Пунктуациясы


Қос нүкте, оның қойылатын орындары



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата28.12.2016
өлшемі1,36 Mb.
#666
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Қос нүкте, оның қойылатын орындары 
 
Қос  нүкте  –  сөйлемнің  синтаксистік  ерекшеліктері  мен 
мағынасына байланысты қойылатын тыныс белгі. 
 
 
 
 
 

 
144 
ҚОС НҮКТЕ 
 
Қойылатын орындары 
Бірыңғай  мүшелердің  алдынан  келген 
жалпылауыш  не  жалпылауыш  мәнді 
сөзден кейін 
Осындай сырт ажарында дағдылы тірлік белгісі 
жоқ, суық қабақ жабырқау ауылға үш салт атты 
келді. Бұлар: Абай, Ербол, Дәрмен. (М.Ә.) 
Жалғаулықсыз 
салаласқан 
жай 
сөйлемдердің  алдыңғысының  мағынасы 
соңғы 
жай 
сөйлемдер 
арқылы 
айқындалса 
Өзге қостар да тұрса керек: далада шүлдірлескен 
сөздер молайып, жақындай
 
бастады. (Ж.А.) 
Төл сөздің алдынан келген автор сөзінен 
кейін  
Ақбала бір кітапты қолына ұстап тұрып:  
– Ей, мынада Каутский де бар ғой, – деді. (Ж.А.) 
Әрі  қарай  санамалап  кететін  бірыңғай 
сөздердің, сөйлемдердің алдынан келетін 
жалпылауыш мәнді сөйлемнен кейін 
Тәуелді қалыпта екі рет бар: 1) Анайылық рет. 2) 
Сыпайылық рет. (А.Б.) 
Бірыңғай  мүшелерден  бұрын  келген 
мысалы, атап айтқанда деген қыстырма 
сөздерден кейін 
Шартты  рай  дейміз  –  істің  істелуіне  шарт 
көрсететін  сөздің  түрін.  Мәселен:  Берсең  – 
аларсың, ексең – орарсың. (А.Б.) 
 
213-жаттығу. Сөйлемдердегі қос нүктенің қойылу мәнін түсіндіріңіздер. 
Бұған жалғыз-ақ құрал бар: ол – жаңа жоспар жасау. (С.М.) Күллі 
адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: бірі – надандық, екіншісі – 
еріншектік, үшіншісі  –  зұлымдық.  (А.Қ.)  Бір  ғана өзгеріс: осыдан  он 
шақты күн бұрын Елтай Кәрімовичтің қызметі жоғарылап, осындағы 
трестердің  біріне  бастық  боп  кеткен.  (Қ.Жұм.)  Одан  кейін  менің 
білгенім:  оянып  кетсем,  үйдің  іші  ала  көлеңке.  (С.М.)  Кино  көргелі 
жиналғандар ала-құла: бірі астына шелек қойып, енді бірі машинаның 
ескі  баллонының  үстінде  отыр.  (М.Сүнд.)  Жалғыз  ғана  емексіген 
келісім  сөздері:  Күнту  қалаға  барады  да,  өзі  тіленіп  болыстықтан 
түседі.  (М.Ә.)  Пәуеске  айқын  көрінгесін-ақ  ауылдан  көріп  тұрғандар 
таласа  бастады:  біреуі  Қажының  үйінің  күйеуі  деді,  бірі  Түбектегі 
құдасы  деді.  (Ғ.Мүс.)  Енді  байқады:  қала  сыртынан  ат  қарғып  өте 
алмайтын  қыл  аяғы  құрдым  ор  қазылыпты,  ордың  сырты  жалпақ 
даланың  етегін  кеміріп  жеп,  ішкі  ернеуі  білезіктей  безер  қорғанға 
сұғынып жатыр. 
 
214-жаттығу. 
Сөйлемдердің 
қажетті 
тыныс 
белгілерін 
қойып, 
көшіріңіздер. Қос нүктенің қойылу себебін анықтап, ережемен дәлелдеңіздер. 
І.  1)  Қастасқан  жауының  бәрін  құртты  Еламан  Рай  әскерде.  2) 
Азамат  та  жұмысқа  шын  беріліп  кетті  кеңсе  жұмысын  бақайшағына 
шейін  талдап  танысты  сезген  кемшіліктерін  бірігіп  отырып  түзеді 
кеңседе  бітіре  алмаған  жұмысын  пәтеріне  әкелетін  болды.  3)  Жөн 
білетін  көңілі  даңғыл  көкірегі  ояу  жан  екенін  осы  бір  бет  алысында 

 
145 
байқатып  өтті  бөгетсіз  суыт  жөнелді  артына  қайтып  қараған  жоқ.  4) 
Аман  екеуі  қатты  ойнайды  кейде  бірін-бірі  қалжыңмен  қағытады 
кейде қол көтеруге дейін барады. 5) Төсек орындары киім-кешектері 
тағы  басқа  тұрмыстары  жұпыны  уақытында  жуылмайды  тамақтары 
дәмсіз.  6)  Қарапайым  адамдардың  ғажап  бір  нәзік  жері  бар 
қалжыңдары  өрескел  мінездері  қатал  болып  келеді.  7)  Асқар  таудай 
саялы арыстандай айбынды көрінген ата-анасы бай ауылында байғұс 
екен  бай  ұрады  бай  ұрсады  бұйырады  қорлайды  бәріне  жақ  ашуға 
дәрмені  жоқ.  8)  Сол  үйлердің  қонақасысы  қысырдың  семіз  тайынан 
құнан  қой  ту  қойларынан  үйіткен  марқадан  басталады.  9)  Биыл  жұт 
болады  деп  күн  бұрын  есепшілер  де  айтқан  шөптің  шығысы  жаман 
серейген-серейген  еркек  шөп  бұйдай  бас  көде  боз  қаптап  кетті.  10) 
Кәленнің болжамы дәл шықты түн ортасы ауа жеткен ақ әскер қоңыр 
жалға көтерілгесін ат басын ірікті. 11) Байлықтың ұлы өрісіне жеткен 
кең  қолтық  мол  қолды  аңқау  ел  Албан  Бұғы.  12)  Қыз  бұл  сөздің 
артындағы  бар  мағынаны  ұғып  намыстанып  күйгендей  болып  Неге 
Не себепті деді. 
 
ІІ.  Абай  осы  күндері  байқады  әкесінің  сақал  шашындағы  ақ 
көбейіп  бетінің  ажымдары  да  молая  түскен  екен.  (М.Ә.)  Солардың 
басы екі атшабар Қамысбай мен Жұмағұл. (М.Ә.) Судыр Ахметтің иті 
қырын  жүгіре  бастады  сауып  отырған  сүті  бұлақтай  қараша  іңген 
жаман шөп жеп арам өлді. (Ә.Н.) Сыр сынында үш шырай бар 1 Жай 
шырай  2  Талғаулы  шырай  3  Таңдаулы  шырай.  (А.Б.)  Ауылдың 
төріндегі өңкей ақ ордалар Шынтемір тұқымынікі бірі үлкен үйі бірі 
отауы  бірі  үлкен  отау  болса  бірі  жас  отауы.  (Ғ.Мүс.)  Кісі  көп  емес 
Құнанбай  мен  Майбасар  Жұмабайдан  басқа  осы  өңірдегі 
Тобықтының белгілі үлкендері Байсал Бөжей Қаратай Сүйіндік екен. 
(М.Ә.)  Жазылмауында  есеп  бар  еді  қызылдар  құлап  қалса  кім  біледі 
одан  да  байқай  тұрайын  деп  ойлаушы  еді.  (Ж.А.)  Дәрігердің  қарауы 
күшті  болғаны  ғой  он  бес  күн  дегенде  қолы  икемге  келіп  жарасы 
бүріліп біте бастады. (Ж.А.) Біз елге сенуліміз қазақ елі ел болам десе 
оқығандарының  артынан  ерер  деп  ойлаймыз.  (Ғ.Мүс.)  Ауыл  қызы 
ауыл  қызынша  ойланды  кездескенде  көзін  алмайтын  құрбыларын 
еске  алды.  (Ғ.Мүс.)  Енді  бірінің  киімі  орысшалау  басында  шләпә 
үстінде полте аяғында қисық табан.  (Ж.А.) Біржан көпке дейін оның 
қасына  бармады  таныс  жұмыскерлерімен  ғана  отырған  төре  мен 
барсам жекіп қуып жібере ме деп бой тартты... (Ғ.Мүс.) 
 

 
146 
215-жаттығу. 
Себеп-салдар  және  түсіндірмелі  салалас  құрмалас 
сөйлемдерді  екі  бағанға  бөліп  жазып,  тиісті  жеріне  қос  нүкте  қойып 
көшіріңіздер. 
1)  Жаз  айларында  ондай  шұбарлы  жердің  масасы  мен  сонасы 
қалың  болады  мұндай  шыбыны  көп  шөл  даланы  ешбір  ауыл 
жайламайды.  2)  Кейін  қайта  алмаймыз  өткел  тосатын  уақыт  жоқ.  3) 
Байжанның  оны  бірінші  рет  көруі  еді  бойы  төртбақтау  толықша 
сарғылт  өңділеу  қырықты  алқымдап  қалған  жігіт  екен.  4)  Үй  иесін 
Бүркітбай білетін еді орта жаста тоқ дәулетті қонақ түскіш бір момын 
адам.  5)  Оған  әлі  күнге  шейін  балаша  еркелейді  мойнына  асылады 
арқала деп сүйрелейді бетінен сүйеді. 6) Үй толған  адам кемпір шал 
қыз-қырқын  қалмастан  жиналған  иін  тіресіп  отыр.  7)  Өзгеңнен  гөрі 
менің  жаным  қаттырақ  ауырар  еді  бұл  егін  дәнін  қолымнан  мен 
септім ғой. 8) Үйірме мүшелері үшін мынадай бір тәртіп белгіленген 
еді  әр  оқушы  өзі  қалаған  салада  жұмыс  жүргізуі  керек  өсімдік 
дүниесінен  тәжірибе  жасайды  қандай  нәтижеге  жеткенін  үйірме 
мүшелері алдына баяндайды қорытады. 9) Шынын  айтқанда оны екі 
нәрсе  қинайды  бірі  әкесі  екіншісі  отряд  жиыны.  10)  Жаны  шығып 
кете жаздады оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес. 
 
216-жаттығу.  Сөйлемдердің  тиісті  жеріне  қос  нүкте  қойып,  көшіріңіздер. 
Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер. 
Сол  болашақ  жайнаң  қағып  көз  алдында  тұрды  қайғысыз  өмір 
бала-шаға  қамы  шаруашылықтың  көп  күйбеңі  үй  тұрғызып  баспана 
салу  не  керек  тіршілік  ету  керек.  (Ш.А.)  Колхоз  кассасында  ақша 
атаулы болмайды өткізілген астық та сүт те ет те шығынның есебіне 
кетеді. (Ш.А.) Бірақ алда әлі екі қара қатарласып жанұшырып барады 
бірі  қара  көк  бірі  жирен.  (Ш.А.)  Шылбыр  ауланың  төбесіндегі  бел 
ағашқа  байланғандықтан  жата  алмайды  басы  төмен  салбырай  берсе-
ақ ауыздық езуін жыртып кете жаздайды. (Ш.А.) Қазір қорыққан жоқ 
оттың  жылуы  мен  түтініне  сүйсініп  жатыр.  (Ш.А.)  Ара-арасында 
әркімнің  басынан  қилы-қилы  жағдайлар  өтіп  жатар  біреу  ғашық 
болады біреулер ажырасады біреу өмірге келеді біреу дүниеден өтеді. 
(Ш.А.) Жалғыз ғана қолайсыздық бар Нұрыштың үйі де біз де қалың 
жабылған  қоста  тұрамыз.  (С.Ш.)  Кейитінім  бұрынғыдай  адуын 
сөйлеп  бетін  қайтарып  тастамайды.  (С.Ш.)  Бірақ  ақшасын  төлейін 
деп сатушыны іздесе бір қиындықтың үстінен шықты мұның бәрі үлгі 
екен. (С.Ш.) Іштен қоштамаған уақытта Байсал Бөйжейдің бір тәсілі 
міндет  мысалды  Құнанбайдың  өзіне  бастатып  артын  өзіне  тастап 

 
147 
кететін  әдеті  бар-ды.  (М.Ә.)  Әлгі  ирония  бұл  арада  сатиралық  образ 
жасаудың тағы бір тәсіліне сарказмге ұласты сыналған объект тәлкек 
етіліп  қана  қойған  жоқ  енді  оның  дәрменсіз  бейшаралығы  кіріптар 
күйкілігі  кісі  күлгендей  құр  кеуделігі  әшкереленді.  (З.Қ.)  Бұлар 
малына індет келген ауылдың иттері сияқты жоны шығып құйрығын 
сыртқа  салып  көзі  қызарып  құтырғандай  қанталап  қауып  түсетін 
сияқты түр көрсетеді. (М.Ә.) 
 
217-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  үш  мысал  тауып,  берілген  ережеге 
сай кестені толтырыңыздар. 
 
Жалпылауыш  сөздерден 
кейін, 
бірыңғай 
мүшелердің 
алдынан 
қойылған қос нүкте 
Бірінші  жай  сөйлемнің  мазмұны 
екіншісінде  анықталып,  ашылып 
берілген 
түсіндірмелі 
салалас 
аралығындағы қос нүкте 
Жалғаулықсыз 
себеп-
салдар  мәнді  сөйлемнен 
кейін 
қойылатын 
қос 
нүкте 
 
 
 
 
218-жаттығу. Ақындардың өлеңдерінде қос нүкте қойылатын шумақтарды 
көшіріп, себебін дәлелдеңіздер. 
Үлгі: 
Ақылымды тыңда, мейлің тыңдама, 
Тілегім бар бір ғана: 
Шығып ал да арманыңның шыңына, 
Сосын, мейлі, ұшып өл де, сырғана. 
 
Болса ақылың біл мынаны: жалғанда 
Жолай көрме арманы жоқ жандарға?! (М.М.) 
 
Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І. Қос нүкте қойылатын сөйлемдерді тауып белгілеңіздер 
A) Кино көргелі жиналғандар ала-құла бірі астына шелек қойып 
енді бірі машинаның ескі баллонының үстінде отыр. 
B) Тағы да осы көркем шығармалар арқылы жаргон деп танылып 
жүрген  құлап  қалу  экзаменде  екі  алу  студенттер  арасында  телик 
телевизор  жатақ  жатақхана  ақмағамбет  арақ  аққайнар  шампан 
сияқтылар әдеби тілдің игілігіне айналып бара жатқан жоқ па?! 
C) Одан кейін менің білгенім оянып кетсем үйдің іші ала көлеңке. 
D) Ораз мылтығын Қорабайға беріп Мынаның көзін жытыр Мен 
бандыға кеттім Жөнеледі. 

 
148 
E) Енді байқады қала сыртынан ат қарғып өте алмайтын қыл аяғы 
құрдым  ор  қазылыпты  ордың  сырты  жалпақ  даланың  етегін  кеміріп 
жеп ішкі ернеуі білезіктей безер қорғанға сұғынып жатыр. 
F)  Иегі  ителгінің  тамағындай  деп  қызықтырған  асықтырған 
қалыңдық Ділда Мұның жары!
 
 
ІІ. Қос нүкте қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Пәуеске  айқын  көрінгесін-ақ  ауылдан  көріп  тұрғандар  таласа 
бастады  біреуі  Қажының  үйінің  күйеуі  деді  бірі  Түбектегі  құдасы 
деді. 
B) Кино көргелі  жиналғандар ала-құла бірі астына  шелек  қойып 
енді бірі машинаның ескі баллонының үстінде отыр. 
C)  Тыңдасайшы  әуелі  Аңнан  басқа  алаңдатар  ештеме  жоқ 
деймісің мені деп саптама етігін шеше бастады Мына жолаушыларға 
Садуақасты ертіп жіберсек деп ем. 
D)  Қабағын  қарыс  жауып  алған  әлгі  шой  қара  Е  тәйірі  сонша 
салмақтағаныңа  қарағанда күшке  түсер ауыр  бірдеңе екен  ғой десем 
деп ыржая күліп иығынан салмақ түскендей қозғалып қойды. 
E) Бұл вальс қой өзі деп тағы біраз ойланды да атына қарағанда 
бір сезікті орыннан естілген күй сияқты ғой деп Мұқаның жүзіне күле 
қарады Қайдан үйренгенсің?! 
F)  Бір  ғана  өзгеріс  осыдан  он  шақты  күн  бұрын  Елтай 
Кәрімовичтің қызметі жоғарылап осындағы трестердің біріне бастық 
боп кеткен.
 
 
ІІІ. Қос нүкте қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Жуық  арада  екінің  бірі  болуға  тиісті  не  станцияның  жерін 
кеңіту  керек  не  станцияны  осы  аудандағы  ұжымның  біреуінің 
қарамағына беру керек. 
B) Күн шығып ел тұра бастады Нұрлан әлі жоқ. 
C)  Жойқын  алыптарды  үңгірде  көрде  тұрғызу  салт-сананың  ең 
ескі түрінің бірі үңгір адам баласының ежелгі тұрағы. 
D)  Кеген  ауданына  келгенше  мен  де  аңшы  емес  едім  мұнда 
келген соң еріксіз үйрендім. 
E) Білмегенін білсем деп оқушылар ынтығар.
 
 
ІҮ. Қос нүкте қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) Сөз бергенге ерме бөз бергенге ер. 

 
149 
B) Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді бұл егін дәнін 
қолымнан мен септім ғой. 
C)  Екеуі  де  жастықты  жаңа  заманнан  бастаған  дала  жаңаша 
гүлдейді дала адамы жаңа өмір сүреді. 
D)  Абайлар  Ойқұдықтағы  ауылға  жете  қонбақ  болып  аттарын 
шоқыта сар желіске сала жөнелді. 
E)  Адам  жазым  ат  жазым  болып  жүрмес  үшін  көкпар  шығармай 
айналма бәйгемен тынбаққа келісті.
 
 
Ү. Қос нүкте қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Дәуіт  ұшып  кетпеу  үшін  Қарлығаш  оның  қанатын  қырқып 
қояды. 
B) Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп бұлар ауылдың ық жағына 
қарай бұрыла жүрді. 
C)  Абай  бүгін  әдейі  бір  үй  іші  кеңесті  оңаша  сөйлесейін  деп 
Мағаш Әбіштерді осында шақыртқан. 
D) Ұсыныс сол сөз өздеріне берілсін. 
E) Малшы сырын білем мен қасында өскем жасымнан.
 
 
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 
Тырнақша, оның қойылатын орындары 
 
Тырнақша кідіріске, интонацияға  немесе сөйлемнің құрылысына 
байланысты емес, мағынаға негізделіп қойылатын тыныс белгі болып 
табылады. 
 
ТЫРНАҚША 
 
Қойылатын орындары 
Сөйлем  ішінде  келген  мақал-
мәтелдер, афоризмдер 
Жүсіп  біздің  ауылдағы  сондай  «айдағаны  төрт  ешкі, 
ысқырғаны жер жаратын» кішкене «диктатор» еді. (С.Ш.) 
Дәйексөз, төл сөздер 
–  «Сұлу  –  сұлу  емес,  сүйген  –  сұлу»  депті  ғой.  Әркім  өз 
сүйгенін  мақтайды  да,  –  деп  қойды  жантайып  жатқан  бір 
жігіт. (Ж.А.) 
Объект  етіп  алынған  жеке 
сөйлемдер,  сөздер  не  сөз 
тізбектері, әріптер, буындар 
Қазіргі қазақ тілінде егер-дің  «г»  дыбысы түсіп қалғанда, 
сөз еер болу орнына ер болып ықшамдалған. (Ә.Х.) 
Кекету,  ажуалау  және  кері 
мағынада 
қолдану 
үшін 
айтылған сөз 
Жас  күнінде  әйгілі  Садақ  ақынмен  айтысып  «Бала  ақын» 
деген  ат  алып,  сол  Садақты  өлең,  сөзде  мүдірткен  осы 
Қадырбай болатын. (М.Ә.) 
Зауыт,  фабрика,  комбинат, 
машина  маркасы,  ұшақ  т.б. 
Жұмысқа  берілгендігі  сонша  анадай  жерге  «газик»  келіп 
тоқтап, ішінен екі  адам шыққанын да байқамай қалыпты. 

 
150 
қойылған аттар 
(Ш.А.) 
Газет, 
журнал, 
кітап, 
шығарма, кино т.б. аттары 
Осы түнде ас піскенге  шейін Барлас  «Қобыланды батыр» 
жырын жырлады. (М.Ә.) 
Кейбір ойын, әдет-салт аттары  «Орамал  тастау»,  «Хан  жақсы  ма»,  «Мыршым»,  «Белбеу 
соқ»,  «Ләппай  тутәлә»  сияқты  күлдіргі  ойындар  да  тегіс 
ойналды. (М.Ә.) 
 
219-жаттығу. Оқып шығып, тырнақшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер. 
Өзінің  айтулы  ару  қыздарының  атын  «Ақмарал»  деп  қоятын 
болды...  (Ш.А.)  Оның  ата-тегін  де  бар  Тобықты,  бар  Қарқаралы 
«Қаракөк»  деп  атайды.  (М.Ә.)  –...  Бірі  дарақы  мақтаншақ,  бірі  ұрда-
жық,  даңғой  атанғанда,  осындай  көп  жиын  үстінде  масайып, 
оспадарлық  қылам  деп,  сондай  атақ  алатын!  –  деді.  Соңғы  айтқан 
«мылжың»,  «мақтаншақ»,  «даңғой»  дегендері  осы  арада  шынымен 
төрт  көзі  түгел  отыр  еді.  (М.Ә.)  Абай  жалғыз  өзі  төрт  ауыз  өлеңді 
сыры  терең  «Аққайың»  әнімен  айтып  барды  да,  баяу  ғана  тоқтады. 
(М.Ә.)  Көп  басты  адамынан  айрылған  Жігітек  талай  заманға  шейін 
«көзге қамшы тигендей» болып қалады. (М.Ә.) «Еңбек етсең ерінбей, 
Тояды қарның тіленбей» деген  Абай  сөзі мен көргендерін бір түйіп, 
Ізбасар Әлжанға жетті. (Ғ.М.) Бір терменің ішінде Барлас: 
Аға сұлтан ұлық бар, 
Елге мәлім қылықтар, 
«Өл» дегенде өлмесең, 
«Жүр» дегенде жүрмесең, 
Малы құрым құрықтар, 
Кісен салып құлыптар! – деп бір кетті. (М.Ә.) 
 
220-жаттығу. 
Сөйлемдердің 
тиісті 
жеріне 
тырнақшаны 
қойып 
көшіріңіздер. Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер. 
І.  Өзен  жағасына  өскен  бұта  шөптерге  де  Сүйкімді,  Қорқақ, 
Батыр,  Ашушаң  деп  неше  түрлі  аттар  қоятын.  (Ш.А.)  Алтыбақан 
қасындағы ән мен ойын тағы біразға созылып барған соң, Ербол тың 
ойын бастады. Онысы – ақсүйек, содан кейін серек құлақ еді. (М.Ә.) 
Ал  жаңағы  мықыр  мойын  сияқты  жаңашылдар  соның  байыбына 
барып, мынасы дұрыс, мынасы бұрыс деп саралап жатпайды.  (С.Ш.) 
Мен  сөйтіп  бір  Волгаға  отырдым  да,  айналып  жүретін  жаңа  тас 
жолды тастап, бұрын бала шағымда талай рет шиырлап өзім жүрген 
ескі  жолмен  төте  тарттым...  (С.Ш.)  Бұрын  мұндай  жиын  ортасында 
дос  деген  атпен  Байсал,  Қаратай,  Бөжей,  Сүйіндік,  Түсіп  сияқты 
кісілер отырушы еді. (М.Ә.) Абай, Шолпан, Таң, Сана журналдарында 

 
151 
Абай  мұрасын  зерттеу  туралы  мақалаларын  жазып,  ақын  өлеңдері 
мен  қара  сөздерін  баспасөзде  жариялап,  насихаттау  әрекетінде 
жүрген  Мұхтар  1924  жылы  өткізілетін  Абайдың  жиырма  жылдығын 
атап  өту  қарсаңында  келелі-келелі  міндеттерді  алға  қойды.  (М.Ә.) 
Абайдың Қараңғы түнде тау қалғып, Біржанның Жамбас сипары мен 
Жонып алдысы, Жаяу Мұсаның Ақ сисасы, Тәтімбеттің Сылқылдағы, 
Мәдидің Қарқаралысы мен Естайдың Хорланы, Ақанның Сырымбеті 
мен Құлагері бірінен соң бірі бәйгеден келіп жатыр. Қол шапалақтап 
қоштауды білмейтіндер әй бәрекелдіге басуда. (Т.К.) 
 
ІІ.  Бұл  уақыттарда  скрипкада  орыстың  әсем  сырлы,  сұлу  сезімді 
Лесная  сказка,  Над  волнами  сияқты  вальстері  сызылған.  (М.Ә.) 
Әлмағамбет  Тәңірі  қосқан  жар  едің  сен  деген  өлеңі  менен  Татьяна 
назын  толқытып  жөнелді.  (М.Ә.)  Жылан  торғайды  арбап  жейді 
дегенді  Ақбілек  бала  кезінде  естіген.  (Ж.А.)  Академик  И.П.Павлов 
адамзаттың  тілін  екінші  сигналдық  жүйе  деп  атаған.  (Ә.Х.)  Мақсұт 
жайын  кемпірмен  ғана  сөйлеседі.  Оған  да  жақсы  бала  болып  көріне 
бастады.  (М.Ә.)  Завод  1928  жылдың  7  ноябрі  күні  Қазақстан  деген 
атпен  ашылады.  (С.М.)  Дау  үстінде,  ойда  жоқтан  тіліне  оралса  да, 
Бөрінің  артынан  бөлтірік  ақылды  болғандықтан  ермейді  деген  сөз 
мұның  өзіне  қазір  бір  өзгеше  мәні  бар,  өрісті  ойдай  көрінді.  (М.Ә.) 
Ағайын ес жиярлық мезгіл бермей, ара түсердің бәріне білдірмей, бір-
ақ  күннің  ішінде  осыны  етіпті  де,  баяғысынша  түк  болмағандай, 
ақсарбасын, көкқасқасын айтып, ру басшыларын жиып, қонақасысын 
көпіртіп жүре беріпті... (М.Ә.) Жалпақ ел, бар ауылдар осы жайлауға 
көшу  сапарында  балалардың  ауыл-ауыл,  күрке-күрке  деген  ойынын 
ойнап  жүрген  сияқтанады.  (М.Ә.)  Жуан  ауылдың  сотқар  малайы,  өзі 
ожар, доғал жас, тегінде, Оспан шаш ал десе, бас алғандай іс ететін. 
(М.Ә.) 
 
221-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  тыршақшаның  әр  түріне  бес 
мысалдан теріп жазыңыздар. 
 
222-жаттығу.  Өлең  ішінде  қойылатын  тырнақшаларға  мысал  келтіріп, 
қойылу себебін түсіндіріңіздер. 
Үлгі: 
Біржола күй кеткені қызға батты, 
Енді оған естілер ме күйлер тәтті? 
«Таратып тоқсан күйді жібердің», – деп 

 
152 
Бір жақтан керең бір ой күңкіл қақты. (І.Ж.) 
 
Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І. Тырнақша қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Абай  күйікті  бір  ашумен  түйілді  де  ендігі  жолда  үндемей 
томсарып жүріп кетті. 
B)  Абай  мен  Әйгерімнің  бұл  кезде  тіккен  үйлері  қоңыр  үй  деп 
аталады. 
C)  Сазамбай  Жарықтық  бір  әулие  адам  көрінеді  Қырықтың  бірі 
Қыдыр деп еді Қандай адам әлдекім біледі? 
D)  Семіз  бұйра  торы  аттың  ауыздығын  алып  оттата  жүріп 
орақшыларын өкшелеп жағалайды. 
E) Әзімбай ақырғанда бұдан жасқанып тоқтамай ора берген жуан 
жоталы қара сақал жылқышы ғана болды. 
 
ІІ. Тырнақша қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Мағаштың  жай  айтса  да  зіл  салмақты  айтылған  сөзінен  соң 
Әзімбай да амалсыз тартынып қалды. 
B)  Таңертеңгі  асты  ішкен  соң  жаңа  жеңіл  күпіні  иығына 
жамылып  басына  лақ  терісі  жеңіл  бөрік  киіп  Абай  қалың  кітаптар 
оқиды. 
C) Белгілі өлшеуі мөлшері жоқ бұл шығын анық қараңғы жолмен 
алатын жем болғандықтан оның атын жұрт қарашығын дейтін. 
D)  Үй  ішіндегі  салық  сөзі  бітіп  елубасылардың  дағдылы  жиыны 
аяқталған  соң  қалың  елге  енді  сайлау  болыс  сайлауы  би  сайлауы 
деген дақпырт естілді. 
E)  Әйгерім  отқа  жақындап  отырғандықтан  өңі  ажарланып 
балқығандай қызара түскен. 
 
ІІІ. Тырнақша қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Үлкен  қамыс  тегенеден  сылдырмақты  күміс  ожаумен 
құйылған  көк  сары  тостағандағы  қымыз  Абайдың  өзінен  бастап  үй 
ішіндегі қонақтың бәрін жағалады. 
B)  Бар  сөзін  анық  етіп  салмақтап  Абайдың  Жігіттер  ойын  арзан 
күлкі қымбат деген өлеңін ұзақ айтып еді. 
C)  Оқыған  аз  кідіріп  маңдайын  бет  аузын  сипап  Ақсақал  оның 
бәрі бекер өсек сөз бұл ақтардың елге жайып жүрген лақабы. 

 
153 
D) Кәкітай мен Дәрмен Мағаш ойының батылдығына өткірлігіне 
қызығып қалды. 
E)  Тәкежандай  емес  белдесуге  берік  бұзар  мінездері  білініп  жүр 
дегенді Абай өзі де естуші еді. 
 
ІҮ. Тырнақша қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) Ертеде Шор шапқан Найман шапқан Бура тиген деген сияқты 
Тобықтының  көп  руларына  үлкен  шабуылдар  жасаған  көрші  рулар 
болған-ды. 
B)  Қанапия  олай  былай  аяңдап  Кім  біледі  Біреуге  беріп  жаман 
үйреніп қалған адам. 
C)  Абайдың  қымыз  үстіндегі  ұзақ  кеңесі  үй  ішіндегі  саналы 
жастардың барлығын зор ықыласпен тыңдатып еді. 
D) Аздан соң Әйгерім Татьяна әнін айтып жөнелді. 
E)  Әйгерімнің  күлкісі  қатты  келсе  де  қайнағаға  күлуден  именіп 
қысыла қызарып артындағы Зылиқаға бір нәрсе айтқан болды. 
 
Ү. Тырнақша қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Ол  биік  бастау  соңынан  әсемдеп  тұрып  Абай  өлеңі  Айттым 
сәлем Қаламқасты созады. 
B)  Мынау  істі  жұрт  Базаралының  ғана  бастаған  батыл  қимылы 
Қазақ ішінің мінезі емес Тіпті айдаудан тауып әкелген ағыны тәрізді 
деп те топшылады. 
C)  Шәрбану  Салып  жатырмыз  Аққұманды  алып  шапанын 
жамылып шығып кетеді. 
D)  Сазамбай  Шәрбануға  оқты  көзімен  қарап  Сендер-ақ 
құлағымның етін жеп бітірдіңдер ғой! 
E)  Таңертең  келіп  шай  ішкен  одан  көкқасқаның  етін  жеген 
жиындар түске шейін сөздерін тауыса алмады. 
 
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет