АБАЙДЫҢ ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ
МЕРЕКЕСІ АЛДЫНДА
Биыл августың 15-де қазақ халқының ардақты ұлы, дана
ақыны Абайдың туғанына жүз жыл толады.
Қазақ халқының кәрі-жасы, ұлы-қызы ерте күннен тегіс
біліп, тұтас қадірлеген Абай еңбегі тек қазақ жұртшылығы
үшін ғана емес, бауырлас, тілектес ұлы Советтер Одағының
барлық халықтары үшін де қымбат еңбек. Абай тірлік етіп,
кешіп өткен заманды еске алсақ, ақынның қадірі ерекше ар-
тады.
Ол кез, қазақ даласы сияқты, шығыс өлкелерде бір
жағынан рушыл-бектік, надан қара күш дәурен сүрген кез
еді. Ол күйдің сорақы жағы – қазақ халқын, қалың бұқараны
өз ішіндегі рушыл, зорлықшыл бек, сұлтаны өзге елден,
өнерлі елден алыстатып, қараңғы түнек ішінде ұстады.
Абай шығыстан шығып, ерте оянып, барын салып,
өз елінің игілігі үшін сол жаңағы алысты жақын етіп,
қиынның қиуасын таппаққа талпынды. Елін өнерлі елдің
қазынасына жеткізіп, ерін – білімді, саналы, өнерлі, бас аза-
мат, халық азаматы етпекке баулыды. Ол күндегі Россияға
қараған шығыста ұлы орыс халқының өнер-білім, ой-дана
қазынасын өз халқына бар қасиетімен жеткізіп, танытуға
талап еткен, еңбек еткен қайраткерлердің бірі ұлы азамат
ақын Абай болған.
Абай, Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстойлар-
ды атағанда, жақсы ақын, жазушылығын ғана қадірлеп
қоймайды. Солардың еңбектерінен, ұстаздық үгіт-ойла-
рынан көрініп тұрған шын адамдық, азаматтық қайсы
екенін, сезімді, ойлы, көркем қасиеттер қайсы екенін
ерекше танытып береді. Қытымыр қатал замандарда Пуш-
83
кин, Лермонтовтар ұлы адамдық жолын нұсқаған болса,
әділетті, теңдікті, елдік мұңды жырлаған болса, Абай соның
көбін қазақ оқушысына жеткізе отырып, орыс халқының
бойындағы үлкен асыл қасиет осы деп көрсетті. Пушкин-
дерге қазақ оқушысын дос етті.
Жүз жылдық қарсаңында ең алдымен ақынның өз
шығармалары көпке жетіп, толық тарауы қажет. Сондықтан
Абай шығармаларының академиялық толық жинағы Алма-
тыда тыңнан басылып шыққалы жатыр. Бұл жолғы жинаққа
ақынның бұрын басылмаған бірнеше тың өлеңдері де кірді.
Екінші, осындай үлкен жинақ орыс тілінде де шықпақшы.
Абайды орыс халқына және орыс тілі арқылы бүкіл Одақ
халықтарына таныстыру үшін бұл соңғы жинақтың мәні
аса зор. Қазір бұл кітап Москвада даярланып жатыр. Бас-
тыратын – “Көркем әдебиет” баспасы, басқарушы – қазақ
әдебиетінің ескі досы жазушы Леонид Соболев. Аударатын
Москвадағы ірі ақындар болады.
Қазақстанда істеліп жатқан мерекеге арналған кітаптың
бірі – ақынның өмірі мен еңбектері жөніндегі ғылымдық
тексермелер жинағы. Бұл кітаптың жазылуына қазақ пен
орыс оқымысты, сыншы, жазушыларының көбі қатынасқан.
Кітап 25 баспа табақ болып орыс тілі мен қазақ тілінде
бірден шықпақ. Мұны әзірлеуші – Ғылым академиясының
Қазақстандағы филиалы.
Үкімет тарапынан істелетін үлкен шаралардың ең зоры –
Алматыда Абайдың ескерткішін орнату болады.
Өткен 1944 жылдың декабрь айында Алматыда
Қазақстанның мемлекеттік опера-балет театрында “Абай”
атты жаңа опера қойылды. Мұның музыкасын жазған қазақ
композиторлары – Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди.
Жүз жылдық мереке қарсаңында Алматыда “Абай” атты
үлкен киносурет шықпақшы. Мереке қарсаңында осы су-
рет түгел басылып болып, бүкіл Одақтық киноларда тегіс
қойылатын болды.
Қазақ жазушысы Сәбит Мұқанов Абайдың өмірі мен
еңбектері туралы айрықша ғылымдық зерттеу кітабын жа-
зып жатыр. Осы ретте, жүз жылдыққа қарсы М. Әуезов
жазған “Абай” атты романның бірінші кітабы орыс тілінде
басылып шықпақ. Ол романның аудармасын орыс жазу-
шысы Леонид Соболев басқарып, кітап Москвада баспаға
берілді.
Августың 15-де, Абайдың туған күнінде, республика
көлемінде салтанатты мерекелер өтеді. Алматыда болатын
арнаулы салтанатты, ғылымдық жиылыс, мәжілістерден
басқа, Абайдың туған облысы Семейде және әсіресе туған
жері Шыңғыста – қазіргі Абай ауданында зор халық мерекесі
болмақ.
85
АБАЙ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ БИІК НЫСАНАСЫ
Жүрегіңнің түбіне терең бойла
1
,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Өсер ұрпақ, келер дәурен, туар тарих қауымына ақын
арнап кеткен мұңды, сырлы бір сәлем, наз сәлем осы еді.
Шөл ғасырлардың қу медиен, құла түзінен болар заманға,
жарқын заманға қарай жалғыз аяқ жол тартқан ақын бола-
тын.
Сахараны басқан қара түн-түнекті қақ жарып, жалғыз
қолда жалынды жалғыз шырақ ұстап, халқына бет нұсқап:
“Таңың белден атады, күнің сонау жақтан шығады”, – деп
кеткен ақын еді.
Рас, қытымыр заманы мен надан қауымға ол ақын
жұмбақ болды. Жұмбақ па біз үшін сол ардақты ақын бұл
күнде? Жоқ, жұмбақ емес. Ол уақытта заман бұлты бетін
бүркеп тұрғанмен, айдың аты ай еді. Біз қазақ әдебиетінің
жұмбағы емес, айқын жүзді айдай игі бір нұры дейміз Абай-
ды. Соқтықпалы, соқпақсыз дүлей мыңның қарсылығына
жалғыз алысқан Абай да емес бүгінгі күн.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым – тап шыным! –
деп күңіреніп өтсе, бүгін халқы алып Отан тапқанда, ақын
асыл халқын тапты. Бір қазақ халқы емес, тілегіне тілегін,
табысына табысын қосқан, жорығына жорығын қосқан,
жеңісіне жеңісін қосқан қасиетті социалистік Отанның
86
ұшан-теңіз халқын тапты. Абай бір қазақтың Абайы емес,
Ленин туы астында жасаған Советтік Социалистік Ұлы
Одақтың бәрі қадірлейтін Абайы болды.
“Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!”. Кінә емес,
қадір тұтады біздің дәурен, біздің ұрпақ. Мыңдар, миллион-
дар жүрегі қадір тұтады. Айғағы оның дәл осы күндер. Қазақ
әдебиетінің ұлы бір мереке, мейрамы болып отырған осы
күн.
Алпысқа шығар жасында ұлы ақын қайтыс болды.
Өлгеніне қырық жыл толды. Бірақ біз үшін Абай өлген жан
ба?
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған? –
демеп пе еді? Өлген жан емес. Ақын жолы халық жолымен,
тарих жолымен қабыса табысқан шақта оның өзіне өлім
жоқ, сөзіне заман-дәурен шегі жоқ. Біздің дәуірімізге әрі
бұрынғы, әрі бүгінгі Абай болып, келешек заман үшін де та-
рих аспанындағы бір тұрақты нұры болып шырқау бармақ.
Ол болашақ күндерге де Абай әрі бұрынғы, әрі ар жағындағы
келешекте өлмес, өшпес тұрғыласы, күн шуағы айықпас
күнгей биігі болып тұрмақ.
Жай адамның өмір тірлігін біздің халық мүшелмен са-
найтын. Оның мүшелі он екі жыл еді. Ақындықтың Әбілхаят
суын ішкен, өлімді жеңген, мәңгі тірлік тапқан Абайдай дана
даңғыл ақын тарихтағы өз мүшелін жүз жылдан қайырмақ.
Алтайдан Алатауға аттап түсерлік ертегі тұлпарындай сай-
лардан, сахаралардан ғана аттап өтпей, замандардың да тала-
йынан аспандап өте бермек. Өзінің қадір білмес ғасырынан
бізге жеткенде Абай солай жетіп отырған жоқ па? Өміріндегі
қам-қайғысын халқының бағына бағыстаған барлық дана
ақынның өзіне-өзі жазған “тағдыры” сол.
Осындай ақынның бір мүшел қайырған жүз жылына
тұтас келген біздің мереке нені еске алады? Кеннен шықан
асылды, алтынды қоспасынан айырып, қорытып алғандай,
ақынды да заман ортасымен қоса алып, сол дәуірінен иығы
асқан өмір арманын, еңбек қасиетін қорытып алады.
87
Абайдың бар өмірін баян ету бір сөзге сыймайды.
Ұзақ өмірінде Абайдың азамат арманынан туған, талан-
тартысынан туған, ақындық, даналық қалып-қасиетінен
туған бірнеше өреп-өреп кезеңдерін
2
бөліп атап көрмекпіз.
Бұл ерекше қалпында Абайдың ақындығы да, бас тірлігі
де, өмірдегі жол тартысы да, тарихтың елеулі үлгілі жемісі де
түгел танылады. Абайдың Абайлық бітім кескінін, тарихтық
тұлғасын танытқан ерекшеліктері бар.
Осындай қасиеттері Абайдың жас жігіт шағынан өлер
кезіне шейін әр алуан болып айқындалып шығып отырады.
Жекелеп санасақ, жас кезіндегі өмірлік, азаматтық ең бірін-
ші ерекшелігі: “Әкенің ұлы болмай, халықтың ұлы боламын”
деген тартысында, “әкесінің баласы – адамның дұшпаны,
адам баласы – бауырың” деген ой Абайдың сөзі ғана емес,
адамгершілік, гуманистік жолы да болатын. Арлан бөрінің
соқпағына бөлтірік бөрі арқылы көптігінен
3
түспейді,
бөрілік табиғатынан деп білген. Абай жасында әкеден қол
үзгенде ел үшін, ел көшіне, тарих көшіне соны қоныс, тың
өріс табу үшін қол үзген, сол үшін кеткен. Ол кетуі – үстем
тап әкімдерімен кетісуі еді. Бұл – бірінші үлкен ерекшелігі
еді. Осыны ісінде де, өлең еңбегінде де арман етті.
Екінші ерекшелігі – жуан бел надан, содыр рубасылар-
дан бөліне кеткен бетінде бірден халықты, халықтың мұңын
тапты. Сол халықтың жоғын берер жаңалықты іздеді. Жеке
қазақ тарихы мен топырағынан іздеген жоқ, үлгілі көрші
елдер – өнерлі орыс халқынан іздеді. Ұлы орыс халқының
ғасырлық қазынасына өз халқының қолын, жолын жеткізуді
мұрат етті. Орыс халқының өткен тарихынан, өзі тұстас
тірісінен өзіне де, жұртына да дос көмек тапты. Сонымен
бірінші ерекшелігіне екінші қасиет қосты. Абайды танудың,
толықтырудың айнымас айқын жолы осы еді.
Үшінші ерекшелігі – қос қанаттан биікті меңзеген
ақындығын, бұрынғы қазақ ақындарының ешқайсысы
шығармаған әлеуметтік ұлы тартыс, тарихтық тартыс
құралына айналдырды.
Төртінші ерекшелігі – өзі үшін, елі үшін ізденді, ізденді
де тапты және бар тапқаны мен тудырғанын ұстаздыққа сал-
ды. Ақын болып өсер ақынды тәрбиеледі. Қазақтың жаңа
88
әдебиетінің, классик әдебиетінің іргесін өзі қалап туғызып,
сол әдебиетке басшы, халыққа қамқор, қайраткер болды.
Санай берсек, Абай басынан, өмір, еңбек соқпағынан
тағы талай ерекшеліктер аталар еді. Бірақ өмірбаянын
тұрғы-тұрғы биігінен қарап, жинап түйемін дегенде, дәл
осы аталған төрт күнгей – анық Абайдың төрт тірек діңгегі
сияқты.
Өмірінің, еңбегінің дәл ізімен болжасақ, осы ерекше-
ліктері айқын-айқын танылады.
Құнанбайдың еркінен шығып, өз өмірін өз ақылы
бойынша билегенде, Абай ең алдымен орыс тілі, орыс
мәдениетіне ұмтылды. Абай Россиядан айдалып келген
орыс революционерлеріне кездеседі. Олар орыс халқының
революцияшыл интеллигенциясының ішінен шыққан
қадірлі, асыл жандар еді. Абайдың айдалып келген револю-
цияшыл достары айдау жылдарының өзін үлкен үгітшілік-
ағартушылық жолына арнады.
Осы арада Абайға қатты көмектесіп жүріп, Абайдың
шығыс тарихына, халық қазынасына, жол-жорасына, әдет-
салт, кәсібіне қанықты, білгір адамнан өздері де көп білім,
дерек, нәр алды.
Абай болса, осы кезеңнен соң ақындықтың кең өрісіне
шыққан кезінде:
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап, –
деп, тың жол бастады. Ескіге сын, надандық түнегіне үкім ай-
там деді. Орыс халқының ұлы шыншыл даналары Пушкин-
дер, Салтыков-Щедриндер қалай айтса, соларша қамыңды
жеп, алдыңды меңзеп айтамын деді.
Сонда дана ақынның өз халқынан және жалпы адам
баласының өнер-ой байлығынан алған үш үлкен салалы
түп-төркіні барын байқаймыз.
Мұның біріншісі – қазақ халқының есте жоқ ескі заман-
нан жиып, өсіріп келген өз даналығы – халықтың ауызша
89
әдебиет қоры, ақын Абай осы қордан көп нәр алып, сол
арқылы өз өлеңін көп көркейтті.
Екінші бір қол артқан қазынасы – араб, парсы, түрік
тіліндегі шығыстың көркем классик поэзиясы.
Үшінші үлкен өнер, мол азық алған зор саласы – орыс
халқының мәдениеті және сол арқылы Европа мәдениеті.
Осы соңғы өріске құлаш созған Абай өз заманы үшін әрі
жаңа тарих, жаңа дәуірдің басы, әрі кең майдан келешек
еді.
Абайдың ақындық бітіміндегі ең бір ірі жағы, осы айтқан
үш қазынаның қайсысына барса да, құр ғана үйренуші,
еліктеуші боп барған жоқ. Қайдан алсын, нені алсын –
баршасын да өзінің ойлы, терең толғаулы ірі ақындық
ерекшелігі арқылы үнемі өз елегінен өткізіп, өз өнерімен
мықтап қорытып, өзінің қайран жүрегінен шыққан бұйым-
табысы етіп ала білді.
Енді осы айтылған үш салаға жеке-жеке тоқтап, оның
кейбір өзгешеліктерін айталық.
Абайдың 80-жыл мен 90-жылдар арасындағы өлеңдерінің
өзгеше қалып құрылысына арналған, өзінің тұсындағы
қауымның тағдырын талдауға арналған. Осымен қатар
өз халқының ой қазынасының барлығын да санап, сала-
лап шығады. Қоғам бірлігі, халқының тарихына жаңалық
тілеген ақынның жаңа мұрат жолы, ақындық програм-
масы да көрінеді. Міне, осы алуандас шығармаларының
барлығында Абайдың мол араласқаны қазақ халқының өз
қазынасы болады.
Бірақ, дәл сол кездің өзінде де ақын халық шығарма-
сында айтылмаған тың сөзді айтады. Дүниені өзінің жаңаша
тануына орай жаңаша сезім, жаңа ой айтқанда, Абай
тіл сөздігі (лұғаты да), өлең көріктеу өрнегі де басқаша,
өзінше шығады. Қазақтың елдігімен, тарихымен, бұрынғы
қазынасымен жалғаса отырып, соны өсіріп, өрістетіп,
Абай айтқан жаңалық әлденешеу. Бірақ бар тарауындағы
бір ерекшелік: соның бәрін жаңа дәуірге бастайын деген
ағартушы ақын өзінен бұрынғы ақынның бәрінен басқаша
айтуында.
Сондайлық басқаша, тың жаңалықты Абай шығыс
әдебиетінің қорына қол артқан кезде де мол тауып отырады.
90
Абай өзінің жас шағынан жақсы білген классик ақындары:
Фирдоуси, Низами, Шейх, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Фи-
зули, Бабурларды өмір бойы зор қадірлеп өткен. Ерте кезде
оларға еліктеп жазған шығармалары да болған. Кейін Ни-
зами, Науаи жырлаған Ескендір жайын, Аристотель жа-
йын батыс әңгімелерінен алып қосқан жаңа сарындармен
көркейтіп, жыр-дастан етеді.
Абайдың айтуынан кең сахараға “Мың бір түн”,
“Шаһнама”, “Ләйлі – Мәжнүн”, “Көроғлы” сияқты үлкен
асыл мұралардың аңыздары да мол тараған.
Араб, иран мәдениетінің тарихын тереңдеп зерттеген
Абай – Рашид ад-Дин, Мұхамед Хайдар, Бабур, Абылғазы
Баһадүр хан сияқты арғы-бергі тарихшылардың еңбегін
жақсы білген. Мантық (логика), жалпы философия, ахлақ
(мораль) философиясын да білген. Ертеден бергі шығыс
ғұламаларының көп еңбектерін бергі уақыттарда да үнемі
зерттеп отырған. Тек ескі шығыс мәдениеті ғана емес,
өз тұсындағы жақын шығыс мәдениетінің халқынан да
ұдайы хабардар болған. Татардан шыққан алғаш ағартушы,
жаңашыл ғалым Шиһабуддин Маржанидің еңбектерінен
бастап, беріректе шыққан жалған жаңалық, діншіл саясат
ғалымы исламшылдық, түрікшілдік (панисламзм, пантюр-
кизм) үгіттерін де білген.
Мысырда Мұхаммед Ғабдуһу бастап, Жалаллед-
дин Ауғани қостаған исламшылдық үгіті кейінгі кезде
Россия мұсылмандарына да тарап еді. Ол сияқты батыс
мәдениетінен бас тартқызып, жұртшылық тарихының
ілгері басар қадамын кейін шегеретін кертартпа өсиетке ден
қойған феодал, қажы-молда, пір-ишан қазақ даласында да
мол еді. Ол ағымның өзіне тиісті газеттері, журналдары да
болған. Мысалы, “Таржиман” газеті Абай кезінде қазақ са-
харасына да көп тараушы еді.
Бірақ өз халқының келешек табысын, болар тағдырын
ұлы орыс халқының мәдениетімен жалғастырып өсіруді
өмірлік еңбегінің биік нысанасы еткен Абай жаңағы жалған
жаңалыққа ермейді, елікпейді. Оны бүкіл шығыстың сол
заманға шейін кенже қалуына себеп болған кесел-кедергінің
91
бірі деп танып, онымен бірде-бір адым баспайды. Аулақ
серпеді.
Қауым халқына қызмет етудің жолы жалпы адам бала-
сына тән кең, еркін ойдың бетінде, орыс классиктерінің
өз қоғамына, бүкіл адам баласына нұсқаған кең іргелі
адамгершілік, азаттық үлгі өсиетінде деп біледі.
Абайдың сол діншілдікті, түрікшілдікті өз уақытында
мансұқ етуінің дұрыс екендігін Ұлы Октябрь социалистік ре-
волюция анықтап ашты. Байшыл реакцияшыл ұлтшылдық-
ты өзіне тірек еткен бұл кертартпа ағымының залалды сы-
рын Ленин бастаған ұлттар азаттығының революцияшыл
күресі, жеңісі әшкереледі.
Абай шығыстың қорынан өзіне үлгі алғанда бұл жақтан
алған жоқ. “Масғұт”, “Ескендір”, “Әзім әңгімесі” сияқты
терең мағыналы дастандарды жазғанда, “Көзімнің қарасы”,
“Қор болды жаным” сияқты ақындық әсем сөздің қадірін
айтқанда, шығыс классик поэзиясының тіл көріктілігін,
жалпы ұзын ырғақ, саз-сарынды ала отырды. Бірақ олардың
тұсында да ұлы ақын өзінің өзіндік өзгеше бітім-бейнесін
еліктеуге салынып, жеңілге сайып, өзгерткен жоқ. Дүниені,
өмір мақсұтты тартыс бағыты атаған бар ойы, бар ақындық
шабыты өте терең шындықпен қабысып отырды. Сол себепті
зат әлемін, адам құбылысын, қарым-қатынасын жырлағанда
аспан, тағдыр әмірі деп толғамай, үнемі жер басқан адамның
күнделік, тарихтың шындық болмысы етіп толғап тебіренді.
Бұл Абайдың ұлы реалистік, өзіндік, Абайлық тұлғасынан
туған ерекше қалып-қабілеті еді.
Ақын Абайдың орыс халқының ұлы мәдениетіне бой
ұрып, өнеге, нәр алуы да әлдеқалай жалаң қабат, жағдай
емес, өмірлік, тұрақты негіз, нанымында шығыстан ба-
тысты артық көріп, таңдап алумен қатар, ақын өз бетімен
оқып, ізденіп тереңдей отырып, орыс пен батыс әдебиетіне
ұзақ жылдар бойына көп үңіледі. Пушкиннен бастап ал-
пысыншы жылдардың жаңалығына да әбден қанады. Тек
ұлы ақындар емес, Лев Толстой, Салтыков-Щедриндер
тәрізді көркем қара сөз аталарын да жақсы біледі. Орысша
аудармалар арқылы Байрон, Гетені де таниды. Ескі антик
әдебиетімен де мол танысады. Айдалып келген достарының
92
куәлігіне қарағанда, Абай батыс философиясы мен Спен-
сер, Спиноза мен Дарвин еңбектерін де үнемі оқып, көп
шұғылданған еді.
Орыс классиктерінің мұраларына Абайдың баруы әр са-
тыда әр алуандас. Мысалы, Крыловты Абай ақын ашық түрде
таза аударушы болып ұғынады да, тек әрбір мысалдардың
ақырындағы үгітін өзінше, қазақ ұғымына, ойына жанасты-
ра түйіп беріп отырады.
Лермонтовты Абай ерекше бір қызу жалынмен, өзі қоса
қозып, үнемі қызығып сүйіп, сүйсініп отырып аударады. Ал,
Пушкинге келсек, Абайдың бұған беттеген ақындық қарым-
қатынасы мүлде басқа, “Евгений Онегиннен” Абай жасаған
үзінді аудармалар ғана емес. Ол Пушкиннің әсем романын
шабытты ақын жырымен қайталап, жарыса әңгіме етіп беру
болып шығады.
…Орыс мәдениетіне сол саңылаусыз қазақ сахарасынан
шығып, жалғыз өзі жол тартып барып табысқан Абайдың
қадір-қасиеті бұрынғыдан да артып биіктей түседі.
* * *
Абайдан қалған асыл мұраның идеялық, көркемдік сапа-
сын шолып өткен қысқа сөз, жалпы тексеруде біз көбінесе
ақындығын – поэзиясын айтамыз. Бірақ Абай мұрасы
жалғыз ақындықта емес, көркем қара сөзде де, ән-күй
өнерінде де бар.
Абайдың “Ғақлия” атанған қара сөзі барлық құрылыс
қалпымен, шебер, шешен тілімен және өлеңдеріндегі ой
толғауының көпшілігін тереңдеп, еселеп, өсіріп жеткізуімен
біздің әдебиеттегі тағы бір соны, қызықты жаңалықтың бірі
болған. Мұнда да сыншыл, ойшыл Абай көрінеді. Орыс
әдебиетіндегі Лев Толстойдың кейбір толғау үлгілеріндей,
бірақ қазақ халқының өз тіршілігіндегі күнделік болмысы-
нан туған аса бір алғыр, жүйрік, кейде шешен орамды мол
әсер көрініп отырады.
Барынша тұтас ой ықыласымен ілгері, жарқын заманға
ұмтылғандықтан, Абай өз халқының ой-санасы өсу тарихын-
да анық прогресс жолын бастаушы болды. Өз заманының
тарихтық, кертартпалық бөгетінің бәрінен аттап өтіп, ел-
жұртын дүниелік мәдениетке жеткізем деушінің ең алдыңғы
бірі болды. Сол талап тартысы арқылы, еңбек егісі арқылы,
заман мешеулігін жеңіп, қазақтың еңбек елі мен орыс
халқының ой құралдарын бір арнаға қосып, алдағы күндер
үшін біріккен күрес қайраткері болды.
Сондықтан да Абайдың ардақты жырлары Ұлы Отан
соғысында елі-жұртын қорғап жүрген қазақ жауынгерлері
мен командирлерінің сенімді серігіндей болып, бар май-
данда ере жүрді. Олардың барлық ұлы Одақ ұлттарының
ұлдарымен жүрекке жүрек, білекке білек қосқан қаһарман-
дық қимылында Абай ата дос болып құптап отырды. Сондай
болып, өз халқының адал ұл, қыздарымен қатар жорықтың
ауыр жылдарында бірге көшіп өткен Абай біздің шын бақыт
дәурен болған социалистік дәуірімізде бұрынғыдан да
ардақты болып отыр.
Сондайлық өлмес, өшпес қасиеттерінің өзі-ақ ұлы
Абайға қазақтың классик әдебиетінің атасы деген, қазақ
поэзиясының күншуақты асқар биігі деген атақты бергізе
алады дейміз.
94
АБАЙДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ
Абайдың әдеби мұрасы, оның өлеңдері, поэмалары,
аудармалары және оқушылармен әңгіме ретінде жазған
“ғақлиялары” үлкен екі том болды
1
. Қазір бұл мұра қазақ
әдебиетінің бүкіл тарихында қазақ халқының Абайдан
бұрынғы барлық ғасырлардағы рухани мәдениетінің ұлы
жинағы болып отыр.
Ұлттың және жалпы адамзаттық мәдениеттің үш ұлы
дерегі ақынның шығармаларының азығы болды.
Олардың бірі – халықтың даналығымен жасалған, өткен
заманнан жұрт аузында және жазбалай түрінде сақталған
ескі қазақ әдебиеті. Абайдың шығармалары осы баға жетпес
қазынаның байлықтарымен толықты.
Екінші дерек – шығыс мәдениетінің таңдаулы үлгілері,
араб, иран және түріктің классикалық поэзиясы. Абайдың
кезіндегі қазақ әдебиетінің өркендеу дәрежесін еске алғанда,
шығыс мәдениетіне назар аудару өткен іс емес, сол заманға
сәйкес болғандығы анық, өйткені бұл дерекпен байланыс
тек ХІХ ғасырдың басында ғана басталды.
Үшінші дерек – орыс (ол арқылы Европа) мәдениеті.
Абайдың заманында бұл деректің, әсіресе ол кезге дейін
қазақ халқы тіпті білмеген ұлы орыс гуманистері мен
классиктері шығармаларының пайдаланылуы орасан зор
маңызы бар факт болды. Бұның өзі қазақ әдебиетінің
болашақта гүлденуіне кепіл еді, бүкіл халықты болашақтың
тарихи жолына батыл және дұрыс бағыттау еді.
Абайдың ерекше күштілігі мынадан көрінеді: ол осы
үш дерекке сүйене отырып, өз шығармаларының сапа-
сын кеміткен жоқ, оларға құр еліктеп, көшіріп отырған
жоқ. Абай жаңа мәдениетті меңгере отырып, оның жақсы
95
жағын таңдап алды. Өзінің шығармаларына бұл мәдениетті
енгізгенде, айқын, өзіне тән түрде ғана қайта жасады.
Жоғарыда айтылған негізгі үш деректің Абай шығар-
маларына әсерін толығырақ талдап қарайық.
80-ші жылдардағы өлеңдерінің көбі ақынның зама-
нындағы ауылдың тұрмысының ерекшелігіне және өз зама-
нының тарихи тағдырына арналған. Өз халқының бүкіл та-
рихын қайта жасаушы қайраткер Абайдың жаңа ақындық
программасы жарияланды. Абай бұл шығармаларында
халық мұрасына жақын келді.
Бірақ оның поэзиясы бүкіл халық шығармаларынан
қаншама өзгеше екендігін біз тап осы жерде көреміз. Абай
ешуақытта халық шығармаларын бұрынғы ескі түрінде ал-
майды. Керісінше, ауыз әдебиетінің сөздерін де, бейнелерін
де, сөйлем құрылыстарын да өзгертіп, тереңдеп, жаңа
ойлармен және сезімдермен толықтырды. Абай халық
поэзиясының тамаша күші мен өткірлігін басқаша, жоғарғы
сапаға айналдыра білді. Оның шығармаларынан ең алды-
мен ақынның өз заманына, сол кездегі ауылдың қоғамдық
тұрмысына қарсы болғандығы көрінеді. Үй ішіне, ата-
аналар алдындағы борышқа, жас ұрпақты тәрбиелеуге және
әйелдер мәселесіне жаңа көзқарас қазақ әдебиетінде бірінші
рет Абайдың өлеңдерінде соншама анық және жоғары
дәрежеде айтылды.
Шығыс әйелінің қасіретті халіне Абайдың шығар-
маларында жаңа адамгершілік аяныш айтылды.
Абай өзінің поэзиясында қазақтың әйелдері мен қыз-
дарының жанын, терең сырлары мен сезімдерін көрсетті
Абай қазақ әйелін тату үй ішінің негізі деп жырлайды.
Қалыңмал, көп әйел алу сияқты масқарашылықты ызамен
қаралап, ол өзінің өлеңдерінде әйелдердің қоғамда тең пра-
волы бола алатынын дәлелдейді.
Абай ескі ауылдың ғасырлар бойындағы дәстүрлеріне
қарсы шығып, іскерлікті, еңбек сүюшілікті ақылды және
тіршілікке қолайлы адамның қасиеті ретінде мақтайды. Ол
өзіне дейінгі болып келген құрғақ насихат поэзиясының
ережелерін бұзып, Бұхар жырау, Шортанбай, Дулат сияқты
белгілі ақындарды қатты сынайды. Абайдың өзі жаңалыққа
96
шақырып, қоғамды қайта тәрбиелеу және қайта құру арқылы
халыққа қызмет етуді жаңа поэзияның жоғарғы мақсаты,
тарихи парызы деп есептейді. Оның білімге шақыруы
құрғақ насихат түрінде емес. Абай өз поэзиясындағы
барлық бейнелермен жаңа қоғамды Европа және жалпы
адамзат мәдениетіне бағыттайды, мұсылман медреселерінің
құрғақ фанатизмін келеке қылады. Абай бұл өлеңдерінде
қазақ қоғамының негіздерін, оның дәстүрлерін, әдеттегі
праволары мен қоғамның мінез-құлқын негізінен басқаша
бағалайды: адамның өмірін ескі әдеттер мен дәстүрлер емес,
оның ақылға сәйкес еркі, ақиқатшылдығы, сенімдерінің
тазалығы, пайдалы ісі белгілеуі тиіс дейді.
Абайдың шығармаларын одан бұрынғы ақындардың
мұрасынан айырып тұратын өзгешеліктердің бірі мынау: ол
орыс және жалпы адамзат мәдениетімен жақындасу арқылы
білімдену идеясын таратады. Халықтарды ғасырлар бойы
бөліп келген тілдің айырмасы да, тарихи дәстүрлер де кедергі
болуы мүмкін емес. Мәдениетті халықтардың бәрінен үйрене
білу керек. Ол өз елін білімдендіру жөніндегі осы ұлы тари-
хи міндетті орындау жолында барлық ескілікке қарсы ра-
қымсыз күрес жүргізіп, ескі идеологияны қолдаушылардың
бәріне ызалы соққы береді.
Абайдың шығыс поэзиясымен байланысы да өзгеше.
Жас кезінде-ақ Таяу Шығыстың мәдениеті Абайға
күшті әсер етті. Ол бүкіл араб-иран дін дастанын – Фир-
доуси, Низами, Саади, Хафиз, Науаи, Физули, Бабур
шығармаларын түпнұсқасынан (кейбіреулерін шағатай
тіліне аударылғаннан) оқып шықты. Жас кезінде оның өзі
де осы ақындарға еліктеп, қазақ өлеңіне “аруз” түрін бірінші
болып енгізді және осы классиктердің шығармаларынан
көптеген араб-парсы сөздерін пайдаланды. Сонынан Абай
“Мың бір түнді”, парсы және түрік ертектерін, халық даста-
нын ерекше ұнататын болды.
Абай тек ескі тарихты ғана емес, Жақын Шығыстың
сол кездегі мәдениетін де жақсы білетін еді, ол кезде жаңа
туып келе жатқан жаңасымақ діншіл-саяси панисла-
мизм және пантуркизм ағымдарының әсері қалай күшейіп
келе жатқанын білді. Абай өз халқын орыс халқының ұлы
97
мәдениетіне жақындату арқылы алға бастыру жолына ба-
тыл бұрылып, өз өмірінің ақырына дейін осы жолдан
тайған жоқ. Ол панисламизм мен пантуркизмді тек шығыс
халықтарының ғасырлар бойындағы наданшылдығын
күшейте беретін теріс ағым деп тауып, оларға соқпай өтті.
Абайдың пікірінің дұрыстығын Ұлы Октябрь револю-
циясы және Маркс-Ленин-Сталин ғылымы айқын дәлел-
деді. Олар панисламизмнің, пантуркизмнің және басқа
түрлердегі буржуазиялық реакцияшыл ұлтшылдықтың
идеалистік перделерін жұлып, олардың халыққа қарсы
мазмұнын ашып көрсетті.
Абай өзінің шығармаларында осы шығыс “жаңалығына”
тіпті қосылған жоқ. Абайдың ақындық мұрасында тек ескі
шығыстың классикалық поэзиясының таңдаулы дәстүрлері
ғана сезіледі. Тіпті ақынның дін жөніндегі және ішкі
сенімдері жөніндегі өлеңдері де мұсылман дінінің кітаптағы
тәліміне мүлдем ұқсамайды. Анық сыншыл ой иесі болған
Абай кейде исламның ресми түрде насихатталып жүрген
ережелеріне тікелей қарсы шығады. Оның үшін дін – адам-
зат моралының тек шартты негізі, адамның жетіле беруі
үшін себеп қана.
Сөйтіп, араб-мұсылман шығысының әдебиетін де Абай
өз шығармаларына таңдап енгізді.
Абайдың Европа әдебиетін пайдалануы күрделі, тама-
ша және көлемді болды. Абай батысты шығыстан артық
санай отырып, өз бетімен білім алудың ұзақ жолын өтті,
орыс әдебиетін үйренді. Ол Пушкиннен, Лермонтовтан,
Крыловтан бастап, 60-шы, 80-ші жылдардың әдебиетімен
танысты. Ол тек ақындарды ғана емес, ұлы орыс жазушы-
лары Лев Толстой мен Салтыков-Щедринді өте ұнататын
еді. Абай Гетенің, Байронның және басқа көптеген батыс
классиктерінің орысша аудармасын білетін-ді, алғашқы
дүние әдебиетімен де жеткілікті таныс еді. Жер аударылып
жүргенде онымен дос болған Леонтьевтің және басқалардың
айтуынша, Абай әрдайым батыс философиясын, Спенсердің,
Спинозаның шығармаларын оқып, Дарвиннің ғылымын
үйренген.
Абай шығармаларына орыс классиктерінің әсері әр
кезеңде әртүрлі болады. Өзі орасан ұнатып, Крыловты
98
аударғанда, Абай мысалдардың соңғы үгіт жағын өзгертіп,
қазақ жағдайына қолайлаған. Абай Лермонтовтың өлеңдерін
ерекше мұқият аударды. Ол аударған “Қанжар”, “Теректің
сыйы”, “Желкен”, тағы басқалары орыс классиктерін
аударудың шеберлігі жағынан теңдесі жоқ аудармалар
болып отыр. Абай Пушкинге мүлдем басқаша қарады.
Оның “Евгений Онегиннен” аударған үзінділері көбінесе
аудармаға ұқсамайды, ол Пушкиннің шығармасын өзінше
қайта айтып шыққан сияқты. Татьяна мен Онегиннің
ғашықтық жөніндегі сөздерінің шындығы күшті әсер еткен
Абай олардың тарихын өз сөзімен айтып шығып, бұндай
сезімнің өнегелі екендігін көрсетті және бұл сүйіспеншілікті
қазақ жастарына түсінікті етіп жазды. Абай бұнда шығыс
поэзиясының ескі “нәзира” дәстүрін қолданды, бұл әдіс
бойынша ақын тікелей аудармайды, ол өзінен бұрынғы ұлы
ақынның сүйікті поэмасының тақырыбына қайта өлең жа-
зады.
Лермонтовтың аудармаларын пайдалана отырып, Абай
қазақ тіліне Байрон мен Гетенің бірнеше өлеңін аударды.
Абайдың бұл аударма жұмысының бәрі оның Ев-
ропа әдебиетімен тікелей байланысын ғана көрсетеді.
Бұл мәдениеттің нағыз күшті әсерін біз Абайдың өз
шығармаларынан көреміз. Орыс поэзиясының жақсы
әсерінің нәтижесінде, Абай қазақ поэзиясына өлеңнің жаңа
түрлерін, жаңа тақырыптарын енгізді, жаңа әлеуметтік
мазмұн берді. Бұның өзі қазақ поэзиясының сапасын ерек-
ше арттырды. Абай Пушкиннің шығармаларын аз аудар-
са да, оның өз шығармаларында Пушкинге ұқсастық көп.
Бүкіл дүние әдебиетінің барлық классиктері өздерінің ортақ
ұлы ақындық рухы жағынан, адамгершілік ойының кең
өрісі жағынан ұқсас болатыны сияқты, Абай да Пушкинге
ұқсайды, оған жақын.
Сол сияқты Абай мен Салтыков-Щедриннің ұқсастығы
көзге түседі. Абай көркем әңгіме жазған жоқ, бірақ оның
даладағы управительдерді, чиновниктерді, билерді, атқа-
мінерлерді, ру басшыларын келеке қылған сықақ өлеңдері
көркемдік жағынан да, саяси жағынан да Салтыков-
Щедриннің шығармаларына ұқсайды. Оқушыларға арна-
99
ған бір сөзінде Абай Салтыков-Щедринді тіке атап, ол
чиновниктердің, халыққа зорлық етушілердің бейнесін
дұрыс суреттеген жазушы дейді. Абай өзінің барлық
шығармаларында өз заманындағы үкімет құрылысына
наразылық білдіреді, сондықтан ол үкіметке қарсы
пікірлерде болған орыс классиктеріне тілектес.
Абай бізге тек өзінің поэзиясын ғана қалдырып кет-
кен жоқ. Оның философиялық, сын және насихат ретінде
жазған “ғақлияларында” көптеген насихат сөздер бар.
Оның бұл қысқаша даналық сөздері қазақтың әдеби тіліне
сіңіп кетті.
Абай талантты композитор еді. Ол жиырма шақты күй
шығарды. Ол, поэзиядағы сияқты, музыкаға да жаңалықтар
енгізді.
Сыншыл ақыл иесі, білімді және халқының мәдениеті
үшін күресуші болып, түрлі баққұмар, арам пікірлі
феодалдардың ортасында жалғыз болған Абай өз халқының
тарихында ғана емес, бүкіл Жақын Шығыстың тарихында
сол заманның көрнекті адамы болған еді.
Орыс халқының ұлы рухани мәдениетіне барлық ынта-
сымен ұмтылып, Абай өз халқының қоғамдық ойының та-
рихында нағыз прогресшіл қозғалысты басқарды. Ол жаңа
қоғамның озат мәдениетке тезірек қосылуына кедергі бо-
лып келген өз заманындағы тарихи бөгеттерді бірінші бо-
лып қирата бастады. Сөйтіп, ол жайнаған болашақ үшін
орыс және қазақ халықтарының ортақ күресіне көмектесті.
Бұның өзі қазақтың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы,
қазақтың классикалық поэзиясының биік шыңына жеткен
Абайдың даңқы өшпеуіне кепіл болады.
100
Достарыңызбен бөлісу: |