Диссертация «Қазіргі қазақ Әдебиетіндегі табиғат лирикасы»



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата30.12.2016
өлшемі376,17 Kb.
#760
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7

кешкі   мезгіл   адам   ұғымында   бірдей   қабылданбайды.   Таңғы   шақ

тіршіліктің   оянуы,   дүниенің   қозғалыс   әлеміне   енуінің,   қым-қуыт

тіршіліктің басталғалы тұрғанын елестетеді. Кешкі мезгілде табиғат

та, адам да, тыныстап, демалыс құшағына енбек. Ақын көңілі күңгірт

бейуақытта әр саққа ой жіберіп, толғаныс күйді кешуде. Табиғаттағы

мезгіл суреті мен көңіл күй үндестігі салыстырылып өтеді. Ал келесі

шумақта:

…Адасқан күшік секілді,

Ұлып жұртқа қайтқан ой.

Өкінді, жолың бекінді,

Әуре болма, оны қой, 

— дейді. 

Ақын   мұнда   күнделікті   ауыз   екі   тілде   қолданып   жүрген

ұғымды   тереңдетіп,   қорғасын   құйғандай   салмақты   ете   түседі.

“Адасқан   күшік”  деген   сөздің     Абай   қолданысында   философиялық

мағынасы   арта   түседі.   Күшіктің   айласыз,   әлсіз   дал   болуын   көшіп

кеткен ауылдың иесіз қалған жұртымен байланыстырып барып, ақын

өз басының ендігі мұңын соған теңейді. Көңілдің жұртынан, үміт пен

арманның   өрісінен  көпшілік  тірлігі,   халық   көші  аулақ   кетіп   жатыр.

30


Сондықтан бұның азалы ойы адасады. Үнін ешкім естімес, шерменде

ой   трагедиялық   күйде,   ұлып   жүріп   зарланады.   Абайдың   табиғат

лирикаларынан,   жаратылыс,   табиғат   келбетін   жырлауда   мынадай

ерекшеліктерін баса айтқан орынды. Ең алдымен Абай ауыз әдебиеті

үлгісіндегі дәстүр машықтан мүлде бөлек, батыс, шығыс әдебиетінің

үлгілерін бойына сіңіре отырып табиғатты жырлауда жаңа ақындық

мәдениеттеліктің үлгісін жасады. Абайда  табиғат көріністері, қыр мен

дала,   тау   мен   тас,   өзен   мен   жайлау   жалпылама   тұрғыда

сипатталынбай,  нақты, дәл, бедер,  бейнесімен суреттелінді. Абайдың

нақты   бейнелеуі     образдылық,   бейнелілік   сипатында   ақындық   тіл,

ақындық     ой,   ақындық   соны   таным   биігінен   көрініс   тапты.   Абай

табиғат   құбылысын   жанды,   тірі   бейне   кейпінде   бейнелеп,   қазақ

табиғат   лирикасына   жаңа   үрдіс   алып   келді.   Ұлы   ақынның   табиғат

лирикалары   мал баққан шаруа тұрмыс күйімен, ауылдың сұрықсыз,

жүдеу   жағдайымен   байланыстыра   суреттелінді.   Ақын   әлеуметтің

мүддесін,   тіршілігін   табиғат   құбылыс,   мерзімдерімен   шебер

астастырып   жырлаған   тұлға.   Табиғат   лирикаларында   ұлы   ақын

жаратылыс   кейпін   сырттай   суреттеуші   ғана   емес,   өзінің   де     өз

көзқарасын ашып, түйіндеп кетіп отыратын ойшыл  ретінде де көрініп

отырады.


Әдебиеттегі Абайдан кейін лайықты орын алатын ірі тұлға 

Мәшһүр   Жүсіп   Көпеев.   Ақын   Абай   өнегесін   бойына   терең   сіңірді,



әдебиетке   өзіндік   із   қалдырды.   Соқпағын   саралады.   Дәуірлес,

замандас   болғандықтан,   негізінен   Абаймен   үндес   жерлері   көп.

Әсіресе,   қоғам   мен   өмірдегі   қарама-қайшылықты   суреттеуде   ұқсас

тұстары баршылық. Дегенмен өзіндік қырынан көрінеді.

Ақынның  Түн қандай  өлеңін алайық.

Түн болса алар тыныштық  біраз жатып,

Шаршағанның сілесі әбден қатып.

Қол-аяғын ұйқы жау жіпсіз байлап,

Серейтіп алып соғар табандатып. [20.50] 

Ақын   түннің   өз   сипатын   күнделікті   күйбің   тіршілікпен

байланыстыра   суреттейді.   Сол   секілді   адам   баласының   басында

болатын қасиеттерді өлеңге қосады. Жалпы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің

Абаймен   ұқсас   жері   осындай.   Тақырыптық   жағынан   паралелдігі   де

осы жерде анық аңғарылады. Ол да өз дәуірін табиғатпен ұштастырып

жырлады,   қоғамдағы   келеңсіздіктерді   ашып   берді.   Жоғарыдағы

өлеңіне   келсек,   кейіптеудің   маңыздылығын   және   ақынның   тіркесті

орынды қолданғанына  куә боламыз.  Тыныштық  жатып алады  дейді

ақын.   Тыныштыққа   жан   бітіре     отырып   суреттейді.   Бірақ

тыныштықты жанды ете отырып, орнайды деген сөздің орнына жатып

алады   деп   алады.   Бұл   ақынның   табиғатты   жырлауындағы   өзіндік

ерекшелігі болып табылады. Осы арқылы түнде болатын құбылысты,

табиғи   өзгерісті   шымыр   көрсете   білген.   Екінші   қырынан   алып

қарағанда адамдардың тыныстап демалатын уақыты дегенді меңзейді.

Егер  өлеңді  соңына  дейін  оқып шығар  болсақ,  пәлсапалық   ойларға

31


бекиміз. Бірақ ол басқа тақырып. Осы жерден Мәшһүрдің тағы да бір

ерекшелігі көрініс табады. Яғни оның көп қырлы, тақырып кеңдігін

аша   отырып,   бір-бірімен     байланыстыра   шебер   беруі   ерекшеленіп

тұрады.


Ыбырай   Алтынсаринді   ағартушы,   балалар   жазушысы,

сондай-ақ қазақтың жазба әдебиетінде табиғат көрінісін өлеңге арқау

еткен   ақын   деуіміз   керек.  

“Өлең”,  “Жаз”  атты   лирикалары   күні

бүгінге дейін өзінің көркемдік, мағыналық құндылығын жойған жоқ.

Ыбырай өлеңдерінде табиғаттың тұнық та, тұма кезі көз алдыңа келсе,

уақыт   өтіп   бүгінгі   экологиялық   апатты   жағдайы   еңсеңді   езіп,

жүрегіңді сыздатары сөзсіз.

Ыбырай   бейнелеген   көк   орай   шалғын,   тау   төсінен   төмен

қарай құлаған өзеннің тау мен тасты жаңғырта, сарқыраған үні, жел

тербеген қалың тоғайдың шуылы, малын бағып, балығын аулап, күнін

көріп   отырған   елдің   суреті   жүрек   қылын   шертіп,   сағыныш   сазына

бөлейтіндей.

Жалпы табиғат болмысын суреттеуге арналған Ыбырайдың

екі өлеңі бар. Соның ішінде  Өзен  деген лирикалық өлеңіне тоқтала

кетейік. Ыбырай нақты қай өзен екенін атап көрсетпейді, бірақ оның

суреттеуінде   өзен   жалпылама   ұғымда   алынғанымен   ақын   әсем

даланың   көркі,   тіршіліктің   нәрі,   саналған   өзен   кейпін     шабытпен,

еркін   көсілтіп   жырлайды.   Өзендер   бастауын   таудан   алады,   биіктен

сарқырап   аққан   өзеннің   күн   сәулесінің   нұрымен   шағылысып

жарқырап   жататынын,   тау   мен   тасты   жарып   арқыраған   ағысын

суреттейді   ақын,   ыстық   аптапта     көңілің   суын   ішсең   ашылады,

денеңде бар дертіңді қашырады   деп судың мөп-мөлдір кермектігіне

дейін   жырға   қосады,     жан-жануар,   жағасында   жайқалған   ағаш-

тоғайлар   да   осы   өзен   суынан   рахат   тауып,   дамыл   табатынына

тоқталып кетеді.

Ыбырай   да   өзен   жағалауларында   ел   қыстап,   тіршілік   етіп

отырғанын,   суының сонда да қалыбынан айнымай ағып жататынын,

балықтарының да алуан түрлері болатынына дейін тоқталып, мұның

бәрі  құдайдың құдіретімен, жаратушы жаппар иемнің әмірімен болып

жатқанын атап өтеді. 

“Өзен”  өлеңінде  “құдіретін   құдайымның   көресің   бе,   не

нәжіс   тоқтар   өзен   денесінде

”,   деп   жер   мен   көктің,   адам   мен

табиғаттың   жаратушы   құдайдың   құдіретіне   тәуелді   екендігін   алға

тартады.


Сол сияқты ақынның  

“Жаз”  атты өлеңінде сәуірде жауған

нөсер,   соның   қуатымен   желкілдей   өскен   көк   майса,   жер   бетінде

жайқалған   көкпеңбек   шалғын,   әлі   де   есейіп   үлгермеген

жеткіншектердің ойдан қырға жүгірген шадыман шаттығы табиғаттың

адам көзі тоймас қызығын қыздыра түсетіндей.

Ыбырайдың     Жазы     да   жырлану   үлгісі   жағынан   ауыз

әдебиеті үлгісінен бөлек, ол жылдың көркі  

–  жаздың бас кезін, күн

32


мен түннің теңелген шағын, наурыз айын суреттеп өтеді. Оны ақын

тең болар жарлықпенен күн мен түні  деп анық атап та көрсетеді. 

Ыбырайдың  Жаз  атты өлеңі мен Абайдың  Жазғытұры  атты

өлеңінде өзара ұқсастық, үндестік сезіліп отырады. Оны суреттелініп

отырған, жырға арқау етілген тақырыптың да  ұқсастығынан туындап

жататын құбылыс ретінде қарау керек. Ыбырай:

Жүгірер киік, құлан тау мен қырда,

Қуанып ықыласпен келген жылға

Алыстан мұнарланған сағымдары



Шақырып тұрар күліп кел деп мұнда

Көл бұзылып, көк шығып, қойнын ашса,



Қаңқылдап қонар оған қаз бен тырна

Адамзат сайран етер көңілі жай,



Секіріп ойын салар құлын мен тай

Қой маңырап, сиыр мөңіреп шат болады

Тасиды күркіресіп өзен мен сай.

Аяғын алшаң басып түйе шығар,

Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай. [21.37]

деп   түздің   аң-құсын,   киігі   мен   құланын,   өзен   суын,   жан-

жануарын түгел қамти суреттесе, Абай:

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдеп, көрісіп құшақтасып.

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып!

Түйе боздап, қой қоздап - қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,

Жұмыртқа іздеп,  жүгіріп балалар мәз

Жаздың   көркем бейнесін, кейпін Абай да келістіріп айшықты



тілмен кестелейді. Қалай десек те бір дәуірде, бір заманда өмір сүрген

қаламгерлердің   жырларында   іштей   терең   астасып   жатқан   үндестік

барлығына мына салыстырылып отырған жолдар дәлел бола алады.

Ыбырай   әдебиетімізге   ағартушы,   тұңғыш   қазақ   хрестоматиясының

авторы, балалар  жазушысы ретінде енді. Сонымен бірге Ыбырайды

этнограф, тілші, ғалым, ақын ретінде де тануымыз керек. Ыбырайдың

өлеңдері   көп   емес,   бірақ   жаратылысы   ақын   жанды   жан-жақты

білімдар тұлға әдебиетіміздің әр түрлі жанрында қалам тартқан. Оның

бұл бағыттағы шығармашылығынан кейінгі толқын буын үлгі, өнеге

алды. 


 Ақынның адамзат, қырдағы орман, ең ақыры аяғын маң-маң

басқан түйелер де жаппар құдайға сәуірде көтерілген рахмет туы үшін

шуылдап шүкіршілік айтып тұр дегеніне шүбәсіз сенесіз. Өлең болып

өрілген жаздың жанды суреті табиғилық болмысымен бейнеленген.

33


Ыбырай   өлеңінде   табиғат   пен   адамды   жырлау   үстінде

жаратушы жаппар иемнің құдыретін  сүйіспеншілікпен суреттейді, ал

Абай өлеңдерінде табиғат пен адам тығыз байланыста, бір тұтас әлем

ретінде, іс-әрекет үстінде бейнеленеді:

Жаздың көркі енеді жыл құсымен

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен. 

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, 

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Жайраңдаған   жастарды,   кемпір   мен   шалдарды   ауызға   алу

арқылы   ақын   мәңгілік   жас,   сонымен   қатар   мәңгілік   көне   дүниенің

жазғытұрғы   сәні   мен   салтанатын   көз   алдыңа   жайып   салады.   Жаңа

бұлын саудалап, жалмаңдаған саудагер мен жерін жыртып, егін еккен

диханшыларды,   бір   малы   екеу   болған   шаруаның   асығы   алшасынан

түсіп, дәулеті еселей артқан мерейлі шағын, азалы ақ көрпесін сілке

тастап, күлін қаққан жер, сағыныса  табысқан күн  

—  күйеу, жер  —

қалыңдықтың көңіліне шырай біткен сәтін астастырып, бірінен-бірін

туындата суреттейді.

Ал  

“Қыс”  атты   өлеңінде   де   қыс   суреті   шаруа   баққан



малшылардың бүрсең қағып, үсікке шалынған күйсіз жайымен қатар

алынып   суреттелініп,   асқан   шеберлікпен   шынайы   берілген,   ақын

әлеуметтік мәселені тасада қалдырмайды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті-қолы домығып үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы,

Бет қарауға шыдамай сырт айналды.

Ыбырай   мен   Абай   поэзиясындағы   туған   жер   табиғатына

арналған   терең   де   сырлы   әсем   жырлар   туған   жерге   деген   ұрпақ

махаббатын оятып, қазақ жырының көк жиегін кеңейтіп қана қоймай,

көздің жауын алар небір жауһар жырлардың тууына да негіз салды.

Абайдың ақын шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлы жырларында

халық өлеңдерінің табиғатымен үндестік көп. Әрине, үндестіктің сөзін

әрқилы   түсініп,   әралуан   деректермен   дәйектеп   беруге   болады.

Мәселен, 

“Алпамыс батыр” [22.288] жырындағы: 

Қарақан тауда қамалым, таусылған ба амалым, 

Баяғыдай болар ем,

Алпамыс   келіп   заманым,-   деген   жолдардың

Шәкәрім   қаламынан   туған   мына   бір   шумақпен   үндесіп   жатқаны

ақиқат:

Ауылым қонды Нұраға,



Мінген атым сұр ала.

Керексіз сөзбен бұрала,

Қазақ сүйтпей тұра мА [23.12]

 Ер Тарғын  жырында Қартқожаққа Ақжүніс ару:

Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де, етім көр,

Қар үстіне қан тамар,

34


Қанды   көр   де,   бетім   көр,  [24.304]

—  демей   ме?

Шумақтағы   аллитерацияны,   кереғар   құбылыстарды   шендестіру

арқылы   бейнелі   сурет   жасау   шеберлігін   айтпағанда,   өлең

ұйқастарындағы     Көр     деген   сөздің   қаншалықты   көркемдік   мән

атқарып тұрғанын елемей өту мүмкін емес. Мұндай көркемдік тәсіл,

дәстүрлі   үлгі   халық   фольклорының   шешендік   сөз,   мақал-мәтелдер

тәрізді өзге де түрлерінен мол кездесетіні анық.

Шәкәрімнің     Өлген   көңіл,   ындынсыз   өмір     өлеңінің

көркемдік   мәні   жоғары   екенін   айтуға   болады.   Ақын   бұл   өлеңінде

табиғаттың құбылыстарына өзінің көңіл-күйін сабақтастыра отырып,

психологиялық паралеллизмнің тамаша үлгісін жасайды.

Қытымыр   қыстың   қыспақты   кезеңі   өтіп,   көктем   де   келді.

Аспан   ауыр   бұлттардан   арылған.   Ел   болса   қыстайғы   тіршілік

тұсауынан   босап,   қоныс   жаңарту   қамында.   Ойын   баласының,   қыз-

бозбаланың   көңілді   дауыстары   мен   көктемнің   мейірімге   сараңдау

күншуағына   алданып,   күбір-күбір   әңгімелескен   қарттардың   үні

естіледі. Міне, елдің көші жайлауға бет түзеді. Әйтсе де табиғаттың

осы бір әдемі сәтінің шуағы ақын жүрегін жылыта алар емес.

Өлілердің сүйегін,

Тірілтті жайнап жапырақ.

Жаралы менің жүрегім,

Жайнай алмас сол бірақ

Мұндай егіздеу түрлердің дәстүрлі үлгілерін сонау ертедегі



эпикалық   жырлардан,   фольклордың   өзге   де   үлгілерінен   көптеп

кездестіреміз.[25.2] 

Еш   боямасыз,   табиғи   сұлулықты   өлеңмен   өрнектейтін

лирика   жанрындағы   көркемдік   құбылыс   Абайдан   басталса,   ұлы

ақынның   шығармашылық   бастауынан   сусындаған   Шәкәрім

Құдайбердіұлы   нәзік   сырлы   лириканы   одан   ары   көркемдік-

эстетикалық   тұрғыдан   дамытушы   болды   десек   артық   айтпаған

болармыз.

Шәкәрім   жалпы   сұлулық   ұғымын   ең   алдымен   табиғат

құбылыстарымен байланыстырады. Ол қашанда адам мен табиғатты

қатар алып суреттейді. Сондықтан табиғат құбылысынан ұққан сырын

өмір   философиясымен   сабақтастырып   отырады.     Жаз   келер     атты

өлеңінде   ақынның   лирикалық   кейіпкерлеріне   тән   осы   қасиеттер

молынан көрінеді.

Жаз келер, қысты күні қысым өтіп,

Қар, суық, аяз, боран 

— бәрі кетіп.

Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,

Табиғат барша жанға рахым етіп.

Жетпекке үлкендікке жас балалар, 

Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.

Шал-кемпір күншуақтап, көңілі жай боп,

Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп.

Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,

35


Қуанып ойнақтайды, олар да өсіп.

Сөйтсе де адам көзі бір тоймайды,

Харекет берсе-дағы қанша несіп.

Өлеңде   табиғаттың   әсем   бір   шағының,   тіршіліктің   бәрі

түрленіп   жаңарып   жатқан   көктемнің   тамаша   полотносы   бар.

Адамның,   жан-жануардың   көңілді   абыр-сабыры,   бала-шаға,   кемпір-

шалдың   көңіл-күйі   бәрі   де   осынау   құдіретті   табиғат-ананың

жадыраған жүрегінен нәр алғандай. Әйтсе де, адам баласының көзі

әсемдікке,   шуақты   күндерге,   әдемілікке   тойған   ба,   көңіл   шіркін

жақсылыққа қанағат еткен бе?

Ақынның 

“Өлген көңіл, ындынсыз өмір” атты өлеңі бастан-

аяқ психологиялық параллелизимге құрылған. Мұнда да жоғарыдағы

өлеңдеріндей,   көктем   шығып,   қыстаудан   көшіп   жатқан   ауылдың

бейнесі   кескінделген.   Күншуақта   отырған   кемпір-шал,   даланы

дүбірлетіп ойнаған боз балалар, әзілдескен қыз-жігіттер суреттелген.

Бетіме жылы тиеді,

Күнгейдегі күншуақ.

Жан жылыны сүйеді,

Жанға рахат осы уақ, -

деген жолдарды оқығанда өзіңді де күншуақта отырғандай,

жаныңа   рахат   сәулесі   құйылғандай   сезінесің.   Бұл  

—  табиғат

сұлулығы,   сол   сұлулықтың   адамдардың   жан   дүниесімен

сабақтастығы.   Әйтсе   де,   Шәкәрімнің   лирикалық   кейіпкері   ол

сұлулыққа бұдан әлдеқайда тереңірек үңіледі.[26.12]

…Өлі жердің сүйегін,

Тірілтті жайнап жапырақ.

Жаралы менің жүрегім,

Жайнай алмас сол бірақ

Тоң еріді, қар кетіп,



Жан-жануар балбырап. 

Қанғалы көңіл тырп етіп, 

Қабағын ашпас салбырап.

Шәкәрім үшін адам мен табиғат егіз. Адамзат  

—  табиғат-

ананың перзенті. Табиғат адамға шуақты өмір сыйлайды, жанына нұр

құяды, жүрегіне сезім нәрін сіңіреді.

М.Дүйсеновтың   лирикалық   тақырып   жөнінде   айтқан:

“Махаббат,   табиғат   лирикасы   деп   шартты   белгіленгенімен,   түптеп

келгенде,   бұл  

–  адам   мен   табиғаттың   қарым-қатынасын   танытатын

лирика. Табиғат адам характерін ашатын фон

”,[27.25] - деген пікірін

ескере   отырып,   Шәкәрімнің   мұндай   өлеңдері   Абайдың   табиғат

лирикасымен   ойы   астарлас   екеніне   күмәнсіз   көз   жеткіземіз.

Шәкәрімде   табиғат   бейнесі   фондық   қызмет   атқарады.  

“Табиғат

құбылысы   Абай   поэзиясында   күнделікті   өмірмен,   адамдардың   күн-

көрісі, іс-әрекетімен және өз көңіл-күйімен тығыз байланысты. Әсте,

Шәкәрім   де   ұлы   ақынмен   бір   ой   арнасында   тоғысады.   Абай

“Жазғытұрым қалмайды қыстың сазы”,   десе, Шәкәрім:  “Жаз келер

36


қыстыгүні   қысым   өтіп,   қар,   суық,   аяз,   боран  

—  бәрі   кетіп”,   деп

келтіреді.   Осылай   бастай   келе   ақын   Абай   қазақ   даласының   қам-

қарекетінен   көрініс   берсе,   Шәкәрім   табиғат   пен   адамның   ара-

қатынасын тізбектете келе, адамзат баласының бола берсе, ала берсем

дейтін   қанағатсыз   өмір   кешуін   өлеңнің   соңғы   екі   жолында   түйіп

өтетіні бар. Өйткені ақын не нәрсеге де қанағат керек, әр нәрсенің де

өлшеуі   бар   деп   біледі.   Ал   өлшемінен   асқан   нәрседе   үйлесімсіздік

орын алған жағдайда қайшылыққа тірелетінін гумманист, аскет ақын

жақсы   ұғынады.   Шәкәрімнің   табиғат   лирикалары   да   әлеуметтік

мәселелермен   байланыста   жырланады.   Ақын   табиғаттың   көркін

жырға қоса отырып, ауыл тіршілігінен оқшау қала алмайды. Өйткені

ол   туған   жерін   асқақтай   отырып   халқының   мұңын   мұңдап,   жоғын

жоқтап   күй   кешуші   ойшыл,   әлеуметшіл,   гумманист   ақын.   Табиғи

гармонияның сақталуын қалайды. 

Сөйтсе де адам көзі бір тоймайды,

Харекет берсе-дағы қанша несіп

Табиғаттың   берген   сыйына   көңілі   тоймайтын   адам



баласының   менмендігі,   ашқарақтығы,   тойымсыздығы   жайлы   ақын

“Арман” атты өлеңінде ойын былайша жалғастырады:

Адамды, санай берсең, көп арманды,

“Мінсіз бақ, сансыз дәулет” деп арманда.

Жердің жүзін жесе де көзі тоймай,

Патшалар да болып жүр әлі арманда

Ақында табиғат адамзат қасиеттерімен өзара ассоциациялық



тұрғыда қарастырылады. 

Шәкәрім табиғатты әсерілеп суреттемейді, оны қаз-қалпында

жырлауға   тырысады.   Мәселен,  

“Тау  басындағы   ой”,  “Күннен   неге

түсіп тұр мұнша жарық

…”,  “Қараңғы мен жарықты жүрміз өлшеп”,

“Шымды жерде көресіз қара топырақ”  сияқты табиғатты  жырлаған

өлеңдерін   мысал   ретінде   келтіруге   болады.   Ақын   өзінің   ой

толғанымдарын,   білім-ілімін,   дүниетанымын,   пайымдауын   осы

өлеңінде тұжырымдағандай:

Шыққаным Шыңғыстағы бір биік тау, 

Жақсы екен тауға шығып тағдыр сынау

Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық,



Сегіз минут, шерікте жерге барып

Қараңғы мен жарықты жүрміз өлшеп,



“Күңгірт, жарық, қараңғы, көмескі”, – деп…

Бұл   өлеңдерге   Шәкәрім   шығармаларының   1988   жылғы

басылымындағы   кітаптың   соңында   берілген   түсініктемеде

философиялық   толғау   топтамасы   деп   анықтама   берілген.   Басты

идеясы   ар-ұждан,   терең   ой   мен   таза   ақылды   дәріптейтін

философиялық   мәні   бар   өлеңдерінде   ол   философия,   астрономия

ғылымдары   саласындағы   категорияларды   жетік   түсінетіндігін

көрсетеді делінген. 

37


В.Г.Белинский   жалпы   лирикалық   поэзия   туралы:

“Лирикалық   поэзия  —  барлық   поэзияның   стихиясы   деген   Жань

Польдың пікіріне келсек, бұл пікір өте дұрыс және терең негізі бар

пікір.   Лирика   барлық   поэзияның   поэзиясы

”,   дейді   сыншы.

Белинскийдің   бұл   пікірін   Шәкәрім   поэзиясына   қолдансақ,   сөз   жоқ

ақын   поэзиясындағы   лирика   жанрының     мәнін-маңызын   тереңірек

ұғына   түсеміз.   Себебі   ақынның   табиғатты   жырлауға   арналған

лирикасының   жанрлық   табиғаты   кең   де   ауқымды.   Жоғарыда   айтып

өткеніміздей, Шәкәрім лирикасының қай жанрлық түрін алып қарасақ

та, негізгі идея 

— халық мүддесі, ал табиғат көрінісі, айналадағы орта,

дала   мен   қыр   суреттері   мен   көріністері,   аспан   әлемінің   құпия

сырлары, жарық пен қараңғы  фондық қызмет атқарады.  Сондықтан

Шәкәрімнің табиғат лирикаларының табиғатынан әлеуметтік мазмұн

мен астар айқын аңғарылып отырады. Бұл Шәкәрім шығармасының

ерекшелігі   болып   табылады.   Өйткені   гумманист   ақын   шарқ   ұрып

ізденіп, ғұмырын, шығармашылығын тұтастай халқына қызмет етуге

жұмсаған Абайдың талантты шәкірттерінің бірі болды. Сондықтан да

Шәкәрімнің лирикаларында табиғат, туған жер, ел, заман тақырыбы

аса бір шеберлікпен көтеріледі.

Қазақ әдебиетінде табиғат лирикасын еркінше ерекшеліктер

енгізе отырып жырлаған ақындардың тағы бірі  

–  Ілияс Жансүгіров.

Ілияс Жансүгіровтың   Гималай   өлеңі халқының тұтас тарихын көз

алдыңа әкелетін шығарма. Сол секілді ақынның жалмау мен тонаудың,

отаршылдықтың   ортасында   тұрған   қазақтың   қыж-қыж   қайнаған

тағдырына байланысты айтылған ойлары өріледі. Ілияс  Гималайымен

биік тұр, оның кемелі сонымен өлшенеді. Сол секілді поэмаларында

да табиғат көріністеріне қалам тартып, қарымдылығын танытқан. Тек

қана     «Құлагер»     поэмасының   өзі   кесек   бір   туынды   ғана   емес,

ақындық өнердің ұшқары биігіне шыққан шығарма. Ақын бейнелеудің

барлық   түрлерін   пайдалана   отырып,   тартысты   ерекше   береді.

Оқиғасын   қою   етіп   дөп   басып   отырады.   Ал   басқа   да   лирикалық

өлеңдерінде табиғатқа жан бітіре отырып суреттейді.

І.Жансүгіровтың  «Жауын»  атты өлеңін оқи отырып, жауын

жауар алдындағы құбылыстарға бой алдырамыз, көзбен көргендей күй



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет