Елдік туын жЕлбірЕткЕн Елбасы


№№23-24     13.12.2014 ж



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата29.12.2016
өлшемі4,1 Mb.
#684
1   2   3   4   5   6   7   8   9

№№23-24    

13.12.2014 ж

.

16

Самал сенің газетің

Тәуелсіздік біздің 

бақытымыз

Жиырма үш жыл ішінде еліміз жақсы көркейді, 

аяғына  нық  тұрды.  Тәуелсіздік  бізге  оңайлықпен 

келген жоқ. Тәуелсіздік – біздің бабаларымыздың, 

ата-әжелеріміздің,  аға-әпкелеріміздің  ерлігінің 

еңбегінің  жемісі.  Мен  тәуелсіз  елімді  мақтан 

тұтамын.  Біз  үшін  Тәуелсіздік  баға  жетпес  дүние. 

Біреуге тәуелді болмау, өз еліңде өмір сүру қандай 

бақыт!  Біздің  елімізді  қазір  көп  елдер  таниды. 

Қаншама  зауыт,  фабрика,  мектеп,  балабақша 

салынған. Осының бәрі Тәуелсіздіктің арқасы деп 

ойлаймын.  Мен  бақытты  баламын!  Өйткені  мен 

өзгеге кіріптар емес, өз билігі өзінің қолында тұрған 

егемен елдің ұрпағымын. Мен елімнің кең байтақ 

даласы  мен  асқар  тауларына,  әдемі  де  көрікті 

қалаларына,  тыныш  өміріне,  бейбіт  тіршілігіне 

қатты ризамын. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Сағындық РАМАЗАН

ЖББ Аралтөбе ОМ-ң 5 сынып оқушысы

Сырым ауданы

Заман  көшіне  дербес  ел  болып 

қосылған алғашқы күннен бастап еліміздің 

алдында көптеген мақсаттар тұрды. Қазақ 

елі бұл мақсаттарға жету жолына ел болып 

ойласты. Бүгінгі таңда Қазақстан – Тәуелсіз 

ел. Бабаларымыздың сара жолынан өткен 

сан  қилы  тарихы  бар  қазақ  елі  қазір  өзге 

мемлекеттермен  терезесі  тең.  Арайлап 

ақ  таңымыздың  еш  уайымсыз  атауы  - 

Елбасымыздың  арқасы.  Ата  заңымыздың 

қабылданып,  тіліміз  қанатын  еркін 

самғауы, ұлттық  теңгеміз айналысқа енуі 

де  -  Елбасымыздың  қажырлы,  тынымсыз 

еңбегі. Бірінші желтоқсан ғана емес, әрбір 

атқан  таңымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлына 

алғыс айтумен басталса да артық болмас 

еді.


        Тұңғыш  Президент  -  қай  мемлекет 

үшін  де  даусыз  тарихи  тұлға.  Табанды 

еңбегінің  арқасында  ел  басшысының 

істеген  жұмыстарын  айтып  жеткізу 

мүмкін  болмас.  Сонымен  қатар,  әлем 

мойындаған,  жаһанға  атағы  таралған, 

қазақ елін әлемге әйгілі етіп жүрген бүгінгі 

заманның  көшбасшысы,  туған  халқының  

Бәйтерегі,  Көсемі,  Кемеңгері.  Елінің 

аманатын  арқалаған  тірегі,  алтын  діңгегі. 

Мадақтаудың  бәріне  лайық  Елбасымызға 

арнап  Шипов  орта  мектебінде  бастауыш 

сынып арасында «Жырым саған арналады, 

Елбасы»  атты  іс-шара  оздырылды.  Шара 

барысында  Елбасымыздың  кинофильімі 

көрсетілді.  Оқушылар  осы  іс-шараға 

белсене қатысты. 

Мөлдір кУЛЬМАЛИЕВА

ЖББ Шипов орта мектебінің тәлімгері

Мерей ауылы, Тасқала ауданы 

«Елімнің еркіндігі тәуелсіздік»



(Болашақтан хат)

Мен Қазақстан деген алып елде тұрамын. Өз еліммен мақтанамын. Біздің 

елге дүние жүзіндегі өзге елдер қызыға да, қызғана қарайды. Тәуелсіздік 

туы мәңгі желбіреген елміз. Еліміздегі барлық қалалар егемендікті аңсаған, 

басын өлімге, кеудесін оққа тосқан хас батырлардың есімімен аталады. Бұл-

бабаларымыздың ерлігі мен рухына деген құрмет. Еліміздегі адамдардың 

барлығы жұмыс істейді. Кішкентай балалардың бәрі балабақшаға барады. 

Қала  мен  ауыл  мектептеріндегі  барлық  оқушылардың  әрқайсысында 

өздеріне  тиісті  компьютерлері  бар.  Көшедегі  көліктер  адамдарды  тегін 

тасымалдайды.  Дүкендерде  тек  өз  елімізде  шығарылатын  заттар  мен  өнімдер  ғана  сатылады. 

Біздің елде бәрі тегін. Адамдар суға, газге, жарыққа ақша төлемейді. Сонымен қатар елімізде ұрлық, 

қылмыс жасау деген мүлде жоқ. Осының бәріне тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Біздің елде 

көруге, елімізде демалуға шетелдіктер көптеп келеді. Осындай елде тұрғаныма қуанамын. Менің 

елім мәңгі жасай берсін! Тәуелсіздігіміз арта берсін! Болашақтағы елім туралы өз қиялымнан туған 

шағын шығармамды аяқтаймын.

 

Рамина БАҚТыҒАЛИ

     Восход жалпы орта білім беретін мектебінің

                    3-сынып оқушысы, Теректі ауданы



«ЕЛ ЕРТЕңІН ОЙЛАҒАН 

ЕЛБАСы»

Мен өз елімді мақтан етемін. Тұңғыш Президентіміз- Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаев. Тәуелсіз Қазақстан мен елбасымыз бір-бірінен ажырамас, егіз 

ұғым  іспеттес.  Елбасымыз  жиырма  жылдың  ішінде  халқымызды  үлкен 

жетістіктерге жеткізді. Біз әлем таныған мемлекетке айналдық. Елбасының 

ұсынысымен  бас  қаламыз  Астана  қаласы  күннен-күнге  құлпырып  жайнап 

келеді. Астана өте әсем қала. Астанада Есіл өзені ағып жатыр. Жағасында 

зәулім ғимараттар салынған. 

Елбасының жастарға өте көп көңіл бөліп, 2050 бағдарламасы бойынша 

үй беріп, жұмыспен қамтамасыз етіп жатыр. Осындай игі істерде елбасымыз 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үлесі зор. Ел қамын ойлаған елбасымызды 

Отанымыздың тірегі деп түсінемін және әрдайым мақтаныш етемін.



дана ИкСАНОВА

Е.Ниетқалиев атындағы жалпы білім   беретін                                                                                                                                      

орта мектептің , 4-сынып оқушысы

Қамысты ауылы, Жәнібек ауданы 



Лұқпан Ақниет

Жәнібек ауданы Тегісшіл ауылы 

Тегісшіл ЖББНМ-нің 1-сынып оқушысы

Біз бағдаршамның достарымыз

Мектепішілік    «Жас  Ұлан»  және  «Жас  Қыран»  ұйымының  «Жас  полицей»  

клубының  мүшелерінің  қатысуымен      «Біз  бағдаршамның  достарымыз»  атты 

іс-шара  оздырылды.  Шара  барысында  құқық  қорғау  органының  қызметкері 

М.Казекенов және оқушылар балабақша бүлдіршіндеріне жолда жүру ережелері 

мен  мәдениетін,  бағдаршамның  адам  өміріне  деген  маңызын  түсіндірді. 

Бүлдіршіндерге  «Бағдаршам»  ойыны  ойналып,  жұмбақтар  шешті.  Ойынға 

белсенді қатысқан бүлдіршіндерге мақтау қағазымен марапатталды. Жас Ұлан 

ұйымының өнерлі оқушылары би билеп, ән салып, балаларға қызықты ойындар 

ойнатты.  

М.РАШкАЛИЕВА

Алмаз ОЖББМБ-ның аға тәлімгері

Шыңғырлау ауданы

 

Мектебімізде ел Тәуелсіздігі мерекесіне орай, мектеп психологі Саягүл Қуанышқызы мен тарих пәні мұғалімі Ербол 



Серікұлы ұстаздарымыз «Тәуелсізелдің ұланымыз» атты апталық ұйымдастырды. 

Біздің бойымыздағы Отанға деген сүйіспеншіліктің деңгейін байқамақ болған ұстаздарымыз бізден көп қабілет пен 

жұмысты талап етті. «Тәуелсіздік-ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты шығарма байқауында бақ сынған менің сыныптасым Құлмақ 

Айсем  І  орынды,  8-сыныптан  Жоламанова  Гүлжанар  ІІ  орынды,  ал  мен  ІІІ  орынды  иемдендім.    «Тәуелсіздік  –  ел  тілегі» 

атты жас ақындар байқауына да жеті оқушы белсене қатысты. Жүлделі орындарды Жоламанова Гүлжанар,Малықов Саят 

бөлістік.  Бұл байқауларға төрелік еткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мария Тыныштыққызы біздің жұмыстарымызды 

шығармашылық талаптарға сай әділ бағалады. Одан басқа «Тәуелсіздік айшықтары» айдарымен сурет байқауы болды. Оған 

да оқушылар көптеп  қатысып, жүлделі орындарды Құмарова Оралсын, Салимов Руслан және Құрмашева Маржан өзара 

бөлісті. Ең қызықтысы мектеп әкімшілігі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында  «Үздік сынып» және «Үздік оқушы» білім байқауларын 

өткізген, соның қорытындысы мәлім болды. Көп «бестік» жинап, білімімен озған 4-сынып «Үздік сынып» аталымына және  

ауыспалы  жалаушасына  ие  болса,  көп  «бестік»  алған  5-сынып  оқушысы 

Малықов  Сұлтан  мен  2-сынып  оқушысы  Меңдешов  Ерасыл  «Үздік  оқушы» 

аталымын  жеңіп  алды.  Сондай-ақ,  өнерлі  оқушыларымыздың  қатысуымен 

тамаша концерт бердік. Ерекше өнерімен тәнті еткендер қатарында 7-сынып 

оқушылары  Малықов  Саят  пен  Габдешев  Серіжан,  8-сынып  оқушылары 

Жалғасбаев  Тұрлан,Құрмашева  Маржан,  Сәлімгерей  Мөлдір.    Мен  алғаш 

рет  қолыма  қасиетті  домбыра  алып  мектебіміздің  жас  ақыны  Малықов 

Саятпен айтыстым. Көпшілік алдына  алғаш шығып айтысқан біздің өнеріміз 

көрерменге қатты ұнапты Тәуелсіздік тойына осындай жетістіктерімізді табыс 

етіп,  ұстаздарымыздың  көңілінен  шықтық.  Біздің  өнерімізді  тамашалауға 

келген ата-аналар мен ұстаздар ризашылықтарын білдірді.

Лаура САҒИдОЛЛАҚыЗы 

Еңбекші НЖББМ-нің 6-сынып оқушысы



Ақжайық ауданы Қызылжар ауылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет