4. Ақуыз терапиясына альтернативті жаңа технологияларды
медицинада қолданудың мүмкіндіктері
114
Протеомика
ғылымының
дамуы
генетикалық
материалдармен
манипуляциялар жасаудан өзгешелеу болып келетін, ақуыздармен осындай
жұмыстар жасау мүмкіндігіне қол жеткізді. Кейбір аурулар аномальді ақуыздардың
жиналуы нəтижесінде пайда болады. Ғалымдар қазір кемшілігі бар ақуыздарды
дұрыс жұмыс істету амалдарын немесе “жаман” ақуыздардың өздерінің
мақсаттарына жете алмауын қамтамасыз ететін əдістерді табу бағытында жұмыс
жүргізіп жатыр.
Терапиялық мəні бар ақуыздардың жаңа бағыты аптамер деп аталатын
кішкентай молекулалармен тығыз байланысты.
Аптамерлер – ағзада тұрақты түрде сақталатын жəне спецификалық нысана –
ақуыздарымен
тіркесе
байланысқан, өз
ретімен
орналасқан
бірнеше
нуклеотидтерден ғана тұратын бір үзікті (цепті) кішкене олигонуклеотидтер. Бұл
молекулалар моноклональді антиденелер сияқты өзіндік (спецификалық) болуы
себепті, иммундық жауап реакциясын қоздырмайды.
Аптамерлерді медицинада қолданудың көптеген мүмкіндіктері зерттелуде.
Мысал ретінде OSI Eyetech компаниясы жасап жатқан қартайған ағзадағы сары
дененің дегенгерациясы нəтижесінде қалыптасатын “сулы” формадағы ауруды
емдейтін Macugen дəрмегін айтуға болады.
Сонымен бірге шпигельмерлердің табылуы да үлкен талпыныс тудырады.
Шпигельмерлер – қалыпты D- формалы аптамерлердің дəл өзіне ұқсас, бірақ
кішкетай L-формалы көшірмесі деп айтуға болады. Қалыпты D-формалы
аптамерлер бүйректерде тез ыдырайды. Дəл сондай L-формалары рецепторлармен
танылмай қалуы себепті, олардың ағзадаға өмір сүру мезгілдері айтарлықтай
ұзарады. Егерде аптамерлердің спецификалық əрекеті мен қысқа өмір сүру
мəселелерін шешетін болсақ, оларды моноклональді антидене ретінде көптеген
ауруларды емдеу мақсатында пайдалануға болар еді жəне бұл арзанға түседі.
4.1 Ақуыз терапиясы жəне ақуыздардың қате фолдингі
Ақуыздар метаболизмі бағытындағы жаңа ізденістер, адам ағзасындағы
ақуыздардың аномальді, өздерінің қызметтерін дұрыс атқара алмайтын түрлерінің
синтезделуі нəтижесінде метаболизм үдерістерінің бұзылуы себебінен жасуша
құрамында ақуыз қалдықтары көп жиналатын ауру түрлерімен күресудің тың
əдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осындай ауру түрлеріне Альцгеймер
ауруына себепкер болатын адамдардың ми жасушалары құрамында кездесетін
ақуыздардың аномальді түрлері – ұзын əрі жабысқақ амилоидты талшықтары жəне
жанұялық амилоидозды полиневропатия науқасына алып келетін заты (құрылымы)
өзгеріске ұшыраған транстиретин ақуызы жатады.
Осы бағытта жақында жүргізілген зерттеулер мұндай қадамның үлкен
мүмкіндіктері бар екендігін көрсеткен. Ғалымдар гипогонадотропты гипогонадизм
дертімен науқас адамдардың гонадолиберин рецепторларын зерттеген. Бұл аурумен
науқастанған адамдар тестестерон гормондарының кем бөлінуімен ерекшеленеді.
Науқас адамда гонадолиберин рецепторларының бөлінуі бұзылғаны анықталған.
Ғалымдар мұны науқас адамға гонадолиберинді егу нəтижесінде оның жағдайының
ешқандай жақсармауынан байқаған. Біздерге ақуыздарда болатын белгілік реттердің
115
(сигнальная последовательность) оларды қажетті нүктеге бағыттап тұруы үшін
керек екені белгілі. Қалыпты жағдайда гонадолиберин плазмалеммаға
тасымалданып шырышты модулятормен қосылуы керек. Кейін модулятор ақуызды
плазмалеммаға бекітеді. Гонадолибериннің неге жұмыс істемейтінін анықтау
мақсатында, пациенттің жасуша культурасы пайдаланылды. Зерттеушілер
секреторлық реттеуші гендерді гонадолиберин кодына жауап беретін геномға қосса,
рецептордың жақсы жұмыс істейтіні анықталған. Рецептордың дұрыс жұмыс
істейтініне көз жеткізгенмен, ақуыз фолдингі бұзылған деп тұжырымдаған ғалымдар
əдейі құрастырылған кішкене пептид арқылы гонадолиберин рецепторымен
байланыс орнатуды ойлайды. Бұл жерде біз көптеген ғылыми ізденістер
нəтижелерінің болжамсыз болатынын айтқымыз келеді. Бірақ, таңданысқа орай,
жаңағы кішкентай пептид жасушаға өтіп, ақуыз синтезі болып жатқан кезеңінде осы
ақуыздың рецепторымен байланысып, ондағы фолдингтің дұрыс өтуіне ат салысқан.
Мұнда фолдингтің модуляторлары болып есептелетін – шаперондар көбінесе
спицификалық емес, сондықтан олардың негізгі міндеттері ақуыздардың
гидрофобты үлескілерімен байланысу еді. Теория бойынша ақуыздың гидрофобты
ауданына жауап бере алатын қандай болмасын молекула, оның фолдингін
модуляциялай беруі тиіс. Зерттеушілер осындай мақсатта көптеген ұқсас қасиетті,
атап айтқанда жасушаға еркін кіруі үшін кішкене көлемді жəне ақуыздың
гидрофобты үлескілеріне жақсы байланысатын молекулаларды пайдаланып көрді.
Соның нəтижесінде ғалымдар кейбір молекулалардың фолдингтің дұрыс өтуіне
ықпал ететінін анықтаған. Бұл нəтижелер арнайы өсірілген жасуша культурасында
алынған еді. Зерттеулердің нəтижелері көптеген ауруларды, атап айтқанда кистозды
фибриоз, пигментозды ретинит жəне жүйелі амилоидоз сиқты науқастарды емдеуде
пайдалы болуы мүмкін. Осыған ұқсас əдістер арқылы Альцгеймер, прионды кеселі,
Паркинсон ауруы жəне орақ-жасушалы анемия (серповидно-клеточная анемия)
ауруларының алдын алуға болады деген жорамалдар жасалуда.
Адам ағзасында фолдингтің қате жүруі нəтижесінде туындайтын ауруларды
емдеу, немесе биоинженерлі өндіріс жүйелерінде фолдингтің дұрыс жүруін
қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға болатын көптеген заттар бар. Сондықтан,
көп мөлшерде потенциалы бар пайдалы молекулаларды тез зерттеу əдістерін жасау,
əсіресе аптамерлерді анықтау бағытына, қазіргі кезде көптеген қаржылар
жұмсалуда.
4.2 Рибозимдерді вирустық инфекция мен ісік ауруын емдеуде қолдану
Рибозимдер деп – спецификалық комплементарлық мРНҚ байланысқаннан
кейін олардан спецификалық үлескілер ала алатын ферменттік белсенділігі бар РНҚ
айтылады. Бұл РНҚ үзіктерінің синтезі əдістемелері (басқаша атауы
олигорибонуклеотидтік үзіктер) жақсы үйренілген. Қазір мРНК-ның қажетті
үлескілерін кесіп ала алатын рибозимдерді құрастыру жолға қойылған.
Қарсы мағыналы (антисмысловой) технологияларға ұқсас, рибозимдер
вирусты инфекцияларын емдеуде де қолданыла алады. Қазір вирус геномынан
тасымалданған мРНҚ-на қарсы тұратын рибозимдерді құрастыру мүмкін болды.
Мысалы, коделейтін гендері бар плазмидтер инфекцияланған жасушаға
116
ендірілгеннен кейінгі болатын əрекеттерін, рибозимдердің вирус гепатитінің мРНҚ-
на əсер етуі ретінде жасуша культурасында Вх гепатитінің спецификалық реакциясы
негізінде көрнекі түрде көрсетуге болады. Осындай жүйелерді қарапайым герпес
вирусына қарсы қолдану да тиімді екендігін көрсеткен.
Рибозимдерді қолданудың басқа да потенциалды аумағы – ісік ауруын емдеу
екендігін айта аламыз. Ісік жасушаларының емдік дəрілерге қарсы тұруын
қамтамасыз ететін ақуыздар класын АВМ антивакцина мағыналы (АВС,
антивакцина смысловой)-транспортерлер деп атайды. Сондықтан, АВС-ақуыздарын
коделейтін мРНҚ-ын бөлшектеуге бағытталған рибозимдерді ендіру, ісік
жасушаларының дəрінің əсеріне сезімталдығын арттырады. Бұл əдісті дəрілердің
əсеріне өте қарсы тұра алатын бауыр ісігі жасушаларына тексеру жұмыстары
жүргізілген болатын. Мұнда бауыр ісігі жасушасының культурасына рибозимдерді
коделейтін ген жіберілген еді. Нəтижесінде, аталған жасушаларда АВС-
ақуыздарының синтезін қамтамасыз ететін гендердің экспрессиясы төмендеп,
химиотерапия дəрілерінің бірі болып табылатын эпирубуцинге деген сезімталдығы
артқан. Дəл осыған ұқсас нəтиже сүт безінің ісік ауруында кездесетін, дəрілерге
шыдамды жасушаларды синтездеуге жауап беретін ақуыздарға қарсы қолдану
нəтижесінде де байқалған. Бірақ та мұнда, культурада өсірілетін жасушаларды
сынау мен ісік ауруын емдеу арасында үлкен айырмашылық бар екендігін айта
кеткен жөн.
Теломерлер хромосомалардың ұштарының жасушалық ферменттермен
бұзылуынан қорғайды. Қалыпты жағдайда хромосомалардың екі еселенуі кезінде
теломерлердің ұзындығы біршама қысқарады. Болжам бойынша, бұл үдеріс
жасушалардың қартайып, өлу кезеңдерімен байланысты делінеді. Ісік
жасушаларында болса, теломераза деп аталатын фермент, теломерлерге жүйелілікті
қамтамасыз етуі арқылы, оларды өлмейтін етеді. Зертханалық жағдайда ісік
жасушаларындағы теломеразалардың белсенділігін арттыратын рибозимдер бөлініп
алынған. Рибозимдерді қалыпты жағдайда қарапайым жасушалардың өлімін
тудыратын апоптозды ақуыздарды қуаттайтын, сюрвивана (survivan) ісік
жасушаларына қарсы қолдануға болады.
Рибозимдерді терапевтік мақсатта пайдаланудың негізгі қиындығы, олардың
жасушаға түсуінің жай жүруі мен қажетті сайтқа қиын жеткізілуі. Осындай
кемшіліктердің болуы оларды ісік жасушаларына жеткізуде қиыншылық туғызуы
жəне зиянды жанама əсер тигізулері мүмкін деген күдік ұялатады. Сондықтан
рибозимдер медициналық мақсатта қолданылуда сенім үрдісінен шыға алмады.
Мысалы, АҚШ дəрмектер мен дəрілер сапасын қадағалау Басқармасы (FDA)
жақында Genta жəне Aventis компаниялары жасап шығарған антимағыналы
(антисмысловой) технологияны қолдануға негізделген Genasene дəрмегін
созылмалы ісік меланомасын емдеу үшін қолдануға рұқсат бермеген. Мұның басты
себебі клиникалық сынақ нəтижелерінің күмəн туғызуы еді.
Бірақ та, қазіргі кезде, клиникалық сынақтардан өтіп жатқан рибозимдер
арқылы емдеудің бірнеше əдістері жақсы нəтиже береді деген үмітті ұялатады.
Мысалы, қазіргі кезде құрылымы «балға басына» ұқсас болып келетін рибозимдерді,
тоқ ішегінің метастикалық созылмалы ісік ауруындағы эндотелиальді өсу факторы
117
рецепторына жəне адамның эпидермиальді өсу факторы-2 қарсы қолдану бойынша
зертханалық-клиникалық сынақ жұмыстары жүргізілуде.
4.3 Адам эмбрионының ДНҚ реттілігін анықтау
Іште дамып келе жатқан сəбидің ДНҚ-да мутациялық өзгерістердің бар немесе
жоқ екендігін анықтау мүмкіндігінің туылуы ғажап емес. Мысалы, жақын аралықта
жатырда жатқан шарананың хромосомаларын анықтау əдістеріне қол жеткізілген
болатын. Мұндай жолмен аминоцентез деп аталатын үдеріс арқылы (шарана
көбігінің пункциясы), жатырдағы амниотикалық суы мен шарана жасушасынан
кариотиптерін анықтау мақсатында сынамалар (пункция) алынады. Бұл үдеріс ата-
аналарына өздерінің іштегі дамып келе жатқан ұрпақтары жөнінде қайсібір
генетикалық мəліметтер, мысалы Даун ауруының синдромдарының бар немесе жоқ
екендігін, немесе сəбидің жынысын анықтау сияқты сұрақтарға жауап алуға
мүмкіндік береді. ДНҚ- сынамасын пайдалану нəтижелері мəліметтер алу көзін
ұлғайтты, соның ішінде гендік кемістіктер жөнінде ақпарат алу мүмкіндігі де пайда
болды. Соңғы кездері осындай əдіспен адамдар арасында салыстырмалы түрде жиі
кездесетін генетикалық ауытқуларды, мысалы кистозды фиброз ауруын түстеп-
тануға мүмкіндік туылған.
Неғұрлым осындай жолмен көп сынамалар алу мүмкін болса, солғұрлым енді
дамып келе жатқан шарананың генетикалық ерекшеліктері жөнінде толықтай
мағлұмат жинауға болады. Бұл технологияны пайдаланып, əлі туылмаған баладағы
болатын ауруды алдын ала анықтаудың ең ыңғайлы жолы – қолдан ұрықтандыру
арқылы алынған зиготалық əдіс деп танылады. Өйткені, ана жатырында жатқан
шаранадан ештеңемен ластанбаған таза ДНҚ үлгісін алу өте қиын шаруа. Теория
бойынша, болашақ ата-аналар осындай жолмен қолдан ұрықтандырылу əдісімен
дайындалған зиготалар ішінен, генетикалық жағынан мутацияларға ұшырамаған,
аурулардан таза зиготаларын имплантация үшін таңдап алулары мүмкін. Əрине,
табиғаттың заңы бойынша болашақ ұрпақтардың басым бөлігі қалыптасқан жолмен
дүниеге əкелінеді. Бірақ та, генетикалық жағынан тұқым қуалайтын аурулары бар
ата-аналар үшін, қолдан ұрықтандыру мен ДНҚ сараптамасын жасау – аса
қызығушылықты тудырады. Ал енді жекелеген индивидтер үшін толықтай ДНҚ
синтезін жасау мүмкіндігінің ауылы əлі алыста.
4.4 Гендегі мутацияларды анықтау
Болашақта генердің орналасу тəртібін анықтаудың жаңа əдістерінің ашылуы,
ағзада кездесетін мутантты гендерді анықтауға жағдай жасайды. Бұл əдістер арқылы
қатерлі ісік ауруларын алдын ала диагностикалау мүмкіндігі туылады. Қалыпты
жасушаларда осы жасушалардың өсуін қадағалайтын ақуыздардың кодтарына жауап
беретін арнайы гендер болады. Қатерлі ісік ауруларында бұл гендер өте жоғары
дəрежеде мутациялық өзгерістерге ие болады. Қалыпты гендер ісік ауруларының
дамуын басу ерекшеліктеріне (ісіктердің супрессорлық гендері) ие екендіктері
белгілі. Егерде осындай қалыпты гендер мутациялық өзгерістерге ұшыраса, олар
онкогенді немесе ісіктердің өсуін шақыратын гендер бола бастайды, өйткені ісік
118
жасушаларының үздіксіз өсіп-көбеюін қадағалап, басқара алмайтын болады.
Арнайы бағытталған гендердегі мутациялық өзгерістерді анықтау, генетикалық
материалдардағы болатын өзгерістердің табиғатын танып, ісік ауруына алып келу
себептерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Құрылымы өзгеріске ұшыраған гендерді
тез тауып алу əдістемелерін меңгеру, адам популяцияларына скрининг (зерттеу,
сараптау) жүргізу барысында, ісікке бейім тұрған ұлпаларды алдын ала анықтап,
профилактикалық шаралар қолдануға мүмкіндік тудырады.
4.5 Бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар ДНҚ-ын анықтау
ДНҚ- сараптамасы əртүрлі патогендерді анықтаудың өте сезімтал əдістесмесі
болып табылады. Бұл əдісті қолдану келесі негізгі жағдайларға байланысты:
1. Патогенннің геномын білу.
2. Өте аз көлемдегі генетикалық материалдарды ПТР-да амплификациялау
технологиясын меңгеру.
Белгілі бір патогенге лайықты антидене қажет ететін ELISA сияқты əдістермен
салыстырғанда, ДНҚ сараптамасы пациент жасушасындағы патогеннің өзіндік ДНҚ
-ын дəл анықтауға мүмкіндік береді. Бұл əдіс бойынша, пациент ДНҚ-ы ПТР
реакциясы арқылы амплификацияланып болған соң, оны патогенді ДНҚ реттілігімен
салыстыру мақсатында сынамаларға қосады (сурет-22).
22-сурет. Патогендердің ДНҚ анықтау
Патоген ДНҚ мен байланысу үшін жасалған сынамаларға флуоресценттік
немесе радиоактивті белгілер сіңіріледі. Бұл əдісті, əсіресе, арнайы өсіру өте қиын
немесе тіпті мүмкін емес патогендерді анықтау үшін қолдануға жақсы.
Сараптаманың осындай түрін пайдалану ғасыр дертіне айналған адамдардың
иммундық жетіспеушілігі (АИЧ немесе орысшасы ВИЧ), Лайма ауруы, өкпе құрты
119
(туберкулез), хламидиоз, вирусты минингит, вирусты сары ауруы (вирусный
гепатит), цитомегалии вирусы сияқты басқа да көптеген кеселдерді емдеуде жақсы
нəтиже береді.
5. Трансгенді хайуандардан алынатын дəрмектік өнімдер
Трансгенді хайуандар дегеніміз – ағзасына жат текті ДНҚ ендірілген тірі жан
иелері. Адамдардың көптеген ақуыздары тек жоғары сатыда дамыған ағзаларда ғана
дұрыс түзіле алады. Сондықтан ақуыз синтездейтін қандай да бір түр неғұрлым
Homo sapiens-ке жақын туыс болған сайын, солғұрлым ақуыз «дұрыс» түзілетіні
белгілі болды. Генді хайуандар жасушасына ақуыз өндіру мақсатымен бірге, оларды
қанға бөлу қызметінде атқара алатындай етіп дұрыс кіргізу əдістерін меңгерудің
нəтижелері, трансгенді хайуандар жасап шығаруға қол жеткіздірді. Əзірше мұндай
жолмен өндірілген қолданысқа дайын дəрмектер болмағанымен, жақын аралықта
олардың пайда болуы мүмкін деген болжамдар жасалады.
Осындай жолмен жасалған трансгенді тышқан, үй қояндары, шошқа, қой, ешкі
жəне сиырлардың сүтінен, қанынан, несептерінен адамдардың ақуыздары бөлініп
алынған. Қазіргі кезде клиникалық сынақтардан өткізіліп жатқан мұндай
ақуыздардың қатарында қойлардан алынған антитромбин ІІІ пен альфа-
антитрипсин, козамидің құрамдастары, альфа -1 антитрипсин жəне үй қояндарынан
алынған адамның С1 ингибиторы бар. Трансгенді хайуандармен жұмыс істеудің
басты кедергілері – олардың мал топтарын құрып, көбейтуге көп уақытты қажет
ететіндіктерінде. Бірақ та, биодəрмектерді өндірудің басқа да белгілі əдістерімен
салыстырғанда, мұндай жолмен өндірілетін дəрмектерді, құны бойынша бəсекеге
қабілеттілеу деп есептеуге болады. Екінші бір басты кедергі ретінде, трансгенді
хайуандарда өндірілетін кейбір биодəрмектердің, хайуандардың өз ағзасына зиянын
тигізу мүкіндігін айтуға болады.
Аталған кемшіліктерді шығарылатын өнімдердің көлемі жаба алады. Өйткені
салыстырмалы түрде аз санды малдармен жұмыс істеу жəне оларға кететін шығын
көлемін кеміту нəтижесінде, көп мөлшерде жұмыртқа немесе сүт өнімдерін алуға
болады. Бұдан басқа артықшылық, жасуша өсіру əдісімен салыстырғанда алынған
дəрмектің ластану қауіпі азаяды. Мысалы, теория бойынша, Гоше ауыруын емдейтін
дəрмек шығаратын құны 10 млн. долларлық Genzyme фирмасының қондырғысын,
небəрі 12 бас ешкі алмастыруы мүмкін.
Қазіргі нарықтық заманында сүтке айналатын өнімдерге сұраныс артуда.
Соңғы зерттеулер нəтижелеріне қарағанда, осы мақсатта құс жұмыртқалары негізгі
өндіріс көзі бола алады екен. Өйткені тауықтың жетілуі тез жəне күтіп-бағылуы
оңай болуы себепті, дəрмек өндіруге кететін уақыт пен шығын мөлшері азаяды.
Тауықтардың өте жылдам көбеюге қабілеттілігі арқасында, олардан көп мөлшерде
жұмыртқа алу мүмкін. Алынған жұмыртқаларды өте əсерлі дəрмектер жасауға
қолдануға болады. Жұмыртқа құрамындағы ақуыздардың гликолиздену үдерістері,
адам ағзасы ақуыздарынікі сияқты жолмен өтеді.
Осы
мақсатта
тауықтарды
пайдалану
үшін, олардың
геномын
трансформациялаудың ерекше тəсілдерін қолдану қажет. Себебі, ұрықтанған
жұмыртқаны трансформациялау мүмкін емес. Өйткені ұрықтанған жұмыртқаның
120
тауық ағзасындағы жыныс түтікшесі бойымен жылжуына 24-25 сағаттай уақыт
кетеді екен. Сол уақыттың ішінде олар ақуыз жəне қатты жұмыртқа қабығы
(скорлупа) қабаттарымен қапталып үлгереді. Туылған жұмыртқа ішіндегі эмбрион
шамамен, 30-60 мыңдай жасушадан тұрады. Соңғы уақытта бөгде ДНҚ-ын тауық
геномына ендіру əдісі жасалынды. Сондай бір трансперонды қолданып жасаған
тəжірибелер барысында алынған генетикалық материал өте тұрақты болып шыққан
жəне тауық ДНҚ-на сорылу немесе тіркесу қабілеттілігі тиесілі екендігін көрсеткен.
Бұл тəжірибелер, трансгенді тауықтар жұмыртқаларында бөгде ақуыздардың пайда
бола
алатындықтарын
дəлелдеп
берді. Сондықтан, болашақта
тауық
жұмыртқаларынан
рДНҚ-технологиясы
арқылы
дəрмектер
дайындау,
биотехнология саласында еңбек ететін ғалымдар тарапынан зор қызығушылық
тудырады.
6. Трансгенді өсімдіктерден дəрмектік өнімдер дайындау
Трансгенді өсімдіктердің құрамында бөгде ағзаның гені болады. Мұндай
өсімдіктердің құрамына адам гені ендріліп, олар адамдардың ақуызын синтездеуі
мүмкін. Орындалмайтын ғажап дүние болып көрінгенмен, астық жəне бұршақ
тұқымдас, немесе əртүрлі дəн түйнекті өсімдіктерді осындай жолмен
модификациялап, адамдарды емдеу үшін қажетті адам ақуыздарын синтездеуге
мəжбүр етуге болады. Мұндай жолмен алынған дəрмектер өте арзан болуымен
қатар, əртүрлі вирустар жəне пирондармен ластану мүмкіндігі болмауы себепті,
оларды қолдану қауіпті емес. Сонымен бірге оларды сақтау да оңай. Бірақ та бұлар
да кемшіліктен ада емес. Басты кемшілігі ретінде, олардың ағзасында дəрмектің өте
баяу жиналуын айтамыз. Сонымен бірге олар қоршаған ортаға да қауіп төндіруі
мүмкін. Қазіргі кезде биофермер кəсібі заман талабынан туындаған мамандық деп
есептеуге болады.
Осындай жолмен алынған дəрмектердің кейбіреулері қазір сатыла бастаса, E.
Coli синтездейтін асқазан липазасы вакцинасы мен респираторлы- синцитиальды
вирусқа қарсы моноклональды антиденелер сияқтылары жасалыну үстінде.
Биодəрмектер дайындау мақсатында пайдалануға болатын өсімдіктер қатарында
жоңышқа, жертүйнек, мақсары, соя, қант қамысы (тростник) мен қызанақтар
(томаттар) аталады. Crop Tech компаниясы осындай мақсатта дəрмектерді темекі
жапырақтарында синтездеудің əдістерін қарастыруда. Компанияның мəлімдеуінше
аталған өсімдіктерді пайдалану ауткроссинг əсерінің тарқалу мүмкіндігін өте
төмендетуі себепті, қоршаған ортаға аса үлкен қауіп туғызбайды екен. Өйткені
темекі жапырақтары оның гүлдеу кезеңіне жеткізбей жинап алынады. Жəне бір
оңтайлы нəрсе, темекілер өзі туыстас жабайы түрлерімен қатар өсірілмейді.
Ауткроссинг дегеніміз – генетикалық модификацияланған (ГМ) өсімдіктердегі
генетикалық өзгеріске (модификацияға) ұшыраған гендердің жақын маңда өсіп
тұрған жабайы туыстастарына немесе басқа да ауылшаруашылық дақылдарына
кездейсоқ таралуы. Осындай жолмен таралған ауткроссинг, жабайы өсімдіктерде
медициналық биодəрмектерінің синтезделуіне алып келуі мүмкін деген болжамдар
жасалады. Сондықтан мұндай құбылыстың төл табиғатымызға, жалпы қоршаған
121
ортаға тигізер əсері қандай болатыны əлі белгісіз. Бірақ та дəрілік заттар ретінде
олардың сұранысқа ие болатыны сөзсіз.
Биофармацевтік мақсатта жасалған геном, азықтық маңызы бар өсімдіктерге
де еніп кетуі мүмкін. Мұндағы ең қауіп туғызатыны – азықтық дəндерден алынатын
өнім түрлері. Бірақ та дəнді дақылдар басқа жағынан алғанда, атап айтқанда
коммерциялық мақсатта, ең тиімдісі болып есептеледі. Олар өз құрамында көп
мөлшерде ақуыздар мен майларды жинай алады жəне де бұларға терім жұмыстарын
жүргізу де (жинап алу) қиындық тудырмайды. Ең дұрысы, биодəрмектер шығаратын
продуцент өсімдіктері азық ретінде қолданылмайтын, егілген жерге жақын маңда
жабайы түріндегі туыстас өсімдіктері жоқ жəне желмен немесе хайуандармен
тасымалданған жағдайда, өздігінен өсіп-дами алмайтын болғаны жақсы еді.
Осы мақсатта жүгері өсімдігі кең қолданысқа ие болуда. Biolex Therapeytics
компанияларының біреуі жүгеріде адамның моноклональді антиденелерінің
синтезделуін қамтамасыз етіп, енді респираторлы-синцитальді вирусқа, ревматоидті
артрит пен лимфомаға қарсы моноклональді антидене биодəрмектерін алу
бағытында ізденіс жұмыстарын жүргізуде. Prodi Gene компаниясы АҚШ
ауылшаруашылық Департаментінен өсімдіктерде рекомбинантты ақуыздарды
жаппай шығаруға бірінші болып рұқсат алды. Бұл компания биомедициналық
зерттеулерге қажет трипсинді синтездеу мақсатында жүгері өсімдігін кеңінен
қолданады. Бірақ та, жүгері айқас тозаңданатын өсімдіктер қатарына жатуы себепті,
трансгендердің жабайы өсімдіктер популяцияларына өтіп кету қауіпі өте жоғары
келеді.
Клиникалық сынақтан өткізіліп жатқан басқа да дəрмектер қатарында
жүгеріден синтезделіп алынатын, жеуге жарамды жəне көбіне саяхатшылар
шалдығатын бактериалды токсинге қарсы тұратын вакциналар кездеседі. Мұндай
вакциналар дамушы елдердің тұрғындарының қасіреттерін жеңілдетуге көп септігін
тигізетіні анық.
Тропикалық жəне субтропикалық климатты елдер үшін вакцина шығару
мақсатында қолданылатын өсімдік ретінде бананның маңызы зор болуы мүмкін.
Мысалы, қазіргі кезде өздерінің құрамында холера, В -гепатиті мен диарея
вирустарының инактивтелген түрі бар трансгенді банандар шығарылып, сынақтан
өткізілуде. Осындай, құрамында инактивтелген вирустары бар банандарды жеген
адамдар, жоғарыда аты аталған ауруларға қарсы егілген болып шығады.
АҚШ ауылшаруашылық Департаменті (USDA), АҚШ жануарлар мен
өсімдіктер саулығын тексеру инспекциясы Қызметі (APHIS), АҚШ дəрмектер мен
дəрілер сапасын қадағалау Басқармасы (FDA) жəне қоршаған ортаны қорғау
Басқармалары (EPA) ГМ-өсімдіктерін шығару жұмыстарын мұқият қадағалап
отырады. 2003 жылдың тамыз айында жануарлар мен өсімдіктер саулығын тексеру
инспекциясы Қызметі (APHIS) дəрілік немесе өндірістік өнімдер өндіруде
шығаратын ГМ өсімдіктеріне далалық сынақ жұмыстарын жүргізу талаптарын
күшейту туралы шешімге келеді. Бұл шешімнің негізгі мақсаты, азықтық жəне
малазықтық маңызы бар дақылдардың биодəрмектермен ластануына жол бермеу
жəне қоршаған ортаға тигізер залал мөлшерін барынша азайту.
122
Достарыңызбен бөлісу: |