Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



Pdf көрінісі
бет71/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   78

Список литературы: 

1.  Воробьев  В.  А.,  Воробьева  Т.  В.  Экологический  императив  и  демографический 

процесс  //  Вестник  Поморского  университета.  Сер.  Естественные  и  точные  науки.  2003. 

№1(3)

.

122­131.



 

 

2. Воробьев В. А, Воробьева Т. В. Демографический парадокс, экология и религия // 



Свеча­2003:  Наука  и  Религия:  сб.  научных  и  методических  работ  по  религиоведению  и 

культурологии  /  под  ред.  Е.  И.  Аринина.  Архангельск:  Поморский  государственный 

университет им. М.В. Ломоносова, 2003.

  

3.  Воробьев  В.  А.,  Воробьева  Т.  В.  Экологическая  пауза  —  системный  кризис 



человечества  //  Исследования  в  области  глобального  катастрофизма  /  под  ред.                 

В.К. Журавлёва. Вып. 1. Новосибирск: Редакционно­издательский центр НГУ, 2006. ­ С. 

69­109.

  

4.  Капица  С.  П.,  Курдюмов  С.  П.,  Малинецкий  Г.  Г.  Синергетика  и  прогнозы 



будущего. 2­е изд. ­ М.: Эдиториал УРСС, 2001. 288 с.

  

5. Капица С. П. Сколько людей жило, живет и будет жить на Земле. Очерк теории 



роста Человечества. ­ М.: Международная программа образования, 1999. 240 с.

  

6.  Малков  А.  С.,  Коротаев  А.  В.,  Халтурина  Д.  А.  Математическая  модель  роста 



населения  Земли,  экономики,  технологии  и  образования  //  Новое  в  синергетике,  новые 

проблемы, новое поколение / под ред. Г. Г. Малинецкого. М.: Наука, 2007. ­ С. 148­186.

  

7. Народонаселение стран мира. Справочник / под ред. Б.Ц. Урланиса. 2­е изд. ­ М.: 



Статистика, 1978.

 – 120 с. 

8.  Базыкин  А.  Д.  Нелинейная  динамика  взаимодействующих  популяций.  ­  М.; 

Ижевск: Институт компьютерных исследований, 2003. 368 с.

  

9. Форестер Дж. Мировая динамика. ­ М.: Наука, 1978. 314 с.



  

10. Гумилев Л. Н. Этносфера: история людей и история природы. ­ М.: АСТ, 2004. ­ 

575 с.

  

11. 



Шпенглер О. Закат Европы. ­ Новосибирск: Наука, 1993. ­ 592 с. 

12.  Данилевский  Н.  Я.  Россия  и  Европа.  Взгляд  на  культурные  и  политические 

отношения  Славянского  мира  к  Германо­Романскому.  ­  СПб.:  ГЛАГОЛЪ,  СПбГУ,  1995. 

501 с. http: //www.booksite.ru/fulltext/yev/rop/ada/nil/index.htm

  

13. Т


ойнби А. Дж. Постижение истории. http://www.hrono.ru/index.php

  

 



 

 


570 

 

УДК 930.1 



Ұстағалиев Е.О. 

Тарих ғылымдарының магистрі, Сулейман Демирел атындағы университет,  

Қаскелең, Қазақстан, 

ernar.ustagaliev@mail.ru

 

 

ЖОҢҒАР ХАНДЫҒЫ ҚҰЛАҒАННАН КЕЙІНГІ ҚАЗАҚ­ОРЫС  



ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ  

 

Abstract.In this article, I investigate considered geopolitical position in the Central Asia, 

after  down  Djungar  state.  In  XVIII  centure  (into  II­half  centure)  about  to  crossing  Kazakh­

Russian connection in new stage, and influence Chinese political factors to it and to appear aim 

of my work. I analyze essence politician Kazakh rulers in that time. 

Кeywords:diplomacy, foreigh relations, Chinese factors, embassy relationship. 

 

 



Бір  ғасырдан  аса  уақытқа  созылған  қазақ­жоңғар  қарым­қатынасы  соңғысының 

құлап, тарих сахнасынан кетуімен аяқталады. Жоңғар хандығының құлауы да өз соңында 

саяси  салдарын  қалдырды.  1758  жылы  циндік  билік  иелері  Ресей  əкімшілігінен  жоңғар 

тағының  мұрагері,  антициндік  ұлт­азаттық  қозғалыстың  көсемі  Əмірсананы  тірідей 

беруін,  болмаса  оның  өлі  екеніне  көз  жеткізуін  талап  етеді.  Оған  да  қанағаттанбай, 

мүрдесін беруін сұрап тағы елші жібереді. Ресей тарапының бұл сұранысты қабыл алмауы 

орыс­қытай  қатынасының  нашарлауына  əкеп  соғады.  1757­1759  жылдар  аралығындағы 

Петербург  пен  Пекин  арасындағы  хат  жазысу  тақырыбы  Əмірсананың  қалдығын  беру 

мəселесі турасында өрбіді [1, 302­303 б.].  

 

Жоңғариядағы  жаулап  алу  қимылдары  1759  жылы  цин  əскерлерінің  Жұлдыз 



тауындағы ойраттардың азаттық күресінің соңғы ошағын жоюмен аяқталады. 

 

Жоңғар хандығының жойылуы Орталық Азияда қалыптасқан арасалмақты, бірқатар 



күрделі  саяси  жəне  халықаралық  жағдайларды  өзгертті.  1758  жылы  Жоңғарияны  жəне 

1759  жылы  Шығыс  Түркістанды  иеленуі  нəтижесінде  Цин  империясы  өзінің  шекарасын 

Ресей жəне Орта Азия хандықтарының аумақтарына дейін кеңейтті де, аймақта геосаяси 

жəне  əскери­стратегиялық  күрделі  ахуал  тудырды.  Ш.Уəлиханов  бұл  турасында: 

«Падение сильной Джунгарии, бывшей грозой для Средней Азии, и, наконец, завоевание 

единоверной  Малой  Бухарии  навели  на  всю  Азию  панический  страх»  [2,  233  б.]  деп 

жазады.  Бұл  кезеңде  Цин  əскерлерінің  жылжуынан  Ресей  империясының  да 

алаңдаушылық  танытқанын  көруге  болады.  Əсіресе,  қол  астындағы  иеліктері  –  Сібір 

аймағы  мен  бодандығын  енді  ғана  қабылдаған  қазақ  хандықтары  үшін  Цин 

басқыншылығынан  қауіптенді.  Қытай  əскерлерінің  Əмірсананы  желеу  еткен 

басқыншылық жорықтарынан негізінен Орта жүз аймақтары мен халқы зардап шекті. Сол 

тұста Орта жүздің біраз руларына иелік еткен Абылай сұлтан алғашқы соққыларды қабыл 

алып, басқыншыларға қарсы күресуіне тура келді. Дегенмен күш теңемес болғандықтан, 

Абылай Цин тағының иесіне елші жіберіп, өзінің мойынсұнатынын жариялайды. Абылай 

маньчжур  əскерінің  қолбасшыларының  елшілерімен  1757  жылдың  22  шілдесінде  Аягөз 

өзенінің  маңында  кездеседі.  Кездесу  барысында  Абылай  қытай  императорына  өз 

бодандығын  растау  үшін  Пекинге  елші  аттандыратынын  айтады,  сонымен  қатар  Қытай 

арасында  сауда  айырбасын  жасау  мəселесін  көтереді  [3,  33­34  б.].  Бұл  орыс  əкімшілігін 

одан  бетер  мазасыздандырады.  Ал  бұл  тұрғыдан  Абылай  сұлтанның  өз  есебі  бар­тын. 


571 

 

Абылай  өзінің  қытайлықтармен  байланысы  туралы  Неплюев  пен  Тевкелевке  жазған 



хатында баяндайды. Алайда қытай елшілерімен кездесу барысындағы нақты мəн­жайды, 

соның ішінде бодандық туралы мəселені толығымен ашып айтпай, өзінің олармен бейбіт 

көршілік  шарт  жасасқаны  туралы  хабарлайды  [4,  246­247  б.].  Сондай­ақ  жауабында: 

Қоймаңырақ, Қозымаңырақ жəне Жиынкөл (Дшинкуль) деген үш жерде тұратын 60 мың 

қытаймен  келісім  шартын  жасасып,  Еренқабырға  деген  жерде  Орынбордағыдай  сауда 

орталығын ашуға келіскенін жəне осы мəселе бойынша қытай богдыханына өзінен 13 кісі 

елшілікке  жібергенін  айтады.  Тағы  да,  1757  жылдың  желтоқсан  айында  Абылайға 

қытайдан 4 елші келгенін, оған: «маған ұлымдай болсын, өзінің елінде аман­есен болсын, 

бір  əкенің  баласындай  болайық»,  деп  Қытай  патшасының  сəлем  айтқанын  жеткізеді  [5, 

548­549  б.].  Неплюев  пен  Тевкелев  өздерінің  Сыртқы  істер  алқасына  жолдаған 

мəлімдемелерінде  Абылай  ханның  Ресейге  оң  пиғылын  сақтап  келетінін,  дегенмен  де 

қытай боғдыханының емексіткенінен сақтану керектігін ашық айтады. Абылай жолдаған 

хаттарында  істің  жөн­жапсарын  үнемі  жасырып  отырды,  оның  13  адамды  богдыханға 

сауда мəселесін келісуге аттандырдым деуі, сондай саясатының көрінісі десек болады. Ал 

сол  аталған  елшілікте  Абылайдың  елшілері  Қанжығалы,  Өміртай,  Төлен,  Еренжі, 

Абылайдың інісі Əбілпейістің елшісі Танаш, Бөкенайлар Жыхыға (Ежен ханның көшпелі 

сарайы  тұрған  жазғы  қоныс)  келіп, патшамен  дидарласып, хат  табыстайды  [6,  33­34  б.]. 

Орыс əкімшілігі Абылайдың қытаймен бұндай байланыстарынан секем ала бастайды да, 

бұндай  тығыз  байланыстарға  кедергі  жасауға  тырысты.  Абылайға  əлсін­əлсін  елші 

жіберіп,  жағдайдың  мəн­жайын  бақылау  үстінде болды. Ресей  патшасының  1758 жылғы 

19  наурыздағы  жолдауында  егер  қытаймен  соғыс  бола  қалса,  қазақтардан  мүмкін 

болғанынша көп əскер жиып, қытайлықтардың бетін қайтару үшін Сібір шебіне аттандыру 

тапсырылды.  Бұл  кезде  Кіші  жүз  ханы  Нұралы  30  мыңға  дейін  əскер  бере  алатынын 

Тевкелевке  хабарлайды  [4,  252  б.].  Қытай  тарапы  да  қазақтардың  Ресей  боданы  екенін 

жақсы  білді,  олар  да  «тұрақсыз»  қазақтардың  астыртын  əрекеттеріне  алаңдаушылық 

білдірді.  Қытай  патшасының  1758  жылғы  3  сəуірдегі  жарлығында  жоңғарлардан  қалған 

Хасик  Шира  жұртының  қарақшылықпен  айналысып  жүргенін,  Шеріннің  Шешенқарадан 

Сарыбелге қашқанын, қазақтың Кіші жүзінің ханы Нұралының жəне оның інісінің сарбазы 

екі  бөлініп,  олардың  ізіне  түскенін,  Кіші  жүзден  Ералы  сұлтандар  он  мыңдай  адаммен 

Шуға  аттанып,  Орта  жүзден  Сартоғым  батыр  2000  мыңдай  сарбазбен  Ақтау­Ұлытаудан 

жолға шығып, Қабанбаймен Керейбұлақта тоғысып, Шерінге жабыла лап қоймақ екендігін 

мəлімдейді  [6,  39­40  б.].  Бұдан  əрі  ойраттардың  қалдығын  талқандаған  қазақтар  бос 

жерлерге ие болып  қалуы  мүмкін  деп  Қытай  жағы күдіктенеді. Сондықтан, ол жерлерді 

əскермен  қатаң  күзетіп,  қазақтарды  өткізбеуді  тапсырады.  Өз  кезегінде  орыс  əкімшілік 

орындары  қытайлықтар  тарапынан  болатын  қауіпті  болдырмау  үшін  алдын­ала  шаралар 

қолдану  керектігі  ұйғарылады.  Мемлекеттік  алқаның  19  наурыздағы  298  жарлығына 

сəйкес, қытайларға қазақ ханы Нұралы бастаған Кіші жүзді қарсы қою керек деп шешім 

жасайды:  «...Мұндай  жағдайларда,  біздің  ойымызша,  Нұралы  ханды  інілерімен,  Орта 

жүздің  Абылай  сұлтанын  жəне  беделді­беделді  ел  ағаларын  көндіріп,  мейлінше  қуатты 

əскер  күшін  жарақтап,  оларды  Ресей  шекарасына  қауіп  төндіріп  тұрған  қытайларға, 

жоңғарлар  мен  моңғолдарға  қарсы  жұмсап,  пайдаланып  қана  қоймай,  қытайлардың 

бұрынғы жоңғар жəне моңғол жерлеріне табан тіреп бекінуіне қарсы жұмсауға болар еді» 

деп қаулы етіледі [4, 258­259 б.].  

 

Осылайша  жоғарыда  келтірілген  құжаттардан  көретініміз,  Жоңғар  хандығы 



құлатынғаннан  кейінгі  алғашқы  жылдары  екі  алып  мемлекет  арасында  жоңғарлардан 

572 

 

босап қалған иеліктер үшін жүргізілген стратегиялық жоспарлары мен мүдделер тоғысы 



нақты  жеңімпазды  аз  уақыт  ішінде  анықтап  бере  қоймады.  Қытай  империясының 

бастапқы  кезеңде  қазақ  хандықтарын  өз  қоластына  кіргізіп,  жерін  басып  алуы,  оның 

экспансиялық  жоспарлы саясатының  негізгі  бағыттарының  бірі болды [3, 34 б.].  Алайда 

қытай императорына қазақ жерлерін басып алу жоспарын жүздердің Ресей қоластына өтуі 

жүзеге  асыртпады.  Оларға  дəл  бұл  жағдайда  қазақ  билеушілерінің  сөз  жүзінде  болса  да 

бодандыққа  ант  етіп,  соның  белгісі  іспеттес  болған  сый­сияпаттарды  уақытылы  жіберіп 

отыруы да қанағаттандырды.  

 

Осындай  алмағайып  қиын  кезеңде  жер  мен  ел  тағдырының  ауырпалығы 



билеушілердің  иығына  артылды.  Ресей  мен  Қытай  арасында  мекен  еткен  Орта  жүз 

қазақтарының билеушісі Абылай, Ресей боданы бола отырып, енді Цин империясымен де 

дипломатиялық  байланысқа  түсуге  мəжбүр  болады.  Ғалым  Қ.Əбуевтің  жазғанындай,  екі 

алып империя арасында бола отырып, Абылайдың көздегені – Қытаймен бейбіт келісімге 

келіп,  оның  рыногына  жол  ашу,  екіншіден,  Қытай  факторын  Ресей  империясына  қарсы 

қолдану болғаны сөзсіз дейді  [7, 27 б.].  

 

XVIII  ғасырдың  60­шы  жылдарындағы  халықаралық  қатынастар  біраз  саябырлаған 



деңгейде  өрбіді.  Бұл  тұста  Ресей  мен  Қытай  тараптары  қазақ  жүздеріне  өз  ықпалдарын 

жүргізуге  тырысты.  Бұны  орыс  əкімшілігінің  құпия  жарлықтарынан  байқауға  болады. 

1761 жылғы 2 қарашадағы Ресей Сыртқы істер алқасы құпия комиссиясының ұйғарымына 

сəйкес,  сол  жылғы  22  қыркүйекте  генерал­майор  Вейморн  қазақтарды  тыныштандырып, 

ежелгі  салтынан  айыру,  мінез­құлқын  жұмсарту,  олардың  негізгі  байлығы  болып 

табылатын  малын  бірте­бірте  азайтып  жəне  бізге  шын  берілген  рухта  бағындырудың 

жоспарын  жеткізді.  Құпия  алқа  қазақтарға  əділ  жəне  кешіріммен  қарау,  олардың  малын 

шекараға  таяу  бағуға  рұқсат  беру,  қазақтардан  қашып  шыққан  тұтқындарды  (егер  олар 

Ресей  азаматы  болмаса)  жəне  өтіп  кеткен  малдарды  ұстап  қалмай,  қайтару  жөнінде 

Вейморнның  ұсынысын  қолдайды.  Сондай­ақ,  Абылай  сұлтан  мен  Құлсары  батырдың 

өздеріне баспана, малдарына қора­қопсы салып беру керек деген ұсынысты да орынды деп 

бағалайды.  Бұл  шараларға  қазынадан  едəуір  шығын  кететін  болса  да,  қазіргі  жағдайда, 

əсіресе  қытаймен  арадағы  қатынастардың  өзгеше  жағдайында,  қазақтарды  бауырға 

тартып,  қытайдан  алшақтату  қажеттігіне  байланысты  қаражат  шығындарына  баруға 

болатынын  айтады  [5,  630­632  б.].  Осылайша,  олар  қазақтарға  қандай  жақсылық  істеп 

отырғанын əйгілеп, қытайдан іргесін аулақ салады деп есептеді. Қазақ билеушілеріне үй 

салып  беру  мəселесін  1762  жылдан  бастап  тиісті  мекемелер  арқылы  жүзеге  асыра 

бастайды.  Үкімет  шекараға  жақын  жерге  Абылайға  арнап  ағаштан  үй  салып  бермекші 

болып  ұйғарды,  алайда  бұл  идея  тек  1779  жылы  ғана  жүзеге  асырылады.  Қазақ 

билеушілері  Ресейдің  мұндай  саясатынан  пайда  тауып  қалуға  тырысты.  1764  жылы 

Абылай  өзіне  қазақтарды  орыстың  агротехникасын  үйрету  үшін  он  орыс  шаруасын,  үй 

салу  үшін  шеберлер  мен  материалдар  жіберуді  сұрады.  Алайда  Абылайдың  Ресейге 

сырттай қарағанда жақсы осы көзқарасы, дегенмен де қазақ сұлтанының астарлы саясаты 

ғана  болатын  [8,  260  б.].  Орталық,  сонымен  қатар,  қазақтарды  отырықшы  тұрмысқа 

көшіру  мəселесін  де  талқыға  салады.  Бұны  да  генерал  Вейморнның  алқаға  жасаған 

ұсынысынан  көруге  болады.  Онда:  «Қалай  да  (қазақтарды)  отырықшы  тұрмысқа 

бейімдесек,  мұның  тұрмысқа  қолайлы  жақтарын  өздері  де  сезіп,  бойлары  үйренер  еді. 

Сөйтіп,  қазақтардың  тұрғын  жерлерін  есепке  алуға  мүмкін  болады...  Əуелі  өзіміз  пішен 

шауып беріп, кейін өз малдарына өздері қысқы азық дайындап алуына жағдай жасайық. 

Өйткені, қазақтардың қолда тұрып пішенмен азықтанған малдары мен жылқылары қатал 



573 

 

қыстың ауыртпалығын сезбей, тебін малдарына қарағанда əлжуаздана береді. Ал, пішен 



шабумен айналысқан қазақтар жұмыспен айналысып, бос  уақыты азаяды. Қыстың қатты 

аяздарында жылы үйде болады. Құлын кезінен қорада өсіп, пішенмен азықтанған жылқы 

тебінді  ұмытып,  қолдан  ғана  шөп  жеуге  үйреніп  кетеді.  Шөп  қоры  шектеулі 

болғандықтан,  мал  саны  да  азая  береді,  малы  азайса,  қазақ  та  тұрақтанып,  жуаситын 

болады,  бізден  көмек  пен  қамқорлық  сұрай  бастайды.  Мініс  аттары  азайғаны  да  жақсы. 

Қытайлар  қазақтардан  көп  ат  сатып  алмас  еді,  атты  əскер  жасақтау  мүмкіндігінен 

айырылар еді» [4, 327­330 б.].  

 

Ресей əкімшілігі қазақ билеушілерін орталықта болып жатқан жаңалықтардан үнемі 



хабардар етіп отыруды жөн санап, оқиғалар желісі туралы хаттар жолдап отырды. Аталған 

кезеңде Сыртқы істер алқасы 1761 жылы 25 желтоқсанда Елизавета Петрқызы патшаның 

қайтыс болуына байланысты Нұралы ханға, оның інілері Ералы мен Айшуаққа жəне Орта 

жүздің  сұлтаны  Абылайға  император  III  Петрдің  таққа  отырғаны  туралы  жəне  жарты 

жылдан кейін, яғни, 1762 жылы 28 маусымда Екатерина II патшайымның таққа отырғаны 

туралы грамоталар [4, 333­340 б.], сондай­ақ Ресей Сыртқы істер алқасының 1763 жылғы 2 

тамыздағы  жарлығынан  Нұралы  ханға  жəне  Орта  жүздің  сұлтаны  Абылайға  Орынбор 

губернаторы  болып,  мемлекеттік  кеңесші  Дмитрий  Волковтың  тағайындалғаны  туралы 

грамоталар  жіберіледі  [4,  358  б.].  Ал  қазақ  билеушілерінің  Қытай  богдыханымен 

қатынастары  бір  қалыпты  десек  болады.  Абылай  сұлтан  мен  Əбілпейіс  сұлтандардың 

елшілері  Пекин  шаһарына  үнемі  қатынасып  тұрды.  Өз  кезегінде  Қытай  патшасының  да 

қазақ  билеушілеріне  жолдаған  жарлықтары  шынайы  ахуалдан  хабар  бере  алмайды. 

Дегенмен,  қазақ  елшіліктері  1757  жылы  Тарбағатайға,  1759  жылы  Ертістің  жоғарғы 

ағысындағы жерлерге, 1760 жылы Іленің жоғарғы ағысына өз құқықтарының танылуына 

қол  жеткізді.  Қытайлар  бұған  келісіп,  қазақтарға  заңды  түрде  тиесілі  жерлерді  жоңғар 

көтерілісшілеріне қарсы күресте көмек көрсетуге уəде бергені үшін қайтарып берді [8, 251 

б.].  Алайда  XVIII  ғасырдың  60  жылдарының  басында  циндердің  бұл  бағыттағы  саясаты 

өзгерді.  Қытай  əскерлері  қазақтарды  олардың  Шығыс  Қазақстандағы  орнығып  алған 

жерлерінен  күшпен  қуып  шығаруға  тырысты.  1762­1765  жылдардағы  əрекеттер  ерекше 

қатыгездік  болды.  Бұны  1762  жылғы  21  желтоқсандағы  Қытай  патшасының  қазақ 

шекарасындағы  əскербасыларына  берген  жарлығынан  көреміз.  Онда:  «...Алдында 

қазақтарға  жарлық  бергенмін...  Қазір  олар  жер  шетінен  өтіп,  мал  бағатын  болса,  сол 

жарлығым бойынша малын тартып алыңдар. Егер қолбасшыларын қолға түсіре алсаңдар, 

тез  арада  хабар  етіңдер.  Тіпті,  солардың  арсында  Абылайдың  өзі  болса,  оны  да  ұстауға 

болады.  Қалай  да  оларды  именетін  ету  керек»  [6,  61  б.]  делінген.  Қытай  патшасы 

қазақтарды  қорқыта  отырып,  олардан  белгілі  дəрежеде  пайда  көруге  тырысты.  Ең 

алдымен  қытайлықтар  қазақ  аттарына  қызығушылық  білдірді.  Цин  əкімшілік  орындары 

мен  қазақ  билеушілері  сауда  айырбасын  үнемі  ұйымдастырып  отырды.  Қазақ  тарапы 

жылқыларды  көбіне  Үрімжі  базарына  апарып  өткізген.  Сондай  айырбас  сауданы  1758 

жылы 17 қыркүйекте Қабанбай жасайды. Ол Үрімжі базарына 300­ден аса жылқыны айдап 

əкеліп,  сауда  жасайды  [4,  265  б.].  Жылқыны  тек  сауда  үшін  ғана  емес,  сонымен  қатар 

Қытай  патшасына  сый  ретінде  тарту  етілген.  Қазақ  билеушілері  императорларға  жылқы 

сыйлау  1757  жылдан  бастап,  100  жыл  бойы  жалғасты.  Қытай  императорларына  барлық 

қазақ  билеушілері  ­  Əбілмəмбет  пен  Абылай  хандардан  бастап,  олардың  ұрпақтарына 

дейін барлығы да жылқы тарту  етіп отырған.  Алғашқы төрт жылқы Цяньлунға қазақтар 

тарапынан 1757 жылы тамыз айында сый ретінде беріледі [9, 124 б.].    

 

 


574 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1. Златкин И.Я. История Джунгарского ханства. – Москва: Наука, 1983. – 335 б. 

2.  Уəлиханов  Ш.Ш.  Шығармалар  жинағы.  5  томдық.  IV  том.  –  Алма­Ата:  Главная 

редакция Казахской советской энциклопедии, 1985. – 463 б.  

3.  Хафизова  К.Ш.  Китайская  стратегия  Цинской  империи.  –  Алматы:  Издательский  дом 

«Таймас», 2007. – 104 б. 

4.  Абылай  хан.  Өмірі  мен  қызметіне  қатысты  құжаттар  мен  материалдардың  жинағы 

(Құрастырған,  қазақшаға  аударған,  көрсеткіштерін  түзген,  түсініктерін  жазған 

З.С.Тайшыбай). – Петропавл, ЖШС «Астана» баспасы, 2005. – 477 б. 

5. Казахско­русские  отношения  в  XVI­XVIII веках. Сборник документов  и  материалов.  

– Алма­Ата, Изд­во АН КазССР, 1961. – 744 б. 

6.  100  құжат  (Қазақ  хандығы  мен  Чиң  империясы  арасындағы  қарым­қатынастарға 

байланысты құжаттар). – Алматы, “Санат”, 1998. – 221 б. 

7. Əбуев Қ. Қазақстан тарихының  «ақтаңдақ» беттерінен.  – Алматы: Қазақстан, 1994. – 

144 б. 


8.  Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Бес  томдық.  3  том.  –  Алматы: 

«Атамұра», 2002. – 768 б. 

9. Хафизова К. Кони в диалоге цивилизаций. – // Экономические стратегии. – №1/2007 (4). 

 

 

УДК 930.2 



Ұстағалиев Е.О. 

Тарих ғылымдарының магистрі, Сулейман Демирел атындағы университет, 

Қаскелең, Қазақстан, 

ernar.ustagaliev@mail.ru

 

 

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ БИЛЕР ТӨҢКЕРІСІНІҢ КЕЙБІР 



МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Abstract.In this article consider precondition and reason revolution of bi in the history of 

Kazakhstan, in the II­half of century. Specifics system authorities of khan, role and phenomenon 

bi appear object of research. In this work was using historical composing  «zhyr» like original 

source. 

Кeywords:history, authorities of khan, institute of bi, historical composing, phenomenon 

bi. 


 

Өткен ғасырдағы ұлтымыздың біртуар перзенті болған Ахмет Байтұрсынов: «Сөздің 

ең  ұлысы,  ең  сипаттысы  –  тарих»  деп  айтқанындай,  тарих  беттерінде  қалған  батыр 

бабаларымыздың ерліктеріне бей­жай қарамай, өткеннен сабақ алуымыз керек.  «Мəдени 

мұра»  жəне  «Халық  тарих  толқынында»  бағдарламаларына  сəйкес  өткен  тарихымызды 

қайта  жаңғырту,  қалпына  келтіру  жəне  жаңадан  қайта  жазу  негізге  алынды.  Соңғы 

уақыттарда төл тарихымызға деген қызығушылық артып келеді.Соның бір айғағы ретінде 

Қазақ  хандығының  құрылғанына  550  жылдық  ұлы  мерекені  мемлекеттік  деңгейде  атап 

өттік.  Дүбірлі  мерекенің  бір  естелігі  ретінде  Қазақ  хандығының  құрылуы  тарихында 

есімдері  ерекше  аталатын  Керей  мен  Жəнібек  хандарға  Тараз  қаласынан  ескерткіш 



575 

 

орнатылды.  Кейінге  өскелең  жас  ұрпақтың  санасында  қазақ  халқының  тарихы  сайрап 



тұрса елдігіміз мəңгі болары анық. 

Қазақ хандығы құрылған сəттен­ақ ел арасында билерге деген құрмет ерекше болған. 

Би­шешендер  даулы  мəселені  түйінді  төрт­ақ  ауыз  сөзбен  тындырып  отырған. 

Тындырғанда  да  хатсыз,  харарсыз,  ауызша  жүзеге  асып,  бітіп  жатқан.  Ел  ішінде  болып 

жатқан жағдайларды жоғарғы билік иесі – хандарға бүкпесіз жеткізген­ді. Халық басшысы 

болған хандар да əрдайым билермен кеңесіп отырған.  

Қазақ ел таныған шешен, билерге кенде болмаған. Ұлы ғалым Шоқан Уалихановтың 

айтуынша,  оларды  халық  өздері  қалап,  би  атап  отырған,  ешқандай  арнайы  сайлау 

болмаған. Ал, би болып белгіленетін кісілер өзінің шешендігін, əділ төрелік айта алатын 

қасиетін көпшілік алдында көрсете білген. Олар барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын, 

тура  сөйлейтін  нағыз  шешен  əрі  ақылгөй,  халық  қамқоры  болған.  Сондықтан  да  халық 

«Тура  биде  туған  жоқ,  туғанды  биде  иман  жоқ»,  «Жүзден  жүйрік,  мыңнан  тұлпар»  деп 

мақалдап кеткен.  

Əсте  қазақтың  шешендік  өнері,  билік  құру  дəстүрі  Əз­Жəнібек  ханның,  Жиренше 

шешеннің  тұсында  өркен  жайып,  Əз­Тəуке  ханның  кезінде  биік  шыңға  көтерілсе  керек. 

Атақты  Төле  би,  Қазыбек  би,  Əйтеке  билердің  даңқы  осы  кезде  бүкіл  қазақ  даласына 

жайылды [1, 4 б.]. 

Ханның  ел  арасындағы  өкілі  –  билер,  жыраулар  болған.  Олар  əрдайым  ханның 

жанынан  да  табылып  отырған.  Мысалы,  Керей  мен  Жəнібектің  жанында  Асан  қайғы 

жүрді. Асан қайғының ұлылығы, данышпандығы, көрегендігін барша халыққа аян. Халық 

ішінде  Асан  қайғының  Желмаясына  мініп  алып,  Жерұйықты  іздейтін  аңызы  кеңінен 

тараған. 

Асанды көбіне хан қасынан көреміз. Оның бізге жеткен толғаулары түгел дерлік Əз­

Жəнібек  ханға  арнай  айтылған.  Алайда  Асанды  сарай  ақыны  деуге  болмайды.  Халық 

аңыздарында Асан қайғы жайында «бұл қария қашанда ханға жағынбай, жарамсақтанбай 

тура сөйлеуші еді» делінеді. Бұл сөздің ақиқаттылығы Асан толғауларынан­ақ байқалады. 

«Əй, хан, мен айтпасам білмейсің, 

Айтқаныма көнбейсің, 

Шабылып жатқан халқың бар, 

Аймағын көздеп көрмейсің

Қымыз ішіп қызарып, 

Мастанып қызып терлейсің, 

Өзіңнен басқа хан жоқтай 

Елеуреп неге сөйлейсің», ­ дейді ол Жəнібек ханға. 

Ханның  елді  өз  бетімен  билеп­төстеу,  қаһары  түскен  адамнаң  өлім  жазасына  кесу 

хақысынан айрылып, рубасы ақсақалдарсыз ешбір мəселені шеше алмайтын күйге жетуі – 

қазақ  хандығының  соңғы  дəуіріне  тəн  құбылыс.  Ал  Асан  өмір  сүрген  заманда  ханға 

жаңағыдай  сөйлеу  кез­келген  шонжардың  қолынан  келер  іс  емес.  Бұл  –  Асанның 

Асандығы ғана айтылған сөз.  

Бұл жерде Асан – халық тілегінің жоқшысы, Асан мұңы – халық мұңы. Оның атына 

жалғанған қайғы деген анықтама халық сүйіспеншілігінің белгісі іспеттес. Асан мұңының 

тамыры тереңде. Оның  негізінде халықтың  сол кездегі тұрмыс­халіне жаны ашығандық, 

өмірге көңілі толмау бар. Асан қайғысы – бүгінгі тіршіліктің, ертеңгі болашақтың қамын 

ойлағандықтан  туған  қайғы.  Сондықтан  да  өз  толғауларында  ол  үнемі  халық  атынан 

сөйлейді [3, 9 б.]. 


576 

 

Есім хан – қазақ хандарының ішіндегі ерекше тұлға. Оның ерлігі де, елдігі де биік. 



Ел  іргесін  қалаған,  кеңіткен,  қорғаған,  айналасына  ел  батырларын  жинаған  батыр  хан; 

батырлығына,  батылдығына  бола  Еңсегей  бойлы  ер  Есім  атанған  хан.  Оның  аты  аңызға 

айналған. «Есім ханның ескі жолы» деген əдет­ғұрып жолының халық ішінде сақталуы да 

Есім  ханның  атақты  хан  болғанына  куə.  «Қазақта  тұтас  хандыққа  Есім  жеткен,  тұтас 

билікке Төле би жеткен», ­ деген сөз бостан босқа айтылмаса керек [4, 5 б.]. 

Оған ел­жұрты «Еңсегей бойлы ер Есім хан» деп жыр арнаған. XVII ғасырда Қазақ 

хандығының  тағына  Есім  хан  отырады.  Тəуекел  ханның  тұсында  (1582­1598)  көршілес 

хандықтармен жауласу кең өріс алды. Ол, əсіресе, Бұхара, Ташкент хандықтарымен əлсəн­

əлсін  соғысып,  көбіне  жеңіспен  оралады.  Ойраттармен  соғыста  олардың  біраз  бөлігін 

өзіне  қаратып,  аз  ғана  уақыт  қазақ  пен  қалмақтың  ханы  болып  тұрады,  1595  жылдың 

мартында орыс патшасы Федор Ивановичтің Тəуекел ханды орысқа қарату грамотасында 

ол қазақ пен қалмақтың ханы деп аталады. Тəуекел ақырында Бұхара хандығымен соғыста 

өледі. Есім ханның (халық аузында «Еңсегей бойлы ер Есім» атанған) тұсында да соғыс 

толастамайды.  XVI  ғасырдың  соңғы  жылдарында  Қазақ  хандығының  біраз  күшеюі  Есім 

ханның жеңістерге жетуіне біраз жағдай туғызды.  

Қазақ  ханы  Есім  қырғыз  жұртын  шоңбағыш  руынан  шыққан  Көкем  би  арқылы 

билейтіндігін, қатаған мен шанышқылының əміршісі Тұрсынның көзін осы көкем арқылы 

құртып, кейін Ташкентте оның құрметіне «Көкемнің көк күмбезі» атанатын атақты мұнара 

тұрғызғандығын Шоқан Уəлиханов жазып кеткен [5, 83 б.]. 

Есім  ханның  замандасы,  қолында  ұстаған  батыры  Жиембет  жыраудың  біздің 

заманымызға  жеткен  шағын  толғаулары  хан  мен  жырау  арасындағы  бірлікті  емес, 

араздықты, алшақтықты, алауыздықты білдіреді [6, 80 б.]. 

ХалықЖиембетті  əділ  би,  шешен  жырау,  айлалы,  «аруақты»  батыр  деп  дəріптейді. 

Жырау  жас  кезінде  ханға  қызмет  етіп,  оның  сенімін  ақтаған  ерлердің  бірі  болған.  Хан 

қолымен бірге аттанып, ерлік жорықтарды басынан кешкен. Жиембеттің ханға өз дегенін 

істетердей ықпалы болған. Оны мына жолдардан көруімізге болады:  

Менің ер екенімді көргенсің, 

Əуелден бірге жүргенсің. 

Дегенімді қылғансың, 

Қайратымды білгенсің. 

Өзінің  сарай  маңындағы  орнын ханның  есіне  салып,  оған  адал  қызмет  еткен  ердің 

бірі  болғанын  айтады.  Ол  өзінің  бағасын  біледі,  елге  де,  ханға  да  керек  адам  екенін 

сездіреді. 

Мен жоқ болсам Есім хан, 

Ит түрткіні көрерсің. 

Жиембет қайда дегенде, 

Не деп жауап берерсің?.. 

Осындай ескертпелеріне құлақ аспаған бір бет ханға көңілі əбден қалған тұста өзінің 

өткен  істеріне өкініш  те білдіріп  қояды. Оның  сойылын  соғып, адал жауынгері болғаны 

ескерілмей,  ханның  өзіне  қаталдық  жасап  отырғанына  қынжылады.  Жырау  ханға  еткен 

істерін еске салып қана қоймайды, кейде өзінің батырлық жорықтарын баяндап, айбар да 

көрсетеді.  Қалмақ  шапқыны  кезінде  хан  қатты  сасып,  хан  ордасының  берекесі  кете 

бастаған  ауыр  кезеңді  оның  есіне  салады.  Сол  бір  екіталай  шақта  тайсалмай  тұрып, 

орданы қорғап қалғанын, бұл тұста ханның үй ішінің де қатты сасқанын, өзі болмаса жау 

қолында кетуі де мүмкін болғанын есіне салады [7, 274 б.]. 


577 

 

Ел аңыздарында өзімшіл ханға қарсы пікірлердің болуы, оның Жиембет жыраудың 



атына  байланысты  айтылуы  тегін  емес.  Оның  негізінде  белгілі  шындық  жатуы  тиіс. 

Жиембеттің ханға наразы болып өткенін, оның өз соңынан ерер алашы (халқы) бар батыр 

екенін жыраудың бізге жеткен мына бір толғауы да айқындайды: 

Арқаға қарай көшермін, 

Алашыма ұран десермін, 

Ат құйрығын кесермін

Ат сауырын берермін, 

Алыста дəурен сүрермін, 

Қарамасаң, ханым, қарама, 

Сенсіз де күнімді көрермін. 

Жиембет  –  ханға  қарсы  өз  наразылығын  ғана  емес,  қалың  топтың  наразылығын 

білдірген жырау. 

XVII  ғасырдың  соңы  мен  XVII  ғасыр  басында  (1680­1715  жж.)  Хандық  дəуір 

тарихында  билік  еткен  Тəуке  хан  тұсында  жүздерді  билер  арқылы  басқарғанын  білеміз. 

Бұл  дегеніміз  ел  басқаруда  билердің  үлкен  рөлге  ие  болғаны,  яғни,  шарықтау  шегіне 

жеткендігін көрсетеді. Жоғарыда айтып кеткендей, билер мен  жыраулар билікке тікелей 

əсер  ете  білген.  Хандардың  қисынға  келмейтін  қатал  шешімдеріне  өз  ауыздарымен 

халықтың  уəжін жеткізген.  «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген мақалы осының 

айғағы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет