Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



Pdf көрінісі
бет68/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1 Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген 

сөзінен. Айқын газеті. 24 сəуір 2013ж. №73(2228) 

2  ҚР  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы­2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауынан. Астана, 2014ж. 

3 А.Байтұрсынов  «Əдебиет танытқыш»  Алматы 1987. ­ 223б. 

4 Қыдыршаев А. Іскерлік шешендіктану қағидалары, Орал 2007. – 29б. 

 

УДК 061.213; 329.728 



Төлен Ж.М., Туленова С.  

С.Демирел университеті, əлеуметтік ғылымдар кафедрасының  

ассистент профессоры, саясаттану Ph.D. докторы, 

E-mail: 

tolen.zh.kz@gmail.com



Қазақ мемлекттік қыздар педагогикалық университеті, əлеуметтік-гуманитарлық 

ғылымдар факультеті. E-mail: 

sylywaw@mail.ru

 

 

ЖАСТАРДА ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТҮЙТКІЛДІ 



МӘСЕЛЕЛЕРІ 

«Елім маған не істеді деп сұрама,  

мен еліме не істей аламын деп сұра»  

Джон Кеннеди 

 

Abstract.  To  instill  patriotism  in  youth  is  one  of  the  actual  problems  of  poly­ethnic  and 

multi­confessional  Kazakhstan;  accordingly,  this  article  deals  with  civil  duty  and  patriotic 

education  of  Kazakhstan’s  youth.  This  paper  aims  to  define  the  extent  of  civil  and  patriotic 

sentiment of youth in Kazakhstan. 



545 

 

Keywords:Patriotism, spiritual values, youth, education 



 

XXI ғасыр əлемде білім мен ғылымның, инновациялық жаңашылдықтың айқындаушы 

рөлге ие болуы, адам капиталының сапасы мен жастардың азаматтық белсенділігіне басты 

талап  қояды.  Қазақстандағы  жастар  бірден­бір  үлкен  əлеуметтік­демографиялық  топ 

болып  табылады.  Оның  көрсеткіші  жалпы  халық  санына  шаққанда  29%  құрайды.  Яғни 

халықтың  үштен  бір  бөлігі  жастар.  Мемлекеттің  интеллектуалды  дамуында  Қазақстан 

жастарының  азаматтық  белсенділігі  мен  патриотизмінің  маңызы  зор.  Қазақстан  өзінің 

стратегиялық даму жолында амбициялық мақсатына жету үшін қоғамның қозғаушы күші 

жастардың өз мемлекетіне жан тəнімен адал қызмет етуі жəне еліне деген сүйіспеншілігі 

яғни  өз  елінің  патриоты  болуы  қажет.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə. 

Назарбаев  2010  ж.  «Жаңа  əлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Халыққа  Жолдауында  «жаңа 

Қазақстанды  қалыптастырудың  басты  факторы  ретінде  қазақстандық  патриотизм  мен 

саяси  еркіндік,  азаматтық  белсенділікті»  атап  өткен  болатын  [1].  Қазақстанның  ұзақ 

мерзімді  даму  стратегиясы  «Қазақстан–2030»  бағдарламасында:  «Бiз  барлық  Қазақстан 

азаматтарында отаншылдық жəне өз елiне сүйіспеншілік сезімдерін дамытуға міндеттіміз» 

­  деп  аталып  өтілген  [2].  Соған  сəйкес  Президент  Н.Ə.  Назарбаев  «Əлеуметтiк­

экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты өзінің 2012 жылғы 

соңғы  халыққа  Жолдауында  патриотизм,  моральдық,  адамгершілік,  ұлтаралық  келісім, 

толеранттылық  т.б.  құндылықтарды  барлық  оқу  орындарында  жаппай  қолға  алып, 

жастарды  осы  құндылықтармен  тəрбиелеу  қажеттігін  баса  атап  өтті  [3].  Мемлекеттің 

басты  құндылықтарының  бірі  патриотизмді  дамыту,  əсіресе  жастардың  бойында 

патриоттық  сезімді,  отансүйгіштікті  қалыптастыру  бүгінгі  мемлекет  тұрақтылығы  мен 

дамуының  негізгі  бөлігі  болып  отыр.  Бүгінгі  шарттарда  мемлекеттілікті  патриотизм 

негіздерімен  қалыптастыру  қоғамның  модернизациялануы  мен  қатар  оның 

интеллектуалды дамуына алып келеді. 

Тарихта  ең  алғаш  «патриот»  сөзі  1789­1793  ж.  француз  революциясы  кезінде 

қолданылған болатын. Ол кезде халық мүддесі үшін күрескен, отанды сатушыларға қарсы 

республиканы қорғаушы адамдарды патриот деп атады. Ал «Патриотизм» (гректің patris – 

отан),  отанға  деген  сүйіспеншілік  пен  жан­тəнімен  берілу,  оның  өткені  мен  бүгінгісіне 

мақтаныш  сезімі,  елінің  мүддесі  жолында  аянбай  күресу  сияқты  адамгершілік  пен 

моральдық принциптер [4].  

Қазақстандық  патриотизм  Қазақстан  Республикасын  біртұтас  Отаны  ретінде 

қабылдап,  өзін  республика  халқының  құрамдас  бөлігі  сезінетін  азаматтық  парыз  бен 

намысын  тəрбиелеу.  Қазақстандық  патриотизмнің  мазмұны  ешкімді  жатырқамайтын, 

табиғатынан ашық жарқын, ұлттық менталитетке сəйкес келетін, мемлекетте қалыптасып 

отырған саяси жағдайға байланысты ұлтаралық келісім, төзімділікке негізделеді. Өйткені 

130­ға  жуық  ұлттан  құралған  Қазақстанда  қоғамның  ішкі  тұрақтылығы  мен  тұтастығы 

мемлекет саясатының аса маңызды бөлігі болып табылады.    

Патриотизм  Қазақстан  сияқты  полиэтникалық  қоғамда  ұлттардың  қарым­қатынасын 

реттеуде  өте  маңызды  құрал  болып  табылады.  Патриоттыққа  тəрбиелеу  арқылы  елдегі 

басқа ұлттардың біріншіден, өзінің туып өскен елін, жерін құрметтеуге, екіншіден, басқа 

ұлттардың  бір  бірін  сыйлауына,  үшіншіден,  жауапты  ұлт  ретінде  қазақты  құрметтеуіне 

үйретсе, төртіншіден, керісінше қазақтардың басқа ұлт өкілдерін кемсітпей, оны осы елде 

туып  өскен  мемлекет  азаматы  ретінде  өзімен  тең  деңгейде  санап,  қатар  татулықта  өмір 

сүруге үйретеді.  


546 

 

Мемлекеттің  сыртқы  бағытта  ашық  саясат  жүргізуі  мен  еліміздің  əлеуметтік 



экономикалық  саяси  дамуының  жаңа  сапаға  ие  болуы,  мемлекетте  қалыптасып  отырған 

идеологиялық  əралуандылық  нəтижесінде  жастардың  дүниетанымының  өзгеруі 

мемлекетте жастардың патриоттық тəрбиесіне қажеттілік туындатып отыр. 

Жастардың  бойында  патриоттық  сезімін  қалыптастыру  үшін  оқу  орындарында 

тəрбиеге кешенді тұрғыда келу, тəрбие ісін жан жақты білім берумен қатар жүргізу яғни 

тəрбиелей оқыту қажет.  



Тәрбиелей оқыту: 

­  Жастарды білімді əрі білікті маман ретінде қалыптастыру; 

­  Жастардың бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру; 

­  Отан, ата­ана алдындағы азаматтық борышын терең түсіндіру; 

­  Халық мүддесін жеке бастың мүддесінен жоғары қоя білушілікке баулу; 

­  Халықтар, ұлттар достығын қадірлеуге үйретеді [5]. 

Егер тəрбие жеткіліксіз болса, қоршаған ортада жағдайлар мен шарттар түзілмесе, ол 

сезім патриотизм сезіміне дейін өсіп жетілмейді.    

Жастардың патриоттық тəрбиесін бірден бір қалыптастырушы институт ол мемлекет. 

Патриотизмді  мемлекеттік  идеология  ретінде  жүргізу  арқылы  жаппай  қалыптастыра 

алады.  Президент  атап  өткендей  бүгінгі  жастарды  отаншылдық  рухта  тəрбиелеу  ­ 

мемлекеттік  идеологияның  темірқазығы  болуы  тиіс.Сонымен  қатар  патриотизмді 

жастардың бойында қалыптастыруда: отбасы, оқу орны, қоршаған орта, БАҚ т.б. маңызды 

орын алады. 

Жастарға  патриоттық  тəрбие  беруде  орта  білім  беру  орындарының  рөлі  ерекше. 

Өйткені жастардың  дүниетанымының  ең алғашқы қалыптасуы мен  əрі қарай  дамуы осы 

кезеңде  амалға  асады.  Сондықтан  орта  білім  беру  орындарында  сапалы  білім  берумен 

қатар патриоттық тəрбиеге аса мəн берілу қажет.  

Орта білім беру орындарында жастардың бойында патриотизмді қалыптастыру үшін:   

­  Оқулықтардың  мазмұнын  қайта  қарап,  жастарды  патриоттық  тəрбиелеуге  қатысты 

ақпараттармен толықтыру;  

­  Жастарды  отансүйгіштікке,  патриоттыққа  тəрбиелейтін  арнайы  пəн  («патриоттық 

тəрбие») енгізу; 

­  Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру. Отанын, елін, жерін сүйуге тəрбиелеу, 

азаматтық борышын сезінуге баулу қажет. 

 Жастарды  патриотизм  рухында  тəрбиелеудің  басты  қағидасы  оларға  еліміздің  өткен 

тарихын толық білумен қатар еліне, жеріне деген мақтаныш сезімін ұялату қажет. 

Тұлға  субъективтілігін  қалыптастыруда  жоғары  бiлiм  ең  маңызды  құрамдас 

бөліктердің  бiрi  болып  саналады.  Бүгінгі  таңда  республика  бойынша  146  жоғары  оқу 

орындары жұмыс атқарады олардың ішінде (9 ұлттық, 2 халықаралық, 32 мемлекеттiк, 12 

азаматтық  емес,  91  жеке  меншіктелген,  16  акцияланған),  оларда  629  мың  адам  оқып 

жатыр. 


Ұлттық  жоғары  оқу  орындардың  тəрбие  қызметiнің  есептерін  талдау    нəтижелерi 

бойынша  олардың  əрқайсыларында  негiзiнен  орта  есеппен  бір  семестрде  250  шақты 

тəрбие іс­шаралары жүргiзiлетiнi анықталды: оның 31­і   ҚР Президентінің жыл сайынғы 

жолдауын талқылауға, 71­і отан сүйгіштік сезімін қалыптастыруға, 46­сі деструктивтідiни 

элементтердiң  алдын алуға арналған, 28­і студенттерді жұмысқа орналастыруға арналған 

шаралар,  5­і  ISIC  халықаралық  студенттiк  картаны  енгізуге  бағытталған,  14  ­  жас 

ғалымдарды қолдауға бағытталған, 54­салауатты өмір салтын қалыптастыруға. Мысалға, 


547 

 

Аль­Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінде  отансүйгіштік  сезімін 



қалыптастыруға  175  шара  өткізілген,  деструктивті  дiни  элементтердiң    алдын  алуға 

бағытталған  182  шара,  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруға  158  шара  жəне  жас 

ғалымдарды қолдауға бағытталған 23 шара өткізілген. Салыстырсақ, Е.Букетов атындағы 

Қарағанды  мемлекеттік  университетінде,  отансүйгiштiкті  қалыптастыруға  бағытталған 

180  шара  өткізілді,  50­і  деструктивті  діни  элементтердiң  алдын  алуға  бағытталған 

шаралар,  салауатты  өмiр  салтын  қалыптастыруына  бағытталған  40  іс­шарасы,  жас 

ғалымдарды қолдауға 37 шара өткізілді [6]. 

Қазіргі  таңда  тəрбие  жұмысы  жеке  университеттер  мен  жалпы  орта  білім  беру  оқу 

орнының  басшылығының  бастамасымен  жүзеге  асуда.  Əзірге  жастардың  азаматтық 

позицияларын  анықтайтын  жалпы  мемлекеттік  идеологияға  негізделген  біртұтас  тəрбие 

кеңістігі  құрылмаған.  Оқитын  жастарды  тəрбие  іс­шаралармен  қамтылуы  90%  құрайды. 

Дегенмен үнемі белсенді іс­шараларға ат салысып қатысатын жастардың үлесі небəрі 15% 

құрайды. 

Өскелең  ұрпақты  тəрбиелеуде  білім  беру  ұйымдарының  үздік  тəжірибесін  тарату, 

оларға  практикалық  көмек  көрсету  мақсатында  ғылыми­практикалық  конференциялар, 

«Үздік  сынып  жетекшісі»,  «Үздік  тəрбиеші­ұйымдастырушы»  республикалық  кəсіби 

шеберлік байқаулары, республикалық семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, онлайн 

режимінде интерактивті сабақтар өткізіледі.   

Оқу тəртібін бұзу себебімен жоғары оқу орнынан оқудан шығарылған студенттердің 

үлесі 18,7% құрайды. 

Мемлекеттік  статистика  мəліметі  бойынша  Қазақстан  Республикасында  жастар 

арасында  құқықбұзушылық  деңгейі  өсу  қарқыны  байқалады.  2009  жылы  14­15  жас 

шамасындағы  жастар  арасындағы  бас  бостандығынан  айырылғандардың  саны  1700 

құрады,  16­17  жас  шамаларында  –  4200,  18­29  жас  шамаларында  –  39500  құрады. 

Жасөспірімдер  мен  жастар  арасындағы  құқықбұзушылық  деңгейі  2010  жылы  10  мың 

халыққа  шаққанда  81  құрады.  Ал  2011  жылы  бұл  көрсеткіш  44  (125)  өсті.  Жастар 

арасында  құқықбұзушылықтың  жоғары  деңгейі  Астана,  Алматы  қалаларында  жəне 

Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында байқалады [7]. 

Дүниежүзінде  азаматтар  арасында  патриоттық  сезімдерді  қалыптастыратын,  ұлттық 

рəміздерді  –  Ту,  Елтаңба,  Əнұран,  ұлттық  мейрамдарды  құрметтеуге  ынталандыратын 

дамыған мемлекеттер аз емес. Мемлекеттік рəміздер көптеген мемлекеттерде мемлекеттің 

жағымды  жақтарын  қалыптастыруы  ретінде  қолданылады,  ұлттық  мақтаныш  нысаны  

болып  табылады,  патриоттық  сезімдерді  таныту  нысаны  ретінде  қызмет  атқарады.  

Осындай  мемлекеттердің  қатарына  Америка Құрама  Штаттарын  жатқызуға    болады.  Біз 

үшін мемлекеттік рəміздерді насихаттау жəне халық арасында патриоттық тəрбие беруді 

дамыту  жағынан  олардың  тəжірибелері  өте  қызықты.  Американдықтардың  көпшілігі 

салтанатты  шараларда  мемлекеттік  əнұранды  айтады.  Көптеген  ұйымдарда  жəне  жеке 

меншік үйлерде американдық тудың болуы қалыпты жағдайға айналған. Ұлттық рəміздері 

бар  бұйымдар  мемлекет  халықтары  арасында  үлкен  сұранысқа  ие.  Бұл  баспа  жəне 

электрондық  бұқаралық  ақпараттар  құралдарында  (ары  қарай  ­  БАҚ),  кітап  беттерінде, 

көркем  фильмдерде  белсенді  насихатталуымен  түсіндіріледі.  Мемлекеттік  рəміздердің 

көмегімен азаматтар арасында мемлекетті мақтан тұту жəне патриоттық сезімдері бірізді 

қалыптасады.  

Біздің елімізде жастарға патриоттық тəрбие беру Қазақстан Республикасы Үкіметімен 

бекітілген  2005  жылдың  18  шілдесіндегі  №734  қаулысымен  бекітілген  2005­2007 


548 

 

жылдарға  арналған  салалық  жастар  саясаты  Бағдарламасы  шеңберінде  жүзеге  асуда. 



Əлеуметтік маңызды жобаларды қолдау мақсатында патриоттық тəрбие беру саласындағы 

жастар ұйымдарының бірқатар бастамаларын жүзеге асыруға қаржы бөлінуде [8]. 

Патриоттық  тəрбие  беру  ісінде  балалар  мен  жастар  қоғамдық  қозғалыстары  мен 

ұйымдары,  шығармашылық  одақтар  маңызды  ролге  ие,  олардың  əрекеттерінің  негізгі 

мақсаты болып – тұлғаның өзін­өзі тануы мен дамытуындағы əрекеттер табылады.  

Балалар  мен  оқушылар арасындағы патриоттық  тəрбие беру жүйесі білім беру жəне 

тəрбие  беру  процесінде  балалар  мен  жастар  қоғамдық  қозғалыстар  мен  ұйымдардың, 

шығармашылық  одақтардың  құрылуын  қарастырады.  Елімізде  балалар  ұйымдарының 

саны  жылдан  жылға  артуда.  Бүгінде  Республикамызда  1434  тен  астам  балалар  ­ 

жасөспірімдерінің  ұйымдары  жұмыс  атқарады,  олардың  ішіндегі  ең  ірі  əрі  əйгілілері 

«Жұлдыз»  (Ақмола  облысы),  «Болашақ»,  «Ұлан»,  «Айналайын»  (Карағанды  облысы), 

«Шұғыла» (Ақтөбе облысы), «Мұрагер» (Қостанай облысы), «Достар» (Жамбыл облысы), 

«Жайық жастары» (Батыс Қазақстан облысы), «Жасыл Республика» (Оңтүстік Қазақстан 

облысы) тағы басқалар [9]. 

Жастар тəрбие ісінде республикада шешімін таппаған көптеген мəселелер бар: 

­  Білім берудің ролінің асыра бағалануы жəне тəрбиенің бағаланбауы;  

­  Оқу  орындарының  тəрбие  жұмысында  жүйелілік,  тұтастық,  кешендік,  бірізділік 

принциптерінің жеткіліксіз деңгейде жүзеге асырылуы; 

­  Мақсатпен  тəрбиелеудің  басты  басымдылықтарын  анықтауға  мүмкіндік  беретін 

идеологиялық бағыттардың төмен дəрежеде болуы; 

­  Отбасы институтының тəрбие ролінің əлсіреуі; 

­  Балалар қоғамдық ұйымының тəрбие потенциалының тиімділігінің төмендігі. 

Осыған  сəйкес  тəрбиеге  оның  ішінде  патриоттық  тəрбиеге  кешенді  тұрғыда  келу 

қажеттілігі туындауда. 

Қазақстанда  жастардың  бойында  патриоттық  сезімді  қалыптастырудың  негізгі 

құрамдас бөліктері: 

­  Азаматтардың  жоғары  патриоттық  санасын,  өз  мемлекетін  мақтан  тұтуды,  Отан 

мүдделерін  қорғау  бойынша  конституциялық  міндеттер  мен  азаматтық  борышты 

орындауға тəрбиелеуді қалыптастыру; 

­  Қоғамда дəстүрлі отбасы дəрежесін көтеру, жастарға отбасы құндылықтарын, салт­

дəстүрлерін, əке мен ана рөлін насихаттау жəне отбасы тəрбиесін үздіксіз білім беру 

жүйесіне қосу; 

­  Балалар  мен  жас  өспірімдердің  бойына  адалдық  пен  əділдік,  мейірім  мен 

қайырымдылық,  ізеттілік  пен  қамқорлық,  парасаттылық,  қоғамға  қызмет  ету 

дағдылары  сияқты  рухани­адамгершілік  қасиеттерді  көркемдік­эстетикалық 

қабылдау арқылы қалыптастыру; 

­  Балалар мен жастардың құқықтық түйсігінде  ақпарат арқылы саяси ой қабілеттілігін, 

өз еркімен талдау шеберлігін, жағдайды бағалауды, манипуляцияға төтеп бере алуын, 

алған  жаңалықтары  мен  шеберліктерін  өмірлік  жағдайда  пайдалана  білуді 

қалыптастыру жəне дамыту; 

­  Қоғамның  əрі  қарай  сапалы  дамуындағы  саяси  əлеуметтенуге  жастардың  белсенді 

азаматтық тұрғыдан қатысуы негізінде жастарда саяси мəдениетті, саяси бірегейлікті 

қалыптастыру; 


549 

 

­  Қоршаған  ортамен  нəтижелі  қарым­қатынас  орнатуға  ықпалдасатын  өзара 



түсінушілік,  ынтымақшылдық,  құрмет,  толеранттылық  тəрізді  жалпы  адами 

қасиеттерге негізделген көпмəдениетті тұлғаны қалыптастыру. 

Мемлекет Президенті Н.Назарбаев қазақстандық патриотизм туралы: «Бұл өз Отаның 

мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мəдениетіне деген зор құрмет, əркімнің 

өз  күш­жігеріне  деген  сенімі  мен  барша  қоғамның  топтасуы.  Бұл  бүгін  тұрғызылып 

жатқан өз еліңнің тарихына қатыстылықтың жəне оның болашағы үшін жауаптылықтың 

жоғары  сезімі.  Бұл  əрбір  қазақстандықтың  табыстары  үшін  мақтаныш  жəне  қандай 

тұрғыда  болғанына  қарамастан  өз  салаңда  табыстарға  қол  жеткізу  ниеті.  Жəне  бұл 

табысты  əркім  Отанына  бағыштап,  əлемде  оның  даңқын  асыруы,  беделін  көтеруі  тиіс. 

Патриотизмді, əсіресе жастардың арасында, біздің балалардың бойында барша қоғамның 

ортақ күш­қуатымен қалыптастыру керек. Біздің əр азаматтың табысы жəне халықаралық 

тұрғыда  мойындалуы  –  бұл  баға  жеткізгісіз  капитал,  барша  қазақстандықтардың 

мақтанатын  нəрсесі  жəне  байлығы  екендігі  сөзсіз.  Осындай  үлгілермен  ұлттың  рухын 

көтеру керек! Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату. Мен 

сіздерді осыған шақырамын» деп жастарға үндеу тастаған болатын [10]. 

Мемлекеттің  интеллектуалды  стратегиялық  дамуында  жастардың  азаматтық 

белсенділігі  мен  патриоттық  тəрбиесінің  маңызы  зор.  Қазақстан  жастарының  азаматтық 

жəне  патриоттық  тəрбиесін  қалыптастыру  мен  жоғарылатуда  келесідей  жоспар 

ұсынылады:  

1. Азаматтық жəне патриоттық тəрбиені қалыптастырудың ақпараттық базасын жасау: 

интегративті курстар, оқу модульдері, əртүрлі тəжірибелік бағдарламалар, т.б.   

2. Патриоттық тəрбиені анықтау критериі мен оны тиімді дамытудың көрсеткіштерін 

жасау.  

3.  Жергілікті  ерекшеліктерді  ескере  отырып,  білім  беру  орындарындағы  азаматтық 

тəрбиенің моделін жасау жəне оны негіздеу.  

4. Патриоттық бағыттағы сайт жасау жəне оған мемлекеттік қолдау көрсету.  

5.  Қазақстан  қоғамын  біріктіретін,  мемлекеттің  мүддесіне  негізделген  ортақ  ұлттық 

идеяны қалыптастыру. Жастарды сол идея төңірегіне топтастыру.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1.  ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – 

Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  2010  жылғы  халыққа  Жолдауы.  // 

www.akorda.kz

2.  «Қазақстан–2030» Cтратегиялық бағдарламасы. ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 



1997  жылғы  халыққа  Жолдауы.  Барлық  Қазақстандықтардың  өсіп­өркендеуі, 

қауіпсіздігі жəне əл­ауқатының артуы. // 

www.akorda.kz

3.  ҚР  Президенті  Н.Ə.  Назарбаевтың  «Əлеуметтiк­экономикалық  жаңғырту  – 



Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  2012  жылғы  халыққа  Жолдауы.  // 

www.akorda.kz

.  

4.  Политология. Энциклопедический словарь // под ред. Аверьянова  Ю.И., Москва, 



1993.  

5.  Zh.Tolen, S. Tulenova, E. Assyltaeva, N. Aitymbetov. Formation of civil and patriotic 

education of youth in Kazakhstan. Procedia ­ Social and Behavioral Sciences 116 (2014) 

p. 4859 – 4863. 



550 

 

6.  Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тəрбие тұжырымдамасы. 



Астана 2009. // 48.astana­bilim.kz/.../7­aza­stan_respublikasy    

7.  «Қазақстан жастары – 2013» Ұлттық баяндамасы. Ж.Қ. Боқанова, Ж.К. Кəрімова, 

Г.Т. Ілиясова, Б.Б. Масатова, К.М. Хамчиев, Е.В. Варкентин, Р.А. Құдайбергенов, 

Р.А. Абраева жəне басқалар. – Астана: «Жастар» ҒЗО, 2013 – 164 б. 

8.  Жастар  саясатының  2005­2007  жылдарға  арналған  бағдарламасы  туралы.  // 

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P050000734_

 

9.  Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тəрбиелік құрамдасын күшейту 



жөніндегі 

үлгілік 


кешенді 

бекіту 


туралы 

// 


http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000873

 

10. Президент Н.Ə. Назарбаевтың 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ 



сессиясында сөйлеген сөзі. // 

www.akorda.kz

.  

 

 



 

 

ƏОЖ 94 (560) «1918/22»: 929 



 

Turlybek A.,Zhumatayeva D. 

Suleyman Demirel Üniversitesi 

E­mail: 

aslan.turlybek@sdu.edu.kz.

 

 

Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk­Kazak Üniversitesi 



E­mail: 

dinarazhumatayeva@gmail.com. 

 

TÜRKISTAN (HOKAND) MUHTARIYETI’NIN KURULUŞU VE 

BOLŞEVIKLER TARAFINDAN YIKILIŞI 

 

Аңдатпа.  Зерттеу  жұмысы  Түркістандық  зиялылардың  ұлттық  күресі,  мəдени, 

рухани һəм ұлттық құндылықтарының сақталуын мақсат еткен «Түркістан Автономиялық 

Республикасы»  хаһында.  Сонымен  қатар  Түркістандық  зиялылардың  өзараларында 

жүргізген қарым қатынасы жəне Кеңес үкіметінің жүргізген озбыр саясатына қарсы күрес 

қарастырылған. 



Түйін  сөздер:  Түркістан,  большевик,  Түркістан  (Қоқан)  автономиялық 

Республикасы.   



 

Giriş 

Türkistanlılar artık milli, toprak bütünlüğü olan muhtar bir “Türkistan Cumhuriyeti” kurma 

konusunda kararlaşırlar. Türkistan Milli Merkez Başkanı olan Mustafa Çokay, Muhtar Türkistan 

Hükümeti’nin Başbakanı ve aynı zamanda Dışişleri Bakanı olmuştu. Bu sebeple de o döneme 

birinci  dereceden  tanık  olan  en  yetkili  şahsiyetlerden  biridir.  Çokay,  Hokand’da  Özerk 

Cumhuriyet’in  ilanından  önceki  milli  güçlerin  durumunu  şöyle  anlatır;  “Bolşevikler  Kasım 

1917’de galip güçler olarak ortaya çıktılar. Artık ne yapmak gerektiği sorusu gündeme gelmişti. 

Gelecek hepimiz için karanlık ve korku doluydu. Buna rağmen bazı tedbirler almak zorundaydık. 

Milli  merkezimizin  üyeleri  geçici  olarak  Semerkant’ta  toplanıyordu.  Buradan  da  Fergana’ya 

geçiyorlardı…1, s. 21 Halkın isteklerinin etraflı bir şekilde ortaya koyabilmesi için yalnızca bir 

imkân  vardı.  O  da  “Birleşik  ve  tek  bir  Müslüman  teşkilatı”  oluşturmak  ve  onun  adına,  onun 

bayrağı  altında  faaliyet  gerçekleştirmek”  diyordu  2,  s.  134.  Ve  devamla  bizim  Taşkent’te 



551 

 

toplanmamıza imkân yoktu. Benim oteldeki odama her gün birkaç Rus askerleri gelir, giderler ve 



beni  daima  kontrol  altında  bulundururdu.  Taşkent’ten  gitmek  ve  başka  bir  yerde  teşkilat 

oluşturmaya çalışmaktan başka çare kalmamıştı diyordu. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет