107 vітара у ортағасырлық диатоникалық халық ладтары


Аралас өлшемдер мен олардың көлем көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата28.12.2016
өлшемі9,17 Mb.
#649
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Аралас өлшемдер мен олардың көлем көрсеткіштері
Əр тектес жай өлшемдер қосылып күрделі аралас өлшемдер 
құратындықтан, оларды анықтайтын көлемдерді күрделі аралас 
көлемдер дейді. Кейде аралас көлемдер деп те атайды. Аралас 
көлемдер жай көлемдер мен күрделі көлемдерге қарағанда едəуір 
сирек кездеседі.
Олардың ең көп қолданылатындары – бес үлесті жəне жеті 
үлесті көлем көрсеткіштері:
5 3 2
4 4 4


+




  немесе  
2 3
5 3 2
4 4
8 8 8




+
+








 немесе  
2 3
8 8


+





40
7 2 2 3
4 4 4 4


+ +




  немесе  
3 2 2
4 4 4


+ +




  немесе 
2 3 2
4 4 4


+ +




7 2 2 3
8 8 8 8


+ +




 немесе  
3 2 2
8 8 8


+ +




 немесе 
2 3 2
8 8 8


+ +




11 3 3 3 3
4 4 4 4 4


+ + +




 немесе 
2 3 3 3
4 4 4 4


+ + +




 т.с.с. 
Аралас көлем көрсеткіштерінің күрделі көлемге қарағанда 
кейбір өзгешеліктері мен сəл-пəл айырмашылықтары бар:
1) аралас көлемнің құрылысы өзін құрап тұрған жай 
көлемдердің жүйелілігіне байланысты, ұя бөлігінің күшті жəне 
біршама үлестерінің алмасуларына əсерін тигізеді;
2) ұя бөлігіндегі күшті үлес пен біршама үлестің жалғасып, 
алмасулары бірқалыпты емес. 
Мысалы: 
а) Бес үлесті көлем көрсеткіштері:
Бірінші жағдайда ұя бөлігінің екпін акценттері біріншімен 
үшінші үлестерге дəл болса, ал екінші жағдайда – бірінші мен 
төртінші үлестерге тура келеді. 
б) Жеті үлестік көлем көрсеткіштері: 
Мұнда, бірінші жағдайда ұя бөлігінің екпін акценттері бірінші, 
төртінші жəне алтыншы үлестерге дəл келсе, екінші жағдайда – 
бірінші, үшінші жəне бесінші үлестерге тəн. 
Ұя бөлігінің құрылысы –  
7 2 3 2
4 4 4 4


+ +




 болып келетін өлшемдер
музыкада көп кездесе бермейді. 
Кейде аралас көлемді құратын жай көлемдердің алмасу рет-
тері бір музыкалық шығарманың ішінде де өзгеріп отыратын 
жағдайлар болады. 

41
Нота таңбаларын оқуға ыңғайлы болу үшін кейде көлемнің 
негізгі белгісінің жанына, жақша ішіне ұя бөлігіндегі көмекші 
жай көлем белгілерінің алмасу түрлерін де көрсетеді: 
Мысалы: 
Кейде ұя бөлігінің ішінде жай көлемді анығырақ көрсету үшін 
ұя бөлігінде үзік-үзік тік сызықтар да қойылады.
Күрделі жəне аралас көлемдердің ұя бөлігіндегі 
ұзақтықтарын топтастыру
Күрделі жəне аралас көлемдердің ұя бөлігіндегі ұзақтықтарын 
топтастырудың ең бірінші заңдылығы – жай көлемдерді бір-бірінен 
бөлу. Ал əр жай көлемінің ішіндегі топтастыру заңдылығы – үлестерді 
бір-бірінен айыру екенін біз жоғарыда айтқанбыз. Сонымен қатар, 
бұл екі көлемнің бір-бірінен өзгешеліктері де бар: күрделі көлем 
біртектес жай көлемнен тұрса, аралас көлем əртүрлі жай көлемдерден 
тұрады. Осыған байланысты күрделі көлемдердің құрамына кіретін 
жай көлемдердің ырғақтық топтары біркелкі болып келеді де, ал ара-
лас көлем – əртүрлі ырғақтық топтардан тұрады.
Жалпы екеуіне де ортақ ерекшелік – егер дыбыс өзінің ұзақ-
тығымен ұя бөлігінен түгелдей орын алса, онда бір нотамен жа-
зылады. Бұл əдіс көбінесе күрделі көлемдерге үйлесімді болып 
келеді. Ал енді осы айтылған ойларға толығырақ көз жеткізу 
үшін төмендегі музыкалық шығармаларды осы тұрғыдан қарап, 
талдау жасап көрейік:
 

42
Ауыспалы өлшемдер
Музыкада бір шығарманың ішінде өлшем өзгереді, демек 
оның көлемі де өзгереді деген сөз. Мұндай өзгерістерді ауыспалы 
көлем деп атаймыз. Ауыспалы көлемдерді халық музыкасынан, 
сол сияқты кəсіпкерлік музыкадан да көптеп кездестіруге болады.
Көлемдердің бірқалыпты жəне бірқалыпты емес – əртүрлі 
алмасулары болады. Бірқалыпты алмасуда ауысатын көлемдер 
музыкалық кілттің жанынан бірінен кейін бірі кезекпен жазылып, 
белгіленеді. Ал бірқалыпты емес алмасуда көлемді шығарманың 
қай жерінде өзгерту керек болса, сол жерге жазылып, белгіленеді. 
Ауыспалы өлшемнің осы екінші түрі іс жүзінде көп кездеседі. 
Бұл сөзімізге мына төмендегі мысалдар дəлел бола алады: 
 
Синкопа
Екпін ерекшелігі – акценттің күшті немесе біршама күшті үлестен 
алдағы əлсіз үлеске ауысуын синкопа деп атаймыз. Сондықтан 
синкопа пайдаланылған музыкада көлемдік жəне өлшемдік екпін 
ерекшеліктері, яғни акценттер біркелкі болмайды. 
Музыкада синкопа жиі кездеседі жəне ол өлшемнің əлсіз үлесі 
келесі күшті үлеспен жалғасқан тұста пайда болады. Осыдан 
келіп акцент осы əлсіз өлшемдік үлеске ауысады. Сондықтан да 
синкопа өзінің күтпеген жерден пайда болуымен де ерекшеленеді. 

43
Синкопаның негізгі екі түрі бар: 1) ұя бөлігінің ішіндегі син-
копа; 2) ұя бөлігінің арасындағы синкопа.
1) Ұя бөлігінің ішіндегі синкопа ұя бөлігінің тым əлсіз үлесінің 
келесі əлсіз үлеске жалғасып, қосылуынан туындайды. 
2) Ұя бөлігінің арасындағы синкопа ұя бөлігінің ақырғы 
əлсіз үлесінің келесі ұядағы күшті үлеспен жалғасып, 
қосылуынан туады. 
Синкопа əр үлестің өзінің ішінде де болуы мүмкін.
 
3) Кейбір синкопаларда əлсіз үлестер өзінен кейінгі күшті 
үлеске қосылмайды. Мұндай жағдайларда күткен үлестік но-
таның орнына үзіліс пайда болады, ал одан кейінгі дыбыс не-
месе бірнеше үндестік дыбыстар (аккордтар) ұя бөлігінің əлсіз 
үлесіндегі екпін ерекшелігі – акцент ретінде қабылданады: 
Кейде синкопалар біреу емес, қатарынан бірнеше ұя бөлігінде 
кездесе береді:
 
а) Ұя бөлігі ішіндегі синкопалар ұя бөлігі арасындағы синко-
памен қатарласып та келеді:
 
Үзілістен кейін пайда болған синкопа ұя бөлігінің ішіндегі не-
месе ұя арасындағы синкопамен қатарласып қолданылады:
 
Нота ұзақтығын ұлғайтып, лига əлсіз үлес пен күшті үлесті қосса 
ғана синкопа пайда болады, ал керісінше болса, синкопа болмайды. 

44
Вокалдық музыкадағы топтастыру
Поэзиямен байланысты бар вокалдық музыкадағы дыбыс 
ұзақтығын топтастыру негіздері өлең буындарының құрылысымен 
байланысты. Бір буынға келетін бір дыбыстың ұзақтығы көрші 
ұзақтықтармен (топқа) қосылмайды. Егер бір буынға бірнеше ды-
быс кірсе, онда олар жалпы тəртіп бойынша бір топ құрады
ұрады.
 
Музыкадағы ұзақтықтарды еркін (шартты) бөлудің 
түрлері
Дыбыс ұзақтығын негізгі, жұптап бөлуден басқа, еркін (шарт-
ты) бөлу түрлері де кездеседі. Мұнда, негізгі
 
ұзақтықтарды (т.с.с.). 
шартты түрде кез келген бөлшектерге бөлуге болады. Мұндай 
еркін бөлудің ең жиі кездесетін түрлеріне төмендегілер жатады: 
Триоль – негізгі ұзақтықтарды екіге бөлудің орнына шартты 
түрде үшке бөледі: 

45
Квинтоль – негізгі ұзақтықты төртке бөлудің орнына шартты 
түрде беске бөледі: 
Секстоль – негізгі ұзақтықты төртке бөлудің орнына шартты 
түрде алтыға бөледі: 
Септоль – негізгі ұзақтықты төртке бөлудің орнына шартты 
түрде жетіге бөледі:
 
Дуоль – жанында нүктесі бар негізгі ұзақтықты үшке бөлудің 
орнына, екіге бөледі:
 
Дуольдің орнына əдеттегідей дəлме-дəл бөлсек, былай бо-
лар еді: Квартоль – жанында нүктесі бар негізгі ұзақтықты үшке 
бөлудің орнына, төртке бөледі:
 
Еркін бөлудің құрамындағы дыбыстардың ұзақтықтарын 
үзіліспен (паузамен) алмастыруға болады: 
Жоғарыдағы негізгі ұзақтықтарды еркін (шартты) бөлудің 
түрлерінен басқа, одан да ұсақ бөлшектерге бөлудің түрлері бо-
лады. Мысалы, кейде кейбір топтар 9, 10, 11 дыбыстардан да 
тұрады, бірақ бұлар сирек кездеседі. 

46
Екпін белгілері (темптер)
Музыкалық шығармалардың жылдамдық қозғалысын екпін 
белгісі темп деп атайды. Екпін шығарманың жалпы табиғатына, 
мəн-мағынасына байланысты болып келеді. Бейнелеуге нақтылы 
бір əсер береді. Екпін белгілері негізгі үш топқа бөлінеді: жай, 
орташа, жылдам.
Музыкада екпінді анықтау үшін негізінен итальян сөздері 
қолданылады. Ұлттық музыкалық мəдениеттің дамуына байла-
нысты, кейінгі кездерде, қазақ композиторлары бұл терминдердің 
орыс тіліндегі, сондай-ақ қазақ тіліндегі баламаларын қолданып 
жүр. Екпін белгілерінің негізгі атаулары төмендегідей (итальян-
ша – қазақша): 
Жай екпіндер
Largo – кең, еркін, жай 
Lento – ақырын, созылыңқы 
Adagіo – жай, маңғаздана 
Grave – ауыр, салмақты, мұңды
Largіetto – кең үнмен; Largo-дан кішкене тезірек 
Орташа екпіндер: 
Andante – сабырмен, асықпай 
Andantіno – Andante-дан кішкене тезірек 
Moderato – орташа, біркелкі 
Sostenuto – ұстамды, байсалды 
Allegretto – Allegro-дан кішкене жайырақ
Allegro moderato – орташа, жылдам 
Жылдам екпіндер
Allegro – тез, жылдам 
Vіvo – шапшаң, тез 
Vіvace – Vіvo-дан да шапшаң 
Presto – өте жылдам 
Prestіssіmo – жоғары дəрежеде жылдам 
Негізгі екпінділік қозғалыстан ауытқыған сəтті дəлірек 
анықтау үшін кейбір көмекші белгілер қолданылады: 
molto – өте 

47
assaі – аса, тіптен
con moto – жігерлі, елгезек 
commodo – ыңғайлы, жайлы 
nontroppo – өте емес 
nontanto – онша емес 
sempre – əруақытта menomosso – азырақ жігерлі mosso – 
көбірек жігерлі. 
Музыкалық шығарманың біртіндеп мəнерлі ойналуы үшін 
 
жалпы қозғалыс мəнерін бірте-бірте тездететін немесе бəсең-
дететін екпіннің көмекші түрлері қолданылады: 
а) Бəсеңдету үшін:
rіtenuto – бірте-бірте іркіп тоқтату 
rіtardando – кешіге 
allargando – кеңейте 
rallentando – бəсеңдете 
ə) Тездету үшін
accelerando – тездете
anіmando – жігерлендіре 
strіngendo – шапшаңдата 
stretto – ықшамдата 
Бастапқы екпін мəнеріне қайта оралу үшін де кейбір белгілер 
қойылады: 
а tempo – бірінші екпінмен 
tempo prіmo – бастапқы екпінмен 
tempo 1(0) – бастапқы екпін 
J’іstesso tempo – сол алдыңғы екпінмен 
Жоғарыда аталған барлық екпіндер музыкада көрсетілген 
сөздің мəніне қарай шамамен шартты түрде қолданылады.
Ал екпіннің дəлдігін арттыра түсу үшін метроном деген 
құрал қолданылады. Бұл аспаптың ішіндегі кең таралғаны – 
өнертапқыш механик Мельцельдің метрономы. Ол мұны 1816 
жылы ойлап тапқан жəне сол жылдары іс жүзінде қолдана 
бастаған. Ал екпіннің метрономикалық көрсеткіштерін алғаш рет 
енгізіп, қолданғандар – Бетховен мен Глинка. Метроном қысқаша 
“М. М” – “Мельцельдің метрономы” деп белгіленеді. 
Метроном өзінің маятнигі мен тілі арқылы қажетті уақыт 

48
өлшемін (минут) көрсетеді. Жылдамдық гирдің жылжымалыта-
сы арқылы реттеледі. Метрономның маятнигі, кəдімгі сағаттың 
механизмі сияқты бұрау арқылы жүргізіледі.
Маятниктің əр қағуы уақыттың өлшем бірлігіне қабылданып, 
берілген өлшем үлесі көлемге сəйкес жартылық нотаға немесе 
төрттікке, сегіздікке, т.с.с. тең болып саналады. Мысалы, шығарма 
басында нота сызығының үстіне d=60 – деген белгі жазылды дейік. 
Бұл гирдің (тіл шеңберінің) 60 цифрында тұрып, маятниктің қағу 
жылдамдығы төрттік үлестің минутына 60 рет соғуына келеді де-
ген сөз. Бұл өлшемнің бірлігі үлестің ұзақтығын көрсетеді, жыл-
дам екпінде – бүтін ұя бөлігінің ұзақтығын білдіреді.
Музыкада екпіннің ерекше маңызы бар. Қандай да бір 
музыкалық образды, нақтылы бір екпіннен бөліп, жеке қарау 
мүмкін емес. Тиісті дұрыс екпінді таңдай білу – орындаушының 
басты міндеті. Композитордың көрсеткен екпінін бұзу – музы-
калық туындыны елеулі түрде бұрмалау болып саналады. Бірақ 
тек метрономның көрсетуімен ғана орындау біржақтылыққа 
ұрындырып, өзіндік орындаушылық шеберлігіне нұқсан келтіруі 
мүмкін. Сондықтан орындаушылық өнерінде де дəлме-дəл 
өлшемнен ауытқу жиі кездесетін жай. 
Дирижерлық ету тəсілдері
Дирижерлық ету дегеніміз – кең мағынада алсақ, хор 
ұжымдары, оркестр жəне басқа да ансамбльдер орындайтын 
музыкалық шығарманы жеке бір маманның басқаруы деген сөз. Ал 
əн салуда немесе сольфеджио сабағында қолдансақ, біріншіден, 
санауды, яғни уақыттың ұзақтығын жəне ұя бөлігі үлестерінің 
алмасуын көрсететін, екіншіден, берілген шығарманың екпінін 
анықтап, белгілейтін тəсіл деп түсінуіміз шарт. 
Дирижерлық ету тəсілдерінің негізінде екі үлестік, үш үлестік 
жəне төрт үлестік қол бұлғау мен көрсету топтары жатады. Олар 
келесі сызбаларда көрсетілген. (Барлық сызбалар тек оң қолмен 
нұсқауға арналған): 
а) Жай екі үлесті көлем – екі рет қол сермеу арқылы 
(бірінші ретте төменге қарай, екінші ретте жоғарыға 
қарай) көрсетіледі. 
Тəсілдің екінші түрі, қол бұлғап көрсетудің бірінші 
түрінен гөрі көрер көзге сүйкімдірек, əрі биязылау болып көрінеді 

49
(Бұл түрі барлық тəсілдерде болады). Өздеріңіз көріп отырғандай, 
тəсілдің басталған жерінен аяқталып бітуі керек. Келесі нұсқаулар 
да сол бірінші нүктеден басталып, сол тұстан аяқталулары керек. 
Келесі нұсқаулар да сол бірінші нүктеден басталып, сол тұстан 
аяқталулары керек. 
ə) Барлық үш үлесті көлемдер 
– қолда үш рет бұлғау арқылы 
көрсетіледі; төменге, оң жаққа жəне 
жоғары қарай: 
б) Төрт үлесті көлемдер 
– қолды төрт рет бұлғау 
арқылы төменге, сол жаққа, 
оң жаққа жəне жоғары қарай 
көрсетіледі: 
в) Алты үлестік көлемдер – қолды алты рет бұлғаумен бері-
леді. Бұл тəсілде төрт үлестік дирижерлік етудің негізі жатыр, тек 
төменге жəне оңға қарай бұлғауды екі рет қайталау керек:
Жылдам екпінде алты үлес-
тік көлем дерді 
66
84
 көрсету үшін 
екі үлестік көлемдегі қимыл үш 
реттен қайта ланады: 
г) Тоғыз үлесті көлем – қолды тоғыз рет бұлғау арқылы көр-
сетіледі. Бұл тəсілде дирижерлік етудің үш үлестік негізі жатыр, 
тек əр қол бұлғау үш еселенеді:
ғ) Он екі үлестік көлемдер – он екі рет қол бұлғау арқылы 
орындалады. Бұл тəсілде төрт  үлестік көлемдік негіз жатыр. 
Дирижерлік қозғалыстың əр бағыты жай көлемнің ұя бөлігіне 
тең. Көлемнің əр қол бұлғауына үш еселенген:
4–937

50
Жылдам екпіндегі он екі үлесті көлемге – төрт үлесті 
көлемдегідей дирижерлік етіледі. 
д) Бес үлесті көлемдер – қолды бес рет бұлғап көрсетумен 
белгіленеді. Бұл тə сіл де төрт үлестік көлемдердің негізі жа тыр, 
мұнда тек не бі рін ші үлес немесе үшінші үлес екі еселенуі тиіс. 
Ол жай көлемдердің орналасуына байланысты:
е) Жеті үлестік көлемдер жеті рет қол бұлғау арқылы кө р-
сетіледі. Бұл тə сілде төрт үлестік көлемнің негізі жатыр. Мұн-
дағы үлестердің екі еселенулері жай көлемдердің өзара орналасу-
ларына байланысты:
Өлшем мен ырғақтың музыкадағы мəні
Өлшем мен ырғақтың музыкадағы мəні өте зор. Немістің 
көрнекті музыканты Ганс Бюловтың “Əуелде ритм (ырғақ) болған” 
деген қағидасы біздің ойымызды нықтай түссе керек. Музыкадағы 

51
өлшем дегеніміз – ырғақтық құрылымдарды тəртіпке келтіретін 
өлшемдік шама. Осыған байланысты музыканың түпнұсқасы 
(тексі) өзінің ішкі мағынасы жағынан бөлінуімен қатар, өлшемдік 
шамасына – тактіге бөлінетініне көзіміз жетті. Сондықтан керекті 
заңдылықтардың жиынтығы белгілі бір көркемдік мақсатта пай-
далану үшін өлшемдік теориясын жете түсініп, меңгеру қажет. 
Өл 
шемдік шаманың заңдылықтарын бұзбай қолданғанда ғана 
жүйе ге түскен ырғақтарды дұрыс санап, орындауға жол ашылады.
Өлшемнің берілгені мен алдын ала белгіленуі жалпы 
өлшемдік формуланы қайталау арқылы айқындалады. Бірақ 
жазбаша дəстүрде аталған формула қайталанбай-ақ танылады. 
Өлшемді авторлық жазу таңбаларымен (графикамен) белгілеуі 
мүмкін (тактілік сызық, тактілік өлшем, т.б.) Өлшем ырғақтық 
формуланың кейбір элементтерін жүйеге түсірумен қатар, 
оның басқа элементтеріне де жол ашады. Мұндай жағдайлар 
халық əндері негізінде пайда болып, олардың өлшемдерін 
сөз құрылысына қарама-қарсы қоймай, керісінше өлшем, сөз 
құрылысының ішінде көрініп, əуеннің жоғары, төмен заңды ал-
масуын қамтамасыз етеді. Өлшем музыкадағы жүйенің негізі 
ретінде оның кəсіби сипат алуы барысында қалыптасты.
Кəсіби өнерде, оның арғы жағында халық музыкасының 
ықпалында болып дамыған өлшем мен ырғақтың өзіндік біре-
гейлігі сонау көне заманнан бастауын алады.
Квантитативтік үлгі ерте замандағы ауызекі дəстүрде пай-
да болған, музыка мен поэзия жəне би өнерін біріктірген синк-
ретикалық өнерге тəн қасиет. Бұған көне замандағы грек өнері, 
Шығыс мəдениеті, орта ғасырдағы Еуропа мəдениеті (трубадур-
лар, труверлер, миннезингерлер, т.с.с.) өз үлестерін қосты. Бұл 
кезеңдерде музыкалық өлшем өзінің тікелей міндетін орындады: 
уақыт өлшемі, такт ішіндегі дыбыс ырғақтарының ұзақтықтарын 
мөлшерлеу, сөздің екпінді жəне екпінсіз буындар үйлесімінің 
біркелкі қайталануы, би қозғалыстарын мөлшерлеу, т.б.
ХVІ-ХVІІ ғ.ғ. музыкалық-акценттік өлшем қалыптасты. Ол 
квантитативтік өлшемге қарағанда қарапайым, оңай, біркелкі бо-
лып келеді. Өлшем шамасы құралып орналаспай, шартты түрде 
тең үлеске бөлінеді. 
Өлшем мен ырғақ туралы мұнша саралап, даму процестерін 
айтып отырғанымыз, қазақ музыкасында (əн-күйінде) өлшеммен 
ырғақ еркін пайда болып, еркін дамыған. А. В. Затаевичтің 

52
“Қазақ халқының 1000 əні” – атты кітабын (жинағын) ашып оты-
рып, өлшем мен ырғақты неше түрлі ауыспалы үлгілерін көріп, 
көзімізді жеткізуімізге болады. Тағы бір айтарымыз: біздің музы-
ка өнеріміздің өлшем мен ырғаққа бай екеніне ешкімнің дауы жоқ. 
Сондықтан да музыка өнерімізді зерттеп, дамыту үшін өлшем мен 
ырғақтың тарихи қалыптасып, ғылыми дамыған түрлерін кəсіби 
деңгейде оқып, меңгерген жөн. Сонда ғана қазақ халық əндері 
мен күйлерінде кездесетін өлшемдер мен ырғақтардың көптеген 
түрлерін талдап, зерттеуге мүмкіндік туады.
Ырғақ тек музыкада ғана емес, жалпы өмір (сөз ырғағы, жүріс 
қозғалысы), еңбек процестерінде кездесіп отырады.
Музыкалық дыбыстың екінші бір қасиеті – ұзақтығы (ырғағы) 
екенін ұмытпай, еске сақтаған жөн. 
Тапсырмалар: 
а) Топтастыруға: көлемдердің барлық түріне 18-20 жаттығу 
беру керек (жазбаша).
б) Осы топтастырылған мысалдарды фортепианода ойнау ке-
рек. 
в) Көлемдерін жазбай шығармалар беру керек (бір дауысты 
14-16; оқушылар көлемін анықтайды).
г) Синкопаға бірнеше мысал шығармалар келтіру керек 
(Оқытушылар анықтайды). 

53
ІІІ  т а р а у
ИНТЕРВАЛДАР (ДЫБЫСАРАЛЫҚТАР)
Интервал (латынша іntervallum – ара, аралық) тура мағы-
насындағы түсінігі қандай болмасын, екі объектінің (кеңіс тікке 
қатысты) немесе екі оқиғаның (уақытқа қатысты) аралығын 
білдіреді. 
Музыкада екі дыбыстың аралығын, яғни биіктігі бойын-
ша орналасқан арақашықтығын 
интервал деп айтамыз. Əннің 
əуеніне құлақ сала тыңдап отырып, оларды қатар келген əр қос 
дыбыстарының арасы əртүрлі қашықтықта тұратынын бай-
қаймыз. Əуен байсалды қоңыр сазбен, бірде кіші интервалдармен 
сырғи жылжыса, енді бірде алшақ үлкен интервалдармен жоғары-
төменгі бағыттарда дамиды. Интервалдың музыкада кездеспейтін 
жері жоқ. Бұл – ең негізгі өлшемдік шама.
Интервалдар 
əуендік жəне гармониялық болып екіге бөлінеді. 
Əуендік интервал деп интервал құратын дыбыстардың бірінен 
кейін бірінің əуенді, сазды биіктікте орналасуын айтамыз. 
Əуендік интервал, дыбыстардың біртіндеп орналасу ретіне орай 
жоғарылау немесе төмендеу бағытында қалыптасады. Интер-
валдың астыңғы дыбысын – интервалдың негізі деп үстіңгі 
биіктіктегі дыбысын – 
интервалдың шыңы деп атайды:
 
Өздеріңіз байқап отырғандай, əуендік интервалды құрып тұр-
ған дыбыстардың аттары қай бағытта болса да өзгермейді.
Гармониялық интервал деп тігінен жазылған екі дыбыстың 
бір уақытта үндесуін айтамыз:
Гармониялық интервал негізінен жоғарғы биіктікке қарай 
жазылады:
 
 
 
 

54
Ноталық станға тігінен жазу мүмкін болмағандықтан, секун-
да интервалының дыбыстары қиғаш (төменнен жоғары) жазыла-
ды, бірақ міндетті түрде бір-біріне жақын (тығыз) жазылуы тиіс. 
(Егер олар үзік-үзік жазылса, онда əуендік интервал деген түсінік 
пайда болады).
Интервал дыбыстарын жазу тəсілдері, əрине ноталық жа-
зуда айрықша көрініс береді. Сондықтан да əуендік интер-
валды гар 
мониялық интервалдан жазылу тəсілдері арқылы 
айыруға болады. Əуендік интервал жоғарыға – негізінен 
шыңына қарай, тө менге – шыңынан негізіне қарай жазылады 
(жоғарыдағы мысалды қара). 
Интервалдың сандық жəне сапалық қасиеттері. 
Жай интервалдар. Диатоникалық интервалдар
Барлық музыкалық интервал сандық жəне сапалық сияқты 
екі қасиетімен өлшеніп, анықталады: кейде оларды интервалдың 
басқыштық жəне тондық өлшемдері деп те атайды. Сандық деп 
интервалдың қанша дыбыстан құралғанын көрсететін қасиетін 
айтады. 
Октаваның ішінде құралған интервалдарды жай интервалдар 
дейміз. Іс жүзінде сегіз жай интервал бар.
Олардың аттары интервалды қамтитын дыбыс санына бай-
ланысты. Интервалдардың аттары латынша реттік сан түрінде 
қолданылады. Бұл рет бойынша төменнен санағанда қандай 
басқыш интервалдың үстіңгі дыбысы екенін белгілейді. Оның 
үстіне, қысқарту үшін интервалдардың цифрлық белгілері 
қолданылады. Төменде барлық жай интервалдар сандық қасиеті 
тұрғысынан беріліп отыр: 
Прима – 1, бірінші (бір биіктіктегі екі дыбыстың дыбыста-
луы).
Секунда –2, екінші. 
Терция – 3, үшінші. 
Кварта –4, төртінші. 
Квинта –5, бесінші. 
Секста –6, алтыншы. 
Септима –7, жетінші. 
Октава –8, сегізінші.
Енді жоғарыдағы қарапайым интервалдардың əрқайсысын 
жеке- 
жеке əңгімелейік. Қарапайым интервалдардың барлығы 
дерлік дыбыс қатарының “до” дыбысынан құралады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет