4. МАҒЖАН ЖҦМАБАЕВ
(1893-1938)
Шығармашылық ғҧмырнамасы
Қазақ поэзиясында лирикасының сыршылдығы мен сыры мол,
поэмаларында суреткерлігі мен ойшылдығы қат-қабат келіп жататын ӛлең
ӛлкесінде ӛшпес мұра қалдырған ұлы ақын – Мағжан Жұмабаев. Ақын 1893
жылы Қызылжар уезінің Сарайғыр болысында дүниеге келген. Үлкен атасы
Қажы атанған Жұмабай болса, ӛз әкесі Бекен де елге беделді, ауқатты, болыс
болып ел сӛзін ұстаған жан. Бекен жас шағында ақындыққа әуестеніп, серілік
құрған, айтыстарға түскен ӛжет те пысық, ӛнерпаз болған деседі. Ақынның
анасы Гүлсім – жаны таза, адамға мейірімді, қарапайым қазақ әйелі болса
керек.
Мағжан алғаш сауатын Кәрім деген молдадан ашып, ӛзінің білімге, оқуға
деген құштарлығымен, атасы мен әкесінің үміт еткен құптауымен білім
бастауынан нәр алуға талпынған. Оның алғашқы нағыз ұстазы ретінде әкесі
Бекен салдырған мектепке мұғалім болып келіп, Мағжанды тӛрт жылдай
оқытқан Ахиетдин Аханов деген азаматты айтамыз. Ол жаңаша оқытудың
үлгісіндегі ұстаз, шығыс тілдеріне жүйрік, ӛзі ісіне шын берілген жан болса
керек. Осылайша мұсылманша сауатын ашып, білімнің дәмін татқан Мағжан
Қызылжардағы медресеге түсіп, онда Қасен, Мұхаметжан секілді жадидше
оқытудың жолын ұстанған мұғалімдерден дәріс алып, оқуға біржола ден
қояды. Сӛйтіп 1911-12 жылдары Уфадағы атақты “Ғалия” медресесіне барып
оқып, енді тек оқуға деген ынтасына ғана емес, әдебиетке деген
құштарлығына жол табады. Ақындық ӛнерге кӛзқарасы қалыптаса бастайды.
Медресе “Ғалияда” ол татар жазушысы Ғалимжан Ибрагимовпен танысып,
кӛкейіндегі кӛп сұраққа жол тауып, біржола ақындық ӛнер жолына бет
бұрады. Мағжан шынайы ақынға алған білімінің аздық етерін сезіп, орысша
үйренуге талаптанады, ӛз бетінше орысшаға даярлық жасап, Омбыдағы
Семинарияға түседі.
Оның ӛміріне үлкен ӛзгеріс әкелген оқиғаның бірі – қазақтың ардақты
азаматы, бұл тұста саяси күрескер ретінде де, ақын ретінде де танылып
қалған Міржақып Дулатовпен кездесуі (1910). Міржақып – Мағжанның
орысша сауатын ашып ғана қоймай, Мағжан ақынның кейінгі саналы
ғұмырындағы алаш азаматы болып қалыптасуына, ұлты үшін жан пида
қылып, азаттық жолындағы күреске шығуына жол сілтеп, негіз салған
бірден-бір тұлға.
Мағжан Омбыдағы оқытушылар семинариясын 1917 жылы алтын
медальға бітіреді. Мұнда қазақтың тағы бір ақиық ақыны Сәкен
Сейфуллинмен бірге оқиды. Семинарияда екі ақын біріге жүріп “Бірлік” атты
ұйым құрып, “Балапан” атты қолжазба журнал да шығарады. Кейінгі
аласапыран заманда екі айрық жолға түскенмен, ол кезде осы бір екі жас
ақынның тілегі бір, халқының азаттығын аңсаған арманы бір еді.
Мағжан алғашқы ӛлеңін 12 жасында жазды деген дерек бар, бұл 1905 жыл.
Яғни, болашақ тасқынды ӛзгерістерге әкелер ғаламат жарылыстардың,
277
алғашқы дүмпу тұсы. Осының ӛзі Мағжан ақынның дәуірмен тұтаса туған
ғажайып тұлға екендігінің бір нышанын танытса керек. Жеті жылдан кейін
ақынның “Қазақтың кешегі күні” ӛлеңі тұңғыш баспа жүзін кӛрсе, кӛп
ұзамай “Шолпан” атты ӛлеңдер жинағы ӛлеңге сусап жүрген қазақ
оқырманының кӛңілін ӛзгеше толқытты. Содан бастап Мағжан Жұмабаев
қазақ әдебиетінің поэзия кӛгінде мәңгілікке жарқыраған жарық жұлдызы
болып қала берді. Әттең, тек ӛкініштісі – ұлтының озып туған ұланының
ақындық ғұмыры 45 жылмен шектеліп, тым қысқа болуы. Аз ғұмырдың біраз
уақытын, тіпті жылдарын аумалы-тӛкпелі заманның арпалысты кезеңдері
алып кетті.
1917 жылдан бастап “Алаш” қозғалысына белсене араласқан ақын, 1918
жылдың қаңтар-мамыр айларының аралығында Кӛлбай Тоғысовтың “Үш
жүз” партиясының түрмесіне де жатып шығады. Ақ пен қызыл арпалысы
саябырлаған тұста, 1921 жылы Қызылжарда “Бостандық туы” газетінде
редактор да болады. 1922 жылы Ташкент қаласына барып, “Ақ-жол”
газетінде, “Шолпан” журналында қызметтер атқарады. 1923-26 жылдары
Москвада болып, күншығыс баспасында қызмет істеп, әдебиет институтында
оқиды. 1927 жылы елге оралып, Қызылжарда педагогикалық педтехникумда,
кеңес-партия мектебінде әдебиет пәнінен сабақ береді. Сол жылдары әйгілі
“Тоқсанның тобы” толғауы жазылады. Сапырылысып жатқан саяси
науқаннан шаршаған ақынның ӛзінің шығармашылық еркіндігіне жол таппақ
боп, таза ақындықпен айналысуына тірек іздеген бір тұс еді бұл.
1928 жылдың желтоқсанында Қызылорда қаласында Міржақып Дулатов
ұсталып, содан бастап қазақтың зиялы қауымының басына шағырмақ бұлт
үйірілді. Келесі жылы, Жүсіпбек, Ахмет, Мағжандар ұсталады. 1929 жылы
ұсталған Мағжан Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жылға сотталып, Карелияда
айдауда болады. Горькийдің және оның қызыл кресте істейтін әйелі
Екатерина Пашкованың ӛтініш хатымен 1936 жылы босанып шығады.
Мағжанның ұсталуына себеп болған нәрсе оның 1925 жылдан бастап “Алқа”
атты әдеби үйірме құрмақ болып, оның бағдарламасын жасап, ӛзімен пікірлес
ақын-жазушылармен ақылдасуы болса керек. Әдеби үйірме жарғысы мен
бағдарламасы сол кездегі НКВД қызметкерлері үшін саяси күрестің
бұлтартпас дәлелі ретінде бағалы еді.
1936 жылы ол еліне келіп, Қызылжар қаласындағы мектепте орыс тілі мен
әдебиетінен
сабақ
береді.
1937
жылдың
18 мартында Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқановтардың шақыруымен
Алматыға оралады. Бірақ Мағжанның әдеби ӛмірге араласуының мүмкіндігі
де, уақыты да тым қысқа болады, ӛйткені 1937 жылдың 30 декабрь күні
қайтадан тұтқынға алынады. Осы тұтылғаннан қайтып құтылмай, Сталиндік
қатыгездіктің тырнағына ілінген арда ақын жазықсыздан жазықсыз 1938
жылы 19 наурызда құрбан болады.
278
Мағжан лирикасының сыршылдығы
Мағжан поэзиясының кӛркі, Мағжан лирикасының сезімшілдігі мен
сыршылдығы, суреткерлігі мен ойшылдығы оқырманын талай рет
тамсандырып, небір дуалы ауыздардың ілтипатына ие болып, ӛзіне тәнті
еткен. Атын атауға жасқанып, бұқпаңтайлаған заманда да тасты жарған тас
бұлақтың суындай нәрлі поэзия жасырып оқыған талай жүректі ӛзіне баурап,
ӛзгеше күйге бӛлегені шындық. Мағжан поэзиясының осынау құдірет күшін
ӛз замандастары толық мойындап, кейі ашық, кейі жұмбақтап болса да жазып
та, айтып та кеткен. Мұндайда ауызымызға алғаш ілінері – Мағжанды
ӛнерпаздықпен түйсініп, жанымен түсінген Жүсіпбек Аймауытов пікірлері.
Ғаббас Тоғжановтың сыни оймен айтқан “Мағжанның ақындығы,
Жүсіпбектің сыны” деген (кітабының аты Ӛ.Ә.) сӛзімен бұл күнде ақындық
пен сыншылдықтың үлгісіндей қалыптасып кеткен, қанатты сӛзге айналған
Жүсіпбектің Мағжан туралы орнықты ойлары сонау 1925 жылы айтылған
еді. Ташкент студенттерімен болған мәжілісте жасаған баяндамасында
Жүсіпбек, Мағжан шығармашылығын кең кӛлемде талдап, Мағжанды
солақай сыншылардың зорлығынан арашалауға бар күшін салып, оның
ақындық құпиясын ашып берді. Ол Мағжанның ақындық ӛнері туралы:
“Суретті, кестелі, кӛркем сӛз Мағжаннан табылады, Мағжанды ақындық
жағынан сӛзсіз суретші деп айтуға болады. Суретшілік жағынан Мағжанды
сӛзсіз Пушкинге теңеуге ауыз барады”
82
, – деп анық та ашық жар салды.
Мағжанның ақындық табиғатын тап басып таныған ол Мағжанды “ұлт
ақыны”, яғни ұлтын сүйген ақын деп біледі. Оны Пушкинге теңеуінде де осы
негіз жатса керек. Мұның ӛзі ұлылардың ең алдыменен ұлтына қызмет
етерінің, ұлтына еткен еңбегі арқылы ӛзгелердің де жүрегіне жол табарын
танытса керек. Ал Мағжанды ақындық шеберлігі мен суреткерлік шеберлігі
жағынан Пушкинге теңеген тек Жүсіпбек Аймауытов қана емес, Валерий
Брюсов те оны “қазақтың Пушкині” деп атаған.
Мағжанның ӛнеріне бас иіп ӛткен, дүрбелең жылдарда да Мағжанға деген
бір жақты пікірінен айнымағандардың бірі - М.Әуезов. Дарынды бағалай
білетін ұлы жазушы Мағжан туралы: “Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды
сүйемін. Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған әшекейін
сүйемін. Қазақ ақындарының қордалы ауылында туып, Европадағы мәдениет
пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын кӛріп сезінген
боламын. Мағжан культурасы зор ақын. Сыртқы кестесінен келісімі мен
күйшілдігіне қарағанда бұл бір заманның шегінен асқандай. Сезімі
жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай, бірақ, түбінде әдебиет
таратушылар газетпен қосақталып, күндегі ӛмірінің тереңін терген ақын
болмайды, заманнан басып озып, ілгерлеп кеткен ақын болады. Әдебиет үшін
деген таңба айқын болмай нәрлі әдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан бүгінгі
күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық
82
Бес арыс (жинақ). – Алматы, 1992, 291 - бет
279
қалуға жарайтын сӛз – Мағжанның сӛзі. Одан басқамыздың бәрімізді
күмәнді, ӛте сенімсіз деп білемін”, – деген кӛрегенді ой айтады.
М.Әуезовтің 1929 жылы топшылаған бұл пікірі күні бүгін тура келіп
отырған жоқ па?! Ұлылардың ұлылығын айтқан сӛздерінен, ӛнегелі істерінен
танитын болсақ керек. Кезінде “социалистік реализм” сынының отына
қақталған Мағжан ақынның бүгінгі күні халқының жүрегіне сара жол табуы
данышпан Әуезов таныған ақындық құдірет күшінің әсері болса керек.
Әдетте, кӛркем сӛздің кереметі одан рухани азық алып, жандүниеңді
байытып, ӛмір құбылыстарына деген кӛзқарасыңды кеңейтіп, қоршаған
ортаның қыр-сырын түсінуге кӛмектесетіндігінде болса керек. Мағжан
поэзиясы – міне осы айтылған жағдайларды терең сезінуге негіз боларлық
кӛркем дүние. Оның ақындық шабытынан туындаған кестелі ӛлең жолдарын
құныға оқи отырып ӛмір болмысына, адами қасиеттерге, сезім құпиясына,
айналаға, табиғатқа ақынша қарап, ақын жүрегімен ұғынуға ұмтыласың.
Ӛйткені оқырманның жан-дүниесі ақын түсінігімен ұштасып, жалғасын
таппаса, оның жыр әлеміндегі әуезді ұйқастармен ұштасқан тұнба тұнық
сырға, мұңлы күйге толы поэзиясын түсіну де, түйсіну де қиын-ақ. Мағжан –
сыршыл да ӛршіл маржан жырларының құдіреті арқылы ӛзінің бүкіл
болмысы мен поэзиясының ерекшелігін танытып кеткен ұлы ақын. Мұның
бір дәлелі “елу жылда ел жаңа” деген түсінік тұрғысынан алғанда, жарты
ғасырдан кейін ұлтымен қайта қауышқан ақын жырларының кӛз кӛргендер
мен атын естігендер ғана емес, жас буынның да жүрегіне жол табуында деп
білеміз.
Ақын жырларының бұлай бірегей қабылдануының себебі ту баста
Мағжанның ақындық ӛнердің тура жолын тап басып, таңдап алуында жатса
керекті. Ақындық міндетті арына жүктеп, халыққа жеткізер ойдың ұшығын
анық та айқын кӛре білген Мағжан ӛз бағытынан еш айныған емес.
Құбылмалы ӛмір күйінен ӛз әуезін таба білген ақын қашанда тек ұлтының
керегін іздеп қайғысын жеңілдетуге, мұңы мен зарын жоқтауға, қуанышын
кӛркейтуге, жеңісін тойлауға, жаманын жасырмай, жақсысын асырмай
жырлауға берік бекінген. “Мақсаты тіл ұзартып, ӛнер шашпақ” болған ұлы
ұстазы Абайша бар мақсаты ұлтының азаттық пен бостандыққа қол жеткізуі
болған.
Мағжанның алғаш жарық кӛрген ӛлеңінің ӛзінен-ақ ақынның кейінгі ұлы
мақсаттары кӛзге шалынды. Мәселен “Айқап” журналының 1911 жылғы 2-
санында жарияланған “Жатыр” атты ӛлеңінің соңғы шумағында ақын былай
дейді:
Кешегі шешек жарған қазақ гүлі
Сарғайып, бір су тимей солып жатыр.
Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр,
Күн сайын артқа қарай кетіп жатыр.
Сезінбей ӛзгенікін, ӛзінікін
Аты ӛшкір оқығандар нетіп жатыр?
83
83
Жұмабаев М. Шығармалары ( ӛлеңдер, поэмалар, қарасӛздер ). –Алматы, 1989, 15 – бет.
280
Бұл ӛлең Мағжанның 17-18 жасында жазылған. Балаң ақынның осы
алғашқы ӛлеңдерінің бірінен-ақ оның ақындық сенім-тұғырын айқын
танимыз. Сонау бір сардаланы дүбірлеткен еркіндік кезі артта қалып,
отаршылдықтың озбырлығында тұншығып, еріксіз надандықтың қамытын
мойнына киген туған халқының қасіретті тағдыры Мағжанның ақындық
жүрегін ғана емес, азаматтық ар-ұжданында қозғайды. Сондықтан да
халқының қамын ойлап, жас жүрегі қарс айырылған ақын қара түннің
түндігін түрер күшті қазақ зиялыларынан кӛреді. Олардың азаматтық
намысына қамшы салып, “Аты ӛшкір оқығандар нетіп жатыр?” деп, жан
ақаймен ұран тастайды. Ел мүддесін қорғаудың даңғыл жолын әлі де болса
айқын аңғарып кӛре алмай тұрған ақын алдыңғы толқын қазақ зиялыларын
тұйықтан шығар жолды іздеуге шақырады. Осы оқығандар санатына жататын
ӛзіне де ақын үлкен міндет артып отыр. Осы міндеттен ол ешқашан шетін
қалған емес. Және бүкіл поэзиясының темірқазығы да осы бір міндет
аясынан орын тапқан. Ақын “алдыңғы толқынның” ізін басқан жастардың
болашағына үмітпен қарайды. Ел тілегі, ел міндеті енді соларда.
Сондықтанда Мағжанның сүйенері – Ахаң, Жақаң сынды қазақ
бостандығының айнымас “ақ жолын” тапқан қазақ зиялылары, сенері ағалар
арманын алға жетелеген, ағалар үмітін ақтауға серттескен жастар.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!
Кӛздерінде от ойнар,
Сӛздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Кӛздегені кӛк аспан.
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер.
Сүттей таза жүректер
Қасиетті тілектер –
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күшті олар да,
Мен жастарға сенемін!
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті құраны,
281
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Мағжанның “Мен жастарға сенемін” атты ӛлеңін түгелдей келтіруіміздің
себебі, ақынның ұлт болашағына деген үміті, тәуелсіздікке ұмтылған
күресшіл рухы, ұлы тілекті жүзеге асырар кӛкӛрім жастарға деген сенімі
тұтаса келіп оның поэзиясына тән азатшыл идеяны осы ӛлең айқындайды.
Ақын қазақ болашағына бұлдыраған сағым елес, орындалмас қияли арман
ретінде қарамай, ұлтының ояна бастаған сана болмысынан қарап, ӛзінің де,
ӛзгенің де сенімін күшейте түседі. Біздің ұғуымызша жастар – ояна бастаған
ұлт санасының символы.
Біз Мағжанды сыршыл ақын дегенімізде, кӛбіне оның махаббат,
сүйіспеншілік тақырыбына жазылған ӛлеңдері тӛңірегінде ой қозғап келеміз.
Мағжан ӛлеңдері кӛптеген тақырыптарды қамтығаны да, сыршылдық оның
махаббат тақырыптарына жазған ӛлеңдерінде ӛзгеше кӛрінетіні де рас. Бұған
еш талас жоқ. Бірақ ақын махаббаттың құлы емес. Жаны нәзік ақынның
сезімі де нәзік. Адамзат баласының сезім жүйелері арқылы түйсікпен
бірлесетін бұл сезім ақын жанын, әрине, тербеді. Бірақ азамат ақын бұл
тақырыптағы ӛлеңдерінде де азаматтық жүкті алға қояды. Біршама осы
жүйедегі ӛлеңдерінде ол махаббат, сезіміне тән азығы емес, жан азығы
ретінде қарайды. Ұлы күрестер жолында бойға бұла күш құяр қуат кӛзі деп
біледі. Ұлы сезімнен жаны гүлденген ақын ұлты үшін күреске нық сеніммен
қадам жасайды. “Жарыма” атты ӛлең, міне, осы тақілеттес сезімнен туған.
Жол алыс, жақын үшін жаннан кештім,
Бауырдың халін кӛріп бейнет құштым.
Құшақта, сүй, күл, жыла қайраттандыр,
Жан жарым, ұзақ, ауыр жолға түстім.
Кӛріп отырғанымыздай, ақынның қандай бір ӛлеңі болмасын, ол қай
тақырыпқа арналмасын ӛлең ӛрнегінен күрескерлік рух, ұлтжандылықық
сарын есіп тұрады.
Қазақтың дәстүрлі поэзиясынан қанып ішіп, Абайдай ұлы рухани ұстаз
тапқан Мағжан ӛз шығармашылығының алғашқы кезеңінде еліктеуімен бірге,
ӛз үрдісін табуға тырысты. Үйрену мен ізденуді ұштастырған дарынды ақын
ӛзіне деген сенімді шегелей түседі. Қазақ ӛлең ӛнерінің жарық жұлдызы
“Алтын хакім Абайға” арнаған ӛлеңінде жасырын тұрған лирикалық
қаһарманнан біз осындай сенімді байқаймыз.
Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме!
“Қор болды қайран сезім босқа” деме,
Артында қазақтың жас балалары мен
282
Сӛзіңді кӛсем қылып жүрер жеңге!
Мағжанның “Артыңда қазақтың жас балалары” сӛздерінен Абай ізін
басқан ұрпақтың атынан сӛйлеген ақынның сертті үнін аңғарамыз.
Ақындықты пайғамбарлық, хакімділік деп түсінген ақынның олар тудырған
туындыларды “қасиетті сӛз” деп білгенін, оның ермек үшін жазылмайтынын,
жан мен ар тазалығынан жаралатынын, сондықтан да теңдессіз биік ӛнер
екендігін әу бастан танығанын тӛменгі ӛлең жолдарынан байқаймыз.
Жанымның жаны,
Тәнімнің қаны,
Тіршілігім сенімен,
Ойландым – тоймадым,
Іздедім – қоймадым,
Кеңес біраз менімен,
Естісе сені – жан ұйыр,
Бағаңды білмес кӛп сиыр!
Ақынның “Ӛлең” атты шағын ӛлеңінен алынған бұл үзіндіден ӛлең
ӛнеріне деген құштарлық пен оның құдіретіне деген шексіз сүйіспеншілік
сезіліп тұрған жоқ па?!
Қашанда ұлы ақындардың ӛзгелерден оқ бойы озық тұруының себебі
қоршаған ортаны кӛруінің айшықты, туған табиғатпен тілдесуінің тылсымды,
дүниені тануының терең, сезім түйсігінің кемел болып келуінде. Осы
тұрғыдан алғанда, Мағжанның ӛмір атты тұңғиық дүниенің сырына ақынға
берілген ерекше сезіммен қанықтығына, адами болмыстың қилы
психологиялық құбылысы мен мінез-құлықтың құбыл-малығына сұңғыла
сыншылығына, жан күйзелісін жарып шыққан сезімшілдігіне таң қалмасқа
шараң жоқ. Ақынның ӛзі топырағынан жаратылып, күнінен нәр алған,
суынан бал емген туған табиғатты кӛзімен емес кӛңілімен кӛре білуінде,
тәнімен емес жанымен сезіне білуінде қаншама мың иірімді нәзіктік жатыр
десеңші. Бір қарағанда жеңіл ойнақылыққа құрылғандай, сӛзді сан
құбылтудан туа салғандай болып кӛрінетін “Жұмбақ” атты ӛлеңінде ой мен
сана адам мен табиғаттың бірлігін танытатын астарлы ой, шешусіз жұмбақ
жатыр.
Сап-сары бел,
Еседі жел,
еседі,
Еседі жел,
Кӛшеді ел,
кӛшеді
Дала бұйық,
Бала тұйық,
екі үнсіз.
Дала – жұмбақ,
283
Бала – жұмбақ
шешусіз.
Сан тарихқа куә болған сар дала үнсіз, бұйық. Сар даланың тылсым сырын
ұқпақ болған бала да тұйық. Ол сар даланың сырын сыбырлай жеткізген еспе
желге құлақ түріп, жүрегінде түйін болған жұмбақтың шешімін табу үшін
“Мың жылғы ӛткен ойға” беріледі. Ӛлең неге "Жұмбақ" аталған, шешуі не?…
Мағжан мұңды дала табиғатын бейнелеп, үнсіз даланы – бұйық халықтың
кӛңіл-күйімен астастырады. Осынау сар даланың сан ғасырлық тарихының
тереңіне сүңгіген ойлы бала үнсіз, үнсіз бала әлі оянбаған тұйық сана, осыны
сезінген ақын жүрегі туған табиғатымен тылсым сезім арқылы байланысып
мұңаяды, ескен желдей сыр шашқысы келеді. Ақын ой мен сезімді бӛліп
алып жырламай, туған даласының сиқырлы суретімен әрлейді. Шымырлаған
бұла сезім табиғат, таным, адам боп біте қайнасып, бірігіп кетеді. Бірсәт үнсіз
тұйық бала болашақ қазақ поэзиясының биік аспанында жарқырар “Шолпан”
жұлдыз ба деп те қаласың. Сан құбылысты, алуан әсерді астастырып жіберер
Мағжанның суреткерлік шеберлігінің бар сыры осында. Ол сыртқы
құбылыстардан, құрғақ суреттен гӛрі ішкі сезімге кӛбірек үңіледі, оны тап
басып танытар әдемі айшықтармен бере біледі.
Мағжан поэзиясының тақырыбы әр алуан. Ӛзі ӛмір сүрген жаңа ғасыр
басында Мағжан бармаған, ол жырламаған тақырып жоқ деуге болады. Оның
сан түріне мысал келтіріп, түгелдей талдап беру мүмкін емес. Бірақ кейбірін
атай кеткен орынды. Ол тақырыптарды ең алдымен, Мағжанның ақындық
қанаты қатайған және қатайтқан кезеңнен іздестіру керек. Ақындық ӛнерге
енді ғана мойын бұра бастаған тұста, Мағжанның жан-дүниесін кеңейтіп,
іздегені алдынан шамшырақ боп жанған бір құбылысты айтпай кету мүмкін
емес. 1909 жылы қазақ оқырмандарының қолына біріндегі ойды екіншісі
жалғастырған, бірін екіншісі толықтырған, қазақ поэзиясының бүкіл болмыс-
бітімінің бүтіндігін танытқан үш кітап тиді. Олар Абайдың "Ӛлеңдер
жинағы", Ахметтің “Қырық мысалы”, Міржақыптың “Оян, қазағы” еді. Бұл
жинақтарда сол кездегі қазақ ұлтының әлеуметтік ӛміріне, тағдыр-талайына,
күйінші мен сүйінішіне тән бар мәселе қамтылды десек, артық айтқандық
емес.
Міне, осынау кітаптар ұлтын сүйген ұланның, ӛнерді құдірет түсінген
ақынның айтар ойын, барар бағытын айқындап берді. Алдындағы толқынның
асыл ойдан ӛрілген жыр шумақтарына еліктей отыра, жас ақын ӛзіндік
жолын іздестіруге ұмтылды. Оның тұңғыш жинағы “Шолпанға” (1912) енген
ӛлеңдері, міне, осындай ізденістер нәтижесі еді.
Сондықтан да түгелдей ұлттың қамын ойлаған ӛлең ӛрімдері жастықтың
уыз сезімдерін жырласын, табиғатты тылсым сырларын жырласын, ағартуды
ӛзек етсін, қазақ әйелінің қиын тағдырын сӛз етсін, отаршылдық озбырлығын
әшкерелесін тақырыптың сан-алуандығына қарамай, ортақ желі біреу ғана
болды, ол – елінің тағдырына ортақтастықты білдіру. “Ләззат қайда”, “Жазғы
таң”, “Зарлы сұлу”, “Туған жерім сасық кӛл”, “Балалық шақ”, “Қазағым" т.б.
жас ақынның балғын жырларынан тұнба тұнық ойларды ұғып, бір сәтке де
284
елін ұмытпайтын ақын жүрегінің тебіренісін сезінеміз. “Ләззат қайда”
ӛлеңінің соңғы түйініне назар салайық:
Жұрттың қамын кӛп ойла,
Уайым қайғы жеп ойла!
Артта қалған сорлы жұрт
Алға бассын деп ойла.
Аты еліткіш болса да, заты терең ӛлеңнен биік ӛреге қанат қаққан бала
қыранның шаңқылы естіліп тұрған жоқ па?! Бірте-бірте ақын үні ширыға
түсіп, дауылпаз дабылына ұласты.
1922 жылы Бернияз Күлеев Қазан баспасынан шығарған “Мағжан
Жұмабаев ӛлеңдері” атты кітабы мен 1923 жылы Сұлтанбек Қожанов
басшылығымен Ташкент баспасын шыққан ӛлеңдер жинағына енген ӛлеңдері
қазақ поэзиясына “ешкімге ұқсамайтын біртума… ӛзіне ғана тән үні,
таңғажайып әуенді жыры бар…” (С.Құдаш) ақын келгенін паш етті. Ӛйткені
ондағы ӛлеңдер ғасырлар тоғысында орын алған тарихи оқиғалардың,
аласапыран күрделі кезеңдердің шындығы мен дауылды жылдардың тулаған
толқынында арпалысқан ақынның жан жүрегін жарып шыққан жырлар еді.
Бұл кездегі ақын шығармашылығынан жан-жақты ізденіс кӛзге шалынады.
Ол тек алдыңғы аталған ұстаздар шығармашылығынан үйреніп ғана қоймай,
орыс, европа ақындық мектептерінен ӛзіне қажетті ӛлең жасам тәсілдерін
бойына жұқтырып, қазақ поэзиясына жаңаша бір леп әкелуге ұмтылады.
Және де кӛп ұзамай бұл ізденіс ӛз жемісін берді де. Яғни әлемдік ақындық
тәжірибеден берік орын тепкен бейнешілдік (символистік) әдістің әуезді үні
Мағжан ақындығымен біте қайнасып, қазақ поэзиясындағы сырлы дүние
ретінде Мағжанның ӛзіне ғана тән ӛлең ӛрнегін қалыптастырды. “Ӛзінің
қайталанбайтын
ерекшелігімен
М.Жұмабаев
поэзиясы
А.Ахматова,
Б.Пастернок, А.Блок творчествосын еске салады” депті, башқұрттың халық
ақыны Сәйфи Құдаш. Мағжан замандасының, оның шығармашылығымен
жақсы таныс жанның бұл пікірінде түйінді шындық бар. Ӛйткені Мағжанның
ӛмірі мен шығармашылығын ерекше құлшыныспен зерттеп жүрген ғалым
Шерияздан Елеукеновтың тӛмендегі ойларынан Сәйфи Құдаш пікірінің бар
сыры ашыла түскендей: “Ӛткен ғасырдың аяқ шенінде орыс әдебиетінде
декаденттік ағым күшейді. Оның кӛрнекті ӛкілдері К.Бальмонт, В.Брюсов,
Д.Мережковский, Ф.Сологуб, жас А.Блок ӛз туындыларына символизм
айдарын тақты. Символистер ақиқат ауылын реальды дүниеде іздеу
адасқандық деп жар салды. Олардың пікірінше, кӛркем шығарма шындықтың
құпия сырын ашуға тиісті. Ол үшін мистикалық о дүниені ой кӛзімен
елестету керек. Жалт берген тылсым түйсіктерді ұстап, тілін тауып сӛз
кестесіне түсіре алсаң, міне, нағыз поэзия сол. Шындықты интуциямен,
емеурінмен сезіп, белгілі символмен жеткізе алатын суреткер ғана нағыз
ақын болмақ”. Міне, Мағжан осы ақындарға еліктеді. Бірақ оның еліктеуі
жалаң емес, жалпы символдық поэзия ӛнері атаулыға тән қасиеттерді ала
отыра, оны ұлттық эстетикалық бейнелеу жүйесіндегі таза сипаттармен
тығыз байланыста ұстайды. Сӛйтіп екі арнаның асыл қасиеттерін ӛз
285
ӛлеңдерінің табиғатына терең үйлестіріп, ӛзіндік үнін таныта білді. Мағжан
поэзиясының сыршылдығы мен сырлы әуезінің бар құпиясы осында жатыр.
Европа ақындарының бейнешілдік ағым-әдісінің ішкі әлемін, сыртқы
түрін тез қабылдап, ӛзінің бағытын айқындайтын мектеп ретінде таныған
ақын туған халқының тағдырымен ұштасып жатқан терең толғанысты, мұңлы
сарындағы ӛлеңдерді кӛптеп жазды. Кӛп ретте ақынның ӛмірден түңілуі
ретінде қабылданған бұл ӛлеңдер шындығында ұлтының басына түскен
сергелдең кезеңдердің ақын жүрегінде шемен болып қатып, поэзия арқылы
зарлы саз болып тӛгілуі еді.
Мағжанның терең толғаныс, ішкі қайшылықтың толқынысынан туған
торығу сипаты мұңлы сарындағы ӛлеңдеріне: “Мен сорлы”, “Жар”, “Жаралы
жан”, “Алыстағы бауырыма”; “Батқан күн”, “Атқан таңның жыры”, “Бүгінгі
күн ӛмір, ӛлім менікі”, “Сарғайдым”, “Ӛмір”, “Қысқы жолда”, “Жазғы
жолда”, “Жиегіңде қара орман”, “Алдамшы ӛмір”, “Күзгі күні”, “Мені де,
ӛлім, әлдиле”, және т.б. жатады. Осы ӛлеңдердің жазылу себептерін, ел
басына замана әкелген ауыртпалықтарға тоқтала келіп, Ж.Аймауытов
Мағжанның түңілу сарынындағы ӛлеңдерінің мәнісін: “Бейнеттен қашсаң
дӛң-бекке” дегендей қайда барсақ та, кімді паналасақ та “Қорқыттың кӛрі
дегендей” қалың бұқара әркім-ақ "кӛй-кӛйді тартты. Қорқыттың қобызын
қолына алып, “кӛй-кӛйді” Мағжанда тартты. Қазақ ашаршылық
ауыртпалықты кӛтере алмай жоғалып, құрып кете ме деген қауіп туды. Табан
тірейтін нәрсе қалмады. Жалғыз сенетіні – қызмет басындағы қазақ
азаматтары болса, ақын олардың қызметтеріне де қанағаттана алмады” – деп,
түсіндіреді. Шындық осы емес пе?! Ұлтым деп жаралы жүрегі зар жылаған
ақынның басқа жолы қалды ма?…
Елінің мұң мен зары кенеуінен асып тұрған кезеңдерде жазылған “Қысқы
жолда” деген ӛлеңінде жасырын тұрған символикалық меңзеу бар.
Қараңғы түн, сар дала,
Кӛрінбейді айнала.
Боран соғып тұр борап,
Жолды басқан құр сорап,
Астымдағы жануар
Құлағын қайшыландырып,
Зорға борт-борт желеді, –
деп, сол кездегі қазақ халқының басына түскен ұлы нәубеттен ұлтының аман
шығарына Мағжан кӛңілі күдікпен қарайды. Лирикалық қаһарман мінген
Қаракӛк “Зорға борт-борт” желеді. Борт-борт желіп келе жатқан ақынның
кӛңіл күйі, ақынның ғана емес, тарихтың айрық жолы тағдырын шешпек
халықтың кӛңіл күйі. "Ашуы ашыған у, ойы кермек" болған ақын бұдан әрі:
Боранын тәңірі ашпады,
Жол білінбей бастады
Кӛрінген бір жарық жоқ,
286
Босаңсиды Қаракӛк…
Сар далада адасып,
Суық кебін жамылып
Қаларын, кім біледі? –
деп, қазақ халқының алған бағыты, бет бұрған күрес жолы дұрыс па, деген
сұрақ қояды. Ақын жаны жауап таба алмайды, күмәні кӛп. “Суық кебін
жамылып, Қаларын кім біледі?” деген күдікті кӛңілде күңіренген күрсініс
бар.
“Мағжанның сарыуайымға салынған, ӛмірден түңілген ӛлеңдері” деп
айдар тағылып, қазіргі кезеңде де біржақты қаралып келген ӛлеңдерінің түпкі
мақсаты мен мән-мағынасы терең. Олай болары қазақ халқы тарих
доңғалағының табанында тапталып, отаршылдық озбырлығының арқасында
санасы сартап болып, қаншама адасып, жарық күнге ұмтылған үміттері
қаншама кесілді. Бірақ Мағжандар жаққан шырақтар сәулесін ешкімде ӛшіре
алмады.
Жүрегі сезімтал, ойы жүйрік ақын қазақ халқының алдында тұрған сан
тарау жолдың қиындығын ерте сезгендей. “Жазғы жолда” деген ӛлеңіндегі:
Айнала – ӛлім, ешбір үн,
Жапан түзде жалғызбын.
Перісі неге келмейді.
Немесе:
Жол жыландай иіріліп,
Шаң ерініп үйірілген,
Ешбір леп жоқ, тып-тынық.
Аңсап есім жия алмай,
Кӛзімнің жасын тыя алмай,
Ӛлсем екен тұншығып, –
деген ӛлең жолдарынан ақынның нәзік жанымен астасып жатқан түйіткіл
мұңды танимыз. Жаздың жадыраңқы суретінен де, қыстың қытмыр түрінен
де ақын жаны тыншу таппайды. Табиғат суреті мен ел тағдырын салыстыра
бейнелі де бедерлі сурет жасайды. “Қараңғылық қоюланып келеді” деген
ӛлеңінде:
Пеш ішінде шоқ ақырын сӛнеді,
Сӛнген шоқты үріп бала күледі.
Ой басты ма? Әлде кӛзім талды ма?
Мӛлт-мӛлт етіп кӛзіме жас келеді, –
деп, қазақ халқы үшін қараңғылықтың бұрынғыдан бетер қоюланып келе
жатқандығына, қазақ елін жарық таңға жеткізер сәулелі үміттің алыстығына
налиды.
287
Осы ӛлеңде Мағжан сан рет айтып келгеніміздей “сары уайымға салынып
зарлап” тұрған жоқ, ақын елінің ертеңіне ой жіберген адал перзент ретінде
шынайы ақындық сезімін жырға қосып отыр. Ол – ӛз ӛмірін халқы үшін
құрбан еткен, барлық саналы ғұмырын елінің келешегін ойлаумен ӛткізген
арлы азамат. Бостандықтың бозала таңын түрмек болып жүргенде
шығармашылығы да ӛзі де қайғылы қасіретке тап болған ақын. Мағжан
поэзиясындағы ӛршілдік пен оттылық оның ақындық жанының нәзіктігімен
тығыз байланысты. Қазақ поэзиясында сыршылдығы жӛнінен Мағжан
ӛлеңдері деңгейіндегі биікке кӛтерілген ақын кемде-кем. Кезінде
С.Мұқановтың Мағжанды "ақынның ақыны” деуінде осындай бір сыр жатса
керек.
Біз Мағжан туралы, оның символистік (бейнешілдік) ағым-әдіс әсерінде
жазған ӛлеңдерін батыс халқының әдебиетіндегі декаденттік ағымның
ықпалы деп айтып та жазып жүрміз. Осы пікірдің негізгі болғанымен, тым
жалпылама, бір жақтылау кӛрінеді. Олай дейтініміз қазақ ауыз әдебиетіндегі,
ежелгі әдебиет үлгілеріндегі “Асан қайғы” немесе “Қорқыт” туралы аңыз-
әңгімелер мен қазақ жырауларының торығу, ӛмірден түңілу сарындағы ӛлең-
жырларын неге естен шығарамыз. Осыған байланысты қазақ әдебиетіндегі
түңілу, торығу сарында жазылған ӛлеңнің бой кӛрсетуі біздің әдебиетіміздегі
тосын жайт емес. Ежелгі әдебиетімізде бар, бірақ белгілі бір кӛркемдік әдіске
айнала қоймаған құбылыс.
Жалпы Ж.Аймауытов айтқандай, “сыртқы түрі бейнешілдік, ішкі түрі
күйректік, жылауықтық, (сентименталдық)" әдісте жазылған Мағжан
ӛлеңдерін шартты түрде солай дегеннің ӛзінде екі топқа бӛліп қарастыру
қажет сияқты. Бірінші топқа Мағжанның жоғарыда талданған “Қысқы дала”,
“Жазғы дала”, “Қараңғылық қоюланып келеді” т.б. ӛлеңдері жатады. Бұған
басты себеп - бұл ӛлеңдердің тақырыптық, сарындық ұқсастығы, халқының
мұңын жоқтау кӛрініс тапқандығы, оны бейнелеп де бедерлеп бергендігі.
Бұларда жинақтық, жалпылық мұң басым. Екінші топқа Мағжанның ӛз
басындағы қайғы қасіретпен ұштасып жатқан ӛлеңдер жатады. Бұлар: “Мені
де, ӛлім әлдиле”, “Ой”, “Күзді күні”, “Алдамшы ӛмір”, “Альбомына”, “Жел”,
“Сағындым”, “Сарғайдым”, “Түс”, “З-ға”, “Бүгінгі күн ӛмір, ӛлім – менікі”
т.б. жатады.
Мағжанның “Пәниден байыз таппай, бақидан бақыт күту" тәрізді күңгірт
ұғымда жазылған ӛлеңдерінің бірі деп жүрген туындысы - “Мені де, ӛлім,
әлдиле”. Мағжан шығармаларын жинап, бастырушылар: “Бұл ӛлең сүйген
жары Зейнеп, онын соң сүйікті ұлы Граждан мезгілсіз қайтыс болғаннан
кейін жазылған болса керек, ӛйткені ӛлеңде періште күйінде о дүниеге
аттанған жас нәресте, жасқа тұншығып ӛлген, “Бетінен алма қан тамған” жас
сұлу образдары бар”, – деп, ӛлеңнің шығу тарихына түсінік береді. Осыған
сүйене отырып ақынның жеке басындағы қайғыдан туған десек те, әйгілі
Бальмонттың “Әлдиле, ӛлім, әлдиле” деген ӛлеңінен бағыт алғандығын
жоққа шығаруға болмайды:
Бетінен алма қан тамған,
288
Тілінен тәтті бал тамған
Бұйра толқын шашы бар,
Күлкісі меруерт шашылған,
Ӛзі – гүл жаңа ашылған,
Дәл 15-те жасы бар.
Сұлу кӛп жас тӛгіпті,
Тұншығып жасқа ӛліпті…
Талпынған жаңа нәресте,
Ақ қанатты періште,
Балдырлаған бұлақтай
Кӛрінген жанды күлдірген,
Жаңа піскен бүлдірген,
Балауса нәзік құрақтай,
Қайтыпты қозы кӛз тиіп,
Бетінен кейде жел сүйіп…
Балқиды жаным бұл күйге
Мені де, ӛлім, әлдиле…
Әлдиле, ӛлім, әлдиле!
Мағжанның бұл ӛлеңі – символизмнің (бейнешілдіктің) ең биік үлгісінде
жазылған ӛлеңдерінің бірі. Ӛлеңде нәзік жанды ақынның жақын адамынан
айырылған, қайғыдан күйзелген сәті бедерлі бейнеленген. Ақын Бальмонт
ӛлеңінің сыртқы құрылысына ғана емес, ішкі мәніне терең бойлаған, сол
арқылы ӛз басының қайғы-қасіретін терең ашып береді.
“Сағындым”, “Сарғайдым”, “Түс”, “Анама”, “З-ға” сияқты ӛлеңдері
Мағжанның түрмеде жазған шығармалары.
“Сарғайдым” деген ӛлеңінде ақын:
Сарғайдым күннен-күнге қуат кеміп,
Қалың ой – қара жылан жүректі еміп.
Ақырын бітіп барам жанған шамдай,
Кӛзіме ыстық жастар мӛлт-мӛлт келіп,
Жасаған! Тез алатын ажал жоқ па?
Қинама, тез ӛлейін, ұшыр оққа! –
деп, түрмеде ауыр хал кешіп, темір торға қамалған ақын жанының
арпалысын танытады. Ақынның тілегені – ӛлім емес, ерлік. Ӛлім түрмеден де
табылады, ақын ондай ӛлімді місе тұтпайды, ерлік ӛлімді қалайды. Ол ӛзінің
“Алдамшы ӛмір” деген ӛлеңінде осы рухтағы ӛршіл ойын нәзік сезімге
кӛмкеріп береді:
Ӛмір, шіркін бықсып ақырын сӛнеді,
Үміт шіркін тотығады ӛледі.
Ӛлді үміт, мен де ұзамай ӛлемін,
Соққы жеген сорлы жүрек біледі.
289
Ӛмір, шіркін, кӛз алдымда сӛнеді,
Қиял – алыс, келемеж ғып күледі.
Ӛмір сӛнсе, үміт сӛнсе, не қалды?
Мӛлт-мӛлт етіп кӛзіме жас келеді.
Ақынмен бірге езілесің, егілесің. Бірақ ақын үмітінің сӛнбейтініне сенесің.
Бостандықтағы ой-армандарының орындалмай қалғандығы ақынды уақытша
налытады. Торыққан кӛңіл жанына саяны ӛлімнен іздейді. Сӛнген үміттен,
ӛлім артық.
Мағжанның түңілу, қайғыру сарынындағы ӛлеңдерін сарыуайымға бой
алдыру деп қараудың жӛні жоқ. Керісінше қазақ әдебиетін әлемдік
әдебиетпен йық теңестіруінің бір мысалы ретінде бағалаған орынды. Бұған
мынадай ӛзіндік дәлелдеріміз бар. Ӛз тұсындағы жазба әдебиеті биік
деңгейдегі Европа әдебиетінен үлгі ӛрнек таба отырып, сол озық үлгіні, биік
парасатты ӛлең ӛрнегін қазақтың қасиетті қара ӛлеңінің бойына жарастыра
білді, бұл – бір, сӛйтіп ӛзін қазақ поэзиясында ӛзге ешкімге ұқсамас ӛзіндік
ақын ретінде қалыптастырды, бұл – екі; Мағжан ӛлеңдерінің ішкі
мазмұнымен сыртқы пішіні “тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс
жұмыр келсін айналасы” деген Абай талабынан табылып, қазақ оқырманына
тез жол тапты, бұл – үш.
Мағжан поэзиясының сыршылдығына мән құбылысты біз оның сүйікті
әйел, ыстық махаббатты, жырлаған отты ӛлеңдерінен нақтырақ табамыз. Бұл
тақырыпқа арналған ӛлеңдерін шартты түрде: Әйел, оған деген адал сезімді
ардақ тұту, ӛз тұсындағы әйел затының тағдырына араша түсіп, зарына үн
қосып, жырымен жұбату деп бӛлуге болады.
Мағжанның қазақ әйелінің теңсіздік тұрмысын кӛрсетіп, қасіретін
жырлаған ӛлеңдері қатарына: “Домбыра, “Зарлы сұлу”, “Жәмила”, “Алданған
сұлу”, “Шын сорлы”, “Тілегім” деген ӛлеңдерін жатқызуға болады.
“Жәмила” деген ӛлеңінде:
Жәмила!
Мұнша неге жүдедің?
Бетіңде тамшы қан жоқ қой,
Жаралы неге жүрегің?
Тегіңде терең зар кӛп қой!
Сарғаймашы, бауырым! –
деп, қаламаған жанға барып қорлық кӛрген қазақ қызының қайғысына
ортақтасып, жан-жүрегі елжірейді. Оған құрғақ қайғырмай, мұңды қыздың
естен кетпес суретін сӛзбен салады. “Жас сұлуға” деген ӛлеңінде:
Жас періштем, сұлу қыз,
Сүймеші, сүйме, сұраймын!
Мен ақынмын тұрлаусыз,
290
Жырлаймын да, жылаймын! –
деп, әйел жанының нәзіктігін, ақын жанымен салыстырып, әйел
махаббатының тұрақтылығы мен беріктігін құрмет тұтады.
Мағжанның “қара сӛзбен жазылған ӛлең” деп айдар таққан “Домбыра”
деген шығармасында нәзік жаны жараланып, тағдырдың тәлкегіне түскен жас
сұлудың қайғылы сәті, қаралы бейнесі суреттеледі. Домбыраның “Адамды
қалың ойға батыратын, белгісіз қорқынышқа түсіретін жат, ауыр бір үніне”
алыстан тағы бір зарлы дауыс қосылады. Бұл әйел даусы. “Мұңды бір дауыс
жақындап келеді. Нәзік зарлы дауыспен біреу ақырын ғана ӛлең айтқандай…
Әйел дауысы… “Бізден сорлы жалғанда жан бар ма екен?! Ӛзің рақым қыла
кӛр бір жасаған”, – дейді әйел… Түнде сар далада зарын айтып күңіренеді
әйел… Ауыр қасірет, қалың қайғыға амалы құрып, жалғыз жасағанға мұң
шығады, жалынады, зарланады әйел”… Қара сӛзді ӛлеңнен, жанды
түршіктірер домбыраның зарлы бебеуімен астасқан әйелдің зарлы үнінен
ӛзгеше әлем ашылғандай, қос мұңлық үніне қосыла жүрегің жылағандай.
Немере қарындасы Шолпанға арналған ақын тебіренісінен, “періштедей пәк
қыздың” бүгінгі мұңлы бейнесін кӛріп, бірге елжірейсің. Бедерлі де бейнелі
сӛз ӛз дегеніне жеткендей. Мұнда ӛзгеше бір ӛрнек бар. Ақын жауаптыны
іздемейді, жаны жаралы жанның қайғысына жүрегіңді егілтеді. Ӛзгенің
ӛзегін ӛртеген шоқ сенің де жаныңды күйдіреді.
Ақын қасіретті сұлудың кӛңіл пердесін ашып, сәуле түсіріп мұңын жан-
тәнімен түйсініп, қосыла егіледі: “Денем күйді… Жүрегім ауызыма тығылды.
Кӛзімнен ыстық жас тӛгілді… Домбыра да күңіренеді, зарлайды… Ақырын
жассыз жылайды, Жыла, домбыра, жыла!” Ӛлеңді (қара сӛзді) оқып
отырғанда жаныңды бір мұңға толы саз баурап алады. Сӛзбен ӛрілген сырлы
суреттер мұңлы саз арқылы сезім пернелерін дӛп тауып басып, қайғылы
сұлумен де, ақынмен де біте қайнасып, бірге қайғырмасқа лажың қалмайды.
Мағжан ақын әйел затына сүйген жар, ардақты ана, асыл әже деп бәрімізге
түсінікті ұғым тұрғысынан қарамай, оны табиғаттың ӛзгеше жаратылысы,
тіршіліктің бастауы деп ұғынған. Оның санасындағы әйел бейнесі – періште.
Әйел ана - тіршілік тұтқасы, сүйген жар – отты сезімнен жаралған ӛмірге
құштарлықтың құдіреті, ару қыз – пәктік пен ақтықтықтан жаралған сұлулық
әлемінің символы. Ақынның осынау жаратқанның ӛзі сұлулықтың ең озық
үлгісі ретінде дүниеге келтірген әйелді ардақ тұтып сол тақырыпқа жазған
ӛлеңдерінің бірі – “Әйел”. Осы ӛлеңінде Мағжан әйел ұлылығын алға
тартады. Сондықтанда әйелдің мәдениеттілікке, сауаттылыққа деген
құштарлығын ерекше кӛтеріп, ерлермен тең құқық беруге үндейді. Бір
қарағанда басқа ақындардың әйел теңдігі тақырыбына жазған ӛлеңінен несі
артық деп ойлайсың, ал шын мәнінде:
Кешегі әйел періште,
Адамды бастар ғарышқа,
Жүзі жарқын нұрлы айдан.
Еңіретіп күң ғып сататын,
291
Еріккенде ойнап жататын
Болды да қалды бір хайуан, –
деген ӛлең жолдары арқылы әйел-ананың періштедей күйінің бүгінгі күні
тәлкекке түскеніне, түсіргенімізге ӛкінеді. Әйел жанын Мағжанша түсіну -
кез келгеннің маңдайына жазыла бермес ерекше қасиет.
ХХ ғасырдың басында әдебиет әлемінде қатар қанат қаққан ақындардан
Мағжан Жұмабаевтың басты ерекшелігі ӛлең ӛрімінің ӛзгеше сұлулығы мен
саздылығында, бұрынғыдан сақталған ырғақ пен әуезділік үрдісінің жаңа
үйлесім табуында.
Мағжан туған табиғатты жырлап, кіршіксіз тазалықты, сезімнің тұнба
тұнығын содан іздейді. Ақынның шерлі жүрегі соған ғана тағат тапқан. Ол
тұған табиғаттың сұлулығын паш етіп, адам мен табиғат бірлігінен нақтылық
іздеді.
Ақынның табиғатты жырлаған ӛлеңдері: “Қайық”, “Жел”, “Толқын”,
“Кӛкшетау”, “Алатау”, “Жазғытұрғы”, “Күз” және т.б. Оның лебінен
жылылық ескен әдемі ӛлеңінің бірі – “Жел”.
Мазасы жоқ жел ерке,
Оянып, ап тым ерте,
Жорғалай басып кетеді.
Тыныш жатқан түс кӛріп,
Кӛлдің бетін кестелеп,
Оны әуре етеді, –
мұнда ақын желдің “ерке мінезін”, ешкімге мойынұсынбас еркіндігін баса
жырлайды. Ӛйткені ақын жаны да сол еркіндікті аңсайды. Осы тақырыптағы
озық үлгідегі ӛлеңінің бірі “Толқын”.
Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады,
Толқынмен толқын жарысад.
Күңіренісіп кеңеспен,
Бітпейтін бір егеспен,
Жарысып жарға барысад…
Сылдыр, сылдыр сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап
Толқынды толқын қуады.
Жарына бал береді,
Береді де ӛледі,
Ӛледі толқын, тынады, –
Ақын тілсіз де тылсым толқынға жан бітіріп, жансыздан жанды сурет
жасайды. Мұнда толқынның да ӛмірі мәңгі емес деген пікір жоқ. Ӛлеңнің
ішкі сырына үңілсек, толқын ӛлімі – мәңгілікке жалғасқан ӛлім, жарына бел
292
беріп, рахат тапқан ӛлім, ол мың қайталанып, мәңгілікке ұласқан тынымсыз
тіршілік.
Мағжан – қазақ поэзиясының саздылығын, әуезділігін арттырған, соған
кӛңіл бӛле отырып, арғысы француз, бергісі орыс символистерінің
ӛлеңдерінен
дәстүр
тапқан
ақын.
Европа
ақындарының
шығармашылығындағы мӛлдір бұлақтан сусындай отырып, оны қазақ
поэзиясының
сұлулығымен
үндестіре
білген
ақын.
Мағжанның
жаңашылдығын осы тұрғыдан таныған жӛн. Мағжан – қазақ поэзиясының
жарық жұлдызы ұлы – Абайға еліктей отырып, ұлы ұстаз жолын ұстанғанмен
ӛзінше жол табудан әсте жалықпай, кӛп ізденген жан. Ӛлеңдеріндегі табиғат
суреттері, оның тылсым шақтары ақын кӛңіл күйімен, мұң-қайғысымен,
қуаныш-шаттығымен қат-қабат келіп отырады. Осының бәрі тұтаса келіп
Мағжан суреттеп отырған дәуірдің бейнесін толық ашып береді. Сондықтан
да бейнешілдікті ең шырқау биігінде кӛрсету үшін, ақын ӛз басындағы қайғы
мен қасіретті, мұң-зарды халық басындағы ауыр күндермен астастыра
жырлайды.
Қап-қара түн. Түн баласы күңіренед.
Күңіренумен бір-біріне үн беред.
Сӛгінеді, сүрінеді, жығылад,
Қара түнде кӛр кӛзімен не кӛред?!
Қап-қара түн. Шегір кӛзді жындар жүр,
Қап-қара түн. Қайғы мен қан ойнап тұр,
Қайғы менен қара қанға тұншығып,
Түн баласы ауыр ойлар ойлап тұр.
Қап-қара түн. Уақыт ауыр ӛтеді,
Ой артынан ойлар келіп кетеді.
Түн баласы кӛр кӛзінен жас тӛгіп,
Күн шығыстан бір пайғамбар күтеді.
“Пайғамбар” ӛлеңіндегі осы жолдар, Мағжанды ұлтының ғана емес, бүкіл
әлем жоқшысындай танытады. Батыс халықтарының басындағы қайғы-
қасіретті түнге, жай түн емес қап-қара түнге ұқсатуынан осыны байқаймыз.
Қап-қара түнді жанды бейнеге айналдырған ақын оған ауыр ой ойлатады,
“кӛзінен жас тӛккізеді”, сӛйтіп ӛлең мазмұнын тереңдетіп, қасірет
сарынының күшеюіне күш салады. Әлемді құтқарушы – Шығыс деп, Күнді
азаттық символына айналдырады.
Мағжан тек ӛлеңнің ішкі мазмұнына ғана емес, сыртқы түрі мен
сӛздерінің бейнелі қолданысына қатты назар аударған ақын екендігін
жоғарыда айттық. Ол қандай сӛз қолданса да талғап, ой таразысынан ӛткізіп,
ӛлеңнің ішкі-сыртқы тұтастығының сай келіп отыруын кӛздеген. Ӛйткені
оның ӛлеңдерінен басы артық, бос сӛздерді кездестіре алмайсыз. Қай ӛлеңін
алсаң да белгілі бір ырғақпен, әдемі әуезбен, сӛз ӛнерінің сиқырлы әлеміне
293
тарта береді. Сондықтан да Мағжанның “суретті, кестелі, кӛркем сӛзі” –
ешкімге ұқсамас ӛзіндік ӛрнек.
Мағжан ӛлеңдеріндегі сұлу сезім оның махаббат тақырыбындағы
ӛлеңдерінен айрықша сезіледі. Ақынның мӛлдір сезімі жан сыры арқылы
ӛріліп, ӛлең жолдарынан ӛзгеше шуақ тӛгеді.
Мағжанның махаббатты – жүрекке қуат берер, нәр берер асыл сезім деп
бағалауы – азаттық оймен астасып кеткен ӛзгеше бір түйін. Ақынның осы
бағытта жазған ӛлеңдерінің бірі “Сүй, жан сәулем” – махаббаттың асыл
мұратынан, тұнық сезімінен жаралған жыр маржаны.
Сүй, жан, сәулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы тәтті у тарады қаныма.
Бұл ләзаттың бір минутын бермеймін
Патша тағы, бүкіл дүние малына…
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да
Жылы тәтті у тарады қаныма.
Жасағаннан бір-ақ нәрсе тілеймін,
Ӛтпесе түн, атпаса екен таңы да.
Осы ӛлеңде ақын махабаттың бір сәттегі қызыққа, ләззатқа толы шағын
тұмса күйінде жеткізіп, “Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін, Патша тағы,
бүкіл дүние малына” деп, бүкіл ақыл-ойды, жан-дүниені сезім жеңген сәттің
жанға дәру шынайы шыншыл суретін жасайды.
Мағжанның әуезділігі күйше күмбірлеп келетін, оқыған сайын әдемі ән
тыңдағандай мейірің қанатын ӛлеңдері жетерлік. “Жұлдызды – жүзік, Айды
алқа ғып берейін”, “Жан жарымды бір сүйейін түсімде”, “Шолпы”, “Сүй жан,
сәулем”, “Сен сұлу” т.б. әсем лирикалары міне осының куәсі. Мағжанның
бұл ӛлеңдері наздылық, саздылық, әуезділік, әсемдік жағынан әлемдік поэзия
жауһарларынан еш кем түспес сырлы дүниелер.
Кешкі ескен жібек жылы жел сұлу,
Хош иісті түрлі-түрлі гүл сұлу,
Әдемі аспан тӛбедегі кӛк шатыр,
Асқар тауы, дариямен жер сұлу.
Сылқ-сылқ күліп, сылдыр қаққан су сұлу,
Кӛлге қонып, қаңқылдаған қу сұлу,
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан,
Күн шығарда кӛтерілген бу сұлу.
“Сен сұлудағы” сүйген жарына ессіз ғашық, жарына деген пәк сезімін
сұлу суреттермен ӛрнектеген ақынның жар сұлулығына деген “ӛзіндік”
кӛзқарасы туған табиғаттың сұлулығымен, іштей тоғысып жатыр емес пе?!
Ақынның мың құбылған кӛркемдік кестесіндегі лапылдаған от сезімнің
жалынған сезіну үшін оны бір деммен оқып шығып, ыстық жүрек ынтығын
шынайы қабылдай білу керек. Сонда ғана ажарлы асыл сӛзден жаралып,
294
біртұтас болып құйылып түскен сырты сұлу, ішкі иірімі мол, мағынасы терең
жұмыр дүниенің бар болмысын тани түсеміз.
Иә, Мағжан – қазақ поэзиясында ӛзіндік жаңашылдығы мен дәстүр
қалыптастырған, соны ізденістері арқылы ӛзіндік ӛнерпаздығына ғана тән
әдеби әдістер әкелген ақын. Ахмет Байтұрсынов ХХ ғасыр басындағы
поэзияға азаттық сарынды арқау етсе, Мағжан қазақ лирикасына
сыңғырлаған нәзік әуез нәрін құйып, ұлттық рухты ұлттық сезімнен қуат
алған ӛзгеше үнмен жырлады.
Достарыңызбен бөлісу: |