V
Абай өлеңмен, ақындық өнерімен қырық жасқа кел-
ген кезінде, 1886 жылдан бергі жерде шындап айналыса-
ды. Бұған дейін ол өлеңді тиіп қашып, анда-санда жазатын
болады және жазған өлеңдерін “Көкбай айтқан өлең” деп
жүргізеді.
Бұл кезде Абай сыртқы өмір жеміссіз, ажарсыз,
мағынасыз деп ұғады. Бірақ оған ақынның ішінде толып
56
жатқан қарсылық бар. Халық туралы ойына жиналған улы
зар, үлкен мұң, қалың арман бар. Осының бәрін халыққа,
талантты жастарға жеткізіп берерлік нәрсе – ақындық, өлең
болады.
Абайға ақындық үлкен қадірлі мағынасы бар әлеуметтік
қызмет, қоғамдық зор еңбек болып танылады. Ол ескілік,
надандық, зорлық, жуандық, пәлеқорлық сияқты
жағдайлармен, атқамінерлер, би, болыстар мінезімен
мықтап тұрып алысуға кіріскен. Өзінің ой-пікірін, жолын
түсіндіруге кіріскен еңбегі – Абайды кейінгі буынға және
сол кездегі қалың елге, көпшілікке, саналы жастарға нағыз
қадірлі Абай етіп көрсететін еңбегі. Ол ақындықты сыншы,
тәрбиеші, қасиетті дос етіп ұсынады. Сондықтан Абайдың
бұл қарсаңдағы өлеңдері, көбінесе, зұлымдық, надандықпен
кектене алысу, мін атаулыны көзге шұқып, басқа сабап айту,
өзінің елге айтқан зары, өсиеті болып келеді.
Сонымен, Абай 1886 жылдан 1889 жылға дейін, өзі
жазғаны бар, орысшадан аударғаны бар, көп өлең жазады.
Дәл 1889 жыл Абайдың барлық ақындық қызметінің ішіндегі
ең өнімді, ең жемісті жылы болады. Және оның бұл кездегі
өлеңдері тек өсиет болып келмей, сонымен қатар махаббат
жайында, табиғат суреттері, өлең, ән-күй туралы, өзінің бас
қайғысы, ішкі сыры туралы болады.
Абайдың қай өлеңі, қай кезде жазған өлеңі болсын,
шешен тілді, көркем суретті, терең мағыналы келеді. Ол
өлеңді ермек деп, думан-сауық құралы деп білмейді, өнер
деп, халықты тәрбиелейтін құрал деп біледі. Сондықтан ол
өлеңнің пікірі, мағынасы қандай терең болса, түрі, көркі
сондай сұлу болсын, өлеңнің “іші алтын, сырты күміс” бол-
сын; ол қиыннан қиыстырылсын, сөз арасы бөтен сөзбен
былғанбасын, жүрекке жылы, тілге жеңіл болсын деді.
Бұл Абайдың өзінше өлең заңы, өлең қисыны еді. Абай
өзінің өлеңдерін осы заңға сай келтіріп, өз айтқандай етіп
жазды. Өзінен бұрынғы ауызша, жазба әдебиеттің жалпы
қорын пайдалана отырып, өз өлеңдерін жаңа мазмұнды,
жаңа түрлі етіп жазды. Сөйтіп, ол қазақтың әдебиет тілін,
әдебиетін жаңа бағытқа салды. Ақынның: “сөз түзелді,
тыңдаушы сен де түзел” дейтіні осыдан.
57
Осы кезден бастап, Абайдың білімі мен өсиетіне құмар
болған ел ішінің пікірі ашық жастарына Абай аулы үлкен
білгіштің медресесі сияқты болады. Абай ұстаз да, мұның ал-
дына келген сөз ұғатын, талапты жастардың бәрі – шәкірт.
Абай іні, бала, ағайындарына, дос-жастарына мағыналы
тәрбиеші бола бастайды.
Елдің сөз ұғатын жастарын жаңа жолмен, өзі қиял
қылған өнер-білімге, жаңа сапалы адамгершілікке қарай же-
тектеп, баулығысы келеді. Бұларға өз өмірінің өкініштерін,
ауыртпалықтарын да көп айтады. Ескі үлгіде қалма. Өзгер-
ген заманның жаңа түрлі басшысы болуға әзірлен дейді.
Сондықтан өлең сөздерінде бір айтса, ауызша өсиет,
мәжілістерімен тағы да баулып, ылғи ғана сол атаған жаңа
жолына қарай бастайды. Абай жалғыз сөз өсиетіне қанағат
қылмай, жаңағы жастардың сезім тәрбиесін толықтырмақ
болып, көбіне музыка үйретпекші болады.
Әрине, бұл уақыттарда Абай терең, даналықпен
толғайтын ақынның өзі болатын. Сыртқы өмірдің у қосып
тартып жатқан сыбағасы бар. Өз ішінде қалыптанып, толған
сыншы ақылдың мұны табынан ұзатып әкететін жалғыздығы
бар. Оның үстіне, жанына сүйеніш санап, тіршілігіне
жұбаныш қылған сүйікті жандарының өлімі бар. Осының
бәрі жиналған соң, бар сотқармен алысып жүрсе де, Абай
өлеңді өз жүрегінің тынысы сияқты қылып алған. Сондықтан
Лермонтовтай ақындардың өлеңдерін қазақша аударса, сол
сөздерді құр ғана сыртқы келісімен сүйгендіктен аудармай-
ды. Барлығында өз жүрегіне түсінікті, өз халіне жанасатын,
өз қиялына дәл келетін ерекше жақындығы болғандықтан
аударады. Өзі шығаратын өлеңдермен қатар, аудармалар
ақынның өз жүрегінен толқып шыққан қайғылы шердің де
айнасы, толас тынысы сияқты болады.
Бұл уақытта Абай жалғыз өз өсиетін айтпай, Шығыс пен
Батыстағы өзі таныс болған бұрынды-соңды данышпан,
ғалым, ақын, жазушы атаулының бәрінен мысал келтіріп
отырады. Ұдайы ойшылдыққа салына бермей, көркемдік
тәрбиені де көп ойлайды.
Осы ретпен өзі оқыған қызықты, шебер романдардың
көбін де өз тілі, өз аудармасымен әсем әңгіме қып ай-
58
тып береді. Абай мектебінен тараған осындайлық соны
әңгімелердің ішінде өз уақытына жаңа болған “Мың бір түн”,
“Шаһнама”, “Бақтажар”, “Ләйлі – Мәжнүн”, “Көрұғлы
сұлтан” сияқтылардан басқа Европаның да талай романда-
ры болады. Абайдың айтқанынан тараған А. Дюманың “Үш
мушкетері”, “Он жылдан соң”, “Король қатын Маргосы”,
Пушкин әңгімелері және Батыс Европада орта ғасырда
инквизиция сотының заманын суреттейтін “Қызыл сақал”
деген роман, одан соң Америка, Африкада жабайылар орта-
сында күн кешкен “Жаһанкездер” жайындағы романдар да
көп айтылатын болған.
Абай тәрбиесінің тағы бір ерекшелігі – ол өзін
“шығыс адамы едім”, “мұсылман едім” деп, дін тұсауына
бағындырмаған. Жастарға үлгі, тәлім етіп айтқанда, өлеңінде
орыс халқының ұлы жазушылары – Толстой, Салтыков-
Щедринді ұсынғаны сияқты, ауызша өсиетте де Сократ
хаким, Аристотель сияқтыларды қоса айтады. Ұлттық тар
көлемде қалмайды.
Өзінің тәрбиесінде болған жас ақындарға әңгімелі поэ-
малар жазуға тақырыптар бергенде, құлашты тіпті кең жая-
ды. Көкбай сияқтыларға қазақ тарихының ескілігін баяндай-
тын тақырыптар берсе, Мағауияға патшалықпен алысқан
Шамилдің жайын поэма еткізеді. Және сол Мағауияға
“Медғат – Қасым” деген поэмада Африкадағы плантатор
бай мен намысқор ер құлдың алысқанын дастан еткізеді.
Ақылбайға Кавказдағы “Дағыстан” жөнінен, Африкадағы
“Зұлыстар” жайынан поэма жазғызады.
Абай айналасында өлең айтып, ән саламын деген әнші,
ақын болса, қыз-келіншек, жас-кәрі болса – барлығының да
топта, ойын-тойда айтатын жырларының көбі Абай сөздері
болады.
Абайдың нәрлі еңбегін айтқанда, ылғи ақындығын
сөз қылып қоймай, осымен қатар, одан қалған мәдениет
мұраларының ішінде үлкен, елеулі орны бар әншілік
(композиторлық) еңбегін де атау керек. Абай өзі жақсы
домбырашы болған. Қазақтың ескі ән-күйін жете білген,
барынша сүйген. Елдің ән-күйін елти сүйіп айтқан:
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
59
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, –
деген өлеңдері бұған дәлел.
Абай ән-күйге талай-талай сұлу мағыналы жырларын
арнайды. Ол музыкаға ақын боп қосқан үні. Сонымен қатар
Абай музыканың өзіне әнші болып та атсалысады. Абайдан
қалған 16-17 ән бар. Бұлардың көбі өзі жазған жаңа уәзін,
жаңа ұйқас, жаңа түрлі өлеңдеріне арналған әндер.
Абайдың осы әншілік еңбектерінде де, ақындық еңбегі
сияқты, өзіне тиісті үлкен жаңа өзгешіліктері бар. Ол әнде де
бұрынғы әннен гөрі өзгерек түрлер шығарады. Бұл да өзінше
жаңа жол табам деп, нық ізденудің нәтижесі еді.
Кейін жылдан-жыл өткен сайын қазақ сахарасына өлең
өсиеті, үгіті тарап, қалың елге, әсіресе еңбек еліне қадірі
артып бара жатқан Абай, патшалықтың болыс, ұлықтарын
шенеп жерлеуші Абай жайлы кісі, жақсы кісі боп саналмай-
ды. Сондықтан оны қудалай береді.
Абайдың өзі бұдан бұрын да өмірден қажып, талып, ендігі
тіршілігін артық нәрседей санай бастаған еді. Соның үстіне,
ең жақсы көрген баласы Мағауия өлген соң, Абай бір алуан
ауруға айналады. Төсек тартып жатпаса да, отырып ауыра-
ды: ешкіммен сөйлеспейді, ешнәрсемен өзін жұбатпайды;
ауруын ешкімге көрсетпейді. Мұның бәрін керексіз деп
біледі. Сонымен, 1904 жылғы 23 июньде өзі туған сахара-
сында қайтыс болады. Ақынның сүйегі өз қорасы тұрған
Жидебайға қойылады.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, –
деген ақынның өз өлеңін өзіне айтуға болады. Абай
халқының асыл азаматы болғандықтан мәңгі өлмейді. Біздің
барлық жұртшылығымыз, советтік социалистік Отанымыз
қадір тұтқанда сондайлық өлмес, өшпес қасиеті бар Абайды
қадірлейді.
60
АБАЙ ЕЛІНДЕ ӨТКІЗІЛГЕН МЕРЕКЕ
Тойға арналған тоқсан үй Шыңғыс тауының бөктеріне,
Қарауыл суының бойына тігілгелі бірнеше күн болған.
Бұл үйлерді тіккен – ақынның өз атындағы Абай ауда-
ны мен көршілес Шұбартау, Абыралы аудандарының көп
колхоздары. Бұлар – той жасаушы, қонақ күтушілер, қалған
жұрт осы қалың колхоз елінің қадірлі қонағы болмақ.
Қалың колхоз елі желілеп биесін байлап, көгендеп, ма-
тап сойыс малын сайлап, үйлерін безендіріп, жиһаздап қала
қонақтарын күтті. Сол қонақтар екі күн бойы 30-40 маши-
насы Семей жолымен күндіз-түн ағылып келе жатыр. Бұлар
арасында Абай мерекесіне Москва, Ленинградтан келген,
Өзбекстан, Түрікменстаннан келген Алматы тойында болған
сый қонақтар бар.
Қона жатқан қонақтарға үйлер толып, аттылы, машина-
лы сауықшыларға өлке толған соң, августың 26 күні таңертең
халық мерекесі басталды. Ең әуелі қазақтың жазушы-
ақындары боп, шет қонақтар боп, облыс, аудан басшылары
боп қалың колхоз елінің басын қосып, салтанатты мәжіліс
ашты.
Мәжіліс-жиында Абайдың асыл еңбегі, ардақты аты тағы
да неше алуан қадір-құрметпен аталып, ұлы ақын әруағына
бүгінгі бақытты нәсілдің алғысы айтылды. Мәжіліс ақы-
рында Шыңғыс тауының бауырында, осы Қарауыл суының
бойларында туған Абай жырларына ескек өлеңмен тағзым
етіп, қадірлеп баға беріп, ақын Нартай, ақын Нұрлыбек
жұрт алдына шықты.
Бұл мәжіліс той басы еді. Содан соң халықтың еркін
шалқыған қызық сауығы, қалың дүрмек ойыны басталды.
Аудандардан, облыс, орталықтан жиылған жас желеңнің
61
барлығы сәнді сұлу топтар боп, атты-жаяу сейіл құрып, ән
шырқады.
Бүткіл Қарауыл жазығында, қалың тау бөктерінде бүгін
ерекше сәнмен ырғалып толқыған бір-ақ әндер бар. Ол
белгілі, сүйікті Абай әндерінің өзі. Ол: “Айттым сәлем”,
“Көзімнің қарасы”, “Алыстан сермеп”, “Қор болды жа-
ным” сияқты бұл өңірдегі қарт пен жастың бәрі біліп, бәрі
айтатын сезімді сұлу жырлар. Осы әнімен, сәнді көркем то-
бымен теңселе басқан лек-лек жұрт бәйге төбеге жиналып
жатты.
Бүгін құнан шабады. Қыз қуу, теңге алу, жамбы ату,
жорға салдыру, жаяу жарыс – барлығы да осы бүгінгі,
алғашқы күннің сауығы болмақ. Соны жаршылар жариялап
болмысымен, бәйге құнандар іріктеліп шықты… Кетіп бара
жатқан үкілі сәйгүлік жас жүйріктерді суретке басып және
қашқан қыз, қуған жігітпен қатар жарысып, оларды да кино
суретке түсіріп, жылпос жүйрік кішкене машина “виллис”
бірге жүйткіп жүр.
Ұзақ ойын ақырында қалың жиын қатысқан көкпар тар-
тысы басталды… Қас қарайғанша көкпаршыл жігіт, жақсы
сәйгүліктер сынға түсті!..
Қарауылдың кең жазығы жүздеген аттылардың анталай
сынасып, дүркірей шапқан шабысынан, тасырлай басқан
дабылынан жаңғырып, қызулы бір сарын салып тұрғандай
болды.
Келесі күн тойдың ең үлкен күні еді, Семей облысының
тойға қатынасқан барлық аудандарынан келген көп бәйге
аттың шабатын күні, балуан күресетін күн. Ел жиыны
кешегіден де молайды. Барып-қайтысы 70 шақырым жерге
бәйгелерді ерте таңнан жөнелтіп, қалың күрес басталды.
Екі жақтың балуандары шешіне сыбанып, ортаға шығып,
енді бас балуандар: Әшкен мен Дәулен ұлдары күресерменге
жеткенде, екі жақ боп отырған жұрттың барлығы орнынан
ұшып тұрған алып денелі Қажымұқанды көрді.
Ол жиынның ішінен шығып, балуандарға қарап сал-
мақпен басып кеп, бір топтың шетінде отырды. Бірақ қарт
балуанның жағасынан жармасып, мен күресем дерлік жас
шыққан жоқ. Үндемей тынып, аңырып тұрған жұртта бірде-
62
біреудің Қажымұқанмен күресем деуін құп көрместей еді.
Соны аңғарған Абай аулының аудандық атқару комитетінің
төрағасы Мыңжасарұлы жолдас бас балуанға арнаған түйе
бастатқан тоғызын алып, Қажымұқанның алдына келіп:
“Мынау бас бәйге сіздікі, жолыңызды күреспей аласыз”, –
деп кеп, үлкен сыйларын тарту етті… Күрес біраз бөгелуде,
халыққа бұл көрініс жақсы әсер еткен еді…
Балуандар күресінен соң тағы да кешегі ойындар
қайталай кеп, қырдан бәйге аттар қайтатын уақыт жетті. Са-
бырды тауысқан ұзақ күтулер соңында бір жақта алыс сары
қайқаңнан бәйге аттардың алды шықты. Жалғыз қара боп,
өзге аттардың бәрінен кереғар келе жатқан бір ғана жалғыз
баран еді. Өзге бәйгенің бәрінен анық екі шақырымдай алда
қаңғып шығып келе жатқан тобылғы торының ұраны естілді.
Шырылдаған бала – “Абайлап” ұран шақырып келеді екен.
Бәйге торы Абай ауданының оқу бөлімі қосқан сәйгүлік боп
шықты.
Үшінші күн қонақтар аттанар сағат жеткенде барлық
ақындар мен шет қонақтар бір үйге жиналды. Ол Абайдың
өз тойына арнап әдейілеп Абай үйі деп көтерген 8 қанатты
ақ үй болатын. Ішіндегі шилерінде кестелі оюмен жазылған
Абайдың аты бар.
Осы үйде Абай ақынға арналған барлық Қазақстан
ақындарының соңғы жырлары төгілді.
Халықтың ардақты ұлы Абайға арналған халық тойының
соңы осы болды. Өлең сөзбен Абай тойына ескерткіш
қалдырмақ боп, бар ақынды жыр айтуға бастағаны үшін, ат
бастатқан тоғызды аға ақын Орымбай қарт алды.
Ақынның жұртшылық мерекесіне арналған той әрі
осындай анық халықтық той боп, әрі ерекше бір мәдениетті,
салтанатты той боп өтті.
63
ЖИЗНЬ ПОБЕДИЛА
Народная казахская мудрость гласит: за днями невзгод
и несчастья следуют дни, когда радость и счастье прилета-
ют белокрылой стаей. Сейчас для нашего народа наступила
радостная пора, одно победное событие сменяется другим.
День 2 мая все свободолюбивое человечество запомнит, как
торжество свободы и правды над фашистским мракобеси-
ем. Героические усилия Красной Армии завершились бле-
стящей победой – пал Берлин, центр немецкого империа-
лизма. Сознание, что ушли и никогда не вернутся черные
дни фашистского владычества, наполняет сердце востор-
гом, окрыляет желанием создавать произведения о мощи и
силе нашего оружия.
64
ХАЛЫҚТЫҢ ҒАСЫРЛЫҚ ЖЫРЫ
Өз халқының ғасырлық даналығын сақтаған ұлы ақын
қайтыс болды. Осы жанның туысы мен қазасының екі ара-
сын алсақ, бір емес, әлденеше ғасыр өткендей сезіледі. Аз ру
Шапыраштының Қоқан хандығынан шабуыл көріп, сүрген
жел, жүрген кезбе күндерінде туған атсыз, атақсыз бала –
Жамбыл екен. Өмірінің соңғы шағында сол кісі адам жетер
бақ пен абыройдың ең биік шыңына жетіп, социалистік ұлы
Отанның бар халықтары, бар буындары сүйіп қадірлеген
күйге жетіпті. Қарт ақынның ұзақ өміріндегі барлық
даналығы мен мәңгілік қасиеттері оның туған халқының
көп ғасырлық тағдырындағы жақсылық пен даналықтың
айғағы. Ертегідей баяғыда өткен бала шағының өзіне көз
салсақ та, ақын өнерінің тамырын, төркінін тануға бо-
лады. Берідегі ерекше сүйікті сипатын да тануға болады.
Жас бөбек күнінде мұның бесігінің үстінде жау шабуылы-
нан жүрегі сескеніп, баласы үшін зарланып, анасы Ұлдан
күңіреніпті. Ел қайғысын қылқобыздың зар сарынына
қосып, туған нағашысы Қанадан шерленіпті. Көпті қанап,
жұртты жылатқан басбұзар, сотқар бек пен байды ыза-
мен әшкерелеп, ақын ұстаз Сүйімбай жырлапты. Шабуыл,
зорлық салдарынан туған жерін тастап босқан ел ата қоныс
мекеніне қоштасып зар төгіпті. Осы сарындарды естумен
қатар, болашақ ақын құлдық қанаудан құтылсақ-ау деген
сұлу арман сазын да естіп өсіпті. Ол сазда өзгеше бір жақсы
күнді көксеу, өзгеше бір жақсылық мекенін көксеу арманы
бар еді. Осының бәрін естіп, бойға сіңіре жүріп, халықтың
сезімтал ұлы ержете береді. Бойынан бұрын ойы өсіп, ерте
ержетеді.
Өлең айтуды 13 жасынан бастап, сексен бес жыл бойын-
да жырлағанда ақын екі үлкен сезімді, әсіресе, нық сақтап
65
өседі. Ол көп заман бойында пісіп өскен екі жеміс – ақындық
еңбегінің екі ұрығы сияқты.
Мұның біреуі – ащы ұрық. Ол – ауыр ащы шындықтың,
тұл замандардың айнасы болған жырлары. Ол – жауыздық,
зорлық, қараңғылық дүниесіне қарсы арналған жиреніш
жырлары. Екінші ұрық – сөнбес махаббат, тозбас үміт, асыл
жарқын келешекке арналған жырлары. Бұл өзінен өмір ту-
дыратын ұрық. Жүз жасаған еменнің ұрығындай халықтың
бақытқа, игілікке талпынған талабы мен қайратының
ұрығы.
Ол екі ұрық екі бөлек дүниедей. Бірі қатал болмыс, бірі
осыдан біраз заман бұрын қиялдағы сағынышты дүние еді.
Екі қиыр шеттей: бірі жастық, бірі кәріліктей, бірі көктемнің
әсем таңындай, бірі күздің ұзақ, лайсаң қараңғы түніндей
еді. Сүйікті ұрық – өмір ұрығы Прометейдің отындай боп,
халықтың ақынына үміт, қайрат қызуын берді. Ал үмітшіл
халық өзінің азамат ақынына келер тірлік, болар тарихтың
жақсы күндері үшін жеміс беруді тапсырды. Ол жеміс бар
халықтардың жыр, аңызына, ерлік дастанында тірлік еткен,
өлмес мұраларда тірлік еткен мәңгілік жақсы тілек жемісі
еді.
Біздің Жәкеңнің тірлік қуаты да сонда болатын. Алып
ақын ертегінің ерлеріндей боп кәрілікті жеңгенде, жас ақын
боп жаңғырғанда сол халық қуатын, халық отын бойында
сақтағандықтан жеңіп еді.
Сондықтан да Ұлы Октябрьден кейін жаны жасарып,
жалынды жырмен азаттық күнін, адам бақытын қуана жыр-
лайтын болды.
Жәкеңнің ақындық шабытының ұлы себепшілері ха-
лықтар көсемі Ленин, Сталин болды. Ақын ол басшыға
үлкен орынды жолмен барды. Барлық халықтардың бағын
сүю, ардақтау жолымен барды. Ел қамқоры болатын даныш-
пан ана алып ұл туса екен дегенді халықтар мен халық ақыны
көп заманнан, көп ғасырдан күтетін. Ленин Жәкеңнің де
сол көп арманмен күткен ынтық ұлы еді.
Советтік дәуірдегі халықтар достығының жалынды жыр-
шысы Жамбыл ұлы отаншыл ақын еді. Сондықтан Отан
соғысы уақытында ол өзінің ашулы, жиреніш жырын өз
Отанының жауыз дұшпаны боп шыққан неміс фашистеріне
қарсы жұмсады. Аталық жүрек сезімін, адалдық бауыр-
мал жырларын жалынды сәлем етіп, Ленин қаласын
қорғаушы ұл-қыздарына жолдады. Қажырлы ерлік жырла-
рын айтып, Жамбыл Москваны қорғасты. Табанды қайрат,
қайсарлықты айтып, Сталинградтың соғысына қатынасты.
Осындай өз Отанына махаббат, беріктік жырын айтып,
жауына жиренішпен лағынет жырын айтып жүрген кезінде
Жамбыл өзінің ұзақ еңбек тірлігінің жүзінші көктемін кешіп
жүр еді.
Халық поэзиясының алыбы болып, жаңғырған жастық-
тың мол сұлу жырларын төккен Жамбылдың өз өмірі де
талай әсем сөз, әдемі аңыз болуға татиды. Ол жыр атасы
боп, талай социалистік дастанның бас геройы бола алады.
Бақытты шаттық заманда жастығын қайта тапқан жыр ата-
сы герой болады. Жүз жылдық жастығының шағында мәңгі
тірлікке, өлмеске кеткен ғасырлық халық жырының өзі бо-
лады.
67
ВЕКОВАЯ ПЕСНЯ НАРОДА
Умер великий акын – носитель вековой мудрости сво-
его народа. И кажется, не один, а много веков отделяют
рождение и кончину его. Безвестный сын малочисленного
племени Чапрашты, родившийся в бедственные годы ски-
таний своего рода, преследуемого варварскими набегами
Кокандского ханства, Джамбул достиг в конце своей жизни
вершины человеческой славы, снискал любовь и почитание
всех поколений, всех народов Великой социалистической
родины своей. Все мудрое и вечное в долгой жизни Джам-
була повторяет лучшее и вечное в многовековой историче-
ской судьбе его народа. При этом в столь давних, былинно
далеких фактах раннего детства акына можно найти много
объяснений и истоков его творчества и замечательно обая-
тельного поэтического облика его.
Песню матери своей Улдан, песню неизбывного горя
и тревоги за его беззащитную жизнь в дни диких набегов
слышал он над своей колыбелью. Горе народное изливали
в раннем его детстве жалобные струны кобыза его родного
дяди, знаменитого кобызиста Канадан.
Изобличительную, гневную песню о поработителях
народа, о продажных беках и баях пел мощно его учитель
Суюмбай. Песни прощания с родными долинами пел народ,
уходя от набегов в неведомые дали, чужбину. Он слышал од-
новременно с этим и красивые песни мечты об избавлении
от рабства.
В них воплотились порывы к лучшим иным дням, меч-
ты, ведущие к иным обетованным краям. Слушая, вбирая в
себя всю скорбь, все надежды своего народа, он, пламенный
сын этого народа, рос и мужал духовно гораздо скорее, чем
достигал сам физической зрелости. Начав свое песнетвор-
68
чество с 13-летнего возраста, в течение почти восьмидесяти
пяти лет он пронес через столь долгую творческую жизнь
два огромных чувства.
Это выношенных десятилетиями два зрелых плода –
итоги его творений.
Один плод горький – это песни воплощения горькой
действительности пустынных времен, веков; плод ненави-
сти к миру зла, насилия, мракобесия.
А другой плод – песни неугасимой любви и надежды,
ожидания и веры в лучшее будущее.
Плод жизнетворный, подобный плоду столетнего дуба,
символ неистребимой воли и стремления народа к благу, к
счастью.
Они же – как два мира, мир суровый, реальный и мир
еще в недавнем прошлом воображаемый, желанный. Два
полюса – как юность и зрелость, как весеннее лазурное утро
и как ненастная, долгая осенняя ночь. Плод любимый – ис-
кра жизни, некий прометеев огонь, из которого черпал жар
и веру подлинный поэт народа. А народ-оптимист, в свою
очередь, любил и растил в акыне-гражданине свой плод бу-
дущей жизни для благодатной нивы будущей невиданной
истории.
И это было то бессмертное, неувядаемое зерно, береж-
ливо хранимое всеми народами, зерно, живущее в заветных
песнях, преданиях, в героических сагах и запечатленное в
бессмертных творениях народов. В нем заключалась сила
жизни и нашего Жаке, акына-великана, нашедшего чудес-
ную силу сказочного перевоплощения, духовно, творчески
одолевшего свою старость. Только поэтому с обновленной,
омолодевшей душой он стал пламенным певцом солнца
свободы и счастья людей после Великой Октябрьской ре-
волюции.
Великим источником его вдохновения были образы
вождей Ленина, Сталина. И он пришел к ним почвенно глу-
боким, замечательно последовательным путем, тем путем,
каким пришли к ним народы со своей великой любовью.
Заступник народа, герой – сын народа, это было самое
реальное в долголетних, вековых ожиданиях народов и на-
родного певца.
Пламенный певец братской дружбы народов сталинской
эпохи и великии патриот своей Родины, Джамбул со всей
мощью своей гневной песни, песни ненависти обрушивал-
ся на лютых врагов своей родины, на немецких фашистов.
Отеческие сердечные слова, песни священного братства,
неизменной преданности посылал Джамбул пламенным
приветом защитникам города Ленина. Своей бодрящей
мужественной песней он защищал Москву, он отстаивал
и Сталинград. Он слагал эти песни любви и преданности
родине, песни презрения и ненависти к врагам, переживая
сам почти сотую весну своей долгой плодотворной жизни.
Великан народной поэзии, творец отличных, дивных песен
возрожденной юности, Джамбул сам достоин чудесной ле-
генды о нем, о мудром певце. Он также достоин стать героем
социалистической эпопеи о песнетворце сроднившихся на-
родов, о песнетворце, нашедшем в счастливый век потерян-
ную юность, юность завидную, радужную, о песнетворце в
столетней юности своей ушедшем в вечность, в бессмертие,
как вековая песня народа…
|