ҚОРЫТЫНДЫ
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті ӛзіне дейінгі ұлттық
әдебиетіміздің бар асылын, үлгілі дәстүрін ала отыра, дәуірге сай жаңа
кӛркемдік мүмкіндіктерді ашты. Әсіресе мұндағы Абай ӛнегесінің құнарлы
болғанын атап айтқан абзал. Жаңа ғасыр табалдырығын шығармашылық
талаппен аттаған жас ақын-жазушылардың қай-қайсыда Абайды ӛзіне пір
тұтты, шама-шарқынша “бас ақын“ межелеген биіктен кӛрінуге тырысып,
түрлі ізденістерге бой ұрды. Дәстүрді жалғастыру мен жаңашылдыққа ден
қою ой-сана тұтастығына, идеялық-кӛркемдік бірлікке алып келді.
Әрине, ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетте түрлі бағыттар қалыптасып,
әр бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығындағы ӛмір шындығын
суреттеу сан-алуан реңктер тапқаны рас. Бірақ әдебиет атты ұлы айдынға бет
алып, сылдыр қаққан тұма бұлақтар бір арнаға құйып, бір түйінге бекіді.
Бәрін біріктірген ортақ ұлы мақсат ұлттық сананы оятып, азаттыққа қол
жеткізу болатын.
Белгілі бір дәуірде ӛмір сүрген суреткерлер шығармаларында болжалды
идея үнемі бірыңғай күйде кӛрініс таппай, сан-салалы кӛркемдік шешімдер
арқылы бой кӛрсететіні ақиқат. Сондай-ақ, әдеби шығармада кӛрініс табатын
қоғамдық ӛмір шындығы мен әрқилы адам тағдырын дайын қисын-
қағидаларға бағындыру арқылы бағамдау жӛн болмас еді. Әдебиеттің
қалыптасу, даму, жетілу, ӛсу жолдарын дайын қалыпқа салып бағалау,
жадағайлыққа ұрындырары hах. Әрбір әдеби бағыттың, кӛркемдік әдістің ӛз
шеңбер шегі, шектеулі мүмкіндіктері бар. Әрбір үлкен суреткердің
айқындалған бағыты бар, ол сол ӛзі ұстанған бағыт жолында еңбек етеді.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет ӛмір шындығын, ұлт мүддесін,
замананың ӛркениетті кӛріністерін алға тарта отырып, ӛз кезіндегі озық ой-
санадан ӛріс тапты, соны жетекші идеяға айналдырды. Мәселен ХІХ
ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық идеяның ХХ ғасыр бас кезінде
азатшылдық идеяға ұласуы.
Біз осы оқу құралында екі нәрсеге басты назар аудардық. Алдымен ХХ
ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі идеялық-тақырыптық ізденістерге,
сонансоң оның биік деңгейде кӛрініс табуына игі әсер еткен әдеби-кӛркемдік
ізденістерге. Жан-жақты ізденістердің белгілері ретіндегі дәстүр мен
жаңашылдық, аударма тәжірибесі, жанрлық тұрғыдан баю да назардан тыс
қалмады. Сонымен бірге Абайға ілесе шыққан ізбасарлардың Абай рухына
жақындарының шығармашылық тұлғасын айқындауға баса кӛңіл бӛлдік.
Олардың әр қайсысы қай бағытты жанына жақын тұтты, сол арқылы
әдебиетке қандай ӛзіндік жаңалық әкелді, міне осы тұрғыдан бағдарлауға,
осы тұрғыдан танытуға тырыстық.
Ол үшін әуелі тарихи кезеңге кӛз салу керек еді. Оқулықтың қамтитын
тұсы ХХ ғасырдың алғашқы ширегі болғандықтан да заманаға, уақытқа ӛз
үрдісінен үңілуді, бүгінгі кӛзқарас биігінен қарауды қажетсінеді.
Әдебиет қашанда болса ӛз дәуіріндегі қоғамдық ӛмірмен, оның жаңа
ӛзгерістерге бейім жағдайымен тығыз байланысты болып келеді. Әдебиет
335
қоғамдық даму бағытына орай ӛзгеріп отыратындықтан сӛз болып отырған
әдебиет кезеңіндегі тарихи-әлеуметтік жағдайды, оның басты-басты
сипаттарын айқындап алмай, ӛз тұсындағы қоғамдық ӛмірдің бар
құбылысын, айнадай жарқыратып кӛрсететін әдебиет жайлы сӛз қозғау
мүмкін емес.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті ӛз дәуіріндегі мәні зор үлкен
мәселелермен қоян қолтық араласып, олардың түйіткілін шешуге, сырын
ашуға ұмтылды. Бұлар қандай мәселелер дегенде алдымен ауызға ілігері
ағартушылық. Осы мәселе ӛткен ғасыр бас кезіндегі әдебиеттегі қай бағыт
ӛкілінің шығармашылығында болмасын бедерлі белгі беріп отырады. Бірақ
еске тұтар бір жайт бұл ағартушылықтың ХІХ ғасырдың екінші
жартысындағы ағартушылықтан сәлде болса ӛзгешелігі барлығы. Ұлы ақын
Сұлтанмахмұт айтпақшы ХХ ғасырдың бас кезінде “Болғанымен оқу анық,
мақсатының“ болатын. Яғни оқу жайы (мұсылманша, орыс-қазақша) бір
шама шешімін тапқанды. Бірақ оқудағы мақсат айқын еместі. ХХ ғасырдың
басындағы әдебиетке міне, осы мақсат айқындығы, яғни оқу-білімге шақыру
ғана емес, оның ұлттық сананы оятудағы қуаты ӛзек болып тартылды.
Екінші аталмыш кезеңдегі әдебиетте күні озған әдет-ғұрыптар мен
отаршылдық озбырлық әкелген жұғымсыз кесапаттарға қарсы күрес нақты
кӛрініс тапты.
Yшіншіден, әдебиет ұлттық сананы ояту арқылы ұлт бірлігіне, жер
иелігіне, ел тәуелсіздігіне үндеудің жаршысына айналды. Оны кӛркемдік
әдіс-тәсілдер арқылы оқырман санасына сыналай да, ашық та сіңіруге
тырысты. Мұны түрлі бағыт ӛкілдері ӛз шығармашылықтарының ӛн бойына
ӛзек етіп, әр қилы кӛркемдік шешімдер жасай білді.
Мәселен діни-ағартушылар оқу-білімге негізінен мұсылмандық оқу, оның
қадыр-қасиеті арқылы үндеп, адамдық негізді дін арқылы қалыптастыруды
кӛздеп, азатыққа қол жеткізу жолы Ресейдегі мұсылман дүниесінің бірлігінде
деп білді. Біз оқулықта мұны осы бағыттың басты ӛкілдерінің
шығармашылығына шолу жасау және Мәшhүр Жүсіп шығармашылығына
жеке-дара тоқталу арқылы байыптадық. Олардың мақсат-мұраты, ұстанған
бағдары Мәшhүр Жүсіптің:
Құдайдың шын нансаңдар бірлігіне,
Ерлердің күш қосыңдар ерлігіне.
Сарт демей, ноғай демей, қазақ демей,
Тілек қыл дін-мұсылман бірлігіне, –
деген ӛлең шумағында жатыр. Бұл ақындар түсінігінше барлық жақсылық,
нұрлы ӛмір осы дінге деген сенімнен басталады. Ӛзге бағыттардан наным,
таным бӛлек болғанымен мақсат ортақ. Ол – азатық, соған жеткізер дін-
мұсылман бірлігі. Сан ғасырлық қазақ әдебиетінің тұнбатұнық қайнарының
кӛзін ашып, Шығыс әдебиетінің кәусар бұлағынан нәр алған діни-
ағартушылық бағыттың шұрайлы тіл, кӛркемдік үлгі негіздерінің түп тамыры
тереңде.
336
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар алдымен Абай,
Ыбырай ашқан ӛнегелі ӛрісті жалғап, оған орыс, батыс әдебиетіндегі ӛзгеше
ӛрнекті ұштастырып, қазақ әдебиетін ізденімпаз жаңашылдықпен байытты.
Абай, Ыбырайдың ағартушылық арнасын замана алға тартқан тың
демократтық кӛзқарастармен толықтыра түсті.
Қоғамның дамуына, қазақ халқының ӛркениет елдерге бой түзеуіне ең
қажетті нәрсе қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың белгілі бір
демократиялық заңдылықтарға бағындырылған жүйеге түсуі деп білді. Адам
құқын қорғау арқылы жеке адамның еркіндігіне қол жеткізіп, демократиялық
қоғамның қалыптасуына негіз салуға ұмтылды. Олар ӛз тұсындағы
әлеуметтік теңсіздікті, адам құқының табанға тапталуын кӛзбен кӛріп, ішпен
сезіп ӛскендер еді.
Бұл бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығының негізгі ӛзегі –
әлеуметтік теңсіздік, оның қасіреті мен кесепатын ашып кӛрсету болып
табылады. Олар ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамындағы әйел
теңсіздігі тақырыбына қалам сілтеу арқылы жалпы әлеуметтік теңсіздік
ұғымының сан қатпарлы сипатын ашып, теңдік сақталмауының сырларын
кӛпке ұғындырудан үміттенді. Сӛйтіп жеке бас теңсіздігінен жалпы ұлттық
теңсіздіктің себеп-салдарын кӛре алды.
Бұдан ағартушы-демократтар шығармашылығына тек әлеуметтік теңсіздік
мәселесі арқау болған деген тұжырым тумаса керек. Әрбір творчестволық
тұлғаға тән рухани жан-дүние, ішкі сезім, адами мінез-құлық құбылысы,
қоршаған орта табиғаты оларды да толғантты, тебірентті. Бірақ қаламы
жүрдек тақырыбы – әлеуметтік теңсіздік болғаны шындық. Оқу құралында
біз мұны ағартушы-демократтық бағыт ӛкілдерінің шығармашылығына
жалпы шолу жасай отырып та, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт сынды ұлы
тұлғаларға жеке-жеке тоқталу арқылы да танытуға тырыстық.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі үшінші бағытты біз ұлт-
азатшыл бағыт деп атадық. Осы атау бізге орынды кӛрінеді. Ӛткен ғасырдың
бас кезінде отаршылдық езгінің қыспағында қалған қазақ халқы ауыр
қоғамдық дағдарысқа ұшырады. Міне осы тұста қазақ зиялыларының ӛзгеше
бір тобы отаршылдық құрсауынан ұлтын босатар жол іздеп, жүйеге түскен
бағдарламалық іс-әрекетке кӛшті. Бұл қазақ халқының ғасырдан астам азапты
тарихындағы нұрлы сәулеге бет бұрған кезеңі еді. Яғни азаттық кезеңді
жақындата түскен саяси күрес жылдары болатын. Осы саяси қозғалыстың
басында Ахмет, Әлихан, Міржақыптар тұрса, олардың шығармашылығынан
күрес идеясының, азаттық сарынның кӛрініс таппауы мүмкін бе?!
Ұлт-азаттық бағыттағы ақын-жазушылардың алға қойған басты
мақсаттары – ӛз шығармаларында бостандық үшін күресу, еркін ел болып,
тәуелсіз мемлекет құру идеясын кӛтеру. Осы бір азатшыл санамен ұштасқан
ойды қалың қазаққа жеткізу. Ӛйткені оқу-білім дамып, әлеуметтік теңсіздік
жойылып, дін еркіндігі етек жайғанымен әрбір ұлт ӛзін-ӛзі билеуге қол
жеткізбей, ӛркениет жолына түсу мүмкін емес (Кеңес тұсында мұның дәмін
таттық та...). Олар бүкіл мұсылмандық бірлікке де, түркілік бірлікке де
қарсылық білдірді. Себебі бұлардың қай-қайсысы да қазақ деген ұлттың
337
жойылуына алып келеді деп түсінді. Басты мәселе ӛз ұлтының бірлігінде деп
білді. Бұған мысал Ахметтің “Бол десең де, болмаймын маған татар,
Қасыңдамын жүр десең бірге қатар“, – деген жолдары куә.
Осы бағыттың кӛш басында тұрған Ахмет Байтұрсынов биік пафостағы
азатшылдық рухты қазақ әдебиетіне алғаш болып алып келді. Ол салған
азаматтық сарынды ізінен ерген, ұстазына сенген, азаттықты кӛксеген жалын
жүрек інілері ту кӛтеріп алып кетті. Арман болған азаттық кӛркемдік
шындыққа айналды. Азатшыл бағыт ӛкілдерінің қай шығармасында
болмасын осы бір асқақ рухтан қуат алған ӛзекті ой алға шықты.
Поэзияда Ахаң айтқан “Аш кӛзіңді оянып“, Міржақып қоштаған “Оян,
қазақ!“ осының жемісі. Мағжанның сезімнің қылын шерткен сыршыл
ӛлеңдерінен де ұлы күреске деген ынтықтық сезіліп тұрады. Ол сомдаған
Батыр Баян бейнесі – ел қорғаны ердің, ұлт азаттығы жолындағы күрескердің
кӛркем сӛзден соғылған құрыш тұлғасы. Прозадағы Міржақыптың Жамалы –
ӛз еркіндігі үшін күресе білген, сол жолда мерт болған, теңдікке ұмтылған
қазақ қыздарының типтік бейнесі іспетті, үлкен жанрда тұңғыш сомдалған
тұғырлы тұлға.
Ұлт-азатшыл бағыттағы ақын-жазушылар дәуір шындығынан тудырған
бір ақиқат жеке бас бостандығын жырлаудан жалпы ұлттық бостандыққа
үндеуге жол ашты. Соған негіз қалады. Азаматтық биік рухты арқау еткен
бұл әдебиет – халқым, елім, жерім деген ұлы ұғымдардан жалын жыр
жаратқан нағыз ұлтжанды әдебиет болды. Ӛмірдегі күйкі тірліктен
“Алашым” деген жалпы ұлттық сана басым келді.
Қорыта айтқанда ХХ ғасырдың бас кезі – қазақ ұлты үшін ой-сана
оянуының дәуірі, әдебиет үшін рухани жаңару мен түлеудің кезеңі болды.
Қазақ қоғамының жаңа тарихи кезеңге қадам басқан сәтіндегі ӛмір
шындығын кемел кӛркемдікпен суреттеп, шынайы шындықпен бейнелей
білген әдебиет күрделі де қызықты болғаны даусыз. Ол жаңа асқарға
кӛтерілудің алтын кӛпіріне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |