Əдібай Табылды



Pdf көрінісі
бет9/25
Дата28.12.2016
өлшемі1,4 Mb.
#671
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

 
Мақан:  Міне!  Мəкеңнің  осндай  ерлігі  бар.  Мəкеңмен  дос  болғаным 
үшін  мен  өзімді  бақыттымын  деп  санаймын.  Біздің  жанымыз  жақындасып 
қанымыз араласып кеткен. 
Маубас: Шын-ау! Əй, Мақан! Өміріңде сенің бір шындықты тереңдетіп 
айтқан  жерің  осы  болды.  Келші  сол  үшін  бетіңнен  сүйейін! (Қатты 
құшады) 
Мақан (əлсіреп): Бі-бі-біз осындай адамбыз! Даже бір тамшы арақ болса 
да бөліп ішетін жағдайымыз бар! 
МаубасО, заман-ай! Кейде бір тамшы араққада зар болам,сонда мынау 
ақкөңіл  Мақан  қайдан  табатынын  білмеймін,  сарт  еткізіп,самагон 
акеледі,суша сіміріп, сусыным қанып қалады, тегі. Міне қызық! 
Мақан: Мəкең менсіз тамақ ішпейді.Бір бөтелке тапса,давай кел дейді. 
Мен  мұның  əйелінің  əзірейілдей  көз  қарасына  «пішту»  деп  те  назар 
аудармаймын, біз екеуміз тапқан арақты ауызға аттандырып, тұзбен ұшықтап 
бір құмардан шығамыз. 
Маубас:  Бұл  Мақаң  деген  өзі  сондай  ақкөңіл  жан!  Мұның  мен 
құрбандығы болуға даярмын! (жыламсырайды...)  
Мақан: Міне, жолдастар! Мұндай адал досы бар адамның арманы жоқ. 
Мəкеңді мен мақтамағанда, кім  мақтайды?! 
Маубас:  Мақтауымды  жеткізіп,  қадірімді  арттырғаныңа  мың  да  бір 
рахмет! (екеуі құшақтасыпқұшырлана сүйіседі). 
Дауыс: Əумесерді мақтап бос, 
             
Əуре етеді ақымақ дос.  
      
 
 
МАХАББАТ САТЫЛМАЙДЫ 
  
Қатысушылар: Студенттер- Əбен жəне Əсем. 
 
Бақта Əсем Əбенді тықырши тосып тұрƏбен келеді. 
 
Əсем: Қайда жүрсің? Бұл не өзі?! Неге осынша кешіктің?! 
Əбен: Міне қарашы! Бес-ақ минут кешіктім! Көлік болмай...Нетіп... 
Əсем: Бүйтіп кешіге беретін болсаң, тоспаймын! Бұның не?! 
Əбен: Бұдан былай кешіксем,қыршынымнан қиылып өлейін!.. Кешір!.. 
Əсем: Жүр кеттік! 
Əбен: Қа-қа-қайда? 

Əсем: Мейрамханаға! Əуелі, тамақтандырмайсың ба? 
Əбен:  Кешір!  Өзің  білесің...удай  қымбатшылық.  Қаражат  жағы  қиын. 
Ауылдағы анамның алты баласы бар... Мен болсам, оқып жүрмін... 
Əсем: Қойшы,ей бала! Қызбен жүргісі келген жігіт осындай бола ма? 
Əбен: Əсемтай-ау! Оллахи, мен сені жақсы көремін! Үнемі сені көргім 
келеді. Жарық дүниеде жарты минөт болса да сенімен бірге... 
Əсем: Жақсы көрсең, менімен бірге жүре беруің керек...жүре бермейсің! 
Əбен:  Мен  осы  «жүру»деген  сөзге  тұсінбей-ақ  қойдым...соңыңнан 
жүрмін ғой сандалып... 
Əсем:  «Мелькая  душа!»Сен  мені  кім  деп  жүрсің?!Сен  əуелі  қызбен 
қалай жүруді біліп ал.Мен саған қол жаулық емеспін, так! 
Əбен: Əсемтай-ау,кешір!Сонда мен не істеуім керек? 
Əсем: Сен былай, кеудесінде жаны бар адамға ұқсап, мені аялап, аянбай 
күте алмасаң, несіне «жігітпін»деп жүрсің,ə?! 
Əбен: Оллаһи, мен сенен жанымды да аямаймын!.. 
Əсем: Əй, сен «оллаһи!» деп, мені дұғалап тұрғаннан саумысың өзі?! 
Əбен: Сен не бұйырсаң, орындауға даярмын! Қарғану-айып емес... 
Əсем: Жақсы көрсең мені мейрамханаға апар!.. Анау авторефератымды 
жазып бер... Адамда сый-сыяпат, ізет-ілтипат деген болады... 
Əбен: Əсемтай, өзің білесің...Менде студентпін қаражатым-қасірет! 
Əсем: Жүр! Мейрамханаға бармасаң, театрға жүр!  
Əбен: Кешір, Əсемтай! Мен театрға баруға дайындалмай келіп едім...  
Əсем: Сараң екенсің! Бүйтіп сен мені босқа əурелеме! Қолыңда бір тал 
гүлің жоқ, қалтаңда бір тиын пұлың жоқ! Еще, қызбен жүргің бар!  
Əбен:  Əсемтай-ау,  амандық  болса,  бəрі  де  болады!  Бəрі  де  жағдайға 
байланысты емес пе? Мен сенен жанымды да аямаймын, оллаһи!  
Əсем: Маған жаның керек емес, сəнің керек! Талай рет байқадым сенде 
мəдениет  те  жоқ...  Даже,  автобустан  түскенде  мені  көтеріп    алуды  да 
білмейсің... Сүйісу дегеннің не екенін де білмейсің!..  
Əбен: Кешір, Əсемтай! Мен  сенің осынша сөгетініңді білмеп едім...  
Əсем:  Бейшара!  Сенің  томырық  топас,  санасыз,  сараң  екеніңді  мен  де 
білмеген екенмін! 
Əбен: Əсетай! Мен  сараң емеспін, мен кедеймін! Сенен немді аяймын?! 
Маған махаббат бəрінен де қымбат!  
Əсем:  Əй,  сен  «кедеймін»  деп    кергіме,  қызбен  жүргің  келсе,  адам 
өлтірсең де, ақша тап. Қыз деген жерде жатқан жоқ, сандырақтама!  
Əбен:  Əсемтай,  енді  бұдан  былай  жанымды  жалдап,  ақша  табармын 
енді...  
Əсем: Əй, қойшы сендер! Ауызбен  айды аласыңдар, қолдарыңнан қоян 
ұрып  алу да келмейді!  
Əбен: «Сендері» кім тағы да?! Шын махаббатын шырылдап айтқан мен 
ғана емеспін бе?  

Əсем: Сенен басқа да жігіттер бар. Олар мені сыйлай біледі, мен үшін 
олар ақшасын аямай шашады, так!  
Əбен: Əсемтай жаным! Сені менен артық ешкім де өте құлап сүйген жоқ 
шығар! Махаббат қымбат. Ол сатылмайды....  
Əсем:  Ондай  жорамалыңды  қой,  жігіт!  Жо-о-оқ!  Мен  сенімен  жүре 
алмайды екенмін! Ненің «сатылмайтынын» көрерміз! Чау! Сау бол!  
Əбен: Əсемтай! Бір сəт аялдашы! Мен сені сүйемін ғой, жаным!  
(
Екеуі бірін-бірі қуып кетеді).  
Дауыс: Махаббаты сатылатын сұрбетке,  
Мархаббатты сөзіңді айтып, сыр төкпе.  
 
 
«
ТОҚАЛ ШАЛ» ІЗДЕГЕН ЖЕҢГЕЙ 
 
Қатысушылар: Қадиша - орта жастағы əйел,  
 
Қасым – оның ері,  
 
Өржан – қайнысы,  
 
Бикеш- сəнқой, «жеңілаяқ».  
Сахнаға Қадиша сыланып,  сипанып шығадыызалы.  
Қадиша:  «Тоқал»  дейді...  Тоқалда  басың  қалғыр!  Сен  тоқал  іздеп 
жүргенде,  мені бір шал тоқалдыққа алып  кетер, бəлем! Көрермін... 
Өржан:  (Қадишаны  көріп    қалып,  жылмаңдай  амандасып).  Оу, 
айналайын  ақ  жеңешем,  амансыз  ба?!  Бала-шағаңыз  аман  ба?!  Шалыңыз 
шалқып жүр ме? 
Қадиша: Мырзажігіт-ау,  аман ба?! Күнім-ау,  көптен  көрінбей кеттің ғой! 
   
Өржан:  Алтындай  асыл  жеңешем-ай!  Мен  сізді  сағындым  ғой!  Жан 
жеңгем! (Қолын ұстапбетінен сүйіп)... Мұнда неғып жүрсіз?!  
Қадиша: “Тоқал шал» іздеп жүрмін!  
Өржан: Ха-ха-ха! Міне қызық! «Тоқал шал» деген де шал бар ма?  
Қадиша: Əйелдің «тоқалы» болғанда, еркектің тоқалы болмайды деген 
заң бар ма? Мен шын іздесем «тоқал шалдың» тоқсанын табам!  
Өржан: Алтындай ағамыз тұрғанда, «тоқал» шалды неғыласыз? 
Қадиша:  Е,  мырзажігіт,  соңғы  уақытта  ағаңды  құдай  бұзды...  Ол 
томсырайып, тоқал іздейтін сұмдықты шығарды...  
Өржан: Ол кісі өзі қайда жүр қазір? 
Қадиша: Ол бұзылған маған жөнін айта ма?.. Ертеңмен шыштай киініп, 
«
таза ауа жұтам» деп кеткен... «Тоқал керек» дейді желөкпе!     
Өржан: Ол ағайдың қалжыңы шығар, жеңеше... 
Қадиша: Маған қалжыңдамайды ол қақпас, шындығын айтып жүр... 
Өржан: Сіздей ару ана, асыл жар тұрғанда онысы несі ол кісінің?!   
Қадиша:  Қит  етсе, «тоқал  керек»  деп  қиғылық  салып  жүр  ағаң
(
Жылап).  Əлгі  бір  бикештің  кəзитке  «екінші  əйел  болам»  деп  хабарлағаны 
бізге бəле боп жабысты!...  

Өржан: Онда өзіңіздің  «тоқал шал» іздегеніңіз дұрыс екен! Сізге тоқал 
шал любой уақытта табылады, ақ жеңеше! 
Қадиша:Сендей  қадір  білер  қайным  тұрғанда, «тоқал  шалды» 
неғылам?!...Айналайын мырзажігіт, келмей кеттің ғой!Хи-хи-хи!  
Өржан: Жаным, ақ женешем! Сіз үшін жалғыз жанымды құрбан етіп... 
Қадиша:Те-е-ек!. Сонша не болды. Мен жас емеспін ғой, мырзажігіт-ау!  
Өржан:Менің  көзіме  сіз  баяғыдайсыз,  жеңешетайым!  (Бетінен  сүйіп 
алады).   
Қадиша:  Қойшы,  мырзажігіт,  жастар  тұрғанда  мендей  кəрі-құртаңды 
нетіп.... 
Өржан: Айналайын, ақ жеңешем! Жас келіншектер - сізден садаға! Олар 
сіз сыяқты менің қадір-қасиетімді білмейді...  
Қадиша:  Өзіңдей  өнерлі  жігіттің  қадіріне  жетіп,  алақанына  салып, 
аялайтын жастар бар ма? О, заман-ай! Сүйіспеншілік сезім қайда бұл? 
Өржан:Садағаң  болайын,  асыл  жеңешем  менің!  Мына  жарық  дүниеде 
сізге  ұқсап,  мені  қадірлеп,  төбесіне  көтерген  жан  болған  емес!  Мен  бір  сіз 
үшін жалғыз жанымды отқа салудан тайынбаймын!..  
Қадиша: Қойшы, мырзажігіт! Мен сонша кімнен артықпын, сонша?!  
Өржан: Маған сіз мына жарық дүниедегі  ең қымбат адамсыз! Мен сізге 
ғашықпын!.. 
Қадиша: Жə! Қойшы, мырзажігіт! Мынау елден ұят емес пе? Қойшы... 
Ағаң  келіп  қалар...  Қойшы  деймін!  (Өржан  мен  Қадиша  бір-бірімен 
құшырлана  сүйіседі.  Бір  шеттен  сұлу  Бикемен  қолтықтасыпғ,  Қасым 
келе жатадыОл бикені қолтығынан босатыпсүйісіп тұрғандарға тұра 
ұмтыладыБике шошыпойбайлап қаша жөнеледі). 
Бике: Ойбай! Өлтірді! (Ол сахнадан қашып шығады). 
Қасым:  (Өржанға):  Ия,  Жігітім!  Не  болды,  сонша  жабысып 
қалыпсыңдар?! 
Өржан: Сə-сə-сə-леметсіз ба, ағай?! Қа-қа-қас-секе! Жеңешем ғой, нетіп. 
Қадиша: Қаһарланба сонша! Ешнəрсе бүлінген жоқ! Бəрі де орнында!..  
Өржан:  Жеңешемнің  көңілін  аулап,  былай,  неткенім  ғой,  ағай... 
(
Кетеді). 
Қадиша: «Құдай тобаны» ұмыттық... Бізге қара көрінер... 
Қасым:  Əй,  нысапсыз! «Ұятың»  болса  тапа-тал  түсте  неге  сүйісіп 
тұрсың? 
Кадиша:  Ей,  кəрі  төбет!  Сүйсе    несі  бар?  Ол  менің  қадірлейтін 
қайным...Ал сенікі не сорақы?! Əлгі əндетіп ойбайлағаның кім? Айт кəні ! 
Қасым:  Қой,  Қадиша!  Мына  пəни  жалғанда  біріміздің-біріміз 
көңілімізді қалдырмайық. Ақылың бар еді ғой, ашуыңнан қайт... 
Кадиша:  (жыламсырап):  Сенің  қиқар  қылығыңа  қарай  мен  де 
назаландым, əрі ызаландым. 
Қасым: Өзің тізгінімді босатқан соң, мен де желіктім, кешір!.. 

Кадиша:  Енді  сойқанды  өмірден  соққы  жемей  тұрғанда,  екеуміз  де 
есімізді жиайық, отағасы!.. 
Қасым:  Дұрыс  айтасың,  Қалеке!  Өміріміз  баланың  ойыны,  бақсының 
жыны емес, ақыл шақырып, нəпсімізді тыя білмесек, оңбаймыз. 
Кадиша:  Өміріңде  бірінші  рет  ақылыңа  келіп,  абыройыңды  бағып 
тұрсың, Қасым! Жүр үйге, балаларға барайық!   
Қасым:  Мы-мы-мынау  елден  ұят  болды...  Татулығымыздың  татымын 
кетірмейік,Қадеке!          
Кадиша: Міне,мен енді мұныңа ризамын! Жүр кеттік! (Екеуі  шығады).  
 
 
 
ҰСТАЗДЫҚ ОҢАЙ МА
 
Қатысушылар: Əділет-еңбек ардагері,  
                             
Тəлтік-жас мұғалім. 
Сахнаға Əділет шығады. 
 
Əділет: Амансыңдар ма, ардақты шəкірттерім менің?!. 
Шат-шадыман болыпТəлтік келеді. 
Тəлтік: Ас саламу алаукум, ағай! Сəлемет саусыз ба? 
Денсаулығыңыз... 
Əділет: Кел, айналайын! Əке-шешең аман ба? Қандай жаңалығың бар? 
Тəлтік: Бəрі жақсы, ағай... Мен өзіміздің мектепке мұғалім боп келдім.
 
Əділет:  Өз  ауылыңа  келгенің  жақсы  бопты.  Келген  қадамың  құтты 
болсын! 
Тəлтік: Ағай, осы... ауылға, атаға бөлу, меңінше, дұрыс емес... 
Əділет:  Мен  ауылға,  атаға  «бөлейін»  деп  тұрған  жоқпын.  өз 
ұстаздарыңның мұрагері болғаныңа қуанып тұрмын.  
Тəлтік:  Ағай,  өзіңіз  білесіз,  мені  бастауыш  сыныпта  республикаға 
белгілі Тəлім ағай тəрбиеледі емес пе? 
Əділет: Білем...Білем... Тəрбиең жаман болған жоқ...  
Тəлтік:  Баста  білім  бар,  диплом  қалтада!  Енді  ұстаздық  істің  қызығын 
көрсек деп, салып-ұрып жүрміз , ағай.   
Əділет:  Сабыр  ет,  балам!Мен  елу  жыл  ұстаз  болғандағы  түйгенім: 
шəкірттердің алғашқы үш сынағынан мүдірмей өтсең, нағыз ұатаз боласың. 
Тəлтік: Ха-ха-ха! Хи-хи-хи! Менен сынақ алатын кім олар, ағай?!   
Əділет: Күлме, балам! Жеңіл күлкі жетесіздік болады. Сынақ...   
Тəлтік: Ол қандай сынақ, ағай, айтыңызшы?!    
Əділет:  Сен  алғашқы  сабаққа  барғанда,  біріншіден,  киген  киімің 
шəкірттер  жиіркенбейтіндей,  үстіңе  қонымды,  бойыңа  жарасымды  болсын. 
Екіншіден  шəкірттерің  қандай  сұрақ  қойса  да,  оларды  қақпайламай, 

қанағаттандыра  жауап  бер.  Үшіншіден,  олардың  əуелгіде  əдейі  көрсеткен 
оқыс қылықтарына шыдап, сабырлықпен тəлімді тəсіл қолдана біл... 
Тəлтік: Ағай, амандық болса, бұл сынақтардан «қолпарасыз-ақ» өтем!  
Əділет:  Егер  ең  алғаш  жеңіл  мінез  көрсетсең,  оқушылардың  оғаш 
қылықтарының оты қаулап кетеді.  
Тəлтік:  Ха-ха-ха!  Қойыңызшы,  ағай...  Олар,  сонда,  қандай  құлық 
көрсетеді?! Ұлағатты ұстазын сыйлай алмаған шəкірт оңа ма?! 
 
Əділет: Алғаш жеңіл мінезіңді байқап қалса, сыныптағы он бес оқушы 
он бес  түрлі қиқарлық көрсетуі мүмкін.   
Тəлтік: Оқушыларды сонша сорақалыққа жібере қоймаспын, ағай...  
Əділет: Шəкірттер шəлду-бəлду сөзді,  шыдамсыздықты ұнатпай, шулап 
кетсе, ақылың таусылып, жүйкең құриды, масқара боласың.   
Тəлтік: Хи-хи-хи! Бірден жүйкем құрып не бопты сонша!..  
Əділет:  Сынып – сиқырлы  драма  орны.  Онда  кездейсоқ  керемет 
оқиғалар болуы мүмкін.  
Тəлтік: Сыныпта жібі түзу оқушылар да болатын шығар?! Тіпті...  
Əділет: Сабақ үстінде сол «жібі түзу»  оқушыларды таба біл де,  солар  
арқылы əдепті əдіс қолданып, сабырлылық мінез көрсет.  
Тəлтік: Мен, амандық болса, Тəлім ағайдың тəсілін қолданам.  
Əділет: Ол қандай тəсіл еді?  
Тəлтік: Сабақ үстінде қыңқ еткен оқушының басына сызғыштың жалпақ 
жағымен  сарт  еткізем.  Ол  менің  сөзімді  тырп  етпей  тыңдайтын  болады. 
«
Баланы бастан» деген емес пе атамыз?! 
Əділет: Балаға кешірімді болу керек. Ұру-қылмыс, қорқыту –кінə!  
Тəлтік:  Ағай,  сіз  қызық  екенсіз!  Жетесіздер  желігіп,  кешірген  сайын 
кесірленіп  кетпей  ме? «Əркім  қорыққаның  құлы».  Біз  Тəлім  ағайды 
қорыққанымыздан сыйлайтынбыз.   
Əділет:  «Кең  болсаң,  кем  болмайсың».  Сабырлылық,  салауаттылық, 
салтанаттылық – ұстаздық қасиет. Онсыз болмайды, балам.  
Тəлтік:  Ағай,  балаға  қатал  болмасаңыз,  ол  қағынып  кетеді.  Ондай 
қағындылықты өз басымыздан кешіргенбіз.  
Əділет:  «Қаталдық»  дегенді  қорқыту,  ұрып-соғу  деп    түсінсең, 
қателесесін.  Балаға  қатаң  талап  қоя  біліп,  оның  орындалуын  ерінбей-
жалықпай қадағалау керек... Қаталдық – сол.    
Тəлтік: Мына сөзіңіз мишығыма қона бастады, ағай. Бұл дұрыс.  
Əділет:  Дұрыс  болса,  солай.  Оқытушы  оқушылардың  алдында  ұлы 
бейнені орындап тұрған  əртіс іспеттес болу керек.  
Тəлтік: Ха-ха-ха! Ағай, сонда мен бес жыл ұстаздық оқуды оқып келіп, 
енді балалардың алдында «əртіс» болуым керек пе?  
Əділет: Күлкісі жоқ, балам! Ұстаз  əрі əртіс, əрі философ, əрі шəкіртінің 
ата-анасы, қамқоршысы, қадірлі жақыны.  
ТəлтікМына сөздеріңіз ойыма орналаса бастады, ағай.  

Əділет:  Баланың  алдында  байыпты  болу,  оларды  жақсы  көріп,  білім 
бере білу – нағыз ұстаздық, ұлылық қасиеттер.   
Тəлтік:  Бала  қағынса,  қабақ  түймей,  даурықса,  дауыс  көтермей,  қалай 
шыдауға болады, ағай-ау?! Мынау бір қиямет екен...  
Əділет:  Ұстаз  болу  оңай  емес!  Қасиетін  тауып,  қадірлей  білсең,  бала 
қағынбайды, қайта абырой сақтап, ақыл жинайды.  
Тəлтік:  Енді  түсіндім,  ұстаз  болу  қиынның  қиыны  сияқты  ғой...  Мен 
қайтсем жақсы ұстаз бола аламын?!  
Əділет: Ұстаздыққа ұстамдылық керек...  
Тəлтік: Сол ұстамдылық қасиет менде жоқ па деп қорқа бастадым... 
Əділет: Міне, енді ұстаздық əрекет басталды. Өз кемшілігін білген адам 
сол кемшілікті жоя да біледі.  
Тəлтік: Қияметтей қиын жұмысқа шыдамым жетсе жақсы болар еді... 
           
Тəуекел! 
Əділет.Іске сəт,балам! 
 
:                         
ƏЗДЕК ҰЛДЫҢ ƏЛЕГІ 
 
Қатысушылар: Бəтжан – əкесі,  
                             
Бəлду – оның баласы,  
                             
Тайжан – делдал.  
Сахнаға күйініп Бəтжан шығады.  
 
Бəтжан:  Құдай  маған  бала  бермеді,  пəле  берді!..  Дала  безер  болып, 
қайда жүр екен бұл  иттің күшігі!...   
Бəлду:(қуанышпен  айғайлай  келеді)  Бүгін  «Қайрат»  жеңді!  (Əкесін 
көтеріп ала жөнеліпбилепəлекке түсіреді)
Бəтжан:  Қой  деймін,  ей!  Ойбай,  белім!..  Ойбай,  қайда  жүрсің 
саңдалып?!  
Бəлду: Ой-хой! Қайрат жеңді! 
Бəтжан: Əй, əумесер! Ертең емтихан өткізуің керек емес пе? Бұның не?  
Бəлду: Көке, сіз спорт дегенді білмейді екенсіз...  
Бəтжан: Əй, желбуаз, сен білсең, қайда жүрсің?! Емтихан қайда, ойбай!  
Бəлду:  Көке,  ойбайлай  бермеңізші!  Қалаға  келген  соң,  қызық  көріп, 
көңіл көтеруге болмай ма? Емтихан ешқайда қашпайды...   
Бəтжан:    Ей,  шырағым!  Əуелі  мынау  оқуға  түсіп,  өз  наныңды  тауып 
жеуге қарекет қылмайсың ба? Бұның не?  
Бəлду:  Не-ме-не?  Сіз  маған  нан  тауып  бере  алмайсыз  ба?  Онда  несіне 
бала туғызып, басыңызды ауыртып жүрсіз, көке?! 
Бəтжан:  Əй,  алаңғасар!  Ертең  мен  өлемін,  Сонда  сен  нан  тауып  жей 
алмай қаласың... тірі жан тіршілік жасайды... Ол үшін оқу керек...  
Бəлду: Мен сізден бұрын өлемін, көке!  
Бəтжан: Қой, балам! Бүйтіп сандалма! Емтиханға дайындал...  

Бəлду:  Көке,  таныс  арқылы  оқуға  түсірем  деп  келдіңіз  ғой...  Əуре  боп 
емтиханға 
дайындалудың 
қажеті 
не? 
Балл 
жинай 
алатын 
шығармын...қорықпаңыз... 
Бəтжан:  Балам,  ертең  емтиханда  балл  жинай    алмай  отырсаң,ешкім 
сенің маңдайыңнан сипамайды...  
Бəлду: Сіз оларға беретініңізді бердіңіз...Алғандар өткізеді... 
Бəтжан: Ақылдым-ау, «алғандарды» да аясаңшы!  
Бəлду:  Сыннан  өту  ешқайда  қашпайды,  көке...Əзірше  гулять  жасау 
керек...  
Бəтжан:  Əй, «гулятыңды»  қоя  тұр.  Менің  шыбын  жанымды 
шырқыратпа! Адамнан ұял, құдайдан қорық... 
Бəлду:  Сіз  тұрғанда,  мен  Құдайдан  да  қорықпаймын!  Мені  оқуға 
түсіретін Құдай емес қой... 
Бəтжан: Тек-ей, сорақы! Кеңірдегіңді жұлып алайын ба осы...  
Бəлду:  Кеңірдек  жұлу  керек  болса,  өзім-ақ  жұлып  беремін!  (Ол 
кеңірдегін «жұлмақ» боладыБəтжан зорға ажыратады.)   
Бəтжан:  Бұның  не,  балам?!  Ашуды  қой...  Ақылың  бар  еді  ғой,  ақылға 
кел.  
Бəлду: Сіз мені аямайсыз ... 
Бəтжан: Шырағым-ау, мен  сені аямасам, оқуға əкелем бе?  
Бəлду  (арақ  даярлап):  Қапаланбаңыз.  Одан  да  бір  жүзді  тартып 
жіберіңіз. «Ащыны ащы басады» деуші едіңіз ғой, көке! Давай!   
Бəтжан:  Əй,  балам!  Мен  ішіп-ішіп  ішегім  іріп  кеткен  сорлымын!  Сен 
келешегіңді ойлап, сəл уайымдасаң қайтеді, күнім-ау!   
Бəлду: Көке! Сіз тұрғанда менде уайым жоқ! Оқуға түсем, қорықпаңыз!  
Бəтжан:  Балам, сен дүниенің тұтқасын ұстап тұрғандай сөйлеме! Құдай 
бар, дағдыр белгісіз... 
Бəлду: Хо-хо-хо! Сіз «сіз ақшаға бəрін де сатып алуға болады» дегенсіз. 
Енді келіп «Құдай», «дағдыр» деп діндар бола қалыпсыз... 
Бəтжан: Тек-ей! Даңғаза! Байқап сөйле, құдай көріп тұр... 
Бəлду: Ха-ха-ха! Сіз тұрғанда мен кімнен қорқам? Сіз Құдайдан...  
Бəтжан:  Əй,  балам!  Сен  менің  иманымды  тас  төбеме  шығара  берме!.. 
Сабағыңа дайындал, емтиханыңнан өт...  
Бəлду: Сіз уайымдамаңыз! Ақша алған ағай мені өткізеді қайтсе де... 
(
Сахнаға тым көңілсіз Тайжан шығады.)  
Бəтжан: Амандық па, Тайжан?! Немене? Өңің бұзылып тұр ғой... 
Тайжан:  Алмай  қойды.  Енді  пара  алсақ,  сотталамыз  дейді...Тестің 
құпиясын алу қиын екен...  
Бəлду: Сіз бере алмайтын болсаңыз, бізді неге əуре қылдыңыз?! 
Бəтжан:  Иманымды  ұшырдың!  Мені  өлтірдің,  Тайжан! (талып 
қалады).  
Тайжан: Сабыр етіңіз. «Жаман ініңіз» тұрғанда, Бəлду оқуға түседі.  

Бəлду артынан қарап: Міне, өтірік өліп қалды. Бəрібір оқуға түсіреді.  

Дауыс: Əздек ұл – қырыс, сор, қайғы,  
             
Əкесін жалмап, сорлайды.  
 
 
 
 
ПƏЛЕ ҚАЙДА ДЕМЕ 
 
Қатысушылар: Бекен – мекеме бастығы,  
                             
Бəлден – қарт кісі  жəне милиционер.  
Сахнаға  Бəлден  мен  милиционер  қарама-қарсы  шығып,  ақжарқын 
амандасады.  
 
Милиционер: Ас саламу алайкум, Бəке!  
Бəлден: Əлікімісалам, балам! Аман-есенсіңдер ме?.. 
Милиционер: Бəке, мұныңыз қалай?! Мені неге оңашаға шақырдыңыз?  
Бəлден:  Айып  етпе,  балам.  Бұл  заманда  жұрт    қонақ  күткенді  де  сөз 
қылатын  болды.  Мекемеде  кездессең, «жүзге  бөліп  жатыр»  дейді.  Содан... 
Өзің мына бақта оңаша демалсын деп... 
Милиционер:  Ə,  қу  шал,  əдетіңше,  бір  нəрсе  дейін  деп  жүрсің  ғой?! 
Айт... 
Бəлден: Өзіңнен жасыратын не бар? Бұл күнде ел ішіндегі парақорлық, 
жалақорлық əлі де тыйылмай жатыр...  
Милиционер: Пара, жала, пəле, нала... Бəрін де жоямыз! Жойқын төбе 
қыламыз! 
Бəлден: Əп, бəрекелді! Ондай болса, нағыз қызылкөз  парақорды ұстап 
берейін. Көзін жой! Тұқымын құрт!  
Милиционер:  Ол  кім,  осы  уақытқа  дейін  құлқынына  тыйым  сала 
алмаған?!   
Бəлден: Ол - əлгі біздің туысымыз... Бекен... 
Милиционер:  Қойыңыз,  ағай!  Ол  кісі – қой  аузынан  шөп  алмайтын 
адам...   
Бəлден: Ол – нағыз əбжыланның өзі! Ит терісін басына қаптат өзінің.  
Милиционер: Бұл қалай? Дəлел, куə, анықтама керек емес пе?  
Бəлден:  Сен  бала,  анау  жақта  тасалана  тұр.  Ол  менен  пара  алу  үшін 
осында келеді. Төсінен жай түскендей етіп, оны қылмыс үстінде ұстап ал... 
Оның тұқымын құрту керек!  
Милиционер: Мұныңыз қызық екен!..  
Бəлден: Қызықтың көкесін, төтесін қазір көресің.. бар... 
Милиционер: Мақұл, ағай! 
(
КетедіКүлмеңдеп Бекен келеді.)  
Бекен: Ассалаумағалейкум! Бəке, үй-іші, бала-шаға аман ба? Уəдеге тақ 
тұрып, келіп қалдық. Оңашада не айтайын деп едіңіз? 

Бəлден:  Əлгі  Өмеңді  орнынан  алып  тастағаның  сауап  болды.  Ол  өзі 
біздің жігіт емес... Оның өзіне сол керек!  
Бекен: Оны орнынан алып тастау оңайға түскен жоқ...  
Жақтаушысы  көп,  жаман  жігіт  екен.  Сіздер  үшін  жанымды  салып 
дегендей...  
Бəлден: Əкесін танытып, бəрін белден бастыңыз, маладес!  
Бекен: Өзі барып тұрған шығымы жоқ, шырылдауық жігіт екен... 
Бəлден: Біздің жақтың жігітттеріндей алақаны ашық, бай, жомарт, мəрт 
жігіттер жоқ қой бұл жақта. Кілең ынжық, топас біреулер...  
Бекен:  Өзі  бір  грамм  ішсе,  жүз  бұраң  сөйлеп,  сілекейі  ағып,  сілеңді 
қатыратын жігіт екен. Тілі мен жағына сүйенеді-ей... 
Бəлден:  Ол  өзі - өтірік  күліп,  өсек  айтатын  күпілдек  жігіт.  Орысша 
культурадан мəкірім қалған, оны білем... Анада оның бір сөзінен секем алып, 
селк ете түскем...  
Бекен:  Демократия  болсын  деп,  көпшілікке  қол  көтертіп,  аяғын 
аспаннан келтірдім! Ол енді екі-үш жылға дейін ес жия қоймас. 
Бəлден:  Орынбасарыңыз  орнынан  түскен  соң,  шыбын  жаным 
шырқырап, мен өзіңізге сенімді адам іздедім...  
Бекен: Маған аузын бассаң, құйрығынан сыр шығарып алмайтын нағыз 
қазақтың өзі керек. Тек мына жақтан болып жүрмесін... 
Бəлден:  Анау-мынау  емес,  сырға  берік,  сыйласымға  сайлы  туыс  тауып 
келіп отырмын...  
Бекен: Құдайға шүкір! Еңбегіміз – ақ, арымыз – таза!  
Бəлден: Біздің жігіттер ағасын ардақтауды, қариесін қадірлеуді біледі... 
Өзіңе тартқан. Ха-ха-ха!  
Бекен:  Елім  деп  туған  ер  едік...  Алаштың  баласына  жақсылығымызды 
аямаймыз. 
Бəлден: Елдің ері, ердің қамқоршысы деп, сізді құрметтеп, Сəлкен ініңіз 
сəлемдеме    беріп  жіберді.  Ініңіз - өзім  дегенге  өзегін  жарып  беретін  қазақ. 
Мынаны алыңыз... (Ақша береді).  
Бекен: Опырмай енді... Бəке, өзіңіз білесіз бұл кезде параға жүрмейтін 
боп алдық. Ал мынау сəлемдемені алмау тəкапарлық болар... Хи-хи-хи!  
Бəлден: Ағайындық ауыс-түйіс қой бұл əншейін. Ха-ха-ха!  
Бекен (ақшаны санап болып): Əй, Бəлден!  
Бəлден: Ау, Беке!   
Бекен:  «Сəлемдеме»  дегенге  бір    машинаның  құны  екен  десем, 
мынауың доңғалаққа да татымайды ғой. Бұл не сұмдық?! Сен  кімді келеке 
еткің келіп тұр осы?!  
Бəлден: Бекен-ау, менің Сəукенім ақша өндіріп жатқан жоқ қой!... Оның 
да бала-шағасы, тұрмыс-тіршілігі бар...  
Бекен: Онда тілің мен жағыңа сүйеніп, маған несіне əуре боп келдің?  
Бəлден:  мен  адам  деп,  ағайын  деп  алдыңа  келіп отырмын.  Мен  басшы 
адам пара алады деп ойлаған емеспін...  

Бекен:  Бəлдеке,  мен  сізден  пара  алдым  ба?  Өзіңіз  Сəлкен  інімнің 
сəлемдемесін əкеп беріп отырған жоқсыз ба?   
Бəлден: Мен сенің құлқыныңның құдық екенін білмеппін, ағайын! Əкел 
ақшамды...  
Бекен: Əй, Бəлден! Ағайынның арасындағы қарым-қатынасын бұзба!  
Бəлден: Бекен, сен қомағай болма! Жаңа заманда жақсы адам бол!   
Бекен: Əй, шал! Бетің бүлк етпестен бүлік шығарайын деп тұрсың ба?  
Бəлден: Əкел ақшамды! Мен де не əкеңнің құны бар?! Тонайсың ба?!   
Бекен:  Қозбаң  қозып,  қояншығың  ұстамасын!  Одан  да  мынаны 
толықтыр.  
Бəлден:  Əкел  ақшамды!  Кеңірдегіңді  жұлып  аламын!  (Екеуі  алыса 
кетедіБəлден милиция шақырады). Ми-ли-ция!  
Милиционер (аптыға айқайлап). Не боп қалды ағайындар?!  
Бəлден: Қама мынаны! Бұл – парақор! Қалтасында жеті мың соң ақша 
бар. Мен ол ақшалардың номерлеріне дейін білемін!  
Милиционер:  Көшеде  қалта  тінту  əдепсіздік  болад.  Жүріңіздер, 
ағайлар! Кеңсеге барайық! (Үшеуі кетеді.)  
Бекен: Опырм-ай! Мына пəлеқордың сұмын-ай! Құрыдым!Өзіме де обал 
жоқ! Шерменде басым-ай! 
 
АДАМ БОЛБАЛАМ 
 
Қатысушылар: Борпық –қожалықты басқарушы 
                            
Маржан – Борпықтың əйелі,  
                             
Болат – Борпықтың баласы,  
                             
Досан – Борпықтың досы.  
 
Оқиға  ауылда  болады.  Борпықтың  үйі.  Ол  есепшот  соғып,  ақша-
қаражат есептеп отыр.   
Борпық (көрермендерге): Осы ауылда мен   істемеген жұмыс қалмады. 
Қауымдастықты  басқардым,ол  қызметті  Онбай  тартып  алды.Жүргізуші 
болдым  ол  ісім  құтаймады..  Енді  міне  «есепші»  болып,  есім  шығым,  түскі 
демалыс  кезінде  де  шот  қағып  отырмын.  Менен  басқа  есепші  болса,  мың-
мыңды қалтарыста қалдырып, қалтаға салар еді. Менің бес айда... Қой... сыр 
айтуға болмас...  
(
Рұқсат сұрап Досан келеді).  
Досан: Бореке, сəлем! Денсаулығың жақсы ма?  
Борпық:  Денсаулықтың  несін  сұрайсың?  Аттан  түскелі  аурушаң 
болдым. Радикулит, гайморит, гастрит... 
Досан: Жетер...Көп иттің керегі не? Əсіресе гастриттен сақ бол. Гастрит 
дегенше, қасқыр ит деу керек.  
Борпық: Қайдам, ішек-қарын шұрылдап барады. Ішке кірген қасқыр ит 
болмаса игі еді...  

Досан:  Денсаулықты  жақсарту  үшін,  ағзаңды  былай  нетіп, 
шынықтыруың керек... 
Борпық: Ерте тұрып, еркін дем шығаруға де ерінеміз. Қырсыз өзімізден.  
Досан:  Дұрыс  айтасың,  досым.  Итіншектей  берсең,  иттер  басынып 
алады.   
Борпық: Иə, келгенің жақсы болды. Бұйымтайыңды айта отыр.  
Досан:  Мен  үлкен  жұмыспен  келіп  отырмын.  Бұл-диқандық  міндетім 
ғана емес, достық борышым. 
Борпық: Айт жұмысыңды. Реті келсе көңілің қайтпас. 
Досан:  Бореке,  ашығын  айтсам,  тəрбиеде  енжарлық  ыңғай  көрсетіп 
жүрсің. 
Борпық:  Мендей  бос  белбеу  бойкүйезден  қандай  «тəрбиеші»  жасамақ 
едің? Пошымымы қарамайсың ба? 
Досан:  Сен  ең  əуелі  өз  балаңды  жөнге  салсаң,  жақсы  болар  еді.  Болат 
балаң бүкіл ауыл жастарының тəртібін бұзып барады.   
Борпық: Сонша не бүлдіріп жүр ол сумұрын?!  
Досан: Ер балаларды еліктіріп жұмыстан қол үздіріп жүр, қыз балаларға 
қырғындай тиеді.  
(
Осы кезде көрші бөлмеге гитара тартыпəн салыпгуілдесіп кірген 
жастардың үні естіледі.) 
Борпық: Əй осының бүлдіріп жүргені шамалы болар.   
Досан:  Əне естіп отырсың ба? Қазір қауырт жұмыс кезі. Ал сенің балаң 
əн  салып, əуейленіп, қыз-бозбалаларды жинап, үйіңді жын перінің ойнағына 
айналдырып жүргенін көрмейсің бе? (Болат кіріп келеді). 
Болат: Көке, давай! 
Борпық: Немене «давай»?! 
Болат: Білмей тұрсың ба? Ақша давай! Жігіттер, қыздар келіп қалды.  
Борпық: Балам-ау, менде ақша жоқ... Шешеңде болмаса... 
Болат: Неге жоқ?! Маған беруге ақшаң да жалко! 
Досан:  Мұның  қалай,  Болат,  жұмыс  уақытында  тамаша  құрып 
жүргендерің не?  
Болат: Сіз жас болып көрмеп пе едіңіз? Қазіргі жастар өмірдің қызығын 
көргісі келеді. 
Борпық: Біз де жас болғамыз. Бірақ сендердей əуейі емес едік. Əуелі іс 
тындырып, содан кейін... 
Болат: Сіздердің замандарыңыз өтіп  кеткен. Заман біздікі!  
Досан: Серуен құратын, сейілдейтін уақыт бар емес пе?  
Болат: Бүгін-Тоқайдың туған күні. Тойды біздің үйде бастаймыз. 
Борпық:  Бүгін – Тоқай,  ертең – Боқай,  бүрсүгіні – Қоқай...  Сонымен, 
туған күннің шегі болмас. 
Болат:  Əрине,  қызық – думанның  шегі  болмағаны  жақсы!  Кəне,  көк! 
Давай!  
Борпық: Балам «давайдан» басқа айтатының бар ма? 

Досан: Болат, сен айып етпе:жасың нешеде? 
Болат: А  шо? Жиырма екідемін! 
Досан:  Онда  сен  алты  жылдан  бері  арам  тамақ  екенсің.Бала  он  алты 
жасынан кейін əке- шешеге масыл болмауға міндетті.біздің халық заңы соны 
талап етеді. 
Болат: Ағай, сіз өз балаңызды жөндеп алыңыз... Ондай «педагогиканы» 
білеміз. «Психалогияма» тимеңіз.  
Досан: Ертеңнен бастап жұмысқа шық! Егін жинау басталады. 
Борпық:  Балам,  баяғыдан  бері  айтып  жүрмін  ғой,  бос  сандала  берме 
деп... Бұл кісі дұрыс айтады. 
Болат: Менде де бас бар!.. Давай! 
Борпық: Давайыңмен құры сен! 
Болат:  Көзіңе  көп  көрініп  жүрсем,  құрып  кетейін.  Қош  бол  ендеше! 
(
Кетеді). 
Борпық:  Болат!  Болатжан  тоқташы!..  (Көрші  бөлмеден  шешенің 
аяушылықБаланың дөрекі сөздері естілді). 
Досан: Баланы аясаң, жақсы көрсең, тəрбиелемейсің бе?  
Борпық:  Жұмыс-жұмыс  деп  жүріп..  Тəрбиеге  мəн  бердік  пе?  Енді 
сойталдай болған содырды не ұра алмайсың, не айтып көндіре алмайсың... 
Досан: Сабыр ет, ойлан, тілін тап. 
Борпық:  Ойбай-ау,  өзіңмен  жағаласып  тұрған  жайрағырды  қалай 
тəрбиелейсің? 
Досан: Сабыр ет, ойлан, тілін тап. 
Борпық:  «Тілі»  құрсын  мұндай  бейбақтың...  Өзі  сөз  айтсаң,  өліп 
кетуден тайынбайды. Мұндай есуас өмірдің құнын біле ме? 
(
Шырылдап-шырқырап Маржан келеді). 
Маржан: Жабысқыр-ау, жалаңаяқ қалдырды! Жалаңаяқ қалдым! О, бала 
болмай, балшыққа батқыр!  
Борпық: Не болды, ей? 
Маржан:  Анау  жайрағыр  туфли  аламын  ба  деп,  лепшігімнің  астына 
тығып жүрген он бес мың теңге ақшамды ойнағансып тартып алды.    
Борпық: Өзіңе де обал жоқ. Күнде жиын. Опыр-топыр. Тыныштық бар 
ма  бұл  үйде?  Баланың  айтқанын  істесең,  бетінен  қақпасаң,  балада  бет  бола 
ма? 
Маржан:  Баланы  ақ  саусақ  албасты  қылып  өсірген-сен.  Қолына  құрал 
ұстатып  көрдің  бе?  Енді  болары  болған  соң,  өкініштен  өртеніп  өлейін  деп 
жүрсің. 
Досан:  Сабыр  етіңдер.  Бұл  іске  ауыл  басшылары  араласпаса  болмас... 
Болатты адам ету керек. 
Борпық: Мені өз əйелімнің табалағаны өтіп барады...Ей қатын, Сен бала 
тəрбиелемей не тындырып жүрдің? 
Маржан: Сен ше? Бала тəтбиесіне бір минут көңіл аударып көрдің бе? 
Көрлат болмасаң... 

Борпық:  Тек-ей,  кесір  сөз  айтпа.  Тəрбие  көбінесе  анаға  байланысты 
болады, білдің бе? (Айғай шуды естіпБолат к еледі
Болат: Не боп қалды? 
Борпық: Сен бала болмадың-пəле болдың! 
Маржан: Əке-шешеңе күйік болдың, балам! 
Болат: Маған не дейсіңдер енді? 
Досан:  Ертеңнен  бастап  жұмысқа  шық.  Көшеде  көлбеңдеу  ер  азаматқа 
жараспайды. 
Болат.Ауылда қазір не жұмыс бар?... 
Досан. Шөп шап!Егін жина! Мал бақ! 
Болат.Біз-оқыған  жастармыз.Жаңа  техника  керек  бізге!  Ауылдағы 
тіршілікті басқарып, лайықты жұмыс тауып беріңіз, көке! 
ДосанМенің қолымнан не келді? Жоғарыдағылар  жол таппай жатыр... 
Болат.  Көке,көп  кейімеңіздер.Амалсыз  ауылды  тастап,қаладан  жұмыс 
іздеп кетеміз, енді тентіреп.  
Борпық пен Маржан (бірге қосылып):Сөйтсең,сөйт! Адам бол, балам!  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет