Список использованных источников:
1. Кашкин В.Б. Введение в теорию коммуникации: Учеб. пособие. – Воронеж: Изд-во ВГТУ, 2000.
– 175с.
2. Грушевицкая Т.Г., Попков В.Д., Садохин А.П. Основы межкультурной коммуникации: Учебник
для вузов (Под ред. А.П. Садохина. - М.:ЮНИТИ-ДАНА, 2002. - 352с.
3. Садохин А.П. Межкультурная коммуникация. Учебное пособие. – М.:Альфа-М, Инфра-М, 2004.
– 287с.; С. 19-21
4. Горлатов А.М. Факторы реализации межъязыковой коммуникации. // Межкультурная
коммуникация и лингвистические проблемы перевода. Сборник научных статей, посвященный 30-
летию переводческого факультета МГЛУ, Минск, 2001. – 140с. – С. 10-14.
5. Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии:
Пер. с англ. М., 1993.
Түйіндеме
Мақалада қарым-қатынасқа түсетін әріптестің тілін ғана білу емес, сонымен қатар оның
мәдениетінің, дінінің, құндылықтарының ерекшеліктерін, рухани ұстанымдарын және әлемдік
козқарасы мен түсінігін білуді қажет ететін мәдениетаралық өзара түсіністіктің мәні мен құрылымы
ашылған.
Summary
This article reveals the essence of the conceptual device and the structure of cross-cultural
understanding; need to know not only the language of communication partner, but the features of their
culture, religion, values, moral principles and world outlooks.
ОӘЖ 378.016.02-047.36
«СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ» СТАТИСТИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
А.Б.Медеуова,
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтөбе қ.
XXI ғасыр интернет технологиялардың даму кезеңі. Интернет технологиялар жылдан жылға
қарқынды даму үстінде. Бұрын біз жеке пайдаланушыға арналған тек бір компьютерде ғана
орындалатын локальді - қосымшаларды құрумен ғана шектелсек, енді уақыт талабы бойынша бірнеше
28
ондаған, мыңдаған, тіпті миллиондаған пайдаланушыларға арналған клиент-серверлі немесе web-
қосымшалар құруға көшуімізге тура келеді, яғни бұрынғыдай локальді-қосымшаларды құрғаннан web-
қосымшаларды құру анағұрлым қызықтырақ.
Қазіргі кезде web-қосымшаларды (сайт) құруға қолданылатын бірнеше технологиялар бар:
HTML, PHP, PERL, ASP.NET, Silverlight және т.б. Бұл технологиялардың әрқайсысы белгілі бір мақсатқа
байланысты құрылған. Жалпы алғанда web-қосымшаның жұмысы 1-суретте көрсетілген. Бұл жүйе екі
объектіден тұрады: web-браузер және web-сервер.
Олардың арасында байланыс каналы болуы керек. Web-браузер (Internet Explorer, Opera, т.б) web-
серверге сұраныс жібереді, web-сервер оған кері қарай жауап қайтарады. Мысалы, біз почтамызға кіру
үшін Internet Explorer немесе Opera браузерінен
http://www.mail.ru
URL-адресін жазу арқылы mail.ru-
дың серверіне сұраныс жібереміз. web-сервер сұранысты қабылдап, бізге жауап жібереді, яғни біздің
клиенттік машинадағы браузерімізге web-парақты жүктейді. Сөйтіп, 1-суреттегі жүйе бойынша жұмыс
істейміз.
Web-сервер сайттың мазмұнына байланысты әртүрлі болып келеді. Статикалық web-парақтар
жіберетін қарапайым серверлердің архитектурасы 1-суреттегідей болып келеді. Ал егер сайттың
құрамында мәліметтер қоры болса онда, оның архитектурасы күрделірек болады.
Қазіргі уақытта оқу үрдісінде қолданылатын ақпараттық жүйелердің теориялық негіздерін және
қолдану саласын зерттей отырып мәліметтерді баспаға жібере алатын, енгізетін, өңдейтін, берілген
мәліметтер негізінде талдау жасай алатын қолданушыға ыңғайлы интерфейсі бар мәліметтер қорын
құру маңызды.
Ұсынылып
отырған
“Студенттердің
жетістіктері”
ақпараттық-статистикалық
жүйесі
автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің кешенін қамтиды, яғни төмендегідей көрсетуге болады:
1.
Студент жетістіктерінің нәтижелерін статистикалық өңдеу;
2.
Барлық кеткен кемшіліктер туралы статистикалық есептерді қалыптастыру және беру.
Студент жетістіктерінің нәтижелерін тіркеу:
1. Электрондық тьютор журналдарын, жіберілген сабақтарын есепке алу журналын құру және
енгізу;
2. Құжаттарды берудің электрондық формасы мен электрондық есеп журналын құру:
А) Мақтау қағаздары мен грамотасы;
Б) Студенттердің қосымша мамандандырылған жеке іс-парақтарын құру және енгізу;
Яғни, студент туралы керек тиімді ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Бұл жұмыста қарастырылатын мәліметтер қорымен жұмыс істейтін web-қосымша web мәліметтер
қорының глобальді структурасына негізделген (2-сурет).
Бұл процесс қандай сценарийлік механизм мен қандай серверлік мәліметтер қорының
тұрғанынан тәуелсіз орындалады. Жалпы алғанда, web-сервер мен PHP механизмі және мәліметтер
қорының сервері бір машинада болады. Кейде мәліметтер қорының сервері басқа машинада да болуы
мүмкін. Бұл ақпарат ағымын бөлу, ақпарат көлемін ұлғайту немесе кауіпсіздік мақсатында болуы
мүмкін. Қарастырып отырған осы технологияда бұл екі нұсқаның айырмашылығы жоқ, бірақ жұмыс
өнімділігін арттыру мақсатында екінші нұсқасы тиімдірек болады.
Жұмыстың мақсаты мәліметтерді енгізетін, өңдейтін, сұрыптайтын, баспаға жібере алатын,
берілген мәліметтер негізінде талдау жасай алатын қолданушыға ыңғайлы интерфейсі бар программа
құру болатын. Қойылған талаптарды орындап нәтижесінде осы мәліметтер қоры арқылы информатика
мамандығы студенттерінің жетістіктері туралы мәліметтерді қолданушы ала алатындай программа
құрылды. Қолданушы өзіне қажетті мәліметтерді іздеу, қосу және сұрыптау жұмыстарын жүргізе
29
алады. “Статистика” ақпараттық-статистикалық жүйесі Web қосымшасының көмегімен қолданушы студент
жетістіктерінің құрылымын қарай алады және қажет болса өзгеріс жасауына болады. Құрылған ақпараттық
жүйе барлық кафедра оқытушылары қызметінде кеңінен қолдануға болады.
Кестемен жұмыс кезінде пайдаланушы немесе программа жазбалар үстінен курсормен жылжып
отыратын сияқты әрбір уақыт сәтінде ағымдағы жазба бар, содан жұмыс жүргізіледі. Мәліметтер
қорының кестелерінде жазбалар қандай да бір тәртіпсіз, оларды енгізу ретіне қарай орналасуы мүмкін.
Бірақ кесте мәліметтері пайдаланушыға ұсынылған кезде реттелуі керек. Пайдаланушы оларды
алфавиттік тәртіпке, немесе бөлімдер бойынша реттелген, немесе туған жылының өсуіне қарай және
т.б. қарауы мүмкін. Мәліметтерді реттеу үшін индекс түсінігі қолданылады. Индекс кестені қандай
реттілікте қараған жөн екенін көрсетеді. Ол пайдаланушы мен кесте арасында делдал болып
табылады. Кестені қарапайым екі өлшемді кесте ретінде қарауға болады. Кестенің аты болады-ол
идентификатор, сол арқылы онымен байланыс орнатамыз.
Бағандар әр-түрлі мінездемелерге сәйкес келеді және әрбір алаң сақталатын мәннің типімен
және атымен сипатталады. Алаң аты-ол идентификатор және ол әр түрлі программаларда
манипуляция жасау үшін қолданылады. Мұның аты латын әріптерімен жазылады да, алаң типі алаңда
сақталатын мәннің типімен сәйкес келеді және ол әріптер, сандар, үлкен тексттер, суреттер т.б болуы
мүмкін. Кестенің әрбір жолы бір объектіге сәйкес келеді және оны біз жазба деп айтамыз. Кестені
құрғанда ақпарат қарама-қайшылыққа ұшырамас үшін кілт алаңын кіргіземіз. Ол алаңның
әмбебаптығын қамтамасыз етеді және кілт алаңы бірнешеу болуы мүмкін. Сонымен қатар мәліметтерді
баспаға жіберу және осы мәліметтер негізінде талдау жасауға болатын программа жасалады және бұл
программа кафедра оқытушыларына және студенттерге қажетті мәлімет бере алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Е.Ы. Бидайбеков, Ш.Т.Шекербекова. Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі. А
– 2000.-487 б. –Б.38-43.
2. Архангельский А.Я. Язык SQL в Delphi 5, М., 2000.-257 б. –Б.34-43.
3. Хомоненко А.Д., Цыганков В.М., Мальцев М.Г. Базы данных: учебник для высших учебных
заведений, СПб, 2002.-597 б. –Б.79-81.
4. Дрогобыцкий И.Н. Проектирование автоматизированных информационных систем: организация и
управление, М., Финансы и статистика, 1992.-287 б. –Б.83-85.
5. Т.Карпова. Базы данных: модели, разработка, реализация. СПб.:Питер, 2001.-304 б. –Б.38-43.
Резюме
В данной работе разработано web-приложение содержащие статистические сведения о
достижениях студентов специальности «Информатика».
Summary
In this worked out the Web – application contents of information achievement, students of specialty
IT.
КҮЙ АНАСЫ - ДИНА НҰРПЕЙІСОВА
Қ.Ж.Әбілтаева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіні аға оқытушысы
Қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, күй анасы Дина Нұрпейісова тоғыз
жасында-ақ Дәлеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты
күйшілердің күйлерін нәшіне келтіре тартып, жақсы домбырашылығымен ауыл-аймаққа танымал
болып, «домбырашы қыз» атанады. Ұлы күйші Құранғазының қаршадай қыздың даңқын естіп, арнайы
іздеп келіп, танысуы да осы жылдардан (1870 жыл) бастау алады. Жас қыздың табиғи талантын,
ерекше дарындылығын, өнерге деген құштарлығын байқаған Құрманғазы өнер жолындағы тұсауын
кеседі.
Асқан шебер күйшінің қажыр-қайратқа, жігер-күшке, динамикаға толы орындаушылық өнерін
еркін меңгерген жас домбырашы өзінің күйшілік шеберлігін одан әрі дамытып, көп нәрсеге қолы
жетеді. Талғампаз да қатал ұстаздың: «Менің оң қолым мен Динаның сол қолын бір кісіге берсе,
дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді» деген сөзі шәкіртінің домбыра тартысына сүйсініп,
болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын беріп, жетістіктеріне қуанғаны еді.
Ұстазының күй шығар деген ақылын қабыл алған Дина әуелі белгілі бір күй тақырыбын қалап
алып, соны импровизациялайды, оны өзіндік музыкалық образдармен байыта түседі. Оның
жұртшылықты таңдай қаққызған табиғатынан бойына біткен асқан дарыны, орындаушылық
30
шеберлігіне тән нәзік мәнер-айшықтар, штрихтық техникасының шексіз байлығы сияқты қасиеттердің
барлығы өз күйлерінен ерекше көрініс табады. Осы тұрғыдан, Динаның композиторлық
шығармашылығы мен оның ғажайып орындаушылық өнері іштей біртұтас астасып жатады.
Динаның әсем сазды аяулы күйлері тұрмыс құрып, бала бақытына мейірленген жылдарда
туған. Бұл - ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа»
күйі және өзі пір тұтатын күйшілері Дәлеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер»,
«Байжұма» атты күйлері. Аталған алғашқы тырнақалды күйлері шын мәнісінде халықтық дәстүрдің
үздік нұсқалары болды. Соның ішінде жарқын да тамаша мазмұнмен, музыкалық образдарының
байлығымен «Бұлбұл» күйі ерекше назар аударады.
Дина Нұрпейісованың «Бұлбұлы»-терең эмоциялық мазмұнмен суарылған, жарқын поэтикалық
және образды дүлдүл күй. Ол адамның туған табиғат аясынан алған әсерін, қуанышты көңіл-күйін
суреттейді. Күйдегі эмоциялық мазмұн жиынтығы домбыра техникасының ерекше үздік әдіс-тәсілдері
арқылы шешімін табады. «Бұлбұл» күйінің метр-ырғағының әрбір такт сайын өзгеріп отыратын
ерекшелігі, алуан сипаттағы әуендік үлгілердің байлығы, бейнелі дыбыс элементтерін еркін пайдалану,
екпіннің, регистрдің жиі алмасуы –осының бәрі бұл шығарманы халық өнерінің терең мазмұнды
туындыларының деңгейіне көтереді.
«Байжұма» күйі – халықтың ең сүйікті шығармаларының бірі. Байжұма – халыққа белгілі
домбырашы есімі және соның есімімен «Байжұма» деп аталатын күйлер ел арасында кең тараған.
Соның ішінде Динаның «Байжұмасы» - музыкалық материалдарының жарқындылығымен, қолданған
бейнелеу тәсілдерінің көркемділігімен ерекшеленетін көрнекті, шоқтығы биік, жеке-дара туынды.
Динаның «Жігері» Дәулеткерейдің осы аттас күйінінің әсерінен туған тәрізді. Осы күйді
сипаттай отырып, А.Жұбанов өз ойын келесі мазмұнда тұжырымдайды:«Динаның «Жігері» Бапастың
(Дәулеткерейдің) «Жігерімен» шалыса түсетін сияқты. Динаның «Жігері» Бапастың «Жігеріндей»
жасқаншақ, кібіртек емес, екпінді, қайраты тасып, төгіліп отырады. Бұл арада Дина ұстазы Құрманғазы
сияқты шешіле беріліп, музыкамен араласады.
«Қарақасқа» - Динанның өзінің бақытты жастығының тілсіз куәсіндей Қарақасқа аттан
айрылғанына қайғырып, оған арнап шығарған күйі. Күйдің басынан аяғына дейін ерекше жақсы
көргендік, жан жылылығы айқын суреттеледі. Бұл шығармадан шебер композитор кей жерлерде
Қарақасқа аттың көсіле шапқанын көрсетсе де, лирикалық нәзік сезімге толы. Мұңсыз жастықтың
өткен күндерін еске түсіре отырып, домбырашы өз жанының аясын да тартқан. Өйткені оған жолдасы
Нұралының да ұзақ уақыт төсек тартып ауруы да себеп болады.
Динаның «Кербез» атты күйі жолдасы қайтқаннан кейінгі ең ауыр мезеттерде ақыл айтып,
қолдау көрсетіп, демеу бола білген сұлу да сырбаз абысыны Кербезге арналады. Балтас досына
арнаған Динаның күйі Кербезге деген махаббатқа, ризашылыққа, жан жадырататын сезімге толы.
Домбыра тілімен бұл күй қазақ қыздарының қайғылы өмірін, қазақ әйелдерінің ауыр жағдайын айтып
береді.
«Набор» күйі 1916 жылғы «Июнь жарлығы» уақиғасына арналған. Бұл -Динаның үлкен ұлы
Жұрымбай әскерге шақырылғанда шығарылған күйі. Халыққа бұл күй «Он алтыншы жыл» деген атпен
тараған. Басқа композиторлардың осы аттас күйлеріне қарағанда, Динаның «Он алтыншы жылының»
негізі өмір сүйгіштікке құрылған. Бұнда мұңаю-жылау, еңсесі түсушілік жоқ. Бұл күйден көтеріліске
шыққан жігіттердің аттарының дүсірі, ақ патшаның құлағанын естіген халықтың қуаныш тасқыны
естілгендей болады. Күй басынан аяғына дейін көтеріліске шыққан халықтың қайтпас бетін, екпінді
күшін бейнелейді.
Күйші ана советтік отанымыздың бақытты балаларына арнап «Әсемқоңыр» күйін шығарады.
«Әсемқоңыр» - жарқын, көңілді шығарма, бұнда балалардың балғын күлкісі, шаттық шуы анық
естіледі. Дина домбыра үнінің шамасы жеткенше бақытты балалардың образын дәл жасап, домбыраны
балаларша «сөйлетуге», олардың мұңсыз шар құрған дауыстарын көрсетуге тырысқан.
Қазақтың күйші анасы, композитор жасының ұлғайғанына қарамастан, Кеңес заманында да
өзінің арман аңсарын, үміт тілегін халқының жолына бағыштап өтті. Бұл орайда, «Тойбастар», «Ана
бұйрығы», «Жеңіс» күйлерін атап өтуге болады.
«Тойбастар» - Қазақстанның жиырма жылдығына арнап, 1940 жылы жазылған күй. Дина бұл
күйінде бостандық алған, өз мемлекеті өркендеп келе жатқан экономикасы мен мәдениеті бар
халқының шалқыған қуанышын суреттейді.
Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында да күйші ананың композиторлық жұмысы бір сәтке
де тоқтаған жоқ. «Ана бұйрығы» күйі - ұлын майданға аттандырып, қоштасу кезінде шығарған күйі.
Күйдің қаһармандық тақырыбынан Отан қорғаушыларын жауды талқандауға шақырған отты үн де,
жүрек тебірентер лирикалық жылы тілек те естіледі.
Соғыстың біткендігі туралы хабарды «Жеңіс» күйімен қуана қарсы алады.
31
Қазақтың әйгілі күйші-композиторы өмірінің соңғы жылдарында шығарған «Сегізінші март»,
«Еңбек ері», «Сауыншы» күйлері замандастарының тірлік-тынысының қарт домбырашының
назарынан тыс қалмағанын дәлелдейді.
Дина
Нұрпейісованың
композиторлық
шығармашылығының
кемелденіп,
күйшілік-
орындаушылық өнерінің шабыттанған шағы - кеңестік дәуір. 1937 жылы ол халық өнерпаздарының
Республикалық байқауына қатысып, жүлделі орын алса, 1939 жылы Мәскеуде өткен халық музыка
аспаптарында орындаушылардың байқауында 1-орынды иемденіп, «Домбыраның Жамбылы» атанды.
Ұлы күйші ана, композитор қазақ халқының музыка мәдениетіндегі өткендегі және қазіргі бай
материалдарын шығармашылықпен игерді, осы арқылы өзінің табиғаты бөлек күйлерін, оны
орындаудың өзіндік тәсілдерін жарқырата көрсетті.
Сол себепті де қазақ өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан, күйшілік өнерде тұтас бір
дәуірді тудырып, қайталанбас өнер жасап кеткен тарихи тұлға, дәулескер күйші Дина Нұрпейісованың
композиторлық шығармашылығы – бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Дина күйші. Жинақ \ Құраст. Қ.Орынғали.-Алматы: «Арыс», 2004 ж.
2. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. Монография. Астана, 2004
3. Мерғалиев Т. Қазақ күйлерінің тарихынан.А., 2002.
4. Шегебаев П. Жизнь и творчество Дины Нурпеисовой. А., 1985 г.
5. Рсалдин Ж.Ж. Дина Нұрпейісова
\\Қазақ
ССР. Қысқаша энциклопедия -4 том. А.,1989.
6. Рысқалиева Г. Дина күйлерінің тәрбиелік мәні. \\ Қазақстан мектебі», 2001, № 7.
Резюме
Статья посвящена композиторской творчестве выдающейся домбристки и народного
композитора Казахстана Дине Нурпеисовой.
Summary
This article is dedicated to the work of the outstanding Kazakh kyouishi(dombristka) and folk composer
Dina Nurpeisova.
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
М.А.Камиева, Исатай ауданы, Мырзағалиев орта мектебінің мұғалімі
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру
жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа
педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін
емес. Ал, жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани,
азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер
тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тәрбие ұйымдастыруына көмектеседі.
Өз бетімен шығармашылық әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке тұлғаны
қалыптастыруды көздеуге бағытталған педагог пен оқушы әрекетініңтиімділігін арттырудың
жолдарының бірі – педагогикалық жаңа технологияларды орынды қолдану болып табылады. Педагог
білім беру іс-әрекетінің субъектісі ретінде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс-
тәсілдерін, формаларын жүзеге асыратын кәсіп иесі. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер
падагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, өзіне және шәкіртіне
деген жаңа қатынасымен тікелей байланысты болмақ.
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы,
Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық
технологиясы, өзбекстан психологтар ассоциациясының мүшесі Ф.Я.Вассерманның биоақпараттық
технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың
технологиялары оқу үрдісінде кеңінен танымал. Ал, Қазақстанда Б.А.Тұрғынбаевтың дамыта оқыту
технологиясы, М.М.Жанпейісовтың модульдік оқыту технологиясы, Ж.Қараевтың технологиялары оқу
үрдісінде қолданылуда.
Әрбір ұстаз өз оқу үрдісінде сабақтың мақсаты мен мазмұнына сай өз қалауы бойынша
инновациялық технологияларды қолданаалатыны белгілі. Ал, білімгерлердің біліктілігін шыңдау
мақсатында пән оқытушылары жаңа технологияларды жүйелі қолданса, оны өзіне түртіп алған
болашақ маман кейінгі қызметінде сол іс-әрекетке қайта оралып, тәжірибесінде жемісін көрері сөзсіз.
Жаңа педагогикалық технологиялардың қайсы бір түрі болсын маман даярлауға ықпалы зор.
32
Олар:
· Оқу мақсаттарының қойылуы;
· Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
· Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
1. Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр
білімгердің өзіне-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған
лайықты жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: оқу үрдісінің
мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін
ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде, т.б. Дамыта оқыту идеясы бойынша
білімгерге оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей
талқылау, жинақтау арқылы жүзеге асады. Оқытушы – сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы
адам рөлінде. Әрбір білімгер шешімді тапқан кезінде оның дұрыстығын өзінше дәлелдей біліп, пікірін
айтуға мүмкіндік беріліп, жауаптар тыңдалады. Дамыта оқытуда болашақ маманның ізденушілік-
зерттеушілік және білім алуға деген ынта-ықыласы артып, кәсіби белсенділігі мен қызығушылығы
молаяды. Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас бөліктерде тұратын болады.
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтар жасаған жүйесінің негізгі
компоненттері. Дамыта оқыту жүйесінде оқытушы мен білімгер арасында қарым-қатынастар,
ынтымақтасу, өзара сыйластық пен түсіністік қасиеттер қалыптасатын болады. Білімгер өз ойын нақты
сеніммен айта алатындай ахуалға басты назар аударады.
2. Модульдік оқыту технологиясы – 60-жылдардың соңында ағылшын тілді елдерде пайда
болады. Модуль дегеніміз – іріленген дидактикалық бірлік. Модуль – латынның «өлшем», «шама»,
«мөлшер» деген сөзі. Қазір дүниежүзінде модульдеп оқытудың 4 түрлі жолы бар.
1. Американдық модуль.
2. Неміс модулі.
3. Сковиннің орыс модулі.
4. Алексюк пен Фурманның Украина модулі.
Қазақстанда М.М.Жанпейісова әзірлеген модульдік оқыту технологиясы белсенді түрде оқу
орындарында қолданылуда. Оның оқыту технологиясының ұсынған нұсқасының бір ерекшелігі – оның
білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық процестерін арнайы жасалған оқу және танымдық
жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту,
қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді
сөздік қорын дамытуға бағытталуы.
Модульдік оқыту технологиясы – оқу үрдісінде модульдік жүйені пайдалана отырып,
білімгерлерге ұсынылып жатқан көлемді материалдарды қысқартуға және жедел меңгертуге жол
ашады, яғни;
1. Білімгерлерді шығармашылық топтарға бөлу. Олар тәуелсіз түрде оқытушы тарапынан
қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін үздіксіз ізденеді. Білімгерлердің бұрынғы бар біліміне сүйене
отырып, оқытушы олардың алдына тапсырыс қояды. Оған аудиторияның түгел назарын аударады.
Мұның мәні – қажеттілік туғызу.
2. Әрбір топ өз көзқарасын белсенді түрде қорғайды. Оқытудың мұндай ретте келтірілуі
білімгерлердің сабаққа тәуелсіз түрде дайындалуы үшін өте қажет. Бұл кезең іскерлік ойындар,
дәстүрлі емес сабақтарды өткенде білімгер белсенділігін байқылау үшін өте тиімді. Нәтижесінде пікір-
талас сұхбат басталады. Мұндай жағдайда оқытушы орнықты дәлелдер талап етеді және
білімгерлердің талқылауын дұрыс шешімге бағыттайды.
Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай
болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері заманына сй өзгерістерге ұшырап, өскелең
ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отыр. Ол үшін барлық
мұғалімдерді даярлайтын орта кәсіптік оқу орындары төмендегідей жұмыстарды атқаруға тиісті:
1. Болашақ мұғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;
2. Жаңа ақпараттық және телекоммункациялық технологияға бейімделген білім берудің
ғылыми-әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқрудың және формалры мен әдістерін пайдалана
отырып, орта кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту;
3. Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта кәсіптік білім беру жүйесін сәйкестендіре
отырып кірістіру;
4. Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту
үрдісінде білімгер шығармашылығына негізделген оқыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу.
Болашық маман даярлауда оқыту мазмұнын, форма, құрал, әдістерді іріктеп, дидактикада
кейінгі кезде көбірек назар аударылап жүрген кәсіби мақсатты көздеу принципін негізге алудың
маңызы зор.
33
Демек, информатика пәнін оқытуда жоғарыда келтірілген тақырыптарды негізге ала отырып,
оқыту әдістемесін жетілдіре түссек, онда ХХІ ғасыр жас жеткіншіктерін компьютерлік сауатты, білімді
және мәдениетті етіп шығарарымыз анық. оның үстіне Біріккен Ұлттар Ұйымы «ХХІ ғасырды –
ақпараттандыру ғасыры» деп атағандықтан, осыған орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
ағамызды «Қазақстанды ақпараттандыру – ХХІ ғасырға жасалған қадам» деген тақырыпта ғылыми
форум өткізгендігі де белгілі. Міне, осы себептен де Қазақстандық информатика мамандары мен
әдіскерлері информатиканы оқыту әдістемесін бұдан да гөрі жетілдіре түсуі үшін көп жұмыс жасауы
тиіс.
Білімнің интеграфиялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда
оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті негізгі мәселелердің бірі.
Осы арада мектептің оқу-тәрбие процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру, ғылымдар
жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық
құндылықтар көзінің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми
көзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді. Ал мектеп тәжірибесінде пәнаралық
байланысты жүзеге асыруда мұғалімдер біршама қиындықтарға кездесіп отырғаны белгілі. Атап
айтқанда оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды,
заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылыққа қарату, оқушылардың танымдық, ізденушілік
қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету
және тағы баска мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.
Пәнаралық байланыстардың бір пайдалы жағы ол бүкіл оқыту ісін, бір мектептің барлық
жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде
ортақ мүддені шешуге жұмылдырады. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары
мынандай:
• Әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын
көздеу;
• Түрлі пәндерді оқып үйренуде – өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру.
• Окушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруін, олардың жинақтылығымен,
әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптастыру.
• Жалпы теориялық білім алуды және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай
әдіспен жүзеге асыру.
• Оқушыларға (білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талап
қою.
• Оқушылардың бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын пайдалана білуге әдеттендіру.
• Әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтық ерекшеліктерін көрсете білу.
• Әр пән сабақтарында оқылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып, дұрыс
дидактикалық дүниетанымын қалыптастыру.
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы
информатикалық процестер мен факторлардың фундаментальды ролін мойындау болып табылады.
Өткен ғасырларда әлемнің ғылыми бейнесі ертеректе екі негізгі ұғым төңірегінде құрылғаны белгілі:
зат және энергия. Сөйтіп, ғылыми көзқарасты қалыптастыруда негізгі рольді осы ұғымдарды
сипаттайтын ғылымдар атқарды: физика, химия, математика. Мысалы: заттар мен энергияның сақталу
заңы тек физика мен химияның ғана заңы емес, универсал ғылыми принципке айналды «жоқтан еш
нәрсе пайда болмайды». Бұл жағдай біздің ғасырдың басында әлемнің бейнесін җаңаша
тұжырымдайтын
идеяның
тууына
байланысты
өзгере
бастады
мұндағы
негізгі
мәселе
ұйымдастырушылық немесе қазіргі айтылып жүргендей информациялық факторларға байланысты.
Дәлірек айтсақ, алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, солардың өзара
байланысы мен өзара әсерлесу мәселесі қойылады. Бұл мәселемен айналасатын ғылым информатика
деп аталады. Сонымен, информатика – ЭЕМ-дың көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау,
тарату, өлшеу мен өндеудің әдісі, тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым.
Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен
олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында
информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Сабақтың мақсаты: «Файлдарды» сақтауды, «Қапшықтар» мен «Таңбашалар» құруды,
«Себет» ұғымдарымен, файл, қапшық құрылымын меңгерту. Дербес компьютерде қапшық, файл құру,
обьектілермен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке, қауіпсіздік ережесін
сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру сабағы.
Оқыту әдісі:Дамыта оқытуды қолдану
Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс, тест жұмысы.
Сабақтың көрнектілері: тесттер, таратпа материалдар.
34
Сабақтың құрал – жабдықтары: Дербес компьютер, ИТ, СИН бағдарламасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Өткенді пысықтау.
1.
Ауызша сұрақтар:
1.
Терезе дегеніміз не? Неше түрі бар? 2. Windows қандай ож?
3.
Жұмыс столы дегеніміз не?
4.
Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыздар?
5.
Компьютердің енгізу құрылғылары?
6.
Компьютердің шығару құрылғылары? Сұрақтар қою арқылы оқушы білімін саралап аламыз
да жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыра отырып, сұрақ – жауап арқылы мақсатқа жетуіміз
керек.
2.
Сипатталған анықтама қайсына сәйкес екенін анықтандар.
1
Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей
экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы
А
Ақпарат
2
Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ
В
Жұмыс аймағы
3
Бұл – объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы
С
Терезе
4
Сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген
ұғымдарды білдіретін
informatio сөзінен шыққан
Д
Интерфейс
5
Адам мен компьютер арасындағы байланыс
Е
Сканер
Жауаб
ы:
1
2
3
4
5
Е
С
В
А
Д
3.
Дұрыс жауапты тауып, жауабы өрісіне сәйкес жауапты тышқан нұсқағышы арқылы
апарып қойыңыз.
1.
«... – компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын
бағдарламалар жүйесі»
a)
ОЖ* b)
Интерфейс c)
Драйвер d)
Терезе e)
Объект
2.
«...европалықтар «Абак», қытайлықтар «Суанпан», жапондықтар «Серобян» деп
атаған алғашқы құрылғы
a)
Аналитикалық машина b) Есепшот c)
Паскаль машинасы
d)
Арифмометр e)
Дербес компьютер
Достарыңызбен бөлісу: |