Студенттерге берілетін тапсырма
1.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің
түрлері қандай?
2. Монологты сөйлеу, оның ерекшелігі.
3. Диалогты сөйлеу, оның ерекшелігі.
Әңгімелесу барысындағы балалардың ойлау
әрекетінің ерекшелігі
Баланың айналадағы өмірді, қоршаған дүниені, адамдар
арасындағы қарым-қатынасты танып-білудегі басты жәрдемшісі
– тіл. Тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің, жеке бас
ұйытқысының қалыптасуына негіз болады. Болашақ азаматтың
жеке бас тұлғасын қалыптастыру негізі мектепке дейінгі кезеңде
басталады.
Педагогика саласында тіл біліміне ерекше мән беріліп,
тіл мен сана, сөйлеу мен ойлау өте тығыз байланысты қарасты-
рылады. Адам ойы сөйлеу тілінде көрініс табатындықтан, дұрыс
сөз құрау, өз ойын нақты да, тиянақты жеткізу ақыл-ойдың көрі-
нісі болмақ. Сөздердің грамматикалық жүйесін, оларды қолдану
тәсілдерін меңгеру арқылы адамның ойлау жүйесі де дамиды.
Сонымен қатар көргенін айтып талдау арқылы бала қоршаған
дүниені таниды.
Психолог Н.И.Жинкиннің пікірінше ішкі сөйлеуде пайда
болатын ой басқа адамға акустикалық кешен арқылы жетеді.
Дыбыс есту мүшелерінің қызметімен жүйке сигналдары түрінде
миға жетіп, тыңдаушыға жеткізіледі.
Бала айналасындағы заттар мен құбылыстарды, көрініс-
терді біліп қана қоймайды, соларды ұғынуға талпынады, соның
негізінде біртіндеп ол жайында ұғым қалыптастыруға ұмтыла-
ды. Сондықтан бала мынау не? Бұл неліктен болады? т.с.с. сұ-
13
рақтар қойып өз ойын айқындауға тырысады. Сұрақтарға жауап
алу барысында олардың ойлау қабілеті дамиды. Ойдың жемісі –
сөз. Бала сөз арқылы өз ойын сыртқа шығарады. Тіл мен ой ты-
ғыз бірлікте болғандықтан, байланыстырып сөйлеуді дұрыс қа-
лыптастыру арқылы ойлауды да жетілдіруге мүмкіндік туады.
Тілі дұрыс қалыптасқан бала басқаның да ойын тез түсініп, өз
ойын да жүйелі жеткізе алады. Сонымен қатар тіл мен ойлау
бір-бірімен байланыста екенін ұғады. Тілсіз ойлаудың болмай-
тынына, әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетініне, яғни сөйлеуді
ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігіне көз жеткіземіз.
Зерттеуші-ғалым, профессор Х. Досмұхамедов тіл, сөй-
леу адам психологиясының басты белгілерінің бірі екендігін
айта келіп: “Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел бол-
майды. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт… Ана тілін
білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол – күйініш. Ана тілін
жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу бұл – сүйініш” деп
жасаған тұжырымы бүгінгі заман талабымен үндесіп жатқанын
көреміз.
Бала тәрбиесіндегі тіл мәніне ерекше көңіл бөлген ұлы
чех педагогы Я.А.Коменский: “Бала тілін мектепке дейінгі сәт-
тен бастап дамытпай, жеке адам тәрбиелей алмаймыз”деген тұ-
жырым жасады. Ол өзінің баршаға танымал “Аналар мектебі”
еңбегінде: “Сөз әр заттың мәнін бейнелейді, сөзді түсінбес бұ-
рын заттың мәнін түсінуі керек, сөз заттардың жеке белгілерін
түсінуі барысында сыртқа шығады” деген ойы бүгінгі таңда өз
мәнін сақтауда.
Ал Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие мәселесін зерт-
тей келіп, баланың нені үйренуі керектігіне тоқтала келіп:
- сөйлеу, яғни сөз бен сөзді байланыстырып, өзінің ойын,
талабын, көңіл сезімдерін басқаға жеткізу;
- ойлай білу сырттан алып, ойға тоқыған заттарды салыс-
тырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, әр нәрсе туралы
өзінің ойын айтып, бір пікір шығару;
- ойға тоқығанды және оған деген көзқарасын жарыққа
шығару (ойын, сурет, әңгіме арқылы);
14
- балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің
түбірі, негізгі баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы деп тұжырым-
даған.
Баланың ойлау әрекеті үнемі дамып, мазмұны жағынан
өрістеуі олардың түрлі іс-әрекеттерінің нәтижесінде жүзеге аса-
ды. Мұндай ерекшеліктер баланы әрбір нәрсені алдын-ала көріп,
оларды қайта жасауға және сипаттап айтып беруге мүмкіндік
береді. Бала алдына сол нәрселердің мәнін танып білуді арнайы
міндет етіп қояды. Байқалған құбылыстарды анықтап түсінік бе-
ріп, оған жауап іздестіреді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тағы бір ерекшелігі –
олар өздерін қызықтырған мәселелердің мәнін түсінулері үшін
өздерінше тәжірибелер жасауға қызығады. Сөйтіп құбылыстар
мен заттарды бақылап көріп, оларға талдау жасайды, өздерінше
қорытындылар жасап әңгімелеуге ұмтылады. Мұндай әрекет-
тердің бәрі әңгімелеу барысында баланың ойлау тәсілдерін да-
мыта түсінуіне серік тудырып, дүние танымның өрістеуіне жол
ашады.
Ең басты – ойлау әрекетімен тығыз байланысты дамып
отыратын тілді, оның құрылымын меңгереді. Бала ақыл-ойының
деңгейі, тек білім көлемімен ғана емес, сонымен бірге оның өсіп
жетілуінде оған әлі де беймәлім білімдер жүйесін қалыптасты-
рып отыру деңгейінен анықталады. Осы бағытта баланың өзін-
дік қабылдауына, әңгімелеуіне қиын тиіп, ой-өрісі жете бермей-
тін құбылыстарды кездестіргенде үлкендерге неге?, не үшін?,
неліктен?, ол қалай? деген сұрақтарды жиі қояды. Ересектерге
қойылатын мұндай сұрақтар баланың танымдық әрекеттерін да-
мытып, қоршаған ортасы жайлы білімдері мен мағлұматтарын,
дұрыс әңгімелеп берулерін жетілдіруге жетелейді.
Тіл мен ой әлемі бір тұтас байланыстырып сөйлеуде ба-
ланың логикалық ойы, түсінген нәрсені дұрыс ұғынып, басқала-
раға да түсіндіріп айта алуы көрініс табады. Баланың сөзіне қа-
рап оның ойлау қабілеті мен тілінің дамуы туралы қорытынды
жасау мүмкіндігі туады.
15
Студенттерге берілетін тапсырма
1.
Адам өміріндегі тіл мен ойдың алатын орны.
2.
Ойлау әрекетінің ерекшеліктері.
3.
Тіл мен ойдың анықтамасын педагогикалық сөздіктен жазып,
талдау.
Баланы байланыстырып сөйлеуге қалыптастырудың
әдіс-тәсілдері
Егеменді елімізде болып жатқан түрлі экономикалық,
саяси-әлеуметтік және мәдени өзгерістерге сай білім беру
жүйесі де өзгеріп, жаңаруда. Білім беру мәселесі Қазақстан Рес-
публикасының “Ата Заңында”, стратегиялық бағдарламасында
және басқа да мемлекеттік құжаттарда көтерілген. Мемлекеттік
құжаттардың бәрінде де болашақ қоғамның белсенді мүшесі бо-
латын балалардың өз елінің патриоты болуға, олардың жеке тұл-
ға ретінде қалыптасуына, жеке бас сапасының дамуына ерекше
көңіл бөлініп отыр.
Білім беруді ізгілендіру мен демократияландыру оқыту-
дың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануды арттыруды талап етеді.
Сондықтан да баланың сөздік қорының молаюы, байланысты-
рып сөйлеуінің нәтижелі болуы үшін оның жеке бас ерекшелігін
ескере отырып, отбасында ата-ана, балабақшада тәрбиеші, мек-
тепте мұғалім үлкен талап қоя білуі тиіс. Мектеп жасына дейінгі
баланың қоршаған ортадан, табиғат құбылыстарынан алатын
білімі, меңгеретін дағдысы олардың тіл байлығын жетілдірудің
алғашқы негізі болмақ. Тәрбиеші-педагогтың мақсат қоя ұйым-
дастырылған іс-әрекеттері (ойын, топсаяхат, бақылау, серуен,
т.б.) арқылы бала қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар
алып, айналасындағыны байқап, қызығушылықпен қарап, оны
әңгімелеп айтып беруге талпынады.
Қоршаған дүниемен таныстыру баланың сезіміне әсер
етіп, оның тілін дамытуға жағдай жасап, айналадағы өмірді, та-
биғат құбылыстарын бағдарлап түсінуге мүмкіндік туғызады.
16
Мектепке дейінгі балалардың өмірдегі нақты заттар мен құбы-
лыстар жөнінде, ол заттардың өсу, даму ерекшелігі, өзара бай-
ланысы жөнінде өздігінен ой қорытындыларын жасап, басқа-
ларға түсіндіруге әрекеттенушілігі басым болады. 5-6 жастағы
баланың көрнекті, образды ойлау қабілеттілігі басым болатыны
белгілі.
Б.Б.Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды
біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың
қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге
тырысады.
Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі
құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, та-
биғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған
орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген сөздерін күнделікті
іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде қол-
данып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көпте-
ген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, олар-
дың бірі А.М.Бородич: “Байланыстырып сөйлеу – адамдардың
өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлем-
дегі жүйесі” десе, Ф.А.Сохина: “Байланыстырып сөйлеу дегені-
міз белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан ал-
ғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” деп
қарастырады.
Бұл пікірлерді негізге ала отырып біз байланыстырып
сөйлеу – отбасында және балабақшада іске асатын бала тілінің
дамуының тиімділігінің көрсеткіші деп тұжырымдаймыз.
Біртұтас байланыстырып сөйлеуде баланың логикалық
ойы, түсінген нәрсені дұрыс ұғынып, басқаларға да түсіндіріп
айта алатыны көрінеді. Баланың
сөзіне қарап оның ойлау қабіле-
ті мен тілінің дамуы туралы қорытынды жасау мүмкіндігі туады.
Бала адам тілінің алғашқы дыбыстарын естиді. Қорша-
ған заттардың пішінімен танысады, байқайды. Адам қолымен
жасалған нәрселермен қатынасқа (қолмен сипап байқайды, кө-
реді) түседі. Басқа сөзбен айтқанда, өмірінің алғашқы күнінен
бастап кішкентай сәби өзіндік және одан әрі дамитын “үйрену
арнасына” немесе “тәжірибе алу арнасына” тап болады. Алдын-
17
да арна тайыз және тар. Ол баланы ересек адамның сөзінсіз өз-
дігінен үйренуіне жағдай жасайды. Бара-бара арна кеңейеді. Ба-
лабақшада жүрген кезінде бала құрылымды оқыту арнасына тап
болып, оны одан әрі мектепте және жоғары оқу орнында жалғас-
тырады (шарықтау шегіне жеткізеді). Тәжірибе алу арнасы
жүйелі оқудың балаларды мәдени жетістіктерге баулудың ең не-
гізгі жолы болып табылады. Ересек адам жас сәбиді осылай бас-
палдақтан баспалдаққа, одан әрі жоғары “үйрету арнасына” ба-
ғыттайды.
Сондай-ақ, дүниені, қоршаған ортаны түсіндірудің, та-
нытудың басқа да жолы бар. Ол алғашқыға қарама-қарсы. Бұл –
күрделіден қарапайымға көшу жолы. Өйткені, қоршаған дүние
баланың үйрену арнасы бойынша баспалдақтан баспалдаққа ке-
зегімен өмірді танып-білгенін тосып тұрмайды. Бала өмірінің
алғашқы күнінен бастап түсініксіз көп қырлы қасиеттері мен
танымал дүние бала үшін әлі құпия, ол оны сол бойынша немесе
өзінше қабылдап жүйелейді, ұйымдастырады және түсіндіреді.
Түсіндіргенде де тек өзіне ғана тән кіші-гірім білім қорын
негізге алады. Сондықтан да, көптеген табиғи және психикалық
құбылыстар бала санасына таныс емес. Ол көбін байқағанымен,
жете түсіне алмайды. Осы уақытта бала өзінен үлкен неліктен,
неге деген сұрақтар қояды. Бірақ, көбінесе бұл сұрақтар жауап-
сыз қалуы да мүмкін. Өйткені, 5 жасар бала жел неге соғады,
шөп неге жасыл деген сұрақтарға жауап табуда қиналады. Сон-
дықтан да балабақша жағдайында балаға бақылау жасату, көрсе-
тіп талдау, көрнекілікке негіздеу оның табиғатқа деген сүйіспен-
шілігін, табиғат әсемдігін түсіне білу қабілетін дамытады. Осы
тұста түрлі шығармалар үлгісімен де таныстырылады да, сол ар-
қылы олар жазушы тілінің ерекшеліктерін де түсінеді, шығар-
маларда суреттелген көріністер мен әсемдікті дұрыс қабылдай-
ды. Бала жаны сезімтал, сенгіш, жүрегі, жаны табиғаттың әсем-
дігін де, музыканы да, сөзді де өте нәзік қабылдайды. Сондық-
тан бала тілін дамыту үшін олардың сезіміне әсер ету керек. Дү-
ниетанымын, сезімін оятпай, санасын тәрбиелемей балалардың
тілін дамытуға болмайды.
18
Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік
қорын байыту мен бекіту жұмысы қоршаған дүниені белсенді
танумен байланысты болғандықтан, оны бақылау кезеңдерінде
жүзеге асыру қарастырылады.
Бақылау – балаларды табиғат құбылыстарымен танысты-
рудың жетекші әдісі, сонымен бірге тәрбиеші басшылық жасай-
тын табиғатты танудың негізгі құралы.
Бақылау – мақсатты қабылдау, ол сезім және ақыл-ой тұ-
тастығын табатын күрделі танымдық үрдіс. Балалардың қабыл-
дауы, көру, есту, иіскеу, тыңдау, сезу сияқты танымдық процес-
тер көмегімен жүзеге асады. Бақылау арқылы қабылдау сөзді
белсенді пайдалануға негіз болып, оның ойлау, ой қорыту үрді-
сімен жалғасады.
Тәрбиешінің табиғат құбылыстарын бақылауды ұйым-
дастыруы мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныс-
тырудың негізгі түрі болып табылады. Объектіге және балалар-
дың жас ерекшелігіне байланысты бақылау қысқа (ұзақтығы бір-
неше минут) және ұзақ (бірнеше күн немесе тіпті апта бойына)
болуы мүмкін. Ересектер топтарында өткізілген бақылауларда
балаларды табиғат құбылыс-тарымен таныстыру кезінде әңгіме-
нің өзегі жекелеген құбылыстар емес, бүтіндей табиғаттың тұ-
тастығын оның маусымдық өзгерістерін, байланысын саналы тү-
сінуге жетелейтіндей деңгейде жүргізіледі.
Табиғат құбылыстарына бақылаулар жасау кезінде әсіре-
се табиғатта болып және байқап көруге мүмкіндік туғызатын құ-
былыстарды бақылауды таңдаған дұрыс (сүңгі, көктайғақ, нажа-
ғай, т.б). Осы арқылы бірінші кезекте баланың танымдық қабыл-
дауын жүзеге асыру қарастырылады. “Көктайғақ қалай пайда
болды?”, “Оның адам өмірінде қандай қауіпі бар?” т.б. сұрақтар
арқылы балалардың дұрыс қабылдауы жүзеге асырылады. Ба-
қылау ізденістік сипатқа ие болды, балалар құбылыстың себебін
табуға тырысуды, салыстыруға, қорытынды жасауға төселеді.
Балалар зерттеушілік, ой пайымдау, салыстыру әрекет-
теріне төселіп, сөз қолдануға тырысады. Кейде бақыланатын құ-
былыс суреттегі бейнемен салыстырылады. Сондықтан балалар-
дың назары олардың айырмашылықтарын белгілеумен бірге
19
(қарлы боран, құмды боран) бірнеше құбылыстың ортақ белгі-
леріне (боран кезінде негізгі құбылыс желмен байланысты екен-
дігі), әсіресе, олардың елеулі жақтарына (жел) назар аударылып
отырылады. Бақыланып отырған құбылысты салыстыруға тап-
сырма беріледі. Сондай-ақ тек қиналған жағдайда ғана көмек
көрсетіліп, салыстырылатын белгілерді анықтауда балаларға ер-
кіндік беріледі.
Бақылаудың нәтижелерін балалар өздерінің салған су-
реттерінде көрсете біледі. Балалардың ойын жандандыруға, қо-
рытынды жасай білуге, құбылыстарды, олардың себептерін ай-
қындауға “Сен оны қалай білдің? ойыңды дәлелде” деген, т.б.
сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
Бақылаудың ерекше түрі – эксперимент. Ол арнайы жа-
салған жағдайларда ұйымдастырылады. Сабақтарда, серуен ке-
зінде немесе табиғат бұрышында және балабақша жер үлескі-
сінде балаларды жеңіл-желпі тәжірибелер жүргізуге тарту олар-
дың бақылағыштығын дамытып, объектілерге және табиғат құ-
былыстарына белсенді де дұрыс қарым-қатынасын тәрбиелеуде
зор мәні бар.
Қарапайым тәжірибелердің көмегімен балаларға судың
қатуын, қар мен мұздың суға айналуын, кемпірқосақтың жаса-
луын және басқаларды көрсетуге болады. Мысалы: “Толқынның
жасалуы”. Легенге суды құйып, балаларға қолды суға салып,
онымен жан-жаққа қозғауды ұсыну керек. Олардың назарын су
толқынының қалай пайда болатынына аудару керек. Егер қол-
мен қаттырақ қозғалтса, толқынның қозғалысы жылдамдайды.
Кемпірқосақтың жасалуы. Арқаны күн жаққа қаратып
тұру
және пульверизатордан немесе шлангтан суды шашырата себу.
Көктайғақ секілді құбылыстармен таныстыру кезінде кө-
шедегі машиналардың жүрісіне бақылау жасалады. Мұз үстінде
машинаны бірден тоқтатудың қиындығын балалар бақылау ке-
зінде көріп біледі. Балабақша жер үлескісіндегі жолдың бір бөлі-
гіне су құйдық, ол мұз болып қатты. Содан соң балалар оның үс-
тімен жүрудің қиын екенін, аяқ тайғанап, жығылып қалуға бо-
латынын бақылауды тапсыру керек.
20
Жер үлескіде немесе жақын жердегі табиғат қоршауын-
да бақылау жасау үшін барынша оңтайлы жер таңдап алдық. Ба-
лаларды бәрінің де бақылауына қолайлы болатындай етіп орна-
ластыру қажет.
Бақылаудың алдында, әсіресе, ол бірінші рет жүргізіліп
отырғанда,сұрақ қоюға немесе тапсырма беруге асықпау керек.
Балалардың өздігінен қарап алуына (1-2 минут) мүмкіндік беріп,
табиғи қызығушылығын қанағаттандыруға болады. Бақылауды
белгілі бір жүйемен жүргізген тиімді. Табиғаттың найзағай се-
кілді құбылысына бақылауларға жетекшілік жасай отырып, на-
зарды бүкіл қоршаған табиғатқа аударған жөн. Содан соң аспан-
ның түсін, найзағай мен күн күркіреуінің жүйелілігін, көшедегі
адамдар мен малдардың сақтануын айқындауға болады.
Мұндай жүйелілік қажет, оның себебі мектеп жасына
дейінгілердің бір нәрсеге назар аударуының орнықтылығы әлі
жеткіліксіз, көп жағдайда еркінен тыс болады. Алайда бақылау-
дың соңында бақылау барысында қалыптасқан ұғымдарды ретке
келтіруге тырысу керек.
Мектепалды даярлық топ балаларын біз табиғаттың
найзағай, көктайғақ, қарлы боран, құмды боран, жауын тасқыны
сияқты құбылыстарымен таныстырумыз қажет. Ол үшін ең
алдымен балаларға осы құбылыстар жайында берілетін білім
мен ережелер көлемін және мазмұнын айқындау қажет. Әрбір
құбылысқа байланысты оның қауіпті жақтарын және сақтану
жолдарын түсіндіруді де мақсат етіп қоямыз. Бұл арқылы бала-
лардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру көзделеді.
Найзағай
Білім: найзағай көктемде, жазда және күзде болады.
Найзағай болған кезде аспан күңгірттенеді, бұлттар пайда бо-
лады. Күннің көзі көрінбейді. Аспанда найзағай жарқылдайды.
Найзағайдан кейін күн күркірейді. Найзағай соңы жаңбырға ұла-
сады, кейде селге айналады. Жазғы уақытта кейде найзағай ал-
дында күн қатты ысиды, күшті тымырсық болып, ауада қапырық
пайда болады. Халықта мынадай мәтел бар: найзағай боларда
тауық пен үйрек қауырсынын тазалайды.
21
Найзағай кезіндегі сақтану ережелері: найзағай жа-
қындаған кезде бәрінен дұрысы үйде болу, есік, терезелерді жа-
уып
қою. Найзағай басылғанға
дейін көшеге шықпаған жөн. Най-
зағай кезінде металл
заттардың астына (машинаның
) жасыры
ну-ға
болмайды. Ол жерлерде
жай түсуі (найзағай) ықтимал. Найза-
ғайдан қорқуға болмайды, бірақ өзіңді дұрыс ұстай білуің керек.
Көктайғақ (Көк мұз)
Білім: көктайғақ жылдың суық кезінде, әсіресе қыста
болады. Жылы, шуақты күндері жолдардағы қар ериді, ал түнде
ол еріген су қатады да мұз болады. Жаяу және көлік жүретін
жолдар қатып, тайғақ болады.
Сақтану ережелері:
Көліктің алдынан жүгіріп өтуге болмайды. Көктайғақ
кезде жүргізушіге машинаны оқыс тежеу және тоқтату өте
қиын. Мұзда машинаның доңғалақтары сырғанап, оқыс тежеген
кезде аударылып қалуы мүмкін. Осындайда жаяу адамды басып
кетуі немесе апат жасауы мүмкін. Жүретін жолда шаңғымен
жүруге және шанамен сырғанауға болмайды. Жаяу адам жүретін
жолмен жүргенде өте сақ (абай) болу керек. Жолдарды тазалау,
оған құм, арнайы тұз немесе ағаштың күлін себу қажет. Көк-
тайғақ болған кезде кішкентай балалар мен қарттардың көшеден
өтуіне көмектесу керек.
Қарлы боран
Білім: қарлы боран қыста болады. Ол кезде жел кү-
шейеді, күн суытады, қар қалың түседі. Қарлы боран жолдың бә-
рін жауып тастайды, жүру өте қиын болады. Қар көзге жабысып,
айнала қараңғы болады. Мұндай ауа райы кезінде жол табу өте
қиын, оттар да көрінбейді.
Сақтану ережелері:
Қарлы боран кезінде үйден алыстап кетуге болмайды.
Қар жолды басып тастайды. Сыртқа қарлы боран басылғаннан
кейін шыққан жөн.
Құм боран
Білім: құм боран жер бетінде құмды топырақ болған ай-
мақта болып тұрады. Ондайда күшті жел құмды суырып, оны
22
бұрқыратып шаңдатады. Тіпті, күндіздің өзінде дала қараңғы бо-
лады. Жол көрінбейді. Құм суырып, көзіңді аштырмайды.
Сақтану ережелері:
Құм боран жақындағанда үйдің есігі мен терезесін мық-
тап жабу қажет. Үйден жырақ кетсең адасуың мүмкін. Мұндай
ауа райында құм көзіңді жауып, жас ағызып, ештеңені көрсет-
пейді. Тіпті өте таныс жердің өзінде үйге барар жолды табу
қиындық келтіреді. Кейде жел құммен бірге өсімдіктерді және
басқа заттарды аспанға көтереді.
Су тасқыны (Сел)
Білім: ұзаққа созылған жауын суы жерге тез сіңіп кете
алмайды. Ол мол тасқын жасап, жолдар (асфальтқа) мен ойысқа
қарай ағады. Өз жолында ол топырақ, тас, қоқыстарды төмен
ағызады. Мұндай ауа райы кезінде көлік жүре алмайды. Су
тасқыны жүріс-тұрысты қиындатады.
Достарыңызбен бөлісу: |