15
дырықтан шығарып тастаушылар, менің
байқауымда, даусыз бір жайды ескермей
жүр: ол - өз тұсында жалғыз қазақ қана
емес, басқа көршілес елдерден де Абайдың
әдебиеттегі үздіктігі», - деп бастап, әлі
күнге дейін ешкімнің елемей келе жатқан
мәселесіне назар аударады.
«Абайдың әдебиеттегі үздіктігін» дәлел-
деу үшін түркі тілді әдебиеттердің тари-
хына шолу жасайды. Өзбек, түрікмен,
қырғыз, қарақалпақ елдері «Күншығыс ис-
лам мәдениетінің кірлі көрпесін қалың
жамылып, Батыс ауасынан әлі тыныс ала
қойған жоқ еді» [29-бет], мұндай жай-күй
осман түріктеріне де тән екенін айта келіп,
түрікменнің Махтұмқұлысы, башқұрттың
Шайхзаде Бабичі, татардың Шағабуддин
Мәржаниі мен Хаюм Насириі, азербай-
жанның
Мырза
Фатали
Ахундовымен
салыстырған уақытта, үлкен білімдарлық
диапазон танытып қана қоймай, автор
жүйелі пікір өрбітіп, негізгі ойын былай
тұжырымдайды: «Абайды көрші елдердегі
замандастарымен салыстырғанда, Мырза
Фаталиден басқа ешкім де теңдесе алмай
шығады. Ұлт тіліне, әдебиетіне сіңірген
еңбегін, ақындық күшін алғанда, Абай
бәрінен де озат шығады. Өйткені ол кезде
таза халық тілімен жазып тұрып, ол
жазғаны классик әдебиет үлгісімен шығар-
ған ол елдерде адам болған жоқ. Абайдың
бірқатар сыншылар ескермей жүрген бір
оқшаулығы осы» [32-бет].
Осы еңбектің екінші тарауы - «Абай
және шағатай әдебиеті» деп аталады да,
«Абайдың алды жоқ емес, жоққа жуық.
Өйткені Абайдың алдында да әдебиет
болулы» [32-бет], - деген уақытта, оның екі
түрлі екенін, біріншісі - «емшек сүтімен
қатар құлағына кіріп, сүйегіне сіңген» ауыз
әдебиеті, екіншісі - қожа-молдалы Құнан-
бай аулына ала бөтен таныс шағатай
әдебиеті екенін, «Абайдан бұрынғы қазақ
әдебиеті бұл екеуінің шаранасынан шығып
көрмегендігін» [32-бет] баяндайды да,
екінші салаға - шағатай әдебиеті мен Абай-
дың байланысына айрықша назар аударады.
Шағатай әдебиетінің мәні қандай еді
дегенге келгенде, Қ. Жұбанов оның тек
мистицизмі мен «нәпісқұмарлығына» көңіл
бөліп, осыдан аулақ болуға үндейді.
Сондықтан Абайда тек үш өлең ғана шаға-
тай әдебиеті үлгісімен жазылған, «Абай
мұны 13-19 жастарында ғана жылтыратып
тағынып, сонан кейін суынып, тастап
кеткен» [32-бет], 1864 жылғы «Әліп-биден»
кейін «Шығыс жұртына қонуды тоқтатқан.
Бұдан соңғы Абай өлеңдерінен шағатай
үлгісін іздеу, меніңше, құр арам тер болу»
[36-бет]
сияқты
пікірі
Абай
твор-
чествосындағы Шығыс сілемі жөніндегі
мәселенің идеялық-көркемдік мотивтерінен
гөрі, өлеңдік түріне тікелей байланыс-
тырыла айтылған. М.Әуезовтің концепция-
сына Қ.Жұбанов көзқарасының қабыс-
пайтыны байқалады. Қайткен күнде де,
Абайды Шығыстан ертерек бөліп алу ниеті
авторға мынадай тұжырымды қорытынды
жасатады:
«Сонымен, 1864 жылдан кейінгі Абай-
дан шағатай ықпалын іздеу - бос арамтер.
Өйткені: 1) Шағатай әдебиетінің негізгі
бағыты - мистицизм; Абайда бұл жоқ. 2)
Шағатай әдебиетінің тілі араб, парсымен
шұбарланған шұбар тіл; Абайда бұл,
машықтау үшін болмаса, ұшырамайды. 3)
Шағатай әдебиетінде өлең өлшеуі - араб,
парсының ғаруз өлшеуі. Абай мұны ерте
тастаған. 4) Абай сияқты төрт аяғы тең
жорға ақын шағатайдың ғарузына сүйсінген
болса, жазып алып сүйсінбей, басқа да бір
қасиеттерін қосып ала жүрген болар еді;
Абайдың еш қылуасында олармен әдеби
оты өрелі жанатын қылық жоқ. Абай
Шығыс үлгісін көрмей, білмей аман кеткен
ақын емес, белшесінен кешіп барып,
батпағына аунап барып, одан шығып,
тастап кеткен ақын» [36-бет]. Осы ойлардан
Абайды шағатай әдебиетінен арашалап
қалу ниеті айқын байқалады. Кейінгі
кездегі
әңгімелерді
былай
қойғанда,
журналдың бір санында қарама-қарсы екі
пікірдің айтылуы, оқушы ойын әр өңірге
жетектеуі тегін емес. Сондықтан да Абай
және Шығыс әдебиеті деген проблема әлі
де жете, түбегейлі зерттелетін үлкен де
күрделі, кезек күттірмейтін проблема.
Қ. Жұбанов осы тарауда талай соны, тың
байқаулар
жасап,
ғаруздың
заңды-
лықтарына іштей еніп, ғылымдық диа-
пазонын танытқан. Абайдың еліктеу дәуірін
дәлелдеуге талаптанғанда: «шағатай әде-
биеті Абай өлеңінің поэтикалык, техни-
касына да шалығын тигізгендігін мойын-
дағымыз келеді» [33-бет], - дейді. Абайдың
ақындық қуаты, кемеңгер ойшылдығы
жеңіп, тұтас гармония жасаған, «сондық-
тан, Абай өлеңінің мазмұны түрін көрсетіп
тұрады, түрі мазмұнын көрсетіп тұрады.
Абайдың тілінің сөздігі (лексикасы), грам-
матикасы, Абай өлеңінің өлшеуі, ырғағы,
ұйқасы, Абай суретінің бейнесі - бәрі бірге
қосылып та, жеке тұрып та негізгі тақы-
рыптық күйіне билеп тұрады. Оның сөздері
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
16
тек бермек ұғымын жеткізерлік амал болып,
поэтикасы өлең қалыбына сиярлық қана бо-
лып қоймайды, бірі олай, бірі бұлай да
кетпейді, солардың әрқайсысы, үлкен сим-
фония оркестріндегі жеке музыка аспап-
тары сияқты, өздері бір-бір күй тартып
тұрады да, бәрі қосылып негізгі күйді
шығарады, тақырып соның бәріне дирижер
болып тұрады» [32-бет]. Абай поэзиясының
сырын жыға ұққандықты танытатын мұндай
бақылаулар мен сүбелі ойлар осы еңбектің
әр саласынан жиі кездеседі.
«Абайға сүтпен кіріп, сүйегіне сіңген
әдебиет үлгісінің бірі - халық әдебиеті»
[36-бет] екеніне осы мақалада арнайы назар
аударылған. «Шам жарығы түбіне түспей-
ді» дегендей, бұған дейінгі мақалаларда
Абайдың қазақ әдебиетінен алған үлгі-нұс-
қалары арнайы әңгімеленбей, сөз арасында
ғана айтылып қана келгенін ескертсек,
автордың ауыз әдебиеті мен Абайдың бай-
ланысын ашу талабын айрықша құптаған
жөн. Абайдың жаңа эстетикалық норма жа-
сағанын, қазақ өлеңіне зор өзгеріс енгіз-
генін айтқанда, көбіне Батысқа, әсіресе,
орыс әдебиетіне бағыштай береміз де, Шы-
ғыс әдебиетінің әсерін желе-жорта, ал,
қазақ әдебиеті әлі фольклорлық қалыпта,
көркемдік шеберліктің шырқау биігіне
көтерілмеген, шынтуайттап келгенде, қазақ
әдебиеті өзіне өзі үлгі-өрнек бола алмайды
деген теріс түсінікті тілге тиек етіп шыға
келетінбіз. Сөйтіп, Абайды, тіпті, ұлттық
поэзияның топырағынан алшақтатып әкету-
ге дайын тұратынбыз. Соның салдарынан
болу керек, Абайға дейін қара өлең мен
жыр ғана болған, Абай жаңа өлең
өрнектерін жасады деп, өлеңнің сыртқы
құрылысына ғана назар аударып, қазақ
өлеңінің негізгі жүйесіне, дәстүр сабақ-
тастығына көңіл бөлінбей келе жатқан
болатын.
Қ. Жұбанов осы еңбегінде Абай халық
әдебиетінің «қызығына ерте тояттап, ескір-
ген даналығын көп ұзамай-ақ өзіне мұра
санаудан қалған. Халық әдебиетінің заман
таптап даңғылданған көне жолы Абайға
тарлық еткен», сондықтан ол «көр-жерді
өлең қылған» ақындардан және Шығыстан
өзгеше жол іздеп, «Байрон мен Гетенің,
Пушкин
мен
Лермонтовтың
етегінен
ұстайды. Классик әдебиет дөңіне шығып,
артына қарағанда» [37-бет], жамау-жас-
қаулы Шортанбай, Дулат өлеңдері, сөздің
қасын түзеймін деп кезін шығарған ел
ақындарының жырынан безіп, Абайдың
«тіл ұстартып, өнер шашпақ» болғаны
жайлы ой түйіп, осының өзін «күні бүгінге
шейін
құнын
жоғалтпаған
артықшы-
лықтарының бірі» деп табады. Халық
әдебиетіндегі басы «артық сөздер» мен
қыстырмалардың жайын білгірлікпен баян-
дайды.
«Қазақтың халық әдебиеті де сахна
әдебиеті болатын, көпшіліктің тыңдауына
бейімделген шығарма болатын. Тыңдалатын
шығарма мағынаның артық қоюлығын
көтермейді. Ондай болса, тыңдаушының
миын
шаршатады.
Сондықтан
халық
шығар-масында шығарманың тақырыбына
қатысты
сөздердің
аралығында
тыңдаушының миына гимнастика болғандай
«басы артық» сөздер енгізілетін. Ауыз
әдебиетте мұндай қыс-тырма әңгіменің үш
түрлі пайдасы бар.
1) Тақырыптан тыс әңгіме болғандық-
тан, тыңдамасаң да, түсінбесең де, әңгі-
менің
ұзын-ырғасын
ұғуға
кемшілік
қылмайды. Сонымен ол тыңдаушыға дема-
лыс болады. 2) Тақырыптан тыс әңгіме бол-
ғандықтан, тыңдаушының зейінін аударып,
миға гимнастика болады. 3) Тақырыптан
тыс әңгіменің өзі бір шетімен тақырыпқа
байланысып жатса әрі логика, образ жағы-
нан дұрыс құрылса, тыңдаушыны күнілгері
даярлап, негізгі тақырыпты жақсы, жанды
түрде түсінуге себеп болады. Ауыз әдебиеті
үлгісінде бұл таптырмайтын әдіс. Бірақ
жазба әдебиетте мұндайлар мағынаны
сұйылтып әкетеді. Сондықтан мұнда ұзақ
қыстырма әңгімеге орын қалмайды. Мұнда
оның орнын сөздің образдылығы ұстайды»
[38-39, 40-беттер],
- деген ойларының өнікті
екені және творчество психологиясын,
оның ішкі сарайын жыға түсініп, індете,
қазбалай айта білгенін көреміз.
Қ. Жұбанов Абайдың образ жасау жо-
лындағы ізденістерін халық әдебиетімен
бауырластырып, өскен арнаның көне болға-
нымен де, құнарлы екенін танытуға талап-
танған. «Қысқасы, Абайдың образ қолдану-
дағы өзгешелігі: әуелі - қатесіз анық таныс
бейнені алады, екінші - образы ескі, өлі
қалыбында қалмай, жанданып кетеді, үшін-
ші - ескі образды өсіріп, жаңартып жалғап
әкетеді. Оның ескі таныс образ алуы тек
таныс жағымен тартып, жуықтатып алып
келгеннен кейін басқа жаққа бұрып жібе-
рейін деген сияқты. Ескі әдебиет мұрасын
Абайдың пайдалануының бәрі осылай. Ол
ескіні де, өз заманын да дәріптемейді. Ескі
образды алғанда, оны сүйдіру үшін емес,
ескіні бұзып, жаңа қылып, сонымен жаңаны
ұғындыру үшін алады. Абайдың әдебиет,
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
17
мәдениет істеріне қолы тиіп кетсе, ол тек
сүртіп, шаңын кетіріп шықпайды, өзінше
бұзып, өзінше түзеп, өз қолының ізін
қалдырады. Өлеңнің ырғағы да, ұйқасы да,
буыны да, әні де, тақырыбы да, сөз төсегі
де, суреті де Абайдың қолынан өткенде
бұрын көрмеген жаңа нәрсе болып шығады.
Абайдың арқасында XIX ғасырда қазақтың
әдебиеті өзінің атам заманғы «азалы аң
көрпесін сілкіп тастап», Европаның классик
әдебиетінің қалыбына түседі, сөйте тұра,
қазақ әдебиеті болушылығын да бұзбайды»
[41-42-беттер], - деген тұжырымды ойлар
түйеді.
Ғылыми дәлелдемелері мен эстетикалық
бақылаулары мол автор өз пікірін түйіп тас-
тап отыруға, сол айтылған ой-пікір негізін-
де үлкен корытынды (обобщение) жасауға
ұмтылатын ғалымдық стилін әрқашан таны-
тып отырады. Шығыс пен қазақ, әдебиет-
терінің
болмысын
жыға
таныған
Қ.
Жұбанов Абайдың классик ақын екендігін
ішкі процестермен түсіндіріп: «Абай біздің
жазба әдебиетіміздің атасы болғанда өле-
ңін, қара сөздерін тек қағазға жазған-
дығымен ғана емес, жазба әдебиет пен ауыз
әдебиеттің осы айырмашылығын ашқанды-
ғымен атасы болады. Қазақ әдеби-етін ауыз
әдебиеті дәрежесінен шығарып, неше мың
жылдай көнігіп, етке, қанға сіңіп болған
ескі ауыз әдебиет дағдысынан құтқарған
адам - Абай» [40-бет], - деген қорытын-
дысына
еріксіз
қол
қойғызады.
Қ.
Жұбановтың бұл еңбегі әлі толық танылып,
оның мән-мағынасына айрықша назар
аударыла қойған жоқ. «Е, Абай жөнінде кім
не демеді» сыңайымен келе жатырмыз.
Екіншіден, Абайды ғылыми жолмен тану-
дың алғашқы кезінде осындай ой-пікірлер-
дің айтылғаны зор табыс болса, үшіншіден,
казақтың эстетикалық ой-пікірінің өсу,
жетілу жолдарын, яғни сынның өз алдына
жеке жанр болып қалыптасып келе жатқан-
дығын, әдебиет-танудың алғашқы қарлы-
ғаштары ұша бастағанын көрсету мақсатын
көздедік.
«Әдебиет майданы» журналының Абай-
ға арналған осы санында Қ. Жұбановтың
еңбегінен
кейін
Ілияс
Жансүгіровтің
«Абайдың сөз өрнегі» деген макаласы
жарияланған. Бұл тың, соны еңбек емес, I.
Жансүгіровтің
Абай
шығармаларының
толық жинағына арнап 1932 жылы жазған
алғы сөзінің акырғы тарауы.
Абай
творчествосының
эстетикалық
кадір-қасиетін ашу, өзге әдебиеттермен
байланыс-ықпалдардың сырына үңілу, Абай
ақындығының мәнін түсіну саласындағы
үйірлі материалдардың ішінен Есмағамбет
Ысмайылов пен Зейін Шашкин жазған
«Абайдың поэтикасы» деген мәнді еңбекке
назар
аударған
жөн.
Өйткені
Абай
творчествосын
шын
ғылыми
жолмен
игерудің айқын көрінісі болуымен бірге,
осы құнды зерттеу бұл уақытқа дейін
жалпы долбарланып, нақты әңгімеленбей
келген проблемаға оңтайлы барлау жа-
сайды, түйінді ой-пікірлер айтады. Сонсын,
жалғыз Абай поэзиясы ғана емес, жалпы
қазақ әдебиетінің поэтикасы бұрын-соңды
арнайы сөз болмағанын ескерсек, бұл
тұңғыш еңбектің қадір-қасиеті еселене
түседі.
Авторлар Абай поэтикасын үш жүйеге
бөле қараған. Әуелі - Абайдың қазақ өле-
ңіне қосқан жаңа өрнектеріне, екінші -
көркемдік амалдарына, үшінші - Абай
өлеңінің
дыбыстық,
яғни
әуендік
жүйелеріне назар аударған.
Сол кездегі сынның аңғарымен бұл
авторлар таза эстетикалық категорияларға,
талдау-анализге идеялық мұнарадан қар-
ауыл қоя отырып барғанын да көреміз.
«Абай - қазақ поэзиясының сөзсіз бір
биік асқар белі. Қазақ поэзиясын тұйықтан
шығарып, шын, мәнді поэзияның есігін
ашты. Әдебиет тарихымызда поэзияның
айқын жолдарын салды. Ол жол қазіргі
әдебиетімізде де сайрап жатыр», - деп
жалпы поэзияның даму сатыларына көз
салады, орыс поэзиясына Пушкин жасаған
өзгеріс
қандай
болса,
Абай
қазақ
поэзиясына соншалық өзгеріс жасады,
«шын көркем поэзияға жол ашты. Абайға
дейін қазақтың бай ауыз әдебиеті, тілі өріс
ала алмай, тұйыққа тіреліп тұрса, Абай ол
тұйықты жазды. Өзінің поэзиясына жаңадан
өріс іздеді, қанаты талмайтын жазыққа
құлаш ұрды. Ол шыңнан аспанға өрмелеген
соң, жазықтан шыңға өрмеледі. Жазықтан
поэзияға сара жол салып аспандады.
Сондықтан Абай, қазақтың нағыз көркем
поэзиясының басы десе дұрыс болар еді»
[97-бет]. Осындай жалпы ой-пікірлерден
кейін Абайдың өлең өрнектеріне, өздері
аңғарған жаңа түрлерге талдау жасаған.
Абайға дейінгі қазақ, поэзиясындағы
өлең түрлері 11 буынды қара өлең мен жыр
екенін жалпылай айтады да, осы екеуін
қосқанда, Абай жаңадан 16 түр шығарды
деп, әрбір жаңа өрнекке мағыналық тұрғы-
дан да, эстетикалық тұрғыдан да, кей кезде
статистикалық деректер тұрғысынан да
дәлелдер келтіреді.
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
18
Мақаланың мазмұнын, талдау-анализ-
дерін баяндардан бұрын, бір мәселеге, яғни
Абай қазақ поэзиясына қанша жаңа өлең
өрнегін енгізді дегенге азырақ тоқтай
кеткен абзал. Бұрынғы мақалаларда Абай
жаңашыл ақын, сондықтан ол қазақ өлеңіне
көп жаңа түр қосты деген жалпылама пікір
айтылса, Ілияс Жансүгіров Абай жинағына
жазған алғы сөзінде Абай 14 жаңа өлең
өрнегін жасады деген ойын нақты мысал-
дармен дәлелдемей айтса, осы журналда
жарияланған мақаласында: «Абайда ескілі-
жаңалы 11 өлең өлшеуі бар» [49-бет], -
дейді, бірақ оны тарамдап, жүйе-леп
талдамайды. Қазақ әдебиеттануында Абай
енгізген өлең түрлерін алғаш нақты
талдаған Е. Ысмайылов пен 3. Шашкин.
Бұдан кейін С. Мұқанов «Абай - халық
ақыны» деген 1937 жылғы принципті
еңбегінде 15 түрді атап көрсетсе, «Жарқын
жұлдыздар» монографиясында оны 20-ға
жеткізген. М. Әуезов бұл мәселеге арнайы
назар сала қоймаған. Ал, Қажым Жұмалиев:
«Абай ең алдымен 8 буынды және 6
буынды жаңа екі түр кіргізді. Бұның екеуі
де Абайға дейінгі әдебиетімізде жоқ еді.
Үшінші, «аралас буынды» өлең құрылы-
сының жаңа түрлері»,- деп С. Мұқанов пен
Е. Ысмайыловтың өлең түрлерін жіктеуіне
қосылмайды. «Абайдың кіргізген жаңалығы
он бес пе, он алты ма, әлде онан да көп пе,
ол мәселені ашық калдырып, жалпы
алғанда Абайдың өлең құрылысына үлкен
өзгеріс кіргізгендігін ғана айтамыз» [1960,
2-т, 349-6], - деп өте бір қажетті де керекті
мәселені орағытып өткен. Зәки Ахметов та
«Қазақ өлеңінің құрылысы» атты еңбегінде
осы жолмен кеткен.
Тегінде, бұл мәселе әлі де болса арнайы
зерттелуге тиісті айрықша қажетті проб-
лема. Абай енгізген жаңалықтың бәрі де тек
жалпы идеялық-көркемдік тұрғысынан ғана
емес, қажетті жағдайда стуруктуралық тұр-
ғысынан да қаралуға тиіс. Әдебиет-тану-
дағы структурализм әдісінің жетіс-тігін,
оңтайлы жақтарын пайдаланып, осы мәсе-
лені тиянақты шешіп алу қажет-ақ.
Сонымен, Е. Ысмайылов пен Шашкин-
нің Абай поэтикасына алғашқы рет жасаған
нақты талдауына оралғанда, 20-30 жылдар-
да әдебиеттану саласында жиі қолданған
зерттеу тәсілдеріне ден қойған жас автор-
лар орыс әдебиеттануынан бірқыдыру өнеге
алған. Олар поэтикалық, туындының жан
сырын ұғып, ішкі процесін түсінуге талап-
танған. Оған осы мәнді еңбекте дәлел-дер
көп. Абайдың «Жаз» деген өлеңіне жасаған
талдау осының айқын көрінісі.
«Абайға дейінгі халық әдебиетінде де,
Абайдың жыр үлгісімен жазылған өленде-
рінде де «Жаздай» шебер жазылғаны жоқ.
Бұл өлеңде Абай сөзді ойнатып, ырғаққа
билетіп, дауыс толқындары да бірыңғай
шығып, ұйқастарында ешбір олқылық
білін-бейді,
жорға
аттың
жүрісіндей
тайпалады да отырады... Басынан аяғына
дейін жолдың әр тармағы 8 буыннан не
аспайды, не кемімейді. Абай өлеңдерінің
ішіндегі
көте-ріңкі,
серпінді
рухпен
жазылған
шаттық
жағдайы
өлеңнің
мағынасынан ғана емес, ырғақ, дауыс
толқыны, ұйқа-сымының өзінен көрініп
отыратын өлең. Сондықтан «Жазды» өз
алдына бір түр етіп алдық» [99-бет], - деп
осы өлеңді сөз қолдануы жағы-нан талдауға
салады. Сондай-ақ, Абайдың атақты «Сегіз
аяғына» келгенде, авторлар өлеңнің түрін
мазмұнына тәуелдейді.
«Қайғылы сарын күйі жүректен шалқып
шығып, қалқып, сорғалап, аспанға өрлеп
барып, қайта жайылып, бәсеңдейді. Күйдің
пернесі қайтадан тартылғандай дауыс тол-
қыны бір көтеріліп, өрлеп, өрістей, тағы
басылып, тынғандай болады. Бірақ жаңғы-
рық күй тынбастан іле-шала іркілген түйдек
толқын бір шарпып, жарға ұрыл-ғандай
шаңқ етіп, беті қайтады, жаралы болған
жан тәрізді өзін мойын ұсындырып,
әлсіреп, әлі бітіп барып тоқтайды. Өлеңнің
ырғағы, дыбыс толқыны (әні өз алдына
және бар) «Сегіз аяқтың» осы сарын күйіп
күшейте түседі: тағы ырғақ пен мазмұнның
ән күйіне бірлігі келіп шығады» [101], - деп
тапқан авторлар «өлеңнің түрі мазмұнына
тәуелді болмақ» тәрізді ой айта отырып,
осы «Сегіз аяқ» үлгісімен Бейімбет жазған
«Жаңартты қазір жырды ауыл» өлеңіне
талдау жасайды. «Қайғылы күй кестесі
шаттық әуенді шығармаға орайласпайды,
түр мен мазмұн екі айырылып, қабыспай
тұр» [114-бет] деп табады.
Осындай эстетикалық таным-білікпен
жас авторлар Абайдың Шығыс әдебиетінен
алғандарына,
ғаруз
үлгісімен
жазыл-
ғандарына тоқтай келіп, шыққан тегі ғаруз
болғанымен, «Жүрегі - айна, көңілі ояу»
өлеңінің қазақ өлеңінің ырғағына түсу
жайына назар аударады: «Абай поэзия-
сының түр өрнектері, ырғақ, сарын күйлері
қазақтың ауыз әдебиетіне негізделіп жату-
мен қабат, араб, парсы, шағатай, орыс
әдебиеттерімен де араласып жатыр. Солар-
дан үйренгендігі, солардың өлең түрлерін
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
Достарыңызбен бөлісу: |