О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет21/24
Дата31.12.2016
өлшемі1,7 Mb.
#830
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

1.  әлектеніс.  Ұстасушы  адам  қас  қайраткер  болса  яғни 
оқталғаннан  қайтпайтын,  ұмтылғаннан  тайынбайтын,  көзде- 
генінен  күдер  үзбейтін,  азға  айналмайтын,  зордан  зорға, 
артықтан артыққа ұмтылатын, жамандыққа жасымайтын, мұқ- 
таждыққа  мұқалмайтын  я  қайнаған  қайраттың  адамы  бол-
са,  ұстастыру  әлектеніс  болып  шығады.  Бұл  сипатты  адам-
дар  тьшыштықпен  өмір  сүре  алмайды,  үйткені  көздеген 
мақсатының, ойлаған мұратының жолында неден де болса қайту 
жоқ, оның мақсат-мұратына өзгелердікі тұс келмейді. Тұс кел-
меген соң, оның бәрі де мұның жолына керме, кедергі болып, 
қалаған жөнімен жүргізбейді. Қас қайраткер қайсарлығымен, 
ол  бөгетке  тоқтамай,  бұзып  өтемін  дейді.  Онысы  өзгелердің 
жеріне түсу, жау іздеу болып көрінеді. Топпен күресуге күші 
жетпей,  ақырында  әлек  болады.  Асылында,  әлек  болуына 
қайраткердің өзі жазалы: жазығы – бойға біткен қайраты, жі-
гері, жетесі, ынтасы. Қайраткер басын бәйгеге тігіп іс қылуын 
айып  көрмейді,  адамдық  деп  біледі.  Басын  қорғап,  мақсатын 
іздемей қалу – оған өлім. Екі өлімнің қадірлісін таңдап алмау 
масқаралық деп біледі. Қалайда әлектеніс қайраткері қатардан 
қара көрінім ілгері, артық адам болады. Қысқасынан айтқанда, 
әлектеніс  қайраткері  жанынан  арын,  намысын  артық  көріп, 
намыс  үшін  өлетін,  кезі  келген  жерде  жанын  арына  садаға 
қылатын  адам  болады.  Енді  ондай  адамның  ары  мен  намы-
сына тиетін дүниеде іс көп, сондықтан ондай адам ақырында 
әлек  болмай  қалмайды.  Құмарпаз  адамдар  құмарлығының 
құлы болып, соның дегенімен болып, соның айдауымен жүріп, 
құмарлық құрбаны есебінде әлек болады.
2. әуреленіс. Әлектеністің қайраткері қатардан қара көрінім 
биік адам болса, әуреленістің қайраткері қатардан қара көрінім 
төмен адам болады. Биік нәрсе қандай сәулетті, көзге көрнекті, 
көңілге  тамаша  көрініп,  сұқтандырса,  таңдандырса,  төмен 
нәрсе  өзінің  төмендігімен,  ұсақтығымен  көзге  күйкі,  көңілге 
олқы  көрініп,  күлкіңді  келтіреді.  Сондықтан  әлектеністің 
сүйінішті сүйіндіріп, күйінішті күйіндіріп, күштілігімен көңілді 

345
алып  кетеді  де,  әуреленістің  сүйініші  адамның  арын  кетіріп, 
ыза  қылып,  күйдіреді,  күйініші  адамды  мәз  қылып,  күлкісін 
келтіреді.  Сүйтіп,  әуреленістің  ұстаушылары  ұсақтығымен, 
адамшылығы  аздығымен  адамның  адам  намысын  келтіріп, 
арландырады да, әурешілігімен күлкіңді келтіріп мәз қылып, 
көңіліңді көтереді.
Әуреленістің  қайраткері  әлектеністің  адамындай  ұлы 
мақсатты  адам  емес,  кемшілігі  көп,  адамгершілігі  жоқ,  қара- 
пайым қалыпты адамдардың бірі болады. Оның талас-тарты-
сында ұлы мақсат, үлкен іс болмайды, ұсақ тілек, ептеуден әрі 
аспайды. Ондай ұсақ нәрселердің талас-тартысқа айналуы да 
қайраткері нашар болып, ұсақ іске де шамасы келмегендіктен 
болады. Еп қылмайтын жерге еп жүргіземін деп, сеп керек емес 
жерге сеп іздеймін деп, сара істерге амал, айла, қулық, сұмдық 
қыламын деп, босқа арамтер, босқа әуре болады. Сондықтан да 
ұстастырудың мұндай түрі әуреленіс деп аталады.
Ұстастыру  түріндегі  сөздер  әрқайсысына  түр  беретін 
қайраткерлеріне қарай сипатталады. Әлектеністің қайраткеріне 
тек  «қайраткер»  деген  ат  қанша  олқы  көрінсе,  әуреленістің 
қайраткеріне  «қайраткер»  деген  ат  сонша  үлкен  көрінеді. 
Мұның қайраткері көбінесе сасық пікір, пасық ой, адалдықты 
білмейтін, арамдықтан жиренбейтін нашар құлықты, адамгер-
шілігі жоқ, сана саңылауы кем, босқа лаққыш, жоққа нанғыш, 
битке  пышақ  суырғандай,  көздей  істі  көлдей  қылып,  босқа 
пысықсып, босқа жанып, қайратын, күшін, өнерін жоққа сарп 
қылып, арамтер болып, босқа бусанып, босқа біленіп, босқа са-
былатын  адам.  Мұндай  қайраткердің  қайраты  босқа  жанады, 
босқа сөнеді. Сөнгеніне адам күйінбесе, сүйінбейді.
«әдебиет танытқыштағы» пән сөздері:
Әдебиет танытқыш
Бастары
Аңдату
Тірнек өнері
Көрнек өнері
Көрнек өнері:
Сәулет өнері
Сымбат өнері
Кескін өнері
Әуез өнері
Сөз өнері
Сөз өнері:
Аңдау
Меңзеу
Бернелеу
Талғау, түю

346
Шығарма сөз
Асыл сөз - арабша әдебиет
Тақырып 
Жоспар
Мазмұн
Түр
Мазмұнның үш мүшесі:
Аңдату 
Мазмұнда
Қорыту 
Түрлері:
Жай сөйлеу түрі
Сөйлестірген түрі
Хат түрі
Аралас түрі 
Шығарманың 
мазмұнында 
байқалатын  негіздік  түрлері 
(мазмұн түрлері):
Әуезе 
Әліптеу
Байымдау
сөз өнерінің ғылымы.
Шығарма тілі
Ақын тілі 
Әншейін тіл 
Шығарманың екі жағы:
Ішкі пікір жағы 
Тысқы тіл жағы
Сөз өнерінің ғылымы
Шығарманың түрінің
ғылымы
Шығарманың тілінің ғылымы
Сөз қисыны яки лұғат қисыны
Сөз талғау 
Сөз дұрыстығы
Тіл тазалығы 
Тіл (лұғат) анықтығы
Тіл дәлдігі 
Тіл көрнекілігі
Көріктеу
Меңзеу
Әсерлеу
Меңзеу
Теңеу: 
Әншейін теңеу
Әдейі теңеу
Ауыстыру
Бейнелеу
Тіл ауысуы
Лұғат ауысуы
Алмастыру 
Кейіптеу 
Бернелеу
Әсірелеу 
Мезгеу 
Әсерлеу (лептеу)
Арнау 
Қайталақтау 
Шендестіру 
Дамыту 
Түйдектеу
Бүкпелеу
Кекесіндеу
Арнау:
Сұрай арнау
Зарлай арнау
Жарлай арнау
Кекесіндеу
Зілсіз кекесін (ойын, қулық, 
қалжың, әзіл) 

347
Зілді кекесін (мазақ, сықақ,
мысқыл, келемеж, келеке,
әжуа)
тіл (лұғат) әуезділігі
Әуезділіктің жалпы шарт-
тары
Сөз әуезділігі
Сөйлеу әуезділігі
Өрнекті сөйлемдер
Себепті оралым
Мақсатты оралым
Ұқсатпалы оралым
Қайшы оралым
Шартты оралым -
Жалғасыңқы оралым
Серіппелі оралым
Айырықты оралым
Қорытпалы оралым
Өлеңді сөйлемдер:
Күн көріс ісі
Көңіл көтеріс ісі 
сөздің өнер болатын мәнісі 
Өлең шығару
Өлең кестесі 
Айшық тақтасы
Шумақ 
Тармақ
Бунақ
Буын
Өлең айшықтары:
Жалғыз шумақты айшық
Екі шумақты айшық
Үш шумақты айшық
Төрт шумақты айшық 
Шумақ түрлері:
Екі тармақты шумақ
Төрт тармақты шумақ
Алты тармақты шумақ
Жеті тармақты шумақ
Сегіз тармақты шумақ
Он тармақты шумақ
Тармақ тұлғалары:
Жалғыз бунақты тармақ
Екі бунақты тармақ
Үш бунақты тармақ
Төрт бунақты тармақ
Бунақ буындары:
«Бір толарсақ» бунағы – 4
буынды
«Бір тобық» бунағы – 3 буынды
«Санда болар» бунағы – 4 буынды
«Жар-жар» – 2 буынды 
Өлең ағындары:
Бунақ орны
Таңдамалы орны
Талғамалы орны
Бас бунағы үш буынды өлең 
Бас бунағы төрт буынды өлең 
Бас бунағы бірыңғай емес 
өлең
Тармақ кезеңдері:
Ұлы кезек
Кіші кезек
Тармақ ұйқастығы:
Ұйқастық 
Ұзын тармақты, жеке 
шумақты 

348
Ұзын тармақты, тұтас 
шумақты
Қара сөз бен дарынды сөз 
жүйесі
Лебіз:
Көрнекі лебіз
Жалаң лебіз 
Сөз:
Көркем сөз – көңіл тілі
Жалаң сөз – зейін тілі 
Насыр – арабша қара сөз 
Назым – арабша дарынды сөз
Тіл:
Ана тілі
Адамның тілі 
Сөз дұрыстығы 
Қара сөз
Ұғым:
Ес ұғымы
Іс ұғымы
Қара  сөздің  түрлеріне  қарай 
бірнеше тарапқа бөлінуі:
Ғалам тарапына
Құдай тарапына ғақаид – ұғым 
жүйесі
Ғылым тарапына
Әлеумет тарапына
Үгіт-тәрбие тарапына
Сын тарапына 
Қара сөз түрлері:
Әуезе
Әліптеме
Байымдама
Әуезе
Мәлімдеме
Мазмұндау
Қорыту
Әуезе түрлері:
шежіре 
заман хат
өмірбаян
мінездеме 
тарих
тарихи әңгіме 
Әліптеме (суреттеу:)
Әліптеме тәртібі
Әліптеме жоспары
Әліптеме түрлері 
Әліптеме түрлері:
Пәнді әліптеме
Сәнді әліптеме
Жол әліптемесі яки жол хаты
Пәнді әліптеме:
Жалқылай әліптеме
Жалпылай әліптеме 
Байымдама (зейіндеме) 
Байымдама түрлері:
Пән (ғылым) 
Сын 
Шешен сөз
Көсем сөз 
Байымдаманың зор мүшесі:
Бастамасы
Ұсынбасы
Баяндамасы
Қорытпасы
Байымдама әдістері:
Жалқылау әдісі
Жалпылау әдісі 

349
Ойлау оңтайы:
Айырыңқы оңтай
Жиылыңқы оңтай
Талдама оңтай
Терме оңтай 
Сын
Тысқы сындар:
тілінің, лұғатының сыны
суретінің сыны
Ішкі сындар:
Шешен сөз 
Шешен сөздің тілі
Көрнекті тіл
Сәнді тіл
Мәнді тіл
Шешен сөздің бес мүшесі:
бастамасы 
ұсынбасы
мазмұндамасы
қыздырмасы
қорытпасы 
Шешен сөздің түрлері:
саясат шешен сөзі
билік шешен сөзі
қошемет шешен сөзі
білімір шешен сөзі
уағыз-дін ғұламалар сөзі 
Дарынды сөз:
Әуезе 
Толғау
Айтыс 
Әуезе – тысқарғы ғалам
жыры
Толғау – ішкергі ғаламның
күйі
Әуезе жайынан ескерту
Халық шығармасы, халық
әдебиеті
Ауыз шығарма
Жазба шығарма
Ауыз әдебиет, анайы әдебиет 
Жазу әдебиет яки сыпайы 
әдебиет 
Ауыз әдебиет:
Сауықтама
Сарындама
Сауықтама (сауық сөз) 
саласы
Ермектеме (ермек сөз)
Зауықтама (зауық сөз)
Ермектеме:
Ертегі
Ертегісімек
Өтірік өлең
Жұмбақ
Жаңылтпаш
Бас қатырғыш
Зауықтама:
Ертегі жыр 
Тарихи жыр 
Айтыс өлең
Үгіт өлең
Үміт өлең
Толғау
Терме (яки түрлі өлеңдер) 
Сарындама (сарын сөз 
саласы):
Салт сөзі
Ғұрып сөзі
Қалып сөзі 

350
Салт сөзі:
Салттама
Ділмар сөз (афоризм)
Тақпақ
Мақал
Мәтел 
Ғұрып сөзі:
Ғұрыптама
Той бастар
Жар-жар
Неке қияр
Беташар
Жоқтау
Жарапазан
Бата
Қалып сөзі: 
Жын шақыру
Құрт шақыру
Дерт көшіру
Бесік жыры яки бала тербету
жазу әдебиет 
Жазба әдебиет дәуірі:
Діндар дәуір – діншіл
Ділмар дәуір – тілшең (Кітаби
тіл)
Әдеби тіл
Жазу әдебиет түр:і
Ертек (әңгіме)
Толғау
Айтыс-тартыс
Діндар дәуір:
Қисса
Хикаят
Насихат
Мінәжат
Мақтау
Даттау
Айтыс
Толғау
Терме
Толғау
Намыс яки соғыс толғауы
Марқайыс толғауы
Сындар дәуір:
Асыл сөздің сипаттары
Айтушы
Тындаушы
Әуезе яки әңгіме түрлері:
Ертегі жыр
Тарихи жыр
Әуезе жыр
Ұлы әңгіме (роман)
Ұзақ сөз
Аңыз өлең және әңгіме
Көңілді сөз
Мысал
Ұсақ әңгімелер
Толғау табына қарайтын
сөздер:
Сап толғау
Марқайыс
Налыс (мұңайыс)
Намыстаныс
Сұқтаныс
Ойламалдау
Сөгіс толғау
Ойламалдау
Сөгіс толғауы яки даттау
Күліс толғауы яки күлкілеу
Масқаралау 
Күлкілеу:
Мазақ

351
Мысқыл
Қулық 
Қулық:
Сықақ
Әзіл
Айтыс-тартыс табына 
қарайтын сөздер:
Айтыс сөз
Тартыс сөз 
Тартыс
Мерт яки әлектеніс тартыс 
(трагедия) 
Сергелдең яки азапты тартыс
(драма)
Арамтер яки әурешілік 
(комедия)
Әуезе түрлері:
Ертегі жыр
Ұлы әңгіме яки роман: 
Ұзақ әңгіме 
Ұсақ әңгіме
Әуезе жыры
Аңыз өлең
Көңілді сөз
Мысал
толғау түрлері
Айтыс-тартыс иә ұстасу
Ұстасудың үш дәуірі:
Байланыс
Шиеленіс
Шешіліс
Ұстасу шығармалар
қайраткерлеріне қарай:
Әлектеніс
Азаптаныс
Әуреленіс

352
ғылыМи тҮсініКтер
Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалары жинағының 
І-томына «Қырық мысал», «Маса» жинақтары, «Қазақтың бас ақыны» 
және «Әдебиет танытқыш» атты ғылыми зерттеулері енді.
Томды баспаға дайындау барысында қаламгердің 1989, 1991 жыл-
дары қайта басылым көрген жинақтарындағы мәтіндер 1922 жылғы 
түпнұсқа  бойынша  салыстырылып,  өзгеріске  түскен  тұстары  2003 
жылғы бес томдықтың І-томында қалпына келтірілді. Бұл жолы сол 
томдықта кеткен кемшіліктер түзетіліп, қайта өңделді.
ҚырыҚ МысАл
Жинақ 1909, 1913, 1922 жылдары жарық көрді. Салыстыру жұмыс- 
тарында әр жылдағы түпнұсқа басшылыққа алынды. Мысалдың 15-
не ғылыми түсінік жасалды.
«замандастарыма». Оқырмандарға арнау түрінде жазылған бұл 
өлең «Қырық мысал» жинағына кіріспе іспеттес.
Түпнұсқадағы:
«әйтпесе арық шауып өндіре ме,
жүргенде қамыт басып, қажып-талып?!» 
деген  тармақтардағы  «өндіре  ме?»деген  сөз  1991  жылғы  жинақта 
«оңдыра  ма»  деп,  ал«жүргенде»деген  сөз  1989  жылғы  жинақта 
«жүргенге»деп өзгеріске түскен. Бұлар түпнұсқадағы қалпына 2003 
жылы келтірілді, біз осы жинақты негізге алдық.
«Аққу, шортан һәм шаян». Түпнұсқада екінші шумақтың соңғы 
тармағы  «Аслан жүк орнынан қозғалмады»деген сөйлем. Осындағы 
бірінші сөз 1989 (47-б.), 1991 (23-б.) жылдардағы жинақтарда «асы-
лы» деп берілген. «Аслан» – араб сөзі. Ол – «мүлдем», «тіпті», де-
ген мағынаны білдіреді. А.Байтұрсынұлы бұл сөз бірнеше жерде «ас-
лан» болып («Ала қойлар» мен «Емен мен қамыс», т.б. өлеңдерінде) 
қолданған. 1991 жылғы жинақ (28-б.) пен түпнұсқадағы «Жалғыз-ақ 
тең  көремін  Кафтың  тауын»  деген  тармақта  кездесетін  атау  сөз 
1989 ж. басылымда (53-б.) «Каптың» деп өзгеріске түскен. Түпнұсқа 
2003 жылы қалпына келтірілді.
«Шымшық пен көгершін». Түпнұсқадағы «Жазмыштан озмыш 
болмас»деген тармақтағы «озмыш» сөзі 1989 ж. жинақ пен «Ақ жол-
да» «озмыш»деп берілген, «болмас» сөзі 1989 ж. жинақта «озбас» деп 
өзгерген. Түпнұсқа 2003 жылы қалпына келтірілді.
«емен мен қамыс».  Түпнұсқадағы «Тұрсын деп құйын, дауыл, 
дуға жақын» деген тармақтағы алғашқы екі сөз 1991 жылғы жинақта 
«Тұрсың сен» деген тіркеспен ауыстырылған (28-б.), «дуға» деген сөз 

353
1989 ж. жинақта «шуға» деп берілген. Сондай-ақ, түпнұсқа мен 1991 
жылғы жинақта «Қашаннан айла етіп, әдіс алған» деген сөйлемдегі 
«айла» сөзі 1989 ж. басылымда (55-б.) «хайла» деп өзгертілген. Бұл 
өзгеріске  ұшыраған  сөздер  түпнұсқамен  2003  жылы  түзетілді,  осы 
жинақ негізге алынды.
«Қасқыр  мен  тырна».  Түпнұсқадағы  «Көңілін  жұмсатпасам» 
деген сөз тіркесі 1989-1991 ж.ж. жинақтарда «Көңілін жұмсатпаса» 
деп өзгеріске түскен.Түпнұсқадағы «Баласы атайының сен бір асыл» 
(56- б.) деген өлең жолы 1991 жылғы жинақта «Баласы аталының сен 
бір асыл» (29-б.) деп берілген. «Мен саған олжа боларың бе едім?» 
деген  тармақ  «боларың  бе»  деген  сөз  1989  ж.  басылымда  (56-б.) 
«серің», 1991 ж. басылымда «ерің бе» деп өзгертілген. Бұл өзгерістер 
2003 жылы қалпына келтірілді.
«Бұлбұл мен есек». Түпнұсқадағы «Шекеңнен өте жазды құлақ 
жарып»  деген  тармақ  1989  ж.  басылымда  (57-б.)  «Шекеңнен  өте 
жаздап  құлақ  жарып»,  1991  ж.  жинақта  (32-б.)  «Шекеңнен  өте 
жаздайд  құлақ  жарып»  деп  берілген.  Түпнұсқадағы  «Қойлар  да 
күйісін тыйып, тыңдап жатты» деген тармақтың соңғы сөзі 1991 
ж. жинақта (32-б.) «қапты» деп басылған екен. Түпнұсқалық қалпы 
2003 жылы түзетілді, осы жинақ негізге алынды.
«Арыстан, киік һәм түлкі». Түпнұсқадағы «Тиісті ет қайратты 
күшің барда» деген тармақтағы «ет» сөзі 1989 жылғы жинақта (60-б.) 
«ит» десе, 1991 ж. жинақта (33-б.) «ер» деп беріліпті. сондай-ақ, 
«Түбіне жардың құлап өлді Арыстан» деген тармақтың бірінші сөзі 
1991  ж.  жинақта  (33-б.)  «Ішіне  сайдың  құлап  өлді  Арыстан»  деп 
өзгерген. Түпнұсқада және 1989 ж. жинақта «Түлкі-екең құлап өлген 
досын көрді» деген тармақтың бастапқы сөзі 1991 ж. жинақта (33-
б.) «түлкі қу» болып өзгертілген. Түпнұсқадағы қалпы 2003 жылғы 
жинақта түзетілді, осы жинақ негізге алынды.
«жас ағаш». Түпнұсқадағы: «Тынышыма бұлар мені өсірмейді» 
(33-б.)  деген  тармақ  1989  ж.  жинақта  «Тыңдасаң,  бұлар  мені  өсір- 
мейді» деп (64-б.), ал 1991 ж. жинақта «Тынышымды ап, бұлар мені 
өсірмейді» (36-6.) болып берілген екен. Ескерер мәселе: екі басылым-
да мысалдың атауы «Ағаш» деп берілген. «Жау түгіл, иттен бойын 
қорғай алмай» деген тармақтағы «бойын» сөзі «Ақ жолда» «басын» 
деген сөзбен алмастырылған екен. Түпнұсқа (28-б.) мен «Ақ жолдағы» 
(37-б.) «Кісіге жеке-саяқ бақыт қонбас» деген тармақтағы «бақыт» 
сөзі 1989 ж. жинақта «бақ та» деп өзгертілген екен. Түпнұсқа бойын-
ша 2003 жылы түзетілді, осы жинақ негізге алынды.
«Қартайған  арыстан».  «Я  Раббым!»  сол  уақытта  деді  Арыс- 
тан» деген жолдар 1989 ж. жинақта «Бар ебім», сол уақытта деді 
Арыстан», 1991 жылғы басылымда «Я раббым, – сол уақытта деді 

354
Арыстан,»  деп  қос  нүктенің  орнына  үтір  мен  сызықша  берілген. 
Түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы келтіріліпті, біз осы жинақты не-
гізге алдық.
«Шал мен ажал». Түпнұсқадағы (39-б.) «Өлімнен тірілігін көреді 
артық» деген тармақ 1989 ж. жинақта (68-б.) «Өлімнен өз тірлігін 
көреді артық» деп, 1991 ж. жинақта (38-б.) «Өлімнен тірлікті көрген 
артық» болып өзгерген. Түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы келтіріл-
ген, осы жинақты негізге алдық.
«Қайырымды түлкі». Түпнұсқа (41-б.) мен 1989 ж. жинақтағы 
(69-б.) «Сар мойын! Ер жетті ғой балаларың» деген тармақ 1991 ж. 
жинақта (39-б.) «Сары маса, ер жетті ғой балаларың» деп берілген. 
2003 ж. жинақ мәтіннің түпнұсқадағы күйін сақтап, тек оның бірінші 
сөзін қазақ тілінің осы замандағы орфографиялық талаптарына сәйкес 
«Сары мойын! Ер жетті ғой балалары» деп түзетілген. 1989 жылғы 
жинақ  (69-б.)  пен  түпнұсқадағы  (41-б.)  «Жоқтатпай  сорлылардың 
аналарын»  деген  тармақ  «Ақ  жолда»  (39-б.)  «Жоқтатпай 
пақырлардың аналарын» деп өзгертілген екен. Түпнұсқа 2003 жылы 
қалпына келтіріліпті, осы жинақ негізге алынды.
«Шал  мен  жұмыскер».  Түпнұсқадағы  «Бәлені  сезе  ме,  адам 
тұрған  бағып»  деген  өлең  жолы  1989,  1991  ж.ж.  басылымдарда 
«Көңілінде  болмай  ешбір  қатер-қауіп»деп  өзгерген.  Түпнұсқа  2003 
жылы қалпына келтіріпті, осы жинақ бойынша берілді. 
«жарлы  бай».  «Апар  да  әмиянды  суға  таста»  деген  өлең 
жолындағы «әмиян» деген сөзге түпнұсқада «әмиян – ақша салатын 
ыдыс»  (47-6)  деп,  ал  «Шиланды  ашайын  деп  қолына  алды»  деген 
жолдағы «шилан» сөзіне «шилан да – ақша салатын ыдыс» (48-б.) 
деп түсінік берілген. Бұл түсінік 1989 ж. басылымда «әмиян – шилан» 
(72-б.) деп қысқартылса, 1991 ж. жинақта түсіп қалған. Түпнұсқа (49-
б.) мен 1989 ж. жинақта (73-б.) «Ол үйге жібек көрпе, жастық, кілем» 
деген тармақ 1991 ж. жинақта (42-б.) «Ол үйге жібек көрпе, жастық 
керек» деп өзгертілген екен. Түпнұсқа (49-б.) мен 1989 ж. жинақтағы 
«Аналар, қатын алсам, тойға, деді» деген жол 1991 ж. жинақта (42-
б.) «Жұмсармын, қатын алсам, тойға, – дейді» деп өзгеріске түскен. 
Бұл өзгертулер 2003 жылғы томда қалпына келтірілген, осы жинақ 
негізге алынды. 
«Кісі мен аю». Түпнұсқа (60-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (80-б.) 
«Ере алмай, кейін артта қала берді» деген тармақ «Ақ жолда» «Ере 
алмай,  Адам  артта  қала  берді»  (46-б.)  деп  өзгерген.  2003  жылғы 
жинақта түпнұсқадағы қалпына келтірілген.
«Екі  бөшке».  Түпнұсқадағы  «Құр  бөшке  салдыры  зор,  бағасы 
кем,  Фаһамсыз  құр  даурықпа  адаммен  тең»  деген  өлең  жолдары 
1989,1991  жж.  жинақтарда  «Ауыр  бөшке  салдыры  зор,  бағасы  кем, 

355
Бағасыз құр даурыққан адаммен тең» деп өзгеріске түскен. «Фаһам» 
араб сөзі «түсінік, мән, мағына» дегенді білдіреді. Бұл түсінік араб-
ша сөздердің этимологиясына сүйеніп берілді. Түпнұсқалық қалпы 
2003 жылы орнына келтіріпті, осы жинақ бойынша берілді.
МАсА
Жинақтың М.Әуезов атындағы ӘӨИ., Қолжазба және текстология 
орталығында  сақталған1922  жылғы  басылымының  фотокөшірмесі 
2003 жылғы бес томдықтың І томын дайындау барысында түпнұсқа 
ретінде  негізге  алынды.  А.Байтұрсынұлы  әдеби  шығармаларының 
1989, 1991 жылдары қайта басылған жинақтарындағы мәтін салысты-
рылып, ондағы өзгеріске түскен тұстары бастапқы қалпына келтіріл-
ді.  Түпнұсқадағы  өлеңдер  мен  12  аударманың  орналасу  тәртібі  сол 
қалпында берілді. Ал, кейінгі басылымдардағы өзгерістер анықталып, 
салыстырулар рет-ретімен жіктелді. Бұл жинаққа 12 аударма, 22 өлең 
енген. Өлеңнің 14-не, аударманың 12-не ғылыми түсініктеме берілді. 
«жадовскаядан». «Мінсіз таза меруерт» тәржімасы туралы кейін-
гі  1989  жылғы  басылымда:  «...автор  бұл  өлеңді  Ю.Жадовскаядан 
(1824-1883 жж) аударған, 1911 жылы «Маса» жинағына енгізген. 
Содан кейін екі рет осы кітаптың қайта шыққан басылымдарында 
жарияланды» деген түсінік берілген (316-б.). Аударма туралы «20-
30 жылдардағы қазақ әдебиеті» атты зерттеуде Ж.Ысмағұлов: «…екі 
шумақ сөз өрнегінің бұл күнге дейін ел ауызында Асан қайғы атына 
байланыстыра айтылып, қастерленіп келгені. Ахметтің Жадовска-
ядан аударған осы бір шағын толғауы енді өзіне қайтарылып отыр» 
деп  жазды  (Б.  410-423).  Ал,  әдебиеттанушы  С.Мақпыров  «Таза 
мінсіз  асыл  тасты»  енді  шатастырмайық»  деген  танымдық  зерттеу 
мақаласында  өзіне  дейін  дәлелденген  аудармаға  не  себепті  қайта 
оралғанын  былайша  таратады.  1989,  1997-ші  жылдары  аударма  ту-
ралы айтылған түсініктерге және кейінгі басылымдарға қарамастан 
БАҚ-та  жарияланған  «Асан  қайғы  жырларының  көркемдік  әлемі» 
деген  мақалада  «Ш»  деген  автордың  бұл  өлеңді  Асан  қайғының 
туындысына жатқызғанын айтады. Сол себепті де әдебиеттанудағы 
адасушылықтың  алдын  алу  үшін  Ахметтің  аудармасы  туралы  тағы 
бір толғақты талдаудың әлі керектігіне байланысты өлеңнің тарихын 
түпнұсқасынан  қарастырады. Орысша мәтіні:
«Лучший перл таится,
В глубине морской.
Зреет мысль святая
В глубине души.
Надо сильно буре

356
Море взволновать,
Чтоб оно в борении
Выбросило перл?
Надо сильно чувству
Душу потрясти,
Чтоб она в восторге,
Выразила мысль»
деген  жолдарды  көркемдік-стильдік  тұрғыдан  шұбалаңқы,  балаң 
жеткізілген  туынды  дейді.  Бірақ  ағартушы  әрі  ақын  Ахметтің  бұл 
өлеңге  философиялық  тұрғыдан  келгенін  және  «перлді»  меруерт 
деп баламалаудағы негізгі ойдың пәлсапалық мәнде екенін айтады. 
Жадовскаяның үш шумақты шашыраңқы ойын А.Байтұрсынұлы «...
тігісін жатқызып, ойын әрлендіре, жандандыра екі шымыр шумаққа 
жинақтап, қазақы өлеңнің қалыбына салып, таза ұлттық пішіндегі 
төлтума деп санауға лайық әсем аударма жасаған», – дейді.
Шындығында, қос өлеңді қатар оқысаңыз, екі өлеңнің мазмұны 
бір-бірінен алшақ жатыр. Ал өлеңге «Жадовскаядан» деген мәлімдеме 
берілмесе, өлеңді Байтұрсынұлыныкі деп қабылдарымыз хақ. 
Жадовская  Юлия  Валериановна  –  орыс  жазушысы.  Лирикалық 
өлеңдердің, «Стихотворения», «Отсталая» повесінің, «В стороне от 
большого света», «Женская история» романдарының авторы. Жария- 
ланған жинақтары: Полн. собр. соч. Т. 1-4. СПб, 1894; Избр. стих., 
Ярославль,  1958.  Добролюбов  Н.А.  Стихотворения  Юлии  Жадовс-
кой. Собр.соч. т. 3. М-Л., 1962.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет