Əдібай Табылды



Pdf көрінісі
бет13/25
Дата28.12.2016
өлшемі1,4 Mb.
#671
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25

                            
ТАЛҒАМ ДЕГЕН НЕ
 
Қатысушылар: Бапай- мұғалім. 
                             
Бақай- шаруа, оның құрдасы. 
Бапай мен Бақай оңашада кеңесіп отыр
 
Бақай: Бапай сенімен бір ақылдасайын деп едім. Осы маған не себептен 
əйел заты тұрақтамайды? Соны айтшы... Тұсінсем бұйырмасын. Қосылғанда 
«
жаным-тəнім»  деп,  бір-бірімізді  тəуəр-ақ  өбектейміз,  бір-екі  ай  өткен  соң, 

жағдайымыз жараспай, «сен кет, мен кет» деп бастаймыз. Менің не жазығым 
бар? Айтшы,ə?..  
Бапай: Шынын айтсам, сенде таным-талғам жоқ. 
Бақай: Талғам деген не зат?.. Айтшы былай... 
Бапай: Талғам деген эстетикалық сезімнің бір шыңы.  
Бақай: Эстетика деен не зат, тағы? 
Бапай:  Эстетика-көркемдік.  Мынау  жарық  дүниедегі  жарқын 
əсемдіктерді  сезіне білу керек. 
Бақай:  О,  қойшы,соны!  Мен  оны  сезбейді  ғой  дейсің  бе?  Көркемдік, 
сұлулық, əсемдік дегенді менде білем. Менің алған əйелдерімнің бəрі əдемі 
болатын.  Əсіресе,  бесінші  əйелім  Əсел  қандай  сұлу  еді.  Талай  жігіт 
тамсанып,  көзін  тігіп,  сөзін  айтып,  əуре  болатын.  Ол  «мен  бақайды  ғана 
сүйемін» деп, менің мойныма асыла кетуші еді... Сонда, қалайша жеріп, теріс 
мінез көрсетіп, кетіп қалды? Таңқалам! 
Бапай:  Шынын  айтсам,  сен  көркемдікті  көресің,  бірақ  бағалай 
білмейсің. əсемдік парқын білмейсің, оны қадірлемейсің. Талғамың жоқ. 
Бақай: Бəке, көркемдікті таңдап, оны бағалап жүрміз ғой,нетіп...,   
Бапай:  Шындығын  айтшы,  сол  əзілқой,  əсем  мінезді  Əселдің  қадіріне 
жеттің бе? Оның арулығын, ақылдылығын бағаладың ба? 
Бақай: Қойшы ей соны! Көрінген жігітке көзі күлімдеп, басын иіп, бар 
жүйесімен беріліп, менің есімді кетіретін. 
Бапай:  Міне,  мəселе  қайда?  Сені  тек  қызғаныш  билеп,  Əселдің  əзіл 
мінезін, қарпайым қасиетін, адамгершілік арлы тұрқын сезбегенсің. Талғамы 
бар адам, соның бəрін терең сезініп, қасиетті адамды қадірлей біледі. 
Бақай:  Əй,  шынында,  мен  «талғам»  деген  заттан  жұрдай  екенмін,  ей. 
Ондай құдіретті қайтсем қалыптастырам,ə? 
Бапай: Ол үшін рухани азығыңды мынау жарық дүниеден ала біл. Ненің 
жақсы, ненің жаман екенін ажырата біл.. 
Бақай: Ол қандай азық. Азықтың да түрі көп екен-ау,ə? 
Бапай: Міне, мəселе қайда? Сенде рухани азық жоқ. Ол жағынан сен аш 
өліксің. Сондықтаң да парасаттың парқын білмейсің, мəңгүртсің!.. 
Бақай:  Жə-жə!  Сонша  сөге  берме  мені.  Одан  да  жаңағы  «азық» 
мəселесін айт.  
Бапай:  Адамдық,  адамгершілік  сезімдерін  дамытып,  əсер  ететін 
əсемдіктің бəрі де жан азығы деп аталады.  
Бақай: Ей, қойшы ей, соны! Азық дегенге мен бір тəтті, татымды нəрсе 
ме десем... Əсемдікті мен де ұнатам, мен де адаммын. 
Бапай: Əн, күй, əуен, əуез, сурет, мүсін, кино, театр,...Мінез көркемдігі, 
адам  бойындағы  сан  алуан  əсемдіктер,  өлең,  жыр,  ертегіге  деген  адамның 
жанын  сүйсіндіріп,  ойын  дамытып,  адамдығын  арттыратын  азықтар.  Сен 
өміріңде бір роман оқып көрдің бе? 
Бақай: Əй, қойшы ей, соны! Роман деген-мылжың сөз, ал əн мен күйді 
естіп  жүрміз  ғой...  Кино  да  көріп  жүрміз.  Онда  тұрған  не  бар?  Мен  –

қазақпын,  өлең-  жырды  естіп  өстім.  Ол  жағынан  менің  «азығымды»  аз  деп 
айта  алмайсың.  Ал  əйел  шығарудың  бұл  жермен  ешбір  байланысы  жоқ, 
білдің бе?  
Бапай:  Шындығын  айтсам,  көркемдікті  көру  бар  да,  оны  бағалай  білу 
бар, сенің əйелдеріңнің ажырасып кете беруінің негізгі себебі: сен олардың 
бойындағы  қадірлі  қасиеттерді  қастерлеп,  бағалай  білмедің.  Сұлулық, 
мінездегі əдептілік, əсемдік, адамгершілік асыл қасиет, жансергітер махаббат 
эстетикасы  осының  бəрін  сен  бағалай  алмадың...  ол  үшін  эстетикалық 
талғамды  бірте-бірте  қалыптастыру  керек,  ой  əсемдігі,  ақыл  айқындығы 
керек.  
Бақай: Əй, шындығнда, мен оның бəріне көңіл бөлмеппін, ей! Қит етсе, 
қызғаныш,  сыр  бермей,  сызданып,  əйеліме  қу-пəлекетті  көрсетіп  шыға 
келетінмін. «Ұнатпасаң,  əй  да,  кет!»  дегенді  шығардым-ей.  О,  тоба!  Бұл  не 
деген  қасиет?  Əсіресе,  Əселім-ай,  десеңші...  Қызғаныштың  қырсығынан 
алтынымнан ажырадым...  
Бапай:  «Қолда  бар  алтынның  қадірі  жоқ,  қолдан  шығып  кеткен  соң 
өкіндім-ай!» деген осы, Бақай! Жарық дүниеде жақсы нəрсе көп, соны танып, 
одан əсер алып, бағалай білген адам ғана адамдық парқын білдіріп, адамша 
өмір сүреді. Өйтпесе, өкініште қалады. 
Бақай: Əй, шындығында, енді байқау керек,ей, ойлап, сезіну керек екен. 
Бапай: Жақсыны сезе білмеген адам оның қадірін де білмейді. 
Дауыс: Қызғаныш дерті өлтірер, 
              
Қызықтың парқын кетірер. 
 
 
 
КЕРІСПЕЙІК-КЕЛІСЕЙІК 
 
Қатысушылар: Жақыпбек- сынып жетекшісі, 
                           
Əсем -оқушының əжесі. 
Класс  бөлмесі.  Жақыпбек  пен  Əсем  əжей  оқушы  тағдыры  туралы 
əңгімелесіп отыр. 
 
 
Əсем:  Жақыпбек  балам,  саған  өкпелі  болып  келдім.  Осы  сендер  менің 
немереме  «екі»  қоюға  неге  құмар  болдыңдар?  «Екі»  қойғанша,  еңбек  етіп, 
былай,  оқытпайсыңдар  ма?  Баяғыда  мұғалімдер  «екі»  алған  баланың  үйіне 
барып, қосымша сабақ өткізіп, толық үлгеруіне жағдай туғызып жатушы еді. 
Сендерде бетбұрыс, қайта құру деген болмай ма? Бұл қалай? 
Жақыпбек: Əже, жасыратыны жоқ, балаңыз үйден оқымай келеді. Оңай 
сұраққа жауап бере алмайды. 
Əсем:  Алла  сақтасын,  менің  немерем  Ақан-ақылды  бала.  Оның  оқуын 
қадағалап, былай, талап етпейсіңдер ме? Қатаң талап деген болушы еді ғой... 

Жақыпбек:  Жасыратыны  жоқ,  үйде  сіздер  оның  оқуын  мүлдем 
қадағаламайды екенсіздер. Баланың аты-бала емес пе?.. 
Əсем:  Құдай  көрсетпесін,  мен  оқытушы  емеспін  ғой,  балам-ау.  Үйдегі 
тірлігім  де  жетіп-артылып  жатыр.  Таң  азаннан  кешке  дейін  құйрығым  жер 
иіскемейді. Сиыр сауу, сүт пісіру, үй жинау, ас дайындау, кір-қоқысты жуу... 
Үйдегі барлық тірлік менің мойнымда... балалар болса, жұмыста.  
Жақыпбек:  Мен  сіздің  үйде  не  істейтіңізді  сұрап  отырғам  жоқ. 
Немереңіздің не істеп жүргенін біліп, қадағалау керек деп отырмын, əже. 
Əсем: Менің іс-əрекетім-басқа, балалардың жұмыстан қолы тимейді. Ал 
сендер өз міндеттеріңе жауапкершілікпен қарамайсыңдар... Қит етсе, «екілік» 
қойып,  тындырғансып,  тымпиып  отыра  бересіңдер. «Екіні»  қою-  оңай, 
оқыту-қиын, оны білем... Қиындықтан, осы, неге қашасыңдар балам? 
Жақыпбек:  Жасыратыны  жоқ,  немереңізді  қанша  оқытсақ  та,  дым 
білмейді. өзі өркөкірек, есалаңдау. 
Əсем:  Балам  «білмейді»  деме,  білдіре  алмадым  де.  Оқушыға  қойған 
«
екілік» өзіңе де қойған «екілігің». өйткені оқыта білсең, ұқпайтын бала жоқ. 
Менің немеремнің есі дұрыс. Керек болса дəрігерден анықтама əкеліп берем. 
Жақыпбек:  Əжетай-ау  несін  жасырамын,  немереңіз  қиқыр-қырыс, 
жатқан бір қырсық, сабақты тындамайды, ықылас қоймайды, ыждағаты жоқ. 
Əсем:  Алла  сақтасын,  оқытушының  олақтығын  оқушыға  жауып,  өзін 
сүттен ақ, судан таза етіп көрсетуге тырысатынын көріп отырғаным осы. 
Жақыпбек: Əже, мəселе оқытушының олақтығында емес... 
Əсем: Олақ болмасаң, оқыта біл, балам. Мен де баяғыда,   біраз мұғалім 
болғанмын.  Баланың  оқудан  жақсы  үлгеруі  үшін,  оны  сабаққа  қызықтыра 
білу керек, оның ықыласын аудару оңай емес, балам.  
Жақыпбек:  Əже,  жасыратын  не  бар,  шынын  айтқанда,  немереңіздің 
оқығысы келмейді.  
Əсем:  Құдай  көрсетпесін,  оқытушы  да  өстіп  айтады  екен-ау!.. «Сен 
милаусың,  оқығың  келмейді,  сен  білмейсің»  деп  оқушыны  əбден  мезі 
еткенсіңдер.  Оған  білмегенді  білдіріп,  қамқорлық  жасап,  оны  ынталандыру 
керек емес пе?  
Жақыпбек: Əже, оқушының бəріде талапсыз емес. Тек сіздің немереңіз 
қиын бала болып тұр. 
Əсем: Көп сөзді қой, балам. Анау қойған «екілігіңді»  осы жолы түзет. 
Содан  кейін,  одан  əрі  қарай  оқудың  тізгінін  менің  немеремнің  өзі  алып 
кетеді. 
Жақыпбек: Əжетай, баға білімге қойылады. 
Əсем: Əуелі білім бер, содан соң баға қой. 
Жақыпбек: Немереңіз-жалқау. Ол қайтіп білім алады.   
Əсем:  Менің  немеремді  жалқау  еткен  -өздерің.  Оқыта  білмесеңдер, 
несіне бас көтеріп жүрсіңдер? 

Жақыпбек: Жасыратыны жоқ, əже, баланы бұзғансыз. Оны түзеу қиын. 
Немереңіздің  көзінше,  үнемі  мұғалімдерді  жамандайсыз.  Сондықтан 
немереңіз мұғалімдерді де, олардың оқытатын сабақтарын да жек көреді. 
Əсем:  Мен  өсек  айтпаймын,  балам.  Мен  айтсам,  шындықты  айтам. 
Жаман болмасаңдар неге жаман баға қоясыңдар, ə? 
Жақыпбек:  Шындықтың  жөні  осы  деп, «екі»  қойған  мұғалімдердің 
бəрін, «жаман» деп ойлайсыз ба?  
Əсем: Егер мұғалім «екі»  алған оқушымен жұмыс істей алмаса, онда ол 
мұғалім- жаман.  
Жақыпбек: Міне, сіздің немереңіз де «екі» қойған мұғалімді  «мұғалім 
емес» деп есептейді. Баланы бүйтіп, бұзбаңыз... Ұят болады.   
Əсем: Əй, шырағым, менің немерем, кеще, милау, томырық, топас емес. 
«
Екі» қойып, ерегестіріп құрттыңдар. Оқытсаңдар, жөндеп оқытыңдар. 
Жақыпбек: Əжетай, теріс пікірден арылыңыз. 
ƏсемАлла сақтасын! Менің пікірім-теріс емес. 
Жақыпбек:  Олай  болса,  немереңізбен  əңгімелескенде  сөзді  оның 
ұстаздарын  жамандаудан  бастамаңыз,  оған  дұрыс  талап  қойғанымызды 
айтыңыз. 
Əсем:  Сендер  де  баланың  миын  шұқи  бермей,  оның  ақылы  айқын,  есі 
дұрыс екенін ескеріп, ыждағатын оятып, ықылас аударыңдар.  
Жақыпбек: Əже, өстіп келісейік керіспейік... 
Əсем: Мен, шырағым, керісу үшін келгем жоқ, кеңесу үшін келдім. 
Жақыпбек:  Бала  тəрбиесі-  баршамызға  ортақ.  Өстіп,  келіскеніміз- 
дұрыс болады. 
Əсем: Мақұл. Тек, кінəңді біл, шырақ.(Кетеді) 
Дауыс: Ұстаз боп тусаң, аянба: 
             
Шəкірттің жанын аяла.  
 
 
БАЛЫҚШЫ МЕН АҢШЫ 
 
Қатысушылар: Балпаң-балықшы, 
                           
Атқан-аңшы, екеуі де браконъер. 
Көл жағасында Балпаң балық аулау туралы əңгіме айтып отыр
 
Атқан:  Аңшылықтан  асқан  өнер  жоқ.  Ұшқан  құсты  көздеп,  атып 
түсірем!  Па  шіркін!  Қаншама  мың  құсты  Қамбар  батырша  қанжығама 
байладым. Бұл күнде үйрек-қаз дегенің азайып кетті ғой...  
Балпаң:  Үйрек-қазды  айтасың  көлдегі балықтар да құрып  бара  жатқан 
жоқ  па?  Шоршып  жүретін  шортан,  сазарып  жатып  алатын  сазан  дегенің 
мынау көлден ырымға табылмайтын болды. Бəрі де құрып барады.  
Атқан:  Құрып  барады...  Баяғыда  Бағыбай  аңғарынан  дуадақты  қойша 
қырып  алушы  едік,  соңғы  жылдары  бұл  далаға  дуадақ  қонбайтын  пəле 

шығарды.Осы кезде самолетпен дəрі шашатын тажал жұмыс аң мен құстың 
азабы...  
Балпаң:  Сен  оны  айтасың  мына  көлден  лақа  мен  жайын  балықтың 
сүйегін де таппайсың. Баяғыда көл түбіне динамит қойып, жарып жіберсе, су 
бетіне  неше  түрлі  балықтар  шалғайын  жарқыратып  шыға  келуші  еді.  Енді 
динамит жармақ түгілі, бомба жарсаң да, балық бадамы көрінбейді. 
Атқан:  Рас  айтасың,  осы  күні  көл  жағасынан  ататын  құста  табылмай 
барады. Меніңше ақырзаман жақындап қалды. Бұл-ақырзаманның белгісі.  
Балпаң: Сен де сезген екенсің. Ақырзаман боларда су тартылады, жан-
жануар құриды... оған менің көзім жетті. 
Атқан:  Осы  кезде  Арқада  ақбөкендер  қаптап  жүр.  Олар  өздері  өсіп 
өнген Аралдың тартылып Əмудің сарқылып қалатынын білген. Содан Арқаға 
ауған. Енді Арқаның аңшылары ақ бөкенді Бел Аз бен, КамАЗ бен, Зил- мен 
қуып, əкесін танытып қырып тастайды. Бұл - аңшылар үшін соңғы бір қызық. 
Балпаң:  Дұрыс  айтасың,  бұл-  соңғы  қызық.  Өйткені  машинамен  қуып 
жүріп қырған соң, аңның не тамтығы қалады. Олар да бірте-бірте сиреп, жоқ 
болады да... Ия... Заманақыр- жақын.   
Атқан:  Оның  рас,  мына  көлге  жыл  құстары    көп  тұрақтамай,  басқа 
жаққа  ұшып  кетіп  жүр.  Жылда  байқаймын  қаңқылдаған  қаздар,  тыраулаған 
тырналар  айнала  үшып  келіп,  бірер  сағат  аялдама  жасайды  да,  қайқаң  етіп, 
қайта үшып кетеді. 
Балпаң: Сол кезде топырлатып, қырып алмайсың ба? 
Атқан:  Құсты  көбінесе  балапан  ұшырғанда  ату  керек.  Олай  етейін 
десең,  тұлдыр  көлге  тұрақтамайтын  құстар  сенің  аяғаныңды  біле  ме?  Жоқ 
болады. 
Балпаң: Дұрыс айтасың. Құс та, балық та, əлі жоқ болады. Көресің, осы 
аңдар мен құстар азайып, келесі ғасырда түк қалмайды деген сөз бар. 
Атқан:  Бір  ғажабы,  қорқақ  болса  да  қалың  ши  арасынан  кейде  қоян 
қашып,  елең  еткізеді.  Бірақ  қоянның  етіне  көп  қызықпаймын.  Терісі 
болмаса... 
Балпаң:  «Терісі»  демекші , баяғыда  мен  əрі  балық  аулап,  əрі  ондатр 
ұстап байып қалушы едім. Енді ондатр да, құндыз да көрінбей барады. Міне, 
нағыз заманақыр деген осы. 
Атқан: Осындайда барын аулап қалайық... 
Балпаң:  Дұрыс  айтасың.  Бар  құстарды  торғай  да  болса,  томпылдатып 
ата бер. 
Атқан:  Балықтан  майшабақ,  алабұға,  минтай  дегендер  əлі  де  бар 
көрінеді ғой, сен де аулап қал. 
Балпаң:  Дұрыс  айтасың!  Балықтар  май  айының  басында  уылдырық 
шашу  үшін  қайырға  шығады.  Сол  кезде,  қайырлап  жатқан  балықтарды 
тыпырлатып, қол мен-ақ ұстап, шелекке сала беру керек. 

Атқан:  Аңшының  жұмыртқа  жинауы,  балықшының  уылдырық  алуы- 
қызық  қой,  шіркін.  Мен  қара  уылдырыққа  сары  май  жағып  жегенді  жақсы 
көремін. Рас айтам... Несіне күлесің. 
Балпаң: Əй, маған бір ой келіп отыр. Сен екеуміздей аңшы-балықшылар 
өстіп,  жойқан  төбе  етіп  жойып,  қызығына  түсіп  қыра  берсе,  аң  мен  құсқа 
нағыз ақырзаман болады-ау, ə?!  
Атқан: Ең соңғы аң қалғанша, аңшылығымды қоя алмаймын. Бұл-менің 
ата кəсібім. 
Балпаң:  Əй,  осы  жұрт  тыныш  жүрмейді-ей.  Осы  екеумізді  бірі- 
аңшымын  деп  аң  атып,  бірі-  балықшымын  деп,  балық  аулап  қырып-жойып 
жүр,  бұлар- «қырып-жойғыштар»-  браконъерлер  дейтін  көрінеді.  Талай 
бастықтар бізден де бетер қырып- жойып, аң аулап жүр ғой осы, оны көзім 
көрді. 
  
Атқан: Жұрт оттапты, ал бастықтардың өзі- қауіп тірек... бүйтіп қыра 
берсе он сегіз мың ғаламнан не қалар дейсің? Бəрі «қүлпаякүн» болады. 
 
Балпаң: Əй, осы біз қырып- жойуды қойсақ қайтеді,ə? 
 
Атқан:  Егер  мен  аңшылықты  қойсам  ішқұса  боп  өлем. (Иттің  үргені, 
аттың дүбірі естіледі). 
 
Балпаң: Ойбай! Қорықшы келе жатыр!  
 
Атқан: Жүр тез! Оған көрінбей көзімізді құртайық! (Кетеді) 
 
Дауыс: Қорламаңдар, тартылмас жер танабы, 
              
Қорғағандар одан, байлық табады. 
 
 
 
 
ЕҢБЕК ПЕН ДƏСТҮР 
 
Қатысушылар: Қадиша- қарт шопанның əйелі, 
                             
Қалиша- жас шопанның əйелі. 
Қадишаның үйінде екі əйел  əңгімелесіп отыр
 
Қалиша:  Жеңеше-ау,  шопан  болу  оңай  болғанмен,  шопанның  əйелі 
болу тіптен қиын екен ғой. Мен енді білдім...Ужесь! 
Қадиша: Шопанның əйелі болу, жүдə, қиын емес. Ол үшін малшының 
атамзаманнан қалыптасып келе жатқан дəстүрлерін үйрену керек. 
Қалиша:  Жеңеше-ау,  мынау  түйежүн  жемпірді  өзіңіз  тоқыдыңыз  ба? 
Ың жібін кім иіріп берді? Мынау фабрикадан шыққандай ғой өзі. 
Қадиша:  Жемпір  тоқу,  жүдə,  қиын  емес.  Түйежүн  табу  қиын.  Біздің 
шаруашылықта  түйе  де  қалмады.  Осы  жемпірге  кеткен  жүнді  сонау 
Атыраудағы  апамнан  поселкемен    алдырдым.  Жүнді  жуып,  жібін  бостау 
иіріп, осы жемпірді тоқып алдым. Əлгі менің аңқау қайным «шекпен тоқып 

бер»  дейді.  Шекпен  тоқылмайды,  тігіледі  ғой.  Ол  үшін  əуелі  өрмек  құрып, 
арқауы мен ерісін келістіріп тоқу керек. 
Қалиша:  Ужесь!  Сонша  күрделі  жұмысты  қалай  үлгергенсіз.  Мен 
мұндай  істей  алмаймын.  Мен  Москваға  барсам  да,  мұндай  жемпірді  дайын 
күйінде сатып алам. 
Қадиша:  Өрмек  тоқу,  жіп  иіру,  жүн  сабау-  малшы  əйелінің  дəстүрі. 
Бұл дəстүрді үйрену керек. 
Қалиша:  Ужесь!  Мұндай  ескіріп  кеткен  дəстүрді  үйреніп  не  керегі 
бар? 
Қадиша:  Жақсы  дəстүр,  жүдə,  ескірмейді,  қайта  жаңарып,  келешек 
ұрпаққа үлгі боп қалады.  
Қалиша:  Жеңеше-ау, «жеңгейдің  құрт-майы,  ірімшігі  көп  екен»  деп, 
тіпті, қайныңыздың аузының суы құрып жүр ғой... Ол да дəстүр ме? 
Қадиша:  Қосақтап  қой  сауып,  иітіп  сиыр  сауып  қаймақ  алып,  қатық 
сүзіп, құрт жайып, торта қайнатып алу- бұл да дəстүр, игілікті еңбек. 
Қалиша: Ужесь! Ертедегі еңбегі көп, отсталый іс қой мынау. Ондай он 
салалы  оңбайтын  жұмысқа  менің  уақытым  жете  ме?  Еще  қой  қосақтап... 
сонда нем жетіспей барады? Меніңше, қозысы семіз болу үшін қойдың сүтін 
сауып алмау керек...  
Қадиша:  Малшының  əйелі  болғың  келсе,  малдың  өнімін  ала  біл. 
Онсыз болмайды... 
Қалиша: Ондай күйкі тірлік, күрделі жұмыс менің қолымнан келе ме? 
Жастайымнан жазу- сызу, оқу- ойнаудан басқа не білдім мен. Енді буыным 
қатып кетті ғой, жеңеше- ау! 
Қадиша:  Қой,  жүдə,  өстіп  жалқауланба.  Сен,  əуелі,  текемет  басуды, 
сырмақ өрнектеуді де үйрен. Ол қиын емес. Мен бəрін де үйретемін.  
Қалиша:Ужесь!  Мұның  бəрі  ескінің  қалдығы  ғой...  Текеметті  шаң 
басып,  сырмақтың    өрнегі  кетіп,  тоз-тоз  болмай  ма?  Одан  да  кілемше 
өрнектеген палас сатып  алып,  төсегенім жақсы емес пе?   
Қадиша: Шопан əйелі үшін киіз басу, сырмақ ою, арқан есу, жіп иіру – 
жақсы  дəстүр.  Көшпелі  киіз  үйді  пайдалану  үшін  уық  бау,  белбау,  бас  құр, 
орта  құр,  желбау,  үзікбау  дегендернді  тіпті  керегенің  көгіне  де  істеп  алу – 
жақсы дəстүр. Өйтпесең  малшының  əйелі бола алмайсың. 
Қалиша:  Ужесь!  Жеңеше  мен  анық  сорлаған  екем.  Əй,  құрып  кеткір 
Құрамбай ай,осы малға бармай ақ қояйық дедім... «Передовой болам!»   деп, 
алып ұшып,желөкпесі желпінді ай, келіп... 
Қадиша:  Еңбек  ете  білген  адамға  дəстүрді  үйрену  қйын  
емес.Мəселен,туырлық, түндік, ергенек, табалдырық, кереге деген атауларды 
білсең,оларды ұстауды да біліуің керек.                                                                               
Қалиша:  Ергенек  деген  не?Ужесь!  Оны  да  білмейді  екенмін...  Мен 
бүйтіп, малшының əйелі  бола алмаспын, жеңеше! Мынау қиямет қой!                  
Қадиша: Сен қайныммен қосылғанда, той үстінде жұрт  босағаларың 
берік болсын деп еді ғой. Сол босағаны ұстап тұратын затты «ергенек» дейді.     

Қалиша:  Ə,  солай  ма?  Оны  көрдім  ғой.  Анада  менің  үйімді 
тігіскенде,сіз көп нəрсенің атын айтып едіңіз, бəрі есімде жоқ. Склероз...  
Қадиша:  Мал  етін  жіліктеуді,  ішек-  қарынды  аршуды,  құйрық 
білемдеуді де үйрену керек.      
  
Қалиша:  Ужесь!  Ішек-қарынды  сасытып  неғылам ... Кешегі  сойған 
қойдың ішек-қарнын итке тастадым, бас-сирағын үйте алмай...    
Қадиша:  Малдың  ішек-карны-дəмді  қуырдақ  қой.Ал  бас-сирақты 
үйтудің не қиындығы бар? 
Қалиша  (жыламсырап)  жеңеше-ау! Мына  түріммен  мен    малшының  
əйелі бола алмайды екенмін... енді күнім не болады? (Жылайды).    
Қадиша:  Не  болды,  жүдə,  сонша?  Еңбек  етсең,  дəстүрдің  бəрін  де 
үйренуге болады!.. Жасыма!    
Дауыс: Зейіні жоқтың өндірге  
              
Бейімі болмас өмірге.  
 
 
 
 
          
ЖӨРГЕКБАЙДЫҢ  ТƏРБИЕСІ 
 
Қатысушылар: Анар – анасы, 
                             
Жөргекбай - əкесі, 
                            
Сəт – баласы.  

Жөргекбайдың  үйі.  Əкей  газет  оқып  отыр.  Анар  ұрыса  айғайлап
бөлмеге келеді 
 
АнарМіне-қасірет! Жұмыс-жұмыс деп, жалғыз  балаңның тəрбиесіне 
де көңіл бөлмеп едің,  ақыр  аяғы балаң басыңа азап болды.  
Жөргекбай Не болды,  сонша  неге кейідің?! Бала тірі болсын.  
Анар:  Отызға  келгенше  ой  бітпеген  бала  адам  бола  ма?  Оқу  жоқ, 
жұмыс жоқ, тірлігі жоқ, «тірісі» сол ма?  
Жөргекбай: Не болды? «Жоқ, жоқ!» деме. Бала бар ғой, тірі болсын. 
Аман болса, бір  мəнісін  көрерміз.  
Анар:  Сен  бір  көкмилау  болдың  ғой,  балаң  өзіңнен    асқан  томырық. 
Сендер-ақ мені күйдіріп өлтіретін болдыңдар.  
Жөргекбай:  Əй, «данышпан», «көкмилауың»  не?  Осындай  оңбаған 
сөзбен  баланың    миын  шұқып  милау  еткен  дəп    мына  өзіңсің.  Баланың  не 
кінəсі бар?  
Анар: Баланың не кінəсі жоқ? Ол – жалқау, кесірлі, қырсық, тоқмейіл, 
тілазар... Əне, керек болса.   
Жөргекбай: Менің  балам тілазар болып не істеді саған?  Демек, оны 
өзің  жұмсай  білмейсің.  Жалғыз    баланың    тілін  таппаған  сорыңды  өзіңнен 
көр. Оған мен  кінəлі емеспін.  

Анар:  Өстіп,  нақұрыстығыңмен  балаңның  адам  болмай,  айуан  болып 
кеткенін де байқамай қалдың.  
Жөргекбай: Қойшы ей! Не болды сонша?     
Анар: Əй, көкмилау,  балаңның қырсық қылықтарын,  айуандық мінез-
құлқын білесің бе?  
Жөргекбай: Əй,Анеке! Сен мені «көкмилау» деп көпірме.Менің  
баламды сен  «айуан»  деме? Жалғыз  баланың  жанына қаяу салма. Ол не 
бүлдіріп қойды соншама?! 
Анар:  Сен  нақұрыстығыңмен    аңғармайсың,  балаң  бақытсыздыққа 
ұшырататын тірлік жасап жүр.    
Жөргекбай:  Əй,  қойшы,  ей!  Менің  баламның  онша  бүлдіріп  бара 
жатқанын көргем жоқ. Не бүлдірді соншама?  
Анар: Балаң ішеді, темекі  тартады, үйден безеді... Кім біледі? Он екіде 
бір гүлі ашылмаған қыздармен не істеп жүргенін сен білесің бе?  
Жөргекбай:  Қойшы,  ей! «Бала»  деме  оны,  ол  енді  кəдімгі  отау  иесі 
болатын    ер    азамат  емес  пе?  Енді  айдаладағы  біреулердің  қыздарын  
қызғанып, баланың  бағына тосқауыл боласың ба?   
Анар: Балаң да өзіңе тартқан. Оның  мінезі де оңып тұрған  жоқ. Күйіп  
кетем!..   
Жөргекбай: Баламның мінезінің не «құқайы» бар?   
Анар:  Ол  қыршын    анасына  қарсы  сөйлейді,  əкені  сыйламайды, 
ағайындарды алдайды, мақтаншақ, өркөкірек, өтірікші, суайт.  
Жөргекбай: «Анасына қарсы сөйлейді» дейсің... Сенің таусыла сөйлеп, 
таң  атқанша  ұрсуың  тəрбие  бола  ма?  Баланы  ашындырып    аласың.  Сосын  
келіп «қарсы сөйлейді»  деп қарс ұрасың. Ал енді менің  баламды мақтаншақ, 
өркөкірек, өтірікші, суайт дегенің қиянат. «Əке-балаға сыншы» дегендей, біз 
де бір нəросені сеземіз ғой.  
Анар:  Сен  нені  «сезіп»  жүрсің.  Бала  тəрбиелеуді  білмейсің,  оның  
келешегін ойламайсың. Нақұрыс екенің рас.  
Жөргекбай:  Қойшы ей? Менің кінəм жоқ...  
Анар:  Сенің  не  кінəң  жоқ,  ей,  ə?!  Баланың    оқуына,  тəртібіңе  көңіл 
бөлмедің. Ол мектепте оқып жүргенде, мұғалімдермен  келісіп, оның үлгерім 
бағаларын жоғарылаттың.    
Жөргекбай:  Тек ей... Өткен өтті.  
Анар:  Сен  əке  емессің.  Балаңды  іске  баулып,  еңбекке,  əдептілікке,  
адамгершілікке тəрбиелемедің. Оны қылмысқа итермеледің.   
Жөргекбай:  Қойшы,  ей!  Баланы  қылмысқа  итермелеп,  мені  не  қара 
басыпты, сонша.    
Анар:  Балаңның  туған  күнінде  шарап    беріп,  арақпен 
ауыздандырдың... бұл  қылмыс емес пе?  
Жөргекбай: Ха-ха-ха! Əй, кінəмшілсің, сен! Ол – қылмыс емес!  
(
Сəт келіп қалады,  əке мен  ана сөздерін доғарады) 
Сəт:  Жəке! Маған қашан машина əпересің?  

Анар: Балам-ау əуелі бір жұмысқа тұрып, үйленіп алсаңшы.   
Сəт: Жəк! Мен үйленем! Маған жеке үй салып беріңдер.   
Анар: Үй салу үшін қаражат керек, балам.  
Сəт: Жəк! Мен  əйелді өзім таңдап  аламын, апам «мен таңдаймын» 
дейді. Бұл  ескінің  қалдығы ғой.  
Анар: Сен қыз таңдап, оңдырмайсың балам! Мен таңдаймын. Ал  əзір 
«
қыз таңдау» ерте. Əуелі отау сайлап,  дайындық жасау керек.  
Сəт: Жəк! Апама қарашы! Қарны қампайып тұр,  көйлегін өтектемей 
киіпті. Өзі мəдениетсіз. Былапыт сөйлейді. Мамам  миғұла сияқты.  
Жөргекбай: Тек ей, оңбаған! Сенің  көрсеткен жақсылығың  осы ма? 
Бұдан да құры! Көзіме көрінбе? Кет! Құры!   
Сəт: Құрысақ құримыз! (Кетеді).  
Анар (жылап). Əй, Жөке! Мұның тəрбие емес! Балаңның мінезі өзіңе 
белгілі. Қылқынып  өліп қалса, қайтесің?  
Жөргекбай: Өлмейді! Біз өлгенше бұл  бала басымызға бəле болады...  
Құрыған  екенбіз! Қалай тəрбиелейміз? 
Анар: Бұрыннан осылай ойлау керек еді.  
Жөргекбай: Менің құлағым шулап, жүрегім тулап кетті,  ал  баламның 
бүйрегі бүлк  етер  емес.  
Анар: Дайын  асқа тік  қасық  болмасын  бұл. Киімін өтектеуден 
бастап, енді  өз тірлігін өзіне істететем.  
Жөргекбай: Қайта тəрбиелеу керек.  
Дауыс: Балаң – гүлің, баптамасаң басынан,  
              
Жамандығын  асырады басыңнан.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет