Литература
1. Иностранные языки в школах Казахстана 6(18)2004.
2. Иностранный язык в школе №1(25)2007.
41
3. Иностранные языки в школе № 3, 1999.
4. Педагогика. Учебник для студентов педагогический учебных заведений. / Под ред.
П.И.Пидкасистого.- М.: Педагогическое общество России, 2002.- 608 с.
Түйіндеме
Аталмыш мақалада оқу үдерісіндегі бейнетаспа материалдарының қолданысы туралы
баяндалған. Студенттердің қарым-қатынас құзіреттілігін және білім сапасын арттыру мақсатында
ақпараттық құндылығы мол.
Summary
The article is about the usage of video materials at English lessons as one of information source for
the purpose of knowledge upgrading and students communicative competence. Also the main types of
activities with use of video materials are stated in the article.
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ БІРІ ТЕРРОРИЗМНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ
ҚҰҚЫТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Б.Қ.Тажгарина, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы
Н.А.Лукманова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы
Планета халқының өсуі, әлемдік және адамға бағынбайтын, адамзат тіршілігіне қауіп төңдіретін
құбылыстар мен процестердің көбеюі, саяси-қоғамдық өмірдің теңсіздігі адам, қоғам, мемлекет алдына
үшінші мыңжылдық қарсаңында жаңа проблемалар қоюда.
Адамзаттың осыған дейінгі даму тарихының күңгей және көлеңке жағы бар: оның алғашқысы-
экономикалық, саяси, құқықтық мәдени дамудың жоғарғы деңгейі, ал кейінгісі-дамудың шектеулігі
және теңсіздігі, шектен тыс қарулану, өзара сенімсіздік, құқықтан гөрі күштің мүмкіндігіне сену,
сонымен
қатар
"мәңгі"
құбылыстар
-
қылмыстық
құқықбұзушылық
және
халықаралық
құқықбұзушылық.
Сондай қылмыстардың бірі-терроризм. Бұл қылмыс қоғамға төндіретін қаупінің дәрежесіне
және деңгейіне байланысты болуы мүмкін, сонымен қатар ұлттық және халықаралық мәнге ие, яғни
осы қылмыс бойынша жауапкершілік халықаралық құқықта қаралуы тиіс. Халықаралық террроризмнің
жаңа дәуірдегі өмірі 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында басталды. Мемлекеттік және
саяси тұлғаларға жасалған қастандықтар, үкіметке қарсы әрекеттер, халықаралық транспорт және
байланыс жүйесінің тұрақтылығына, қауіпсіздігіне орасан зор шығын келтіретін, шекарадан тыс
жерлерде ұйымдастырылатын қастандықтар және тағы басқа әртүрлі мақсаттарда мемлекеттер, ұлт-
азаттық қозғалыстар, экстремистік топтар арқылы жасалады. Бұл террорлық әрекеттердің мақсаттары
әртүрлі дегенмен де, мұның барлығы да мемлекетаралық қатынастарды, мемлекет тәуелсіздігін бұзуға
бағытталады.
Терроризм өзінің болжаусыздығымен және тосындығымен нақтылы үрей сезімін ұялатып,
жұртшылықтың бәрін дерлік шарасыз да жазмыштық қауіп-қатерімен шырмап тастайды. Оның
тарапынан келетін соққының бағыт-бағдары мен уақыты болжаусыз, сондықтан да айрықша
алаңдатады.
Терроризм – қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады, мұндай қылмыстар көп
жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Террорлық әрекеттер әртүрлі
болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктіретін екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі - терроризм –
мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі – тероризмді жүзеге асыру арқылы
яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш,
қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады [1].
Қазіргі терроризм негізінен саяси, діни бағытта дамып отыр. Әсіресе діни экстремистік
акциялар үлкен қауіп төндіруде. Осынау жағдайды ескере отырып соңғы кездері әлемдік
қауымдастықтар халықаралық терроризмге қарсы шараларын белсенді түрде ұйымдастырып жүзеге
асыруда.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері саяси немесе халықаралық терроризмге душар болмағанын атап
өткеніміз жөн.
Бұл жерде салыстыру үшін ТМД мемлекеттерінің ішінде Ресей мен Грузия үшін терроризмнің
үйреншікті құбылысқа айналғанын айтсақ та жеткілікті. Бұл сөз жоқ, республика басшылығының
реформа барысындағы салауатты саясатының жемісі болса керек.
42
Алайда, егеменді Қазақстанның әлемдік қауымдастық елдер қатарына енуімен қатар террористік
топтардың оған деген қызығушылығының пайда бола бастағаны да жасырын емес.
Бұл елімізге шет ел азаматтарының, соның ішінде халықаралық террористік ұйымдардың
ошағына айналған мемлекеттерден де қонақтардың көптеп келе бастауымен түсіндірілмек.
Қазіргі таңда терроризмнің Орта Азияда таралуының негізгі факторларына мыналарды
жатқызуға болады:
І.Осы аймақта орналасқан халықтың негізгі бөлігін кедейшілік пен жұмыссыздықтың жайлап
алуы, бұл өз кезегінде әртүрлі радикальді агресивтік идеялардың пайда болуына және таралуына
жағдай туғызуда;
2. Рухтық және идеологиялық дағдарыс;
З. Саяси биліктің бір қолға шоғырландырылуы;
4. Кейбір елдердің территориясындағы аймақтық сеператизмнің артуы және
бақылаусыз қалуы;
5. Орта азиялық аймақ елдерінің ыстық өлкелерге жақын орналасуы: Ауғаныстан, Ұйғыр-
Синыдзян автономиялық округі, Тибет, Солтүстік Кавказ, Кашмир аймақтарнан саяси және діни
терроризмнің таралу қаупі тууда;
6. Саяси терроризмнің таралуына жағдай туғызып отырған аймақтағы мемлекеттер арасындағы
қарама-қайшылық; [2]
Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде еліміз өзінің ішкі және сыртқы саясатын айқындап,
халықаралық құқықтың толық субъектісі ретінде әлемдік деңгейде тарих сахнасынан көрініп, алыс-
жақын елдер мен халықтарға демократиялық, бейбітшілік сүйгіш, нарықтық экономикалы ел ретінде
танылды. Ең бастысы қыр-сыры мол жаһандану жағдайында Қазақстан өзінің егемендігін баянды ету
жолында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен батыл қадамдарға барды. Әлемдік шаруашылық
және аймақтық, жаһандыққа қауіпсіздік жүйесіндегі сан алуан институттар мен құрылымдарға
интеграциялана түсті. Атқарылған іс көп, дегенмен, алдымызда әлі де еңсерілуге тиісті келелі істер
қаншама.
Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы егемендігінің алғашқы күндерінен бастап әртүрлі
аймақтық және әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдарға мүше ел ретінде ене отырып, биполярлы
әлемдік тәртіп жойылу салдарынан түбірлі өзгерістерге ұшыраған халықаралық қауіпсіздік пен әлемдік
тәртіпті нығайтуға бағытталған нақты ұсыныстар мен бастамалар көтерді.
Жас қазақ дипломатиясы егемендіктің бастапқы жылдарында әлемдік саясаттың ауанын байыптап,
алыс-жақын елдермен қарым-қатынастар орната отырып, халықаралық деңгейде еліміздің
экономикалық және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери-саяси ұйымдар мен
институттарға белсенді түрде тартыла түсті.
Қалай дегенмен де, терроризммен күрес жөніндегі халықаралық ұмтылыстар өңірлік деңгейдегі
күш қосулар мен антитеррорлық шаралар Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығының, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) және Ұжымдық қауіпсіздік шарты
Ұйымының (ҰҚШҰ) қызметтеріндегі белсенді ат салысуынсыз тиімді болуы екіталай екендігін атап
өтуіміз қажет. Қазақстан Республикасы тікелей қатысатын бұл ұйымдардың әрқайсысы қазіргі кезде
толық дәрежеде халықаралық институттарға айналу үдерісін басынан кешіре отырып, күн санап
аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұйымдар ретінде нығайып, бұндай құрылымдар осы күні
өздерінің қызметінде антитеррорлық құрамды күшейту жолында шешуші әрі нақты шараларды жүзеге
асырып отыр.
Халықаралық терроризмнің күллі адамзат атаулы үшін елеулі қатерге айналуы, Шанхай
ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттерді де бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуге мәжбүр
етті. Бұл шараның аталған ұйым ауқымында өз жалғасын табуы, «терроризмге, экстремизм мен
сепаратизмге қарсы іс-әрекет – ШЫҰ-ның аса маңызды міндеттерінің біріне айналуына себеп болды.
Оның аясында терроризмге, сепаратизмге мен экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы
қабылданды. Аймақтық антитеррорлық құрылым жасақтауды жеделдету жөнінде қадамдар
жасалынды. Шанхай конвециясында: «Біз терроризмнен туындайтын ғаламдық қатерді жою үшін
ымырасыз күрес жүргізу мақсатында барлық мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен тығыз
үйлесімді тиімді шаралар қабылдауға әзірміз» деген ұстанымды іске асыруды Қазақстан Республикасы
мүлтіксіз атқарып келеді. [3]
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ба-
ғытталған терроризмге қарсы күрестің құқықтық базасының берік қалыптасуына да бар күшін салуда.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында «Терроризм және басқа да экстремизм мен сепаратизм
көріністерімен күрес жөнінде ұзақ мерзімге арналған Мемлекеттік бағдарлама» ережесіне сәйкес
халықаралық терроризммен және экстремизммен күрес бойынша жақын және алыс шетелдермен
өзара ықпалдасу жұмыстарын ұдайы жүргізіп, бұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алудың бірлескен
шараларына белсенді ат салысуда.
43
2011 жылдың 15-маусымында Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының он жылдығына
арналған мерейтойлық саммит өтті. ШЫҰ мүше-мемлекеттер ұйымның он жылдық қызметінің
қорытындысын шығарды және бұл ұйымның болашақтағы даму мәселелерін талқылады. ШЫҰ-на
мүше-мемлекеттер саммит қорытындысы бойынша «Астана декларациясын» қабылдады.
Жергілікті
құқық қорғау мамандары, ұлттық сарапшылар және Ресей мен Түркиядан арнайы шақырылған
баяндамашылар терроризм мен қаһарлы экстремизмге тойтарыс беру, бағыт-бағдарды анықтау және
тиімді алдын алу шаралары жөніндегі өз тәжірибелермен бөліседі. Семинар сонымен қатар ақшаның
жылыстауы мен терроризмді қаржыландыру, тергеу жүргізу әдістері, халықаралық ынтымақтастық пен
өзара құқықтық көмек мәселелерін де қамтыды. Десек те, 2011 жылдың 31 қазан күні Атырауда екі
жарылыстың болғаны. Оның бірінші жарылғыш құрылғы облыстық әкімдік ауласындағы қоқыс
жәшігінде, екіншісі «Сарыарқа» тұрғын үй алабында іске қосылып, лаңкестің қаза тапқаны бәрімізге
жан түршігерлік жағдай болды.
Зұлымдыққа қарсы іс-әрекеттің оңтайлы стратегиясы мен тактикасы барлық мемлекеттердің күш-
жігерлері мен мүмкіндіктерін біріктіргенде ғана туындайды. Апаттың алдын алу үшін күш-жігеріміз бен
мүмкіндіктерімізді біріктіріп, мемлекеттік және ведомстволық шекарасыз, қол ұстасып іс-қимыл
жасауымыз керек.
ТМД-нің бұрыңғы елдері белгілі бір бұрылысты сәтті бастан кешіріп отыр. Осы сәтте
қалыптасқан әдет, шекара, рухани және өзге де орныққан дәстүрлер бұзылды. Осыған байланысты
ТМД елдерінде, әсіресе Орталық Азияда (бұл Тәжікстанда, Өзбекстанда байқалып отыр) терроризм
фактісі орын алуда. Біз Қазақстанға Орталық Азияда халықаралық терроризмге ықпал ететін
жағдайлар бар екенін назарға ала отырып, өзінің ұлттық қауіпсіздігін нығайту қажет деп ойлаймыз.
Алайда, «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңға және осыған сәйкес Қылмыстық кодекстің
жекелеген баптарына назар аударғым келеді. «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңның 20-бабы
адамдар террорлық актілерге қатысқан жағдайларда олардың қылмыстық жауапкершілікке
тартылатынын тікелей көздейді. Егер біз Қылмыстық кодекстің 234-бабына жүгінсек, Ескертуде,
Кепiлге алынған адамды өз еркiмен немесе мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша босатқан
адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан
босатылады делінген. Осы баптың Конституцияға сәйкес келуі туралы мәселе туындайды. Өйткені
Конституцияда ең басты орынға адамның құқығы, оның бостандығы, оған қол сұғылмаушылығы басты
орынға қойылатыны туралы идея ақ пен қарадай жазылып қойылған. Қандай бір уақыт ішінде адамды
кепілге алады, бұл сағаттар бойы болуы мүмкін, бұл тәуліктер бойы болуы мүмкін, Адамның
конституциялық құқықтарының өрескел бұзылуына қарамастан, Қылмыстық кодекс террористке
қылмыстың өзге құрамы болмаған жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға мүмкіндік
береді. Ал бұл Конституцияның нормаларына қайшы келмей ме?
Халықаралық терроризм-ХХІ ғасырда халықаралық қылмыстың бір түрі ретінде жалпы
адамзаттық және мемлекетішілік проблемаларды шешу жолындағы ең басты кедергілердің бірі болу
қаупін туғызуда. Сонымен қатар "адам-қоғам-мемлекет- халықаралық қауымдастық'' жүйесінің өзара
қарым - қатынасына айтарлықтай дәрежеде теріс әсерін тигізіп отыр [5].
Адамзат өркениетінің негізгі элементерінің арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін
адамзат алдында тұрған барлық проблемаларды, соның ішінде халықаралық терроризм проблемасын
шешу қажеттілігі туындайды.
Терроризм адамдардың қаза болуына, елеулі зиян келуіне немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптардың
орын алуына шынайы қауіп төндіретін жарылыс, өртеу не басқа әрекеттердің жасалу сәтінен бастап
аяқталған қылмыс ретінде танылады. Терроризмді аяқталған қылмыс ретінде тану үшін өлімнің не
басқа зиянды зардаптардың міндетті түрде орын алуы талап етілмейді.
Алайда терроризмнің, сепаратизмнің және экстремизмнің проблемасы Қазақстанда да бар.
Әсіресе, аймақтар мен халықаралық қауымдастықты тұтастай алғанда олардың саяси, әлеуметтік және
экономикалық байланыстары туындатқан, белгілі дәрежеде жаһанданған халықаралық терроризмді
қатерге алғанда, сөз болып отырған қауіп-қатер жай ғана болжам емес, айқын да нақтылы болып
отыр [6].
Сондықтан да Қазақстанда өріс алуы мүмкін терроризмнің алдын-алу шаралары мен оған
қарсы күрес шараларын жан-жақты ұйымдастырудың маңызы зор. Соның ішінде атап айтқанда
қылмыспен күресте әлем елдерімен бірігу, әртүрлі антитеррорлық ұйымдарға кіру, біріккен жаттығулар
еткізу, терроризмнің пайда болуына қарсы әрекеттің құқықтық және ұйымдастырушылық негізін
анықтайтын арнайы және қосымша заңдар, нормативтік актілер шығару ерекше мәнге ие.
Ал «Терроризмге қарсы күрес туралы» Федералдық Ресей Заңында «кепілге алу» ұғымы өте
анық және түсінікті берілген. Біздіңше, бізге кешегіге қарағанда бүгін ақылды және білімді болуға
ешкім кедергі келтірмейді. Сондықтан біздіңше, «кепілге алу» ұғымын жаппай түсіндірмеу үшін осы
мәселе төңірегінде ойланып, терроризм туралы заңға, заңның ұғымдық аппаратына тиісті норма салу
керек сияқты. «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңда басқа да ақау бар. Онда құқықтық қорғау
44
туралы, терроризм актісін болдырмау жөніндегі іс-қимылға қатысқан адамдарға зиянды өтеу туралы
ерекше норма жоқ. Терроризмге қарсы іс-қимыл процесіне қатысқан адамдар, біздің заңымыз
бойынша жарақат алған немесе отбасындағы асыраушысынан айрылған басқа да әскери қызметшілер
сияқты жалпы негіздермен жүреді. Ал егер біз осындай федералдық заңды қарасақ, онда үлкен
жеңілдіктер көзделген. Бұл нақ «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңға салынған. Егер адам
жарақат алса, онда заң бойынша оған осы материалдық зиян көп еселенген мөлшерде өтеледі.
Асыраушысынан айрылу жағдайындағы жеңілдіктер де осы заңда анық салынған. Сондықтан Ресейде
адамдардың құқықтық тұрғыда қорғалғаны соншалықты, қылмысқа қарсы күресте мүдделілік болады.
Демек, ұлттық қауіпсіздік басымдылығы басты орынға қойылады. Біз осы адамдарды неліктен тиісті
түрде қорғамаймыз. Өйткені олар мемлекеттік міндеттерді орындайды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету үшін күреседі ғой? – деген сұрақ туындайды. Ал біз оларды жарақат алған мерзімдік қызмет
әскери қызметшілерімен бір деңгейге қоямыз. Біздіңше, бұл жерде де осы мәселе төңірегінде ойласқан
жөн.
Бізге бұл мәселе бойынша француз заңдарына салыстырмалы талдау жасауға тура келді. Онда
терроризмге қарсы күрес туралы заң бар. Францияда терроризмге қарсы күрескен адамдар тіпті
соғысқа қатысушыларға теңгеріледі. Терроризмге қарсы күрес және ұлттық қауіпсіздік мәселесіне,
міне қандай үлкен маңыз беріледі екен. Сондықтан Қазақстан заңын жетілдіру кезінде Ресейдің де,
Француздың да заңын пайдалануға болады.[7]
Қылмыстық кодекстің 233-бабын зерделеу кезінде тағы бір идея туындайды. Онда жарылыс,
өртеу, өзге де іс-әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік көзделеді. Бұдан әрі онда «сондай-ақ
аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту» деп айтылған. Біз жарылыс, өртеу,
террористік акт жасаған адамдарды қорқытқан ғана адаммен бір деңгейге қойып отырмыз. Санкция
екі жағдайда да 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Санкцияны 10 жылға дейін деп
ұзартуға деген ұсынысымыз бар. Демек, бұл жағдайда біз қылмыскерлерді қауіптілік дәрежесімен
шектемейміз. Бұл жерде: террористік акт жасауға оқталу болды ма? – деген сұрақ туындайды.
Белсенді іс-әрекеттер жасамаған, өртеуді де, қастандықты да жасамаған адамды заң оларды
жасаған адамдарға теңгереді және сот 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды неліктен беруі
мүмкін? Бұл жағдайда Қылмыстық кодекс дара жазалауға дұрыс келмейді. Өйткені қоғамға қауіптілік
дәрежесін объективті жағынан негізге ала отырып, жауапкершілікті дараландыру қажет. Бұл
жағдайдан қалай шығуға болады? – деген сұрақ туындайды. Біз «аталған іс-әрекеттерді жасаймын деп
қорқыту» деген сөздерді 233-баптан алып тастап, оларды 242-бапқа, айталық, террористік актілерді
жасау туралы жалған хабарлар сөз болатын екінші бөлікке көшіруді ұсынамыз және сонда санкцияны
үш немесе екі жыл етіп айқындауға болар еді.
Терроризм – қазіргі кездегі ең қауіпті қылмыстардың бірі, оның көбінесе ұлттық қана емес,
халықаралық сипаты да бар. Террористік іс-қимылдар әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олардың бәріне екі
ортақ элемент тән. Біріншіден, олар мемлекеттік билікке нұқсан келтіруге бағытталған және екіншіден,
халық арасында террористердің ұйымдастырылған әрі қатал күш көрсетуінен туындаған қорқыныш
пен шарасыздық сезімін туғызады.
Халықаралық терроризмге қарсы күресті үйлестіретін халықаралық-құқықтық актілер мен
органдардың өте көп болғанына қарамастан, осы уақытқа дейін халықаралық құқықта халықаралық
терроризм ұғымын, оның заңдық табиғаты мен жауапкершілігін айқындайтын бірыңғай әмбебап
келісім болмай отыр. Халықаралық терроризм актілерінің толық тізбесі жоқ. Оның үстіне бүгінде
терроризмге қарсы күрестің көп жағдайда бір-бірінен алшақ екі стратегиясы қалыптасты. Біріншісі, көп
тарапты негізде қабылданған, қауіпті режимдерді, тіпті қарулы күрес жүргізіп жатқан және террористік
акциялардан шімірікпейтін ұйымдарды да халықаралық құрылымдарға тартуға бағытталған жұмсақ,
саяси жағы басым шешімдер және олар әлемдік аренадағы ұстанымда деструктивтік элементтерді
бейтараптандырушы жаңа мотивациялар жүйесін қалыптастыруға күш-жігер жұмсау қажеттігінен
туындайды.
Осыған орай терроризмді әскери жолмен басу кері нәтижеге – экстремистік күштерді
шоғырландыруға және олардың саяси базасын кеңейтуге алып келуі мүмкін деген тұжырым жасалады.
Қауіпті режимдер мен қозғалыстарды халықаралық құрылымдарға және институттарға тартуға баса
назар аударылуда. Экстремистік мемлекеттер мен топтарға агрессивтік ұмтылыстан бас тартып,
ынтымақтастыққа келу егестен гөрі неғұрлым тиімді екенін осылай дәлелдеуге болады деген ой
келеді.
Терроризмге қарсы күрестің басқа стратегиясы күш қолдану әдісін мақсат етеді. Атап
айтқанда, терроризм туғызып отырған қатер орасан қауіпті, ал саяси шешімдер, егер тіпті олар өз
мақсатына жетсе де өте баяу деген тұжырым жасалады. Террористер және олардың режимін
қолдаушылар жойылуға тиіс. Тоталитарлық мемлекеттер оқшаулануға тиіс, ал әлемдік қоғамдастық
оларда демократиялық өзгерістерді ынталандыруға қажеттің бәрін жасағаны жөн.
45
Сөз жоқ, біз терроризмге қарсы күрестің басқа әдістерінің де бар екенін теріске шығармаймыз. Бірақ
терроризмге қарсы күрес жүргізуші мемлекет, ең алдымен, терроризмнің туындауына себеп болатын
және жағдай жасайтын жәйіттерді жоюға бағытталған алдын алу шараларын қолдануға тиіс.
Қазақстанның дербес егемен мемлекет болып қалыптасуы, оның әлемдік қоғамдастыққа
белсенді түрде енуі ел алдына бірқатар жаһандық проблемаларды қойып отыр. Қазақстанның
қылмыстық саясатының негізгі бағыттарының бірі конституциялық құрылыс негізін және мемлекет
қауіпсіздігін қорғау болып табылады. Атап айтқанда, бүгінгі таңда әлемдік ауқымда нақты қатер
төндіріп отырған террористік және өзге де экстремистік құбылыстардан қорғану. Бұл орайда
Қазақстан бірден және сөзсіз әлемдік антитеррористік майданды қолдады. Республика терроризмге
қарсы күресте басқа мемлекеттермен барлық деңгейде тығыз өзара әрекет жасап, ынтымақтасуда.
Қазақстан өз тарапынан халықаралық тәжірибені ескере отырып, терроризмге және
экстремизмнің өзге де көріністеріне қарсы күрестің заңнамалық базасын жетілдіру жөніндегі қызметті
жүзеге асыруда, ол тұтас алғанда террористік қатерлерге барабар іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.
Аталған проблемаларды шешу жолындағы нақты қадамдардың бірі терроризмге және экстремизмге
қарсы күресте мемлекеттік органдардың қызметін құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге тиіс
заңнамалық базаны жетілдіру, жеке адам мен қоғамның Конституцияда кепілдік берілген қорғалуы
мен қауіпсіздігіне қол жеткізу болып табылады.
Қазақстанда терроризм бар деп айтуға болады. Бұған елімізде болған бірнеше жарылыстар
дәлел. Сондықтан да бар нәрсені жоқ деп айта алмаймыз. Біздіңше, терроризмнің пісіп-жетіліп,
жарылғанын күтуге болмайды. Оны зерттеп, түп-тамырын анықтау қажет. Терроризмнің алдын алып,
қоғам арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу керек. «Ең бастысы, ақпараттық жұмыс жүруі тиіс.
Лаңкестік дегеніміз не, пайда болу себептері қандай, олардың негізгі идеологиялық тұжырымдамасы
нендей? Лаңкестіктің артында не тұр, ол неге әкеп соғады? Ланкестіктің Қазақстанға келіп, індетше
жайылуының себебң не? Міне, осындай әлеуметтік жағымсыз құбылыстарға жауап іздеп, ақпараттық-
ғылыми жұмыс жасап, халыққа жеткізуіміз керек. Мұнымен жастарымыз, ата-аналар хабардар болуға
тиіс.
Терроризм – идеология ма, жоқ әлде дін бе? Міне, қоғамдағы негізгі проблеманың бірі – осы.
Себебі қазіргі күні лаңкестіктің бәрін ислам дінімен байланыстыратын қорқынышты тенденция
қалыптаса бастады. Соның кесірінен мұсылмандар құбыжық кейіпте елестейтін болды. Мұндай жағдай
40-50 жыл бұрын болған емес. Ол кезде ислам тек бейбіт дін ретінде танылды. Ал қазір бәрі керісінше
болып
кетті.
Атыраудағы жарылыстан
кейін
мәжіліс
депутаттары іле-шала «лаңкестікті
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын қарауға кірісіп кетті. Аталмыш құжат
әріптестер арасында біраз келіспеушіліктер туғызды. Бірақ әдеттегідей заң жобасы бір ауыздан
мақұлданды. Ал, жарылысты мойындарына алған «Халифа сарбаздары» ұйымыныңбар-жоғын ұлттық
қауіпсіздік комитеті тіптен білмейтін болып шықты. Олар террористік топтың жұмысын енді тексеріп
жатыр.
Қазақстан аумағында террористік іс-қимылдардың туындау белгілері бары рас, ендеше бұл
проблеманы көз жұма қарауға болмайды. Бүгінгі таңда терроризмнің қауіп-қатеріне қарсы сақтандыру
шараларын жасау- ҚР-ң ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттарының бірі екенін атап
өту қажет. Республика аумағында террористік әрекеттердің нақтылы төбе көрсетпегеніне қарамастан,
бұл ахуал кейбір топтардың терроризм әдістерін пайдалануды қоздыратын қабілеттеріне айғақ
болатын факторлардың бар екенін жоққа шығармаймыз.
Түйіндей келе айтарымыз, біз XXI ғасыр қылмысына айналып отырған терроризммен және оны
жүзеге асырып отырған террористік ұйымдармен осылайша күресіп қана қоймай, терроризмді сыртқы
саясаттағы құралына айналдырып отырған АҚШ, Ұлыбритания сияқты елдерге саналы түрде қарсы
шыға отырып, өзіміздің сыртқы саясатымызды ешкімге жалтақтамай, тәуелсіз түрде жүргізуіміз қажет
деп білеміз.
Міне, осындай ойлар мен істердің жетегінде қазіргі ҚР-сын тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде
сақтап, тіпті "Орта азиялық барыс" дәрежесіне көтеру үшін, ұлттық қауіпсіздігімізді нығайта отырып,
сыртқы саяси белсенділігімізді арттыру қажет екендігін еліміздің әр азаматы түсінуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |