Метербаева к. М



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата30.12.2016
өлшемі0,67 Mb.
#818
1   2   3   4   5   6   7   8

ІV. Ауыз әдебиетін пайдаланып, жұмбақ шешу: 

а)  Жөңкиді бұлттар дүркіреп, 

Жауады жауын күркіреп. 

Аспанның жүзі жарқ етті, 

Ақнайза жерге жарқ етті.  (Найзағай) 

Жұмбақтағы  жөңкиді,  дүркіреді,  күркіреді,  ақнайза,  т.б. 

сөздердің мәнін ашып түсіндіру. 

б)  Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын талдау: 

Ақсың, сұрсың, қарасың 

Қайда қалқып барасың ? 

Жерге нөсер төгемін. 

Өссін гүлдер көп егін,  

Гүл-гүл жайнап өсер көп,  

Нөсерлетсең, нөсерлет! 

Жаңбырдың  жалпы  табиғатқа  тигізер  пайдасы туралы 

әңгімелеу. Жаңбыр кезінде байқағандарын айтқызу. 

в)  “Кемпірқосақ” өлеңін жаттау. 

Жаңбыр жауып басылды, 

Күннің көзі ашылды. 

Көк жиекке көрікті,  

Кемпірқосақ асылды.  

Қызыл, сары, жасылды,  

Тұрды ауыл қасында. 

Жете алмайсың қуғанмен,  

Ренжіме жасыма (Ә. Дүйсенбиев). 



V..  Қимылды  ойын:  «Көктемгі  жауын»  (музыка  ойнала-

ды). Бақылау   кезінде көргендері мен сабақта алған білімдерін 

тұжырымдап  байланыстыру  үшін  «Көктемгі  жаңбыр»  тақыры-

бына сурет салу. Салған суреттер бойынша әңгімелету. 



Жазғы жаңбырдан соң  (ойын ) 

Мақсаты:  Балаларға  табиғат  құбылыстары  жайлы  түсі-

нік  беріп,  қоршаған  ортаға  деген  қызығушылықтарын  дамыту. 

Қоршаған  табиғатты  аялай  білуге  тәрбиелеп,  білімдерін  жетіл-

діру.  


Әдіс-тәсілдер:  Көркем  сөз,  әңгімелеу,  әңгімелету,  маз-

мұнды ойын.  



71 

 

Көрнекті құралдар: «Жаңбыр» бейнелеген картина, кем-



пірқосақтың  суреті.  Меңгерілетін  сөздер:  “Күн-Ана”,  күн  шуа-

ғы, тамшы, кемпірқосақ, мейірім. 

 

 

 



                          

Барысы:  Тәрбиеші  балалардың  назарын  сабаққа  аударып,  жаз 

мезгілі  жайлы,  жазда  болатын  табиғат  ерекшеліктері  жөнінде 

сұрап, білімдерін нығайта түседі. 

- Бір жылда қанша жыл мезгілдері бар? Олар қалай ата-

лады? 

-  Жаз  мезгілінің  қандай  ерекшеліктері  болады?  –  деген 



кіріспе сұрақтар қоя отырып, балалардың сұраққа жауап беруіне 

тәрбиеші тарапынан көмек береді. 



Тәрбиеші: Балалар, сендер жазда жауған жаңбырды көр-

діңдер  ғой , 

Жаңбырдан соң жазда аспанда не көрінеді? 

Бала: кемпірқосақ, ол әр түсті болады. 



Тәрбиеші:  Ендеше,  балалар,  мен  сендерге  Кемпірқо-

сақтың  пайда  болуы  жайлы  “Кемпірқосақ”  деген  ертегі  айтып 

беремін. Қане, қызық ертегіні мұқият тыңдайық! 

Ертегі айтылады. 

Сергіту жаттығуы.  

Көк жүзінен жөпелеп, 

Күміс жаңбыр төгілді.  

Көкте қызыл жасылды,  

Кемпірқосақ көрінді. 

Тәрбиеші: Балалар, ертегіні түсіндіңдер ме, ұнады ма? 

(Иә,  ұнады.  Сонда  кемпірқосақ  алуан  түсті  гүлдерден 

пайда болған екен ғой! – деп балалар таң-тамаша). 

Тәрбиеші:  Осы  кемпірқосақтың  шығуы  жайлы  түрлі 

аңыз, ертегілер, әңгімелер бар, біз тек қана соның біреуімен ғана 

танысып  отырмыз.  Сендер  қалай  ойлайсыңдар,  ақ  гүлдің  өзім-

шілдігі, қомағайлық қылығы дұрыс па? 



Бала:  Жоқ,  дұрыс  емес.  Ондай  қасиет  адамгершілікке 

жатпайды. 



Тәрбиеші:  Иә,  балалар,  бірақ,  ақ  гүл  өзінің  қателігін 

кейін  достарынан  айырылып,  жалғыз  қалғанда  түсінді  ғой.  Ақ 

гүлдің қателігін кешіруге бола ма? 


72 

 

Бала: Ақ гүлді кешіруге болады. Ол бәрін түсінді. 

- Ақ гүлдің жабырқаған кезінде жаны ашып көмектескен 

қандай мейірімді. 



Тәрбиеші:  Күн-ана  әр  уақытта  мейірімді,  шапағатты 

болады. Күннің мейірімділігі соншалық, ол дүние жүзіне нұрын 

төгіп,  бар  әлемді  жылытып  тұрады.  Күн  шапағатымен  ақ  гүлді 

де  кемпірқосаққа  айналдырады.  Өздерің  жаңбыр  жауған  соң 

байқаңдаршы, кемпірқосақ жаңбыр жауған соң түрлі сағымдар-

мен  көк  жүзінде  көрінеді.  Кемпірқосақтың  түрлі-түсті  сағым-

дары күннен алған шапағаты. 

Енді, балалар, “жаңбыр” жайлы өлең шумағын оқып, ай-

тып үйренеміз, –деп балаларға бірнеше рет қайталатып айтқызу 

(ертегі мазмұнының көркемдігін ашу үшін). 

Бұйра бұлттар аунап, 

Жерге тамды ақ жаңбыр. 

Жердің беті жайнап, 

Гүлдер өсті қаулап, 

Түледі бір аймақ. 

“Ыстық  күн”  мазмұнды  ойынын  ойнау.  Балалар  ойын-

дағы  кейіпкерлерге  байланысты  киінеді,  оны  тәрбиеші  алдын-

ала әзірлеп қояды. Рөлдерді балалар өз еріктері бойынша таңдап 

алады. 

Алма  ағашы  жаздың  ыстық  күнінде  қатты  шөлдеп 



ыстықтайды. Ол күнге: 

–  “Күн,  қандай  ыстықсың,  мен  шөлдеп,  қатты  ыстықта-

дым”, – дейді. 

Күн:  –  Жарайды,  онда  мен  желге  бұйырайын,  ол  бұлт-

тарды қуып келсін, сөйтіп жаңбыр жаусын. 



Күн  желге:  –  “Жел,  ағаштар  шөлдеп  кетіпті,  бұлттарды 

қуып келші”, – дейді. 

Жел уілдеп барып бұлттарды куып келеді. 

Бұлттар: Жаңбыр, жаңбыр жауыңдар 

Шөлдемесін тіршілік.  

           (2 рет) 

Жаңбыр: Біз тілалғыш тамшымыз, 

Айтсаң болды жауамыз дейді.  

(2 рет) 

Жаңбырдан соң көкте кемпірқосақ көрінеді: Ол күліп: 



73 

 

Амансыңдар ма достарым



Жаңбырдан нәр алдыңдар ма? 

Шөлдеріңді қандырдыңдар ма? 



Алма ағашы: Сәлеметсің бе, кемпірқосақ, 

Иә, шөліміз қанып қалды  дейді. 



Күн: Алма ағашы, шөлің қанды ма? 

Алма ағашы: «Ризамын күн, барлық тірі табиғат жаңбыр-

дан нәр алды. Енді сен жарқырап нұрыңды төгіп тұра бер», – дейді. 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті "жаңбырдан соң" деген 

тақырыпта  кемпірқосақтың  суретін  салғызу  арқылы    мадақтап 

қорыту. 


Күзгі саябаққа  саяхат 

Мақсаты:    Жапырақтардың  сарғайып  түсіп    жатқанын,  

түр-түсін,  табиғат  құбылысын  байқату.  Балалардың  тілін  да-

мыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. 

 

Тірек сөздер: сұр бұлт, тұман, тоңазиды, мұз қабыршық-



тары, бұлт торлайды, қаптайды, желді, т.б.  

Тірек білім:  Күнделікті  өмір  тәжірибелеріне  сүйену:  то-

пырақ  бетінің  тоңазығанын,  тұманды,  желді,  сұр  бұлтты,  мұз 

қабыршықтарын бақылау арқылы алған білімдері.  

Базалық  білім:  Тоңазиды,  мұз  қабыршықтары,  тұман, 

желді,  бұлтты,  т.б.  жаңа  сөздерді  сөз  қорына  енгізе  отырып, 

күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. 

І. Топсаяхат әңгімеден басталады.  

а) Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті адам өміріндегі пай-

дасы туралы әңгімелеу.  

Саябақта  байқағандары  бойынша  балаларға  әңгімелету 

(Сарғайған  жапырақтар.  Жапырақтар  жерге  түсіп  жатыр.  Күн 

салқын. Гүлдер солған. Шөптер сарғайған. Жел соғып тұр. Күн 

бұлтты, т.б.). 

ә) Тәрбиешінің  беретін  түсінігі:  Айнала сап-сары  алтын 

сияқты күйге енгендіктен біз оны "Алтын күз" дейміз. Күзде ең-

бектің  қызған  кезі.  Жеміс-жидектер,  астық  піседі,  оны  жинау 

басталады. Сондықтан да күзді «еңбекқор күз» деп те атайды. 

б) М. Байсариеваның «Күз» өлеңін тыңдау.  

 


74 

 

Күз алдымен сарғайды,  



Күлімсіреп алдайды.  

«Сары алтынсың, сары күз!» - 

Дедік сонда бәріміз. 

Қоңырайды күз енді, 

Былай дедік біз енді:  

“Қоңыр күз-ай, коңыр күз,  

Түрің неге көңілсіз?”  

Күз күрсініп үн қатты,  

Қиналыпты тым қатты:  

«Барам», – деді қарайып,  

Қыс келеді алайып.  

Өлеңдегі  сарғайды,  қоңыр  күз,  қарайып,  т.б.    сөздердің 

мәнін ашып түсіндіріп, осы сөздерден сөйлем құрату.  

в) Күздегі саябақтың жаздағы саябақтан айырмашылығы 

туралы  әңгімелету  (Жазда  бүкіл  жер  жап-жасыл.  Күн  ыстық. 

Құстар көп жүреді. Адамдар суға шомылады. Суда қайықпен ой-

наймыз. Күз салқын. Су бетіне мұз қатады, т.б.). 

ІІ.  Балаларды  көлшік  суға  апарып,  су  бетін  бақылатып, 

әңгімелету (Күн желді. Жапырақтар суға ұшып, түсіп жатыр. Су 

бетіне мұз қата бастаған, т.б.). 

Балаларға  күн  суыта  бастағандықтан,  су  бетін  басқан 

жұқа  мұзды  «мұз  қабыршықтары  деп  аталатынын  түсіндіріп, 

үйрету. 

ІІІ. Жұмбақ шешу арқылы балалардың ойын дамыту:  

Әйнектей көгілдір,  

Теңіздей тым мөлдір.         (Аспан) 

Жұмбақтың мағынасын түсіндіру. Сонан соң балалардың 

назарын аспанға аудартып, бақылату (сұр бұлт, тұман, торлаған, 

т.б.). Осы байқағандары бойынша сөйлем құратып жаттықтыру. 

Аспан  сұрғылт.  Қара  бұлтты.  Тұман  торлаған.  Күн  бұлттанса, 

жаңбыр  жауады,  т.б.  Аспанды  қара-сұр  бұлт  қаптаса,  жаңбыр 

болатынын, күздегі жаңбыр салқын, суық болып жауатынын тү-

сіндіріп, олардың өздері білетін табиғат құбылыстары жайында 

мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар айтқызу. 

 


75 

 

ІV. Қимылды ойын. Алтын күз бізге не береді? 



Топсаяхат соңында М. Әлімбаевтың«Алтын күз» өлеңін 

орындау. Өлең сөздерін қайталап жаттықтыру. 

Балалар парктен қарағай жаңғағын, күзгі әдемі жапырақ-

тарды алып бақшаға оралады. Кейін әкелген жапырақ, жаңғақта-

рынан күзгі буклет жасатып, әңгімелету. 

Күзгі табиғат (сурет бойынша әңгіме) 

Мақсаты:  Жыл  мезгілдері  туралы  түсініктерін  кеңейте 

отырып, күзгі табиғаттың басты ерекшеліктерімен таныстыру. 

Балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағды-

ларын қалыптастыру. 

Тірек  сөздер:  Торлады,  қаптады,  соғады,  ұшты,  қатады, 

тоңазыды, суыды, салқындады, мұздады. 

Керекті құралдар: Күз мезгілінің табиғатын  бейнелейтін 

суреттер. 

І.  Балалардың өмір тәжірибесі бойынша әңгімелету: 

а) Кіріспе әңгіме: – Қазір жылдың қай мезгілі? Күзгі ай-

ларды  ата.  Күз  табиғатының  қандай  ерекшеліктерін  білесің? 

(Күн суыта бастайды, жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа 

ұшып кетеді, жаңбыр жауа бастайды, жемістер, көкөністер пісе 

бастайды, су суытады, тоңазиды, мұздайды). 

ә) Жұмбақ шештіру: 

Қанатсыз құс маңып барады, 

Көзіне жас тамып барады. 

                                   (Бұлт) 

Аспандағы көлеңке, 

Жерге суын шашады. 

                                   (Бұлт)      

ІІ.  Балаларға жаңбырдың суретін көрсетіп, сол бойынша  

әңгімелету. 

ІІІ. Тәрбиешінің  беретін  түсінігі.  Жаңбыр бұлт арасында 

тым ұсақ тамшылардың бір-бірімен қосылуынан пайда болады. 

а)  Балалардың  назарын  суретке  аударып,  ондағы  кейіп-

керлерге ат қойғызу. 

ә) Сурет бойынша әңгімелесу. 

 


76 

 

Арман  мен  Айжан  серуендеуге  шықты.  Олар  күзгі  та-



биғатты  тамашалап,  әр  түрлі  жапырақтарды  жинады.  Айнала 

сап-сары түске боялған. Жазғыдай күлімдеген күн көзі де, сай-

раған құстар үні де азайған. Аспанды қара бұлт торлаған. Бала-

лар жаңбырдың сіркірей бастағанын сезді. Қол шатырларын ала 

келгендері  жақсы  болыпты.  Екеуі  асығыс  жиналып  үйлеріне 

қайтты. Жол жиегінде әбден жаураған күшікті көреді. Ол тоңып, 

қыңсылап тұр. Қандай сүйкімді, адасқан болса керек. Арман мен 

Айжан  күшікті  өздерімен  ала  кетті,  т.б.  Балалар  осы  мазмұнда 

әңгімелегеннен кейін оған ат қойғызды, «Қайырымды балалар», 

«Жаңбыр», «Жаураған күшік» т.б. деуі мүмкін. 

ІV.Ш.Ахметовтың «Бұл қай

 

кезде болады?» өлеңін тыңдау. 



Бұлттар төніп, 

Жерге шөгіп, 

Дымқыл тұман басады

Шөп сарғайып, 

Өңі тайып, 

Дала сұры қашады. 

Ойнай алмай. 

Денең мұздап тоңады.  

Айтыңдаршы бөбектерім,  

Бұл қай кезде болады? 

Осы өлеңдегі қиын сөздердің маңызын түсіндіру: төніп, 

шөгіп, дымқыл, өң, сұры, мұздап, т.б. сөздерді қолданып сөйлем 

құрату. 

V. Күзгі табиғатты бейнелейтін суретке балалар назарын 

аударып, сол 

бойынша әңгімелету

 (сарғайған ағаштар, су бе

тінде 


мұз қата бастаған.

 

Аспанда бұлт торлаған. «



Күзгі орман», т.б.) 

Балаларға  бұлт  туралы,  оның  қалай  пайда  болатынын 

жеңіл тілмен түсіндіру. 

VІ. Күзгі жапырақтар бой сергіту жаттығуы:  

Ауладағы көп ағаш,  

Тербеледі желменен.  

Сары, жасыл жапырақ,  

Құс секілді ұшады. 

VІІ. Балалармен    жеке   жұмыс: Балаларға күз  ерекше-


77 

 

ліктерін бейнелейтін   суреттер таратып беру,  әңгімелету. Олар-



дың табиғат құбылысы туралы түсініктерін байқау. 

Мысалы:  Суретте  ағаштардың  жапырақтары  түсіп  жа-

тыр. Жел соғып тұр. Құстар жылы жаққа ұшып барады. Балалар 

қыстап  қалатын  торғайға  ұя  жасап,  оны  ағаш  басына  ілуде. 

Суретте егін алқабындағы еңбек бейнеленген. Айнала сап-сары. 

Комбайн егінді орып машинаға салып жатыр. Бұл адамы қысқа 

дайындығы. Аспанда бұлт қаптаған. Күн суық, т.б. деп балалар 

әңгіме құрастыруға  тиіс. 

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті  соңында      «Ұшты-ұш-

ты» ойыны ойналады. 

Көрікті көктем (ертеңгілік) 

Залға  балалар  сазды  әуенмен  жұптасып  кіреді.  Қолда-

рында бәйшешек гүлдер болады.  

Жүргізуші: Жер көгеріп, 

Қар, су еріп 

Сай-салаға ағады. 

Бүршік жарып, 

Жапырақ жайып 

Дала гүлге толады… 

Бөбектерім, айтыңдаршы  

Бұл қай кезде болады? 



Балалар:    Көктемде. 

Иә,  дұрыс  айтасыңдар.  Біздің  кең  де,  байтақ  даламызға 

көктем  келді.  Көктемде  не  болатынын  жаңа  оқылған  өлеңнен 

сендер  білдіңдер.  Бүгін  бізде  мереке.  Ол  «Көрікті  көктем»  ме-

рекесі.    Балалар,  осы  мерекеге  сендер  ән-шашу  тарту  еткелі 

отырсыңдар.  Көктем  мезгілі  ең  әсем,  ең  әдемі  кезең.  Өйткені, 

қыстан кейін қоршаған ортамызға көрік кіреді. Алыстап кеткен 

құстарымыз келіп, өздерінің әсем дауыстарымен даламызға сай-

райды. 

Сондай-ақ  біз  білетін  қандай  мерекелер  бар    осы 



көктемде? 

Балалар:   

 

Бекнұр:  8 наурыз  – аналар мейрамы. 

Әсел:      22 наурыз мейрамы бар. 


78 

 

Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасыңдар. Осындай үлкен атау-

лы  мерекелер  көктемде  болады  екен.  Енді  кезекті  ән-шашуға 

берелік.  Балалар,  біз  бүгінгі  мерекемізді  тоғайға  барып  қарсы 

алсақ қайтеді? 

Балалар қуанып келіседі.  



Жүргізуші:Музыканың  әуенімен  құстары  сайраған, 

шөптері көгерген   тоғайға алып келеді.  



Жүргізуші:Мінеки,  қараңдаршы,  біз  тоғайға  келдік. 

Кәне,  бәріміз  мына  ағаш  түбірлеріне  отыра  қалайық.  Кенет 

жаңбыр жауып, күн күркірейді.  

Жүргізуші: Балаларды қолшатырға шақырады. 

Жаңбыр басылып, музыкамен «Көктем»  кіреді. 



Көктем: Билеп, жүзінде күлкі, балалармен сәлемдеседі. 

                – Сәлеметсіңдер ме, балалар?  



Балалар: –  Сәлеметсіз бе! 

Жүргізуші:Қош  келдің,  көктем!  Төрлет,  балалардың 

өнерін тамашала.  



Көктем:    Рахмет.  Мен  сендерге  келе  жатқанымда  жаң-

быр жауды. Сендер білесіңдер ме?  



Жүргізу: Әрине,  көктем.  Бұл  көктемде болатын таби-

ғат құбылыстарын біздің балалар жақсы біледі.  

Би: «Гүлдер», қыздардың орындауында.  

Тақпақтар.  



Диас:  Салдыр-гүлдір көк жүзі, 

Зеңбірек доп атқандай.  

Бұлт айырылып жалт етті,  

Аспанда от жаққандай.  

Түнерген бұлт сұрланып,  

Құйды селді себелеп.  

Жел қосылып, долданып, 

Болды нөсер керемет.  



Әлия: Жау, жау, жаңбыр, жау жаңбыр!  

Жау, егіннің көгі өссін!  

Сұлудай бұлақ құрақты,  

Айдын шалқар көлі өссін!  

Ой мен қырдың шалғыны,  


79 

 

Жатқан малды жасырсын!  



Табиғаттың көркіне,  

Таң қалып жан бас ұрсын!  



Санжар: Көктемде ойнап найзағай,  

Күн күркірей бастады. 

Қылтиды алмас найзадай, 

Көк жауқазын бастары.  



Саят: Жаңбыр жауып басылды,  

Күннің көзі ашылды.  

Көк жиекке көрікті,  

Кемпірқосақ асылды.  

ӘН: «Жау, жау, жаңбыр!»  

Ойын: «Гүл теру»  

Көктем:   рахмет, балалар,  жарайсыңдар. Мен  енді   

сендерге  жәй    келмей өзімнің жұмбағымды ала келдім.  

Жыл мезгілі шуақты,  

Жердің беті нұрланған. 

Сайды қуып су ақты, 

Гүлдер өсті ырғалған.        (көктем) 

Кім  көктемгі  табиғат  құбылыстары  жайында  жұмбақ 

біледі?  



Әлия: Жел соғып еді қауымдап  

           Құйып кетті сауылдап.  (жаңбыр) 



Шыңғыс: Жарқ етсе 

Сабау қамшы.  

Төгіліп,  

Жауар тамшы.       (найзағай) 



Саят: Келістіріп өрнегін, 

          Құрып койды өрмегін  (кемпірқосақ)  



Ернұр:Зәулімде тұрағы,  

           Тіреусіз тұрады.    (бұлт) 



Жүргізуші: Көктем, біздің   балалар   жұмбақ   шешуден   

басқа, жаңылтпаш, мақал-мәтел, нақыл сөздер айта біледі. 



Көктем: Өте жақсы, айтсын.  

 

 

80 

 

Әнел: Көп көкек, 

           Көкектеп, 

Көктем келді. 

Көкек кеп 

Көктеп көк, 

Көктем келді.  

Шахмир: Бұлт-ау 

Соқтықпа, 

Бұл – тау. 

Саят: Суда сең келеді, 

Сегіз серке тең келеді. 



Әлима: Көктем жауын-шашынсыз болмас,  

Жауын-шашынсыз болмаса  

Жасынсыз болмас.  

Айжан: Нөсер алдында нажағай ойнайды

Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.  



Гүлнұр: Сәуірдегі жауын – сауып тұрған сауын.  

Диас:Сәуір болса, күн күркірер, 

         Күн күркіресе, көк дүркірер. 



Мақпал:  Ерте көктемде қарға  суға  шомылса  – күн  жы-

лынады дейді халық.  



Көктем: Балалар, менің енді сендермен қоштасатын уа-

қытым келіп қалды.   Мені   басқа  бала  бақшалардың   балала-

ры   күтіп   отыр. Сендерге көп рахмет. Сау болыңдар!  

Балалар:  Сау бол, көктем! 

Жүргізуші:  Балалар,  біреу  есік  кағады.  Тыңдаңдаршы. 

Есікке жүргізуші жақындайды. Бұл кім? – Кіріңіз.  

Осы кезде Наурыз айы кіреді.  

Наурыз айы: Сәлеметсіңдер ме, балалар? 

Балалар: Сәлеметсіз бе! 

Наурыз  айы:  Мені  білесіңдер  ме,  мен  Наурыз  айы  бо-

ламын. Сендер менің інім сәуір айын көрмедіңдер ме?  



Балалар:  Жоқ, көрмедік.  

Сәуір айы  келеді.  

Сәуір айы: Балалар, сендер менің наурыз деген ағам мен 

мамыр атты інімді көрмедіңдер ме?  



81 

 

Балалар:  Сәуір, біз наурыз айын көрдік, ол осында, ал 

мамыр айын көрмедік. Осы кезде Наурыз, Сәуір бір-біріне кез-

деседі.  



Наурыз, сәуір: Балалар, біздің

 ініміз   мамырдың   осында   

келуіне көмектесіңдерші.  

Жүргізуші: Балалар, кәне бәріміз дауыстап шақырайық. 

Мамыр,  мамыр.  Осы  кезде  көңілді  сазбен  Мамыр  айы  кіріп 

келеді.  

Мамыр айы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендерге рах-

мет.  Болмаса  мен  бұл  жерге  келмеген  болатын  едім.    Мен  екі 

ағамнан адасып қалдым.  

Жүргізуші:  Төрлет,  Мамыр  айы.  Балалар  бұл  үш  айды 

сендер білесіңдер  ме? Бұлар неге бірге жүреді?  



Балалар: Бұл үш айда көктем де болады.  

Жүргізуші:  Дұрыс айтасыңдар. Көктем мезгілі: наурыз, 

Сәуір, Мамыр болып  осы  айлардан  тұрады.   Бұл  үш  айдың  

бір-бірінен  айырмашылығы:  бұл  айлар  бірін-бірі  толықтырып, 

өзгертіп, жаңартып, құлпыртып, тұрады.  



Жүргізуші: Наурыз, Сәуір, Мамыр естідіңдер ме. Біздің 

балалар  сендер  жайында  жақсы  біледі.  Сендер  жайында  бүгін 

бақшамызда мереке   аталып жатыр. Сендерге көп рахмет. Бала-

ларды қуантып өздерің келдіңдер.  



Наурыз  айы:  Біз  жайында  айтылып  жатқан  жылы  сөз-

дер әрине көп.  Сондықтан    біздің   балаларға айтарымыз.   Бізді  

балалар  осы 

көктем    мезгілінде

    қарсы  аласыңдар.  Енді біз    

бас-қа бақшаларға барамыз. 



Сәуір  айы:  Наурыз  біз  балаларға  сыйлық  әкелген  едік. 

Ол қайда? 



Мамыр айы: Ол мұнда.  

Әкелген  сыйлықтарын  таратады.  Балалармен  қоштасып 

шығып кетеді. Мереке соңы көңілді «Көктем келді» әнімен аяқ-

талады. 


Тіршілікке су керек (сауықтыру) 

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерін, оның ерекше құ-

былыстарын ажырата білуге үйрете отырып, жаз мезгілінің адам 

денсаулығына  пайдалылығын  түсіндіру.  Тіршілік  негізі  судан 


82 

 

басталатынын  түсіндіре  отырып,  оны  қадірлеуге,  қастерлеуге 



тәрбиелеу. 

Сауықтыру өтілмес бұрын ауланы алдын ала дайындай-

ды,  арнайы    бассейнді  суға  толтырып  қояды.  Құм,  топырақ  та-

заланып қояды. 



Барысы:  Балаларды  алаңға  арнайы  киіммен  жалаң  аяқ 

алып келеміз. 



Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы, қазір бізде жылдың қай 

мезгілі? 

– Жаз. 

– Жаз мезгілі жайында не білесіңдер? 



(Күн  ыстық  болады;  айнала  жап-жасыл;  құстар  сайрай-

ды; күн ұзарады, түн қысқарады; жемістер пісе бастайды; адам-

дар демалуға кетеді) 

Т: Өте дұрыс, балалар. Енді балалар «Айгөлек» биін би-

лейміз. 

Балалар арнайы би қимылдарын жасайды. 

Тәрбиеші:  Су  жайында  мағлұмат  береді.  Су  –  бұл  тір-

шіліктің көзі, егер мынау айналадағы жасыл өсімдіктер әлемі су 

болмаса  өмір  сүре  алмас  еді.  Суды  әрқашанда  қадірлеп    ұстау 

керек,  ысырапсыз  ағызып  кетуге  болмайды.  Қарда,  мұзда  осы 

судың  негізінде  пайда  болады.  Мысалы,  балалар  біз  қазір  ыс-

тықтап тұрсақ, суға шомылған соң жанымыз рахаттанып бір де-

малып қаламыз. Адам өмірінде де осы су керек. Егер су ішпесек 

немесе  кір  қожалақ  болып,  жуынбасақ,  адамдар  әр  түрлі  ауру-

ларды жұқтырып ауырады. Әрқашан таза жүру үшін де бізге су 

керек екен. 

Балалардың  осы  арнайы  сауықтыру  мерекесіне  дайын-

даған тақпақтарын айтқызады: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет