Елдік туын жЕлбірЕткЕн
Елбасы
Оқушыларды Елбасының сарабдал саясаткер, ұлт көшбасшысы ретіндегі
қайраткерлік қарымы, азаматтық келбетімен, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы
әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен таныстыру мақсатында К.Мендалиев
атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде аталған тақырыпта ҚР Тұңғыш
президенті күніне орай мектепішілік жоспар жасалған болатын. Жоспарға
сай, «Жас ұлан»
оқушылар ұйымының
ұйымдастыруымен
« Қ а з а қ с т а н
Республикасының
Президенті – татулық
пен бірлік кепілі»
т а қ ы р ы б ы н д а
конференция өтті.
К о н ф е р е н ц и я
барысында Егемен
еліміздің жеңісі мен
жетістігі, табыстары
қандай
жолмен
келгендігі,
қандай
айрықша мәні бар сынықтан өтіп, бүгінгі күнге жеткендігі туралы жасұландықтар
баяндама жасады. Бұдан кейін дүниежүзілік аренада лайықты орын алған
еліміз туралы әлем саясаткерлері мен жетекшілері ретінде шақырылған
ұстаздар сөз алды.
Шараны қорытындылаған мектеп директоры С.Утегулова:
«Тұңғыш Президент күнін атап өту арқылы біз жас ұрпақты патриоттыққа,
Отансүйгіштікке тәрбиелеп, елін сүйіп, адал азамат болуға үйретеміз. Елбасы
әр сөзінде берекелі бірлігімізді, дархан достығымызды берік сақтауға үндеп
келеді. Бүгінгі қол жеткізген жетістіктерімізде Елбасының айшықты қолтаңбасы
бар. Бұл – ел тарихында алтын әріптермен жазылған еншіміз», - деді.
Ширатып жанды шынайы шешен лебізің,
«Қазақ жігітін қарашы, шіркін!» дегіздің.
Ұлы халқыңды төрткүл дүниеге танытып,
Келесіз қалап жаңа қоғамның негізін, - деп ақындар жырына
арқау еткен Елбасы өмірі мен қызметі елі мен жері, оның болашақ дамуына
арналғанын ұйымдастырушылар көрсете білді.
«Қазақстанның тұңғыш президенті күні - ұлттық мейрам ғана емес,
тәуелсіздік туын асқақтатын айтулы мереке. Бүгінгі жастар қандай болса, ел
ертеңі саған байланысты, - дейді ұйымдастырушы жасұландықтар.
Н.МҰҚАМБЕТҚАЛИЕВ
К.Мендалиев атындағы орта жалпы
білім беретін мектебінің аға тәлімгері
Казталов ауданы
«Мәңгілік елге жол
салған – Елбасы»
Ежелден еркіндікті аңсаған біздің бабаларымыздың
ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Сол арманға қол
жеткізіп, елдің әлеуметтік, саяси – экономикалық
дамудағы табыстары Елбасымыз Н.Назарбаевтың
есімімен байланысты. Елбасы ел басқаруда бірден-бір
дұрыс стратегиялық бағытты таңдап ала білді. Ол нендей
іс атқарсада уақыт тынысын тап басып, салиқалы саясат
ұстанып келеді. Тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы
сәттен бастап бүгінгі күнге дейінгі көрген жақсылығымыз,
дербес Қазақстан мемлекетінің қуаттануы мен абаттануы
ең алдымен елбасының еңбегі мен көрегендігінің арқасы.
Тайпақ мектеп - гимназиясында Президент күніне
орай, «Елбасы жолдауы, елдің арқауы» («Нұрлы жол –
болашаққа бастар жол» жолдауды талдау Бакитова Г.),
10 сыныпта «Елін сүйген - Елбасы» конференция сабағы
(Жумагалиева Д.), 6 сыныпта «Елбасы – ел тірегі» әдеби
монтаж (Ескабулова Р.), 8 сыныпта «Елбасы – ел данасы,
ел баласы» ашық тәрбие сағаты(Джумагулова Б.К.), 9,7-
сыныптарда «Елбасы жолы ертеңге өнеге» конференция
сабағы (Батырова Г., Дюсенгалиева Г.) тақырыптарында
5-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.
Шаралар барысында оқушылар Елбасының балалық
шағы, жасөспірім шағы,кемел кезеңдері, отбасы туралы
мағлұматтармен ой бөлісіп, бейнефильмдері көрсетілді.
Самал ЛҰҚПАНОВА
Тайпақ мектеп – гимназиясы
тәрбие ісінің меңгерушісі
Тайпақ ауылы, Ақжайық ауданы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік
күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа
заманда өз алдына егеменді ел болған күн.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы
Елбасының атымен тікелей байланысты.
Қазақстан өз Тәуелсіздігінің жиырма үш жылы
ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің
қатарына қосылды. Ғасырлар бойы бабалар
армандаған тәуелсіздіктің туы көкте желбіреп,
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы
саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі
қалыптасып, тарихымыз түгелденіп, тіліміз,
дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің
ұлттық рәміздері қабылданды.
Н.Ә.Назарбаевтың осыдан бес жыл
бұрынғы Жолдауындағы:
«Тәуелсіздік – той
тойлау үшін емес, ой ойлау үшін» деген
сөзінде үлкен мағына жатқандығын әркім терең
ой елегінен өткізіп, тәуелсіздіктің сан ғасырлық
күрес тарихының нәтижесі екенін, оның оңай
келмегендігін, қасиеттілігін жас ұрпақ санасына
сіңіру біздің парызымыз.
Бұл мақсатта біздің Қасым Аманжолов
атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
педагогикалық ұжымы да ұрпақ тәрбиесін
халықтық педагогика негізінде ар-ожданы,
мәдениеті, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік
сезімі мол, патриоттық, адамгершілік рухын
қалыптастырып дамыту бағытында үзіліссіз
жұмыстануда. Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік
күні
қарсаңында
мектебіміздің өзін-өзі басқару
ұйымы ҚР Президентінің
«Нұрлы
жол – болашаққа бастар жол»
атты халыққа арнаған Жолдауын
талқылады. Жиында алдымен
«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы
Гүлбаянсұлу
Бақытжанова
Елбасы стратегиясын жүзеге
асыруда әрбір ата-ана, оқушы,
ұстаз болып бір жағадан бас, бір
жеңнен қол шығарып, еңбек етуіміз
керектігін айтып, оқушылардың
алдына міндеттемелер қойды.
Еліміз тәуелсіздік алып, асылын
ардақтаған Ұлы елге айналдық. Бізге әрқашан
үлгі болып келген Еуропа елдеріндегі атыс-
шабыс, төңкерістерге қарап еліміздегі тыныштық
пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық
татулық, осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп
білемін.
Құрметті, «Самал» газетінің ұжымы
және сіздердің оқырмандарыңызды тарихи,
ұлы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу
– бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт деп түсініп,
зор мақтанышпен Тәуелсіздігіміздің ғұмырлы
болғанын тілеймін! Береке-бірлік, амандық,
шығармашылық табыстар тілеймін!
Роза ТАСАНОВА
Қ.Аманжолов атындағы
ЖОББМ-нің директоры,
Зеленов ауданы
№№ 23-24 (207-208)
13 желтоқсан
2014 жыл
Ел ер
«Балдә
Тәуелсіздік – ұлтың менен ұраның
әрбір таңың арайлы болсын ұланым
Ерболат Меңлібаев
№19 ОЖББМ 4 “е” сынып
Елбасы - ел данасы,
ел баласы
Шарықтаған биіктерден жас қалам,
Армандардан
белес
алып,
Астанам.
Тарихынан өрнектелген, қазақ ел,
Елбасының ұлы көші бастаған...
Отанымның өмірлік шежіресін
қалаған, тәуелсіздік тұғырына
қол созып, елін, жерін биікке
самғатқан - елбасының нұрлы
жолы. Елбасымыз бір ғана елдің
ықыласына бөленіп қоймай, әлемге, көптеген болашаққа
жарық болған дара тұлға.
Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегі жолында еліміз
гүлденіп, дамыған елдердің қатарынан көрінді. Бұл
ғасырлар аясында төл теңгеміз айналымға еніп,
мемлекеттік рәміздеріміз қабылданды. Біздің, ұлтымыздың
айнасы, бақыты - қазақ тілі. Өз тұғырына қол жеткізіп,
ұлан-ғайыр әлемге өз үнін жолдады. Бір елді бүтін бір
шаңыраққа біріктіріп, көркейткен көшбасшы - елбасымыз.
Н.Ә.Назарбаев - елінің мақтан тұтар тұлғасы, өзінің
бар мейірімін, күшін туған еліне арнаған жан. Қазақтың
даласы, ел егемендігі де, ғажап елдің мақсаты да осы бір
жанның есімінен басталады.
Ал жақында ғана Елбасы жариялаған «Нұрлы
жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында
ұлттық экономиканы жаңа деңгейге көтеруді, дағдарыс
жағдайында елдің даму сатысын, «Мәңгілік ел»
идеясының негізгі тақырыбын толық ашып көрсетті. Осы
бағытта елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының
негізінде Қазақстан өндіріс, металлургия саласында үлкен
жетістіктерге жетіп, ірі ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеп
шығаратын бәсекеге қабілетті елге айналды.
Қазіргі кезеңде тәуелсіздіктің даңқын асқақтатып,
жыл сайын бұл жылды барша қазақ елі атап өтеміз.
Дархан пейілді елі, жері барда Қазақстан талай биіктерді
бағындырып, халықтың мақтанышы - елбасының ұлы
ғасырымен гүлденері сөзсіз.
Қазына ФАЙЗУЛЛИНА
Жаңабұлақ ОЖББМ-нің жас тілшісі,
Ақжайық ауданы
№№23-24 (207-208) 13.12.2014 ж.
2
ІЗгІЛІк
ИІРІМдЕРІ
өЗІңНЕН
БАСТАЛАды
Теректі
аудандық
лингвистикалық гимназиясында
қазан-қараша айында «Ізгілік иірімдері өзіңнен басталады»
тақырыбын да айлық өткізілді. Айлық кезеңінде сынып жетекшілер
сыныптарда тәрбие сағаттар өткізді және еңбек ардагерлеріне
зейнеткер ата-әжелер үйіне барып көмек ұйымдастырды.
Атап айтсақ: 10-сынып жетекшілері Темесова Алтынай
Қабошқызы, Сагинова Гүлсезім Жұбатқызы, зейнеткер
Сенченкова Владимир Ивановичтің үйіне барып оқушыларымен
аула тазалау, қоқыс шығару жұмыстарына көмек берді.
«Мейірімді жүрек» акциясы ұйымдастырылып аға тәлімгер
Дария Жұбатова ауылымыздағы «Бәйтерек» балабақшасының
бөбектеріне «Біз бақытты жас қыранбыз» тақырыбын да 5-сынып
« Жас қырандар» және «Жас Ұлан» ұйым мүшелерімен концерт
қойып бөбектерді қуанышқа бөледі.
«Өз жүрегіңнің жылуымен бөліс» тақырыбында даму
мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек беріп, көңіл күйін көтеру
мақсатында әлеуметтік педагог Қайсағалиева Диляра барып
келді. «Менің таза аулам акциясы» ұйымдастырылып психолог
Д.Жұбатова, сынып жетекшілер Гүлсая Қабашева, Данияр
Төреалиев,Гүлім Мұратқызы мектеп ауласына сенбілік жүргізді,
гимназия кіші қызметкерлері мектеп саябақ ішін ретке келтірді
Бұл біздің істелінген жұмыстарымыздың бірегейі ғана, жыл
бойы әлі де қайырымдылық аясында жұмыстар жоспарлы өз
жалғасын табады деген сенімдеміз.
Анаргүл ӘдІЛХАНҚыЗы
Теректі аудандық лингвистикалық
гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Теректі ауданы
«Нұрлы жол» – кемел келешек кепілі
Әр жыл сайынғы Президент жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен,
еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдармен
ерекшеленеді. Өйткені Президент әрбір адамның ертеңгі күніне үлкен сенім
ұялатады.
Биылғы қарашада өзіне қаратқан жолдау «Нұрлы жол – болашаққа бастар
жол» деп аталады. Болашаққа барар жолды бағымдайтын биылғы жолдауда барлық
дерлік сала қамтылған. Әсіресе экономикалық мәселелер басты маңызға ие. Саяси
егемендігіміздің іргетасы экономикалық жетістіктермен бекітілуде. Әлеумет әлденуде.
Керуен жүріп, көш түзелуде. Тіліміз бен діліміз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз жанданып,
жаңару үстінде. Ұлтаралық татулық пен халықтар достығы саяси тұрақтылығымыздың
мәуелі мәйегi. Ұлтымыздың рухани қуатын, қайыспайтын қара нардай қайратын
шыңдап жатқан осынау кезеңі – сол Ұлттық мемлекеттілік идеясының ғасырлар бойғы
рухани күресінің заңды жемісі де, тарих алдындағы жеңісі де! «Мәңгілік ел» идеясының
қазақстандықтар үшін маңызын толығымен түсіндіріп өтті. Және де 2015 жылы Қазақ
хандығының 550 жылдығы өтетіндігі барша қазақстандықтар үшін аса маңызды іс-
шара болып табылатындығын, сондай-ақ, осы 2015 жылы Қазақстан халықтары
ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70-жылдығы атап өтетіндігін айтты. Осыған
орай, біздің Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебімізде де көптеген іс-шаралар
өтілуде. Тоқтала кетсек, тарих пәнінің мұғалімдері оқушылар арасында жолдауды
насихаттау бағытында топ құрып, жалпы ата-аналар жиналысында құрылған топ
оқушылары мен пән мұғалімдері жолдауды насихаттады, сыныптарда тәрбие сағаттары
өтілуде, пән мұғалімдері сабақ кезінде оқушыларға насихат жұмыстары жүргізуде,
9-11-сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел, мектеп кітапханасында жолдауға
байланысты бұрыш құрылып ұйымдастырылды.
Жалпы мұндай Жолдау әрбір тұлғаны жауапкершілікке шақырып, жақсы
бастамаларға бастайды. Ол үшін өз бойымызда және біздер тәрбиелеп отырған
өскелең ұрпақ бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу өзекті мәселе
екенін алға тартып, Нұрлы да ұлы жолда сапарымыз оң болсын!
Индира ХАМЗИНА
Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Ту, Елтаңба, Әнұран – тірегіміз,
Туған ел деп соғады жүрегіміз!
Мемлекеттік рәміздер – біздің егемендігіміздің
мызғымас негіздерінің бірі. Елбасы Н.Назарбаевтың
«Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол
күмбезді тіреп тұрған төрт белгі – рәміздеріміз
бар. Оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі –
Әнұран, үшіншісі – Көк байрақ, төртіншісі –
қазақ тілі» деген сөзі соның дәлелі. Сондықтан
рәміздерімізді қастерлеу, оған құрметпен қарау –
бойымыздағы елжандылығымыздың, Отанға деген
сүйіспеншілігіміздің бір белгісі.
К.Мендалиев атындағы орта жалпы білім
беретін мектебінде мемлекеттік рәміздерді үгіттеу
және насихаттау арнайы жоспарға сай жүргізілуде.
Жыл сайын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай мектепішілік «Менің
Қазақстаным» атты патриоттық форум өтеді. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздердің тарихы, олардың
қадір-қасиеті мен мән-мағынасының құндылығын түсіндіру мақсатында 1-11-сынып аралығында
«Рәміздер тарихы», «Қазақстан – Туымен тұғырлы, Әнұранымен айбатты, Елтаңбасымен еңселі»,
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет» тағы басқа тақырыптармен
дөңгелек үстелдер, конференциялар, патриоттық акциялар, ашық сабақтар, тәрбие сағаттары
ұйымдастырылып келеді.
Мектеп ұстаздары мемлекеттік рәміздеріміздің зор тәрбиелік мәні мен мағынасын жас буынның
санасына сіңіруге, жеткіншектердің патриоттық сезімдерін оятуға, өз Отанын құрметтейтін жас
азаматтарды қалыптастыруға үлкен күш салуда, алдағы уақытта да мемлекеттік рәміздерді құрметтеу
мен кеңінен насихаттау жұмыстары мектеп ұстаздарының ортақ міндеті болып қала бермек.
Ж.АМИРОВА
К.Мендалиев атындағы
орта жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі меңгерушісі
Казталов ауданы
«Менің өмірім –
менің құқығым»
С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін
мектебінде оқушыларға адам құқықтары мен
бостандықтары жайлы баптардан түсінік беру,
оқушылардың саяси саналылығы мен таным
белсенділігін арттыру мақсатында 8-9-сыныптар
арасында «Менің өмірім – менің құқығым» атты пікір
талас оздырылды.
Бұл шарада оқушылар қойылған сұрақтарға еркін
түрде өз ойларымен толық жауап берді. Мектеп пен
жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі,
мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек.
Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқығы мен міндетін
білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен
көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз.
Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам
тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете
түсінуге тиіспіз.
А.БЕккАЛИЕВА
С.Есетов атындағы ОЖББМ – нің өзін-өзі тану
пәнінің мұғалімі, Казталов ауданы
БІЗдІң МЕкТЕП ИЕЛЕНгЕН
ҰЛы ЕСІМ
Тұңғыш ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің туған
күніне орай, мектебімізде ұлы ұстазға арналған «Дала
жұлдызы - Ы.Алтынсарин», «Алғашқы ұстаз, алғашқы
дана бабам» атты танымдық ашық тәрбие сағаттары,
«Кел, балалар, оқылық» тақырыбында мәнерлеп оқу
сайысы екі тілде ұйымдастырылды.
«Ы.Алтынсарин - алғашқы ізашар тұлға» тақырыбында
9-11-сынып оқушылары арасында конференция өтті.
Конференцияда дана бабамыздың өмірбаяны, атқарған
қызметі мен қаламынан шыққан шығармалары туралы
баяндамалар тыңдалып, презентациялар қорғалды.
5-6-сынып оқушылары дайындаған «Дала данасы»
тақырыбында Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала»,
«Асыл шөп», «Білгеннің пайдасы», «Бақша ағаштары»
әңгімелеріне сахналық қойылымдар қойылды. Шараны
бекіту кезінде оқушылар таға туралы қосымша мәлімет
алды. «Жүректен жүрекке» тренингі өткізілді.
Ш.кОНдУдАЕВА
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тасқала ауданы
ҚАРТТАРыМ – АСыЛ
ҚАЗыНАМ
Жыл сайын ардагерлердің басын қосып, сый-сыяпат
жасайтын мекеме ұжымдары биыл да мерекені атаусыз
қалдырмады. «Приурал мектеп-балабақша кешені»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мейірбандық
күндері» қайырымдылық іс-шарасына мектеп оқушылары
өз белсенділіктерін көрсетті. «Қол ұшын бер» атты
ұранмен жалғыз басты егде адамдар мен мүгедектердің,
зейнеткерлердің үйлеріне бару жұмысы қолға алынды.
Мектебіміздегі 5,7,9-сыныптың оқушылары сынып
жетекшілерімен бірге ауылымыздағы ардагерлерге
қайырымдылық көмек көрсетті. Ауылымыздағы «Орал»
дәмханасында ауыл әкімі Т.А.Раимкулов мырзаның
басшылығымен және ЖШС «Батнур», автокомплекс
«Коралл», ЖК «Искаков», ЖК«Рыжих», ЖШС «БГС», ЖШ
«Тютюник» демеушілік көрсетіп, ауыл қарттарына мерекелік
дастархан жайды. Мектеп директоры Ж.М.Жақсығалиеваға
өз ыстық лебізін білдірді. Ардагерлер, ауыл қарттары
мектеп оқушыларының дайындаған мерекелік шағын
концертін тамашалап, ақбаталарын берді. Қарттарымызды
құрметтеу, қадірлеу олардың қажеттіліктеріне жарай білу,
әрқашанда сыйлау – қоғамдағы жас ұрпақтың міндеті,
борышы.
М.ИЖЕкЕНОВА
Приурал мектеп директорының тәрбие ісінің
орынбасары, Бөрлі ауданы
Қарттарын
қадірлеген ел ардақты!
Ұрпағына жол ашқан қарияларымызды төл мерекелерімен
құттықтап, қуаныш сыйлау мақсатында мектебіміздің
оқушылары Аудандық қарттар үйіне мерекелік бағдарлама
дайындап
барған
болатын.
Бағдарлама
барысында мектебіміздің
жас күйшілері Масабаева
Индира мен Ишекенова
Әнел
сазын
келтіре
күй шертсе, кішкентай
ғана Задыгер Сұлужан
“Ана”
әнімен
және
Байғалиева
Нұргүл
“Әжелер-ай”
әнімен
т ы н д а у ш ы л а р ы н ы ң
жүрегін жаулап алды. Талай байқауларда топ жарып жүрген
“Еркем-ай” бишілер тобы да мың бұрала билеп, ата-
әжелердің жүректеріне қуаныш сезімін сыйласа, көркемсөз
оқу шебері Нұржанова Нұржанттың орындауындағы “Ана”
өлеңін тыңдағанда қариялар көздеріне жас алды. Концерт
соңында “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер
ұйымы мүшелері өз қолдарымен жасаған фотосауыттарды
қарияларға сыйға тартты.
Мектеп аясында өткізілген айлықтың басты
мақсаты - оқушылар бойына үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын
ұмытпай сақтау үшін және болашақта ата-аналарының
үкілеген үміттерін ақтап, салт-дәстүрден нәр алып өскен
аяулы ұл-қыз боп өсулеріне септігімізді тигізу, инабаттылық
пен имандылыққа, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу
болатын. Қариялар - әрбір үйдің сәні. Сондықтан да
қарттарымызды қадірлей білейік!
Асем ТУгАРИСОВА
Шыңғырлау орта жалпы білім беретін
мектебінің тәлімгері
Шыңғырлау ауданы
«Құқықтық сауаттылық –
заман талабы»
«Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа
мүлдем төзбеушілік» атты мектепішілік
апталық аясында оқушылардың
құқық туралы сауаттылығын кеңейту
мақсатында жоспарланған
7-9-сыныптар
аралығында
«Құқықтық
сауаттылық
–
заман
талабы» тақырыбында дөңгелек үстел
өткізілді. Тәлімгер О.Мукашева мен
тарихшылардың
ұйымдастыруымен
өткен
шара
барысында
ҚР
Конституциясы, Балалар құқығы туралы Конвенция, ҚР «Неке және отбасы»
Заңы және т.б. заңды құжаттар туралы сұрақтар қойылып, бейнефильм,
слайдтар көрсетілді. «Жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін
не?», «Жастар арасындағы қылмысты азайту үшін не істеу керек деп
ойлайсыздар?» деген сұрақтар арқылы оқушылар өз көзқарастарын
дәлелдей білдірді.
О. ШУНдыБАЕВА
Қанай мектеп – балабақша кешенінің
тарих пәні мұғалімі, Бөрлі ауданы