Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


басы  бос  қоя  берілемін  деп  ойлай  ма?  Ол  (әу  баста)



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата29.12.2016
өлшемі3,36 Mb.
#686
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

басы  бос  қоя  берілемін  деп  ойлай  ма?  Ол  (әу  баста) 
тамызылған бір тамшы шәует емес пе еді?»
Шәуеттегі қоспа сұйықтар
Шәует  сұйығы  –  тек  аталық  клеткалардан  ғана 
тұрмайтынын  ғылым  дәлелдеп  отыр.  Керісінше,  ол 
бір-бірінен  бөлек  әр  түрлі  сұйықтардың  қоспасынан 
тұрады.  Бұл  сұйықтар  аталық  клетканың  қажет  ететін 
энергияны  тасу,  аналық  клетканың  кіре  берісіндегі 
түрлі  қышқылдарды  нейтралдау,  аталық  клетканың 
қозғалысына  қажет  тайғақ  ортаны  ыңғайлау  сияқты 
қызметтері бар.
Ақиқат айнасы – Құранда шәуетті қоспа сұйық деп 
бейнелеп, енді-енді ашылып жатқан ғылыми детальдарға 
ишарат  жасап  тұрғаны  таңдай  қақтырады.  «Біз  адамды 
әр түрлі аралас қоспа шәуеттен жараттық...»
55

Сәбидің жынысы
Адамдар көпке дейін сәбидің жынысы аналық клет-
калар тарапынан айқындалады деп есептеп келген. Алай-
да, VII  ғасырда  түскен  Құран  Кәрімде  бұл  мәселе  тура-
лы басқаша мағлұмат беріліп, сәбидің жынысы құрсаққа 
құйылған  аталық  сперматозоидтан  жаратылғаны  айты-
лады:  «Ол  (Алла  Тағала)  еркек  пен  ұрғашы  жұбын 
ытқып шыққан ер кісінің шәуетінен жаратты»
56

55
   Инсан сүресі/2.
56
  Нәжім сүресі/45-46.

135
ИМАНИ ГҮЛ
Құранда баяндалған бұл деректің растығы генетика 
мен  микробиология  ғылымдарының  дамуы  нәтижесінде 
дәлелденіп  отыр.  Жыныс  еркектен  келетін  аталық  клет-
ка  тарапынан  айқындалады,  ал  әйел  ағзасы  бұл  жерде 
ешқандай рөл ойнамайды.
Жыныс  –  адам  ағзасындағы  хромосомаларға  бай-
ланысты.  Ағзадағы  барлығы  46  хромосоманың  екеуі  – 
жыныс хромосомалары деп аталады. Бұл екі хромосома 
еркектерде ХУ, әйелдерде ХХ ретінде белгіленеді. У хро-
мосомасы еркектік, ал, Х хромосомасы әйелдік гендерді 
тасиды.
Адам  баласының  түзілуі  –  жұптала  жүретін  осы 
хромосомалардың еркек пен әйелдің бір-бір жұптарының 
бірігуі арқылы іске асады. Әйелдегі бұл жұптың екеуі де 
Х болса, еркектерде біреуі Х, екіншісі У болады. Демек, 
жаңа жаратылған сәбидің ұл болуы – ана ағзасындағы Х 
хромосомасымен аталық клеткадағы У хромасомасының, 
ал қыз болуы Х хромосомасымен бірігуі нәтижесінде пай-
да болады. 
Құрсаққа ілініп тұратын ет
Құран  дариясына  сүңги  түссек,  ана  құрсағындағы 
сәбидің  даму  кезеңдері  туралы  әлі  көптеген  деректерге 
қанығамыз.
Аталық клетка мен аналық клетканың бірігуі арқылы 
құралатын зигота атты жалғыз клетка сол арада бөлініп, өсе 
бастайды да, бір түйір етке ұқсайды. Алайда, зиготаның 
бұлайша өсуі бос алаңда мүмкін болмағандықтан, ол ана 
құрсағына жабысып, ілініп тұрады. Осылайша өзінің өсуі 
үшін қажетті қоректі ана ағзасынан емуіне де мүмкіндік 
туады. Талайды таң қалдырған бұл ақиқат Құран аятын-
да  былайша  баяндалады:  «Сені  жаратқан  Раббыңның 

136
ИМАНИ ГҮЛ
атымен оқы! Ол адамды жабысқақ нәрседен (жатырға 
жабысқан клеткадан
57
) жаратты»
58
.
«Әлақ» сөзі араб тілінде – ұйыған қан және бір жерге 
жабысып, ілініп тұрған нәрсе деген мағынаны білдіреді.
Сүйектердің бұлшық етпен қапталуы
Құранның тағы бір баға жетпес мұғжизаға толы аяты 
ана құрсағындағы сәбидің өсу кезеңдеріне тоқтала келе, 
алдымен сүйектер бітіп, кейін сол сүйектерді бұлшық ет-
тер қаптайтыны туралы былайша сыр шертеді: «Расын-
да, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. 
Сосын  оны  шәуеттің  бір  тамшысы  күйінде  мықты 
жерге  орналастырдық.  Сосын  ол  тамшыны  алақаға 
(жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын оны мудғаға 
(бір  тістем  ет  көрінісіндегі  жаратылысқа)  сосын 
мудғаны  сүйектерге  айналдырдық,  сосын  сүйектерді 
етпен  қаптадық,  сосын  оны  басқа  бір  жаратылыс 
жасадық. Алла – ең керемет Жаратушы»
59

Ана құрсағындағы сәбидің өсіп-жетілуін зерттейтін 
эмбриология ғылымы – көпке дейін сүйектер мен бұлшық 
еттер бірге құралады деген қате тұжырымда болып кел-
ген  еді.  Тек  технологияның  дамуы  нәтижесінде  ақиқат 
айғақтарына қол жеткізіліп отыр.
14 ғасыр бұрын, яғни ғылымның дамымаған, микро-
скоп,  УЗИ  сияқты  құралдардың  жоқ  кезінде  құрсақтағы 
сәбидің  өсіп-жетілу,  даму  кезеңдерін  дөп  басып,  бүге-
шігесіне  дейін  дәлме дәл  айтып  кеткен  Құранның 
жаңалықтарын  соңғы  технологиялардың  көмегімен  енді 
57
  Негізінде жалпы тәпсіршілер «алақ» сөзін ұйыған қан пішінінде 
көрінетін  ұрықтандырылған  клетканы  айтады.  Бірақ  кейбір 
кейінгі  тәпсіршілер  алақ  сөзін  жоғарыда  айтылған  жабысқан 
клетка мағынасына да келетінін айтады.
58
  Алақ сүресі/1-3.
59
  Муминун сүресі/12-14.

137
ИМАНИ ГҮЛ
ғана тапқан қазіргі эмбриология ғылымы Құранға еріксіз 
таң  қалса,  ар-ожданы  ояу  жандар:  «Бұл  кітап  Алланың 
шынайы сөзі» деп иман келтіруде.
Биікке көтерілген сайын  
кеуденің қысылуы
Адам баласының өмір сүруі үшін оттегінің мәні айт-
паса да белгілі. Біздің дем алуымыз – ауадағы оттегінің 
өкпемізге  кіруін  қамтамасыз  етеді.  Ал,  биіктеген  са-
йын  жер  шарының  атмосферасы  жұқара  түсетіндіктен, 
атмосфераның  қысымы  мен  қан  айналымына  түсетін 
оттегінің  мөлшері  азая  түседі.  Яғни,  дем  алу  қиындай 
түседі  де,  өкпе  қысылады.  Белгілі  бір  биіктіктен  кейін 
адам баласы дем ала алмайды. Теңіз деңгейінен 5000-7500 
метр биіктіктегі адам дем алудың қиындығынан талып та 
қалады.  Осы  жоғарыға  көтерілген  сайын  оттегінің  азая 
түсетінін  қазіргі  ғылым  соңғы  ғасырларда  тауып  отыр-
са, Құран 1400 жыл бұрын былай деп дөп басып айтып 
кеткен: «Алла кімді тура жолға салғысы келсе, оның 
көкірегін  Исламға  ашады.  Ал  кімді  адастырғысы 
келсе, оның көкірегін бейне бір көкке көтеріліп бара 
жатқандай қысады»
60

Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  ұшақ  жасап,  биікте 
көтеріліп  ұшпағанын  және  өмір  сүрген  Мекке, 
Мәдинаның  төңірегінде  төбесіне  шыққан  адамның 
кеудесі  қысылатындай  биік  таулардың  жоқтығын  ескер-
сек, бұл ақиқатты жеткізген Мұхаммедтің (с.а.у.) шына-
йы пайғамбарлығы мен Құранның хақтығының алдында 
қалайша бас имессің?!
60
   Әнғам сүресі/125.

138
ИМАНИ ГҮЛ
Жаңбырдағы өлшем
Құран  Кәрімде  жаңбырдың  белгілі  бір  мөлшерде 
жауатыны туралы былай делінген: «Алла Тағала көктен 
белгілі бір мөлшермен су жіберуде. Біз онымен өлі бір 
өлкеге жан беріп, құлпырттық. Міне, сендер де осылай 
қайта тірілесіңдер»
61

Жаңбырға  байланысты  айтылған  бұл  мөлшер  де 
технология мен ғылымның дамыған біздің заманымыз-
да  табылып  отыр.  Зерттеулердің  нәтижесі  бойынша, 
жер  бетінен  секундына  16  миллион  тонна  су  буланып 
ауаға көтеріледі. Бұл мөлшер жылына 505 триллионды 
құрайды. Дәл осы мөлшер бір жылда жер бетіне жауа-
тын  жаңбырдың  да  мөлшері  екендігі  таңдандырады. 
Яғни,  су  әрдайым  белгілі  бір  тепе-теңдікте  айналып 
тұрады. Егер бұл тепе-теңдікте өзгеріс туа қалса, әлемде 
үлкен  экологиялық  ауытқулар  белең  алып,  тіршіліктің 
тоқтауына әкеліп соғу да бек мүмкін.
Жаңбырдағы  мұндай  аса  бір  шебер  өлшем  тек 
оның  мөлшерінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  жерге  түсу 
жылдамдығында  да  байқалады.  Жаңбыр  бұлттары  ең  аз 
дегенде 1200 метр биіктікте болады. Егер де үлкендігі мен 
салмағы жаңбыр тамшысындай бір зат мұндай биіктіктен 
құласа, жерге 558 км/сағ жылдамдықпен келіп түсер еді. 
Алайда, жаңбыр тамшыларының ерекше формасы бұған 
мұрсат  бермейді.  Жаңбыр  бұлттары  қандай  биіктікте 
болса да, тамшылардың жер бетіне түсетін жылдамдығы 
орташа алғанда 8-10 км/сағ-дан аспайды
62
.
•  Атақты  батыс-шығыс  ғалымдарының  Құранға 
таң  қалып,  оның  Иләһи  кітап  екендігін  мойындап,  рас-
тауы  ойланғанға  ғибрат.  Мысалға:  C.  Харт:  Құранның 
61
   Зухруф сүресі/11.
62 
 Адем Якуп, Куран мужизелері. Несил Матбажылык, 2003 ж.

139
ИМАНИ ГҮЛ
Алла  тарапынан  Пайғамбарымызға  (с.а.у.)  уахи  арқылы 
жіберілгендігін,  Жан  Поуль  Роул:  Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) ең үлкен мұғжизасының періште арқылы жіберіл-
ген Құран Кәрім екендігін, Виктор Имбердес: Құранның 
бүтін  заң  негіздеріне  қайнар  көзі  бола  алатындай  бай 
кітап екендігін, Доктор М. Букайле: Құранның көптеген 
ғылыми  жетістіктердің  негізін  қамтығандығын  толық 
зерттеп  және  ондағы  басқа  да  ақиқаттарға  тәнті  болып, 
мұсылман болғандығын, Родвел: Құранды оқыған сайын 
таң қалатындығын айтса, Гете: Бұл кітап (Құран) мәңгілік 
күш – қуаттың қайнар көзі болып қала бермек, Капитан 
Кусто:  «Қазіргі  ғылымды  он  төрт  ғасыр  артқа  тастаған 
Құранға ант етейін, ол – Алланың хақ сөзі» деген. Абай 
атамыз:  «Алланың  өзі  де  рас,  сөзі  де  рас,  Рас  сөз  еш 
уақытта  жалған  болмас»,  –  деп  Құранның  хақ  екендігін 
білдірген.

АҚЫРЕТКЕ ИМАН
«Біз сендерді бостан-босқа жараттық 
әрі өздерің де Бізге кері қайтарылмаймыз 
деп ойлап қалдыңдар ма?»
«Әл-Муминун» сүресі
«Адам баласы ұйқыда, өлгенде ғана оянады»
Хазіреті Әли
 

141
АҚЫРЕТКЕ ИМАН
Өлгеннен  кейін  қайта  тірілу,  мәңгілік  өмірдің 
барлығы – Исламда, тіпті, жалпы барлық діндерде негізгі 
сенімдердің бірі. Иә, мәңгілік өмірге құштар боп, шексіз 
өмірді  аңсап-армандап  зыр  жүгірген  адам  баласының 
тулаған  жүрегі  мен  мазаланған  көкірегі  өлгеннен  кейін 
қайта  тірілу  сенімі  арқылы  ғана  жай  тауып,  санасын 
шырмаған күрделі сауалдардың жауабына сол кезде ғана 
қол жеткізеді.
Ұлы  Жаратушының  адам  баласының  екі  дүние 
бақыты үшін түсірген ақырғы кітабы – Құран Кәрімнің 
өлгеннен кейін қайта тірілу тақырыбын жалпы кітаптың 
шамамен  үштен  бірінде  сөз  қозғауы  бұл  сенімнің 
қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек. Ақыреттің 
болатыны еш күмәнсіз хақ. Бір ақынның:
«Әлемдегі діндердің түп мақсұты
Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар:
Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын,
Еш  діннің  мақсұты  жоқ  мұнан  асар»,  –  деп 
жырлағанындай тарихқа қарасақ, жалпы адам баласының 
бір пікірде тоғысқан мәселесі – осы ақыретке деген сенім. 
Адам  Атадан  бастап  жер  бетіне  келіп-кеткен  барлық 
пайғамбарлар Ұлы Жаратушының барлығы мен ақыреттің 
еш  күмәнсіз  хақ  екендігін  жар  салса,  жүрегі  нұрланған 
күллі  ғалымдар  мен  ұлы  ойшылдар  бұл  сенімге  бекем 
иланып,  мына  жалған  уақытша  өмірлерінің  ағысын  сол 
бір  мәңгі  өмірге  қарай  реттеп,  бағыт  түзеп  ғұмыр  кеш-
кен.  Міне,  осы  ұлан-асыр  тарих  пен  осыншама  зәңгір 

142
ИМАНИ ГҮЛ
тұлғалардың  ақырет  турасында  бір  пікірге  келісуі  – 
ақыреттің  хақ  екендігін  білдіретін  басқа  дәлелелдерге 
жүгінуді  қажет  етпейтіндей  қуатты  дәлел.  Себебі,  бес 
өтірікші адам бірінен кейін бірі келіп, орманды өрт ша-
лыпты  десе,  «бұлардың  айтқаны  рас  боп  қалар»  деген 
ойда  қаламыз.  Бұл  сан  бес  емес,  онға  жетсе,  жеткізген 
хабарларына сене бастаймыз. Ал, енді өтірік айту ауруы-
нан пәк жер бетіне келіп-кеткен барлық пайғамбарлар мен 
жалған сөйлеуді ар санайтын сансыз әулие, ғұламалардың 
барлығы ақыреттің бар екенін ескертіп, өздері де айтқан 
сөздерін ораза, намаз сияқты ғибадаттары мен жалпы іс-
әрекеттері арқылы қуаттап жатса, ақыреттің бар екендігіне 
күмән келтіру орынсыз болмақ.
Бірақ соңғы ғасырларда мына материалдық дүниенің 
қыспағы  мен  қараңғы  қапасында  қалып,  тұншыққан  са-
намызда  өлімнен  кейін  қайта  тірілу  сенімі  азды-көпті 
әлсіздікке ұшырағаны рас. «О дүниеге біреу барып келіп 
пе?» немесе «ақыреттің болатынына кім кепіл?» деген-
дей сұрақтарды мұртынан күліп қойып жататындардың да 
ел ішінен табылуы осының айғағы.
Ондай  адамдардың  көбі  күнделікті  әдет  еткен 
нәпсісіне ұнайтын күнә істерді тастағысы келмегендіктен 
және  ораза,  намаз  сияқты  ғибадаттарды  орындауға 
ерінгендіктен  қайта  тірілудің  болатындығын  білдіретін 
сансыз  дәлелдерге  көз  жұмып  қарайды.  Өйткені  он-
дай  адам  адал-арам  демей  рахаттануды,  жақсы-жаман 
деп  талғамай  нәпсісін  қанағаттандыруды  қалайды.  Ал 
қайта тіріліп, істеген барлық ісіне есеп беру сенімі оның 
осы  рахатына  бөгет  болып,  кедергі  жасайтындықтан, 
оны жоққа шығару мұндай адам үшін әлде қайда жеңіл. 
Сөйтіп,  соқырға  айналған  ақылы  тізгінін  нәпсісінің 
қолына ұстатып, ақыретті жоққа шығару үшін сан қилы 
дәлел іздеп, адасқан сайын адаса түседі. Құранда: «Есеп 

143
ИМАНИ ГҮЛ
күнін тек шектен шығушы әрі күнәһар адамдар ғана 
жалғанға шығарып, сенуден бас тартады»
63
 – делінеді.
Ойын-сауық  қуып  жүріп  уақытын  босқа  өткізіп, 
ұстазы  берген  тапсырмаға  салғырт  қарап  емтиханға 
дайындалмаған  оқушы  психологиялық  тұрғыдан 
емтиханның  болғанын  қаламайды.  Ұстазының  аурып 
қалуын  яки  басқа  бір  себеппен  келмей  қалуын  іштей 
қатты қалайды.
Міне,  тура  осы  сияқты  мына  дүниедегі  көл-көсір 
уақытын  босқа  өткізіп,  Раббысы  міндеттеген  тапсырма-
ларын  орындамай  күнәға  белшесінен  батқан  пенде  де 
ақыреттің болуын іштей қаламайды. Өйткені ол ақыретте 
болатын  есеп  күніне  дайындала  алмаған.  Ал  ақыреттің 
болуын іштей қаламаған мұндай жан қайта тірілуге бай-
ланысты көз алдындағы сансыз дәлелдерді көре алмайды. 
Тіпті ол турасында ойлағысы да келмейді.
Ақыретте болатын есеп күніне салихалы амал, сауап-
ты іс істеп әзірлене алмаған адам тозақты былай қойғанда, 
жұмақтың өзін іштей қаламайды. Тіпті басқа ізгі іс істеген 
жандардың кіруіне де қызғаныш көзімен қарағандықтан, 
жұмақтың, жалпы қайта тірілудің болуына қарсы шығады. 
Мұндай  психологиядағы  адам  жүйелі  түрде  тепе-теңдік 
сақтап  салмақты  ойлауды  жоғалтқандықтан,  әрдайым 
қайта тірілуді жоққа шығаруға тараптар әрі бейім тұрады. 
Ал  бейім  болған  жан  қайта  тірілуді  жоққа  шығаруға 
байланысты  атеистердің  келтірген  әлсіз,  күмәнді,  түкке 
тұрмайтын  дәлелдерін  қуатты,  айқын  дәлел  санап  өзін-
өзі алдай береді. Бейне бір басын ғана құмға сұғып өзін 
дұшпанынан жасырдым деп ойлаған ақымақ түйеқұстың 
кейпіне  енеді.  Мұндай  адамдар  мына  дүниеде  жасаған 
күнәларының  есебін  беруден  қашқандықтан,  қайта 
63
   әл-Мутаффифун сүресі/12.

144
ИМАНИ ГҮЛ
тірілуді  жоққа  шығару  үшін  сан-қилы  сылтау  айтып  өз-
өзін жұбатады.
Құранда:  «Оларға  есеп  күніне  байланысты  аят-
тарымыз оқылған уақытта: «Бұлар бұрынғылардың 
аңызы  ғой»  деп  өте  шығады»
64
  –  деп,  кәпірлерге 
ақыреттің  болатындығын  білдіретін  дәлелдер  айтылған 
кезде ақырет есебін қаламағандықтан, барынша елемеуге 
тырысатындығы баяндалады.
Өлілерді қайта тірілту құдіреті шексіз  
Алла үшін қиын емес
Еш шаршамастан жеті қабат аспанды жаратып, оны 
ғасырлар  бойы  еш  ақау-кемшіліксіз  басқарып  тұрған 
Жаппар иеміз Алла Тағаланың адамдарды өлгеннен кейін 
де қайта тірілтуге құдіреті толық жетеді. Құранда: «Күллі 
Аспан әлемі мен жерді жаратқан әрі оларды жаратқан 
уақытта еш шаршап-шалдықпаған Алланың, өлілерді 
қайта тірілтуге құдіретінің толық жететінін (Ақыретке 
сенбейтіндер)  көрмейді  ме?  Иә,  Ол  әр  нәрсеге  толық 
құдіретті»
65
 – делінген. Басқа бір аятта: «Көк әлемі мен 
жерді жаратқан Алланың олардың ұқсасын жаратуға 
құдіреті толық жетеді емес пе? Әрине, толық жетеді. 
Ол – (әр нәрсені) толық білетін жаратушы»,
66
 – делінсе, 
«Назиғат»  сүресінің  27-аятында:  «(Ей  қайта  тірілуге 
сенбейтіндер!  Ойланып  ақылға  салыңдар!)  Сендерді 
қайтадан жарату қиын ба? Жоқ әлде аспанды ма? (көз 
салып, қараңдаршы) Алла аспан әлемін қалай мықты 
етіп жаратқан», – деп төбеміздегі мына бас айналдырар 
таңғажайып  үйлесімді  жүйемен  әрі  дәлме-дәл  есеппен 
істеп тұрған ұшы-қиыры жоқ аспан әлемін, жымыңдаған 
64
   әл-Мутаффифун сүресі/13.
66
  Ахқаф/33
66
   Иасин сүресі

145
ИМАНИ ГҮЛ
жұлдыздарды жаратқан Алла Тағала үшін өлгеннен кейін 
адам баласын қайта тірілтудің еш қиын еместігіне наза-
рымызды  аударады.  Иә,  осыншама  миллиардтаған  га-
лактикалар  мен  ондағы  сансыз  жұлдыздарды  жаратып, 
оларды бір-бірімен қақтығыстырмай, белгілі бір жүйемен 
ғасырлар бойы ұстап тұрған Құдіреттінің, әлбетте, адам 
баласын қайта тірілтіп, жан беруге құдіреті толық жетеді.
Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?
Ей, Адам!
Шірігенді кім тірілтер деп адаспа!
Тірілтеді, Кім жаратса оны әу баста!
Қайта  тірілуге  сенбейтін  бұрынғы  адам-
дар  мен  қазіргі  кейбір  замандастарымыздың  бұл 
тұрғыдағы  күмәндары  мен  келтіретін  дәлелдерінде  еш 
айырмашылық жоқ. Өйткені бәрінің қайта тірілуге деген 
көзқарасы біреу – «шіріп кеткен сүйекті кім тірілтеді?»
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде де өлгеннен кейін 
қайта тірілуге сенбейтіндер болатын. Бір күні Убай ибн 
Халаф  Алла  елшісінің  жанына  келіп,  қолындағы  шіріп 
кеткен  бір  сүйекті  ұстап  тұрып  келеке  еткен  сыңаймен 
былай деді:
–  Алла  Тағала  мына  сүйекке  жан  беріп,  қайта 
тірілтеді, солай ма?
Алла Расулы (с.а.у.):
–  Әрине, оған жан беріп тірілтеді, әрі сені тозағына 
салады, –  деп жауап берді.
Осы оқиғаға байланысты «Ясин» сүресінің төмендегі 
аяттары түсті: «Адам баласы біздің оларды бір тамшы 
судан  жаратқанымызды  көрмей  ме?  Сөйте  тұра  ол 
бізге ашық дұшпан болды. (бір тамшы судан) Қалай 
жаратылғанын  ұмытып,  бізге  былай  деп  мысал 

146
ИМАНИ ГҮЛ
келтірді: «Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?» Оларға: 
«Оларды әу баста кім жаратса, қайтадан тірілтетін де 
Сол  және  де  Ол  барлық  жаратылысты  толық  біледі 
де», – деп кеше мен бүгіннің адамдарының қайта тірілуді 
жоққа  шығару  барысында  келтірген  дәлелдері  мен 
күмәндарына  назарымызды  аударып,  олардың  келтірген 
айғақтарының түкке тұрғысыз екенін көрсетеді.
Осыдан бір ғасыр бұрын жер бетінде қайсымыз бар 
едік?  Бәріміз  жоқ  емес  пе  едік?  Солай  бола  тұра  адам 
баласы  өзінің  бір  тамшы  судан  жаратылғанын  ұмытып, 
өзін  жоқтан  жаратқан  Раббысының  қайта  тірілтетініне 
күмәндана қарап, өзінше даңдайсып «шіріген сүйектерді 
кім  тірілтеді?»  –  деп  мысал  келтіреді.  Иә,  өзін  жоқтан 
жаратқан  Аллаға  иман  келтіре  отырып,  қайта  тірілтетін 
құдіретіне  күмән  келтіретіндердің  ойы  мүлде  түсініксіз, 
дәлелі тіпті қисынсыз, ақылға теріс.
Қол сағатты алғаш тауып, жасаған шебер адам бізге: 
«Мына  сағатты  қазір  бұзып,  қайтадан  жасауға  ілімім 
әрі  қабілетім  толық  жетеді»  десе,  еш  күмәнсіз  сенер 
едік. Ал, енді біздерді жоқтан тіршілік бетіне шығарған 
Ұлы  Жаратушымыздың  бізді  өлтіргеннен  кейін  қайта 
тірілтетініне  күмәндана  қарап,  шексіз  құдіретіне  шүбә 
келтіру орынды ма?
Рухымыз
Адам баласы – тән мен жаннан жаратылған ғажайып, 
сиқырлы дүние. Оның материалдық тәнінің жанында ру-
хани  жағы,  яғни,  жаны  бар  екені  еш  талассыз  шындық. 
Егер  адам  баласы  ет,  сүйек,  қан  сияқты  нәрселерден 
тұратын  тек  қана  материалдық  бір  жаратылыс  болатын 
болса, ғылымның шарықтап дамыған осы заманда керемет 
соңғы үлгідегі құралдар арқылы ажалы жеткен жандардың 

147
ИМАНИ ГҮЛ
өліміне араша түсіп құтқарып қалмас па едік?! Алайда та-
рихта осы дүниеде мәңгілікке қол жеткізген ешбір тұлға 
жоқ. Жеткізуі де мүмкін емес. Өйткені тәнімізді басқарып 
тұрған  жанымыз  Ұлы  Жаратушымыздың  әмірімен 
тәннен  шыққаннан  кейін  оны  қайта  әкеліп  қосуға 
ғылымның да, басқаның да шамасы жетпек емес.
Иә,  денеде  рухтың  бар  екендігіне  қарсы  дау  айтар 
ешкім жоқ. Сондықтан оны дәлелдеп жатудың өзі артық. 
Десек те, жан жоқ дейтіндерге әрбір адамнан табылып жа-
татын мына бір жауаптың мәнін жаза кетуді жөн көрдік.
Егер кез келген адамға: Миың, жүрегің, көзің, аузың, 
қол-аяғың,  барлық  дене  мүшелерің  кімдікі  делінсе? 
Менікі дері сөзсіз. Ал енді барлық дене мүшесін менікі 
деп тұрған « Мен» кім? Оны деп тұрған оның рухы, яғни, 
жаны. Демек, «Мен» дегеніміз, ол– рухымыз, ал «Менікі» 
дегеніміз, ол – денеміз.
Абай атамыз жанның өлмейтіндігін, оның тұрақтап, 
мекен тебетін басқа бір мәңгілік өмірдің бар екенін былай 
деп тілге тиек етеді:
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Бірақ ол ойнап-күліп қайта келмес,
«Мені» мен «Менікінің» айырылғанын
Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес».
Яғни,  рухымыз  өлмейді.  Ол  денеден  айырылғаннан 
кейін  өзінің  мәңгілік  мекеніне,  негізгі  отанына  сапар 
шегеді.
Қазақ халқы жан тәсілім еткен адамға өлді демейді, 
«қайтыс»  болды  дейді.  Бұл  сөздің  астарынан  жанның 
өлмейтіндігі, басқа бір мәңгі өмірге қайта қайтатындығын 
түсінуге болады.
Алла  Тағала  адам  баласына  арғы  дүниеде  мәңгілік 
ғұмыр  сыйламақ.  Жаппар  иеміздің  мәңгілігі  –  ешкімге 
тәуелсіз  мәңгілік.  Ал  адамның  жұмақ  яки  тозақта  мәңгі 

148
ИМАНИ ГҮЛ
болуы  –  Ұлы  Жаратушымыздың  мәңгілігіне  тәуелді  әрі 
Оның  мәңгілігінің  дәлелі.  Міне,  адам  баласының  сол 
мәңгілік  ғұмыр  үшін  қайтатын  орнын  ақырет,  жұмақ, 
тозақ дейміз.
Рухымыздың мәңгілікті аңсауы
Кез  келген  адам  баласы  машақат,  бейнетке  толы, 
найзағай  жылдамдығына  пара-пар  қалай  зымырап  өтіп 
кеткені  түсініксіз  мына  қамшының  сабындай  қысқа 
ғұмырға  қанағаттанбайды.  Оның  рухы,  жан  дүниесі 
мәңгілікті  аңсайды.  Шексіз  өмір  мен  бақи  дүниеге 
құштарланып  тұрады.  Өзінің  бір  ғасырға  да  жетпейтін 
жалған,  шектеулі  өмірін  ойлап,  бүгін  басып  жүрген 
қара  жерді  ертең  көрпе  етіп  жамыларын  сезінген  сәтте 
мәңгілікке құштар жан-жүрегін қайда қоярын білмей, ұй-
қысы  қашып,  шарасыздықтан  мазасыздана  түседі.  Адам 
баласының рухын мәңгілікке құштар етіп, оған екінші ба-
қи өмірге деген ынтық сезім берген Алла Тағала, әлбетте, 
оған  аңсап,  армандаған  мәңгілік  екінші  өмірді  береді. 
Олай дейтініміз жер жүзін сан алуан дәм мен жұпар иісті 
әр түрлі жеміс-жидек пен тағамдарға толтырып, адам ба-
ласына соларды татып көретін дәм тату сезімін сыйлаған 
аса жомарт Жаппар иеміз егер адам үшін мәңгілік өмірді 
жаратпайтын болғанда, оның тулаған жүрегіне мәңгілікке 
деген құштарлық сезімін де бермес еді. Яғни, мәңгілікке 
деген құштарлықты берген Алла мәңгілік өмірді де бер-
мек.  Мейірімі  шексіз  Алла  жаратылыстағы  әр  нәрсеге 
тілегенін  беріп,  сұрағанын  жауапсыз  қалдырмауда.  Дұға 
етіп,  тілек  тілеу  үшін  жайылған  ешбір  алақанды  Ұлы 
Жаратушымыздың  жауапсыз  құр  қайтаруға  ұялатыны 
жайлы көптеген хадистерде білдірілген
67

67
 
اًرْف ُص اَهَّدُرَي ْنأ ِهْيَلإ ْمُهَيِدْيأ اوُعَفَر اَذإ ِهِديِبَع  ْنِم ي ْحَت ْسَي ٌميِرَك ٌّي َح ْمُكَّبَر َّنإ

149

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет