Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



Pdf көрінісі
бет74/102
Дата30.12.2016
өлшемі29,2 Mb.
#821
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   102

 

 

Используемая литература: 

1.

 



Альтхауз Д., Дум Э. «Цвет, форма, количество». - М.: Просвещение 2004г. 

2.

 



ВенгерJI.А., Дьяченко О.М. «Игры и упражнения по развитию умственных способностей у 

детей дошкольного возраста». — М. :Просвещение 1999 г. 

3.

 

Ерофеева Т.И. и другие. «Математика для дошкольников»,-М. : 



Просвещение 1992 г. 

4.

 



Носова  Е.А.  «Формирование  умения  решать  логические  задачи  в  дошкольном  возрасте. 

Совершенствование процесса формирования элементарных математических представлений в 

детском саду». -JI.: 1990г. 

5.

 



Белова-Давид PA. «Нарушение речи у дошкольников». - М. -:1992г. 

6.

 



«Основы  логопедии  с  практикумом  по  звукопроизношению».  Под  редакцией 

Т.В.Волосовец.-М.: 2000г. 



548 

 

7.



 

«Основы теории и практики логопедии». Под редакцией Р.Е.Лёвиной,- 

М : 1967г. 

 

 



 

ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ  СӨЗДІК ҚОРЛАРЫН  

БАЙЫТУ 

 

 



Сакимбаева А.Ш. 

КММ «Балапан» шағын  орталығы, Қарағанды қ. 

 

 

Ойын  барысында  баланың  жеке  басының  қасиеттері  қалыптасады.  Баланың  қуанышы 



мен  реніші  ойын  барысында  айқын  көрінеді.  Ойын  кезіндегі  баланың  психологиялық 

ерекшелігі мынада: 

 

Бала ойланады. 



 

Оның эмоциялық әсері ұшқындалады. 



 

Баланың белсенділігі артады. 



 

Ерік қасиеті дамиды. 



 

Қиял елестері шыңдалады. 



 

Шығармашылық қабілеттері дамиды. 



Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін 

ойын  кезінде  қолданады,  ересектердің  істегенін  істейді.  Ойын  барысында  балалар  дүниені 

тани  бастайды.  Өзінің күш  жігерін  жұмсап,  сезімін  білдіруге  мүмкіндік  алады,  адамдармен 

араласуды үйренеді.  

Дидактикалық  ойын  балаға  білім  беруде  әсер  ететін  ең  негізгі  бір  түрі,  өйткені  ойын 

балалардың негізгі іс – әрекеті болып табылады[1]. 

Мен  өзім    даярлық  тобында  дәріс  беру  кезінде  балалардың  ойлау  және  есте  сақтау 

қабілеттерін  дамытуға  көп  жаттығулар  орындатамын.  Ойын  элементтерін  қолдана  отырып 

оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығын,  зейінін  арттыру  мақсатында  әр  түрлі  әдіс  – 

тәсілдерді қолданамын. Мысалы: «Сөз жарыс» ойынын ойнау барысында балалар орыс тілін  

қаншалықты меңгергенін көрсетеді. Сөздік қорларының деңгейін  байқау мақсатында бірнеше 

сөздер қатарын беріп жарыстырамын: 

Доп – мяч                                     рука - қол 

Дерево –ағаш                                голова - бас 

Тетрадь – дәптер                          цветок - гүл 

Школа – мектеп                           доска - тақта 

Книга - кітап                                одежда – киім 

Ойындар  оқушылардың  ой  –  өрісін  дамытып,  ойлау  қабілетін  арттырумен  қатар, 

үйретілген,  өтілген  тақырыптарды  саналы  да  берік  меңгеруге  әсер  етеді.  Ойындар 

оқушылардың  шығармашылық  ойлау  қабілеттерін  жетілдірумен  қатар,  сөздік  қорларын  да 

молайтып, сауатты жазуға балиды. Балалар ойын барысында үйренген сөздерін айтып қана 

қоймай,, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі [2]. 

Жаңа  сөздер  жеке  дара  алынбай,  басқа  сөздермен  байланысты  мәнінде  алынып, 

қолданыстағы жағдайда беріледі. Оқушының белсенді түрде меңгерген  жаңа сөздерді бірнеше 

сабақ  барысында  еске  түсіріліп,  қайталанып  отырылады,  сондай  –  ақ  жаңа  сөз  оқушының 

түсінуіне ыңғайлы, жеңіл түрде беріледі. Мысалы:  

 Большой  мяч,  красивое  платье,  интересная  книга,  длинная  улица,  чистая  вода,  яркое 

солнце, чистый воздух. 

Оқушының жаңа сөзді тиянақтап еске сақтау үшін, сабақта түрлі сабақ көрнекіліктері, 

кесте сөздердің қазақ тіліндегі аудармасы айтылып, әр сөздің мағынасы түсіндіріліп отырады. 



549 

 

Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Ол үшін жаңа сөздерді сурет арқылы түсіндіруден 



бастаймын.  Берілген  сөздің  суретін  көрсете  отырып,  сөздегі  дыбыстарды  дұрыс  айтуға 

жаттығулар жасаймыз.  

Заттың  өзін  көрсету  арқылы  сөздерді  меңгертуге  болады.  Мысалы:    кітапты  көрсету 

арқылы, книга деген ұғымды, терезені нұсқап көрсету арқылы окно деген сөзді, киімді көрсете 

отырып, одежда деген сөзді, қағазды көрсете отырып, бумага деген сөздерді үйретуге болады.   

Балабақша  балаларына  сөздің  мағынасын  түсіндіріп  үйрету  үшін  заттың  табиғи  өзін 

көрсетудің маңызы зор. Балаларға құрғақ сөзбен айтқаннан гөрі, сол затты көрсету арқылы 

түсіндірген анағұрлым тиімді екенін сабақ барысында аңғаруға болады.  

Жаңа сөзді қазақша аудару арқылы жаңа сөздерді үйрету тәсілін сирек қолданамын, бұл 

тәсілді  үйреніп  отырған  сөздің  өзін  көрсете  алмаған  жағдайда  қазақша  аудармасы  арқылы 

түсіндіремін. 

Жаңа сөздерді қазақ тіліндегі сөздер арқылы түсіндіре отырып, меңгерту. Мысалы: аз –  

мало,  много - көп, ай -  луна, жаман -  плохо,  жақсы – хорошо т.б. 

Cурет арқылы жаңа сөздерді меңгерту. Жоғарыда айтып өткеніміздей суреттті пайдалану 

ең  тиімді  тәсіл.  Тақырыптарға  байланысты  суреттерді  жиі  қолданамын.  Мысалы:  «Оқу  -  

құралдары », «Ыдыстар» т.б.[3]. 

Ойын  баланың  алдынан  өмірдің  есігін  ашып,  оның  шығармашылық  қабілетін  оятып, 

бүкіл  өміріне  ұштаса  береді.  Сол  ойын  арқылы  біз  балалардың  сөздік  қорларын  байытып, 

дұрыс  сөйлеуге  үйретеміз.  Мысал  ретінде  «Балапан»  ойынын  алып  қарастырайық.    Бұл 

ойынның мақсаты: балалардың дүниетанымын кеңейту, тілдерін және  тез ойлау қабілеттерін 

дамыту.  Тақтада    жайылып  жүрген  үй  құстарының    балапандары  мен  мысықтың  суреттері 

ілулі  тұрады.  Мысық  балапандарды  жеуге  дайындалып  тұр.  Осы  мысықтан  балапандарды 

құтқарып алу керек. Балаларға осы мысықтан балапанды қалай құтқару керектігі түсіндіріледі. 

Ол үшін әр балапанның суретінің артында берілген тапсырманы кім тез және дұрыс орындаса 

сол бала балапанды құтқарып алады. Тапсырмалар қазақша сөздерді орысшаға аудару болады. 

Бұл  ойынды  ойнау  барысында    құстардың  пайдасы  мен  ерекшеліктері  туралы  балалар 

білгендерін әңгімелеп береді.  Қосымша жұмбақ, мақал – мәтелдер айтуға болады [4].  

Ойынның  өзіне  тән  мотивтері  болады.  Мысалы,  мазмұндық,  рөлдік  ойындар  баланың 

зейінін, есін, ойлауын, қиялын дамытады  және сөйлеу  арқылы  сөздік қорларын байытады. 

Бала ақыл – ой ойындарында ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, 

байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік – сезімдерін  де дамытады.  

Кеңінен  қолданылатын  ойынның    бір  түрі  –  ол  дамытушы  ойындар.  Дамытушы 

ойындардың  маңыздылығы  оқушыларды  ынта  –  ықыласын  есепке  ала  отырып,  оқуды 

қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші 

талап – баланың танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.  

Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді: 

 

Балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру. 



 

Баланы басқа балалармен жарыса білуге қалыптастыру. 



 

Білік пен дағдыны қалыптастыру. 



 

Ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету. 



 

Баланың  ойын  барысында  жеткен  жеңісі  оның  жаңа  алған  білім,  білік, 



дағдыларымен сәйкес келетіндігі. 

Ойын арқылы сөз мағынасы туралы берілген ұғымдарды бекітуге болады. Мұғалім бір 

сөзді  ақырын  ғана  айтады.  Балалар  айтылған  сөзге  қарама  –  қарсы  сөзді  табады.  Мысалы: 

мұғалім «ұзын» десе, оқушы « қысқа» деп, мұғалім «қара» десе, оқушы «ақ» деп  айтуы керек. 

Сол сияқты мұғалім мәндес сөздің біреуін атаса, бала сол сөзге мағынасы жуық екінші сөзді 

атауы тиіс.  

Мысалы: мұғалім «Отан» десе, балалар «туған жер», «атамекен», т.б.сөздерді айтады.[5]. 

Ойын  –  баланың  жан  серігі  деп  айтуға  болады.  Ойын  сырттай  қарағанда  ешқандай 

қиындығы  жоқ,  оп  -  оңай  көрінуі  мүмкін.  Ал  іс  жүзінде  бала  ойынға  қатысу  үшін  басқа 

балалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру мүмкін емес. 



550 

 

Сондықтан, дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, 



баланы  ойнай  білуге  және  ойлай  білуге  баулып,  ақыл  –  ой  қызметін  қалыптастырады,  әрі 

адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Балалардың ізденімпаздығын арттырып, 

тілдік,  сөздік  қорларын  көбейтеді,  білімге  деген  құштарлығын  арттырады.  Олардың 

салыстыру, ойлау, байқау қабілеттерін дамытады. Балалардың өмірінде ойын бірінші орында 

тұрады.    

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



Асанова А.Ж. Заманауи әлемдегі ғылым мен білім – Қ.: 2015,   бет 111,112,113 

2.

 



Қалиева Г.А. Наука и образование в современном мире – Қ .: 2015,   бет 349 

3.

 



Балтабаева  Ж.Ө.Бастауыш  сынып  мұғалімдерін  кәсіби  даярлаудың  проблемалары  мен 

келешегі – Қ.: 2003.   Бет 33,34  

4.

 

Омарова Д.Т. Проблемы и перспективы профессиональной подготовки учителей  -Қ.: 2003     



176 бет 

5.

 



Әлімбаева К.Д. 12 жылдық білімге көшу...  – Қ.: 2008.    бет 16  

 

 



 

МУЗЫКАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ ДЕТЕЙ ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА 

 

 

Сало Евгения Владимировна 

КГКП я/с №33 «Алтын бесік» 

 

 



Приобщение  к  музыке  вводит  ребенка  в  мир  волнующих,  радостных  переживаний, 

открывает ему путь эстетического освоения жизни в рамках, доступных его возрасту. Чтобы 

открыть перед ребенком дверь в этот мир, надо развивать у него способности, позволяющие 

успешно проявлять себя в музыкальной деятельности. Надо прежде всего воспитать у ребенка 

музыкальный  слух  и  эмоциональную  отзывчивость  —  два  важнейших  компонента 

музыкальности.  Вне  их  невозможно  приобщить  ребенка  к  этому  прекрасному  миру, 

невозможно и целостное развитие личности. 

Главнейший  показатель  музыкальности  —  эмоциональная  отзывчивость  на  музыку. 

Простейшие  сенсорные  способности  в  этой  области  являются  базой для  становления  более 

сложных  основных:  ладовысотного  слуха  и  чувства  ритма.  Этот  комплекс  способностей 

проявляется при восприятии музыки в слуховых представлениях, в исполнении и творчестве. 

Вопрос  о  взаимосвязях  между  объектом-музыкой  и  субъектом-ребенком  сложен  и 

противоречив.  Музыка  всегда  воздействует  в  единстве  своего  содержания  и  формы. 

Изменение звучания вызывает новое переживание у слушающего; оно создается в результате 

восприятия  музыкальных  образов,  выраженных  своеобразными  сочетаниями  средств 

выразительности. Некоторые из них выражены ярче и доминируют. Но они, всегда находясь в 

гармоничных и разнообразных сочетаниях, воздействуют именно в своем комплексе. 

Если  бы  можно  было  точно  перевести  на  язык  слов  содержание  музыкального 

произведения, объяснить словами смысл каждого звука, возможно, отпала бы потребность в 

музыке  как  таковой.  Специфика  музыки  в  том  и  заключается,  что  ее  язык  —  это  язык 

музыкальных  образов,  которые  не  передают  точных  понятий,  причин  и  следствий 

возникновения  какого-либо  явления.  Музыка  передает  и  вызывает  такие  чувства, 

переживания, какие подчас не находят своего полного, детального словесного выражения. 

Может  быть  понятно  и  объяснимо  основное  содержание  музыкального  произведения, 

его основная идея, развертывающаяся во времени. Но так как данное содержание раскрывается 

специфическими музыкальными средствами (мелодией, гармонией, ритмом, ладом, темпом и 



551 

 

т. д.), то для его понимания необходимо иметь представление о выразительном значении всех 



этих средств. Таким образом, понимание музыкального произведения предполагает осознание 

основной  его  идеи,  характера,  настроения,  передаваемых  специфическими  средствами 

музыкальной выразительности. 

Развитие  эстетического  восприятия  музыки  требует  определенной  системы  и 

последовательности.  Применительно  к  детям  дошкольного  возраста  восприятие  музыки 

возможно  путем  подбора  соответствующих  произведений.  Им  прививаются  простейшие 

навыки, закладывающие первые основы культуры слушания: умение выслушать произведение 

до конца, следить за его развитием, запоминать и узнавать его, различать его основную идею 

и характер, наиболее яркие средства музыкальной выразительности. 

В детском исполнительстве особое место  занимает  пение. Пение принадлежит к тому 

виду  музыкального  искусства,  которое  можно  назвать  самым  массовым  и  доступным.  Его 

воспитательное воздействие очень велико благодаря единству музыки и слова в песне и в силу 

самой природы естественного певческого звучания, вызывающего сильнейшие эмоции. Пение 

—  основной  вид  музыкального  искусства,  которому  последовательно  обучают  в  яслях, 

детском  саду,  школе  и  различных  самодеятельных  и  профессиональных  коллективах  для 

взрослых.  На  любой  ступени  обучения  детей  учат  правильному  звукообразованию,  ясному 

произношению,  чистому,  стройному  пению  (строю)  и  слитности  звучания,  одинакового  по 

времени, силе, характеру (ансамблю); формируют певческое дыхание. Освоение этих навыков 

-  путь  к  выразительному  исполнений,  к  формированию  слуха  и  голоса.  Развитие 

мелодического  слуха  особенно  интенсивно  происходит  в  условиях  обучения  пению. 

Музыкальное развитие активизируется, если устанавливается нужное взаимодействие слуха и 

певческого голоса. Слух контролирует качество пения, а вокализация требует упражнений в 

слуховом  внимании.  Пение  занимает  одно  из  ведущих  мест  в  деятельности  ребенка, 

обеспечивающей его разностороннее музыкальное развитие. 

Основная  идея  методики  игры  на  музыкальных  инструментах  —  близость  к  детской 

жизни.  Игра  на  инструментах  должна  возникнуть  в  быту  ребенка  и  сопровождать  его 

свободные игры. Звучание инструментов ассоциируется с жизненными явлениями, поэтому 

игра  приобретает  творческий,  импровизационный  характер.  В  этих  условиях  развитие 

музыкальности происходит интенсивно и плодотворно. Дети привыкают к инструментам, они 

пытаются самостоятельно подбирать мелодию, находят приемы игры. 

Музыкальный  инструмент  должен  рассматриваться  не  как  развлечение  с  помощью 

безделушек,  которыми  манипулируют  дети,  а  как  средство  развития  у  них  способности 

самовыражения, наиболее существенных сторон личности. 

Детское  музыкальное  творчество  формируется  не  только  в  пении.  Музыкально-

ритмические движения  — благодатная почва для становления и развития творчества детей. 

Песня,  музыкальная  игра,  танец  требуют  своего  исполнения.  Всем  видам  музыкального 

исполнительства присуща общая черта — исполнение всегда должно выражать музыкально-

эстетическое содержание, переданное в произведениях, будь то песня или танец, хоровод или 

инсценировка. Обе деятельности — и музыка, и движение — развертываются во времени. 

Процесс  детского  музыкально-ритмического  творчества  может  быть  схематично 

представлен  в  следующем  виде:  музыка  —  переживание  —  создание  музыкально-игрового 

образа. 


Характерная  особенность  музыкально-игрового  образа  —  его  синтетичность.  Дети 

применяют комплекс художественных средств из области музыки, литературы, драматургии, 

хореографии. Их внимание привлекает литературный сюжет, характерные черты персонажей. 

Но  первые  же  практические  пробы  воплощения  замысла  показывают,  что  дети  прекрасно 

чувствуют  выразительную,  организующую  силу  музыки.  Нарушение  тесных  взаимосвязей 

музыки и движения вызывает у них неудовлетворенность. 

Творческое  начало  лежит  в  основе  всей  жизни  современного  человека.  Искусство,  в 

частности  музыка,  таит  в  себе  большие  возможности  для  творческого  развития 

подрастающего поколения. 


552 

 

Музыкальное воспитание детей начинается с приобретения опыта, составными частями 



которого  являются  слушание  музыки  и  ее  сочинение.  Творческую  способность  называют 

способностью самовыражения;  это врожденная способность, которая может  быть развита в 

дальнейшем.  Творчество  располагает  детей  к  свободе  и  открытиям,  к  приключениям  и 

оригинальному выражению. Музыкальная деятельность может быть творческой, если в ней 

активно участвовать: драматизировать песни, интерпретировать их, сочинять ритмы и песни. 

Деятельность  является  творческой,  если  она  производит  что-нибудь,  чего  раньше  не 

существовало  для  ребенка  и  для  группы  детей  или  если  это  устанавливает  в  знакомом 

материале новые взаимоотношения. 

Детское творчество понимается как самостоятельная художественная деятельность. П. 

П.  Блонский  считает,  что  эстетическое  воспитание  предполагает  или  формирование 

творчества, или развитие восприятия и художественного вкуса. Он пишет, что эстетическое 

воспитание  есть  прежде  всего  развитие  эстетического  творчества;  «...каждый  ребенок  в 

потенции творец всяких в том числе и эстетических, ценностей: строя домики, он проявляет 

свое архитектурное творчество, лепя и рисуя, — скульптор и живописец; наконец, он сильно 

тяготеет к хороводу, песням, танцам и драматизации...». 

 

 



Используемая литература: 

1.

 



К. Тарасова «Развитие музыкальных способностей в дошкольном детстве» 2003г 

2.

 



Л. Шамиданова «Хрустальный сосуд музыки»  «Музыка детям» 2007г 

3.

 



Р.Матвеева «Программа музыкальное воспитание» 2007г 

 

 



 

ЕРТЕГІ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАР БОЙЫНА РУХАНИ –АДАМГЕРШІЛІК 

ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

 



Саналиева А.Т. 

КМҚК «Толағай» балабақшасы 



 

 

Жас ұрпақ бойына адамгершілік-рухани тәрбиені қалыптастыру – білім беру саласының 

өзекті  мәселесіне  айналып  отыр.  Ал  рухани-адамгершілік  тәрбие  беру  күрделі  процесс.  Ең 

алдымен ол ересектердің, ата-аналардың, педагогтардың әр балаға деген белсенді ықпалынан 

көрінсе, келесі кезекте мектепке дейінгі жастағы балалардың белсенділігін қамтитын мінез-

құлықтарынан, өзгелермен, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуінен көрінеді. Мұның бәрі 

адамгершіліктің негізгі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұратыны сөзсіз. Сонымен 

бірге,  бүлдіршіндердің  бойына  адамгершілік-рухани  байлықтың  қайнарын  сіңіріп,  оларды 

нағыз азамат ретінде тәрбиелеп шығару үшін жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгерлік 

ұстанымдарды, әділдік пен бір-біріне өзара көмек көрсете білулерін дамытқан жөн. Өйткені 

мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  рухани-адамгершілікке  тәрбиелеу,  болашағына  жол 

сілтеу  –  бүгінгі  қажетті,  кезек  күттірмес  мәселе.  Рухани-адамгершілікке  тәрбиелеу  білім 

берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәти-

жесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады.    

Сонымен  қатар,  ертегі  арқылы  балалар  бойына  рухани-адамгершілік    тәрбиені 

қалыптастыру  –  балабақшада  жүргізілетін  сан-салалы  жұмыстың  ең  маңыздысы  болып 

табылады.  Өйткені  балаға  бұл  өмірдегі  ең  бір  қызық  оқиғалар  осы  ертегілерден  табылады. 

Оның  балабақша  өміріне  қызығушылығын  арттыратын  да  осы  ертегілер.  Балабақшада 

«Шалқан»  ертегісін  оқытудың    мақсаты  -  ертегілерді  сахналау  барысында  кейіпкерлердің 

мінез  -  құлқын  жеткізе  білуге  үйретумен  бірге  балаларға  ұжымдық  тәрбие  бере  отырып, 



553 

 

бірігіп, ұжымдасып әрекет етсе, істің нәтижелі болатынын ұғындыру. Бірінші кезекте, суретке 



көңіл  қойып  мазмұнын  түсіне  білуге  үйрету  керек.  Ертегідегі  кейіпкерлердің  сөз  мәнерін, 

қимыл  -  қозғалысын  келтіріп  ойнауға  үйрету  аса  маңызды.  Сөздерді  анық  айтуға 

дағдыландыру,  есте  сақтау  қабілетін  дамыту  да  естен  шықпағаны  абзал.  Достыққа, 

қайырымдылыққа,  өзара  сыйластыққа,  мейірімділікке  тәрбиелеу  осы  ертегіні  балалардың 

өздерін қатыстыра отырып сахналау арқылы, нәтижесін сұрақ-жауап әдісімен бекіту арқылы 

жүзеге 


асырылады.  

Құрал  -  жабдықтары:  «Шалқан»  ертегісіне  арналған  костюмдер,  «Шалқан»  муляжі,  ертегі 

мазмұнына  сәйкес  сурет  –  таблицалар  болуы  тиіс.  «Шалқан»  ертегісінің  мазмұнын  толық 

меңгерген, ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киген балалар ертегіні өз беттерімен сахналай 

алады.  

Ал  «Бауырсақ»  ертегісін  өтерде  сабақтың  мақсаты  -  ертегі  кейіпкерлерін  қонаққа 

шақыра отырып, қиялы мен қабілетін жетілдіру болып табылады. Балалардың сөздік қорын, 

байланыстырып  сөйлеуге  дағдыландыра  отырып,  жағымды,  жағымсыз  қасиеттерді  айыра 

білуді үйрету қажет. 

Ертегі  өзара  сыйласып,  достық  қарым-қатынаста  болуға,  біреуге  қызғанып  қарамауға, 

бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелейді.  

Ертегі  мазмұнын  балалардың  қызығушылығын  арттыра  отырып,  қойылымның 

кейіпкерлері: шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкіні балалардың өздеріне сахналату 

арқылы ашуға болады. Көрнекіліктер: тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштарды да 

орынды пайдаланған жөн. Балалар осындай үйлесімді әрекеттер арқылы ертегі әлеміне еніп 

кететіндей болсын. 

Қорытындысында  неліктен  аю,  қасқыр,  жағымды  кейіп-керлерге  жатады?  –  деген 

тәрбиешінің  сұрағына:  -өйткені  олар  бауырсақты  жеген  жоқ,  -деп  өздері  ойланып  жауап 

беретін болады. – Ал түлкіні айлакер, қу деп ұғады. Осылайша ертегідегі жағымды, жағымсыз 

кейіпкерлерді  балалардың  өздері  танып  алады.  Сонымен  бірге  бауырсақтың  неден 

жасалатаны, түр-түсі, пішіні қандай болатыны жөнінде де түсініктер алады. 

 «Қасқыр  мен  жеті  лақ»  ертегісінің  үзіндісіне  тоқтала  отырып  бүлдіршіндердің 

қызығушылығын ояту  -  педагог шеберлігінің бір қыры болып табылады. Ертегіні  түсіндіре 

отырып,  сұрақ-жауап  әдісін  қолдана  отырып  бүлдіршіндердің  сөздік  қорын  молайту,  тіл 

байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту басты орын алады. Алдымен, суретін 

көрсете отырып қасқыр туралы, оның жабайы жануар екені, қауіпті аңдар қатарына жататыны 

туралы түсінік беру қажет.  Ал ешкі мен лақтың үй жануары екені, қандай қасиеттері бар екені 

туралы  балалармен  бірге  ой  бөлісу  қажет.  Сонымен  бірге  ертегі  мазмұны  балаларды 

батылдыққа,  сергектікке,  қиын  кезе  абыржымай  өз  беттерімен  шешім  қабылдай  алуға  да 

тәрбиелейді.  Айтқан  тапсырманы  бұлжытпай  орындауға,  ұсақ-түйек  нәрселерге  көңіл  бөле 

білуге,  зеректікке  тәрбиелеуде  де  аталған    ертегінің  маңызы  аса  зор.  Ертегіні  сахналатып, 

балаларға рөлдерді сомдатуда тіл байлығы мен ой ұшқырлығын дамыту басты мақсаттың бірі. 

Балалар  ертегі  мазмұнынан  қызығу,  ойлану,  әрекет  ету  арқылы    рухани-адамгершілік 

қағидаларын  да  ұғынатын  болады.    Айналасындағылардың  бәрін  ертегідей  қабылдаған 

баланың  бойында  өшпес  ізгілік  қалыптасады.  Мағжан  Жұмабаев:  «Жан  тұрмысы  өркендеу 

үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін, жас балаға ертегі тым қымбат 

нәрсе.  Бала  ертегіні  жан-тәнімен  тыңдайды.»  —  десе,  атақты  педагог  Сухомлинский  «Бала 

кезде  үш  жастан  он  екі  жасқа  дейінгі  аралықта  —  әр  адам  өзінің  рухани  дамуына  қажетті 

нәрсенің бәрін де ертегіден алады.», — дейді.  

Жер бетіндегі барлық халық ертегілерінің мазмұны мен мақсаты бір деуге болады. Оның 

себебі  Ұлы  Табиғат  балалармен  ертегі  арқылы  сөйлеседі,  ертегі  арқылы  сырласады,  ертегі 

арқылы өнеге, білім, тәрбие береді. Ертегілердің барлығы да бір-ақ тілде сөйлейді. Ертегі – 

баланы рухани- парасатқа тәриелеудің бірден-бір құралы. 

Ертегілер арқылы рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық 

сана  сезімі  оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениетті,  парасатты,  ар-ожданы  мол, 

еңбекқор,  іскер,  бойында  басқа  да  игі  қасиеттер  қалыптасқан  ұрпақ  тәрбиелеу  болып 



554 

 

табылады. Ертегі балаға рухани ләззат беріп, қиялына қанат бітіреді, жас баланың рухының 



өсіп  жетілуінің  бірден-бір  төте  жолы.  Бұл  -  балалардың  адамгершілік  сана-сезімін,  мінез- 

құлқын  қалыптастыруды  қамтиды.  Дәлірек  айтқанда,  адалдық  пен  шыншылдық, 

адамгершілік,  кішіпейілдік,  қоғамдағы  және  өмірдегі  қарапайымдылық  пен  сыпайылық, 

үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері. 

Адамгершілік  тәрбиесінің  әрқайсысының  ерекшеліктерін  жетік  білетін  ұстаз  халық 

педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең 

білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде 

пайдаланғаны дұрыс.  

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының 

нормалары,  ұйымдағы  қарым-қатынас  мәдениетінің  тұрақтылығын  қалыптастырады. 

Бүлдіршіндердің  адамгершілік  санасын  қалыптастырып,  оның  мінез-құлқы  мен  іс  әрекетін 

анықтайды. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет