Елдік туын жЕлбірЕткЕн Елбасы



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата29.12.2016
өлшемі4,1 Mb.
#684
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Білімді 

бағалау: 

Оқушылардың 

жауаптарына,  сабаққа  белсене  қатысып 

отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырмаАнаның ұлы махаббаты 

туралы  қазіргі  кезеңмен  байланыстыра 

отырып, шағын шығарма жазып келу.

 

г.СУЛТАНгЕРЕЕВА

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ-тің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірінші 

санатты мұғалімі

Тасқала ауданы

Тасқала ауданы ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ-тің қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің бірінші санатты мұғалімі г. Султангерееваның «Асылың, анаң-сырласың» 

тақырыбындағы  оқушылардың  танымдық  көкжейегін  арттыру  мақсатында  

өткізген ашық сабағы 

«Асылың, анаң-сырласың»



Ана

 Менің бала қиялымда  баланың нағыз досы, 

жақтаушысы, қамқоршысы, үлгі тұтар  қорғаушы 

періштесі, нағыз тәрбие беретін тәлімгер болып 

есептелді.  Мойынымызға  қызыл  галстук  тағып 

тұрып  ант  беріп,  сол  галстугіміз  бізді  әрқашан 

жамандыққа  жолатпай,  тек  жақсылыққа 

итермелейтіндей  сезініп  бір  сәт  мойнымыздан 

тастамайтынбыз. Ол кезде пионер вожатый деп 

аталатын. Сол кісінің қасынан шықпай, ізінен бір 

елі  қалмай,  не  айтса  сол  жұмысты  орындауға 

және бітіргенше асығатынбыз.    Міне, тәрбиедегі 

ұрпаққа үлгі болатын осындай естеліктерді айта 

отырып    өзім  де  осы  тәлімгерлік  жұмысыма 

ерекше мән беріп қараймын.

Тәрбие-тал бесіктен бастау алса,ол тәрбие 

білім  теңізіндегі  алып  кеме  мектептегі  тәрбие 

жұмысымен    ұштасып  баланы  жан-жақты 

қанаттандыра түседі. Ол қанат әрдайым қатайып 

сенімді құлаштап ұшып неғұрлым биікке самғауы 

үшін сынып жетекші мен бәрге мектеп тәлімгері 

де үлес қосады.

Тәлімгер.  Менің  түсінігімше,  мектептің 

тәрбие жұмысына үнемі атсалысып,  балаларға 

қамқор боп жүретін, тәрбие мен өнерді үйретуші, 

үйлестіруші    баларға  рухани  -  адамгершілік, 

қайырымдылық    сияқты  ізгі  қасиеттерге  

тәрбиелейтін жан.  Өйткені, тәлімгер балалардың 

ортасында жүріп, олардың қоғамдық жұмыстарға 

араласуына,  жан-жақты  болып  өсуіне  бірден-

бір  септігін  тигізеді.Еліміздің  болшағы  ретінде 

білімді,тәрбиелі    жан-жақты  дамыған  тұлға 

ретінде  тәрбиелеу  үшін  бірінші  тәлімгердің  өзі 

осы  тәрбиені  алған  және  осы  тәрбиені  беруге 

лайық адам болуы керек емес пе? Бұл тұрғыда  

К.Ушинский  былай  деген  екен:  «Тәрбиенің 

қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне 

негізделген.  Ешқандай  жарғы  да,  бағдарлама 

да  оның  орнын  баса  алмайды».  Шынтуайтына 

келгенде, тәлімгердің өзі өзгеге үлгі боларлықтай 

болуы  қажет  деген  сөз.  Яғни  оның  бойынан 

барлық  адамгершілік  қасиеттер:  мейірімділік, 

қарапайымдылық,  әділдік,  т.б.  табылуы  тиіс. 

Сондықтан  тәрбиешінің  жеке  басына  ерекше 

талаптар  жүктеледі.  Ерік-қайраты  күшті, 

мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру үшін 

мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болуы 

керек.  Тәлімгер  мұғалімнің  жеке  басында,  сөз 

бен ісінің арасында алшақтық болмау керек деп 

ойлаймын.

Қазіргі  таңда    таңда  мұғалім  болу,  сынып 

жетекші,  тәрбиеші,  тәлімгер  болу  оңай  жұмыс 

емес.  Басқа  ешбір  мамандық  адамға  дәл 

мұғалімге  қойылғандай  талаптар  қоймайды. 

Педагогтық  қызметтің  жетістігін  бағалау  да 

өте  қиын.  Оның  сапасы  сызғышпен  өлшеп 

немесе  таразыға  тартатын  дүние  емес. 

Қиыны  мен  қызығы,  талабы  мен  жемісі  қатар 

жүретін    өз  мамандығымды          қатты  жақсы 

көремін.  Өйткені,  бұл  мамандық-менің  жүрек 

қалауым. Сондықтан да мен өз мамандығымды 

жоғары  бағалаймын.  Менің  ойымша  тәлімгер 

мұғалімдерге қарағанда оқушыларға жақын деп 

ойлаймын.  Себебі  түрлі  тәрбиелік  шараларды 

өткізе  жүріп,  олардың  бойындағы  қасиеттерін 

танып-біліп,  бағалап-ескеріп,  жан-дүниесін 

түсінуге тырысамын. Әр оқушының  бойындағы 

көрінбей  жүрген  талантын  жарыққа  шығарып, 

жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесемін. 

Ал      С.А.Назарбаеваның    «Ұстаздан  ұлағат» 

атты  кітабында:  «Тәрбие  дегеніміздің  өзі,  ең 

алдымен,  баланың  сезімін  оятып,  әсершілдігін 

дамыту,  сезімді  тәрбиелеу  -  баланы  қоғамдық 

мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық-

қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген 

сөз. Парасаттылық дегеніміз - адамзатқа қызмет 

ету», - деп жазылған.

Міне, біздің тәлімгерлер осындай  теңеулерге 

лайық  болуымыз  керек.  Алдымыздағы  көздері 

жанып  тұрған,  болашағы,  қабылдаулары, 

талғамдары  мен  даму  ерекшеліктері  әрқилы 

балалардың жүрегінен орын алу әрине өзімізге 

байланысты. Ол бала қашанда бізді қиналғанда 

қасынан табатындай, ішіндегі мұңын қысылмай 

айта  алатындай,бала  қиялындағы  арман-

мақсатын  ұғынып  тыңдайтындай,  қуанышында 

бірге 

қуанатындай 



қорғаушы 

періштесі 

ретінде  қабылдауы  керек.  Әр  адам  әрдайым 

жаңалықтарға ұмтылып өзін жетілдіріп отырғысы 

келеді. Қараңғы қапастан  далаға шықсаң ауаны 

терең тыныстан рахаттанамыз немесе бұлттан 

кейін кенет күн жарқ етсе ерекше ләззат аламыз, 

жылылықты сезініп жанымыз бір ләззат аламыз. 

Біздің  алдымыздағы  бала  ол  -тал  шыбық.  Ол 

шыбық  әрдайым  күннің  көзінен  жылу  алмаса, 

тез  өсуі  үшін  су  құйылмаса    тамыры  тереңге 

кетпейді  емес  пе?  Бала  да  қашанда    ерекше 

мейірімге  зәру.  Сондықтан  тәлімгер  жүрегі  

дамылсыз  соғып        бар  ынта  ықыласымызбен  

мейірімімізді  аямайық  құрметті  тәлімгерлер. 

Тәлімгерлер  төрт  қабырғаның  ішінде  өміріміз 

өтіп бара жатыр деп қапаланбаңыздар. Өйткені 

сіздер  мыңдаған,  миллиондаған  баланың 

жүрегінен  орын  алудасыздар!  Ол  жүректер 

болашақ еліміздің болашағы үшін дамылсыз соға 

беретін болады. Қазіргі заман тәлімгері - заман 

талабына  сай,  жан-жақты,  білім  мен  тәрбиені 

ұштастыра  білген,  жаңа  технологиялармен 

қаруланған бала жанының бағбаны болады деп  

сенемін.  Сондықтан  өз  мамандықтарыңызды 

сүйіңіздер,себебі біздер тәлімгерлерміз!

 

Рысжан ШАМҰРАТОВА

Ақсай қаласы,Бөрлі ауданы

№6ЖОББМ-нің педагог-ұйымдастырушысы

Балаларға арналған тәлімгер жүрегі

Өзге тілді мектептегі қазақ 

тілінің мәртебесі 

                                                                                             «Өзге тілдің бәрін біл, 

                                                                                            Өз тіліңді құрметте» 

                                                                                          Қадыр Мырза Әлі

Тілдің өзегі, өріс алар жері – ең әуелі өз ортаң, отбасың, үй ішің. «Әуелі бесігіңді 

түзе» деген сөзді кемеңгер М.Әуезов бекерге айтпаса керек. Ұлт азаматы болып 

қалыптасу үшін ең алдымен ана тілін сүю парызың, Отан алдындағы қарызың.  

Подстепный №1 ЖОББ мектебінде тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту. 

Ұлтшыл  емес,  ұлттық  сана  -  сезімі  мол,  Отанын,  ана  тілін  өз  анасынан  кем 

сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын 

кеңейту, өзге ұлт өкілдері арасындағы қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып 

үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту 

мақсатында «Мемлекеттік тіл-ұлттық бірлігіміздің негізгі факторы» атты мектеп 

директоры А.Каймулдиновтың бастамасымен ұстаздар арасында дөңгелек үстел 

оздырылды.Кітапхана  қызметкері  А.Тариева  «Қазақстанның  болашағы-қазақ 

тілінде» деген елбасымыздың жолдауын негізге ала отырып, «Тіл туралы Заңнан» 

мәліметтер берді. Дөңгелек үстелде алдымен  мемлекеттік тілді игерудегі қиындық 

жолдары анықталса, ұстаздар  сол қиындықтарды шешу барысында  түрлі қазақ 

тілін игеруге арналған курстар, мектепішілік шаралардың ана тілінде мол болуы , 

мектеп ішінде тек қазақ тілінде ғана қызмет ететін радионың жұмыс істеуі сияқты 

келелі ұсыныстарын ортаға салды. Бұдан басқа мектебімізде «Жұма – қазақ тілі 

»  күні  болып  жарияланды.  Тіл  мүддесін  көтеруге  арналған  осындай  шаралар 

басқа да білім ошақтарында жиірек ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар еді... 

Мектебімізде ұйымдастырылған атаулы шарада өзге ұлт өкілдері мемлекеттік 

тілімізде  «Мен  қазақ  тілін  сүйемін»  деп  тіл  қатқанда  еріктен  тыс  өне  бойың 

елжіреп  сала  беретініне  көзім  жетті.  Сондықтан,  қаймақты  тілді  пайдаланбай, 

қаспақтың түбін қырғыштап жүргендерге айтарым: әркімнің ана тілі тірлік үшін 

керек, мемлекеттік тіл бірлік үшін керек.



Самал ЖҰМыРБАЕВА 

Подстепный №1 ЖОББМ-нің жас ұстазы 

Теректі ауданы

  Елжанды болу – әр азаматтың міндеті

Еліміздің  ертеңгі  сенімі  –  жас  ұрпақтың  бойына  туған  жерге, 

халқына  деген  сүйіспеншілікті  оятып,  патриоттық  сезімге  баулу, 

білімді, өнегелі ұрпақ етіп өсіру – қазіргі қоғамның өзекті тақырыбына 

айналуда.

Осы  мақсатта  жақында  Подстепный  қазақ  жалпы  орта  білім 

беретін мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері 

мен  Астана  қаласынан  келген  әскери-патриоттық  клубтардың 

республикалық ұйымының өкілі Зауырбек Мұқтарұлымен «Әскери-

патриоттық,  әскери-спорттық,  әскери  іздестіру  және  спорттық 

технологиялық клубтарды дамыту» тақырыбында кездесу семинары 

өтті. Кездесудің басты мақсаты – мектептерде әскери-патриоттық, 

әскери-спорттық,  әскери  іздестіру  және  спорттық  технологиялық 

клубтарды дамыту және ұйымдастыру.

Аудандық  білім  беру  бөлімінің  әдіскері  Ниеткалиев  Тілеп 

Бақтанұлы алдымен алыстан келген қонақтарды таныстырыпғаннан 

кейін, сөз алған  Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім 

бастығының орынбасары, майор Ербол Муканов ауданымызда жас жеткіншектердің әскери міндетін атқару кезінде 

өзінің  патриоттық  сезімін  жетілдіру  мақсатында  мектептерде    патриоттық  тәрбиені  басты  назарда  ұстауға  көңіл 

бөлініап  келе  жатқанына  тлқталды.  Теректі  ауданындағы  патриоттық  клубтардың  жетекшілерінің  өкілдері  ретінде 

Чапаев  ЖОББМ-нен  алғашқы  әскери  дайындық  пәнінің  мұғалімі  Валиев  Марат  Сағырұлы,  Покатилов  ЖОББМ-нен 

Юрьев Александр Сергеевич, Ы.Алтынсарин орта мектебінен Шыналиев Нұржан Орынғалиұлы секілді АӘД пәнінің 

мұғалімдері  өз  баяндамаларын  оқып,  өзара  әскери  клубтарды  дамыту  жөнінде  пікір  алмасты.  Астана  қаласынан 

келген  республикалық  әскери  патриоттық  клубтар  ұйымының  өкілі  Зауырбек  Мұқтарұлы  сөз  алып,  республика 

көлемінде патриоттық қозғалыстың дамуына ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырма беруіне байланысты, 

жаңадан дамып келе жатқан патриоттық клубтарды жетілдіру мақсатында әдістемелік көмек жасау үшін республика 

көлеміне  Астанадан  өкілдер  шығып,  осындай  кездесулерді  өткізіп  жатырғанын  хабарлап  айтты.  Кездесу  соңында 

Астана қаласынан келген өкіл Зауырбек Мұқтарұлы семинарға қатысушыларға әдістемелік көмек ретінде кітапшалар 

ұсынды.


Н. ИХСАНОВА 

Подстепный қазақ ЖОББМ-нің тәлімгері

Теректі ауданы 


№№23-24 (207-208)    13.12.2014 ж.

13

Өссе тілім, 

мен де бірге өсемін!

Ана тілім-сарқылмайтын бұлағым,

Ана тілім-қазынасы мұрамның.

Ана тілім-бостандығым, егемен,

Ана тілім-салт-дәстүрім, жыр-әнім.

Жеткізетін шыңына мұрат-білім,

Ана тілім-шұғыла, шуақ-күнім.

Талай ақын жырлаған шежірелі,

Аан тілім ежелден қымбат тілім.

Тілім менің арайланған ақ таңдар,

Уызындай ана сүтін татқандар.

От ауызды, орақ тілді шешендер,

Тіл арқылы жазып кеткен дастандар.

Ана тілім, киемсің, дара тұлғам,

Мен дағы өзің үшін жаратылғам.

Бұрмалауға тілімді жол бермеймін,

Сол үшін де әрқашан алға ұмтылам.

Жалғастырған ұлылардың жыр көшін,

Ана тілім сені білмеу бізге сын.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Сені ұмытып тоқ жүргенім құрысын!

Жанқылыш СЕРІкОВ

Ғ.Махамбетов ат. ОЖББМ-нің  

8-сынып оқушысы

Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы



Жас  қалам!

Абай ата


Жақсы көрем дана Абай атаны,

Барлық адам өлеңінен үлгі алады. 

Төрт мезгілге көркем өлең  

 

 



 шығарған,

Кім білмейді ұлы ақын атаны?!

Өлеңінің біразын мен оқығам,

Ұнағанын көңіліме тоқығам.

«Абай жолы» екі томдық кітапты,

Мұхтар атам көркем етіп 

шығарған.

Ұлпан ҚҰРМАНҒАЗИЕВА,

Д.Нұрпейісова атындағы орта 

мектептің 7-сынып оқушысы. 

«Қаламұш» үйірмесінің мүшесі.

Абай атаға 

 

Орта жүзде «Тобықты»-Құнанбайдан,

Абайдай ақын бар деп қуанайын.

Ұлы ақыннан қырық бес сөз қалыпты.

Пайдасына  жаратсын халқым ләйім.

Әлемді әндерімен тербелдірген,

Мөлдір бұлақ секілді өлеңменен.

Досына адал ,дұшпанға қатал болып,

Барлығын әділ жолмен шеше білген.

Қазақтың бас ақыны  Абай атам,

Қара табан , кедейге  болған қалқан.

Ру басқару ісіне құмарланбай,

Білімнің кәусарынан  сусындаған.

Қазақтың серісіндей саят  құрып,

Жылқыны құландарша  ойнақтатқан.

Бойындағы  қазақи әдет-ғұрып,

Қасиеті қазақтың  мақтан тұтқан.

Мен сіздей  білгір ақын болғым келер,

Ұстаздарым сол үшін білім берер.

Ата сіздей  данышпан болу үшін,

Талай еңбек,талай тер көп төгілер.

                                                                              

Айдос САҒыНдыҚ

Сарытоғай ОЖББ мектебінің 

8-сынып оқушысы, Ақжайық ауданы

«Менің тілім»

Ардағым, ел байлығым  тілім менің,

Өз тіліме бас иіп жүгінемін

Қазақ болып, өз тілін  түсінбеген,

Ойлап соны, жүрегім  тілімдедің.

Өз тіліммен  мен бүгін   мақтана алам,

Асылыңды жүректе сақта адам

Қазақ тілде өзге ұлт  сөйлеп тұрса,

Мен тағы мақтана алам, шаттана алам.

Өзге тілді құрметтеп жаттап алам,

Барлық тілді білсем  мен  мақтана алам 

Бірақ  менің тіліме  жетер  тіл жоқ,

Қазақ па ол, қазақ тілін сақтамаған.



Салтанат БИСЕМБАЙ

Сарытоғай ОЖББ мектебінің

 7-сынып оқушысы  

Ана тiлiм

Ана тілім-аруақты айбаттым,

Қадіріңнен айналайын қайраттым

Сенің мерей,беделіңді көтерем,

Ана тілім,мені ослай сайраттың.

Ана тілім-ойымның нық қазығы,

Ана тілім-жүректің жан азығы

Ана тілі арманы мол бабамның

Домбыраға қосып кеткен наз,үні!



                                  Айкөркем МҰХТАРОВА 

 Чапаев орта мектебінің 7-сынып оқушысы

                        Теректі ауданы, Долиный ауылы

ТІЛІМ 

МЕНІң АСыЛыМ

Оттай болып жанасың,

Әр адамға данасың

Жүректегі сөнбейтін,

Тілім менің дарасың.

Сен көктегі күндейсің,

Бәрімізге бірдейсің.

Анамыздай  асыл боп,

Сен мәңгілік жүргейсің.

Қастерлеңдер барлығың,

Ұлы тілді ұл-қызың.

Құрметтейік ұмытпай,

Мәңгілікке жандырғай.

  Алма ЖЕкСЕНОВА,

№1 ЖОББМ-нің  7 «а» сынып 

оқушысы, Чапаев ауылы, 

Ақжайық ауданы

Ақжайықтың 

Ақшағаласына арнау

Батыл қызы, ару қызы, ақын қызы қазақтың,

Қиналсаң да етегінен ұстамадың азаптың.

Сол үшін де мен өзіңді символы деп білемін,

Жүректегі үміт отын жандыратын ғажаптың.

Ақұштап-Жайық егіз есім бір-бірінен қалмайтын,

Шағаласын жайық жұрты тыңдаудан мүлде талмасын.

Нағыз ақын ақын ба, өлеңі еш ой салмайтын,

Нағыз ақын сіздей-ақ болосын тебірене тыңдайтын.

Әр сөзіңіз жібектей жеңіл, қорғасындай,

Әр жырыңыз поэзия ордасындай.

Жырларыңыз бірінен-бірі озып тұрат,

Аламан, қарбаластың додасындай.

Мен де бүгін сізге жырым арнадым,

Сіз секілді ақын болу арманым.

Ақын болу қиын жол білем, сонда да

Сізге ұқсап ақын жолын таңдадым.

Ақын жайлы көп қой сізден білеріміз,

Жасаңыз мәңгі, берік болсын тірегіңіз!

Мен сізбен мақтана алам, себебі

«Ақжайық» деп соқты мәңгі жүрегіңіз!

 

Айымгүл БАЗАРБАЕВА

Ақжайық ауданы, Кеңсуат ауылы,

Кеңсуат ОЖББМ 8-сынып оқушысы

«ӘРБІР БАЛА 

БАҚыТТы»

Дүние кезек болады 

Бір де кедей

Бір де бай

Дүние қуып алданып

Досын адам көрмейді

Қолына ақша  толғасын

Кедейді адам демейді.  

Жетімді көрсе жолында

Оны көзі көрмейді

Қатыгездік, жауыздық

Мақтаншақтық,кербездік

Бұл қасиет  табылар

Бай адамның көзінен

Баймын деп аспанға секірме

Арыңды ақшаға кетірме

Бала жүректен шыққан өлеңімді

Ойыңа сіңдіріп ұғып ал

Әрбір бала  бақытты  болсын

Өмірлері күлкіге толсын

Елімнің барлық қаласында

Жетім-жесір болмасын

Анасыз бала қалмасын

Айтқан сөзімді Алла қолдасын



 Тілекші ЖАҚСыҒАЛИЕВА

Сарытоғай ОЖББ мектебінің

7-сынып оқушысы  

Ақжайық ауданы

Ақ пен қара

Ақ пенен қара алмасып жүр-ау, адасып

Адамдар жүр әпендідей бірін-бірі алдасып,

Аппақ көңілде қара дақ қалады кейбірде

Қара да жүрер аппақ көйлекке жармасып

Ақ жүрек болып көрінер кейде қараулар

Адалдар болса, көрінбей қалар қарадан

Әділдік кейде шырылдап жетер кешігіп.

Жүре де  алмай жүрекке түскен жарадан

Таразыдай тең түскен ақ пен қара

Өмірдің сағатындай жүрген тура

Аппақ болып өрілген ақын жолы

Ақ параққа түседі сия-қара

динара ЖЖҮСІПОВА

Чапаев орта мектебінің 9-сынып оқушысы

Теректі ауданы, Долиный ауылы

 ӘкЕМЕ

Әкем менің-бақытым атар таңым

Әкем менің-жаңғырған асқар тауым

Өзіңмен бірге жүріп, бірге үйреніп,

Өмірде көкке өрлеп,оттай жандым.

Әкем менің-баға жетпес байлығым

Қасымда жүрсең ғана жайлымын

Алыстамай қасымнан жырақ кетпе,

Өзіңменен атырамын таң нұрын.

Ұл қызыңның бағы үшін аянбадың

Шарасыздық шалғанын қаламадың

Соңыңнан орны өшпестей із қалдырып

Артыңнан ұрпағың боп мен қаламын.

   Айнагүл БАҚТыгЕРЕЕВА

                            Есенсай ОЖББМ-нің 

оқушысы,  Ақжайық ауданы

Ақ жайығым

Ақын жыры жүректен шашылғанда,

Маржан сөздер сәуледей ашылғанда,

Әр заманның ақыны өздерінше,

Сұлулыққа жырымен қосылғанда. 

Сұлулық туған жердің жыры емес пе?

Сұлулық тән қасиет туған жерге

Бар нәрсені туған жермен көрді емес пе?

Етек жайып онымен туды бірге,

Туған жер баршаны тәнті еткен.

Туған жер байлықтан да асып өткен.

Отаныма қызыққан жауларымды,

Арыстай батырларым шаншып кеткен.

Туған жерден ақындар шабыт алған.

Туған жер деп батырлар рух шақырған.

Халқының қамын ойлап талай хандар,

Ақжайық жағасына кеп ойланған. 



Эльдар ТОҚТАСыНОВ

№20 жалпы орта білім беретін мектептің 

5 сынып оқушысы

Ана

Айналдым ана деген асыл аттан,

Шуағын бар әлемге шашыратқан.

Ойнап жүрген баласын даладағы,

Үйде отырып даусынан ажыратқан.

Анамды жақсы көрем ,сағынамын,

Айтқанынан шықпаймын бағынамын.

Айналайын анашым қартаймашы,

Мен саған мәңгілікке қарыздармын.

 Айнара СЕРІк

  Чапаев ауылы, 

№1 орта жалпы білім беретін 

мектептің 7 «а» сынып оқушысы

Ер жігітке жарасар

Ер  жігітке жарасар арман болған

Ер жігіттің іші жыр,сырға толған.

Ер жігітке жарасар шебер болған.

Бұйымдарды жасаған шебер қолдан

Ер жігітке жарасар ақын болу,

Достары мен ағайынға жақын болу.

Ер жігітке жарасар бәрінен де,

Елін,жерін қорғайтын батыр болу.

    


Мөлдір дӘРІБАЕВА

Есенсай ОЖББМ-нің 8-сынып 

оқушысы, Ақжайық ауданы.

Ана


Құрметті ана, аяулы ана,

Дүниеге әкелген сен ғана.

Абзал жаның қымбат маған,

Жайнап тұрған күлкің ғана.

Құрметті ана, аяулы ана,

Сен барда жайнар өмір.

Шабыттанған үнің ғана,

Асыл ана!

Құрметті ана, аяулы ана,

Өмір деген жайнап тұрар.

Өмірімде аналар көп,

Ақылды ана, ардақты ана.

Құрметті ана, аяулы ана,

Өмірімдегі сен ғана.

Алақанмен мәпелеген

Өзің ғана.

Құрметті ана, аяулы ана,

Мөлдіреген көзің ғана.

Дүниедегі жарық жұлдыз,

Аяулы ана.

Темірлан СЕРІк

Ақжайық орта мектебінің 4-сынып

Ақжайық ауданы

Аяулы ана

Күн нұрынан жаратылған аяулы ана

Әдемісің, аяулысың сен ғана

Махаббатың жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай жарқылдайсың  

 

 

    тек қана



Ержеткізіп аялап бізді өсірген

Ақылыңмен көпті көріп көп білген

Шырылдайсың ұядағы 

балапандай 

Ұшып келіп ақыл нәрін бізге сепкен

Аяулы ана ардақты ана пейілің

Ақылыңмен біліміңмен гүлдеймін

Жан бересің тән бересің сен маған

Өмірімде бұндай ана жоқ маған

АЙ жұлдыздай жарқылдайсың аяулы ана

Ай мен күндей жарасқансың аяулы ана 

Сен болмасаң мен жер басып журмес ем

Тәлім берген тәрбиені қоса берген анашым

Күн нұрынан жаратылған аяулы ана

Әдемісің аяулысың сен ғана

Сен болмасаң мен дүниеге келермем

Қартайсаңда өле көрме анашым.

Бекзат МАкСИМОВ

Ақжайық орта мектебінің 4-сынып

Ақжайық ауданы

Анашым


Дүниедегі ең ардақты асыл жан

Анам мені мәпеледі жасымнан.

Маған қарап күлімдейді анашым.

Мен қиналсам табылады 

 

 

   қасымнан.



Маған қымбат жан жоқ сірә 

анадан,


Бар жақсылық аналардан таралған.

Жер бетіне өмір нәрін себуші

Ана алдында борышты ғой бар адам. 

Регина РАМАЗАНОВА

Ақжайық орта мектебінің 4-сынып

Ақжайық ауданы

Күз мезгілі

Күз мезгілі алтын сары  

   


 

    жапырақты

Көз тоймайды қарасаң күзгі бақты

Жинаймыз күзгі бақтан қауын- 

 

  

    қарбыз



Қиярды,қызанақты, асқабақты

Солады күзде гүлдер ,қамыс шөптер

Сары түске боялады таулы бөктер

Түнереді көк аспан күн күркіреп

Жаңбыр жауар бір құйып,бір сіркіреп

Суық мезгіл,жадыраға  жаз күні жоқ

Жұлдызды жарқыраған бір түні жоқ

Батбақты,әрі ылғалды күз мезгілі

Құстардың сайрап тұрған бір үні жоқ

Шық тұрадықоңырқай сары шөпке

Қоюланып жиналады сұр бұлт көкке

Домбығып екі беті ызғар күнмен

Оқушылар бара жатты мектептерге



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет