Метербаева к. М



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата30.12.2016
өлшемі0,67 Mb.
#818
  1   2   3   4   5   6   7   8

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 



МИНИСТРЛІГІ 

 

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 



 

 

 

 

 

МЕТЕРБАЕВА К.М. 

 

 

 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ 

БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ  

ӘДІСТЕМЕСІ (5-7  жас) 

 

Оқу  құралы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

«Қыздар университеті» баспасы 

Алматы,  2013 


 

УДК 373 



ББК 74.1я73 

М 48 

 

Баспаға  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  

университетінің  Редакциялық  баспа  кеңесі  мақұлдап  ұсынған 

 

Пікір жазғандар: 

Жиенбаева С.Н.  –  пед.ғылым. докторы, профессор; 

Таубаева Ғ.З.    –  пед.ғылым. кандидаты доцент   

 

             Метербаева К.М. 



М 48.   Мектеп жасына дейінгі балалардың  байланыстырып 

сөйлеуін  қалыптастыру

  әдістемесі  5-7  жас: 

оқу  құралы

Метербаева

 К.М. 

– Алматы: «Қыздар университеті»  баспасы, 2013 –  



95 бет.

 

 



ISBN 978-601-224-491-5 

 

         Оқу құралында   5-7 жастағы балаларды байланыстырып сөйлеуін 



қалыптастыру ерекшеліктері мен жолдары, әдіс-тәсілдері қарастырыл-

ған. 


         Қоршаған  дүниемен таныстыру арқылы  балалардың  байланыс-

тырып  сөйлеуін    қалыптастырудың    психологиялық,    педогогикалық   

мүмкіндіктері  нақтыланып  оны жүзеге  асырудың  теориялық  құры-

лымы  ұсынылған. 

        Мектепке  дейінгі  оқыту  және  тәрбиелеу  мамандығы  бойынша 

даярланатын  студенттер  мен  магистранттарға,  мектепке  дейінгі  ұйым 

тәрбиешілері мен  педагогикалық колледж және жоғары оқу орнының 

оқытушы мамандарына арналған. 



 

                                                                                                

УДК 373 

                                                                                     ББК 74.1я73 

 

                                 



ISBN 978-601-224-491-5 

                                                      © Метербаева К.М.,2013 

                            © «Қыздар университеті» баспасы,2013 


 

 КІРІСПЕ 



 

Тіл  –  әр  ұлт  өмірінің  тарихы  мен  мәдениетін,  әдет-

ғұрып, салт-дәстүр, тыныс-тіршілігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу-

ші құрал. Олай болса, егеменді ел болашағы ертеңгі жас ұрпаққа 

сапалы  білім,  саналы  тәрбие  беруде  олардың  байланыстырып 

сөйлеу тілін дамытудың маңызы аса зор. 

Қазақстан Республикасының “Тіл туралы” заңында “ұлт 

тілінде  жұмыс  істейтін  балалар  мекемелерін  құру  қамтамасыз 

етіледі” деп [1], оқу-тәрбие жұмысын ана тілінде жүргізуді бала-

бақшадан  бастау  керектігін  атап  көрсетті.  “Білім  туралы”  Заң-

ның 23-бабында үздіксіз білім беру саласының алғашқы баспал-

дағы, балабақшаның мақсаты мен міндеттері айқындалған[2].  

Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жол-

дауында балабақшалар жүйесін қалпына келтіруге және толық-

қанды мектепке дейінгі білім беруді қалыптастыруға кірісу, яғни 

мектепке дейінгі білім беруді мектептер аясында дамыту қажет-

тігі нақты көрсетілген [3]. 

Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім 

беруді дамыту тұжырымдамасында жасын және өзіне тән ерек-

шеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін 

даму ортасын құрайтын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі 

анық белгіленген [4].  

Бала тілін сәби кезінен бастап дамыту олардың ойын өр-

біту,  сол  арқылы  жеке  басының  қалыптасуына  жағдай  жасау  – 

оқу-тәрбие  мәселесіндегі  негізгі  мақсаттардың  бірі.    Бала  өз 

ойын тіл арқылы жеткізеді. Ал бала тілінің дамуы, оның сөйлеу 

мүмкіндігінің қалыптасуы бірден пайда болмайтын күрделі пси-

хологиялық  процесс.  Ол  жүйелі  жүргізетін  жұмыс  түрлерінің 

негізінде жүзеге асады. 

Осы  міндеттерді  жүзеге  асырудың  алғы  шарты  ретінде 

үздіксіз  тәрбие  мен  білім  берудің  тұжырымдамалары  жасалып, 

соның негізінде оқыту, тәрбиелеу мазмұнын түбегейлі жақсарту 

көзделіп отыр. 

Қазақстан Республикасы Үкіметі 1999 жылы 22 қараша-

да (№ 1762) “Балаларды мектеп алдындағы даярлаудың міндетті 


 

мәселелері”  деген  қаулы  қабылдады  [5]  Осы  қаулыны  жүзеге 



асыру үшін әзірленген тұжырымдамада мектепалды даярлықтың 

мақсаты  5-6  жасар  балалардың  жалпыға  бірдей  ақыл-ой,  дене 

тәрбиесін дамытып, олардың жалпы білім беретін мектептердің 

басқы  буынындағы  білімді,  біліктілік  пен  дағдыны  меңгеруге 

әзірлігін  қамтамасыз  ету  болып  табылатындығы  көрсетілген. 

Жоғарыда  келтірілген  деректерге  назар  аударсақ,  үкімет  тара-

пынан  жарық  көрген  құжаттарда  балалардың  тілін  дамытуға 

баса көңіл бөлініп отырғанын көреміз.  

Көне  түркі  халқының  ғұлама  ғалымы  Жүсіп  Баласағұн 

ақылдың  көркі    тіл,  тілдің  көркі  –  сөз  дегеніндей,  тіл  арқылы 

жеке  адамның  тәжірибесі,  санасы  үздіксіз  дамып  отыратынды-

ғын айқындаған [6]. 

Сондай-ақ,  философтар  қоршаған  дүние,  яғни  табиғат 

құбылыстарының  қарым-қатынасы, адамның  рухани  дамуы  ана 

тілі  негізінде  жүргізілетінін  қарастырған.  Философтардың  ой-

пікірлеріне сүйене отырып, біз баланың байланыстырып сөйлеуі 

оны  қоршаған  дүниеге  деген  сезімін,  ойын  тәрбиелеуге  ықпал 

жасайды деген тұжырымға келдік.  

Психологтардың зерттеулерінде жас кезінде баланың та-

нымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына 

байланысты тілді тез меңгеретіні ғылыми негізде дәлелденген.   

Баланың  тілдік  сезгіштік  қасиеті  балалардың  мектепке 

дейінгі және мектептің бастауыш оқыту кезеңдерінде өз ана тілі-

нің ерекшелігін айыра білу қабілетін дамытып отырады. Тіл ар-

қылы ойды қабылдау және сезінудің жолдары әр түрлі екендігі 

белгілі.  Яғни,  күнделікті  көру,  есту,  сөйлеу  қабілеті  практика-

лық  жұмыстармен  байланысты  дамиды.  Біз  қабылдаған  заттар 

мен құбылыстар санамыздан ізсіз жоғалып кетпейді, ми қырты-

сында  бейнелер  түрінде  сақталады,  заттар  мен  құбылыстардың 

біздің  көз  алдымызда  жоқ  кезінде  де  оймен  қайта  жаңғыртып 

отырған олардың бейнесі елес (еске түсіру) болып табылады. 

Қазақ халқының белгілі психологы Ж.Аймауытов  тіл үй-

ретуде баланың өз тәжірибесі, көрген-білгенін, оны қоршаған орта, 

нәрсе,  заттардың  орнын  ерекше  бағалай  келе,  баланың  алғашқы 

көріп-білетіні  қоршаған  орта  екенін,  сол  қоршаған  орта  арқылы 


 

баланың ойы, қабылдауы, сезінуі қалыптасып, тіл байлығы жетіле-



тіндігін  көрсеткен.  Ана  тілінің  баға  жетпес  құдіреті  мен  қуаты 

туралы  тұңғыш  ұлттық  педагогика  пәнінің  негізін  қалаған 

М.Жұмабаев  тілсіз  ұлт,  тілінен  айырылған ұлт дүниеде  ұлт  бо-

лып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы 

үшін  бірінші  шарт  –  тілінің  болуы.  Ұлт  тілінің  кеми  бастауы, 

ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе 

болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұр-

мысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұратындығын көрсете келе, 

ана  тілін  ұмытқан  халықтың  толыққанды  ел  болып  өркендеп, 

қанат жаюы мүмкін еместігін дәлелдеген. 

Ірі қоғам қайраткері, үлкен талант иесі, қазақ халқының 

рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов  өз ана тіліндегі сөз ақыл-ой 

дамуының  асыл  қазынасы  дей  келе,  жас  баланың  лингвистика-

лық тәрбиесінің өмірге келген сәттен бастап өз ана тілінде жүр-

гізілуі керектігін ерекше атап көрсеткен. 

Қазақ халқының

 

тұңғыш


 

ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин

  

балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде тіл сезімін дамыту, оқу-



шының  мектеп  қабырғасына  келгендегі  сөз  қорын  әрі  қарай 

байыту әбден ойластырылған жүйені талап ететінін көрсеткен.    

Республикамызда мектеп жасына дейінгі сәбилердің сөз-

дік  қорының  даму  ерекшеліктерін  жан-жақты  зерттеген  ғалым 

Б.Баймұратова  зерттеу  нәтижелері  негізінде  2  жастан  7  жасқа 

дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесінің негізін жасады. 

Қазақстан  және  ТМД  елдерінің  көрнекті  психологта-

рының  баланың  ойлауы  мен  сөйлеуін  дамытуға  байланысты 

зерттеу  еңбектері  бізге  байланыстырып  сөйлеу  мектеп  жасына 

дейінгі  балалардың  жалпы  ақыл-ойының  дамуында  маңызды 

орын алады деген тұжырым жасауымызға негіз болды. 

Табиғат құбылыстары мен оның жеке заттарының басты 

ерекшеліктері  мен  қасиеттерін  қабылдау  барысында  баланың 

байланыстырып сөйлеуін жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Осы-

ның  негізінде  баланың  танымдық  әрекеті  дамиды,  ойлауы  сөз-

дік-логикалық  формадан  жалпылау  формасына  ауысады.  Бала-

ның  әңгімелеу,  сөйлем  құрау  қабілетіне  қарай  байланыстырып 

сөйлеуі дамиды. 



 

Бала тілін дамыту туралы еңбектерді талдау нәтижесінде 



қоршаған  дүниемен  таныстыру  арқылы  балалардың  байланыс-

тырып  сөйлеуін  қалыптастыру  мәселесінің  ғылыми-  теориялық 

тұрғыдан зерттеу нысанына айналмағандығы белгілі болды. Әр 

баланың өзін қоршаған дүниені танып-білуі олардың байланыс-

тырып  сөйлеуін  қалыптастыруға  мүмкіндік  туғызатыны  анық. 

Бірақ  мектепалды  даярлық  топ  балаларының  байланыстырып 

сөйлеуін  қалыптастыруды  қоршаған  дүние  (табиғат  құбылыс-

тары) негізінде жүзеге асырудың ғылыми-педагогикалық негізін 

айқындау  –  әлі  де  болса  шешімін  таппай  келе  жатқан  мәселе-

лердің бірі. 

Аталған  мәселенің  өзектілігі  әлі  де  болса  ғылыми-тео-

риялық және әдістемелік жағынан жүйеленбегендіктен, балалар-

ды  байланыстырып  сөйлеу  қалыптастыру  жөніндегі  оқу  құра-

лын әзірлеу қажеттігі туындап отыр. Сондықтан ұсынылған оқу 

құралында  қоршаған  дүниемен  таныстыру  арқылы  балалардың 

байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың психологиялық, пе-

дагогикалық  мүмкіндіктері  нақтыланып,  оны  жүзеге  асырудың 

теориялық  моделі  ұсынылып,  мектепалды  даярлық  топ  балала-

рының  байланыстырып  сөйлеуін  қалыптастырудың  әдістемесі 

ашылады. 

Оқу-әдістемелік  құралдың  мақсаты  –  студенттерге  мек-

теп  жасына  дейінгі  балалардың  қоршаған  дүниемен  таныстыру 

арқылы  байланыстырып  сөйлеуін  қалыптастырудың  әдіс-тәсіл-

дері мен жолдарын, ерекшеліктерін меңгерту. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Мектеп жасына дейінгі балаларды    байланыстырып      



сөйлеуге қалыптастыру – тіл  дамытудың                         

басты міндеті 

 

Қазақстан  Республикасында  қазақ  тілінің  мемлекеттік 

тіл құқығына ие болуы, Қазақстан Республикасының Білім және 

Тіл заңдарының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша 

көзқараспен  қарауды  талап  етеді.  Қазақстан  Республикасының 

орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында:  “Білім бе-

рудің мектепке дейінгі сатысы дайындық кезең ретінде орта бі-

лім  алудың  үздіксіз  жүйесіне  енетіндігін  айта  келіп,  тәрбиелеу 

мекемелерінің  әр  типтілігіне  қарамастан  олардың  ортақ  функ-

циялары  –  баланың  денсаулығын,  психикалық  санасын  жетіл-

діру  және  қорғау,  баланың  ақыл-ойы  мен  тұлғасының  дамуын 

қамтамасыз ету” деп нақты атап көрсеткен. Бұл сана-сезімі ұлт-

тық  психология  негізінде  қалыптасқан,  дені  сау,  білімге  деген 

қызығушылығы  жоғары,  өздігінен  іс-әрекет  жасау  дағдыларын 

меңгерген тұлға даярлап шығару мектепке дейінгі мекемелердің 

міндеті  екенін  көрсетеді.  Мектепалды  даярлық    балаларының 

байланыстырып сөйлеуін дамыту мәселесі бағдарламаға сай ди-

дактикалық  ұстанымдарды  басшылыққа  алып  жүргізіледі.  Әсі-

ресе, баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөй-

леуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу 

жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр 

уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады. 

Б.Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды бі-

ліп  қана  қоймай,  оларды  жіктеп,  топтап  айта  білуге,  әр  заттың 

қайдан,  неден  жасалатынын,  қалай  пайда  болатынын  түсінуге 

тырысатындығын айтады. 

Бала  айналадағы  өмірмен  танысу  нәтижесінде  әр  түрлі 

құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, таби-

ғат  аясында  ойын,  еңбек,  серуен,  сабақ  процесінде  қоршаған 

орта  туралы  жаңа  сөздер  үйренеді.  Үйренген    сөздерін  күнде-

лікті  іс-әрекет  үстінде  қолданады.  Бұл  сөздерді  сөйлем  ішінде 

қолданып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көп-

теген  ғалымдар  өздерінің  анықтамаларын  ұсынған.  Мәселен, 


 

олардың бірі А.М.Бородич:  ”Байланыстырып сөйлеу – адамдар-



дың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөй-

лемдегі жүйесі“ десе,  Ф.А.Сохина: “Байланыстырып сөйлеу де-

геніміз  – белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғы-

дан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” 

деп  қарастырады.  Сонымен  байланыстырып  сөйлеу  –  отба-

сында және балабақшада іске асатын бала тілі  дамуының тиім-

ділігінің көрсеткіші.  

Қоршаған орта арқылы баланың ойы, қабылдауы, сезінуі 

қалыптасып,  тіл  байлығы  жетіледі  деп  қарастырады.  Балалар-

дың  тілінің  дамуы,  байланыстырып  сөйлеулері  туралы  мәселе-

лерге психологтардың әрқайсысының өзіндік пікірі, өзінше тал-

дауы бар. А.А.Люблинская табиғаттағы заттар мен құбылыстар 

арасындағы  байланыстардың  да  сөзбен  белгіленетінін  тұжы-

рымдаса, Л.С.Выготский ”Сөз – ойлау мен тілдің негізгі жиын-

тығы“ деп көрсетеді. 

Психологтар  /Е.Суфиев,  Т.Тәжібаев,  Қ.Жарықбаев  және 

т.б./  балалардың  байланыстырып  сөйлеуінің  қалыптасуын  қор-

шаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың сыртқы көрінісі мен 

құрылысына  қарай  бір-бірімен  байланыстыра  қабылдайды,  ой-

лайды. Сол арқылы танып-біліп, баяндай білетіндігін белгілейді 

деп тұжырымдаған. 

Демек,  жоғарыда  аталған  ғылыми  пікірлер  балалардың 

байланыстырып  сөйлеуін  қалыптастыруда  негізгі  қағидалар  ре-

тінде есепке алынады. 

Психологиялық еңбектерге жасалған талдау негізінде ба-

лалардың  байланыстырып  сөйлеуін  қалыптастырудың  ерекше-

ліктері анықталды: 

- қоршаған дүниені танып-білуі арқылы сөздік қоры мо-

лайып,  сөзбен  әрекет  жасау  үрдісінде  ана  тілінің  заңдылықта-

рын меңгереді; 

-  бала  өз  ойын  байланыстырып,  логикалық  түрде  жет-

кізуге  жаттығады,  талқылаулары  интеллектуалдық  тапсырма-

ларды шешу амалдарына айналады; 


 

-  қоршаған  дүние  туралы  шығармашылық  әңгіме  құ-



растыруда  практикалық  және  интеллектуалдық  (тапсырмалар-

ды) 


орындауда тілдің жоспарлаушылық функциясы

 қалыптасады; 

-  байланыстырып  сөйлеуде  саналы  қарым-қатынас  қа-

лыптасады, ол іс-әрекеттің ерекше түрі болып табылады; 

-  тіл  нақтылы  педагогикалық  жағдаяттардан  жан-жақты 

күнделікті  қарым-қатынас  құралына  айналып,  баланың  байла-

ныстырып сөйлеуі дамиды. 

Бірқатар  педагог-ғалымдар  /Е.И.Тихеева,  А.П.Усова, 

Н.И.Кузина,  Т.И.Алиева,  А.А.Зрожевская,  Б.Баймұратова, 

Х.Қожахметова,  С.Ғаббасов  т.б./  баланың  таным  белсенділігін 

арттырып,  байланыстырып  сөйлеуін  қалыптастыруда  жыл  мез-

гілдерінің ауысуына байланысты болатын ауа-райының өзгеріс-

тері: боран мен үскірік, жел соғуы, найзағай отының жарқылда-

уы, жер бетін тұман басуы, өзендерде сеңнің жүруі сияқты таби-

ғат  құбылыстарын  бір-бірімен  байланыстыра  түсіндіруді  қажет 

деп көрсетеді. 



 

Студенттерге берілетін тапсырма 

1. Байланыстырып сөйлеу дегеніміз не? 

2. Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың  

ерекшеліктері. 

3.  Байланыстырып  сөйлеуге  байланысты  педагог-ғалымдардың 

еңбектерінен эссе жазу. 

 

 

 



Балаларды байланыстырып сөйлеуге   үйретудің 

түрлері, олардың ерекшеліктері 

 

Байланыстырып  сөйлеу  адамдардың  өзара  түсінісуін 

қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі болып 

табылады  немесе  ойды  жинақы  түрде  грамматикалық  жағынан 

дұрыс, дәл, анық мазмұндау болып табылады. Сондықтан байла-

ныстырып  сөйлеуге  үйрету  балабақшадағы  тіл  дамыту  жұмы-

сының ең негізі басты бөлігі болып саналады. Жалпы байланыс-


10 

 

тырып  сөйлеу  ойлаумен  біртұтас  болып  саналады.  Яғни  сөздің 



сөйлеудің  жиынтығы  ойлаудың  жиынтығы.  Байланыстырып 

сөйлеу  баланың  ойлауын,  көрген-білгенін  қорытып  айта  білу 

шеберліктерін анықтауға негіз болады. Бала өз ойын қаншалық-

ты дәрежеде жеткізе білсе, оның сөйлеу тілінің қалай дамыған-

дығын солай байқауға болады. 

Балалар  ересектердің  байланыстыра  айтылған  сөздерін, 

алдымен  дыбыстарды,  жекелеген  буындарды,  сөздерді  меңгеру 

арқылы  түсіне  бастайды.  2,5-3  айда  сәбилер  үлкен  адамдардың 

сөздеріне,  ойыншықтардың  дыбыстарына  елеңдей  бастайды.  3 

айдан  5-6  айға  дейін  сәбидің  дыбысты  айыру  және  оған  көңіл 

қоятындай  қабілеті  дамиды.  Яғни  бала  өзіне  таныс  қимылды 

білдіретін сөздерді түсінеді (мысалы, қолыңды бер т.б.). 

1,5-2  жасқа  дейін  бала  үлкендердің  айтқан  ойыншықты 

әкел,  орнына  қой,  маған  бер  деген  тапсырмаларын  түсіне  бас-

тайды. Жалпы баланың бұл кездегі сөйлеуі тұрмыстық қатынас 

кезінде, яғни, тамақтану, киіндіру, бірге серуендеу, ойын кезін-

дегі  үлкендердің  олармен  сөйлеп  отырулары  арқылы  қалыпта-

сады. Балалар осы кезде өздері жиі еститін сөздерді ұғып алады, 

бірақ ол баламен сөйлескен кезде сәби үлкендердің айтқан әрбір 

сөзін, заттардың шартты белгісі ретінде қабылдайтындай етіп әр 

сөзді анық, сөйлемдерді, сөз тіркестерін қысқа түрде айту керек. 

Балалардың  сөйлеу  дағдыларын  дамытуға  мүмкіндіктеріне  қа-

рай  сол  нәрселердің,  ойыншықтардың  өзін  қолдарына  көрсетіп 

ұстату және көрсету кезінде, бұл не нәрсе, көлемі қандай, бояуы 

қандай деген сұрақтар арқылы балаларды сөзге тарта білу керек. 

Бала  үш  жасқа  келгенде  пассивті  сөздік  қоры  көбейіп, 

бала тілінің грамматикалық құрамына көңіл бөлуі қажет. 

4  жаста  бала  сол  сәтте  болып  жатқан  іс-әрекетке  емес 

өтіп кеткен іс-әрекет жайында да үйренуі керек. Осымен байла-

нысты балада байқағыштық өз ойын жеткізе білуі қалыптасады. 

Және осы жастағы балалар әңгіме айтуға, тәрбиеші оқып берген, 

баяндаған мәтіндерді қайтадан өз сөздерімен айтып беруге, қыс-

қа тақпақтарды жатқа айтуға төселеді. 

5 жаста балалар тек қана тыңдаған шығарманың мазмұ-

нын түсініп қоймай, ондағы кейіпкерлердің ерекшеліктерін жа-


11 

 

ғымды, жағымсыз әрекеттерін талдауға, шығарма тіліндегі бей-



нелі  сөздерді  меңгеруге  жаттығады.  Бұл  жастағы  балалар  өзі 

қайталап  жүрген  шығарманы  суреттеп  байланыстырып  сөйлеу-

ге, картинаның мазмұнын айтуға дағдыланады. 

Ал 6 жасқа келгенде өзі тыңдаған ертегі немесе қызықты 

әңгімелердің оқиғаларын өз қиялымен одан әрі дамытып айтуға 

жаттықтырады. 

Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үй-

ретудің екі  түрі бар: 

1.  Екі  немесе  одан  да көп  адамдардың  арасындағы  әңгі-

мелесуді-диалог деп атайды. Мұндай әңгімелесудің мақсаты бір 

нәрсе жайында сұрап, соған жауап алу. Байланыстырып сөйлеу-

дің  бұл  түрін  үйретуде  алдын  ала  әзірленген  әңгімелесу  әдісі 

қолданады.  Алдын  ала  әзірленген  әңгімелесудің  міндеті  бала-

ларды өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу және әңгіме айтушыны 

тыңдай білуге үйрету. Алдын ала әзірленген әңгімелесу бірнеше 

күн бұрынғы дайындық арқылы іске асырылады. Яғни тәрбиеші 

топтағы  балаларға  әңгімеге  тақырып  боларлық  нәрсе  жайында 

қысқаша  түсінік  беріп  таныстырады.  Тәрбиешінің  мұндай  әңгі-

месі кіріспеден, әңгіме тақырыбын одан әрі дамытудан және әң-

гімелердің аяқталуынан, қорытындыдан тұрады. Мұндағы кіріс-

пе сөздердің мақсаты әңгіме болып отырған тақырыпқа балалар-

дың назарын аудару. Ал әңгіме тақырыптың өрістеуі белгілі бір 

мақсатқа  негізделіп,  сол  оқиғаны  немесе  нәрсені  балаларға  то-

лық таныстыруды көздейді. Әңгімені жұмбақ айту, өлеңдер оқу 

немесе картиналар көрсету арқылы жүзеге асыруға болады. 

Байланыстырып  сөйлеудің    екінші    түрі  монологты, 

яғни бір адамдардың байланыстыра сөйлеген сөзі. Байланысты-

рып  сөйлеудің  бұл  түріне  үйрету  екі  жастан  басталады.  Зерт-

теулердің көрсетуінше бес жасқа келгенде бала көргенін, байқа-

ғанын,  тыңдағанын  өз  сөзімен  айтып  бере  алады.  Монологты 

сөзге үйретуде қолданылатын негізгі әдістер қайталап айту және 

ойдан  шығарып  айту.  Қайталап  айту  кезінде  бала  тәрбиеші  тү-

сіндірген әңгіме, ертегі, тақпақтардың мазмұнын өзінің ұғынуы 

бойынша баяндайды. 


12 

 

Ал ойдан шығарып айтқанда бала тәрбиеші оқып берген 



ертегілердің оқиғасын өз қиялымен одан әрі жалғастырады және 

балабақшаға дейін өзі кездестірген оқиғалар жайында ойдан құ-

рап жеткізеді.    



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет