180
24. Минордың гормоникалық жəне мелодиялық түрлері. То-
нал дықтардың энгорманизмі.
25. Кварто-квинталық шеңбер.
26. Ладтағы интервалдар. Натуралдық мажор мен нату рал дық
минордағы интервалдар.
27. Гармониялық мажор мен гармониялық минордағы интер-
валдар. Айрықша (характерлік) интервалдар.
28. Диатоникалық интервалдардың ладтық шешілімдері.
29. Ортағасырлық диатоникалық халық ладтары. Əртүрлі ха-
лық ладтары.
30. Пентатоника (бес дыбыс).
31. Ауыспалы ладтар. Екі мəрте гармониялық минор.
32. Музыканы құраушы басқы системалар туралы қысқа ша
ма ғлұматтар.
33. Аккорд. Үндестік. Аккордтың түрлері. Трезвучие, олар дың
түрлері жəне белгілері, трезвучиенің айналымдары.
34. Сепаккордтар жəне олардың айналымдары.
35. Нонаккорд. Күрделі аккордтар.
36. Кварталық құрылымдағы аккордтар.
37. Ладтағы аккордтар. Негізгі жəне қосымша трезвучие лер.
Тұ рақсыз трезвучиелердің шешілуі.
38. Ладтағы септаккордтар. Септаккордтардың тартылы
сы,
ше
шілімі. Доминантсептаккорд жəне оның айналымда
рының
тар тылысы, шешілімдері.
39. Кіріспе септаккорд жəне оның айналымдарының тар ты лы-
сы, шешілімдері. Екінші басқыштан құрылған септак корд тың жə-
не оның айналуларының тартылысы, шешілімдері.
40. Кварталық септаккорд тартылысы, шешілімдері.
41. Тондары алмастырылған жəне қосымша тонды аккордтар.
42. Аккордтың құрамына енбейтін дыбыстар.
43. Хроматизм жəне модуляция. Хроматизм жəне оның мəн-
ма ғынасы. Хроматизмнің түрлері. Алтерация.
44. Туысқан тоналдықтар. Хроматикалық гамма жəне оның
жа зылу ережесі. Модуляция-ауытқу-салыстыру.
45. Секвенция. Анықтама. Секвенцияның құрылымы. Секвен-
ция ның түрлері, секвенцияның мəн-мағынасы.
46.Транспозиция. Транспозицияның түрлері, əдістері.
47. Əуен. Əуен туралы түсінік. Əуеннің өзіндік ерекшеліктері
мен қозғалыстық бағыттары.
48. Əуеннің құрылымы. Интонациялық даму негізі. Куль ми-
на ция (шыңы). Вокалдық жəне аспаптық əуен.
181
49. Музыкалық құрылым жəне фактура.
50. Мелизмдер.
ІІ. Практикалық тапсырмада музыка теориясы білімінің
бар лық тақырыптары қамтылып, солардың негізінде неше түр-
лі жат
тығулар құралады. Музыка теориясының білімі біздің
му
з
ы
ка теориясын жете танып, сезіне білуге дейінгі деңгейге
жеткізуіміз керек. Ол үшін музыка білімінің негіздерін теория
жүзінде ғана біліп қоймай, тəжірибе жүзінде де меңгеру шарт.
Мысалы, музыкалық құрылым негіздері - лад, ырғақ (ритм), ин-
тервал, аккорд, т.б. бір-бірімен қалай үйлесіп музыка құрайды?
Бұл сұраққа тікелей жауап беру үшін, алдымен жоғарыда аталған
негіздерін теория жəне тəжірибе жүзінде біліп, меңгеру керек;
интервалдардың жəне аккордтардың барлық түрлерін кез келген
дыбыстан жəне белгілі бір ладта құрып жаза білу, естіп қабылдап,
дауыспен айта білу; неше түрлі ладтардың гаммаларын жаза білу,
оларды да естіп қабылдап, дауыспен айта білу жəне фортепиа-
нода ойнай білу, транспозицияны қолдана білу. Сонда ғана бол-
мыс тілдері арқылы музыканы танып, меңгеру, оны жасауға да
мүмкіндік туады. Бұл үшін қажеті - музыканың тіл негіздерін
неше түрлі жаттығу тапсырмалары арқылы жаза білу. Аспапта
да құрып ойнай білу, тыңдап, қабылдап, анықтай білу. Дауыс-
пен айта білу. Міне осылардың бəрі музыканы неғұрлым терең
түсініп, қабылдауға көмектеседі.
ІІІ. Музыкалық шығармаларға талдау жасау – музыкалық
құрылым музыкалық болмыс мəліметтерін ұйымдастыру негізі
(ладоритм), музыканың көлеміне қатысты неше түрлі бөлшектену
тəсілдері, фактура – жеке дауысты, көп дауыс ты, жалпы үндестік
бірлігі, əуендердің қасиеттері, көркемдік жағынан бүтін бір бейне
болып анықталуы, ладоритмика лық ұйымдастырулары, əуеннің
өзіндік ерекшеліктері мен қозғалыстық бағыттары, құрылымы,
интонациялық даму негіздері; кульминациясы (шыңы), бір
үндестікте немесе қара
ма-қайшылықта дамуы, тоналдық жос-
пар (тоналдықтардың алыстық-жақындық қатынастарының заң-
дылық қасиеттері). Осы жоғарыда аталған тіл қасиеттерінің му-
зыканы жасап тұрған образына (бейнесіне) көмегі. Музыканың
жалпы характері. Бұл характер музыканың негізгі қандай тілімен
жасалып тұр? Музыкалық шығармалардың белгілі бір түрлерінің
өзара байланыстары (жанрлық байланыс).
182
ƏДЕБИЕТТЕР:
1.
Алексеев Б., Мясоедов А. Элементарная теория музыки. М. М. 1986.
2.
Вахромеев В. Элемантарная теория музыки. Изд. М. М.1983.
3.
Далматов Н. Музыкальная грамота и сольфеджио. Изд.М. М. 1967.
4.
Красинская Л., Уткин В. Элемантарная теория музыки. Изд. М. М. 1965.
5.
Максимов С. Музыкальная грамота. Изд. М. М. 1966.
6. Курс теории музыки (под общей редакцией
А. Островского). Изд.
«Музыка». Ленинградского отделения.1978.
7.
Способин Н. Элемантарная теория музыки. Изд. М.М.1968.
8.
Əзірбаев К. Бозторғай (əндер, күйлер жинағы). «Жалын» баспасы,
Алматы, 1977.
9. Ақан сері. Маңмаңгер (жинақты құрстырған жəне əндердің музы-
калық редакциясын жүргізген
Қ. Жүзбасов). Алматы, «Өнер», 1988.
10.
Біржан сал Қожағұлұлы. Лəйлім шырақ (құрастырғандар: Ерзако-
вич Б., Дербісəлин Ə., Қосбақов З.). Алматы, «Өнер», 1988.
11.
Құрманғазы Сағырбайұлы. Күйлер. (Құрастырған проф. Жұбанов
А.) Изд. Казгослитиздат. 1961.
12. Фортепианная музыка Казахстана (Сб. статей, редактор составитель
Досаева А.) Алматы, Өнер, 1977.
13.
Бейсеуов А. Шақырады көктем (əндер жинағы). Алматы. Жалын, 1977.
14.
Тілендиев Н. Құстар əні (əндер жинағы). Алматы. Жалын, 1976.
15.
Тəттімбет. Саржайлау. Күйлер. Күйлерді жалпы редакциясын қа-
раған
Е. Үсенов (Алматы. Өнер, 1988 ж.).
16. Очерки по истории казахской музыки. (Редакционная коллегия)
Казгослитиздат. Алматы – 1962.
17.
Ерзакович Б. Қазақ халқының əн мəдениеті (музыкалық тарихи
зерттеуі). Алматы. Ғылым, 1966.
18.
Затаевич А. 1000 песен казахского народа. Музгиз. М – 1963.
183
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫ СӨЗ........................................................................................................... ...........3
І ТАРАУ. ДЫБЫС. НОТАЛЫҚ ЖАЗУ МУЗЫКАЛЫҚ ДЫБЫСТАР ЖƏНЕ
ОЛАР ДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ................................................................4
ІІ ТАРАУ. ӨЛШЕМ ЖƏНЕ ЫРҒАҚ (МЕТР ЖƏНЕ РИТМ)................................32
ІІІ ТАРАУ. ИНТЕРВАЛДАР (ДЫБЫСАРАЛЫҚТАР)...........................................53
ІV ТАРАУ. ЛАД ЖҮЙЕСІ ЖƏНЕ ТОНАЛДЫҚ ЛАД ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ..........................................................................69
V ТАРАУ. ЛАДТАҒЫ ИНТЕРВАЛДАР.................................................................99
VІ ТАРАУ. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ДИАТОНИКАЛЫҚ ХАЛЫҚ ЛАДТАРЫ ........ 107
VІІ ТАРАУ. АККОРДТАР ...................................................................................... 121
VІІІ ТАРАУ. ХРОМАТИЗМ .................................................................................... 144
ІХ ТАРАУ. ТРАНСПОЗИЦИЯ ............................................................................... 155
Х ТАРАУ. ƏУЕН ................................................................................................... 158
ХІ ТАРАУ. МЕЛИЗМДЕР ...................................................................................... 171
ƏДЕБИЕТТЕР.............................................................................................................182
184
ЖШС РПБК «Дəуір», 050009,
Алматы қаласы, Гагарин д-лы, 93а.
Е-mail: rpik-dauir81@mail.ru
Ə. Əбдікəрімов
МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Оқулық
Басуға 18.09.2012 қол қойылды. Қағазы офсеттік.
Қаріп түрі «Times». Пішіні 60х90/16. Офсеттік басылым.
Баспа табағы 12. Таралымы 850 дана. Тапсырыс 937.
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ə. ƏБДІКƏРІМОВ
МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫНЫҢ
НЕГІЗДЕРІ
Оқулық
Алматы, 2012
2
Ə 14
ISBN 978-601-217-328-4
Əбдікəрімов Ə.
Музыка теориясының негіздері: Жоғары оқу орындары на ар-
налған оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012.– 184-б.
ISBN 978-601-217-328-4
«Музыка теориясының негіздері» атты бұл оқулықта пəнге тиісті тео-
риялық мағлұматтардың бəрі қамтылған.
Оқулық ана тілімізде оқытатын жоғары оқу орындарына жəне музы-
ка мектептері мен музыка колледждеріне, сондай-ақ педагогикалық жəне
мəдени-ағарту училищелерінің оқушылары мен ұстаздарына арналады.
Əрине, бұл оқу орындарының əрқайсысы өздеріне тиісті бағ дар ла ма-
ларымен оқытатын болады.
ƏОЖ 78 (075.8)
КБЖ 85.31 я 73
©
Ə. Əбдікəрімов.
, 2012
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2012
ƏОЖ 78 (075.8)
КБЖ 85.31 я 73
Ə 14
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»
республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұсынған
Пікір жазғандар:
филология ғылымдарының докторы, профессор
Т. Ə. Қоңыратбай;
өнертану ғылымдарының докторы, профессор
С. Ə. Күзембаева;
П. И. Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің директоры
А. Ж. Қалиева.
3
АЛҒЫ СӨЗ
Сөзді дұрыс жазып, дұрыс оқу үшін тіл заңдылықтарын (грам-
матиканы) білу қажет, ал музыканы дұрыс жазып, орындау үшін
музыка теориясын білу шарт. Бізді қоршап тұрған табиғатты, қоғам
өмірін бейнелейтін музыка тілі есту, сезіну арқылы қабылданып,
дұрыс жазылып, оқылып, түйсіну нəтижесінде танылады. Музы-
ка тілі бірнеше пəндерден тұра ды. Олар: музыка теориясы, гармо-
ния, полифония, музыкалық ас паптар туралы ұғым жəне олардың
қолданылу тəсілдері, музыкалық шығармаларды талдап-жіктеу,
музыкалық акус тика жəне музыкалық психология.
Музыка теориясының негіздері музыкалық білімнің бастапқы
қағидалары мен тəсілдерін (жазып, оқуды) үйретеді. Демек, му-
зыка теориясының практикумы музыка ғылымы
ның діңгегі,
түпкі тамыры болып есептелінеді, өйткені бұдан жоғарыда
аталған гармония, полифония, т.б. пəндер тармақталып, дарала-
нып, бөлініп шығады.
Музыка өнері көркемөнердің көне түрлерінің бірі жəне ол бо-
лашақ ұрпаққа мəдени-эстетикалық тəрбие беруде шешуші рөл
атқарады. Музыканың тарихы мен эволюциясы қоғамның даму
процестерімен тығыз байланысты. Сондық тан да əр заман өзінің
музыкалық тіл өрнектері мен жаңа лықтарын əкеліп отырған.
Бұл оқулық халық музыкасы мен классикалық музыка дəс-
түрлеріне құрылып жазылды. Алайда, оқулықтың кейбір ерек-
шеліктері де жоқ емес. Мəселен, орыс тіліндегі оқулық
тарда
ды быс пен ноталық жазу бөлек, екі тарау болып беріліп келген.
Ал ұсынып отырған кітабымызда практикалық-педагогикалық
тəжірибеге сүйене отырып жəне оқыту əдісінің ерекшеліктеріне
байланысты бұлар бірге, бір тарау болып құрастырылды. Десек
те, ішінара алынған ортақ ұқсастықтар да кездеседі. Мысалы,
тəжірибеде көп қолданылып, жетілген үлгі-кестелер мен мысал-
дар орысша оқулықтардан алынды.
4
І т а р а у
ДЫБЫС. НОТАЛЫҚ ЖАЗУ
МУЗЫКАЛЫҚ ДЫБЫСТАР ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Көркемөнердің əр түрінің өзіндік табиғи ерекшеліктері жəне
заңдылықтары бар екені белгілі. Мысалы, поэзия сөзден құралса,
кескіндеме, бейнелеу өнері түрлі бояулардан тұра ды. Мүсін өнері
мен архитектуралық ғимараттар əртүрлі құрылыс материалдары-
нан тұрғызылып, салынады. Ал му зыка дыбыстардан тұрады.
Дыбыс – физикалық құбылыс. Ол екі дененің бір-бірімен
үйкелісінен не соғылысынан пайда болады. Мысалы, домбыраның
шегіне қолымыздың жанасып, үйкелісуінен тербеліс пайда бо-
лып, дыбыс шығады. Ішек тербелістерінің қуаты домбыраның
ша нағына жəне ондағы ауаға таралады. Сөйтіп, домбыраның ша-
нағында еріксіз тербеліс – резонанс пайда болады (лат. тілінде ре-
зонанс – тербелістің сыртқы күш əсерінен күшеюі, жаңғырық беруі
деген мағынада). Шанақпен ауаның тербелісінен пайда болған ды-
быстар жағымды естілетін жүйеге (резонаторға) түседі де, қайта
кері шығып, ішектен шыққан жай дыбысқа қа рағанда жақсы əсер
беріп, дыбыстың тербелу шегін - амплитудасын күшейтеді (лат.
тілінде амплитуда – көлем; тербеліп тұрған де
ненің ең үлкен
ауытқу шегі; дыбыс толқының көлемі деген мағынада).
Үрлемелі аспаптардан шығатын дыбыстар ондағы қуыс ор ынға
ауа үрлеу арқылы пайда болады. Осы дыбыстар ауа тол қыны арқылы
жан-жаққа тарайды. Алғашқы ауа толқы ны келесі ауа толқынына
ұласа келіп, біздің құлағымызға, яғни есту мү шемізге жетеді. Сол
арқылы біз дыбысты сезініп, түйсініп, қабылдаймыз.
Бізді қоршап тұрған табиғатта көптеген дыбыстар кезде седі.
Сол көптеген дыбыстарды тыңдап, байқап отырсақ, əрқайсысы
өзінше мағына беріп, қасиеттерін сезініп, тануға жетелейді. Үй-
рен шікті тіршілігімізде біз неше түрлі дыбыс құбылыстарын тез
анықтап, тани аламыз. Адамның даусын музыкалық аспаптар-
дың үнінен оп-оңай бөліп ажырата ала мыз, т.с.с.
Дыбыстарды екі түрге бөлуге болады:
1. Музыкалық дыбыстар;
2. Музыкалық емес дыбыстар, яғни шулы дыбыстар.
Музыкалық дыбыстардың шулы дыбыстардан негізгі айыр-
5
машылығы - оның бойында белгілі бір дыбыс тонының, биіктік
шегінің болуында. Бұл – музыкалық дыбыстың ең қажетті ерек-
шелік қасиеті.
Музыкалық дыбыстардың биіктігі деп белгілі бір жиі-
ліктегі дыбыстардың тербелістерін қабыл
дап, түйсінуді айта-
мыз. Музыкалық дыбыс - шығарған дененің тербелісіне жəне сол
тербелістің жиілігіне тікелей байланыс
ты болып келеді. Яғни,
физикалық тербеліс жиілігі көбейген сайын дыбыстың биіктігі де
жоғарылап, жіңішкелене береді; дененің тербеліс жиілігі азайған
сайын биіктігі төмендеп, жуандай түседі.
Белгілі бір биіктігі бар дыбысты кез келген аспапта неме се
адам даусына салып орындауға болады. Музыкалық дыбыстар -
дың (шулы дыбыстардың да) биіктіктен басқа да бірнеше
қасиеттері бар. Олар:
1. Дыбыстың ұзақтығы – дыбыстардың уақыт шамасы
мен
өлшенетін созылу қашықтығы. Дыбыстың ұзақтығы дыбыс
тер белісінің созылымына байланысты. Дыбыстардың ұзақ
тық
негіздері уақыт шамасымен өлшеніп, белгіленеді. Музыкада
қол
данылатын дыбыс ұзақтықтарының шамасы салыс
тырмалы
болып келеді. Өйткені олардың абсолюттік шамасы шығар-
маның қозғалыс екпініне, яғни жылдамдық қарқынына байла-
нысты. Əртүрлі жылдамдықта ойналатын шығармалардағы ұзақ-
тықтардың созылымдары əртүрлі болады.
2. Дыбыс күші – біздің есту сезімдеріміздің дыбыстың қат-
ты немесе жай шығуын қабылдауы. Дыбыстың күші ды
быс
тербелісінің шегіне – амплитудасына немесе тербелу қимылының
серпілісіне байланысты. Серпіліс көлемі неғұрлым кең болса, ды-
быс солғұрлым күшті болып келеді, серпіліс тарылған сайын –
дыбыс жай (баяу) шығады.
3. Дыбыс тембрі – дыбыстық бояу, оның жағымдылығы,
əсем дігі, жұмсақ немесе ащы, ашық үнділігін танытатын айы-
ру белгісі, əр-ажары. Мысалы, скрипканың үнін трубадан не-
месе бір əншінің даусын екінші бір əншінің даусынан ажыра туға
мүмкіндік туғызатын – дыбыстың ажары, бояуы.
Сонымен, музыкалық дыбыс деп – белгілі биіктігі, ұзақ-
тығы, күші жəне тембрі (үн бояуы) бар дыбысты айтамыз. Демек,
музыкалық дыбыстың төрт түрлі қасиеті бар.
Музыкада тек əуезді дыбыстар ғана емес, сондай-ақ шулы
дыбыстар да (мысалы, дауылпаз, тарелка, т.б.) қолданылады.
Алайда шулы дыбыстар музыкалық дыбыстардан айрықшаланып
6
тұрады. Сондықтан да олар музыкалық үндестікте жеке
леген
кейбір жайттарға ерекше мəн береді.
Соқпалы аспаптарды қолдану жөніндегі тəсілдер мен аспап-
тарды жүйелеу мəселелері оркестр курсында қарастырылады. Ал
музыка тілі курсында тек музыкалық дыбыстардың заңдылықтары
оқытылады.
Табиғи (байырғы) обертондық дыбыс қатары
Əр музыкалық дыбыс бір емес, көптеген үйлесімді, жа рым-
жартылы дыбыс бөлшектерінен тұрады. Дыбыс тонда ры бүтіндей
емес, бөлшектеліп, тербеледі. Сондықтан аспап шегінің бүтіндей
тербелісінен пайда болатын алғашқы бөлшегін (алғашқы то-
нын) – негізгі тон десек, қалған тон
дары біртіндеп жоғарыға
қарай орналасып, жоғары тондар - обертондар құралады (нем. ті-
лінде обертон – жоғары ды быс, тон деген мағынада). Егер “до”
дыбысының шартты түрде негізгі тоны “до” болып келсе, онда
оның обертонда ры төмендегідей орналасып тербеледі:
Аспаптың тербеліс жасайтын бөлшектерінің арасындағы
сандық теңдіктері тербелуші дененің көлемімен, оның тербелу
жағдайларымен, физикалық қасиеттерімен жəне т.б. факторла-
рымен анықталады. Ішек тербелісінде немесе басқа да үйлестік
жағдайларда обертондар негізгі тонмен бірігіп, табиғи жай неме-
се гармониялық дыбыстар қатарын құрайды. Бұл қатарға жиілік
қатынас тəн қасиет болып, байырғы сандар қатарын құрады:1, 2,
3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, т.с.с. (мысалы:110, 220, 330, 440, 550, 660, герц-
тер, ал осыларға мынадай дыбыстар тура келеді:А, а, е, а, cіs
2
,
е
2
). Бұларды гармониялық обертондар дейміз. Байырғы дыбыс
қатарындағы бастапқы дыбыстардың аралық байланыстарын
гармония іліміндегі мажорлық үшдыбыстықтың (үшүндестіктің)
шығу тегіне негіздеп пайдалануға болады. Анығырақ айтсақ,
мажордың үндесу қасиеті дыбыс обертондарының өзінде жатыр.
Ал басқа жағдайларда, яғни музыкалық дыбыстарға жатпай-
тын дыбыстардың обертондары өте күрделі болып келеді. Олар
гармониялық үндестікке жатпайды. Дыбыс обертондарының ес-
тілу, қабылдану мəселелерімен акустика ғылымы айналысады.
7
Музыкалық құрылыс
Музыка өнері əртүрлі дəрежедегі дыбыстарды тəжірибесінде
таңдап алынған жүйеде, белгілі бір музыкалық құрылыста
қолданады. Музыкалық шығарманың негізі – дыбыстар. Олар
бір-бірімен биіктік жəне уақыттық қатынаста үйлесіп келеді.
Бүгінгі музыкалық жүйеде барлық дыбыстар бір-бірімен дəлме-
дəл биіктік қатынаста орналасқан. Музыкалық шығармалар
негізіндегі дыбыстардың биіктік қатынастағы жүйесін музыкалық
құрылыс дейміз.
Алғашқы музыкалық құрылыстар біздің заманымыздан
бұрын пайда болған. Олар Таяу Шығыс елдерінде, Кіші Азияда
қалыптасқан. Бүгінгі еуропалық музыка жүйесінің бастамасы сол
кезеңде дами бастаған. Музыкалық құрылыстың дамуына əсер
еткен - музыкалық аспаптар. Демек, музыкалық құрылыс сол
аспаптармен оларды күйге келтіруімен тікелей байланысты.
Бұлардың негізіне табиғи жай дыбыс қатарының бірінші обер-
тондар (тон қатары - гармониктер) жатқан; ең алғашқыда - окта-
ва, кварта, квинта, кейіннен - терция. Осылайша, көне замандағы
музыкалық жүйенің бір үлгісі - пентатоника квинта интервалы
негізінде құрылады. Пентатониканың дыбыс қатарын құрап
тұрған дыбыстар (до-ре-ми-соль-ля) жақын орналасқан квинта
қатарларынан тұратынын көреміз: до-соль-ре-ля-ми.
Ежелгі Грецияның ұлы философы жəне математигі Пифагор (VІ
ғ. б.з.д.) сол уақыттағы есту тəжірибесі мен көркемөнерде пайда
болған ежелгі грек ладтарының музыкалық жүйесін мате матикалық
дəлдікпен дəлелдеп айтып кеткен. Ол бұл жүйедегі барлық дыбыс-
тарды таза квинта бойымен жоғары-төмен орналастырған.
XVІ ғасырда Италияның музыка теоретигі Джозеффо Цар-
лино табиғи жай музыкалық құрылыстың негізін ойлап тапқан.
Бұл музыкалық құрылыс Қайта өрлеу заманындағы еуропалық
көпдауысты музыканың дамуына негіз бола отырып, мажорлық
лад пен минорлық ладтың қалыптасуына үлкен көмегін тигізді.
XVІІ ғасырда бірқалыпты темперациялық құрылыс пайда бо-
лып, қалыптасты (темперация лат. тілінде - дұрыс арақатынастық
деген мағынада). Музыкалық құрылыс - тарихи қалыптасқан
му
зыкалық-дыбыстық жүйенің құрамына кіретін дəлме-дəл
орналасқан дыбыстардың биіктігі мен нақтылы саны. Еуропалық
жүйеде октава - 12 жарты тоннан тұратын - он екі басқыштық
бірқалыпты темперациялық құрылыс.
8
Бұл құрылысты XVІІ-XVІІІ ғасырларда неміс органисі Ан-
дреас Беркмейстер теория жүзінде негіздеп, іске асырды. Бұл
құрылыста Пифагор жасап кеткен құрылыс пен табиғи жай
құрылыстың қарама-қайшылықтары бір жүйеге келіп теңеседі
жəне
энгармонизм (грек тілінде энгармонизм - тең үндестік
деген мағынада) мəселесі шешіледі, яғни əртүрлі атаумен ай-
тылып, жазылатын дыбыстарды биіктігі жағынан теңестіру
мүмкіндігі туады (мысалы, до-диез бен ребемоль, ми-диез бен
фа, т.с.с. Бұлардың аспаптардағы белгіленген дыбыс қатарының
биіктік жағынан теңесуін айтады). Энгармонизмнің арқасында
екі əртүрлі дыбысты клавесин, орган, рояль, аспаптарында бір
клавишті басып ойнау арқылы аламыз.
Бірқалыпты темперациялық құрылыс XVІІІ ғасырда Еуропа
музыкасында тұрақталып, іске асты. Бұл құрылыс И. С. Бахтың
шығармашылығында қолдау тауып, ол клавесинге арнап 48 прелю-
дия мен фугалар жазды (жалпы аты: “Жақсы
тепмерацияланған
клавесин”).
Біздің құлағымызбен естіп, қабылданатын музыкалық дыбыс
тек берік тұрақтанған тербелудің жиілігінен ғана тұрмайтынын,
бірнеше топтар жиілігінің қорытындысы екенін белгілі ғалым
Н. А. Гарбузов дəлелдеп кеткен. Берілген дыбыстың кеңістік
қоршаған шеңбері (зонасы) құрылады, сол құрылыста дыбыс
өзінің сапалық мағынасын жоймайды. Мысалы, бірінші ок-
таваның “ля” дыбысы өзгермейтін жиілігінде 435, 437, 440, 443
герц - төрттен бір тонға жоғары немесе төмен ауытқуынан бо-
латын шек біздің есту мүшелерімізбен қабылданады. Былай-
ша айтқанда, бірінші октаваның “ля” дыбысы (440 герц) өзінің
мағынасын жоймай, сəл төмен немесе сəл жоғары естілуі мүм-
кін. Мұндай жағдай кез келген басқа дыбыстарда да болады.
Осы негізге сүйене отырып, Н. А. Гарбузов 12 дыбысты (үнді)
бірқалыпты темперациялық құрылыстың 2 түрі бар екенін ай-
тады. Соның бірі - математика жолымен жасалған “теориялық
қорыту” деп аталады. Бұл құрылыста - орган, рояль, клавесин,
арфа, баян, аккордеон аспаптары белгілеп, бекітілген жарты
тондардың жүйелі күйіне келтіріледі. Осы құрылыстың екінші
түрі - 12 зоналық бірқалыпты темперациялық құрылыс деп ата-
лады. Бұл - белгілеп, бекітілген жарты тондардың жүйелі күйіне
келтірілетін, яғни адам даусына, сондай-ақ шекті аспаптар тобы-
на, тромбонға, т.с.с. аспаптарға тəн қасиет.
12 зоналық құрылыста энгармонимздік дыбыстар əуен ыр-
|