

қолданысында  бірнеше  парадигмалық  байланыста  қатысымға  қызмет  етеді.  А.  Ысқақов 

оның: 1) кəсіп иелерінің я мамандық атауларын, белгілі кəсіппен шұғылданатын адамды 

(тілші,  т.б.); 2) адамның белгілі  дағдыға айналған іс­əрекеті мен қабілет­қасиеттерінің 

аттарын (аңдушы т.б.); 3) қоғамдық көзқарасты жақтаушының жəне белгілі бір қоғамдық 

ұйымға  қатысушының  атын  (берсиевші,  спортшы,  т.б.)  білдіретін  көрсетеді  [4:150]. 

Б.Орузбаева  аталған  жұрнақтың  «мамандық,  кəсіп»  ұғымдары  атауын  (малчы

жасайтынын  айтады  [5:145].  Т.М.Гарипов  бұл  жұрнақтың  татар,  қазақ,  өзбек,  түрікмен, 

чуваш тілі тəрізді түркі тілдері мен монғол тілдеріндегі дыбыстық нұсқаларын салыстыра 

келе, башқұрт тіліндегі «істі істеуші, мамандық» мағыналарын олардың белгілі затқа, іс­

əрекетке қатысына қарай айқындайды, бұлар себепші негіз қызметін атқарады дейді [6:61­

65]. 


Қарақалпақстандағы  қазақтар  тілінен  алынған  деректер  бойынша  да  аталған 

мағыналарды  көруге  болады.  Қуғыншы–  алып  қашып  кеткен  қыздың  артынан  іздеп 

барушы,  іздеуші  мағынасында  қолданылатын  этнографизм.  Архисема–  қуу  болғанымен, 

бұл  атаудың  семантикасы  басқа,  яғни,  «қыздың  іздеушісі,  сұраушысы»  бар  дегенді 

білдіреді. 

Күзетші–  қайтыс  болған  адамның  денесін  жерлегенше  күзетіп  отыратын  жақын 

туыстары деген мағынада қолданылатын этнографизм. Мұнда жергілікті сипаттағы сема­ 

«құрмет»,  ол  басқа  қонақасы  т.б.  ырымдарымен  ұласып  жатады.    Бұл        этнографизм    

күзет  түбіріне  туынды  есім  жасайтын   

­ші  жұрнағы жалғану арқылы жасалған. 

Сүйекші–  қайтыс  болған  адамның  денесін  қойымшылыққа    апарып,  жерлеуге 

қатысатын  адамдар  мағынасында  қолданылатын  этнографизм.  Бұл  этнографизм  сүйек 

есіміне  –ші  жұрнағы  жалғану  арқылы  жасалған.  Қарақалпақ  тілінде  сүйек  сөзі  екі  түрлі 

мағынада қолданылады: 1.Адамдар  мен жан­жануарлардың денесінің негізгі қатты бөлімі, 

дене  қаңқасы.  2.Өлінің  денесі.  Соңғы  мағынасына  байланысты  сүйекші,  сүйекке  кіру, 

сүйекшілер жəне т.б.  сөздер пайда болған [7:231]. Ал қазақ тілінде сүйек сөзі төрт түрлі 

мағынада қолданылады: 1.Адам мен айуан денесінде қаңқа жəне оның бөлшектері. 2.Ру, 

текті  білдіреді.  3.Өсімдіктің  тұқымы.  4.Ауыспалы  мағынада  өлік  дегенді  білдіреді.  Осы 

соңғы  мағынасына  байланысты  сүйекші,  сүйекке  кіру  жəне  т.б.  этнографизмдері 

қалыптасқан [8:290]. 

­Шы/ші жұрнағы арқылы жасалып, жалпыхалықтық тілде көне сөз саналып жүрген 

этнографизмнің  енді  бірі­  жаушы/саушы  лексемасы.  Қазақ  тілінің  «Диалектологиялық 

сөздігінде» оның мағынасы «құдалар арасында жүруші, хабаршы, елші» болып ашылған 

(ДС.275). Ал Қарақалпақстандағы қазақтар тілінде  саушы, саушы  жіберу тұлғаларында 

жұмсалады. 

М.Қашқарида  саб-  сөз  дегенді  білдірумен  қатар,  а)  мақал-мəтелдер,  ə)қисса,  б) 



хикая, в) хат, хабар, кітапша, г) хабар тəрізді семаларды жəне савшы тұлғасында «елші, 

қыз­күйеулер, құдалар арасында келіп­кетіп, хат хабар жеткізіп, елшілік жасайтын адам» 

мағынасында түсіндірілген (МҚ,3,214­215). Сөздің көнелігін оның қазіргі түркі тілдерінде 

(өзбек­совчы, татар­яучы, чуваш-иевче) сақталуы танытады.  



 

Р. Сыздықова оғыз тілдеріндегі (саашчы) жəне ескі  өзбек тіліндегі (совчы)   «елші, 



туыстар мен  құдалар арасында хат тасушы адам»  мағынасы да, қырғыз тіліндегі жуучу

қазақ тіліндегі жаушы  сөздерін саучы тұлғасының варианты деп таниды. Қазақ тіліндегі 



сөз  саптау,  сауын  айту  тіркестерінде  сақталған  саб/сау  түбірлерінің  архисемасы–  сөз

Ғалымның  пайымдауынша сөз  мағынасы тарылып,  сараланған[9:77].Қазақ  тілінде сөздің 

архисемалық  варианты  сөз  саптау,  сауын  айту  тіркестерінде  сақталған  да,  тілдердің 

ыдырау  кезеңінде  қазақ  тілінде  ж  варианты  басымдылық  танытқан.  Архетипі  «сав-сөз» 

ұғымын  білдіретін  жаушы/саушы  лексемасы  құда  түсер  алдында  қыздың  əке­шешесіне 

барып, келісімін алып қайтатын адам мағынасында  қолданылады. 

Сөйтіп, ­шы/ші жұрнағы түркі тілдерінің бəрінде өнімді сөз тудырушы əрі омоним 

жұрнақ екенін тіл деректері дəлелдейді. Зерттеліп отырған тақырыпқа оның сөз тудырушы 

қызметі ғана қатысты.  

Қалеу  (қала+у)–    кіндік  шешенің  баланың  əкешешесінен    алатын  сыйы.  Бұл 

этнографизмнің  түбірі  қала  болып,  ол,  «қолқа  салу,  сұрау»    дегенді  білдіреді  (ҚТТС, 

5.580).  ­у    жұрнағы  арқылы  «сұрау,  өтіну,  таңдап  сұрау»  мағынасындағы  туынды 

этнографизм жасалған.  Бұл  қосымша  қала етістігіне жалғанып сұрау, бұрау, тілеу, көсеу, 



қанау, жабу, жоқтау, жерлеу  жəне т.б.  туынды түбірлер сыяқты  жаңа термин жасаған. 

Қалеу  түрінде «бұйымтай сұрап, қалап алмақшы болған нəрсе, қолқа» (ҚТТС,5,585), ат-

түйедей  қəледі,  құда  қалесе,  қалеуің  білсін  сыяқты  тұрақты  сөз  тіркестерінде  де,  қазақ 

тіліндегі  қалау  рай  терминінде  де  осы  мағына  берілген.  Қарақалпақстан  қазақтарының 

тілінде қарақалпақ тілінің əсерімен қалеу түрінде қолданылады.  

 Шашу(шаш+у)–  қазақ тіліндегі шілдехана сөзінің синонимі. Бұныкейжерлердебесік  

тойдеп  те  атайды.  Бұлмерекенітууүйіненшығыпкелгеннəрестеніңөміржолынасадақа, 

қуаныштыатапөтуретіндебереді. 

Нəресте  дүниеге  келгенде,  келін  түскенде,  құда  келгенде,    жақындары  алыс 

сапарданкелгендежəнет.б.  осы  сыяқтықуаныштыкүндердеəйелдерқұрттан,    кəмпиттен,  

бауырсақтаншашушашады. Шашу шашу арқылы қазақтар өз қуанышымен  сезімінің асып 

төгілуін 

көрсеткенжəнебұлқуаныштыбасқаларменбөлісіп, 

соларға 


да 

тілектестігінбілдірген. 



Ілу  (іл+у)–  қызын  тəрбиелеп  өсіргені  үшін  ұрын  барғанда  берілетін  қаде. 

Е.Жанпейісовтың пікірі бойынша, ілу монғолша өлгий сөзінің фонетикалық варианты  деп 

есептеледі.  Өлгий    сөзі  «бесік»  жəне  «күміс  құймасы»,  «алтын»  деген  мағыналарды 

білдіреді. Қазақ тілінде өлгий сөзі бұрын елгей формасында қолданылған [11:38]



Аластау  (алас+та+у).    Бұл    сөз  діни  сенімдерге  байланысты  пайда  болып,  ол 

«барлық жаман нəрселерден баланы қашық ұстау» дегенді білдіреді. Мысалы: 

Алас, алас, бəледен алас, 

Алас, алас, дəртіңнен алас. 

Р.Г.Ахметьянов алас сөзін Орта Азия, Сібір, Қазан татарларының тілінде «көктемде 

от жағып, үстінен  секіру, яғни аластау, барлық жаманшылықтан тазару» деген  мағынада  

қолданылатынын    көрсеткен  жəне  алас  сөзін    қыпшақтардың  алаш    ұранымен 

байланыстырады. Сондай–ақ оның пікірінше,  алас  сөзі парсы тіліндегі  ал– «от, жалын» 

сөзінен  шыққан,  ол  отқа  табынумен  байланысты  шыққан  «от»  деген  түсінікті  білдірген. 

Ал,  аластау  сөзінің  екі  мағынада    қолданылатынын  көрсеткен:  1)  «ауыруды  отпен 

ұшықтап емдеу, ескі сенім бойынша қас күштерді қуудың ырымын жасау»; 2) «қылмысты 

адамды жазалау, масқаралау»[10:67]. 



 

Жоқтау(жоқ+та+у). Түркі халықтарының барлығында дерлік қайтыс болған адамға 

арналып    қайғылы  əуенмен  айтылатын  жыр  «Жоқ»  сөзі  ескі  түркі  тілінде  «қайғы»  

мағынасын  білдіріп,  өліні  жерлеуге  байланысты  дəстүр  немесе  қайтыс  болған  адамға 

берілетін  ас  [12:136]    мағынасында  қолданылған.  А.Н.Кононов  ескі  түркі  тіліндегі  уоq 

сөзінің бір мағынасы «қаза, өлім» екендігін көрсетеді [13:114]. Күйеуі өліп, қаралы болған 

əйел қайғысының ауырлығын білдіру үшін бес саусағымен бетін жыртып, қан шығарады. 

Өлген адамның əйелі күйеуі қайтыс болған күннен бастап, басына қара жамылады. Əйелі, 

қыздары,  апа­қарындастары  жыл  бойы  күн  сайын  таңертең    ерте  тұрып,  жүзін  керегеге 

қаратып,  дауыс  шығарып  жоқтау  айтатын  болған.  Жоқтау  жырында    қайтыс  болған 

адамның  ел­жұрт,  ағайын­туыстарына    тигізген  пайдасы,  қамқорлығы,  ерлігі  жəне  т.б. 

қасиеттері туралы айтылады.  

«Жоқтау» лексемасының қазақ жəне басқа түркі тілдеріндегі мағынасы, этимологиясы 

туралы  мəліметтерді  этнограф­ғалым  Е.Жанпейісовтың  «Этнокультурная  лексика 

казахского  языка»    атты  еңбегінен  көреміз.  Автор  жоқтау  этноатауының  мағынасын 

«плач,  причитания,  оплакивать»  деп  түсіндіре  отырып,  семантикасы  бойынша  жоқтау 

этнографизмі жоқтау айту, дауыс айту, дауыс ету лексемаларымен сəйкестігін көрсетеді,  

сондай­ақ,  қарақалпақ  тіліндегі  «дауыс  шығару»  этнографизмімен  мағыналас  екендігін 

келтіреді [14:66­68]. Біздіңше, бұл формалар сырттай  қарағанда  мағыналас көрінгенімен 

олардың арасында айырмашылық бардай сезіледі. Біріншіден, жоқтау, дауыс айтуды тек 

əйелдер ғана айтады. Екіншіден, «ат қою» немесе «дауыс шығару» бұл өлік жатырған үйге  

келе жатырған  адамдардың шығаратын дауысы. Бұлар жоқтау айтатын əйелдердей  біраз 

уақыт дауыс шығарып отырмайды. 

 Жоқтау  сөзінің  астарында  бардың  жоғалуы,  болған  нəрсенің  жоқ  болуы,  өткен 

адамның қадір­қасиеті, қазаның орны толмайтындығы, қайғылы шері аңғарылады. Тілмен 

айтып  жеткере    алмайтын,  сағынышты  жүректің  шерлі  көңілі  жоқтау  арқылы  сыртқа 

шығып, мауқын басады. Жоқтаудың  негізгі мағынасы  да осында деп айтуға болады. Ал 

жоқтау айтылмаса, жанашыры, жоқтаушысы жоқ деп кінə тағылған, кешірілмейтін айып 

деп есептелген.  

–пе   жұрнағы түркі  тілдерде,  соның ішінде қазақ тілінде өнімді  жұрнақтардың  бірі   

болып  есептеледі.    Бұл  жұрнақ  арқылы  жасалған    есімдер  түбірде  білдірілген  əрекетке 

тиісті болған немесе сол іс нəтижесінде пайда болған предметті білдіреді.  –пе  жұрнағы  

зат  есім    жасаудағы  ең  бір  өнімді  жұрнақтардың  қатарында  болғанымен, 

этнографизмдерден  тек ентікпе, тыштырма  деген сөздерді ғана жасап, басқа өз алдына 

сөз жасау қасиетіне ие емес. 



Тыштырма  (тыш+тыр+ма).  Бұл  сөздің  негізгі  мағынасы–  «балаға  бесік  құт 

дарытсын»  деген  түсінік.  Кексе  əйел  баланы  бесікке  салғанда  төңірегіндегі  əйелдердің 

көмегімен  бесікке  салу  ырымдарының  бəрін  жасап  отырады  жəне  бесікке  салатын  əйел  

балаға  арнап  киім,    шашуын  да  қосып  алып  келеді.  Шашуға  алып  келген    заттарды  

бесіктің   түбегі тұратын тесіктен шашып, «тышты ма?» деп сұрайды, төңіректегі адамдар 

«тышты, тышты» деп жауап беріп отырады. Бұндағы мақсат– «сол тесіктен кіретін жын–

шайтан, жаман пəлекеттер  баланың дəретінің астында қалды, енді  ол балаға   жақындай 

алмайды, адам көп жерден аулақ болады» деген сенімге негізделу.  



-дық//-дік жұрнағы. Бұл жұрнақ та  абстракт есімдерді жасайтын өнімді жұрнақ, ал 

оның этнографизмдерді жасаудағы  өнімділігі  шектелген: көрімдік, қалыңдық



 

Көрімдік– қалыңдықты, күйеу баланы немесе дүниеге келген нəрестені ең алғаш рет 

көрген адамға берілетін қаде [15:216]. Бұл этнографизм көр етістігіне зат есім жасайтын 

ім жəне –дік жұрнақтары жалғану арқылы жасалған.  

Қалыңдық  Қалыңсөзінен  қазақ    жəне    кейбір  түркі  тілдеріндегі    қалыңдық 

«келіншек» сөзі пайда болған. Оған татар жəне башқұрт тілдеріндегі кəлəш «айттырылған 

қыз,    келіншек»[16:86]  сөзін  де    жақындастыруға  болады.  Бұл  сөз  қазақ  тілінде  қалаш  

түрінде  қолданылып, ол тек күрделі сөздің құрамында ғана қолданылады: қатын–қалаш. 

Себебі  екеуі  де қалашжəне кəлəш  сөздері бір морфема болып есептеледі, яғни, қалыңдық 

сөзіне семасиологиялық  жағынан қалаш лексемасы жақын  жəне екеуі де бір мағынаны 

білдіреді. 

Этнографизмдерді  пайда  етуде  қатысатын  жұрнақтар  түркі тілдерде қолданылып 

келе  жатырған  жұрнақтардан  бүтіндей  айырылып    тұратын    өзіне    тəн    грамматикалық  

формалар  емес,  ал  бұл  тілдерде  əр  түрлі  мағынадағы  сөздерді  жасауда  қатысатын 

жұрнақтық морфемалар болып есептеледі.  

         Қарақалпақстан  қазақтары  тілінде  синтетикалық  тəсіл  арқылы  жасалған  туынды 

түбір  этнографизмдер  көп  емес,  жергілікті  сипаттағы  атаулар  бірен­саран.  Себебі 

жергілікті қазақтардың мəдениеті тамырын жалпытүркілік, оның ішінде қазақтың ұлттық 

мəдениетінен  алады,  қазақ  мəдениетінің  аймақтық  бояу,  реңкімен  өрнектелген  синтезді 

көрінісі болып табылады. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1 Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы: Рауан, 1998, 

244­б. 

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология­Алматы: Ана тілі, 1991,89­90б. 



3  Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. – Алматы: Қазақ университеті, 1999, 225­б.  

4 Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы: Мектеп, 1988, 175­б. 

5  Орузбаева Б.О. Словообразование в киргизком языке. – Фрунзе: Илим, 1964.­с.145. 

6 Гарипов Т.М. Башкирское именное словообразование. Уфа, 1959.с.61­65. 

7  Қарақалпақ тилиниң түсиндирме сөзлиги.­ Нөкис.Қарақалпақстан, 1992. Т.IV. 231­б.  

8  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы. Қаз ССР Ғылым Академиясы, Т.II.1961.290­б. 

9 Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. – Алматы: Санат, 1994,77­б. 

10 Ахметьянов Р.Г. Общая лексика духовной культуры народов Среднего Поволжья. М., 

Наука, 1981, 67­бет. 

11 Жанпеисов Е.Историко­этимологические заметки.// Известия АН Казахской  ССР. 

Серия филологическая. 1980.№1, 38­бет. 

12 Махмуд Қошғорий  Девонулуғот­иттурк. Тошкент. 1967. 136­б. 

 13 Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических  памятниковVII­IХ вв. Л., 1980. 

c.114. 


14  Е. Жанпейiсов.  «Этнокультурная лексика казахского языка» А, Наука, 1989.66­68 б. 

 15 Қазақ тілініңтүсіндірмесөздігі. 5­т. Алматы. Ғылым. 1980. 216­б. 

16 Егоров В.Г. Этимологический словарь чувашского языка, Москва, 1980. 86­бет. 

 

 



 

 

 



 

УДК 81 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал