18. «Қу түлкі» (ІІ нұсқа). Мәтін ӘӨИ-дің Қолжазба қорында
сақталған (914-бума, 1-дәп., 94-б.). Ел аузынан жазып алып,
қор ға тапсырған—Жақыпов Сайлаубек. Қолжазбаның соңын-
да: «Өлеңнің басы Қабылбаев Құсайын мен бәйбішесінен, туыс-
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
374
тары Шәпішова Майсарадан 1983 жылы жазылды. Ұмытылған
жолдары қосылды»,—деген ескерту жазылған.
«Қу түлкі» мысал өлеңі алдыңғы «Түлкі мен қасқыр» атты
туындының нұсқасы болып табылғанмен, мазмұндық және
көлемдік тұрғыда ерекшеліктері де аз емес. Мысалы, «Түлкі
мен қасқыр» өлеңінің көлемі 32 шумақтан тұрса, «Қу түлкінің»
көлемі—20 шумақ. Сонымен бірге 2 нұсқада алдыңғы мәтін дегі
«бөдене» оқиғасы түгелімен енбей қалған (5 шумақ). Өзгер-
ген сөздерді, жолдарды есептемегенде, «Қу түлкі» нұсқасында
түлкі мен қасқыр арасындағы іс-әрекеттер, диалогтар енбей
қалған. Атап айтқанда:
Үстіме аунап ойнаушы ең тойған сайын,
Сендей ақымақ батырдың орны дайын.
Осы қазған ұраның иесі кеп,
Сойғанын жон-теріңді бір байқайын,—
деген сияқты толық шумақтар қамтылмаған (Барлығы—7
шумақ). Екі нұсқаның басталуында айырмашылық болма ған-
мен, соңы былайша аяқталады:
«Түлкі мен қасқырда»:
Түлкіні кетті таз ит қуып алып,
Ауызды әне салып, міне салып.
Адымын жүйрік қыран ашырсын ба,
Бас салды көк желден бір-ақ шалып.
«Қу түлкіде»:
Жігіттер, бұл түлкідей болма зәлім,
Әстілі көргенсізден алма тәлім.
«Құйрығы арамзаның бір-ақ тұтам»,—
деген сөз осы жырдан болар мәлім.
Томға өлеңнің «Қу түлкі нұсқасы түпнұсқа бойынша
дайындалды.
375
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
374
19-22. «Құныққан бүркіт», «Жылқыдан туған есек»,
«Семірген есек», «Шыпжың торғай». Бұл туындылардың
түпнұсқалары ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақталған (1024-
бума, 2-3-дәп.).
Томға мәтіндер қолжазбалар негізінде дайындалды.
23. «Тышқан мен түйе». Өлең ӘӨИ-дің Қолжазба қорында
(1102-бума, 4-дәп., 16-б.) сақталған. Жинап, қорға тапсырған—
Аманжолов Қысыраубек. Қолжазба сарғайып, тоза бастаған.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба бойынша
әзірленді.
24. «Арыстан, киік, түлкі». Туынды ӘӨИ-дің Қолжазба
қорында (856 бума, 7-тізім) сақталған. Мәтінді ел ішінен жи-
нап, 1979 жылы қорға тапсырған—Батталов Ғаббас.
Томға мәтін аталған қолжазба бойынша ұсынылды.
25. «Меншіл есек». Өлең алғаш Жезқазған облысының ау-
дандық «Жаңаарқа» газетіне (1976, 25 маусым) жарияланған.
Мәтіннің түпнұсқасын 1987 жылы ӘӨИ-дің Қолжазба қоры-
на тапсырған—қарт ұстаз Бармұхаметов Сәбит (985/1-бума,
3-дәп.).
Томға мәтін қолжазба негізінде әзірленді.
26. Қойшы мен қасқыр. Мәтін араб әрпінде жазылған. Қорға
1940 жылы Молдаханов Өмірхан тапсырған. Қолжазба ОҒК-
ның қолжазба қорында (Қ.682) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған мәтін түпнұсқа негізінде дайын-
далды.
27. Тоты құс. Мәтінді жинап қорға тапсырған—К.Шәменов.
Жырлаған—Майлықожа. Қолжазба ОҒК-ның қолжазба қо-
рында (Қ.337. №9) сақтаулы.
Томға мәтін еш өзгеріссіз түпнұсқа негізінде ұсынылды.
376
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
ІІ. МЫСАЛ АЙТЫСТАР
1. «Нәсира мен Шолым». Айтыстың мәтіні бұрын еш жер-
де жарияланбаған. Шығарманың қолжазбасы ОҒК-нің қол-
жазба қорында (Ш.1717) сақтаулы. Жинаушысы және тап-
сырушысы—Д.Үрпеков. Қорға 1974 жылы түскен.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні түпнұсқа негізінде
дайындалды.
2. «Ажал мен жанның айтысы». Айтыс бұрын жарық көр-
меген. Туынды оқушы дәптеріне араб әрпімен жазылған.
Томға мәтін ОҒК-нің қолжазба қорындағы (304-бума, 1-дәп.)
түпнұсқа бойынша әзірленді.
3. «Төрт түлік мал туралы айтысы» алғаш «Айтыс» кітабын-
да (1966, 3-т., 569-572-б.) жарияланған.
Айтыстың түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (458-
бума) сақтаулы. Айтыс жетісулық ақын Нұрлыбек Сексенбаев-
тың айтуынан жазылып алынған. Басылым мен түпнұсқа
арасында айырмашылық кездеспейді.
Томға айтыс мәтіні ӘӨИ-дің қолжазба қорындағы түпнұсқа
бойынша ұсынылды.
4. «Тай мен жігіт». Айтыстың мәтіні бұрын жарияланбаған.
Шығарма қолжазбасы ОҒК-ның қолжазба қорында (Ш.233,
1-дәп.) сақтаулы. Айтушы және жинаушы—Тоқсанов М. Мәтін
ақ қағазға латын әрпінде жазылған.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні жоғарыда аталған
түпнұсқа бойынша әзірленді.
5. «Жас бұзау мен қатын». Бұрын баспа бетінде жария-
ланбаған. Түпнұсқасы ОҒК-ның (Ш.273, 3-дәп., 1-5-б., 1941 ж.)
қолжазба қорында сақтаулы. Жинаушысы—Сәрсенбаев С.
Томға енген айтыс мәтіні түпнұсқа негізінде дайындалды.
376
377
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
6. «Жылан мен адамның айтысы». Бұрын жарияланбаған.
Жинаушысы Жақсыбай (тегі көрсетілмеген—құраст.) айтысты
1946 жылы 15 желтоқсанда Белбасар колхозының тұрғыны
Сейітқасым Ибрагимов деген кісіден жазып алған. Айтыстың
қолжазбасы ОҒК-ның (700-бума) қолжазба қорында сақтаулы.
Мәтін ақ қағазға көк сиямен араб әрпінде жазылған.
Жалпы айтыс жылан мен адамның арасында болғанымен,
оларға түлкі де араласады.
Томға ұсынылған айтыс мәтіні түпнұсқа негізінде ұсы ныл ды.
7. «Бұлбұл мен қаршыға». Айтысты жинаушы—Бақберге-
нов Мұқаш. Р.Мәзходжаев бұл айтысты 25 жасында әкесінен
үйренген екен. Айтыстың қолжазбасы ОҒК-ның қолжазба
қорында сақтаулы (302-бума, 1-дәп.).
Томға айтыс қолжазба негізінде әзірленді.
8. «Жастық пен кәрілік». Айтыстың мәтіні бұрын еш жерде
жарияланбаған. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (332-
бума, 1-дәп.) сақтаулы. Жинаушысы—Т.Ауатанов.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні түпнұсқа негізінде
әзірленді.
9. «Шаруа мен тарының айтысы». Айтыс алғаш рет
жарияланып отыр. Қолжазбасы ОҒК-нің қолжазба қорында
(700-бума, 4-дәп.) сақтаулы. Жинаушысы—М.Оспанов. Мәтін
көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні жоғарыда аталған
қолжазба бойынша дайындалды.
10. «Ашу мен ақылдың айтысы». Мәтін 1991 жылғы
Қыдырәлі Саттаров басқарған «Мырзашөл» фольклор экспе-
ди
циясы кезінде Қуаныш Асылбаевтың орындауы бойынша
жазып алынған. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(920/71-бума, 42-б.) сақтаулы.
Томға мәтін қолжазба негізінде дайындалды.
377
378
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
11. Бабай мен қасқыр айтысының мәтіні бұрын жария-
ланбаған. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.301, 3-дәп.)
сақтаулы. Айтысты І.Баймағанбетовтың айтуынан 1962 жылы
жазып алған—Жұматай Мәдиев. Қолжазба Көкшетау облысы,
Александр совхозында жазылған. Мәтін бір жолды оқушы
дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Томға енген мәтін жоғарыда аталған түпнұсқадан алынды.
12. Көкқұтан мен шымшық. Мәтін алғаш «Айтыс»
жинағында (1965, 2-т., 606-607-бб.), Т.Ізтілеуовтың «Назым»
кітабында (1982) жарияланған.
Айтыстың түпнұсқасы ОҒК-ның қолжазба қорында (Ш.714,
1-дәп.) сақтаулы. Айтушысы—Т.Ізтілеуов. Жинақты дайындау
барысында шығарманың 1965, 1982 жылдардағы басылымдары
мен түпнұсқа салыстырылды. Басылымдарда тек қана бір өлең
жолы ғана өзгеріске ұшыраған. Атап айтқанда, түпнұсқадағы
«Қалмайық қапияда өкініш жеп» деген өлең жолы басылымда
«Кетпейік қапелімде өкініш жеп» деп өзгертілген. Ол өлең
жолы түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Мәтін томға түпнұсқа (Ш.714, 1-дәп., ОҒК) негізінде ұсы-
нылды.
ІІІ. МЫСАЛ ӘҢГІМЕЛЕР
1-7. «Қу түлкі», «Қырғи мен бөктергі», «Екі бұғы», «Түлкі
мен қоян», «Арыстан күшігін асыраған мысық», «Ақымақ
қасқыр», «Тау мен қаңбақ». Туындылардың қолжазба
нұсқалары ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақтаулы (520-бума,
78, 43, 72, 71, 73, 74, 7 бб.). Оларды 1964 жылғы «Оңтүстік
Қазақстан экспедициясы» барысында жазып алып, қорға тап-
сырған—филология ғылымдарының докторы Н.Төреқұлов.
Томға мәтіндер аталған қолжазбаның негізінде дайын-
далды.
378
379
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
8-10. «Түлкі мен қырғауыл», «Көбелек пен маса», «Тапқыр
қоян». 2002 жылы ұйымдастырылған «Фольклорлық мұраларды
жинау экспедияциясы» барысында М.О.Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері
жазып алған. ӘӨИ-дің Қолжазба қорына тапсырған—экс пе-
диция жетекшісі, профессор Қ.Саттаров.
Томға мәтін қолжазба (920/136-бума, 24, 27, 28 бб.) негізін-
де дайындалды.
11-45. Бұл мәтіндер Шынжаң Халық баспасынан шыққан
«Күлдіргілер» атты жинақтан (563-620 бб.) алынды. Мәтін араб
әрпінде басылған.
МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЕСІМДЕР
Жүсіп—Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пайғамбар. Құ-
ранда оған үлкен сүре арналған, бірақ оның тарихы толық
қамтылмаған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (Иосиф Прекрасный) деп
аталған. Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала
отырып, Фердауси Тусиден бастап көптеген шығыс ақындары
жүзден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтар арасында да
осы тақырыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген дас тан
бар.
Мұхаммед—ең соңғы пайғамбар, Ислам дінінің негізін
салушы. Мұхаммед (с.а.с.) 570 жылы Мекке қаласында дүниеге
келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге кел-
местен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул
Алла
*
алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа
(с.а.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң атасы
Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің тәр-
биесінде болған. Алғашқы уахи хазірет Мұхаммед Меккеден
үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні
таң алдында рамазан айында түсті. Мұхаммед 610 жылдары 40
жасында Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—Исламды
уағыздай бастайды. Мұхаммед (с.а.с.) Ислам дінін жария еткен-
де арабтардың басым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар Ислам
дініне қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан
б.д. 622 жылы Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге
*
Расул Алла—[Расул (а)—елші]—Алланың елшісі.
381
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударады. Бұл жыл Ислам
жыл санауының басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—
«хижра», яғни «қоныс аудару» деген сөз. Мұхаммед Мұстафа
(с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдина қаласында қайтыс болды.
Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты),
«Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла»
(Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар.
Ібіліс—діни ұғымда көктен қуылып, адамдарды Алланың
ақ жолынан тайдыратын, күнәға ұшырататын перінің есімі.
Ібілісті басқаша—шайтан, «Алланың жауы» немесе жай ғана
«дұшпан» деп атайды. Құран Кәрім бойынша Ібіліс Алланың ті-
лін алмаған, Адам атаның алдында тізе бүгуден бас тартып, «мен
одан артықпын; сен мені оттан, оны топырақтан жаратқансың»
деп қарсы шыққан. Міне, осы әрекеті үшін ол көктен қуылып,
тозақ отына түсуге ұйғарылды. Алайда Ібіліс Алладан жазасын
қиямет қайымға дейін кешіктіруін жалбарынып сұрады және
ол өзіне іштей Аллаға жерде қастық істеуге және адамдарды
теріс жолға азғыруға уәде берді. Раджим—«таспен атқылан-
ған» (күнәлі немесе ақ жолдан тайған)—Құранда жиі кездесетін
Ібіліске байланысты қолданылатын эпитет.
РУ АТАУЛАРЫ
Адай—Кіші жүздің он екі ата Байұлыдағы басты рулардың
бірі. Қыдырқожа әулетінен тарайтын Байұлыда: Есентемір,
Адай, Беріш—үш ру бөлек аталып, өзінше бір топ құрайды. Ел
аузында «Есентемір, Адайсың, Берішіңмен қалайсың?» деген
сөз де бар. Адай руы Байұлы ішінде халқының саны жағынан да
алдыңғы орындардың бірін алады. ХІХ ғасырдың орта шенін-
дегі есеп бойынша, Адайлар қырық мың түтін болған. Осы Адай-
лар негізінен үлкен екі атадан—Құдайке мен Келімбердіден
тарайды.
Албан—шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді. Албан
атауы көне жазба тарихи деректерден белгілі. V-VI ғасырларда
Албандар Жетісу өңіріндегі Үрбі (Юебань) қауымдастығында
чубань тайпасы аталып, Дулу одағында болған. Қазақ шежіре-
сі бойынша, Бәйдібектің Домалақ ана (Нұрила) есімді кіші
әйелінен туған Жарықшақтың тұңғыш ұлынан тараған тай-
па. Атамекені—Оңтүстік-Шығыс Жетісу. Кейбір ұрпақтары
Қазығұрт тауының (Оңтүстік Қазақстан) бөктерін мекендей-
ді. Ұраны—Бақтияр, тайпалық ұраны—Райымбек, Бәйдібек,
таңбасы—дөңгелек.
Арғын—қазақ халқын құраған негізгі тайпалардың
бірі. Шежіре бойынша Орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі
қонысы—Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен
Балқаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның
383
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
ежелден келе жатқанын Орхон жазба ескерткіштеріндегі,
Қытай жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс зерт-
теушісі Н.Аристовтардың еңбектері айғақтай алады. Қазақ
шежіресінде Арғындар бәйбіше Арғын, тоқал Арғын болып
екіге бөлінеді. Бәйбішеден тарағандар «бес мейрам» аталып,
Қуандық, Сүйіндік, Бегендік (Қозған), Шегендік (Қақсал),
Қаракесек деген аталарға бөлінсе, тоқалдан тарағандар «жеті
момын» аталып Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін, Қарауыл,
Атығай, Сарыжетім, Шақшақ болып жіктеледі. Арғын
тайпасының ұраны—Ақжол, таңбасы—көзтаңба (оо).
Әлім, Әлімұлы—Қаракесек деп те аталады. Әлімұлының
алты тармағы болғанына орай ел ішінде «Алты Әлім» деп
те атайды. Шежіре бойынша Әлімұлына Жаманақ (Шекті),
Қарамашақ (Төртқара), Айнық (Қарасақал), Ұланақ (Қара-
кесек), Тегінболат (Қарасақал), Тойқожаны (Ақкете) жатады.
Әлім тайпасынан Жалаңтөс баһадүр мен Әйтеке биден бастап
Алты Алашқа белгілі Есет, Көтібар, Құлбарақ, Жанғожа,
Ақтан, Алтай, Арал батырлар, қарасақал Ерімбет ақын,
Нұртуған жырау, Жетес шешен, Әжібай, Сопақ, Мырзағұл т.б.
билер шыққан.
Дулат—қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының
бірі. Қазақ шежіресі бойынша Дулат—ұлы жүз құрамына
кіретін ірі тайпалардың бірі. Н.А.Аристов жазып алған
Диханбай батыр шежіресі бойынша, Үйсін Бәйдібектің кіші
әйелі Домалақ енеден (Нұрила) туған Жарықшақтан Албан,
Суан, Дулат тарайды. Дулат өз ішінде Сиқым, Жаныс, Ботбай,
Шымыр болып бөлінеді.
Жалайыр—Ұлы жүздің құрамына кіретін рулардың бірі.
Диханбай батыр шежіресі бойынша (Н.Аристов жазып алған),
Үйсіннен Ақсақал, Жансақал, Жансақалдан Жалайыр тарай-
ды. Басқа бір шежірелерде Майқы биден тарайтын Жансақал
мен Жалайырды бір адам деп көрсеткен. Жалайырдың шын
384
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
аты Қабылан екен. Аңыз бойынша, жабайы құланның жалын
айырып, содан Жалайыр атанған. Жалайырдан Сырманақ,
Шуманақ, Бірманақ боп үшке бөлінеді. Рулық белгісі—тарақ
таңба.
Қаңлы—қазақ халқының негізін құраған ежелгі тай
па-
лардың бірі. Түп-тегі көне түріклерден бастау алатын қаңлы лар
қазір қазақтан өзге өзбек, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт т.б.
құрамында да кездеседі. Қаңлылардың жауынгерлік ұраны:
«Байтерек», «Айрылмас», ал рулық таңбасы—көсеу (I). Қазақ
шежіресі бойынша, Ұлы жүздің құрамына енеді.
Қоңырат—Орта жүз құрамындағы тайпа. Түркі халық-
та
рының, соның ішінде қазақтардың этникалық тарихында
қоңырат тайпасының өзіндік орны бар.
Қыпшақ—қазақ халқының қалыптасуына ерекше үлес қос-
қан, тарихи деректерде көне замандардан-ақ белгілі тайпа. Бір
дәуірлерде оның атақ-даңқы тек қандас түрік жұрттары ның
арасында ғана аспандап қоймай, Еуропа мен араб елдері не де
әйгілі болып, қыпшақ атауы бүкіл түрік тектес елдерді ая сында
қамтитын кең мағынада да қолданылды.
Найман—көптеген зерттеушілердің пікірінше, «найман»
атауы моңғолша «сегіз» деген сөзді білдіреді. Қазақ хал-
қының шежіре деректері бойынша найман орта жүздегі
аса ірі тайпалардың бірі. Найманнан Терістамғалы (Елата),
Сарыжомарт (Ергенекті Найман), Телегетай, Сүгірші сияқты
үлкен рулар тарайды. Найманның ортақ таңбасы—бақан (Ү),
ұраны—Қаптағай.
Ошақты—Ұлы жүз Үйсіннен тарайтын тайпа. Қазақ ше-
жіресі бойынша, Ошақты Бәйдібек биге немере болып келеді.
Оның әкесі Жәлменде үш әйел алады: Мапыраштыдан—
Шапырашты, Қарашаштан—Ошақты және Сландыдан—Ыс-
384
385
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
ты. Ошақты руы алты атадан тұрады: Байлы (немесе Байна-
зар), Қоңыр (Қойназар), Аталық (немесе Бекназар), Тасжүрек
(Ақназар). Байлы төрт атаға бөлінеді: Сүзік (Созақ), Байсары,
Қасқа, Қабыл.
Суан—Қазақ шежіресі бойынша, жоғарыда айтылған Үйсін
Бәйдібек бидің Жарықшақ атты баласынан өрбіген тайпа. Ол өз
ішінен ірі-ірі төрт атаға бөлінеді: Тоқарыстан, Байтөгей, Бағыс,
Жесегір. Оның арасында тағы төртке: Тұрдымбет, Мұрат,
Бердіке мен Баубекке жіктелетін Тоқарыстан толымды ата
болып есептеледі
Үйсін—Ақарыстан (жоғарыда аталған шежірелер бойын-
ша) Жұмабай, Ұзынсақал Ыбырайым; осылардың бірінен Кейкі
би; Кейкіден—Майқы би; одан—Бақтияр; Бақтиярдан: Үйсін,
Ойсыл. Үйсін өз ішінде Ақсақал (Абақ), Жансақал (Тарақ)
болып жіктеледі.
Шапырашты—Ұлы жүз құрамына кіретін тайпа. Қазақ
шежіресінде Шапырашты Үйсіннің шөбересі, Бәйдібектің
немересі. Ал Бәйдібек болса Ұлы жүздің жеті руының (Сары-
үйсін, Албан, Суан, Дулат, Ысты, Ошақты, Шапырашты) түп
атасы.
Ысты—Ұлы жүз Үйсіннен тараған тайпа. Қазақ шежіресі
бойынша, Бәйдібек бидің Жәлмембет деген баласынан өрбиді.
Ысты екі ата: Ойық пен Тілікке тарайды. Ойықтан төрт
тармақ: Есім, Малай, Таз, Құлаышы; Тіліктен: Тазша, Таздар,
Асанқараған, Сексен, Байқараған, Қоңыр, Жырымсыз бен
Ақмолда тарайды. Ұраны—«Жауатар».
25-0184
Ағызаз—мәртебе, ұлық, қадірлі
Айлақ—теңiз, көл жағасында кеме тоқтатуға арналған
қолайлы су алаңы
Ақырап /а/—ескіше қазан айының аты
Арамза /а+п/—1. Мезгілінен бұрын туған қозы, лақ.
2. Залым, қу, алдамшы
Атымсыз—жөн-жоба
Аэроплан /о/—ұшақ
Аянкестік—аяншақтық, аянпаздық, жанын аяғыштық
Аят /а/—Құран сүресінің құрылымдық бөлігі
Әжуал /а/—келеке, мазақ
Әзелде /а/—әуелде, баяғыда, о баста
Әнжам /п/—ат саймандары (ер тоқым)
Әрпі—орташа, қатардағы
СӨЗДІК
387
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Бадал—қозғалмай бір орнында қақшиып қалу
Бадамша—бадам ағашының қалың тікенді бір түрі
Бадан—жапырағы мен тамыры тері өңдеуде қолданыла тын
көпжылдық шөп тектес өсімдік
Бақадархал—көп жыл; шамамша, халқадар
Балағат—бейпіл, былапыт сөз
Бәйіт /п/—жыр, өлең
Беглен—бекзада
Бейқам—қамсыз, жайбарақат
Бейіш /а/—жұмақ
Бина /а/—құрылыс, ғимарат
Бинамаз—бейнамаз, намаз оқымайтын адам
Биялай—матадан не былғарыдан тігілген, жүннен тоқыл-
ған қолғап
Боғжама /к/—ою-өрнек, шашақ салып тоқылған дорба
Бостан—бостандық, еркіндік
Бошала—ұрғашы малдың төлдер алдында шыдамсызда-
нып, оңаша жерге ұзап кету
Бұзаубас—зиянды, улы жәндік
388
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Гөзел /т/—дала аңы; киік, қарақұйрық, жайран секілді
жүйрік түз тағысы
Гүлістан—гүлденген ел, өлке; мәтінде кездесетін шаһар
атауы
Ғазап /а/—ауыр бейнет, қиыншылық
Ғамкүн /п/—көңілсіз, жабырқау
Ғаріп /а/—бейшара, мүсәпір, міскін.
Ғибрат /а/—тәжірибе, өнеге, үлгі
Дағар—астық, ұн, тезек салатын үлкен қап, қанар
Дал—не қыларын білмей дағдарып, дел-сал болған күй
Дәстеп—демде, тез
Делбе—көңiл аулау, ойын бөлу
Дурак /о/—ақымақ, жынды
Дүм /п/—1. Адамның бөксесінің төменгі жағы, арты. 2. Бір
нәрсенің арты, төменгі жағы
Жаужапырақ—таулы жерде өсетін үлкен жапырақты өсімдік
Жаһіл /а/—надан, топас, қараңғы адам; ұятсыз, мейірімсіз
Жәннат /а/—бақ. О дүниеде күнәдан ада, таза адамдардың
баратын орны (жұмақ, пейіш). Жәннат—бұлақтар мен сулары
мол, саялы бақ. Онда дәмі өзгермейтін сүт өзені, бал өзендері
388
389
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
ағады. Жәннатқа түскендер қалаған нәрселерін ішіп-жейді.
Жәннатты ридуан бастаған періштелер күзетеді.
Жөйіт, жойыт—қара күшке мығым, алапат
Жөргем—ішек
Жыланқияқ—көк гүл жаратын көпжылдық өсімдік
Заһар—у, улы зат
Зәмзәм—Меккедегі қасиетті құдық, сол құдықтың киелі,
шарапатты суы.
Зәуеде—дәу
Зікір /а/—Алланы еске алу
Йар мүләйім /п/—жақсы, мейірімді дос
Ишарат—бір нәрсені меңзеу
Кебек—жазық, тегіс жер деген мағынада.
Кепіреш—дәрінің бір түрі
Керік /т/—жазық, кең; жираф; ауыспалы: жүйрік ат
Кеурек—шөлде өсетін шөптің аты.
Кеуіл—көңіл
Көксал—көн, былғары
390
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Көксоқта—қар еріп, жердің жүйесі босап, тоңы жібіп
жатқан мезгіл
Күшәла—емдік өсімдіктің бір түрі
Кіреу—қалың, көп
Қағанақ—малдың іштегі төлін орап тұратын жұқаша қа бық
Қадақ—салмақ өлшемi
Қаншыр—арыстанның ұрғашысы
Қасат—тығыздалып қалған, қатқыл қар
Қаусар—адамға шабуыл жасайтын бураның аузына кигі-
зілетін темір құрсау
Қашамалы—қашалған, қашалып, кертіліп, жырылып са-
лынған
Қожанты /ж/—үлкен пышақ. Атауы Ходжент қаласымен
байланысты
Қолат—қара топырақты жер, жайылым, сай
Мақшар—ақырзаман күнінде болатын сот
Мандам—жылқыда болатын жұқпалы ауру
Мәжнүн /а/—есі ауысқан, есуас
Мәлін—үй мысығына ұқсас жыртқыш аң
390
391
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Мәулет—белгілі бір істі, тапсырманы орындауға берілген
уақыт, мерзім; мүмкіндік
Мекер /а/—қу, залым
Мекиен—жұмыртқа салатын тауық
Меһірбан, маһырбан /а/—мейірбан, рақымды
Мизам—заң, ереже; қыркүйек айының ескіше атауы
Можы—емдік қасиеті бар өсімдіктің бір түрі
Мұқыл /а/—біржола, мүлдем, тіптен
Мұнафиқ /а/—сырттай мұсылман, ішінен ислам дініне
қарсы екі жүзді адам
Мүсәпір /а/—1. Саяхатшы, жиһанкез; жол азабын тартып,
қиындығын көрген жолаушы. 2. Жоқшылық, кемтаршылық
зардабын көп тартқан, бейшара, шарасыз, жарымжан.
Мүшкіл /а/—қиын жағдай, шетін іс, шатақ; қиындық.
Мылты—қапы, мылт
Мысқал /а/—салмақ өлшемі; болар-болмас, шамалы
Мінәжат /а/—жалбарану, құлшылық қылу
Нәмәрт—тексіз, жетесіз, нашар
Орбита /о/—аспан планеталарының күндi айналу жолы;
планета сыртындағы кеңiстiк
392
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Ошал—осы, бұл
Параход /о/—параход, кеме
Пәлек /п/—қауын-қарбыз, асқабақ, қияр тәрізді өсімдік-
тердің сабағы, көлбей өскен өркені
Пәстік—аласа, биік емес, төмендік
План /о/—жоспар
Релос /о/—рельс, темір жол рельсі
Сар апақ—қапақтан жасалған ожау деген мағынада
Сатылан—саты-саты болу
Сәдеп /а/—маржанның қабығы, қабыршағы
Сәулет—қуат, күш
Сопы—дін жолына түскен, пірадар адам.
Сұбхан/а/—жасаған, күшті, құдіретті; Алла тағаланың 99
есімінің бірі
Сымбал—буылған тең, асыл бұйым
Сілемей—сілекей
Тоғанақ—буылған толымды жүк
Томаша—құстың кішкентай түрі
Тотияйын—химиялық зат, дәрі
392
393
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Ұжмақ—жұмақ, о дүниедегі рахат орын; пейіш; ауыспалы
мағынасында: жайлы мекен
Ұлұғ /т/—ұлы
Ұтыл—тізе бүгу, жеңілу
Үңіт—жолы, жайы
Фәни /а/—тұрағы жоқ, баянсыз, өткінші, опасыз дүние
Хадис—әңгіме; хикая; хазіреті мұхаммед [с.а.с.] Пайғам-
барымыздың айтқан ұлағатты, қасиетті, даналық сөздері,
өсиеттері
Хор—1. Сұлу, көркем, кемшіліксіз, сымбатты. 1. Діни на-
ным бойынша жұмақта болатын мәңгі жас, айдай сұлу қыз
Шайлап—қозғала алмай қалу
Шарша—мезі болу
Шел—тері мен еттің аралығында біткен жұқа май қабаты
Шер—арыстан деген мағына береді
Шерік—1. Жиын. 2. Сарбаз, жауынгер
Шерімберді—бұл жерде ұйқас қуалап жазылған
Шиті—мылтық
Шым—қатты, берік
Ыбырат—ғибрат, нақыл сөз
394
ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
Аралсор—Батыс Қазақстандағы тұзды көл.
Ақсеңгір—Алматы облысындағы өзен.
Алатау—1) Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Феде-
рациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға
Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз
Алатауы, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы т.б. жатады. 2) Жетісу
және Іле Алатауының халық ұғымындағы жалпылама атауы.
Алтай—Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке.
Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс
Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған.
Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі,
ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді.
Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс
Саянмен жалғасады.
Антарктида—Оңтүстік поляр аймағының орталығындағы
материк. Антарктида Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарымен
қоршалған. Антарктиданы түгелге жуық қалың мұз басып
жатады.
Арқа—Қазақстандағы аса ірі географиялық нысан. Бұл
Сарыарқа деп те аталып, тұтас алғанда Орталық Қазақтанды
394
395
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
білдіреді. Шындығында, Арқа—Орталық, Шығыс, Солтүстік
Қазақстанды қамтитын үлкен аймақ. Арқа туралы тарихшы
Құрбанғали Халидтің «Таварих-и Хамса-йи шархи» атты
ең
бегінде көп деректер бар. Әбілғазы Бахадүр «Түрікмен
шежіресі» атты еңбегінде Арқа-Дешті-Қыпшақ деген үш сөзді
бір топонимдік атау ретінде пайдаланған.
Астрахан, Астрахань, Қажы тархан—қала, Ресей Феде-
рациясының облыс орталығы. Еділ өзенінің екі жағалауын
ала Каспий теңізінен 150 шақырым қашықтықта орналасқан.
ІІІ ғасырда Астарханның орнында хазарлардың ежелгі аста-
насы Атель (Әтел, Итиль), VІ ғасырдың аяғында Балангир
қаласы болды. ХІІІ ғасырда Шыңғысхан ұрпақтары ескі
қаланың орнына Сыйтархан қаласын салды да, ХІV ғасырда
хандықтың астанасы етті. 1459-1556 жылдары Астархан
хандығының басты қаласы болды.
Асы—Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының ауқы-
мындағы ауылдық әкімшілік округ орталығы, жайлау, өзен
атауы.
Әулие ата—ежелгі Тараздың орнына ХVІІІ ғасырда са-
лынған қала. 1864 жылға дейін қоқандықтар қоластында
болды. 1938 жылы Жамбыл есімі беріліп, 1997 жылы көне
Тараз атауын қайта иеленді.
Бағдат—(кей жорамалдарға қарағанда ежелгі парсы ті-
лі нің «бага»—құдай, «дад»—берген, яғни «құдай сыйы» сөз-
дері
нен шыққан)—1921 жылдан қазіргі Ирак мемлекетінің
аста на сы. Тигр өзенінің екі жағасын бойлай, Дияла өзенінің
саға сы на жақын салынған. Қаланы «Мадинат ас-Салам» (Бейбіт-
ші лік қаласы) деген атпен халиф Мансур 762 жылы салдырған.
Бағдат—орта ғасырларда араб әдебиеті мен мәдениетінің
орталығы болған қалалардың бірі. Осында бірсыпыра шығыс
ғалымдары [Насреддин Туси, Әл-Фараби т.б.] оқып, білім алған.
396
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Бақай—Іле Алатауының қиыр шығыс бөлігіндегі тау.
Боғда көлі—ҚХР Шыңжаң ұйғыр автономиялы айма ғын-
дағы көл.
Бұхар—Орталық Азиядағы бұрынғы елдің, қазіргі Өзбек-
стан мемлекетіндегі облыстың аты. Орталығы—Бұқара қаласы.
Бұқара әсіресе XVIII—XIX ғасырларда күшті өркен
деп,
исламның ықпалды тірегіне әрі діни-ғылыми орталықтары ның
біріне айнала бастады. Бірқатар мұсылман халықтары, оның
ішінде қазақтар да оны «Бұқара Шариф», яғни қасиетті қала
деп атаған.
Гималай—Жер бетіндегі аса биік тау жүйесі. Тибет таулы
қыраты (солт.) мен Үнді-Ганг жазығы (оңт.) аралығында.
Үндістан, Қытай, Непал, Пакистан және Бутан мемлекеттері
аумағында орналасқан.
Далашық—Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы
жота. Оңтүстік беткейі тіктеу, солтүстік жайпақтау келген.
Еміл, Емел—Алакөл алабындағы өзен. Шығыс Қазақстан
облысының Мақаншы ауданы жерінен ағып өтеді.
Ереймен, Ерейментау—Сарыарқаның солтүстігіндегі
тау лы алқап. Ақмола, Қарағанды облыстарында орналасқан.
Ол Өлеңті және Шідерті өзеңдерінің суайрығы болып табы-
лады. Осы өзендердің салалары—Жарық, Қарасу, Олжабай,
Тұрғынбай өзендері тау беткейлерінен басталады.
Ертіс—Батыс Сібір мен Қазақстан жеріндегі өзен. Обьтың
сол саласы. Монғол Алтайының оңтүстік батыс беткейіндегі
мұздықтардан басталады. Өскемен, Семей, Павлодар, Қараған-
ды облыстарының аумағынан басып өтеді.
396
397
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Кабул—Азияда орналасқан Ауған Ислам мемлекетінің
аста насы.
Қазан—Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан авто-
номиясының орталығы, Еділдің сол жағасында орналасқан
қала.
Каспий—Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкен-
дігіне қарап теңіз деп атайды. Каспий теңізі аумағы мұнайға
бай болғандықтан, көптеген елдерді тарих-экономика
лық
тұрғы дан қызықтырады.
Қап тауы—батыста Қара теңіз бен Азов теңізіне дейін,
Шығыста Каспий теңізіне дейін созылып жатқан таулы өлке.
Солтүстігінде Кума-Маныч ойпаңымен шектеседі. Оңтүстігін-
де шекара айқын емес—Алдыңғы Азия таулы қыраттарына
ұласып жатады. Ресей, Грузия, Әзірбайжан және Армения
мемлекеттері жерінде орналасқан.
Аңыз бойынша, жер жүзін қоршап тұрған тау тізбегі. Бұл
таулар аспан түстес зүбәржаттан құралған, ал ең биік шыңында
вулкан орналасқан. Жер бетіндегі барлық таулар Қап тауымен
байланысты, Алла Тағала осы таулар тізбегіндегі шыңдар-
дың біріне қолын тигізсе, жер сілкінісі болады. Қап тауының
арғы жағын йәжуж бен мәжүж деген қорқынышты халықтар
мекендейді, олар әр түн сайын тауды егеу сияқты тістері-
мен кеседі, бірақ күндіз тау бастапқы қалпына қайта келеді,
сөйтіп бұл халықтар жер бетіне шыға алмайды. Қап тауымен
байланысты көптеген аңыздар бар. Солардың бірсыпырасын да
Қап тауының арғы жағында керемет мақұлықтар, дәулер мен
перілер мекендейтін ғажайып елдер бар деп айтылады.
Қара теңіз—Атлант мұхитының жерорталық теңізі. Ресей,
Румыния, Болгария, Түркия жағаларын қамтиды.
398
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Қаратал—Алматы облысындағы өзен. Ол Балқаш көліне
құяды. Өзеннің атауына орай қойылған ауыл, аудан аты бар.
Қараталға Теректі, Сарыбұлақ, Көксу өзендері қосылады.
Қаратал атты өзендер еліміздің өзге өңірлерінде де кездеседі.
Қаратау—Еуразияның түркі тілдес халықтар қоныстанған
аймақтарындағы биіктігі орташа және аласа тау жоталары.
Қаратауда жаз айларында қар жамылғысы болмағандықтан
осылай аталады. Қаратау атауы Орталық Азияда, Оңтүстік
Оралда т.б. түркі тілдес елдер аумағында (Түркия, Иран,
Кавказ, Қырым т.б.) жиі кездеседі. Қазақстанда Қаратау
жотасы (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда об-
лыстары аумағында), Қаратау таулары (Маңғыстауда), Кетпен
(Ұзынқара) жотасында бар.
Қарқара—Алматы облысының Райымбек ауданындағы
өзен, тау, жайлау, ауыл атауы. Биік тау етегінен Шырғанақ-
ты өзеніне дейін созылып жатқан кең алқапты және сол өзен
жағасындағы ауыл атын жергілікті халық Қарқара атайды.
Осы жер 1916 жылы Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілістің
ошағының бірі болғаны тарихтан белгілі.
Лепсі—Балқаш алабындағы өзен. Алматы облысы, Ақсу,
Сарқант аудандары жерімен ағады. Жетісу Алатауының сол-
түстік беткейіндегі мұздықтардан басталып, Балқаш көлінің
оңтүстік-шығыс бөлігіне құяды. Аңғары жоғары бөлігінде тар
шатқалды, төменгі ағысында кеңейе түседі. Жер асты, жауын-
шашын, мұздық суымен толығады. Жылына су деңгейі көктем-
де және жазда көтеріледі. Суы лайлы, ағыны қатты. Өзеннің
жазық жерлері желтоқсаннан наурызға дейін қатады. Суы егін
суаруға, жағалауы шабындық пен жайылымға пайдаланыла-
ды. Лепсінің су режимін реттеу үшін Лепсі каналы салынған.
Мекке—мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда бас ме-
шіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның
398
399
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.с.) осы қалада дүниеге кел-
ген. Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жа-
ңа құлшылық ету үйінің есігін Қағбаға қаратты (Құбыла).
Мұсылмандардың Меккені 630 жылы жаулап алуы оның діни
орталық ретіндегі айрықша жағдайын қалпына келтіріп қана
қоймай, одан да жоғары дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып
тәуап ету исламның бес парызының бірі болып саналады.
Меркі—Жамбыл облысы, Меркі ауданының
орталығы,
ауыл, ауылдық әкімшілік округі орталығы, станция.
Орал—қала, Батыс Қазақстан облысының орталығы. Қала
Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсын-
да орналасқан.
Памир—Тәжікстан Республикасының Таулы Бадахшан
аймағында орналасқан таулы аймақ.
Перғауын—Құран кейіпкері, Мысыр патшасының аты,
титулы. Олар елді басқарумен қатар, Тәңірі қызметін де
атқарған. Өздерін Құдаймыз деп, халыққа өздеріне табынуды
талап еткен.
Петербор, Санкт-Петербург—Ресей Федерациясындағы
қала.
Сайрам—Оңтүстік Қазақстан аумағындағы орта ғасырлық
ірі қалалардың бірі. Бұрынғы аты—Исфиджаб. Орналасқан
жері қазіргі Сайрам кентінің Оңтүстік батысында, Шымкент
қаласынан 12 шақырым жерде. Сайрам жайлы алғашқы дерек
Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғати-т-түрк» атты еңбегінде
кездеседі. Моңғол шапқыншылығынан кейін Сайрам маңыз-
ды орталықтардың біріне айналған. ХV-VІІІ ғасырларда қазақ
хандықтары кезінде ірі сауда, діни және мәдениет ошағы
болған.
400
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Сыр—Сырдария өзені. Қазақстандағы Сырдария өзенінің
аты жөнінде көптеген пікірлер, зерттеулер бар. Өзен аты тари-
хи дәуірлерде бірнеше рет өзгертілген.
Б.з.д. ғасырда өмір сүрген Александр Македонскийдің
кезінде бұл өзен Яксарт деп аталған. Грек географы Страбонның
еңбегінде де ол Яксарт аталатынын көрсетеді. Зерттеушілер-
дің айтуынша, Плиний б.д-дің III ғасырында Сырдариянын
сақтардың Силис деп атағанын хабарлайды. Ал VIII ғ. түркі
жазуларында Йенһу угуз аталған. Ерте, орта ғасырдағы араб,
парсы жазбаларында Сырдария өзені Сейхун деген атпен белгілі.
А. Левшин бұл өзеннің Сыр түрінде айтылуы Монғолдың Ку-
лаку деген ханының 1283 жылы парсыларға шабуылы кезінен
бері қарай кездесетінін айтады.
Сібір—Азияның Орал таулары мен Тынық Мұхит жаға-
лауының және Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы мен Моңғо-
лия шекарасы, Сарыарқа етегі аралығындағы бөлігі.
Такламакан, Такла-Макан—шөл. Такламакан шөлінен
өтетін кейбір өзендер сағасына жетпей тартылып қалады.
Топырақ қабатындағы ылғалдың тапшы болуына байланыс ты
ол жерде тек қуаңшылыққа бейімделген өсімдіктер өседі.
Талғар—Алматы облысындағы қала, Талғар ауданының
орталығы. Алматы қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан.
Ташкент—қазіргі Өзбекстан Республикасыының аста-
насы. Қазақ хандығы дәуірінде Ташкент қазақ хандары
үшін айрықша геосаяси маңызы бар өңірлердің бірі болған.
Тарихи деректер Ташкенттің Тәуекел және Есім хандары
тұсында қазақ билеушілерінің ықпалында болғанын аңдатады.
ХVІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезінде де Ташкент
бірде басқыншылардың, бірде қазақ халқының қолына
өтіп тұрған. Қаланың ХVІІІ ғасырда қазақтардың айтулы
400
401
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
ордаларының бірі болғанын оның маңында Төле мен Әйтеке
билердің мүрделерінің жатуы айғақтайды.
Тегеран—Иран Ислам Республикасының астанасы, Азия-
дағы үлкен қалалардың бірі.
Текес—Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты ауыл,
өзен.
Түрген—Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы
ауыл, әкімшілік округының орталығы. Аудан орталығы
Есік қаласынан шығысқа қарай 12 шақырым жерде, Түрген
өзенінің жағалауында, Іле Алатауының солтүстік баурайында
орналасқан.
Тынық мұхит—көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен
мұхит. Батысында Еуразия мен Аустралия, шығысында
Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида
құрылықтарымен шекаралас.
Тянь-Шань (қыт. Аспанмен тілдескен тау)—Орта және
Орталық Азиядағы тау жүйесі. Тянь-Шаньның батыс бөлігі
Қырғызстанда, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанда,
оңтүстік батыс сілемдері Өзбекстан мен Тәжікстанда, шығыс
жағы Қытайда.
Ұлытау—Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі ұсақ
шоқылы, таулы өлке. Ұлытауда атақты Жошы хан мазары
сақталған. Бұл арада өткен ғасырларда үш жүздің ақсақалда-
ры бас қосып, ел тағдырына қатысты алқалы жиындар өткізіп
тұрған.
Хантау—Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы
кент, кенттік округ орталығы. Аудан орталығы Мойынқұм
26-0184
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
ауылынан шығысқа қарай 90 шақырым жерде, Хантау тауы-
ның оңтүстік шығысында орналасқан.
Шам—қала. Сирияны арабтар осылай атаған. Теңеу ретін де
«шариф» сөзі қосылып, көбінесе «Шам шариф» делінеді. Ша-
риф арабша—құрметті, қадірлі, ұлы мәртебелі деген мағынаны
береді.
Шаш—Сырдария өзенінің оң жағы, Шыршық өзенінің
алабындағы ертедегі тарихи қоныс, өлке.
Шелек—Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандағы ауыл,
ауылдық округ орталығы. Шелек өзенің сол жағалауына таяу
орналасқан.
Іле өзені—Қазақстан (Алматы облысы) және Қытай же-
ріндегі өзен. Шығыс Тянь-Шаньнан басталып, Балқаш көліне
құяды. Басты салалары: Қаш, Қорғас (оң жақ), Шарын, Шелек,
Талғар, Қаскелең, Күрті (сол жақ).
402
ТОМҒА ЕНГЕН ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ҮЛГІЛЕРДІ
АЙТУШЫ ҺӘМ ЖИНАУШЫЛАР ТУРАЛЫ
МӘЛІМЕТ
Дәркенбайұлы Мейірман [1850-1887]—ақын, жыршы.
Қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Жіңіш-
ке деген жерде дүниеге келген. Мейірманның оқыс аяқтал ған
қыршын өмірі секілді аяқасты шығара салған бір-екі шумақ
тапқыр өлеңдері мен күлдіргі әңгімелері ел ішіне кең тараған.
Әкесі Дәркенбай Мүсірепұлы Жетісудағы қазақ-қырғызға
тең танылған тілмәр шешен, қабырғалы би, ұзақ жылдар
болыс сайланып, ата-бабаларынан мұра болып келе жатқан
дәулетінің арқасында Мекке барып, қажы атанған ірі тұлға
болған. Ұлы бабасы Әжібай Найманбайұлы—Өтеген, Қабан
жырау, Қасқарау, Бөлек, Сатай т.б. батырлар сапында қазақ-
жоңғар соғыстарында зор еңбек сіңірген білекті батырлардың
бірі. Мейірманның қысқа да өткір өлеңдерінің көпшілігі
әкесі Дәркенбай қажы мен оның немере ағасы Мақсұт биге
арналады.
Жансүгірұлы І. (1894-1938)—қазақ әдебиетінің негізін
қалаушылардың бірі. Ақын, қоғам қайраткері, фольк
лор
та-
нушы. Талдықорған облысы, Ақсу ауданында туған. Ақсуда ғы
Қарашаш деген жерде орта білім алып, 1920 жылы Ташкент тегі
екі жылдық қазақ-қырғыз мұғалімдер курсын бітірді.
Ол 1920 жылдан ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен
шұғылданып, Мәскеу қаласында «Өтірік», «Сүйінбай», «Зар
заман. Албан Асан» жинақтарын жарыққа шығарды.
402
404
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Қасқабасов С.А.—аса көрнекті фольклортанушы, ҰҒА
академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Ғалым 1940 жылы 24 маусымда Семей қаласында туған.
1957 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы №12 қазақ
орта мектебін, 1964 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика
институтын үздік тамамдаған. 1967 жылы Қазақ ССР Ғылым
академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының аспирантурасын бітіріп, 1969 жылы «Қазақтың
қиял-ғажайып ертегілері» атты тақырыпта кандидаттық дис-
сертация қорғаған.
1994-1997 жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтында директордың орынбасары, Қолжазба
және текстология бөлімінің меңгерушісі, 1997-2001 жылдары
Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінде «Еуразия» ғылыми орталығын, шығыстану
факультетін ұйымдастырып, басқарған, қазақ фольклоры мен
әдебиет тарихы бойынша дәріс оқыды. 2001-2011 жылдары
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ди-
ректоры қызметін атқарды. «Казахская волшебная сказка»
(1972), «Қазақтың халық прозасы» (1984), «Родники искус ст-
ва» (1986), «Колыбель искусства» (1990), «Казахская неска-
зочная проза» (1992), «Абай және фольклор» (1995), «Золотая
жила» (2000), «Жаназық» (2002), «О фольклоре и не только»
(2005) «Елзерде» (2008) сияқты монографиялар мен ғылыми
еңбектердің, 300-ден астам зерттеу жұмыстарының авторы.
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Мем-
лекеттік сыйлығының лауреаты.
Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931)—ақын, жазушы,
аудармашы, композитор, тарихшы, философ. Туған жері қазір-
гі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс-
тау бөктері. Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те
көрсетеді. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбі-
шесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім
сонда Абайға немере іні болып келеді. «Түрік, қырғыз, қазақ
404
405
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көр-
ген. Оның шығармалары: «Үш анық», «Мұсылмандық шарты»,
«Жолсыз жаза», «Қалқаман-Мамыр», «Ләйлі-Мәжнүн», «Жас-
тық туралы», «Анадан алғаш туғанымда», «Бұл ән бұрынғы ән-
нен өзгерек» т.б.
Жұматаев Әлиакбар (1910-1987)—ақын, жыршы. Бұрын-
ғы Ақмешіт уезінің Қармақшы ауданына қарасты Қуаңда-
рия болысында дүниеге келген. Жастайынан Тұрмағамбет
Ізтілеуовтен және Шора молдадан ескіше сауат ашқан.
Кеңес кезеңінде өлеңдері Темірбеков Әбілданың көмегімен
бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланып отырған. «Қара
қисық туралы» дастанында Қоқан билеушілеріне қарсы Қара
қисық батырдың күресі ерекше баяндалған. «Сұлу сырым»,
«Темір тұлпарлы қыз алтын шаш», «Мардымсыған бір төбет»,
«Мектеп оқушыларына», «Халқыма етсем қызмет», «Лениннің
100 жылдығына», «Ешовтың естелігі», «Дүниеде бір зат көрдім
өлмейтұғын», «Қазалының Әбдіразақ деген ақыны», «Масамен
айтыс», «Ешкімен айтыс», «Мақтанышым емес пе?», «Қуанып
Мұрат айға ұшты», «Қадірлі інім Құттыбай», «Кетенің ке-
меңгері» сияқты шығармалары сақталған.
Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы—«Нұр Отан» Ха-
лықтық Демократиялық партиясы Алматы қалалық фи лиалы
төрағасының Бірінші орынбасары, филология ғылымда рының
докторы, фольклортанушы. Ұлттық Ғылым академия
сының
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтын да, Абай
атындағы Қазақтың педагогикалық институтында ғылыми-
педагогикалық жұмыстармен шұғылданған.
Сұлтанқожаұлы Майлықожа—қазақтың белгілі ақыны.
Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Қожатоғай
елді мекенінде туып-өскен. Ақбұлақ өзені, қазіргі Бадам
станциясы маңында дүние салған. Мұсылманша хат таныған
Майлықожа өлеңді ауызша да, жазбаша да шығарған. Оның
406
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
арнау өлеңдері, термелері, дастандары («Папор патша», «Патша
мен үш ұры», «Аңқау мен қу», «Нақыл» т.б.), айтыстары
(Құлыншақпен, Ұлбикемен т.б.) бар. 1883 жылы Түркістан
мұғалімдер семинариясының мұғалімі Я.Я.Лютш құрасты-
рып, Тәшкенде бастырып шығарған «Қырғыз хрестоматия-
сында» Майлықожаның бес өлеңі жарияланды. Ақынның бір
топ шығармалары «Үш ғасыр жырлайды» кітабында (1922)
жарияланған, «Нақыл» атты шығармалар жинағы 1972 жы-
лы жарық көрсе, толық шығармалар жинағы 1997 жылы
Шымкентте баспа бетін көрді.
Ақынның өмір сүрген жылдары туралы мәліметтерде бір
ізділік жоқ. Майлықожаның шығармашылығын зерттеген
Ә.Оспанұлы оны 1835-1898 жылдарда өмір сүрген десе, Май-
лықожаның мұрасын жинаған К.Шәменов 1837-1908 жылдар
деп көрсетеді. Кәрібай Шәменовтың айтуынша, әкесі Сұл-
танқожаның лақап аты Шотан болған, сол себепті кейбір кі-
таптарда Майлықожа Шотанұлы деп берілген.
Мәжікеев Мұқаш (1900-1985)—халық мұраларын жи нау-
шы. Ақмола облысы, Державин ауданы, Далабай аулында туып-
өскен. Ол 1930-1970 жылдар аралығында баспасөз орында-
рында қызмет істеген. Әр жылдары жинаған фольклорлық
материалдары ӘӨИ қорында сақтаулы.
Мәзқожаев Рахмет (1881-1976)—ақын, жыршы. Қызылор-
да облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. Он алты
жасынан домбыра тартып, өлең, жыр айтқан. Облыста концерт-
эстрада бюросында Нартай Бекежанов басқарған бригаданың
белсенді мүшесі болып, ел арасында өз өнерін көрсетті. Соғыс
жылдарында қызыл отауды басқарды. Соғыстан кейінгі
жылдарда облыстық, республикалық айтыстарда Есдәулет
Қандековпен, Әбділда Жүргенбаевпен, Өкіл Жайлауовпен өнер
жарысына түсті. Ауыз әдебиеті нұсқаларын да жинауға үлес
қосты. Бірнеше жыр-дастандар, терме-толғаулар жырлап, ел
арасында насихаттап отырды. ОҒК және ӘӨИ қолжазба қорына
406
407
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
60 мың жолдан аса дастан, өлең-жырлар тапсырды. «Қойдың
арызы», «Қызыл сиырдың арызы», «Малдарды шақыру»,
«Сыр дария соғысы» атты өлеңдері «Пернедегі термелер» (1965),
Өкім Жайлауовпен айтысы «Айтыс» (3-т., 1966) жинақтарын-
да жарияланды. Бүкіл түркі халқына кең тараған «Көрұғлы»
дастаны Мәзқожаевтың нұсқасы бойынша қазақ тілінде жеке
кітап (1973) болып шықты.
Мұратов Әбдырайым (т.ө.ж.б.)—жыршы, халық мұра-
ларын жинаушы. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс
ауданында туып-өскен. Ол әр жылдары ӘӨИ-дің сирек қоры-
на көптеген қолжазбалар жинап тапсырған. Солардың бірі—
«Орқа-Күлше» атты қисса.
Радлов В.В. (1837-1918)—ірі шығыстанушы, түркі тілдері
мен фольклорының үлкен білгірі. Ұлты—неміс, Германияның
Берлин қаласында дүниеге келген. Берлин университетін бі-
тіргеннен кейін Ресейге келіп, тіл үйрену мақсатымен Алтай
өңіріне барып, оқытушылық қызмет атқарады. Осы уақыт-
тан бастап түркі халықтарының ауыз әдебиетін зерттеумен
белсене шұғылданады. В.В.Радлов әртүрлі ғылыми сипаттағы
экспедицияларға қатысып, фольклорлық үлгілерді ғылыми
тұрғыда жинап, қағазға түсіреді.
В.В.Радлов 1870 жылы «Түркі тайпалары халық әдебиеті-
нің нұсқалары...» деген көптомдық еңбегінің үшінші томында
қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жариялады.
Медеубекұлы Сағатбек—Баспа ісі және дизайн ка федра-
сының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты,
доцент. Еңбек жолын 1984-86 жылдары «Өнер» баспасында
редактор болып бастады.
1986-1989 жылдары ҚР ҰҒА
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
аспиранты, 1991-95 жылдары аға лаборант, кіші ғылыми қыз-
меткер, аға ғылыми қызметкер, 1989-97 жылдары «Өнер»
408
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
баспасының, «Жетісу», «Ана тілі» газеттерінің редакторы бо-
лып қызмет атқарды.
Саттаров Қыдырәлі (1941-2011)—фольклортанушы,
филология ғылымдарының докторы, профессор. Оңтүстік Қа-
зақ стан мен Өзбекстан Республикасы Ташкент өңіріне ұйым-
дастырылған бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспе
-
ди
ция
ларды басқарған, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап,
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қол-
жазба қорына тапсырған.
Тәкежанов Құсайын (1886-ө.ж.б.)—суырып салма ақын,
жыршы. Қарағанды облысының Нұра ауданында туып-өскен.
Жеке шығармаларымен қатар, халық арасындағы терме,
толғау-дастандарды көп білген. 1959 жылы ақынның өлеңдері
«Термелер» деген атпен жеке жинақ болып шыққан. Оның
жеке туындылары мен ел ішінен жинаған материалдары ӘӨИ-
дің сирек қорында сақталған.
Тоқтар Әлібек—әдебиетанушы, халық мұраларын жи нау-
шы, мәтінтанушы, филология ғылымдарының кан
ди
даты,
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қол-
жазба бөлімінің меңгерушісі.
Төреқұлов Нысанбек (1921-2007)—фольклортанушы, фи-
лология ғылымдарының докторы. Ғылыми қызметте жүр ген
жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инсти ту-
ты ұйымдастырған бірнеше фольклорлық экспедицияларға
жетекшілік жасап, Қолжазбалар қорының толығуына өз үлесін
қосқан.
Ізтілеуов Тұрмағанбет (1882-1939)—аса көрнекті ақын,
жыршы. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған.
Әуелі Бұхарадағы «Мир араб» (1896-1899), кейін «Көкелташ»
медресесінде (1899-1905) оқиды, тәжіктің академик-жазушы-
сы С.Айнимен дос болып, «Көкелташты» бірге бітіреді. Ол—
408
409
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
оннан астам хикая, дастанның авторы. 1936 жылы Тұрмағамбет
ұлы ақын Фердоусидің әйгілі «Шахнамесін» қазақ тіліне
(40 мың жолдай) аударып шықты, ол аударма 1961 жылы
«Рүстем дастан» деген атпен жарияланды. 1965 жылы шыққан
«Үш ғасыр жырлайды» атты кітапқа ақынның бірқатар шы-
ғармалары енді. Тұрмағамбет айтыстарға өзі де қатысып, кейде
төреші ретінде ақыл-кеңес беріп, әділ қазы бола білген.
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҰҒА—Ұлттық Ғылым Академиясы
Қ—Қазан қаласы
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп—дәптер
а—араб
о—орыс
п—парсы
т—түркі
[...]—түсіп қалған, оқылмаған сөздер, тіркестер
[]—құрастырушылар тарапынан қойылған атаулар, тақы-
рыптар
ж.с.—жергілікті сөз
к.с.—көнерген сөз
т.ө.ж.б.—туған, өлген жылы белгісіз
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Зерттеулер мен энциклопедиялар,
фольклорлық жинақтар, сөздіктер
1. «Алтын абдыра» /Құрастырған: Оразақын Асқар.—
Алматы: «Балауса» баспасы, 2007.—496-б.
2. В. В. Радлов. Алтын сандық //Құрастырып, алғы сөзі мен
түсініктемелерін жазғандар—филология ғылымының док
то-
ры Сейіт Қасқабасов, филология ғылымының кандидаты Кен-
жехан Ісләмжанұлы.—Алматы: «Ана тілі», 1993.—253-б.
3. Өтірік. Балалар кітапханасы. //Жинаған Жансүгірұлы
Ілияс. Төте жазудан аударып, баспаға әзірлеген Т. Әлібек,
С.Шахина.—Қарағанды, 2001.—63-б.
4. Өтірік әңгімелер.—Алматы: «Қазақтың мемлекеттік
көр кем әдебиет баспасы», 1962 / Құрастырған Қарта Қаң тар-
байұлы.—117-б.
Достарыңызбен бөлісу: |