Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата27.12.2016
өлшемі1,71 Mb.
#593
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27

АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЕВ

(1845–1904)

Өмірі мен творчествосы

1

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы Семей 

облысындағы Шыңғыс тауларында, көшпелі Тобықты 

 

руында туды.



Абайдың әкесі – өкімі зор, қатал мінезді, ел билеген 

Құнанбай – Ресей патшалығына жаңада ғана бағынған 

Тобықты руының аға сұлтаны болған.

Абайдың балалық шағы Құнанбайдың төрт әйел алуы-

на байланысты туған үй ішіндегі қырық ру керістің қиын 

жағдайларында өтті. Феодалдық семьяның осындай кең өріс 

алған ауыр жағдайы, оның жиіркенішті салты тек күндес 

әйелдердің ғана басына, мінез-құлқына, салт-санасына, 

адамгершілік тағдырына ауыр қасірет болып орнаған жоқ, 

сонымен қатар оның шарпуы балаларға да тиді; әдетте олар 

да шешелері сияқты бір-бірімен бақас болып, өзара жау-

ласып та жүрді. Бірақ Абайдың бағына оның туған шешесі 

Ұлжан асқан ақылды адам болған. Оның табиғатына біткен 

адамгершілігі, парасаттылығы, баласына деген шексіз 

аналық мейірбандығы Абайға мұндай семьяның ортасында 

өте сирек кездесетін жағдай тудырып, үлкен сүйеніш бол-

ды. Ұлжан барлық балаларының ішінде Абайды айрықша 

жаксы көріп, барлық бала бір төбе, жалғыз Абай бір төбе 

деп қарады. Ол Абайдың әкесі қойған Ибраһим деген атын 


101

өзгертіп, “Абайым” деп еркелетті. Сөйтіп, оның аты бүкіл 

өмірі бойына Абай атанып кете барды.

Құнанбайдан іргесін бөлек салып, өмірін оңаша жерде 

үнсіз өткізген Абай мен анасына ұлы шешесі Зере арқа сүйер 

рухани тірек болды. Өзінің ұзақ өмірінің ішінде басында 

билігі жоқ әйелдің теңсіздік қасіретінің бәрін өзі де басынан 

кешірген, көпті көріп көне болған, жұмсақ мінезді ақыл да-

риясы қарт ана бұл немересіне айрықша сүйіспеншілікпен 

қарап, одан зор үміт күтті. Бұл екі ананың Абайға деген 

қамқорлығы, айтқан ақылдары, оны әлпештеп еркелетуі 

Абайға рақымсыз әкенің қатал мінездерінен, оның сасық 

салтынан анағұрлым өзгеше әсер етті де, жаңа ғана бас 

жарған жас гүлдің қандайын болса да солдыратын әкенің 

тұсындағы тіршіліктің қатал жағдайында Абайдың сәби жа-

нына зор демеу болды.

Ауылдағы жалдамалы молдадан оқытып, хат танытқан-

нан кейін, Құнанбай сегіз жасар Абайды Семей қаласына 

жіберіп, Ахмет-Риза имамның медресесінен оқытады.

Осы медреседе оқыған үш жылдың ішінде өте дарын-

ды, зерек жас бала көп нәрселерді үйренеді. Ол кезде дін 

мектебінен тәрбие алушы жасы асқан адамдардың да күні 

мен түні бірдей құранның түсініксіз сөздерін тек босқа жат-

таумен, бес уақыт азаптанып намаз оқумен өтетін, ал кей-

де, нешелер күндер бойына текке өзегін талдырып ораза 

ұстаумен, миға пайда бермейтін құрғақ шариғат қағидаларын 

тыңдап, бас ауыртумен өтетін. Араб  құдайшылдарының 

қараңғы халықты дін шырмауында ұстауды көздеген  ис-

лам діні турасындағы жалған ғылымсымағының түсініксіз 

дәрістерін жеңе отырып, Абай өзінің ой саласын кеңейте 

түседі. Осы уақыттың өзінде-ақ оның барлық ойы поэзияға 

ауа бастайды. Мұндай ой Абайда бұдан бұрын да туған еді. 

Ол бұған дейін туған аулында жүргенінде ескі заманның  еш 

уақытта ескірмеген, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен толып жатқан 

шығармаларын жүрегінде берік сақтаған хикая етіп айтып 

отыратын әжесі Зереден сан рет естіген болатын; өзінің 

туған даласының ақындары мен әншілерінің толып жатқан 

бай шығармаларының бәрін – түрлі хикая-әңгімелерді, 

ертектерді, батырлар жырларын, тарихи өлеңдерді аулын-


102

да жүргенінде талай рет зейің сала тыңдап, жаттап алған 

болатын. Ал медресеге түскеннен кейін? Абай енді араб-

иран және түрік ақындарының шығармаларын құмарлана 

оқи бастайды. Абай өзін қоршаған, құдайды дәріптеуді ғана 

білетін, соқыр сезімді халфелер мен хазіреттердің улы шыр-

мауын жарып шығып, өзіне құлазыған меңіреу даланың 

ортасындағы жан күйінің саяхаты сияқты болып көрінген 

шығыс елдерінің атақты классиктерінің шығармаларына,  

халықтық және классикалық әдебиетке бар зейінімен көңіл 

бөліп, оны үйренуге талаптанады. Шығыс халықтарының 

тілдерін үйренумен қатар, оның орыс тіліне де, орыс 

мәдениетіне де көңілі ауады. Медресенің қатал тәртібін 

көріне бұзып, медреседегі оқуымен қатар, ол өз бетімен ба-

рып орыс мектебінен де оқиды.

Мектепте болған жылдарының ішінде Абай өзіне түсі- 

нікті ақындардың шығармаларын оқып, танысып қана 

қоймайды, сонымен қатар ол өзі өлең жаза бастайды. 

Абайдың ертерек кезде жазылып, осы уақытқа дейін 

сақталып келген өлеңдерінің ішінде Шығыс елдерінің 

кітап болып басылған классикалық поэзиясының әсерімен 

жазылған лирикалық өлеңдердің үзінділері, ғашықтық 

өлеңдер мен арнаулар кездеседі. Осылармен қатар халық 

поэзиясының стилімен (түрімен), сол замандағы суырып-

салма ақындардың творчестволық рухында жазылған, кезі 

келген жерде жазыла салған қысқа өлеңдер де кездеседі. 

Терең ақылды жас бала, зейінді оқушы және жаңа талап-

ты жас ақын Абай өзінің болашағы үшін сол медреседе 

оқытылатын жартымсыз “ғылым” жағдайының өзінде де 

өте маңызды және пайдалы көп нәрселердің бетін ашып, 

зерттеп білген болар еді. Бірақ қатал әке бұған ерік бермей, 

баласының бұдан кейінгі бағытын мүлде басқа жаққа ауда-

рып жіберді.

Ел ішіндегі белді бектердің бір-бірімен үздіксіз күресі, 

қиян-кескі рулар тартыстары және бұлардың бәріне Құнан-

байдың үнемі араласуы онымен баққа таласқан алыс-

жақын елдердің ішінде Құнанбайдың қарсы жауын көбейте 

түсті. Сондықтан да Құнанбай өзінің әрбір баласын, әрбір 

туысқан жақынын осы күреске қатынасуға әзірлеуге тиіс 

болды. Міне, осыған байланысты, Құнанбай қаладағы 



103

Абайды оқуынан айырып, ауылға қайтып алып келеді. 

Оны рубасының әкімшілік қызметіне әзірлеу мақсатымен, 

ел арасындағы толып жатқан дау-жанжал істерді қарап 

шешуге бірте-бірте үйрете бастайды. Табиғатына біткен 

зейінді, талапты жас Абай ел ішіндегі бірімен-бірі ұштасып 

жатқан керіс-тартыстың, шексіз айла-сұмдықтың қалың 

ортасына кіреді. Айла-сұмдықтың нелер нәзік түрлеріне 

тәсілденіп  алғандардың және ру жігін қоздырып, ру мен 

ру арасындағы күрес тудырушылардың ортасында жүріп, 

Абай тапқырлықпен сөз сөйлеудің, сөз салыстырудың 

нелер әдістерін үйренеді, қызыл тілдің шешені болады. 

Дау-жанжалдар патша өкіметінің соттарында шешілмей, 

қазақтың ғасырлар бойы қолданылып келген билік айту 

жолымен шешілетіндігінен, Абай қазақ халқының өткен 

дәуірдегі және өз тұсындағы ауыз мәдениетінің өте бай 

мұраларын пайдалануға мәжбүр болады. Абай жастайынан-

ақ сөз тапқыш, өткір сөзді, қызыл тілді шешен деген орын-

ды атаққа ие болды; ол сөз нақышын келістіріп, мақал-

тақпақтап сөйлейтін шешендер сөзін жақсы білетін және 

оны зор бағалайтын болды, ақындық көркем сөздің бүкіл 

маңызының бәрін жоғары бағалауды үйреніп алды. Абай 

әкесін төңіректенген адамдардың ғана арасында бол-

май, сонымен қатар әкесінің наразы болуына қарамастан, 

көбінесе халық арасынан шыққан талантты адамдарға жа-

насып, халық өлеңдерін, түрлі хикая-дастандарды, өткен  

ғасырлардың ауыз жүзінде ұрпақтан ұрпаққа жеткен ертек-

жырларының шексіз мол мұраларын жадына тоқып, есінде 

сақтай берді. Әкесі Құнанбай және оның жақын туыстары 

тек өздерінің ата-бабаларының – рубасыларының ғана не 

істегендерін естерінде сақтаған болса, Абай өзінен бұрынғы 

дәуірде өмір сүрген жазба ақындар мен жай ақындардың, 

өлең сөзбен жарысып, халық алдында бірін-бірі жеңу үшін 

айтысқа түскен ақындардың барлығын дерлік жақсы білетін 

еді.

Шығыс халықтарының (араб, иран, шағатай) кітап жү-



зінде шыққан поэзияларын ертеден-ақ көңіл бөлгендігінен, 

Абай алғаш рет соларға еліктеп өлең жазуға кіріскен еді. Ал 

енді қазақтың халық поэзиясының дәстүрлерін қолдануы


104

оның жаңа өлеңдеріне өте жақсы түр беріп, өзіне дербес 

орын ала бастады. Бұл өлеңдерде сол күндердің өзінде-ақ 

ақындық өнердің тамыры, халыққа барып тірелетін болашақ 

ақынның тұрақты тұлғасы көріне бастады.

Абаймен замандас көп адамдардың Абай өте ерте, 

 

жиырма жасынан бастап өлең жазуға кірісті, ол өлеңдері ай-



тыс, сәлем жолдау түрлерінде жазылған еді деп сипаттаса да, 

оның сол кездегі өлеңдері біздің заманымызға толығынан 

келіп жеткен жоқ. Біз Абайдың жас шағында жазған азғана 

өлеңдерімен қатар, оның ұмытылған, жоғалған кейбір жеке 

шығармалары бар дегенді ғана білеміз. Мәселен, Абайдың 

ғашық болған қызы Тоғжанға арнаған өлеңдерінің бастапқы 

жолдары ғана бізге мәлім. Ал жас Абайдың Қуандық дейтін 

ақын қызбен айтысы ауыздан-ауызға тарағанның арқасында 

ғана сақталып қалды. Қазақстанда сол кезде жазба 

әдебиетінің нашар өркендеуі Абайдың жас кезінде шығарған 

өлеңдерін сақтап қаларлық және оның өмірбаянын айқын 

сипаттап берерлік Абай тұсындағы адамдардың хаттары, 

мемуарлары (көзі көрген, естіген жағдайларды жинақтап 

жазу), жазу дәптерлері, тағы сондайлардың сақталып 

қалмауына себепші болды Бұлай болуына сонымен қатар 

сол замандағы бектер-байлар арасында орын алған ақынға 

деген көзқарастың да әсері тимей қалған жоқ. Сол кездегі 

халық бұкарасы ақындық шығармаларды шексіз құрметтеп, 

ақынның есімін жоғары бағалаған болса, күшті рулы бай-

лар өзін-өзі мақтап: “Кұдайға шүкір, біздің тұқымнан 

бақсы да, ақын да шыққан жоқ”, – деп балаларды кекетіп, 

масаттанатын. Тіпті Абайдың туған аулында оның ерте-

рек кездегі ақындық қызметі жөніндегі әңгімелердің де не 

қағазда, не ауыз жүзінде сақталып қалмауын бекзадалардың 

ақын жұмысына осындай жексұрын көзқарастары айқын 

дәлелдейді. Абайдың өзі де, ақынға осындай көзқарастың 

салдарынан, сол кездегі өлеңдеріне өз атын қоймай, өзімен 

тұстас құрбыларының атынан шығарып жүрген.

Ру арасындағы қырқыс-жанжал істерге әкесінің әмірі 

бойынша зорлықпен қатыстырылған Абай ұзақ уақытқа 

дейін әкесіне іштен тынып қарсы болып жүрді. Ол әкесінің 

әділетсіздік істеріне, қаталдығына наразы болды, көп 



105

жағдайларда Құнанбайдың мүддесі мен мақсатына қайшы 

келіп, көптеген істерді әділдікпен, ешкімнің бет-ажарына 

қарамай, тура шешіп жүрді. Баласының жаңа беталысы –  

оның өзіне дос, ақылшы адамдарды халық арасындағы да-

нышпан және адал адамдардан іздегені де, оның көп жыл-

дардан бері орыс мәдениетіне көбірек көңіл бөле бастаға- 

ны, – осының бәрі Құнанбайға ұнамады, ол мұны жек көрді. 

Өкім күшті әке мен жамандыққа бас имейтін, адамдықты 

жақтайтын шыншыл баланың екі арасында кейде бірінен-

бірі мүлдем айрылысып кетерліктей елеулі керіс-тартыстар, 

бір-бірімен кіркілжісу барған сайын үдей түсті.

Ақырында Абай жиырма сегіз жасқа толғанда әке мен 

бала бір-бірінен айрылысып кетті.

Абай енді алдағы өмірін өз ақылымен, өз дегені бойын-

ша бір нысанаға тірей алатын болды.

Ол ең алдымен жас кезінде амалсыздан тастап кеткен 

орыс тілін қайтадан оқуға кірісті. Оның жаңа достары – 

ақындар, суырыпсалма ақын-әншілер, талантты қазақ жас-

тары, олардың көбінесе ұсақ тұқымнан шыққандары, сол 

кездердегі орыс интеллигенциясының Семейде кездестірген 

алдыңғы қатарлы өкілдері болды. Сөйтіп, өмірінің 35 жа-

сында Абай қайтадан өлең жазуға кіріседі. Бірақ бұл кездегі 

өлеңдерін де ол әлі де болса өзінің жақын жас досы Көкбай 

Жанатаевтың атынан шығарады. Он-жиырма жылдың 

ішінде ой-өрісі кеңіп, мәдениеті өсе бастаған Абай халық 

әдебиетінің, шығыс ақындарының ең жақсы мұраларын, 

әсіресе орыстың классикалық әдебиетін оқып үйренеді. 

Сөйтіп, тек 1886 жылы, жасы қырыққа жеткенде ғана, ол 

“Жаз” деген өте көркем өлеңін жазып, осыдан кейін тұңғыш 

рет өзінің шығармаларына өз атын ашық қоя бастады.

Міне, осы уақыттан бастап, оның қалған өмірінің 

 

жиырма жылы терең мағыналы, ұшқыр, қиялды ақындық 



творчествосының қанатты кең жайып, еркін гүлдене 

бастаған кезеңіне айналды.

Міне, осы кезден бастап, ру-бектік ортаның іріп-шіріген 

жиіркенішті кейпінің, салт-санасының бәрінен түңілген 

Абай өзінің барлық пәрменімен осындай ортадан іргесін 

аулақ салуға тырысады. Жас кезінде рубасылары қоздырған 



106

ру жіктерінің керіс-тартыстарына, дау-жанжалдарына амал-

сыздан араласқан Абай енді мұндай ру жіктері күрестерінің 

халыққа өте зиянды екенін, оның масқара ауыртпалықтарын 

айқын көреді, “таласып-бөлісіп ал да, әкімдік ет” деген 

саясатты қолданған патша үкіметінің мұндай ру жіктерін 

жорта қоздырып, халықты бір-бірімен арандатып отырған 

шын мәнін түсіне бастайды. Би-болыстар, ақсақалдар оның 

көз алдында патша үкіметінің отаршылдық саясатының 

қолшоқпарына айналады. Абай өз халқының осындай халге 

түскеніне іштен налып, басында еркі жоқ, қараңғы, езілген 

халық бұқарасының тағдырына қатты күйінеді. Сондықтан 

да ақынның ержетіп, есейген кезіндегі өлеңдерінде арт-

та қалған халықтың осындай халге ұшырағанын жырлаған 

терең қайғының үні естіледі.

Ақиқатты жырлаған ақын және өз халқының адал ұлы 

Абай халықтың басына түскен бұғаудан қалай құтылатын 

жолын іздейді. Абай өзінің есейген шағында жазған ақындық 

шығармаларында халықтың сана-сезімін оятуға тырысады, 

өзінің турашыл, мысқылшыл өткір тілді өлеңдерінде ру-

бектік, ақсақалдық ғұрыптың әділетсіздіктерін, ел ішіндегі 

патша өкіметі әкімдерінің қылықтарын жұртшылық ал-

дында ашықтан-ашық сөгіп, аяусыз масқаралайды, бұқара 

халықты өнер-білімге шақырады, тек өнер-білім, ағарту 

ісі арқылы ғана мына ауыр азаптан, әділетсіз тұрмыстан 

құтылуға болады деп көрсетеді.

Абай сонымен қатар өздігінен оқып, білімін толықтыру 

ісімен де терең шүғылданады, орыс классиктерінің 

шығармалары оның ең жақын серігіне айналып, қолынан 

түспейтін болады.

Абай жетпісінші, сексенінші жылдарда Ресейден жер 

ауып келген орыс революционерлерімен ойда жоқ жерде 

кездесіп, солармен танысады. Бұл адамдар Чернышевский-

дің, Добролюбовтың шығармаларын оқып, солардан тәрбие 

алған орыстың революцияшыл интеллигенциясының 

таңдаулы   өкілдері болатын. Олардың  ішінде Е. П. Михаэ-

лис дейтін адам орыстың белгілі революционер публицисі 

Шелгуновтың ең жақын серігі, белсенді қызметкері болған, 

оның үстіне Шелгуновтың әйелі оның апасы болғандықтан, 


107

ол Шелгуновтың жақын туысқаны да еді. Михаэлис сияқты, 

одан кейінірек Семейге жер ауып келген Нифонт Долгопо-

лов пен Гросс Северин де Сібірге өте жас кездерінде келді, 

өйткені олар Петербург пен Харьков университеттерінде 

оқып жүрген студент кездерінде тұтқынға алынып, жер 

аударылған. Міне, осы адамдармен Абайдың байланы-

сы күшейіп, ол байланысы үлкен достыққа айналады. 

Олар жаз уақытында Абай аулына келіп, қонақта болады, 

қыс кезінде онымен үнемі хат жазысып, байланыс жасап 

тұрады. Абайдың орыс достары оның өздігінен оқуына шын 

көңілдерінен сүйсініп жәрдемдеседі, оған керекті кітаптарды 

іріктеп алып, сұраған мәселелеріне жауап беріп тұрады.

Айта кету керек, Абайдың бұл достарының әрқайсысы 

Ресейде сол кезде орын алған түрлі бағыттағы қоғамдық-

революциялық ағымдарда жүрген адамдар бола тұрса да, 

олар өздерінің қоғамдық-ағарту қызметтерінде бір жол-

да, бірыңғай тілекте болды. Патша үкіметінің жер аудару 

саясатының ауыр жағдайына душар болып, әрқайсысы әр 

қыспақта жүрген, өмірінің көп жылдарын Ресейдің артта 

қалған аймақтары Сібір мен Қазақстанда өткізген бұл адам-

дар өздері жүрген жерлерінде халық бұқарасын айуандықпен 

қанаушылықты көріп, патша үкіметінің әкімдері мен 

жергілікті бек-билердің рақымсыз озбырлықтарын көріп, 

кейде өздерінің ішкі саясат жөніндегі бір-бірімен ала 

ауыздығын ұмытып та жүрді.

Дәл осы кезде Шелгуновтың жолын қуған шәкірті 

Михаэлистің де, халықшыл революционер Нифонт Дол-

гополов пен поляк революционері Гросс Севериннің де 

көздеген мақсаты мен міндеті бір жерге келіп түйісті.

Бұлар Сібірде жер ауып жүрген кездерінде жеке 

бастарының білімін толықтырып, ой-өрістерін кеңейтумен 

қатар, өздері түрған өлкенің тарихын, әдет-ғұрпын, 

тұрмысын, географиялық жаратылыс жағдайларын зерт-

тей отырып, қоғамдық-публицистика, ғылыми-зерттеу 

қызметтерінде өздері де үздіксіз өсіп, алға баса берді. Олар 

артта қалған аймаққа бірте-бірте білімнің, мәдениеттің 

дәнін сеуіп, Сібір халықтарын оқыту-ағарту, олардың 

тұрмысын, салт-санасын, тарихын қайта құру мақсатын 


108

бар жігерімен жақтайтын адамдар бола бастады. Қазіргі 

уақытта біздің қолымызда білімнің түрлі тарауларын 

қамтып жазған Михаэлистің көптеген еңбектері бар. Біздің 

қолымызда Гросс Севериннің “Қырғыздардың әдеттегі 

правосы” деген зор көлемді зерттеу еңбегі де бар. Ал украин 

халқынан шыққан тарих зерттеуші дәрігер Нифонт Долго-

полов қазақтың қайдан шыққанын анықтау мәселелерімен 

шұғылданған.

Абайдың өздігінен білім алуға ұмтылған талабына көп 

жәрдем көрсете отырып, бұл адамдар өздерінің тікелей зерт-

теген тараулары жөнінде қазақ халқына жақын көптеген 

халықтардың тарихын, әдеттегі правосын, поэзиясы мен 

көркемөнерін, экономикасы мен әлеуметтік тұрмыс сал-

тын өте көп және терең білетін Абайдан да өздеріне көп 

мәліметтер алып отырды.

Міне сондықтан да, жоғарыда айтылған Абай доста-

рының бәрі де орыс халқы туралы шындықты, сол кездегі 

Ресейдің ұлы орыс классиктері мен өте көрнекті саяси-

қоғамдық қайраткерлерінің шығармаларында айқын 

сипатталған өмір шындығын патша үкіметінің кертартпа 

чиновниктерінің-отаршыларының қудалауынан аман алып 

өтіп, Сібір мен қазақ даласындағы халықтардың қалың 

бұқарасына жеткізуге тырысқаны өзінен-өзі түсінікті, 

табиғи іс. Орыстың XIX ғасырдағы классикалық әдебиетінің 

әділеттікті жақтаған, патша үкіметінің сасық саясатын 

әшкерелеп, оған қарсы шыққан терең мағыналы идея-

лары, деревняның езілген еңбекші бұқарасына ара түсіп, 

наразылық білдірген орыс халқының азаттықты көксеген 

талабы – осының бәрі тұтасынан алғанда, Сібір мен Қазақ 

өлкесінде жаңада ғана ояна бастаған қоғамдық сезімнің 

өрістеуіне үлкен дем беріп, қуат болды. Абай достары, сол 

кезде бүкіл Ресей көлеміндегі революцияшыл демократтық 

қозғалыстың көрнекті және шешуші қайраткері ретінде әлі 

де атағы шықпаған адамдар болғанымен, орыстың алдыңғы 

қатарлы мәдениетінің асыл мұраларын мәдениеттен мешеу 

қалған шет аймаққа жеткізуде зор тарихи міндет атқарды. 

Олардың артта қалған елдерге осындай шындықты жеткізіп, 

халықтың сана-сезімін оятуда көздеген қызметтерінде 


109

Пушкиннің, Лермонтовтың, Салтыков-Щедриннің, Лев 

Толстойдың, Чернышевскийдің, Добролюбовтың, тағы 

басқаларының есімдері мен шығармалары өте зор қоғамдық-

саяси  роль атқарды. Қазақ халқының Абай сияқты ақынын 

бұл айтылған адамдармен және олардың шығармаларымен 

таныстыру, Абайға  және Сібір халықтарының арасынан 

шыққан Абай сияқты қайраткерлерге орыс мәдениетінің 

ұлы асыл мұраларын қадірлеп, олардан үлгі алуды үйрету 

орыс классиктерінің халықтары ғасырлар бойғы құлдық пен 

соқыр-надандықтан азат етуді көксеген жалпы қоғамдық 

идеялары бұлардың да көздеген мақсаттарына өте жақын 

екенін аңғартып, айқын көрсету – Абайдың жер ауып кел-

ген достарының тіпті революцияшыл белсенді, батыл про-

граммасында жүзеге асырған шын мәнісінде ұлы, игілікті 

іс еді. Олар Абайдың орыс халқы мәдениетінің тарихында 

болған нелер асулармен танысуына жәрдемдеседі, барлық 

ынта-жігерлерін салып көмектеседі.

Осының арқасында Абайдың дүние тануы, ой-өрісін 

бұрынғыдан да кеңейтіп, ол көп мәселелерді іздене бас-

тайды. Әсіресе орыс халқының рухани мәдениетінің бай 

қазынасымен жете танысқан кезде Абайдың дүниеге 

көзқарасы әлдеқайда өрістей түседі. Абай Пушкиннің, 

Лермонтовтың, Крыловтың, Салтыков-Щедриннің, Лев 

Толстойдың шығармаларын қадірлеп, сүйсініп оқитын 

болады. Міне, нақ осы кезден – өмірінде ұмытылмайтын 

1886 жылдың жазынан бастап, яғни Абай өзінің ақындық 

қабілетін толық түсініп жеткеннен кейін, ол Крыловтың, 

Пушкиннің, Лермонтовтың шығармаларын аударуға 

кіріседі, олардың шығармаларын тұңғыш рет өз халқына өте 

түсінікті, ұғымды етіп аударады.

Абай тек ақын ғана емес, сонымен қатар композитор да 

болды. Қазақтың халық әндері мен күйлерін жақсы біліп, 

аса жоғары бағалаған Абай өз жанынан да бірталай әндер 

шығарады, әсіресе қазақ поэзиясына бұрын болмаған жаңа 

түрлерін енгізген (сегіз жолды, алты жолды және басқалары) 

өлеңдеріне арнап жаңа әндер шығарды. Абай “Евгений Оне-

гин” поэмасынан аударған үзінді өлеңдерге де жаңа әндер 

шығарып берді. Сөйтіп, 1887 жылдың өзінде-ақ Пушкиннің 


110

өз есімі де, оның кейіпкерлері Онегин мен Татьянаның 

есімдері де Абай аударған осы өлең, Абай жазған осы ән 

арқылы бүкіл қазақ даласына жайылып, қазақтың ертек-

жырларындағы ақындары мен батырларының есімдерімен 

бірдей қазақ халқына өте жақын, туысқан адамдарының 

есіміндей болып кетті.

Дәл осы жылдардың ішінде әрі ақын, әрі кемеңгер ақыл 

иесі, әрі композитор Абайдың есімі де халық арасына кең 

жайылған, халық шексіз сүйіп қадірлейтін есімдердің бірі 

бола бастайды. Оған туған елінің әр түкпірінен ақындар, 

әнші-күйшілер келеді. Атақты Біржан сал, Әсет ақын, соқыр 

әйел Ажар ақын, Шортанбай, Кемпірбай сияқты есейген 

ақындар Абайдың өлеңдері мен әндерін жаттап алып, ел 

арасында үнемі айтып жүреді. Абайдың өзі тұстас заман-

дастары Жүсіпбек Шайқы-Исләм, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, 

Нармамбет ақындар, әйелдерден шыққан Қуандық пен 

Сара ақын және басқалары Абай өлеңдерін шарықтатып, 

бүкіл ұлан-байтақ елге жаяды.

Абайдың төңірегіне оның хат танитын, білімді шәкірттері 

Көкпай, Мұқа, Ақылбай, Кәкітай, өзінің кіші ұлы Мағауия 

сияқты жас ақындар топталады. Бұлардың бәрі де Абай-

дан үлгі алып, өздігінен оқып, білімдерін толықтырады, 

орыс әдебиетін оқиды, өздерінің ақын ұстазы айтып берген 

тақырыптарда – тарихи, романтикалық, салт-сана, тұрмыс 

мәселелеріне  арнап өлеңдер жазады.

Абай атағы барлық жерде де әйгілі бола бастайды. 

Сондықтан оған тек қазақтар ғана емес, Шығыстың баска да 

көптеген либералды адамдары, көбінесе татар жастары әдейі 

іздеп келеді. Мұнда әсіресе өкімет орындарының қуғын 

көрсетуі себепті туған қалаларын амалсыздан тастап кеткен 

адамдар немесе патша үкіметі жазалап қаңғыртып жіберген 

Кавказ бен Қырымның адамдары көбірек келеді. Мәселен, 

Сібірге жер аударылған жерінен қашып шығып, қазақ дала-

сы арқылы туған еліне бара жатқан кавказдықтар Абайдың 

аулында айлап жатқан кездері болды. Сөйтіп, Абай аулы сол 

кездегі прогресшіл тілекті, либералды бағыттағы, алдыңғы 

қатарлы адамдардың орталығына айнала бастады.

Міне, осының бәрі, сонымен қатар Абайдың жер 

ауып келген революционерлермен ұзақ уақытқа созылған 



111

мызғымас берік достығы және олардың Абайға жиі-жиі 

келіп тұруы өлкелік өкімет орындарын қобалжытып, 

тым қауіптендіре бастайды. Абай патша үкіметі үшін өте 

қауіпті адам деген астыртын хабарлар Семейдегі соғыс 

губернаторының, тіпті бүкіл Дала уәлаятының генерал-

губернаторының да құлағына жетіп жатады. Осыдан бастап 

Абайдың аулын, онда не болып жатқанын бақылап тұру 

үшін астыртын тыңшы қойылады. Абай қазақ даласын-

да асқан беделді адам, сонымен қатар шындықты батыл 

жақтаушы, ел басқару ісіндегі озбыр қылықтарды тайынбай 

әшкерелеуші қауіпті адам болғандықтан, патша үкіметінің 

ел ішіне қойған приставтары, әскер басылары, би-болыстар 

Абайға сезіктене қарап, оның әрбір басқан ізін үнемі аңдып, 

бақылап отырады.

Ал мәдениетке ұмтылған Абай шәкірттерінің, Абайдың 

жолын қуып, ақынның талантын қадірлейтіндердің қатары 

жылдан-жылға көбейе түседі. Ақынның ықпалы қала ішіне 

де кеңінен тарайды. Абайдың өзі шығарған өлеңдерін 

ғана емес, оның шәкірттері шығарған өлеңдерді бүкіл 

жүртшылық аузынан тастамай айтып, бірінен бірі көшіріп 

жазып алады, жаттап алып, әнге салады. Абай ең алдымен 

өзі оқып, жаттап, кейін өзінің тыңдаушыларына айтып 

берген батыс пен орыс жазушыларының романдары ауыз-

ша хикая ретінде қазақ даласына жайылады. Атақты фран-

цуз жазушысы Дюманың “Үш мушкетер”, “Генрих На-

варский” деген шығармалары, орыс халқының Ұлы Петр 

туралы ертек-жыры арғы замандағы жойқын қырғынды, 

талап-тонауды суреттеген романдар қазақ даласына осын-

дай жолмен тараған. Жазушы Лесаждың “Ақсақ француз” 

деген әңгімесі “Аксақ шайтан” болып ауызша жатқа ай-

тылып жүрді. Абайдың ауызша айтып бергені бойынша, 

Американың кең-байтақ жазық даласына тұңғыш барып 

қоныс салған адамдар туралы ұзақ әңгімелер, сол сияқты 

Лермонтов поэмаларының сюжеттері, “Шаһнама”, “Ләйлі –  

Мәжнүн”, “Көроғлы” және сондай шығыс халықтарының 

көптеген поэмалары да ауызша айтылып, халық арасына 

кең тарады. Европа мәдениетін үйренген, білімі бар, Абай 

жағында жүрген бірқатар адамдар да Абайдан үлгі алып, 

осындай шығармалардың таралуына зор себепкер болды.



112

Акын өз балаларын орыс мектептерінде оқытты. Қызы 

Күлбәданды, ұлдары Әбдірахман мен Мағауияны жаста-

рынан қалаға алып барып, орыс мектептерше орналастыр-

ды. Кейіннен Әбдірахман өте жақсы оқып, мол білім алып, 

Петербургтегі Михайловскі артиллерия мектебін бітіріп 

шықты, ал қызы мен Мағауия тек денсаулықтарының 

нашарлығынан ғана оқи алмай, ауылға қайтып келді. Бірақ 

Мағауия үйіне қайтып келгеннен кейінгі жерде әкесінің 

жолын қууға еркін берілген өте тыңғылықты, пысық 

шәкірттерінің бірі болады.

Мағауия мен Абайдың ең үлкен баласы Ақылбай 

Абай жолын қуғандардың ішіндегі нағыз талантты жас 

ақындар болды. Мағауия бірнеше поэма жазды. Солардың 

ішінде Абайдың ақылы бойынша жазған: Ніл дариясы 

жағалауындағы плантацияда жұмыс істейтін құлдың план-

тация иесіне қарсы күресі туралы “Медғат – Қасым” де-

ген поэмасы мен Қавказ халқының көтерілісіне басшылық 

еткен атақты халық көсемінің патша үкіметіне қарсы 

күресін керсететін “Шамиль” поэмасы өте жақсы поэма-

лар деп есептеледі. Ақылбай “Дағыстан”, “Зұлыс” деген 

романтикалық поэмалар қалдырып кетті. Бұлардың да 

тақырыбы мен идеясын Абай айтып берген болатын.

Абай мектебінен шыққан Көкбай, Бейсембай сияқты 

ақындар да қазақтың өткен дәуірдегі түрмысынан алып, 

“Абылай”, “Қозы Көрпеш” сияқты тарихи поэмалар жаз-

ды.

Осы шығармалардың бәрі халық арасына қолжазба 



күйінде, ал көбінесе халық ақындары арқылы тарады, олар 

бұл шығармаларды түгелінен жаттап алып, ауылдан ауылға, 

елден елге таратты. Орыстың атақты ақындары Пушкиннің, 

Лермонтовтың шығармалары да, сол сияқты жер жүзілік 

поэзияның бай қазынасына асыл мұра болып қосылған 

Байронның, Гетенің және басқаларының қазақ тіліне 

аударылған жеке өлеңдері де қазақ даласына осылай тара-

лып, қазақ халқының тума өлеңдеріндей болып кетіпті.

Абай және оның шәкірттері өз шығармаларында өмірдің 

барлық саласын қамтыды. Көркемөнер, халық ағарту, 

тәлім-тәрбие, қоғам құрылысы, тағы басқа салаларды түгел 


113

қамтыған шығармаларының бәрін Абай да, оның бау-

лып өсірген шәкірттері де сол кездегі қазақ аулының артта 

қалған феодалдық-ақсақалдық ескі сасық салтына қарсы 

жұмсады; осы ескі шіріген салтты беттеріне ұстап, ел ара-

сында ру жігін қоздырған рубасыларды, болыс-билерді, 

атқамінер қуларды, еңбекші халықты жегідей жеп, сүліктей 

сорып қанаған бай-манаптарды, ал осылар арқылы пат-

ша үкіметінің бүкіл әкімшілік тәртібін батыл мінеп, өткір 

сөзімен, ащы тілімен аяусыз қатты түйреді.

Алдыңғы қатарлы орыс мәдениетіне арқа сүйей отырып, 

Абай өзінің бүкіл творчестволық еңбегінде елді зілдей басқан 

ескі салт-санаға, озбырлык, айла-сұмдық әрекеттердің бәрі-

не қарсы шықты, өктем күшті, әділетсіздікті тітіркене жек 

көрді, шындықты, әділеттілікті жақтады. Сондықтан да 

патша үкіметінің жалдамалы төбеттері – би-болыс, ақсақал-

старшын, атқамінер қулар да Абайдан аза бойлары тік тұрып, 

оны мейлінше жек көрді. Олар ескілікке бойұсынбаған ақыл-

ойдың кемеңгері, жарқын дүние, сәулетті өмірдің жаршысы 

болған ақынды үнемі қудалап, нелер пәле-жаланың бәрін 

соның үстіне үйді. Абайдың бұл жаулары патша үкіметінің 

чиновник-әкімдерімен, толып жатқан тілмаштарымен, 

сол кездегі қаланың сатылғыш ұсақ интеллигенцияның 

өкілдерімен ауыз жаласып, тығыз байланыста болатын.

Бірақ бұқара халықтың мұңын жырлаған Абайды бүкіл 

халық жақтайтынын білетін қара ниетті зұлымдар Абайға 

ашықтан-ашық қарсы шығудан тайынатын. Сондықтан да 

олар Абайға қарсы астыртын күреседі. Абайдың ежелгі қас 

жауларының бірі – ел билеген Оразбай ой мен қырдағы, қала 

мен даладағы Абайға өш адамдардың бәрін жинап алып, 

өзінің төңірегіне топтайды. Олар Абайдың шәкірттерін, 

Абайдың көзқарасын жақтаушыларды қудалай бастайды, 

Абайдың өзіне нелер өсек-жаланы жауып, оны ел алдында 

масқаралауға тырысады. Ең ақырында, 1897 жылы опасыз 

сұмдар Абайдың тура өміріне қастық жасайды. Бұл жауыз-

дар болыс-билердің, рубасы старшындардың атынан Абай-

ды жамандап, қаладағы губернаторға, үйез бастықтарына, 

патша үкіметінің соттарына толып жатқан арыздар жау-

дырады, Абайды “ақ патшаға қарсы адам”, “ел ішіне іріткі 


114

салушы”, “ата-бабамыздан бері қарай келе жатқан әдет-

ғұрпымызды, салт-санамызды бұзушы” адам деп көрсетеді. 

Абай үкіметке қауіпті адам деген осындай астыртын хабар-

лар бойынша Абайдың аулына бір күні күтпеген жерден Се-

мей полициясының адамдары сау ете түседі, тінту жүргізеді. 

Екінші бір ретте Семей қаласының полиция бастығының 

өзі де қасына бір топ жандарм отрядын ертіп, Абайдың ау-

лына келеді, ол Абайдың өз үйімен ғана тынбай, бүкіл ауыл-

ды тінтіп, астан-кестенін шығарады.

Семей губернаторының өзі талай рет Абайды басқа 

жаққа жер аудармақ болды. Бірақ атағы бүкіл елге жайыл-

ған, ел алдында қадірі артқан Абайды басқа жаққа жіберуге 

оның батылы бармайды. Абай кетсе, бүкіл ел наразы бо-

латынынан сескенеді. Сондықтан ол Абайға тимей, оның 

қаладағы достары Долгополов пен Михаэлисті Семейден 

басқа алыс жаққа айдап жібереді. Осыдан кейін Абайдың 

бұлармен тығыз байланысы үзіледі. Абайдың достары мен 

Абай шығармаларын оқыған алыстағы елдердің адамдары 

жазған хаттардың қандайын болса да өкімет орындары үнемі 

бақылап, кейде Абайға жібермей де қоятын болды.

Алайда, патша өкіметінің жергілікті әкімдері Абайға 

қарсы қандай шаралар қолданса да, Абай аты бұрынғысынша 

шарықтап, ел аузында аңыз болды, оның асыл шығармалары 

халықтың сүйіп оқитын рухани жан азығы болды. Абайдың 

еңбектерін қалың ел зор мәртебе тұтып, жоғары бағалады.

Ел басқарған болыс-билердің, рубасы ақсақал-стар-

шындардың, патша әкімдерінің, тағы сондай толып жатқан 

арамзалардың барлық айла-сұмдықтарын батыл әшкерелеп, 

оларға ашықтан-ашық қарсы шыққан Абай әділдік-теңдікті 

көксеген бұқара халықтың ең жақын ақылгөйі, қамқоршысы 

болды. Сондықтан да қалтарыссыз сөз сөйлеп, әділдікпен іс 

шешкен данышпан Абайдан ақыл сұрау үшін, даулы ісіне 

әділ билік алу үшін оған өз аулының, өз руының адамдары 

ғана келмейтін, тіпті ат арытып алыс жерден – Қарқаралы 

мен Қерекуден, Өскемен мен Зайсаннан да әдейі іздеп 

келетін.

Бір ел, бір болыстың ішінде ғана емес, облыс пен об-

лыс арасында болған өте ірі дау-жанжал, тіпті өкімет 


115

орындарының әкімдері де шеше алмай аяқсыз қалдырған 

барымта, жер дауы, кісі өлімі, құн төлету сияқты үлкен істер 

де талай рет Абайдың алдына келіп, әділ шешіліп қайтатын.

Абай заманында төтенше съезд дейтін болған. Оған 

бүкіл ел жиналып, көп адам қатынасатын. Ондай съездерде 

екі үйез елдің арасындағы даулы істер қаралатын.

Мұндай істерде халық бұқарасын күйзеліске ұшыратқан 

бай-манаптар, алаяқ-қулар да айыпталып, жауапқа тарты-

латын. Осындай дау-жанжалдан шешуге арнап сайланған 

адам болмаса да, Абайдың кейде мұндай даулы істерді 

шешуіне тура келіп жүрді. Абай мәселені шешкенше ел ара-

сын ажыратпай, ел бірлігін сақтауға тырысатын, әлділерден 

әлсіздерге теңдік әперетін, халыққа қиянат етушілерді енді 

қайтып басын көтермейтіндей ететін. Абай тұсында болған 

адамдардың айтуынша, Абайдан қандай ғана даулы істі тура, 

әділ шешетіндігі сондай, тіпті онымен жауласып, аразда-

сып журген рубасылары да даулы істерімен Абайдың алды-

на билікке келетін болған. Шынында, мұндай адамдардың 

ішінде бір кезде Абайды жамандап, патша әкімдеріне 

астыртын арыз бергендер де болған, бірақ олар өз бастары-

на түскен даулы істерді Абайдай әділ шешетін адам таппай, 

Абайдың алдына келуге, оның ұлылығына, даналығына, 

әділеттігіне басын иіп, мойынсұнған.

Абайдың дана шығармаларымен қатар, оныц жұрт-

шылық-қоғам тұрмысындағы әділдік істері, терең ақыл, 

өнегелі өсиеті ақынның беделін, даңқын бұрынғыдан да 

арттыра түседі. Абайдың ісін де, шығармасын да әсіресе ел 

жастары қатты құрметтейді. Түрлі жиын-тойларда, ораза-

айттарда, ас беріс ұлы думандарда келер ақын-әншілер 

Абайдың өлеңдерін айтып, Абайдың әндерін шырқайды. 

Жас жігіттер ғашық болған қыздарына Абай өлеңдерімен 

хат жазады. Абайға жақын ауылдардың ұзатылған қыздары 

Абай өлеңдерін, қиссаларын, өсиет сөздерін, жинақтап 

жазған колжазбаларын жасауына қосып ала кетеді. Мәселен, 

Әсия, Уәсила, Рахила және басқа кыздардың сол кездегі 

жинақтары осы уақытқа дейін сақталып келеді.

Бірақ жақсылықты ұнатпайтын, ескішіл, күншіл алаяқ, 

жауыз сұмдар ел көзінде күн сайын қадірі, атағы артқан 


116

Абайды күндеп, оған қарсы күресін тоқтатпайды. Абайға 

түрлі өсек тағып, қаралап, оның қайнаған жігерін құм 

қылады, еркін еңбек еткізбейді.

Бұл сұмдар Абайдың дәл жүрегіне пышақ салмағанымен, 

оның асыл жанын улатарлық, зұлымдық қиянаттар істейді. 

Абайдың жақын туыстарын бездіріп, оның немерелерін, 

тіпті Абайдың бір туысқан ағасы қаныпезер Тәкежанды да 

Абаймен араздастырып, қарсы қояды. Абайдың шәкірттерін 

қорқытып, жала жауып, Абайдан бөліп әкетеді. Абайдың 

достарын бірін-біріне ашықтан-ашық айдап салып, қуғынға 

ұшыратады.

Осындай жан-жағын қара ниет кастық, қара түнек 

зұлымдық тұманы басқан қиын жағдайға душар болып, 

дүние пәленің бәріне қарсы жалғыз күресуге шама жетпей, 

дағдарып, дертке толған жүрегі қамыға бастаған Абайға еш- 

уақытта орны толмас ауыр қазалар тап болып, жаралы жа-

нын онан да бетер улата түседі. Әсіресе жоғары білімді, аса 

талапты ұлы, орнымды басады деп зор үміт күткен баласы 

Әбдірахман қайтыс болып, Абайдың басына түскен қайғыны 

үдете түседі. Әділеттік үшін, шындық үшін, өз халқының 

бақытты өмірі үшін жан-жағын қоршаған жауыздықпен, 

қаскүнем-бақастықпен жалғыз арпалысып, жалғыз күрескен 

Абайға сұм дүниенің соңғы соққысы тигелі, ең сүйікті ұлы, 

талантты шәкірті, ақын баласы Мағауия көкірек ауруынан 

қайтыс болады...

Бұл елім Абайдың қарт қиялын мүлдем күйретеді. 

Мағауия өлгеннен кейін еш пендемен тілдеспей, өз ойымен 

өзі болып, барлық қайғысын ішке жинайды. Арада қырық-

ақ күн өткеннен кейін улы ой, ащы қасірет бойын жеңген 

ұлы ақын, алпыс жасында, өзінің туып-өскен жерінде бұл 

дүниеден мәңгілікке сапар шегеді.

Абайдың сүйегі Шыңғыс тауының Жидебай алқабындағы 

ақынның өз қыстауының жанына қойылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет