ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата28.12.2016
өлшемі4,09 Mb.
#629
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

Белгілі қызмет атқаратын
табиғи ферменттерді табу
Белсенді жасушадағы
барлық ферменттерді
бөліп алу (яғни қажетті
қызметті белсенді
атқаратын
жасушаларын)
Белсенді жасушадағы
мРНҚ бөліп алу (яғни
қажетті қызметті
белсенді атқаратын
жасушаларын)
Белсенді емес жасушаға
қажетті қызмет
атқарады делінетін
ферментті қосу
Бар ферменттерді
сараптау жəне оларды
қызметтері мен
құрылымдық белгісі
ұқсас ферменттермен
салыстыру
Фермент синтезі үшін
кері транскриптаза мен
кДНҚ пайдалану
Белсенді болған
жасушаларды іріктеп
алу
Іріктеп алынған
ферменттердің қажетті
қызмет
атқаратындығына
тестілеу
Жасуша белсенділігін
қамтамасыз ететін
ферментті анықтау

105
мутагенді  əсерден  кейін өз белсенділігін жақсартса, онда  осы мутацияның  біздерді
қызықтыратын ақуыздың пайда болуына əкеледі деген  қортынды жасауға болады.
Келесі 21-суретте өндірістік мақсатта пайдалануға қажетті жаңа ферменттерді
алудың əдістері жинақталып берілген.
21-сурет. Жаңа биореагенттер мен биофабрикаларын жасау
Бағытты
мутагенез
Гендер рекомбинациясы –
«молекулалық секс»
Белсенді жасушаларды
қолдану
Белгілі жағдайларға
сезімтал жасушалар
популяциясын
пайдалану
Белсенді емес
жасушаларды
қолдану
Белсенді емес, яғни
бізге қажетті қызметі
байқалмайтын
жасушаларды бөліп
алу
Қолайсыз
жағдайлардың əсері
(температура, PH,
улы металдар жəне
т.б.)
Белсенді, яғни
жасушада қажетті
қызмет атқаруы
байқалатын
жасушалар
субпопуляцияларын
бөліп алу
Қажетті ферментті
кодтауға жауап
беретін мутацияға
ұшыратылған ДНҚ
үлескісін анықтау
Тірі қалған
субпопуляцияларын
іріктеу
Бастапқы ДНҚ
тізбегіндегідей
(мутациясы жоқ)
ДНҚ түзу
Зертханалық
жағдайда немесе
генетикалық
модификацияланған
жасушалар арқылы
қажетті ферментті
синтездеу
Тұрақты жасушалар
желісін алу
мақсатында тірі
қалған
популяцияларын
пайдалану
Қажетті фермент
түзу үшін, пайдалы
мутациясы бар ДНҚ
синтездеу жəне оны
тұрақты жасушалар
популяциясына
ендіру немесе
генетикалық
модификацияланған
жасушаларды
пайдалану
Белсенді
жасушалар
ішінен
қажетті
ферменттерді
бөліп алу

106
*Активті  жасушалар  деп  қажетті (қызықтыратын) қызмет  атқаратын
жасушалар айтылады.
Бағытты  мутагенез  əдісі  өндірістік  мақсатта  пайдаланылатын  көптеген
ферменттерді  синтездеу  жұмыстарында  қолданылған. Бірақ  та, өте  күрделі  болып
келетін  ақуыз  құрылымындағы  азғана  өзгерістердің  өзі, олардың  үштік
құрылымындағы  күтілмеген  өзгерістеріне, белсенділігінің, тұрақтылығының
бұзылуына, нəтижесінде  ақуыздың  мүлде  қызмет  атқара  алмауына  алып  келуі
мүмкін. Алайда, өндіріс  үшін  бұл  технологияларды  қолданудан  бас  тарту  мүмкін
емес, өйткені ғалымдар ақуыз түзілімінің амин қышқылдық құрамын азғана өзгерту,
кейбір жағдайларда қажетті реакцияларды өте нəзік жəне дəл жүргізу мүмкіндігіне
алып  келетіндерін  анықтаған  Бұл  ерекшелік  ғалымдарды  осы  бағыттағы  іздену
жұмыстарын əрі қарай қызығушылықпен жүргізулеріне ынталандырады.
Қолдан  жасалатын  мутациядан  басқа, ғалымдар  ақуыздардың  көп  түрлілігін
арттыратын жəне бір əдісті тапқан. Ол зертхана жағдайында қолдан шақырылатын,
тиісті  гендерді  рекомбинациялау  əдісі. Бұл  əдістің  негізінде, əуелі, əр  түрдің
гендерін рекомбинациялау арқылы генетикалық тұрғыдан күтілмеген көп түрлілікті
арттыруға болатыны анықталған.
Бағытты  мутагенез, не  болмаса  гендер  рекомбинациясы  нəтижесінде, қандай
да бір жасушадағы ферменттердің көп түрлілігі қамтамасыз етілгені анықталғаннан
кейін, мұндай жасушалар популяциясы зертханалық жағдайда көбейтіледі. Осындай
жасушаларды  əртүрлі  қолайсыз  жағдайларды  қолдан  тудыру  арқылы  тексерген
кезде, бұлардың  ішінен  тек  қана  құрамында  мұндай  жағдайларда  қажет  болатын
ферменттері  барлары  ғана  тірі  қалады. Осы  əдісті  қолдана  отырып, ғалымдар
металдармен  ластанған, РН  реакцясы  өзгертулеріне, температураға  шыдамды жəне
т.б. факторларға  төзімді  жəне  қажетті  өнімді  мол  өндіре  алатын  жасушаларды
іріктеп  алады. Сондықтан, алынған  жасушалардың  қолайсыз  жағдайларға
тұрақтылығы  мен  жоғары  өнімділіктерінің  қамтамасыз  етілуі, оларды  шығару
жұмыстарына  кеткен  шығынның  толықтай  қайтарылып, экономикалық  тиімділік
көрсеткіштерінің артуына өз əсерін тигізеді.
2.5 Екінші реттік метаболиттер өндірісі
Екінші 
реттік 
метаболиттер 
немесе
идиолиттер 
дегеніміз 

микроорганизмнің  тіршілігіне, өсуіне  қажетсіз  төменгі  молекулалық  қосылыстар.
Олар құрамы бойынша аз мөлшерде синтезделетін таксономиялық топтар жəне бір
химиялық топқа жататын жақын туысты қосылыстар қоспасы болып келеді. Екінші
реттік  метаболиттерге: антибиотиктер, алкалоидтар, өсу  гормондары  жəне
токсиндері 
жатады. Екінші 
реттік 
метаболиттер 
синтездері 
кезінде
микроорганизмдер  бірінші  тез  өсу  сатысынан (тропофаза) өтіп, кейін  өсуінің
бəсеңденуіне  байланысты, идеофазаға  ауысады. Осы  идеофаза  сатыларында
идеолиттер түзіледі.
Антибиотиктер. 
Антибиотиктер 
көбінесе 
микроорганизмдер 
синтезі
нəтижесінде  алынатын  органикалық  қосылыстар  жəне  фармакология  саласында
қолданылатын  дəрмектердің  ең  үлкен  класына  жатады. Олар  белгілі  бір

107
концентрацияда  тиісті  микроорганизмдердің  дамуын  тежеп  немесе  мүлде  құртып
жібере алады.
Бұл  класқа  зең  саңырауқұлақтарына  қарсы  агенттері, ісікке  қарсы  дəрілер  мен
алкалоидтар  жатады. 1945 жылы  Кальари (Сардиния) қаласындағы  гигиена
институтынан Бротзу деген ғалым теңіз суы сынамасынан антибиотиктер синтездей
алатын Cephalosporium acremonium  саңырауқұлақтарын  тапты. Антибиотиктер
ішіндегі  цефалоспорин  С, пеницилиндерге  тұрақты  грамм  оң  бактерияларға  қарсы
тиімділіктерін байқатқан.
Мұндай  дəрмектер  түріне  жəне  оның  қолданылу  мөлшеріне  байланысты,
бактерицидтік немесе бактериостатикалық əсер көрсетуі мүмкін. Бұлардың ішіндегі
ең көп сұранысқа ие болғандары – пенициллин, цефалоспорин мен тетрациклиндер.
Антибиотиктерді  тек  қана  микроорганизмдер  ғана  емес, сонымен  бірге
өсімдіктер  мен  жануарлар  жасушалары  да  синтездей  алады. Өсімдіктерден
алынатын  антибиотиктер фитонцидтер  деп  аталады. Бұлардың  қатарында
сарымсақтан (чеснок) алынатын  хлорелин, томатин, сативин  жəне  пияздан
дайындалатын алин фитонцидтерін атауға болады.
Антибиотиктерді  алудағы  химиялық  синтездер  үдерістерінің  күрделі  болуына
байланысты, олар қымбат болып келеді. Аталған өнімнің биотехнологиялық өндірісі
өнеркəсіптің  экономикалық  тиімді  саласы  болып  табылады. Антибиотиктің  көп
тараған 4-тобы бар:
1) пенициллин;
2) цераласпирин;
3) эритомицин;
4) тетрациклин.
Антибиотиктер өте жоғары биологиялық белсенділікке ие. Мысалы, эритомицин
антибиотигі 001-0,25 мкг/мл  концентрацияда  грамм  оң  бактерияның  өсуін  тежей
алады. Антибиотиктер əртүрлі химиялық қоспалар класына жатады.
Антибиотиктің класификациясы олардың əсер ету механизміне негізделеді. Əсер
ету механизміне байланысты антибиотиктер төмендегідей болып жіктеледі:
1.
Жасушалық  мембрананың  қызметін  бұзатын  антибиотиктер (полиендер,
валимоцин, грамицидин ).
2.
Жасуша  қабырғасының  синтезін  тежейтін  антибиотиктер (пенициллин,
цефалоспарин).
3.
Ақуыз синтезін тежегіштер (тетрациклин).
4.
РНҚ синтезін тежегіштер (гризофульвиндер, канамицин, оливомицин),
5.
ДНҚ синтезін тежегіштер (актиномицин Д, митомицин).
6.
Пурин жəне пиримидин негіздерін тежегіштер (азосерин, сорколизин).
7.
Тыныс алу үдерісінің тежегіштері (олигомицин).
8.
Тотыға-фосфорлануды  тежегіш  антибиотиктер (валиномицин, грамицидин,
колицин).
Қазіргі  кезде  əр  түрлі  микроорганизмдер  культураларынан  алынатын  түрлі
антибиотикалық  заттардың  немесе  олардың  негізі  жартылай  синтетикалық  болып
келетін  дəрмектердің 6000-дай  түрі  зерттелген. Антибиотик  өндірушілері  ретінде
бактериялар, актиномицеттер  мен  саңырауқұлақтарды  пайдалануға  болады.
Мысалы, актиномициттерден антибиотиктердің 3000-ға жуық түрін алады.

108
Көптеген  антибиотиктерге  ауру  тудыратын  бактериялардың  бейімделіп  кетуі
себепті, оларға  қарсы  жаңа  түрлерін  жасап  шығарудың  қиындай  бастауынан, 1960
жылдың  орта  шенінен  бастап  ғалымдар  бұрынғы  антибиотиктердің  құрылымдық
ерекшеліктерін  өзгертіп, модификациялау  жолымен  жүруді  лайық  деп  табады. Бұл
мақсатта төзімді бактериялар ферменттерінің антибиотиктер əсерін инактивациялау
қабілетінен  қорғау  мүмкіндігін  арттыру  арқылы, қажетті  дəрінің  тиімді  əсерін
арттыру  бағытындағы  жұмыстар  жасалына  басталды. Бұл  бағыттағы  басым
зерттеулер  өзінің  құрылымында  төрт  изо-лактамды  шығыршық  түзетін
пенициллиндер  мен  цефалоспориндерге  əсер  етуге  арналды. Осындай  төрт
b-
лактамды  шығыршыққа  метоксильді (СН
3
О) тобын  қосу  нəтижесінде  грамм  теріс
жəне  пенициллинге  төзімді  бактерияларға  қарсы  тиімді  əсер  ететін, құрылымы
бойынша цефалоспориндерге жақын цефамициндердің пайда болуына алып келеді.
Мұндағы  жүретін  жартылай  синтезінің  түпкі  мəні,
b-лактамды  шығыршықтың  бір
тұспалындағы  үзігін, ферментация  əсерімен  молекеулада  алынған  басқа  түрімен
химиялық  əдіс  арқылы  алмастыру  болып  табылады. Негізнен  цефамициндер  жəне
пенициллиндерге  қарсы  төзімділік  көптеген  бактериялар, актиномицеттер,
цианобактериялар  мен  ашытқылардың  құрамында  кездесетін  изо-лактамаза  деп
аталатын  ферменттердің  болуына  байланысты. Мұндай  ферменттерді  кодтайтын
гендердің  плазмидтер  құрамында  болуы  себепті, плазмидтерді  бір  бактериалды
штамдардан  басқасына  тасымалдағанда, бастапқы  төзімділік  ерекшеліктері  де  қоса
беріледі.
«Мерк, Шарп  жəне  Доум» фирмасының  ғалымдары Streptomyces cattleya
тобының  бактериялары  синетездейтін  жəне
b-лактамды  антибиотиктердің  жаңа
класына  жататын  тиенамицин  алған. Тиенамициндер  грамм  оң  жəне  грамм  теріс
бактерияларына  қарсы  өте  тиімді  жəне  изо-лактамазасы  түзілуіне  жағдай  жасауы
себепті, бұл 
антибиотиктердің 
мүмкіндіктері  арта  түседі.
b-лактамаза
ингибаторлары  қатарына  ағылшындық «Бичем» фармацевтік  компаниясының
зерттеушілері  анықтаған  клавулан  жəне  оливан  қышқылдары  да  жатады. Бұл
компания  амоксициллин  жəне  клавулан  қышқылдарының
b-лактамы  антибиотик
комбинациясынан құрылған аугментин деп аталатын жаңа антибиотик дəрісін жасап
шығарған.
Антибиотиктер 10-30 өнімді  гендерінің  өзара  əрекеттері  нəтижесінде  бөлініп
шығуы  себепті, жабайы  түрлеріндегі  бір  литрге  бірнеше  миллиграмдар  ғана
бөлінетін  өкілдерінің  қайсібірінің  мутацияға  ұшырауы  себепті 20 г/л  жəне  одан  да
көп  антибиотиктер  өндіре  алатын  өнеркəсіптік Penicillium chrysogenum  жəне
Streptomyces auerofaclens  штаммдары  түріне  айналдыратын  жекелеген  өзгерістерін
бірден  анықтау  мүмкін  болмайды. Мұндай  жоғары  өнімді  штаммдар, кезегімен
өткізілген  мутагенез  жəне  тұрақты  түрде  жүргізілген  сұрыптау  жұмыстары
нəтижесінде  алынған  болатын. Бағытты  түрде  жүргізілген  мутациялар  арқасында
жаңа  қосалқы  метаболиттер, атап  айтқанда 6-диметилхлортетрациклин  жəне 6-
диметилтетрациклиндер алынған болатын. Белгілі бір мутанттар, мысалы идиотроф
деп аталатындары, антибиотиктерінің жарты молекуласын ғана синтездей алса, орта
олардың екінші жартысымен байытылуы қажет. Мутациялық биосинтездің осындай
формасы  антибиотиктердің  жаңа, белгісіз  аминоциклитольды  тобына  жататын
бастамаларын ашуға мүмкіндік берді.

109
3. Рекомбинантты ДНҚ өнімдерінің медицинада қолданылуы
Биотехнологияның  медицинададағы  ең  үлкен  жетістіктері – рекомбинантты
ДНҚ (рДНҚ) байланысты  орын  алды. рДНҚ-технологиясы  арқылы  адам
ағзасындағы  ақуыздардың  кодтарына  жауап  беретін  гендерді, бактерия
жасушасының, ашытқы  саңырауқұлақтарының  жəне  сүтқоректілердің  геномына
бекітуге мүмкіндік туылды. Осындай тəсілмен реципиент жасушасын адам ағзасына
қажетті ақуыз синтезін жасауға бағыттауға болатыны анықталды.
1972 ж. Стэнфорд  университетінің  ғалымы  Пол  Берг (Paul Berg) алғаш  рет
рДНҚ алуға қол жеткізді. Содан он жыл өткеннен кейін Эли Лили (Eli Lily) адамның
алғашқы рекомбинантты ақуызы – инсулинді алған болатын. Мұнан кейінгі 20 жыл
ішінде  рДНҚ-технологиясының  алға  қарай  дамығаны  соншалық, қазіргі  кезде
рДНҚ-өнімдері  адамдардың  əртүрлі  ауруларын  емдеу  мақсатында  кеңінен
қолданысқа  ие  болды. Қазіргі  кезде  медицинада 70-тен  аса  рДНҚ-өнімдері  дəрі
ретінде сатылса, 80-нен аса түрі клиникалық сынаулардан өтуде.
6-кесте. рДНК- технологиясы өнімдеріне жататын дəрмектер.
Өнім аттары
Атқаратын қызметтері
Альфа -интерферон
Созылмалы  С-гепатиті, жүндес  жасушалар
лейкозы, созылмалы гранулематоз, склероз
Бета- интерферон
Созылмалы  С-гепатиті, жүндес  жасушалар
лейкозы, созылмалы гранулематоз, склероз
Сүйек морфогенезіне əсер ететін
ақуыздар
Сүйектің қалпына келу үрдісін оятады
Кальцитонин
Калцидің сүйекте бекуіне жағдай тудырады
Қанның ұюының ІХ факторы
Гемофилия В
Колония  түзуді  ынталандырушы
фактор
В-лимфоцитінің өсуіне көмектеседі
ДНҚ-аза (пульиозим)
Шырыштың 
бөлінуін 
басады (кистозды
фибриоз)
Өсудің  эпидермиялық  факторы
(EFG)
Зақымданған  тері  қабатын  емдеуге  жағдай
тудырады
Эритропоэтин
Қызыл  қан  жасушаларының  бөлінуіне  жағдай
тудырады
Қанның  ұюының  ҮІІ, ҮІІІ
факторлары
Қанның ұюына көмектеседі
Гамма-интерферон
Созылмалы  С-гепатиті, жүндес  жасушалар
лейкозы, созылмалы гранулематоз, склероз
Глюкоцереброзидаза
Гоше ауруы
Гранулоцитарлы  колония  түзуді
ынталандырушы фактор (G-CSF)
Нейтропения (агранулоцитоз), сүйек  кемігі
миын тасымалдау
Гранулоцитарлы-моноцитарлы
колония  түзуді  ынталандырушы
фактор (GМ-CSF)
Сүйек кемігі миын тасымалдау
В-гепатитіне қарсы вакцина
В-гепатитіне 
қарсы 
иммундық 
жауапты

110
қоздыратын антигендер
Адамның өсу гормоны (НGН)
Сүйектің өсуін қамтамасыз етеді
Инсулин
Сусамырды емдеу
Инсулинтекті өсу факторы (IGF-
1)
Өсуді қамтамасыз етеді
Интерлейкин-2
Иммундық жүйені күшейтеді
Интерлейкин-10
Тромбоцитопенияның профилактикасы
Моноклональды антиденелер
Арнаулы ақуыздар құрылымына əсер етеді:
ісік  ауруының  диагностикасы  мен  емдеуге,
аутосомды ауруларға қолданылады
Плазминогендер
белсендіргіштері (активаторлар)
Тромбтардың сорылып кетуі
Проурокиназа
Қан ұйытпаушы (антикоагулянт)
Релаксин
Босануда 
бұлшық 
еттерінің 
босаңсуын
(релаксация) шақырады
Супероксиддисмутаза
Оттегімен  қамтамасыз етілуінің нашарлауында
бүлінуді азайтады; антиоксидант
Ұлпалық
плазминогендерді
активтеуші (активаза)
Тромбтардың сорылып кетуі
Ісік некрозы факторы (ТNF)
Ісік  жасушаларымен  күреседі; ревматоидты
артрит ауруын емдеуде қолданылады
Кейбір ауруларға қарсы рДНҚ-өнімді дəрілер, мысалы, сусамырды емдеуде –
инсулин көптен бері қолданысқа ие болған. Бірақ та рДНҚ-технологиясы ашылғанға
дейін, мұндай  қажетті  ақуыздарды  тек қана хайуандардан  алатын еді. Атап  айтсақ,
жоғарыда  аталған  инсулин  шошқаның  көкбауырынан  дайындалуы  себепті, оның
мөлшері  көп  болмайтын. Сонымен  бірге  хайуандардың  ақуыздарын  пайдалану,
ағзада  бөгде  заттарға  қарсы  иммундық  жауап  реакциясын  тудыруы  ықтимал  еді.
Жəне  бір  қолайсыз  жағдай, хайуандар  ақуыздарымен  бірге  əртүрлі  қажетсіз  заттар
мен патогенді микрофлораның адам ағзасына түсіп кету қауіпі еді.
Қазіргі  кезде  рДНҚ-технологиясы  арқылы  жасалынған  ақуыздардың
қайсыбіреулері  өте  кең  қолданысқа  ие  болған. Атап  айтсақ, сұранымы  бойынша
алғашқы  екі  орынды  эритропоэтиннің  екі  формасы  алса, үшінші  орында  инсулин
тұрады. рДНҚ-технологиясы  өнімдері – эритропоэтиндер, интерферондар  мен
инсулин 2001-2003 жылдардағы  барлық  сатылған  осындай  өнімдердің 60 пайызын
құраған. Соңғы  кездерде  алынған  адам  ақуыздары  белгілі  бір  ауруларды  емдеуге
бағытталуы  себепті, өте  қымбат  тұрады  жəне  сондықтан  олар  аз  қолданылады.
Қымбат  жəне  қат  дəрмектер  қатарында  сүйектердің  тығыздығы  өте  босап  кеткен
жағдайда емдеуге қолданылатын кальцитонинді айтуға болдады.
7-кесте. Рекомбинантты ДНК- технологиясын қолдана отырып адам
ақуыздарын өндіру мүмкіндіктері
Өндіру əдістері 
Қазіргі
жағдайы
Артықшылық-
тары
Кемшіліктері
Бактерияларда 
Өндіру
Бактерияларды 
Көптеген  ақуыздарды

111
əдістерінің
бастапқы
сатылары
қоректік  ортада
өсіру  оңай  жəне
олар 
көбінесе
ақуыздарды
синтездейді
ақырғы 
сатыдағы
өнімдерге 
дейін
жеткізіп  алу  мүмкін
емес
Ашытқы
жасушаларында
Кең
қолданысқа ие
Синтезделетін
ақуыздары  адам
ағзасы
ақуыздарына
жақынырақ
келеді
Қоректік  ортада  өсіру
бактериялармен
салыстырғанда
қиынырақ; ақуыздарын
алу  үшін  жасушаларын
еріту (лизис) қажет
Сүт
қоректілерінің
жасушаларында
Бірнеше
жағдайларда
қолданылады,
əсіресе
гибридомдар
Синтезделетін
ақуыздары  адам
ағзасы
ақуыздарына
жақынырақ
келеді
Жасушаларын  қоректік
ортада  өсіру  өте  қиын;
вирустар 
немесе
пирондармен  ластану
қауіпі бар
Адамдардың
жасушаларында
Жасалыну
сатысында
Синтезделетін
ақуыздары  адам
ағзасы
ақуыздарындай
Вирустар 
немесе
пирондармен  ластану
қауіпі 
өте 
жоғары;
жасушалары  өте  нəзік;
жасушаларды
өсіру
мүмкін  болуы  үшін
гендік-инженерлік
модификациялау қажет
Жəндіктердің
жасушаларында
Жасалыну
сатысында
Өндіру
мүмкіндіктері
өте жылдам
Жəндіктердің
жасушаларының 
сүт
қоректілерінің
жасушаларынан
айырмашылықтары  өте
көп; өсіру 
əдістері
жасалыну сатысында
Трансгенді
хайуандарда
Əлі 
емдеу
мақсатында
қолданылмаға
нмен, кейбір
өнімдер  бұған
жақын
Жасуша 
өсіру
əдістерін
қолданумен
салыстырғанда
арзанырақ
келеді
Жетілу  уақытына  көп
уақыт 
кетеді;
дəрмектері хайуандарға
зиянды  əсер  тигізуі
мүмкін; вирустар
немесе 
пирондармен
ластану қауіпі бар
Трансгенді
тауықтардың
жұмыртқаларын
-да
Жасалынудың
алғашқы
сатысының
Тез 
жетіледі;
өнімді  алу  оңай;
хайуандар
дəрмектердің
əсерінен
қорғалған
Трансгенді
жұмыртқаларды 
алу
қиын

112
Трансгенді
өсімдіктерде
Кейбір
өнімдері
емдеуде
қолданылады,
басқалары
жасалыну
сатысында
Жасуша 
өсіру
əдістерін
қолдануға
қарағанда
салыстырмалы
түрде
арзанырақ;
трансгенді
хайуандарды
пайдалануға
қарағанда  арзан,
дəрмектері
өсімдіктер  үшін
уытты емес
Трансгендердің
жабайы
популяцияларға
миграциясы
(ауткроссинг);
қоршаған  орта  үшін
қауіпті, əсіресе  оның
ақуыз 
жинақтауға
ыңғайлы 
болып
табылатын дəндері.
Вакциналар  дайындау. Əдетте  вакциналар  ауру  тудыратын  патогенді
микроорганизмдердің  өлтірілген  немесе  шалажансар  күйіндегілері  болып  келетін.
Қазіргі кезде ғалымдар рДНҚ-технологиясы арқылы вакцина дайындау үшін қажетті
ақуыздар жасап шығарған. рДНҚ- технологиясы арқылы синтезделген бұл ақуыздар,
ауру  қоздырушы  патогенді  микроорганизмдердің  қандай  да  бір  қатысуынсызақ,
иммундық  жүйені  сол  патогендерге  қарсы  тұруға  бейімдейді. Соңғы  кездерде
осындай  жолмен  вирустарға  қарсы  қоданылатын  көптеген  əдістерге  патенттер
алынған. Солардың  қатарында  əртүрлі  формадағы  сары  ауруға (гепатит), қышыма,
ВИЧ  инфекциясына, адам  папилломасы  вирусына, өкпе  қабынуына (атипичная
пневмония) жəне де басқа вирустар жатады.
рДНҚ- технологиясы арқылы өкпе құрты ауруына (туберкулез) қарсы вакцина
жасап  шығару  жұмыстарына  да  үлкен  күш  жұмылдыруда. Бұл  ауруға  қарсы  осы
кездерде 
патогендерге 
жақын 
туыс
Bacillus Calmette- Guerin (BCG)
микроорганизмдері  қолданылып  келінген  жəне  олар  əртүрлі  əсер  етуші  еді.
Рекомбинантты  технология BCG  көмегімен  вакцинация  нəтижелерінің  тиімділігін
арттыруы мүмкін деген тұжырым жасалынуда.
3.1 рДНК-технологиясы  арқылы  бактериальды, ашытқы  жəне
сүтқоректілер жасушаларында ақуыздар түзу əдістері
рДНҚ-технологиясы  арқылы  əртүрлі  өнімдерді  көп  мөлшерде  шығару
мүмкіндігі бойынша бактериалды жасушалар алдыңғы орындарда тұрады. Олардың
басты артықшылықтары – қоректік ортада өсіру оңайлау жəне жылдам көбейіп, тез
өсе  алады. Бірақ  та  бактериалды (прокариотты) жасушалардың  мүмкіншіліктері,
эукариотты жасушаларына қарағанда шектеулі болып келеді. Осындай прокариотты
жасушалары атқара алмайтын маңызды қабілеттер қатарына, қанттарды ақуыздарға
қосу (гликолизирование) жəне дисульфидті байланыс орнату жатады. Бұл үдерістер
қалыпты жағдайда адам ағзасындағы ақуыздардың атқаратын қызметтеріндей дұрыс
жүруі үшін қажет. Сондықтан, рДНҚ- технологиясы арқылы алынған кейбір өнімдер
бактериялардан  бөлініп  алынған  соң  да, қосымша  процессингті  қажет  етеді.

113
Мысалы, инсулин дисульфидті байланыспен жалғасқан екі үзіктен (цеп) тұрады. Бұл
қатарлар  прокариотты  жасушаларда  жекелей  синтезделіп, кейіннен  биологиялық
жүйеден сырт жерде қосылады.
Бактериялар  синтездей  алатын  адамдардың  басқа  да  ақуыздары  ішінде
кездесетін  аса  маңызды  проблемалар  қатарына, бактериалды  жүйелерде  олардың
дұрыс құрылмауы (фолдинг) жəне ерімейтін түрдегі агрегациялануы жатады. Жақын
кездерде  ғана  адамдар  ақуызының  дұрыс  түзілуін  қамтамасыз  ете  алады  делінетін
əртүрлі  бактериялардың  мутантты  штаммдары  алынған. Қазір  бактериалды
жасушалардың  орнына жиі-жиі  ашытқы  жасушалары  қолданыла бастады. Бірақ  та,
ашытқы  жасушалары  культураларын  қалыпты  дəрежеде  сақтап  тұру  қымбатқа
түседі  жəне  түзілген  ақуыз  олардың  цитоплазмасында  орналасуы  себепті,
ақуыздарды  қажетке  жарату  барысында  жасушаларда  түгелдей  пайдаланылып
кетеді. Сондықтан, ақуыздардың метаболизмі жөніндегі мəліметтерді неғұрлым көп
білген сайын, соғұрлым ақуыз секрециясын үдету бағытындағы əдістерді жетілдіру
мүмкіндіктері  артатыны  сөзсіз. Мысалы, амин  қышқылының  орналасу  кодын
басқаратын  ген  ендіру, оның  ақуызға  қосылуына  алып  келіп, ақуыздың  бөліну
үдерісін арттыруы мүмкін.
Бұл  мақсатта  сүтқоректілердің  жасушаларын  пайдалану  биохимиялық
жағынан  бактериалды  жасушаларда  кездесетін  кедергілерге  ұрындырмағанымен,
анағұрлым  қымбатқа  түседі. Əдетте  бұл  үшін  СНО-жасушаларын (Сhinese hamster
ovary – қытай  хомягының  аналық  жасушасы) немесе  ВНК-жасушаларын (Baby
hamster kidney- хомяк  баласының  бүйрегі) пайдаланады. Адам  жасушалары
адамдардың  аққуыздарын  өндірудің  жақсы  көзі  болар  еді, бірақ  олар  жасанды
қоректік  орта  жағдайында  өте  нашар  өсетін  болып  шықты. Сондықтан  ғалымдар
жасушалардың өмір сүру мүмкіндіктерін жоғарылату, яғни қажетті ақуыз шығымын
арттыру  мақсатында, адам  жасушаларын  генетикалық  модификациялау  əдістерін
іздестіруде.
Сонымен  бірге  жəндіктердің  жасушаларының  да  көп  мөлшерде  ақуыз
синтездейтіні  белгілі  болды. Олардың  жасушаларының  ерекшеліктері  енді  ғана
анықталуда. Ақуыз  шығымының  өте  көп  болуы  себепті, олар  ақуыз  синтезі
жүйесінің алғы прототипін құру мақсатында басым пайдаланылуы мүмкін.
Ақуыздар  жасаудағы  проблемалармен  бірге, дайындарын  пациентке  қолдану
барысында да қиындықтар кездеседі. Олар химиялық жəне термиялық жағдайларға
өте  сезімтал  келеді. Мысалы, ақуыздарды  ауыз  арқылы  пайдаланғанда, олар  ас
қорыту  мүшелерінде  протеолитикалық  ферменттер  əсерімен  ыдырап  кетеді.
Интактты  ақуыздар  болса, өкпе  немесе  ішектердің  шырышты  қабаттарынан  өте
алмайды. Сондықтан  ақуыздық  терапия  қан  тамырларына  тікелей  егу  арқылы
жүргізілуі қажет. Соңғы ізденістер ақуыздарды гликоль молекулаларымен біріктіру
жəне  ішке  қолдану  үшін  капсулдау  бағытында  жүргізілуде. Мұндай  ізденістер
нəтижелі болған жағдайда, дайын ақуыздардың бағасы да төмендей бастайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет