Ф-ӘД-001/046 ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Жас ерекшелік психологиясы
№12 Лекция
Жас өспірімдер психологиясының ерекшеліктері
Лектор: Ж.Қ.Дүйсенова
Түркістан 2023ж
№ 12 Лекцияның тақырыбы: Жасөспірімдер психологиясының ерекшеліктері
Лекцияның оқыту нәтижелері: 2. Әртүрлі жастағылардың дамуының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жас кезеңдері нәрестелік кезең, сәбилік кезең, мектепке дейінгі кезең, бастауыш сыныптық кезең, жеткіншектік кезең, жастық шақ, орта, кемел жас кәне қартгық кезеңдер ерекшеліктерін түсінеді, диагностикалайды, нәтижелерін қолдана біледі 3. Әрбір жас кезеңіне байланысты таным процестерінің дамуы, психикалық құбьшыстар, қасиеттер және жас кезеңіне байланысты дағдарыстар мен ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді 5. Әртүрлі факторлардың жеке тұлғаның психикалық және жеке тұлғалық дамуына тигізетін ықпалы туралы білімдерін талдай алады;
Лекция жоспары:
Жас өспірімдердің когнитивті саласының даму ерекшеліктері Жас өспірімдердіц зейінінің дамуы. Жас өспірімдердің тұлғалық даму стадиясы. Дүниетанымньщ цалыптасуы мен өмірлік ұстанымдар. Жас өспірім кезеңіндегі «дағдарыс» мәселесі.
Лекцияның мазмұны: Студенттерге жас өспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, жас жаспірімдік кезеңдегі баланың басында болатын жаңа құрылымдар, ересектермен өзара қарым-қатынастары, жаңа өмірге қадам басуы туралы ғылыми түсініктерін қалыптастырады. Жас ерекшелігі психологиясында жас өспірімдік шақ жыныстық талысудан басталып, ересетіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Акселерацияның, дене күшінің жедел дамуы, нәтижесінде қазіргі балалар тез және байлары екі-үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеппен 2 жыл бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға препубертаттық, пубертаттық және постпубертаттық фазаларға бөледі.
Балаң жастық - адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай). Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тқрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылданумен байланысты. Спорттың кейбір түрлеріне балаң жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең.
Жыныстық даму жөніне жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар мен басқа да әлеуметтік – экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескері өте маңызды. Кейбір әбден қалыпты адамдар орташа статистикалық мерзімдерден көп озық не қалыңқы дамиды. Қарқынның бұл вариацияларын патологиялық жағдайлардан ажырату әрдайым оңай бола бермейді.
Жас өспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық саяси қызметке даярлану, мекелесуге, өз отбасы құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс-әрекетінің сипатына тәуелді.
Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15 – 16 жасқа қарай әдетті қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әре жетіле береді. Жас өспірімдік – жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организмінде, сырт келбетінде мінез өзгерістер құлқында болады.
Жас өспірімдік кезең жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығын (енді бала болмағанымен, әлі ересек те емес), өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы - осының бәрі қосыла келіп жас өспірімдік шақта бағалаушылық – бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады. Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да, жас адам оларды бағалауға өте – мөте ден қояды да, өзінің мінез құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерийлер мен нормалар негізінде құруға тырысады. Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді.
Адамньщ жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай эдетте қалыптасып болады, сондықган оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі инттеллектілік операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттьщ баюы жас жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрльм орнықты әрі пәрменді етіп, оны бұл тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсуімен қосылып, мұның езі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастағыларға қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипат береді. Қазіргі зерттеулер ақыл-ой қабілетінің саралануы кыздардан гөрі ер балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілетгер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан маңызды болады. Арнайы қабілеттердің қалыптасуының езі оқытудың сипаты мен бағытына орасан зор дәрежеде байланысты екенін есте ұстау кажет.
Жеткіншек кезеңнің аяқталуымен жас өспірімдік жасқа өтуде ең алдымен олардың теориялык ойлаулары қарқынды дамуымен көрінеді. Жас өспірімдер логикалық түргыда ойлай бастайды, теориялық пайымдаулармен және берілген тапсырма-ларга талдау жасай алу дағдылары қалыптаса бастайды. Олар жеткіншектерге қарағанда адамгершілік, саяси жэне т.б. тақырыптарда кеңінен ойлай алады.Жас өспірімдер эр түрлі тапсырмаларды шешу процесіндекөптеген ғылыми ұғымдарды меңгереді, эрі оны пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады. Бұл олардың теориялық немесеI ауызша-логикалық ойлауының қалыптасқандығын білдіреді;і Осы жаста соған қоса танымдық процестері де интеллектінеI түседі.
Басты бағыты - когнитивті сфераның дамуы жалпы және арнайы
қабілеттердің дамуының жалғасы ретіндегі іс-әрекепің I жетекші түрлері: оқу, қарым-қатынас және еңбек негізінде қа лыптасады. Жас өспірімдік жаста абстрактылы - логикалық ой лау тек жаңа интеллектілік сапаларда пайда болып қана қоймайды, қажеттілікке сәйкес дамиды. Жас өспірімдер кебінесе сабақга оқытушыға пәнге қатысты болмаса да философиялық проблема тақырыптарына байланысты сұрақ қоюға тырысады. Бұндай проблемаларды сабақтан қейін арнайы ұйымдастырыл ған диспуттарда немесе серуенге шыққанда талқылаймыз деп айтуы қажет. Жас өспірімдік жаста ойлау процесінің айқындала басталуы олардың жыныстық айырмашылықтарынада көрінеді. И.С.Конның пікірінше, ең бастысы жас өспірімдер үшін - абстрактылы ойлауға бейімділік. Бр жаста ер балалардан гөрі қыздар жақсы оқиды және үлгерімі жоғары, олардың танымдық қызығушылықтары анық болады. Олар абстрактылы тапсырмаларға қарағанда нақты тапсырмаларды жақсы шешетін болады. Жас өспірім қыздарда көркем-гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарына қызығушылықтары басым болады. Ал ұлдар политехникалық бағытқа жақын болады. Жас өспірімдердін. аримандары тек интеллектісіне байланысты ғана емес, мінез-құлық ерекшеліктеріне де қатысы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |