Сөз басы. Өзіме
І тақырып
Ғазал жаз, Әлмұхамбет, қалам ұштап,
Доғарма зеһиніңді қараңғы ұстап.
Паш айла пікіріңді баян етіп,
Шықсын аш іштегі шер сыртқа тастап.
Үндемей отыруыңды өнер көрмей,
Өзіңді тұтқын қылып өзің ұстап.
Артыңы аз да болса бір сөз қалдыр,
Көргендей кейінгі жас қолына ұстап.
Білемін талап етсең сөз табасың,
Алыстан тартпасаң да терең нұсқап.
Жоқ болса сауатыңда сөз самалы,
Мен сені ұстар ма едім, сонша қыстап.
187
ІІ тақырып
Не түрлі танимысың, заманыңды,
Өлшеп піш заманыңа ғаламыңды.
Сыр ашпай, жасырынып бұққанменен,
Білмей ме халық сенің жаманыңды.
“Айқаптың” журналына көмек көрсет,
Қыстырып шашуға арнап шамалыңды,
Ғасырдың сөз өлшеген сыншылары
Байқасын жүйрік, яки шабаныңды.
Қазағыма
ІІІ тақырып
Қарашы, мынау хылқым, неткен заман,
Көндіріп өз дегенін өткен заман.
Көл жайлап, бие байлап, толықсыған,
Дәуірі көшпендінің біткен заман.
Қармалып қараңғыда қазақ жатыр,
Басқалар бар мақсатқа жеткен заман.
Ішіп-жеп, басып-жаншып, пайдаланып,
Теңдіксіз ұрып-соғып, кеткен заман.
Бір тиын пайдаға аспай бара жатыр,
Ұрлықты зорлықпенен сөткен заман.
Берілген басты адамдар партияға,
Көрмесін еш біреуін серттен аман.
Құмары азаматтың ала қағаз.
Сауы жоқ және ішімдік дерттен аман.
Қараңғы надан елдің күні құрсын,
Бұралқы қадірі жоқ иттен жаман.
Кел, қазақ, надандықтан қоштасалық,
Қайырылмас қанша айтқанмен кеткен заман.
Қатардан қалыспасқа қам етелік,
Қалмасын кейінгі жас тіпті надан.
Жастарды жас өспірім, жаңа талап,
Сақталық, бұл адасқан беттен аман.
Үйреніп өнер-білім өрге жүзіп,
Сау қалсын, саналы жас шеттен аман.
Қатар-құрбы қазақ жастарына
ІV тақырып
188
Тыңдашы, Сіз де азамат, құрбыларым,
Ұнаса мынау шаққан сізге зарым.
Көшке ермес көп құрбыма қыстамаймын,
Биті жоқ талағында туған жарым.
Тақырып халықтың халін, жұрттың қамын,
Талапты өткір туғандарың.
Халық үшін ойдағы мен бойдағыны,
Жұмсалық құрастырып қолда барын.
Жас сері, енді сенің сенерің кім,
Бар болса айтшы маған, түсі барын.
Байларға малы бар деп сенемісің,
Отырған үнем қылып іші-қарын.
Басшы ғып біздің халық бас иіп тұр,
Қасқырдай қарыс азу тісі барын.
Пара алып, би болыстар бөліп жатыр,
Бұрмалап бұзықтардың дау мен шарын.
Халық үшін қаны қызып қайғыра ма,
Таласқан шарға түсіп сатып арын.
Ерік бер, ескілерге жата берсін,
Қожа, ишан қолына ала молдаларын.
“Тоныңды битке өкпелеп отқа жақпа”,
Деген сөз бар емес пе, туғандарым.
Өзіме айтқан тоқтау сөзім
V тақырып
Тоқта, сен Әлмұхамбет, тыңда кеңес,
Не үшін? деп құр қарысып қылма егес.
Асықпа, аса сөйлеп, әліңді біл,
Осы сөз сенің сөйлер теңің емес.
Ойлашы, кім аяқтан қанағаттар,
Тұрғанда қара саба, сырлы тегеш.
Бұғалық,қайың құрық ілікпей тұр,
Оларға қарағанда сен білтегіш.
Сералин, Байтұрсынов, Дулатовтың,
Жаны ашып, жазған әуел жұмбағын шеш.
Сөйлесек, солардан соң суырылып,
Қалмассың болса өнерің сонда да кеш.
Тіліңді шалдар-шүлдір оқуыңмен,
Білдім деп оны халыққа қылма сен пеш.
Соқтықпай жүр бай менен би болысқа,
Япыр-мау бар ма, сірә сенде ақыл-ес.
Сенікі ілім де емес, ғылым да емес,
189
Жігіттік желіктірген жиырма бес.
Тоқта-тоқта!
Жазушыдан соңғы сөз
Жазушы Әлмұхаммед Ғосманұлы,
Тағдырға бойсынбақшы хақтың құлы.
Қашаннан хақ жолында құрбан болмақ,
Бұрынғы факилардың салған жолы.
Факилар жұмласынан болмасақ та,
Наубетпен көріп тұрмын мен де мұны.
Мухтасиф үш ауданға болдым рас,
Жасқанып жасыра алман сірә да оны.
Ғылымның азды-көпті арқасында,
Халқымнан қадір-құрмет көрдім шыны.
Күңіренген көп тілегі арқасында,
Он үш жыл өз жолыммен келдім соны.
Ырзамын әуелі алла һәм халқыма,
Еншалла ұмытпасам керек мүны.
Жалпыға жалпақ келген бұл бір нәубат,
Демей-ақ жақсы-жаман, ұсақ-ірі.
Амал жоқ, әрине болса күтіп алдым,
Ішінде осы көптің мен де бірі.
Тауфиққа қайтып тауба ету ұшін,
Жіберген қинап хақтың бұл бір сыры.
Көрерміз, нәтижесін көппен бірге,
Тысқары топырақтан болсақ тірі.
Орынсыз кеттім-ау деп ойламаймын,
Факирдің толығымен толған құны.
1911 жыл.
Туған жер мен елге сәлем хат
Ассаламағалайкум, халық-қарындас!
Қарт ата, қарт ана мен жеткіншек жас!
Ат атап ешбіріңді айырмаймын,
Сәлемім дін қарындас бәріне хас.
Ардақты амансыз ба, үлкен аға!
Дұғакөй тілектес, шал, кемпір, ана.
Барсыз ба бәріңіз де сау-саламат
Кейінгі келін-кепшік, бала-шаға.
Ардақты аманбысың, асыл Отан!
Түгел ме тегіс кәрі-жасың Отан.
Мәз болып құр денеңе отырмысың,
190
Кеудеңде бар ма бүтін басың, Отан.
Ардақты аманбысың, туған жерім!
Жастықта сауық-сайран құрған жерім.
Бесқопа, Торғай, Тосын сала бойы,
Кірімді кіндік кесіп, жуған жерім.
Ардақты аманбысың, қайран елім!
Сауығым, сала бойы сайран елім.
Бір күнде әркім білген Бестау едің,
Бұл күнде болып тұрсың, ойран елім.
Ардақты аманбысың, Алалы тау!
Өлкейек бойындағы салалы тау.
Анадай төсін ашып аймалаған,
Алдыңда есігімнің Молалы тау.
Ардақты аманбысың, Жалғыз тауым!
Секілді жеке өсіп-піскен қауын.
Басына анда-санда бір шыққанда,
Қандырып қайтушы едің көздің жауын.
Ардақты аманбысың, қыстау-сорлар!
Айналған алабыңа мың сан қойлар.
Қыр елі Сыр елімен қатар жайлап,
Ас беріп, неше дұркін болған тойлар.
Ардақты аманбысың, құм-көлдерім!
Жайлаған жаз жадырап көп елдерім..
Ауданы алтыншы ауыл асыл Отан,
Егінжай еркін жатқан сары белдерім.
Ардақты аманбысың, Үшқарасу!
Көпшілік бар ма жиын бұрынғы ну?
Медресе, мешіт және мектеп ашып,
Орнатқан ордам едің, басына ту.
Шырақшы сайлап едік кұту үшін,
Мешітті тәрбиелеп тұту үшін.
Жастарға тағылым беріп тәрбиелеп,
Құлшылық бір аллаға ету үшін..
Жегіздің жемісіңді дін оқылып,
Кұңіреніп жеті сайын жұма оқылып.
Екі гайт тәулігіне меллаттойы,
Тілекпен тараушы еді дұға қылып.
Басыңда бақыт құсың болған күнде,
Төрт жағың құбыла боп тұрған күнде.
Ырзалықпен шүкір-ана той етпеп пе едік,
Он жылға камил жасың толған күнде.
191
Алып едік халықтың дұға-ихласын,
Қожа-ишан ғалымдардың фатихасын.
Илаһи ұзағынан сүйіндір деп,
Төгіп ед көп халайық көздің жасын.
Бұл күнде бар ма, азаншы молдаларың,
Жайнамаз, мінбар, таяқ, шалмаларың.
Алдағы әрне болса аманатсып,
Өзіңе-өзі қожа болсын жарық.
1929 жыл.
Тұтқындардың І мүнажаты
Жаратқан жан бар құдірет,
Жанабына бұл рет.
Иәиллаһа, иллалло
Кәлима айттым бір рет.
Пайғамбарым Мұхаммед.
Күндіз-түні көп айттым
Шафағат тілеп сан рет,
Зікір, тәшфит жана да
Гәллил айттым мың рет.
Біздің қазақ баласы,
Жалпы қоғам данасы,
Құдайға құл қашаннан,
Хақ расулге шын үммет.
Шахит болсақ біздерге,
Жақсылықты кәміл іздерге.
Кәләм шарипте бер еді,
Фарыз көп міндет.
Қадірін білмей дәулеттің,
Бастағы бақыт, сәулеттің.
Біздің қазақ білмеймін,
Болдық па ғаси әлде шет.
Қалыңға түсіп қамалып,
Қотырға шиқан жамалып.
Кездесіп тұр бұл кезде,
Басымызға бір індет.
Емдейтін мұны табиб жоқ,
Дұғасы қабыл хабиб жоқ.
Шипасы мұның табылып,
Шығар ма екен бұл індет.
Оңай қылсаң қиынды,
Шешсең темір түйінді.
192
Қиын емес өзіңе,
Шын шипа қыл зқұдірет.
Шын көңілмен жылаймыз,
Көздің жасын бұлаймыз.
Болашақ қауіп-қатерден,
Біз құлыңды халас ет. (Әмин).
Тұтқындардың ІІ мүнажаты
Ия, раббым, қабыл айла көздің жасын,
Қалдырма қасіретте мүмін басын,
Пандаңның гуна сұмдық фиғылынан
Шулатып шұбыртқанын, кәрі-жасын.
Тауфихқа қайтып енді тәубә еттік,
Танисың бұл құлыңның ихласын.
Сифатың қаламыңа ғафу раихт
Еркіңде бәрі өзіңнің не қыласың.
Болған іс бізге мүшкіл өзіңе аян,
Тау-тасты әмір етсең, құм қыласың.
Қараңғы, қалың тұман қаптаса да,
Нұр беріп, түнді раушан күн қыласың.
Тамызсаң рахымыңның бір тамшысын,
Дария шұқыр, шөлді көл қыласың.
Тарыққан таппай тамшы біз бір құлың,
Мархабат қашан енді бір қыласың.
Бұйрықты уақыт сағат бар шығар деп,
Күтеміз біз де хақтың рәдасын.
1929 жыл.
Қоштасу
Хош Торғай, тоқсан сала туған жерім,
Кірімді кіндік кесіп, жуған жерім.
Сарыторғай, Сары Тосын сала бойы,
Ардақты асыл отан, асқар белім.
Алысып балалықта асық ойнап,
Жастықта сауық-сайран құрған жерім.
Келгенше қырық жасқа жүз түрленіп,
Аллаға белді мықтап буған жерім.
Көз қимай, көңіл бармай, тілім келмей,
Тұрса да қоштасамын, қайран елім.
Сөз жазып ашық хатқа екі-үш ауыз,
Шығардым жол үстінде іштің шерін.
Баршаңа дұғай сәлем артқы халық,
Хастаймын дін-қарфындас жалпы халық.
Керуен жол үстінде біз барамыз,
Көзде – жас, ойда – уайым, көңіл – ғарып.
193
Болжаусыз бастағы бұл түскен тұман,
Аяқтап ашылады қайда барып?
Рахманның рахматынан үміт үзу,
Пәндаға басы жұмыр емес лайық.
Ағытса әдіо өкімет ақтан шешіп,
Қуаныш кірер кернеп, жүрек жарып.
“Белгі жоқ өткен күнде” дегендей боп,
Жетілер жем жегендей жетім, арық.
Күңіренген еөп тілегі қабыл болсып,
Илләһи алды-артымыз болсын жарық.
Науырызым, Батпаққара, Торғайменен,
Қарсақпай қашығырақ қалдың менен.
Ежелден Ырғыз елі ата көршім,
Шегініп кейін тұрсын, сен де менен.
Бұл нешік, тілек қабыл болмады ма,
Махрұм болдың халқым, мұнша неден?
Мен бұған жәбірленіп, жатырқаман,
Бұл мирас бұрын көрген бабам Шеген.
Оралған олар-дағы ордасына,
Байтұрсын Сібір кетіп Астаспенен.
Үміт көп әуелі алла өкіметтен,
Нақақтан күйдірмес деп тіпті неден.
Хайыр хош, тілектес боп тұрыңыздар,
Тар соқпақ, тайғақ кешу бқл бір кезең.
Майқарау, Шұбалаң мен ескі Тосын,
Науырызым екішекті мекен, қосым.
Қарсақпай ауданынан бес махалла,
Нақия қолдан ашқан нағыз досым.
Елу төрт дін ұясы мешіттерім,
Күңіренген азанменен көңіл хошым.
Мухаззин – мұнарада, мінберде – имам,
Әрқашан сіздерменен ақыл, күшім.
Мұнажат мұңды мақам мұң-зарларын,
Илләһи ғаршыға асып махбұл болсын.
* * *
Өкімет қамқор ата, халық баласы,
Еңбекші, кедей, батрақ нақ баласы.
Бай, кулак, атқа мінер, құйыршық деп,
Ат қою саясаттың тап қарасы.
Қыран көз қырын салып қарағанда,
Табылар олардың да тап-тазасы.
Үміт көп, өкіметтен шешер деген,
Ашылып алдағы істің ақ-қарасы.
194
Жол үстіндегі мүнәжат
Я, раббым, қабыл айла көздің жасын,
Қалдырма қасіретте мүһмүн басын.
Пәнданың........................ пиғылынан
Шулатып шұбыртқаның кәрі-жасын.
Тәупыққа қайтып енді тәуба еттік,
Танысын біз құлының ықыласын.
Сифатын қаламында зафурахам
Еркіңде бәрі өзіңнің неғыласың.
Болған іс бізге мүшкіл өзіңе аян,
Тау-тасты әмір етсең күл қыласың.
Қараңғы қалың тұман қаптасаң да,
Нұр беріп түнді раушан күн қыласың.
Тамызсаң рахымыңнан бір тамшы су,
Дария шұқыр шөлді көл қыласың.
Тарыққан таппай тамшы біз бір ғаріп,
Мархаббат қашан енді бір қыласың.
Бұйрықты уақыт сағат бар шығар деп,
Күтеміз біз де хақтың радасын.
Қаптаған қара бұлт аспандағы,
Түнеріп қабағыңды жапсаңдағы,
Сен-дағы биік тауға бір шөгерсің,
Мағрип пен марихқа ассаңдағы.
Сабаңа сен де қайтып бір құярсың,
Тау-тасты талқан етіп тассаңдағы.
Бәйтерек жапандағы зәулім биік,
Бағынған орман, ағаш басын иіп.
Сен-дағы бір күн жанып күл боларсың,
Кетсе егер бір шырпың басы тиіп.
Асқар тау тайталасқан аспанменен,
Оранған кеудеңе асыл тастарменен.
Сен дағы бір күн шөгіп жер боларсың,
Басқаны салмағыңмен басқанменен.
Сұм дүние
Сұм дүние, сырғақтаған сынаптайсың,
Секілді сұлу тазы бұлғақтайсың.
Талайды тасқа соғып, жарға жығып,
Енді сен қайда барып тұрақтайсың.
Сұм дүния, сырғақтаған сен бір сынап,
Аз уақыт мен де сені көрдім сынап.
Еліріп есі кетіп жүогендердің,
Жұртында қалғаны көп улап-шулап.
Сұм дүния, сен бір сынап сырғақтаған,
195
Секілді сұлу тазы сылақтаған.
Әр көштің артына еріп бір кетесің,
Опалы ісің бар ма тұрақтаған.
Сұм дүния, мұнша опасыз болдың неге?
Басына тақыр таздың қондың неге?
Бәлеге құлақ естіп, көз көрмеген,
Айтқандай Асан ата болдың неге?
Сұм дүния, болдың неге мұнша жалған,
Жүргіздің жұмысыңды ойына алған.
Қанішер, қаныпезер, қанағатсыз,
Жауыздық бар ма, сірә сенен қалған?
1930 ж.
Өлеңшілерге өлшеу сын
Азамат домбыра алып бастаса той,
Жадырап жаз болғандай жасылсын ой.
Тыңдауға түсінікті, тәтті келіп,
Шымырлап жүрек жылып, балқысын бой.
Өлең-жыр, ән мен күй ел сауығы,
Қазақтан ата мирас, ен сауығы.
Домбыра екі шекті, бір тиекті,
Құралы өлең-жырдың күй сауығы.
Оң қолың ор текедей тұрсын ойнап,
Бес саусақ пернесінде басын бойлап.
Нақышы түрлі күйдің түрлендіріп,
Келісіп келгендей-ақ кеннен ойлап.
Қаралдың қарап тұрсын қалыбында,
Сайраған сауығындай сауығында.
............................................................
Көмекей тіл оралып жаныбында.
Қисаңдап дене орнынан қозғалмасын,
Қызыл жүз қалыбынан ло жанбасын.
Жалтақтап жан-жағына жәудіреп көз,
Қыңырайып бас бір жақта ол қалмасын.
Өлшеусіз ұран-айқай – ол ұят қой,
Жұлыну жын қаққандай, мол ұят қой.
Азамат әнге салсаң, әдеппен сал,
Ұрыну оң мен солға ол ұят қой.
Азамат, домбыра алсаң “айт дегізбе”,
Құлағын бұрай бермей, “тарт” дегізбе.
Тарихын әр сөзіңнің айтып отыр,
Бұл бізге кімнің “жат” дегізбе.
196
Азамат, өлең айтсаң, әннен аттап,
Тыңдаушы қалсын десең, қанағаттап.
Мазмұнын, кімнің сөзі не туралы,
Баян ет, бастан мұны ұқсын жаттап.
Әндерің атын ата, айтпай тұрып,
Күйлердің тегін сөйле, тартпай тұрып.
Тыңдаса, сонда айтыңдар халық сүйініп,
Ұғынса ықыласы қайтпай тұрып.
Салғанмен ұран айтқан құр сабалап,
Болмай ма тілін жауыр, ернің жалақ.
Айтушы тыңдаушы мен надан келсе,
Дағдысы “пәлі” демек ежелден-ақ.
Болмайды өлең айтқан оныменен,
Өзінің өлшегенде жолыменен.
Айтқанмен құр айқайдың бәрі ән болмас,
Шықпаса шығанақтап тоныменен.
Өлең-жыр, мұң-мүнәжат, ән менен күй,
Бұларды сүйсең жан һәм тәнменен сүй.
Қазақтың әдебиет, тіл байлығын,
Тарихтан жоғалтпасқа қанменен сүй.
Қостанай түрмесінде отырған қазақ жастарының өлеңі
Дариға, еркін жүрген елдер қайда?
Біз мұнда, жан-жолдастар, ерлер қайда?
Сарғайып, сар даланы сағынамыз,
Хат келмей, тым болмаса екі-үш айда.
Ел қайда дегендерге ел орнында,
Елді ойлау лайық емес бұл орнында.
Болаттай болған іске болу керек,
Көз көріп, тұр ғой істің не зорын да.
Ел қайда, дегендерге, ел қоныста,
Барамыз біз де бір күн ол қонысқа.
Салалық сауық әнге сыңғырлатып,
Ұнатып отырған көп бірін ұста.
Салалық сал Мұхиттың “Айдайына”,
Көсем ат Көкшетаудың айдауына.
Әніне Ақан Сері, Біржан Салдың,
Қапаста “Қараторғай” сайрауына.
Салалық Зілғараның “Жиырма бесін”,
Уа, пәлі, тыңдаушылар кәні десін.
Көкшетау, Сібір, Семей, Қыр мен Сырдың,
Сауықсың салатұғын желдірмесін.
197
Салалық Орта жүздің айқайына,
Ажарлы болмаса да байқауына.
Ұраның ұлтымыздың ұрлаймыз ба?
Басқаның бәсеке бас шайқауына.
Айталық әуелі арғын әнін бастап,
Ат қойып, айдар тағып, атыластап.
Сыналық сыр-сымбатын сынға салып,
Кетпелік керексіз деп кейін тастап.
Екінші шөмекейдің шұбыртпасын,
Ыңыранған ырғағы мен құбылтпасын.
Сұлу ән, мұңды дыбыс, жүрек жылтып,
Тартатын табиғаттың жыр-ынтасын.
Әр елдің ән-күйі бар өзі салған,
Табылған табиғаттың тұрмысынан.
Пернесі домбыраның бір түр емес,
Белгілі басқалығы мінеу сыннан.
Айырсын ән құмарлар әділдікпен,
Аңдамас алаңғасар әңгілікпен.
Ән мен күй шығар сауық шат көңілден,
Жыр толғау, мұң-мүнәжат қасіреттен.
Қай түрін бұл әндердің айт дейсіздер,
Көп күйдің қайсыбірін тарт дейсіздер.
Әлеумет бәрімен де базар етсек,
Қалайша жоқты бізге тап дейсіздер.
1931 жыл.
Ақ түрмеде бірге отырған азаматтарға жұбату
Болыңыз болған іске болаттай-ақ,
Бостықты бойға жуық жолатпай-ақ.
Қайғы ойлап, қасірет шегіп, қажымаңдар,
Шіріген шырғай құсап құлатпай-ақ.
Күн санап көндігіңіз, гүл-гүл жайнап,
Пірлерден болған жәрдем қуаттай-ақ.
Шыдаңыз, шын жібектей ширатылып,
Бұйыға мінген байлап құр аттай-ақ.
Сыр бермей, сергелдеңді сайран етіп,
Өтіңіз, сар өткелден сынатпай-ақ.
Болыңыз, әрқашанда ауызға ие,
Қылышқа қидырмаған қынаптай-ақ.
Артылып ацысарлық болса ақыл,
Беріңіз бір-біріңе сұратпай-ақ.
Жолдасты жақсы сөзбен жұбатыңыз,
Көпке ортақ қолдан ойған суаттай-ақ.
Жылы жүз, жұмсақ сөзді болыңыздар,
198
Түндіктен түскен жазғы шуақтай-ақ.
Жөн сөйлеп, жолдастарға жол сілтеңіз,
Қандырған шөл мейірін жол сілтеңіз,
Жүрмеңіз жамандыққа үйір болып,
Өткізіңіз ол мінезді ұнатпай-ақ.
Борышы ақсақалдың адамшылық,
Құлпырып көңіл бөлу жанаттай-ақ.
Ар-ұят, әдеп-әр кез азаматқа,
Жарасар жаңа таққан манаттай-ақ.
Жастарға жарасатын жақсы мінез,
Өтімді өткір болу сынаптай-ақ.
Бүгін бар, ертең жоқ боп туған заман,
Сыйлаңыз бір-біріңді қонақтай-ақ.
Біреу кеш, біреу ерте, біреу түсте,
Ширеттен өтіп жатыр санатпай-ақ.
Алдағы жақсылардың жол жобасы,
Көрініп тұрған жоқ па сораптай-ақ.
Досқа – күлкі, дұшпанға – таба болып,
Уайым ойламаңыз, олақтай-ақ.
1931 ж.
Кел қолым, қалам ұста, қылып ермек
І тарау
Кел, қолым, қалам ұста, қылып ермек,
Пұрсатың бар тұрғанда, сынбай шөлмек.
Қалаулы халық ақыны болмасаң да,
Қалсайшы қаламыңды сен де сермеп.
Маржан тақ мәдениет майданына,
Мазмұнды мысалдардан салып өрнек.
Білгендер маржан, білместер арзан десіп,
Қиыннан қиыстырып қияға өрлеп.
Елудің шығып тұрсың екісіне,
Елу жыл енді саған жоқ қой жүрмек.
Із қалдыр аз да болса арт жағыңа,
Тумақ хақ және де рас, туған өлмек.
Заңы жоқ табиғатың, оны да ойла,
Қалды деп артымда арман қайтып келмек.
Ғафылдық соның үшін ұнамайды,
Болған соң, шам-шырағың бір күн сөнбек.
Алдыңда тоқсан төртте Жамбыл атаң,
Өлеңмен беріп отыр әлемге өрнек.
Көргенде Сталиндей көсем ерді,
Көңіліңе шаттық еніп, кеткен кернеп.
Қажымас қайран ерге тең таба алмай,
Әлемнен тапса кейін болған бермек.
Тоқтатқан сөз аяғын соныменен,
199
Кетіліп, кемімейтін, кемеңгер деп.
Үлгі алып, сол Жәкеңнен өлең жазсақ,
Кім айтар дейсің саған кейін тұр деп.
Азамат, сөз тыңдаған арттағы іні,
Сіздерге бір ермегім мынау бермек.
“Жақсы сөз – жан азығы” деген нақыл,
Ұнаса, аларсыңдар, аздап өрнек.
Жобасыз құр өлеңнің жөні осы деп,
Талабым, жоқты-барды емес термек.
“Айтады дос жылатып” дегенде бар,
кей сөзім, кейімеңдер, болса кермек.
Шын мақсат, тіршілікте, шырақтарым,
Үйреніп өнер-білім, өрге жүзбек.
Түзетіп мінез-құлық, тұрмысыңды,
Бір уақыт шын дос – жармен ойнап күлмек.
Халық үшін болсын қылған қызметің,
Іңкәрің, еңбекші елге көмек бермек.
Мансапқор, жалақорлық жолменен,
Жігітке өнер емес, өсек термек.
Құрбыңның сайла жолдас қымбатынан,
Басына не күн туса, бірге көрмек.
Құрбыңның алсаң жолдас арзанынан,
Басыңды бір пәлеге байлап бермек.
Жұпардың жақпасаңғ да исі жақсы,
Қарамай, жуып кетсең ол бүлдірмек.
Мысалы, жақсы-жаман сол секілді,
Олар да өз кәдесін тез білдірмек.
Жақсы кім?-Ол аяулы, әдепті адам,
Айырып мұның парқын білмек керек.
Жаман кім?-Тәрбиесіз ол бір надан.
Секілді қисық-қыңыр, өскен терек.
Алды-артын ой жіберіп, абайламас,
Белгісі надандықтың көппен дүрмек.
Ақылмен қорытынды айтатұғын,
Әрқашан, абыроймен жүрмек керек.
Ары бар, ұяты бар азаматтың,
Жолында жолдас болып өлмек керек.
Достарыңызбен бөлісу: |