туысқаны сияқты болып, қазақтан қатын алып, біржола
қазақ боп тұрып қалғаны да бар. Патшалық үкіметі бұл
жөндерде Абайға қырын қарап, аулына бірнеше рет тінту
шығартқан. Ал Долгополовтар шыққанда жасырын поли-
ция арқылы қырда астыртын надзор жасатып қойғаны да
бар. Бұл жай – соңғы жылдар Семей архивінен табылған
164
“Долгополов ісі” деген істен әбден анық, айқын. Абай өзіне
білім берер, жаңалық айтар дос іздеген уақытта чинов-
ник, төреден іздемей, бертін келе ылғи жаңағыдай адам-
дарды дос тұтады. Соларды қадірлейді. Солар арқылы өз
мағлұматын зорайтып, осылар ұсынған кітаптарды оқиды.
Бұл жәй Абайдың өздігінен оқып өсу жағында өзгеше
жақсы жағдай болады. Керекті, дұрыс өнімді бағытпен ба-
рып, Еуропа мәдениетінің ең қымбат қазыналарына қол
артуына себепші болады.
Осындай өзгеше достардың барлығының ішінде ең
алдымен таныс болып, Абайға алдымен әсер еткен кісі –
Михаэлис. Оның істеген еңбегі көп болғандықтан, Абай
кейінгі уақыттарда: “Дүниеге көзімді ашқан кісі – Михаэ-
лис”, – деп, алғашқы басшылық істеп, бет нұсқағандағы
үшін өмір бойы алғыс айтып кеткен. Михаэлистің өзінің
тексерген саласы табиғат ғылымы болса да (жердің жара-
тылысын оқыған), әр тарау жолдардан мағлұматты болған
мәдениетті адам. Абайға қандай кітапты оқу туралы шы-
нымен үлкен ұстаз есебінде бағыт берген.
Бұрын қолына түскеннің бәрін талғаусыз, ретсіз оқып
жүрген Абай, ендігі оқуын Михаэлистің ұсынысы бойын-
ша үлкен тәртіпті ретке қойып, көркем әдебиет, сын, фи-
лософия, табиғат ғылымдары, әлеуметшілік жайындағы
кітаптарға шейін тарау-тарауымен, жоспармен оқитын
болған. Осы бетпен орыстың белгілі ақын, жазушылары-
нан Пушкин, Лермонтов, Толстой, Тургенев, Салтыков-
Щедрин, Писарев; Еуропа ақындарынан Гете, Байрон;
фәлсафашыл, табиғатшыл білгіштерден Спенсер, Спино-
за, Луис, Дарвин; тарихшыларынан Дрепер сияқты талай-
ларды оқыған.
Алғашқы кездерде оқығандарының көбі орыстың
көркем әдебиеті мен сыны болу керек. Көп заманға шейін
қалада жатып, кейінірек талай кітаптарды қырға да алып
шығып, елде де қарастыратын болады. Әдебиет тұсында
жалғыз орыс жазушыларымен тоқтамай, Еуропаның көпке
жайылған романшыларын да оқыған.
Әрі-беріден соң кітаптарды өзі оқуымен қанағат
қылмай, маңайындағыларға әңгіме қылып, айтып от-
165
ыруды әдет қыла бастайды. Сол 35-40 жастың арасында
өзі кітап қарастыра бастағанымен қатар, екінші баласы
Әбдірахманды Семей қаласындағы уездік школға оқуға
береді. Бұл баласы кейін өндіріп, ұзақ оқып кетеді. Арты-
нан біраз жылдан соң үшінші баласы Мағауияны да, әйел
баласы Күлбәданды да әкеліп орыс школына береді.
Абай енді Семей қаласының үйез, жандарал, судья-
лар сияқты құр төрелікке мәз болған ұлықтарынан мүлде
басқаша адамдарды тапты. Олар патшалық өкіметінің
Сібірге, Қазақстанға жер аударған көп төңкерісшілері
болатын. Қазақстанның батыс жағына Шевченко ай-
далып келгенде, Омбы сияқты қалаға, орыс халқының
атақты жазушысы Ф.М. Достоевский бастаған талай
төңкерісшілер келген. Бұлардың ішінде Буташевич-
Петрашевскийдің өзі, Дуров сияқты ірі адамдар болған.
Төңкерісшіл демократтардан Чернышевскийдің талай
серіктері болып еді. Абаймен жақындасып, достасқан Ми-
хаэлис, Долгополовтар осы соңғы топтан шыққан адамдар
болатын. Орыс халқының осылар сияқты адал, халықшыл
ұлдарының бәрінің жүрегінде патшалыққа деген өштік
пен жиреніш аса күшті еді. Каторгада, айдауда, еріксіз
солдаттықта жүрген күндерінің бәрінде де олар орыстың
қалың бұқарасы қара шаруасының құлдық, қорлық
халін патшалыққа кешпейтін. Сонымен қатар Сібірде,
Қазақстанда патшалық езіп жүрген барлық бұратана ел-
дерге де үлкен достықпен, зор бауырмалдықпен қараушы
еді. Чернышевский болса, Ресей патшалығындағы сияқты
дүние жүзіндегі қанауға, құлдық, зорлыққа қаны қас
болғандықтан, поляк халқының патшаға қарсы алысуы-
на тілеулес болғанындай, Америка халқының азаттық
күресіне көп көңіл бөлген, ондағы негрлердің көтерілісі
болса екен деп те тілеген адам еді. Өз айналасындағы дос
серігінің көбін патшалықпен қиян-кескі тартысқа, қолма-
қол алысқа әзірлеп тәрбиелеген.
Патшалықты құлатып, көзін жоюды өздерінің төң-
керістік арманы, жолы етіп алған, сол үшін, ел, Отаны үшін
өз бастарын, өз күштерін ортаға салған орыс халқының
адал ұлдары бұл кезде көп еді. Соның бәрінің анық
166
ұғынған, анық байлаған бір жолы патшалықпен алысқан-
да Ресейдегі езілген, бұратана халықтар мен орыс халқын
бір-біріне дос етіп, күштерін біріктіру шарт дейтін. Ол
төңкерісшілер қазақ даласын қараңғылықта ұстаған, орыс
халқымен жаулықта ұстауға тырысқан, орыс мәдениетінен
жырақтатып ұстаған саясатқа да қарсы алысқан. Сондық-
тан орыс халқының шын адал ұлы, өкілі болған, патша-
лықтан жиренумен өткен ой алыптары Пушкин, Лермон-
тов, Толстой, Салтыков-Щедрин, Достоевский, Черны-
шевскийлермен Сібір, Қазақстан халықтарын таныс етеді.
Ол халықтардан шыққан ел қамқоры саналы ұлдарының,
азаматының бәрін жаңағы жазушылардың еңбектерімен
таныс ету айдаудағы төңкерісшіл демократтардың са яси
үлкен жолының бірі болды. Абайға жолығып, онымен
дос болған Михаэлистер ол күнде өздері жеке бастары
Ресейде даңқы шыққан кісілер болмаса да Абай сияқты
кісілерге ала келген ой-пікірлерімен, ұлы бағыттарымен
аса зор тарихи істерді бастаған, ардақты өкілдер еді. Орыс
халқының шын елдік жүрегін танытатын, қазақ сахарасы
үшін игілік әкелген өкілдер. Бұлармен Абай достығында
осындайлық тарихи терең мағыналар болатын. Енде-
ше, сол күнде осылар ниетіне ниет қосып, еңбегіне еңбек
жалғап, орыс халқының мәдениетіне өз елі, өз жырымен,
әлеуметтік еңбегімен, ұстаздық тәрбиесімен бастаған Абай
бір қазақ халқы үшін емес, бүтін Ресейдегі халықшыл,
төңкерісшіл демократтық қозғалыста да зор еңбек еткен
адам болуға беттеген, Михаэлистер достығы бір Абай
емес, сол арқылы бүкіл қазақ сахарасына арналған достық
боп ұлғайды. Сондықтан да Абай оларды бір тапқан соң
қайта қол үзбейді. Солар арқылы өзін-өзі тәрбиелеп, білім
арттырып, қоғамда тарихтық жолын ұзақ өріске қарай
ұлғайтып алып кетеді. Ұлықтардан білімді, ой-санасы
сонағұрлым жоғары тұрған Михаэлис, Гросс сияқты зор
білімді кісілердің мәжілістерінде болып, өзі де ғылым
зертей бастайды. Абайға жаңа жарық дүниенің шеті енді
анық, кең ашылғандай болады. Сонымен, 1884–1885
жылдары, жасы қырыққа таман ілінгенде, Абай дүниеден
көп мағлұматы бар кісі болады. Әр нәрсе туралы, ғылым-
философияға сүйенген арнаулы көзқарасы, сыны бар,
167
әншейін, ел кісілерінен сонағұрлым қырағы, озғын кісі
болып, жекеленіп шыға бастайды.
Бұдан кейін Абай елге де “жақсы” дегеннің бәрінен
білімі, ақылы, сөзі мен өнері артық кісі болып таныла
бастайды. Көптің ұғынып жүрген құр сөз “жақсысы” емес,
Абай ең алдымен білгіш, кемел, шешен, жүйрік болып са-
нала бастайды.
Енді өз еліндегі “шешенмін, жүйрікпін” дегендер-
мен кейде келісіп, кейде келіспей жүрсе де, сырт елдердің
сөз ұғарлық тәуір деген кісілері Абайдың атағын көп
естіп, әңгіме мәжілісіне құмар бола бастайды. Бұлардың
ішінде өз уақытындағы әр алуан қоғамдық, шаруашылық
жаңалықтарға бойсұнып ойыса бастаған адамдар да бар
еді. Абай, тегінде, білім алып, өзге бұрынғы ескі үлгідегі
рубасыдан басқаша болғанда, сол ортаның өзін де өзгертіп,
түзеткісі келеді. Елге пәле әкелуші емес, қоғамына пайда-
лы еңбек етерлік адамдар шығарғысы келеді. Мәдениетке
ие болсын деп тырысады. Осындай бағытын ұғар-ау деген
адамдарды өз елінен де, басқа елден де тапқысы келеді.
Өзіне қосарға алуға тырысады.
Сонымен, көбінің өз тілектері бойынша Абай жақын
болып, кейбірімен сыйлас, тамыр, дос болады. Жалғыз Се-
мей үйезі емес, Қарқаралы, Өскемен, Аягөз айналасының
жақсы деген адамдарымен де жақындық таба бастай-
ды. Абайдың атағы мен дәрежесі Тобықты емес, сан
Тобықтыдай елдерге жетеді. Бұрынғы шешендік, зеректік,
сыншылдықтың үстіне еуропаша жақсы сенімді құрал та-
уып алған соң, Абаймен қай елдің мақтаған “жүйріктері”,
атақты шешендері болса да тіресіп сөйлесіп, пікір
таластыруға жарамайтын болып қалады. Қай-қайсысы
болса да, сыртқы даңқы зор болғанмен, Абайға келіп кез-
дескенде дүниені болжар білімі, шалымы жоқ болған-
дықтан, Абайдың қасында білгіштің қасындағы наданның
халінде қалып отырады.
Сонымен, Семей қаласында болсын, басқа дуан-
дарда болсын, бірнеше үйез елдердің болыс, билері бас
қосқан үлкен съездерде Абай өзімен толық тең түсіп,
толық мәжілістес болатын қазақ кісісін көре алмаған. Бір
Тобықты емес, өз тұсындағы қазақтың қайсысынан бол-
168
са да өзінің сонағұрлым озып кеткендігін сезген. Осы-
ны сезіп, ұғынуының арты, қазақ еліне әмір жүргізуші
жуанның барлық жай-күйіне бұрынғыдан да өткір, қатты
сынмен қарауды күшейтеді. Ел жайына, ел ортасындағы
өз жайына болса да қанағат қылмайтын, заманынан озғын
ойларды ойлай бастайды.
Абай енді тентек-тебіз, ұрлық-қарлық, алыс-жұлыс
сияқты теріс мінездердің барлығы атқамінер тобына түгел
жайылған мін екенін көреді. Сол терістіктерді түзететін
қатал тез болғысы келеді. Ұғарлық, ойланарлық санасы
бар-ау деген кісілерге өсиет, ақыл айтып, ұстаз бола бас-
тайды.
Сонымен, 40 жасқа толған Абай енді өз ортасының
ақылды, ақылшы басшысы болады. Осы соңғы мақсатқа
қарай ауысуына кітап жүзінен алған пікір, тәрбиесі және
қосымша себеп болады. Сонымен қатар ауысып, өзгеріп
келе жатқан заман жайындағы өзінің ойлаған ойы, жаңа
бағыт түсініктері әсіресе себеп болады. Өз айтуынша,
“отыздың ішінен бастап Еуропа оқымыстыларының көп
кітаптарын оқып, қырыққа таман келген уақытта бұрынғы
дүниенің асты-үстіне шығып өзгеріп, “Күншығысым –
күнбатыс, күнбатысым – күншығыс болып кетті”, – дейді.
Абай әрбір жақсы сөзді оқығанның артынан соның ағы-
мына ақыл-оймен терең бойлайтын әдеттер табады. Мәсе-
лен, Будданың жайын оқып шыққанның артынан: “Будда-
ның сөзі қалай терең еді, жасымда кез келмеді-ау!” –
деген сөзі, не болмаса өмір бойы Лермонтовты сүйіп:
“Бұл – махаббатқа уланған шын ақын, махаббатын улаған
ашу”, – деген сияқты сөздері бұның шығыс, батыс өнерін
аса зор бағалай бастағанын көрсетеді.
Осы сияқты өзгерген сана, жаңарған ұғым, бағыт
бо йынша Абай енді өзі мінеген партия тартысынан да
айығып шығуға тырысады. Бірақ ортасы мен айналасы
Абайды бұдан түгел босатпайды. Еркін өзіне билетпейді.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбасты көп көрдім елден бірақ…
дейді. Болмаса:
169
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме, –
дейді. Ақыл айтады, сөгеді. Көппен бірге өз мінін де теріп,
өзін де жазалайды. Бірақ ем болмайды.
Осыдан соң сыртқы өмір бұның ырқына көнбей, қайта
өзінің билігіне бұны еріксіз көндіріп, ескі жолға қайта
тарта берген соң, Абайдың ойы мен ісі екіге бөлінеді. 40
жастан асқан соңғы Абай бізге бір Абай емес, екі Абай бо-
лып кетеді. Біреуі – бұрынғы күйге үйлескісі келмей, за-
манынан, ортасынан озып шығып, сыншы, ұстаз, ақын,
данышпан болуға айналған Абай да, екіншісі – күндегі
өмірдің талқысы мен шырмауынан шыға алмаған, содан
азап шегіп, қиналған Абай.
Абайдың ішінде осындай екі тарау жол шығады. Бір
жүрек екіге бөлініп, жыртылып айрылады. Заманы-
нан ақыл, сезімі артып, озған жалғыздың трагедиясы
(қайғысы) туады. Сол қайғысы сыртқа шығатын бір жол
болу керек. Абайдың ендігі ұғынуы бойынша сыртқы өмірі
жеміссіз, ажарсыз, мағынасыз болса, оған өз ішінде толып
жатқан қарсылық бар. Ойына жиылған улы зар, үлкен
мұң, қалың арман бар. Осының бәрін сырт көзге көрсетіп,
іштегі өкінішке тыныс, ем етерлік нәрсе ақындық болады.
Өлең болады. Сонымен 1884–1886 жылдардан бері қарай
Абайдың нағыз өнімді ақындығы басталады.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін…
Енді бұл кездегі Абайға ақындық үлкен қадірлі
мағынасы бар әлеуметтік қызмет, қоғамдық зор еңбек боп
танылады. Ол – надандық, зорлық, жуандық, пәлеқорлық
сияқты атқамінерлер мінезімен мықтап тұрып алысуға
кіріскен еңбегі. Абайды кейінгі буынға және сол кездегі
қалың елге, көпшілікке, саналы жастарға нағыз қадірлі
Абай етіп көрсететін еңбегі. Ақындықты сыншы, тәрбие-
ші, қасиетті дос етіп ұсынады. Зұлымдық, надандықпен
170
кектене алысады. Мін атаулыны көзге шұқып, басқа сабап
айтады:
“О, тәңір-айшыл” кер есек,
Қулық-сұмдық, не өсек?
Болмаған соң бір есеп,
Мейлі қамқа, мейлі без! –
деген сияқты сөздері надан меңіреулікке өшіге соқтық-
қанын, аянбай ұмтылғанын көрсетеді.
1884–1886 жылдардан бастап Абай осындай өлеңге
кіріседі. Бұлайша кірісуіне іштей себеп болған нәрселердің
барлығын мәлімдедік. Бірақ осы жылдарда жаңағы
айтылған жәймен қатар, Абайдың ақындық еңбегіне
сыртқы өмірдің бөгеттері тағы араласады.
Құнанбай балаларының дәуірі ұзақ жүргендіктен,
барлық Ырғызбай деген рудың ішінде болысы да, бо-
лыс емесі де түгелімен бақ-мастыққа салынып, орын-
сыз жуандық, орайсыз тентектік молаяды. Сонымен ел
ортасындағы жалпы наразылық күшейеді. Ырғызбаймын
деу орынсыз еркелік, орайсыз тентектік, жуандыққа
кепілсіз, шексіз берілген билет сияқты болады. Сондай
себептер жиылып келіп және рубасылардың тек жүре ал-
майтын пәле іздегіш мінездері де себепші боп, Абайдың
туыстары мен сол ел жуандарының екі арасынан зор, тың
тартыс туады. Абайдың өз басы кінәсіз болса да, тек оты-
райын десе де, жау жағы да, өз жағы да еркіне қоймайды.
Жақындары пәлені бастап алып, салмағын Абайға әкеп
тастайды. Күншіл, кекшіл, арамза атқамінерлер де
Абайдың ақтығына, жазықсыздығына қарамай, арыз бен
шағым айтса, ылғи пәле басы ғып Абайды атайды. Соны
сүйрейді. Осы мінезді бұрын Абайға жақынмын деп жүрген
кісілер алдымен бастайды. Ең алдымен бұрынғы дос бо-
лып жүрген Ербол, Жиренше, Күнту сияқты сенген адам-
дары кетеді. Осылардың ішіне Абайдың: “Күн ашықта
мойныңда, күн жауғанда қойныңда” дейтін құнсыз, бұзақы
ағайындарынан да қосылушы болады. Кісілік, әкімдік
болса да оны таласпен алатын да солар. Жаманшылық,
бұзық мінездерінен ел бүлінгенде пәледен бас сауғалап
171
қашатын да солар. Өз мінездерімен Абай басына пәле әкеп
тастайтын да солар. Мысалы, Шыңғысқа сол кезде болыс
болып тұрған Ысқақ ойына келгенін істейді. Ел кісілерін
жазықсыз сабағыш болады. Болыстың қатыны кез келген
қостың семізін сұраусыз, тергеусіз ұстатып алып сойғызып
жатады. Осындайлар бұларға жақын жүрген Жиренше,
Оразбайларды да түңілтеді.
Құнанбай тұсында елге зорлықты көп етіп, байып,
жуандап алған сотқар, бұзар Ырғызбай тобы және әсіре-
се Құнанбайдың әмір иесі болған бала-інілері жалпы
халыққа қорлығын өткізгенде Абайды есепке алмайды.
Оның қарсылығын, ашу-наразылығын елең қылмайды.
Қайта Абайдың өз басына бар жауынан бетер қастық еткен,
қызғаныш, жаманшылық ойлаған талай адамдары болады.
Кейін Абай басына келетін талай дертті ауыртпалықтарда
пәле басы боп жүретіннің ішінде солардың көбі жүреді.
Абайға сыртымен дос болған боп жүріп, Оразбай, Жирен-
шелер де сол қиянатты оның басына көп істейді.
Мына тұста сол Оразбай, Жиренше, Күнту, Абыра-
лы дегендер бірігіп астыртын баталасып ап, болыс боп
жүрген Құнанбай баласын орнынан түсіріп, өз орталары-
нан Күнтуды болыс сайлайды. Сондағы мақсат-мұраттары
халықтың, көптің мұратына маңайласпай, тек өздері әкім
болу, билеп-төстеу болады. Бірақ олардың ендігі ісі бұл ғана
емес, қолдарына болыстықты алып ап, ең алдымен Абайды
мұқату, соны жазалау, қор ету болады. Олар болыстыққа
өз басы таласпақ түгіл, жұмысы да болмай, үйінде ел үшін
еңбек етіп отырған Абайдың адамшылығын күндейді.
Халық сүйетін адамшылық атағын, абыройын күндейді.
Ел мұңына ниет жолы қабысқан Абай алыспастан үйде
отырып, Оразбайлардай партияқор атқамінерлерді жеңіп
отырған сияқты, осыны Абайға кешпейді. Құнанбайдың
елді шулатқан зорлықшыл балаларына тиіспейді, өйткені
олармен өздері бір бітімдес. Олармен табысулары да оп-
оңай. Қоғамда үлкен ақтық беті бар, шындық үшін алы-
сатын Абайды қуып, өздерінің үстемдігін нығайту қажет
болады.
Ел ішіндегі іс осыған келіп тірелген соң, кітап тәрбиесі,
ой тәрбиесімен жаңа бағыт ұстанармын деп жүрген
172
ниетінің барлығы уақытша еріксіз бөгеліп қалады да, Абай
амалсыздан тартыс, жаулықтың ортасында қалады. Бұл
уақытта Абай тоқтайын десе де, тоқтай алмас еді. Өйткені
өз кісілерін болыс қойып, жеңіп алған ел енді Құнанбай
балаларынан есесін алу керек. Жеңгендіктің жемісін теру
керек. Одан соң, олардың ұғынуынша, қарсы жағы қайта
алыспай, кек алмай қоймайды. Сондықтан оны әлсіретіп
біржолата меңдетіп алу керек. Қырда түгел жыға алмасақ,
ұлыққа шағып, соның күшімен жаныштау керек. Олай
болса, үстінен арыз беріп, әсіресе өздерінен сайланған
болыс, бидің мөрін, приговорын пайдаланып, жауларын
қылмысты кісі қып көрсету керек. Мұның бәрі тынымсыз
алыс, тоқтаусыз партия тартыс болмай қоймайды. Соны-
мен, Абайдың ендігі алысы бас қорғаудың алысы болады.
Енді ерік өзіне тимей, тілесе де, тілемесе де алысу керек
болады.
Осымен 1884–1886 жылдар түгелімен алыспен өтеді.
Бірақ 80-жылдардан кейін Абай бір кісі емес, екі кісі бо-
лып бөлінеді дедік. Қайтадан еріксіз алысқа кірсе де,
жаңағы жылдардың ішінде Абай бірталай өлең шығарады.
1884–1885 жылдар “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”,
“Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы” деген сияқты
бір-екі өлеңді ғана туғызса, 1886 жылы Абайдың нағыз
ақындыққа шынымен бой беріп, кең үңіле бастағанын
білдіреді. Бұл жылда 16-17 өлең шығарады. Абайдың
осы күнге шейінгі баслымдарында “Халық туралы” деп
жүрген торыққан көңілінен шыққан сөздері болады. Сол
өлеңдерінің ішінде:
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда? –
деген сияқты талай-талай сөздерден Күнту болыс болатын
сайлаудың алыстағы сарыны сезілгендей. Сонымен қатар
бұл өлеңдерінің барлығы өзінің шын налыған зары да
сияқты. Бірақ бұл жылдарға шейін Абай өлеңді жазса да, өз
атымен жазбай, ылғи “Көкбай айтқан өлең” деп жүргізеді.
Сондықтан зарланып, Көкбайды аяп кейде:
173
Сорлы Көкбай жылайды,
Жылайды да жырлайды.
Жыламай қайтіп тұрады,
Мынау азған қу заман,
Қалыбында тұрмайды,
Біреу малды ұрлайды,
Біреу басты қорлайды,
...… болмаған соң,
Жылауына зорлайды –
дейді. 1882 жылдардан бастап, осы 85–86-жылдарда Абай
Пушкин, Лермонтовтан бірен-саран өлеңдерді қазақшаға
аударып та байқайды. Бірақ жоғарғы айтқан ретпен Күнту
болыс болып алған соң, Абайдың үстінен арыз, шағым
ұлық кеңселеріне ойлағандай-ақ топырлап түсе бастайды.
Өз атаған кісісі болыс болған соң, рубасылары осы
жолғы қолына тиген әкімшілікті әбден пайдаланады. Сол
ретпен өзіне ерген 400 үйін алып, Оразбай Шыңғыс бо-
лысынан бөлініп шығып, Бұғылыға қосылады. Бұрын бұл
бөлініп шығам дегенде, болыс боп отырған Құнанбай бала-
лары мөр, приговор бермей, өз ауқымынан шығармайтын.
“Түбі жаулық ойласа, басқа болыста отырып алысып кет-
се, құрығымыз үнемі жете бермейді”, – деп аңдысқан кісіні
өз қасынан шығармай қоятын, көп болыс, көп мықты
жуанның есебі, саясаты болатын. Оразбайды бөлек болыс
қып жібере қою Күнту, Жиреншелерге де түп есеп үшін
керек. Құнанбай балаларына үнемі бар Тобықтының елін
билетіп отырмас үшін, өз орталарынан бірер мықтыларды
аналардың құрығынан ұзатып жіберіп, соған Тобықты
шеңберіндегі партияның бір қабырғасын сүйетіп, өздері
соны арқа тіреу, бел қып отырып алысуға да дұрыс келеді.
Күнтудың болыс болуы жеңген жаққа осындайда бір
нәтиже береді.
Екінші, сол Күнтудың өзі де Құнанбай баласының
қол астына қайта қарап қалмас үшін, өзіне ерген Жігітек,
Бөкенші руларын алып, көршілес Мұқыр болысына
шығуға жол әзірлеп қояды. Кейін мұны түсіретін мезгіл
болғанда, Күнту өзіне қажет болатын мөр, приговорды
жайлап жүріп, өзі болыстықтан түсісімен Мұқырға шығып
кетеді. Бұл Күнту болыс болудың ең соңғы уақиғасы. Бірақ
174
бұған жетпестен бұрын, ол адамдар ең әуелі Құнанбай
жағының барлық бұзарлары үшін Абайды жазалауға
кіріседі. Осындай қызу тартыс үстінде “Құнанбай баласы-
нан болыстық кетті” деген дақпырт ұлық айдатқан Жігітек
адамдарына да жетеді. Сонымен, Бөжей заманынан бері
қарайғы жаулықты мықтап ұстаған Базаралы қашып
келеді. Күнтудың болыстығына сеніп, “қайта ұстатпайды,
ұлыққа көрсетпейді”, екінші, енді орайы келсе, ескі кегін
қуып көрмек боп та келеді. Осы сияқты әр алуан түрде
құралып келген уақиғалар алыстың түйінін шиелендіре
береді. Тартыс қырда да, ойда да қатты қозады.
Осындаймен жүргенде, 1885 жылы Қарамола де-
ген жәрмеңкеде, ол күндегі әдет бойынша, бірнеше дуан
бас қосатын “шербешнай” дейтін (төтенше) сияз бола-
ды. Осыған Абай да келеді. Бұл уақытта Тобықты ішінде
Абайға жау болып шыққан кісілер өздеріне іштей тілектес
болатын атқамінерлерді басқа елден де тауып алған бола-
ды. Бұрын Абайдың өзге сырт елдегі достары көп болса,
сол достарының қарсысында жүрген жаулары да бар еді.
Енді Тобықты іші жіктеліп алғанда, солар шұрқырасып
келіп, Абайдың Тобықты ішіндегі жауларымен табысып, Достарыңызбен бөлісу: |