Диссертация «Қазіргі қазақ Әдебиетіндегі табиғат лирикасы»



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата30.12.2016
өлшемі376,17 Kb.
#760
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7

Сұлудың көзіндей көл жаудыраған.

Малта тас, маржан, ахық, меруерт тас,

Төгіліп көл жиекке саудыраған.

Көк кілем, балаусасы балбыраған,

Көк жібек жапырағы жалбыраған.

Ақ қанат аспандағы сонда жауып,

Бал бұлақ таудан, тастан орғылаған

…Көкшетау жер жәннаты жеке біткен,



Жомарт тау дастарқанды, момақан тау.

Бұл сұлу кең далада бойын күткен,

Шипа тау тазартатын барлық дерттен.

Осы шумақтарда  Көкшетаудың әсем суретін ақын баяндай

айтқанның өзінде   ақ қант ,   бал бұлақтары   мен бойын күткен сұлу

қызға теңеп, дастарқандай, тағы да басқа асыл қасиеттерінің барлығы

таудың көркем образын жасап тұрады.

І.Жансүгіровтың   Көкшетау   туралы   жазған   образды

шумақтарында   өзіндік   ізденістен   туған,   тың,   соқпақтарымен   қатар,

кейде   С.Сейфуллиннің     Көкшетау     (1928)   поэмасындағы

көркемдіктермен де ұштасып, астасып жатады.

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын, 

– 

деп  С.Сейфуллин  Көкшетауды  кербез   сұлу   қыз  бейнесінде



жырласа, І.Жансүгіров  Бұл сұлу кең далада бойын күткен  дейді.

Осындай   жекелеген   образ   ұқсастықтары   болғанымен

негізінде   екі   ақында   Көкшетау   екі   түрлі   жоспарда,   өзіндік   өрнек-

нақыштарымен беріліп отырады.

Ілияс   Құлагер   поэмасындағы   Туған жер   деген бөлімінде

өзінің   тауда   туып,   оның   тасында   өсіп,   асқар   шыңына   қозы   жайып

ержеткенін ерекше леппен толғайды.

Шыныда   да   табиғат   туралы   өлең,   жырларының   ішінде,

әсіресе   мол   жырланғаны   -   тау   бейнесі.   Ақын   оны   ''Жетісу

көріністерінде''   айрықша   тапқырлықпен   жырлағанын   баяндадық.

Өмірінің   соңғы   кезеңдерінде   Ілияс   сол   тауына   тағы   да   оралып,

''Кавказ''   деген   өлеңін   жазады.   Бұл   оның   өмірінің   соңғы

46


жылдарындағы   табиғат   туралы   жазған   өлеңдерінің   тәуірі   болып

саналады. Ақын енді табиғат суреттерін құр тамашалай бермей, тау

қыртысындағы байлықты, бауырындағы қалалары  мен курорттарын,

поезы   мен   кемесін,   жемісі   мен   суларын,   ГЭС,   тағы   басқа   адам

игілігіне   жұмсалып   жатқан   пайдалы   жайларымен   сұлу   етеді.   Ақын

табиғи сұлулық пен байлықты адамнан бөліп алып қарамайды.

Сәкеннің   табиғатты   суреттеген   өлең   жырларының   өзіндік

ерекшелігі,   суреттеудегі   дараланып   тұратын   қолтаңбасы,   мәнері

бірден  сезіліп  тұрады.   Сәкен   жаны  нәзік,  сыршыл  да   сырбаз   ақын,

оның талғам таразысы, бітімі бөлек, эстет қаламгер ғой. Оның үстінде

ежелгі әдебиетімізді, халық поэзиясының нәрін бойына сіңіре білген

ақын   лирикаларында   халықтық   дәстүріміз,   дүние-танымымыз

молынан   көрініс   тауып   отырады.   Ол   қасиет  

–  Сәкен   лирикаларын

оқырманға   барынша   жақындата   түседі.   Оқырман   Сәкеннің   табиғат

лирикаларынан   өз   көңіл-күйін,   арман-мұратын   сезініп   отыратыны

сондықтан.   Сәкеннің   табиғат   лирикаларынан   Абай   дәстүрінің

сабақтастығын  да айқын сезіп отырамыз.

Көкшетаудың   сұлулығын   барынша   жырлаған   ақын   Сәкен

Сейфуллиннің   табиғат   туралы   өлеңдері   өз   елін,   оның   табиғатын

сүйген ақынның шын сезімін аңғартады.  Нұра ,  Туған жерім, өз елім ,

Жайлауға көшу ,  Жайлауда қымыз ішу  сияқты өлеңнің тақырыбы да,

мазмұны   да   бір-біріне   сабақтас,   бірін-бірі   толықтырып   отырады.

Алыста оқуда жүрген жас ақын  

—  лирикалық кейіпкер туған жерін

сағынып іздейді, жайдақ атпен шапқылап, асыр салған өлке мен өзен

бойлары, бәйшешегі құлпырып, құстары сайрап, тең құрбымен ойнап

күлетін   сәттері,   таң   сәріден   ауыл   жапырылып   жайлауға   көшкенде

балалардың тайға мініп шабысқаны, жастар мен қыз-келіншектердің

қатар тізіліп әзілдесіп, салт атпен жарысып, ел қонар жерге көшпен

бірге жеткені, желі қағылып, шалғынға бие байланып, самаурынның

қайнап жатқан көріністері  

—  бәрі ақынның көз алдынан тізбектеліп

өтеді.


Өртенді өріс, суы тұнық көлге кеп,

Ауыл қонып, үй тігісіп жайласар.

Көлге жауып жылқыларды суарып,

Желі қағып, шалғынға бие байласар...

Абайдың  

“Жаз”  өлеңіндегі   көрініске  ұқсастығы   жоқ   емес,

ұзақ   замандар   бойы   бір   қалыпта   болып   келген   көшпелі   ауылдың

көрінісін қай ақын суреттесе де бір-біріне ұқсас келуі әбден мүмкін.

Өртенді, көк орай шалғынды, суы тұнық көлді жерге қонған

ауылдың ендігі бір тіршілігі 

— жиналып қымыз ішу.

Үкілі ожауменен қымыз құйып.

Жақсы, жаман талғамай бәрін жиып,

Қайта-қайта қымызды бергенен соң,

Кім шықсын ондай үйден тастап қиып.

Тізіліп босағадан төрге шейін

Келген адам отырар бәрі сыйып,

47


Көйлекшең, шапандарын жамылысқан

Жалаңаш аяғына кебіс киіп.

Малшылардан өрістің жайын сұрап,

Дуылдасып, қызысып, ойнап күліп.

Күлу үшін сөздерін бұра сөйлеп,

Бірін-бірі сықақ қып сөзбен іліп.

Ауыл   адамдарының   бір   үйге   жиналып   қымыз   ішкен   жай-

күйін, мінез-құлқын дәл суреттейді. Бірақ ақын құбылысқа битарап

қарайды.   Сол   қымыз   туралы   көріністің   қоғамдық   сырын   ашуға

бармайды, Абайда:

Ақ көйлекті таяқты,

Ақсақал шығар бір шеттен.

Малыңды әрі қайтар деп,

Бай байғұс десін деп,

Шақырып қымыз берсін деп,

Жарамсақсып жалпылдап,

Шапандарын белсенген,

Асау мініп теңселген,

Жылқышылар кеп тұрса,

Таңертеңнен салпылдап, 

десе, Сұлтанмахмұтта:



Сапырсаң сар шараға құлаш керіп,

Жиылған мейманыңа құйып беріп.

Ата ұлын, ене қызын безіп тастап,

Кетпей ме екі удайда саған еріп.

Кәсіпсіз көзін сатқан сорлы кедей,

Қояр ма піспек аңдып тентіремей,

Атағыңды көтерер алғыс айтып,

Байғұсқа бір жұтқызсаң 

“кет, шық” демей, —

дейді. Тіпті Мәшһүр Жүсіп те:

Жаз болса ауыл бойы ыңғай қонып,

Қызық қой бұл жүрген деп мұндай болып.

Өңешін жылтыратып көп кедейлер,

Айрылар ат-тонынан жұрдай болып.

Біреуді пана қылып сүйегенсіп.

Мәз болып отырғанға саумал ішіп,

Мырзасы қасына ерген нашарына

Шығынды баса салар сырттан пішіп, 

деп, жайлауда, байдың үйінде жаналып қымыз ішуді жай бір



тамашалық   көрініс   деп   қарамайды,   әлеуметтік   теңсіздіктің,   терін

сатпай,   арын   сатқан   жалқаулардың   бір   көрінісі   деп   қарайды.   Мол

қымыздың иесі байлар, ал кедей 

— жалшылар сол қымызды телміріп,

жарамсақтанып, арын сатып сұрап ішеді. Арын сатып тіленіп ішкен

қымыздың   қандайлық   қасиеті   болмақ   деген   сұрауды   қояды.   Ақын

табиғи көріністі жаратылыс кейпін суреттеуден гөрі ел тіршілігін ішер

асқа жарымай жалақтап жүрген кедей-кепшіктердің халін бейнелеуге

48


ойысыңқырап,   әлеуметтік   әділетсіздікке   ашынады.   Ал,   Сәкен

шындықтың бұл сырын аша алмайды.

Ақынның  

“Көкшетау”  поэмасында сұлу Көкшенің жайқала

өскен ағашын бейнелеп қана қоймайды, ол көбінесе  тау әсемдігіне,

ерекше   бітіміне   ден   қояды.  

“Оқ   жетпес”  тарауынан   үзінді   алатын

болсақ:


Сүп-сүйір бейне найза шың, құз биік,

Төбесі кейде тұрар бұлтқа тиіп.

Қарасаң етегінен шың басына,

Тақияң жерге түсер тұрған киіп.

Тіп-тік шың көкке қарай кеткен бойлап,

Тұрғандай таусылмайтын бір ой ойлап. 

Тау, шыңның биік басы бұлтқа  емін-еркін жеткені  сондай,

жай   түсуіне   қарамай,   найзағайдай   шаншылып   тәкәппарлық   сипат

танытып   тұрғандай   әсер   қалдырады.   Міне,   бұл   суреттеуден   кейін

таудың   алып   жатқан   жай   дүние   емес,   алып   шың,   басын   мұз

құрсаулаған   табиғаттың   сұсты   да   айбарлы   жаратылысы,   табиғат

ананың туындысы дейсің. Тау да, шың да, қатпар-қатпар жартастар да

дала сәні, табиғаттың кербез көркі, қиял қанатын тербететін, адам ой-

сезімін толықтыратын табиғаттың тамаша тартуы биік шыңдар өзіне

адамның    ықылас   сезімі   мен   сүйіспеншілігін  аударып   отырған.   Тау

мен   тасын,   сайын   даласы   мен   сахарасын   жыр   жолдарына   арқау

етпеген   таланттар   сирек.   Туған   жер   мен   табиғатқа   деген   адам

бойындағы   ерекше   құштарлық   пен   бұла   күштің   ана   сүтімен,   бесік

жырымен   аталардың   аманатымен   дарып   жататыны   шүбә   келтірмес.

Бұл   сезім   ақын   жырларынан,   әсіресе,   табиғат   лирикасынан   ерекше

сипатта, бедер-бейнесімен айшық тауып отырады. Ақын сонымен қоса

Көкше   аймағындағы   қалың   ағаш   пен   кербез   таудың   ерекшелігін

жырлаумен   қатар,     оның   мөлдір   суын,   тынымсыз   тіршілігін

сабақтастыра суреттейді. Мәселен:

Сылдырлап жасыл өзен аққан көлдеп,

Күміс су, маржан құмды шалқар көл боп.

Өзенге күркіреп кеп өзен құйып,

Шымырлап, көк үйірім кеткен сел боп.

Көкшені   мекендейтін   құстардың   ішінен   қаршыға,   бүркіт,

аққуды бөліп алады. Құстарды да өзіндік сипатымен: шырқау биікке

қанат қақтырып көк төсінің көркі іспеттес, табиғаттың үйлесімділігін

паш етіп тұрғандай қайталанбас сәттерін жыр жолдарына мөлдіретіп

түсіре салады. Мәселен:

Шаңқылдап тау жаңғыртып, шыңға қонып,

 Жалғыз-ақ көк қаршыға ұялаған, 

– 

деген жолдарда құсқа тән тіршілік әрекетті, маңайдағы тау-



тасты   елеңдететіндей   етіп   суреттеуі   назарды   бірден   аударады.

Табиғаттың,   тау-тастың   сәні   де   базарлы   шағы   да   өріп   жүрген

аңдарымен,   көкте   қалықтаған   құстарымен   қызса,   жаратылыс

жәрмеңкесі, өмір қазаны қайнап жатпас па табиғатта.  Көк майса шөбі

49


мен саялы ағаш, бау-бақшасымен сәнді ғана емес, бір кездері аспанды

торлаған бұлттай   қаптап ұшқан қаз-үйрек, ителгі, тырна, жыртқыш

құстарымен де сәнді болған ғой. Аң мен құстар табиғаттың ажырамас

ажары,   тау   мен   даланың   тынысын,   табиғатын   түрлендіріп   тұрған

даламыздың   сәні   де   ғой.   Ақын   жырында   табиғат   көріністерін

суреттеген   тұстарда   дала   сәні   болған   құстардың   сипатталып   өтуін

таланттың талғамы десе де болады. 

Сонымен,   алдымен,   ақын   табиғат   құбылысын   бейнелеген

кезде,   нені   көрсе   соның   бәрін   тізбелеп   суреттей   бермей   талғаммен

қабылдап барып Көкше сұлулығын, ерекшелігін ашатындай белгілерді

екшеп   алып,   жарқырата   өрнектей   біледі.   Екіншіден,   ондағы

көріністердің   әрқайсысы   жеке-жеке   оқшау   қалып   қоймайды.   Сурет

әйтеуір жырлау үшін алынбайды. Бар сурет: тау-тас, ағаш, су мен құс,

т.б.  


—  бәрі   де   табиғат   көркіне   үйлесіп,   бірінде   бар   әсемдікті

екіншісінің   бойындағы   қасиет   байытып   алуан   үнді,   сан   қырлы

тіршілік   тынысын   толыққанды   бейнеге   айналдырып   жібереді.

Үшіншіден, бұл тұлғаландырулар жымдасып, өріле келе 

— бәрі ортақ

бір   идеяға   бағындырылады.   Ол   туған   жер   табиғатын   ардақтап,

қастерлей   білуге   үндейді.   Төртіншіден,   табиғаттың   әдемілігін,

сұлулығын, көркін жеке  әспеттеумен шектелмей,  ақын соған сүйсіне

отырып,   осы   табиғат   аясында   өткен   адамдар   өміріне,   ел   тарихына

үңіліп, сыр іздейді..

Сәкен   күзге   арнаған   өлеңін     Өткен   күн     деп   атаған.   Бұл

атауда да астарлы сыр бар. Ол жазды жылдың жастығы деп атаса, күз

мезгілін жер мен көктен сұр кетіп, кемпір-шалдай дәурені өткен ескі,

ұсқынсыз заман бейнесінде алады.  Өткен күннің  өлеңдік формасы да

өзгеше.   Мұны   ақын   әр   шумақтың   соңғы   жолдарын   айқастырып

отырады.   Белгілі   бір   ұйқасқа   бағынған   бұл   заңдылық   өлең

шумақтарын біріктіріп, бір тұтастықта  сақтайды. Сонымен қатар әр

шумақта   айтылатын   ой   жалпы   ұйқасқа   бағынған   соңғы   жолда

қорытылып,  түйінделеді.   Әр  шумақтың   алдыңғы   үш  жолында  ақын

белгілі  бір  объектінің   жаздағы  бейнесін   суреттейді   де  соңғы   жолда

соның   күз   кезіндегі   кейпін   ашады.   Сөйтіп   алдыңғы   үш   жол   соңғы

жолға қарсы қойылып отырады.

Сұлудай толып бұралған,

Жібекке жасыл оранған.

Жас өрім талдың жапырағы,

Сарғайып түсті тізіліп.

Ұялшақ көркем келіндей,

Сүюге тосқан еріндей.

Албырап тұрған қызыл гүл,

Солды қурап бұзылып.

Таңмен бірге жырлаған,

Шырғап ұшып зырлаған.

50


Қойылды қазір бұлбұлдың,

Құбылған үні сызылып.

Өлең осылай жалғаса береді. Ақын оны:

Көк пен жерден сұр кетті,

Кемпір-шалдан түр кетті.

Жастығы жылдың - жаз өтті,

Қарасаң да сүйініп, 

– деп қорытады.

Жүсіпбек Аймауытов 

“Мағжанның ақындығы туралы” деген

мақаласында   былай   дейді:  

“Ақын   тұрмысқа   өмірде   қанағат   етпесе,

оның алданышы не болмақ? Не үшін жасамақ? Әрине, адамда аз да

болса,   бір   үміт,   бір   таяныш   болу   керек.   Ондай   таяныш   болмаса

тіршілік етіп не керек? Адам 

— алдағыш, адам — жауыз, өмір — азап,

келешек 

— қараңғы, бәрі өзгергіш, опасыз. Өзгермейтін, алдамайтын

таза қасиетті нәрсе не? Ол 

— табиғат. Табиғат, махаббат, көркемдік —

міне,   қашаннан   бері   ақындардың   жырлап   келе   жатқан,   бас   иген

құдайы, жабыққан жанына ем болған даруы. [31.420] 

Демек   табиғатты   жырлау  ақынның   ішкі   түйсігімен,   өмірді

қабылдауымен   тығыз   байланысты.   Оның   өзі   ХХ   ғасыр   басындағы

табиғат   туралы   өлеңдердің   жырлануында   мынандай   саралану

байқалады: біріншісі  

—  жылдың төрт маусымдық (көктем, жаз, күз,

қыс)   мезгілдерін   бір-біріне   жалғастыра   жырлау.  Бұлайша   жырлауда

Шығыс халықтарында белгілі бір ортақ жүйемен дәстүр сабақтастығы

сақталған. Яғни жылдың басы наурыздан бастап, жыл аяғы ақпанға

дейінгі   аралықтағы   табиғат   көріністері   бір   жүйемен   жырланады.

Мысалы Мағжанның  

“Жазғытұры”, “Жазғы таң”, “Жыл мезгілдері”,

“Күз”,  “Жазғы   түнде”,  “Жаз   келеді”,  “Жиіленді   қара   орман”,

“Алатау”, Шәкәрімнің  “Жаз келер”, Ілиястың  “Күзгі гүлге”,  “Біздің

жазда


”,  “Жаз—құдаша”,  “Май”,  “Таң”,   Сәкеннің  “Жазғытұры”,

“Жайлауға көшу”, “Май алдында”, “Жаңа жыл” және т.б.

Жыл   мезгілдерін   жеке-жеке   суреттеу  

—  Абай,   Ыбырай

қалыптастырған дәстүр. ХХ ғасыр басындағы қазақ лирикасында бұл

дамытыла,   жетілдіріле   жырланады.   Бір   байқалатын   ерекшелік  

көктем мен жазға арналған өлеңдердің мол екендігі. Бәлкім, көшпелі



тұрмыстың   тауқыметін   көп   көрген   халықтың   жан   жүйелік   талабы,

тілегі, жалпы бүкіл қызығы, тіпті болашағынан арман, үміт еткендері

де осы жаз кейіптес болса керек. 

ХХ   ғасыр   басындағы   қазақ   ақындарының   өлеңдерінде

табиғат, дала келбеті, онда дамылсыз, үздіксіз жүріп жатқан процесс,

қозғалыс, өзгерістердің түрлі-түсті бояулары 

— бәрі де психологиялық

тұрғыда суреттеледі. Даланың өзендері мен көлдерінің, таулары мен

ормандарының,   аспанының,  топырағының,  өсімдіктерінің,  ауасының

—  бәрінің өзара үндескен, табиғи сұлулық тұнған әлемін бейнелеуде

ұлттық   дүниетанымға   сай   нақыштарға   кезігеміз.   Ақындар   жылдың

көктемін


–балалық,   жас   өспірімдік;   жазын–есею,   ер   жету;   күзін–

егделеу; қысын

–қартаю секілді адам өмірінің белестеріне баламалау

арқылы өмір сырларының философиялық сырын ашады.

51


Жыл   мезгілдерінің   барлығына   да   ақын   бейнеліліктің

кейіптеу   (олицетворение)   және   пернелеу   (аллегория)   тәсілдерін

ұштастыра   қолданады.   Табиғат   құбылыстарын   жанды   тұрғыда

бейнелеу 

— көркемдік тәсілдерді осылай қолдануды қалыптастырды.

Бұл   тәсіл   қазақ   поэзиясында   ежелден   сілемі   жоғалмаған

көркемдік   дәстүр.   Мысалы,   Мағжанның  

“Жазғытұрым”  өлеңінде

“Алтын   ана  —  Күн”,   ал  “Жер  —  нәресте   жас   бала”  түрінде

салыстырыла бейнеленеді:

Аяқтарын көсіліп,

Еркеленіп, есінеп,

Жер 

— нәресте жас бала,



Жаңа оянып жатқанда,

Жұмсақ ыстық бетінен

Тәтті ғана сүйсем деп,

Күбірлеп жылы жел жетер.[32.140]

Мағжанның  

“Қайың”  атты өлеңіндегі лирикалық қаһарман

ақынның   қайыңның   суықта   қалтыраған,   қайғылы   халін   суреттеуде

кейіптеулік бейнелеудің аса әсерлі психологиялық қалпын танытады:

Сыбырлаймын,

Дірілдейсің,

Еңкейесің,

Күбірлейсің,

Ызғарлы жел,

Соққан сайын.[33.136]

Ілиястың табиғат лирикасында да кейіптеулер кездеседі:

Кезек-кезек қар жаңбыр

Қыстың күні 

— қос қырсық.

Кісі өлгендей шулап қыр,

Жынданып тұр жел ұрысып.[34.157]

Ақындардың   жылдың   жаз   мезгіліне   арнаған   өлеңдерінің

барлығында   да   жайлау   келбетінің   қайталанбас   ғажайып   суреттері

жасалынған.   Мағжанның  

“Жазғы  таң”, Сәкеннің  “Жайлауға  көшу”,

“Жайлауда қымыз ішу”,  Ілиястың “Жаз”, “Жайлау” және тағы басқа

ақындардың   өлеңдерінде   қазақ   халқының   құтты   қонысы,   малының

өрісі - жайлаудың сән-салтанаты бар болмысымен көрінеді. Мысалы

Сәкеннің 

“Жайлауға көшу” атты лирикалық өлеңінде композициялық

тұтастық   сезіледі,   өлең   үш   бөлімнен   тұрады:   біріншісі  

—  көшуге

дайындық; екіншісі 

— көш салтанаты; үшіншісі — қонысқа орналасу.

Әсіресе, жүк артқан түйелердің маңайында қызылды-жасылды киінген

қыздар, бозбалалар, келіншектердің жайлауға көшіп бара жатқан кезін

әсерлі   суреттейді.   Бәрі   де   көңілді,   астарына   мінген   жорғаларын

жарыстыра   қалжыңдасып,   әзілдері   жарасып   бара   жатқан   жастар.

Себебі   жаңа   өріске,   мал   тұяғы   әлі   тие   қоймаған   шөбі   шүйгін,   көк

майсалы жайлауға бет алып барады. Жайлаудың әдемі табиғаты, жанға

жайлы   ауасы   мен   мал   отығар   шалғыны,   алдағы   әдемі   бір   жердің

көрініс-келбеті көштің көңілін де көтеріп, қуанышты мезетті сездіріп

52


тұрады.   Жайлау  

–  көшпелі   тіршіліктің   ең   бір   сәнді   кезі.   Ауыл   да,

адамдар   да   жаңарып,   жасарып   қалады.   Жайлау,   күздеу,   қыстау

көріністері  

–  табиғаттың маусымын, мезгілін көрсетеді. Ал оның өзі

түптеп   келгенде   табиғатты   жырлау   болып   табылады.   Отырықшы

халықтардың поэзиясында қыстау, күзеу, жайлау ұғымдары жоқ, бұл

ұлттық   ұғым,   халқымыздың   көшпелі   тіршілігінің,   әлеуметтік

жағдайын   көрсететін   ұғым.   Табиғат   лирикаларының   халқымыздың

тұрмыс-тіршілігін суреттеумен астасып жатуының бір заңдылық жағы

осында.   Табиғат   пен   оның   аясында   өмір   сүріп   жатқан   халықтың

тыныс-тіршілігі өзектес, ажырағысыз. [35.21]

Өз-өзімен әлек болып кей жастар,

Көшке мінген асаулары туласып.

Көш артында қыз-келіншек  іркіліп,

Бір жүруге бір-біріне қарасып.

Қатарласып жорғаларын салысар,

Желіктері, үкілері жарасып.

Өзіне-өзі риза болып ыржыңдап, 

Қастарында жүрген жігіт жанасып.

Тайға мініп балалар жылқы айдасар,

Ақсақалдар ілгері қоныс сайласар

Мағжанның  

“Туған   жерім  —  Сасықкөл”,  “Туған   жер”,

“Орал   тауы”,  “Көкшетау”,  “Алатау”,  “Алатауда”  өлеңдерінде

табиғаттың қайталанбас сұлу көріністері ерекше ақындық шабытпен

жырланып,   әсерлі   бейнеленеді.   Ақын   қандай   бір   ортаны,   мекенді

жырламасын     қаламы   ұшқыр,   көріністердің   кескінін   қайталанбас

шеберлікпен жырлайды.

Ақынның  

“Алатау”  атты   өлеңінде   де   табиғаттың   сұлу

келбеті мен Алаштың атамекенін мақтаныш, медеу тұтқан лирикалық

қаһарманның   сыршыл   да   асқақ   романтикалық   тұлғасы   тау   мінезді,

биік мақсатты, айбынды болып көрінеді. Осы 

“Алатау” өлеңіндегі тау

келбеті бейне Алаш елінің символдық тұрғыдағы бейнеленуі секілді

көрінеді. Ақын тілімен айтқанда көк мұнарға оранып, аспанды арда

еміп өскен Алатау бейне бір Аспан-Ананың мерует қарға бөлеп қойған

бөбегі   іспетті.   Ақынның   кестелі   тіл   өрімдерімен   жырланған   тау

келбеті   жанды   табиғаттың   қайталанбас   ғажайып   суретін   көз

алдымызға әкеледі:

Иірілген айдаһардай ашулы асқар,

Томсарған туғаннан-ақ тарғыл тастар.

Құздарды мәңгі меңіреу мәңгі басқан,

Жауһардай жарқыраған аппақ шаштар.

Түк басып, тұла бойы толған кесте,

Қарағай, арша біткен өрлей төске.

Қарағаш, тал, тобылғы, жасыл шырша,

Қарақат, жиде, шие, маржан түсті.

53


Құздарда найза қия құстар шулар,

Төменде тасты сабап толқын тулар.

Алланың ақ төсінен орғып түсіп,

Сайларда салар ойнақ асау сулар.

ХХ   ғасыр   басындағы   қазақ   лирикасындағы   айрықша

байқалатын   ерекшелік

—адамдардың   іс-әрекетін,   қимыл-қозғалысын,

қалайда табиғат   құбылыстарымен байланыстырып жырлау. Күн, ай,

жұлдыздар,   жел,   су,   толқын,   қара   жер,   жапырақ,   тау,   тұман,   жыл

мезгілдері   және   т.б.  

—  сансыз суреттер, құбылыстар адам  жанына,

келбетіне,   мінез-құлқына   баламаланып   жырланады.   Мұнда   да

кейіптеулік   суреттеулер   мол   кездеседі.   Мысалы,   Мағжанның

лирикасынан   мынандай   жанды   қозғалыстағы   табиғат   тынысымен

дидарласамыз:

Көкке тиген биік тау,

Құшақтасқан тұманмен,

Қосылысып есен-сау,

Бал алысқан құмармен

Алтын күн батып барады,

Алтын күн ақырын өледі.

Сорлы бұлттар 

— сорлы жар,

Қан жылап Күнді көмеді. 

Табиғат   лирикасына   қатысты   бар   алуан   қазақ   өлеңдерінің

астарлы сарынмен жырлағанын аңғарамыз. Лирикалық қаһарманның

қуанышы да, күйзелісі де табиғатпен егіз. Шынында да жер бетінде

алғаш   пайда   болғаннан   бері   адамзаттың   өсуі,   өркендеу   жолында

сырласы  

—  табиғат   болды.   Мағжанның  “Жиіленді   қара   орман”

өлеңіндегі   орманның   күнмен,   аспанмен   астасқан,   жел   үрлеген

құбылысын   лирикалық   қаһарман   өз   тағдырымен   сабақтастырады,

баламалайды.

Мәңгі мылқау қара орман,

Былқ етпейді, түс көрер.

Жел мінезді ессіз жан 

Маған түрлі ой келер.



Ұйықтасам мен орман боп,

Тәтті-тәтті түс көріп.

Бетіменен тұрса жел жүріп,

“Әпсұн” оқып үшкіріп.[36.170] 

Мағжан   Жұмабаев  

—  табиғаттың   әсем   жыршысы.   Ол

жырлаған табиғат суреттері, жыл мезгілінің көріністері адамның әр

жағдайдағы   көңіл-күйімен   үндесіп,   ерекше   бір   сыршылдықпен

өріледі. Орал, Көкшетау, Еділ бейнелері, теңіздің толқындары, түнгі

жұлдыз  


—  бәрі   де   нақтылығымен,   образ   байлығымен   бедерленіп

ойнап  құлпырып тұратын суретке айналады. 

Талантты   ақын   Қасым   Аманжолов   та   табиғат   лирикасына

қалам тартқан.   Ол да тың ойлар толғап, соны леп ала келген ақын.

Ақынның   Алатау   атты өлеңі ерекше шабытпен жазылған. Жалпы,

54


Алатау   туралы   талай   ақындар   өлең   жазып,   шығармаларына   арқау

еткен. Әрбірі өзінше жырлаған. Ал Қасым ақынның жан тебіренісі,

өзіндік мәнері мен көркемдік тәсілдері мүлде бөлек.

Алатау бұлт асырмай асқарынан,

Тұр қарап туған дала аспанынан.

Асылып Алатауға ай менен күн,

Жарқылдап шұғыла шашқан тастарынан. 

Осы   бір   өлеңде   ақын   таудың   биіктігін   жырлайды.   Оны

бейнелеп, айшықтай түседі. Ең бірінші ол асқарынан бұлт асырмайды

дейді. Одан кейін жан бітіріп, яғни кейіптеуді пайдаланып, аспаннан

қаратып   қояды.   Бұл   ойын   сабақтай   келіп,   ай   менен   күннің   тауға

асылып   тұрғанын   айтады.   Ақын   таудың   биіктігін   қарапайым   әрі

бейнелі түрде келістіре суреттейді. Ал ай мен күннің  асылып тұрғаны

әдемі-ақ.   Шың   асқақтап     көкпенен   таласып   тұрғаны   ғой.   Бұлт   та

шыңның   шоқыларына   ілініп   тұр.   Сонда   ақын   Алатаудың   шыңы

бұлттың   арғы   жағында   жатқандығын   меңзеп   отыр.   Бұдан   биіктікті

көрсетуге   талаптанған   ойының   дами   түскенін   аңғарамыз.   Осыған

қарап отырып сөзбен сурет салғанына еріксіз сенеміз. Көз алдымызда

тұрады.   Алайда   осындай   биік   Алатаудың   етегінде     ойы   аласа

адамдардың   жүргеніне   кейде   ренжитіні   бар.   Биік   шыңды   таудың

жанында да тұлғасы биік жандардың жүргені дұрыс қой.

Қ.Аманжоловтың     Ертіс     атты   өлеңінен   де   сан   түрлі

өрнектерді көруге болады. Ақын былай дейді:

Арқада аққан күміс алтын арна,

Ер ерке Ертісімдей өзен бар ма?!

немесе:


Жарқырап көз жіберіп айналаға,

Күй төгіп, кернейлетіп ағады Ертіс.

Ақынның   өзен   суын   байлыққа   бағалағанын   бір   сөзден

аңғаруға   болады.   Тек   қана   бір   сөзбен,   яғни   күміс   дей   отырып   осы

ойымызды дәлелдеп беретіндей. Күміс су турасында ойын айта келіп,

оны   әрі   қарай   үстемелей   түседі.   Күміс   аққан   алтын   Ертіс   дегені

осыған   куә.   Алтын   арнамен   күміс   ағып   жатса,   одан   асқан   өзенге

қандай байлық керек. Әрине, бұл ауыспалы мағынада айтылып тұр.

Міне,   осы   жерде   ақынның   шеберлігі   танылады.   Ол   байлықтарын

тізбелемей, алтын арнамен аққан күміс суды айтады. Осыдан-ақ анық

телегей   қазынаның   ортасы   екенін   білуге   болады.   Екінші   мысалда

жарқырап көз жіберіп айналаға дегенінен судың тазалығын танимыз.

Егер   су   таза   мөлдір   болмаса,   күнмен   шағылысып   жарқырамас   еді.

Ақын осы жерде судың тазалығын бір сөзбен ғана көрсетіп отыр. Ал

судың   көптігін   күй   төгіп,   кернелейтіп   деген   тіркестермен   кейіптеу

арқылы   көрсетеді.   Егер   су   аз   болса,   ағысынан   мұндай   дыбыстар

естілмес еді.

ХХ   ғасыр   басындағы   қазақ   поэзиясындағы   табиғат

көріністері   жоғарыда   сөз   етілген   ақындар   жырларында   туған   елдің

суретін айна қатесіз салып, оқырман жүрегіне өз еліне деген құрмет

ұрығын   себіп,   туған   топырақ   исі   аңқып   тұрады.   Табиғат   пен   адам

55


әлемі   үндес,   сырлас   екендігінің   негізін   дәлелдеп,   әр   ақын   өзінше

өрнек салады.  Олар салған  үрдіс, сара жолды ХХ ғасырдың екінші

ширегіндегі ақындар өлеңдері жалғастырып, өресін кеңейте түседі. 

“Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан

ғажап, одан құпия не бар!

”  - дейді Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов.

Табиғат   әлемін   терең   де   үңіле   жазып,   көркемдік   биікке   көтерген

соғыстан кейінгі кезеңдердегі ақын өлеңдерінен көруімізге болады.  

Л.Н.Толстой болса бірде өзіне өзі: 

“Сіздер білесіздер ме, кім

менің сүйікті ақыным?

”, - деп сауал қойып, оған өзі  “Тютчев”  деп

жауап берген. Кейін: 

“Онсыз өмір сүру мүмкін емес”,[37.272] - деген

оған   тұжырымын   қосқан.   Тютчевті   түсіну   деген   поэзияны   түсіну,

Тютчевті сүю  

—  лириканы сүю деген сөз. Осындай талантты лирик,

ақын   Төлеген   Айбергенов.   Оның   поэзия   әлеміндегі   орны   ұлы

ақындардан кем түспейді. Тютчевті  жер бетінде өмір сүрген аса ұлы

ақындардың   бірі   ,  

–  деп   білген   Тургенев.   Бізде     Төлегенді   қазақ

топырағында туған, қайталанбас, ғажайып лирик ақынымыз деп айта

аламыз.[38.254]  Тютчевті табиғат жыршысы  деп бүкіл әлем таныды,

оны орыс халқы Баратинскиймен бірге философиялық лириканың да

үлкен өкілі ретінде мойындады.  Асылында,  табиғат пен философия

ажырағысыз   ұғым   да   ғой.   Табиғаттың   болмыс-бітімі   философияға

қарай   жетелесе,   философияның   түп-тамыры  

–  табиғатқа   келіп

тіреледі.   Тютчевтей     таза   табиғат   жыршысы     болмағанымен   бүкіл

бейнелеу құралдарын   табиғаттан  ғана  алған,   табиғатпен  етене  туыс

дарын Төлеген Айбергенов шығармашылығын сөз еткенде, оның осы

қырына арнайы тоқталуды жөн көрдік. Ақын  Атамекен  өлеңінде:

Көл-дария көкірегімнен бір тұнба ашып,

Мен тұрмын ата-баба жұртын басып.

Жаутаңдап қазір менің жанарымда,

Тұп-тұтас жиырма жеті жыл тұр ғашық, - 

дейді.   Ақынның   жиырма   жеті   жыл   ғұмыры   қарақалпақ

жерінде,   қалған   үш   жылы   қазақ   жұртында   өтіпті.   Жасындай   ағып

өткен   ғұмыр!   Сол   үш   жылда   ақын   құдіретті   сезім   кәусарына

шомылады, көл-көсір, ағыл-тегіл   жырлады, туған жер табиғатының

қадыр-қасиетінен күш-қуат алып, қайта бір түлегендей болды. Тұлпар-

жырдың тізгінін іркімеді:

Түп-түгел төрт құбылаңды түстік етіп,

Туған жер, мен сен салған құс түлетіп.

Дүние-ай, қандай жақсы ед табаныңа,

Тұрғаны өз топырағыңнан ыстық өтіп.

О, менің мәңгі басар нық тұрағым,

Қалайша махаббатымды ұқтырамын?

Мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте,

Көлеңкем түспесін деп тік тұрамын.[39. 107]

Мұндағы   атамекенге   деген   сезімін  



“мен   сенің   түлетіп

ұшырған құсыңмын

” дей келіп, “дүние-ай қандай жақсы ед табаныңа,

тұрғаны өз топырағыңнан ыстық өтіп

” — сынды сезімді бастан кешу,

56


жаутаңдап жиырма жеті жыл туған жеріне табаным тисе деп ғашық

болған   адамның,   сағынған   жанның   көкірегінен   ғана   үзіліп   түсер

гауһар шумақтар. Сырт жүрген адам күнде туған жерге табаны тиіп

жүрген   адамнан   гөрі,   туған   топырақтың   қадір-қасиетін   тереңірек

ұғынады.   Тіпті,   ақын   туған   жерін   сүйетіндігі,   қастерлейтіндігі

соншалықты   өзінің   көлеңкесін   де   сол   жерге   түсіргісі   келмейді.

Сондықтанда: 

“Мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте, көлеңкем түспесін

деп   тік   тұрамын

”,  —  дейді.   Айбергеновтың  “Атамекен”  өлеңінен

табиғат, пейзаждық лириканы бастауымыздың себебі ақын сол туған

жер   табиғатының   суретін,   бояуларын   саяси   лирикаға   да,

философиялық лирикаға да, махаббат лирикасына да тамаша қолдана

білуінде.   Оның   бейнелеу   құралының   қуатты   қаруы  

—  табиғат

тылсымдары. 

“Мұнарлар” деген өлеңінде:

Көзім менің!

Жатырсың жырақты алып,

Қызыл гүлді барады қырап қашып.

Жиырмасыншы ғасыр жүр Маңғыстауда,

Мұнаралар басына шырақ тасып, 

дей   келіп,  



“табанымның   астында   қара   дария,   тас   төбемде

тайгасы мұнараның

”,  —  деп әдемі суретті табиғатпен табыстырады

да:


Өмір, өмір ойлайсың, толғанасың,

Жастық шағың аңсайды қарбаласын.

Мұңаяды жиырма бес 

— қызық дәурен,

Көкке осылай шаншылып қалмағасын, 

деп,   Маңғыстаудан  



—  мұнараларға,   мұнаралардан  —

табиғатқа,   табиғаттан  

—  өмірге   ойысып,   адамның   қызық   дәурені,

ғұмыры  


—  жиырма   бестің   арман-мұңына   әкеп   тірейді.   Бір-бірімен

үйлесіп, ұнасым табады.

Төлеген   үшін   табиғат  

—  үздіксіз   қозғалыстағы   мәңгілік

жанды   дүние.   Табиғат   тек   қана   шабытты   қайнар   көзі   ғана   емес,

табиғатта  да  жүрек,  табиғатта   да  бостандық,  еркіндік,  табиғатта   да

махаббат   пен   тіл   бардай   сезінеді,   содан   өлеңнің     жан     дүниесі

ашылып,   адам   өміріне   еркін   енеді,   сезімін   тербейді.   Табиғатты

адаммен,   адамды   табиғатпен   туыстастырып,   әдемі   тың   теңеулер

туғызады.  

“Маңғыстау   саздарындағы”  жинағында   сазгер   Шәмші

Қалдаяқовқа   арнаған  

“Сырласу”  өлеңінде,   табиғатты   Шәмшіге

теңемей,   керісінше   Шәмшіге   табиғаттың   болмысын     теңеу   арқылы

батыл да бедерлі, айшықты көркемдік шешім жасайды.

Көрсең ғой шіркін, бәрін де көзбен көрсең ғой,

Жатыр-ау менің жазира далам өлшенбей.

Осынша сөзбен ынтызар қылған аймаққа,

Бір әсем дария керек-ау екен дәл сендей.

Бұдан кейін ақын 

“қуаты керек мендегі асқақ арынның” дей

келіп,  


“қара орман керек, қап-қара орман, түп орман, көзіндей менің

жарымның


”  деп   табиғатқа   теңеуін   бірде   Шәмшіден,   бірде   өзінен,

57


бірде жарының жанарынан іздейді. Бұл да ерекше соны теңеулер. Енді

бірде   жер   астынан   фонтанша   атқылаған   қара   дария-мұнайдың

көрінісін  

“бұрымы   сынды   сіздің   үйдегі   жеңгенің”  деп   ойнақты

бейнеге ұластырып жібереді.  Төлегеннің  теңеулері де тербелісті  бір

қалып танытып, құбылып, түрленіп тұрады. Үнемі жанды қозғалысқа

енеді.   Адам   бойындағы   қасиет,   сапаны   табиғат   құбылыстары   мен

көрініс   кейпіне   теңеу  

–  жақсы   әрі   жаңалықтай   сезіледі.   Теңеу

табиғаттан   адамға,   керісінше   адамнан   табиғатқа   ойысып   отырады.

Төлегеннің   өлеңдерінің   ішкі   ырғағы,   динамикасы   шымыр   әрі

жыраулардың   кескекті   жырындай   жұмыр,   ұлттық   сипаты   күшті   әрі

басым. Төлеген енді бірде Атырау жағасындағы қаланы суреттейді.

Ақ ерке осы қалаға

Айырмай көзін көк тігіп,

Тұрады екен көкірегін түгел өрт қылып.

Құс жолы мұнда аңдамай келіп шашылып қалған сияқты

Мұнарлардың заңғар басына соқтығып...

Мұндайда теңеулерді тамаша, әдемі деп тамсану аздық етеді.

Жырдағы ақынмен бірге жаңа бір көрікті әлемді көргендей сезінесің.

Ақын жүрегі  

—  оқырман жүрегі ақынның көкірек көзі  —  оқырман

көзіне   айналып,   ақын   мен   оқырман   бір   тұтас   тұлғаға   айналғандай.

Жырды   оқыған   адам   өзі   жазғандай   сезінеді,   дүниенің   тылсым

құбылысын   көзге   елестерлік   теңеулерді   өзі   тапқандай   қуанады.

Сезінтіп әрі қуантып отырған ақынның шебер жазылған жыры:

Таң азаннан қыруар оттар зымырап ағып төске еріп,

Қойнына мың сан самаласымен жатады қайта кешке еніп.

Қол созым аспан шатырлап кейін шегініп кеткен сияқты,

Мына қаланың биіктігінен сескеніп.

Аспанды кейін шегіндірген прогрестің, қанатын кең жайған

қаланың   көкке   ұмтыла   биіктеуін   суреттеумен   бірге,   ақын   қаланың

аумағының кеңейіп өсіп келе жатқандығын жәй сөзбен емес, образбен

өрнектейді. Қала аумағы кеңіп бара жатыр демейді, 

“Ақ үйлер қырға

барады жөңкіп, алдынан тілеп ақ сапар

” дейді. Көз алмай қарар, сұлу

сурет.  Шебер суретшінің қылқаламынан туған туындыдай.

Мына жалған дүниеден адам өтсе өтер, бірақ табиғат қалады.

Табиғат мәңгілік құбылыс.

Мұқағали Мақатаев поэзиясында ерекше орынды иеленетін

тақырыптардың   бірі  

—  табиғат   лирикалары.   Қазақ   поэзиясының

табиғат   лирикасында   өзіндік   дербестік   қолтаңба   танытқан,   өзгеше

поэтикалық   әлем   ашқан   жаңашыл   ақын.   Мұқағалидың   табиғат

лирикасының тақырыбы, жазылу шеберлігі әр алуан.

М.Мақатаевтың туған жерге байланысты өлеңдері: 

“Апырай-


ай,   туған   жер-ай

”,  “Дөңгелек   жер”,  “Рахмет,  дала”,  “Қазақ   жері”,

“Жетісу”,  “Туған   жерге”,  “Туған   жер   сағындырды”,  “Саржайлау”,

“Қайран, Қарасазым-ай”, “Осынау шуақ шашқан кең өлкеде”, “Туған

елге

” т.б.


58

Ақынның туған жер табиғатының сұлулығын көруі, сезінуі,

жырлауы   өзгеше.   Ешкім   аңғара,   назар   аудара   қоймаған   жақтарын,

сиқырлы әлемін өзінше ашып жырлайды.

Апырай,


Туған жер-ай!

Теңдесер кім,

Бұл жерге сен болмасаң, келмес едім.

Кіндігімді байлаған қазығым-ай,

Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім...

Немесе:


Аһ далам, айхай далам, сағым далам,

Бір бұдыр жоқ-ау көзге шалынбаған,

Аспан құлап кетсе де тарынбаған,

Бір ғаламат бойыңда сабыр бар ау,

Аһ далам, айхай далам, сағым далам!

Осы   жолдар   арқылы   Мұқағали   қазақ   лирикасында

даланы өзгеше бір көркемдікпен кестелейді. Ақынның нәзік жүрегі,

сезімі   туған   өлкесіне   дегенде   ала   бөтен,   өйткені   бүкіл   тіршілігі   ел

табиғаты    тағдырымен  біте қайнасып кеткен.  Суреттеу де,  сезім де

жырларында басым. Туған жерге ақынның бар махаббаты жыр болып

төгіледі.

Табиғатты   көркем   туындыға   тиек   еткенде,   әрбір

суреткер   оған   өзінің   қарым-қатынасын,   кейде   көзқарасын   білдіріп

отырады,   сол   арқылы   адам   өмірін,   тағдырын,   тіршілігін   жырлауды

белгілі деңгейде нысана етеді.

Табиғат,


  

Жанымды алсаң,

Алшы менің.

Бір түйір жерге түскен тамшың едім.

Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,

Артымда қалсын жерім, қалсын елім, 

деп,   Мұқағали   тебіренгеніндей,   әр   ақын   өзін   табиғат-ананың   бір



бөлшегімін деп санайды.

Адам   назарын   аударатын   және   адам   тіршілігімен   етене

байланысты табиғаттың тылсым құпия сыры көп. Адамзат жаралғалы

тіпті   одан   да   бұрын   жаратылған   заңғар,   биік   таулар   мен   шалқыған

айдынды   көлдер,   ширатылып   аққан   өзендер   қай   заманда   да   ақын

қиялын тербетіп, оның назарынан тыс қалмаған. Себебі қай ақынды

алмаңыз,   ең   алдымен   өзі   өскен   жердің   табиғатын   жырлап   өткен.

Мұқағали да сол дәстүрді жалғастырушы. М.Мақатаев тек тау суретін

жырлауға   бір   топ   өлең   бағыштаған.  

“Хантәңірі”,  “Жігіттер,   дем

алайық   тауға   барып

”,  “Біздің   таулар   кемедей   шұбатылған”,  “Мен

таулықпын

”,  “Таудай болғым келеді”,  “Тауда өстім”,  “Ілініп түн тұр

тауларға

”,  “Тау   бір   аңыз”,  “Түсіме   тау   кіреді”,  “Ығысыңдар,   ей

таулар,   ығысыңдар

”  т.б.   Бұл   өлеңдері   біріне-бірі   ұқсамайды,

тақырыбы бір болса да, себебі айтар ой нысанасы алуан түрлі. Ақынға

59


таудың тәкаппар биіктігі, жықпыл-жықпыл тастары, асқар шыңдары,

зеңгір   көкпен   таласқан   шоқылары   рух   береді,   содан   барып   лирик

табиғатпен сырласып өзі де бір іштей түлегендей сыр төгеді. Ақын

тауды тура табиғи кейпін жырлаудан гөрі тауды фон етіп алып өзінің

сезім дүниесін, көңіл-күй әлемінің тебіренісін осы фонға ұштастырып

жібереді.   Табиғи   көрініс   те   ақын   сезімі   де   ұштасып   өлең   әлемінің

терезесін   айқара   ашып   жебіргендей   болады.   Бойды   билеген   сезім

қуаты   табиғат   құбылысымен   астасып   кетеді,   кейде   салыстырып

жібергендей, кейде теңеп отырғандай, енді бірде тебіреніс, толғаныс

сәтіндей   қабылданады.   Тауды   жырлай   отырып,   түйдек-түйдек   ой

айтады,   философиялық   топшылаулар   жасап,   адам   психологиясына

жарасымдылық ұғымының эстетикалық мәнін сіңіріп жібереді. Тау 

қайсарлықтың, қаһарлықтың, биіктіктің, сонымен қатар сұлулық пен



кербездіктің, алыптылықтың да символы ретінде көрінеді. Жылдың әр

мезгілінде тауды адам психологиясына, көңіл-күйіне ықпал, әсері де

әрқилы,   сондықтан     лирикалық   өлеңдерінде   тарлан   талант   табиғат

құбылыстарын   әр   қырынан   жырлайды.   Жай   жырлап   қана   қоймай,

ізденіп, бұрын ешкім айта алмаған көркемдік әлемінде соны із салады.

Мұқағали  терең халықтың поэзия үрдісін бойына сіңірген ақын. Тау

табиғатының тылсым сырының ақын қиялын тербетіп, сезіміне ыстық

шоқ тастап, бойына қуат дарытып отыруы да сондықтан. 

Ақын табиғаттың әсемдігін жырлай отырып, өзінің табиғатқа

деген қатынасын білдіріп отырады.

Тау дейтін алып жүрек Ана туған.

Мен 


— таулықпын!

Таудан мен жаратылғам.

Киіктің сүтін еміп ер жеткенмін,

Қуат алып қыранның қанатынан.

Немесе:

Талай да талай шынды астым,



Тастағы гүлмен мұңдастым.

Қарағайлармен құрдаспын,

Қайыңдармен сырласпын.

Тайсалмай өзім тауда өстім,

Таласар, кәні, бар ма ешкім?

Осылай   бірде   еркелесе,   бірде   еркін   көсіліп,   табиғатқа

поэзияға   деген   құштарлықпен   қарап,   оған   деген   шексіз

сүйіспеншілігін,   іңкәр   көңілін   сездіріп   отырады.  

“Таудай   болғым

келеді


” өлеңінде:

Өлмесін деп берген ғой тауды маған.

Мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған.

Көңілімде бір құйын көтерілсе,

Тауларымда тұрады қарлы боран, 

дейді. Ол тау табиғатын терең түсінгендіктен жансыз нәрсе



деп қарамай, сырын ұғар сырласы тұрғысында келеді.

60


Мұқағали   поэзиясының   табиғатпен   тұтастығы   ақын

даналығының әрі ажырамас бөлшегі әрі адастырмас өлшемі. Ол өзінің

поэзиясына  нәр мен қуатты туған жер табиғатынан алады, сондықтан

өзінің сөзін де, жырын да  соған арнайды.

Жеті   қат   көкті,   ай   мен   күнді,   жұлдызды,   арайлы   таң   мен

мамыражай   түнді   жырламаған   ақын   жоқ   десе   де   болғандай.

М.Мақатаевтың осы тақырыптарда жазған өлеңдері:  

“Ай — аспанда,

мен  

—  жерде”,  “Аласарып ай батқан”,  “Тап-таза аспан тұп-тұнық”,



“Шыңылтыр аспан шытынап”; түн туралы:  “Қайырлы түн”,  “Қазір

түн


”, “Түн”, “Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған”; таң туралы: “Таң

алдында


”, “Қайырлы таң”, “Жаздың таңы”, “Тағыда міне таң атты”,

“Таң алдында”,  “Алдымнан атса болды ақ таңдарым”; күн туралы:

“Күміс жолды күн дейтін”,  “Күн ұшып келе жатыр”,  “Күн батты”,

“Күн ауысып барады”, “Күн ұялып”, т.б.

Ақындық   ізденіс   жолында   Мұқағали   өзіне   дейінгі

поэзиямызда бар дәстүрді байытып, тың көркемдік бейне әкелді. 

“Ай

—  аспанда, мен  —  жерде”  өлеңінде Абай дәстүрін дамыта отырып



өзіндік қолтаңбасын айқын көрсетеді:

Мен де жалғыз,

Аспанда ай да жалғыз.

Тып-тылсым

Тыңдап тұр ма айналамыз?!

Мен 


— Жерде, Ай — аспанда,

Екеу ара


Үн-түнсіз сырласамыз, ойланамыз, 

деп   аспандағы     қол   жетпес   айды,   жерде   тұрған   өзімен   үнсіз



сырластырып қояды.   Ақын қиял қанаты биікте қалықтайды. Аймен

сырластым   десе     иланымсыз   болар   еді.   Поэзия   тілінде   иланымды,

көңілге   қонымды,   қайшылықсыз   қабылдаттырып   жіберуі   ақынның

жаңашылдығын, табиғатпен етенелігін білдіреді.

М.Мақатаев   өлеңдеріндегі   жаңашылдық   ең   алдымен   ой

орамдарының   сонылығынан,   суреткерлік   шеберлігінен   және   ұлттық

дүниетаным өрісінің   биіктігінен айқын көрінеді. Кәдімгі күпі киген

қазақтың   қара   өлеңі   Мұқағалидің   ақындық   тіл   құдіретінің   күшімен

өзгеше құбылып, құлпырып кетеді. Мұқағалидің өлеңдерінің  халыққа

соншама   жақындығын   ең   алдымен   ақын   поэзиясының   халықтық,

ұлттық   сипатынан   іздеуіміз   керек.   Талантты   тұлғалардың   жырында

ұлттық колорит, дүние таным, психология бейнелеу құралдарынан, ой

толғаныстарынан   сезіліп,   көрініс   тауып   отырады.   Сондықтан   да

М.Мақатаев  жырларынан тереңдік те, сұлулық та, қарапайымдылық

та,   асқақтық   сезім   де   табиғи   үйлесімін   тауып,   жымдасып   жатады.

Оның   өлеңдері   ұйқас,   ырғаққа   ғана   емес,   сезімге,   толғанысқа

құрылады.

Ақын   өлең   жолдарынан   табиғат   құбылысының   мінезін

сезесің, әрі  сыршыл лирик өзінің сезімін де қоса өреді. Ол үшін туған

жердің көктемі  ала бөтен ыстық.

61


Ақын көктем тақырыбына әр алуан жыр арнады. Оның әрбір

өлеңі  


—  жаңа   бір   дүниенің   кілтін   ұстатқандай.   Бірін-бірі   қайталай

бермейтін көктемнің әр қилы суретін, көрінісін әр алуан қырынан аша

жырлайды.   Мақатаевтың   қай   өлеңін   оқысаң   да,   үлкен   эстетикалық

ләззатқа   бөленіп,   жан   дүниең   жадырап   сала   береді.   Ақынның   бес

шумақты  

“Соғыстың   соңғы   көктемі”  атты   шымыр   өлеңі   бар.

Зерттеуші   А.Егеубаевтың   сөзімен   айтсақ:  

“Бес   шумақта   бес   бестік

баяндаумен де, бес бөлімді кітаппен де жеткізгісіз үлкен картина көзге

елестейді. Тұтас бір дәуірдің көктемі

”.

Жасылмен бояп қойған ба?!



Жап-жасыл таудың бөктері.

Қырлар да мынау ойлар да,

Жап-жасыл болып көктеді.

Соғыстың соңғы көктемі.

...Жап-жасыл шыбық, тал-дағы,

Орманның жасыл шекпені.

Қуанта, бірақ алмады,

Сонау бір үйді, шеттегі...

Табиғат пен адам тағдыры. Көктемді кім жырламады, бірақ

Мұқағали талайлардың жүрегіне жара салған, сызат түсірген, қайғы

қасірет әкелген соғыстың соңғы көктемін жап-жасыл мына әлеммен

ұштастыра   отырып,   Жеңіс   әкелген,   дүниеде   жауыздықтың   ойранын

ордасына түсірген 1945 жылдың көктемін көз алдыңа қуанышы мен

қабырғаңды   қайыстырар   қайғысын   қатар   қояды,     контрастық   сипат

береді. Қуанышты дүниенің гүлденген, жасыл желекке бөленген дүние

–  көктемнің     қуанышсыз     сәтін   де   бейнелейді.   Соғыстан   қасірет

шекпеген   бірде-бір   шаңырақ   қалмады,   ел   арыстарынан   айырылды,

миллиондаған   адамның   азаттық   жолында   төгілген   қанымен   келген

көктем.   Бұл   көктем   талайлардың   үмітін   көктей   солдырған   көктем,

Жеңіс   туы   биік   желбіреген     мерейлі   де   көктем.   Ақын   шеберлігі

қуаныш   пен   қайшылықты   көрініс   халді,   контрастық   тұрғыда

үйлестіріп, баяндап адамзатқа үлкен қайғы-қасірет алып келген соғыс

зардабын бір-ақ ауыз сөзбен жеткізуінде. 

Мұқағалидың жаз туралы өлеңдеріне көз жіберейікші:

Жарықтық,

Жаздың таңы-ай!

Жадырап, қанатымды жаздым талай.

Жарықтық,

Жаздың таңы-ай белден асқан!

Бауырын жерге басқан, шөлдеп аспан.

Қия алмай жаз төсегін, жар төсегін

Қиылып бозаруда жер мен аспан.

Көз  алдыңа  сиқырлы  сұлу  әлем  елестейді.  Ақын  өзге  жан

аңдай   алмас   сұлулықты   байқайды.   Сол   сұлулықты   сұлу   сөз,   сұлу

бейне, сұлу өрнекпен кестелейді.

62


Енді қыс тақырыбына жазылған  

“Анау  —  аспан, мынау  —

бақ

” өлеңіне ой жіберіп көрелік. Ақын сипаттап отырған қыс көрінісі,



кейпі, бейнесі бұрын жырға арқау болған қыстан тіпті өзгеше. Мезгіл

бір, баяндау, ақынның қабылдауы, ой елегінен поэтикалық образбен

өткізуі  

–  соны   құбылыс.   Мұнда   қыс   Абай   суреттеген   қысқа

ұқсамайды. Қыс бейнесін Мұқағали ақ халатты, қолында дәкесі бар

дәрігерге балайды. Өйткені табиғаттың денесі, тәні жаралы, ол саналы

жандардың   іс-әрекетінің   салдарынан   зардап   шеккен,   азып-тозған,

экологиялық апатқа ұшыраған дертті табиғат. Дәрігер-қыс жараны ақ

дәкемен   таңып   тастағандай   елестейді.   Мұқағали   жырлаған   қыс-

дәрігер   кейпінде   бейнеленіп,   табиғаттың   бүлініп   бара   жатқанын

көркемдікпен   аша   түседі.   Ақын   шеберлігінің,   оның   табиғат

лирикасының   ерекшелігінің   бұл   да   бір   қырын   көрсетеді.   Ақын

образбен ойлайды, ал образы табиғат болмысын көңілге қонымды ете

түседі.   Қыс   аппақ   түстің,   кіршіксіздіктің,   тазалықтың   символы

іспеттес.

Аспан жердің арасын              Бақты кезіп, тал-қайың,

Дәрігер 

— қыс алуда.              Жалаң аяқ жылап жүр.

Табиғаттың жарасын               Қу бұтағын құшақтап,

Ақ дәкемен таңуда.                 Түксиеді кәрі емен. 

Таңдырып ап маңдайын                     ...Қыс  

—  тазалық, қыс  —

аппақ,

Тағы көйлек сұрап жүр.           Әрі өкініш, әрі өлең



Өлеңнің поэтикалық күш-қуаты, өлең тамырының бүлк-бүлк

соғысы   оқушысын   эстетикалық   әсер   құшағына   баурап,   оқиға   ішіне

енгізіп   жіберетіндей.   Тосын   да   тың   бейнелеулер   ойды   ажарлы   ете

түседі.

Ал   күзді   бейнелеудегі   ақынның   қолданған   көркемдік   әдісі



өзгеше. Лирикалық кейіпкердің көңіл-күйін, жан-толқынысын, сезімін

бейнелеу, суреттеу арқылы күздің кейпін береді.

Тағы да күз, тағы міне, сары таңды ұзақ түн,

Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың,

Ой хой, шіркін, тағы да бір күзді, міне ұзаттым

Немесе:



Сен менің тынысым ең, тұрмысым ең,

Сен үшін өмір сүріп тырысып ем.

Жыл құсымен оралған жаным менің,

Бірге аттанып кетесің жыл құсымен.

Қызылы жоқ қырманда 

– күзде міне

Қайтқан құстың қараймын тізбесіне, - 

деп өз сағынышын, күрең күзді өмірін мұңдана еске алып,

құлазыған көңілін қайтқан жыл құсына балайды.  Мезгілдің  ауысып

бара жатқанын қайтқан құстың  сапарымен салыстыра бейнелеу 

– бұл

да бір ізденістің іздері.  



63

Мұқағалидың  табиғат лирикаларының  тақырыбы  әр алуан,

бояу нақышы, бейнелеу машықтары, поэтикалық ізденістері де басқа

ақындар   шығармасына   ұқсай   бермейді.   М.Мақатаев   қазақ

поэзиясында айрықша өнімді еңбек еткен, жемісті жырлар қылдырған

талант.

Ақынның   табиғат   лирикалары   ой   мен   сезімге,   толғанысқа



адам   жан   дүниесіне   әсер   ететін   көріністерге   толы.   Дүлдүл   ақын  

ұлттық   ақын,   сондықтан   да   оның   лирикаларында   ұлттық   дәстүр,



ұлттық   таным,   ұлттық   бояу-нақыш   басым.   Ақынның   табиғат

лирикаларынан   да   бұл   үрдіс   айқын   сезіледі.   Мұқағали   табиғатты

адамның сезім, ой-толғаныстарымен тұтас бітім кейпінде шебер бере

біледі.     Жапырақ   -   жаздың   жүрегі     Мұқағалидың   қанатты     өлең

жолдары.   Ақ қайың   атты  атақты лирикалық жыры осының  дәлел

айғағы. Ақ қайыңға жан бітіріп, лирикалық кейіпкерді ақын қайыңның

орнына алмастырып, мына дүниеге қайыңның көзімен қарайықшы деп

толғауы   тосын   емес,   жаңалық,   жылылық   желі,   әуені   төгіледі.

В.Г:Белинский былай деп жазды: 

“Поэзия не описывает розы, которая

так пышно цветет в саду, но отбросив грубое вещество из которого она

составлена,   берет   от   нее   только   ее   ароматический   запах,   нежные

переливы ее цвета и создает из них свою розу, которая еще лучше и

пьшее


”.[40. 64]

Ұлы сыншының тұжырымы Жұмекен ақынның поэзиясынан

қалай көрініс тапқан? 

Жарық!


Көрем сені жанарынан тамшының,

Шешендердің таңдайынан көрем мен.

Көрем сені көмейінен әншінің,

Ал кейде бір туып кеткен өлеңнен

Бұл өлеңде мән-мағына беріліп екпін түсіріліп тұрған сөз  



Жарық! Ақын жарықты күн сәулесінен ғана іздемейді. Күн сәулесі  

табиғи   жарық,   ал   басқа     жарықтар     астарлы   мағынада   келтірілген.



Бүкіл   әлемде   тіршіліктің   тірегі   жарық   болатын   болса,     шешеннің

таңдайынан   ,     әншінің   көмейінен   ,     тамаша   өлеңнің     жолдарынан

төгілетін жарық бар, сондай-ақ   ана мейірімінде, жанарында жарық

символына баланатын адамдық қасиеттер бар. Шешендік пен даналық,

жезтаңдай   әншілік   пен   мағыналы   өлең,   сәбидің   шат   күлкісі,   ана

мейірімі, мөлдіреген көз 

– бәрі жарықпен сипатталады. Жарық ұғымы,

кең   түсінік,   поэзияда   ақын   осы   ұғымның   адам   қасиеттерінің   сыр

сипатын,   табиғатын   ашуға   кілт   ретінде   шебер   қолдана   білген.

Табиғат-ананың, тәңірдің ғажайып сыйы 

– жарық, күн сәулесінен нұр

болып таралған сәтте ол физикалық құбылысқа ие болса, жер бетін,

әлемді   нұрға   бөлеп,   тіршілік   думанын   қыздыратын   құдірет   ретінде

адам танымында философиялық сипатқа ие болады. Ақын өлеңінде

табиғаттың   ерекше   құбылысы   адам   бойында   көп   қасиеттерге   етене

сіңісіп кеткендей, диффузиялық (кірігіп кету) құбылыстай сезіледі. 

64


Лирикалық өлең  іңкәрлік сезімді, табиғаттың табиғи қалпын

дәл жеткізе алған. 

Жапырақтар, жапырақтар саялы,

Жапырақтың төсінде шық таяды. 

Бүкіл осы Алматыны табиғат, 

Жапырақтардың бояуымен бояды. 

Табиғат   көрінісінің   бейнесін   қаз-қалпында   өрнектеген.

Жапырақтар   жайқалып   айналасына   сая   болып,   көрік   беріп   тұрса,

нұрға   малынған   терек   көк   төсіне   шаншылып   асқақтайды,   ал

жапырақтың төсінде тайған шық өлеңн ің осы   шумағы -   қаланың

жасыл   желекке   малынып   тұрған     кейпін   бейнелейтіні   даусыз.

Ақынның тұспалдап айтар ойы ол 

– табиғатты күтіп, аялау қажеттігі.

 Таптамашы, адамдардың аяғы!  - дейді ақын.

Өлеңнің үшінші бөлімінде айтылатын ой: жастық  шақтың да

дәл   осылай   жапырағын   жайып,   құлпырып   көркейетіндігі.   Ақын

табиғат   пен   адам   өмірінен   ұқсастық   іздейді,   сол   ұқсастық   пен

үндестікті   өмірден   табады.   Өмір   де   осы   желек   атқан   ағаш   сияқты.

Бірақ тағдырдың ғажайыптылығы сол 

– баяғы жастық шақта адаммен

қатар   өскен,   қатар   көктеген   ағаштардың   тал-бұтақтары     қартайған

кезде тағы да қажетке жарап, адамның сүйенетін таяғы болады. Автор

осы   ойды   бейнелеп   айту   арқылы   адам   мен   табиғаттың   бір-бірімен

етене байланысын дәл салыстырып аша түседі. Табиғат бізді қоршаған

орта   ғана   емес,   табиғат   сонымен   қатар   адам   тағылым   алатын,

тәубесіне келетін сырлы әлем де.  Табиғаттың заңын адам тәжірибесі

арқылы терең танып білген сайын, соғұрлым табиғат болмысын тануы

да   күрделене   түседі,   табиғатқа   қарсы   әрекет   ету  

–    күйреуге,

қайшылыққа әкеп соқтырады.   Ақынның соғысқа адам   ғана қарсы

тұрмай, табиғат-ана да соғыс салған жараға тыжырынып шиыршық

ататынын  Сонау соғыс күндері  деген өлеңінде әдемі жеткізе білген.

Лирик ақын соғысқа қарсылығын атойлап, айқай салмай-ақ,

өлең жолдарымен биязы түрде астарлап-ақ сездіреді.

Ізі аппақ таспадай,

Ракеталар жүгіріп.

Шыққан кезде аспанға

Ілініп қалар гүрілі.

Одан гөрі бір түрлі,

Мына аспанға сиқырлы,

Жарасатын сияқты,

Қарашаның қиқуы.  

Бейбіт   аспан   төсінде   айқұш-ұйқыш   жолақтар   тастаған

ракеталардан   гөрі   автор   табиғаттың   өз   үнін,   қарашаның   қиқуын

қалайды.

Лирикалық кейіпкер өзін аялап өсірген туған жеріне, еліне

қазырдар санайды.   Сондықтан да   албыртым, асығамын аз өмірде,

туған жер, ойлаймын деп өзің жайлы ,  кетсе де қайғы қысып, қырсық

ұрып  сен туралы жырлаймын деп алдына мақсат қойып уәде етеді. Ол

65


кіндік   кескен   жерін   көзінің   қарашығындай   қорғауға   дайын.   Автор

сынып түссе бір бұта, қабырғама қараймын , - деп туған жерде өскен

ағаштың әрбір бұтасына дейін өзіне қымбат санайды, өйткені ол оған

ыстық көрінеді, сондықтан да сынып түскен  әр бұтаға өз қабырғасы

сынғандай   жаны   ауыратынын   жасырмайды.   Табиғат   тәніне   түскен

сызат ақынның нәзік жан дүниесін жаралап өтеді. Лирикалық кейіпкер

туған табиғатқа сергек қарайды, оны бүлдіріп, отағысы келетіндермен

күресуге даяр. Туған жер-туған үйі, өзі өмір сүріп жатқан шаңырағы

да ғой.  Ақын Грибоедовтың   Алыс жүрсең туған жерден, жат мекен,

туған елдің түтіні де тәтті екен  деп  жырлағанындай, Жұмекен үшін

өзі   өскен   жерінің   әрбір   тасы,   әрбір   бұтасы,   әрбір   ағашына   дейін

қымбат.   Ақын   табиғаттың   сыйын,   бағасын,   қадір-қасиетін   жақсы

біледі, сондықтан да алаңдап мазасызданады. Табиғатқа адам баласы

қатігездікпен қарап, бермесін тартып аламыз деп жыртқыштық мінез

көрсетті. Қоршаған орта шектен тыс әбден бүлініп, ластанды. Ақын

жүргеі адам өз қатесін   түзеп, қатігездікке жол бермесе дейді. Ақын

ойының түйіні де түйісіндіретіні де осы. 

Туған жер 

– алыс болашаққа аттанар, жетелер – арман алаңы.

Ғұлама ғалым да, ақын да, бармағынан күй төгілген  күйші де, күміс

көмей   әнші   де   алдымен   туған   жер   топырағында   көктеп   өседі,   ер

жетеді.   Оның балалық барлық арман-қиялы, көкіректе ұялаған үміті

осы топырақта туады, осы жерде қанат қағады. Туған жер   

–  табан


тіреп тұрған қасиетті тұғыр да.  Ақынның: 

Келеді атып тағы да

Ғажап қой дала таңдары.

Ұялап жатыр жаныма

Үміттің балапандары, 

деуі сондықтан. Ол ойын одан әрі қарай дамыта түседі.



Туған жер, сенің кеудеңде

Салайын деп ем бір ізді, 

– дейді.

Жұмекеннің   туған   жер   туралы   өлеңдерінде   ауыл

адамдарының ақжарқын, кеңпейіл, дарқан мінезі, бауырмашыл кейпі

шынайы   табиғи   болмысымен   ұлттық   мінез-құлқымен   кескінделіп

көрінеді.   Табиғаты дарқан далада өніп өскен, қанына қонақжайлық

қасиет   пен   кеңпейілділік   ана   сүтімен,   ата   дәстүрімен   дарыған

қазақилық сипат айқын сезіледі. Табиғаты дарқан халқының пейілі де

дарқан, көңілі де көл көсір, жатты да жатсынбайтын  тумса мінезі осы

ортада қалыптасады.

Қысылма, досым, бұрай бер, қай үйге түсе қалсаң да,

Атыңды сенің байлайтын бар шығар інің бір жаман.

Ақын   меймандостық,   дарқандық   пен   жомарттық   сияқты

асыл   қасиеттерді   жалпылама   баяндамай,   дәл   детальдар   арқылы

суреттеп,   көңіл   төріне   ұялата   біледі,   онысы   ерекше   бір   сүйсініс

тудырады.

Ағып келсең, алдыңнан әже шығар

Теріс киіп, кебісін, кимешегін.

66


…Сүрініп бірін тастап, бірін істеп,

Кетеді үй маңы кіл жүгіріс боп.

…Қарт кетер теріс қарап, пышақ қайрап,

Қалады жымың етіп бұған ішің.

     Биік   таудың   көрінісі,   ұясына   батып   бара   жатқан   күн,

маужырап басқан түн, арайлап атқан таң, шұғыла шашқан күн, дала

төсін қақ жарып, асыр сала аққан өзен, көк аспанды торлаған қазбауыр

бұлт   сияқты   табиғаттың   сан   алуан   құбылыс,   кейпі   Жұмекен

жырларына   арқау   болып   отырады,   ақын   осы   көріністерге   ерекше

қызығады, себебі ой іздейді, сыр тартады, кейде іштей сырласып   та

кетеді. Табиғат әлемі-сырға, үнге, қайшылықты құбылыстарға толы да

ғой.  Ақын осы  құбылыстардан   жырына нәр  іздейді.   Ақын қиялына

билік, әмірлік жүрмейді. Оның талғамы нені қаласа, сол  

–  ол үшін

құдірет. Табиғат жыршысы атанған С.Есенин көгілдір түсті ұнатады

екен. Бұған өлеңдері куә, ақын өлеңдерінде  көгілдір түс туралы  ой

орамдары мол ұшырасады. Демек, С.Есенин үшін әдемілік символы

көк түске байланысты болғаны. Сол сияқты Жұмекен де жаны ұнатқан

құбылыстарды   табиғат   лирикаларына   тақырып   етсе,   оның   сырын

ақын   талғамынан   іздеген   жөн.   Талантты   ақынның   эстетикалық

талғамы табиғаттан өзі сүйсінерлік әдемілік табады.[41.20]  

Табиғат   лирикаларында   Жұмекеннің   ақындық   шеберлігі

жаңа   бір   қырынан   танылып   отырады.   Ол   жылдың   қай   мезгілін

жырласа да сол маусымнан көз тоятын көрік тауып, жан тебірентерлік

сырға   қаныққандай   болады.   Табиғаттың   әр   мерзімінің   көрінісін   өз

жүрегінің қалауымен, жан дүниесімен қайта түрлендіріп, әрлендіріп

жібереді. Түн  

–  адам бойына көбіне қорқыныш пен үрей ұялататын

мерзім   сияқты   қабылданады.   Жағымсыздау   нәрсені   қараңғыға,

түнекке салыстырып жатамыз.  Ал Жұмекен жырында керісінше, түн

–  дамылдамайтын   тынымсыз   тіршілік,   адамға   жақсылық   қана

сыйлайтын сәт. Ақын түнде  үрейдің пұшпағы  да  жоқ деп сипаттай

отырып, дос пейілмен сырласып кетеді, түнгі тыныштық адам ойын

тербейді,   толғанысқа   түсіреді.   Ал,   кеш   болса  

–  өзгеше   бір   өмір.

Бояулар   құбылып   көзіңді   арбағандай.   Күн   ұясына   батар     шақтағы

табиғат   көрінісі     Жалындап   барды   да   батты   күн     деп   басталатын

өлеңде   алуан   түске   құлпырып   алаулаған   күн   табағының   көкжиекке

сіңіп, табиғатты қимай   бара жатқанын сәтті бейнелейді. Бойындағы

бар жарығын аспаннан төгіп, жерді жарық нұрға бөлеп тұратын күн

шатырына кірерде бүкіл нұрын әлемге сарқа шашып кетейін дегендей

қатты   қызарып,   жалындап   бара   жатқандай   адам   жанарында   қалып

қояды. 

Күннің   батуы   мен   кештің   түсуін,   түннің   салбырап   басуы



сияқты алмағайып, қарбалас тылсым сәттерді  тасалап тау мен қырды

түн   қызғанды   ,     Түн,   тымырық   түн,   тымырық   түн   ,     Ай   қарайды

сығалап   ала   бұлттан   ,     «Күн   кешкіріп   батады,   күн   кешкіріп»,

«Қарбалас қам жасасып жатыр бәрі»,  «Түн жыры»  деген өлеңдерінде

анық та айқын бейнелей алған.

67


Ақынның бір топ өлеңдерінің тақырыбы тауға арналған. Тау

–  қайсарлықтың,   биіктіктің,   сұстылықтың   белгісі   болса,   Жұмекен

үшін   тау  

–  сұлулық   символы.   Тау   ақынның   бойына   шабыт   нұрын

құйып, ойын қоздатып жіберетін табиғаттың ғажап бір туындысы.  Тау

бірде   тәкаппар,   бірде   қол   жетпейтін   арман,   бірде   асқақ   романтика,

бірде   биік   қиял   көрінісі.     Тау   үстінде     деген   лирикасында   таудың

өзінен   де,   таудан   басталатын     өзендерден   де   лирикалық   кейіпкер

қайсар   күшті   сендер   қайдан   аласыңдар   деп,   сұрақ     тастап,   іштей

тілдеседі.   Көз   алдымызда   лирикалық   кейіпкер   кенет   алып-күшке

айналып,   тау   шыңдарын   қапсыра   құшақтап,   өзендерді   бөгеп

тастайтын   күш-қуатқа   кенеліп   кеткендей   көрінеді.   Тауларды   адам

кейпінде   сипаттап,   суреттейді.   Таудың   іс-әрекетіне   адамды   сырттай

бақылаушы   ретінде   көрсетеді,   сөйтіп   адамдар   арасындағы   келеңсіз

қылықтардан жирентеді, бұл 

– Жұмекеннің жақсы бір ізденісі сияқты.

Өлеңдеріндегі     Жарылып   тұр   ,     тірлікте   тартыс   аздай   басқа   тіпті   ,

асқарды   күндеп-күндеп   ,     тістесіп   бір-бірімен   тас   қатыпты     деген

тіркестер   автордың   айтайын   деген   ойын   күшейтіп,   өлеңнің   негізгі

идеясын аша түседі. Тауды жырлай отырып, адам өміріндегі келеңсіз

жайттарды, көрсетіп өтеді. Тау табиғаты адам табиғатын аша түсуде

мықты көркемдік құрал, деталь қызметін атқарып-ақ тұр.  

Жұмекен  

–  табиғаты құмды жерде туып, бала кезінен құм

мінезіне   қанық   болып   өскен   ақын.   Оның   қаламынан   құм   туралы

бірнеше   өлең   туған.   Бұрын   құмның   мінезін   білмейтін   кісі   бұл

өлеңдерді оқыған соң, жаңа дүние есігін ашқандай болады. Ақын үшін

туған елдің қасиетті жері сияқты құмы да ыстық. Балалық шағының

қызық дәуренін құмда аунап-қунап, асыр салып өткізген,  табанының

ізі қалған құмның дүлей де сүреңсіз кейпі ұмытыла ма.  Құм,  Жалқау

құмдар ,  Қошалақ құмында ,  Құм теңеулері ,  Бетпақ даладағы шоқ

гүл  деген өлеңдерінде ол құм туралы ойларын ортаға салады.

Құмның   адам   өмір-тіршілігіне   келтіріп   жатқан   зиянын

ашына   жырға   қосады.   Жұмекен   тек   Қашалақ   емес,   басқа   да   құм

басқан елді-мекендерде көңілсіз жайлардың бар екендігін еске салады.

Құмның кесірін:

Талай ізді осы құмда жоғалтпақ,

Талай   жылды   осы   құмда   тонатпақ,   -   деп   айта   отырып,

еңбектің еш болып, құмға сіңген судай көзге көрінбейтініне ренішін де

білдірді.   Ақын     Жалғыз   құмдар     атты   өлеңін   юмормен

қорытындылайды. 

Жел  үп  емсе кемсең-кемсең етеді,

Қып-қызыл құм иегіндей кемпірдің.

Осы үзіндіден құмның шынайы суретін көреміз. Табиғатты

жырламайтын ақын болмайды. Себебі Мұзафар Әлімбаевша айтсақ:

Табиғат   тәрбиеші,   тәрбиеші   болғанда   тамаша   тәрбиеші.   Өйткені

табиғат бәріміздің ұлы анамыз, анадан асқан аяулы тәрбиеші бар ма?

[42.149]


68

Жұмекен   өлеңдерінен   кейіптеудің   әр   алуан   сипатын

кездестіреміз.  Ол жансыз нәрселердің  өзіне жан бітіріп, адамға  тән

мінез-қылықты,   әрекетті   қозғалысты   табиғаттың   өз   болмысына

қосарластыра баламалап жырлауға шебер. Адам бойындағы қасиетті

табиғаттың  бойына   қондырып,   қозғалыс   әрекетке  түсіріп  кескіндеуі

сәтті   шыққан   әрі   шебер   көркемдік   тәсіл.    

“Балауса”  деп   аталатын

өлеңінен   бастап   бұл   көркемдік   тәсілді   ұштап,   жетілдірумен   болды.

Бұл көркемдік тәсілді Абайдан, жыр дүлдүлі Қасымнан үйреніп, бұл

үрдісті дамытып, ілгерілетіп алып кетті. 

1. Жатыр, жақпар

… қарағайды аралайды жел ескен.

Жапырақтар, жапырақтар сыбыр-сыбыр кеңескен.

2. Тау сулары таусылмады, ынтықтырып ағады,

Қыз-толқындар бірін-бірі шымшып күліп барады. т.б.

  Жапырақтар   сыбыр-сыбыр   кеңессе       қыз-толқындар

шымшыласып барады, адам болмысына тән қимыл-қозғалыстар ғой,

жапырақтар,   толқындар   қалай   түрленіп,   жылы   қабылданады.   Ақын

ойының   бейнелігі   құбылысты   жатсындырмайды,   қабылдауға

жақындастыра   түседі.   Образ   деген   осы,   шеберлік   дегеннің   нақты

мысалы да нақ осы. 

Жұмекен детальды, бейнелеуді орынды қолданады, әсіресе,

табиғат   көріністерін   бейнелеуде   бұл   тәсілді   шебер   пайдаланады,

онысы   өте   ұтымды   діттеген   нысанадан   шығып   жатады.   Мәселен,

оның   келтірген   деталь,   штрихтарының,   көрініс   белгілерінің   дәлдігі

сондай,   тіпті   өлеңнің   тақырыбын   оқымай-ақ   жылдың   қай   мезгілі,

күннің қай сағатын суреттеп отырғанына дейін дәл елестете аласыз.

Кештің бейнесі: 

Сайлардан қаптаған көлеңке,

Тауларды қусырып барады.

Күз бейнесі:

Су кетіп мойнына қайың, емен,

Үстінде тамшы аунайды жапырақтың.

Көктем бейнесі:

Тұрды жолда от боп жанып бір тал гүл,

Сол даланың үмітіндей көктеген.

Кіндік   қаны   тамған   жер,   туған   өлке   бейнесі,   мәселен

талантты ақын Жұматай Жақыпбаевтың өлеңдерінде Сарноқай тауын

жырға арқау ету арқылы көрініс тауып жатады. Ол байтақ даламыздың

табиғатын   өзіне   етене   жақын   Сарноқайға   деген   сүйіспеншіліктей

іңкәрлікпен, перзенттік махаббатпен елестетеді, өз туған ауылы мен

жеріне  деген оқырманның сағыныш-сезімін оятады.

Оқырман Сарноқай тауын ойын-сауық өткізетін, әсіресе, ат

бәйгесі,   қыз   қуу,   бәйге   алаңы   ретінде   қабылдайды.   Себебі   ақын

жырында бұл мекенге ерекше мән бере жырлайды:

Сауыққой жұрттың тұрағы,

Сарноқай  деген тауында,

Ай сайын той боп тұрады.

69


Аспандап кеткен ауылда, 

дейді   ақын     Арман     атты   өлеңінде.   Ж.Жақыпбаевтың   бұл



мекенге арнаған   Сарноқайға сәлемдеме   атты үш өлеңнен тұратын

жыр циклі бар.

Ауа, суы

… боялған  бәрі көкке

Бәрі шаһар дегенім дәлірек пе?!

Менің атам жайлаған суреттердің,

Абыройы аспаннан әріректе, 

деп дәріптейді ақын туған жерінің тауын. Автор бойындағы



қымбат қасиетін Сарноқайдан жырақ кеткенде жоғалтып алғандай, сол

ата жұртта қалып  қалғандай етіп жырға қосады. Онысы нанымды да,

адам бойындағы серілік те, өрлік мінез де туған жермен байланысты

болғандықтан,   сол   жерден   ұзаған   сайын   бойындағы   асылдар   сонда

қалыпқалғандай   сезінетініміз   бар.   Балалық   кез,   бозбалалық   шақ,

жігіттік   кезеңнің   бел-белестерінің   ізі   өйткені   ата-жұртында   қалып

барады. Бір жағы сағыныш, екінші жағынан ел табиғатын, ата жұртын,

асқар тауын аласартпай асқақтату бұл.

Бағым күнде жаңаша жанды дедім,

Жаным көшіп тағы бір алды демін.

Бір жұртымда жоғалтып серілігім,

Бір жұртымда өрлігім қалды менің.

Ақын   үшін   Сарноқай   тауы   эстетикалық   идеал   ғана   емес,

ғұмырлық  мәні бар, шабытына шабыт қосар қиялын қанаттандыратын

рухани бұлақ іспетті. Талдықорған облыстық газетінде қызмет істеп

жүргенде   редакторға   жұмыстан   босатуын   сұраған   өтінішін   ұсынып

тұрып:  Жаз шығып қалды, Сарноқайға барып ат жүгіртіп, өлең жазып

қайтсам ба, деп едім ,  

–  деуі сағынышының айғағы.     Төбеге шық

деген өлеңінде автор:

 Биікке шық! 

– ақын басқа не десін,

Иемденіп өлкенің бір төбесін,

Тым құрыса құбыланың қабағын

Елден бұрын және ертерек көресің!!! 

деп   өмірдегі   биіктікті   өнер   иесіне   тән   асқақ   үнмен



астастырып жібереді және оны да Сарноқай тауымен байланыстырып

сабақтастыра   түседі.   Ж.Жақыпбаевтың   туған   жерге   арналған

өлеңдерінің   тағы   бір   парасы   оның   пейзаждық   лирикалары.   Бұл

топтама өлеңдерінде ақын   туған өлкесінің тауы мен сайының, өзен-

бұлағының атын атап, түсін түстеп, нақты көрсетіп суреттемегенімен,

оны лирикалық кейіпкер сезімі астарынан  аңғарып отырамыз.  Демек,

кейде   Жұматайдың   табиғат   лирикаларында   туған   жердің   атын

айтпағанымен   оқырман   поэтикалық   бейнелеулер   арқылы   толық

сезініп отырады.

Жұматай   шығармашылығынан,   әсіресе,  

  табиғат

лирикаларынан   туған   жерге,   ата   мекенге   деген   перзенттік

махаббаттың мөлдір де кіршіксіздігін аңғармау мүмкін емес. Мұндай

шығармаларының ішінен  Күзгі ауылда ,  Құрайдың ызыңдайды-ау тілі

70


сымдай

… ,  Сауда ,  Шажаның суы ,  Аспан мен желге құмартып… ,

Намазшам   ,     Қашаған   құсап   құйғытқан   қия   жермен   де

…  ,     Бұлт

айтыпты ағаң аттан түспесе

… ,  Атамекен ,  Көкпеңбек өрттің жылуы ,

Нұрлы бақта ,  Шыңда ,  Жоңғар ,  Мамырым менің ,  Көктемге хат ,

Жаз күні ,  Ойсазда ,  Той ,  Сарыжайлау ,  Көл беті 

– көкорайда жоқ

өсімдік


… ,  Көкторғын шалғын көк гүлмен тұр-ау шұбартып  сияқты

өлеңдерін   бөле   жара   айтуға   болады.   Бұл   шығармаларында   ақын

сөзбен сурет, өрнек салады.  Ешкімге де еліктемей, ел табиғатын, ауыл

тынысын, жаратылыс кейпінің болмыс бітімін жыр жолдарына  қашап

түсіреді.   Жұматай сөзге эмоционалдық реңк, екпін сала біледі, ойын

көркем   бейнелей   алады.   Оның   қаламынан   туған   табиғат   суреттері

еріксіз өзіне тартып баурап алады. Оқырман Жұматай жырлап отырған

табиғат   көрінісін,   өз   ауылының   табиғат   кескініндей,   тауын   өз

ауылының   тауындай,   суын   өзі   өскен   жердің   суындай,   даласын   өз

ауылының   сахарасындай   қабылдайды,   солай   сезінеді.   Өйткені   ақын

сезімін,   көңіл-күйін   оқушысымен   бөлісіп,   мұңдасып,   сыр   бөлісіп

отырғандай   кестелейді.   Нәтижесінде   жұрттың   көкейіндегісін   ақын

біліп,   көріп   тұрғандай   етіп   жеткізе   біледі.   Лирикалық   кейіпкер

табиғатпен   де   тұтасып,   оқырман   ойымен   де   астасып   жатады.

Лирикалық кейіпкер өз көзқарасын да білдіріп:

Ұйқым да қашып, үйдегі қымыз ішілмей,

Отырмын қазір Роден салған мүсіндей,

Құйқалы жерге қырсығып шыққан сүйелдей

Қыналы таста

Еш нәрсеге де түсінбей.

Немесе:

Көк тоғайдан сәлем жолдап бір ыстық,



Мың сайрамдар көрсетті-ай кеп туыстық 

Мөлдіреуден мен су ішіп тұрғанда



Қарандыздың жапырағын ыдыс қып, 

деген   жолдарда   ақын   бейнелеп   отырған   табиғат   көрінісі,



адамның көңіл-күйі әдемі, келісті шыққан.     

  Мамырым   менің     және     Көктемге   хат     лирикалық

туындыларында Жұматай аға буын ақындардың дәстүрін жалғастыра

түседі,   жаңашылдық   танытады.     Ақынның   бұл   өлеңдері

С.Мұқановтың     атақты     Майға   сәлемің     еріксіз   еске   салады.   Бұл

табиғатты адам бейнесінде кейіптеп, көркемдік тәсілмен жырлаудың

бір формасы, түрі.  Маймен тілдесудің  өзі қазақ поэзиясы үшін бұрын

кездеспеген   қадам     болатын,   [43.  200]  -   дейді   ғалым   Раманқұл

Бердібаев.       Мамырым   менің     өлеңінде   де   ақын   жыл   мерзімі   мен

маусымын тірі адам кейпінде жырлап, оған өз атынан қарата сөйлейді.

Ақынның   бұл   туындысының   С.Мұқановтың     Майға   сәлеміне

ұқсайтын тұсы да осында.  Ал суреттелген жыл мезгілдері, дала суреті

екі ақын жырында екі басқа. С.Мұқанов май айының атына   жолдас

деген   сөзді   қосақтап,   лирикалық   кейіпкеріне   кеңес   азаматына   тән

саяси ресмилік сипат дарытады.  Май мерамының өзін ақын  Жолдас

71


деп атап, оны жаңа адам, жұмыскер бейнесінде елестетеді,[44.504]  

дейді   ғалым   М.Базарбаев   бұл   туралы.   Ал   Жұматай   Жақыпбаев



мамырының суреттелуі бір бөлек. Ол:

Жұпары молым, жұлдызы көбім, жарығым,

Аспандатар адамның алуан дарынын,

Жер бетін түгел көгерткен, жөні бөлегім,

Мамырым менің мамырым!  

деп мезгілдің адам жан дүниесімен астасар тұстарын баса

көрсетеді.   Ж.Жақыпбаевтың   туған   жер   тақырыбына   арнаған

жырларының   үлкен   тобы   арнау   сипатында   болып   келеді.   Ақын

көптеген   өлеңін   туған   ауылына,   туған   жеріне,   ата   мекеннің   өзен-

суларына   арнайды.   Бұл   қатарда  

“Шығынық   гүл   төркіні”  жыр

жинағына енген 

“Туған ауылда”, “Сарноқайға сәлемдеме”, “Сарноқай

саздары


”  өлеңдерін,  “Көктемгі   хаттар”  жинағына   енген  “Өзгелер

мәнсап жолдан жөнелсе өрге

”,  “Жан-жағы толы тау суға”,  “Жүйкеге

тиер жоқ жүзім, жоқ мұнда, жоқ алма...

”,  “Туған жерге”,  “Қаратал”

сияқты   туындыларды   атауға   болады.   Бұл   өлеңдерінде   ақын   туған

өлкенің   әсем   де   ғажап     табиғатын,   өзені   мен   тауын,   жерін,   ауыл

адамдарының есімдеріне дейін жиі атап отырады. Cол арқылы ақын

туған   аймақтың   бүкіл   тыныс-тіршілігін   танытып   қоймай,   екінші

жағынан   соларға   деген   махаббатын   да   аңғартып   тұрады.   Алайда

ақынға   Қазақстанның   кез-келген   аймағы   ыстық,   өйткені   ата-

бабамыздан   ұрпағына   аманаттап   қалдырған   ең   бағалы   қазынасы,

мұрасы   сол,   кең   байтақ   даламыз   мақтанышымыз.  

“Алатауға”  деген

өлеңінде ақын:

Халық жоқ барлық халықтың халқынан ұлы...

Әйгі етсең де болады жалпыға мұны:

Атырау-Алтай арасы-ай! Аумағы-ай жердің

Алтыдан бірдің 

— біздің жер — алтыдан бірі! [45.287]

— десе, “Арысқа барғанда” өлеңінде:

Атаңнан қалған алты Арыс жерім болмаса,

...Көрерсің қайдан көгілдір инеліктерді, 

деп табиғатының тамашалығын,  жеріміздің кеңдігін көрсетеді.



Табиғатты   жырлау   ақыннан   ерекше   сезімталдықты,

байқағыштықты   талғампаздықты,   суреткерлікті     талап   етеді.

И.В.Гетенің  

“Суркетер   табиғатты   зерттеп   білуі   керек.   Өйткені

қасиетсізден   тектіні,   сиқысыздықтан   сұлулықты   екшеп   алу   оңай

емес


”[46.623]  –  деуі   көп   сырды   аңғартады.   Ж.Жақыпбаевтың

шығармашылығына тән нәрсе талғампаздық, оны табиғат, жаратылыс

көркін суреттеген жырларынан айқын көреміз, ол тақырыбын таңдап

жырына арқау етер көріністерді екшеп ала біледі. Табиғатқа арнаған

жырларынан   табиғилықты,   таза   мөлдір     сүйіспеншілікті,   азаматтық

үнді аңғарамыз.

Қазақ   поэзиясының   көп   ғасырлық   тарихындағы   көркемдік

дәстүрлердің жаңа сарындарымен жаңғыра жырлануынан лирикалық

72


жанр   табиғатындағы   эстетикалық   танымның   әсемдік   тағылымын

танимыз.


Табиғат   суреттерін,   туған   жер   көріністерін   жас   ақындар

шығармасында   өзгеше   леппен,   өзгеше   сарынмен   жырланып   келе

жатқанын көреміз. Олар өз жырларында табиғаттың ажарын,  даланың

тынысын   көңіл-күйімен,   сезімімен   астастырып,   әдемі   өрім   жасап

кестелей біледі. Табиғат пен туған жерін ақындардың бәрі дерлік де

жырлап келеді, бірақ жыр-тұлпарларының шабысы әр түрлі, ол талант

–бабына, талғам-таразысына, ақындық мәдениетке байланысты болып

келеді.   Жақсы   жыр   жазғысы   келмейтін   ақын   бар   ма,   айтыңызшы.

Бәрінің де өлеңге бар таласы. Талас ұғымы бәсеке ұғымына да сәйкес

келеді. Жас ақындар ізденістерінен жақсы туынды туғызуға талас та,

бәсеке де бар.

 Қазіргі жастар поэзиясы туралы сөз қозғалған кезде ауызға

алғаш   болып   ілінетін   өршіл   өлеңдерімен   жұрт   назарын   аударып

жүрген Маралтай Райымбекұлының есімі. Орда бұзар жастан асқан

жігіт жырлары несімен ерекшеленеді? Ең алдымен ақын жігіт өлеңді

өзінің тағдыры санайды, оның бар қуанышы, бар мұңы, бар қайғысы

өлең   жолдарында,   өлең   оның   өмір-тіршілігі,   бір   сөзбен   айтқанда,

өмірбаяны деуге болады. Нұрлан Оразалиннің:   Маралтай табиғатқа

мейлінше   жақын,   етене   сезімдерді   өз   орам-махамына   сала   білетін,

содан жаңаша ой түюге бейім ақын , - деуінің астарында осындай сыр

жатыр. Табиғатқа барынша жақын Маралтай: 

Жүрегімнен жүз бұтақ өріп шығып, 

Айналып кетсе, шіркін, талға денем

деп   батыл   айтады.   Табиғатқа   етенелік   анық   суретпен



бейнеленеді.   Ақын Қасым Аманжолов   Абдолла   деген поэмасында

жауға қарсы ыза-кекті бейнелеп, жау жолына атам сені,  бомба бол да

жарыл жүрек   деп керемет теңеу жасайды. Маралтай жүрегінен жүз

бұтақ өргізіп денесінің  талға  айналып  кетсе  деуін сәтті шыққан ой

орамдары деу керек.  Аға буын ақындардың үлгісін, дәстүрін басқа бір

қырынан дамытып  ілгерілету сезіледі. Адам тағдыры табиғат-ана мен

тамыр   тарта   қарасақ   тағдырлас,   соның   аясында   өтіп   жатады.   Шын

таланттар  ғана мұның сырынан мән, сазгерлер әуен іздейді. Маралтай

жырларында   бейнелілік   ой   орамы     берік,   мығым,   сіңіріп   қаққан

шегедей   нық.   Кейде   ақын   ішкі   түйсікпен   өз   халінің   мүшкілдігін

табиғат   көріністері   арқылы,   әртүрлі   нақыштармен   еркін   жеткізеді.

Тұман   атты өлеңінде адам баласының о бастағы жаратылысын өмір

философиясымен   ұштастырып,   табиғат   суреттерімен   бірде   теңеп,

бірде астастырып жібереді.

Күздің таңы. Күн тұман. Салқындаған,

Алмасымды тот жеді-ау жарқылдаған.

Жебем қисық, атуға адырнам бос,

Құзғындарды төбемде қарқылдаған.

Күздің таңы. Айналам ала тұман,

73


Ала тұман тағдыр боп жаратылғам.

Бүгін бұл үй көңілсіз  (той боп жатыр),

Той біткенше Кеңсайға бара тұрам.

Лирикалық кейіпкер   әлдекімді сағынады, әлдебір биіктікті

іздейді, әлдебір нәрсені күтетін де сыңайлы.   Табиғаттың алмағайып

мінезіндей   ішкі   дүниесі   беймазалық   күй   кешеді.   Алай-түлей

сезілетіндей.   Маралтай   табиғат   кейпін,   айналамыздың   көркін   әдемі

детал, тосын теңеу тауып, түрлендіріп, құлпыртып жібереді.  Көңілді

көктем     деген   лирикалық   өлеңінде   ақын   ару   қала   Алматыға   деген

сүйіспеншілігін   жырласа,   Алматы   жастардың     кіршіксіз   арманы   да

ғой.   Маралтай   да   әсем   қалаға   берік   байлам   жасап,   болашағын

байланыстырып   келген.   Үлкен   шаһарда   әсемдікпен,   арманмен   қоса,

сұлулық   пен   бірге   опасыздық,   арсыздық,   саяси   ойын   әлемі   қоса

жүретін   қайшылығы   да   жетерлік   екен.   Ақын   жаны   осындай

келеңсіздіктен, саналы жанға жат тірліктен түңіледі.

 Көңілді көктемде :

Қазақта көктем осындай 

– барлығы… саясат.

Запыран тастап жас көңіл зарға қонады.

Шіркеуіне өзгенің қарлығаш ұя сап,

Мешітімізге ал біздің қарға қонады

Маралтай жырында күз айы сағыныштың символы секілді.



Алматының аспанында бір мұң бар

… ,  Түсінгеннің бірге кетер ішінде

деуінде  ауыр  мұң  бар.    Күз.   Алматы    өлеңінде  Алматы   ақын  үшін

мәңгілік сағыныш,   мәңгілік мұңға оранған қала ретінде жырланады.

Жалпы табиғат пен адам егіз, адам табиғат перзенті. Солай болғанан

соң, әркез соны мойындап тұруы да керек шығар.

Ақынның     Күз     өлеңі   табиғат   пен   адам   арасындағы

ұқсастыққа құрылған:

Алтын шашты, қызыл кірпік мына күз,

Жұма-ағамның жырларындай жымиған.

немесе:

Алты ай қыстың бір жұмбағын шешіп Ол,



Қайта оянар сан күннен соң өсіп, өр

Мына күздің тұрпатында текті өң бар,



Есағамның өлеңіндей есі мол.

Жардан емес, ардан тауып миятты,

Ойы бойға сыйыстырған ұятты.

Өзегіңді өртейді екен мынау күз,

Гүлнәр қыздың сезіміндей қуатты. 

Сондай-ақ сағыныш символы іспеттес күздің өзіндік сыйсыз,

күйсіз, сұрықсыз жайы да жоқ емес, ақын оны мына жолдар арқылы

жеткізеді.     Мынау   күзге   қарап   кейде   күйесің,   Мылтекеңнің

сөздеріндей мисыздау . Адам мен табиғат, табиғат пен адамға алма-

кезек   ойысып   отыратын   өлеңді   табиғатқа   арналған   жыр   ретінде

қабылдайсың, сонымен қатар адам қасиетін де ашып тұрған  жырлар.

74


Бұл   тұрғыдан   шеберлік   танытады.   Күздің   көріністерін   әр   ақынның

бойындағы   ерекшеліктермен   салыстыра   сипаттайды,   айталық

Есағаңның өлеңі мен, Гүлнардың қуатты сезімімен теңейді ақын. Ал

енді күздің сыйықсыздығын да адамның сұрықсыз мінез-қылығымен

астастырып көңілге қош еместігін көрсетеді.

Махаббат   пен   табиғаттың   астасқан   тұсы   әрине   көктем.

Көктем махаббат айы, ғашық жүректер айы болса, арман қуып шарқ

іздейтін маусым. Ал енді адамдарда бұл айда ықылас пен ілтипат биік,

ал   күз   айы   болса   сол   қуаныштың   ұрлаушысы,   тонаушысындай

қабылданатыны бар. 

Күйінсем-дағы қараймын кешіріп

Күнге,


Гүлдерді өртеп кеткендей көшіріп

Күлге, 


Күз келді, қарғам![47.99]

  Табиғат   жыршысы  

—  С.Есениннің   көгілдір   түсті

ұнатқанындай   көгілдір   түсті   өз   қабылдауында   сұлулық   символына

айналдырған ақын қызымыздың бірі 

– Назира Бердалы. Оны  Көгілдір

түн ,   Көгілдір

…   сынды өлеңдерінен айқын көреміз. Назира үшін

бүткіл жаратылыс көгілдір, жастық шағының көктемі де 

– көгілдір.

Көгілдір,   жасыл,   көгілдір,   жасыл,   көгілдір,   жасыл

шыршалар,

Көгілдір жиек, көгілдір желмен желбіреп жиі бұлт ауар.

Көгілдір   сағым   -   қол   бұлғап   маған   қоштаспай   кеткен

балалық,


Көгілдір ғана қырқалар.

Жас жанымды мұң шалар.

Балалық   дәурен   мен   қоса   қол   бұлғаған   туған   жердің

табиғаты   сезім   пернелерін   шертіп,   әлде   бір   әлемге   жетелеп   алып

кететіндей әсерлі жеткізілген.

Көгілдір таулар,

Көгілдір баулар, көгілдір қырлар, жоталар,

Көгілдір көлді көркейтіп тұрған көгілдір сонау топ арал.

Туған жерден, туған елден ыстық, одан сұлу ел, одан сұлу

жер қайдан болсын! Бәріміз де ауыл көрінісін, сол ауылда өткен әдемі

кездерді   мәңгіге   ұмытпаймыз.   Табиғат   берген   бар   қасиетті   де   сол

туған   топырақтан   аламыз.   Ең   ақыры   тәтті   де,   бал   дәуреніміз   он

сегізбен де сол жерде қоштасамыз. Сондықтан да Назира бізге:

Бақыттың құнын барменен ғана, барменен ғана өлшеңіз

Көгілдір көктем, көгілдір көктем: келмеске кеткен Он сегіз



деп өткінші өмір белесін еске алады. Ал  Көгілдір түн  атты

өлеңінде   көгілдір   сөзін   бір   рет   те   аузына     алмайды.   Өйткені   бұл

өлеңінде   кейіпкердің   қарамай   кетуін,   махаббат   майданы   турасында

түпкі ойын астарлы екі жолмен:   Көктем келген күн. Қайтадан қар

жауып жатты , - деп береді.

Өлең 

– үздіккен көңілдің үзіліп түскен моншақ–нұрлары…



75

Өлең  

–  адам   жанының   жауынды,   дауылды   сәттерінің

көрінісі

Осыншалық   көгілдір   бояудан   өз   жан   тебіренісін,   терең



түсіністігін   кезіктірген   Назира   қыз   өмірге   деген   құштарлығын   да,

өкпе-назын да, тіпті сезім селдерін де, жан күйзелісін де табиғаттың

көріністері арқылы жырлап байыздайды.

Көгілдір түн.

Көк түннің көктемі 

– гүл.


Жұлдыз сүрер бір-ақ түн көкте ғұмыр.

Сонау алыс жұлдыздар алтын емес,

Мынау түн қап-қара емес, көп-көгілдір.

 Көк түннің көктемі 

– гүл ,  түн қап-қара емес, көп-көгілдір

метафора, эпитет жастар поэзиясының ұшқыр да орынды қолданатын

көркемдік   құралдары.     Ұлттық   бояу,  ұлттық   әр,   нақыш.   Оқырман

қалай   қабылдайды.   Жастар   жырында   осындай   айшықты,   терең   де

тамырлы ізденістер бар.

Бақыт Беделханұлының   Көкемарал  [48.5] жинағына енген

жырларын   оқып   отырып,   оқырман     адам   мен   табиғат   арасындағы

қарым-қатынасқа   үңіледі,   табиғаттың   құпия   беймәлім   сырына

қанығады,   адам   жаратылысына   қатысты   ой   орамын   поэзия   тілімен

түйіндейді.   Адам   ақын   өлеңдерінде   философиялық   түйін   жасап

отырады. Бәлкім бұл үрдіс қазіргі жастар поэзиясына  тән құбылыс та

болар.  Бақыттың жыр жинағының  Көкемарал  аталауында да астарлы

мағына бар.     Көкемарал  

– тамыр қошы аңқыған иірдейін иелі, киік-

отындай киелі дәру шөп. Үйірін жауға бермейтін кербез де кесек кер

бұғылар   жыртқыштардан   жазатайым   жарақат   ала   қалса,   Көкемарал

дәруіне аунап-қунап сақаяды. Керелаң замандардың  талайын бастан

өткеріп,   енді-енді   ғана   еркін   тыныстай   бастаған   еліміздің   де   жан

жарасы мен тән жарасы жетерлік. Менің   Көкемаралым   соған шипа

болса игі еді!

…  . Бұл байланыс табиғатпен тамырлас. Түпкі иені де

байырғы бабалар дәстүрімен  Жұпар иіе  ( Жұпар Алла ) деп атайтын

Бақыттың     Көкемаралының     іші   толы   -   өлең-шөпте!   Табиғат

жаратылысына үңілу, оның әдемілігін сезіну, бағалау Бақыт жырында

тіпті өзгеше.   Тәңір-гүл   өлеңінде бір жағынан туған жер көрінісін

тілге тиек етсе, екінші жағынан Тәңір-гүл тағдырының үзілмегендігін

әспеттейді. Ақын үшін тәңір-гүл туған елдің жұпар ауасы, асқақ рухы,

тіршілік тамырында бүлкілдеп соғып тұрған қаны, табиғаттың асыл

сыйы.

Тәңір-гүлі үмітімнің шырағы,



Нұрлы ауаға нілі сіңіп мәңгілік.

Ай мен Күннің аймаласа шуағы,

Оятатын жүрегіңді жаңғырып.

Тірлігінде таусылмайтын дауасы,

Ақындардың жан-дертінің емі 

– бұл…


Тәңір-гүлі туған жердің ауасы,

76


Адам-Ата, Хауа-Анамен тегі бір.

Туған   даласының   қайнаған   тіршілігі   мен   табиғаты   ақын

санасында   үнемі   жаңғырып   тұрады,   себебі   ажырата   алмастай   етіп,

нәзік жіппен шырматып тастағандай. Ақынның ішкі әлемі   Тамшы-

тағдыр   өлеңінде ашыла түседі. Адам тағдыры табиғатпен тағдырлас

екендігін, табиғат-ананың перзенті  екендігін жырлай отырып өмірдің

мәнін көркемдік тұрғыда бейнелеуге тырысады. 

Тамшы, тамшы мөлдірден де мөлдірсің,

Мөлдірлікті көрген мынау көз құрсын.

Тамшы десе көлшіктерде көлгірсіп,

Өзендер-ай, өксіп-жылап өлгірсің.

Тамшы, тамшы көлшіктен де лайсың,

Лай судан тұнық өмір құрайсың.

Құрайсың да құдіретімен құдайдың

Тіршіліктің  кілтін тауып бұрайсың.

Табиғат-ана өз бесігінде тербеген осынау жер бетінің нәрі бір

ғана тамып түскен тамшыда, осылай барып,   тамшы-теңіз ,   тамшы-

тағдыр ,  тамшы-мұң  болып жалғасып жатады. 

Жер жаннаты Көкшетауда туып-өскен Алмас Темірбай ақын

туған жерін, ел табиғатын өзінше өрнекпен жырлайды.

…Елге кетем!

Ен далада қой бағам,

Елсіз жерде емін-еркін ойланам,

  Көкшетау бір таза жер пері жүрген, мұнда жоқ жын мен

сайтан   өріп   жүрген   ,   -   деуші   еді   ғой   Ілияс   Жансүгіров.   Алмастың

өлеңдерін оқығанда осы жолдар орала береді. Жаны таза, рухы биік,

дүниеиау   заттарға   алданбаған,   былғанбаған   жас   жүректің   лүпілі

сезіледі   бұл   өлеңдерден.   Алмас   өлеңдеріндегі   өзгешелік   шумақ

басының аллитерацияға құрылуы. Ол   Қысқы түн. Көңіл-күй. Аңсау

өлеңінде:

Көк жөтел қысып, көксау науқастар жөтеліп,

Көк мұзға тайып жығылған көбі халықтың.

Көк жамбас болып, көп жатып қалған еті өліп,

Көк соққан мінез, көк мылжың қыстан жалықтым.

Ақын   қыс   мезгілін   жек   көрмейді,   жалпы   көктем   айын

сағынады, күтеді.  

…Көкпаршы уақыт көксерке жылды сүйрелеп,

Көк дөнен көңіл жетуге асық көктемге!

Алмастың табиғат көріністеріне арналған біршама өлеңдері



бар.  Көктем ,  Ақпан ,  Ай ,  Туған топыраққа тағзым ,  Қараша  т.б.

Табиғат   құбылыстарының   мінезін   адамға,   адам   мінезін   табиғат

құбылысына   қабыстырып   жіберу   Алмас   поэзиясына   тән.   Оның

Ақпанда     деп   аталатын   өлеңі   бар.   Мезгіл   мінезін,   ақпан   айын   дәл

суреттеген ақынның жырына құлақ түрейік:

Тоса-тоса таусылып бар шыдамы,

77


Алты ай жаздың алғашқы жаршылары.

Жер жамбастап, жантайып жатқан төрге,

Ақпан шалдың арқасын қамшылады.

Алмас   та   Ақпан   айына   Абай   атасындай   жан   бітіріп,   тірі

құбылысқа  айналдырып,   шал  кейпінде   суреттеуі  оралымды  шыққан

бейне. Одан арғы іс-әрекет қалай өрбиді:

Арқа басы ойылып, үлбіреді,

Ажал айдап тұр ма екен, кім біледі.

 Құтырушы ең ел-жұртты қалшылдатып,

Өзіңе сол керек!  

–  деп Күн күледі.

Күн сөзіне Ақпан шал болып кекті,

Бүк түсіп, теріскейге беріп бетті.

Сырын ашпай, сазарып жатты дағы,

Үш күннен соң үн-түнсіз өліп кетті

  Ақпан шалдың   жерді жамбастап, жантайып төрде жатып



алуы қазақы мінез бен бейнені дәл бедерлеген. Абайдың дәстүр үлгісі

анық   сезіледі.   Ақын   жырларынан   табиғат   көріністерінің   әсем

қайталанбас бедерін көреміз. Ақын үшін туған жерден асқан бақыт,

туған елден артық ел жоқ. Алмастың Алматыдан елге кету себебі  

кіндік қаны тамған жерді қимауы. Ол  туған топыраққа тағзым  етеді,



туған жерді тастап кетпеу керек, одан артық жер жоқ деп дәріптейді.

Алмастың азамат ретіндегі басты ұстанымы осында -   Туған жермен

табыстыршы тезірек, не болмаса мені ешқайда апарма! 

Ағайындар!

Ай мен күнің аманда,



Көшпе елден, кетпе еріп жаманға.

Туған жердің бұлты төнбес басыңа,

Туған жердің тасы батпас табанға.

Таусылса да тіршіліктің тынысы,

Таусылмайды туған жердің ырысы.

Не қылсаң да қолыңда ғой, Көкшетау,

Өзің кескен кіндігімнің бір ұшы.

Ел мен жер қадірін білмейтін   ұрпаққа үлгі, өнеге болар ой

тастайды. Алмас алмастай өткір лирикаларымен туған жер табиғатын

жырларында   барынша   мадақтайды.   Дала   сыры   бала   күнгі   көңілді

өзіне   ынтықтырып   тартады   да   тұрады,   табиғатқа   тағзым   етіп,

жырлауының да бір себебі осында жатса керек.

78




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет