24
«Қала», «Трансппорт» болуы керек.
Мəтіннің типі «Карта» болса – географиялық, қала, транспорт жайлы болу керек.
Жұмыс
барысы мынадай болуы мүмкін (коммуникативтік бағыт) картадан табу (маршутты
көрсету
жететін жерге дейінгі) тындау (өзен, көл, қала) атауларын.
Аутенттік мəнінді оқытудың маңызы оқудың əртүрлі жағынан тану болып кееді.Олар:
-
мəтінің түрін, мақсатын түсіну;
-
мəтінді толық немесе таңдаулы жерлерін ұғыну;
-
ақпаратты əр түрлі дəрежеде қабылдау;
-
компенсациондық білуге мүмкіндік беру.
Соңғы түрі келесімен байланысады: мəтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын өз ана
тілінде
түсіну; мəтіндегі (кілт сөздерін, суреттер, сандар т.б.) есте сақтау. Нəтижесінде оқушы
аутенттік мəтінде кездескен сөздердің (сөздікпен емес ) мағынасын білу керек. Ол
үшін мына
екі ережені есте ұстау керек.
-
мəтінді оқыған кезде əрбір сөзді аударудың қажеті жоқ;
-
мəтінді түсіну үшін өмірден алған тəжірибе жеткілікт. Мəтінде не жайында
айтылғанын білу үшін мəтіннің тақырыбы, сурет, санды, схема, таблицаны есте
сақтау жеткілікті[3].
Мəтінді оқу барысында негізгі кезекте білетін сөздердің дұрыс оқылыуымен
жазылуын білу.
Ұснылатыны мəтінді оқу барысында əрбір этапта сөйлеу дағдысын қалыптастыру
міндет
етіледі. Осы көмек арқылы олар оқып жатқан елдің мазмұнын айта алады жəне де шет
елдерде де емін – еркін сөйлеуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Елухина Н.В. Роль дискурса в межкультурной коммуникации и методика
формирования дискурсивной компетенции, Иностранные языки в школе, 2002.
2. Носонович Е.В., Мильруд Г.П. Критерии содержательной аутентичности учебного
текста // Иностранные языке в школе. -1999, № 2.
3. Салановия Н.А. Обучение чтению аутентичных текстов лингвострановедческого
одержания // Иностранные языки в школе, 1999
ЗЕЙІННІҢ КЕМІСТІКТЕРІН ЖОЮ – БІЛІМГЕ АПАРАР ЖОЛДЫҢ БІРІ
Бижанова Ғ.Қ., Ажибаева З.Ж.
Арқалық қ, Ы.Алтынсарин ат.
мемлекеттік педагогикалық институт
Əлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуға болашақ мамандарды дайындайтын
жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақ
педагогтарды, психологтарды, өндіріс жəне ғылым басшыларын, тағы басқа мамандарды тек
сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге деген
қызығушылықтарынада байланысты. Соның негізінде, позициясы белсенді, өз күшіне
сенімді, іс-əрекетке орынды қарайтын тұлға қалыптастырады. Əрине, қарым-қатынаста зейін
қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда, осындай сапалардың көрініс беруі
қиындайды.
25
Зейін өзіндік психикалық процесс болып саналмайды, ол тек адамның психикалық іс-
əрекетінің компоненті ретінде болады[1, 216].
Зейінді іс-əрекеттің əр түрін зерттей отырып, біз оның бірліктегі мазмұны мен
формасының шоғырлану құрылымын түсінеміз. Зейін іс-əрекетте мазмұнды жəне осының
негізінде оның қасиеттерінің, динамикалық ерекшеліктері мен функцияларының көп жақты
байланыстары пайда болады.
1-сынып оқушысының зейіні алғашқы кезде терең дамымаған болады. Зейін, əдетте,
ерікті жəне еріксіз түрлерге бөлінеді.Балаға не қызық соған мəн беретіндігінен, оның еріксіз
зейіні алғашқы кезде ерікті зейіннен басым келеді.
«Зейін-адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының
жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде–бір сөзі соқпай өте
алмайды, егерде ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды»-деген
К.Д.Ушинский[2,86].
Кейбір мұғалімдер сыныптағы оқушылардың кескініне қарап, бір дегеннен баланың
сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл əсіресе тəжірибесі
аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі.
Сабақ үстінде баланың назарын көп нəрсеге аудармай, басты бір нəрсеге не белгілі бір
əрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып əдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде
үлкендердің көмегінсіз зейінін тиісті обьектіге жинақтай алатын болады [3,96].
Кіші жастағы оқушыда, 2-3 сыныптарда ерікті зейін пайда бола бастайды. Сондықтан
ол қызық емес, қажет деген сабақтың бөлшектеріне зейінді бола алады.
Баланың ерікті зейінін дамыту үшін, оның істейтін жұмысын нақты етіп түсіндіріп,
тапсырманы қалай орындаудың жоспарын көрсетіп отыру қажет.
Зейінсіз болудың өзі берілген тапсырманы қалай орындауды білмеуден кездеседі.
Əдетте, еріксіз зейін сыртқы обьектіге байланысты болып келсе, еріксіз зейін баланың іштей
іске ұмтылуынан пайда болады. Бұл жерде іштей ұмтылу деп отырғанымыз, баланың оқу
үстінде өзін-өзі меңгере алуы.Кіші оқушының өзін-өзі күштеп обьектіге ерікті зейін қоюы
онша дамымаған.
Кіші оқушының зейінінің көлемінің жəне бір мезгілде бірнеше іске зейінін бөле
алуының оқу үшін маңызы зор.
Мысалы: оқушы мəтінді оқып отырғанда жəне құрбылары сол кезде оның өзін тыңдап
отырғанына зейінін бөле алуы тиіс.
Егер, осыған ие бола алса, құрбыларының бір нəрсе жөнінде өзіне деген ескертулерін
естіп, өзінің қатесін дер кезінде түзете алады.
Кіші оқушының зейінінің аумалылығымен күресу үшін обьектілерді үнемі өзгертіп, не
соларды бірінен соң бірін алмастырып отырған жөн. Тек сонда ғана бала зейінінің аумалы
келуімен күресе алады.
Бастауыш сынып оқушыларының зейін көлемі ересек адамның зейін көлемдеріне
қарағанда шағын болатындығы, сабақ үстінде мұғалімнің есінде болуы тиіс.
Сондықтанда, оқушыларға бір мезгілде сан жөнінен де, сапа жөнінен де белгілі зейін
көлемінен артық мөлшерде материал беруге болмайды.
Өмір заңы: адам зейіні жақсы болса, ісі де табысты болады. Зейінділік- жоғары
жетістікке жетудің басты шарты. Психолог мамандар, жақсы зейінді болуды адамның қай
нəрсеге де жан-жақты қызығуынан, тұрақты түрде назар аударуынан қалыптасатындығын
айтады. Психолог Б.М.Тепловтың айтуынша, «Ырықсыз зейін іске тікелей қызығудан
болады, ал ырықты зейін əрекет нəтижесіне дəнекерлі жанама қызығуына байланысты, ал
ештемеге əуестеніп қызықпайтын адам Хлестаков (ревизордағы) зейінінің дəрежесінен аса
алмақ емес» [4,105].
Қызығу-ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені, қызықты іске көңіліміз тез ауады.
Мəселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу-ырықты
зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де, қызығу орыналуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де
жанама, дəнекерлі қызығуды керек етеді[5,87].
26
Зейін түрлерінің дамуына байланысты қолданған зерттеу тренингтеріне
тоқталайық.
Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский зейіннің маңызын былайша көрсеткен
еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының
жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте
алмайды, егерде ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештене де қалмайды».
Дарындыларды іздеу, олардың оқыту мен тəрбиелеу-қоғам үшін бүгінгі күні өте
қажет. Дарынды баланы анықтай алу үлкен шеберлікті қажет етеді. Түрлі тəсілдерарқылы
оқушы зейінінің қасиеттерін тəрбиелеп отыру бұл барша мұғалімнің атсалысатын негізгі
педагогикалық істерінің бірі, деп санаймыз. Оқушылардың əрқайсысында əр түрлі қабілеттер
жеткілікті. Сондықтан бүгінгі сабақтың мақсаты олардың қабілеттерінің бір шетін болса да
анықтау.
Мақсаты: Оқушылармен қызықты, танымдық ойындар жүргізе отырып, зейін
түрлерінің дамуын қамтамасыз ету. Жақсы көңіл-күй сыйлау, оқушылардың өзіндік «Менін»
қалыптастыру, бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын одан əрі жетілдіру.
Қазанның 2-ші жұлдызында 3«А» сынып оқушыларымен танымдық, қозғалыс
ойындарын жəне жаттығулар жүргіздік. Тренингті алдымен ұжымда көтеріңкі көңіл-күй
қалыптастыру үшін «Шуақты күн» жаттығуымен бастадық. Бұл тернингте балалар шеңбер
бойында түрлі-түсті қағаздан жасалған күнді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады.
Мысалы, «Бүгінгі күнің шуақты болсын!». Балалар бір-біріне деген жылы ықыластарын
білдіріп, жақсы деген тілектерін айтып жатты.
Балалалардың зейінін дамыту мен қозғалыс белсенділіктерін арттыру мақсатында
«Дыбысқа назар аудар» жаттығуы тренингтің жалғасы болды. Бұл əдістемеде барлық
балалар шеңбер жасап еркін жүреді. Егер жетекші бір рет шапалақтаса, балалар «бірқазан»
кейпінде орындарында тұрып қалулары керек. Ал егер де екі рет шапалақтаса, балалар
«бақа»кейпінде тұрулары керек. Ал жетекші үш рет шапалақтағанда балалар еркін жүрулер
керек.Бұл
ойында қыз балаларға қарағанда, ұл балалар белсенділік танытып, қуанышқа бөленді.
Келесі жүргізілген əдістеме балалардың өзіндік «Менін» анықтауға байланысты
болды. Оқушылар өздерін қаншалықты дəрежеде бағалайды жəне алдағы уақытта қандай
болып қалыптасқылары келетіндері, сонымен қатар баланың көзқарасы бойынша оны
достары қалай бағалайтындықтары жайлы өздерін суреттеу арқылы бейнелеп көрсетті.
Балаларға үш түрлі қағаз беріледі. Жасыл түсте: бала өзін қандаймын деп ойлайды, сондай
сурет салады. Қызыл түсте: қандай болғылары келетінін, ал көк түсте: оны достары қандай
кейіпте көретінін бейнелейді.
«Белгіні тыңда» ойынында балалар бір-бірінің артынан жүреді. Алдыда жетекші
жетелеп жүреді. Жетекші қолын шапалақтаған кезде соңында келе жатқан оқушы лезде
тоқтап қалуы керек. Қалған оқушылар тоқтамай жүре береді. Ойын осылай жалғаса береді.
Ойынның мақсаты балалардың зейіндерінің шоғырлануын дамыту болатын. Ойын өз
мақсатына жетті деп айтуға болады.
Баланың зейінінің бөлінуі мен өнімділігін дамытуға арналған «Мюнстенберг
əдістемесінде» балалар берілген əріптер қатарынан сөздерді тауып, астын сызулары керек
[6].Əдістемеде балалар жасырылған сөздерді біразын тауып, жоғары дəреже көрсете білді.
Жүргізілген жұмыстар нəтижесінде балалар бүгінгі өткізілген тренингке байланысты
өз ойларын айтып, көтеріңкі көңіл күймен ризашылықтарын білдірді.
Зертеу кезінде зейінді дамыту тəсілдеріне баса назар аудардық.
Зерттеуші оқушыларға зейінді дамыту тəсілдеріне арналған жаттығуларды
пайдалануға болады.
1 «Кім байқағыш жəне назар аударғыш» жаттығуы
Балалардың біреуі жүргізуші болады. Ол ойыншылардың киімі мен отырыстарын
есіне сақтап бөлмеден шығуы керек. Осы уақытта ойыншылар өздерінің отырыстары мен
киімдеріне 5 өзгешілік енгізулері қажет. Əрбір ойыншыда емес, барлығы 5өзгешілік болуы
27
қажет. Осыдан кейін жүргізуші келіп, өзгерген ерекшеліктерді орындарына келтіруі қажет.
Егер жүргізуші барлық 5 өзгешілікті таба алса, онда ол балада жоғарғы деңгейдегі зейін мен
жақсы байқағыштық басым болғаны.
2 «Корректуралық байқау» жаттығуы
Əрбір оқушы өз аты жазылған қағаз алады. Қағазда қыздар бейнесі бейнеленген.
Оларды сыныптарға бөлу қажет.
Бірінші тапсырма: қызыл бантигі бар барлық қыздарды тік сызықпен сызу керек.
Екінші тапсырма: қара шашы мен қызыл бантигі бар барлық қыздарды көлденең
сызықтармен сызу керек.
Үшінші тапсырма: қара шашы мен ақ бантигі бар қыздарды қатесіз жəне барынша
тез астын сызып шығу керек.
«Бастандар!»бұйрығы бойынша оқушылар сызуды бастайды да, «Тоқтаңдар!»
бұйрығы бойынша жұмыс тоқтатылып жерге тік сызық қойылады. Содан соң қағаздар
тексеріледі де, 3 тапсырманың нəтижесі бойынша қаралған белгілер саны мен жіберілген
қателер саны есептелінеді. 10-11 қатарды қатесіз қарап шыққандардың жоғарғы нəтиже
көрсеткендігін, ал 8-9 қатарды қатесіз қарап шыққандардың жақсы нəтижесін айтып, ал одан
төмен көрсеткіш көрсеткен оқушыларға барлық істе аса зейінді, асқан байқағыштық таныту
керектігін түсіндіру қажет.
3 «Жасауға тиым салынатын қимылдар»жаттығуы
Мақсат: Балалардың зейінді болуға үйрету
Ойын барысы: Балалар жүргізуші жанында жартылай шеңбер бойына тұрады. Олар
кей қимылдарды жасауға өзара тыйым салуға уəделеседі. Содан соң əуен ырғағымен
жүргізуші түрлі қимылдар көрсетеді де, балалар қайталайды. Жүргізуші ойын барысында
тыйым салынған қимылдарды қайталамаулары керек. Байқамай қайталап қойған бала,
ойыннан шығады.
4 «Броун қозғалысы» (Ю.С.Шевченко 1997)
Мақсаты: зейін бөлуді дамытуға бағытталған ойын.
Мазмұны: барлық балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші тенистің добын бірінен
соң бірін шеңберге жібереді. Балаларға ойын ережесі айтылады: доп шеңбердің сыртына
шықпауы жəне тоқтамауы керек. Оны аяғымен немесе қолдарымен қозғауларына болады.
Егер қатысушылар тапсырманы ойдағыдай орындаса онда қосымша доптар жіберіледі.
Ойынның мағынасы-шеңберде доп санының көп жиналғаны.
Зейінді тұрақтандыруға байланысты 2 кезеңде жүргізілген зерттеу эксперимент
тобындағы 4 оқушыға мұғалім жəне ата-ана тарапынан көңіл аударудың аздығы əсер
еткендігін корсетті. Себебі, зейінді шоғырландыру мен аудару қасиеттерін дамытуға
арналған жаттығулардан кейін оқушылардың байқағыштығын, зер салу қабілетінің,
ынтасының артқандығын бақыладық.
Білім беру үрдісінде зейіннің алатын орны ерекше. Оқыту мен оқуда жетістікке жету,
зерттелетін обьектіге зейін қоюдан басталады. Адамның кез келген мақсатты іс-əрекеті зейін
арқылы жүзеге асады. Зейіннің келесі түрлері бар; ырықсыз (еріксіз), ырықты (ерікті) жəне
үйреншікті зейін. Еріксіз зейін адамның мақсатынсыз-ақ сана заттар мен құбылыстарға
бағытталады. Ерікті зейін мақсатты іс-əрекеттерді орындаумен байланысты.
Зерттеу жұмыстарын жасай келе, эксперимент тобының оқушыларының
зейінділігінің төмен болуы,зейін шоғырландырулары мен бөлінгіштігіне сəйкес жаттығу
жұмыстарына назар аударылмауында деген қортындыға келдік. Сондықтан мұғалімдер мен
ата-аналарға (кеңес-нұсқау № 3 қосымша) оқушының ынтасы мен зейінін дамытуға сəйкесті
ұсыныстарды ұсынамыз:
1.
Бірінші сыныптан бастап оқушыларды зейінділікке əдеттендіру, оларда
зейіннің жоғары түрлерін дамыту естен шықпайтын болсын.Бұл жөнінде К.Д.Ушинский
былай деген: «Балаға оқуды қызықты өте білу керек жəне сонымен қатар, оларды
қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл
жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз
28
зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан, оны
жаттықтырып отыру керек».
2.
Бүкіл сыныпқа не жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар дəл, анық, қысқа
болып келсін.
3.
Бала қайда жүрсе де (мектепте, үйде, далада) байқағыштыққа тəрбиеленуі тиіс.
(«Зейінділікке машықтану» кестесін пайдалануға болады).
4.
Зейінді күшті жəне тұрақты ететін құбылыстың бірі–ерік. Сондықтан зейін
тəрбиесін ерік тəрбиесімен ұштастырып отыру қажет.
5.
Төменгі сынып оқушыларының жүйке жүйесінің əлде де болса, «қатая»
қоймағандығы еске алынған. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз жалықтырмау,
ауыр, жеңілдігі əр түрлі пəндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа сай орналастыру секілді
мəселелер де зейін тəрбиесіне қатысы бар шаралар.
Бастауыш сынып оқушысы нақты нені үйреніп, нені есте сақтауды білмеуі мүмкін.
Жоғарғы сыныпқа барған сайын бұл қиындық арта береді, себебі есте сақтауға
қажетті ақпараттар көбейеді жəне түрленіп отырады.
Баланың зейінін тұрақтандырудың тиімді əдісі есте сақтауға байланысты түрлі
жаттығу ойындары. Жұмбақтар, жаңылтпаштар, жасырын сөздер т.б.
Біздің барлық психикалық өмірімізде зейін үнемі орын алып отырады. Сондықтан
зейін сапасының жақсы болуы – адамның барлық ісінің табысты болып орындалуының
міндетті шарты.
Жақсы зейіннің бірінші шарты – адамның кең жəне тұрақты түрде қызығушылығы.
Зейіннің қайсысы болса да қызықтылыққа байланысты екені бізге мəлім. Ырықсыз зейін іске
тікелкей қызығудан болады, ал ырықты зейін əрекет нəтижесіне дəнекерлі жанама қызығуға
байланысты, ал ештенеге əуестеніп қызықпайтын адам Хлестаков(«Ревизор») зейіннің
дəрежесінен аса алмақ емес.
Екіншішарты, зейін дамыту үшін, адам əр уақытта қандай нəрсеге болса да зейін
тұрақтата алуға өзін дағдыландыра білу қажет. Зейін өзінің дегеніңе көнетін құралын
болсын. Адамның иесі зейін емес, зейіннің иесі адам болуы керек.
Зейінді тəрбиелеудің үшінші шарты – өзінді жағымсыз жағдайда да істеуге
дағдыландыру. Көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштермен күресуге əдеттенудің
арқасында адам өзінің зейінің шынықтырып, оны мықты жəне шыдамды етеді.
Төртінші шарт – еш уақытта зейін салмай жұмыс істеу керек емес. Абайсыз,
байқаусыз істейтін адам алаңғасар болып кетеді.
Ең ақырында, соңғы шарт – адам өз зейінің өзгешеліктерін оның мықты жəне нашар
жақтарын мүмкіндігінше жақсы білсін. Зейіннің кемістіктерін толық жою үшін, адам өзімен-
өзі көп жұмыс істеуі керек. Бірақ əуелі ол кемістіктерді тауып алмай, бұл жұмысқа кірісуге
болмайды.
Пайдаланған əдебиеттер:
1. Намазбаева Ж.И. «Психология» Алматы 2005 ж., 290 б.
2. Алдамұратов А. «Жалпы психология» 1996 ж., 213 б.
3. Тəжібаев Т. «Жалпы психология» 1993 ж., 238 б.
4. Қоянбаев Ж, Қоянбаев Р «Педагогика» Астана 1998 ж., 260 б.
5. Зимняя И.А. «Педагогикалық психология» Алматы 2005 ж., 429 б.
6. Жарықбаев Қ. «Психология» Алматы 2002 ж., 266 б.
Достарыңызбен бөлісу: |